Latin Common Turkic

Үлкен үйдегі үрей - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 3959
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
туралы кейін оған елдер жақсы айтпас, – дедім.
–Оның да дұрыс, мен сол қызбен таныстыр да жабыстыр деп Райлаға
айтайын, – деп өзі шешті. Райла апайдың кенже сіңлісі, ауылдық
кооператив дүкенінде істейді. Халықпен күнде байланыс жасап отырған
адам ғой, бір жөнін табар.
–Расила апай, егер Анвар сол қызбен табысса, мен соның бақытын бұзбау
үшін осы ауылдан көшіп кетемін, – деп көптен іштей ойлап қойған
сырымды да жасырмадым.
–Шын айтасың ба, соның бақыты үшін кетесің бе, қызым?
–Шын айтам, Анвар мені сүйгені үшін рақмет, сол үшін мен де оған бақыт
тілеймін, – деп жылап жібердім.
–Шын сүйген адам сүйгеніне бақыт тілейді. Сен де сүйген екенсің, – деп
келіп құшақтап бетімнен сүйді.
...Бауырым Талғат əскерден аман-есен оралған соң, сегіз баланы жиыптеріп қалаға қарай қоныс аудардым. Бес жылдай басыма пана, отбасыма
жылу болған «Ленинскі» ауылында бір төмпешік болып абзал əкем қалды.
Осында жаным жаралы, жүрегім қаралы болып келіп едім. Анварға
кездесіп қырдың гүліндей құлпырып, жаным жадырап, жүрегім мейірім
шуағына бөленді. Мені жанындай сүйген Анварымның бақыты үшін
береке-бірлікті, бауырмал ауылдан махаббаттың машақатымен қашып
барамын...
***
Баяғыда түнде аққан жұлдыздай болып кеткен П. қаласына күндіз адасқан
құлындай болып қайта оралдым.
Осы арада Кеңестер одағының дəурені бітіп, он бес республика он бес
тəуелсіз шаңырақ болып шықты.
Біз ауылда жүріп байқамаптық, мұнда нарық заманы басталыпты.
Алғашында көшіп-қонып əр үйді бір паналап жүрдік. Бір күні ойда-жоқта
əкемнің Жора деген танысы қаладан монша ашып кəсіпкерлікпен
айналысып жатыр деп естідім. Соны тауып алдым, «Ағатай бала-шағаммен
қызметіңізде болам, адал адамдармыз», – деп жатып сеніміне кіріп
моншасына жұмысқа тұрдым. Жұмысым күн шыққаннан моншаның отын
жағумен басталып, түннің ортасына дейін бір тыным жоқ. Өзім – от
жағушы, еден жуушы, билет тексеруші, сыпыртқы сатушы, кір жуушы. Тек
кіру билетін əйелі ешкімге сенбейді, өзі сатады. Еркектер жағына Талғатты
кіргізіп алдым. Бақыт пен тұңғышым Сара қолқанат болып қалған
мектептен келе маған қарай жүгіреді. Үйдегі ұсақтар бірін-бірі бағады.
Алғашында моншадан алыстау жерде пəтер жалдап тұрдық. Менің күздің
сабалақ жауынында арыбері салпылдап жүргенімді көрген Жора аға
ықыласы түсіп, бір дүйсенбіде, демалысымызда:
–Гүлжан, арт жақтағы заттар қойып жүрген тамды босатып бала-шағаңмен
кіріп ал тазалап, – дегені.
–Маржан апай рұқсат ете ме? – деппін сорлы басым, əйелінің шайқатылып
жүретінінен қорқатынмын. Ағай да қорқатын шығар деп.
–Оның не шаруасы бар, ақшасын санап алғанды білсін, –деді.
«Міне, еркек! Əйеліне тек ақша санатып қой-е-е-п, балашағасын өзі бағып,
өзі жұмысының мəселесін шешіп отыр. Мен қатын басыммен бес баланы
өзім бағып қаңғып жүргенім мынау», – деп ойлап аяғым көшенің батпағын
шылпшылп басып балаларға қарай ұшып келем. Жылап келем... Сонда да
ағайдың «арт жақтағы заттар қойып жүрген тамды босатып бала-шағаңмен
кіріп ал тазалап» дегені қуантып қойды.
Көлік жалдау қайда, балалармен жабылып, үш көшенің арасында сабылып
жүріп көше бастадық. Жасауымыздың үлкені – баяғы Анвар алып берген
телевизор. Оны арбамен жеткіздік. Бұрын моншаның темір-терсегі, керекжарағы тұрған бөлменің кеткен сылағын Талғат пен Бақыт сылап, əктеп
үйге айналдырды. Үлкен бір бөлме, қосымша газ баллонымен тамақ
жасардай тағы бір кішкентай бөлме. Біздің тірлігімізді байқаған Жора ағай
келіп:
–Талғат, алда қыс келеді, ортаға темір пеш орнаттырып алыңдар, – деп
күзетшіге тапсырма беріп пеш алдырып берді. Күзетші шал да бізді аяды
ма үйінен анау-мынау алып келіп беріп, пешімізді орнатып қолғабыс етті.
