Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3830
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Бұл қоғамға қарсы жасайтын лаж да, қайран да жоқ. Əркім өз шамашарқынша осы қоғамның іс-шараларына жегіліп, үрім-бұтақ өсіріп,
күнкөрісіңді қамдай беру...
Сөйтіп, жан сақтап, үрім-бұтақ өсіру қамына біз де кірістік. Бəрі жиылып
алдымызға он шақты қой салып берді, бір сиырға ие қылды. Қарқ болдық та
қалдық.
Келер көктем шыға үлкен ағатайым ел ішіне кетті. Екі інісінің хабарошарын білмек. Бала-шағаның бəрі осындамыз. Екі інісін жер аударып
жіберген. Əйелдері қастарында. Біреуі – менің əке-шешем. Бауырым екеуміз
бөлініп қалдық. Анығында, үлкен ағатайым əдейі бөліп алып қалған.
«Бауырым» деп отырғаным – сенің əкең ғой. Кіші інісінен бір ұл бар.
Жеткіншек ағаңды айтам. Үлкен ағатайымның өзінің екі ұл, екі қызы бар.
Олар бізден ересек. Жеңіл-желпі жұмысқа бапандай. Малды бағатын,
жайғайтын – солар.
Үлкен ағатайым сол кеткеннен жаз ортасына қарай бір-ақ оралды. Əйтеуір,
еңбегі жанып, бір інісін (менің əке-шешемді) ала келді. Кіші інісін шығара
алмапты. Оның жүрген жерінің аңдуы қатты, тəртіптері қатал екен. Алып
шыға алмапты. Сондағы баласының жылағаны-ай. Бəріміз күңірендік.
Алты-жетідегі бала. Содан қайғылы болып кетті. Ешқандай жұбатуға,
алдап-сулауға илікпейді. Барымызды соның аузына тосамыз.
Еркелететініміз сол. Бəрібір, жабыққан көңілі бір көтерілмейді. Күндіз-түні
қасымнан тастамаймын. Түнде жаныма алып жатам. Екі ағатайым да қалаға
барса-ақ соған бірдеңе алып келеді. Атқа мінгізеді. Маңайдағы той-думанға
апарады. Ештеңе дарымады. Селт етіп бір сергімейді. Соның əуеніне қарап
біздердің де жанымыз күйзеледі де жүреді. Кіші ағатайым мен жеңешемді
жəне ойлаймыз.
Шағын болса да, өз алдымызға жеке ауылмыз. Ауылдағылар да біздің
қабағымызды бағады. Көңілімізді демеп, үмітімізді жалғауға тырысады.
Үлкен ағатайым мен əкем келгелі де бір жылға тарта уақыт өтті. Кіші
ағатайымнан еш хабар болмады. Жолды түсіндіріп, əдірісті айтып кетіпті.
– «Қарауылдаушылары əрі қатАл əрі сақ еді. Солардан тырп ете алмады-ау,
ə». – Үлкен ағатайым күдері үзілгендей қамықты.
– «Қайтсең амалын тап» деп соны бекер қысталадық. Тым тəуекелшіл
шіркін бірдеңеге ұшырап қалмаса болды да». – Менің əкем қауіп қылды.
Үміт пен қауіп қатар арпалысып, келесі жылдың жазына жеттік.
Кенже ағамның баласы төсек тартып жатып қалды. Жалғыз қурайдай болып
солып бітті. Ештеңеге жұбанбайды, ештеңеге уанбайды.
Əкем тəуекелге басты. Ел ішіне баруға, қалайда, бір хабарын білуге бекем
қылды.
Үлкен ағатайым бірден келісе қоймады. «Екі ортада сенен қоса айрылып
қалсақ не болғанымыз. Сенің өзіңнің хабар-ошарыңа жете алмай, зарлап
қаламыз ғой тағы. Қасыңда серік болар адамың да жоқ. – Үлкен ағатайым
сəл ойланып отырды. Ойланғаны ма, толғанғаны ма, əйтеуір, жан жүйесі
қиналғаны анық. – Əлде ... Əлде бірге барамыз ба? – деді.
Əкем ыршып түсті.
– «Екеуміз бірдей бірдеңеге ұшырап кетсек мыналардың күні не болады?
Қырылады ғой түгел. Жоқ, Ораз аға, өзім ғана барам. (Үлкен ағатайымның
аты – Оразғұл еді. Менің əкем ол кісіні «Ораз аға» дейтін).» – Əкем тоқетер
кесімін бір-ақ айтты. Біздер де шулап қоя бердік.
Əкем тəуекелге алғаш бел буғанда-ақ өзегім өртеніп қоя берген. Баж етіп
ұстай ала жаздадым. Төсек тартып жатқан кенже ағамның баласына жалт
етіп көзім түсті. Соншалық мұңды, соншалық əлсіз. Кірпігі əрең
қимылдайды. Жүрегім зырқ ете қалды. Əке-шешесін ғана күтіп жатқандай
болып көрінді. Алғашқыдағы қарсылық ниетім мүлде басқа жағынан
шықты.
– «Баршы, əкетайым, баршы, баршы. Мен қоса барайыншы. Жəй,
баласымен туысқан аралап бара жатқан біреу болып көрінесің. Ешкім назар
аудармайды сонда. Өзің кіре алмаған жерге мен кіріпшыға алам ғой.» –
Жалынып-жалпайып, тіленіп жатырмын.
