Latin Common Turkic

Үлкен үйдегі үрей - 11

Süzlärneñ gomumi sanı 3901
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
–Енді сүйектерді жинап салып алыңдар, – деді бастық.
Екі жігіт мүше-мүше болып қалған сүйектерді жинап шықты. Бас сүйектегі
көздің орны мен мұрынның орны үңірейіп, жақтың тістері ақсиып кəдімгі
мектепте анотомия сабағында көрсететін басқа ұқсап-ақ тұр. Қабырғалар
бөлініп-бөлініп кетті. Жамбас сүйек ойығынан екіге опырылды. Қаптың
түбінде ғана қалған сүйектерді жоғарыға берді. Маңайында шіріп кеткен
киімнің қалдықтары болды. Оны бөлек қапқа салды. Сандықтың түбінен
баяғы Арсланға сілтенген айбалта шықты. Темірінің асылдығы сондай əлі
тот баспапты да. Тек ағаш сабы шіри бастаған. Оны комиссия мүшелері
тегіс қолдан-қолға өткізіп қарап шықты.
–Осымен өлтірген де сандықтың түбіне тастай салған ғой, – деді бастық.
–Мынау революциядан бұрынғы қару ғой, – деді ересектеу милиция.
–Сонда бұл адамды революциядан бұрын өлтірген ғой, содан бері ешкім
мұнда сандық барын білмеген бе? – деп таңырқады тағы біреуі.
–Біз елу жылдай тұрып келеміз, отынқорадан өмірі отын үзілмеген, ешкім
түбіне қарамаған ғой, – деді Қайрат.
–Міне тарихи оқиға! – дейді Марат.
Айбалта бөлек қалтаға салынды. Сандықтың түбінен тағы да өрнектері
таттан көрінбей қалған екі құмыра шықты. Іші бос. Олар да бөлек қалтаға
салынды.
–Мынау не шашылып жатқан көрпелер ме? – деді бастық.
–Ол осы сандықтың ішінен шыққан, – деді Қайрат.
–Оны да қапқа салыңдар.
Екі жігіт іріп-шіріп, матасы мен жүні қолға ілінбейтін көрпешелерді жинап
қапқа салып берді.
–Сен бəрін жазып шықтың ба көргеніңнің?
–Иə, жолдас майор, – деді кішкентайы.
–Сендердің аты-жөндерің кім, жаздырыңдар, – деді екі жігітке.
–Шапанбаев Қайрат, Шалқарбаев Марат.
–Ағайындысыңдар ма?
–Жоқ, көршілерміз.
–Осы үйде тұрасыңдар ма? – деп бастық енді жөн сұрады.
–Осы үйде тұрамыз.
–Бəрің ана протоколға қол қойыңдар, көрдік деп, – деді бастық.
Бəрі қол қойып болғаннан кейін қаптағы дəлел заттарды есіктің алдында
тұрған мəшинелеріне салып алды.
–Енді өзіміз хабар береміз, алдымен бізге хабарлағандарыңызға рақмет, –
деп бастық екі жігіттің қолын алды.
Содан бері Үлкен үйдің тұрғындары милициядан хабар күтіп жүр
екен.Тіпті Қарқаралының халқы құлақтанып қалған ба, өткенде жұмыста
біреулер Қайраттан шындығын сұрап та қалды. Милиция кеткелі бері екі
үйден ешкім отынқораға аттап баспады. Қайрат балаларына оны ашпаңдар,
деп кілтін Шолпанға тықтырып қойған.
–Милициядан хабар келмей, отынды онда кіргізбейік, өздері келіп
сандықты алып кететін шығар, содан кейін барып пайдаланармыз, – деп
келісті екі отағасы.
–Жеті нанды қашан саламыз, – деген Шолпанға:
–Алдымен анық-қанығын біліп алайық, елді шулатпай. Осы уақытқа дейін
де құрансыз жатты ғой, енді бірер ай шыдар, – деп тоқтатты күйеуі.
Үлкен үйде отырған екі отбасы мүшелері ендігі хабарды аудандық
милициядан күтіп отырғанда Бұлбұл шешесі мен апайын ертіп келіп қалды.
Мараттан бар жайды естіген əйелдер өздерінің көрген-білгендерін айтып,
Шолпанды шақырып алып құпияларымен бөлісіп түн ауа ұйқыға жатты.
Ертесіне Марат «өткенде танысып қалған мойорға барып келейін, не хабар
бар екен», – деп аудандық ішкі істер бөліміне кетті.
–Зерттеу қорытындысы келді. Киімдерінің үлгісіне қарағанда осы
ғасырдың басында өмір сүрген ер кісі, жасы қырықтар шамасында, сол
айбалтамен өлтірілген. Қарақұсынан тиген соққыдан бас сүйегін сынған
деп анықталды. Қазір біз сендердің үйлерің жайлы аудандық мұрағатқа
сұрау салдық. Содан жауап келгеннен кейін осындағы жасы үлкен екі-үш
қарияның басын қосып бала кездерінде естіген, көрген-білгендерін
сұрамақпыз, – деп жағдайды түсіндірді бастық.
–Сүйекті не істейсіздер?
