Latin Common Turkic

Үлкен үйдегі үрей - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 3958
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1966
38.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
заттарын сатып қайыра пойызға мінді. Келерінде тас-түйін болып отырған
келіншектер қайтар жолда ашылып, бір-біріне əңгіме айтып, купені
дуылдатып келді. Бұлбұл олармен жақын танысып, достасып алды.
Үйде жұмыссыз отырған Бұбұлға май сатып Жамбылға бару ұнағаны
сондай Ұлжалғас апайы, Кəмила үшеуі бір топ болып бұрынғыдан да көп
тауармен жолға шығатын болып алды. Өздері айтпақшы, қолдары жүріп,
қалталарына қаржы түсіп, үйлеріне ырыс кірді. Жамбыл мен
Қарағандының арасы екі ауылдың арасындай жақын көрініп кетті.
Бұлбұлдың саудасына Марат та үйреніп алды, сапардан келетін күні
Қарағандыдан барып пойыздан күтіп алады, кетерде шығарып салады. Бір
жылдай сауда жасап жүріп жеңіл мəшине сатып алды. Марат онысымен
аудан мен ауылдың екіарасына жолаушы тасып, тиын-тебен табады.
Бастарында үйі бар, астыларында көлігі бар, қатарларынан қалмай келе
жатқанымен екеуінің де жүрек түпкірінде бір перзентке деген зары
болатын. Бір-біріне айтпауға тырысқанымен, іштен мүжілетін. Бұлбұл
пойызда келе жатып, Марат қара жолда келе жатып армандайтын бір жаман
баланы...
Бір жолы Жамбылда Бұлбұл ауыр көтергеннен белінен шойырылып
жатақтан шыға алмай қалды. Баяғы зырылдақ əйел сорпа-су беріп күткен
болып жүрді. Бөлмеде екеуінен басқа ешкім жоқ, бəрі саудамен кеткен,
түскі ас ішіп отырған.
–Сіз енді осылай жата бермей бір емшілерге көрініп алмайсыз ба? – деді
қызметші əйел.
–Қайдағы емшіге барам, бұрын мұндайым жоқ еді, кеше жəшікті жерден
бірден көтеріп алғаннан болды. Қарағандыға барған соң дəрігерге қаралам
ғой – деді Бұлбұл ақталғандай.
–Бізде қазір бəрі емші мен көріпкелге қаралады, доғдырға барсаң
пропискаң болмаса қарамайды, – деді əйел.
–Осы сенің атың кім? – деп Бұлбұл келіншекті жақын тартты.
–Меркүл.
–Меркүл, осында тумайтын əйелдерді емдейтіндер бар ма? – деп сұрады
турасынан, апайының «оңтүстікте қазір көріпкел-емшілер де көп шығуда.
Бес жыл болды тек гинекологке бара бересің, мүмкін жолың байланып
тұрған шығар, ондай да болады екен», – дегені есіне түсіп.
–Қаладағыны білмеймін, мен ауылдан келдім, біздің ауылда бір əже бар
соған əйелдер қаралып жатады. Менің жеңгем бір баладан кейін баласы
тұрмайтын, он жылдан кейін сол əжеден емделіп былтыр қыз туып алды.
Қазір еңбектеп жүр, – деді Меркүл.
–Сен мұнда тұрмайсың ба? – деп таңданып сұрады.
–Жоға-ə, мен Шудан келіп істеп жүрмін. Осындағы жатақтың кірін жуып,
тамағын істеп ақша табам. Ауылда екі ұлым бар, шешемде. Күйеуім ішіп
қоймаған соң ажырасып кеттім. Өз күнімді өзім көріп жүрмін. Саудаға
жарамаймын, жүрегім дімкəс, – деді. Орысшалау Бұлбұл «дімкəс», – деген
сөзді мардымды түсінбесе де «ауру» дегені шығар деп ойлап қойды.
–Менің де денсаулығым шамалы. Күйеуге тигеніме жеті жылдан асты
баламыз болмай жүр, сондай бір емші болса қаралсам деп едім, – деп
ішіндегі ойын жасырмады.
–Сіз біздің ауылға бармайтын шығарсыз, ол алыста. Егер жақын жерде
ондай адам болса сізді ертіп барайын, – деп Меркүл ықылас білдірді.
Бұлбұл ары-бері аунаған сайын белі сырқырайды, Меркүлді сөйлете берсе
ауруы білінбейтіндей:
–Күйеуің неге ішіп кетті? – деді.
–Ой, біздің ауыл бұрын колхоз болған сол тарап кетті де бəріміз жұмыссыз
қалдық. Күйеуім водовоз айдайтын. Көлігі қаңырап қалды, өзі басында
мал-жанға қарап жүруші еді.
Кейіннен ауылдың жұмыссыз еркектері қарта ойнап одан қалса арақ ішіп
тозып кетті ғой. Ол да соларға қосылып кетті. Тауып жатқан ақшасы жоқ,
неменеге жетісетінін білмеймін, ішпесе жап-жақсы, ішіп алса сабайтынды
шығарды. Балаларымды алып əкемнің үйіне қашып кеттім – деп байғұс
əйел сөйлеп жүр, сөйлеп жүр. Зыр қағып сыртқа да шығып келеді, ішке де
кіріп келеді. Қазандыққа қарап та үлгереді.