Төсекте жатқан бауырым əлдеқандай бір дыбыс шығарды. Бəріміз соған
қарадық. Саусағын шошайтып мені көрсетті. Сонсоң басын изеді. Алысты
меңзеп қолын сілтеді. Бəріміз де түсіндік: мені «барсын» дегені.
Сөйтіп, əкем екеуміз жолға дайындалдық. Жаяу шықпақпыз. Тек,
Қазақстанның шетіне шейін Үлкен ағатайым мен ауылдың тағы екі азаматы
шығарып салды. Сөйтіп топталып жүрмесе, жалғызжарым адамға шеткергі
жерлерде аса қауіпті. Өзіңді жоқ қылады да, көлігіңді малданып кетеді.
Елдің шетіне кірген соң, қазақ жұрты, қазақ ауылы, қас қыла қоймас деп
үміттендік. Əйтеуір, күн жүрдік, түн жүрдік, дамыл көрмейміз. Уақ-уақ азкем демалып отырамыз. Əкем менің қас-қабағыма қарайды. Сыр бермеймін.
Көңілді жүруге, айналадан көрген-білгенімді тантып сөйлеп отыруға
тырысамын. Кезек-кезек ұйықтаймыз. Буыншақ-түйіншегімізден де,
өзімізден де көзжазып қалмауға сақпыз. Жол жүруге əбден үйреніп
алыппыз.
Менің де пайдам тиіп жатыр. Əсіресе, мелициялар көп тоқтатады. Тергей
жөнеледі. Қайда барасың? Қайдан келесің? Не қылған жансыңдар?
Өңменімізді сурып жібере жаздайды. Өтірік жауап беруге, мүлəйімси
қалуға, арып-аршыған біреулердің күйіне түсуге əбден машықтанып
алыппыз. Сол айтқандарымыздың шындығына өзіміз де сенеміз. Былай
қарағанда, жай-күйіміздің сол өтіріктерімізден асып тұрғаны да шамалы еді.
Əйтеуір, күй талғамаймыз, үй талғамаймыз. Қай жердің ыңғайы қолайлы,
қай үйдің қабағы түзу – сол жер мен сол үйге түнеп шығамыз. Ай жүрдік пе,
апта жүрдік пе, Қостанай деген жерге жеттік.
Ол жаққа тақаған соң-ақ əкем бой жасыруды жиілетті. Үлкен ауылдарға
соқпай, ел шетімен жүреміз. Таса, қалқа жерлерді көбірек пана қыламыз.
Ақыры, Кенже ағам жатқан түрмеге де маңайлап келдік. Түрмеге жақындау
бір ауылда шешем тұрыпты да, əкем айына бірер рет келіп жүріпті. Түнге
қарай сол үйге бардық. Əкемді көріп үрпиісіп қалды. Қашып кеткен
іздеудегі адам. Үйлеріне аяқ астынан сап ете түстік.
– «Абыржымаңдар, – деді əкем. – Мұнда қалмаспыз. Басқа бір жерге бой
тасалаймыз ғой. Інімнің хабар-ошарын білгелі келдім. Соған жалғастыруға
бір септік қылыңдар. – Əкем үй иесіне жалбарына телмірді. – Жалғыз ұлы
бар еді, хал үстінде жатыр. Əкешешесін аңсап, қайғыдан-ақ бітті. Соларды
көріп еңсесі көтерілмесе, беті бері қарай қоюы неғайбыл. Жап-жас бала,
қайғыға соншалық бой алдыруы ғажап-ақ. Мына қыз бала – менің қызым.
Бауырының қасіретті күйіне шыдай алмай, маған еріп шықты. «Кенже
ағамды тапсам, ауылға қайта жеткенше тізе бүкпей жүгірер едім», – дейді...
Əкем кемсеңдеп маңдайын ұстады.
– «Айналайын Тілеу-ай, қайғыңа мен де берілем-ақ. Бірақ қыла қояр лажым
болмай отыр. Сен де лаж таба алмассың. Інің бұл арада жоқ»... – Ана кісі өзі
кінəлі адамдай əкеме күмілжи қарады.
– «Жоғы қалай? Басқа лəгірге ауыстырды ма?» – Əкемнің өңі қуқылданып,
екі танауы қусырылды. Ұш жағы домалақтана бітіп, сəл кегжиіңкіреп
тұратын қырлауыт танауы жыбырлады ма, дірілдеді ме, əйтеуір, өзгеше бір
күйге түсті.
– «Сірə, бұл елде де жоқ болуы мүмкін. Он шақты азамат бір түнде қашып
кетіпті. Жағалай іздеу салған екен, таба алмапты. Əлде атып тастап, əдейі
айтқандары ма? Əйтеуір, жоқ.» – Ана кісі берік байлам білдіргендей
сөйледі.
– «Жеңешем қайда? Жеңешемді қайтті?» – Мен шыр ете түстім.
Тақ бір ана кісі кінəлідей-ақ, жабыса кетпекпін.
– «Əйелдерімен қоса қашыпты,» – деді.
Көңілім аз-кем тыныштық тапты. «Бар шығар. Тірі шығар» деп уаныш
қылдым.
– «Қанша уақыт болды?» – деді əкем.
– «Екі айдан асты білем».
