🕙 1 minut uku

Тәкаппар

Süzlärneñ gomumi sanı 76
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 69
41.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  (Мысал)
  
  - Жөнімді өзім білем, - деп,-
  Сусыз-ақ өмір сүрем, - деп,
  Құрлықты балық мақтапты,
  Теңізін туған даттапты.
  
  Бір күні күшті жел тұрып,
  Тулады теңіз жұлқынып.
  Тәкаппар әлгі балықты
  Құшаққа құрлық алыпты.
  Жел кептіріп денесін,
  Күн құрғатып өңешін,
  Желбезегі желпілдеп,
  Ыршыды көкке селкілдеп.
  
  Құрлық судай болмады,
  Жан қояр жер қалмады.
  Аузын ашып су тілеп,
  Жоылапты зарлап, уһілеп:
  
  - Мөлдір суым, мекенім,
  Енді қайтсем жетемін?!
  Қадіріңді білмедім,
  Неге шалқып жүрмедім?!
  ... Тыңдамап еді ешкімді,
  Қателігін кеш білді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.