Latin Common Turkic

Ең ғажайып хикая - 02

Süzlärneñ gomumi sanı 3809
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
ешкімді. «Өзі көреді. Өзі таңдайды. Өзі ұнатады. Тек өзі сүйгеніне ғана
қосылады!» Осы тұжырымды қағида етіп ұстанса керек, ешкімі батып, өз
беттерімен сөз сала алмады. Сырттай байқастайды. Сырттай қырындайды.
Бірінен бірі сөз тартады. Нақтылы сыр-сыпатты ешкімі біле қоймайды.
Сөйтіп жүргенде, ел-жұрттың ұйтқысын алған орасан дүлей соқты да кетті.
Əкем бірер жыл бұрын ғана дүние салған. Артында аңырап шешесі қалды.
Біз қалдық. Енді-енді жылын бермекші едік. Аяқ жетер аймақтың бəрі
хабарланып қойған. Қайда...а... Ту-талақайымыз шықты. Байлығы бардың
бəрі жазалы болып, жазаға тартылды. Бəрі де кедейлердің мал-жанын
тартып алып, арамнан байығандар екен. Жеті атасынан бері үзілмей келе
жатқан атадан – балаға қалған мұра дегенді ешкімі құлаққа да аспады.
Əуелгіде дүмпуі ғана жетіп жатқан төңкерістің қызуына енді біз де іліктік.
Кешегі малшы-жалшыларымыз қоғамның қожасы болып шыға келді.
Халықта сауат жоқ. Надандық басым. «Байларды қамшымен айдайық» деді.
Қамшының да, сойылдың да астына алды. «Байлығын тартып алайық!» деді.
Жұттай қылды. «Тап ретінде жояйық!» деді. Ауылдың қиыр бір шетіне
апарып қойша иіріп тастады. Сынық керегеге құрым киіз жапқан жаппа
лашықты пана қылдық. Қанша жансың? Келінің бар ма? Бойжеткен қызың
бар ма? Ештеңеге пысқырған да жоқ. Бəріміз бір күркенің астына ұйлықтық.
Ұйқы жоқ. Күлкі жоқ. Ас батпайды. Бата қоятын ас та шамалы. Аузымыздан
ақ май ағып, қазы-қартадан кекірігіміз азып, сапырулы сары қымызға
оқшырая қарайтын басымыз қатқан құрт пен кеуіп қалған ірімшікті талшық
етеміз. Оның өзін ауыл ішіндегі құдайға қараған ағайын-туыстың
əлдебіреулері жасырып-жауып əрең жеткізіп береді.
Кеше ғана өзіміздің қызметімізде жүрген жалшы-жақыбайлар құтырынып
шыға келді. Уақ-уақ кимелей төніп, ат ойнатып кетеді. «Жасырған
алтындарыңды ашыңдар», – дейді. «Кедейлерге көрсеткен зорлықзомбылығың үшін жауап бересіңдер. Сазайларыңды тартасыңдар», – дейді.
Сөздері лас. Қылықтары оспадар. Құдай-ау деймін, моп-момақан жүрген,
кісілікті қылықтары бар, үлкенді – үлкенше, кішіні – кішіше сыйлай білетін,
жөн-жосыққа жүйрік қарапайым адамдардың мүлдем басқа кейіпке
түскендеріне таңмын. Өне бойларын жын кеулегендей желіккен біреулер.
Аяқ астынан қалай өзгере қалды? Мұншалық құтырғандарының жөні не?
Желіктіріп əкетіп бара жатқан ненің буы? Қиқуласып ауыл үстін үйіреді.
Қиқуласып тырақайлай жөнеледі. Келесі ауылға барып жаңағы қылықтарын
қайта қайталайды.
Іштерінде бастықсымақтары бар. Қаладан келген екі-үшеу. Нұсқау беріп,
жөн сілтейтіндері – солар. Ауыл ішінің жалпаңдаған жалбақайлары соларға
жағынып, арсалаң қағып, абалақтап əлек. Құдай-ау деймін, ғұмырларында
ешкімге елпектеп үйренбеген тəуелсіз жандар іп-ілезде жағымпаз болып
шыға келді.
Əңгүдік. Құтырған. Даурықпа. Желөкпе. Жағымпаз. Елдің ішін де, сыртын
да осындай дүмбілездер қаптады да кетті. Ел-жұрттың тұлғасы да, тұтқасы
да атанып жүрген игі жақсылар лашықтың астында тұншығып, ауыздарын
аша алмай булықты. Жаңағы дүмбілездер құтырына қаптап соларды көзге
түртті. Бөтен ауылдың тазы итіне жабылған бұралқылардың сыңайынан бір
аусашы. Өздерінің дəмелері жер-көкте жоқ. Байдың қыздарына ауыз сала
бастады. Қорқытады. Қоқанлоқы жасайды. «Менің етегімнен ұстасаң –
үстіңе шаң қонбайды. Маңайыңды ешкім баспайды. Өзің ғана емес,
айналаңдағының біреуінің де қара тырнағы сынбайды. Əйтпесе...» Өстіп,
кергіп, кекірейіп, кісімсиді-ай келіп. Тағдырынан қорқып, əке-шешесі, ағабауыр, апа-сіңлілерінің өмірлеріне араша түсуге ұйғарып, бастарын бəйгеге
тіккендер болды, əрине. Ағатайым маған əубастан-ақ ескертті. «Ешкімге
араша түсуші болма. Шешең екеуің қайда жүрсеңдер де күндеріңді
көресіңдер. Мені жер аударады, əрине. Оған алаңдамаңдар. Бір басымды
алып жүруге жарармын. Тек, мына үлкен шешем ғана уайым. Қартайғанда
сүйретпеге түскенін қарашы.» Ағатайымның көмейінен өксік білінді.
