Latin Common Turkic

Шыңғысханның Ақ Бұлты - 4

Süzlärneñ gomumi sanı 2488
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1441
39.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
italki
ойлағанға ұқсайды. Хан нөкерлерінің арасынан қаған үшін жанын
қиюға да бар екені андағайлап көзге ұрып тұрған зор дауысты бір
ноян суырылып шықты. Астындағы арғымағын ойнақтатып, соры
қайнаған кестеші мінген арбаның қасына жетіп келді, тумай жатып
тұл жетім қалғалы тұрған сәбиді бауырына басып емпеңдеген
Алтын күң де арбаға ілесіп келеді.
– Кәне, тоқтаңдар, – деп бұйырды ол бұларға. Содан кейін
атты-жаяулы әскерлер мен қызметшілерге қарап айқайлай сөйледі:
– Тыңдаңдар бәрің! Мына ардан безген жүзіқара қазір кімнен
бала тапқанын көрсетіп беруге тиіс. Біз оның ашынасы кім екенін
білуіміз керек. Айт, кәне, мына тұрғандардың арасында балаңның
әкесі бар ма?
Дөгелең «жоқ» деп жауап берді. Тобыр тағы да гуілдесіп кетті.
Арба жүздіктен жүздікті аралап жүре берді. Жүзбасылар қуана
тіл қатып жатты:
– Менде ондай кәззаптар жоқ! Мүмкін ана жүздікте шығар?
Ноян болса, кестеші әйелден нәрестенің әкесін көрсетуді талап
етіп, әскерді аралап жүре берді.
Міне, олар тағы да атты әскерлердің келесі жүздігінің алдында
тұр, әлгі сұрағын қайталап қоя беруден ноян да жалығар емес:
– Кәне, салдақы, көрсет кімнен туғаныңды!
Ал, осы жүздіктің басында жүзбасы Ерден тұр еді, астында сол
Ақжұлдыз аты. Дөгелең мен Ерденнің көздері түйісті. Жаппай әбігер
мен тобырдың шуылынан екеуінің бір-бірінен көз ала алмай ұзақ
қарап қалғанын, Дөгелеңнің дір ете түсіп, онысын білдіргісі келмей
маңдайына түскен шашын қайырмақ болғанын, бір мезет жүзі ду
Шыңғыс Айтматов
етіп қызарып, әп-сәтте басыла қалғанын ешкім де байқамай қалды.
Дөгелең үшін екеуінің көз жанары шарпысуының өзі не тұратынын,
осы сәттің ол үшін қаншалықты ауыр әрі қуанышты екенін тек Ерден
ғана түсінді. Дереу есін жиып алған Дөгелең ноянның сұрағына еш
абыржымастан жауап берді:
– Жоқ, баламның әкесі мұнда да емес!
Жүзбасы Ерденнің басы сылқ етіп салбырай қалғанын тағы
да ешкім аңғарған жоқ, бірақ ол бар күш-жігерін жинап, түк
көрмегендей тұра берді.
Жендеттер жазаны орындауға сақадай сай тұрған. Қара шекпен
жамылып, жеңдерін шынтағына дейін түріп алған үш кісі тасасынан атты кісі көрінбейтін алып атанды ортаға алып шықты. Ағаш
түгіл кейде бұта да кездеспейтін мидай жазық далада көшпенділер
ежелден бері дарға асудың осындай тәсілін қолданатын –
атанның екі жағынан екі адамды бір арқанмен немесе екінші
жағына құм толтырылған қап байлап, бір адамды асып өлтіре
беретін. Кестеші Дөгелеңге де осындай қап дайындаулы тұр екен.
Жендеттер таяқпен жасқап, жекіріп жүріп арбиған сирақтары
ерең-серең еткен атанды шөгеріп қойды. Сөйтіп, тірі жануар
кейпіндегі дар ағашы да дайын болды.
Дауылпаздарға қайтадан жан бітті, бірақ қылмыстының демі
үзілер сәтте ғана қаһарына міну үшін әзірше баяу ғана дүңкілдеп
тұр.