– «Ешқандай алыпқашты сыбыс шықпады ма?»
– «Жаным-ау, сыбыс шықпақ түгілі, дыбыс та жоқ. Дыбыс, сыбыс шыға
алатын жер ме осы ара. Кім аузынан дыбыс шығара алады?» Ана кісі
əкемнің аңқаулығына реніш білдірген сықылды.
Əкемнің де жанұшырған жан айқайы екені анық.
– «Өзіңіздің жобаңыз?» – Əкем енді пікір тартты. Түк амалы қалмаған
дағдарысы екені анық.
– «Мына орыс елінің шетін жапсарлай жағалап отырып, Қытай өтіп кетті-ау
деп шамалаймын»... – Ана кісінің үні дүдəмал.
– «Əдірісті беріп кетіп едік... Басқа ешқайда бұрылмаса керек еді»... – Əкем
де күдіктене басын шайқады.
Екеуінің де көңіліндегі қауіп белгілі. Бірінің қаупі – жай ғана ара ағайынның
білдірген көңіл қатыстығы. Екіншісінің қаупі – бірге туған ағаның ет
бауыры елжіреп, жүрегі елжіреген жан шырылы. Менің де көңілім
қопарылып, санам сая таппай барады. Əсіресе, сартап болып жатқан
бауырымды ойлаймын.
Сонымен не керек, ұнжырғамыз түсіп, салымыз суға кетіп, кейін қайттық.
Біздің қас-қабағымызды бағып жатқан бауырым емеурінімізден бəрін ұқты.
Терең бір күрсініп салды да, теріс қарап жатты. Сол жатқаннан қайта тұрған
жоқ. Кенже ағам мен жеңгемнен ұштыкүйді хабар болмады. Сол
хабарсыздан хабарсыз»...
Апайым күрсініп салды. Көмейіне өксік ілінді. Көзі жасаурады.
– Кенже ағам жанып тұрған жалын еді. Өрт еді. Ештеңеден тай-салмайтын.
Сөзге де, ақыл-қайратқа да бірдей еді. Тірі жүрсе, бір тұтқаны ұстар-ақ еді.
Құдай қоймады ғой. – Апайым тағы күрсінді.
– Құдайдың ісі ме? Əлде мына үкіметтің ісі ме? – Үкіметке əдейі кінə
артқандай болдым.
– Үкіметке кінə тағуға дəрмен қайда? Үкіметті аузыма алуға сенің өзіңнен
де именіп отырмын. Соның жөн, қарағым. Оқытты, тəрбиеледі, адал
болғаның жақсы. «Сендер үшін, сендердің болашағың үшін» деп жатыр ғой.
Солай болса, солай да шығар. Тек... – Апайым сəл мүдірді. Жөткерініп алды.
– Осы ауылдағы жасы елуден бергілердің көбінің-ақ өмірден тартқан мұңналалары бар. Қарап отырсаң, солардың түк жазықтары жоқ. Адамның ісі
ме, қоғамның ісі ме, оған біздің көзіміз жетпейді. Əйтеуір, құдайдың ісі
емес. – Апайымның сөз түйіні тіпті нық. Кінə артатын негізгі нысанасы да
өзіне айқын сияқты. Тек, соны жайып салуға қорғалақтайды. Менің
көңіліме қараса керек.
– Мен кімге тартқанмын? – Осыны өзімнің шешемнен де барлап сұрай
қоймаппын. Тағы да осы тағдырдың тауқыметімен («қоғам», «заман» деген
атауларға соқпауға тырысамыз. Ол атаулардың артында ілігі бар. Ілікке
ілігіп қалмауға бəріміз де сақпыз) бірге туған үш ағайындының өмір
жолдары үш айрыққа айрылды. Ең кенжелерінің жолы – белгісіздік, хабар
ошарсыз жол. Артында із де қалған жоқ. Ұрпағы суалды. Ең үлкені – менің
əкем. Қытай мен Ресейдің бергі жағалауын ұзыннан ұзақ шиырлап-ақ
шықты. Əлдебір қиырға қоныс аудару, ұзақ сапарға шығып, алыс-жақынды
шиырлап қайту – ол кісі үшін үйреншікті іс еді.
Ортаншы ағайымыз (осы отырған апайымның əкесі) түзу жолдан
таймайтын, қауіп-қатерге артын көрмей аяқ баса қоймайтын сабырлы адам
еді. Ақылға – кеніш, тілге – ұста, мінезге ұстамды жан-тұғын. Əртүрлі
қабылетке де икем болды. Домбырамен əн салатын. Шаппашап ұстаса
кеткен жерде қарсыласын бір сүріндірмей қоймас еді. Жүйрік ат, құмай
тазыға ерекше құмар тұратын. Елінде жүрген тыныштық заманда əжептеуір
серілік құрып, игі жақсы азаматтардың қатарында танылған. Бір ұл, бір қыз
сүйді. Қызы – осы апайымыз. Ұлы жетіп тұрған шағында кенеттен қайтыс
болды. Ептеп жүрегі ауыратын. Таланты ерте білінді. Ғылымның қай
саласына да əмбебап еді. Жаратылыстану саласын таңдады. Институтты
үздік бітірді. Аспирантура емтихандарын да кілең беске өткізді. Бірақ...
Бірақ қабылданбады.