Жабырқап, жабығып біздер жүрміз.
Ағатайымның айдынынан жасқанып, мені иектеуге ұмтылған ешкім бола
қойған жоқ. Оның үстіне, аюдай ақырған əпігім де əлі ішімде бүгулі екенін
пайымдаса керек.
Өстіп ілініп-салынып күзге жеттік.
Сонсоң, қаладан кəмесия келді. Қолдарында ірі байлардың тізімі бар.
Солардың мүлкін қаттап, өздерін жер аудармақ екен. Қаттайтын мүлік
қайда? Алдын ала-ақ ту-талақайын шығарған.
Ағатайым сол тізімге ілігіпті.
Тізімге іліккендерді келген беттерінде-ақ қамап тастады. Оқшау лап
тіккізген бір қараша үйге ұйлықтырып апарып бəрін тықты. Іштеріндегі ең
жасы – менің ағатайым. Жиырмаға енді ғана іліккен балаң жігіт. Қаладан
кемнəзия оқуын бір жыл бұрын оқып келген. «Ауыл балаларына оқу
таратамын. Қаладан жалдап мұғалім əкелемін» деп жүрген. Жаңа өкіметтің
саясатын жақсы біледі. Соны жиі дəріптейтін. «Бай мен кедейге бөлмейді.
Бəрін теңгереді» дейтін. «Көпшіліктің көзі ашылады. Озық ел-жұрттың
қатарына теңгерілеміз» дейтін. «Малдың бəрін бір орталыққа жинайды.
Соған өткіземіз» дейтін. Ондайдың біріне де мұршасы келмеді. Келтірмеді.
Ақ-қарасына қараған жоқ. Тізімге ғана қарады.
Ақ-қарасына қарайтын бір адам іштерінен шығып еді. Қаладан келген
бастықтары екен. Ағатайым екеуі сол қалада бірге оқыпты. Жеке шақыртып
алып, екеуі көп əңгімелесті. Жасай қояр еш лажының жоқ екенін айтыпты.
«Бірақ артыңнан қуынамын. Кеңшілік əперуге тырысамын» деп уағда
қылыпты. Ағатайым артында панасыз қалып бара жатқан үш мүскінді
тапсырса керек.
Он байды бөлек іріктеп, жайдақ түйеге теріс қаратып мінгестіріп, алып
кетті. Зар еңіреп, зар тұтып қала бердік. Жерге қарамаған, жү регі езілмеген
тірі жан қалмаған-ақ шығар. Аттылы-жаяулы шұбырып, ауыл-ауылдың бəрі
жиналды. Бəрі еңіреді. Кешегі ел жақ сылары. Үлгі айтқан, өнеге айтқан, сөз
ұстаған ардақтылары. Ескі күпі, шекпендерін киіп, етектері жалпылдап кете
барды. Көбісі сол кеткеннен мол кетті. Тұқым-жұрағат қалды ма, жоқ па –
ол жағы да беймəлім. Əйтеуір, туған елдерінен айрылғаны анық.
Туған жерлерінен топырақ бұйырмағаны жəне анық. Бұйырмады.
Бұйыртпады. Айрылды. Айырды...
Баршын апайдың үнінен де, сөз астарынан да қыжыл білінеді. Нығырту бар.
Əлдеқандай кек қозатын сықылды. Шарасыз кек. Кімге кіжінгені? Уақытқа
ма? Заманға ма? Бəлкім, қоғамға шығар?
Менің де көңілімнен намыс көтерілді. Күндіз-түні жыр қылып
мадақтайтын, ұрандап ту қылып көтеретін, жер бетінде теңдесі жоқ ұлы
қоғамымды əлдекімге сынатып, мұқатқызып қалай қоя аламын. Панасыз бір
кемпір. Сауаты шамалы. Хат-шотқа шорқақ Саясаттан бейхабар. Сөйте
тұрып, мынандай ұлы қоғамды жақтырмайды. Əлемде қаншалық қоғам бар?
Оның қайсысы қандай дəрежеде? Қай қоғам озық? Қай қоғам мешеу?
Ондайды мүлдем сезбейді. Сөйте тұрып, өткен өмірін көксейді. Өзінің
бастан кешкен жақсы өміріне бола сондай жақсылықты жалпы халыққа
ортақтастырған ұлы қоғамға, кəдуелгідей, кек қоздырады.
– Оның есесіне, бүкіл бұқара халық бостандық алды. Теңдікке жетті. Мəнді,
мағыналы өмір сүріп жатыр. – Мен де əжептеуір зілдене сөйледім.
– Иə, айтасыңдар ғой. Айтып жатырсыңдар. Айтып жүрсіңдер. Сөйтсе де,
«бостандық алды», «теңдік алды» дегенді оншалық түсіне қоймаймын. Құл
болып жүрген, күң болып жүрген ешкімді көре қойған жоқ едім. Рас, еркегі
байдың малын бақты. Əйелі тамағын істеді. Бірақ құлдық жолымен, күңдік
жолымен емес, бір жағы, күнкөрісі үшін, екіншіден, ағайын-туысына
жасаған жəрдемі сияқты. Ақыры, баққан соң, өзінің жиырма-отыз ұсағын
жеке бақты не, əйтпесе, бес-алты жүз қойды қоса бақты не. Бəрібір. Байдың
атын мінеді. Байдың тамағын ішеді. «Кетем» десе, кетіп қалатын. Басқаға
барам десе, басқаға баратын. Кінəжкесін бермей, есептен шығармай қоятын
ешкім жоқ. «Кінəжкең жоқ. Есептен шықпай келіпсің» деп жұмысқа алмай
қоятын, аулына жолатпай қоятын ешкім жоқ. Ауыл иесімен келісті – бітті.
