Latin Common Turkic

Үлкен үйдегі үрей - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 3949
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жанындағы төсек. Үйге келсем, ешкім жоқ. Содан жалғыздықта отырып,
енді қайда барсам екен деп ойландым. Енді кім мені Тұрсынайға ұқсап
есіркеп жұмысқа тұрғыза қойсын. Тағы қандай қорқаудың қолына түсіп
қаламын деген қорқыныш та бар көңіл түпкірінде. «Анам болғанда осылай
басым ауған жақта жүрер ма едім, мен де мектепте сабақты үлгеріп оқып,
ең болмағанда техникумға түсіп оқып жүрер едім. Əкем мен үш жетімектің
түрі анау, аштылытоқтылы. Кірден көздері ашылмай, не ыстық тамақ
ішпей».
«Жақын қарындасы əкеліп тапсырып кеткенде, нəпсісін тоқтата алмай
мына кісінің істеп отырғаны мынау, басқа не істемейді. Зорлап та кететін
шығар», – деп жылап та алдым. Ұйықтап кетіппін, тықырдан ояндым.
Алакөлеңке үйдің ішіне Толғанай кіріп келеді. Басымды көтеріп отырдым.
–Сен жұмыстан келіп қойғансың ба? – деп ол таңырқады.
Мен күнде кештеу келуші едім.
–Мен жұмыстан шығып келдім, – деп турасын айттым.
–Неге? – деп шошып кетті.
–Қыздар келгенше, саған жасырмай айтып берейін, туысың ғой, – дедім де
алғаш танысқаннан бергі ағасының көз салып жүргенін айтып бердім.
–Марат аға қандай ұятсыз, екі баласы, əдемі əйелі бар. Аты – Айғаным. Өзі
осында дəу бастықтың қызы. Марат аға көп ағайынды, əкелері ерте өліп,
қиындықпен өскен. Апамыздың немере інісі. Біздің үйде жүріп өскен.
Тұрсынай сені əкеліп отырғаннан кейін саған тиіскені тіпті ұятсыздық екен.
Кетіп қалғаның дұрыс болыпты, – деп мені аяп, шəй жасап, екеуміз отырып
тамақтандық.
–Енді баратын жерің де жоқ, осында тұра бер, жұмыс іздейік, – деп маған
естиярлық танытты.
Ертесі таңертең Дəмелі апай:
–Əлгі Марат сенің жұмыстан кетіп қалғаныңды естіп мені шақырып алып,
сені тауып, алып кел, қалаған жеріне жұмысқа тұрғызамын, – деп жіберді
деп келіп тұр.
–Мені таппадым де, ауылына қайтып кетіпті деп айт. Қалаған жеріме
тұратындай, менің оқыған оқуым бар ма екен, оған ашына болып Шолпанға
ұқсап жүре алмаймын, – деп қайтарып жібердім.
Содан бастап күнде мектептерге, бала бақшаларға, ауруханаларға барып
өзіме ыңғайлы жұмыс сұрап жүрдім. Ресторан мен кафелерден даяшылық
шығатын көрінеді, бірақ оған жолағым жоқ. Тағы бір бастықтың көзіне
түсіп қалып жүрсем деп қорықтым.
Жер бетін қайырымсыз адамдар ғана жаулап алған жоқ қой, аяғымнан
тозып жұмыс іздеп жүргенде бір балабақшадан күтушілік орын шықты.
Меңгерушісі – Нағима Жүргеновна деген жүзі жылы, байыпты кісі екен.
Өзіне бірден кіріп барып тілдескенмін. Менімен асықпай сұрастыра
отырып сөйлесті де:
–Саған күтушілікті дұрыс көріп отырмын. Арнайы білімің жоқ. Еден
жуушылыққа тым жас екенсің. Сенен жақсы бала күтушісі шығады деп
сеніп, жақында декреттік демалысқа кеткен бір қыздың орнына алайын, –
деп бір тəрбиешіні шақырып алып, мені таныстырып, жұмысымды көрсет
деп жіберді.
Қаланың қақ ортасындағы балабақшаға орналасу маған сондай бақыт
болып көрінді. Толғанайға рақметімді айтып, жұмысыма жақын жерден
пəтер тауып алдым. Онда өзімізбен бірге істейтін тəрбиеші қыздармен
тұратын болдым. Жатын орнымыздың қаржысы балабақшаның есебінен
төленеді. Мен үшін ең негізгісі жатын орнымның тегін болғаны болды.
Тамақты болса да балалармен бірге ішетінбіз.
Маған 3–5 жастағы сəбилер тобы берілді. Жұмыс істеп емес, өзімнің
бауырларыма қарап жүргендей, нағыз өз ортама түскенімді сезіндім.
Балаларға бар ықыласыммен қараймын, олар да балапандардай шүпірлеп
артымнан еріп жүреді. Бірге ойнаймыз, бірге тамақтанамыз, бірге əрнəрсені
үйренеміз. Кешке қарай ата-аналары келгенде ертеңге дейін қимай
қоштасамыз. Сенбі-жексенбіні өткізе алмаймын. Дүйсенбі күні балалармен
сағынып табысамыз. «Гүлжан тəте!,
Гүлжан тəте!», – дегені қандай тəтті. Тілі балдай бүлдіршіндердің қылығы
қандай! Күн аптаға, апта айға қалай ауысып жатқанын білмеймін.