Түгіне түсінбеген ағайым ентіге түтігіп комиссиясына барады. Олар бірбіріне жалтақтайды. «Бағаңды қойдық», – дейді. «Білімің үздік», – дейді.
«Программалық білімің ғана емес, ғылыми қорыту, талдап, талқылау
білімің де үздік. Енді соны жетілдіре бер», – деп ақ жол тілейді. Олардан
шығып, оқуға қатысы бар тиісті орындардың бəрін адақтап шығады. Бірі
біріне сілтеп, қақпақылдайды. Əлдебіреулердің ақылымен министрдің
алдына шейін жетеді. Министр басын шайқайды. Таңданғаны, əрине.
Құжаттарымен танысуға уағда қылады. Қайта жолығатын уақытын
белгілейді.
Белгіленген уақытында қайта барса, қабылдамайды. Көшеден жолын тосып,
мұрсат сұрайды. Министр тиісті бөлімге сілтейді.
Бөлім бастығы қипақтап, кідірістеп отырады. Ақыры, шындықты жеткізеді.
– «Біздің министрлік саласында оқу ісінің бүге-шігесіне менен білгір ешкім
жоқ, шырағым. Барлық мəселенің мəн-жайын, жөнжосығын мен тарқатам.
Бірақ шешімді шығаратын – басқалар. Мен, бір, күшім – адал сүтім – арам
мақұлық тəріздес адаммын, шырағым. Айтып отырмын ғой, істің бəрін мен
істеймін, жобаның бəрін мен жасаймын. Қызметкерлерге анықтама беретін
де мен. Бастықтардың баяндамасына дейін мен дайындаймын. Бірақ осы
қызметімнен арыға өспеймін. Өспеймін де, өшпеймін де. Алдымен,
өшпейтін себебім, əлгінде айтқанымдай, «бір министрліктің жүгін жалғыз
өзім көтеріп жүрмін» десем, мақтанғаным емес. Барлық істі орнына
келтіретін, жандарын тындыратын қолғанатынан кім айрылғысы келеді?
Айрылмайды, əрине. Рас, маған дейін де министрлік болып тұрған. Менен
кейін де қараң қалмайтыны анық. Сөйткенмен де... Дайын тұрған
жантындырымнан ешкім де айрылмаса керек-ті. Еңбегін бұлдамайды. Ақы
тілемейді. Ешкімге, ешқайда жар салмайды. Ондай май шелпектен неге
айрылсын. Айрылмайды.
Ал енді мұншалық ынжықтықтың жөні не дейсің ғой? Күресуім керек.
Ешкімнің жемсауында кетпеуім керек. Сенің пікірің осы ғой?
Əжептеуір бастық адам ағатайыма қарайды. Өзін кінəламайды. Қайта,
ағайымды сынайтын сықылданады. Ісі түсіп алдына барып тұрған адамға
ағайым не деп ақылгөйси қойсын. «Иə, осы» дегенді білдіріп басын изейді.
– Менің дəрменім жетпейтін гəп бар мұнда. Саяси гəп. Əкем «халық жауы»
атанып, ұсталып кеткен екен. Халық жауының баласына үлкен қызмет
істеуге болмайды екен. Сенімсіз екен. – Əлгі кісі мырс етіп мысқылдай
күледі. Ағатайым бейне бір өзін мазақтап тұрғандай сезінеді. – Мұның
бəрін неге айтып отырмын? Өйткені, осы гəп сенің де алдыңнан шығып тұр,
шырағым. Əкең халық жауы ретінде ұсталыпты. Онымен қоймай, түрмеден
қашып кетіпті. Соғысқа Ресейден алынған екен. Соғыстан соң да сонда
қайтыпты. Сендер де елге əкелерің өлгеннен кейін ғана оралыпсыңдар.
Міне, осының бəрі алдыңа бөгет болып тұр. Бірақ сағыңды сындырма. Өмір
жолың енді ғана басталып жатыр. Ойы-қырын əлі көп көресің. Мойыма.
Қаладағы мектептердің біріне орналастырам. Сонда істей тұр. Одан арысын
тағы көре жатармыз. Менімен байланысыңды үзбе.
Осындай ағалық тілек, қамқорлы көңілімен ағатайымды шығарып салыпты.
Айтқанын орындап мектепке орналастырыпты. Кейбір ғалымдармен де
таныстырып, болашағына бағдарлама жүйелеуіне жол нұсқаса керек.
Ағайым соның бəріне де құлшына кіріседі екен. Бірақ тауаны қайтып, тауы
тез шағылады. Қал-қадірлерінше қамқор білдіруге тырысқан үлкендер
артынша-ақ тез айнып шыға келеді. Ағайымның жағдайын естіген бетте-ақ
сырғақтатып шыға келеді екен. Осындайдан жүрегі əбден шайлыққан
ағайым таныстықтан да, қамқорлықтан да қашқақтап жүреді. Мұңымен де,
сырымен де жалғыз оқшауланып, өзімен-өзі тұйықталып, жабырқау, жадау
күн кешеді. Жүрегіндегі жалғыз медеуі де, жұбанышы да жанына балаған
сүйген қызы екен. Көп ұзамай, ол да серттен таяды. Бұрынғы бұрынғы ма,
ағайым гөйгөйге енді басады. Өмірден өзі дəметер қызық таппай түңіледі.