Біз жалғыз күнгі демалысымызды пайдаланып көшіпқонып алдық. Мекенім
жұмысымның жанында, балаларым көзімнің алдында мəре-сəре болып
жүрмін. Сонда да қожайынның əйелінен іштей қорқып қоямын. Маржан
апай осының бəрін көріп жүр, бұларың не деп сұраған да жоқ. Бейғам.
«Əлде, бақытты əйелдер осындай кең бола ма?!», – деп ойлап қоямын. Мен
байқұс қай бір бақыттың мəнін біліппін...
Осы моншаны біреу көшіріп кетсе де білмейтіндей. Бар білетіні – кассасы.
Қолы босай қалса моншамен қатарлас салынған үлкен екі қабатты үйіне
жүгіріп барып келеді. Тек үйлерінің есігі арғы жаққа шығады. Бала-шағасы
сол жақта өздерімен-өздері. Орынсыз бірде-біреуі моншаға келіп бізді
мазаламайды. Олардың үйінде əкелері нағыз ƏКЕ, əйелі мен балалары не
кием, не ішем деп бас ауыртпайды. Бəрі əкесінің мойынында. Ағай жетім
мен жесірге жанашыр, бар мен жоққа қанағатшыл, Құдайға қараған адам.
Кейін гі кездері Маржан апай маған кассасын да сеніп тапсырып, кейде
қонаққа барып, шет елге қыдыруға да шығып жүрді. Талғат екеуміз осылар
өзімізге деп атап не берсе соған разымыз. Тамақтан қысып артылдырып
тастай түйіп жүрміз. Ойымыз – өзімізге үй сатып алу. Талғаттың да бір
арманы бар, ол – Бақытқа жоғары білім алып беру болатын.
–Сен де, мен де оқи алмадық жетімдіктен, осы Баха жақсы оқиды соны
оқытайықшы, – деп отырды. Бақыттың қолынан келмейтіні жоқ, нағыз
технарь. Қанша көшіп жүрсек те сабағынан қалмай, үлгерімі жақсы. «Оны
оқытсақ, қыздар да ағаларына ұқсап ұмтылар еді», – деп мен де армандап
қоямын. Жақсы жандардың маңайына келіп жақсы ойлар ойлай бастадық.
Моншаның жарығы өшіп қалса да, суы тоқтап қалса да, көлік жуатын
жақтағы механизмдер тоқтап қалса да механик Бақыт, оның осы
ұмтылысын байқаған Жора ағамыз дəн риза болатын. Бақыт мектепті
бітірерде Жора ағай онымен сөйлесіп мамандық таңдауына көмектесті. Сол
жылы Бахамыз қаладағы инженер-техниктер даярлайтын институтқа өз
күшімен түсіп кетті. Сондағы менің қуанышымды қалай жеткізейін,
тақтадағы тізімнің басында тұрған біздің фамилямызды көргенде
бауырымды құшақтап алып жылай беріппін.
–Шіркін, осыны папам көрмеді ғой, – дей беремін. Біз анадан өте ерте
қалған соң да, қандай жағдайда да алдымен əкеміз ауызға түсетін. Талғат
моншадан босай алмай, алаңдап бізді күтіп жүр екен. Бақыт екеуміздің
алыстан аңқалаңдап келе жатқанымызды көріп бізге қарай жүгірді. Айтып
үлгермей-ақ түсінді, үшеуміздің құшағымыз айқаса кетті. Жора ағай
алдымыздан шығып қалды:
–Əй, қазақтар, не болды? – деп бізге жақындады. Талғат:
–Аға, Бақыт оқуға түсті, инженер-механикке, – деп жарылып кетердей
болды.
–Міне, нағыз азамат. Енді мен механик іздемейтін болдым ғой, айналайын,
– деп Бақыттың басынан сүйіп, қалтасынан əмиянын шығарды да бірнеше
көк қағазды санап, менің қолыма ұстатты,
–Гүлжан, мына сүйінші саған, айналайын. Бəрі сенің арқаң, – дегені. Не
аялар анасы, не арқа сүйер əкесі жоқ жетім балаларды дəл бұлай кім
жарылқаған.
–Аға, рақмет. Керегі жоқ, – деп қоямын өзімше.
–Неге керегі жоқ, сендерге жақсылықтың бастауы болсын, – деді ағамыз.
Ағамыздың ауызына Құдай салды ма, сол берген бес жүз АҚШ доллары
біздің сатып алатын үйіміздің басы болды. Бізді де Құдай өлтірсін бе, сол
жылдары еліне көшіп жатқан орыстың бір үйі бізге бұйырды. Шағын үш
бөлмелі үй бізге хан сарайындай көрінді. Қаржымыздың көлеміне қарай
іздеген үйімізге бірер мың жетпей тұрды. Сонда да жақсылықтан үміттеніп
үлкен кісі келіп саудаласса сатушы бағасын түсірер деп Жора ағамызды
алып барып көрсеттік. Өзі қатарлы орыс азаматымен ары саудаласты, бері
саудаласты, тоғыз жетімнің көз жасын сөз етті, «Балалардың маңдай
терлерімен адал жиған ақшалары сізге де жақсылық əкеледі.
