Latin Common Turkic

Үлкен үйдегі үрей - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3931
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Раушанды «Жұлдыздыдан» бидай таситындар арбамен үйге əкелді.
Келінінің қан-сөлсіз, имиіп арбадан əрең түскенін көріп енесі шошып кетті
де бас салып жылап жіберді дауыс салып:
–Құлыным-ау, не болды, сүйегің қалыпты ғой сүйретіліп, – деген даусы
жүйкені шымырлатты. Батима мен келіні жетті етектеріне шалынып.
–Апа, үйге кірейікші, – деуге шамасы əрең жеткен Раушан арбадан түсті.
Арба айдап келген Күлжамал деген атжалмандай əйел еді, Раушанды
көтеріп алып үйге тартты.
–Ойбай, өзі жүре алмай ма, немене? – деп арғы-бергі ата-бабасының
əруақтарынан демей гөр, жебей гөр деп жалбарынған Əсиқа артынан
зарлап еріп келеді. Күлжамалдың алдына түсе сала есікті ашып, төрге
көрпе-жастық тастады. Ағыл-тегіл жылап жүр.
–Қойыңызшы, жеңеше, жамандық шақырмай. Келінің аман-есен, тек кеше
бойындағысын тастап қойды. Соны өзіңізге алып келдім, – дегені сол еді
Күлжамалдың, ойбайдың көкесі басталды.
–Бəсе, түрі жаман қудай еді. Е, шұнақ Құдай, маған қайдан қос ұл берсін
деп ем-ау. Бір қызығымның екеу болғанын көп көрдің бе, шұнақ Құдай? –
деп жылай жүріп келінінің үстіне көрпе жапты. Еріп кіргендер не істерін
білмей есік түбіне иіріліп қалды. Əсиқаның ойбайы естерінін
жаңылдырғандай. Раушан əлсіз үнмен:
–Апатай, қойыңызшы Өсер аман келсе он ұл тауып берермін, – деп енесінің
қолынан ұстай алды. Əсиқа сонда барып есін жиып, жан-жағына қарап:
–И... И... барма дедім, сол мектепке көнбеді. «Мен де ел қатарлы соғысқа
үлес қосайын» деп отырып алды. Аман болсаң, болды, – деп келінін
құшақтап сүйе бастады.
–Ойбу, отырсаңдаршы, қайтейін енді, есім шықты ғой, есім шықты, – дей
берді.
Қайрат əжесіне бір, шешесіне бір қарап не істерін білмей тұрды. Əйелдер
көрпе шетіне жайғаса бастағанда, шешесінің аяқ жағына барып қисайды.
Бір жаманшылықтың болғанын жан дүниесімен сезеді, бірақ не екенін
түсінбейді. Əйтеуір, ауырса да анасының көзіне көрінгеніне іштей ғана
қуанды. Əжесі шешесіне сорпа əзірлеп жатқанда Қайрат «енді көкем келсе
ғой. Қуаныштың мені ойынға қоспайтынын айтар едім. Көкем сонда
оларды үйлерінен қуып шығады. Сонда аулада баяғыдай көршінің
балаларын шақырып алып шыбық атпен бəйге ойнаймыз», – деп қиялдап
жатып ұйқыға кетті.
Əсиқа елден келген-кеткенге сəлемдеп жатып бір тоқты алдырып келінін
жас сорпалап жатып, есін жидырды. Өзі нəзік неме еді, екі көзі алақандай
болып, боп-боз болған Раушан екі аптадан соң ғана үйге кіріп-шығуға
жарады. Аралықта Өсерден хат алды.
Ешбір сүйеуі жоқ үшеуі бір-біріне серік, үшеуіне Өсерден келген хат қуат.
Əсиқа:
–Тағы бір қайтара оқышы, əке-шешемнің хатын, – деп қоймайды. Əлсіз,
дірілдеген даусымен Раушан бəленбайыншы рет оқып шығады. Анасының
жанында Қайрат қайталап отырады. Жан көкесінің хаттарын баяғыда-ақ
жаттап алған. Құдды əжесі айтып беретін батырлар жыры сияқты, сайрап
қоя береді, шешесімен жарысып «оқиды». Оған əжесі мəз:
–Тіпə, тіпə. Көкесінің хатын жаттап алыпты. Тұяғынан айналдым
артындағы. Көкесі сияқты əлі-ақ ел сұрайды. Апасы сияқты мұғалім қыз
алады, менің жанторсығым! – деп «əндете» жөнеледі.
Кеш бата үшеуі пілте шамның жарығына үймелейді. Əркім өз тірлігімен
айналысады. Əжесі – ұршық иіреді, апасы – майданға шұлық тоқиды,
Қайрат – жер үстелде етпеттеп алып, «жазу жазады». Онысы қаріптер,
шешесінің қадағалауымен қара таныған түрі.
Биыл қыстай əріп танып шықса күзге салым мектепке бармақшы.
–Сонда бəрін біліп тұрсаң, мұғалима апай сені басқа балаларға үлгі етеді.
