Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 3725
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жұмбақ рахаттан қайта шыққым келмейді. Елжірек күйімді бұзғым
келмейді.
– «Өзің аздап ауырып қалғансың-ау, сірə. Денеңде діріл бар.» – Ана кісі
мені тізесінен түсіріп, орныма қарай икемдеді.
Жүрегім мұздап қоя берді. Бағанадан бергім (бағанадан бері емес, қасқағым сəтке ғана жетті ғой деймін) құр дəме, елеске елтіген емешек күй
екенін енді ұқтым. Ана кісі жай ғана мейірім білдірген. Үлкеннің кішіге
деген мейірімі. Ағаның қарындасқа деген ықыласы. Мен байғұс соған-ақ,
еріп, елжірей қалыппын. Бірақ мен сол құбылысты сананың сарасына
салып, соның ырқымен елжіреппін бе? Елжіреген сезімнен басқа ешқандай
түйсік түйсінгем жоқ. «Сезім» деген сөздің өзін ол кезде қайдан білейін.
Елжіредім, езілдім. Балқыдым. Балбырадым. Осының бəрінің сезімнің
түрлері екенін кейін біліп жүрмін ғой. Сөйтіп, ең алғашқы тебіренісім
алдамшы сезімге алданды. Ағаның ағалық ықыласын маған арналған ынтық
сезімнің лапылына жорыппын.
Елтіген көңілім су сепкендей басылды. Əрі, қатты ұялдым. Аузымды ашып,
көзімді жұмып, елжіреп елти қалғанымды ана кісі қандай қисынға жорыды
екен? «Мені аяқ астынан, жаңа көргендей болды-ау» деп қапаландым. Əрі
жаңа көргендей, əрі қайта танығандай болған шығар.»
Құтым қашып, берекем кетіп, елбіреп-селбіредім де қалдым.
Əйтеуір, оғып-бұғып ол күнгі дəрісті де аяқтадық. Бірақ не айтып – не
қойғанымды өзім де білмеймін. Ұйқыдағы сияқтымын. Жоқ, ұйқыдағы
емес-ау, есеңгіреген адам сияқтымын.
Тыншып ұйықтай алмадым. Шала-жансар жатырмын. Көзім іліне берсе-ақ
селк етіп оянам. Шошынғандық емес, жан дүниемнің мазасызданғанынан
болу керек.
Маңдайыма салқын алақан тиді. Шешемнің алақаны. Өмір бақи жаныма
жайлы, қандай күй кешсем де сабырыма салатын, көңілімді басатын, теңіз
толқып, тау құлап келе жатса да жолына қалқан болып тұра қалатын
қорғанышым. Қорған болуға ұмтылатын басқа да жанашырларым бар
шығар. Бірақ ең сенімдісі, ең мықтысы – анам деп санаймын. Жүрегінің
ыстығын да, жанының шырылын да қалтқысыз төгетін анадан басқа кімің
бар?! Өйткені, ананың арманы – сенің өмірің. Мақсаты – сенің жетілуің.
Сол анам майда алақанын маңдайыма басып тұр екен.
– «Жаным-ау, түсіңде сөйлей бердің ғой, жайсыз жатып қалдың ба?» –
дейді.
Алақаныммен шешемнің қолын сипадым. Сыр бергем жоқ. Көңілім қатая
қалыпты. Өзім де қайран болдым. Басқа бір сəттерде, бəлкім, жылап
жіберуім кəдік еді. Жылап-ақ жіберер едім. Жөні де сол болар еді.
Көз алдымды сипадым. Дымқыл білінді. Сірə, ұйықтап жатып жыласам
керек. Əлде, өксідім бе екен?
«Не сөйледім?» деп мен сұрамадым. «Бұны сөйледің» деп анам да айтпады.
Ертеңгісін ана кісінің бетіне жалтақтаймын: өзгеріс іздеймін. Күндегіден
басқаша қимыл-əрекет күтем. Жоқ. Еш өзгеріс, бөтен қимыл жоқ. Күндегі
қылықтар. Күндегі сөз төркіні. Шешеме сыйқұрметін танытады. Мені
еркелете сөйлейді. Сөздерім мен істеріме сəбидің қылығындай қызықтайды.
– «Ал кеттік! – Маған алақанын жаяды. Оқуымызды пысықтауға шақырып
тұрғаны.
Денем дір етіп, жүрегім қатты-қатты соғып кетті. Қолымды ұсынғам жоқ.
Ілбіп соңынан ердім.
Қағаз-қаламның бəрін столға өзі жайып, өзі ашты.
– «Ал бүгін қалайсың?» – дейді. Жүзінде мысқыл бар секілді. Үндемедім.
Күндегі орныма отырдым.
Сабақты жақсы қайталап шықтық. Бүгінгі үйрететіндерін де үйреніп алдым.
– «Бүгінгі ықыласың да, зейінің де тым жақсы», – деді.
Мұндай мақтауын мен оншалық қанағат тұтпадым. Ойын баласының
көңілін алдаусыратқандай ғана əсер алдым. Ең болмаса, жұбаныш қылсын
дегені сықылды.
Орнымнан тұруға ыңғайланғам. Ана кісі тағы да қолымнан ұстады.
