Latin Common Turkic

Шабыт - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3877
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2321
32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Қалған үшеуі осы арада Жоридің сөзін бөліп, тағы гуілдей бастады. Ей,
Жюль Фавр дегенің кім өзі?! Руэр дегенің кім?! Түкке тұрмайтын біреулер
емес пе? Өздерінше саясат ұстаған бұл нақұрыстарыңды өлгеннен соң
ешкім естеріне алмай, ұмытып кетеді. Осылай өрекпи сөйлеген жолдастар
көп ұзамай көпірден өтіп, Бітімшілік алаңына шыққан кезде Клод өзінше
қорытынды шығарып үлгірді.
− Ал мына жердің көрінісі онша жаман емес! − деп. Сағат төрттің
шамасы болған еді. Күн еңкейіп, сары ала суреті көкжиекке қарай беттеп
барады. Бір жағынан əулие Магдалинаның шіркеуі бағытында, екінші
жағынан Палаталар бағытында қатар түзеген ғимараттар алыс созылып
жатты. Одан да əрі Тюльри бақшасындағы аспандаған биік талшын
ағаштарының дөңгеленген ұшар бастары көрінеді. Алдарында жасыл
желекті аллеялардың ортасымен сонау Салтанат күмбезіне шейін тұтастай
төселген Елисей даңғылы төсін көтереді. Елисей даңғылы бойымен қарама
− қарсы аққан адамдар тасқыны ішінде əрлі-берлі ағындаған экипаждар
артында əр түрлі иірімдер қалдырса, күймелердің терезесі мен шамдарына
шағылысқан күн сəулесі айналасына көбікше шашырайды. Осы үздік −
созық адамдар жылғасы үлкен алаңды ернеуіне шейін шылқыған көлдей
толтырып, осының бəрі əрлі − берлі жүйткіген доңғалақтармен, жаяу
жүргіншілердің қараңдаған қозғалыстарымен араласып, бытықы-шытықы
көріністерге ұласып жатты. Айналасына су шашқан екі фонтан бойынан
таза ауа соғып тұрды.
Клодтың денесі тітіркеніп, даусын көтере түсті.
− Міне, Париж! Ол біздікі! Тек одан айырылып қалмауымыз керек!
Төртеуінің де арқасы қозып, айнала төңірекке ашқарақ көзбен қарайды.
Осынау қаладан, ұзын көшелер бойынан соққан болашақ атақ, даңқтың
лебін сезді мен екен, əйтеуір бұлар алдарында жатқан Парижді қалайда
жаулап алуға тырысып, қызу құлшынар еді.
− Несі бар? Біз Парижді сөзсіз жаулап аламыз! − деп Сандоз сенімді
қорытындысын жасады.
− Өйтпегенде ше?! − деп Магудо мен Жори желпініп қойды.
Сөйтіп бұлар сол беттерімен əулие Магдалина алаңын арттарында
қалдырып, Тронше көшесін кесіп өтті де, Гавр алаңына барып бір-ақ
шыққан. Осы жерде Сандоз қуанып кетті.
− Əй, біз Бодекенге келіп қалыппыз ғой! − Бəрі таң қалды: шынында
"Бодекен" кафесі осы маңайда болатын.
− Бүгін қай күн еді? − деп сұрады Клод. − Бейсенбі ме? Фажероль мен
Ганьер сонда отыруы керек... Ал кеттік!
Содан бəрі Амстердам көшесіне қарай бұрылды. Асылы бұлар бүгін
Парижді емін-еркін аралап шықты. Бұдан басқа да үйреншікті қыдырыс
бағыттары болатын: əдетте жағалауларды түгендеп бітірген соң, Иаков
əулиенің дарбазасы мен Мулино арасындағы қорғандардың қасынан өтіп,
айналма бульварлар бойымен жүріп отырып, Пер − Лашез көшесіне келіп
түсер еді. Содан күн ұзақ аяқтары талғанша көшелерді, алаңдарды, тұйық
бұрылыстарды армансыз аралайтын − құдды осынау зəулім ғимараттар
алдында өздерінің ғажайып жаңа теорияларын жариялап, жаяу жалпылап
жүріп отырып, махалладан соң махалланы жаулап алуға кіріскен секілді ме,
қалай? Сөйтіп талай топалаңды бастан кешірген Париждің ескі тас
көшелерінде табандарын тоздырған. Париж осылай бастарын айналдырып,
шаршап-шалдыққандарын да тез ұмытып кетер еді.
