Latin Common Turkic

Теңіз қорқауы - 19

Süzlärneñ gomumi sanı 4222
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қараңғы түнде жағадан дəмесі бар адамға тек аяй қараған жөн шығар.
Мен осыны айттым да, оны есік аузына дейін шығарып салып тұрып,
тағы:
– Сіз қорықпайсыз ба?– дедім ақырын ғана.
Ол жауап орнына менің бетіме тіке қараған.
– Жалпы, өзіңізді қалай сезініп тұрсыз?– дедім мен сосын.– Көңіл
күйіңіз былай... жақсы ма?
– Мұндай тəтті күйді еш уақытта бастан кешпеген сияқтымын,– деді ол.
Біз тағы біраз əңгімелесіп тұрғаннан кейін, ол жайлап лашығына
беттеген.
– Жақсы жатып, жайлы тұрыңыз, Мод!– дедім мен оның соңынан.
– Сізге де соны тілеймін, Хэмфри!– деді ол салмақты түрде.
Екеуіміз ес құдды келісіп алғандай-ақ, бір-біріміздің атымызды қалай
атағанымызды сезбей қалдық, бірақ бұның өзі де табиғи да жарасымды
шыққан. Дəл осы сəтте мен оны аймалай құшақтап, өзіме тартуыма əбден
болар еді. Егер басқадай жағдайда өмір сүріп жүрген болсақ, мен, сөз жоқ,
солай істер едім де. Ал тағдырдың мынадай сындарлы сəтінде белгілі бір
шектен шығу – тек арсыздың ғана ісі ғой. Сондықтан мен: Мод екеуіміздің
арамызда тілсіз түсінісетін тағы бір қылдан нəзік байланыс пайда болды-ау,
деген ойдың жылуымен өз лашығымда қала бердім.
ОТЫЗ ЕКІНШІ ТАРАУ
Оянған сəтте мен өзімді біртүрлі қызық сезіндім: құдды бір нəрсе
жетпей тұрғандай, құдды құлағым тас керең саңырау боп қалғандай. Бірақ
біраздан соң өзіме-өзім келгенде түсіндім: бұл дүниеде өзгере қойған
ештеме жоқ екен,– тек жел ғана жетпей тұр екен. Жел! Күндіз-түні құлақ
етті жел азынап тұратын жел! Оған əбден үйренген басым ояна келген
мезетте тағы да сол шуыл, сол сарынды іздеген ғой.
Бұл – менің бірнеше айдан бері бірінші рет баспана астында адам
сияқты демалып шығуым еді, өне бойым маужырап, денем дел-сал тартып,
көпке дейін тұрғым келмеді. Əдеттегідей бетіме шашырап жатқан теңіз
тамшылары жоқ, еттен өтіп, сүйекке жететін салқын тұманның сызын да
сезбеймін. Рақат! Астымдағы төсегім де жұп-жұмсақ. Бұны маған Мод
істеп берді, менің сүйікті Модым істеп берді деген ойдың өзі қандай ыстық
десеңші! Киініп жатып, есік аузынан сыртқа көз салдым. Толқындар
домалап келіп, жағаны ұрады. Өксіген, өкірген сарыны біршама
бəсеңдеген. Жағалауға недəуір көтеріліп барып қайтқан судың бұйра ізіне
қарағанда, түнде қатты шторм болғанға ұқсайды. Бір шөкім бұлтсыз
көгілдір аспан шыныдай мөлдіреп тұр. Ұйқым қанып, тəп-тəуір күш жинап
алған мен сыртқа өте бір сергек күймен шықтым.
Бірақ шыққан бойда тастай қатып тұрдым да қалдым. Өз көзіме өзім
сенер емеспін, көрген дүнием мені қақ маңдайымнан қамшымен ұрғандай
сілейтіп салған... Біздің лашықтан елу футтай ғана жерде, тұмсығы құмды
сүзе жағаға шығып қалған қайдағы бір кеменің қап-қара қаңқасы көрінеді.
Мачтары мен гиктері жалба-жұлба болып жыртылған желкендерге
шырматылып, борттан төмен салбырап жатыр. Құдай-ау, маған осы бірдеме
елестеп тұрған жоқ па деп, көзімді уқалап-уқалап жіберіп, қайта қараймын.
Жоқ, бəрі де рас! Көз алдымда – кəдімгі кеме! Кеме болғанда... біздің
"Елестің" тура өзі! Міне, мынау – өз қолымызбен тұрғызған камбуз, ал анау
– юттың бізге таныс кертпешектері, одан əрі Ларсен екеуіміз кешке қарай
ұзақ шығып тұратын рубка палубасы.
Бұл бейшараны жер түбіндегі осы алақандай аралға айдап əкеліп
тастаған қандай тағдырдың күші екен? Жəне қандай кездейсоқтық бұл?