Балабақшадағы тəрбиешілер де, асханасындағы аспаздар да туғанымдай
көрінеді. Бəрін мен жақсы көремін, олар да мені сіңлілеріндей сыйлайды.
Тіпті бізде бірен-саран ер азаматтар да істейтін. Олар келіп-кетіп
техникалық құрал-жабдықтарды тексеріп, су құбырларын жөндеп беріп
тұрады. Көбісі орыстар. Олар да менімен танысып алғалы əзілдесе кететін
болған. Солардың арасында анда-санда бір шақыртумен келіп қалатын
қазақ сантехник жігіт болды. Аты – Ерік. Ұзын бойлы, көрікті азамат.
Сайран деген тəрбиеші келіншек бір күні шəй үстінде:
–Осы Ерік оқымай қалған-ау, əйтпесе киноға түсетін жігіт қой. Қазақтан
сантехник болған соны көрдім, сантехник деген орыс болушы еді, – дегелі
мен де Ерік келгенде назар аударып қарайтын болып алдым. Оның
жуастығы сондай, сөйлеуге ұялады. Ерікті көрсе болды біздегі жас
қызкеліншектер əзілдей сөйлеп ұялғанын қызықтайтын.
–Ерік, қолымыз тимей жатыр бізге торт əкеліп берші, –деп Ғайша деген
келіншек ақша беріп жұмсайтын.
–Жақсы, жақсы, – деп Ерігіміз үлкен тортты алып келіп тұратын. Ақшасын
берсе:
–Керегі жоқ, сіздерге мереке болсын! – деп столға қоя сала кетіп бара
жатады.
–Құры торт əкеліпсің ғой, жүз грамы қайда? – деп Ғайша қойматын. Ерік
ұялып қашқандай болып есікті жауып кетіп қалатын.
Ол кездері адамдар арақ-шарап ішкенге құмарлау еді ғой. Не нəрсе сатып
алса да жуылып, туған күн деген атаусыз өтпейтін. Бақшаның ішінде арақ
ішпегенімен біздікілер де əрнəрселерін үйлеріне жиылып атап, ең
болмағанда асханаларға барып жуып жататын. Той-томалақта қызып алған
біреу төбелес шығармаса, ол той қызық өтпеген деп есептелетін.
Мереке күндері мен демалыс күндері көрген біреулер туралы əңгіме
айтқанда, «Кеше пəленшені көрдім дупль мас» немесе «Пəленше келе
жатыр екен қызып алған», «Ана тойда ана екеуі мас, төбелесіп», – деп
айтудың өзі бір мəртебе сияқты заман болды ғой. Онда жас-кəрі, əйел-еркек
демей ішетін еді-ау. Соның əсері болды ма бізде істейтін қыздар мен
жігіттер де басқосып қалатынбыз. Жігіттер қызулана сөйлеп, қыздар
əлденелерді еске алып жылап қалып тарасатын кездеріміз де болатын.
Сондайда Ерік қана алдына келгенді үндемей қағып салып, төмен қарап
отыра беретін. Бұрын да сөйлеп жарытпайтын жігіт енді тіпті үндемей
қалатын. Отырыс соңында кейде үнсіз басы былғаңдап досы Сергейге
ілесіп кетіп бара жататын. Не біреуді шығарып салу, не Сергейден басқамен
сөйлесу деген болмайтын ғой сабазда. Үндемей жүретін, үндемей
жұмысын істейтін, арақты да үндемей сіміріп салатын. Соның бəрін байқап
жүрдім.
Менен төрт-бес жасқа үлкен жігіт болған соң менімен сөйлескісі келмейтін
шығар деп ойлап жүргенмін. Сөйтсем, ол негізі ешкіммен сөйлеспейді
екен. Біздегі қыздар онымен жақын араласқылары келіп қанша
тырысқанымен нəтиже шықпады. Шақырғанда келіп құбырларын тазалап,
басқа да тапсырылған істерді үндемей атқарып кетіп қалатын. Ал,
Сергейдің келгенін бүкіл бақша білетін, айғай-шу, əн-əзіл маңайы абыр да
сабыр, у да шу болып кететін. Осы мінездеріне қарай Ерікті – мылқау,
Сергейді – шут дейтінбіз.
Ерікпен қалай танысқанымды, қалай табысқанымды айтар болсам,
тыңдаған адам қызығатындай болмас еді. Сондықтан екеуміздің қалай
үйленетін болғанымызды ғана айтайын. Оның маған дейін махаббаты
болды ма, болмады ма білмеймін. Өйткені ол айтпайды. Ал, ол менің
алғашқы махаббатым болды! Кəдімгі қыз болып көңіл бөліп, көрсем көргім
келіп, жүрегім алып-ұшып тұңғыш ғашық болған еразамат осы Ерік болды.
