Latin Common Turkic

Шабыт - 10

Süzlärneñ gomumi sanı 3876
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
итермелеп, ауыздарын көлегейлеп бірдеңе айтқансиды, содан соң қайтақайта таңырқап, бастарын шайқай береді. Əрбір картинаны
қызықтаушылар, ұнатушылар аз емес еді. Солар таныстарын қастарына
шақырып алып, өздерінше өткір пікірлерін айтуда. Төртінші залға қарай
өте берген Клод аты жоқ, жөні жоқ қиқылдап қатты күліп тұрған қақсал
қатынды көргенде, ашуы келгені соншалық, əлгіні періп жібере жаздады.
Сосын қасындағы жолдастарына қарай бұрылып:
− Бұл неғылған нақұрыстар! − деді. − Қабырғадағы картиналарды
жұлып алып, осылардың бастарынан ұрар ма еді!
Сандоздың да жыны қайнап кетті. Ал Фажероль болса, қасақана ең
дарынсыз суреттерді мақтай бастады. Ештемені айырып жатуға шамасы
келмеген Ганьер көйлегінің етегі көлеңдеген Ирманың соңына еріп, есі
шығып жүр.
Ойламаған жерден Жори алдарынан шықты. Өзінің ұзын мұрны
қызарып, əлденеге мəз-мейрам екені көрінеді. Қолын сілтеп, көпшіліктің
арасынан əрең өтті де, Клодқа қарап айқай салды:
− Ақыры таптым − ау. Мен сені бір сағаттан бері іздеп жүрмін... Əй,
шал, табысың құтты болсын!
− Қайдағы табыс?
− Сенің картинаңды айтам да! Қазір барамыз. Кереметті өз көзіңмен
көресің!
Клод сұп-сұр болып кетті − қуанышы қойнына сыймаған еді. Бірақ сыр
бермеуге тырысты. Бонгранның сөзі есіне түсті... е, бұл өзі данышпан екенау!
− Бəрің осында екенсіңдер ғой. Амансыңдар ма? − деп Жори енді
жолдастарымен қол алыса бастаған.
Бұдан кейін Жори Фажероль мен Ганьерге қосылып, бұл үшеуіне бір
отбасында өскен адамдардай ыстық ықыласын тең бөліскен күлімкөз
Ирманы ортаға алып, өзара шүйіркелесіп тұрды.
Шыдамы таусылған Сандоз:
− Əй, Клодтың картинасы қай жерде? Тезірек ертіп апармайсың ба? −
деді.
Жори алға түсіп, қалғандары соның соңына ілесті. Қалың көпшіліктің
арасымен жүріп отырып, соңғы залға жету де оңай емес еді.
Жолдастарының артында келе жатқан Клод анадайдан су тасқынына ұқсап
асып-тасыған гуілді анық естіді. Залға келіп кіргенде, мұның картинасы
алдында бірін-бірі итермелеп тығылысқан көп халықты көрді. Жойқын
күлкі даусы да дəл сол жерден, мұның картинасы жанынан шығып жатты.
− Көрдіңдер ме? − деп Жори кеудесін көтере түсті. − Табыс дегеніміз
осы емес пе?!
Ганьер өз-өзінен қысылып, əлденеге қуыстанып:
− Иə, табыс... Мен бірақ басқа нəрсені күтіп едім, − деп сыбырлады.
− Əй, сен тас кереңсің ғой! − деп əлі желігі басылмаған Жори оны
тоқтатып тастады. – Нағыз табыс осы! Мейлі, біреулер күле берсін... Біз
бəрібір тура жолға шықтық. Ертең-ақ газеттерде біз жайында жабылып
жаза бастайды.
Сандоз əлдеқандай қапалы, өкінішті дауыспен:
− Өңкей мисыздар! − деді.
Фажероль жақындары дүниеден көшкен отбасының жаназасына келген
жанашыр біреудей қабағын түйіп алып, үн-түнсіз тұра берді. Тек Ирма ғана
наздана еркелеп келіп, суретшінің иығына асылды да, осы көргенінің
бəріне мəз болып, Клодтың құлағына ақырын сыбырлады:
− Қаныңды қайната берме, сүйіктім! Мұның бəрі бос нəрсе, қызық,
шыжық бірдеме ғой!
Клодтың тілі байланып қалған еді. Іші мұздап кетті. Қатты опынғаны
соншалық, бір сəтте жүрегі тоқтап қалғандай болды. Көзін кең ашып, залда
тұрған өз картинасын танымай қалғандай, қайта-қайта үңіліп қарай береді.
Бұл бұның шеберханасынан шыққан шығармаға ұқсамайтын секілді.
Экранға тұтылған матаның ар жағынан түскен жарық картинаға əсер етіп,
мұның түсін сарғайтып, көлемін кішірейтіп жіберіпті, осының нəтижесінде
о баста өте мұқият жағылған бояулар енді тұрпайы көрінеді. Өзгелермен
салыстыра бастағаннан ба, əлде орнын ауыстырғаннан ба, əйтеуір айлар
бойы салған суретінің олқылықтарын өзі де танып тұрғандай еді. Тағы
қайта қарап, жеке бөліктерін орнынан жылжытса, бадырайған бояу
реңктерін жұмсарта түссе болады екен деп ойлаған. Кеудеше киген еркек
бейнесі əлі де толық шықпапты, оның қолынан басқа жері бұлдыр,
отырысы оңып тұрған жоқ. Түкпірдегі ақсары жəне қараторы қыздардың
сұлбасы анық емес, толық аяқталмағанын əрбір суретші оңай ажыратар еді.
