Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 3834
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қойған бір шөкім ет түгілі тай сойып берсе де місе көрмейтін көңілің жылы
шыраймен айтқан бір ауыз сөзді де медеу көреді екен.
Қайтарымызда пəтерімізге шейін шығарып салуды əлгі кісі баласына
тапсырды. Баласы шығарып салды. Біз рахметімізді айттық.
Екі үйдің арасындағы қарым-қатынас жиілей түсті. Ақыры, бір күні мəнін
ұқтық. Ана кісі баласына мені айттырмақ екен. Ыршып түстім.
– «Мен ешкімнен күйеу сұраған жоқпын!» – дедім.
Шешем де менің ауанымды байқаса керек:
– «Қызым əлі балиғатқа толған жоқ», – деп сараң ғана жауап қатты.
– «Əзірге асығысы жоқ. Күтеміз. Тек иелігі бізде болса дейміз». –Шешесі
жаймашуақтап мипаздап сөйледі.
Біз қайыра жауап қатпадық.
Бұдан былайғы жерде əлгі кісінің қас-қабағы өзгерген сықылданды. Оның
қас-қабағы өзгеріп еді, жұмыс істеп жүрген жеріміздегі бастығымыздың
қас-қабағы қоса өзгерді. Қазіргіше айтқанда, сол мекеменің завхозы. Əрнені
сылтау қылып, түрткілеуді шығарды. «Байдың тұқымы екенсіңдер» дегенді
жиі қайталайды. Мысымызды басатын да, бетімізге шіркеу болатын да сол
сөз. Құбыжықтың атын естігендей қорқамыз. Көзімізге шұқып қазір ұстап
əкететіндей жасқанамыз. Əлдебіреу тесіле қараса-ақ зəр-иманымыз ұшады.
Теріс бұрылып ығысып кетеміз. Ешкіммен сөйлеспеуге тырысамыз.
Үстімізге көнетоз киімдер киіп, көзге түспей жүруге ұмтыламыз.
Шешем екеуміз ақыл қостық: бұл пəтерді де, істеп жүрген жұмысымызды да
өзгертуді тиімді санадық. Жəне бұл маңнан аулақ, қаланың екінші шетін
қолайлы көрдік.
Алдымен пəтер тауып алдық. Пəтер ақысын сұрап, саудаласуға əжептеуірақ үйреніп қалыппыз. Ақшаның да мөлшері мен құнын айыра бастаппыз.
Онымызды өзімізше мақтаныш қылып күлісіп қоямыз. Бірақ жүректегі мұң
мен зар тарқамайды. Шер болып қатып жатыр. Сөйтсе де, өз көңілімізді
өзіміз демеуге тырысамыз. Жалдаған пəтеріміздің маңында шағын базар бар
екен. Содан ет əкеліп асып жейміз. Кейде қазысынан да қосамыз. Ақшамыз
бар. Соны ұстаудың реті мен жөнін келтіру қиын. Жұмысымыздан
пəтерімізді ауыстырған күні-ақ шығып кеткенбіз. Тағы сондай жұмыс
іздедік. Олар шарт қояды. Біз де шарт ұсынамыз. «Ешкім ұрыспасын,
зекімесін. Тиісті жабдықтарды тиесілі қылып берсін. Ақы-пұлымызды
уақытымен алып тұрайық.» Бізге қожалық жүргізетін шолақ бастық көзін
ежірейтіп сүзе қарайды. Біздің қиястығымызға түсінбей тұрғаны анық.
Түсінбей тұрған жоқ-ау, қайран қалып тұр. Сірə, бетіне қарап сөз
қайтаратын адамды алғаш кездестіруі болса керек. Өзіне бағыныштыларды
кіріптар санайтыны беп-белгілі.
– «Екеуіңізге екі жұмыс па? Əлде бірігіп істейсіздер ме?» – Сол сүзе қараған
бетінен айнымайды.
– «Екеумізге бір жұмыс. Бірге істейміз.» – Шешем қайсарлана жауап қатты.
– «Сонда, кімнің атына жазам? Жұмысты кімнің атына жазам?»
– «Менің. Менің атыма жазасыз»
– «Əкел.» – Əлгі кісі алақанын жаяды.
– «Не берем?» – Шешем екеуміз бір-бірімізге жалтақтадық.
«Ақша сұрағаны ма?» деп дүдəмалмыз.
– «Дөкіментіңді бер деймін!»
Қайдағы дөкімент? Не дөкімент? Түгіне түсінсекші.
– «Адамның кім екеніне дəлелдікке жүретін куəлік қағаз бола-ды. Атыжөнің, туған жерің, жылың сонда жазулы тұрады. Əйтпесе, мына қалада
кімнің кім екенін қалай айырасың. Жұмысыңның ақыпұлын алатын тізімге
аты-жөнің жазулы тұруы шарт. Ақы-пұлыңды алғаныңды растап қол қоюың
керек. Солай, шырақтарым. Дөкіментің жоқ болса, сен де жоқсың. Атыжөніңді сөзбен дəлелдеп нақтылай алмайсың.»
Əлгі шолақ бастығымыз теріс бұрылды. «Іс-шаруаларың осымен бітті»
дегенді ұқтырғаны. Тап сол екі ортада тағы бір адам келіп ортаға килікті.
Əуелі жөн сұрады. «Не қылған адамдар? Қай жақтан жүр? Бұйымтайлары
не?»