Сайран тəте сыртынан мақтап жүрген соң сол «мылқауға» мен күндердің
күнінде назар аударып қарап жүріп түрсымбатына, тіпті «мылқаулығына»
дейін ғашық болдым да қалдым. «Еркек деген көп сөйлемегені дұрыс,
əйтпесе, анау Сергейге ұқсап əркімнің «шуты» болып жүргеннің несі
жақсы. Үндемесе, сабырлы. Салмақты болып жүреді», – деп оның
үндеместігін өзімше ақтап алатынмын. «Оның келгенін байқамай
қалмайын», – деп алаңдап жүргенімді ол байқап қалса керек, бір күні:
–Гуля, шығып кетші, – деп өзі келіп тұр. Балалардың жатын киімдерін
кигізіп, түскі тыныштық сағатына жатқызып жатқанмын. Есік ашылып,
оның басы көрінгенде қуаныштан жүрегім жарылып кете сақтады. «Иə,
иə», – деп басымды изей беріппін. Балалар ұйықтады-ау дегенде есікті
ашсам, баспалдақта отыр. Мені көріп атып тұрды. Күртесінің алдын ашып
бір букет роза гүлін шығарып маған ұсынды. Көзі нұрланып тұрып:
–Ертеңгі ұстаздар мерекесімен, – деді. Ертең шындығында ұстаздар
мейрамы еді. Мені біреу осындай ұлық мерекемен құттықтайды деп
ойламаппын. Мен ұстаз емеспін ғой.
–Рақмет! – деп ала беріп едім, тағы бірдеңе ұсынды, қораптағы конфет
екен. Оны алар-алмасымды білмей қалып едім:
–Ала ғой, «Құстың сүті» ғой, – деп қолыма ұстатты да, қолымды сыртынан
қысып қойды. «Мылқау» деп жүрген жігіттің мына батылдығы менің жүрек
түпкірімдегі бір нəзік сезімді оятты. Қаным басыма шауып, қып-қызыл
болып, денем қызып кетті...
Менің осынау қыз ғұмырымда кім маған гүл əкеліп, сол кездегі ең аңсар
кəмпит «Құстың сүтін» берген дейсіз. Тіпті ешбір жігіт мен арнайы іздеп
келген де емес. Баяғы құрылыстағы прораб ханзаданың сыртымнан келіп
кеткені болмаса. Мен ойланып тұрғанда Ерік маған қарап қалыпты.
Жанарының нұрлысын-ай! Арбалдым да қалдым. Не бірдеңе айтудың, не
ішке кіріп кетудің жөнін білмей, тапа-тал түсте, жұмыс орнымда жігіттің
гүлін алып тұрмын. Есімді жиып:
–Рақмет! – дедім де ішке кіріп кеттім. Есіктен ене сала есік тұтқасын ұстап,
жабысып, қозғалмай тұрмын. Есіктің сырт жағында жігіттің кетіп бара
жатқан аяқ дыбысы естілмейді. Ол да жүрегі тарсылдап есікке жабысып
тұрғандай... Содан кейін Ерік маған анда-санда жұмыс аяғында келіп
сыртта күтіп жүреді. Мен асығып жетіп келгенде қолымнан ұстап, бетімнен
сүйеді. Сонда қай кезде келсе де мені шараптың жеңіл исі шарпып өтетін.
Сəл тіксініп қалғаныммен оны жақсы көретінім сондай, «Неге ішіп
келесің?», – деп ауыз аша алмайтынмын. Не ол менен бірнəрсе сұрамайды,
не мен одан бір сөз ала алмаймын, үндемей, қол ұстасып қыдырып, мені
пəтеріме əкеліп салатын. Кетерде тағы бетімнен ғана сүйеді. Киноларда
көргендей сүйісуге ол менен ұялады, мен одан ұяламын.
Күздің бір күнінде екеуміз қалалық бақта қыдырып жүргенбіз. Нағыз
ақындар жырлайтын алтын күз. Ұясына батуға асығып бара жатқан күн
бізге жапырағы сиреген ағаштардың бұтақтарының арасынан сығалап
қарайды... Қызылсары жапырақтар аяқтың астында кілемше жайылып
жатыр. Анда-санда ағаш басынан бір жапырақ үзіліп түсіп екеуміздің
аяғымызға келіп құлайды. Бақтың ішінде адам аз. Екеуміз ғана қол ұстасып
жүрміз. Өзі сөйлемейтін жігіт тіпті үндемей қалған. Мен не дейін, қолынан
ұстап келе жатырмын. Үстіндегі қоңыр плащының алдын ашып қойған.
Ұзын бойлы, осындай көркем жігіттің жанында келе жатқанымның өзі
көңілімді қуантады... Парктің ортасында кафе бар еді, соған
жақындағанымызда Ерік:
–Мында кірейік, əңгіме бар, – деді.
Кафенің ішінде адам жоқ. Тып-тыныш. Терезенің алдындағы бір орынға
жайғастық. Сырт киімдерімізді шешіп жанымыздағы орындыққа қойып
қойдық. Мен білгелі қашанда свитер киіп жүретін Ерік бүгін əдемі киініп,
ақ көйлек киіп, мойнына галстук тағып алыпты. Бір-бірімізге қарама-қарсы
қарап отырмыз. Үндемейміз... «Не əңгіме айтар екен», – деп ойлап қоямын,
бірақ сұрамаймын. Даяшы келді. Ерік:
–Сен қалағаныңа тапсырыс бер, – деді.