Желке тұсымда қамалдай қасқайып тұрған құз-жартастарға қарадым, одан
мені қойып қашқан аң, қанатты құс да өте алмайтын секілді. Сонда мен
қайда барам, қалай қашып құтылам мына қара пəледен? Жоқ, ешқандай
жол жоқ маған! Біткенім, құрығаным осы болар. Ойыма мына көрші
лашықта ұйықтап жатқан Мод түскен. Кеше кешкісін ғана ол: "Жақсы
жатып жай тұрыңыз, Хэмфри!" деп еді. Оның алдында мен: "Менің əйелім,
менің серігім" дегенді іштей сан қайталап едім. Жанды жадыратар қандай
əдемі сөздер еді ол. Ертеңнен жақсылық, үміт күттірер сол сөздер енді
мəңгі қоштасқаны ма бізбенен? Көзімнің алды қарауытып кетті. Мүмкін
бұл санаулы секундқа ғана созылған шығар – білмеймін. Ал ес жинап,
қайта қараған кезде, мен еш өзгерісті көре алмадым: "Елестің" сол баяғы
қара қаңқасы, оның қақ айырылған бушприті құмды жағалаудың үстінде
қалқайып тұр, ал рангоуттың сынған бөлігі толқын ұрған сайын бортқа
сүйкеліп, сықыр-сықыр етеді. Не істесем екен? Не істесем де бірақ тезірек
істеуім керек! Əйтпесе кеш болады...
Кенет басыма келген мына бір ой мені тіптен мазалай түскен: таң атқан,
күн шыққан, бірақ көз алдымдағы осы таудай кемеден титімдей тіршілік
белгісі білінбеуі қалай? Командасы қайда?
Аңшыларға не болған? Тұтастай қырылып қалуы мүмкін емес қой.
Ендеше кемені кездейсоқ апатқа ұшыратқан түндегі қатты дауылдан кейін
олар енді демалып жатқан болар. Олай болса біз неге қашпаймыз! Қазір
Мод екеуіміз бірден шлюпкаға отырып, мүйісті айналып кетсек, олар
оянғанша талай жерге ұзап кетпейміз бе? Дұрыс! Модты жылдам оятып
алып, табанда аттанып кетуіміз керек! Осы оймен Модты оятуға оқтала
бердім де, кенет... біз тұрған аралдың аржақ-бержағы небəрі он мильге де
жетпейтіні есіме түсіп, кілт тоқтай қалдым. Мұндай жерде бой тасалап
қалу мүмкін емес. Демек, бізге тағы да мұхитқа түсіп, тəуекел түбі
желқайыққа мінгеннен басқа амал жоқ. Мен басым мəңгіріп тұрып
алдымен өз қолымызбен жасап алған тəп-тəуір екі лашықты ойладым,
сосын қысқа деп жинап алған азық-түлік пен отын-судың қорын
мөлшерледім, ақыр соңында бəрін таразыға сала келе қары мен жауыны,
желі менен дауылы мол қыстың көзі қырауда жол жүруге мүлде
болмайтынына көзім жеткен.
Мен Модтың есігінің аузында қолымды көтерген қалпы əрі-сəрі күйде
тұрып қалдым. Жоқ, бұлай істеуге болмайды, мүлде болмайды! Басыма
келген ой осы – Модқа жетіп барып, оны ұйықтап жатқан жерінде өлтіру!
Сосын өзімді!.. Жо-жоқ, мен неге Мод пен өзімді өлтіруге тиіспін? Анау
кемедегілердің бəрі жым-жырт ұйықтап жатқанда... каютаға кіріп барып
алдымен Қорқау Ларсеннің өзін неге өлтірмеске?! Сосын?.. Сосынғысын
тағы көре жатармыз. Ең бастысы – оның көзін құрту керек! Бұған қол
жетсе, қалғанының бəрі іс барысында шешілер. Одан кейін не көрсек те,
дəл қазіргіден жаман бола қоймас.
Қанжарым белімде еді. Бұған қоса мылтық та артық етпес деген оймен
үйшікке қайта кірдім де, қосауызды иыққа іліп шығып, шхунаға қарай
батыл адымдай жөнелдім. Белуарымнан су кешіп бортқа əрең көтерілдім.
Матростар кубригінің люгі ашық екен. Ішке құлақ тостым. Жым-жырт.
Адамдардың болмашы дем тынысы да сезілмейді. Сонда қалай, команда
шынымен-ақ кемені тастап кеткені ме? Ішке тағы да құлақ салдым. Тырс
еткен дыбыс жоқ. Траппен жайлап төмен түсе бастадым... Кубрик қаңырап
бос қалыпты. Мұрынға қаңсыған иіс білінеді. Əр жерде шашылып жатқан:
ескі резина етіктер, жыртылған, тесілген клеенка күртелер – бəрі жырымжырым, кір-кір.
Сөз жоқ, команда өте асығыс түрде кемені тастап шыққан, бұған енді
ешқандай күмəн болуға тиіс емес. Арқамнан бір ауыр жүк түскендей
біртүрлі жеңілдеп қалдым да, еркін тыныстап палубаға көтерілдім... Міне,
ғажап! Бортта бірде-бір шлюпка қалмаған...
Аңшылардың кубригі де құлазып бос тұр. Олар да барлық заттарын
жылдам жинап алып, алды-арттарына қарамай зытқан секілді. Қысқасы,
"Елес" егесіз қалған. Енді оның егесі де, қожасы да Мод екеуіміз боламыз.
Менің есіме кают-компанияның астындағы азық-түлік қоймасы түскен.
Таңғы тамаққа неге одан бір тəтті-дəмді алып шығып, Модты қуантпасқа!