Алақанына салып саусақтарымды қысты.
«Отыра тұр. – Өтініш емес. Тілекке де ұқсамайды. Əңгімелескен екі кісінің
сөзі бітпеген ескертуіне ұқсас. – Тойшан екеуміз жас тымыз. Биыл – 1936
жыл. Жиырма бес жасқа келдік. Əлі басымыз құралған жоқ. Мен болсам,
ескі қоғамды құлатып, жаңалап қайта құру мақсатында жүрмін. Ұранымыз
көп. Сол ұранымыздың орындалып жатқандары да аз емес. Қателігіміз де
баршылық болса керек. «Бұрынғы кедейлердің бəрін байытамыз,
жарылқаймыз» дедік. Жарылқай алмай жатырмыз. «Теңсіздің бəрін
теңестіреміз» дедік. Онымыз тым өрекпіген айқай болып шықты. Сонсоң,
ескінің асылдарының бəрін жойып, қиратып жатырмыз. Бəрінен де өреске лі
– кінəсіздерді кінəлап, жазықсыз жазаға ұшыратқанымыз болды. Өте қатал
жазаладық. Тарихқа жазылатын, ұрпақ айыптайтын жаза. Сол
жазалаушылардың ішінде мен де бармын. Етқызумен ұрандап шаба жөнеліп
ем, ел-жұртқа тигізер əсеріне бойламаппын. Бойламаппын да, ойламаппын
да. Тойшан айдалып кеткеннен кейін ғана ақылым кірді. Одан беріде
сендердің жай-күйлеріңді көрдім. Басқаларға да зер салдым. Өздерің
сияқтылар көп екен. Қатты толғанысқа ұшырадым. Егер өздерің
болмағанда, жан күйім тоқырауға ұшырап, жүйке ауруына ілігуім кəдік еді.
– Ана кісі қатты күрсініп салды. Күңірене күрсінді. Көкірегін дерт алған
адамның күйігі сияқты.
Жаным езіліп, жүрегім елжіреп бара жатты. Басын кеудеме қойып,
төбесінен иіскегім келді. Тіземді жастық етіп, басын соған салып
шалқасынан жатқызғым келді. Керілген қасқа маңдайынан сипап, қайратты
қара шашын салалағым келді. Соның бəріне елтіп, еріп ол кісі жатса, жан
жүйем мен ет жүрегімнен мейірім құйып мен отырсам...
Қолының сыртынан сипадым. Саусақтары сондай салалы əрі аппақ. Менің
саусақтарым жіп-жіңішке, əрі қысқа. Олар да аппақ. Ана кісінің қолының
сыртынан екі рет орамалаймын. Сонда барып, жалпақ қолының сыртының
ол шеті мен бұл шетіне жетем.
– «Сонда... бұл өкіметті ұнатпайсыз ба?» – деймін. Жасқанып əрең айтам.
Бəрі жабылып қасиетті ұраны санайтын өкіметке шəк келтіріп алдым ба деп
именшектеймін.
– «Өкіметті ұнатам ғой, əрине. Тек, кейбір шектен асып кеткен əрекет пен
шаралары көңілді қобалжытады. Сол шаралардың жүзеге асуына мен де
міндеткермін. Ендеше, мен де күнə арқалап жүрмін». – Ана кісі қолын алып,
менің алақанымды өз алақанына басты. Екеуміздің де саусақтарымыз бірбіріне жұмсақ тиді. Жұп-жұмсақ, жып-жылы. Бір-бірлеріне сыр айтысып,
түсінісіп, мақұлдасып жатқан сықылды.
– «Сонда... Ондай өрескелдікті жөнге қайта келтіруге болмай ма?» – Шамам
келгенше ақыл қосуға міндеттімін деп ойладым. Маған мұң шаққаны – ақыл
бөліскісі келгені шығар деп ойладым. «Маған сеніп, мені бағалағаны ғой»,
деп марқайдым. Оның үстіне, жаңа өкіметтің іс-шараларына түк түсіне
алмаймын. Тым қисынсыз көрінеді маған. Шешем екеуміз елде жүрсек не
бүлік жасай қояр едік? Ел ішінде-ақ аңду қойса да құп қой.
– «Жөнге келтіруден асып кеткен өрескелдік болып тұр ғой. Өлген адамды
қайта тірілте алармысың. Жарайды, талан-таражыға түскен мүлік, жері мен
қонысынан ауған жұртшылық, əйтеуір, жердің бетінде дейік. Жер жұтқан
жақсылықтарды қайдан табамыз? – Менің саусақтарымды қыса түсті. –
Жақсыларды қалай түгендейміз?»
– «Сіз де айтып жүрсіз бе?» – Тақ бір сынаған адамша сұрасам керек. Ана
кісі де маған сынай қарады. Əрі сынайды, əрі барлайды.
– «Иə, айтып жүрмін. Көп айттым. Жиі айттым»... – Тағы күрсінді.
– «Ешкімі тыңдамай ма?» – Əдейі аңқаусыдым.
– «Тыңдағаны былай тұрсын, өзіме пəле салуға бейім. «Сөзінде не сыр бар?
Астары не?» деп тінткілейді. Үлкен пəле қылып бетіме басады. Үлесімнен
қақпайлауға сылтау қылып ұстайды»...