–Жоқ, өзің бер, маған бəрібір, – деймін.
Қайталап ештеңе сұрамай, өзі тапсырыс берді. Даяшы тағамдарды алып
келгенше тағы үнсіздік басталды. Тамақ келгенде:
–Тамақтансаңшы, кешкі ас уақыты ғой, – деді.
–Асың дəмді болсын! – деп қасығымды қолға алдым.
–Өзіңе де! – деді де ол ыдыстағы наннан бастады. Үндемей тамақтанып
отырмыз, анда-санда көзі күлімдеп маған қарап қояды. «Не əңгіме айтар
екен», – деп ойлап тамағымды əрең ішіп отырмын. Залда екеумізден басқа
жан жоқ. Əлдебір əуен баяу ойнап тұр. Даяшылар да көрінбейді. Бір кезде
барып Ерік:
–Гүлжан, – деді де үндемей қалды қайта. Елең еткен мен оған қадалып
қалыппын. Мені қашанда «Гуля» дейтін. Атымның «Гүлжан екенін қайдан
біледі», – деп ойладым, осы балабақшаға келгелі менің өз атымды атаған
адам естімедім. Тек құжатта ғана «Гүлжан» деп тұрғандай, мүмкін алғаш
танысқанда өзім айтып қойдым ба кім білген.
–Гүлжан, маған күйеуге шықшы! – деді бір кезде барып жалынып
тұрғандай үнмен. Ол орыс тілді жігіт қой, мен оның айтқанын ана тілімізге
аударғанда осылай болады. Сол заманның ағымы ма, біздің аймақта бəрі
орысша сөйлейтін, сондықтан олардың орысша ойлайтыны да белгілі ғой.
Мен білетіндердің бəрі мектепте орысша оқиды, жұмыста орысша
араласады. Отбасыларында да орыс тілінде сөйлейді.
«Неге біз ана тілімізде сөйлемейміз?», – деп қарсылық білдіреген бір
ұлттың азаматын көрмедім. Ауылдық жерлерде біз сияқты үйлерінде
қазақша сөйлесетіндер бар шығар, оның өзі тек қариялары бар
отбасыларында ғана шығар. Ана тілімізде сөйлемегендіктен шығар біздің
мектепте сабақ айтқанда ойымызды анық жеткізе алмайтын кездеріміз
болғаны. Сондықтан шығар Еріктің тілі бар «мылқау» атанғаны. Осылай
қатты ойланып кетіп, үндемей отырып қалсам керек, бір кезде Ерік:
–Менің ұсынысым ұнамады ма? – дейді түрі адам аярлықтай болып.
Тез есімді жинап:
–Ұнайды, ұнайды! – деппін ғой, масқара болғанда. Ол менің жылдамжылдам айтқан түріме, мен оның адам аяғандай түріне қарап күліп
жатырмыз.
–Енді, не? – деп сұраулы қарап тұр. Өзі көп сөйлемейтін адамға мен не деп
сөзді көбейтейін. Басымды изеп, «Иə, Иə»,
–дедім, ол қолын созып менің екі қолымды ұстап:
–Бүгін үйдегілерге айтайын ба? – деді де қуанып, – Менің мамам жəне
əжем бар! – деп мақтанғандай атты. Мақтанса, мақтанатындай екен, біз
төрт ағайынды бір ананың жылуына жете алмай жүрсек, бұл екі ананың
ортасында еркелеп жүр. Қызғанып кеттім, сол аналарына мен де ортақ
болатын болдым деп ойлап қойдым. Екі анам бар дегенге анаға зар болған
сорлы басым іштей қуанып жүрдім.
Сонда он тоғызға енді толған кезім ғой, екі енемнің менен жалғыз ұлдарын
қызғанады-ау деген ойыма да кіріпшықпапты. Ене мен келін арасында бірі
ұлын, екіншісі күйеуін жақсы көріп кейбір жағдайларда талас болатынын
кім білген. Жанындай көріп өсірген жалғыз ұлын сырттан келген бір
қызбен бөлісу оңай ма?!
Сонымен аз сөзбен көп мəселені шешіп қойғандай болып жүргенбіз, бір
күні Ерік «менің туыстарым сенің папаңның алдына баруы керек пе?», –
дейді. «Керек шығар, мен үйге барып əкеме айтып келейін», – деп ауылыма
тарттым.
Үйге келмегелі біраз болған, əкем мен інілерім мен келгенде үйде жоқ екен.
Бір əйел ашты есікті. Басына орамал таққан, көйлегі ұзын – баяғы «Африза
тəтемізге» қарамақайшы ересек əйел мені үйге кіргізген соң:
–Мен осы үйдің Анасымын, – деп таныстырды өзін.
–Мен қызымын, атым – Гүлжан! – деп таныстым.