Ал күн сəулесіне малынған ағаштар мен көгалдар əбден жақсы жазылған
деп біледі, ал жасыл шөптің үстінде жатқан жалаңаш сұлудың суретін
мұның өзі емес, өмір құштарлығы ересен өзге бір талант иесінің қолынан
шыққан ғажайып мүсінге ұқсатады.
Клод Сандозға қарай бұрылып:
− Олардың күлгені жөн. Менің картинам əлі тұтас шықпаған, − деп
күрсінді. − Амал қанша... Бірақ əйел бейнесі тамаша! Бонгран мені босқа
мақтаған жоқ.
Сандоз досын осы жерден аулақ əкетпекші еді, бірақ Клод қырсығып,
картинасын төңіректеп шықпай қойды. Енді ол өзі мінеп-сынап тұрған
туындысына өзге тобырдың көзқарасы қандай екенін білуге асыққан. Жұрт
бұрынғыдан жаман даурыға бастапты, күлкі-мазақ тыйылар емес. Heгe
екені белгісіз, осы залға кіргендерді бірден күлкі қысып, көздері кішірейіп,
ауыздары ашыла бастайды. Жуандары қарқылдап, жіңішкелері шиқылдап,
əйелдері сылқылдап мəре-сəре болады. Қарсы жақтағы терезенің ернеуіне
сүйенген бір топ жастар бір-бірін қытықтағандай үздіксіз қыт-қыттап
тұрды. Орындыққа барып құлай кеткен бір бикеш аузын бет орамалымен
жауып алып, бұралаңдап аунап жатыр. Сірə көрмеге қойылған тосын сурет
туралы əңгіме тез тарап кеткен болуы керек, "Қайда"?, "Қай жерде?", "Ол
немене?" деп ентелеп сұрақ қойған, емініп ілгері ұмтылған көрермен
қарасы көбейіп барады. Жан-жақтан одағай сөздер қардай жауады.
Көрермендер əсіресе осы картинаның оқиға желісін түсіне алмай, біреулері
мұнда түк мағына жоқ деп жарияласа, екіншілері мұның бəрі білдір −
батпақ деп бағалап, келемеждеуге кіріседі.
Сөздерінің сыйқы мынандай болып шығады.
− Мына бір бикеш ыстықтап отыр-ау. Ал анау мырза суықтан қорыққан
соң үстіне кеудеше киіп алыпты!
− Жоқ, ол қыз құрбақадай көгеріп кетіпті ғой... Оны батпақтан суырып
алған мырза енді мұрнын басып, оңаша демалып отыр емес пе?
− Онша кішіпейіл жігіт емес екен өзі? Теріс қарағаны несі-əй?!
− Мен мұны жас қыздардың пансионы демедім бе? Аударыспақ ойнап
жүрген анау екеуді көрдің бе?
− Суретші картинасын байқаусызда сияға батырып алған болуы керек.
Ағаштары да көкпеңбек, адамдары да көкпеңбек! Жуып жатып, бүлдіріп
алған-ау!
Күлегештер қатарына қосылмаған көрермендер де риза емес еді.
Жарықты жаңаша əдіспен жазғандықтан, көгілдір түске малынған
картинаны ешқайсысының қабылдағысы келмеді.
− Бұл өнерді қорлау ғой! − деп кейбір шалдар таяқтарын шошаңдатып,
қатты ашуланды.
Ал аса мəртебелі мансап иесі əйеліне қарап:
− Мұндай дөрекі қалжыңды мен көтере алмаймын! − деп мəлімдеме
жасап, тез тайып тұрды.
Қасына ерткен бикешіне жөн-жосықты түсіндірмек болған
мырзалардың біреуі каталогтағы "Пленэр" деген сөзді дауыстап оқығаны
сол-ақ еді, бірден қым-қуыт айғай − сүрен басталып кетті. Əркім айғайлап,
өзара жарысып, тосын сөздің мағынасын түсін − діруге кіріскен. "Пленэр
ме? Ол таза ауаға шығып алып, аспанға қарап тұрып, тырқ-тырқ жел
жіберу! Жел жіберу!" деп өршелене түседі. Бұл жанжалдың басы еді. Елдің
қарасы көбейе түсті, көрменің ішін қапырық басты. Надандар аузын ашып,
көрген суреттері жайында ойына келгендерін айтып жатты. Əрбір жаңа
нұсқалы шығарманы қабылдай алмайтын тоғышар тобырдың топастығында
шек болмайтыны ежелден мəлім.
Осы кезде Маргейянды шығарып салуға кеткен Дюбюш қайтып
келмесін бе? Бұған Клод тағы қағынды. Дюбюш қарап тұрмай,
қабырғадағы картинаны көрмегенсіп əрі тура пікір айтудан
жасқанғандықтан, жолдастарды соңына ілестіріп алып кетпекті қарастыра
бастаған. Бірақ аяқ астынан пайда болған бір мердігер − көтерме сауда
жасаушы ентелеп ілгері ұмтылды да, қабырғадағы суретке көзін тігіп
тұрып:
− Əй, мынаны салған қай етікші екенін білемісіңдер? − деп айқай
салды.