Бойымды билеген əлгіндегі үрей-қорқыныштан бір-ақ сəтте құтылып,
кеудемді қуаныш кернеп, трап бойымен секіріп-ыршып жоғары жүгіре
жөнелдім. Ойымда тек Мод. Ол ұйқыдан оянғанша керемет бір тəтті тамақ
дайындап үлгерсем деймін. Камбузді айналып өтіп бара жатып, онда тұрған
əдемі ыдыс-аяқтарды ойлаймын. Өстіп алқын-жұлқын жүгірген бойда ютқа
кіріп келсем... О, тəңірім! Қарсы алдымда кают-компанияның трапында
Қорқау Ларсен тұр! Бұл жерден оны қойып басқаны да күтпеген басым,
екпінмен біраз жерге барып қалған екенмін – он шақты қадам қалғанда
аяғымды əзер тежедім... Өзіме таныс көгілдір көздер мен жаққа оқтай
қадала қалған! Өзі юттың жартылай ашылған есігіне екі қолын бірдей
сүйеп, тастай қатып, қыбырсыз тұр. Бірақ менен көз алар емес.
Тұла бойым қалтырап кетті. Жүрегім тас төбеме шыққандай. Бір
қолыммен рубканың шетін қысып ұстай бердім – əйтпесе құлап қалатын
секілдімін. Кеберсіген еріндерімді тіліммен жалап-жалап қойдым. Көзім
Қорқау Ларсенде. Ол да маған тесіле қарайды. Құдды бір-бірімізбен
арбасып тұрғандаймыз. Оның осы мелшиген үнсіздігі мен мұздай сірескен
тұрысында адамның зəрссін алардай бір сұмдық үрей бар еді. Аз күн ұмыт
болған баяғы қорқынышымның бəрі енді қайта оянып, өне бойымды
қарадай қалтырата бастаған. Өстіп бір-бірімізді көзбен ішіп-жеп кемінде
бес минуттай тұрған шығармыз.
Бұлай тұра беруге болмайды, бір əрекет жасауым керек деп ойлаймын,
бірақ қыбыр етуге батылым барар емес, керісінше, алдымен оның
қимылдауына жол беріп тұрғандаймын. Ал уақыт деген өтіп жатыр – минут
емес, секунд санап! Кешегі күні жалын күдірейтіп шыға келген
мысықтардың төбетіне де алдымен өзім ұмтылғаннан гөрі, оның қаша
жөнелгенін күтіп едім, бүгін де міне дəл солай! Бірақ Қорқау Ларсен ақыр
соңында тұра қашатын табиғаттың жабайысы емес, адамның жабайысы –
жыртқыштардың жыртқышы емес пе. Ендеше, менікі не тұрыс? Қапы
қалмай тұрғанда қимылдамаймын ба бірінші!
Мен қосауыздың екі шаппасын бірдей қайырдым. Сосын оны жайлап
иығымнан түсіріп, капитанға қарай көздедім. Егер осы сəтте ол сəл қыбыр
ете қалса, мен, сөз жоқ, оны атып салар едім. Бірақ ол сол мелшиген қалпы
маған үнсіз қарап тұра берген. Дірілдеген қолдарыммен мылтық белін қыса
түсіп, мен де одан көз алмаймын. Бейшараның көзі шүңірейіп, жағы
суалып, тым жүдеп-ақ кеткен екен. Не болса да ол осы аз күнде досын түгіл
жауыңа тілемейтін тағдырды бастан кешкені көрініп тұр! Анау тесіле
қараған көздердің ар жағында не мұңға, не өкінішке толы бір құпия сырдың
тұнып жатқаны анық байқалады. Əйтеуір оның қай жағынан да оңып
тұрғаны шамалы еді.
Мен оған қарап тұрып, не ойламадым десеңші! Миымды торлаған мың
сан сұрақ, мың сан шешім! Бірақ соның ешбіріне байыз тауып тоқтай
алмаймын. Ештемеге батылым жетпейді. Шүріппені басып салайын
деймін, алайда саусақтарым дір-дір етіп икемге келер емес. Ақыры
мылтықты нысанадан алып, əлі де жақынырақ жерден атайын деген оймен,
рубканың бұрышына дейін жылжып келдім де, қосауызды тағы да оған
кезей бердім. Бұл сəтте ол менен небəрі екі-ақ қадам жерде тұр еді. Тіпті су
қараңғы соқыр болсам да мынадай аралықта мүлт жіберуім мүмкін емес-ті.
Бірақ... бірақ шүріппені тартып қалуға тағы да батылым жетпей-ақ
қойғаны.
– Не ғып тұрсыз енді! Атпайсыз ба?!– дейді ол мізбақпастан, қасқайып
тұрып.
Мен шүріппені шынымен тартқым-ақ келген, тартпас бұрын бірдеме
айтқым да келген, бірақ қолым да, аузым да қыбыр еткен қимылға келе
алсашы?
– Иə, атыңыз! Күтіп тұрмын сізді?!– дейді ол тағы да мені мазақ
қылғандай.
Мен жөткірініп қойдым, бірақ бір ауыз тіл қата алмадым.
– Хэмп,– деді Ларсен ақырын ғана.– Сіз маған ештеме де істей
алмайсыз. Қорыққаннан емес, əлсіздіктен. Сізде біреуді өлтіретіндей күш
те, қуат та жоқ. Сіздің мораль деген шартты ұғымыңыз сізден əлдеқайда
күштірек. Сіз – өз сеніміңіздің құлысыз. Сіздің төңірегіңіздегі достарыңыз
да, жазған кітаптарыңыз да сол сеніммен уланған. Сіздің туа салып
құлағыңызға құйған, миыңызға тығындаған, санаңызға сіңірген бір-ақ
дүние бар. Ол – жаңағы айтқан мораль. Сіздің басыңыздағы барлық
философияға, менен алған бүкіл тəрбиеңізге қарамастан, сіз ешбір қарусыз,
ешқандай қарсылықсыз тұрған адамды өлтіруге батылыңыз бармайды.