Ерікке ғашық болғалы жарты жылдай үйге келмеп едім, айтпаса да
түсіндім, əкем тағы бір əйелді үйге кіргізіп алыпты. Ол өзін «Анасымын», –
деп сенімді айтып отыр. Ішімді қызғаныш жалап өтсе де, бауырларым үшін
«анасымын» деп отырған адамды неге жек көрейін. Маңайыма қарап
қоямын, үй тазарып, жинақыланып, балалардың бөлмесінде киімдері
шкафтарынан шықпай қалыпты. Кітаптар сөрелерге жиналып, сабақ
оқитын жеке стол қойылыпты. Мені сыртымнан жақсы біле ме, ештеңе
сұрап əурелемеді, кешке қарай əкем мен бауырларым келгенше ас əзірлеп
күтіп отырды.
Өмірімде бірінші рет өз үйімде өзім қонақ болдым! Біздің үйдің қазанын
басқа бір адам қайнатып жатты.
Қартайып қалғанының белгісі ме, жоқ менің өмірімдегі өзгерістің боларын
сезе ме əкем мені көргенде қуанғанынан жылап жіберді. Біздің үйдің
ішінде ғана емес, үйдегілердің жан дүниесінде де өзгеріс бар еді.
–Тəтеңнің аты – Жібек, ендігі анаң осы кісі, – деп таныстырды əйелін.
Ұлдар баяғыдай бұзық емес, Жібекті «апа» дейді екен. Маған əкемнің
таныстыруы бойынша «Тəте», – деп атауға тура келді жаңа шешемізді.
Тəтем əсіресе, біздің кенжеміз Қуанышты қатты жақсы көріп, еркелетіп
отыратынын байқап, мен қуанғанымнан бауырларымды құшақтап жылай
беремін. Арғы жағымда осылардың ортасынан басқа отбасының отын
жағып, қазанын ұстауғы кететінімді ойлап толқып жүргенім де бар.
Құдайдың бір жарылқағаны сол шығар, сондай жаңа өмір жолына
аттанарда əкем өзіне мейірімді серік тауып, менің көңілімнің алаңдамайтын
болғанын айтсаңызшы. Үйдің жағдайы баяғыдай болса, əкем мен
бауырларым жадап-жүдеп жүрсе, мен қалай үйден шығар едім. Мені
алаңдатқаны тəтемнің тым жүдеулігі болатын. Өзі арық болғанымен үй
шаруасында бір тыным таппайды екен. Қолы босаса отыра қалып ұлдарға
жүн шұлық тоқиды.
Үш күн үйде болдым, мұндай бақытты өмірі көрмеген шығармын. Тамағым
алдымда, қабағыма қарап ана орнында ана жүр. Əкем – алаңсыз,
бауырларым – бағулы.
Енді келген шаруамды айтсам болар деп ойлап, кешке қарай əкем мен
тəтеме қатар отырғызып өз сыңарымды тапқанымды, енді тұрмысқа
шығатынымды ескерттім. «Оның əкесі жоқ, бірақ екі шешесі бар», – деп
оның бар байлығын жеткізіп жатырмын. Əкем менің бойжетіп, сыңарымды
тапқанымды қуаныш көрсе, мен əкемнің сыңарын тапқанына
қуаныштымын.
–Алдымызға келсе күтіп аламыз, мен жақында айлығымды аламын, – деді
əкем.
–Менің де мүгедектікке төленетін зейнетақымды осы үйге келгелі бері
алмай жүр едім, барып жиып келейін, – деді тəтем. Жүрегім зу ете түсті.
Ішімнен «бəсе, неге сонша арық деп ойлап едім-ау», деген миыма келіп
қалды. Тəтем өзері жататын бөлмеге кіріп кеткенде əкем:
–Зейнетақысын Ленинскіден барып алады, – деп қалды. Мен «Тəтемнің қай
жері ауырады», – деп сұрағанша, тəтем кішкентай меруерт көзі бар сырға
алып келіп:
–Меруертті қытайлар бақыт тілегенде сыйлайды екен. Мынау əкең екеуміз
бен бауырларыңнан бақыт тілегені деп қабылда, айналайын, – деп
құлағыма салды. Мен рақмет айтуға шамам келмей, бақыттан жылап
тұрмын. Тəтемнің қолынан қалай сүйгенімді көріп, əкем екеумізді
құшақтап бауырына басты. Ұлдардың қуаныштан көздері жанып, үшеуі
сыбырласады, шамасы менің күйеуге шығатыным олар үшін ерекше
жаңалық болып тұрғандай.
Қуанып жүрмін-ау, бірақ «тəтемнің қай жері ауырады?
«Енді бір бақытқа жеткенде əкемнің қуанышы ұзақ болғай», – деп,
əрнəрсені ойлап ұйықтай алмадым. Кеткенше əкемнен сұрауға ыңғайы
келмеді де, жүрегімдегі бір түйткүл болып кете бардым. Мені автобусқа
бұл жолы қоңыр-сұр жұмысшылардың киімін киген төрт еркектің
ортасында жаулығы ағарып тəтем-анам шығарып салып тұрды. Əйелдің
орны бөлек екен-ау, қарашы бесеуі қалай жарасып тұр, Қуаныш тəтемнің
етегіне оралып алыпты. Осы көрініске көңілім толып, алдағы өміріме
асығып жолда кетіп бара жаттым.