«Ақша қалай келсе, солай кетеді», – деп орыстың атасынан қалған мақалды
алдына тосты, əйтеуір бағасын түсірді. Үйдің құжатын сауатты жасау үшін
Талғатты ертіп жүріп дұрыстап берді.
Біз көшіп кірген күннің ертесіне жаңа қонысымызға «Газел» келіп тоқтады.
Ішінен Жора ағамыз бен Маржан апайымыз түсті. Біздер үйден бəріміз өріп
шықтық.
–Талғат, балалармен мына ағашты түсіріп алыңдар, –деді аға.
Ағаш дегенге мен қысқа отын екен деп мəн бермей үйге кіріп дастарқан
жая бастағанмын. Бір кезде есіктен «былай, ары қарай», – деп бұйрық беріп
тұрған Жора ағаны көріп залдан шықсам, көк түсті жұмсақ жиһазды
көтерген ұлдарды көрдім. Əйел деген қызық қой, үйге мүлік кірсе де есіміз
шығып қуанамыз.
–Жора аға мынау маған ба? – деппін ұялмай.
–Саған. Маржан апайың өзі таңдап əкелді, – деді Əкелерінен көрмеген
жақсылықты Жора ағаларынан көріп менің бес қызым мебельден бұрын
бөлменің ішіне кіріп-шығып аяққа оратылып шулап жүр. Осындай жақсы
адамдардың ықыласын түсірген Құдайдан айналып мен шапқылап жүрмін.
«Жақсы жерге жатсаң, жақсы түс көресің» – деген тегін емес қой, жақсы
адамдардың жанына келіп жұмыс тауып, бауырым оқуға түсіп, қаладан
басыма баспана болып мен де қатарға қосылдым. Қанша жақын көрсек те
үйіміз қаланың басқа жағынан болғаннан кейін, балалардың мектептен
келген-кеткені көз алдымда болуы керек Жора ағайлардың моншасынан
кетуге тура келді. Талғат пен Бақыт кезектесіп сонда жұмыстарын
жалғастыра берді. Маған əкемдей қамқор, анамдай мейірімді болған сол бір
асыл жандарды қанша қимасам да жолымыз бөлінді...
Бір күні балаларымды ертіп мама қаздай мамырлап келе жатсам алдымнан
Ерік кездесе кетті үйге жақындағанда. Ол мені қалада деп ойламаса керек,
–Гүлжан! Балалар! – деп таң қалды. Мен де оны көрем демеп едім.
–Ерік! – деп қалай дауыстап жібергенімді білмей қалдым. Балаларым
маңайыма үйіріліп, бөтен кісіге қарап қалды. Қанша айтқанмен мына
тұрған осы бес баланың əкесі емес пе, қалай үндемейін;
–Балалар, мын кісі сендердің əкелерің! – дедім. Бесеуі бірдей балапандай
үрпиіп əкелеріне қарады. Мен сонда шындап байқадым, бес қызым да
көздері тостағандай, қастары қалың, əкелерінен аумайды екен. Таңырқап
қараған көзқарастары да алдарындағы таңырқап тұрған əкенің көзқарасы
сияқты.
–Менің балаларым! – деді Ерік əрқайсысына кезек-кезек қарап. Балалар
əкеге шұрқырап ұмтылмады. Қайта маған жабыса түсті. Тіпті кенжетай
Əмина қолын созып көтер деді. Оның өзі бес жасқа келген.
–Жоқ, бұлар менің балаларым! – дедім бəрін құшақтай бауырыма басып,
өзіне əлі өкпелі екенімді сездіріп. Мен білетін Ерік емес пе, үндемей қалды.
–Сендер қаладасыңдар ма? – деді бір кезде барып.
–Иə, екі – үш жыл болды, осындамыз, – дедім де өз жолыма түстім. Ерік
бізге еріп үйге дейін келді үндемеген қалпында. Үйге келіп тұрған соң
қалай үндемей кіріп кетейін:
–Міне біздің үй, кір енді, – дедім.
Алдымыздан Қуаныш шықты. Оны көрген Ерік жездесі:
–Қуаныш, қандай дəу жігіт болған, – деп қолын ұсынып амандасты. Менің
інім оны таныған да жоқ. Мен де кім екенін айта қоймадым.
–Жалға тұрып жатырсыңдар ма? – деді.
–Жоқ, сатып алдық. Талғат екеуміз жұмыс істейміз. Бақыт институтқа түсті,
күндізгі бөлімге, – дедім мақтанғандай дауыспен.
–Жақсы екен, жақсы екен, – дей берді.
–«Жетім жетілмей ме, жарлы байымай ма» деген қазақтың сөзі бар, мамаңа
айтып бар, біз де жетілдік, – деп тепсініп қалдым.
–Мамам қыста қайтыс болып кетті, мен жалғыз қалдым, – деді.
Жаңа ғана жұлынып отырған мен сасқалақтап:
–Арты жақсы болсын, – деппін.
