Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 3714
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
– «Сонда деймін-ау, бұл кісі əлі де өстіп жүре бере ме екен? Əлде жіп
таққан біреуі бар ма екен?» – Көзін қиықтап бетіме қарайды.
Түсінбедім. «Өстіп жере бергені несі? Жіп таққаны қалай?»
– «Үйленбей ме екен деген сөзім ғой». – Елеусіз ғана айтқан сияқты. Бірақ
кəдімгідей, көңіл алаңы анық байқалды.
Жүрегім зу ете қалды. «Қайдағы жоқты қайдан қыстырды?»
– «Е, мен оны қайдан біледі екем? Неге біледі екем?» – Шамданып,
шамырқанып тулай жөнелдім.
– «Ағалы-қарындасты болып бір-біріңе сыр ақтарып, ақыл-кеңес
қоспайтын ба едіңдер?» – Өзінше жайбарақаттағаны, мені алдаусыратқаны.
– «Ешқандай сыр да ақтармаймыз, ақыл-кеңес те қоспаймыз.» – Кімге
ашулымын? Неге ашуланам? Соны өзім де білмеймін.
Ендігі жерде тыныштығым азайды. Мазасыздық көбейді. Ана кісінің маған
арналған қас-қабағын бағам. Сөзінен басқаша жылу іздеймін. Іс –
қылықтарынан өзгеше ілтифат аулаймын. Көз жанарынан сыр іздеймін.
Жылт еткен жылу көрсем – «маған деген лəззаттың нышаны» деп малданам.
Бірақ ол кісінің сөз сарасында да, көз қарасында да ешкімге ешқандай
алалығы байқалмайды. Бəріне кішіпейіл сөйлейді. Бəріне мейірімді
қарайды. Көңілім жасып қалады.
Жан жүйемді тебірентіп, жүрегімде əлдилеген ыстық арманым құр елеске
айналып, көз алдымда бұлтқа сіңіп бара жатады. Əлсізденіп, дəрменсізденіп
шыға келем. Неге соншалық дəметкеніме, көңіліме соншалық сенім
ұялағанына қайран қалам. Сірə, əлі түк сезіне қоймағандығымнан болса
керек. Жаныма бір батпан ауыр жүк артқандай болдым. Бірде жеңілдеп
қалады. Бірде жасимын, бірде тасимын. Ана кісінің жанарын аңдимын. Жан
біткеннің бəрінен қызғанам. Кейде, кəдуелгідей, ыза болам. Ана кісінің
соншалық «жалпақ шешейлігіне» жыным ұстайды. Жан біткеннің бəріне
жылы шырайын төгуін ұнатпаймын. Орнымен қаһарлы, орнымен кеңпейіл
болса деймін. Сөйте тұра, бетіме тіке қараса-ақ бітті – өне бойымнан əлдəрмен кетіп, буын-буыным дірілдеп қоя береді. Маған тіктеген жанарының
мəн-мағынасын іздеген далбасам көңіліме əлденеше күдікті қабат-қабат
ұялатып, тағат-сабырымды алып жібереді. Өзімнің осындай ебім қашқан
күйімді ойлаған сайын одан ары сасып-салбырап бітем. «Ана кісі сынап–
мінеп қарайды. Əлдебір қылығымды, сөзімді жақтырмай қалды» деп
именем. Жақсы көрінуге, көңілінен шығуға тырысам. Қойшы əйтеуір, далдұлым шыққан біреуге айналдым. Іс-қылықтарым да өзімдікі емес, сөйлер
сөзім де өзімдікі емес. Жүріс-тұрысым да басқа. Өзіме өзім – жат, бөтен
біреу сияқтымын.
Осы күйімді шешем анық байқады. Ана кісі де барлап жүрсе керек.
Алдымен шешем ескерту жасады. Жоқ, шешемдікі ескерту емес, жаны
ауырған жанның жан шырылы еді.
– «Балам (біздің өңірде қыз баланы да «балам» деп сөйлейтін дағды
қалыптасқан) сенің мінез-құлқыңда бір əбігершілік бар. Абай бол, жаным.
Ықты-жарды тыңдатпай кететін бұл да бір тілсіз жау. Əлде сиқыр күш пе
екен? Өне бойыңды кеулеп, шырмап тастайды. Бəлкім, жүректің дерті
шығар? Жүректі жайлап алатын дерттің өзі. Санаға салсаң – соның бəрін де
жеңіл өткересің. Ада-күде безініп шықпасаң да, жеңіл көтергеніңе септігі
тиеді», – дейді.
Ең алдымен өзіне шүйліктім.
– «Қайдағы жоқты қайдан шығарып отырсың? – деймін. – Жаңағы
айтқаныңның бəрін қолыңмен қойғандай қылып нақтылайсың, оларды
қайдан білдің өзің?» – Далбасалап өзіне жармастым.
– «Жаным-ау, жастық жалынды мен кешпеді дейсің бе? Ол уақытта ел
ортасы, ел іргесі берік. Ауыл-аймақ түп-түгел, бүп-бүтін. Жаңа өспірім
жастар желкілдеп, елкілдеп ауыл-ауылдың арасын сəнге бөлеп, əнге бөлеп
жетісіп-ақ жүргендері. Даланы тербетеді. Бүткіл далаға əн салдырады.