Ноян бейбақ кестешіні келеке қылғандай әлгі сұрағын тағы да
қайталады:
– Ең соңғы рет сұраймын. Мисыз салдақы, бәрібір өлгелі тұрсың,
мына күшігің де аман қалмайды. Сені қалай түсінгеніміз дұрыс,
сонда кімнен туғаныңды өзің де білмейсің бе? Тағы бір ойланып
көр, бәлкім, есіңе түсер?
– Кімнен көтергенім есімде жоқ. Бұл басқа жерде және баяғыда
болған, – деп жауап берді кестеші.
Дала төсін еркектердің қарқылдаған, әйелдердің шиқылдаған
күлкісі басып кетті. Бейбақ әйелді бәрі табалап тұр.
Ноян да қояр емес:
– Сонда қалай болғаны, мұны қалай түсінеміз, әлде базарда
кездейсоқ жолыққан біреуден көтердің бе?
Тау құлаған
– Ия, базардағы біреуден! – деп қырсыға жауап берді Дөгелең.
– Саудагер ме, әлде ел кезген қаңғыбас па, бәлкім, базардың
ұрысы шығар?
– Саудагер ме, кезбе ме, әлде ұры ма – онысын білмедім, – деді
Дөгелең.
Тағы да қарқылдаған-шиқылдаған күлкі дүр ете қалды.
Саудагер ме, қаңғыбас па, ұры ма – бұған бәрібір емес пе, ең
бастысы, ондаймен айналысуға базардан басқа жер таппағанында
болып тұр ғой!
Кенет сарбаздар сапынан біреудің даусы естілді де бәрі жымжырт тына қалды. Ол да жұрттың бәрі естісін дегендей саңқылдай
сөйлеген еді:
– Менмін ол баланың әкесі! Білгілерің келгені осы болса, ол –
менмін!
Ешкімнің қыбыр етуге шамасы жоқ, тым-тырыс – бұл кім екен?
Енді сәл шыдаса кестеші әйел өзімен мәңгі бірге ала кететін құпияны
өзі ашып, ажал тұзағына өз басын өзі тыққан қай есалаң бұл?!
Әлгі ақымақтың кім екенін көргенде елдің бәрі есінен танып
қала жаздады: атын тебініп қалып, жүзбасы Ерден ортаға шығып
келеді. Ақжұлдыздың тізгінін тежеп, ер үстінде үзеңгіге аяғын
тірей көтерілген ол қоршаған тобырға айнала қарап тағы да ақыра
қайталады:
– Ия, менмін ол! Ал, мынау – менің ұлым! Ұлымның аты –
Құнан! Анасының аты – Дөгелең! Өзім – жүзбасы Ерденмін!
Солай деді де атынан қарғып түсіп, Ақжұлдызды алақанымен
мойнынан салып қалды, сөйтіп бойындағы қаруы мен сауытсайманын жүре шешіп жан-жағына лақтыра адымдап, екі жендет
екі қолынан ұстап тұрған кестешіге қарай беттеді. Айнала қоршаған
қалың әскер әлі тым-тырыс, ажалына қасқая қарсы қарап, өз еркімен
өлімге беттеген адамға бәрі де таңырқай қарап тұр. Ажалына
бойсұнып, тірліктен үмітін үзген сүйгеніне жақындай бере, жүзбасы
Ерден тізерлеп отыра қалып, ғашығын құшағына қысты, әйел қолын
оның басына қойып, ажал алдында қайтадан қосылған екеуі үнтүнсіз тұрып қалды.
Сол сәтте дауылпаздар да дүңкілдеп, әлденеден үріккен бір
табын сиырдай ыңырана өкіріп қоя берді. Дауылпаз даусы жап-
Шыңғыс Айтматов
italki
пай бағыну мен анталаған тобырдың құштарлана тосқан тілегін
қанағаттандыруды талап еткендей. Елдің бәрі есін жинап ала
қойды, бәрі де бәз-баяғы қалпына келіп, бұйрықтар беріле бастады – жорыққа дайындалыңдар! Дауылпаз үні бұйрықты одан әрі
шегелей түседі: бірің қалмай бәрің де өз шаруаларыңды біліңдер.