–Əзірге біздің қоймада тұр. Бəрі анықталғаннан кейін сендерге береміз,
өздерің жерлеңдер, – деп тап бір туысқанының сүйегін тауып бергендей
маңғазданып отыр.
–Ал, жақсы. Хабарды тағы сіздерден күтеміз, – деп Марат үйіне қайтты.
Қайтып келе жатып атасының үйіне соқты. Есік алдында атасы мен əжесі
күншуақтап отыр екен. Қақпадан кірген жігітке күн салып қарады, атасы
қарлығыңқы дауыспен
–Маратпысың? – деді.
–Иə, ата. Қалайсыздар? – деп екі қолын беріп амандасты, да əжесінің
бетінен сүйді. Жасында сөзге жоқ Науат бұл күнде тіпті үндемей қалған.
Арқасын сəкіге сүйеп шалқайып отыр.
–Қайдан жүрсің? – деді атасы.
–Мілисадан келем, өткендегі жағдайды білейін деп...
–Е, не болды аяғы, – деп атасы құлағының тұсына қолын қойып, жақындап
отырды.
Марат дауысын көтеріңкіреп бағанағы естігендерін баяндап берді.
Науаттың сөзбен ісі жоқ, мүлгіп отыр. Осы отырысында не тірі екені, не өлі
екені белгісіз. Жасы жетпіске енді келсе де қалжырап қалған.
–Əй, ол онда баяғы Акметовтың жалғыз ұлы шығар, заманында сол
жоғалып кетіпті, үйінің астында тыққан алтыны көп деуші еді үлкендер.
Сендер ештеңе байқамадыңдар ма? Алтынын Қайрат екеуің бөлісіп алған
шығарсыңдар, – деп сөзінің аяғын əзілге айналдырып күлді қарт.
–Ата, үйге Бұлбұлдың мамасы пен апайы келіп еді, ертең келіп тамақ ішіп
кетсеңіздерші, – деді.
–А, құдағилар келді де, жақсы болды ғой, барып сырласып қайтайық, – деп
қуанып қалды. Бір кезде маңызды əңгіме айтатындай қайтадан басын
жақындатып,
–Марат, сен осы Мəріпбек шалды танушы ма едің? – деп көзін сығырайтып
сұрады.
–Естуім бар, бірақ көрген емеспін.
–Сен соны Қайраттан сұра, білсе сол біледі, ол оның əкесімен қатар үйездің
қызметін атқарған. Ертең соны тауып ала келсін. Кемпірі өлген. Немере
балаларының қолында деп естігем. Сенің үйіңнің тариқын бір білсе, сол
біледі, – деп жол сілтегендей болды.
Ертесіне Мараттың үйіне Қайрат Мəріпбек ақсақалды тауып алып келді.
Шалқарбай замандасы мен құдағиын көріп қуанып қалды. Қарттар өткенкеткенді еске алысып, ұзақ əңгімелесті. Сонау фин соғысынан, одан керман
соғысынан аман-есен келіп, ел басқарған ғасыр жасап отырған Мəріпбек
шалдың жадының мықтылығына жастар қайран қалысты. Қайраттың əкесі
Өсер мен Раушанның туған жылдарына дейін шамалап, Шапанбай шалдың
өзінен тарқатып біраз тарих айтып берді. Қайраттың əжесі Əсиқа мен өзінің
əйелі екеуі арғынның ішінде бəсенти деген руынан тарайтынын еске алды.
Қайраттың нағашыларының шыққан тегінен де түк қалдырмады.
Үлкен Үйдің тарихынан да хабардар болып шықты, оны айтуынша:
Үйді салдырған Акметов деген саудагер татар. Одан қалған Арслан деген
жалғыз ұлының перзент көрмей жүріп қазақтан тоқал алған. Халық
Арсланды тоқалын тастап кəмпеске басталғанда қашып кетіпті дейді екен.
Тоқалы аудандық қызыл жағалының бастығына тиіп осы үйде қалады.
Кейіннен тоқал да, күйеуі де осы үйде ауырып өледі. Тоқалдың тапқан
балалары соғыстан оралмайды. Осы үй ұзақ жылдар бойы кеңсе де болған.
Соғыстың алдында Өсер аудандық оқу-ағарту комиссариатының бастығы
болғанда осы үйге отбасымен көшіп келген.
Мəріпбек шалдың естігеннен есінде қалғандары осылар.
–Сонда татардың ұлы кəмпеске басталғанда қашып кеткен емес, оны
өлтіріп, сол сандыққа тығып қойған болды ғой, – деді Шалқарбай.
–Оны аудандық милисаның бастығы өлтірген шығар, –деді Марат.
–Ой, соған бола қолын былғап қайтеді, ол кезе бай десе болды жер
аудартып жіберетін, қайтып келгені болмайтын ол жақтан, – деді Қайрат.
–Бұл адамды осы үйдің ішкі жағдайын жақсы білетін біреу өлтіріп, тығып
қойды, əйтпесе кім сырттан келіп ор қазып, сандық түсіріп оған адам
өлтіріп тығып қойды дейсің, – деп сақалын сауды Мəріпбек ақсақал.