«Алдымызға келсе күтіп аламыз», – деген əкемнің қиялы болмады, Еріктің
шешелері «Той өткіземіз, сонда келгенде танысамыз», – деп орысшалау
үйлену тойын өткізуге əзірленді. Амалым жоқ, ауылға жеделхатпен «Той
бəлен күні, бəлен мекен-жайда», – деп қана жөнелттік. Қарсы болғанда
мені ұғатын кім бар, жыладым да қойдым. Менің неменеге жылағанымды
түсінетін Ерік пе, оның ойынша «той болады, əкесі келеді сонда
танысамыз», – деп жүр.
Қайта əкем дер кезінде түтінін түзетіп алған еді, менің тойыма тəтем мен
Қуанышты алып əп-əдемі болып келгенін айтсаңшы! Əйел деген еркектің
қабырғасынан жаралған деген бар ғой, сол рас шығар. Тəтем тіпті əкеме
көрпе-жастық, ыдыс-аяқ арқалатып келіпті. «Жатын бөлмесінің мебелі» деп
əжептəуір ақша да берді түйіншекпен. Анасыз жетім қыздай емес, жасаужабдықты, жап-жақсы қалыңдық болып Еріктің шаңырағына келін болып
түстім.
«Мен де ортақ болатын болдым» деп қуанған Еріктің аналары қазақша
киіндіріп қойған орыстың кемпірлері сияқты көрінді маған. Таза орысша
сөйлейді, шошқаның майына картоп қуырып, арақ ішіп, темекі шегетін
кісілер. Тойда əкем мен тəтемді құдалар жағы араққа зорлап, тіпті əкемнің
өзіне ұнамады ол қылықтары. Кетерде «Балам, мыналар араққа əуес екен,
байқарсың, күйеуің ішіп кетпесін», – деген ескерту де айтып қалды. Қанша
əйелсіз жүріп төрт баланы жалғыз бақса да менің байқұс əкемнің үйге мас
болып келгенін көрген емеспіз.
Менің «күтуші» болып жұмыс істегенім енелеріме ұнамады.
–Күтуші деген немене, тəрбиеші болмаған соң, күту керек болса бізді-ақ
күт, сонау орталыққа таңерең кетіп, қараңғы түскенде келесің, сонда қанша
ақша табасың? – деп əсіресе, өз енем қоймады. Маған ара түсетін Ерік пе,
үндемейді-ау, үндемейді. Өзі кейде кештетіп көзі күліп, шарап исі шығып
келеді. Сөйтіп жүргенде аяғым ауырлағанын сездім. Енем естігенде
қуанғаны шығар:
–Болды, енді жұмысқа барма, өз балаңа күтуші боласың, – деп күлді. Сонда
да маңайымда шүпірлеп жүретін бүлдіршіндерімді қимай, декреттік
демалысқа шыққанша жұмысқа барып жүрдім.
Тұңғышым қыз болды. Сүтпен көтеріп екіншісін тудым, ол да қыз болды.
Үшіншісін қалай көтеріп қалғанымды білмей жүргенде тағы қыз тудым.
Үшінші қыз туған соң-ақ, енелерімнің ойбайы басталды.
–Мына үшеуін бағып шаршадық, – деп жасы үйден қашып қыдырып кетеді.
Үлкен əжеміз басқа бөлмеге кіріп жатып алатын болды. Жұмысқа шығу
деген жайына қалды. Дəрігерге қаралып сақтанатын жол сұрауға үйде
балалар мен тірліктен босамаймын, сөйтіп жүргенде – төртінші қыз тудым.
Мен балалармен алысып жүргенде төркініме де бара алмадым. Əкем
немерелерін көрейін деп бір келгенінде тəтемнің ауырып жүргенін айтты.
Сонда не ауру деп сұрағаныма «Бұрын туберкулездің жабық түрі еді, биыл
жиі ауыра береді», – деп қиналды. Оның қабағындағы көлеңкені көріп
ышқынып кеттім. Барып қарасуға жағдайым жоқ, «Дəрігерге қаратайық», –
дей беріппін, енді қайтейін.
Келер жылы тағы аяғым ауыр екенін айтып едім, күйеуімнің шешелерінен
қорқатыны сондай, сол қызымды туғанша сездірмеуге тырысты.
–Мама шаршап жүр, енді режитін болды ғой, ең болмаса ұл тусаң екен, –
деп те қалды. Жыларалатып қызды топырлатқаныма айтпаса да өкпелі
көрінеді. Өзі ішудің ашық түріне көшті. Балалар ұсақ, маған қарайласудың
орнына күнде қызуланып келеді. Абырой болғанда ұрыс шығармайды. Өз
төсегін тауып барып, шешінбей жата кетеді.
Енем бір күні менің құрсағымды байқап қалды, мен бірдеңе бүлдіріп
қойғандай, белін таянып жаныма жетіп келді де:
–Ей, сен тағы екіқабатпысың? – деді. Не дейін, үндемедім.