Əрине, бес жылдан бергі айтар өкпе-назым көп еді, қырық жасында жетім
қалған жігітке несін айтайын. Дастарқан жайып, біраз өткен өміріміз
жайлы əңгіме айтып шығарып салдым. Балалар басқа бөлмеде
сыбырласып, ананы мынаны сылтау етіп кіріп-шығып жүргені болмаса
əкелеріне жақындау ниетін білдірмеді.
Содан кейін балаларды сылтауратып Ерік бізге жақындай берді. Əр
жексенбі сайын тəтті-тұрымын көтеріп келеді де тұрады. Бұрынғыдай ішіп
жүргенін байқамаған соң мен қарсы болмадым. Еркектің аты еркек емес пе
ауланың бəрін ретке келтіріп, есікке үлкен қақпа да жасап берді.
Жапсырушылық шеберлігінде шек жоқ екен, қақпаны гүлдендіріп жіберді.
Тура темірден түйін түйген шебер дейтіндей.
Əминаның туған күнінде келді де балаларды күні бойы қыдыртып, кешке
қарай үйде тойладық. Сол түні ішкен шараптың əсері ме, ертесіне бұрынғы
күйеуімнің қойнында ояныппын. Менің жаныма жататын екі қызым екі
əпкесіне кетіпті. Таңертең інілерімнен ұялғаным-ай. Соншалықты есімді
білмейтіндей ішпеуші едім. Еріктің арамыздағы сонша жылғы үзілісте бізді
сағынып жүргендей əсер еткенінен шығар, мен де еріп қоя беріппін...
Содан бастап баяғыдай жан анасы жанында емес, Ерекең біздің үйден
шықпайтын болды. Балаларымның əкесі болған соң ба, інілерім оның бұл
жүрісіне қарсы бола қоймады. Көршілеріміз болса да мəн бермеді, себебі
осынша балалышағалы отбасында бір еркек отағасы болады деп ойлаған
шығар. Сын айтып күлетіндей араласып жатқан ағайынтуысымыз болса да
жоқ. Менің туған күнімде гүлін алып келіп:
–Гүлжан, екеуміз неке қиғызсақ қайтеді, ортада балалар бар, – деп есі кіріп
қалыпты. Аузым күйіп қалған мен:
–Болмайды, біздің арамыздағы жіп үзілген, енді жалғағым келмейді.
Осылай балалар үшін сыйласып жүрейік, – деп көнбедім.
Мені алдап не зорлап көндіретін қасиет Ерікте болса біз осылай тозып
жүріп табысар ма едік.
Түбінде бізді Бақыт бағатын шығар, жүрген жерінде бір мəселені шешіп
жүреді. Өзі оқитын институтындағы жатақхана комендантымен танысып
алып, мені сонда жұмысқа тұрғызды. Сол жатақхананың шаруашылық
меңгерушісі болып орналасып, үй көрмей кеттім. Қыздар өздерімен-өздері.
Талғат Жора ағасымен моншасында, Қуаныш сабақтан шыға мектептің
спорт командасынан босамайды. Ерік балалардың əкесі болып күндіз келіп
қарап, кейде қонып қалып жүреді. Бірақ жұмысының берекесі жоқ. Бізге
кейде апталап жоламай кетеді, сонда тағы ішіп жүргенін сеземін.
Бұрынғыдай анасы да жоқ, тамағын жасап отыратын. Арып-ашып келеді де
екі-үш күн бізде есін жинайды. Өзі жалғыз бала еді, біз оған пана болдық.
Бір күні институттың артындағы шаруашылық ауласында Фризергер деген
неміс ректорымыз бар, топты адам бір нəрсені шуласып талқылап жатыр
екен. Кішкентайымнан шаруашылыққа араласып үйреніп қалған мен де
орталарына жетіп бардым. Сөйтсем бір аптадан бері бір құбырларды
жапсырып-жалғастыра алмай жатқан сварщиктерге ректор ренжіп жатыр.
Мен тірліктерін біраз бақылап тұрдым да, ректорға ұялмай-ақ:
–Менің күйеуім мынаны жарты-ақ күнде мəшинемен тіккендей жамапжапсырып шығар еді, – дедім. Ректор дəу еркек еді, кішкентай ғана менің
саңқ-саңқ етіп айтып тұрған сөздерімді таңырқап тыңдап қалды да:
–Қайда, шақыршы күйеуіңді, – деді.
–Үйде, ертең ерте келейін жұмысқа, – дедім.
–Жоқ, бүгін менің машинама отыр да барып алып кел, –дегені.
Ұшып үйге келсем, Құдай оңдағанда Ерік Əминамен аулада ағаш кесіп
жатыр екен. Жағдайды түсіндіріп, жұмыс киімін кигізіп алып жетіп келдім.
Ректорды шақырып келді. Еркектер өздері сөйлессін деп мен өз шаруаммен
айналысып кеттім. Кешке қарай Ерік менің сенімімнен шығып, шынында
мəшинемен тіккендей етіп құбырларды жапсырып шығыпты. Ректорымыз
риза.
–Мына жігітті дереу жұмысқа алыңдар, – деп қарамағындағыларға
тапсырма берді.