Үміт артқан нысанасының бəрі маңына тақатпай сейіліп бітеді.
Ақыл-ойы заңғар, санасы тұнық болғанымен, ағамның рухы кеуектеу
шықты. Алғы күндерге сенімі аз, тез арада нəтижесін көре қоймаса,
тəуекелге бара бермейтін тартыншақ еді. Іс-əрекеттің көбін болашаққа
қалдыра беретін. Бəлкім, өмір жолы басталмай жатып тауаны қайтып
қалғандығы да көңілін жасытып тастаған шығар. Əрі көңілі жасып, əрі
жігері қайтып қалған.
Үнемі қамығып қапалы жүру, ештеңеге көңілі көтерілмеу, жолы
оңғарылмай қою, сүйген қызының сертке жетпеуі, ақыры, титықтатып
бітіреді. Өкпе ауруына ұшырайды. Ол аурудың əсерлі емі əлі жетіле
қоймаған кез. Ағайымды алып жеді.
Əкемнің ортаншы інісінен қалған ендігі көз – осы апайым ғана. Жай ғана
сөйлеп, жайбарақат жүретін жан. Өмірінде қиындық көрмегендей, қапалы
күндер кешпегендей сезіледі. Жай ғана жүрген бітеу пенде дерсің. Əкесімен
бірге ана бір жаяу сапарға шығуының өзі қаншалық ерлік! Бел шешпей бір
ай жүріпті.
– Мұның бəрін ертерек неге айтпағансыз? – деймін.
– Өкіметке деген ақ көңіліңе қаяу түспесін дедім.
Демек, өзінің көңілінде қаяу болғаны ғой. Өкіметке ме? Уақытқа ма?
Заманға ма? Қара ниетті адамдардың іс-əрекеттері дей ме? Маған солардың
бірде-біріне өкпе артпа дейтін сықылды.
– Иə, көңілі бүтін адам аз, – деді сонсоң. Осы жолы нығарлаңқырап айтты.
– Əкеңіз неге елге қайтпады?
– Елге келіп, менің əкем құсап тып-тыныш жүре беретін еді ғой.
– Қорқақтады. Түрмеден қашқаны бар, түрмедегі наразы топқа қосылып
бүлік ұйымдастыруға əрекет қылды деген ілгішегі жəне бар екен. Солардың
бəрі біріне-бірі жамау бола ма деп қорықты. Оның үстіне, үлкен
ағатайымнан (өзіңнің əкеңді айтам) анда-санда сұрап қояды екен. «Ініңнің
əдірісі қалай? Хабарласып тұра ма?» деп жақаурататын болса керек.
«Соғыстан кейін түк хабар-ошарым жоқ» деп құтылады екен үлкен
ағатайым.
Олар оған сенбейді, əрине. Тек, жоғарғы жақ пəлендей қузау салмаған соң,
олар да елей қоймайтын болса керек. Ел жақтан осындай хабарды естіген
соң, əкем қорғалақтап, ел ішіне қайтпады. Ақыры, əкемнің де, шешемнің де
сүйегі сыртта қалды... – Апайым ап-ауыр күрсініп салды. Өткен күндерінің
ең үлкен өкініші осы сияқты байқалды.
Ертеңінде Баршын апайға тағы бардым. Ықыласым пəлендей соға да
қоймаған. Бірақ мойныма міндетті парыз жүгі салық болып тұрғандай
сезіндім.
– Ілгері басқан аяғың кері кетіп, əзер қозғалып келесің ғой. – Баршын апай
үй көлеңкесінен тіл қатты. Көңіл-күйімді анадайданақ дəл аңғарыпты.
Айтқан бейнелі сөзі қандай түйінді! Өз жанынан шығарғаны емес, əрине.
Халықтың даналығы. Халықтың даналығын орынды жерінде орнымен
қолдану – сол даналықты бойға сіңіре білудің белгісі. Ел адамдарының
көпшілігі-ақ сол даналықты бойларына терең сіңірген. Кезкелгені кез
келген жерде əйтеуір бір мақал мен мəтелді қоса жарыстырмай сөйлемейдіақ. Сол сəттегі көңіл күйіңді тап басады. Өмірге үмітіңді жалғайды.
Жігеріңді үстейді. Кемеріңнен ассаң – сабаңа түсіреді. Жүнжіп жүрсең –
қуат береді. Қапа шексең – уатады. Көңіл күйдің барлық құбылысына
қайтарар жауабы дайын...
– Өзің шаршап қалыпсың. – Баршын апай бетіме барлай қарады. Қасқабағымды тексермелегендей кейпі бар. Жанашырлық күйі танылады.
Шəй қамдап қойыпты. Екеу ара отырып шəй іштік. Кірбің қабағым жазалаң
тартты. Əңгімеге бірден кірісу жөнсіздеу сияқты көрінді. Жөні де, реті де
қолайын тапқаны дұрыс. «Құлақ күйін келтіру» деген сол шығар. Көңілдің
құлақ күйі.
– Біздің апайдың əңгімесі де əрі ұзақ, əрі маңызды екен. – Апайымды əдейі
көтермеледім. «Сізден басқалардың да жан тербетер əңгімелері бар» дегенді
əдейі тұспалдадым.