– «Соған қатты ренжіп жүр екенсіз ə?» – Бəйек көңілімді алдына тосуға
тырыстым.
– «Ренжимін ғой, əрине. Ренжідім. Өзімнің қарабасымның ма-засы
кетпегендігі үшін емес, құрбан болған талайлардың жазықсыз қиылған
тағдырлары жанымды шағады. Үйге жеткенше асығам. Сені көрген бетте-ақ
жаным жайланып сала береді.» – Жайбарақат сөйлеп, жайымен айтты.
Ешқандай елбіреп-селбіреген күй білдірмеді. Жаңағы ақжарма лебізін қай
қисынға жоруға білмей, есеңгіреп мен отырмын. Əлде еркектердің сезімі
тым салмақты бола ма екен?
Өз қисынымнан өзім ұялдым. Жүрегіме қарай жақындатып əкетіп барады
екем. «Аңқаумын, адалмын, тəжірибесізбін» деп ойлағам. Сөйтсем, өзіме
жететін өзімшілдігім бар екен. Ана кісінің ағалық ниетін сезімнің басқа
қырына жори қойыппын. Өзімнің жүрегімдегі арманыма бұра қойсам керек.
Əйтеуір, менің өзімді ұстап берер елжірек сөздер айта қоймағаныма тəуба.
Жіңішке жолдан аттай алмағаным шығар.
Ақырын ғана қолымды тарттым. Ана кісі бассалып қолымды ұстай алды.
Селк ете түстім. Қорқа қалғандығымнан емес, ана кісінің оқыс қылығынан
жөн-жосығын білмей, именгенім болса керек.
– «Отыршы. Отыра тұршы. – Жалынбаса да, қиыла өтінгені анық. Қолымды
жібермеді. – Сенімен əңгімемнің жөні басқа еді. Ойымды қажап жүрген
жағдайлар кимелеп кетті. Иə, Тойшан екеуміздің жасымыз жиырма беске
келеді. Тіршілігімізде əлі күнге дейін айқындалған ештеңеміз жоқ. Тойшан
қалаға қайтып келмек болып кеткен. Оқуды ары қарай жалғастырмаққа
уағдаласқанбыз. Өмір шырғалаңы ол тілегімізге жеткізбей тұр. Əзірге,
əрине. Əзірге деп сенейік. Мен оқу қуып кетсем – Тойшанның алдында
опасыздық жасаған болар едім. Оған арым да, дəтім де бармайды. «Өмір –
менікі» дегендей-ақ өйтіп қойқаңдауға қақым жоқ. Ешқандай қақым жоқ.
Оны бостандыққа шығарып алғанға шейін бір-екі жыл уақыт өтеді»...
Мен шыдай алмай кеттім:
– «...Сонда!... – Көмейіме өксік тығылды. Кеудем қысып кетті. – Сонда əлі
екі жылға шейін ағатайым келмей ме?» – Кемсеңдеп қоя бердім.
– «Сабыр ет, жаным. Бұл іс – оп-оңай жүзеге аса қоятын істің сыңайынан
емес. Көп-көп əрекетті қажет етеді. Талай-талай есіктесіктен өтуің қажет.
Біраз жерге өтініш жібересің. Анықтамалар жинайсың. Талай бастықтың
қолы қойылып, мөрі басылуы шарт. əдіс те қолданасың, айла да жасайсың.
Тіпті, өтірікке де баруыңа тура келеді. Бірақ шындығы солай. Қоғамды,
үкіметті алдау емес ол. Өтірік пəле – жабылып, жазықсыз жаза алғандарды
ақтауға қайтадан жеткізу үшін шындықтың қисынын еріксіз бұрмалайсың.
Шындықты шындық күйінде айтсаң, жалған жазаланғандардың жазалары
онан сайын жамала түсуі мүмкін. Міне, соның бəрінің сəтін іздейсің,
мезгілін күтесің, қисынын аңдисың. Біреуіне жалынасың. Енді біреуіне
жағдайды түсіндіресің. Міне, осындай шарттары көп, жаным. Осының
бəріне жүгіріп, осының бəрін ойлап, кешке жұмыстан қайтқанда жабығып,
жадап келе жатам. Сонсоң, шешем екеуіңді көріп, қайта сергимін. Сен менің
көңілімде тіреніш қана емес, дем берушісің. Бəлкім, жұбанышым да сен
шығарсың.» – Саусағымды тағы да салалады. Бұрымымды сипады.
Көңілім неге қамырықты, білмеймін, тағы да кемсеңдеп қоя бердім.
– «Қой, жаным. Əлгінде түсіндірдім ғой, мезгілі жетпей жатыр. Тойшанның
келуі – менің мойнымдағы іс.» – Қолымнан тартып, басымды кеудесіне
басты.
– «Сағындым», – дедім кемсеңдеп.
– «Шыдайық», – деді, иегімнен көтеріп, басымды бетіне қарай тақай түсті.