Сонымен екеуміз де институттың маңайына жұмысқа кіріп, отбасымызға
құт қонып, балалардың көңілі жадырап қалды. Əкесі екеуміздің бірге
жүргеніміз əсіресе, қыздарыма ұнайтын сияқты.
Ерік жылжарымдай жап-жақсы жүрді де, қайтадан ішкілікке салына
бастады. Мамасының үйіне жоғалып кетеді. Ұлдар іздеп тауып əкеліп
жұмысқа апарамыз. Ең қиыны бөтелкелестері үйге келетін болды. Мен
жұмыстамын. Қыздарым ғана үйде болған соң, ішіп алған еркектерден
қорқады. Содан Ерік екеуміздің арамызда тағы ұрыс-керіс басталды. Естері
кіргелі ұрыс көрмеген қыздар жылап у-шу болады. Бірде əбден жалығып:
–Мұндай ішкеніңді қоя алмасаң, бізге келме! – деп қақпадан итеріп
шығарып жібердім. Содан шынымен біржола жоғалды. Мамасының үйіне
де бірнеше рет бардық, есігі кілттеулі. Естеріне түскенде ұлдар іздеп барып
келіп жүрді. Жарты жылдан кейін тағы барса, бөтен біреулер:
–Бұл үйді біз сатып алдық, енді мұнда Ерік тұрмайды, –депті.
Қанша дегенмен балаларымның əкесі емес пе, «қаңғып қалды ма, не болды,
үйін сататындай», – деп уайымдап қалдым. «Сонша қатты айттым ба,
біржолата безіп кететіндей?», – деп өзімді кінəладым да. «Бəріміздің
түбімізге жетіп жүрген қу арақ қой, ішпей жүрсе нем бар балаларымның
əкесі, қыздай қосылған қосағым», – деп ойлап қанша ұйқым бұзылды.
***
Өзім жұмысымды үзбей істеп бар күшімді балаларды жеткізуге салдым.
Талғатқа техникум бітіртіп алдық, кенжеміз Қуаныш институтқа ілінді.
Бақыт біздің басшымыз сияқты, бəрін соның ақылымен шешеміз. Əкемнің
орнын осы бір ақылды бауырым толтырып жүр. Қыздарым да сирақтары
өсіп, таласа бойжетіп келеді. Əйел болған соң табиғаттың заңы ма, қалай
қашсаң да еркектің көзіне түседі екенсің. Не қасиетім барын қайдам маған
өзімнен жас жігіттер əуес. Өзі қазағы аз қала болған соң ба өз ұлтымның
еркегін көре бермеймін. Осында жүріп Игорь деген орыс жігіті ғашық
болды. Ұлтының бөтендігі бар, жасының кішілігі бар қанша бойыма
жақындатпауға тырыссам да, осы бір жігіт бауырларыммен танысып,
отбасыммен араласып өзінің ақкөңіл, мейірімділігімен балаларымды
ықыласына бөледі. Баяғы Анвар сияқты істеген ісінің есебі жоқ, ешнəрсеге
қайтарым сұрамайды. Жалғыз мақсаты – менің назарыма ілініп, көңілімнен
шығу. Орыстың «Əйелдер құлағымен сүйеді» дейтін мəтелінде айтқандай
Игорь жалындаған жүрек сөзін жеткізіп айта білген соң ба, мен де
жылылық танытатын болдым. Маған ұнайтын ең жақсы қасиеті – арақты
аузына алмайды. Темекі де шекпейді. Өте таза. Жоғары білімді механик.
Өзінің айтуынша бұрын бір рет үйленген. Көңілдері жараспай ажырасып
кеткен. Ортада балалары жоқ. Бірақ орынсыз бұрынғы əйелін
жамандамайды, тіпті ол туралы айтпайды десе де болғандай. Заты орыс
демесем – жігіттің төресі.
Заманның өзі сондай болды ма кейінгі кезде азаматтық некеде тұратындар
көбейді ғой. Мен де соның біреуі болып орыс жігітімен тұрып жаттым...
Оны біздің отбасы мүшесі деп қабылдағаныммен заңды некеге тұруға
батылым бармады.
Игорьмен бірге тұрғалы қолтығыма қанат байлағандай қандай шаруаны да
ұшып жүріп бітіремін. Бауырларым да, балаларым да менің көңілімнің осы
бір күйін түсінгендей Игорь ағайларына құрметпен қарайды.
Ғасырдың аяғы мен басында уақыт зымырайды дегенді естіп едім, соның
шындығы ма, менің соңғы он жылымның қалай зымырап өте шыққанын да
білмей қалдым. Бауыр ларым мен балаларым өсіп, Игорь екеуміз мəуелі
бəйтерек сияқты соларға көлеңке түсіріп келеміз. «Өткен күндердің кеткен
күндердің бəрі аңыз», – деп əнде айтылғандай менің өткен күндерім енді
кешегі естеліктей болып бара жатқанда бір оқиға болды. Ол менің
көрешігім əлі алда дегенге берген белгі еді...