Əлгі шолақ бастық орнынан тік тұрып, жылпылдай жө нелді. Түсіндіріп
жатыр. «Жұмыс іздеп жүрген біреулер екен. Басыкөздерінде ешқандай
дөкіменттері жоқ. Əйтеуір, өздерінің атыжөндерін біледі.» Шолақ бастық
бізге қарап басын кекжитті. Мұрнын шүйіріп тұр. «Қандай жұмыс сұрайды
екен?» Үлкендеу бастық шолақ бастықтан жөн күтті. «Кеңсе сыпырушы да.»
Шолақ бастық кекеткенсынды. «Е, оған не документ керек? Басы-көздеріне
кепілдеме алайын деп пе едің?» Үлкендеу бастық (əлде үлкен бастықтың өзі
ме?) шолақ бастыққа шүйліге кетті. Сонсоң бізді өз кеңсесіне кіргізді.
Қабырғаға жағалай қойылған орындықтардың дəл орта тұсына апарып өзі
қолтықтап отырғызды. Үйреткен тəртіп рəсімінің əлі бұзылмаған кезі.
Қазіргі басшылардың ілуде біреуі ғана орын нұсқап ым қағады ғой. Сонсоң
жөн-жосығымызды өзі сұрады. Шешем марқұм тəптештеп тұрып, бəрін
баян қылды. Байлықты соншалық бір мансұқ тұтпағандарын, арыдан келе
жатқан мұра екендігін, ағайынжекжаттың басын қосып өз алдарына бір
ауыл болып жиын-терін отыратындықтарын, ешкімнің қақысын
жемегендіктерін, малшыжалшы атанғандарымен ешкімінің де басыбайлы
құлдық, күңдікте жүрмегенін, кедейшілік көрмегенін түсіндіріп бақты.
Бастық кісі осының бəрін құп тыңдап, бейілімен ден қойды. Аяныш
білдірмеді.
Жұбату сөздер айтпады. Бірақ түсінгендей, кінəламайтындай сыңай
көрсетті.
– «Таяныш, сүйеніші жоқ адамға қаладағы күнкөріс ауыр тиеді ғой енді. –
Мəселенің мəнін түсіндіргендей қылып сөйледі. – Қайта ауылдарыңызға
баруға жол жабық, əрине. Қауіпті. Басқадай ісəрекеттің реті жəне жоқ. Егер
өздеріңіз құп көрсеңіздер осы жұмысты істей тұрасыздар»... – Бас-баға
барлап өзімізге қарайды. Жауаптың сыңайын күткені.
Бізде басқа не шара бар? Келістік. Тіпті, қуана келістік.
Рахметімізді жаудырдық.
Аллатағала бізге бетін теріс бұра қойған жоқ. Əйтеуір, бірдеңелердің
қисынын келтіріп, үмітімізді үздіре қоймады. Бірақ сол құдайдың берген
қисынын адам шіркіндер үзе берді. Адам өздіктерінен құтырды ма, əлде
өкіметтің талабы сол ма, əйтеуір, ұрынарға қара іздегендер көбейіп-ақ кетіп
еді. Көбейіп деймін-ау, жүздің бірі ғана құдайға қараушы еді. Ал қалған
тоқсан тоғызы құдайдың өзіне де, сөзіне де қарсы тұрды. Солар кейін
құдайдың кəріне ұшырады ма, ұшырамады ма, білмеймін. Əй, соларыңнан
құдайдың өзі де тайсақтап кетеді-ау деймін. Əйтпесе, жалғанды
жалпағынан бастырып ондайларды тайтаңдатып қояр ма еді. Олардың
орнына, суалтқаны да біз, қуартқаны да біз болдық. Əлде мына жаңа өкімет
құдайды да сендірді ме екен? «Жарлы-жақыбайларды қанады, тонады, езді,
жанышты. Соның бəрінен біз құтқардық. Теңдікке жеткіздік. Бақытқа
бөледік» деген көтерме ұрандарына құдайдың өзі де сеніп қалған шығар.
Содан да, біздерге көзі түзу болмай шықты білем.
Сонымен не керек, əлгі бастықтың кеңсесін жуып-шайып жүріп жаттық. Бір
күні... Құдайдың ең жарылқаған күнінің бірі сол күні шығар. Əрине, одан
беріде де құдайдың жарылқаған күндері болды ғой. Болды, əрине.
Құдайдың көрсеткен қызығы мен жақсылығын жоққа шығармайын. Араарасында жарылқап-ақ тастайды. Байлық пен барлықты айтып отырғам
жоқ. Байлық пен барлықты сыпырып алды ғой. Сыпырып алды. Қаңғыртып
жіберді. Қаңғыртып өз бетіңше қоя берсе де жақсы-ау. Өз құжырыңды өзің
билеп, өз еркіңше қолыңнан келгеніңді ешкімнен жасқанбай істей берсең,
жолыңның болмаған жерін өзіңнен ғана көрер едің-ау. Өйтпеді ғой. Жолың
ендіенді оңғарыла берсе, қыршыныңды қия қояды. Құрытып, суалтып,
өңменіңді үзе салады. Рас, байлық та, базарлы дəурен де басыңда біржолата
тұрмайтыны анық. Бірақ солардың басыңа бақ болып қона беріп қайта ұша
жөнелуі жан-күйіңді мүжіп-ақ тастайды. Сөйтсе де, сол кемді күнгі аз-кем
жақсы күндеріңнің өзі кейінгі сұрқай тіршілігіңдегі қуыс көкірегіңе азық
екен ғой. Балалық шағыма өкпем жоқ, əрине. Балалық шағым қапысыз-ақ
өтті. Əңгіменің басында айттым ғой. Менен ерке, менен шолжың, менен
тентек ұл-қыздың ешкімі болмаған-ақ шығар. Одан бергі қапалы
жылдарымның араарасында да сəулелі шақтар жылт ете қалатын. Қазір енді
жаныма азық болып, көкірегіме аз-кем нұр құйылатын шуағым сондай
сəттерден қалған тəтті түйсіктер. Соның бəрін көз алдымнан өргізіп, бір уақ
мейірленетінім бар. Иə, сөйтем. Алдымен елжіреп, еміреніп, тебіреніп алам.