Мердігердің ашық тұрпайы сұрағы көңілдеріне жаққан біреулер риза
болып күле бастаса, мынандай түсініксіз картинаның осыншама
"табысына" таңырқаған Маргейян секілділер іштерін басып құлап қалды.
Маргейянның қырылдақ күлкісі əрі өзгелердікінен ерекше, қатты естілді.
Осы күлкі үлкен орган аспабының ең соңғы қорытынды аққордына ұқсап
кетті.
− Менің қызымды осы жерден алып кетіңізші, − деп Маргейян ханым
Дюбюштің құлағына сыбырлады.
Көзін төмен салып үнсіз тұрған Регинанның қасына жетіп барған
Дюбюш жалма-жан осы бейшараны басына төнген қауіптен тезірек
құтқаруға асыққан кісіше бойындағы бар күш-қуатын жұмсап,
айналасындағыларды итермелеп, ілгері қарай ұмтылған. Содан
Маргейяндарды кіре беріске шейін шығарып салып, солардың алдында
құрақ ұшып иілген Дюбюш біраздан кейін тағы қайтып келді.
Жолдастарымен енді ғана амандасуға қолы тиген ол бұларға сынай қарап
тұрып:
− Осылай болатыны белгілі еді. Мен күні бұрын сезгенмін. Клодқа
мұндайды жұртшылықтың түсінбейтінін талай ескерткенмін. Мына жазған
дүниесі, қалай ойласаңдар, солай ойлаңдар, барып тұрған білдір −
батпақтан басқа түк емес! − деді.
Сандозды ашу қысып, сұрланып кетті.
− Олар Делакруаны да мазақ етпеді ме?! − деп жұдырығын көрсетті. −
Курбені түкке алғысыз қылды. Ақымақ сорлылар, жексұрын жендеттер!
Сандозды бек жақсы түсініп тұрған Ганьер өткен демалыс күні
Панделудің концертіне қатысқанын, сонда байсалды музыкадан хабары жоқ
тоғышарлармен қалай айтысып-тартысқанын əңгімелей бастады.
− Бүгін осында жүргендердің біразы сол жолы Вагнердің концертінде
ысқырып, улап-шулап отырды. Мысалы, əне бір қамсеміз...
Жори Ганьерді əзер тоқтатты. Ал Жориге тобырдың толқымалы пікірі
əбден ұнайды екен, оның пікірінше, мұндай тегін жарнаманы мың франкке
сатып ала алмайсың. Ирма болса, Клодтың картинасын барынша мансұқтап
тұрған екі жас жігіттің − биржада істейтін ескі таныстарының қасына
барып, олардың қатты қателесетінін, бұл картинаның жақсы дүние екенін
дəлелдей бастапты.
Фажероль ғана əзір аузын ашатын емес. Жұрттың аңысын андып, іштей
зерттегенде, айла-амалы бір басына жететін қаланың қуы біраз нəрсені
байқаған: мұндай суретті көпшілік қабылдау үшін суретші біраз икемге
келіп, оқиға желісін оңайлатып, жазу мəнерін жеңілдете түсуі керек еді.
Дегенмен, өзі мойындағысы келмегенмен Фажероль Клодтың əсерінен
айналшықтап шыға алмай жүрген. Сөйтсе де, осындай бір қайнауы ішінде
жатқан дүниені көрермен талқысына əкеліп салу асқан ақымақшылық деп
ойлайды. Мұндайды түсінерлік естияр көрермен қайда? Киім киген
еркектің қасындағы əйел неге жалаңаш? Түкпірдегі бір-бірімен алысып
ойнап жүрген қыз балалардың əрекетінде қандай мағына бар? Əрине,
осындай олқылықтарына қарамастан, бұл қас шебердің қолынан шыққан
шығарма екені күмəнсіз − мұндай үлгіні анау ескі Салоннан іздеп таба
алмайсың. Осыншама дарынды суретшіні былғауыш ұстаған əлдебіреу
секілді күллі Париждің күлкіге айналдырғаны өкінішті-ақ еді. Осындайға
жол берген суретшінің өзі де кінəлі деп біледі.
Фажерольдің зығырданы қайнап кеткені соншалық, бұдан əрі өзін тежей
алмай:
− Осылай болатынын өзің де күні бұрын білдің ғой? Білсең, неге
бүйттің? Ақымақпысың? − деді.
Клод Фажерольге үнсіз қарап тұрды. Бұл жолы ол басына жаңбырша
жауған сайқымазақтан сынып кетпегенмен, өңі бозарып, ерні жыбырлай
бастаған. Мұның өзін əлі түстеп танып білмеген жұртшылық Клодты емес,
оның шығармасын сынап жатыр емес пе? Енді бұл өз картинасын қасында
қатар ілінген өзге дүниелермен салыстыруға кіріскен. Сонда бұрынғы
құрғақ қиялынан түк қалмай, өркөкірек өзімшілдігі недəуір жапа
шеккенмен, бəрібір мынау ескі құрым қоқыстарды сыпырып тастап,
көтеріңкі көңілмен, талас таппас құмарлықпен ілгері ұмтылған жаңа дүние,
қайратына қайрат қосып, жастық қызуын тасыта түскендей болды. Ендеше,
қорланатын, қапаға түсетін ештеңе жоқ. Қайта тобырдың қытығына тие
беруі керек! Əрине, мұның картинасында жетіспеушілік, солғындық,
балаңдық жағы аз емес. Бірақ жалпы көрінісі қандай көркем шыққан!