Жендеттер дереу іске кірісті. Оларға көмекке тағы үш жасауыл
ұмтылды. Жабылып жүріп жүзбасыны жерге алып ұрды да, қолын
артына қаратып байлап тастады, кестеші әйелді де сөйтті, содан
кейін екеуін шөгіп жатқан атанның қасына сүйреп алып келді;
арқанның бір ұшын тұзақтап, жүзбасының, екінші ұшын – атанның
өркешінің екі аралығынан өткізіп кестешінің мойнына ілді; содан
кейін жанталаса жүріп, дауылпаз үні де желкелеп қояр емес, түйені
орнынан тұрғыза бастады. Жануар орнынан тұрғысы келмей,
қарсыласып жатыр. Аузын арандай ашып, бақырып қойып, қарпып
алардай-ақ басын екі жағына кезек сермелейді. Алайда, таяқпен
осқылаған жасауылдар жан қоя ма, бір кезде иіле бүктетіліп барып
атан да орнынан түрекелді. Екі өркеші баладай, өзі де ірі жануардың
екі қапталында бір жиырылып, бір созылып, ажалды да бірге қарсы
алған екі ғашық жантәсілім етіп жатты…
Дауылпаз дүңкілінен құлақтары бітіп, жазаны тамашалаудан
көздері босамаған қалың тобыр қағанның күннен қорғар далдасының
дөңнен жылжып кеткенін, әміршінің жанынан бір елі қалмайтын
бір топ кезеуілдің оған ілесе кеткенін байқамай қалды. Қаған жазалау жүргізілген жерден аулақ кеткенді жөн көріп еді, осы да жетер:
жаза орындалды, тіптен, діттеген межеден де асып түсті – төсектің
қамын басқадан жоғары қойған бәтшағар – әлгі кестешінің ашынасы
қолға түсті, өзі жүзбасы болып шықты, тәмам жұрттың алдында өзі
келіп қолға түсіп, лайықты жазасын алды; әлде мұнысы пендешілік
пе екен, кезінде Бөрте сұлу үлкен ұлын босанғанда бұл оның анық өз
белінен жаралғанына сол күйі күмәнді болып қалған-тұғын, сол ұлын
әлі күнге жақтырмайды, бүгінгі жазалау кім екенін ақыры біле алмай
кеткен сол бір меркіт жігітінен кек алғаны емес пе осы?!
Ал, дауылпаздың дүңкілі жалғаса берді, бір арқанмен керілген
екі ғашықтың жансыз денесі екі жағынан салбыраған атанға жол
беріңдер деп дүңкілдейді ол. Түйенің екі жағында салақтап келе
жатқан жүзбасы мен кестешінің мүрделері әлемнің болашақ
Тау құлаған
әміршісінің қанды тағы орнықты болуы үшін шалынған құрбандық
еді.
Дауылпаздар адамның жанын түршіктіріп күркірей берді, күллі
жасақтың құлағы тұнып, есеңгіреп қалды, мақсатынан қайту дегенді
білмейтін ханның дегеніне көнбеген адамға не болатынын өз көзімен
көрген әр адам өзінің амандығына шүкірлік етіп келе жатты…
Жендеттер мен жасауылдар жылжымалы дар – алып атанды
жетелеп бүкіл әскер мен шаруашылық қосындарын аралап
шыққаннан кейін сүйгені үшін құрбан болған екі бейбақтың мәйітін
алдын ала қазылған көрге апарып көмгенше, дауылпаздар тоқтамай
дүңкілдей берді.
Әскер орнынан қозғалып, Шыңғысханның қалың қолы Батысқа
қарай қайтадан беттеді. Сан мыңдаған атты әскер мен шаруашылық
жасақтары, жолда азық қылатын айдаулы мал, ұсталар мен шеберлер бірі қалмастан Сарыөзек даласындағы әлгі қанды оқиға болған
жерден тезірек аулақ кетейік дегендей алды-артына қарамай тұра
жөнелді, тек не істеп, не қоярын білмеген, тіптен, өзінің бар екендігі
туралы ескертуге де батылы бармаған бір-ақ адам – қолында жапжас жетімегі бар Алтын күң ғана сол жерде қала барды. Бәрі де оны
ұмытып кетті, оның бар-жоғын білудің өзі ұят сияқты көрініп, одан
аулақ кетуге асықты, көрсе де көрмегенсіп, бейне бір өрттен қашқан
адамдай безе қашты, ешкімнің мұнда ешқандай шаруасы жоқ екен.