Оған сізді бейшара мораліңіз жібермейді.
– Иə, білемін,– дедім мен міңгірлеп.
– Ал мен үшін кімді де болса өлтіре салу түк емес. Ол қарулы ма,
қарусыз ба; күшті ме, əлсіз бе – маған бəрібір. Бұны да сіз жақсы білесіз,–
деді ол əр сөзін шегелей сөйлеп.– Сіз өз өреңіз, өз өлшеміңіз бойынша мені
кімге, неге теңемейсіз!? Жылан дейсіз, жолбарыс дейсіз! Акула, құбыжық,
дию. Калибан деген де кезіңіз бар. Бəрі рас. Ал сіз кімсіз? Сіз – ішін
үгіндіге толтырған қуыршақсыз, біреудің сөзімен күн көріп жүрген
бейшарасыз. Сіз жаныңыз қатты қысылған кезде, бірдеме етіп, акуланы, не
жыланды өлтіруіңіз мүмкін, ал мені? Жо-жоқ, батылыңыз бармайды!
Өйткені сіз мені де, өзіңіз сияқты адам деп білесіз... Əй, байғұс-ай! Mен
сізді бірдеме үйренді, ысылды деп жүрсем, əлі сол босбелбеу қалпыңызда
қалған екенсіз ғой.
Ол траппен жайлап көтеріліп, менің жаныма келді.
– Мылтығыңды шошайтпай, əрі тартыңыз. Сосын, менің бірер сұрағыма
жауап беріңіз. Біріншіден, мен əлі маңайды барлап үлгіргем жоқ. Бұл не
жер өзі? Мұнда сізден басқа біреулер бар ма? Ал өз үстіңіз неге суға
малшынып тұр? Айтпақшы, Мод қайда?.. Кешіріңіз, мисс Брустерді айтам
да. Мүмкін, тіпті миссис Ван-Вейден десем де болар. Қысқасы, ол қайда?
Тірі ме?
Мен бірер қадам шегініп тұрдым. Бірақ мылтықты одан бұрғам жоқ.
Ішім удай ашиды. Батылсыздығыма жылағым келеді. Сөйтіп тұрып: ол
маған тұра ұмтылса екен, қарсыласса екен, сонда оны ойланбай-ақ басып
салар едім деп қоямын ішімнен. Алайда ол қыбыр еткен қимыл көрсетпеген
соң, ақыры өзім шыдай алмай:
– Бұл жерді Үміт аралы дейді,– дедім оның алғашқы сұрағына орай.
– Мұндай аралды еш уақытта естімеппін.
– Дəлірегінде... біз солай деп атаймыз.
– "Біз" дейсіз бе?– деді ол таңданып.– Кімдер сонда ол "біз" дегеніңіз?
– Мисс Брустер екеуіміз.
– Мұнда мысықтар көп екен,– деді ол.– Солардың шулаған даусынан
оянып кеттім, əйтпесе қазірге дейін ұйықтап жатар ма едім... Түнде кеме
осы жерге тұмсық ұрғанда-ақ құлағым у-шудан тұнып қала жаздаған... Жел
ығындағы бір аралға тап болғанымды мен сол сəттің өзінде сезгенмін. Бұл
жер – мысықтардың жатағы ғой. Қаншама жылдан бері іздегенімді, міне,
мен енді ғана тауып тұрмын. Рахмет менің бауырыма! Мына байлыққа мен
соның арқасында жетіп отырмын. Иə, үлкен байлық бұл! Қазына ғой бұл
сарқылмас! Айтпақшы, арал қай ендікте жатыр?
– Оның ештемесін білмеймін,– дедім мен.– Алайда бұны білу сізге аса
қиынға соқпас. Ең соңғы рет қай ендікте келе жатыр едіңіздер?
Ол біртүрлі қызық жымиып қойды, бірақ үндеген жоқ.
– Ал команда қайда?– дедім мен.– Сіз қалай жалғыз қалып қойдыңыз?
Бұл сұраққа да ол жауап бермейтін шығар деп ойлап едім, бірақ, қызығы
сол, бірден сөйлей жөнелді.
– Бауырым мені екі күнге жеткізбей қақпанға түсірді,– деді ол.– Оның
өзі де менің осалдығымнан емес, палубада күзетшілерден басқа ешкім жоқ
кезде, мені қапыда қолға түсіріп, басып алған. Аңшылар демде сатылып
кетті. Маусым біткен кезде мына "Елеске" қарағанда сендерге екі есе
төлеймін деп еді, бəрі соған қарай ауа салған да, шлюпкаларын жылдам
суға түсіріп, тайып тұрған. Бұл жолы, əрине, Тажал Ларсеннің айы оңынан
туды!.. Жə, бұны ағайын арасындағы кезекті есеп айырысу деңіз де,
қойыңыз. Басқа тағы не білгіңіз келеді?
– Ал мачты қалай жоғалтып жүрсіз?
– Анау талрептерге жақындап барып, қараңызшы,– деді ол грот-вант
тұратын жерді нұсқап.
– Пышақпен қиып жіберіпті ғой!– дедім мен.