Күміс түсті жарық жолақтар мың құбылып, билеп − секіріп, шуақтай
шашылып жатқан жоқ па? Пленэр əдісі дегеніміз осы. Мұның картинасы
асфальт қайнататын ескі астауда болған жарылысқа ұқсайды: көне
дəстүрлердің былғанышын лақтырып тастағанда, алдарынан жарқырап
шыққан күн Салонның қараңғы қабырғаларын көктемнің жылы шуағына
толтырып жібергендей еді. Топас тобыр күлкіге айналдырған картинаның
көгілдір түсті жарық бояулары ұшқын атып, қасындағы полотнолардан
бөлекше көрінеді екен. Жаңа өнердің көп күттірген арайлы таңының
атқаны осы емес пе? Клод осы кезде бір белгілі сыншының аса байсалды
жүзбен мұның картинасына назар салып тұрғанын көрді. Оның маңына
шетінен кісімсінген, бірақ аздап таңырқаған атақты суретшілер жиналып
қалыпты. Ал салдыр-салақ киінген Мальгра отағасы бəрін білетін
бағалаушының əдетімен ешқайсысын менсініңкіремей аралап келді де,
Клодтың картинасының алдында недəуір тоқтап тұрды.
Клод осы кезде Фажерольге қарай бұрылып, кешігіңкіреп жауап берді.
− Əркім əрқалай адасады, қымбаттым! Мен де əрқашан осындай
ақымақшылық жолда қала беретін шығармын... Саған ұқсап пысық бола
алмадық! − деген.
Мұны естіген Фажероль ыржиып күліп, Клодтың жауырынынан қақты.
Сандоз досын ертерек осы жерден алып кетуге тырысып, оның жеңінен
тартқан. Бұдан соң бұлар Шетіндер Салонынан шығып, сəулетшілер
залына қарай бұрылды. Өйткені сол жақта Дюбюш жасаған мұражай
ғимаратының жобасы бар, соны көруге достарын манадан бері үгіттеп
тұрған автор енді өкпелеуге айналған еді.
Сəулетшілер залына кіргенде:
− Мынау нағыз мұзхана екен. Тынысымыз кеңейетін болды ғой, − деп
Жори жеңілденіп қалды.
Бəрі қапырық күннің астындағы серуеннен қайтып, саялы жерге
жеткендей, маңдайларының терін сүрте бастаған. Сəулетшілер залы
қаңырап бос тұр екен. Ұзына бойы ақ мата тұтылған биік төбеден түскен
тұтас күңгірт жарық су қоймасындай беті жылтырап жатқан таза паркетке
шағылысады. Қызғылт − сұр қабырғаларға акварель бояулармен жазылған
бұлдыр жобалар, көк сызықтармен салынған үлкенді-кішілі сызбалар
ілініпті. Осылардың арасында сақалы қауғадай біреу емхананың жобасы
салынған суреттің алдында жападан-жалғыз мелшиіп тұр екен. Бұлар
кіргенде екі-үш əйелдің қарасы көрініп еді, артынша солардың өкшесі
тықылдап, ізім-қайым жоғалды.
Дюбюштің көңілі семіріп, осындағы туындысын жолдастарына
таныстыра бастады. Қамқоршы ұстазының əуел бастағы қарсылығына
қарамай, оны ақыры атағын бірге бөлісуге көндірген Дюбюш бұл жолы
тұтас мұражайды емес, кішкентай ғана залдың жобасын көрмеге əкеліп
қойған екен.
− Сенің музейің жаңа мектептің картиналарын қоюға арналған ба? −
деп Фажероль астарлы сұрақ қойды.
Ойы басқаға кеткен Ганьер басын изей салса, Клод пен Сандоз шын
ниеттерімен Дюбюштің жасаған жобасына қызыға қарап тұрды.
− Иə, мүлдем жаман емес, шал! − деді Клод. − Рас, өрнектері онша
емес... Бірақ жөндеуге сенің шамаң келеді.
Жори аяқ астынан асығып:
− Бұл жерден тезірек кетуіміз керек. Мен суық тигізіп алдым! − деді.