Мен де ұйысып, тамағының астына маңдайымды төседім. Мейірленіп,
құшырланып маңдайымнан сүйді. Демінің ыстық лебі өне бойымды өртеп
бара жатты. Маңдайымнан əкем марқұм сүйетін. Əкемнің төңкерістен бірер
жыл бұрын өмірден қайтқанын айтқан шығармын. Ең қастерлі адамыңның
өмірден өткеніне де тəуба қылады екен пендесі. «Жасы жетті» деп емес.
«Қорлықты өмірден құтылды-ау, əйтеуір» деп емес. «Ұзаққа созылған
жазылмас науқастан жанын қинағанша, Алланың осы жазуы жөн болды»
деп те емес. Жоқ, бұлардың бірі де емес. Алдында күтіп тұрған мынадай
көрешекті көрмегеніне тəуба қылдық.
– «Шыдайық, – деді ана кісі тағы да. Бұл жолы ақылдан гөрі, басу айтқандай
еді. Жəне ағайым турасында емес, сол сəттегі менің жеке сезіміме тоқтау
салғандай сезілді. Қатты ұялдым. Ешқандай артық қылық көрсеткен жоқ ем.
Көрсете қояр қылық та білмеймін ғой. Тебіренем. Балқимын. Бірақ мен де
сезім толқынын қоса білдіру ол уақытта табиғатыма əлі сіңбеген құбылыс.
Бойымды тез жинап, орнымнан тез көтерілдім. Оқыс қимылыма ана кісінің
өзі аңтарылып қалды.
– «Кешір, жаным. Менікі – ағалық сезім ғой». – Əрі ыңғай-сызданды, əрі
ұялды білем, теріс қарап кетті.
Үп-үлкен əбестік жіберіп алғанымды білдім. Қалпына қайта келмейтін
əбестік емес, əрине. Бірақ енді қай уақытта келеді? Қалай келеді? Қиюласа
бастаған қисын еді. Жымдаса кетпесе де, қиюласа бастағаны анық еді.
Өзіме, əйтеуір, солай көрінді. Мұндай батылдық пен еркіндікке ана кісі енді
бара қоя ма? Мені «үркітіп алдым» деп ойлады. Өзі де үркіп қалды. Енді
маған жолай қоя ма? Жөн-жосықты сылтаумен жуып-шаюдың да ретін
білмеймін. Əрі ретін білмеймін, əрі қиюын да келтіре алмаймын.
Тағы да ұйқым қашты, тағы да тынышсыз ұйықтадым.
– «Ағайың екеуің нендей əңгіме айттыңдар?» – Шешем əдейі жақаурата
сөйлейді. Менен сыр суыртпақтаған сыңайы.
– «Оқу, жазуды пысықтадық», – деймін мен. Қашқақтай сөйлеймін. Сыр
ашуға құлқым да жоқ, ниетім де жоқ.
– «Тағы да мазасызданып шықтың. Жиі-жиі сөйтетін болып жүрсің. Көңілің
əлденеге жиі-жиі толқиды білем». – Шешемнің осы суыртпағына қыңырая
қалдым. Түк сезіп, түк білмей жүргендей шытжаңа болады.
Үндемедім. Ақталмадым, мұң да шақпадым. «Ағайың» деген сөз де
жүрегіме қадалып тұрған. Ылғи сөйтеді. Арамызды алшақтата түсетіндей,
бірімізден бірімізді тасалап тұратындай көрем. Енді оның үстіне, жан
күйімді қажауға құмар.
Жұмыста да салғырттау жүрдім. Өкінішімнен гөрі қобалжуым басым. Ана
кісі айтқан түндегі əңгімелерді саралап ой жүгіртіп байқадым. Жаңа өмірдің
желкемдерін біздерге желіктіріп айтқаны- мен, болашағына желбіретіп ту
тіккенімен, ішінде жүріп, бабын қоса баптасқан өзі сол өмірге оншалық
іштарта бермейтін сықылды. Əсіресе, қатыгез қаталдығына қатты күйінеді.
Күресуге дəрменсіз екен. Шырылдап ара түсуге талпынады. Көзге іліп,
құлаққа қыстырған ешкімі жоқ екен. Бар шығар, əрине. Əредік-əредік қана
екен. Əр жерде біреу. Əр қалада, əр мекемеде бірен-саран ғана. Ана кісі
соны реніш қылады. «Бəрін біле тұра, көре тұра көздерін жұмып, ауыздарын
жауып, былқ етпей жүре береді» деп қапаланады. Өзі өйтіп жүре алмайды
екен. Ондай қасіретті іске шыдай алмайды екен. Шамасы жеткенше қарсы
тұрады екен. Бірақ шамасы жетпейді екен. Ертіс өзенімен аққан бір тал бұта
сияқты екен. Содан барып құлазиды екен.
Осындай ойлар көкірегімді шырмады. Жүрегім сыздап, жаным ауырды.
Сүйеніш болсам деп арман қылдым. Сонда... мен тиянаққа жарай қоям ба?
Айтпақшы...
Жүрегім лүпілдеп сала берді. Өзі айтып еді ғой, «қамыққан көңілім сені
көргенде көнши жөнеледі, – деген. – Бойым тыныстап, ойым серги қалады»
деген. Осы сөздеріне қалай мəн бермегем? Қалай ұмытып кеткенмін?»
Өзіме өзім реніш қылдым. Сонымен бірге, қуанышым қоса аралас.