Оның сөзін тыңдап жатып Бұлбұлдың көзі ілініп кетіпті. Сарт етіп ашылған
есік пен Кəмиланың зор дауысынан оянып кетті. Артынып-тартынып
көтеріп келген қытай сөмкелерін есік алдына қатарлап тізіп жатыр. Өзі
бірнеше, көлемі де үлкен. Дəл сондай сөмке арқалап Ұлжалғас апайы да
келді. Жастықтан басын көтеріп қарап жатқан сіңлісіне
–Булька, енді қайтарда осылай қырғыздардың тауарын елге арқалай
кетеміз, жақсы болды – деп қояды.
Ертесіне сол қытай сөмкелерді үш əйел арқалап Қарағандыға қарай бет
алған пойызға мінді. Бұбұл белі қиралаңдап келе жатса да сыр бермеуге
тырысып екі қолымен екі сөмке сүйретіп келеді.
Келесі жолы келгендерінде Меркүл Бұлбұлға іштартып қарап:
–Бұлбұл, қалай беліңіз жазылып кетті ма? – деп жатыр, арқалап келген
заттарын да ішке тасысты.
Кешке қарай оңашалау сəтті пайдаланып,
–Мен сізге бір емшінің мекенін біліп қойдым, – деп сыбырлады. Бұлбұл
елең етіп:
–Жүр, сыртқа шығайық, – деп жеңінен тартты.
Бірі – оңтүстіктен, екіншісі – солтүстіктен, бірі – орысшалау, екіншісі –
қазақылау екі əйел жатаған үйдің сыртында сырласып тұрды.
–Ол əйел осы қалада қабылдайды екен, аты – Дəмеш апа. Өзі Қазалы
жақтың ақұдайы, – дейді Меркүл өзінше емшінің шыққан тегін түсіндіріп.
Оның «ақұдай» дегенін Бұлбұл түсінген де жоқ:
–Жақсы біле ма? – деп жатыр.
–Өзі көріпкел, өзі емші. Былай емдейді екен, – деп алақанымен алыстан
Бұлбұлдың денесін шарлап шықты.
–Экстрасенс па?
–Иə, иə, – дейді Меркүл. Сол сөзді орысша айта алмай.
–Тумаған əйелге де массаж жасайды екен, Алматыға барып та халықты
емдепті. Жұрт деген артынан сабылып жүр, – деп Бұлбұлға жиған
анықтамалықтарын жылдамжылдам айтып, түсіндірді.
–Барайық, қашан барамыз, – дейді Бұлбұл көңілі алыпұшып.
–Оған алдын ала жазылу керек дейді, мен ертең барып жазылып қоям. Сізге
қай кез ыңғайлы, – деді Меркүл де қуанып.
Ертесі Бұлбұл саудасын қалай жасағанын білмейді, жатаққа қайтқанша
асықты. Есіктен кіре Меркүлді іздеді. Ол əлі келмепті. Бұлбұл қайта-қайта
есікке алаңдап мазасы кетті. Əйтеуір бір уақытта Меркүл келді-ау. Екеуі
бір-бірін айтқызбай ұғып, сыртқа сытылды. Бұлбұлдың қолында түйіншегі
бар.
–Не болды, жазылдың ба? – болды Бұлбұлдың алғашқы сұрағы.
–Күні бойы үйден шыға алмай, түс ауа əрең шықтым. Қаланың сыртында
екен, əрең тауып бардым. Барғанымды қайтейін, кеше кетіп қалыпты. Енді
қашан келетінін ешкім білмейді, – деп көңілсіз аяқтады сөзін Меркүл.
–Енді не істейміз? – дейді Бұбұл осы шаруа оған емес, Меркүлге керектей.
–Сіз қашан қайтасыз?
–Арғы күні қайтатын шығармыз, киім-кешекті алып үлгерсек, – деп
күмілжіді көңілсіз Бұлбұл.
–Жарайды, сіз уайымдамаңыз, қайта келгеніңізше біреуді тауып қоярмын, –
деп мұңлық əйелді жұбатты замандасын.
–Саған сенем, Меркүл. Мынаны балаларыңа алып бар, – деп қолындағы
түйіншегін берді. Желім қалтада сары май, шұжық, бірнеше балық
қалбыры бар еді. Еңбегіне бергенін үндемей түсінген Меркүл зып еткізіп
қолтығына тыға қойды да:
–Рақмет, – деп Бұлбұлдың жағдайын жанымен түсінген əпкесіндей бетінен
сүйді. Екеуі үнсіз ғана үйге кірді.
Сол жолы қырғыздың базарынан алған киім-кешек салған ала дорбасын
арқалаған Бұлбұл көңілсіздеу болып Қарағандының вокзалынан түсті.
Екі аптадан соң Ұлжалғасқа ілесіп тағы оңтүстікке бет алған пойызға
мінді...
Жатаққа жете Меркүлді іздеді. Əшейінде алдыларынан шығып, зырылдап
жүріп шəйін беретін келіншек көрінбейді.