Сөйтіп, бəрі бет-бетімен безе жөнелген. Ең жаман жері − қайтар
жолдарын қысқарту үшін қарсылық көрсету белгісі ретінде бұдан кейін
қайтып аяқ баспаспыз деп өздерінше ант ішкен ресми Салонның залдары
арқылы өтуге тура келді. Бұларға ала көзімен қараған жұртты елемей,
кимелеп ілгері ұмтылған. Бұл арада Шетіндер Салонындағыдай көңілді
күлкі естілмейді, жарық, сəулелі бояулар атымен жоқ, бəрі күңгірт,
бұлыңғыр. Тіпті қаз қатар тізілген алтын рама жақтаулар да
жарқырамайтын секілді, кердеңдеген кербез шығармалар, жер астыдағыдай
буалдыр, сарғайған сəулелер əзер түскен жалаңаш денелер... Мұнда көне
классика үлгілері түгел бас қосқан: тарих, тұрмыс, пейзаж — бəрін сыртын
майлап қойған, бəрібір тот басқан қаңылтыр кеспекке салып, сақтаған
секілді. Бұл полотнолардың барлығына жасандылық пен үйреншіктілік əрі
күні өткен академиялық мəнерде жазылған бояулардың ұсқынсыз реңктері
ортақ еді. Жастар əлі өздері жеңе алмай жүрген осы қараңғылық
патшалығының ортасынан тезірек шығып кету үшін ақыр соңында жүгіре
жөнелген. Сектанттарға тəн əділетсіздікпен бұлар бəрін жоққа шығарып,
бұл Салонда кəдеге асарлық ештеме таппағандай, босқа айқайлап барады.
Осы беттерімен шуылдап жүріп баққа кіргенде, сол жерде Магудо мен
Шэнге жолыққан. Магудо Клодтың мойнына асыла кетіп:
− Ғажайып дүние жазыпсың, құрметтім. Неткен қызу темперамент, ə?! −
деп құттықтады.
Ал Клод "Жүзім жинаушыны" мақтай бастады.
− Сен олардың əкесін танытыпсың! − деп.
"Сайқал" атты картинасы туралы бір ауыз сөз естімей қабағы түсіп
кеткен, сол себепті жолдастарының соңынан босқа ілескен Шэнге Клодтың
жаны ашиды. Бірақ буржуйлардың мақтауына малданып, жөні дұрыс сурет
сала алмай босқа сандалып жүрген кешегі қарапайым шаруа баласына не
тауып айтарсың? Лаж жоқ, арқасынан қағып, көңілін жұбатуға тура келді.
− Сіз де қарап қалмапсыз. Əсіресе сызба жағынан күшті екенсіз,
бауырым! − деп көтермелеп қойды.
− Сызба жағын қатырамыз ғой! − деп Шэн мақтанғанда, қалың
сақалының арасына шейін қызарып кетті.
Магудо жолдастарынан Шамбувараның "Егіншісі" туралы пікірлерін
сұрады. Оның ойынша, осы Салонда көруге тұратын бірден-бір тəуір мүсін
сол. Бұдан кейін бəрі Магудоның соңына еріп, бақты аралай бастады.
Мұнда да халық жиналып қалған екен.
Орталық аллеяға шыққанда:
− Əне, қараңдар! "Егіншісінің" алдында Шамбувардың өзі тұр, − деп
Магудо айқай салды.
Шамбувар аяқ-қолы жуан, етженді кісі екен. Басы мойнының ішіне
кіріп кеткен, ат жақты ажарлы өңі оны үнділердің ағаш құдайына ұқсатып
жібереді. Амьен маңындағы мал дəрігерінің нəсілінен болса керек. Жасы
қырық бестер шамасындағы мосқал мүсінші осы уақытқа шейін
жиырмадан астам, бүгінгі талаптарға сай келетін, мазмұнына түрі сəйкес,
қарапайым да өміршең дүниелердің авторы, артық − ауыз нəрселерге
қызыға қоймайтын талантты шебер ретінде танылған еді. Мұның қолынан
шыққан шығармалар шаруаның еккен егіні секілді, бірде өнімді, бірде
өнімсіз болып жататын. Кейде өз ісіне есеп бермейтін біреудей көрінеді.
Сыни көзқарастан мүлдем мақұрым қалғандықтан, жақсы мен жасықтың
арасын айыра алмай, үздік дүниелермен қатар қуыршақ бейнелерді де
жұмбаздай береді. Ешқашан еш нəрсеге күмəнданбайды, қашанда өзіне
сенімді, менмен.
− Тамаша! Егінші десе дегендей! Тұрысын, жүрісін қараңдаршы! − деп
Клод таңдайын қағады.
Фажерольдің мүсінде шаруасы жоқ, екі көзі − қасына елпең қаққан
шəкірттерін ертіп келген жуан кісіде.
− Əне, шəкірттері бұның қасында құлдық ұрып жүр. Ал бұл өз буына
өзі пісіп, ешкімді елейтін емес! − деп келемеждейді.
Шамбувар шынында да айналасын қоршаған қауымға назар аудармай,
төбесінен жай соққандай есеңгіреп, өзі салған мүсінге таңырқай қарап, бір
орнында тапжылмай тұр еді. Осындай кереметті алғаш рет көргендей, есін
жия алар емес. Содан жалпақ бетінде шаттық ойнап, басын шайқап қойып,
бірте-бірте сылқылдап күле бастасын.
− Иə, ғажап... иə, ғажап, — дей береді.
Ұстаздары өстіп қуанышқа кенелсе, қасындағы шəкірттері үнсіз мөлиіп
тұрды.
Осы арада бір күтпеген оқиға болды. Екі қолын беліне айқастырып,
ақырын аяңдап жүрген Бонгран байқаусызда Шамбуварға кездесіп қалды.