Қуанышым басымдау. Ана кісінің түнде айтқан сөздері көкірегімде қайта
жаңғырып, масайрап қоям. «Бекерге айтпаған шығар, – деп толғанам. –
Ойына, бойына, көңіліне əсерім жүрсе, мені бағалағаны ғой. Əрі
бағалағаны, əрі тыныс, тірек тұтқаны».
Көңілім көтеріліп, бойым жеңілдеп қалды. Жұмыста ыңылдап əн айтсам
керек. Сірə, үнім жарқындау шығып кетті білем, қасымдағылардың бəрі
аңтарыла қарады. Əсіресе, анам марқұм аңтаң. Түннен бері сіркесі су
көтермей, дел-сал күй кешкен қызының аяқ астынан əндете жөнелуі тіпті
оқыс байқалса керек.
– «Пəле... е, қызымыз əнші екен ғой!» – Шешемнен кейінгі егде-леу əйел
құлағын түре қалыпты. Бізге ылғи іштартып жүретін. Енді, тіпті қуанып тұр.
– Еркіндік əпереміз деп адамды еркінен айырған заман-ай десеші.
Толықсып, толқып өсетін қыз балалар ғой, шіркін! Енді мына қоқсыған
үйшікте қоламсыға көміліп тұрғаны мынау». – Əлгі əйел соншалық
мұңланып айтты, соңын ала күрсініп салды.
Ешкім үндемеді. Қостаған да, қарсы тұрған да ешкімі болмады.
– «Бұрын əн айтатын ба едің?» – Жас мөлшері менімен шама-лас бір қыз
тықақтай сұрады. Қағылез, пысық жүретін қыз. Сары шырайлы, аздаған
секпілі бар, толықша қыз. Əрненің жөн-жосығын сұрағыштап, əрқилы
хабар-ошардан хабардар болып жүретін əдеті бар еді.
– «Той, жиындарда болмаса да, өз көңілін өзі көмкеретіндей жағдайы бар».
Əлгінің сұрағын шешем іле-шала іліп əкетті. Жақтырмағаны анық. Сөйтсе
де, аз-кем мақтанышы да жоқ емес еді.
– «Үйірмеге қатысасың, – деді əлгі қыз. Жерден жеті қоян тапқандай, кең
танауы желпілдеп, түріктеу келген қалың ерні қайрыла түсіпті. – Бүгіннен
бастап жазып қоям».
«Үйірмесінің» не дүние екенін түсініп тұрған мен жоқ. Əйтеуір, қатынасып
жүруім керек болатын бір жағдай деп топшыладым.
– «Ештеңеге де қатыспайды.» – Шешем зілденіп айтты. Ана қыздың өзін де,
сөзін де ұнатпады.
– «Қатысады! – Ана қыздың кең танауы бір қусырылып барып, қайта
делдиді. – Қатысады, əрине. Қатысуға міндетті. Үйірмеге қатыспаса,
жұмысқа да қатыспайды!» – Тепсініп қалды. Түрік ерні онан сайын көнтиіп,
түріле түсті. Үстіңгі ерні танауымен əне-міне түйісіп қалуға жақын. Танауы
да тəп-тəмпіш. Сонда қалай танауы мен ерні бір-біріне түйісе түсіп тұр?
– «Ақмаржан, сабыр ет, жаным. Қатысады ғой, бəріне де қаты-сады. Мəнжайды əзірге түсініп барламай жатыр ғой, əлі-ақ өздеріңмен тізе қосып
кетеді.» – Жаңағы егде əйел («егде» деймін-ау, сол уақытта əлгі кісінің
қырықтан енді ғана асқан шағы екен.) алдымен бізге қарап басын изеді.
Бізге: «құптай беріңдер» деген белгісі сияқты. Сонсоң, Ақмаржанға
бұрылды. «Сабаңа түс» дегенді ишаралады.
Əлгі əйелдің бет-жүзіне қарап, сондайлық бір сүйсініске бөлендім. Аппақ
беті балбырап тұр. Балауса күйі. Жымиған сəтте-ақ езуінен күлкі домалай
жөнелетін сияқты. Жанарынан жүрегіңе нұр құйылып, өзіңді аймалап ала
қояды. Еркелете ме, айналып-толғана ма, əйтеуір, жаныңды сипайды. Көз
жанарына ай қабағы жарасып, ай қабағына қара қасы сызыла қонақтап
шырайын келтіріп-ақ құптасқан. Əрі жұптасқан, əрі құптасқан жарасым.
Əлгі дүрдік ауыз қыздың тапсынған сөздері мен тепсінген қылығын
елемегенім, елең құрлы көрмегенім осы кісіге қарап сүйсінген əсерден шыға
алмағаным болса керек.
– «Түнге қарай оқу үйренеді». – Шешем үніндегі дірілді əрең тежеді.
Бұрын-соңды ешкім бетіне тіке келмеген, көлденең тұрғанды қабағымен-ақ
жасқап тастайтын айбынды бəйбіше шолақ айдар, шөп желке тəштəку
біреудің алдында мысы басылып, тауаны қайтып тұр. Жігері – құм, көкірегі
– көр.
– «Түнгі мектептен анықтама қағаз əкелуі керек.» – Əлгі қыз тіпті илікпейді.