–Меркүл қайда? – деп сұрады сол жерде жүк тасып жүретін балақайдан.
–Меркүл əпше ауылына кеткен, – деді бала.
–Қашан келеді?
–Білмеймін, – деп міңгірлеген бала арбасын итеріп ауладан шыға берді.
–Булька, тез жиналсаңшы, не болды? – деп терезеден Ұлжалғас дауыстады.
Ауланың ортасында дел-сал болып тұрған келіншек не істерін білмей
баспалдаққа барып отыра кетті. Меркүлмен бірге оның ауылына бар үміті
кетіп қалғандай. Егер Меркүл келмесе, өмірі жолы болмайтындай.
–Əй, саған не болды, бір жерің ауырып тұр ма? – деп үйден апайы шықты.
Бала кезінен үлкен апайының айтқанын екі етпей үйренген байғұс:
–Жоқ, – деді де əпкесінің соңынан тайлақтай ере жөнелді.
Ертеңіне саудадан келсе алдарынан зырылдап Меркүл шықты. Бұлбұл
қуанғанынан бассалып сүйіп амандасты.
–Үйге барып келдім, апам ауырып қалыпты, соған дəрісін-өкілін алып
бердім. Балалардың мұғалімдерімен сөйлестім, – деп алдымен шаруасын
айтып алды.
–Жақсы болыпты, мен сені біржола кетіп қалған шығар деп едім, – деп
Бұлбұл уайымын айтты.
–Қайдан, мен жұмыссыз қалсам, бəрімізді кім асырайды. Сонау жерден
қолыма нақты ақша алатын болған соң келіп жүрмін ғой. Осы үйдің иесі
апай біздің Шудан, соны маған сеніп жалға өткізіп отыр. Үйдің тазалығын,
бүтіндігін қарап, келген-кеткеннен есеп аламын. Осында жататындардың
төсек-орнын жуып-тазалап, тамағын əзірлеп қосымша ақша табамын.
–Содан екен ғой зырылдап жүретінің, – деп күлді Бұлбұл.
–Енді саған жаңалық айтайын, Өзбекстанның Ферғана деген жерінен бір
əйел шығыпты. Емі сұмдық дейді. Кезекте жұрттар апталап тұрады екен.
Оған бару да керек емес екен. Бір ақ шаршыға үш сом түйіп баратындардан
беріп жіберсең болғаны.
–Шаршы деген не?
–Ақ орамал ғой басқа байлайтын. Соны алған күннен бастап бір жетінің
ішінде сен ұйықтап жатқанда əруағы келеді екен. Ол үшін бір бөлмеге жеке
ұйықтау керек екен. Терезенің желдеткішін ашып қою керек екен. Тек бас
жағыңа нан, тəрелкеге салып құмшекер қойып қоясың. Əруақ келсе, қантқа
саусақпен сызып белгі салып кетеді, сол күні түс көресің ауруыңа қатысты
дейді. Соған бізден баратындар бар екен, шаршы беріп жібер, атыңды
жазып, мен апарып берейін, – деп адам таңқаларлық жаңалық айтты.
–Сонда ол емші мені қалай емдейді?
–Сен ұйықтап жатқанда əруағы келіп емдейді, сен тек түс көресің, – деп
қояды Меркүл өзі көзімен көргендей.
–Қызық екен, онда мен де бір орамал беріп жіберейін, –деп күлді.
–Қой, күлме, ем болмай қалады, – деп Меркүл қорқытты.
Кететін күні Бұлбұл аппақ орамалға үш сом қосып желім қапшыққа салып
Меркүлге үлкен үмітпен берді. Екеуінің сыбырласып тұрғанын көріп
қалған Ұлжалғас:
–Булька, сен ана зырылдақпен неғып жабысып жүрсің? –деді жақтырмай.
–Жəй, бірдеңе сұрадым, – деді əпкесіне қатты сөйлемейтін əдетімен.
–Сол не біледі дейсің, – деп əпкесі дүңк етті. «Ұлжалғас», – деген атына
сай еркек сияқты. Оған сырласып бірдеңе айтып та болмайды, өзіне
қарамай тағы жұртты менсінбейді. Құдай оңдағанда өзі сияқты абажадай
бір еркекті тауып алғын, балалы-шағалы болып отыр. Шаршап-шалдығып
пойыздан түскенде ұлы мен қызы алдынан шығып күтіп алып құшақтап,
сүйіп жатады еркекшалыс шешелерін. Кейде дарылдап күйеуі де шығады,
балаларын ортаға алып абыр да сабыр боп үйлеріне келеді. Өз
бақыттарынан жандарында келе жатқан бұған қарауға да шамалары
келмейді. Ондай адамға қай бір сыр айтсын, үндемей қоя салды, бар үміті
Меркүлде болып.
Сол жолы үйге қайтарда көңілі алып-ұшып келе жатқан, соны сезгендей-ақ
Мараты күтіп алды. Екеуі қалаға қонбай сол бойы ауылға тартты.
Қарағанды мен Қарқаралының арасы үш сағаттық жол. Бұлбұл жоқта
күйеуінің де іші пысып қалған екен, ауызы жабылмай ауылдағы естіген
қызықтарын айтып келеді.