– Бірақ тұтастай емес,– деп ол мырс етті.– Бұл жерде ептеп қулық
жасалған. Дұрыстап қарап көріңізші.
Мен талрептерді тағы да қарап шықтым. Оларды бірінші дауылға дейін
ғана шыдайтын етіп, іліндіре қиып қойған екен.
– Бұл коктың ісі!– деп Қорқау Ларсен жорта күлген болды.– Дəл үстінен
түспесем де, соның қолтаңбасын анық танығаным бар. Əйтеуір, аз да болса
өшін алғаны ғой менен!
– Өй, азамат!– дедім мен ризашылығымды жасыра алмай.
– Мачты дауыл қалпақтай ұшырған сəтте мен де осыны айтқанмын,
бірақ, əрине, дəл сіздікі сияқты қуанышпен емес.
– Осындай жағдайға тап болғанда, жалғыз өзіңіз не істей алдыңыз?
– Қолымнан келгеннің бəрін. Бірақ тағдырдың салғаны менен мықтырақ
болып шықты.
Мен Томас Магридждің "қолтаңбасын" қайта қарай бастадым.
– Күнге қыздырынып отыра тұрайын. Суық сүйегіме дейін өтіп кеткен
секілді.– Арт жағымнан естілген Қорқау Ларсеннің бұл сөзі мені амалсыз
кері бұрған. Оның əбден қажып, əлсіреп қалғаны осы даусынан-ақ анық
білініп еді. Мен оны іштей қатты аяп кеттім.
– Қазір бас ауруыңыз қалай? Баяғыдай жиі қайталап тұра ма?– дедім.
– Кейде сыр беріп қояды,– деді ол.– Байқаймын, қазір де ескі əуеніне
басайын деп тұрғандай.
Ол палубаға жанбастай жатты да, бір қолын басының астына қойып,
екіншісімен көзін күннен көлегейледі. Мен не істерімді білмей оған
қарадым да тұрдым.
– Міне сізге нағыз оңтайлы сəт, Хэмп!– деді ол.
– Түсінбедім,– дедім мен бұл сөздің астарын керемет түсініп тұрсам да
əдейі түсінбегендей.
– Жарайды,– деді ол ерін ұшынан жай ғана.– Не істесеңіз де қолыңызда
тұрмын ғой. Сіздерге керегі де осы емес пе еді.
– Қателесесіз,– дедім мен.– Бізге керегі – сіздің осы жерден қараңыздың
батқаны... Мың-мыңдаған мильге...
Ларсен мырс етті де қойды, сосын жұмған аузын ашқан жоқ, тіпті мен
кают-компанияға түсейін деп жанынан өтіп бара жатқанда да ол қыбыр
еткен қимыл көрсетпеген. Бірақ люк қақпағын ашқан күйі төмендегі қапқараңғы қоймаға ойлана қарап тұрып қалдым. Төменге түссем бе, түспесем
де деймін басым қатып. Ларсеннің əншейін монтанысып жатпасына кім
кепіл? Мен қоймаға түскенде сарт еткізіп қақпақты жаба салса – тірідей
көрде қалғаным сол ғой! Мен траппен жайлап көтеріліп, палуба жаққа
ұрлана көз салып қойдым. Жоқ, Ларсен əлгінде қалай жатса, əлі де солай
қимылсыз жатыр екен. Мен сосын тағы да кают-компанияға түсуге бет
алдым, бірақ қоймаға секірер алдында люк қақпағын төменге түсіріп
жібердім – сақтықта қорлық жоқ деген ғой. Бірақ бұның өзі тым
əсіресақтық еді, өйткені Қорқау Ларсен бұл сəтте өз басымен өзі қайғы боп
жатқан-ды. Ал мен өзіммен бірге джем, галст, ет консервілерін – бір сөзбен
айтқанда, қолыма не түссе, соның бəрін көтергенімше – қойны-қоншыма
толтырып, кают-компанияға шықтым да, люкті жаптым.
Палубаға көтерілген кезде, Қорқау Ларсеннің дəл манағыдай
қозғалыссыз жатқанын көрдім. Маған кенет тағы бір ой келген де, сол
ойдың жетегімен каютаға ұрлана кіріп, капитанның револьверін қалтама
салып алдым. Қалған үш каютаны қаншама адақтап шықсам да, басқадай
қару-жарақ еш жерден табылмаған. Сонан соң аңшылар мен матростардың
кубриктеріне жəне бір рет түсіп, өткір, үшкір деген заттардың бəрін жинап
алдым да, палубаға келдім. Осы мезетте əлі де қозғалыссыз жатқан
капитанның беліндегі салақұлаш қанжарға көзім түскен. Бұны да
қалдырмау керек деп ойладым. Бірақ қалай алуға болады? Алдымен оған
сыбырлап тіл қаттым, сосын қаттырақ дауыстап көрдім. Үн жоқ, қимыл
жоқ. Бұдан соң абайлап келіп, қанжарды белінен шешіп алдым. Бір-ақ сəтте
тынысым кеңіп сала бергендей. Енді ол маған түк те істей алмайды!
Көтерген олжаларымның қатарына кофеқайнатқыш пен табаданды
қосып, бұған қоса кают-компаниядан біраз ыдыс-аяқты жəне алып, Қорқау
Ларсенді майдай жылы күн шуағының астына қалдырдым да, өзім жағаға
қарай жылжыдым.