Бар құдырет өз қолында сияқты.
Кешкісін ана кісіге шағындық.
– «Өз беттеріңізбен үндемей-ақ қойыңыздар. Бастығына өзім жолығам», –
деді.
Мен ол кісінің бет əлпетін барладым. Қажыған күй, қамыққан реніш іздедім.
Жоқ, ондай жадау құбылыстың нышаны байқалмайды. Бүгін, əлде,
шаршамаған, немесе, кешегі өзі айтқандай, бізді көріп («мені» деп жоруға,
іштей болса да, батылым бара қоймады) шындығында да, бойы да, ойы да
серги қалған.
Күндегі мезгілде күндегі қалпымызша оқуымызға отырдық. Кешегі
оқуымды жылдамырақ қайталап, бүгінгі оқуды да теп-тез меңгеріп ала
қойдым.
Ана кісі маған таңырқай қарады.
– «Бəрі жақсы, – деді сонсоң. Сүйсініп, ризалықпен айтты. – Өткен сабақты
да, бүгінгіні де өте жақсы меңгеріпсің. Бүгінгіні, тіпті, теп-тез қағып ала
қойдың. Шіркін, жас кезіңнен оқысаң, мықты болар едің! Қазақтың осы
уақытқа шейінгі ең үлкен соры – қараңғышылығы. Барлық сордың
бастауында сол қараңғышылы ғы жатыр. – Ойланғандай ма, толғанғандай
ма, тұнжыраңқырап қалды. – Өзің соншалық асығып отырсың ғой». –
Кінəлаған кескінмен бағжия қарады.
– «Жоқ, асықпадым.» – Жауабым екіұштылау шықты.
– «Жоқ, асығып отырсың.» – Ана кісі тұғырлата айтты. Енді мен де жалтара
алмадым.
– «Ары қарай сізбен əңгімелесіп отырғым келеді.» – Төмен қарап сыбырлай
айттым.
– «А... Е... – Ана кісі сасқалақтап қалды. Сөзіне шашалып, тұтығып,
əжептеуір құты қашты. – Сонда не туралы?» – Өз сұрағынан өзі
ыңғайсызданған сияқты.
– «Бəрі туралы... Өмір туралы... Келешек күндер, ел-жұрт жайында...
Сонсоң... – Кідіріп барып əрең айттым... – Өзіміз туралы да...» – Өмірге
жасаған алғашқы батылдығым осы шығар. «Батылдық» емес, «батырлық»
деп есептедім өзім. Əрқилы жағдайға орай санқилы мінез көрсетіп, алуан
қылықтар жасадым. Асаулық көрсеттім, асқақтық таныттым. Бетіме ешкімді
қаратпадым. Бірақ соның ешқайсысын батылдыққа балап, батырлық
санаған емес едім. Əйелдің жіңішке жолынан алғаш рет аттап өттім деп
есептедім.
Ана кісі аз-кем толғанғандай болды. Сонсоң жуасыған (əлде, «келіскен»
дұрыс па екен?) қалып танытты. «Келіскені» деп түйдім.
Жайланып отырдым. Ықылас, пейілімді ана кісіге аудардым. «Мен
дайынмын» деген көңілімді ишаралағаным.
– «Өмір туралы өзің не ойлайсың?» – деді. Сынағаны, тексергені емес,
шын-ақ пікір тартқаны сияқты.
Өмір туралы бұрын-соңды ой толғауға талпынған емес едім. Бұрынғы
өмірім – асқақ өмір еді. «Барлық күндерім дəл солай өте береді. Кіріптарлық
көрем, əлдекімдерге күнім түседі, біреулердің жұмсаған, бұйырған
түртпегіне жолығам» деп кім ойлапты. Оның бер жағындағы пенде
біткеннің бəріне пенде болған кіріптар тіршілік олай-былай ой жүгіртуге де
мұрша бермеді. Бар ойың да, күш-қуатың да күнкөрістің қамынан аспады.
Сол екі аралықта өмір туралы не ойлай қояйын.
– «Өмір соншалық сенімсіз екен. Аумалы-төкпелі екен. – Басымнан өткен
əртүрлі кептің əсерін өзімше бағамдауға тырыстым. – Əділетсіздігі де көп.
Кездейсоқтығы да аз емес. «Адамның басы – Алланың добы» дегенді өмір
енді ұқтырды. Бұрын ойлайтынмын: «адамға – обАл Аллаға қиянат қой»
деп. Оным – «басы ауырмағанның Алламен ісі жоқ» деген нақылдың кебі
екен. Сірə, өз басы тəлкекке көп түскен бір бейбақтың нақтылап-ақ айтқан
зары болса керек. Былайғы жұрттан жанашырлық көрмеген соң күйінгені
ғой. Əрберден соң, «өмір – мынадай» деп айтудың өзі қиын сияқты. «Бұлай»
деп ойласаң, басқа бір қыры шығады. «Е, мұнысы да бар екен ғой» дей
берсең, мүлде басқаша құбыла қалады. Түйіндеп айтқанда, өмір деген əрі
жұмбақ, əрі құбылмалы дүние деп ойлаймын. Жұмбағының ұшығына ешкім
жетпейді. Құбылмалы қырын ешкім болжап білмейді.»