–Бұл сол татардың ұлы болды. Оны жер аударса ерте ме, кеш пе бір қайтып
келетінін біліп əдейі өлтірген. Жұрттың көзінше өлтірсе, не жер аударса
дүниесін кəмпескелеп өкіметке өткізулері керек. Сондықтан қашып кетті
деп қойып, өлтіріп тастаған ғой. Бай татардың алтындарын тығатын
қоймасы бар деп еститінбіз, мына шұңқыр мен сандықты саудагер өзі
жасатқан ғой. Сол əкесінің алтын тығатын жеріне сырын білетін біреу
өлтіріп, баласын тығып тастаған да, байлығын алып алған ғой, – деп
Шалқарбай анық көзбен көрмесе де, естігені бар, көрген-білген өмірлік
тəжірибесі бар Үлкен үйдегі ғасырдың басында болған сұмдықтың
шымылдығын ашты...
ЕКІ КҮЙЕУЛІ КЕЛІНШЕК
Хикаят
Құдағиым Əйгерім Шыңғысқызына арнадым
Онымен ауруханада таныстым. Орта бойлы, қарапайым ғана қазақ əйелі.
Аты – Гүлжан.
Менің журналист екенімді естігеннен жақындап, сұхбаттасқысы келетін
ниет білдірді. Сөзіміз бірден жараса кетті.
–Жеті күйеуге тигенді естіген шығарсыз, екі күйеуді қатар ұстаған əйелді
естігеніңіз бар ма? – деп бастады алғашқы сырын.
–Естімеппін, қызық екен. Жалпы, ол біздің менталитетке жаттау ғой.
–Жақында телевизордан бір депутат əйел «еркектер төрт əйел алса, əйелдер
неге төрт күйеу ұстамайды», – деп сұхбат берді.
–Ол əншейін еркектерге ерегесіп айтып тұрғаны шығар.
–Не десе де сол əйелдің айтып отырғаны бүгінгі заман шындығы. Бүгінде
кəсіпкер, бай əйелдер үндемей-ақ төрт еркекпен қатар жүріп жүр ғой.
–Жүрсе жүретін шығар жұртқа білдірмей, бірақ ол тиіп алған емес қой.
–Ондайлар төрт түгіл бір байға да заңды түрде тимейді.
Себебі түбінде дүниесін бөліске салады деп қорқады.
–Сіз қалай екі күйеу ұстап жүрсіз? – деп сөз басындағы ойды жалғауға
ойыстым.
–Ол тағдыр құрбым... – деді Гүлжан.
Өңінен өмір талқысынан талапайы шыққаны көрініп тұрған орта жастағы
əйелмен əңгімеміз осылай өрбіді.
1
–Мен анамнан ерте жетім қалдым, – деп бастады əңгімесін Гүлжан.
–Əкем мен артымнан ерген үш інімнің ас-ауқатын əзірлеу, кірі-қоңын жуып
тазалау шынашақтай ғана менің мойыныма түсті. Əкем құрылыста,
мұрнына су жетпей жүреді ылғи. Үш інім болса ойыннан босамайды.
Олардың балшыққа батып, топыраққа ойнап келіп тастаған киімдерін
жуғаннан белімді көтере алмай, майысып қалатынмын. Оларға аяқ киім де
шақ келмейді, бір маусымға жеткізбей жұлығын шығарады. Əкемнің тапқан
табысы айлықтан айлыққа жетпей, кейде ұлдар бөтелке жинап, оны өткізіп
тапқан тиынға күніміз қарап қалады. Таңғы алтыда тұрып солардың
тамақтарын ішкізіп, киімдерін кигізіп өзім шығам дегенше мектепке
кешігіп қаламын. Түсте сабақтан келіп кешкі ас-ауқатын əзірлеймін,
киімдерін ретке келтіремін, үйдің бітпейтін тірлігінен босамаймын. Кейде
бауырларым тұмауратып қалады. Соларды қарап, есім шығып кетеді.
Сабаққа əзірленуге мұршам келмейді. Тіпті сабақ кестесін көруге
мүмкіндік болмай, кешегі кітап-дəптерлерімді сол қалпында қайта арқалап
кете беретін кездерім көп болатын. Сөйтіп жетімдіктің кесірінен мектепте
оқып та мандытпадым.
Бізге қарасатын ағайын туыстың қайыры болмады. Əкемнің туыстары
келсе əкеме:
–Өстіп сорлап жүргенше үйленбейсің бе, жұмыстан келгенде ыстық тамақ,
жылы төсек болатын. Қашанғы салпылдап жүресің? – деп ұрсады.
Шешемнің туыстары келсе маған;
–Өстіп жүргенде əкең біреуді үйге кіргізіп алады, өгей шешенің сөзін естіп,
таяғын жеп жүретін боласың, сондықтан тамақты да жаса, кірді де жу, ана
жүгермектерді өзіңе көмекші етіп үйрет, – деп ұрсады.
Бірақ ешқайсысы да мынаны ки, мынаны же деп бірдеңе беріп, не болмаса
інілеріңді əкеліп бүгін үйде бір күн тынығып кет деп шақырмайтын.