Жас балаша шалықтап күлімсірейтін болуым керек. Күбірлеп, жыбырлап
күңк-күңк сөйлесем керек. Осындағы біразы бұл қылығымды «шалық
шалғанға» телиді. «Жын, перілермен сөйлесіп жүр» деп келеке қылады. Иə,
үлкендері келеке қылады да, кішілері мазақ етеді. Бəрі емес қой, əрине.
Құрмет тұтатындары баршылық. «Байдың қызы екен. Күйеуі үлкен
қызметкер болыпты» деп таңырқайтындар көп. Таңырқайды да, өзімнен
келіп жөнжосығын сұрайды. Айтқаныма, бəрібір, бірі иланады, бірі
иланбайды. Маған аспаннан түскен жұлдыздай таңырқай қарайтындарын
қайтерсің. «Мынадай қақшиған жетім кемпірге анадай өнегелі өмір қайдан
келсін-ау» деп күмəнданатындары анық. Е, «өнегелі өмір» демекші,
əңгімеміз тоқтап қалыпты ғой.
«Құдай жарылқай берсе-ақ өкімет пен соның өкілдері құдайдың өзін теріс
қаратып қояды» дедім ғой. «Енді жарылқанған-ақ шығармын. Осы
жарылқағаны түпкілікті-ақ болар» деп тəуба қылып, еңсеңді көтере берсең,
өкіметтің əлдеқандай бір қияпаты тап келеді де, жұрмыңды езіп жібереді.
Əлгі кеңсені жуып-шəйіп, сыпырып-сиырып жүріп жатқанбыз. Шолақ
бастығымыз əрнені сылтау қылып қыжыртып-тыжыртып жүреді. Қаттырақ
қабақ түюге үлкен бастықтан қорқады. Үлкен бастық бізді көрген бетте
үйріліп тұра қалады. Жағдайымызды сұрайды. Дөкімент алып беруге уəде
қылады. Бірақ ылғи да қолы тимей жүреді.
Кешке қарай алдымен дəлізді жуып, қабырғалардың шаңтозаңын сүртіп
жатқанбыз. Үлкен бастық сырттан кірді. Қасында тағы біреу бар. Кім келіп,
кім шығып жатады – оларға біз назар аудармаймыз, əрине. Əлгі кісілер
қасымыздан өте берген...
– «Тоқта! Тоқта!» – Ана бейтаныс кісі сасып-салбырап, тұсымызға келіп
кідіре қалды. Аңтарыла қарап, жанарымен ішіп-жеп барады.
– «Сіздер кімсіздер?» – Дікілдегендей ме, таңырқағандай ма, əйтеуір,
өңмендей өзеурей қалды.
Біз де сасқалақтай жасқандық. Іздеп жүрген кінəлісін тапқандай
қуыстандық. Дегенмен, аз-кем шырамытқандай да болам.
– «Біз осы кеңсенің үй сыпырушысымыз, қарағым. Өзімізбен өзіміз жүрген
жай адамдармыз.» – Шешем теріс айналып қалқалана берді.
– «Сіз Тойшанның шешесі емессіз бе? Мен Тойшанның жолдасы-мын.» Тезтез аптыға сөйлеп, сендіруге тырысады.
– «Қарағым-ау, жаным-ау, өзің екенсің ғой. Тойшанымнан хабарың бар ма?»
– Шешем кемсеңдей жылап, құшағын жайды.
Ана кісі тік кеудесін сəл еңкейтіп, шешемді бауырына басты. Шешем өксігін
қоя алмай, біразға шейін солқ-солқ күрсініп тұрды.
– «Жеке өзімен байланысым жоқ, бірақ жалпы жағдайларымен та-ныспын.
Тақау арада ішінара жеңілдікке ілінетіндері бар. Солардың қатарына кіріпақ қалар.» – Өзі де үміттеніп тұр, бізді де үміттендірді.
– «Сол күнге жетсек, мына көргеніміздің бəрін бір күнгідей де елемес едік.»
– Шешем енді ғана ана кісіні еркіне жіберді. Ол кісі маған бұрылды.
– «Пəлі, Баршын тіпті үлкейіп кетіпті ғой. Өзі сізден де жүдеу екен.»
– Қолымнан ұстап, маңдайымнан сүйді. Ағатайымнан өзге ер-кек адамның
еміреніп ерні тигені алғаш рет шығар. Əкенің жөні бөлек қой, əрине. Жүрегі
құрғыр атқақтай тарсылдап, буын-буыным қалтырады да қалды. Сезіммезімді елең қыла қоятындай жағдайым жоқ еді. Көптен бері ешкімнен
мейір көрмей, жетімсіреп қалған көңілімнің толқып кеткеніне жорыдым.