Сен солардың «бастығы» боласың, – дейді апасы. Қайраттың ендігі арманы
бірге оқитын балаларға бастық болу. Қуаныш та биыл мектепке барса, амал
жоқ Қайратқа бағынады. Мектепке оның аға-апалары бірге бармайды, егер
Қуаныш жеке жүрсе Қайрат одан қорқпайды. Күрессе де жеңеді. Оқуды да
күшті біледі. Оған ешкім əріп үйретіп жатқан жоқ, оның үйіндегілердің
сауаты жоқ. Күні бойы «Қажыатаның» мешіті жанындағы сырғанақтан
шықпайды. Үсті басы су-су болып кешке жақын апасынан ұрыс естіп
жатқаны.
Қайрат сонымен қыстай қырық екі əріпті жаттап алды. Апасының да
денсаулығы жақсарып екеуі «Жұлдыздыға» барып қайтты. Көкесінен де
үзбей хат алып тұр. Оны ежіктеп Қайрат та оқып көреді. Бір хатында «бізге
қойдың жүнінен тоқылған шұлық таратты. Соны апам мен Раушан
жіберген шығар деп қуанып киіп алдым. Жып-жылы, жұп-жұмсақ екен», –
депті. Сол-ақ екен Əсиқа мен Раушан бірі жүн иіріп, екіншісі шұлық тоқуға
кірісті. Тоқығандары тура барып Өсердің қолына тиетіндей асығыс.
–Апа, келер қысқа кеудеше тоқып жіберейік, – деді бірде Раушан.
–Қой, балам, оданда соғыс тез бітсін деп тіле. Тоқысаң тоқып қой, тілеулес
болсын, келгенде киер, – деді енесі. Содан көп ұзамай қой қырқымға
Раушан «Жұлдыздыға» тартты. Ойы – ең жұмсақ, қылшығы аздау жүн
жинап қайтпақ.
Қырқым аяқталған соң да Раушанға тыным болмады. Елдегі қызқырқынның, бала-шағаның бəрі «неміске біздің атқан оғымыз болсын», –
деп шөп оруға, егін суаруға, арамшөп отауға шығып жатқанын көріп, үйге
қайтып кетуге дəті шыдамады. Апа-жеңгелерімен бірге сол науқанды
жұмыстардан қалмай жүрді. Шешесінің:
–Раушантай, шырағым, қалаға барып өз үйіңнің тірлігімен-ақ,
айналыссаңшы. Қайратжан əжесі екеуі-ақ қорқатын шығар, – дегеніне де
көнбеді. Қайта жаз шыға жүзін жел қағып қызылшырайлана бастаған
келіншек тіптен бұрынғыдан да əдеміленіп келе жатыр еді. Аптасына, он
күнде бір барып енесі мен ұлын көріп, Өсерінен келген хаттарды оқып
қайтады. Өзінің түсінігінде тылдағылардың əрбір атқарған ісі
жауынгерлерге көмек. Өсер «Германиядан жаяулап-жалпылап келген» жау
біздің жақтың қысына шыдамайды. Əлі-ақ бір қар жауып, аяз қысқанда
артына қарай қашады. Біз жеңеміз, оларды ініне қуып тығамыз», – деп
жазып еді. Ол бəлелер қыстап та шықты, неге олардың киімі жыртылап,
тамағы таусылып қалмайтынын. Тіпті жат жерде неге қырылып
кетпейтінін. Соңғы кездері əркім-əркімнің үйіне жауынгерлерден «қара
қағаз» деген сұмдық келе бастады. Хат күтіп жүрген байғұстарға «қара
қағаз» келгенде сол үйдегі сорлы қатындар – анасы бар, жары бар бір өліп
тіріледі ғой. Соғыстың алғашқы жылында хат тасушы Жұмабек шал шолақ
байталымен қырдың үстіне шыққанын аңдып, қарасы көрінсе болды бір
жас келіншекті не бір балақайды алдынан жүгіртетін əйелдер енді
ақсақалды көрсе қашатын болды. Əсіресе, пошташы шал солардың
көшесіне түскеннен үйге қашып тығылып, сыртқа балаларын жіберетін.
–Ата, көкемнен хат бар ма? – деп жүгіріп келген балаға үндемей, қақпаға
байталын байлай бастаса сұмдықтың келе жатқаны. Терезеден қарап тұрған
жауынгердің анасы не жарының жүрегі зулап қоя береді. Кезінде мұғалім
болған Жұмабек ата қара танығаны үшін жазаланып жүргендей. Ауылдағы
жастың бəрі жұмыста болған соң, сауаты бар қарияны ауылсəбет қоярда
қоймай пошта тасытып қойды. «Соғысқа қосқан үлесіңіз болады, əйтпесе,
азық-түлік даярлап жүрген бір жасты босатуға тура келеді», – деп қоймады.
Байғұс шал байталы митыңдап ары жиырма, бері жиырма шақырым жүріп
хат-хабар, газет əкеледі. Оларын сонау жайлаудағылар мен, егістіктегілерге
таратады. Қашан көрсең терлеп, таңдайы құрғап жүргені.
–Сусының бар ма? – дейді əуелі амандықтан соңғы сөзі, даусы қарлығып.
Раушанның Өсерінен хатты қаладағы почтальон үйге əкеліп береді екен.