Бір шетінен орын береді де, ыңғайлы жұмысына қосады. Ал енді, «мəнді»,
«мағыналы» өмір дейсіңдер. Лайым, соған жеткізсін. Жылдан-жылға
ілгерілеп келе жатқаны расақ. Бəрі өздерінің еңбегі. Маңдай терлері. Егер
жасаған еңбегіне орай ақысын алса, қай-қайсысы да қарқ болатынына
сенімім кəміл. Таңның атысы, күннің батысы, тыным таппайды-ау,
байғұстар. Сондай, əйтеуір, бір күнкөріс. Төзімді-ақ қой, шіркіндер. Төзімді.
Көнпіс. – Баршын апай бетіме қарады. «Дауың бар ма?» дейтін секілді.
Дауласпадым. Құптамасам да, дауласпадым. Өмірдің ішкі мазмұнына мəн
беріп, барлау жасағанына таңырқауым да бар. Ойпікірі негізсіз де емес.
Бірақ біз болашақтың ірге тасын қалап жатырмыз. Мəңгілік мызғымас
іргетас. Болашақ ұрпақтың қамы. Жер бетіндегі ең жетілген ұрпақ. Шексіз
дамыған қоғам. Гүлденген өмір. Бақытты тұрмыс. Ал ондай жоспарлы
қоғамды мына қараңғы адамға қалай түсіндіріп жеткізе аласың?
– Сонымен?.. – Негізгі əңгімемізге көшуге жөн сілтегендей болдым.
– Иə, сонымен, ағатайымды алып кетті. Жылап-еңіреп біз қала бердік.
Жалбыр етек жалбақайлар (жоқ, енді олар жалбыр етек емес еді. Байлардан
тартып алған киімдерді киіп, шертиіп, шыртиып көкие қалыпты) ертеңіндеақ төңіректей бастады. Туралап айтпа ғандарымен, пиғылдары беп-белгілі.
Жақауратып əрнені сұрағыштайды. Əлдеқандай жəрдем жасауға тіленеді.
Басқалалардың бейбастық қылықтарына тосқауыл қоюға уағда қылады.
«Жатажата – жанбасқа» демекші, бірте-бірте өзеурей бастайды. Осы үй дің
қорғанышы болғысы келетінін, азаматы қиын сапардан қайта оралғанша
барлық тауқыметті өзі көтеретінін айтып сендіруге тырысады.
Ал кейбіреулері бірден-ақ дікіңдей жөнеледі. «Берсең – қолыңнан, бермесең
– жолыңнан» деген дөң айбаттарын тосады.
Алдыңғысын алдап-сулап «ұзын арқан, кең тұсауға» саласың. Кейінгісіне
жағынып, жалпақтап əлексің. Жаныңнан – арың қымбат. Арың
былғанбасын дейсің. Кейінгі өмірің қорлықта өтпесін дейсің. Көңілің
қаламаған кездейсоқ бір жындыға өмірің телінсе, əйел затына одан өткен
қорлық бар ма?
Өз аулыңның əумесерлері өз алдына, сырттай дабырыңды естіп, басқа
жақтан анталаған үздікпелерді қайтерсің. Сірə, шендері жергіліктілерден
жоғары болулары керек, аналарды жасқап жібереді. Баса көктеп, өңмендеп
төрге өтеді. Ай-шəй жоқ тергей жөнеледі. Үйдегі бойжеткенді айттыра
келгендерін мəлім етеді. Ағатайымның үйретіп кеткені бар. «Жаңа өкімет
əйелдерге теңдік əперді. Қыздар сүйгеніне қосылуға ерікті. Зорлықзомбылық – ескіліктің қалдығы. Ондайларды заңмен жазалайды. Қатал
шара қолданады. Сауаттымын. Жоғары өкіметке жазамын» деймін. Осы
айбатым, кəдуелгідей, əсер етеді. Көпшілігі-ақ тайсақтап қалады. Тістерін
қайрап, іштерінен тынып жөндеріне қайтады. Бірақ түртпектеулерін
қоймайды. Көшіріпқондырып біресе ана топқа қосады. Біресе мына топқа
қосады. «Ірі байсың» деп бір сайға жеке апарып тастады. «Басқа да
байлармен бірге бір топ құрап отырыңдар» деп қайта көшірді. Көшіргенде
не, жаман лашығымызды қолмен тасимыз. Киім-кешегімізді дорбаға салып
бұлтаңдатып иығымызға асып аламыз.
Əйтеуір, ойларына келген құқайларын істеп-ақ бақты. Жиын отырған кедей
ауылды барып жəне ойрандап кетеді. «Байларға жасырып тамақ тасып
жүрсіңдер. Астыртын байланыстарың бар» деп əлек салатын көрінеді.
Маңайымызға ешкімі жолауға қорқады. Əсіресе, бойжеткен қызы бар үйлер
ерекше аңдуда. Түнге қарай кейбіреулерін зорлық қылып алып қашып
кеткендер де баршылық. «Еркіммен келдім» дегізіп көндіктіріп қояды.