Ақыл айтуға бəрі құштар, көмектесуге қолдары бармайды. Əкем бізді өгей
шешеге жəутеңдетпейін деп көпке дейін үйленбей жүрді. Содан он төрт
жасымнан үш ұлдың анасының орнына ана болу, біздің қарашаңырақтағы
əйелдің орнын жоқтатпау менің талайыма жазылды...
Отбасының жағдайын білетін мұғалімдеріміз мені үлгерімім жоқ болса да
сыныптан қалдырмай, қатарларыммен бірге мектепті бітірдім. Қыз боп
қылтимай-ақ қалайша бір азаматқа жар, тағы бір шаңыраққа ие болып
қалғанымды білмей де қалдым. Бірге оқыған сыныптастарымыздың
шамасы келгені жоғары білім алуға Алматы асып оқуға кетті, одан
бергілері осы П. қаласындағы оқу орындарына ілінді, оқуға жарамағандары
жұмысқа тұрды. Мен болсам жұмысқа да тұра алмадым. Себебі мен
жұмысқа кеткенде кім үйдің тірлігін істейді. Сонымен барғызбасым
барғызбас дегендей, үйде омалып қалдым.
Анда-санда сыныптас қыздармен хабарласып, киноға, басқа да мейрамдық
шараларға барып қоямын. «Шіркін-ай, Заряның шешесі сияқты ауру да
болса анам болса ғой, ең болмаса жұмысқа шығып ел қатарлы жүрер едім»,
– деп, үй тірлігінен зəрезап болғаным сондай – кейде түнімен жылап
шығамын. Бала кезден бірге өскен Заряның анасы менің мамамнан бұрын
ауру еді, əлі сүйретіліп келеді. Түріне қарасаң – тірі өлік. Жүріп жүрген
қаңқа. Əйтеуір сол кісінің бар екені қыздарына медет. Төрт қызы да
шамалары жеткенше білім алып алды. Заря да осындағы политехникалық
техникумға түсіп, өзі қалаған аспаздың оқуын оқып жатыр.
Қаршадайымнан көрген азабым алып ұрды ма, қыс шыға бір күні үйде
талып түстім. Құдай сақтағанда əкем сол күні үйде болатын. Соңғы күндері
басым айналып жүрген, табалдырықтан аттай бере етпетімнен сұладым.
Есімді жисам ауруханада жатырмын. Білегімнен ине салып, жаныма
темірге асылған бөтелкелері бар дəрілер қойыпты. Бөлмеде жалғызбын.
Жан-жағыма қарап жатқанда медбибі кірді.
–Ə, есіңді жидың ба, дұрыс болды, – деді.
–Маған не болды?
–Таңеретең алып келді. Минингит деп диогноз қойды.
Байқа енді, – деді де шығып кетті.
Кейін білдім, аудандық ауруханада жатыр екенмін. Таңертең талып
түскенде əкем есі шығып көршінің көлігімен ауданға ала жөнеліпті. Сонда
мамамның жақын апайы медбике болып істейді екен. Соны тауып алып
жатқан қалпымда – мені тапсырып кері қайтады.
Есімді жиғаннан кейін мені үш адамдық палатаға ауыстырды.
Жанымдағылар – орта жастағы əйел мен жастау келіншек болды. Екеуі
менен бұрын есін жиып алса керек, əңгімеден ауыздары босамайды. Мен
тыңдап жатамын. Екеуінің де өмірі жетісіп тұрған жоқ. Кемпір байқұстың
санасыз балаларынан, келіншек байқұстың ішкіш күйеуінен көрмегені жоқ.
Мамамның апайы күнде жұмысқа келерінде маған ыстық тамақ, тəттітұрым əкеліп тастайды. Екі көршіме барымды беріп, олар да барын қосып
ортақ шəй ішеміз. Шəй үстінде əйдə, келіп ақтарылады əйелдер. Бір күні
өзім де енді басталып келе жатқан өмірімдегі азғантай да болса көрген
қиындықтарымды айтып бердім. Сонда кейуана айтты;
–Ойбу, шырағым-ай, бесіктен белің шықпай азап көрген, сенің
жетімдігіңнің жанында біздікі өз жолымызды өзіміз таба алмай адасып
жүрген далбасалық қой. Жылағанның алдынан өкірген шығыпты деген
осы, – деп мені аяп, бетімнен сүйіп «Құдай бақытыңды ашсын», – деп
батасын берді.
Келіншектің аты – Тұрсынай еді. Ауруханадан шыққаннан кейін жазға
қарай бір күні біздің кеңшарда кезесіп қалды. Осында туған апасы тұрады
екен. Соған келіпті. Екеуміз жақын туысын көргендей шұрқырасып
табыстық. Менің сорыма болар қояр да қоймай үйге алып бардым.
Жұмыртқа мен шұжық қосып қуырып, шəй бердім.
–Сол жолғы ауырып шыққалы бері күйеуім ішуді азайтып, ұрғанын да
қойды. Мен өліп қалсам балалардың күні не болады деп əке-шешесі келіп
ұқтырып кетті, – деп қуанып отырып:
–Сен не тындырып жүрсің? – дейді.