Сырттағы қақпаға кішкентай ағаш жəшік қағып қойған Қайрат пен əжесінің
баққаны сол жəшік. Ойнап жүріп ара-арасында Қайрат, үй тірлігін істеп
жүріп ара-арасында əжесі сол жəшікке қолдарын сұғып қояды. Тіпті оған
хатты түсірмейді де, почтальон Мария апай алыстан көрінгеннен атой
салып алдынан топ балдырған шығады. Əркім өз фамилиясын айтып шушу етеді.
–Шапанбаев! – деп Қайрат та саңқ етеді. Арғы атасы Шопанбай ма,
Шапанбай ма кім білген? Құжатқа «Шапанбаев» болып түскен. Содан əкесі
екеуі Шапанбай шалдың ұрпағы болып жүр. Оны тіпті Мəрия апай
«Чапанбаев» деп шақырады. Содан бері тілі қыршаңқы Қуаныштың
ағалары «Чапаев» деп алды. Басында атасының атын «Шопанбай» екенін
түсіндіріп көріп еді, одан əрі мазақ болды. Не десе, о десін. Мəрия апай
«Чапанбаев» деп шақырып көкесінің хатын беріп тұрса болғаны. Хат алған
күні қоразданып жүреді. Əжесі де ол күні бақытты. Тек Қайрат пен
əжесінің көкесінен келген хатты өз беттерімен оқи алмайтыны қиын. Содан
амал жоқ Қуаныштың Күлсімқан əпкесіне істері түседі. Əжесі
самаурынына су құйып жатып:
–Қайратжан Күлсімқан тəтеңді шақырып келе ғой, көкемнен хат келді де.
Раушан келгенше ішінде не барын білмей отыра береміз бе, түге, – дейді.
Шəйін қайнатып, кішігірім дастарқан мəзірін əзірлегенше көршінің қызы
Күлсімқан да келеді-ау. Сауаты шамалы қыз көкесінен келген хатты қор
ғып, қырық бөліп, ежіктеп оқып шығады. Ал, хатты мəнерлеп, əжесінің
құлағына дəмділеп құйып беріп оқитын шіркін апасы ғой. Ол ауылдан
келгеннен қайтқанша əжесі Өсержанының хатын он қайталап оқытады.
Содан соң ол хатты төс қалтасына салып алып жүреді. Енді əжесі баяғының
батырлар жырын тыңдағандай Қайраттың жаттап алғанын қайталатып
тыңдайды.
–Əй, зердесінен айналдым, көкесінің əр сөзін жаттап алған, – деп араарасында көтермелеп қояды. Қайрат болса ұмытыңқырап қалған жерлерін
ойынан қосып та жіберетін болды. Бұл əжесі екеуінің ғана өткеретін
ерекше бір бақытты сəттері еді.
Раушан жартылай жаяулатып, жартылай ауданға қатынайтын арбакештерге
жармасып екі жетіде бір үйге келіпкетеді. Шаршап-шалдығып жеткенде
қанша қалжыраса да енесі мен ұлының жанында əңгімелесіп ұзағырақ
отырғысы келеді. Үшеуінің жырдай оқып, жан дүниелерімен
тыңдайтындары – Өсердің хаттары болатын. Ол да қайбір сөзге шешен
дейсің, хатының жартысы амандық-саулықтан тұрады. Жартысы Қайратқа
қаратып айтылатын армандар. «Соғыс бітеді... Мен келген соң екеуміз», –
деп басталып қайда баратындарын, не істейтіндерін айтады. Арасында
«інің екеуің», – деп қоятын алғашқы хаттарында. Соңғы кездері Раушан
жасырмай баласы түсіп қалғанын жазып жіберді. Содан «Мен соғыстан
оралған соң əлі-ақ іні-қарындастарың болады», – деп жаза бастады.
Сол хаттардың əсері ме Раушан осы үйде ұйықтаса болды Өсер түсіне
кіреді. Содан екіқабат болып жүреді. Тіпті кейде ұйқылы-ояу Өсері бетін,
шашын сипағандай болып оянады. Жаздың қысқа түні емес пе, таң
жарығымен үйдің іші сəулеленіп, жанында біреу бар сияқты əсерге
бөленеді. Баяғыда тұрған бір ауқатты адамдардан қалған қос төсек те
жалғыз аунап жатады. Ұлы əжесінің бауырынан шықпайды, бөлек бөлмеде
ұйықтайды. Өсері жанында жатқанда жастыққа басы тигенінен таңның
қалай атқанын білмей ұйықтайтын. Жалғыз жатқаннан бері түнде əлденеше
рет оянып, елегізіп, кейде таңға қиялдап шығады. Төсегінде жүз аунақшып
жатып көзі ілінеді. Кейде біреу бетін сипағандай, жел желпіп өткендей
болып оянатыны бар. Көзін ашып алып жан-жағына қараса, мүлгіген
тыныштық. Айдың жарығымен бөлменің ішіндегі заттар анық көрініп
тұрады. Соңғы кездері шілтерлі перденің арғы жағынан қалың мата тұтып
қойды. Ай сəулесі ұйқысын бұзып, ойына өткен-кеткенді түсіріп, түсіне
баяғыда өлген ата-əжелерін кіргізе береді. Əсіресе, Өсерден хат алған
күндері таң атқанша ұйқылы ояу жатады да қояды. Өсер келіп сипалап
жатқандай, еңкейіп сүйгісі келетіндей. Тіпті демін де сезетіндей. Ай толып
туғанда біреу тұтқан пердесінің шетін ашып тастағандай болады. Ай
сəулесі ақ төсекте балбырап ұйықтап жатқан əдемі келіншекке түсіп,
сəулесімен аймалап тұрады. Сол сəтте бір жылы леп соғып Раушанды
оятып жібереді. Жарын сағынып жүрген келіншек от құшақта жатқандай
болып күбірлеп оянып кетеді. Біреу қолын қысып амандасатындай, бетінебетін тақағандай. Сақалы өсіп кеткен Өсер сияқты...