Жассың. Жалындап тұрсың. Желігіп жүрсің. Біз де еліктік. Біз де елжіредік.
Арман аңсадық. Көзіміз қызықты. Өзіміз қызықтық. Сондай-сондай
дəурендерді өткіздік қой біз де. Ертеңіңе алаңдау, бүгінгіңе тосырқау деген
болмайтын. Тоғышар, тоқпейіл өмір емес, əрине. Рас, оқу-сызуымыз тым
мардымсыз еді. Сөйтсе де, өз ортамызға сай, сол уақыттағы заманымызға
орай, біздердің де қам-қаракеттеріміз, міндет-парыздарымыз болатын.
Азаматтар, көбіне-көп, ауыл-аймағының, үй-жұртының тіршілік қамын
күйттейді. Ауыл-ауылдың арасына əртүрлі мəселелердің шешімімен,
бітімімен жүреді. Жер – су шешімі, қоныс қонудың жөнжосығы, ауыл
іргесінің дау-дамайы, алыс-жақын ағайынның өкпеназы, ел-жұрттың
осындай-осындай қам-қаракеті толып жатыр. Қазіргідей бір кеңседе
жиылып отырып, «ананы істеу керек, мынаны бітіру керек» деп жалпыға
жар салмағандарымен, ұйысып отырған ел-жұртының ел-жұрт болып тұруы
үшін соның бəрін атқару міндет еді. Сол міндеттердің орындалуының
арқасында іргелі елінің іргесі сөгілмейді». – Шешем сөзін аяқтай бере
күрсініп салды. Жоқ, шешемнің сөзі аяқталған жоқ. Аяқталмайтын сияқты.
Шынымен-ақ, аузымды ашып, көзімді жұмдым. Шешемнен күтпеген,
естимін деп ойламаған пайымдаулар. Жүйелі, салиқалы сөздер.
– «Бұлардың бəрін қайдан, қалай пайымдап жүрсің?» – Қайран қалғанымды
жасырмадым. Иə, əрі қайран қалдым, əрі сүйсіндім.
– «Бұрынғы жұртшылықты бет-бетімен лаққан байлаусыз, тұрлаусыз
біреулер, құр жөңкілген көш деп ойлайсың ба, шырағым. Жоқ. Басы
біріккен ел еді. Ұйысып, ұйымдасып, қауым-қауым болып қатарласып
отыратын. Əр қауымның айнала межесі бар. Əр қауымдағы аталас рулардың
өз меншігіндегі мекен-жайлары бар. Жер сыңайына орай мал-мүліктері бар.
«Адамның күні – адаммен» деген. Алыс-жақын жан-жақтарымен қарымқатынас жасасады. Қатарлас отырған ауылдар да, оты бөлек, суы бөлек
айдаладағы біреулердің араларында да əлдеқандай бір келіспеушілік, даушар болмай тұрмайды. Соның бəрі əділетті шешімді, ел арасының
ынтымағын қажет етеді. Сондайды ауыл бəйбішесі де көріп-біліп, тыңдап
жүреді. Еркектің томырық мінезі мен қатал үкімі əйелдерге жаға бермейді.
Көп ұзамай отағасының опық жейтінін білесің. Ел мен елдің арасын егер
қылып алып, соның басуын таба алмай саналары сарқылатын шақтары
кездесіп қалады. Ел-жұрттың тыныштығы – сенің де алаңың. Ел-жұрттың
арасына іріткі кірсе, сенің де мазаң кетеді. Қасыңдағы отағасының қиналып
жүргенін жəне көресің. Осындай-осындай жайсыздықтардың
қайталанбауын тілейсің. Əрі тілейсің, əрі шамаң жеткенінше, өз ойыңша
болса да, шара іздеп бағасың. Сол шараның ең үлкені – отағасына
ықыласыңды қосу. Ақылыңды қосасың, басу айтасың. Сабыр-саябырға
шақырасың. əріден келе жатқан үрдіс осылай. Оның бəрін жаттап керегі
жоқ. Жүрегіңмен сезініп, жан ықыласыңмен қабылдауың лазым. Ел анасы
сөйтеді».
Шешем сөз аяғында күрсінді. «Енді соның бəрі желге ұшты» дегеннің
сыңайын ұқтырды. Ендігі жерде шешеме басқаша көзбен қарай бастадым.
Есік пен төрдің арасындағы төмен етектілердің бірі емес, «ел анасы» деп
бағаладым. Елбелек қағып, ұшып-қонып жүрген шағымда түкті де көріп–
білмеппін, ештеңені пайым қылмаппын.
Шешеммен сырласа бастадым.
– «Ана кісіні ұнатамын-ау деймін». – Əдейі сыр тарттым.
– «Иə, оның айдан анық». – Шешем мысқылдайды.
– «Тəте, мен шын айтам», – деймін.
– «Е, мен де қалжыңдап отырғам жоқ.» – Шешем жүрегін жаяды.
Шешемнің қай қырынан келерімді білмей дағдардым.
– «Біресе қылжаққа ілесің, біресе мұқатасың.» – Шешеме өкпем мен
назымды қабат арттым.
– «Жоқ, жаным. Қылжағым да емес, мұқатқаным да емес, нағыз шыным.