– Пəлі, ол қара кемпірдің əңгімесі ерен. Баптап, мипаздап айтқанда,
аузыңның суын ағызады. Тамсанып, таңдайыңды қағып отырасың. –
Баршын апай сүйініш көңілін сүйсіне білдірді. Сөзін де аяқтады, шəйін де
аяқтады. Қарсы алдындағы бір ноқатқа тесіле қарап, түйіні қиын ой
кешкендей түйіліп отырды.
– Бүгін бітіріп тастасақ жақсы-ақ болар еді... – Рұқсат сұрағандай ма,
мұрсат тілегендей ме, əйтеуір, сондай бір тəуелді кескін анық байқалды.
Бойымды да, ойымды да ыңғайсыздық биледі. Барлық тетік менің қолымда
тұрған сияқты көрдім.
– Асықпайық. Таусылғанынша аяқтап шығайық, – дедім. Аяқтап шығуға
шейін шыдай қоюға құлқым да, төзімім де жете қоятынына сенімім
шамалы. Сөйте тұра, көңілжықпастыққа салдым. Іштей өзегім тырналап қоя
берді. «Күлбілтелеп нем бар еді» деймін. Өз əуеніне қарай икемделе салсам
болғаны еді.
– Қай жеріне келіп тоқтап едік? – Баршын апай əңгіме желісін əдейі маған
қарай бұрғансиды.
– Ағатайыңыздың жолдасы үйіне алып келді. – Мен ынталы адамның
кейпін білдірдім.
– Е, Иə, сөйткенбіз. – Баршын апай өп-өтірік жақауратты. Менің əңгіме
желісін ұмытпағаныма көңілі көншіп-ақ қалды. – Сөйтіп, үйіне алып келді.
Жеке тұрған бір үй. Сірə, екі отбасының иелігінде болса керек. Екі
отбасының есігі екі жаққа қараған. Есігі бөлек екеніне қуанып қалдым. Ілешала өз қуанышымнан өзім ұялдым. Есігінің екі жақта бөлек болғаны мен
бір дəлізден шығатын қатар болғанының мен үшін келіп-кетері не?
Ұзынша келген дүп-түзу дəліздің бір жағы – түзу созылған жыпжылмағай
қабырға. Екінші жағында екі есік. Бір-бірінен алшақтау тұр. «Тағы біреудің
пəтері болғаны ғой.» Көңілім көншімей қалды. Қабаттасып, жағаласып
көрші болып өзім отыратындай-ақ жақтырмай тұрмын.
Бірінші есікті ашты. Ішке алдымен бізді кіргізді.
– «Жайғасып, жеңілденіп отырыңыздар, – деді. Өзі қайтадан сыртқа шығып
кетті.
Ауыз үйлі-төр үйлі – екі бөлме. Жұпыны ғана жиһаздары бар. Төр бөлменің
төр жағында темір төсек тұр. Төсекке жарыстыра киім шкабын қойыпты.
Қазіргіше айтқанда, «шипəнер» дейміз ғой. Ол уақытта қала жиһаздарының
аты-жөнін де білмеймін. Бəріне таңырқаймын. Бəріне қызығам. Бəрі таңсық.
Шешем екеуміз былғары диванда қатар отырмыз. Екі басы жұп-жұмыр.
Арқалығы биік. Оншалықты жұпжұмсақ емес. Қолыңды қаттырақ бассаң –
тақ етіп тақтайға тиеді. Бірақ соның өзі бізге мамықтай сезілді. Бұрынсоңды мұндай жұмсақ орындықты кім көрген. Жұмсақ. Жайлы. Кең.
Арқалығына сүйеніп керіліп-созылып отырасың. Жартылай шалқайып
жатасың. Ыдысаяғын жинап қойған шынылы шкабы бар. Ыдыс-аяғы көп
емес, бірақ бəрі сəнді. Шкабы да өте шебер жасалған. Əсіресе, ою-өрнекті
қақпағы, тік жақтаулары сəнді-ақ. Аяқтары қошқармүйізденіп келіп,
бұралып барып тоқтаған. Төрге кілем жайылыпты. Биік үстел тұр. Дөңгелек
бетті. Оның да аяғы қошқармүйізденіп, қырық бұралып би билеп тұрған
сықылды. Болды. Басқадай зат жоқ. Диванның жоғарғы тұсына ілінген сурет
бар. Бұрқанып келе жатқан судың суреті. Сірə, көл болса керек. Желді күнгі
көл беті. Жай жел емес, бұрқанған дауыл болар. Судың ақ көбігін аспанға
шапшытып, толқыны үстіңнен басайын деп келе жатқандай. Жойқын көл.
Жойқын жел. Мұндай суретті қалай жасауға болады? Жасаған ба? Пəдіретке
түсіріп алған ба? Екеуінің де қисыны келмейді. Тірі жаратылыстың
жартысын əкеліп өлі қағазға қалай орнатып қойған?
Орнымнан тұрып кетіппін. Көзім бағжиып, аузым ашылып қалса керек.
– «Қызықтап тұрсың ба, сүйсініп тұрсың ба?» – Селк ете түстім. Ана кісінің
даусы. Оншалық бір мадақтай қойғаны шамалы сияқты.
– «Қалай жасаған?» – Сірə, ұялғанымнан сөйлей салған далба-сам болуы
керек.
– «Оның бəрін түсіндірем кейін» – деді. Ендігі үнінде қамқор білдірген
ықылас білінді.
