🕙 1 minut uku

Үш бидің шешендік сөздері

Süzlärneñ gomumi sanı 130
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 87
47.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
61.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
69.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Төле би:
  - Уа, халқым, сөз қадірін білесің:
  Жаңбыр жаумаса - жер жетім,
  Басшы болмаса - ел жетім.
  Ұқпасқа айтқан сөз жетім...
  Атың жақсы болса -
  Ер жігіттің пырағы.
  Балаң жақсы болса -
  Жан мен тәннің шырағы.
  Қазыбек би:
  - Аты жаманның арманы кетер,
  Баласы жаманның дәрмені кетер.
  Төле би:
  - Рақмет, дәл тауып жалғастырдың,
  Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің...
  Мынау жиналған халыққа тағы не айтасың,
  Қаздауысты Қазыбек би?
  Қазыбек би:
  - Алтын ұяң - Отан қымбат,
  Құт-берекең - атаң қымбат,
  Аймалайтын анаң қымбат.
  Мейірімді апаң қымбат,
  Асқар тауың - әкең қымбат.
  Кіндік кескен - жерің қымбат,
  Ұят пенен ар қымбат.
  Төле би:
  - Сөзің - асыл, Қаздауысты Қазыбек.
  Ендігі сөздің кезегі өзіңде, Әйтеке би.
  Әйтеке би:
  - Бай болсаң,
  Халқыңа пайдаң тисін.
  Батыр болсаң,
  Жауға найзаң тисін.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • 2nçe Sıynıf öçen çirattagı äsärne uku
  • Үш сом