Мұншалық тілмарсығаныма өзім де таңмын. Ана кісі, тіпті, аузын ашып,
көзін жұмып қалыпты. Сенбей отыр, өзін-өзі нандыра алмай отыр. Мен өзім
де нанбадым. Көкірегімнің арғы тереңінен басқа біреу, көмейі бүлкілдеген,
таңдайы тақылдаған біреу сөз тербеп тұрған сияқтанды.
– «Баршынжан-ау, Гүлім-ау, Гүлбаршынжан-ау, сенің бойың ғана емес,
ойың да өсіпті ғой. Ойың – бойыңнан да биіктепті». – Ана кісі маған қарай
ұмсына түсті. Құшақтай алатындай, сүйіп алатындай көрінді. Жасқанып
қалдым. Жоқ, жасқанғаным емес, именшектенгенім болар. Əйтеуір, артқа
қарай толықсып қалдым. Ана кісі қолымнан ұстай алып, сүйемелдей қойды.
Мен шалқайғанда, ол кісі қоса еңкейді. Ол кісінің қолына сүйеніп мен қайта
түзелгенде, екеуміздің бетіміз бір-біріне түйісіп қалды. Екі беттен де лап
етіп от жанғандай жалыны шарпыды. Мен қырындап үлгердім.
Ана кісі қолымды жіберген жоқ. Бетіме қарап жымиып күледі. Соншалық
разы, сондай мейірімді күлкі. Еркелеткені, қызықтағаны, қызық көргені
жəне бар. Сүйсініп, сүйініп қарайды.
Өне бойым тебіреніп, жан дүнием елжіреп бара жатты. Жүрегім бұлқыныпбұлқынып қалды. Бұлқынды ма, жұлқынды ма, əйтеуір, кеудемнен шыға
жөнелердей тепкіленгені анық.
Мойнынан құшақтай алуға, бетімді бетіне төсеуге шақ қалғам. Бет-жүзінен
төгілген мейірімнің нұры соншалық майда, мөлдір, ақыл-есіңді билеп
алғандай еді.
Тағы да ана кісі өзі тоқтау салды. Қолымен тоқтатқан жоқ. Сөзбен
ескертпеді. Бірақ қылық тұспалымен-ақ тежей қойды. Саусақтарымды
қаттырақ қысып, сабырға шақырғандай болды.
– «Өмір туралы қорытындыларың соншалық тиянақты, соншалық негізді.
Жəне соның бəрін ерекше түсінікті етіп баян қылдың. Əрі түсінікті, əрі
көркем. Сөйлеп жаттыққан адамнан бір кем емес. Көкірегің күмбірлеп тұр.
Ал енді өзің сол өмірдің келешегіне сенесің ғой?» – Мені алдаусырататын
сияқты.
– «Өз өмірімнің болашағына ма?» – деп нақтыладым.
– «Е... Ие... Əрине.» – күмілжіді.
– «Қисынын білмеймін соның. Күдігім көп. Толқуым көп. Бірақ сенгім-ақ
келеді. «Үмітсіз – шайтан» деген. Алғы күндерге сенбесең – өмірің көк
тұманға айналады ғой. Сонсоң, мəңгі адасып жүргенің... – Осыларды
айтуын айтсам да, ана кісінің көңіліне кірбің ұялатқым келмеді. Мені тіпті
ұнатпай қалар деп күдік қылдым. – Ағатайым келіп өз алдымызға
шаңырағымызды түзесек... Содан ары қарай жалғасып кетер еді»... – Ана
кісінің жанына тиген ең ауыр сөз осы болып шықты.
Менің саусақтарымды жібере салды. Толқығандай ма, толғанғандай ма,
кідіріп отырды. Өңі тұйықтала қалды.
Сездім. Жақпағанын білдім. «Бүлдірдім», – деп ойладым. Бұрынсоңды
айтқандарымның ешқайсысына мұншалық жанына батқан күй танытпаған.
– «Тəтең де осылай ойлай ма?» – деді. Кірпік қағуға шамам кел-мей қалған
кескініме қарап, аздап жібіген сияқтанды.
– «Тəтем екеуміз мұндай əңгіме айтпаймыз. Ол менің көңіліме қарайды, мен
оның көңіліне қараймын»... – Жұмсақ сөйлеуге тырыстым.
– «Менің де көңіліме қарап қоюға болар еді.» – Өкпе қылғандай ма, əлде азкем кекесіні бар ма, əйтеуір, кінəрат артқаны анық.
Тағы да қисайтып алдым. Қиюы келмеді.
– «Ғапу етіңізші, – дедім жалынғандай үнмен. – Жүрегімдегі
аңсауларымның бəрін сізге ғана айтқым келеді. Сіз ғана түсінесіз
Ағатайымды сізден бөлекше ойлаған емеспін. Сізді білгеннен бері, əрине.
Сонда да, кейде күдік қылам, барлық ғұмырыңызды тек бізбен ғана бірге
өткізбейсіз ғой. Бəрібір...» – Ары қарай күмілжіп қалдым. Сөзімді таба
алмағандықтан емес, айтудың қолайын таппадым.