–Не тындырам, баяғы бауырларымның кір-қоңынан босамаймын.
–Оқуға түспейсің бе, не жұмысқа тұрмайсың ба? – деді.
–Мен мектепте нашар оқыдым, оқуға жарамаймын ғой. Жұмысқа тұру үшін
біреу көмектеспесе, – деп күмілжідім.
–Қолыңнан не келеді?
–Даяшы, ыдыс жуушы, – деп қайдағы бір тірлік аузыма түскені.
–Менің бір туысым П. қаласында асхананың меңгерушісі, соған айтайын,
сені асханасына алшы деп, – дегені.
Қуанып кеттім, Тұрсынайды құшақтап сүйіп алдым. Сонымен əкем жіберсе
келер жетіге қалада кездесетін болып қоштастық.
–Сен күлгенде сондай сүйкімдісің, көркіңді байқаған адам жұмысқа алмай
қоймас, – деп менің көңілімді көтеріп Тұрсынай кетті.
Мені де ауырып келгелі бері əкем қатты аяп, үйдің тірлігін ұлдарға бөліп
беріп отыратын. Мен көбіне тамақ пісіретінмін. Бір күні жұқалап отырып
əкеме қалаға кететінімді білдірдім. Ол кісі тыңдап отырды да қапаланып:
–Иə, ерте ме кеш пе сен бізден кететініңді білгеміз. Бірақ осылай ешбір
мамандық алмай кетеді демеп едім. Қаланың аты қала, ет жақын туысың
жоқ, бірдеңеге ұрынып қаласың ба деп қорқам, əйтпесе, біз бірдеңе етеміз
ғой мұнда, – деді.
–Сол таныс əйел асханаға тұрғызып берем, – деп айтты ғой, – деп мен
Тұрсынайға сенім білдірдім.
–Барсаң бара ғой, міне бес жылдан асты басыңа осы үйдің ноқтасын
кигеніңе, рақмет, інілерің мектепке баруға жарап қалды, бірдеңе етерміз, –
деді. Содан орнынан тұрып түпкі бөлмеге барып қағазға оралған бірдеңе
алып шықты.
–Мынау сенің жолыңа. Біраз киім алуға да жетіп қалар, –деп маған берді.
Əкеме осы жолы көз тоқтатып қарадым,
«Папам қандай арық!», – деп ойладым. Өзі-өз болып маған тұңғыш рет
киім ал деп берген ақшасын алып тұрып, əкемді аяғаннан құшақтап алып,
жылап жібердім. Басқа тартса аяққа жетпейтін өмірімізден маған
ауыздарынан жырып беріп отыр ғой, байқұс əкем.
–Ой, Гүлжан мен сені бізге естияр деп жүрсем, сен енді өзің еңбек етіп
қаржы табатын боласың, – деп құшақтады өзінше жұбатып.
Жексенбі күні əкем мен үш інім мені нақ бір əскерге шығарған жігіттей,
ауылдың сіріңке автобусына шығарып салып тұрды. Артқы орындыққа
отырып алып, ұзап кеткенше қимастықпен қол бұлғап кете бардым.
Ауылдан тұңғыш рет ұзап шығуым. Оның үстіне жалғыздан жалғыз. Бұрын
ешқайда шығып ел көріп, жер көрмесем де ештеңеден қорқатын емеспін.
Кəдімгі П. қаласында мені бір ет жақын туысым күтіп тұрғандай асығып,
көліктің митың жүрісі жүйкеме тиеді. Көңілім алып-ұшып қалаға да
жеттік-ау. Тұрсынай екеуміз уағдаласқан жерде кездесе қалдық. Содан
қаланың ішінде жүретін автобусқа мініп
«Облыстық құрылыс басқармасы» деген мекемеге келдік. Оның «Асхана»
деген жазуы бар ғимаратына кіріп:
–Марат бар ма? – деп сұрадық кассада отырған əйелден.
–Қайсы Марат? – деп жақтырмады дəу əйел. Тұрсынай сасқалақтап қалды,
жан-жағына қарап, «Былай, толық», – деп денесіне көлем қосып көрсетті.
–Марат Жангалиевич қой, – деп көзі күлімдеп, – Қазір, –деген дəу əйел
ішке қарай маймаңдап жүгіре жөнелді.
–Əкесінің атын қайдан білейін, – деп күлді Тұрсынай өзінің қылығына
ұялып.
Арғы жақтан мойыны денесімен бірдей болып кеткен еркек шықты. Бізді
көре салып:
–Ой, Томка қайдан жүрсің? – деп жылы қарсы алды.
–Сізді іздеп келдім, – деп Тұрсынай қарсы жүріп қолын алды.
–Кабинетке жүр, – деді де бізді жұмыс бөлмесіне алып келді. Өзі
орынтағына отырды. Біз қарсысына екі орындыққа жайғастық.
–Ал, үйдегілер қалай? Не шаруамен жүрсің? – деп жақын тартып сұрады.
Ішімнен қуанып қалдым үлкен кісінің үй-ішін сұрағанына.
–Бəрі аман, мен сізге мына бір туысымды алып келіп едім, – деп Тұрсынай
маған қарады.