Бұны көрген көпшілік өзара сыбырласып, кейін шегінген. Бір-біріне кескін
− кейпі де, мінез-құлқы да ұқсамайтын атақты екі суретшіде енді қайтер
екен дегендей қызығушылық бар еді. Атақтылар сыр бермей, ақжарқын
амандасты.
− Мұнда біз көрмеген кереметтер көп екен ғой!
− Иə, солай. Сіз бұл жолы көрмеге ештеңе қоймадыңыз ба?
− Жоқ. Əзірше демалмақ, ізденбек ойым бар.
− Солай ма? Ізденіссіз − ақ шабыт келе бермес пе?
− Жарайды, қош болыңыз!
− Қош болыңыз!
Бұдан соң Шамбувар қасына нөкерін ерткен падишадай айналасына
асыра көз тастап, асықпай басып ұзай берді. Бонгран болса Клод бастаған
жастардың қасына келіп, алақанын бір − біріне ысқылап тұрып, алыстап
кете барған мүсіншінің артынан:
− Мен осындай адамдарға қатты қызығамын. Өйткені олар əрқашан
теңдессіз дүние туғызғандарына ешбір күмəнданбайды! – деді.
Бұдан кейін Бонгран "Жүзім жинаушыны" жазған Магудоның атына
біраз жылы сөз айтып, жұртқа танымал тарлан боз ағалардың ежелгі жақсы
дəстүрімен кейінгі жастардың талабын қызу қолдайтын ақ адал пейілін
білдірген. Клодқа қарап тұрып:
− Қалай, дұрыс па? Жоғарыдағылардың да көзі жеткен шығар... Сен
енді жаңа мектептің ел мойындаған жетекшісісің! — деді.
− Иə, бəлкім, олар бізбен санаса бастаған болар. Бірақ біздің
мектебіміздің басшысы өзіңізсіз, − деп жауап берді Клод.
Бонгран қабағын түйіп, қолын сермеді. Артынша қоштаса бастады.
− Мені жаңа мектептің басы деп айта көрмеңдер. Мен əлі өзімді өзім
басқара алмай жүрген адаммын!
Жолдастар бақты аралап жүріп, тағы да "Жүзім жинаушының" алдына
барып тоқтағанда, Жори Ирма Беконың Ганьердің қасынан кетіп қалғанын
байқады. Қыздан айырылған Ганьер айналасына алақ − жұлақ қарайды.
Фажероль оған əлгінде Ирманың екі бейтаныс жас жігітпен қолтықтасып
кетіп бара жатқанын көргенін айтқанда,ананың иығынан ауыр жүк
түскендей жеңіл күрсініп қойып, жолдастарының қатарына келіп қосылды.
Бірақ ілгері қарай жылжу оңай болмады. Жағалай қойылған
орындықтар бос емес, аллеялар бойы құжынаған халық. Қоладан құйылып,
мрамордан қашап жасалған қыруар мүсіндерді тамашалап көріп жүргендер
ақырын жылжып, бір-біріне жол берер емес.
Асхана жақтан естілген шу жуылған ыдыс-аяқтардың салдыр −
гүлдіріне қосылып төбедегі биік күмбездің астында жаңғырып тұрды.
Жоғарыдағы итарқа ағаштардың арасына барып тығылған торғайлар шыны
шатырдан түскен күннің қызуына жылынып, шырылдап əн салады. Жалпақ
бастырманың ішіндегі ылғалды ауамен тыныс алу қиындап, осының
алдында ғана көпсітілген топырақтың иісі бас айналдыра бастады. Көрме
залдарынан бері қарай бақтың ішін аралап кететін тас жолдар бойымен
ағылған жұрттың аяқ дыбысы мен құмыққан дауыстары жағалауға барып
соғылған теңіз толқындарының алыстан шыққан гуіліне ұқсар еді.
Осындай у-шудың арасында миы ашып келе жатқан Клодтың құлағына
əлдекімдердің айқайы мен күлкілері естіледі. Сірə солардың бəрі мұның
əлгі сəтсіз туындысын тəлкекке айналдырып, мазақтап күлетін шығар,
жаңбырдай жауған ғайбат сөз соның авторын əшкерелейтін шығар деп
ойлағандықтан, бұл енді қолын сермеп, жолдастарына қарады.
− Бұл жерде біз қызығарлық не бар? Академия сасыған асханаға кіріп,
дəм тату мысалы, менің қиялыма кірмейді. Одан да тезірек кетіп бір жерге
барып сыра ішпейміз бе? − деді.
Əбден шаршап, өндері қашқан, қабақтары салыңқы жігіттер осыдан соң
көрмеден көшеге шыққан. Көктемнің салқын ауасын жұтып, естерін
жиғандай болды. Еңіске қарай құлаған күн Елисей алаңына жарығын
түсіріп тұрды. Экипаждар қатары, бүршік жара бастаған жас бұтақтар,
алтын шаң түстес шашыранды суларын аспанға атқан хауыздар жалт-жұлт
етіп, көз тартады. Елисей алаңы бойымен жаяу аяңдаған бұлар ақыр
соңында сол жақтағы павильонның ішіне орналасқан шағын кафеге кіріп,
аялдама жасады. Кафеде отыратын орын таппағандықтан, аллеяға шыға
берістегі кішкентай орындықтың айналасына барып жайғасуға тура келді.