Сөйтсе де, көңіл шіркін қуыстау, бұрын-соңды сезбеген, сезінбеген
құбылыс. Бойымдағы діріл көпке шейін басылмады. Тəп-тəтті түйсік. Ақылесімді билей алмай тұрдым.
– «Мен бардым ғой іздеп. Сіздерді арнайы іздеп бардым. Осында алып
келем деп ойлағам. Жоқсыздар. Бір əйел ғана жөн сілтеді. «Семей» дегенді
ғана айтады. Семейге келіп алып та іздемеген бұрышым жоқ. Атыжөндеріңізді де тақетті білмейді екем. Білетінім –
Баршынның аты ғана». – Өзі əлі де сасып-салбырап, берекесі қашыңқырап
тұр. Сірə, бізді тапқанына шын-ақ қуанса керек. Ал біздің қуанышымызда
шек жоқ еді. Тіпті, қуанып үлгерудің өзін санамызға жеткізе алмай тұрмыз.
– «Осы арадан кетіп қалмаңыздар. Мен қазір шығамын», – деді.
Сонсоң біздің бастығымыз екеуі ары қарай ішке кірді.
Шешем екеуміз бір-бірімізге жаутаңдаймыз. Күлеміз дейміз – күле
алмаймыз. Жылаймыз дейміз – жылай алмаймыз. Екеуі де: күлкіміз де,
өксігіміз де, əрине, қуанғанымыздың нышаны.
– «Жаным-ау, құдай бізді қайта жарылқаса игі еді»... – Шешем енді ғана
кемсеңдей алды. Өксік тамағына тығылды. Көзіне жас толды. Иегі дірілдеді.
Буын-буынының да босағаны анық.
Екеуміз бір-бірімізді көзбен де, сөзбен де жұбатқан болдық. Неге сөйттік?
Іштегі солығымызды шығарсақ қайтетін еді? Ойбай салып, жер-көкті
басымызға көтермейміз ғой, əрине. Тек, кеудемізге толған мұң-шеріміздің
көзін ашып, бүлкілдетіп қана солығымызды шығарсақ. Жоқ, өйтпедік. Өйте
алмадық. Жасқандық. Ыңғайсыз көрдік. Қуаныш пен өксік кеудемізді қабат
торлады. Қайсысына жеңгізерді білмедік. Қуаныш басым, əрине. Мұң
шағуды соншалық бір мақсат тұта қойғамыз жоқ. Көңіл шіркін өзі беки
алмай, қолпылдай береді. Сөйлесе-ақ бітті – еңірей жөнелуге дайын. Дайын
деймін-ау, жылап тұр. Дыбысын шығармай, өксігін білдірмей егіліпақ тұр.
Жандары жылайды, жүректері езіледі. Көңілдері боркемік... Қазір ана кісі
(өзінің аты-жөнін де білмейді екеміз ғой. Бұлардың аты-жөнін ол да
білмеуге тиіс.) бұлардан əлденелерді сұрайды, əрине. Соған жауап қата ала
ма? Жауап қатуға шамалары келе ме? Əлде... булығып, қыстығып жылай
жөнеле ме? Өйтпеулері керек. Қалайда, босаңсымауға тырысулары керекақ... Ие...
Бұлар ойын жиып үлгермеді, ана кісі кірген есігінен қайта көрінді. Есікті тез
ашты. Тез шықты. Тез-тез басып, бұларға қарсы жүрді.
Екеумізді екі қолымыздан ұстады. Ұстады ма, бассалып ұстай алды ма?
Сүйрелей тартып, шығар ауызға қарай жетелей жөнелді.
Екеуміз де шегіншектедік. Екеуміз де тартыншақтадық. Шешем
бірдеңелерді тұтыға былдырлап, түсіндірмекке тырысулы. Не істеудің жөнін
таба алмай мен дағдарулымын.
– Киім ауыстырып киюлеріңіз керек пе еді? – Тоқтамайды. Жүріп бара
жатып сөйлейді.
– Жоқ, – дейміз, тартыншақтаған күйі.
– Алатын басқадай заттарыңыз бар ма еді?
– Жоқ.
– Ендеше, түкке де алаңдамаңыздар.
Есік алдында күтіп тұрған шоқайма арбаға отырдық.
Ылғи қызығушы едім. Шұқанақтан шоқалақтай өткенде солқ етіп тербеліп
қалғаны-ақ ұнайды. Шиқылдамайды, жүрісі сырылдап қана естіледі. Ойшұқырдан жұп-жұмсақ сырғып өтеді.
Үшеуміз сығылысып отырмыз. Тізем ана кісінің тізесіне тиіп, иығым
сүйкесіп қалып отырады. Денемді аулақтатып-ақ бағам, қисыны келмейді,
қайта түйісіп қаламыз. Ана кісі де қымсынатын сықылды.
Киіміміз сусылдаған жаңа қалпы емес, əрине. Бірақ таза, өңдері əлі түсе
қоймаған. Жұмыс киімі, тазалықта киетін киім дегенді əлі саралай
қоймағамыз. Киімімізден ұялғамыз жоқ. Рас, өң-түсіміз жүдеңкі. Көңіліміз
қаяу. Қыстығып, қысылып əрең отырмыз.