Мен ас үйде күйбеңдеп жүргенмін, бір кезде ашық есіктен аулада дабұрдұбыр еткен еркектер үнін естіп, басымды бұрып қарап едім дəлізді
тарсылдатып жүріп келе жатқан ер адамды көрдім. Алакөлеңкелеу еді,
танымадым. Асханаға кіріп келгенде таныдым...
Анвар!
Келе қазандық жанында тұрған мені əй-шəйға қарамай бас салып,
құшақтап сүйе бастады.
–Ей, есің дұрыс па! – деп қарсыласып жатырмын. Дəу еркекке қайдан
күшім келсін. Еріп келе жатқан Игорь ананың мені сүйіп жатқанын көріп
шығып кетті. Қысымынан əрең босап шығып, итеріп жібердім.
–Анвар, адам құсап амандасуға болмай ма, мен сені ұмытқалы қашан, –
дедім ренжіп.
–Ал, мен сені ұмыта алмай іздеп жүр едім, бүгін əрең таптым! – деп
алқынып тұр. Өзі жүдеп, тіпті қартайып кетіпті.
–Сенің мені күйеуімнің көзінше бас салып сүйетіндей маған ешкім емессің,
– деп ауырлау айттым.
–Ол да мен сияқты біреу ғой, заңды күйеуің емес, сенің күйеуің қазақ
болатын, – дейді.
–Мен осы орысқа тиіп алғанмын, мынау соның үйі, сондықтан бөтен үйді
босатқаның дұрыс, – дедім.
–Гулятай, ең соңғы рет кездесейікші. Мен Маринамен ажырасып кетіп сені
іздеп жүргенмін, əрең таптым ғой, – дейді тап бір алтын тауып алғандай
қуанып тұр.
–Ренжіме, сенімен ешқайда бара алмаймын. Бала-шағаммен осы үйде əрең
күн көріп жүрмін, мына орысқа жалынғандай болып. Менің ешбір
сүйенішім жоғын білесің, тағы мені далада қалсын демесең тез үйден шық.
Менің өмірімді бұзба, мені сүйетінің рас болса, балаларымды аясаң, бізден
аулақ жүр, – деп есікті көрсеттім. Мен жылап тұрғаннан кейін сенді ме, жоқ
балаларды аяды ма:
–Ал, жақсы, енді кездеспеспіз. Менің сені қатты сүйгенімді өмірі ұмытпай
жүр. Саған бақыт тілеймін! – деді де шығып кетті. Мен сол қақайған
қалпымда артында қала бердім. Ең болмаса, «саған да бақыт тілеймін», –
деуге де жарамадым өзімді сонша сүйген азаматқа.
Ол сыртқы есікті тарс еткізіп жапқанда есім кіріп, орындыққа отыра кеттім.
Содан ал кеп жылайын, Анвардың ауылына адасып барып соның отты
махаббатынан қашып кеткенімнің өзі жастықтың бір дəурені екен ғой...
Анвар қатты жапқан есікті баяу ашып Игорь кірді.
Жəйлап басып жаныма келді де мені басымнан құшақтап тұрып:
–Сен оны сүйесің бе? – деп сұрады. Орнымнан тұрып оның көзіне қарап:
–Маған махаббат не керек, сегіз баланы сүйреп жүргенде. Маған сенімен
тыныш та тоқ өмір керек, – деп сенімді үнмен айттым. Игорь:
–Жаңағы еркек қақпадан еркін кірді де аулада жүрген маған назар да
аудармай үйге тартты. Алдынан шығып үй иесі екенімді білдіргім келіп
«Сізге кім керек?», – деп едім, «Мен өз үйіме келіп тұрмын», – деп мені
итергендей болып ішке өтіп кетті. Екпінінен мен сенің балаларыңның əкесі
екен деп ойлап сыртта қалып қойдым», – деп мұңын шақты. Игорьдың
мəдениеттілігі сондай, ол еркек кім? Неге келді?», – деп сұрамады да, мен
де оның кім екенін баяндап жатпадым. Абырой болғанда сол күні үйде
ұлдар жоқ еді.
Келер көктемде орталықтан «Ленинскіде» егінде бір ге жүрген
комбайнерді көрдім. Амандасып, өткен-кеткенді еске алып біраз сөйлестік.
Сол маған Анвардың күзде жүрегі тоқтап қалғанын естіртті. Соны естігінде
ішімнен бір перне үзіліп түскендей əсерде болдым. Үйге келе жатып
қимастықтан ағыл-тегіл жылайын келіп. Ана жолы шынында мен Анварды
соңғы рет көрген екенмін...
Бірде кəдімгі өңімдегідей анық түс көрдім. Аян түс деген осы болар.
...Ерік аяқ-қолы байлаулы темір төсекте жатыр. Азып-тозып кеткен. Бас
жағында тəрелкеде тілім нан тұр. Соған тілін созады, жетпейді. Бір кезде
мен бөлмеге кіріп келіп аузына əлгі нанды берейін деп жатып оянып
кеттім... Тап өңімдегідей. «Еріктің дəм-тұзы таусылған ғой», – деп ойымнан
шықпай жүрді. Бір күні кенжем Əмина келіп: «Мама бір қаңғыбас «Гуля
бар ма?», – деп сені сұрап тұр» дейді, өзі қорқып кеткен. Жүгіріп сыртқа
шықтым. Қақпаның алдында түрінен адам шошырлық бомж-қаңғыбас тұр.