–Мен танымайтын қандай туыс? – деп күлді, көзі жымсиып.
–Апамның Лебяжідегі төркінінен. Анасы ерте қайтыс болып жетімдіктен
ешкіммен араласпай өсті. Мектеп бітіргелі бері жұмыссыз. Соны
жаныңызға алсаңыз... – деп маған қамқорсып жатыр.
–Білімің қандай? – деп енді ол кісі маған назар аударды.
–Орта, – дедім.
–Сені қандай жұмысқа алсам екен? – деп терезеден сыртқа қарады. Мен
болсам оның əрбір қимылын аңдып отырмын.
–Ыдыс жуса да, əйтеуір жұмыс болсын, үйренеді ғой, – деп Тұрсынай
қоймайды, мақсаты мені бір жерге орналастыру болып. Ана кісі ыңыранып
əлі отыр, екі көзі сыртта. Бірдеңені бақылап отыр ма, бердеңе ойлағандағы
маңыздана қалатын əдеті ме, ұқпадым. Бір кезде барып:
–Айтпақшы, бұл қыз қайда тұрады? – деді. Біз екеуміз де не дерімізді
білмедік, себебі «қайда тұрамын» дегенді мен де ойламаппын. Тұрсынай
ересек əйел емес пе, тез есін жиып:
–Менің бір таныс қыздарыммен пəтер жалдайды, – деп жауап бере қойды.
Ана кісі енді маған бұрылып ұза-а-а-қ, тесіле қарады. Мен ұялғанымнан
денем қызып, жерге кіріп кете сақтадым. Мен түгіл Тұрсынай да қысылып
барады арсыздау қараған туысынан. Мен енді болмаса қашып шығайын деп
тұрғанда барып:
–Тастап кет, бірдеңе етермін, – деді, мені бір сатуға берген тауар сияқты
қарап.
–Жұмыс тауып бересіз бе? – деп нақтылап сұрады Тұрсынай, мен туралы
мойнына міндеттеме алған адамдай дауыспен.
–Ертең таңертең келсін. Қарастырамын. Сен үйіңе қайтатын шығарсың?
–Иə, қайтам ғой, балаларды көршіге қалдырып келдім, осы қыз үшін, – деді
Тұрсынай. Мен жəй ғана бір танысымның осынша адамгершілігіне риза
болғаным сондай, осыдан жұмысқа алса ұятқа қалдырмайтындай істермін
деп ойлап та қойдым.
–Ал, жақсы. Оралға сəлем айт. Сен ертең кел қарындасым, – деді ағамыз.
«Орал», – дегені Тұрсынайдың күйеуі екен. Асханадан шыққаннан
Тұрсынай менің туған апам сияқты маған біраз қалада жүріп-тұрғанды
үйреткенше аялдамаға жеттік. Автобусқа міндік. «Қайда барамыз?», – деп
сұрауға ұялдым, өзімнің баратын жерім жоқ, қайда апарса да маған бəрібір
еді. Бір кезде барып:
–Қазір менің кенже сіңлімнің пəтеріне барамыз, осында техникумда оқиды.
Соның жанында тұра тұрып кейінірек ақша тапқан соң өзің пəтер
жалдайсың, – деп мені қала шетіндегі жатаған бір үйге əкелді. «Пəтер
жалдау» дегенді ұғамын ба, əйтеуір еріп келемін, далада қалмайтын
болғаныма қуанып.
«Толғанай» екен Тұрсынайдың сіңлісінің аты. Ол да апайы сияқты ақкөңіл
болып шықты. Төбесі аласа бөлмеде үш төсек, бір үстел, қабырғаға ілінген
кітап салғыш сөрелер тұр. Үстелдің жанындағы орындыққа отырған соң
Тұрсынай жағдайды айтып сіңлісіне түсіндірді. Ол:
–Мына бір төсекке жатып жүрген қыз ауылына кетті, соның орнына жата
тұрсын, кейінгісін көрерміз, алдымен жұмысқа тұрып алсын, – деді үлкен
кісіге ұқсап.
Өзі менен бір-ақ жас үлкен. Есеп-қисап техникумында оқиды екен.
–Менің апам «жетімнің маңдайынан сипаған жеті пейіштің есігін ашады»,
«əкесіз жетім – мас жетім, анасыз жетім – тас жетім», – деп отыратын,
өйткені өзі анасыз өсіп, соғыс жылдары көрмегені жоқ болатын, сол үшін
саған жаным қалмай жүргенім, – деді Тұрсынайды ауылына кететін
автобусқа шығарып тұрғанымда.
Шіркін-ай, ана тəрбиесі деген қандай, өзінің төрт баласын біреуге тастап
шала таныс бір жетім үшін осынша жерге келіп, мені жұмысқа тұрғызып,
жататын жеріме дейін ойластырып кетіп бара жатқан Тұрсынайды туған
əпкемдей көріп, құшақтап сүйіп, қимай қол бұлғап тұрдым.
Түнімен алаңдап, ұйқым шала болып ертесі сегізден қалмай асханаға
келдім. Соным дұрыс болған екен, олар жұмысты өте ерте бастайды екен.