–Ана төрт қыз саған аз ба, байлап тастамайсың ба, ол бəлеңді? – дейді
ұялмай. Үндемеймін.
–Кешке легенге ыстық су құйып, соған отырғызамын, түсіресің! Ана кемпір
өлгелі жатыр, сен бесінші қаншықты туғалы жүрсің, – деп жер тепсінсін.
Қорқып кеттім. Іштегі балаға алты ай болып қалған, қимылдайды. Əжеміз
басқа бөлмеде қиналып жатыр еді. Соған жаны ашып кетіп ашуланған
шығар деп, төмен қарап жылай бердім. Неден осынша жазықты екенімді
өзім де түсінбеймін. Заңды күйеуім бар, Құдайдың берген баласын туып
отырмын. Енем сол күні қызулау екен, қойсашы, жер-жебіріме жетті.
Кешкі тамақты жасап, балаларды жуындырып, енелеріме тамақ беріп
сүрініп жығылғалы жүргем. Бір кезде енем:
–Бері кел бері! – деп айқайлады. Дəлізден дауысы шығып еді ғой, деп жетіп
барсам, шынымен темір легенге буы шыққан су құйып қойыпты. Соған
зорлап отырғызатынын біліп, айнала қашып, сыртқа шығып бара жатыр
едім, шап беріп халатымнан ұстай алды.
–Қаншық, отырасың ыстық суға, – деп сүйреді.
–Маматай, қойыңызшы, бұдан кейін тумаймын, – деп мен есікке
ұмтыламын. Сөйтіп тұрғанда халатымның етегі дар айырылып, босанып
кеттім де сыртқа атып шықтым. Біздің керісті күйеуім жатын бөлмеде
естігенімен шықпайды ғой. Балалар у-шу болып «Мамалап», естияры
жетіге қарап қалған үлкен қызым «Əжелеп» шыңғырып жылап жатыр, оны
естіп жатқан əкелері жоқ. Балалардың есігін сыртынан əжесі орындықпен
тіреп жауып қойыпты.
Атып шыққан қалпымда көшеге жүгірдім, енді қайтейін. Бірақ дауыстап
ешкімнен көмек сұрамады. Көрші Мақсұт атаның үйіне жетіп жығылсам
болды деп армандадым. Маңайда содан жақын үй жоқ еді. Қайта енем бар
дауысымен боқтап, артымнан айқайлап қуып келеді. Аяғым жалаңаяқ еді,
табанымнан көктемгі суық өтіп барады. Осынау сұмдықтан шошыған
ішімдегі балам да бүрісіп қалғандай, бір бүйірімді қап-қатты етіп ауырып
келеді. Шашымды осы үйге келгелі бері қысқартуға да жағдайым жоқ, өсіп
кеткен. Сол жалбырап, халатым желбіреп, жалаңаяқ-жалаңбас шайтанға
ұқсап Мақсұт атаның үйінің есігін аша сала алқынып кіріп бардым. Мына
түрімнен шошып кеткен болса керек, кемпірі:
–Біссімілла, Гүлжантай, сен ба шырағым? – деп отырған орнынан атып
тұрып құшақтай алды. Ата төрдің алдында отыр екен, маған таңырқап
қарап қалды.
–Ата, апа мені өлтіреді, – деп жылап жібергенше, енем де кіріп келді.
–Қашатын жерді тапқан екенсің, ауылбайлар бір-біріңді тауыпсыңдар, –
деп, тағы басқа орысша жаман сөздер қосып ұрсып жатты. Кемпірді
құшақтаған қалпымда есімнен танып кеттім...
...Есімді жиғанда ауруханада жатыр едім. Қайсыбірін айтайын
бойымдағымды тастап қойдым, еркек бала екен. Соны естігенде ішім
өртеніп, Ерікке деген жүрегімде бір тас қатып қалғандай болдым. «Мамам
мен əжем ұл бала екенін естіп жылады», – деді мен ауруханадан шыққанда
өзінше көңіл білдірген күйеуім. Мені қуалап жүріп баламды
тастаттырғанына енем кешірім де сұрамады. Егер ол ұл болмаса мен адам
емес сияқтымын. Енді Ерік «ұлымнан айырылдым», – деп аңырап, айлап
ішті.
Есіктің алдында жаздық үй болушы еді, соны ала жаздай үлкен інім
Талғатты шақырып алып жөндетіп, пеш құрғыздырдым. Енелерімнен
көңілім қалғаны сондай, сол үйге тəтем жасап берген жасауымды алып
бөлініп шықтым. Ерікке үндемедім, «сен не істеп жүрсің?», – деп сұраған
бай болса айтар едім ғой, сол баяғы қалпы «мылқау». Екі үйдің ортасында
жүр. Ішпеген күні менің жаныма қонады, ішкен күні шешесінің үйіндегі
бала күнгі төсегіне барып паналайды. Оңаша шыққалы айқайлап күліп,
еркін ойнап қыздарым жетісіп қалды. Үлкеніме қолым босаса əріп
үйретемін.
Бір күні əкемнен хабар келді, тəтем қатты ауырып жатыр дейді. Баяғыдай
емес, бөлек үйге шыққалы кішкене болса да өзіме-өзім билік ете бастағам.