Төбелерін жапқан жапырақ асты күнгірт əрі салқын екен. Айналасына қара
көлеңкесін түсірген төрт қатар талшын ағаштарының ар жағында бүткіл
Париждің ығайлары мен сығайлары серуендеп жүрген даңғыл көше жатыр.
Қарапайым арбалардың темір құрсаулы дөңгелектері жылт-жылт етсе, сəнсалтанатты үлкен күймелердің бауырлары алтындай жалтырайды,
жетектегі аттардың тағалы тұяқтарынан от шашырайды. Батар күннің
сəулесі жаяу жүргіншілердің иықтарын жарқыратып бояп тастаған.
Осыдан кейін үш сағат бойы Клод ауыз жаппастан, алдында тұрған
салқын сыраны ұрттап алмастан, сөйлей берді, сөйлей берді. Бүгінгі көрген
көп суреттен, көп əсерден басы мəңгіріп, əбден шаршағанына қарамай,
екіленіп ерегісті қыздыра түсті. Бұрындары да Салонда өткен кезекті
көрменің артынша бұлар осылай дауласа бастайтын. Бұл жолы император
көрсеткен қамқорлықтың арқасында ұйымдастырылған шараны бірден
бітіспес дау-дамайға айналдырып жіберді. Небір теориялар лек-легімен
ағытылып, кейбірінің естері шығып кетті. Небір батыл ойлар айтылып,
соны ауыздары көпіргенше дəлелдеушілер табылады. Бұның бəрі, əрине,
жастық қызуы жалындатқан өнерге деген өшпес құштарлықтың көрінісі
еді.
—Ей, онда тұрған не бар? − деп Клод айылын жияр емес. − Күле
берсін! Сол күлегеш көрерменнің өзін тəрбиелеу керек емес пе? Бəрібір бұл
біздің жеңісіміз. Егер біздің екі жүз сайқымазақ полотномызды бір жерге
топтастырса, олардың ескі Салонынан түк абырой қалмас еді. Өжеттік пен
ізденімпаздық біздің жағымызда, ендеше, келешек те біздікі. Иə, иə, жұрт
дайындала берсін: біз көп ұзамай олардың Салонын жерлейтін боламыз. Біз
өзіміздің үздік шығармаларымызбен бəрін жаулап аламыз. Əзірше күле
тұрыңдар, еркінси беріңдер, Париж атанған өңкей құбыжық! Əлі-ақ біздің
табанымызды жалайтын боласыңдар!
Осыны айтып, Клод анадайда ұзыннан ұзақ созылып жатқан даңғылға
қарай сəуегейлікпен қолын сілтеп көрсетті. Даңғыл бойында шат −
шадыман толы қаланың күллі ақсүйек қауымы теңселіп жүр еді. Оның ар
жағында, Келісім алаңының айналасында өскен ағаштың арасынан суын
жоғары қарай атқылаған хауыз бен балюстрада ғимараттардың балконы
мен басқыштарын безендірген бағаналар қатары, кейбір мүсіндердің,
мəселен, Руанның алып кеудесі, Лилляның жалаңаш аяқтары көрінеді.
− Олар сонда кімді мазақтап күледі екен? − деп Клод сөзін сабақтады. −
Мейлі, күле берсін.
Онда біз мектебіміздің атын "Пленэр" қояйық. Дұрыс па? Күні кеше
ғана бірен − сараң суретшілерден басқалар мұндайды естіп, білген жоқ.
Енді, міне, топас тобырдың өзі қанатты сөзге айналдырып, жаңа мектепті
жасауға көмектесетін түрі бар. Бұл маған ұнайды. Жаңашылдар мектебі
жасасын!
Мұны естігенде, Жори алақанын шапаттай бастады.
− Мен саған айтқан жоқ па едім? Менің мақалаларым шыққаннан кейін
бұл шіркіндер шетінен жарылып өледі демедім бе? Енді біздің соларды
мазақ ететін кезегіміз келді!
Бүгін жеңіске жеткендей масаттанған Магудо қасындағы үндемес
Шэнге өзінің "Жүзім жинаушысының" артықша қасиеттері туралы қайтақайта түсіндіріп əуреге түсуде. Əдетте ұялшақтау көрінетін Ганьер енді аяқ
астынан өрекпіп, өзінің негізгі мұраты − Академияның басын шабу екенін
жариялаған. Шабытына мініп алған Сандоз бен достарының төңкерісшіл
бағытына еліктеген Дюбюш алдарындағы үстелді тарсылдатып ұрып,
салқын сыраны сіміре береді, өсте берсе, өркөкірек Парижді
мойындататындай өршелене түседі. Байсалды Фажероль ғана миығынан
күліп үнсіз отырды. Қасына ерген жолдастарын əр нəрсеге айтақтап салып,
қызықтағаннан ерекше лəззат алушы еді. Бұл жолы да мыналардың даудамайынан соңғы ұққаны: бар қабілетін құр босқа шашып − төкпес үшін
міндетті түрде Рим сыйлығын алуы керек екен, тек сол бағытта еңбек
етпесе болмайды екен.
Күн еңкейіп көкжиекке құлады. Енді Булон орманынан шыққан
экипаждар қызыл іңірдің бояуына малынып, бір бағытта ғана қозғала
бастапты. Қолдарына каталог ұстатсақ əлденеге алаңдаған ер кісілер
салоннан лек-легімен шығып жатты.