Бұлбұл батылы барып Маратқа Меркүл жайында, Ферғанаға жіберген
орамал жайында жайлап айтып берді. Марат мазақтайтын шығар деп
қорқып жүр еді. Ол сабырмен тыңдап жақында бір досы Сары Əулие
дегеннің Алматыдағы стадионда жүргізген еміне қатысқанын айтты.
–Сонда гипноздан біреулер билеп, біреулері құлап жатады дейді.
Телевизорда да емшілер көбейді. Егер көмегі тиер десең көрін, – деді.
Келгеннен үш күннен кейін Бұлбұл жеке бөлмеге терезенің желдеткішін
ашып жалғыз жатып жүрді. Ойы алаңдап, бас жағына нан, тəрелкеге салып
құмшекер қойып қояды. Көрген түстеріне де мəн беріп отырады. Келер
жетіге жолға шығармыз деп жүргенде Ұлжалғас апайынан хабар келді,
«Аяғымды қайырып алдым, бір-екі аптадан соң жолға шығайық», – деген.
Өзі де көңілі алаңдаулы Бұлбұл қуанып кетті.
«Марат сен барып апайды көріп кел, мені тұмауратып қалды деші. Мен
ешқайда шықпай Ферғанадан хабар күтейін», – деді. Əйелінің ықыласы
емшіге біржолата ауғанын сезген Марат айтқанына келісіп Қарағандыға
кетті.
Сол түні Бұлбұл үйге əдеттегідей Марат жоқта шақыртатын көршінің
баласын шақыртып алмады, Ферғанадағы апасының əруағы келсе
шошытып алмайық деп жалғыз қонды. Телевизор қарап кеш жатты. Жатар
алдында терезенің пердесін ысырып, желдеткішін ашып тастады. Ай толып
туған екен. Дала дап-жарық болып көрінеді. Жатарда киетін іш киімін
киген келіншек наны мен құмшекерін тағы бір тексеріп барып төсегіне
жатты.
Күллі дүние көктен түскен ай сəулесіне шомылып тұрды... Үлкен үйдің
Бұлбұл жатқан терезесінің пердесі сəл дірілдегендей болды да осы үйдің
иесінің баяғы елесі бөлмеге енді. Арылы-берілі бөлмені шарлады. Содан
төсекте ұйықтап жатқан келіншектің жанына барды. Үстіндегі ақ
жамылғысын алып тастап, ұзақ қарап тұрды. Бір кезде баяу аяғын сипады.
Содан қолы жоғарылай кеудесіне жеткенде келіншек қозғалып кетті. Елес
шегініп барып аяқ жағына тұра қалды. Денесіне тиген жұмсақ қолдың
табынан оянып кеткен Бұлбұл көзін ашпады. «Мені əруақ келіп емдеп
жатыр», – соны шошытып алмайын деп тып-тыныш жата берді. Ұйықтап
жатқандай болғанымен көңілі ояу. Əйелдің оянып кеткенін сезгендей
болған елес терезенің пердесін баяу қозғалтып шығып кеткендей болды.
Оны Бұлбұл да сезінгендей əсерде қалды. «Аяғымнан жоғары қарай
сипалап емдеп кетті, енді бір жақсылық болар», – деп ойлап жатып қайта
ұйықтап кетті. Таңға жуық түс көрді.
...Мазар аралап жүр екен. Жанында Меркүл бар. Бір мазардың астын қазып
жатыр, сандық шығыпты. Қақпағын ашса, ішінде бала жатыр. Қуанып кетіп
қолына көтеріп алса мысыққа айналып қолынан секіріп түсіп қаша
жөнеледі...
Кештеу оянды. Көзін ашып алып біраз жатты. Түсі тайға таңба басқандай
анық көкірегінде сайрап тұр. Есіне құмшекер түсіп кетті, атып тұрып
тəрелкеге қарады. Еш өзгеріс жоқ, беті түндегі тегістеген қалпында тұр.
Терезеден сыртқа қарады. Қайраттың үш баласы сыртта жүр. Бүгін
демалыс екені есіне түсті. Өзінің осынша көп ұйықтағанына қайран қалды.
Төсек-орнын жиыстырып жалғыз отырып шəй ішті. Терезеден көріп тұр,
Шолпан тəтесі кір жайып жатыр, шолжаң қызы анасына жабысып бірдеңе
айтып тұр. Көбей мен Мерей тарсылдатып бірнəрсені бөлшектей бастады,
біреуі ұстап тұр, екіншісі балғамен соғып жатыр. Арғы жағында Санаты
бірдеңе тасып жатыр. «Ағай жұмыста шығар, көрінбейді. Марат қайтып
келетін-ді бүгін», – деп ойлап сыртқа беттеді.
–Бұлбұл, сен үйде екенсің ғой, жақсы болды, отын қораның кілтін таба
алмай жатқанымыз, – деп Шолпан жақындады.
–Мен осы аптада жолға шықпаймын, апайым ауырып қалыпты, Марат
соған кетті. Өздеріңіз қалайсыздар? – деп көршісіне амандасты.