Ана кісі бөтен-бастақ əңгіме сұрап, жай-жапсарды қопсытпады. Біздей
ғаріптердің жай-жапсары өзіне онсыз да таныс болса керек. Əрберден соң,
біздерді ғаріпке айналдырған – осылардың ісі. Тұптұнық өміріміздің
бұлқан-талқанын шығарды. Сүттей ұйып тұрған берекемізді шəт-шəлекей
қылды. Үлкен бір əулет болып отырған ақар-шақар ел едік, тоз-тоз қылып
жіберді.
Бұрын нақты біреуге қадала алмай жүрген тұсаулы көңілім күйреген
өміріме кінəлінің біреуін көргенімде, қияпастанып шыға келді.
Түйісе қалған иығымды, жанаса қалған тіземді жалма-жан оқыс тартып
алып, шешеме қарай сырғыдым. Өзім сол екеуінің ортасында отыр екем.
Əуелгіде жайлы сезінгем. Жайлы ғана емес-ау, жан күйіме өзгеше түйсік
жүгіргендей дір етіп тебірене қалып, өне бойымдағы қан тамырымның бəрі
жиілей соққан. Сөйлесем-ақ даусым дірілдейтіндей сезініп, өз-өзімнен
булығып біткем.
Əлгібір қияс ойдан кейін жаңағы сезімнің көбі тыйылған сияқтанды.
Мүсəпір халге түсірген жауымның қасында отырғандай сезіндім. Онан
сайын шетке қарай сырғып қоям.
Ана кісі осы мазасыздығымды сезді. Өзі де қымтырыла жинақталып,
кеудесін тіктеп отырды. Ішкі буырқанысымды ұға қоймаса да, жайсыз күйге
түскенімді абайлады, əрине. Еркек адаммен иық түйістіріп, тізе қосып
отырғанды сөлекет көрді деп жорыды.
Қырындай қарап бет-жүзін барладым. Шырайы ерекше нұрланып отыр
екен. Менің мазасыз күйім жанына тіпті жайлы тиетін сықылды. Үркек
қылығыма, таза көңіліме балайтын сықылды. Сірə, сондай күйімді ұнатады
білем. Іштей насаттанып отырғаны ап-анық.
Жүрек шіркін тағы да шымыр ете түсті. Қан тамырларыма қайтадан ыстық
леп жүгірген-сынды. Ыстық леп жүгірді ме, соғуы жиіледі ме, əйтеуір,
жүрегімді өрекбітіп ентіктіріп тастады.
Өзіме-өзім ашуландым. Бұл қайткенім? Əл-дəрменім құрып, берекем кете
қалғаны несі? Əзірге жарылқап тастаған түгі де жоқ. Мүсіркеп қарағанынаақ емекси қалғаным ба? Жарылқайтын болса, есіркейтін болса, ағатайымды
босатқызып берсін.
Тағы да көңілімді қатайтпаққа бекіндім. Қасымдағы кісіні жау көруге
тырыстым.
Шоқайма арбамыз тоқтай қалды. Ағаштан қиып салған ағаш үй екен.
Сырттарынан көргем ондай үйлерді. Қара май ма, қоңыр май ма, сыртын
майлап тастайды. Ішін кім біліпті, сыртқы кейіптерінің соншалық
сүйкімділігі шамалы.
– Міне, келдік, – деді ана кісі.
Дік етіп көшірі түсті. Шоқайма арбаның есігі ретінде жасалған ойығынан
шешеме қол ұшын берді. Ана кісі де бер жағынан сүйемелдегендей ишара
жасады.
– Баршын-жан, қолыңды соз. – Шоқайма арбаның мен жақ бүйіріндегі
ойығынан маған қарай қолын созып ана кісі тұр.
Қай уақытта түсіп үлгерген? Мен жақ тұсына қашан келген? Көшірге
жүгінтпей, қолын өзі созып тұр. Маған да « қолыңды соз», – дейді.
«Қолыңды бер» демейді.
Екеуі екі жағымнан түсіп, мен ең соңдарында қалыппын. Неге өйткем?
Бірақ ырғып неге түспегем? Аяғымды созсам да таяныш ететін тепкішегі
бар. Соны сатылап-ақ түсе салмаймын ба. Жоқ, бірден өйтпедім. Алдымен
қолымды создым. Сонсоң барып тепкішекке аяғымды қойдым.
Алақаным ана кісінің алақанына сүйенді. Денем қалтырап, əлқуатым кетіп
бара жатқандай сезіндім. Етпеттей құлап бара жатқан сияқтанғам... Əлеуетті
бір қол қағып алғандай болды. Əлеуетті, бірақ жұмсақ, икемді екен.
Білегінің əлдебір тұсы кеудеме тиді. От жүгірді ме, сендерше айтқанда, тоқ
жүгірді ме, өне бойым лап ете қалды. Денемді жинап үлгердім. Қолымды да
теп-тез тартып ала қойдым. Бетімнен отым шықты. Мұндай ұятты
қылықтың бет-жүзін кім көріпті? Ерсілігін ойлап үлгермей де қалыппын.