Үлкен үйге келгенде көрген түстері мен сезгендерін айтуға жанындағы
келіншектерден ұялады. Апасына осы үйде жайсыз ұйықтайтынын айтып
еді:
–Құлдығым, сол, ауылдан қалжырап келесің, содан жайсыз жатып жүрген
шығарсың. Молдахметке айтайын сені биыл күз осындағы үшкөлге
ауыстырсын. Балаларды оқытсаң, соғысқа қосқан үлесің сол болады. Əрі
Қайратжанды үшкөлге өзің алып кетіп, ала келесің, – деп сөзінің аяғын
өзінше қуанышпен аяқтады.
Əсиқа содан ұзатпай-ақ Молдахметтің мекемесіне барды. Ол баяғы өзінің
Өсері əскерге алынарда істеген орны – аудандық оқу комиссариаты.
Молдахмет деген Өсердің ауылында мұғалім болған, соғысқа жасы
ұлғайып қалғанынан алынбаған болатын. Өсердің əкесіне жамағайын
болып келеді. Соны арқа тұтып бастықтың кабинетіне еркін кірді. Баяғы
Өсерінің үстелінде жарбиып Молдахмет отыр. Ойлап келген əңгімесін
амандықтан соң тез бастады.
–Молдахмет, Өсержан көз алдыңда өсті. Бүгінде əскерде. Қолымда келінім
мен немерем бар. Келін «Соғысқа үлес қосам», – деп «Жұлдыздыға» барып
істеп жүр еді, несін жасырайын, түсік тастап қойды. Енді өзі əрең жүр, осы
қаланың үшкөлінен орын тауып бер. Баласы биыл оқуға жетті, соны
жетектеп барып оқытсын, – деп бастырмалата сөйлеген əйелді оқу
комиссары ұната қоймаса да:
–Жеңеше, қазір соғыс жағдайы, өзіңіз білесіз. Əркім қолынан келгенше
əскерге көмек жасауы керек. Сондықтан келіннің соғысқа үлес қосқаны
дұрыс, – деп бір тоқтады да кеше осы орында мына шүйкедей кемпірдің
ұлы отырғаны есіне түсіп дұрыстау жауап іздеп отыр еді:
–Қалада жүріп те үлес қосады ғой. Шұлық тоқып, кеудеше тоқып
аттандырып жатыр, қарағым, – деп əйел де қояр емес.
–Жарайды, жеңгей, күзге дейін бір орын қарастырайын, əзірге елдегілерге
қолғабыс етіп жүре тұрсын. Бізге орақ кезінде қол күші жетіспей жатыр, –
деді.
–Ойбу, өзі шидей немеде қайбір қол күші бар дейсің. Əйтеуір елге еріп жүр
де, – деп əйел де өзінікін нығарлай берді.
–Келістік, жеңеше. Күзге келінге бір орын тауып берем. Бəріміз соғыстың
тез бітуін тілейік. Тіпті Өсер келсе өз орнын да қайтарып берем. Келіншегі
екеуі қолұстасып бірге жүрсін, – деп Молдахмет əйелді шығарып салды.
–Құдай тілеуіңді берсін, айтқаның келсін, – деп Əсиқа қуанып үйіне
қайтты.
Есіктен ене:
–Раушантай, Молдахметпен келістім. Күзге мұғалімдікке алатын болды, –
деп сөйлей жөнелді. Раушан мен Қайрат дастарқан басында отыр еді.
Əжелерінің қуанышты дауысына олар да қосылып, үйде кішігірім мереке
болды да қалды.
–Раушантай, ана қалған жүнді қызылға бояп берейін өзіңе көйлек тоқып ал
жаздай. Күзде мектепке ауыстырарың болады, – деп енесі абыр-сабыр
болып қызылша қайнатып, жүнмен жағаласып кетті. Раушан болса күйеуі
кеткелі ашпаған киім шкапты ақтарып тастап реттей бастады. Қайрат та
шешесінен қалыспай көкесі алып беріп кеткен ши барқыт шалбары мен
бешпентін киіп көріп еді, шолтиып қалыпты. Іші удай ашып үндемей
анасына қарады.