Əйтпесе, «үй-ішіңе қысым жасаймыз» деп қорқытады. Олар бізді аңдыса,
біз оларды аңдимыз. Алыстан қаралары көрініп, тықырлары естілсе-ақ ой
мен сайға тығыламыз. Шидің түбін паналап, бұта-бұтаны тасаланамыз.
Ауыл маңайында шілікті сай болса, ол бір құдайдың жарылқай салған сыйы.
Бірақ... қайда... Жан-жағында панасы жоқ қайдағы бір қу тақырға апарып
иіріп тастайды. Қосақтаулы қой сияқтымыз. Ыстық па, суық па, жа уын ба,
құрғақ па – біздің жағдайымызды елең қылып жатқан адам жоқ.
Құдай-ау деймін, сырттан келген, орыс, татардан құралған біреулер болса,
тағдырға өкпе жоқ. «Жөн-жосығыңды білмейтін, сырттан келген кещелер»
деп өзіңді-өзің алдаусыратқан боласың. Жоқ, олай емес, өзіміздің
ауылдастар. Жақын-жамағайындар. Ертеден жалғасып келе жатқан ілікшатыс құда-құдандалар. Ең арысы – бірге өсіп, бірге жүрген көршіқолаңдар. Солардың бəрі де мына отырған «кінəлі» топтың жақсылығын
көргендер еді. «Жақсылығын» деймін-ау, барлық тіршіліктері де,
күнкөрістері де елден аластатылған осы жақсылардың үстінен еді ғой. Аяқ
астынан қалай өзгере қалды? Мүлде басқа адамдар. Танымайтын, білмейтін
біреулер. Мінездері басқа, қылықтары өзгерген. Іс-əрекеттері мүлде
бөлекше. Ақырып сөйлейді. Ақиып қарайды. Шелтиіп тұрады. Шолтиып
атқа мінеді. Соның бірде-бірі жарассашы шіркіндерге. Байлардан тартып
алған ат. Солардың ат жабдықтары, ер-тұрмандары. Бəсекеде жеңіп
алғандай-ақ желкілдеседі. Өлшем жоқ. Мөлшер жоқ. Жылт жоқ.
Əңгүдік біреулер қаптады да кетті.
Солардан бұғып, үйшігімізде қорғалап, ұйлығып біздер жатырмыз.
Көңіліміз күпті. Көзіміз жасты. Жүректе – қайғы-қасірет. Анам да, мен де
ағатайымды уайымдаймыз. Алдағы тіршілігіміз бен күнкөрісімізге
алаңдаймыз. Күз түсе бастады. Алда қыс келе жатыр. Қалай жан бағамыз?
Қайда барып паналаймыз? Не істесек лаж? Бəрбəрі – бітеу қайғы.
Тауқыметті көтере алмады. Қайғы-қасірет жанын кемірді. Ауыртпалық
тəнін мүжіді. Көп ұзамай-ақ үлкен шешем көз жұмды. Əйтеуір, лаждап
бетін жаптық. Енді не істеу жөн?
Жалбақайлардың ішінде уəде берушілер көп-ақ. «Жарылқаймыз», – дейді.
«Пана боламыз», – дейді. «Отыншы, сушыларың болып қолда рыңа кіріп
алайық», – дейді.
Мен кейде ойыса бастаймын. Шешемді аяймын. «Əйтеуір, берекесі кеткен
тағдыр ғой. Шынымен-ақ, əлдебіреуінің етегінен ұстасам ба екен деп
толқимын. Шешем безек қағады. «Өлсек өлерміз. Ондай құлдық тағдырға
мойын сұғып, өксікпен өмір өткізгенше, өліп-ақ қалайық», – дейді. «Ертең
ағатайың келгенде, бетіне қалай қараймыз?» – дейді. Сөйтіп, тоқтау салды.
Ендігі жерде, жанбағудың айла-шарқын іздедік.
Шешем марқұм бетті, шешімді кісі еді. Жайылымнан бір түйені ұстап əкелді
де, қасиетті қара қосымызды (Иə, қара қостың қасиетін сол кезде ғана
түйсіндім. Ата-бабамызға əрі пана, əрі сана болған қасиетті мекен екен ғой.)
теңдеп алып, жетектей жөнелді. Ауылнайы бар, белсендісі бар ешкімі
ештеңе дей алмады. Батпады. Батылдары жетпеді. Күздің қарасуығы. Əнеміне, қыс түседі. Жаппаның астында панасыз қалдырған өздері. Отын жоқ.
Су жоқ. Киім жұқа. Төсеніш, жамылғыш дегендер жеңіл-желпі бірқабат
қана. Ішерге тамақ кейде болады, кейде болмайды.
Шешем сол бетінде өзіміздің қыстауға бір-ақ тартты.
Кедейден шыққан белсендінің біреуі кіріп алыпты. «Бұл енді қоғамның үйі»
– деп шалжияды. «Үйде сен-ақ отыра бер. Ана тошаланы босатып бер», –
деді шешем.
Шолақ белсенді қарсы келе алмады. Босатып берді. Ішінде үш ұя пеші бар
шағын бөлме еді. Күзде – күн суыта, көктемде – күн жылына тамақты сол
бөлмеге жасайтынбыз. Қыста тамақ жабдықтары тұрады.
Ауыл маңында ақ кіріш шығатын үлкен апан бар. Содан орта қаптай ақ
топырақ əкелдік. Қабырғаларын сыладық. Ішін жуыпшайдық. Жаппаның
киіздерін төсеніш қылдық. Отын жоқ. Тамақ жоқ. Киім жұқа. Үстіміздің
жамылғысы да тым жеңіл.