Жəрдем жасап созылған қолға қол ұшымды жалғауым соншалық бір əбестік
те емес шығар. Бірақ сол жəрдемге ұсынылған қолдан көкейіме шоқ түсе
қалуы – көкіректе құрт жатқандықтың белгісі деп ұқтым. Өзіме-өзім
таңырқадым. Əрі таңырқадым, əрі қайран қалдым. Жасым он жетіге келіп
қалсам да, еркек кіндіктіге көз тоқтатып, көңіл аударуға əлі мойынсына
қоймағам. Еркетотай өсіп, бұлаң жүріп, ешкімді бетке қаратпай өрекпіп,
еркін жеткен өршіл қыз жігіт туралы түйсік түйіп пе? Сонда деймін-ау,
бойымда пайда бола қалған тосын құбылыстың жөні не? Жан біткеннен
жауып, жасырып көкірегімде тербеп жүрген құпия аңсарым бар болса да бір
жөн. «Аңсарым» дегенде, тақетті біреуді айтқаным емес, Қозы мен Баяндай,
Жібек пен Төлегендей ынтызарлық базына кешсек дегендей аңсарды да əлі
тамсанып үлгермегем. Əзілі бар, шыны бар, енді-енді ғана шешемді
қалжыңға ілетінмін. «Бір күні сау етіп құда түсуге келіп жүрмесін» деймін,
құлаққағыс қылғандай айтам. «Қойшы, жаным. Шының ба?» – дейді
шешем. Аналық көкірек соны қаншалық аңсай тұрса да, жеме-жемге
келгенде, жүрегі сыздап қоя беретін болса керек. Менің қамымды ойлағаны
ғой. Жəне мен қайбір сыйымды адаммын. Соның бəрі жүрегін шағатын
болса керек. Түбі, қашып құтылмайтын басқаша өмірге ойша болса да
қимай жүргенде, тағдырдың тəлкегіне тап болдық. Жоқ, «тағдырдың
тəлкегі» деп аузым айтқаныммен, ойым басқаша қорытады. Тағдырдың
тəлкегі емес, өмір мен заманның құбылысы ғой. Тағдырдың тəлкегі жеке
басқа, бір от басына,, тіпті бір əулетке тисе керек-ті. Ал жаппай ел-жұртқа
заман мен өмір ғана ықпал жасай алса керек. Ықпал жасағанда да,
тағдырларын түптүбірімен өзгертіп жіберу, өмірден жойып жіберу... Атыжөнімен қоса өшіп қалғандар көп. Əне-міне, мен де өшудің алдындамын.
Алдым да жоқ, артым да жоқ қу тұлдырмын.
...Осы тұста əңгіме кідірістеп қалды. Баршын апай күрсініп салды. Ендігі
күрсінуі шаршаған жанның тыныс табуы емес, зар мен мұңның іштегі өксігі
еді. Үзілген үміттің амалсыздық зары ...
Баршын апай жантаюға ыңғайланды. Əлгіндегі қалпынан лезде өзгеріп,
шаршап-шалдығып күйреді де қалды.
– Апай, бүгін демалайық. Ертең жалғастырайық, – дедім. Осы кісіні
көргеннен бері алғаш рет көңілім қайысты. Жүдеп-жадай қалған кескініне
жүрегім сыздады.
... «Бастан өткен осы хикметтерімді айтудың жөні мен жосығы не? Соны да
түсінбеймін. Айтқым келеді де тұрады. Өткені жоқ, көргені жоқ құр бітеу
пенде емес екенімді білдірейін дегенім бе? Кеудемді кернеген арман мен
аңсауларымның түгел күйреп, тамшы тамбай суалғаны жанымды шағып,
соның уытын қайырмақ болған далбасам ба екен?» – Баршын апай
шынтағына сүйеніп басын көтерді. Көзі шүңірейіп, маңдайы онан сайын
қатпарлана қалыпты. – Ертең жалғасақ жөн-ақ болар еді. Өзіңнің мазаңды
алғаныма менің де мазам кетіп бітті. Əсіресе, ана апайың шіркіннен қорқып
барам. Құлағымның етін жейді. Бауырымның құлағын сарсыттың дейді. –
Баршын апай мырс етіп қойды. Кекеп, мұқағаны емес, базыналап қалжың
қылғаны екені ап-анық. Өзі сонысына əжептеуір бойжазып қалған
сияқтанды.
– Жарайды, Баршын апай, бүгін осымен шектей тұрайық. Апайы-ма бір
сылтауды өзім табармын, – дедім. Мен де ойнақы кейіпте əзілді леппен
айттым.
– Е, жаным, сөйтші, апайыңның қыжыртқан қажауынан өзің құтқаршы.
Менің тергеушім де, тежеушім де сол ғана. Менің бетіме қарап сөз айтатын
одан басқа жан баласы жоқ бұл өмірде. – Баршын апай тағы жымиды.
Көңіліндегі зілі емес көлкіген базынасы екенін сонымен білдірді.
Сонымен, тағы да ертеңгі күнге тежелдік.
Апайым, шынында да, қыжырта жөнелді.
– Басыңды шатып оны қайдан айта қойып едім? Кіріптарлығы тақ содан
жарылқана қалатындай қыңсылайды да жүреді байғұс кемпір. Қысқа
қайырып жəне бітіре салмайды. Ұзақ сонарға салып тəптештейді де
отырады. Өзіңе, былай, керек-жарағыңа жарайтын, көңіл қошыңа қонатын
бірдеңелері бар ма? – Апайым сөз аяғын əдейі жақауратты. Ақталмақ ойы.
Менің бекерге кеткен уақытыма ыңғайсызданады. «Бауырымның жазусызуына əлдебір септігі тиер ме екен?» деген қамқор үмітінің арқауын
тартып көреді...
– Көптің басынан кешкен хикмет қой... – Мен жай ғана күңкілдеймін.