–Ойбу, құлыншақ өсіп кетіпті ғой. Көкесі əперген кəстөмі қысқырып
қалыпты. Ендігі келгенде базарлаймыз. Саған кəстөм, маған көйлек, əжеңе
де бірдеңе аламыз, – деп ұлының бетінен сүйіп, киімдерін шешіп,
балағының астарын қарай бастады, «ұзартуға болар ма» деген оймен.
–Мынаны қайтеміз, өзі əлі жап-жаңа, – деп Қайрат өзі жөндеп киіп те
үлгермей қысқарып қалған бешпентіне қимай қарады.
Жаңа бақылағанда ұзартуға болмайтынын байқаған анасы:
–Оны «Жұлдыздыға» Батырболатқа апарып беремін. Қуанып киіп алсын, ол
биыл төртке шығады, – деп ағасының кенже ұлын еске алды.
–Бермеймін, көкем келгенде бөпем болады, сол өскенде киеді, – деп бала
киімдерін құшақтай алды.
–Қой, қызғаншақ болма. Сенің мына түріңе қарағанда бөпең қыз болады.
Қызға бұл киімнің керегі не, оған əдемі көйлектер əпереміз, – деп ұлына
күле қараған Раушанның бақыттан жүзі бал-бұл жанды.
Қайрат əлі алынбаған кəстөм-шалбары мен сөмкесін, апасының мұғалім
болатынын балаларға айтып мақтануға далаға асықты.
Раушанға таңеретең енесінің есіктен қуана енгенімен бірге бұл үйге үлкен
қуаныш келе жатқандай болды. Соғыс ертең аяқталардай сезілді. Көңілі
алып-ұшып, əрнені қиялдап жүріп киімдерінің бəрін сыртқа шығарып,
күнге жайды. Арасында Өсерінің де киім-кешегі бар, оларды иіскеп-иіскеп
қояды. «Соғыс неге созылып барады, Құдайым-ау», – деп налып та алды.
Енесі жүр аулада екі қолы білезігіне дейін қызылшаның бояуымен қыпқызыл болып. Боялған жүндерді сəкіге жайып тастапты.
–Раушантай, Өсержанның өткендегі хатын тағы бір оқып жіберші,
жарығым. Сен ертең кеткенде Қайратжан шатыпбұтып бірдеңе деп
қайталап берер, – деді. Сол-ақ екен келіні:
–Мақұл апа, – деп үйге жүгірді.
Өзінің де Өсердің хаттарын қайталап оқығысы келіп еді, тек сүрсігіп
жүрген енесінің көз алдында хат оқып отыруға ұялған. Көктен тілегенін
жерден берген Раушан құлдыраңдап барып Өсердің хаттарын алып келіп
сəкіге жайғасып алып енесіне қайталап оқи бастады.
«...Ардақты Апа, Аяулы Раушан!», – деп басталатын хаттары, кейбіреуі
Қайратқа арнап жазылған. «Ұлым, Қайрат!», – дейді. Қаладағы араласқұраластар мен Раушанның төркінін түгел сұрайды. Өзінің туысым деп
сұрайтындай кімі бар дейсің, жалғыз шешесінен басқа. Соны сезген анасы:
–Е, жалғыздың жары – Құдай деген. Сұрайтын туысы болмаған соң, қайын
жұртының түгін қоймай тізе беріпті, шырағым, – деп бір кемсеңдеп алады.
Сөйтіп хат қайталап отырғанда Науат келді етегі жерге сүйретіліп.
Балағынан бала аққан бəйбіше, қашан көрсең де алп-салп етіп, етегі жерге
тиіп, орамалы бір жағына қисайып, шашы жалбырап шығып жүргені.
Əсиқа Науатты дəл осы қалпында сондай жақсы көреді.
–Ой, алпа-салпа болған берекем, – деп еркелетіп қояды. Оңашада осы
«тұқымы өскіш, салақ қатынды» келініне үлгі етеді. Раушан тым
тазалықшыл, онысы енесіне ұнамайды.
–Тықырлана берме, ана Науатты қарашы, балағынан он бала өріп, үйіне
барсаң есіктен төрге шейін шашылып жатқаны береке боп, – деп мақтайды.
Сөйлеп жүріп келініне көз тастап қояды, қалай қабылдады екен деп,
ренжітіп алдым ба дегендей.
–Осыдан Өсер келсін, үйге қарамай, бала тауып отыра берем. Есіңізден
танып, түнімен бала тербетіп, күнімен жаялық жудырмасақ па сізге, – деп
келіні əзілдеп қойса:
–Ой, айналайын аузыңа май. Менің күшім барда балаларыңды бақтырып
пайдаланып қалмайсың ба? – деп мəз болады.
–Апа, немене балаңыздан хат келген бе?, – деп сөйлей келген Науат жанына
жайғасты.
–Келер де... Мыналары өткен айдағысы ғой. Раушанға қайталатып оқытып
отырмын. И...тəйірі-ай, қайбір дейсің, сағынған соң əр сөзін тыңдай бергің
келеді екен, – деп ақталғандай болды. Кемпірдің сезімін ұғатын Науат па,
мұрнын бір сіңбіріп жіберіп:
–Шалқарбай өткенде бір жазғанында «жаралы болдым, орыс сəнитар қыз
құтқарып алды, сол қарап жатыр», – депті. Содан бері хат та, хабар да жоқ,
– деп өз «жырын жырлады».