«Кейін», – дейді. Мен осы кісінің қасында еріп жүретіндей сөйлейді. Жəне
менің билігім өзінің қолында сияқты. Билігім де, жүрген-тұрған уақытым да
осы кісіге бағынышты сықылды. Үйретіндісіне алатындай құзырлы.
Бірақ үнсізбін. Мойынсынған сыңайлымын. «Ісіміз түсіп тұрған
тəуелділігімізден» деп жұбаттым өзімді. Осы жұбатқанымның өзін
əжептəуір жұбаныш қылдым. Əлі де болса, ешкімге бас ие қоймаймын,
қажетті жерінде тарпып жібере алам дегендей, іштей мəздену бар.
Сөйтсе де, қабағым сəліңкі тартты. Бұрынғы күнімді, өткен заманымды
көкседім. Басымнан құс ұшып өтпейтін ерке заманым болса, алдымен
өзімнен тілек қылмай, маған кім билік айтушы еді деймін.
Ана кісі шеткерірек тұрған биік үстелді ортаға жақындатуға қам жасады.
– «Баршынжан, көмектесіп жібер.» – Шешем бейғам ғана тілек қылды. Жоқ,
тілек емес, сыпайылап қана жұмсағаны сияқты. Сыпайлап та, өтініш те
қылып, кейде, тіпті, ата-ананың зілсіз бұйрығы ретімен жұмсаудың түрлерін
шешем көбейте бастаған. Шешем көбейте бастаған. Мен соған көндіге
бастағам.
Орнымнан тез көтеріліп барып үстелдің бір жақ шетінен ұстадым.
– «Қарындасымыздың есімі Баршын екен ғой. – Ана кісі құптау күтіп бетіме
қарады. Мен төмен тұқырдым. Сөйлесем-ақ үнім дірілдеп кететінін біліп
тұрмын.
– «Гүлбаршын. Толық есімі – Гүлбаршын. Жастайынан бері «Баршын» атап
кеттік. Еркелеткеніміз ғой.» – Шешем ақтала сөйледі.
– «Пəле, «Гүлбаршын» дегені əлдеқайда көркем, əлдеқайда май-да естіледі
ғой. Егер рұқсат болса, мен «Гүлбаршын» деп жүрейін. – Шешем екеумізге
кезек жалтақтайды. Кəдуелгідей, қиыла тілеп, өтініш қылғаны сыңайлы.
– «Мейлің, қарағым. Тойшан қандай болса, сен де сондай ағасысың. Қалай
еркелетсең де еркің ғой». – Шешем мейірін төгіп, шын ықыласын білдірді.
Мен өзім шешемнің сөзін оншалық құп көре қоймадым. «Ағаң» деген сөзі
екі арамызға шектеу қойып қойғандай сезілді.
– «Менің аты-жөнім – Төленді Қайранбаев. – «Ұқтың ба?» деген-дей
жанарын маған назарлады. Ернімді қымқырып, басымды изедім. Бетім ду
ете түсті. Қызарып кеткенімді біле қойдым. Аты-жөнін тек маған ғана
арнайы айтқандай-ақ құптай жөнелгеніме ұялдым. Дастарханды өзі алып
берді де, иегімен тік сандықты нұсқады.
– «Ыдыс-аяқты ана жерден алып қоя бер» – деді. Сөйтті де, өзі тағы шығып
кетті.
Үстелге дастарханды жаптым. Тік сандықты ашып ішінен төрт кесе алып
қойдым. Басқадай не қоюды білмедім. Шешемнен ақыл сұрағандаймын. Ол
да иығын ғана қомдап, ыдыс-аяққа қарап көз сүзеді. Сонсоң басын
шайқады. «Білмеймінді» нышаналады.
– Мына қатар есік ас дайындайтын бөлмесі болуы керек, – деймін.
Тымпиып отыра беру тым қолайсыз сияқты. Əйтеуір, сөйлей салғаным еді.
Шешем иығын тағы да қиқаң еткізді. Бұрын-соңды дағдысында жоқ қылық.
Ұнжұрғасы түсіп, салбырап отыр. Ештеңеге құлықсыз, енжар күйге түсіпті.
– «Мына кісінің аяқ астынан кездесе қалғаны да құдайдың бір жарылқағаны
шығар. Енді ағатайымның оралуына септігі тиер... – Тіршілігімізге тəуба
келтіргенім емес, ұнжұрғасы түсе қалған шешемді уатқаным еді.
Жанымдағы жалғыз тірегім, жүрегімнің асылы – анам ғана. Оның қабағы
кірбің тартса-ақ, менің жай-күйімде ешқандай мəн қалмайды. Ал анамның
барлық тіршілік тынысы, тілегі мен аңсары – ұлы мен қызына ғана
бағышталған. Жатса-тұрса тілегі де, аңсары да біз ғана. Өзі туралы
ойламайды. Өмірде бар ма, жоқ па – ешқандай есеп қылмайды.
Анамның барлық жай-күйі менің жаныма батады. Тамақ ішуін бақылаймын.
Киім киісін құнттаймын. Ауырып-сырқап қалмасын деп алаңдап бітем.
Кейде ұрсып та алам.