– Иə, мен де соны айтқам. – Апайымның Баршынды мұқатқаны емес, маған
қосылған қолдауы. «Ағат істеп алдым ба?» деген қылығын жуып-шайғаны.
– Əңгімені шебер айтады екен, – дедім. Шынымен-ақ сүйсінгенімді
білдірдім. Апайымның да көңілін демедім.
– Қиыстырып сөйлейді. Қайта-қайта айтса да жалықпайды,
жалықтырмайды. Сонысымен ғой бəрінің ауыздарын аштырып жүргені.
Талай кепті бəріміз де өткердік қой бастан. Өйтіп айта алмаймыз. Сонсоң да,
түк көрмеген бітеу пенде сияқтымыз. Біз де ақар-шақар үлкен бір ауыл едік.
Бір əулеттен тараған 15-20 үй үлкен ауыл болып отыратынбыз. Ауыл
ақсақалы да өз ішімізде. Малды бағатын да өзіміз, өсіретін де өзіміз.
Ағайынды үш адамнан тараған ұрпақтар еді. Еншілері бөлінбей өтті. Қонаққопсыға, уақытылы ішіп-жемге соятын мАл қыстық соғым – бəрін үлкен
ағамның билігі шешуші еді. Қайссымыз немере, қайссымыз бірге туысқан –
қашан ержеткенше соны айырмайтынбыз. Асып кеткен байлығымыз да жоқ
еді. Ұйымшылдық пен ынтымақтың арқасында қотты ауылдардың біреуіне
қосылатынбыз. Ауылдан қонақ үзілмейтін. Ендеше, қонаққа күнде болмаса
да, күнара, кейде апта аралатып, мал сойылып жатады. Қонақтың ретіне
қарай тай сойып тастайтын да кездер болады. Осындай тұрмыстың қай
жерінен аштық шығады? Кімді қанайды? Кімді сабайды? Бақалшыларға мал
айырбастап киім-кешек аламыз. Кейде қалаға мал айдағандарға мал қосады.
Өстіп ұқсатып-ақ ұстаушы еді... Ұйқы-тұйқыларын шығарып, тоз-тоз
қылып жіберді. «Орташа» деді, «жекеше» деді. Бізді де ауылдан бөлектеп
жеке-жеке қондырып қойды. Кейінірек жер аударды. Үлкен ағатайым сол
жақтан Қытайға өтіп кетті. Балалардың бəрін ала кетті. Қалған үлкендер
қапысын тауып кейінірек өтпек екен. Өте алмады. Ұсталып қалыпты. Үлкен
ағатайым бізді алып қайтадан бері қайтты. Өте алмай қалған інілерін
қимады. Ел ішінде жүріп қайта қауышармыз деп ойлады. Қайтар
жолымызда көрмеген қорлығымыз жоқ. Неше күндей елсіз-күнсіз далада
түнедік. Тек қана жаяу жүреміз. Соңғы күндері бірер құртты ғана күндік
талғажау еттік. Айлар бойы бел шешіп, киім өзгерткеміз жоқ. Кейде ұзақ
күнге су көрмейтін кезіміз болады. Ауылға жоламаймыз. Айналып өтеміз.
Жалғыз-жарым отырған малшының үйін ғана төңіректейміз. Жетісіп
отырған ешкімі жоқ. Сонда да, барын ортаға салады. Мүсіркейді. Есіркейді.
Үлкен ағатайым əркіміне əртүрлі қисын айтады. «Туғандарымыздан
айрылып қалып, соларды іздеп шықтық», – дейді. «Тұтас əулетімізбен
қоныс аударып бара жатыр едік. Қарақшыларға тап болып, бет-бетімізбен
бас сауғалай қаштық. Енді бір-бірімізді іздеп, қайта қауышпақпыз», – дейді.
Бұғып отырған аңқау жұрт соның бəріне сенеді.
Туған, өскен жұртымызға жоламадық, əрине. Қазақтар «ішкі Ресей», – дейді.
Соған қарай өтіп кеттік. Орыс елінің шегарасын жағалай жүрдік. Ашпыз.
Киім-кешек тозды. Өзіміз сияқты қысық көз біреулердің елімен көп жүрдік.
Тұрмыс-тіршіліктері, киім киістері бөлекше біреулер. Тамақтарын да кісі
түсініп болмайды. Не пісі екені, не шикі екені белгісіз. Қайтейік, тамақ
талғайтындай күй жоқ. Күй де жоқ, күн де жоқ. Қолға түскеннің бəрін
талғажау қыламыз. Бір ауыз сөздерін ұқпаймыз. Ымбаласып түсініскен
боламыз. Орыстың сөзіне ұқсамайды. Шүлдірлеген бірдеңелер.
Саусақтарымен бізді нұсқайды, сонсоң өздерін көрсетеді. Дөңгелетіп бет
кейіптерін нобайлайды да, бізді де сөйтеді. Сонсоң, ыржалаңдап күліп,
бастарын шұлғиды.
– «Түріміз бір-бірімізге ұқсайды дегендері болу керек», – дейді үлкен
ағатайым.
Біз де басымызды шұлғып құптауға тырысамыз. Шындығында да,
ұқсайтынымыз рас.
– «Моңғолдардың бір түрі болулары керек», – дейді үлкен ағатайым.
Сөйтіп, жылжи-жылжи Барнауыл деген жерге келдік. Əртүрлі халқы бар
екен. Көпшілігі – орыстар. Жол бойғы көрген қысық көз, тəмпіш танаулар
да жүр. Əйтеуір, соларға ұқсайтындар.