Енді біраздан соң бәрі де сап тыйылды, дауылпаз үні де, айқайсүрең бұйрықтар да басылып, желкілдеген тулар мен желбіреген жалаулар да көзден біржола ғайып болды… Тек Сарыөзек даласын басып өткен жорықтың бағытын сілтегендей ат тұяғы таптап, малдың
тезегі қалған жол ғана көкжиекке дейін созылып жатыр…
Айдалада жалғыз қалған Алтын күң түнгі ошақтардың орнында
қалған шикілі-пісілі тамақтың қалдығын теріп, жартылай мүжілген
сүйектерді қоржынына тыға берді, бір жерде әлдекім ұмыт қалдырған қой терісін тауып алып, иығына аса салды, түнге қарай сәбиінің
астына төсейді ғой, енді амалсыздан оған ана болуға тура келетін
болды…
Алтын өзінің не істеп, не қоярын, қайда бет алып, қайда барарын,
қайдан баспана тауып, баланы қалай асырарын білмей дал болды.
Маңқиған меңіреу даладағы шаңқиған күн көзі барда әлденеден үміті
Шыңғыс Айтматов
де бар еді – кенеттен әлдебір баспана табылып, айдалада мал баққан
шопанның жолым үйі кезігіп қала ма… Сөйтіп өз-өзіне демеу беруге
тырысқан байғұс күң аяқ астынан азаттық алып, екінші жағынан
ойына алса зәресі ұша қорқатын қолындағы нәрестеге де ие болып
шыға келді. Өйткені, жас баланың қазір-ақ қарны ашады, оған сүт
керек, әйтпесе, аштан өледі. Ол осыдан қорқып келеді. Бірақ, қолдан
келер қайран жоқ…
Алтынның бар үміті – сап-сары боп сазарып жатқан осы қу
далада біреулерді кездестіру; егер олардың арасында бала емізіп
жүрген әйел болса, баланы соған асырауға беріп, өзі оған ерікті түрде
күң болар еді…
Сорлы әйел дала кезіп басы ауған жаққа – біресе шығысқа, одан
батысқа, одан кейін қайтадан шығысқа қарай жүре берді… Қолында
жас бала, аялдау дегенді білместен аяңдай берді. Түске қарай бала
қозғалақтап, қыңқылдап, емшек сұрай бастады… Әйел оның
жаялығын ауыстырды да жүре тербетіп қайтадан жолға шықты. Бірақ,
көп ұзамай бала қаттырақ жылай бастады, бірден-бірге тоқтамастан
шырылдап, тіптен беті де көгеріп кетті. Сол кезде Алтын тоқтай
қалып, жанұшыра шыңғырып жіберді:
– Көмектесіңдер! Көмек беріңдер! Енді не істеймін?!
Ұшы-қиырсыз кең далада не бір түтін, не жанған от көрінбейді.
Елсіз-сусыз иен далада көз тоқтатар бір қара көрінсе не дерсің!..
Айналасында тек безере мелшиген қу дала мен түпсіз терең көк
аспан ғана, төбесін айналып бір шөкім ақ бұлт қалықтайды…
Сәби жылай-жылай ықылық ата бастады. Алтын сасқанынан
отыра қалып баланы жазғыра жөнелді:
– Маған не дейсің енді, байғұс бала-ай?! Өзіңнің дүниеге келгеніңе
жеті-ақ күн болды! Тумай жатып сорлаған бейбақсың ғой сен!.. Сен
жетімекті немен асыраймын? Көрмей тұрсың ба, айналада ешкім
жоқ! Бүкіл әлемде тек екеуміз ғана қалыппыз, екі бейбақ, сонсоң
аспандағы бір шөкім ақ бұлт ғана, керек десең құс та ұшпайды бұл
жерден, тек сол ақ бұлт ғана қалықтап жүр… Қайда барамыз енді?