Ауылдан екі-үш шақырымдай жерде «Шілікті сай» дейтін қалың жынысты
сай бар. Содан ағаш қиюға кірістік. Өткір балта, үшкір айыр, тесе, шот
сияқты құрал-жабдықтарды қораның төріндегі арнау лы ұяға тығып
кететінбіз. Тұр екен. Ешкім байқамапты.
Əкем мен ағатайымнан қалған, өзімізге бұйырған киімдерден еркекше
киіндік. Белді буындық. Қолымызға айыр мен балтаны алдық. Əкемнің
қыста аңға шыққанда ұстайтын қайың сойылы бар еді. Əлгі жабдықтармен
бірге сақталатын. Соны білекке ілдік. Күзге қарай қыстақтан шашау шыққан
малды торитын қасқырлар жиі кездеседі. Соған жасаған, өзімізше, қаруқайратымыз.
Сөйтіп, жаяу арқалап отын тасыдық. Алдыңғы қыста ойған қиымыздың
жартысын шешем қоса иемденді.
Отын-суды қамдап алдық. Бірақ тамақтан тапшылық көре бастадық. Аш
құрсақ қанамыз.
Ірі байларды қаттағанымен, олардан төмендерге əлі тиісе қоймаған. Кейін
«орташалар» тобына жатқан топ та əзірге қуғынсүргіннен аман еді.
Солардың ішінде туыс-жұрағаттар, алық-берікте жүрген көңіл жетерлік
баршылық еді. Бəрі де көмекке ұмтылды. Ірімшігі мен құртын, майы мен
қатығын əкеліп тастайды. Қой сойып беріп жібергендер бар. Көрпежастықтарын жеткізді. Кəдуелгідей-ақ, қарқ болдық та қалдық.
Белсенділердің де екпіндері бəсең. Көршіміздегі шолақ белсендінің балашағасына біз көмектесе бастадық. Жаз бойы шапқылап жүрген байғұс қыс
қамын ойламаса керек. Əрі, аузын жауып, жайына жүрудің парасы сықылды
еді.
Кешке қарай бүрісіп, бүкшиіп оттың жарығымен ғана отырамыз. Бəрі
ішімізде. Мұңымыз да, зарымыз да ішімізде. Алаң көңіліміз, ештеңеге
сенімсіз өміріміз, тағдырдан енді тартар тауқыметіміз ішімізде тынады. Мен
анамды аяймын. Анамның маған жаны ашиды. Алдағы қауіп-қатерді ауызға
алмаймыз. Тек ағатайымды ғана сөз қыламыз. Қайда екен? Не күйде екен?
Жұмысқа салып қойды ма? Ғұмырында шөптің басын сындырып көрмеген
жан қалай төзіп жүр?
Бір-бірімізге күңкілдесеміз. Ішкі күрсінісімізді сыртқа шығармауға
тырысамыз. Бір-бірімізді аяғанымыз.
Өстіп, сары уайым, сартап болып қысты өткіздік.
Жер бетіне тіршілік еніп, табиғат қайта жандана бастаған шақта
белсенділерге жан кірді. Бір-бірлерімен қарым-қатынастары жиіледі. Андамұнда шапқылаулары көбейді. Сіңбіруге мұршалары келмей жүргендей-ақ
жінігулі. Көрші белсендім де солардың ілігінде. Соның əйелі екеуміз
басбағып сыр тартамыз. «Жаңа өкіметтің ісқылығының ендігі беталысы
қандай екен? Жер ауып кеткен байлардан хабар-ошар бар ма екен? Олардың
артында қалған бала-шағаларына, ең болмаса, бірер сиыр бермес пе екен?
Аштан өлгендер, суықта үсігендер бар деп естиміз. Енді қалғандары да
солардың аяқтарын құшады ғой» – дейміз. Жоқ, жер ауғандардың ешкімінен
ешқандай хабар-ошар жоқ екен. Олардың бала-шағаларына жасалар
ешқандай көмек жəне жоқ. Қалай күн көреді? Қайда барады? Оны қаперіне
ілген ешкімді білмейді. Ал жаңа өкімет көптеген жаңа сая сат жасауға тиіс.
Алдыменен, бай атаулының бəрін түп-тамырымен құртпақпыз дейді.
Байларды да, олардың құйыршықтарын да құртпақ екен.
«Сонда, олардың бала-шағалары да қуғын-сүргінге түсе ме екен?»
«Ешкіміне де аяушылық болмайды!» «Ал мына кісілерге не ақыл айтасың?
Нендей көмек бере аласың? Көзің көріп отырып ана қаршадай қызды
шырылдатып, жас өмірін өксітпексіңдер ме? Кеше ғана бəріміздің еркеміз
бен ардақтымыз сол емес пе еді?! Байдың қызы болғандығынан емес, асыл
туған ардақты еді ғой. Бұл, өзі, соншалық кəпір өкімет пе?» Шолақ
белсендінің əйелі тапсынып-тапсынып сөйледі. Күйеуі емес, алдында тұтас
өкімет тұрғандай кіжінді. Сірə, көңілдеріне қонбаған сүркінді
дүрлігушілікке жүректері қыжылдайтын болса керек. Бірінің емес, бəрінің
жүрегіндегі қыжыл. Əрине, алаөкпе, желөкпелер оларға қосылмайды.