Əлде бір ішкі ойының жетегінде келе жатқан Ганьер кенеттен:
− Пейзаждың негізін қалаған кім екенін сендер білесіңдер ме?− деп
айқай салды. − Əрине, Куражо. Люксембург мұражайында тұрған оның
"Ганьидегі батпақ − сор" картинасын көргендерің бар ма?
− Иə, ғажайып нəрсе! − деп Клод оның пікірін қолдады. − Ол суреттің
салынғанына отыз жыл уақыт өтсе де, одан əлі ешкім асқан емес... Бірақ
сондай дүние неғып Люксембургте ілулі тұр? Оның орны Лувр емес пе?
− Куражоның көзі тірі ғой, сондықтан... − деп Фажероль қарсылық
білдірді.
− Қойшы, ей! Куражо əлі бар ма? Онда біз неге оны еш жерден
көрмейміз? Ешкім неге ештеңе айтпайды?
Фажероль қазір жасы жетпіске келген атақты пейзажистің Монмартр
маңындағы кішкене үйде, ит-құстың арасында елеусіз өмір сүріп жатқанын
айтқанда, жігіттер аузын ашып, таң-тамаша қалды. Демек, адам көзінің
тірісінде-ақ уақыттан озып кете береді екен-ау. Ажалынан бұрын тұғырдан
тайған кəрі суретшінің өмірінде қаншама тəлім бар! Осындай қиялға түсіп,
үнсіз тұрған жігіттер бір уақытта əлдекімді қолтықтап алып, анадайда кетіп
бара жатқан Бонгранды көріп қалды. Бонгран да бұларға қарай қолын
көтеріп, сəлемін жолдаған. Өңі солғын, қабағы салыңқы екені байқалады.
Оның артында қошеметші нөкерін ертіп, қатты күліп келе жатқан
Шамбувар өзінше қара жерді нық басқан өлмес тұлғаға ұқсар еді.
Осы кезде орнынан тұрып, кетуге ыңғайланған Шэнге қарап:
− Қайда барасың? − деп сұрады Клод.
Анау мұртының астынан міңгірлеп түсініксіз бірдеңе айтты да, тез
қоштасып, кафеден шыға жөнелді.
− Əлгі кіндік шешесіне жетуге асыққан болар, − деп кекетті Жори.
Содан соң Магудоға қарай бұрылып: Шөп сасыған дəріханашы қатынды
айтамын. Оны көзінің жылтылынан таныдым. Сонша асыққанына
Қарағанда, байғұстың тісі қатты ауырған болуы керек, − деді.
Қасындағылардың мазағын елемеген мүсіншіміз иығын қиқаң еткізді де
қойды.
Клод енді Дюбюшке архитектура жайында сабақ оқи бастаған. Əрине,
оның бүгін көрмеге қойған жобасында − мұражай залының көрінісінде
тəуір жақтары бар екені сөзсіз, бірақ тұтас алғанда жаңалығы жоқ, ескі
академиялық сарындарды мұқият қайталау болып шыққан. Сірə өнер
атаулы дəйім алға қарай шеру тартпас па? Осы күні көркем əдебиетте,
суретте, музыкада болып жатқан өзгерістердің сəулетшілерге əсер етпеуі
мүмкін бе? Əр заманның сəулет өнері өзіне тəн əдістерін іздеп табуы керек.
Біз жаңа ғасырдың басында өмір кешудеміз. Ендеше біздің алдымызда
жаңа өскіндер өніп шығатын тың жерлерді игеру, бəрін қайта құру міндеті
тұр. Біздің аспанымыздың астында, бүгінгі өркениетіміздің ортасында бар
мағынасынан айырылған грек храмдары құрып кетсін! Готикалық соборлар
құрып кетсін! Өйткені біздің ұрпақ ертегі аңыздарға сенбейді. Жіңішке
бағаналар мен Ренессанс дəуірінің орта ғасырларға бейімделген көне
көмескі ою-өрнектері құрып кетсін! Біздің демократиямызға сай келмейтін
арзан жылтырақтар қазір кімге керек? Өстіп Клод ерекше қызбаланып,
қайта-қайта қолын сермеп, қазіргі демократия үрдістеріне лайықты,
халықтың талап-тілегін қанағаттандырарлық сұлу да ыңғайлы, тастан
қаланған мəңгілік ғимараттарды салудың қажеттілігін дəлелдеп бақты.
Жаңа вокзалдар мен базарлар тұрпатындағы зор, алып, қарапайым да
қабырғалы, металл тұғырлы құрамаларға негізделген, бірақ ерекше əсем,
мінсіз құрастырылған, бүгінгі демократиялық жеңістерімізді əйгілейтін
ғимараттар болуы керек.
− Рас! Əрине! − деп Дюбюш те қайталай береді, Клодтың ыңғайына
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Шабыт - 11
  • Büleklär
  • Шабыт - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4021
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2237
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2477
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3988
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2379
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2321
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2360
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2297
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3876
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3999
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2363
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2288
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2444
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3976
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2344
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2360
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3817
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2332
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2384
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3933
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2381
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2346
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2291
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3051
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1959
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.