– «Иə, қандай күдік?» – Соның мəніне жетуге ана кісі де ынта білдірді.
– «Кейінрек, бəрібір, бөлек кетіп қаласыз ғой.»
– «А, неге кетеді екем?» – Ана кісі миығынан ғана жымияды. Қушыкеш
жымию. Жанарында да қулық бар.
– «Өз алдыңызға үй-жай көтересіз»... – Сөзім əуелгіде көмейіме кептеліп,
жан-жүйемді босаңсытқандай еді. Өйтпедім, апыл-ғұпыл сөйледім.
– «Өзің қайсысын қалар едің? Өз алдыма жеке шаңырақ көтерейін бе? Əлде
сендерден бөлінбей жүре бергенім дұрыс па?» – Менің қалауымды білуге
шын-ақ ынталы сияқты.
« Бізді қимайды. Алданыш қылар басқадай туған-туысқаны жоқ. Бізге əбден
бауыр басып алды» – деп ойладым. – Не деп байлам айтам? Жəне ол
байлауыма нені дəлел қылам? Сəті келген осы сəтті пайдаланып, айта
салсам ба екем» – деп толқыдым.
– «Мен екеуін де қалаймын. Күндіз-түні көз алдымызда жүрсеңіз тіпті
жақсы.» – Тұспалдап жеткіздім білем. Бірақ өте ұялдым. «Аңсарымды ұқса
екен» дей тұрсам да, соны сезіп қалды ма деп, бəрібір ұялдым. Сөйтсе де,
өзіме-өзімнің разылығым да жоқ емес.
Мойнымдағы борышты міндетімнен құтылғандай сезіндім. «Ендігі шешім
сізде» дегендей, бағжиып ана кісіге көз сүзем.
Байқайым, көңілінде күптілік бар. Екіойлы күй кешуде. Менің сөздерімнің
астарын ақтарып, мəнін барлайтын сияқты. Əлде, «жеңілтек қыздың мəнсіз,
мағынасыз айта салған лап етпе сөзіне» жорып тұр ма?
– «Сонда... – Мүдірістеп, кідірістеп тұрып алды. Мен құптап ба-сымды
шұлғып, қас-қабағыммен сөзін жетелеп əлекке түстім. Қоса ежіктеуге
дайын сияқтымын. – Сонда, бəріміз бір үйде жүре берсек дейсің ғой?» –
Жоқ, көкірегіндегі түйіні басқашалау сияқты-тұғын. Бұл айтқаны –
көңілжықпастықты ілдалдалағаны.
Мен басымды изеп, құптаған сыңайымды таныттым. Бірақ ырза болмай
қалдым. Өз жауабына ана кісі өзі де ырза емес сияқты байқалды. Оншалық
қуаныш қылар ештеңе сезінбедік. Екеуміздің де сыртқа шығаруға мүдделі
аңсарлы тілегіміз іште қалды. Екеуміздің де бір-бірімізден естуге құмартқан
қастерлі сөзімізді естімедік.
Тағы да өзіме-өзім ренішті күй кештім. Ана кісінің ынтық сөздерін естігім
келеді. Алақанымен саусақтарымды сипаса... Ыстық демі құлағымның түбін
қытықтаса... «Ол – менікі», «мен – оныкімін» деген сезім жүрегімді
лүпілдетсе... Аңсарым көп-ақ. Күдігім де мол. Қаупім де аз емес. Əлденеше
ойға түсіп, сан қилы қиял кешем. Үмітімнен күдігім басым. Жан күйім
күндіз-түні арпалыста. Үміт пен күдіктің арпалысы. Аңсаған тілек пен
сарғайған жүректің арпалысы.
Аңсаған арманнан, тілеген тілектен де адам жалығады, шаршайды екен.
Жəне сол арманың мен тілегің күнделікті көз алдыңда жүреді. Иə, күнде
көріп-біліп, сөйлесіп, тамақты бірге ішіп жүрген адамнан бір уақ жалығып,
ара-арасында күсуге болар еді. Жоқ, көрген сайын құмартып, сөзін естіген
сайын аңсай түстім. Қатар отырып демалу, бірге шүйіркелесіп тамақ ішу
сəттері əр күнімнің ерекше ғанибетті шақтары еді. Қатарласа жайғасып
сабақ дайындауымыз – жұмақтың төріне барып масайрап қайтқанмен
бірдей сезілетін. Сөйте тұра, аңсаудан шаршайсың. Тілектен жалығасың.
Жоқ, шаршау емес, жалығу да емес. Сірə, сағыну шығар. Қасыңда жүрген
махаббатыңды да сағынасың. Аңсайсың. Аңсау еріксіз сағындырады.
Аңсағаның – сағынғаның. Қолыңа қонбаған соң, жүрегіңе баспаған соң,
аңсай сың да жүресің. Қасыңда тұр, көз алдыңда жүр. Бəрібір, даусың
жетпейтін – алыста. Қолың жетпейтін – биікте.
Шешем де ешқандай сыр алдырмай қойды. Ана кісіге соншалық бір
ырзалығы төгіліп тұрмағанға ұқсайды. Жаңа өкіметтің өкіліне санап, елжұрттың басынан кешкенінің бəріне қоса жазғырады.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ең ғажайып хикая - 11
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.