Ағатайым қаланың базарына, вокзалына барып, қазақ іздеді. Ақыры,
кездесіпті. Қаладан алыстау бір ауылды жерінде тұратындар екен. Олар да
Семей жақтан болып шықты. Бұрынғы байлар. Байдың тұқымдары. Осы
жаққа қарай жылыстап үлгеріпті. Жерлері шегараға жапсарлас екен. Базарға
арбамен келіпті. МАл жүн-жұрқа сататын көрінеді. Сүт, май өткізетін
жерлері бар көрінеді.
Арбасына тиеп, кетеуі кеткен біздерді ауылына алды да барды.
Үш күн бойы ешкімі ештеңе сұраған жоқ. Күтті. Демалдырды. Жуындырыпшайындырды. Ауыл ішінен жинап əрқайсысымызға бір-бір қабат киім
кигізді. Жаңа киімдер.
Үш күннен кейін барып ауыл адамдары жиылып, жайжапсарымызды
сұрады.
Үлкен ағатайым бəрін баяндап шықты. Бастарын шайқасып, таңдайларын
қағып, жанашыр күйлерін білдірісіп жатыр.
– «Дегенмен, мына қалғандарыңның дəм-тұздары таусылма-ғаны.
Осыншама жол жүріп, мұншама қиындық көріп, ақыры, бізге тап
келгендерің – бір Алланың өзі есіркегені. «Адамның басы – Алланың добы»
деген осы. Жетісіп тұрған мақал емес, əрине. Аллаға да жамай қоятын
абыройы шамалы. Адам байғұсты, тіпті сүмірейтіп жібереді. Бірақ шындық
солай. Доп екені – доп. Алланың добы ма, тағдырдың добы ма, заманның
добы ма? Əлде, белгілі бір қоғамның добы ма екен? Аяқ астынан аспанға
қалықтатады. Аяқ астынан жерге түсіріп, кім көрінгенге қақпақыл
қылдырады. Есіктегі басыңды төрге сүйрейді. Төрдегі басыңды есікке
итереді. Есіктегі басыңды қайтадан төрге жеткізеді. Көп қой. Мықамы көпақ. Кеше кім едік?! – Сөйлеп отырған адам кеудесін керги көтерді. – Енді
бүгін кімбіз? – Бұқырайып, төмен қарай кекжиді. – Құр, əйтеуір, күнелту
үшін ғана жүрген жандармыз. Жансақтап қалудың қамы. Кейінгі ұрпақ
үшін, əрине. Еліне солар қайта оралып, шын азаматтың күнін кешсе, елжұртына елеулі болса – осы азабымыздың өтелгені де. Ең жан қинайтыны –
ата-бабасының тілін ұмытып қалады ғой. Ел ортасына барғанда,
«шүлдірлеген тілі бар, ел-жұрттың жөн-жосығынан мақұрым екен, елге де,
жерге де жат болып кеткен біреу» деп орталарына кіргізбей, шет қақпайға
сала ма деп қауіп қылам. Мына елдің тілін үйренсін, əрине. Əйтпесе, күнін
көріп жүре алмас. Ал енді туған тілін ұмытпаудың қамын біз жасауымыз
керек, – деді. Тегі, жөн-жосықты айтып, бəріне бағдар беріп, болжам жасап
отыратын көшбасшылары болса керек. Сыпайы сөйлеп, сəнмен киінген
аққұба кісі екен. Бойы ортадан əнтек биіктеу. Қиылған қара мұрты бар.
Басына – қолдан кестеленген əдемі көк барқыт тақия киіпті. Өз мөлшерінше
оқығантоқығаны болса керек. Ішінен тынып, күрсініс білдірді.
– Бұл қалпымен кете бермес, ел іші түзелер, тынышталар. – Үлкен
ағатайымның сенімінен гөрі ана кісінің үмітін жалғайын деген ықылас –
ниеті сияқты.
– Əй, үлкен кісі-ай, бұл дүрбелең ұзаққа кететін құбылыс-ау, сірə. Ел іші
бүлініп алған. Желікпейтінге желігетін көрінеді. Қудаламайтын істері жоқ.
Қыбыр-сыбырды да қудалайды, қисық басқан қадамыңды жаза күтіп
тұрады. Біреуінен біреуі қорқады. Біріне бірінің сенімі жоқ. Жақсылық
күндерге үміт артайық-ау, бірақ ұзақсонар əбігерлі заман туайын деп тұр.
Туайын деп тұрған жоқ-ау, туды сондай заман. Ұзаққа созылатын заман. Елжұртты ежелгі қалпынан айыратын заман. Сенім жоқ, үміт жоқ заман. Жан
сарайыңды өзгертеді. Ішкі құбылысыңның бəрін аздырып-тоздырады... –
Ана кісінің көзінен, кəдуелгідей-ақ, жас парлады. – Қайран заманымыз!
Дəуреніміз! Ел-жұртымыз! Жазықты болмай-ақ адам осыншама жазаланады
екен, ə?! Адам ғана жазаланды ма? Қоғам жазаланды ғой. Алдыңғы өткен
қоғамды да, сол қоғамда өмір кешкен адамды да бекерден-бекер жазалы
қылмай-ақ, жазалаламай-ақ қоғамды жаңартуға, жетілдіруге болмас па еді?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ең ғажайып хикая - 06
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.