Шешенің көзі де көреген, көңілі де ұққыш. Көріп те жүрмін, ұғып та
жүрмін. Ішкі күйім өртеніп те жүр...»
Шешемнің сөзін аяқтатпай «Неге?» деп қалдым.
– «Балаңның бақытын тапқаны – ата-анаға бірінші қуаныш. Ата-ананың
тілегі де сол, аңсары да сол. Сенің қас-қабағың мен жүрістұрысыңды
бақбағанда қайда қараймын. – Шешем маңдайымнан сүйді. Еміренгені,
тебіренгені деміндегі лептен білінді. Жай ғана леп емес, жанды шарпыған
жалыны да жоқ. Алайда, жүрегіңді елжіретіп, ерітіп бара жатқан əлдеқандай
сиқырлы күш бар сияқты. Сəбилік ықылас өзіңнің де бойыңды тебірентіп,
жан күйіңді разықошқа бөлейді.
Шешемнің пиғылы менің тағдырыма алаңдағаны емес, мені басқа жұртқа
қимағаны екен. Бақытымды қаншалықты тілей тұрса да, басқадан
қызғанады. Менің жүрегімде жеке өзінің ғана болғысы келеді.
Осыдан былай қарай шешем əрі сырласыма, əрі мұңдасыма айналды.
– «Ана кісі мені көзіне де ілмейді.» – Торығып, жабығып кетсем керек,
шешеме мұң шақтым.
– «Жоқ, іледі. Көзіне де іледі, көңіліне де іледі. Тек сені «сəби» деп біледі.
«Ойында еш алаң, жүрегінде түк қылау жоқ, періште көңіл сəби» деп
есептейді. Сені бойжеткен қыз деуге дəтілі бармайды. Өз көңіліне де
қимайды, ойына да сыйғызбайды. Ағалық қамқорлық, ағалық
сүйіспеншіліктен аса алмай жүрген жайы танылады. Жан жүйесінде саған
деген елжіреулі сезімі бар екені анық байқалады. Тек, соны мойындауға дəт
қыла алмайтын сияқты». – Шешем сыр қылып та, ақыл қылып та емес, мені
иландыру үшін айтқаны сияқты.
Маған, біртүрлі, сенімсіздеу естілді.
– «Оны қайдан білдің? Көп сөйлеспейсіңдер. Қасында менен көп
жүрмейсің». – Шешемнің сөзіне əлі де сенбеген сықылдымын.
– «Иə, көп сөйлеспеймін. Қасында көп жүрмеймін. Бірақ көп бақылаймын.
Анығы, кейінгі кезде көбірек бақылайтын болдым. Көзім жетті. Көңіліме
түйдім. Суық торғай құсап құтың қашпай, сен де көбірек бақыла. Сонда
көзің жетеді», – дейді.
– «Соған көзім жеткенде не қылар едім? Не қыла қояр едім?» –Бойымды,
шынында да, дəрменсіздік торлады. Не қолымнан, не сөзімнен ештеңе де
келмейтіні белгілі.
Шешем де ойланып қалды.
– «Жаным-ау, жаным қиналады, қайтейін енді? Сен не істей қоясың? Мен не
істей қоямын? Ол кісінің жөн-жосығын да жөнімен білмейміз.» – Шешем де
тұйыққа тірелгендей тоңторыс отырып қалды.
Күн артынан күндер өтті. Тіршілігіміз сол бір қалпында сырғып өтіп жатты.
Көңілді селт еткізер өзгеше күн сирек ұшырайды. Ойынсауық
қойылымдарға апарады. Анда-санда дүкендерге шығамыз. Жексенбі сайын
базарға барамыз.
Шешем көбіне-көп үйде отыруға пейіл. Бізге ілесуге құлықсыздау
байқалады. Ана кісі ылғи да қолқалап бағады. «Көңіліңіз жабы болып
кетеді», – дейді. «Бойыңыз сергіп, ойыңыз жаңарсын», – дейді. «Оның
үстіне, қаланың жөн-жосығын біле түсесіз», – дейді.
Осы қолқалаудың бəріне де шешемнің кері жауабы бар. – «Жабы көңіл
жадырау үшін жанымды уатар жан балам керек. Көнерген ойым жаңару
үшін тіршіліктің жаңа бір күйін тербетуім шарт. Ыбыр-сыбыр қаланың
жөн-жосығын түпкіштеп қайтейін, түбінде, ел-жұртыма қайта қайтам ғой.»
– Шешем жайбарақат сөйлеп, сенімді үнмен айтады.
– «Аз-кем шыдам жасаңыз, жан балаңыз оралады. Жаңаша өмірін бастайды.
Гүлбаршыныңыз да оқу-жазуды жақсы меңгеріп алды. Əлі де жетілдіре
береді. Екі балаңыз қаланы қаласа, сіз де еріксіз қаланың тұрғынына
айналасыз.» – Ана кісі əрі басу айтады, əрі алдағы күнге жору жасайды.
Шешем қайта қайтарып уəж айтпады. Менің де көңілім оншалық көнши
қоймады. «Гүлбаршын бойжетті. Ол да жаңаша өмір бастайды» деген
қолпаштау тілесем керек. Көңілімді тескен, жүрегімді үз діктірген аңсарым
менің бойжеткендігімді түйсінсе екен деймін ғой.