Жақындағанша «Құдай-ау бомж мені қайдан біледі?» деп ойлап барғанмын,
жақындағанда қарасам... Ерік!..
Қанша тозып кетсе де, қанша қорқынышты болып кетсе де жазбай
таныдым. Менің балаларымның əкесі, жоғалып кеткен «мамасының
жалғызы». Түріне қарап жүрегім аяныштан езіліп қоя берді. «Қанша
қаңғыса да менің есігімнің алдына келіп тұр ғой, жер бетіндегі жалғыз
жанашыры мен деп келді ғой», – деп аяп үйге кіргіздім. Ауызы-басы ісіп
кеткен сөйлей алмайды...
Содан не керек, балалармен жабылып моншаға жуындырып, тазалап,
тырнағын алып, киіндіріп, тамақтандырдық. Кешке қарай əлгі қаңғыбас
тамақ аш өзегіне түсіп кетті ме, тырапай асып талып түсті. Тамыр соғысы
жоқ...
Анда-санда жоғалып кеткен Ерік есіме түскенде бауырларым мен
балаларыма «Əкелерің жайлы жаман хабар алсақ жерлеу біздің міндетіміз.
Оның бізден басқа жанашыры жоқ», – деп отырушы едім, енді менің
қолыма өлуге келген болар деп ойладым. Сонда да жедел жəрдем
шықырттым. Өзім бірге барып басы-қасында жүрдім. Бөлім бастығы
«Комаға түсіп кетті. Сізді енді реанимация жаққа жібермейміз, мына
дəрілерді тауып келіңіз», – деп маған бір бет қағаз берді де, шығарып
жіберді.
Содан бастап ауруханамен екі арадағы сабылыс басталды. Дəрігерлер мені
əйелі деп қабылдап, кейде кіріп шығуыма рұқсат етті. Балалар да менімен
бірге келіп əкелерін көріп жүрді. Бір айға жақындағанда кешке қарай
ауруханадан телефон шалды, «Күйеуіңіз есін жиды», – деп сүйінші
сұрағандай. Қуанып, жылдамдатып сорпамды пісіріп жетіп бардым. «Есін
жиды» дегенге мені тани қала ма десем, байқұс əйтеуір кірпігі қимылдап
жатыр екен. Аузына тығып қойған түтіктерімен дəрімен «тамақтанады».
Менің сорпамды ішуге бір аптадан кейін жарады ғой. Басын көтеріп,
қасықпен тамақтандырып тағы бір ай өтті. Көп сөйлемейді, тамақ беріп
жатсам қолымды қысып қояды. Бетіме қарап ұзақ отырады. Балалар келсе
қатты қуанып, көзі күлімдеп, қолдарын ұзақ ұстап тұрады. Бар махаббатын
солай сездіретіндей. Оның жағдайы жақсарған сайын менің мазам кетті,
жатсам-тұрсам «Ерікті ауруханадан шығарған соң қайда апарамыз, тағы
қаңғытып далаға жібереміз бе?», – деп ойлаймын. Оны тағы далаға
жіберуге менің арым барар ма, үйіме алып келуге қойнымда байым бар.
Қаңғып кетсе, оны көрген балаларым күндердің күнінде «əкемізге
қауқарсыз кезінде қамқорлық жасатпадың» – деп бетіме баса ма деймін.
Игорьге жағдайымды қалай түсіндірерімді, не істерімді білмей дал болып
жүргенде мені Ерік аяғын басып баладай қаз-қаз тұрып қарсы алатын
болды. Палатасына кіргенімнен қуанады, ауруханадан шыққан соң қайда
баратынынан хабарсыз сияқты. Балалар да үйге келсем:
–Папам қалай?
–Бүгін не деп сөйледі?
–Қашан шығады екен? – деп қарсы алады. Қанша айтқанымен əкелері емес
пе, ауруханадан шығып қайда барады деп ешқайсысы ойламайды да. Осы
үйден кетті, осы үйге келеді деп түсінетіндей. Оның тіпті бұл үйге келуге
еш құқығы да жоқ екенін не əкелері, не балалары ойлап жатқан жоқ. Екі
оттың ортасында қалған мен. Игорьдың азаматтығы сол, маған «сен неге
бұрынғы күйеуіңді асырап, тамақ тасып, дəрісін жеткізіп жүрсің», – деп
жатқан жоқ. Оның түсінігінде мен сол кезінде арақ ішіп, азып-тозып кеткен
күйеуіме тек мына бес қызды жасауға қатысты болғаны үшін міндетті
сияқтымын.