Мод əлі ұйықтап жатыр екен. Біз əзірге қыста тамақ істейтін жер
дайындаған жоқ едік, жылдамдатып далаға от жағып жібердім де, бірден
ертеңгі астың қамына кірісіп кеттім. Бұл жұмыс аяқтала берген уақытта
Модтың орнынан тұрып лашық ішінде ары-бері қыбырлап жүре
бастағанын сездім. Ал сəлден соң ол мен жататын лашықтың
табалдырығын аттаған сəтте... бəрі дайын тұрған дастарқан мен буы
бұрқыраған əдемі кофеқайнатқышқа көзі түскен.
– Бұныңыз жөн емес!– деді ол жорта қабақ шытып.– Келісім бойынша,
тамақты мен дайындауым керек еді ғой.
– Бір ретке ештеңе етпес,– деп мен де өтірік ақталған боламын.
– Не десеңіз де келесі жолы бұл қайталанбайтын болсын!– дейді ол енді
күліп.– Тек əйтеуір менің шикілі-пісілі бірдемелерім сізді мезі етпесе
болды да.
Бір жақсысы, Мод жаға жаққа бір рет те көз салған жоқ, ал мен өзімнің
анау-мынау əңгімеммен оның назарын ылғи да басқа бірдемеге аудара
бердім. Ол болса, ештеме сезер емес, мен суға жібітіп, табаданға қуырып
қойған картоп кеспес, кеп, фарфор күріжкеден кофесін ішіп, қытырлауық
шелпекке джемді қалыңдау жағып, қытырлата тістеп, жайбарақат отырған
да қойған. Бірақ бұл ұзаққа созылуы мүмкін емес еді. Кенет оның бетінде
таңданыс нышаны жылт ете қалған. Алдындағы фарфор тарелка көзіне
оттай басылса керек. Одан кейін үстел үстіндегі барлық жаңалыққа
жағалата көз салып шыққан да, бірден жаға жаққа мойын бұрған.
– Хэмфри!– деді ол көзін маған бақырайта қадап.– Шынымен-ақ сол ма?
Соның өзі ме?
Оның үрейге толы көзіне тура қарауға батылым бармай:
– Иə,– дедім ақырын төмен қарап.
ОТЫЗ ҮШІНШІ ТАРАУ
Қорқау Ларсен жағаға шығатын шығар деп біз кешке дейін күттік.
Азапты минуттар секунд санап өтіп жатты. Кеме жаққа қарай-қарай көзіміз
талып, жүйкеміз тозып бітті əбден. Бірақ қаншама күтсек те, капитанның
қарасы көрінбеген. Тіпті палубаның үстінен де қылт еткен төбесін байқай
алмадық.
– Тағы да басының талмасы ұстағаны анық, дедім мен.– Өйткені мен
шығып бара жатқан сəтте ол ютта жатқан. Өстіп ол түні бойы жатуы
мүмкін, мен барып көріп келейін.
Мод маған жалынышты түрде қараған.
– Ештемеден қорықпай-ақ қойыңыз,– дедім оның көңілін
тыныштандырғым келіп.– Револьверім жанымда болады. Оның қасында
бірде-бір қару қалмағанын мен сізге айттым ғой.
– Ал қолы ше? Кез келген қарудан кем емес қой оның қолы!– деді Мод
шошынып.– Ой, Хэмфри! Шындығымды айтсам, мен сондай қорқамын
одан! Бармай-ақ қойыңызшы о жаққа, өтінем, бармай-ақ қойыңызшы.
Ол өзінің жып-жылы қолын менің қолымның үстіне қойды. Оның ыстық
табы тұла бойымды ерітіп, жүрегімді шымырлатып жіберді. Осы сəттегі
менің бүкіл сезім бұлқыныстарым көзіме кілкіп шыға келген шығар деп
ойлаймын. "Сүйіктім, жаным менің!"– деймін ішімнен сан рет қайталап.
Оның маған жалына тіл қатып, жабыса түсуінің өзі жанымды сондай
рақатқа бөлеп еді. Сонымен қатар оның күн шуағындай жылы мейірі мен
тасбұлақтың суындай таза көңілі бойыма күш, жүрегіме рух бергендей
болған. Мен оны еріктен тыс құшақтай алғым келді, бірақ өзімді дер
кезінде тежей қойдым.
– Мен тəуекелге бармаймын,– дедім мен.– Оның не күйде жатқанын тек
сырттай бақылаймын да қайтамын.
Ол менің қолымды жайлап босата берді.
Бірақ мен палубаға барғанмен оны манағы жатқан жерінен таба алмай
қайттым. Тегі ол каютасына түсіп кетсе керек. Бұл күні түнде Мод екеуміз
кезектесіп, бір-бірімізді күзетіп шықтық, өйткені Қорқау Ларсеннен бəрін
күтуге болатын еді.
Біз ертеңгі күнді де күтумен өткіздік, бірақ ол көрінбеді.
– Оның бас ауыруы... талмасы ұстап қалған шығар,– деді Мод төртінші
күні.– Тіпті өліп те қалуы мүмкін.
Сіз не дейсіз дегендей ол маған бір сəт сүзіле қараған, бірақ менен жауап
болмаған соң, ол тағы:
– Əлде бейшара өлгелі жатыр ма екен?– деген ерін ұшынан ақырын.
– Өлсе өле қалсын!– дедім мен.