Тағы да бір ойын-сауық қойылымына баруға дайындалып жатқанбыз. Айна
алдында бой түзеп тұрғам. Көйлегімнің денеме қонымын барлап, əр тұс-əр
тұсын сылап-сипап тұрсам керек.
– «Пəлі, Баршынжан, үлкен жігіт болып қапсың-ау өзің! – Көз ша-расы
үлкейіп, шын-ақ таңырқап тұр. «Бойжетіпсің» демейді, «үлкен жігіт болып
қапсың», – дейді. Мен, əрине, оншалық бір мақтан қыла қоймадым. Ол
кісінің көзіне үлкен жігіт болып көрінбей-ақ, бойжетіп қалғаным əлдеқайда
əсерлі еді. Қысылып-қымтырылдым, əрине. Айнаның алдынан дереу тайып
тұрдым. «Ойын-сауық қойылымына бармай-ақ қойсам ба екен» деп
қобалжыдым. Бірақ соның қисынын табу қиын еді. Аяқ астынан құбыла
қалудың түк реті де, жөні де жоқ. Неге екенін қалай түсіндірем? Ана кісінің
соңынан амалсыз ердім.
Былай ұзай бере-ақ қолын сұғындыра қымқырып қолтығымнан қолтықтап
алды. Бұл кездері сөйтіп қосарланып жүруге əжептеуір үйреніп қалғам.
Қолтығымды қыса түстім. Ана кісінің саусақтарының жылы табы білінді.
Саусақтарының ұшын ақырын-ақырын жыбырлатқандай болды. Сонсоң, ол
кісінің қолын қолтығымнан алдым да, салалы саусақтарын кіп-кішкентай
алақаныма бастым. Бойыма əрі құлшыныс, əрі батылдық жүгірді. Ұстасқан
қолымызды алдыартыға тербетіп қоям. Ана кісі де осы қимылға ілесті.
– «Үлкейіпсің дегенге өкпелеп қалдың ба?» – дейді. Еркелете сөйлейді. Мен
онан сайын еркінси түстім.
– «Жоқ, оған өкпелегем жоқ. Əлі күнге шейін бойжетпей қойғаныма жыным
келді». Ашуым əлі басыла қоймағандай əуен таныттым.
– «Түсінбедім», – деді ана кісі.
– «Бойжеткім келеді. Бойжетпей қойдым. Жасым он жетіге келді, бірақ əлі
ешкім бойжетті деп ойламайды.» – Көмейіме өксік кептелді. Тағы да бірер
ауыз сөз айтсам, жылап жіберуім кəдік еді.
– «Бойжетуге сонша неге асықтың?» – Ана кісі кінəлайтын сықылды.
Үндемедім. Үндей алмай қалдым. Айдар тағар дəлел таппадым. Осындай
күйіме одан сайын қысылып, ыңғайсыз күйге түстім.
«Ондайға асықпа, асықпай-ақ қой. Өзінен-өзі келе қалады ондай сəт.
Сондай сəттің келе қалғанын өзің де сезіп үлгермейсің»...
– «Сондай сəт келді ғой деймін»... – Ана кісінің сөзін ортасынан бөлдім.
Қалай айтып қалдым? Неге айттым? Өзім де білмеймін. Ішкі үнім
аңдаусызда шығып кетсе керек. Қолымды тартып ала қойдым. Бетімді
бастым. Күйіп-жанып, дуылдатып əкетіп бара жатты.
– «Не болды, жаным? – Ана кісі сасқалақтай ұмтылды. Бетімнен қолымды
алды. Тесіліп көзіме қарайды. – Мен тағы да оғаш айтып қалдым ба?»
– «Жоқ, сіз емес, мен. Мен оғаш айттым,» – деймін. Жыламсырап,
кемсеңдей сөйледім.
– «Сен оғаш айтпадың, сен тым ашық кеттің. Саған жараспайды. Сенің
сөзің емес ол. Мені де састырдың.» – Үні қатқыл емес, бірақ өкпелі назы
бар.
– «Сонда менің сөзім қайсысы?» – Жаутаңдап бетіне қарадым. «Ренішін
қалай жазам» деп алабұрттым.
– «Еркесің. Тентексің. Өзіңмен өзіңсің. Табиғатың қыз бала болғанмен, ұлға
тəн қылықтарың көп. Бірақ бəрі орнымен, ретімен жарасымды. Ұлдың
қылығы, қыздың қылығы деп бөлетіні жоқ. Балаға тəн балалық қылықтар.
Қыз балаға тəн еркелігі мен нəзіктігі бар. Ұл балаға тəн емін-еркіндігі мен
асаулығы бар. Өзіңе бəрі де жарасады. Бүгін ғана анық байқадым қыздың
қылығын.» – Ана кісінің бағанадан мақтана сөйлеген үні кілт төменси
қалды.
«Сыланып-сипанғанымды жақтырмапты» деп ойладым.
Осыдан кейін екеуміз де тоңторыс күйге ауыстық. Бірақ қол ұстасқан
күйімізден жазғамыз жоқ. Қол ұстасып ойын-сауықтың қойылымына
бардық. Қол ұстасып қайттық.
Көңілім қаяуланып қалды. Біржақты емес, екіжақты толқуға түстім.