–Шешем ауырып жатыр, ақша тап, барып келейін, – деп Еріктің құлағын
жеп жүріп бірдеңе алып, ауылға тарттым. Төрт қызды да ала кеттім,
əйтпесе, оларға қарайтын əжелерінің түрі анау. Дəу əженің де жағдайы
қиындап кеткен, соған ие болса да жетер.
Əкемнің неден осынша соры қалың екенін қайдам, мен келгенде тəтемнің
жағдайы тым ауыр болып қалыпты. Соның өзінде байқұс əйел:
–Гүлжантай, келгеніңе рақмет, қарағым. Өз үйің ғой балаларға тамақ беріп
еркін жүріңдер, мен осындай болып қалдым ғой, – деп жатыр.
«Қайран тəтем, біреулер бар денсаулығын құртып арақ ішіп, туған балашағаны қуып жатыр, сен болсаң тумаған бізді бауырыңа басып, бір күн
жарық үшін күресіп жатырсың», – деп ойлаймын да, тəтеме қараған сайын
көзімнің жасы тоқтамайды. Тəтемнің баласы – кенжеміз Қуаныштың
қабағы түсіп, көңіл күйі жоқ. Бала да болса, бір бəленің – жетімдік деген
сұмдықтың тағы келе жатқанын іші сезетіндей. Туған анасынан жөргекте
қалып еді, енді мүшелге толмай баққан анасынан айырылғалы отырған
нағыз тас жетім бауырымды аяғанда ішім өрттей жанады. Құдай-ау қайтсем
тəтеме шипам тиеді деп жанұшырдым. Алоэ мен балды, спиртке қосып
ішсе пайдалы дегенді естіп оны да жасап бердім. Əкем қой сойып,
сорпалап та жатырмыз.
–Шырағым-ай, мені ханшадай күттің ғой, балаларыңның рақатын көр, –
деп батасын береді. Əкем күндіз жұмысқа кеткенде екеуміз əйелдерше
сырласып та аламыз. Мен тегі тəтемді білмеппін ғой, оны біле түскен
сайын, Құдайдан «осындай парасатты жанды бізге қишы» деп тілеумен
болдым. Тəтем соғыстан кейін ата-анасыз қалып балалар үйінде өседі.
Жоғары білімді ұстаз. Күйеуге уақытында шыққанымен бала таппайды.
Содан күйеуі өлген соң көп жылдар жалғыз жүріп, əкеме кездеседі. «Үш
ұлға деген махаббаты үшін болса да тəтем аман қалуы керек», – деп іштей
зар жылаймын.
«Менің де мүгедектікке төленетін зейнетақымды осы үйге келгелі бері
алмай жүр едім, барып жиып келейін, – деп баяғыда менің тойымның
алдында айтқанын естігенде дереу емдеткенімізде тəтем осындай халге
түспес па еді», – деп іштей мүжілем. Біз анадан ерте айырылдық та ананың
махаббатының не екенін білмедік қой, тəтем соның орнын толтырғаны
сондай, ұлдар түгілі мен енді одан айырылғым жоқ, тəтемді қимай түнімен
жылап шығам. Өзімнің отбасымдағы қиындықтарымды ұмытып қалдым.
Ананың амандығының жанында ағайынға өкпе-наз деген əншейін екен.
Қыздарым үшін аман жүргім келеді. «Əкесіз жетім – мас жетім, анасыз
жетім – тас жетім» деген осы.
Мен қанша бақсам да, əкемнің соры қайнап, əйелі өліп қалды. Мен
қайырымды да парасатты тəтемнен, бауырларым тағы да аналарынан
айырылды. Əкемнің сол күндергі қайғысын, оның төрт бүктеліп қалғанын
ешбір сөзбен айтып жеткізе алмаспын. Қараймын да жылаймын, басқа не
істейін. «Папам тəтемді сондай жақсы көрген екен ғой», – деген ой да
келді. «Мені Ерік сондай жақсы көре ма екен. Бір айдан асты ең болмаса
телефонмен мен түгілі балалардың жағдайын да білмеді», деп өкпелеп
қалдым.
Тəтемнің жетісін өткерген соң қыздарымды жетектеп қалаға қайттық.
Менің əкемнің қарашаңырағы баяғы қаралы күйге түсіп – Жарсыз, Анасыз
мені шығарып салды. Төрт еркек көздері жəудіреп суық үйде қалды...
Қайран тəтем... Біздің аз жылғы қуанышымыз...
«Бір айдан асты ең болмаса телефонмен мен түгілі балалардың жағдайын
да білмеді, тумаса да шешем емес пе, соған көңіл білдірмеді», – деп өкпем
қарақазандай болып оралсам, мұндағылардың өкпесі түгіл жүрегі қара
тастай қатып отыр екен. Дəу əжеміз қайтыс болыпты...
Енем қақпадан кіріп келе жатқан мені көргеннен жырды бастап жіберді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үлкен үйдегі үрей - 14
  • Büleklär
  • Үлкен үйдегі үрей - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2323
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2121
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2010
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1966
    38.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2000
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2105
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 1766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1096
    43.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    64.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.