– Бірақ ойлаңызшы, Хэмфри. Ол да адам емес пе? Жəне жападан жалғыз
өліп бара жатуы...
– Əбден мүмкін...– дедім күңк етіп.
– Иə, мүмкін,– деді ол сөзін одан əрі жалғастырып.– Əрине, қазір біздің
көзіміз ештемеге жетіп тұрған жоқ. Егер ол шынымен өліп бара жатса, оны
былай қалдыруға болмайды. Мен еш уақытта өзімді кешпес едім бұл үшін.
Біз қалайда бір нəрсе істеуіміз керек.
– Бəрі де мүмкін,– дедім мен қайталап. Бірақ басыма бір қызық ой
келген: əйел жаны қандай күрделі, қандай тылсым десеңші! Бұл қыз кеше
ғана мен үшін қарадай қам жеп, үрейден өліп кете жаздап еді, ал енді қас
жауы Қорқау Ларсенді аяп, етжүрегі езіліп отыр.
Мод ақылды да сезімтал қыз ғой – менің не ойлап отырғанымды сезе
қойған секілді.
– Сіз оның не күйде жатқанын қалайда біліп келуіңіз керек, Хэмфри,–
деді ол енді əдеттегі турашылдығына басып.– Ал менің бөркеміктігіме
күлгіңіз келсе, əрине, оған да хақыңыз бар. Мен сізге ештемеге
ренжімеймін.
Мен орнымнан тұрдым да, жағаны бетке алдым.
– Тек, əйтеуір, абай болыңызшы!– деді ол соңымнан.
Жартыбақтың үстінен мен оған қол бұлғадым да, палубаға секіріп
түстім. Сосын кают-компанияның алдына келіп, Ларсенді шақырып айқай
салдым. Ол көп күттірмей-ақ жауап берді де, траппен жоғары көтеріле
бастады. Мен бірден револьверь шаппасын қайырып, оған кезей бердім.
Əңгімеміз біткенше осы қалпымнан титтей де таңғам жоқ, ал ол болса
бұған мүлде мəн бермеген, құдды менің қолымдағы қаруды – қару, мені –
адам деп есептемеген секілді. Əңгіме деймін-ау, екеуіміз жарытып
сөйлескеміз де жоқ-ты: үш күннен бері қайда болдыңыз, не істедіңіз деп
мен сұрамадым, осы уақыттан бері сіздер не істедіңіздер, неге маған
келмедіңіздер деп ол тіс жармады. Тек "денсаулығыңыз қалай?" деген
сұрағыма ол: "Тəуір боп қалдым, қазір басым ауырмайды" деген де қойған.
Бұдан əрі мен ештеме деместен бұрылып жүре бергем.
Менің көріп-білгенімді аса ыждаһатпен тыңдап болған соң Мод біртүрлі
жеңілдеп қалғандай болды. Артынша камбуздан сыздықтап түтін
көрінгенде, оның көңілі мүлде жайланып еді. Бұл түтін келесі күні де
көрініп тұрды, бұған қоса біз Қорқау Ларсеннің өзін де кейде ют жақтан
байқап қалып отырдық. Бірақ осымен бəрі біткен; оның аттап басып жағаға
шықпағаны, шығуға тіпті болмашы əрекет те жасамағаны бізге белгілі
болды – өйткені біз оны ылғи да аңдып отырдық, əрі түнгі күзетті де
күшейте түскенбіз: біздің ойымызша ол қандай да бір "ойынды" бастауға
тиіс еді. Алайда оның мына жұмбақ қылығы бізді үрейлендіре берген.
Өстіп тағы бір апта өтті. Біздің бүкіл ойымыз енді бір ғана Ларсен
төңірегіне шырмалған. Берекеміз қашты, ісімізден мəн кетті. Не істейік
десек те көз алдымызда тек Қорқау Ларсен тұратын болды.
Дегенмен аптаның соңына қарай камбуз төбесінен түтін шыққанды
қойған. Онымен бірге анда-санда юттан төбесі көрініп қалатын Қорқау
Ларсеннің де қарасы өшкен. Модтың бұған тағы да алаңдай бастағаны
байқалды, бірақ бұрынғыдай маған "барыңызшы, көріңізші" деуге
ыңғайсызданды ма, əлде батылы жетпеді ме – əйтеуір не де болса оның
іштен тынып жүргені анық. Ал мен не үшін оны кінəлауға тиіспін? Жаны
нəзік əйел деген аты бар емес пе оның! Екіншіден, Модтың бүкіл
жаратылысына альтуристік қасиет тəн екенін мен сан рет байқағанмын.
Сосын... менің өзімнің біртіндеп қуыстана бастағаным рас: кеше ғана өз
қолыммен өлтіргім келген адам енді тура жанымызда, жападан жалғыз, өз
ажалымен өлгелі жатқанда, менің мысқалдай адамдық көрсетпегенім қалай
деймін іштей мүжіліп. Бұл жағынан ол өте дұрыс айтқандай: мораль,
адамгершілік деген ұғымдар менен, расында, əлдеқайда мықты екен. Дəл
қазір одан кек қайтарудан көрі: ол да мен сияқты адам, оның да өмір сүруге
хақы бар деген ойлар мені тек жақсылыққа қарай бастаған.