Алдымен, «ана кісіні қалай ренжітіп алдым? Енді қайта əуелгі қалпына келе
ме, келмей ме? Мен жөніндегі пікіріне дақ түсті-ау» деп қобалжыдым. Ол
кісінің пікірі де, сезім күйі де мен үшін өте қымбат, əрине. Сонсоң, «енді
өзімді қалай ұстауым жөн? Қалай жүріп-тұрам, қалай сөйлеймін? Қандай
қылықтар жарасады?» деп күптімін. Тілім байланып, аяғым тұсалып, ісқылықтарымнан жаңыла бастадым.
Алдымен шешем басу айтты.
– «Баршын-ау, жаным-ау, сенде өзгеріс бар ғой. Жайшылық па?» –
Шешемнің өңінде қорыққандық та, қуанғандық та белгі білінбейді. Қайта,
жеңсіктік, құмартушылық бар сықылды. Мəн-жайды білуге асығады, не
сөйлесіп-не қойғанымызды естуге құмартады. Бəйбіше адамнан гөрі
желкілдек келіншекке көбірек қисындасады.
– «Екеуміз қырын қабақ келіп қалдық.» – Немқұрайдылау сөйлеуге
тырыстым.
Шешемнің өңі мен кескіні кілт өзгерді. Маған шұқшия қарап қалт тұрды.
– «Не бүлдіріп қойдың?» – Даусында зіл бар. Мені бірден-ақ кінəлап тұр.
– «Неге мен бүлдірді деп ойлайсың?» – Менің де қарсылығым қолма-қол
шықты.
– «Ол кісі сені еркелетіп, аялап жүреді.» – Шешемнің үні бəсеңдей қалды.
Менің де көңіліме қобалжу жүгірді. Ана кісіні бекерге кінəлаудың
жөнсіздігін түйсіндім. Өз көңілімде де, шешемнің көңілінде де ол кісіге
ешқандай қылау түсірмекші емеспін. Екеуміздің арамызда болған əңгімені
айттым.
– «Ал...» – Шешем бетіме адыраяды.
– «Сол...» – деймін. Өзім де азырқанып қалдым.
– «Сол-ақ па?» – Шешем мұқатқан-сынды.
– «Иə, осы», – деймін тағы да қайталап.
– «Мұның нендей шам көретіні бар?» – Шешем тіпті қадалып барады.
– «Мені, тіпті, бала көреді ғой деймін...»
– «Е, енді кім едің?» – Шешем кекететін сықылды.
– «Кім болушы едім? Бойжеткен қызбын!» – Кəдуелгідей, тап-сына қалдым.
Шешем мырс етіп күліп жіберді.
– «Бойжеткеніңе болайын-ау сенің.» – Бетіме бажайлап бір қа-рады да, теріс
айналып кетті. Əлде көңілі бұзылды. Əлде айта қояр жа уап таппады..
Əйтеуір, бір толқынды күйге түскені анық. Ары қарай тақымдап мен де
қуарламадым.
Кешкісін ана кісі ештеңе болмағандай жайдары. Күндегі əзіл-қалжыңдарын
айтады. Мөлшерлеп қана ел жаңалықтарынан мағұлмат береді. Елдің
болашағы зор-ақ. Істеп жатқан істері ерен ерлікке толы екен. Тасты бұзып,
тауды қопаратын көрінеді. Шөл далаға көл орнатып жатыр екен. Қиыр
шетіне құс ұшып жетпейтін ұланғайыр даланың өне бойын отарба
шарлайды екен. Зəулім үйлері бар ғажайып қалалар салынып жатыр. Ауыр
жұмыстың бəрін неше түрлі машиналар атқара бастапты. Ақылы адамнан
бірде бір кем емес, шеберлігі асып түседі. Жылдамдығына көз ілеспейді.
Бірақ ауылды жердегі шаруа-саттық əлі қиын екен. Көпшілік жұмыс қолмен
істеледі.
Ел-жұрттың бəрі жұмысқа жегілген. Ешкім бос жүрмейді. Бос жүргендерді
жұмысқа еріксіз жегеді. Көнбегендерге жаза қолданады. Жаңа қоғамның
жаңа заңы солай. Əрбір адам есепте. Əрбір адам бақылауда. «Еңбек етпеген
– ішіп жемейді.» – Ана кісі, кəдуелгідей, зіл қылып айтты. Бізге кінəрат
артатын сықылды.
– «Пəлі, құдай, нағыз ішіп-жемейтін біз болдық қой онда.» – Шешем
шоршып түсті. Қазір-ақ жазаға ұшырайтындай үрейлі.
Ана кісі бұрқ етіп күліп жіберді.
– «Сіздер менің есебімдегі жансыздар. Яғни, менің үй-ішімсіздер. Біріңіз –
шешем, біріңіз... – Сəл мүдіріп, кідірістеп қалды. Маған қарайды.
Қушыкештене ме, дүдəмалдана ма, жанарында бір жұмбақ құбылу бар.
– «Иə, біріміз – шеше, біріміз – қарындас. Сөйтсе де, біздің де арамтамақ
болмағанымыз жақсы ғой.» – Шешем ана кісінің сөз аяғын бөліп əкетті.
«Сөз иесі – мен» дегендей, маған шақшия қарайды.