–Жақсымыз. Ағаң бүгін отын түсіртем, отынқораға бөлшектеп тасып
алыңдар деп балаларға айтып кетіп еді, сонымен айналысып жатырмыз, –
деді Шолпан.
–Кілт бізде болуы керек, өткенде Марат ашып жүрген, – деп үйге кіріп,
босағада шегеде ілулі тұрған кілтті алып шығып берді.
Кешке қарай Марат келді.
–Қалай оңашада апаң келді ма? – деп күлді. Бұлбұл денесі əлденені
сезінгендей болғанын, бірақ құмшекерде еш өзгеріс жоғын айтты да түсін
жасырып қалды.
–Мамаң өткенде Целиноград жаққа қонаққа барған екен сол ауылда бір
кемпір көріпкел бар деген соң арнайы барыпты. Сен туралы да түсіпті
құмалағына. Келесі аптада Ұлжалғас сені жолға шығамыз деп шақырды.
Соған барғанда сұрап аласың, – деп басы бар, аяғы жоқ бір хабар əкелді
күйеуі.
Маратты көріп үйге Қайрат кірді. Екеуі қол алысқан соң қора жаққа
айналып бір шаруаны кеңесуге кетті.
–Қайрекең отын түсіріпті, мен көмір түсіретін болдым. Ертең сол отынды
күні бойы бұтарлап қораға кіргізіп алатын болдық, – деп келді біраздан
кейін қосағы.
Мараттың əкелген хабарынан кейін қызығушылығы оянған Бұлбұл аптаны
əрең өткізді. Төркініне келгенде анасын алдымен іздеді. Қанша
шыдамсызданса да апасы əңгімені өзі бастағанша сұрамады.
–Өткенде Қалиманың қызының құдалығына Аршалы деген жерге бардық.
Толған қазақ ауылы екен. Құдалықтан кейін Қалима «осында бір көріпкел
бар екен, соған барып шығайық, Талғатжан туралы не дер екен», – деп
қоймаған соң көңілін жықпай бардық, – деп əңгімені өзі бастады. Талғат
деген кіші əкесінің баласы Алматыда оқып жүргенде Желтоқсан оқиғасына
қатысып, саперлердің күрегінен таяқ тиген дей ме, содан бері ауру, сал боп
қалған. Апармаған жерлері жоқ, еш ем қонбайды.
–Алдымен Қалима кірді, не дегенін айтпай мені «сен де кір», – деп кіргізіп
жіберді. Кəрі кемпір екен, ақ жаймаға құмалақ шашып сөйледі. Алдында
құран, қамшы, тəспі жатыр.
«Жолың ақ, тілегеніңді орындалып отыр екенсің, бір қызың перзент көрмей
сол жаныңа батады екен, шын ба?», – деді.
«Иə», – деп басымды изедім. Əлгі кемпір кекіріп-кекіріп жіберіп, «Олар
жаңа қонысқа ауысқан ба?», – деді. Қайдан біледі, құдай-ау, деп ойлап
отырғанымша, «Сол үйде əруақ бар. Ол үйде жас өлім көп болған, соның
шешімін тапқанда барып қызың ұл да табады, қыз да табады». «Ол үшін не
істейміз?», – дедім сасқанымнан. «Сондағы көне көз қарттардан үйдің
сырын сұраңдар», – деді. Содан есім шыққаны сондай қолымдағы ақшамды
бермей шығып кетіппін, үйінен ұзағанда барып есіме түсіп қайта кірдім де
қолақысын беріп шықтым. Содан жолда ойладым, сенің ендігі қайтқаныңда
ере барып Науат құдағидан сол үйдің жайын сұрасам деп отырмын.
–Əжелеріңнің памяты қалай? – деп орысшалап қойды.
–Білмеймін, сол үйде өмір бойы отырды дейді ғой, бірдеңе білетін шығар, –
деп қорқыңқырап қалды Бұлбұл.
Ертесіне тағы оңтүстікке қарай пойызға мінген келіншектің ойынан шешесі
айтқан «ол үйде жас өлім көп болған, соның шешімін тапқанда барып
қызың ұл да табады, қыз да табады», – дегені кетпей қойды. «Меркүл не
жаңалық дайындап отыр екен», – деп тағы ойлады.
Меркүл алып-ұшып қарсы алды. «Сендерді келіп қалар деп-ақ отыр едім»,
– деп қуанады нақ бір құдалары келетіндей. «Дəмеш апай келіп сеанс
жүргізіп жатыр, мен бүгін барып жазылып келейін», – деп кешке қарай
үйден шығып кетті. Саудагер əйелдер енді жатайын деп жатқанда оралды.
Оның есіктен кіріп басқа бөлмеге өтіп кеткенін байқап қалған Бұлбұл
төсегінен атып тұрып артынан жүгірді.
–Қабылдап жатыр екен. Жазылып келдім, ертең сағат кешкі беске. Бола ма?
– деді.
–Қалай барамыз, Ұлжалғасқа не дейміз? – деп енді Бұлбұл сасқалақтады.
–Не дегені несі, шындықты айт. Менімен барам да келем де.
–Мен одан жасырып жүр едім ғой...
–Емделем де. Массаж алам де.