Немен асыраймын сені? Екеумізді айдалаға тастап кетті, әкең мен
шешең болса – өлген, оларды дарға асып, қара жерге көміп тастады,
соғыста несі бар еді солардың, адам деген бір-бірімен қырылыспаса
жүре алмай ма осы, ту көтеріп, дауылпаз ұрып, не іздейді екен солар,
Тау құлаған
айналып келгенде, міне, өмірге келмей жатып жетім қалдың…
Баланы көкірегіне қыса ұстаған Алтын осылай тұра берсе
жанын жеген қайғыдан көкірегі қарс айырылып кетердей сезініп,
дала кезіп жүгіре жөнелді… Ал, сәби болса мұны қайдан ұқсын,
ол да тірі жан, өзіне керегін сұрап, анасының жып-жылы сүтін
іздеп шырылдап жылай берді. Амалы құрыған Алтын тасқа
отыра қалып, көзінен жасы бұршақтай тұрып, ашумен көйлегінің
өңірін айырып жіберді де ешқашан бала емізіп көрмеген, уақыты
келіп семе бастаған мамасын баланың аузына тыға салды.
– Мә саған! Мә, еме ғой! Көр өзің! Кәрі шандырды талмағаннан не
шығар екен! Сүтім болса аяп отыр дейсің бе сенен, сорлы жетімек?!
Көзің жетті ме енді? Олай болса мазалай берме мені! Ойбай-ай, не
айтып кеттім мен? Шандыры несі, жетімегі несі! О, Тәңірім, неге
сонша жазалайсың мені?!.
Ал, бала болса аузына емшек тиісімен жылағанын қоя қойып,
бар денесімен ұмсына түсіп, қызыл иегімен талмай сорып, қуана
жылтыраған көзін бір ашып, бір жұмып, рахаттана шолпылдата
түседі.
– Ия, қалай екен? – деп сұрады әйел шаршаңқы кейіппен. – Енді
көзің жеткен шығар? Бос емшекті сора бергеннен ештеңе шықпайды
ғой. Қазір бұрынғыдан да бетер бақыратын боласың, елсіз-күнсіз
қу далада сүтті қайдан табамын саған? Көп болса, алдадың дерсің,
алдағаным жоқ, сенің көзіңді жеткізгім келді. Өмір бойы күң болып
өтсем де ешқашан алдап көрген емеспін. Анам маған бала кезімнен
үйреткен, бізде, Қытайда, біздің тұқымда біреуді алдаған адам болған
емес. Шамалы алданыш қыла тұр, қазір бар шындықты өзің де білетін
боласың…
Алтын күң қанша қатігез де ерепейсіз болғанымен, бәрібір болмай
қоймайтын оқиғаға өзін-өзі дайындап, сәбиімен осылай сөйлесіп
отырған, бір кезде таңданғаннан өз көзіне өзі сенбей шошып кетті –
жас сәби бос емшектен айырылар емес, қайта шөкімдей жүзі нұрлана
түсіп, мырғамға батып жатыр…
Алтын демін ішінен ала тына қалды да абайлап қана мамасын
сәбидің аузынан суырып алды, кенет үрпісінен аппақ боп сүт
тамшылап қоя бергенде сасқанынан ышқынып қалды. Дереу
қайтадан мамасын сәбидің аузына тыға салып, ізінше қайтадан алды,
Шыңғыс Айтматов
ия, шынымен сүт шығыпты… Емшегінен шынымен сүт сорғалап
тұр! Кенет бойына әлдебір алып күш біткендей болды.
– О, Тәңірім! – деп тебірене тіл қатты Алтын күң. – Төсімде сүт
пайда болды! Нағыз сүттің өзі! Естіп тұрсың ба, сәбиім, енді саған
мен ана боламын! Өлмейсің енді! Көк Тәңірі көз жасымызды көріп,
шапағатын төкті бізге! Енді сен, менің ұлымсың! Атың – Құнан, әкешешең сені солай атаған, ал, олар бір-бірін шын сүйген болатын,
бірақ, сол үшін сені өмірге әкеле сала, өздері өмірмен қош айтысты.
Осындай кереметті жасаған, сені аман алып қалуым үшін бойыма сүт
бітірген құдіретті күшке алғыс айт, балам!..
Бұрын-соңды естіп-көрмеген ғажайып оқиғадан есінен айырылып
қала жаздаған Алтын ыстықтап кетті, маңдайынан шып-шып тер
шықты. Айналасына алақтай қарап, сайын даладан көзге ілінер
ешкімді байқамады, не бір адам, не бір қыбыр еткен жанды мақұлық
көрінбейді, тек аспан төсінде шақырайып күн тұр және төбесін
айнала бір шоқ ақ бұлт ғана қалықтап жүр...