Мен ешқандай түс бермедім. Елемегендей, күнделікті əңгіменің ретінде
ғана қабылдағандай сыңай таныттым.
Осы əңгімеден кейін ана кісі бізге лайық жұмыс іздеді. Біздің көңіл
қанағатымыз үшін ғана сөйткен сықылды. Əлде... алдағы уақытта
əлдеқандай заман туады, осы бастан жағдайларына қам жасайын дегені ме
екен, əйтеуір, маза көрмей жұмыс іздеді. Ыңғайлы жұмыс. Біздің
қолайымызға келетін əрі оңды, əрі жеңіл жұмыс. Біздің қолайымызға
келетін ыңғайлы жұмысты таба қою оңай емес еді. Оқу-тоқу дегеннен
мүлдем мақұрымбыз. Есеп-қисаптың мөлшері екі қолымыздағы
саусақтардың санынан аса қоймайды. Қаражұмысқа жолатқысы келмейді.
Менен гөрі шешеме жұмыс табу оңайрақ шықты. Үлкен кісі, жұмыс талғауы
азырақ. Бірақ екеуміздің бір жерде бірге істегенімізді үшеуміз де қаладық.
Жексенбі күні еді. Төр алдына салған шағын сырмақтың оюына бастырған
жібінің бір шеті селкеуленіп сөгіліп тұр екен. Шешем соны қиюластырып
қайта тікті.
– «Таптым! – деді ана кісі қуана дауыстап. – Тігінді жақсы тіге-сіз бе?»
Иə, айттым ба, жоқ па, шешем тігінді жақсы тігетін. Қолы ісмер кісі еді.
Алаша тоқиды. Сырмақ жасайды. Ою ояды. Қазақи шапан, қамзол,
кимешек, сəн киімдердің сəнін келтіріп-ақ тігеді.
Осылардың бəрін айтып, шешемнен бұрын мен жəмпеңдей жөнелдім.
«Біздің де мақтаныш қылатын өнеріміз бар» дегенді паш еткенім болуы
керек. Енді қайтейін, байлық, барлық мақтаныш емес, жексұрындықтың
белгісіне айналған заман. Байлар, ел жақсыларының бəрі жаманға айналды.
Халықтың жауы да, қанаушысы да солар. Обыр, озбыр, ылғи бір
қанішерлер. Азаматтығы жоқ, кісіліктен жұрдай, өңшең қараниеттілер.
«Сондай ортадан шығып едім» деп қалай айта аласың. «Ерке өстім, шолжаң
жүрдім, жігіттермен бірдей желкілдеп жүріп едім» деп мақтан қыла аласың
ба? Ондайдың бəрі жаңа өкіметтің жазасына ұшырап, тоз-тоз болып кетті.
Бұрынғы мақтан мен марапаттың бəрі қазір енді кесепат болып жабысты.
Сонсоң ғой, «біздің де қолымыздан келетін істер бар» дегенді дəріптеп
жатқаным.
Соның ертеңінде-ақ ана кісі тігін тігетін орындардың біразына барып
шығыпты. «Біразына» дейтіндей тігін орыны қанша дейсің? Кейбір
жекелеген шағын-шағын тігін орындары болса керек. Олары – бүгін бар,
ертең – жоқ, тұрлаусыздау мекемелер екен. Тіпті, «мекеме» деп айтуға
келмейтін, құрап-сұрап қалтақтасып отырған жансебілдер екен. Шешемнің
өнері көбін қызықтырды. Бірақ ондай ескілік киімдерін жасамайтындарын,
тікпейтіндерін айтты. Ондай киімдерге сұраныс жоқ екен. «Тіпті, ауылдағы
адамдар да қазір жаңашаға ұмтылады», – деді бастықсынған біреуі.
– «Мен сол жаңа киімдеріңді бірер жұманың ішінде-ақ меңгеріп алатын
шығармын.» – Шешем аналарды пəлендей көзге іліп тұрған жоқ. Керіліп,
керги сөйлейді.
Шешемнің осы сөзіне ана кісі қапысыз иланды. Сонсоң, əлгіндей тігін
орнының ең үлкеніне барып бір-ақ тоқтадық.
Жұмыстары оңай болып шықты. Біреуі киімнің жеңін қондырады. Біреуі
етегін əдіптейді. Түймесін қадайтындар – өз алдына бөлек. Əйтеуір, бір
киімнің бірнеше түрлі бөлшектері əр жерде тігіліп, қолдан-қолға өтіп
құрастырылады да, ең ақырында түймелері қадалып, тап-тұйнақтай киім
болып шығады екен. Сонсоң, жəне бір шағын бөлімшесі тағы бар екен.
Қазақи ескілікті киімдерді тігуге арналған бөлімше. Киімдердің саны
шағын. Түр-түстері аз. Мəгезіндердің бір бұрышына ғана қояды. Көбіне,
ауылды жерлерге жібереді. Қарапайым ғана шапан, үлкен əйелдердің
көйлегі. Тым жұпыны тігіліпті. Əйтеуір, нобайын тұспалдап біріктіре салған
пасон. Үш-төрт тігінші отыр. Жастары егделеу. Шеберліктері де оза шауып
тұрғаны шамалы сияқты. Əлгі киімдердің пішімі де, тігісі де шешеме
ұнамады.