–Кім қараса, ол қарасын, тірі болса болды да. Жараланғандар қайтып
оралып жатыр дейді ғой, – деді Əсиқа.
–Оралса қанеки, Апа, сүйіншісі сізге, – деп жіпсиген көзі біржолата
көрінбей мəз болды Науат келіні.
–Жеңеше, сол санитарканы ала келсе қайтеміз? – деп Раушан күлді.
–Өзі аман келсе болды, балаларына ие болсын. Менің денсаушылығым
жоқ, – деп Науат сəл мұңайып қалды.
–Е, əкелсе несі бар ана сенің нағашы шешең құсап бəйбіше боп отырады.
Сəнитар болса тіпті жақсы, денсаулығына қарайды. Науат баласын бағады,
– деп Əсиқа сөздің аяғын əзілге айналдырды.
Госпитальға түскелі хабар жоқ деп жүрген Шалқарбай күндердің күнінде
баяғы хатқа жазған санитаркасын пойызбен алып келді. Аудандық
военкоматтан өкіл келіп екі-үш күн бұрын ескертті.
–Шалқарбайды бір медсестра алып келе жатыр, дайын отырыңыздар, –
деді.
–Дайын отырғаны, алып келе жатқаны несі, өзі тірі ма? –
деп Науат баж ете түсті.
–Тірі, қорықпаңыз. Тек мүгедек болып қалыпты. Өздігінен жүріп-тұра
алмайды.
Екі күннен соң военкоматтың полуторка мəшинесі Үлкен үйдің алдына
келіп тоқтады. Үстінен бір жігіт секіріп түсіп, есігін ашты да жарты денені
суырып алып үйге қарай адымдай жөнелді. Артынан қолында түйіншегі
бар орыстың қызы еріп келе жатты. Шалқарбайдың Науаты мен топты
баласы əкелерін көргеннен шулап жылап қоя берді.
Сонымен бойы екі аршын, денесі бір пұт Шалқарбай екі яқсыз жарты дене
боп қан майданнан оралды. Жанында күтуші орыс қызы бар. Шашы сапсары, көзі аспан көк. Алғаш көргендер жарты денеге шоши қарады. Төрде
отырса төбедей болған баяғы Шалқарбай. Гармонын құлаштай тартып,
зарлатып əн салады. Соғыс туралы əңгіме айтады. Ағайын-туысты түгелдей
сұрайды. Жанындағы орысының аты – Людмила екен. Оны өзі «Людочка»
дейді.
Шалқарбайы аяқсыз болса да аман оралғанына қуанған Науаттың апта
өтпей-ақ қабағы түсе бастады.
–Апа, ана орысы Шалқарбайдың əйелі екен. «Менің жанымды алып қалған
осы Лөде, сондықтан оны сыйлаңдар», – деді ана əпербақан. Өзі бұрын да
жынды еді, енді екі сөз ге келмейді. «Мен қан көріп келдім. Отанға,
сендердің келешектеріңе екі аяғымды бірдей беріп келдім. Сондықтан
менің айтқаным – айтқан. Шыдамасаң балаларыңды алып
«Кеңқияққа» кет», – дейді апа-ау. Енді қайттім, – деп жылап қоя берді бір
кеште келіп.
–Сабыр ет, шырағым. Азаматың аман келді. Ол орыс қатын қашанғы шыдар
дейсің аяғы жоқ адамға. Қысқа қарай Арқаның суығы бір қысса бүрсеңдеп
қашады келген жағына, – деп көрші келінді сабырға шақырды. Əсиқадай
үлкен ананың сөзіне тоқтаған Науат қысты күтіп, баяғы салпылдаған қалпы
жүре берді. Сөйтіп жүргенде қыстағы суықтан қашып кетеді деген орыстың
қызы батпандай ұл тапты. Оның толғағы басталғанда талып қала сақтап,
етегіне сүрініп Науат тағы апасына қарай жүгірді.
–Апа, Лөдесінің толғағы басталды! – деп бір кетті.
–Апа, Лөдесі ұл тапты! – деп не қуанарын, не жыларын білмей тағы келді.
–Ой, айналайын, Шалқаржан! Кім айтады мүгедек деп, еркек нағыз! – деп
апасы риза болып отыр. Тісі жоқ аузын аңқитып Науат апасына таң қалып
қарайды.
–Əй, Науат сен енді бəйбіше болдың. Баяғының бес биенің сабасындай,
ақылы алдында əулеттің анасы болдың! – деп оған көпшік қойып, не дерін
білмей тұрған Науатқа:
–Шалқарбайдың қай қатыны тапса да бала сенікі, – дейді тіпті.
Науат апасына ренішін айтып, Люда мен Шалқарбайды жамандағалы келіп
еді. Апасы баладан басқа ешкімді білгісі келмейді:
–Шалқарды аман алып қалған Лөде. Сенің ақылың бар ғой, егер Лөде
болмаса сен Шалқарбайды қалай бағасың? Əне, тамағын аузына тосып,
жуындырып, тазалап отыр. Тіпті қосылып орыстың əнін салғаны қандай.