Марат ағамды тез тауып алдым, өзімді көре сала:
–Ой, сұлу қыз, өзің айтқан уақытта келеді екенсің, – деп қуана қарсы алды.
Мен бұрын кім «сұлу» деген дейсің, мына сөзінен шошып қалдым.
–Сəлеметсіз бе?! – деп қорыққанымнан əрең амандастым.
–Немене есікте тұрсың, кір бері, – деп бұйырды.
–Бүгіннен бастап аспазға көмекші боласың, кешке қарай асхананы жууға
көмектесесің, – деді де есіктің алдынан өтіп бара жатқан біреуге «Шолпан
кіріп кетші», – деп айқайлады.
Былқ-сылқ еткен «нағыз сұлу» кіріп келді.
–Мына қызды апарып Дəмеліге қос, көмекші болсын, кешке қарай
жиыстыруға да көмектеседі, – деп тапсырды.
Шолпан деген кадр бастығы болып шықты.
–Құжаттарың бар ма? – деді көзін төңкеріп, мені кісі деп тұрған жоқ.
–Жеке куəлік, аттестат...
–Еңбек кітапшаң ше?
–Əлі жұмыс істеп көрмедім...
–Марат Жангалич, еңбек кітапшасын ашамыз ба? – деп еркелей қарады.
–Нені болса да алдымен бізден көрсін, бетін біз ашайық, – деп еді, əлгі
сылқым:
–Сіз де айтқышсыз-ай, – деп, сылқ-сылқ күліп, бөксесін былқылдатып
шығып кетті.
–Осымен бар, жұмысың басталды, – деді маған асхана басшысы.
Мыналардың сөз саптасы, қылықтары бірден ұнамады, ұнамағанда
қайтпекпін, басқа амалым жоқ.
«Дəмелі» деген аспаз болып шықты. Өзі сондай ақжарқын адам. Мені
нұсқап:
–Жақсы болды ғой, маған көмекші келді, – деп əркімге айтып күні бойы
қуанды, тап бір туысын тауып алғандай. Картоп, пияз аршып, көкөністерді
турасып, кетерде қазандықтар мен пештерді жуысып жүрдім. Жұмыс
орнымнан басқа жаққа бармаймын, кеште тура үйге тартамын. Жарты
айдай істеп жүргенімде сыртта Марат Жангалиевичке кездесіп қалдым.
–Сұлу қыз, қалың қалай, көрінбейсің ғой? – деді көзі жымсиып.
–Жақсы, жұмыстамын.
–Жұмысың ұнай ма?
–Жаман емес, – деппін масқара болғанда.
–Жұмыстың жаманы бола ма, «есектің артын жу да мал тап» деген.
Үйреніп алсаң кейін Дəмелі сияқты аспаз боласың. Бірақ ондай болу үшін,
сондай дəу қатын болу керек. Сен шырпыдай екенсің, – деп білегімнен
ұстай алғаны. Ыршып түстім.
–Ойбай, асауын қара! – деп ырсылдап күлді. Үндемей төмен қарап тұрмын.
Сөйтіп тұрғанда Шолпан келіп қалғаны:
–Марат Жангалич, жас қыздарды айналдырып тұрсыз ба? – деп көзін
төңкеріп қылымси күлді.
–Жас қыздардың білегі сенікіндей қайдан болсын, шырпы сияқты, – деп
оны құшақтай алды. Анау былқ-сылқ етті де қалды, көзін қиылдырып:
–Жүрегі де біздікіндей е-м-е-е-с, – деп əндетті.
Марат анандай сылқым əйел тұрғанда мені қайтсін, ұмытып, əукесі
салбырап соның соңынан кетіп бара жатқанда мен аялдамаға қарай қаша
жөнелдім. Жүрегім тарсылдаған қалпымда тоқтап тұрған автобусқа міндім.
Біразға дейін қорқып, əрең басылдым.
Бір күні асханадағылар: «Бізге Марат Жангалич келеді екен», – деп абыр да
сабыр бола қалды. Бəріміз аяғымыздан тозып, зырлап жүрміз. Ыдыс-аяқ
түгілі қабырғаға дейін қырып жудық. Бір бөлмеге дастарқан жайылды.
Оның үстін Дəмелі мен бұрын көрмеген дəмдермен толтырды. Ол Кеңес
одағының заманы ғой, басшы біткен жүз грамдатып жүретін. Сондықтан
үстел шетіне арақ-шараптың да мен білмейтін түрлері самсатып қойылды.
Бөксесі былқылдап Шолпан кемінде бес рет келіп үстелдің қалай
жасалғанын тексеріп кетті.
Бастық бейне асхананы тексеруге емес, той дастарқанына отыруға
келетіндей. Халық аяғы саябырсыған сəтте кешке қарай асханаға
бастығымыз келді-ау. Алдымен қасында Шолпан бастаған үш-төрт адамы
бар басекең асхананың залынан бастап, барлық бөлмелерін шарлап шықты.