Шешем екеуміз осы бөлімге жұмысқа тұрдық. Шешем бірденақ іске кірісті.
Саусақтары сыпсылдап киімнің асты-үстінен өтеді. Тіккен жерінің жігі
білінбейді. Тосаңсып, тосырқамапты. Қайта, қолы ширығып, іс тігуді əбден
сағына күткен сықылды.
Мені осы бөлімнің алып кел, шауып келіне пайдаланбаққа ұйғарды.
Жақтырмай қалдым.
– «Əзірше». – Ана кісі осы жердің бастығына бұйрық бергендей ескертті.
– «Əрине». – Бастық əйел көнпістік танытып, басын шұлғыды.
– «Əлдеқандай жағдай бола қалса, осындай үлкен мекеме-де істегендеріңіз
дұрыс. Əрі қорған, əрі сенімді нəпақа. Ал ана шолақ əртельдер бір күні
жабыла салады». – Бізді əрі жұбатты, əрі көңілімізді бекітті. Маған да ақыл
қосты. Тігіншіліктің қыр-сырын үйреніп, шеберлікті жетілдіруді уағыз
қылды.
– «Əрине, өмір бақи тігінші болып қалмассың. Өнерді үйренеді де жиренеді
біздің қазақ. Тігіншілік те өнер. Кейін осы саланың басты ғы боласың,» –
деп көтермеледі. Ақ құба жүзіндегі қара қасы жанары мен қоса күлімдеді.
Маңдайы тым жазық емес, тік қабақтау. Сонысы өзіне сұс беріп тұрады.
Маңайын үркітіп, қасына ешкімді жақын жуытпайтын қаһарлы сұс емес.
Көз сүйіндіріп, көңілді биіктететін сұс. Ал енді, өз мінезі орнымен жайдары,
орнымен маңғаз. Баламен – балаша желкілдеп, үлкенмен – үлкенше
салиқалы кеңес құра алатын.
Айтқанындай-ақ, кейін, жылдар өте келе үп-үлкен бір тігін фаб рикасының
бастықтарының бірі болдым. Орысшаға тілім жетпейді. Əйтеуір, добарлап
нұсқасын келтірем. Бұл туралы кейінірек əңгімеленеді.
Сөйтіп, шешем екеуміз де жұмысшы болып шыға келдік. Басқалардың күні
бойы тіккен нормасын шешем түске дейін-ақ бітіре салады. Жəне тігіні
қандай! Бір селкеуі жоқ. Тігісінің бəрі жұп-жұмыр, теп-тегіс. Қазіргіше
айтқанда, тігін машинасымен түсіргендей.
Менің де міндетім мен жұмысым ауырлай түсті. Əрі көбейді, əрі ауырлады.
Күндіз жұмыс үстінде қалт ете қалған сəттің бəрінде де шешемнің қасына
үйрілем. Мен бармай қойсам, өзі шақырып алады. Тігін ісінің жөн-жосығын
үйретеді. Инені қалай ұстаудың да мəнмəнақасы бар екен. Киімнің қай
жерінде қалай ұстаған оңтайлы? Əрі қолға ыңғайлы тұруы шарт, əрі киімге
де оңай жүгіруі қажет. Сонсоң, тігіннің бірнеше түрі бар: көктеу, жөрмеу,
тепшу, қайып тігу, жебей тігу, əдіптеп тігу, қарпып тігу, тіпті көп. Əр
тігіннің қолданатын орны əр бөлек. Киімнің түр-түсіне қарайсың. Қай жерін
тіккеніңе қарайсың. Қалың-жұқалығына қарайсың. Ою-өрнек жапсырудың
жөні өзі бір басқа. Оның тігісі мүлде бөлек. Шешем осының бəрін ежелеп
тұрып үйретіп бағады. Шешемнің осы үйретінділеріне қасымыздағы
басқалар да құлақ аса бастады. Шешемнен əрбір істің жөн-жосығын
сұрайтын болды.
Əлгі тігін орнында əйелдер қамзолы тігілмейді екен. Шешем өз бетімен бір
қамзол тікті. Бар өнерін салды. Бəріне ұнады. Бəрі тамсанды. Саудаға түсіп,
тауар ретінде өте қоюына бəрі күмəн келтірді. Мəгезінге шығарды.
Шығарған бетінде-ақ сатылып кетті. Сұраушылар көбейіпті. Шешемнің
беделі артты. Құрметі асты. Қадірі өсті. Шешем тіккен қамзолдарға сұраныс
көбейді. Ойынсауық қоятын ошақтардан тапсырыстар түсті. Тек қамзолға
ғана емес, қазақи ескілікті киімдердің көбін қайта жаңғырту басталды.
Əртүрлі көйлектердің түрлері, еркек пен əйелдің бас киім түрлері, ер
адамдардың сырт киімдері... Əйтеуір, осындай-осындайлар көбейе берді.
Шешем осының бəрін тікпейді, əрине. Көбінің үлгісін салып жобалап
береді. Үлгісін қағазға сызықпен сызғаннан гөрі, бұлдың бетіне бормен
нұсқалағанды жөн санайтын. Сол бойынша əлгі киімді пішіп шығады.
Онысы алғашында болбырап-солбырап көрінетін. Тіге келе, тігісін көмкере
келе, жан-жағын əдіптей келе бір міні жоқ дейтіндей киімге айналатын.