–Жарайды, түсіндірермін, – деп Бұлбұл өз бөлмесіне кетті.
Ұлжалғас көзілдірігін мұрнының үстіне қойып алып кіріс-шығысын
есептеп əлі жата қоймапты.
–Сестра, секретный сыр бар, – деп еркелей кірді сіңлісі.
–Не сыр, осы Меркүл сенің оңтүстіктегі əпшең болып қалыпты ғой, – деп
осы жақтың диалектісімен əзілдеді.
Бұлбұл одан əрі түсін салқындатып апайына емші жайында, ертең
қабылдауға баратыны жайында айтып шықты. Сіңлісінің бала көтермей
жүргені жанына батып жүрген ол, айтқан сырын сабырмен тыңдады.
–Ертең сен сағат төртте кете бер, қалғанын өзім аяқтармын, – деп
жанашырлық білдірді.
Ертесі Меркүл базарға келіп Бұлбұлды алып қаланың шетіндегі емші
қабылдайтын үйге тартты.
Дəмеш апа əулі-жайы кең жер үйді жалға алып, ем-шара жүргізіп жатыр
екен. Есік алдында ақ халат киген екі қыз тізіммен кезекті сақтап кіргізіп
отыр. Келуші деген көп. Жас нəрестеден таяққа сүйенген қартқа дейін бар.
Əулінің ішінде қатарлап қойылған арқалы сəкілерде отырып күтеді. Бұлбұл
мен Меркүл алдымен қыздарға барып кезегін біліп алды да, сəкіге келіп
отырды. Бұлбұл атын атап шақырғанда алдын ала белгілеп қойған ақысын
төлеп емші қабылдайтын бөлмеге кірді.
Дəмеш – қасы-көзі қап-қара, жүзі нұрлы, адамның көзіне тура қарамай
сөйлейтін орта жастан асқан көрікті əйел екен. Қалың, қара шашы қобырап
басында шөмеле сияқты үйіліп тұр, оған бантик формалы қыстырғыш
бекітіп алыпты. Киім үлгісі де бүгінгі сəн үлгісінен алынғандай. Емшіден
гөрі жоғарғы оқу орнының профессорына ұқсайды. Өзі креслода отырып
қабылдайды екен. «Қайдан келдің?», – дегеннен басқа ештеңе сұрамады да.
Содан кейін орнынан тұрып, қасына келіп басынан төмен қарай қолымен
ауаны кесіп биоток жібергендей болды. Одан кейін төсекке жатқызып, ішін
басып көрді.
–Жатырыңа суық тигеннен тамырлары жабысып қалған. Жеті күн осында
боламын, уқалап берейін, жолы ашылады. Басың ауыра бере ме? Өтің
толық, содан. Сарыағаштың емін алсаң жақсы болар еді, – деді де қайтадан
орнына отырды.
–Мына кісі емші емес профессор сияқты ғой. Құмалақ та салмайды, тек
қолымен сыртынан жүргізеді де қояды, – деп шықты Меркүлге.
–Не деді?
–Жеті күн массаж ал, – деді.
–Ендеше кезекке қайта жазылайық, – деп Меркүл. Кеште апайына көргенбілгенін баяндады.
–Массаж алсаң ал, кешке қарайғы уақытқа жазыл, бəрібір біз киім-кешек
алғанша бір жеті өтеді. Əйтеуір жаныңа сеп болса болғаны, – деді апайы
азапқа түсіп жүрген сіңлісін аяғандай.
Ертесі сол уақытта тағы келіп ем алды. Тек жетінші күні келгенде ғана
Дəмеш апасы,
–Еліңе барған соң үйіңді аластат. Осында базардан адыраспан деген шөп
бар соны ала кет те үлкен кісіге аластаттыр. Қонған қоныстарыңда бір
əруақ бар, молда алып келіп оқытсаң да артық болмайды, – деді.
Көрген-білгенін апайына айтты.
–Шынында осы сенің үйіңде бірдеңе бар, сендер көшіп барды дегенде
менің енеме сол ауылдағы бір кемпір «Ол үйден қызыңды алып кет, онда
көп əйелдер өлген дейді. Ол баяғыда үлкен бір татар байының салғызған
үйі. Сол шал түнімен үйде жүріп шығады», – депті деп тіпті шошытып
жіберді.
Сол жолы сапардан оралған Бұлбұлдың əңгімесін естіген шешесі:
–Ойпырмай-ə, Аршалыдағы апаның айтқанымен дəл келіп тұрғаны-ай. Енді
қайтсек екен. Ертең сенімен шығып кетейін, – деп жолға жиналды.
Бұлбұл апайы мен анасын алып Қарқаралыға келсе жаңалықтың көкесі
осында болып жатыпты...