Біздің
«кухня», – деп аталатын бөлімімізге де келді. Топты адам есіктен кіргенде
мен бірдеңе жуып жатқанмын, басымды көтеріп амандастым. Бастығына
жағынып жүрген топ мені қайтсын, менсінбей қарап өтіп бара жатыр еді,
бастық өзі қайта бұрылып қарап:
–Ə, Гүлжанка, қалайсың? – деп жаныма келіп иегімнен көтеріп көзіме бітік
көзімен жымсиып қарады. Май басқан бет тақалып келгенде зəрем ұшты.
Даусым дірілдеп:
–Жақсы, – дедім. Маған бастықтың көңіл бөлгені Шолпанға ұнамай қалды,
маған жақындап келіп, бөксесімен қаға:
–Марат Жан-гал-ич, – деп əндете, – Анау бөлмеде Сізді керемет дастарқан
күтіп тұр, – деп алдына түсе жөнелді.
Мен байғұс сасқан үйрек артымен жүзеді дегендей артыма қарай шегініп,
келесі есікке кіріп кеттім. Ұяттан өртеніп барам əрі «Шолпан енді мені
жұмыстан қуып жіберетін шығар», – деп қорқып та барамын. Сөйтіп аяққа
оралып жүргенімде Шолпан бізге қайта айналып кірді де:
–Сен қыздың көлеңкеңді көрмейтін болайын! – деп тістеніп шығып кетті.
Дəмелі жағдайды түсіне қойды:
–Сен бастықты танушы ма едің? – деді мүсіркей қарап.
–Мені апайым сол кісіге əкеп таныстырып кеткен, – дедім.
–Ана жүрген жеріне шөп шықпайтын бəленің көзінше бастықтан аулақ
жүр. Оны ол иемденіп алған, – деп сыбырлады.
Өзі бес биенің сабасындай, мінезі салмақты Дəмелінің аузынан сөз
шықпаушы едім, мына сөзі Шолпаннан біраз қорлық көрген адамның
шағымындай естілді. Үндемедім, не дейін, мен сол қабан сияқты
бастығына көрінейін деп жүр дей ма екен. Соның жымсиған көзін, майлы
бетін көрсем жүрегім айниды. Пиғылы да дұрыс емес екенін бала да
болсам ішім сезетін.
Бастық жанындағылармен біраз улап-шулап отырды. Шолпанның
сылқылдаған арсыз күлкісі «Жан-гал-ич, Жангал-ич», – деген жағымпаз үні
бізге естіліп тұрды. Өмірімде мұндай отырыс болатынын, біздер сияқты
құлдары басшылары көңілін көтеріп болғанша күтіп отыратынды бірінші
рет көруім. Олар түннің ортасына қарай бөлмеден шығып жатты, мен
көздеріне түспеуге тырысып түпкірге қарай қаштым. «Анау қайда?», – деді
бір кезде Шолпан есіктен қарап Дəмеліге. «Кім?», – деді ол екеумізден
басқа ешкім жоқ, мені сұрап тұрғанын білсе-дағы. «Сенің көмекшің».
«Осында еді ғой, Гуля, а Гуля», – деп айқайлаған Дəмеліге көрші бөлмеден
шыға келдім. Мені көрген Шолпан:
–Ей, сен біздің артымызды жинап болып барып кетесің, – деп ұзын
тырнақты быртиған саусағын безеді. Үндемей солар отырған бөлмедегі
дастарқанды жинайын деп кетіп бара жатыр едім, шалғышымнан тартып:
–Қайда, қайда... Марат Жангалич шыққан соң барасың,
–деп плитаға қарай итеріп жіберді. Абырой болғанда тамақтар түсіріліп, от
өшіріліп тұрған. Мына қорлықтан қысылып, көзімнен жас бұрқ етті.
«Керек еді маған сол қабан» – деп ішімнен бір бұрқ еттім де артқа
шегіндім. Мені бір нұқып жеңіске жеткендей болып масайрап Шолпан
кетіп бара жатты: «Жан-гал-ич, Жан-гал-ич», – деп айқайлап. Жаныма
Дəмелі келді.
–Қызым, оның сөзін көңіліңе алма, кетіп бара жатып боғын саған жиғызып
қоймақшы ғой. Осындай байсыз бала тапқан қатындардың заманы болды.
Оларды «мать-одиночка» деп əспеттеп, пəтерді алдымен осыларға береді,
ол ұятсыздар бастықтарынан бала табады, – деп ақтарылып алды. Кейін
білдім, үш баламен пəтер жалдап жүрген, бес жылдық тəжірибесі бар
Дəмелінің отбасына бермей, «Павлодарстройға» келген пəтерді жарты жыл
істеген Шолпан алыпты. Шолпан мен бастығының артын жиыстырып
Дəмелі екеуміз түннің бір уағында қайттық. Біздің жаққа баратын көлік
қатынасы тоқтап қалыпты. Жұмысқа жақындау жердегі Дəмелінің пəтеріне
жаяулап-жалпылап жеттік-ау. Келе ұйқыға кеттік, ертесі демалыс болатын
сағат онға қарай бір-ақ ояндық. Бізбен бірге балапандарға ұқсап Дəмелінің
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үлкен үйдегі үрей - 12
  • Büleklär
  • Үлкен үйдегі үрей - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2323
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2121
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2010
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1966
    38.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2000
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2105
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 1766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1096
    43.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    64.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.