Кармонын тартса алдында тарсылдатып билеп те береді, не дейсің енді.
Баласын бағысып бер. Сол орысымен мəз болып жүрсін, – деп апасы елде
жоқ кеңес берді.
Шындығында Людасы анау-мынаумен шаруасы жоқ, осылар не жесе соны
жеп, не ішсе соны ішеді. Шалқарбайдың асты-үстіне түседі. Апасының
ақылымен Науат шалының кенжесін баға бастады. Люда емізгені болмаса,
балада жұмысы жоқ, баланы бесікке салып қойды, баққаны – байы.
Тоқалының буынан ба, кеш көрген баласының несібі ме Шалқарбай
аудандық кеңеске қызметке ілінді. Аяғының протезімен жүріп қатардан
қалмады. Екі қолтығындағы балдағымен тарсылдатып кіріп келгенде
кеңседегілер тақ тұрады. Бұрын есеп-қисап жасап, бұғалтырдың оқуын
оқып алғаны осы жолы пайдаға асты. Соғыстан келген жауынгердің отбасы
атанып, еркегі қызметке ілініп, отбасының ас-суы берекеленіп қалды.
Люданың ұлы Науаттың қойнынан, Люда Шалқарбайдың қойнынан
шықпайды.
Күзге салым Молдахмет сөзін жұтпай Раушанды бастауыш сыныпқа
ұстаздыққа алды. Қайрат сөмкесін сүйретіп шешесінің сыныбына барды.
Өсерден айына бір хат келіп тұр, сол көңілге қуат. «Өсерім аман келсе екен,
керман қырылып соғыс бітсе екен» болды Əсиқаның күні-түнгі тілеуі.
Таңертең галифесінің балағын қайырып тастаған, екі қолында екі балдағы
бар Шалқарбай жұмысқа кетерінде күнде қолын алып өтеді. Науат та
ақкөңіл байғұс, алмасына қоймай, ас-суынан жырып беріп тұрады.
–Апа-ау, Өсер келгенде Шалқарым айтпай ма «Сенің анаңды апамдай көріп
жүрдім, сен келгенше орныңды толтырдым», – демей ме», – деп қояды.
Люда болса Раушанмен дос. Оның орысшасын сол ұғады. Үйге келіп алып
кей-кейде былдырлап ұзақ əңгіме айтатыны бар. Онысын кеткен соң
Раушан енесіне аударып жеткізіп береді. Ұзын-ырғасы: Люда əке-шешесіз
жетім қыз екен. Соғыс басталғанда медицина учелищесінде оқып жүрген
жерінен майданға өзі сұранып аттаныпты. Госпитальда Шалқарбайды
көріпті. Жарадар, екі аяғын көзінше кесіпті. Өзі əнші, өзі ақкөңіл,
орысшаға жүйрік жігітке ғашық болып қалыпты. Сонда үш ай емделіп
еліне қайтатын болған соң
«Шалхарын» қимай еріп келіпті. Өзі енді жиырмаға толған қыз бар өмірін
екі аяғы жоқ жігітке арнап отыр. «Ол менсіз қалай өмір сүреді», – деп
қоятын көрінеді. Осындай ақ жүрек орыс қызын бəрі жақсы көріп кетті.
Шалхарынан қолы босаса үй тірлігімен де айналыса береді. Ыбырсып
жататын Науаттың үйі тазарып, көрпелерінің сейсебі ағарып қал ды. Науат
Люданың ұлын арқасынан тастамайды. Шығарда жаны бөлек. Көзі тұздай,
шашы ақселеу балақан да апасынан қалмайды. Тілі «Апа» деп шықты.
Байын біржолата берген Науат баласын Людадан қызғанады. Балаға
«Казбек», – деп шыңның атын қойып еді, Науат оны «Қазыбек» атандырып
жіберді. Люда ғана «Казбек...Казбек», – деп шақырады.
Мұғалімдік жұмысқа шыққалы Раушын өңі кіріп, үстібасына қарап,
қуыршақтай болды. Екі көзі тостағандай, қасы қияқтай, бетінің нұры
тамып, ерні жаңа піскен бүлдіргендей болып көргеннің көзін тартатын.
Қайраттың анасы емес, əпкесі сияқты. Екеуі қолұстасып мектепке бірге
барып-қайтады. Олар келгенше əжелерінің шəйі самауырда қайнап,
дастарқаны жайылып тұрады. Сол күні жексенбі болатын.
–Раушантай шоқты əзірлеп қойдым, үтігіңді алып кел, –деп сыртқы
терезеден енесі басын шығарып дауыстады.
–Қазір, апа, – деген келіні қолына темір үтік ұстап сыртқа шығып келе
жатқан, қақпадан енген екі еркекті көрді. Елден келген ағайынға
ұқсамайды, əскерилеу киінген. Келіншектің жүрегі су ете түсті де, орнында
қалт тұрып қалды.
–Шапанбаевтардың үйі ме? – деді.
–Иə, – деп келіншектің əрең үні шықты.
–Үйде кім бар?
–Бəріміз, – деген Раушанның даусына елеңдеп қора жақтан Əсиқа жетті.