Мараттың айтуынша Қайрат көршісі екеуі бірлесіп қысқа көмір, отын
əзірлеп алмақшы болады. Марат мойнына көмірді алса, Қайрат отын
түсіріп, бұтарлап қораға енгізіп алуға келіседі. Бұлбұл өткенде жолға
шығып бара жатқанда Қайраттың бала-шағасы жабылып отын бұтап
жатқан болатын. Екі күн бойы бұтаған отынды енді қораға жиып алайық
деп Қайрат отынқораға кіріп көреді. Үлкен үйдің астындағы жартылай
жерді қазып жасалған қабаттағы бөлме. Онда жарты ғасырдан бері тек
бұтарланған отын жиналып қойылады, соғыс жылдары да сол дəстүр
үзілмеген. Жыл сайын жазда қысқы əзірлік жасалып, қыстан қалған
отынның үстіне жаңа отын жиналып қойылатын. Көмір соған жапсарлас
жартылай бөлмеге түсіріледі де шелекпен Үлкен үйдің жоғарғы қабаттағы
пештеріне тасылатын.
Қайрат кіріп көріп еді, қыстан қалған азғантай отын тым шіріп кеткендей
көрінді көзіне. Ол сыртта жүрген Маратты шақырды,
–Марат, мына отындарды алдымен жағып тастайық, тым шіріп кетіпті.
Қашанғы екенін Құдай біледі. Бұған дейінгілер тек үстіне тастай берген
ғой. Сондықтан бəрін сыртқа шығарып, ішін тазалап, жаңа отындарды
алдымен жинап алайық. Мыналарды бетіне қоялық, – деп ұсыныс айтты.
Көршісі ағасына не десін, келісе кетті. Екеулеп отындарды сыртқа тасып
тастады.Түске дейін тасып болып қалғанда Шолпан түскі асқа шақырды.
Тамақтанып келген екі еркек қайта келіп енді ішін тазалай бастады.
Қатарлап жиналған отындардың астына киіз төселген болып шықты.
–Ой, сол кездің адамдары-ай, тіпті отын су болмасын деп киіз төсеп
тастайтын болған ғой, – деп Қайрат киіздің шетін тартып қалып еді, əбден
шіріп кеткен киіз іріп кетті. Енді екеуі іріп кеткен киізді зембілге салып
сыртқа тасыды. Содан кейін барып ағаштың қоқымы мен киіздің қалдығын
сыпыра бастады. Бір кезде ең түпкірдегі қоқымды сыпырып жатқанда
қарайып бірдеңе көрінді. Қайрат еңкейіп ұстап көріп еді, темір қақпақ.
Қолына ілгегі ілінгенде жоғары тартып қалды. Жарты ғасырдан астам қол
тимегенге шіріп кетіпті. Бөлініп-бөлініп қалған қақпақты əрең ашты.
Соның бəріне қарап тұрған Марат қайран болды. Қайрат лып етіп төмен
секіріп түсті. Аяғы жерге тіреліп, басы ғана көрініп тұрды. Еңкейіп,
салдырлатып тағы бірнəрсені ашты. Марат жақындау келіп қарады.
Екеуінде де үн жоқ. Қайрат темір əбдіренің қақпағын ашты. Ішінде көрпе
сияқты бірдеңелер нығыздалып салыныпты. Қайрат оларды сыртқа тастай
бастады. Бəрі іріп кеткен, қолға ілінбейді. Шіріген дүниені сыртқа
лақтырып жатқан Қайраттың бір кезде жан дауысы шығып,
–О, əкеңнің, – деп шошып кетті де, – Марат, мына сұмдықты қара, – деп
жылдам сыртқа секіріп шықты.
Марат еңкейіп қолын созып көрді. Қолы жетпеді. Қаракөлеңкеде ешнəрсе
анық көрінбеді. Секіріп үңгірге түсті. Сандықтың ішіндегіге қол тигізіп
көрді.
–Скелет! Адамды өлтіріп, тығып қойған ғой, – деді сыбырлап, өз
дауысынан өзі шошып сыртқа секіріп шықты.
–Иə, сонда бұл кім болды екен? Біздің өзіміз осында елу жылдай тұрып
келеміз, сонда бұл сұмдық қашан болған? – деп шұңқырға қайта түсіп,
сүйекті қайта ұстап көрді. Үгітіліп кетті. Шошып кеткен Қайрат
шұңқырдан секіріп шықты,
–Қой, Марат, үлкен кісілерге айтайық, – деді даусы қарлығып. Мараттың
есі шығып, дауысы шықпай қалғандай, не дерін білмейтін де сияқты
мұндайда.
–Қазір кеш болып қалды ғой, ертең атаңды жəне бір-екі қарияны,
милицияны шақырып көрсетейік, өз бетімізбен ештеңеге тимейік – деген
Қайраттың сөзіне тоқтап, отынқораның есігін кілттеп екеуі екі бөлінді.
Ертесі таңазаннан Мараттың шақыруымен үйіне балдағын тықылдатып,
басы қалтаңдап Шалқарбай келді Любасының қамқорлығымен. Біраздан
кейін милицияның мəшинесімен екі формалы азамат келді. Қайрат пен
Марат отынқойманың кілтін ашып, бəрі топырлап ішке енді.