– «Қиындықтан қашып əдейі өлгің келіп жүр. Ана жалғыз ұлыңды күтуден
жалыға бастадың. Мені итжемеге қалдырмақсың» деймін. Басқа да пəлежаланы үйіп-төгем. Бағжиып бетіме қарап тұрады да, қарқылдап келіп
күледі. «Сен де пəлелікті үйренейін депсің», – дейді сонсоң. «Заманның
əуселесі осындай қылып қойды, қайтейін енді.»
Шешем осыны айтады да, кемсеңдеп жыламсырайды. «Бəрі оңына келеді.
Бəрі түзеледі» деп əрең жұбатып алам. Сене қоймайды, бірақ үміттенеді.
Ана кісімен («Төленді» деген атын əлгінде естісем де, қалай атаудың жөнін
əлі таба қоймағам. Сірə, «аға» дейтін шығармын деп байлам түйдім) қоса
ілесе бір əйел кірді. Қолында жайпақ табақшаға салған оны-мұнылары бар.
Шешем екеуміз ыңғайсызданып қалдық.
Сəлемді ол жасады. Біз сəлемін алдық.
– «Көрші үйдегі апай.» – Біздің үдірейе қарағанымыздың жай-ын ұқса
керек, ана кісі (енді Төленді ғой, əрине) ақталғандай кейіп білдірді.
Сəл-пəл саябырсығандай болдық.
Көрші əйел үстел жасады. Кəртошке басыпты. Сары уызы көлкіл деп шала
піскен үш-төрт жұмыртқаның нобайы білінеді.
Қант-кəмпиттері бар.
– Жүріңіздер, беті-қолдарыңызды шайыңыздар, – деді əлгі əйел.
Бетімнен отым шыға ұялдым. Көз қиығымды қолы-басыма жүгірттім:
алабажақ кір сияқты көрінді. Ұят-тағы. Қалай жүргем?
Қалай отырмын? Ана кісі не ойлады?
Ұзынша дəлізге кірген бетте байқамаппыз, дəл кіре берісте тағы бір есік тұр.
Əлгі əйел сол есікті ашты. Жуынып-шайынатын жеке бөлме екен.
Даңғарадай темір астау. Бір кісінің бойына жуық ұзындығы бар. Ернеуі де
біп-биік, отырған кісінің кеуде тұсынан келетіндей. Соның аяқ жағында
қолжуғыш тұр. Шүмегін бұраса, су ағады. Аққан суды əлгі əйел көрсетті.
«Бізді ауылдан келген көрлақат санап тұр-ау». Іштей намыс қылдым. Бірақ
соның айту жөнімен су ағызып, білегімізге шейін сыбанып, беті-қолымызды
жудық. Жапжаңа сүлгі қойыпты, сүйсіне сүртіндім. Жұп-жұмсақ, мапмайда. Бұрынғы өзімнің сүлгім сияқты. Бетіме басып біраз тұрғым келді.
Өйтпедім, əрине. Өйте алмадым. Өйтетін орын бұл емес еді. Орны да тар,
уақыты да тар, қолайы келе қоймаған кез еді.
Шай үстінде Төленді əңгіме бастады.
– «Енді ешқайда бармайсыздар. Ешкімге телмірмейсіздер. Осы үйде, менің
қолымда тұрасыздар. – Өзі кесіп-пішіп, тоқетерін бір-ақ айтты. – Жұмыс та
іздемейсіздер. Гүлбаршын оқиды.
«Хат білмеймін. Шала сауат қана қаріп танимын. Мен қалай оқымақпын?»
Ұялып, жерге кіріп барам. Айтуға ауыз жоқ.
– «Жаным-ау, біз үшін оншалық əуреге түспегің – нең? Қазіргі күйіміз жапжақсы. Сөйтіп өзімізше күнелте берейік.» – Шешем бүлдірді, əрине. Өкпе
қылғандай, сідет артқандай бет қайыра айтты.
Ана кісі тосылыңқырап қалды. Мұндай оқыс қарсылықты күтпесе керек, ақ
құба ашаң жүзі қуқылданып, жұп-жұқа қырлы танауы қусырыла қалды.
Араларына шыжық болып түсуге, бəйек қағып, көңілімді төсеуге жаным
шарқ ұрды. Бірақ аузымнан сөз шықпайды. Жалынып-жалпайып шешеме
қараймын. Кешірім өтініп, кеңшілік сұрағандай ана кісіге жаутаңдаймын.
Екеуі екі жаққа қыңырайып, орындарынан тұрып кетер ме екен деп
қыпылдап барам.
– «Жоқ, сіздерді енді ешкімге жаутаңдатып қоя салмаспын.»
Ана кісі алақанымен үстелді сарт еткізіп, енді қайта сөз қайтарудың жолы
жоқ дегенді ұқтырды. Шешем де соны түсінді. Əрі түсінді, əрі түйсінді.
– «Жарайды, қарағым, біз өзіңнің құзырыңдамыз», – деді. Мойынсынып,
кішірейіп айтты.
– «Құзырымда емес, қамқорымдасыздар. Менің ендігі көңіл алаңым да,
жүрек аңсарым да сіздерсіздер. Сіздерді қайта іздеп барғанда-ақ ант бергем.
Менің басқа ешкімім де жоқ.» – Ана кісінің сəл-сəл даусы дірілдеді.
– «Беу... у... қарағым-ай... Шерменде болып өскен екенсің ғой»... – Шешем
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ең ғажайып хикая - 07
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.