Сондықтан мен Модтың кезекті өтінішін күтпестен: "Кемеге барып
қайтпасам болмас, біздің сүтіміз де, джеміміз де таусылуға тақалып
қалыпты",– дедім ертеңгілік дастарқан үстінде. Ол алғашында əр нені
сылтау етіп, біздің күніміз тек консервідегі сүт пен джемге қарап
тұрмағанын айтып, мені ешқайда жібергісі келмейтінін білдірген, бірақ
артынша менің түпкі ниетімді сезген де, үнсіз ықылас танытқан.
Кеме үстіне шығысымен етігімді шештім де, жымымды білдірмей корм
жаққа беттедім. Бұл жолы дауыс шығарып оны шақырғам да жоқ. Аяғымды
аңдап басып, траппен төмен түстім. Бірақ кают-компаниядан ешкімді көре
алмадым. Капитанның каютасы жабық екен. Есікті қағайын дедім де,
артынша өзімді тежей бердім, өйткені... алдымен қоймадан керекжарағымды алып алайын деп ойладым. Осы оймен люк қақпағын
мүмкіндігінше сыбдырсыз аштым да, оны əрірек сырғытып қойдым. Кеме
тауарлары сақталатын дүкеншік те осы қоймада болатын, мен одан бірер іш
киім ала шыққым келіп еді.
Қоймадағы жұмысымды бітіріп, енді жоғары көтеріле бергенімде
капитанның каютасынан тасыр-тұсыр дыбыс естілген. Қалт тұра қалдым
да, тың тыңдадым. Есік тұтқасы сықыр-сықыр ете қалды. Мен жалт
бұрылып, тасаға тығылдым. Бұл – үстелдің арт жағы еді, төрт сирақтың
арасынан сығалай отырып, револьверімнің шаппасын қайырып, не нəрсеге
де дайын болуға тырыстым. Арада көп өтпей-ақ есік шалқасынан ашылған
да, Қорқау Ларсеннің ұйпа-тұйпа басы көрінген. Мен ешқашан оның
мұндай қиналған жүзін көрген емеспін, нағыз еркекке тəн бұрынғы
қажырлы да қайратты қалпынан іліп аларға ештеме қалмағандай. Екі
қолымен басын қыса ұстап, жаралы жолбарыстай солқ-солқ етеді... Содан
соң бір мезет күректей алақанымен бетін əлдеқандай бір пердеден
аршығандай болып, көз алдын əрі-бері ызалана сипай берген.
– О, құдай! О, құдай!– дейді аракідік ыңқылдай дауыстап. Сосын екі
қолын жоғары көтеріп, жұдырығын түйіп, қайтадан қалшылдап-селкілдей
бастайды.
Бұл енді, расында, тым қорқынышты еді. Менің өне бойым дірілдеп,
арқамнан мың сан құмырсқа өріп бара жатқандай болды. Маңдайымнан
суық тер де бұрқ ете түскен. Кешегі арыстандай ақырып тұрған адамның
бір-ақ сəтте бейшара күйге түсуінен өткен сұмдық көрініс жоқ шығар сірə.
Бірақ Қорқау Ларсен өзінің керемет қайрат-жігерімен бойын қайта
жинақтап алып еді. Шындығында бұл оған тым оңайға түспеген. Алдымен
бүкіл денесі бір-ақ сəтте ширығып, булығып шыға келді. Мұндай
қысымнан құдды қан тамырлары бырт-бырт үзіліп, тырс-тырс жарылып
кетердей көрінген. Осы сəтте бет-аузы да қисайып, көгеріп кетіп еді.
Артынша əлгі алапат күш бойынан жəне ұшып кеткендей болды да,
манағыдай екі жұдырығын жоғары көтерген күйі тағы да қалшылдапселкілдей бастады. Дегенмен шамалыдан соң ол өзіне-өзі келіп, бұлшық
еттерін бұлтылдата ойнатқан кезде мен баяғы Ларсенді қайта көргендей
болдым. Сөйтіп ол бар күшін салып қайраттанып алғаннан кейін
əдеттегідей трап үстінде аяғын нығыздай басқанмен бəрібір əр қимылынан
əлсіздік пен батылсыздық байқалған.
Жасырары жоқ, ендігі жерде мен қуыстана бастадым, өйткені əлгінде
өзім ашқан люктың аузы үңірейіп, тура оның жолында жатқан – бұны ол
көрді дегенше менің осында екенімді білді де! Не істеу керек? Қорқыпбұғып, үстел астында екі бүктетіліп жатқан түрім мынау. Жоқ, бүйтіп
масқара болғанша өлгенім артық! Орнымнан жылдам тұрып, көрінеу жерге
қарай шықтым. Бірақ ол мені де, ашық жатқан люкты да байқамады. Сосын
мен енді не істер екен деп ойлағанымша болған жоқ, ол люк аузына аяғын
көтеріп те үлгірген – бітті! құлады! дедім жүрегім аузыма тығылып. Алайда
аяғы əдеттегідей ештемеге ілікпей, төмен құлдырай жөнелгенін қас
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Теңіз қорқауы - 20
  • Büleklär
  • Теңіз қорқауы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4109
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2151
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4147
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2144
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4176
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2277
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4218
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2074
    37.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2161
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4249
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4149
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2164
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4192
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2255
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4099
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2166
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4179
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2158
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4129
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2140
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4166
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2015
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4188
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4038
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4153
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4198
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2108
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4226
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2157
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4153
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2094
    37.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4222
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2071
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4142
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2029
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4225
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2129
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4195
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2097
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Теңіз қорқауы - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 2480
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1428
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.