– «Арна шешейге етік пен тон тіккізу ғана қалды», – деп қалжың жүгіртетін
қасындағы əйелдер.
– «Етігіңді тіге алмаспын. Ал тоныңның неше бір түрі біздің қолымыздан
өткен». – Шешем, кəдуелгідей, насаттанды.
Шешемді мен де мақтан тұттым, əрине. Ел ішінде жүргенде айырықша
жақсы киінетіндердің бірі едім. Киімімнің бəрі тек қана шешемнің қолынан
өтетін.
Шешем ісмерлікті өзінің шешесінен өнеге қылыпты. Сөйтіп, арыдан бері
жалғасқан ісмерлік жолы маған келгенде табан тіреп тұрып қалса керек.
– «Заман өзгеріп кетті. Жаңа қоғам ондай қолшеберлікті мұқтаж етпейтін
сияқты. Іс машинамен арлы-берлі ойдақтатып, əйтеуір, нобайын келтіріп,
қарайтып қойсаң, соны да місе тұтып киім қыла беретін сияқты ғой.
Дегенмен, мен де қолыма ине ұстай бастадым. Шешемнің түртпегі бар, оған
ана кісінің талабы қосылды. Өзімнің де ішкі қаперіме түйсік жүгірді. Мына
замандағы мына қоғамда өз қолыңнан ештеңе келмесе, өмірің қорлықпен
өтетінін пайым қылдым, əрине.
Екіжақты үлеске түстім. Күндіз шешемнің құжырындамын. Киім пішеді.
Соның үлгісін үйретеді. «Алдымен үлгісін жасап алмай, киім пішуге
болмайды, – дейді. Сонсоң барып, киімнің əрбір мүшесін (жеңі, жағасы,
бойлығы дегендері ғой) құрайсың», – дейді.
Шешем маған үйретіп жатқанда, жұмыстағы басқалар да жапырласа келіп
үймелесе қалады. Үйренеді, сұрайды. Тігістерін көрсетеді. «Арна шешейден
сабақ аламыз» десіп қалжыңдасады. «Арна шешей» атанып жүрген сол
кездегі жасы қырықтың ортасына жетпеген екен ғой.
Біраз күнде əжептеуір үйреніп қалдым. Қолым жаттығып, шешем пішкен
үлгі көкірегіме із салды.
Күнделікті өзгерісіміз бен жетістігімізді кешкісін ана кісіге баян қыламыз.
Ол кісі бізден бетер сүйсінеді. Мақтайды. Мақтанады. Оны-мұны
əңгімелерін өзі де айтады. Сонсоң, сабақ дайындығына кірісеміз.
Асыға күтетінім де, аңсап қалайтыным да осы сəт. Ана кісі тосырқап
қалғандай, жалыға бастағандай көрем. Жұмыстағы жетістіктерім мен
жаңалықтарды көбірек айтып, ықыласын бері бұруға тырысам. Ол кісі,
бəрібір, елемеген сияқтанады. Көңілім майрылып, жан жүйем езіле
жөнеледі. Жəне ең асыға күткен, ең қалаулы шағыма жеткен кезде өстіп
берекем кете қалады.
– «Ықыласың аз, шаршағансың ғой,» – дейді. Өзі де ықылассыз сияқтанады.
– «Жо... жоқ, шаршағам жоқ, оқимын!» – Мен без ете түсем. Шаршағанды
желеу қылып, ұйықтауға қайтарып жіберер деп қорқам.
– «Онда, басқа ештеңеге алаңдамай, оқуға ғана пейіліңді бұр!» – Кіділеніп,
зекіңкіреп айтқан сияқтанды.
Басымды изеуге де шамам келмеді, кірпігімді ғана қимылдатсам керек. Ана
кісі сəл аңырып бетіме қарады. Бет əлпетім тым аянышты көрінсе керек,
қолымнан тартып өзіне қарай икемдеді. Өкпеші баланы жұбатқандай сыңай
сездім. Орнымнан жылжып, ана кісінің бауырына қарай икемделе бердім.
Ол кісі мені тізесіне отырғызды. Иығымнан құшақтап, бетін бетіме тигізді.
Маңдайымнан иіскеді. Сол кездегі азғантай ғұмырымның ішінде алғаш рет
тебіреніп, алғаш рет дірілдеп-қалшылдаған сəтім еді. Өне бойым балқып,
балбырап, белгісіз бір тереңге батып бара жатқандаймын. Ақылым, санам
бойымда жоқ сияқты. Тек қана күйдіріп-жандырған жалынның лебін ғана
сезінем. «Неткен рахат, неткен құпия» деп таңырқаймын. «Адам осыншама
балқып, балбырайды екен» деп таң қалам. «Ес-ақыл, күш-қуаттан
мұншалық айрылып қалудың сиқыры не?» деп, емісеміс санама салғандай
болам. Бірақ түсінбеймін. Бəрі бұлыңғыр, бəрі елес сияқты. Мен де
əлдеқандай бір талпыныс жасауым жөн бе екен деп, тұмшаланған ойымды
сейілтпек болам. Алайда, дəрменсізбін, шырмаулымын. Бəрінен де, осы бір
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ең ғажайып хикая - 10
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.