Жерге жартылай орнатқан терезеден жарық түсіп тұр. Бір бұрышта
бұтарланған отын үйіліп, екінші бұрышта шіріп, тат басқан темір қақпақ
ақтарылып жатыр. Маңайында шашылып жатқан көрпенің шіріген
маталары мен жүндер. Түпкір жағынан шұңқыр көрінді. Бəрі еңкейіп
қарады. Оның ішінен темір сандық көзге шалынды. Қайрат секіріп түсіп,
сандықтың қақпағын ашты. Бүктеліп жатқан адам қаңқасын көрген көздер
шошынып, еркектер бірауыздан «Біссіміллə!» деп үркісіп кетті. Тіпті Люба
да «Ой, Алла-ай», – деп жіберді. Милицияның өкілі:
–Адамның қаңқасы. Бірден тиіспеңіздер, алдымен ойласып алайық. Мүмкін
сүйекті зертханаға жіберіп анықтатармыз, сіз сыртқа шығыңыз, – деп өз
шаруасына кірісіп кетті.
Қайрат шұңқырдан секіріп шықты.
–Біздер осы үйге көшіп келгелі бері бұл жерді отынқора деп бейсауат адам
кірмейтін мұнда. Өмірбойы отын үзілмеген соң оның астында шұңқыр
барын, онда сандық жатқанын шортым біліп пе? – деді Үлкен Үйдің ең кəрі
тұрғыны, тоқсанға келген Шалқарбай ақсақал.
–Отынмен бізде тек еркектер айналысатын, – деп қояды Науат жүруге
жарамай, үйден шықпай қалғалы бəйбіше болып əулетке билік жүргізіп
алған Люба.
–Мен ес білгелі мұның кілті біздің үйдегілерде болатын, оны алып
сандыққа адам тығатындай ешкімге бере қоймайтынбыз, – деп Қайрат аңтаң.
–Сіздер енді кілтке жабыңыздар есікті, мен сыртынан белгі соғып, печать
басамын, арнайы комиссия келмей бұл есікті ашуға болмайды, – деп
милиция өкілі салақтаған сөмкесінен қағаз, қалам шығарып жаза бастады.
–Мұнда балаларды да жібермеңіздер, қағазды жыртып тастамасын, – деп
қояды.
Қайрат есікті жауып, кілтін милицияның өкіліне тапсырды. Еркектер
топырлап жоғарыдағы Мараттың үйіне көтерілді.
–Бұл үй «ақшамен самауыр қайнатқан саудагер», – деп Қарқаралы үйезіне
аты шыққан Акметовтың салдырған үйі екен. Осында бала-шағасымен
біраз жыл тұрған. Кейіннен жалғыз ұлы қалып оның өзі кəмпескеге
ұшыраған деп еститінбіз. Содан кейін бұл үй ұзақ жылдар Кеңес өкіметінің
конторасы болыпты. Соғыстың алдында біраз жыл есік-терезесі жабық та
тұрған. Сол кезде біреу келіп жаңағы сүйекті тығып кетпесе. Мұнда
алдымен Қайраттың көкесі Өсер Оқу Комиссары болып тұрғанда көшіп
келіпті. Одан кейін мен ауданға қызметке тұрғанда бізге екінші жағынан
есік шығарып алыңдар деп берді. Онда адамдардың пейілі кең ғой,
жетпейтін не бар екеуміз екі жағынан есік шығарып алдық, содан бері елу
жылдан асты Өсер екеуміздің ұрпақтарымыздан басқа ешкім тұрған емес,
отынқора екі үйге ортақ болып келеді, көмірді де бірге ақша шығарып
түсіріп аламыз – деп бастады əңгімені Шалқарбай ақсақал.
–Осында жұмбақ өлімдер болған дейді, – деп өз естігенін Марат та айтып
қалды.
–Иə, мен білгелі бұл үйден соғыс жылдары Өсержанның əйелі Раушанның,
анасы Əсиқаның, менің екі келінімнің, Қымбат деген сулулығымен аты
өңірге жайылған немеремнің сүйегі шыққаны шындық. Имандары салауат
болсын! – деп бетін сипады.
–Менің Ырысты деген үлкен қызым да ауырмай-сырқамай кетті, – деп
қосылды Қайрат «өлді» деуге аузы бармай, анасы Шолпанның əлі күнге
қызын аңсай есіне алып жылап отыратынын ойлап.
–Осы жұмаға соларға арнап шелпек салайық, – деп қояды Люба.
Ертесіне жанына тағы үш-төрт қызыл жағалына ертіп кешегі милицияның
өкілі келді. Қайрат пен Маратты ілестіріп барып отынқораның есігін ашты.
–Сандықты шығару керек! – деп бұйырды бастығы.
Екі жігіт темір сандықты ары-бері қозғап шығара алмады.
–Онда қаңқаны қапқа салып шығару керек, қолдарыңа қолғап киіп
алыңдар, – деді.
–Сен көргеніңнің бəрін қағазға түсір, – деп бір жас милицияны жазуға
отырғызып қойды.
Марат үйінен Бұлбұлдың сауда жасағанда киетін қытай қолғабының екеуін
алып келді. Екі жігіт кендір қапқа қаңқаны салып алмақ болып екі жағынан
ұстап еді, қаңқа үгітіліп кетіп, бөлек-бөлек болып қалды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үлкен үйдегі үрей - 11
  • Büleklär
  • Үлкен үйдегі үрей - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2323
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2121
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2010
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1966
    38.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2000
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2105
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 1766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1096
    43.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    64.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.