«О,кім-əй», –деп. Екі еркекті көріп үрке қарады. Іші бір пəлені сезгендей
суып ала жөнелді.
–Бармыз, үйге кіріңдер, – деп қолын алжапқышына сүртіп, есікті ашты.
Екі еркек төрге жайғасқан соң, əңгімені қысқа қайырды.
Өңдері де, сөздері де суық болды.
–Біз əскери комиссариаттанбыз. Шешей, соғыс мынау тоқтайтын емес. Күн
сайын ондаған жақсы досымыздан айырылып қалып жатырмыз. Сол кезек
Өсер досымызға да келіпті. Кеше қара қағаз алдық, – деді естиярлауы
даусының аяғы құмығып.
–Не, ойбай, сорлап қалдым ба? Өсержан, ойбай мені қайда тастап кеттің? –
деп ойбайлаған Əсиқа талып түсті. Қайрат сыртта ойнап жүрген. Раушанда
үн жоқ, тек жүзін жас жуып, талып жатқан енесінің басын сүйей берді.
Əсиқаның «ойбайын» қабырғалас көршілер естіп, Науат пен балалары
шұрқырай жетті. Былдырлап арасында Люда да жүр жылаған жұртқа қарап
бір сұмдықтың болғанын сезіп Раушанды құшақтай береді. Кешке қарай
Шалқарбай келді ақырып-бақырып, бауырымдап. Көшенің арғы
жағындағы, бергі жағындағы көршілер жиналып қалды.
Асу да асу бел дейді, Асуға қонған ел дейді. Батысқа кеткен Өсерім
Бақырсам-дағы келмейді-ау, Белес те белес бел дейді, Белестен ассаң ел
дейді. Бойына байлап белдігін Өсерім қайтып келмейді, –деп зарлап жоқтау
айтқан Əсиқаның даусы Қарқаралының түніне сіңіп жатты.
–Қой, шырағым, сабыр тұт «кебін киген келмейді, кебенек киген келеді», –
деген бар. Өсержанды өз қолымызбен майданға аттандырып едік қой, – деп
бір қария тоқтау айтты.
–Анау ауылда бір жездемізден қара қағаз келген екен, қырқын беріп жатса,
артынша мүгедек болып өзі келіпті. Сөйтсе бомбаланған үйдің астында
қалыпты. Жолдастары өлген екен деп «қара қағаз» жібере салыпты. Оны
санитаркалар тауып алып, госпиталға салып тірілтіп алыпты. Содан аман
оралыпты, – деп бір келіншек əңгіме бастады. Сол, солақ екен, ана ауыл,
мына ауылда соғыстан оралған жауынгерлер жайлы аңыздар басталды.
Шалқарбай да осы жолы бір ашылып, өзінің жертөледе қалған жерінен
Люданың тауып алғанын, содан оған өмірін алып қалғаны үшін қарыздар
сезінетінінен ауылға ала келгенін ақ жарылып тұңғыш рет айтты.
Науат үйіндегі бар етін асып, дастарқанға барын қойып келгендерге шəй
берді.
–Қара қағаз өтірік болсын. Өсер кебенек киіп кетіп еді, аман оралсын, – деп
Əсиқаға тоқтау салып көршілер тарасты. Ақ көңіл көршілерінің сөзі
құлағына майдай жаққанымен Раушанның есіне баяғыда соғыс басталарда
Өсері үйде жүргенде, өзі екінші баласына екіқабат болғанда көрген түсі
оралды. Көз алдында суреттей сайрап тұр.
...Өсер үйге қасқыр алып келіпті, соның ішек-қарынын тура төсегінің
алдына алып келіп ақтарып, сарыала тегенеге салып жатыр екен. Бір түсі
суық еркек, (Мəзімбайға ұқсайды əскери киім киген) келіп:
–Өсер, сені военком шақырып жатыр, алдыма түс! – деді де қаруын кезеніп
үйден айдап алып шықты. Апасы Өсердің бар киімін түйіншекке буып, бас
киіміне дейін қалдырмай қолтығына тығып беріп жатыр. Өзі жайшылықта
жылауық кемпір ғой, жыламады. Қабағы тас боп қатулы.
–Кебініңді алып кет, – дейді.
Раушан жылап енесінің аяғына оралып жерде жатыр, маңайы былжыраған
жаңағы қасқырдың қаны.
–Апа, Өсерді дұрыстап шығарып салайықшы, – деп жылайды. Өсер
əскеридің алдында кетіп бара жатты да бір кезде артына қарай жүгіріп
келіп қанның ортасында жатқан Раушанды орнынан тұрғызып алып
жетектей жөнелді. Сол кезде енесі етегіне оралып «кетпеші, кетпе» деп
жалынып жылады. Раушан не еріне ерерін, не енесімен қаларын білмей дал
болды. Сонда да құдай қосқан қосағы ғой, соны қимай енесінің
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Үлкен үйдегі үрей - 07
  • Büleklär
  • Үлкен үйдегі үрей - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2323
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2123
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3955
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2121
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2010
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2125
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1966
    38.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3901
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2000
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3949
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2020
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2105
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3875
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Үлкен үйдегі үрей - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 1766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1096
    43.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    64.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.