Шолақ белсендінің көзі шақшиып кетті. Жақ жүні тікірейіп, жұдырығы
түйілді. Булыққан ашудың, бұрқанған ызаның шығарға жол таппай
кептелген сəті болса керек. Өмірдегі ең асылын, ең қасиеттісін əлдекімдер
қорлағандай күйінді. Шын-ақ сенгені ғой. Пір тұтқаны.
«Əйелін ұрады» деп ойладым. Жұдырығымен жалпасынан түсіреді. Немесе,
жүнше түтеді. Басы-көзіне тепкілейді. Əйтпесе, кегі қайтпайды. Кек алудың
айызы қанбайды. Кеудесіне кептелген ыза тарқамайды.» Жоқ, ұрмады. Ұра
алмады. Құр ғана жер тебінді. Айбат шеккен түрі – сол.
«Өкіметке қарсы сөйлеп, менің көзімді құртайын деп жүрсің ғой».
Байғұстың үні құмығып, жыламсырап шықты. Əншейінде басқаға
көрсеткен айдыны мен айбынынан түк жоқ. Біздің жұртымыз əйелге
айбатты келуші еді. Мына шіркін іштей булығып, сырттай қалтырады да
қалды.
«Жə, қоя-ақ қой, шіркінім. Сенің көзіңмен əуреге түскенше басқа бір істерін
тындырмай ма. Шынымен-ақ əділдікті қолдайтын ел болса, алдымен,
сендерді жөнге келтірсе керек еді. Құр қарасынға қиқулап еді, бəрің қаптай
жөнелдіңдер. Ғұмырларыңда ешкімнің төріне шығып, бір ауыз жөн-жосық
айтып көрмеген ылғи бір жөнең бозбастар жол бастай қалдыңдар емес пе?!
Байқастап жүріп сұрастыр əркімнен. Сөздерін тыңда. Жер
аударылғандардың соңында қалған балашағаларын не істейді екен? Тағы
шара қолдана ма, əлде, «күндеріңді көріп жүре беріңдер» дей ме? Соны
біліп кел. Мына кісілерді енді тəлкекке салудың жөні жоқ шығар.» Шолақ
белсендінің əйелінің сөзі тым көшелі шықты. Күйеуі қарсы қайтарып сөз
айта алмады. Шешем екеуміз аузымызды ашып, көзімізді жұмдық. Қыс
бойы көрші отырдық. Көрші деймін-ау, бір есіктен кіріп, бір есіктен
шығатын, арасын жалаң қабырға ғана бөліп тұрған, қоржынның екі басы
сияқты қос бөлме. Мінезі салмақты, тұйық көрінетін. Сиыр ұстады. Қыстай
сауылып шықты. Сауған бетте сүтінің жартысын бізге əкеліп беретін еді.
Сол əйелдің ниеті шығар, бала-шағасы осы күні өсіп-өніп отыр.
Сөйтіп, бітеуқабақтанған күйімізде жүріп жатқанбыз. Жер көгере бастаған.
Ештеңеден ешқандай хабар-ошарымыз жоқ. Мылқау жандар сияқтымыз.
Шолақ белсендіміз бір күні арсалаңдап жетті. Сыртта отыр ғанбыз.
– Жағдайды білдім, – дейді. Соған-ақ төбесі көкке жетіп, ат үстінен
самбырлай сөйлейді. Бізге емес, əйеліне ғана тиесілі хабар сияқты.
– Айт! – деді əйелі. Ызбармен кектене сөйледі.
– Елден, жұрттан бөледі екен. Жекешелейді екен. – Белсендінің əпігі
басылып, жүні жығыла қалды.
– «Жекешелеген» деген – не құқай. – Əйелі тапсына түсті.
– Ол, енді, былайшаң айтқанда... ел-жұрттан аластатады де-ген сөз. –
Осының бəрін білгеніне шолақ белсенді əжептеуір қоқайланатын сықылды.
«Енді ырза шығарсың», – дегендей əйеліне маңыздана қарайды.
Əрине, біздің көңіліміз құлазып қоя берді. Онсыз да жетісіп тұрмаған жетім
көңілде қандай қайсарлық болсын? Қасымызда ағатайым жүрсе, қайда
айдаса да көне берер едік-ау. Шешем байғұстың менің тағдырыма жаны
ауырады. Менің шешеме жаным ашиды.
Амалсыздықтың тұтқынына айналып, екеуміз екі бұрышта бүрсиіп
отырғанбыз. Бөлмемізге көрші əйел кірді. Оның жүзінде де тұйыққа
тірелген дағдарыс нышаны бар.
Менің кеудемді өксік қысты. Жыламай-ақ жүруші ем. Жоқ. Оқта-текте
оңаша бір сəттерде булыға қыстығып көзімнен жас парлайтыны бар. Бірақ
ондай осал сəттерімді шешеме білдірмеуге тырысатынмын. Ол да сөйтетін
шығар. Енді, мына жерде еңіреп тұрып жылағым келді. Зар салғым келді.
Қазіргі түскен бейшара мүскін күйімізді құдайдың құлағына жеткізсем
деймін. Көзімен көрсе деймін. Ешқандай да асқан жоқ едік. Тасқан жоқ едік.
Соны біле тұра, көре тұра Аллатағаланың бізді осыншалық мүскін күйге
түсіруіне өкпе қылғандаймын. Бірақ көңілім қайтадан толқиды. Қайта
қобалжиды. Бір ғана біз емес, біз сияқты талайдың басына түскен кеп. Сол
талайдың ішінде талай жұғымсыздары бар-ақ шығар. Бізді де солардың
салқыны ұрды деп ойладым.