Бала байланыстырады деген осы ма? Ортамызда балалар тұрғанда
өткенімді өшіре алмайтын, ұмыта алмайтын болғаным ғой! Анварға деген
от махаббат болды, ортада бала болмаған соң ұмытылды, оны ешкім де,
ешнəрсе де есіме түсіре бермейді. Игорьмен бірге тұрып жүргеніме
жиырма жылға жуықтады, ел жұрт менің күйеуім деп тек бірге көргенде
айтады. Онымен арамызда бір бала болып еді, түсік болды. Сол салтаң
жүргенімізден бе, бəрі балалардың əкесін, танитындары əжелерін еске
алып, менің өмірімді қаласам да, қаламасам да Ерікпен байланыстырып
жатады. Кейде Ерікке де ренжимін, жап-жақсы өміріміздің тоз-тозын
шығарып, əкесінен қалған шаңырақты сатып өзінің басын қаңғыртып
жүрген өзі емес пе. Сөйтіп сергелдеңде жүргенімде:
–Сіздің күйеуіңізді арғы күні шығарамыз, – деді бөлім бастығы шақырып
алып. Мен не дерімді білмей үндемей тұрып қалғаныма таңырқаған
дəрігер,
–Бұдан ары ұстай алмаймыз, қазір жағдайы қалыпқа түсті, сондықтан
шығаруға тура келеді, – деді.
–Дұрыс қой, дұрыс қой, – дей беріппін.
Үйге келгенше Ерікті қайда апаратынымды ойлап басым қатты. Оған деген
аяныштан қан қысымым көтеріліп, жатып қалдым.
Кешке қарай жұмыстан келген күйеуіме бар жағдайды айттым. Ол үндемей
тыңдады.
–Бір жерің ауырып отыр ма? – деді мені қабағымнан танитын əдетімен.
–Ерікті аяғаннан ауырып жатырмын, – деп шынымды айттым. Ол отырған
жерінен жаныма келіп басымды көтеріп құшақтап:
–Мен сені осы қайырымды жүрегің үшін жақсы көрем ғой. Сенің жаныңда
жүрген адам далада қалмайды, – деп көзімнен сүйді. Мен Игорьды
құшақтап алып жылап жібердім.
–Үйдің бас иесі өзіңсің, өзің шеш, – деп салмақ сала сөйледім.
–Ерік сенің көңіліңді қалдырғанымен, ана бес баланың əкесі ғой,
сондықтан оның ендігі орны сол балалардың ортасы. Үйге алып келейік.
Үйдің арғы жағына қаратып есік шығарып бір бөлме қосып салайық. Сонда
тұра берсін. Сен екеуміз осы жағында өз үйімізде тұрамыз. Тек арағын
тастасын, əйтпесе, балалардың мазасын алады, – деп еркекше шешті.
Айтылған күні өмірге əкемізді қайта əкеліп, ай бойы əкемізді баққан
дəрігерлерге тарту-таралғымызды арқалап, басымыз Игорь болып балашағамызбен Ерікті үйге шығарып алдық. Есіктің алдына келгенде Ерік
ыңғайсызданып:
–Мен мұндай құрметке лайық емес едім ғой, – деді.
–Сен осы балалардың əкесі болғандықтан барлық құрметке лайықсың,
досым. Мынау енді сені мен балалардың үйі. Ал, Гүлжан менің əйелім,
біздің үй мына жағында болады, – деп Игорь Ерікке есік ашты.
Жазға салым үйімізге үй жалғанып құрылысын екі еркек жылдамдатып
жүргізді. Балалардың қуанышын көрсеңіз ғой. Əкелерін өздері-ақ бағыпқағып отыр.
***
–Жеті күйеуге тигенді естіген шығарсыз, екі күйеуді қатар ұстаған əйелді
естігеніңіз бар ма? – деп бастады алғашқы сырын.
–Естімеппін, қызық екен. Жалпы, ол біздің менталитетке жаттау ғой.
–Жақында телевизордан бір депутат əйел «еркектер төрт əйел алса, əйелдер
неге төрт күйеу ұстамайды», – деп сұхбат берді.
–Ол əншейін еркектерге ерегесіп айтып тұрғаны шығар.
–Не десе де сол əйелдің айтып отырғаны бүгінгі заман шындығы. Бүгінде
кəсіпкер, бай əйелдер үндемей-ақ төрт еркекпен қатар жүріп жүр ғой.
–Жүрсе жүретін шығар жұртқа білдірмей, бірақ ол тиіп алған емес қой.
–Ондайлар төрт түгіл бір байға да заңды түрде тимейді.
Себебі түбінде дүниесін бөліске салады деп қорқады.
–Сіз қалай екі күйеу ұстап жүрсіз?
–Ол тағдыр құрбым, – деді Гүлжан.
ЖАТҚА ТУҒАН БАЛА
Хикаят
Бұл шығарма Қазақстандағы «Экомед» орталығының негізін қалаушылар
Батыр Қаратайұлы Бекмусаев пен Салтанат Берденқызы Байқошқароваға
арналды.
Оң жақ бүйірі бүлк ете түсті...
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үлкен үйдегі үрей - 16
  • Büleklär
  • Үлкен үйдегі үрей - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2323
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2121
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2010
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1966
    38.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2000
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2105
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 1766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1096
    43.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    64.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.