Сүтке тойған сәби жаңа табылған анасының қолында жатып рахаттана ұйқыға кетті, тынысы баяулап, маужырай бастады; ал, әйел
болса, соңғы күндері басынан өткен оқиғаларды түгел ұмытып,
құлағында әлі де тұнып тұрған дауылпаздың дыбысын да жадынан шығармақ болып, бұрын аңғарып көрмеген тәтті сезімге – бала
емізген ананың мейірлі сезіміне бөленіп, сол сезімнен аспан мен
жердің және ана сүтінің бірлігін түйсініп, бұйығып отыра берді…
Ал, жорық одан әрі жалғасып жатты… Дүниені тітіренткен
жаугердің қалауына қалтқысыз бағынған даланың қалың қолы
батысты бетке ұстап жөңкіліп келеді. Түмен-түмен әскер,
шаруашылық қосындары, табын-табын мал...
Қасында күзетшілері мен нөкерлері, алдында жібек матаға
моншақпен кестеленген аузынан жалын шашқан қаһарлы айдаһарлар
бейнеленген жауынгерлік тулары мен жалаулары желбіреген
Шыңғысхан өзінің болдыру білмес тұлпары – тағдырының өзіндей
ерекше түсті – қара құйрық, ақжал Құба жорғасының үстінде
желдіртіп келеді.
Жорғаның құйма алтындай тұтас біткен тұяғының астында
дөңгеленіп қалып жатқан жер кейін қарай сырғи түскенімен таусылар
емес, қанша жүрсең де жеткізбес көкжиекке дейін созылып жата береді,
Тау құлаған
тіптен, жүрген сайын қосыла түсетіндей. Әйтеуір, әзірше шеті де, шегі
де көрінетін түрі жоқ. Жер бетіндегі бір түйір құмдай болғанымен,
осы ұшы-қиырсыз дүниені жеке билемек болған қаған көзі жетсе де,
жетпесе де бүкіл әлемді бауырына басуды армандап келеді. Дүниенің
төрт құбыласын түгел билеуші деген атаққа жеткені де осы шексіз
билікқұмарлықтан болатын. Қазіргі жорығының мақсаты да осы…
Қағанның жүзі сұсты, өзі көп сөйлемейтін, солай болуға тиіс
те еді. Бірақ, оның жан дүниесінде не болып жатқанын ешкім
білмейтін. Кенет ол астындағы атын кілт бұрып, соңына еріп келе
жатқан нөкерлерімен қақтығысып қала жаздағанда зәресі зәр түбіне
кеткен байғұстар әзер дегенде жалтарып үлгерді, бірақ бұған не себеп болғанын ешкім түсінген жоқ. Қаған қалтыраған қолымен көзін
көлегейлеп тұрып, көк аспанды түгел тінтіп шықты – бірақ, шоқ
бұлтты көре алмады, ол не кейіндеп, не кідіріп қалмаған екен, алда
да, артта да болмай шықты…
Жорықтың алғашқы күнінен бастап төбесінде айналып жүріп
алған ақ бұлт сөйтіп аяқ астынан жоқ болып кетті. Сол күні де,
ертесіне де, он күн өткен соң да ол қайтадан пайда болған жоқ.
Қағанның ақ бұлты иесін біржола тастап кеткен болып шықты.
Көк Тәңірінің өзінен теріс айналғанын Шыңғысхан тек Еділге
жеткен кезде ғана ұқты. Ұқты да тоқтады. Батыс әлемін жаулап алуға
ұлдары мен немерелерін аттандырып, өзі Өртөске қайта оралды,
сол жерде өмірден озып, сүйегі жан баласы таба алмастай жасырын
жерленді…
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 1
    Süzlärneñ gomumi sanı 4208
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2260
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 2
    Süzlärneñ gomumi sanı 4281
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 3
    Süzlärneñ gomumi sanı 4228
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2264
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шыңғысханның Ақ Бұлты - 4
    Süzlärneñ gomumi sanı 2488
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1441
    39.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.