– Қалада туыс, таныстарыңыз бар шығар? – Көрші əйел шешеме қарады.
Шешем ойын арлы-берлі ақтарғандай толғанып тұрды. Мен шешемнің
ойына үмітімді жалғадым. Ана кісінің тегін сұрап тұрмағанын аңғарым
сезгендей еді. Қара суға батып бара жатып, жандəлбес тал қармаған түрім.
Шындығында алдымыз тұңғиық қараңғы еді. Жол жоқ. Нысана жоқ. Бағыт,
бағдар жоқ. Аяқ бассаңақ құзға құлардайсың. Сондықтан да, шешемнің
жүзіне еміне, табына қарадым. Жалынып, жалбарынып, аяғын құшақтай
кетуге дайын едім. Əйтеуір, əлдебіреудің атын атаса болды, соған-ақ
жүрегім атқып шығатындай көрдім.
Болмады. Шешем телміріп маған қарады. Менің жан күйімді ұғып тұр екен.
Бірақ амалы жоқ. Басын шайқады. Көзіне көзім түсіп еді, өңменім үзіліп
кете жаздады. Үміті үзілген, тілегі кесілген адамның кескінін көрдім.
Шешемді құшақтай алдым. Ол да мені кеудесіне басты. Көрші əйелдің де
күйзелген өңі беп-белгілі. Біз үшін қиналғаны.
– Бəрібір, кету керек. – Көрші əйел тереңнен тартып, толғана сөйледі. –
Басқа жол жоқ. Айдауға ілігіп, телімге түскенше, өз беттеріңмен күн
кешкендерің абзал. Баршыныңның ешкімге тəуелді болмауын қамда. – Жол
көрген, жөн білетін білікті адамның сөзі.
Басыңа күн туып, тығырыққа тірелген сəтіңде ойың да, бойың да
дағдарысқа ұшырап, түкке икемсіз күйге түсетін кездерің болады екен. Дəл
сол сəтте шешем сондай күйде еді. Алақтап көрші əйелге қарағыштайды.
Телміріп маған көз сүзеді.
– Ол қаласы бар болғыры қай жақта еді? – Аңқау, есі шыққан адамның
айтатын сөзі.
– Беке-ау, ондай жөн-жосыққа менен гөрі өзіңіз жетік емессіз бе. Естігеніңіз
бар, балаңыз қаладан оқып келді. Аз-кем сабыр қылыңыз. Ой тоқтатайық. –
Көрші əйел орнығып отырды. Шешемді жайлы орынға жайғастырды. – Жол
бойы қиындық көресіз, əрине. Жаяу-жалпысыздар. Ешкімнің назарын
аудармау үшін соның өзі дұрыс. Аягөз деген шағын шаһар дейді. Сол
жерден жан-жаққа жол тарамданады дейді. Сонда бір жетіп алсаңдар... Ар
жағында Семейге жету қиын болмайды екен. Əртүрлі көліктермен ылаулап
лаждауға болатын көрінеді. Менің басбағып жүріп білгенім – осы. Сонсоң...
– Көрші əйелдің сөзі кібіртіктеді. Жанарымен жер сүзіп, саусақтарын
шұқынды. Кінəлі адамның кейпіне түсіп, мүлəйді де қалды. Күні бүгінге
дейін сол кескіні көз алдымда. «Бəсе, – деп ойладым. – Əлгі қабарошарының бəріне ақы тілеп тұр. Бекерден-бекер жаны не қылып аши қойды
деп едім-ау.» Ызаға булықтым. «Оған бере қояр неміз бар? Қолымызда не
қалды?»
– Айт! Күмілжіме. – Шешем де қатқылдана қалды. Ол да менің күдігімді
жорамалдапты.
– Сіздің үйден талапайға түскен мүліктің бəрі біздікінде тұр. Шыпшырғасын шығарған жоқпын. Біздің үйдегі кісі бастықсымақ болып жүріп,
қолша билеп өзі иемденіпті. Ұстатпай тығып тастағам. Сіздер келгеннен
бері көңіліме оғат болып жүр еді. Енді соның пайдаға асатынының бəрін
сұрыптаңыздар.
– Қалсын өзіңде. Жаяу-жалпы қашып-пысып жүріп оларды не қажетімізге
жаратамыз. – Шешем көрші əйелді кінəлағандай еді.
Ал менің көңілім қайта бұрылды.
– Ең болмаса, қаражатқа жарайды ғой. Бойларыңызға сақтай алсаңыздар,
талай-ақ нəпақа болар еді. Ылғи асыл бұйымдар. Қала ішіне кіргізгеннен
соңғы сақтауына сақтық керек шығар.
Əлдекімдердің алдау-арбауына түспеу жағын қамдау жөн, əрине. – Көрші
əйел бізге қарағанда көшелі адамдай сөйлейді. Қала көрген, жол жүрген
адам секілді.
Көрші əйел шығып кетті де, іле-шала қайта оралды. Үлкен бір қоржынды
ала кірді. Əкеліп шешемнің алдына қойды. Байлауын шешіп, аузын ашты.
Қоржынның ішіндегі асылдар жалт-жұлт етіп сəуле шашты. Қоржынды
жерге қойған сəттегі қозғалыс пен тербелістен бір-бірінен түйісіп қалған
асыл бұйымдардың сыңғыры əдемі əуен құрады.
Шешем марқұмның көкірегі жарылып кете жаздады. Өзі жинаған, өзі
тұтынған асыл жиһаздарынан шашыраған шапақты сəуле мен сиқырлы
дыбыс тағатын алып жіберсе керек. Жалма-жан еңкейіп, жиһаздарын
уыстап-уыстап қалды. Уысында қысып, жоғары көтеріп алақанын жазды.
Асыл бұйымдар сылдырлап, шылдырлап жерге төгілді. Жанарын ғана төмен
еңкейтіп, назарлап тұрды.
– Игілікке бұйырмаған жиһаз болдыңдар ғой. – Шешем оншалық бір «аһ»
ұрып өкініш білдірмеді. Тек, қимастық, іші ашыған өкініш танытты.
– Жоқ, бəйбіше, əділетсіз кеткен мүлкіңіз өзіңізге қайта қайтсын. Сізге опа
бермеген дүние басқа ешкімге де қонбайды. Осы сүргіннің бəрі осы
байлықтың кеселі екен, ең болмаса, жан сақтап қалуларыңызға жүрсін.
Қалай сыйғызудың жолын ойлайық. Айтпақшы, киімкешектеріңіз де
осында. Сандықта тығулы жатыр. Оны қалай істейсіздер? Сірə, жарқыратып
көлбеңдете киінбесеңіздер де, ыңғайлы, қарапайымдарын киіп
алғандарыңыз жөн шығар. – Көрші əйел шешеме қарады. – Қарапайым,
ықшамды, төзімділерін киініңіздер. Ішкі астарларының ыңғайлы жерінің
бəріне қалта тігейік. Сол қалталарға мына бұйымдарды томпиып
кетпейтіндей етіп салайық. Көбіне, бойларыңызда жүрсін. Қолдарыңызға
азық-түлікті ұстайсыздар.
Осы ақылды жөн көрдік. Екі-үш күн аялдап, ойланып-толғанып жол қамына
кірістік. Киіміміздің байқалмайтын жерінің бəріне ішқалта тіктік. Жұқа
белдемше қылып төртелінің мөлшеріндей жалпақтықта белдік тіктік.
Белдікке əр жер-əр жерінен ұзыншалап қалта жасалды. Кейбір моншақ,
шолпы сияқты кесектеулерін осы белдемшенің ұзыннан тартып салған
қалташаларына жүгірттік. Пұл қылуға алдымен керек болады-ау дегендерін
оңайлау жерге тығып, оңтайлы ұстадық.
Шешем қыз кезінен-ақ атқа құмар, анау-мынау асау тайларды өзі-ақ үйретіп
міне береді екен. Сол əдетін бертінде де қалдырмапты.
Еркекше қалыпта тігетін, бірақ қыздарға арналған ықшам киімдері болады.
Көші-қон кезінде, далада өтетін түнгі ойынсауықтарда, туған-туысқан
аралап алыстау сапарға жол шеккенде сондай киімдерін киіп, жорғаларына
мініп қайқаңдата жөнелгенде жігіттерден кем қалмайды. Бəлкім, ел ғұрпына
бертінде енген көріністер болуы мүмкін. Əйтеуір, түк сөкеттігі жоқ, қайта,
өзінше жарасымы бар киім. Балағының екі жақ сыртындағы айырығын
шеттеп өрнектеп тастаған. Тұйық шалбар. Белін өз бұлынан белдеуше
жасап төгілтіп буып қоясың. Сонсоң, ықшам қамзол. Жеңі бары бір бөлек,
жеңсізі өз алдына басқа бөлек. Қысқа ғана үкілеген бөрік. Екі бұрымың екі
жаққа түсіп, тербеліп кетіп бара жатасың. Жүгеннен бастап айылтұрманыңның бəрі өрме. Күміс ер. Үзеңгің де күміс. Таралғының сыртын
пүлішпен қаптап тастайды. Етігіңнің қоншы қажалмайды, əрі, балтырыңа
батпайды. Шоқайма етік емес, жайдақ өкше жайлы етік киесің. Əйтеуір,
жүріс-тұрыстың ыңғайының бəрін келтіруші едік. Анам марқұм да осы
ыңғайдан таймайтын. Жақын маңдағы ауыл ішіне салт атпен жосылтып
жалғыз өзі-ақ кете беретін. Тек, төркін-жұртына барғанда ғана қасына мені
ілестіреді. Кейде аттарымыздың жорғасын салыстырып жосылтыпжосылтып алатынымыз бар. Кейін ойлаймын: əйел байғұстардың жүрістұрысында, не дегенмен, шектеу бар. Əрине, нəзіктік, ізет, биязылық, тағытағы осындай жақсы ғұрыптардың бəрі – əйелдің табиғатына тəн қылықтар.
Солардың біреуі кемдік етсе, əйелдің бойынан кемшін болып көрініп
тұрады. Иə, бірді айтып, бірге кетем. Сол ықшам киімдеріміз де мына көрші
əйелдің сандығына түсіпті. Сандығына деймін-ау, сандық толы барлық
қымбатты мүкəмалымыз сол сандығымен бірге осы үйге көшіпті. Көрші
əйел ашып көрсетті. Шып-шырғасы шықпай сол қалпында екен. Ықшамдап
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Ең ғажайып хикая - 03
  • Büleklär
  • Ең ғажайып хикая - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3829
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3809
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    28.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2326
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3757
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    28.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3834
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2353
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3830
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2271
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3734
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2262
    27.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3714
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2213
    28.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3725
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2179
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2257
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3777
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3871
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2249
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3721
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    31.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3751
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2220
    29.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3764
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2286
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3769
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3730
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    30.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2331
    30.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2358
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3765
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    26.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Ең ғажайып хикая - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3761
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    26.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.