"Бодекен" кафесі Дарсе көшесінің бұрышында, Батиньол бульвары
бойында болатын. Ганьердің осы маңда тұратынын айтпағанда, өзгелердің
не себептен осы жерді таңдап алғанын түсіну қиын. Əйтеуір бұлар əрбір
жексенбі сайын кешкілік осы кафеде бастарын қосады. Бейсенбі күндері
қолы бостарының сағат беске таман аз уақытқа кіріп шығатын əдеттері еді.
Бүгін күн ыстық болған себептен бе, əйтеуір төбесінде қалқасы бар
үстелдердің ешқайсысы бос емес екен. Өздерін оғаш көрсетіп, тар жерде
қысылып-қымтырылғысы келмеген жігіттер ішке қарай өтіп, ауасы таза
оңаша залға барып кірген.
− Əй, ана қараңдар! Фажероль жалғыз отыр ғой! − деп Клод айқай
салды.
Бұдан соң жігіттер бұрыннан қалыптасқан əдеттерімен кіре берістің сол
жағындағы бұрышта тұрған үстелге қарай беттеді. Үстел басында отырған
əйел реңкті, жұқалтаң солғын жүзінде кішкене сұрғылт көздері
жылтыраған арық жігітпен амандасып болысымен, өзгелері бірден сыраға
тапсырыс берген тұста, Клод анаған қарай мойнын бұрып алып:
− Мен бүгін сені іздеп, əкеңе барып едім... Шалың маған жақсы қабақ
көрсетпеді, − деді.
Мұны естіген Фажероль санын шапаттап:
− Əй, сол шал да мені шаршатып бітті! − деді. Таңертең екеуміз тағы
ұрсысып қалған соң, табанымды жалтыратқанмын. Оның əлгі ұятсыз
мырыш мүсініне менің модель жасап беруім керек екен. Ақымақты тапқан
екен... Академиялық былжырақтармен айналысқаным да жетеді.
Ескі профессураның бау-бақшасына қарай лақтырылған тасты көріп,
бəрі жапа тармағай мəз болысты. Фажероль ылғи өстіп қызыққа батыратын,
мұндайда ол көшеде жүрген сайқымазақ, арсыз балақайға да ұқсап кетер
еді. Енді осы Фажероль үстел үстіне төгілген сыра қалдығын ұзын жіңішке
саусақтарының ұшымен араластырып отырып, жымысқы мысқылға толған
көздерімен қасындағыларға алма кезек қарап қояды. Мұның өзі
табиғатынан дарынды, жолы болғыш туыстан − ды.
− Əлгі Ганьер қайда жүр? − деп сұрады Магудо. − Сен оны көрмедің бе?
− Осы жерде бір сағаттан бері отырмын, бірақ ол көзіме түспеді.
Жори шынтағымен Сандозды түртіп қалып, залдың түкпіріндегі үстел
басында бір сылқым жігітпен қатар отырған қызға оның назарын аударуға
тырысты. Осылардан басқа бұл залда карта ойнаған сержанттардан өзге
ешкім көрінбеді. Ал қыз əлі пісіп жетілмеген Париж көшесінің жап-жас,
тап-таза жемісіндей толықсып, толқи береді. Жас шамасы он сегіздерге
келген осы қыз кейде сыланып − таранған күшікке де ұқсап кетеді: ақсары
ұзын кекілі тəмпіш мұрнына түсіп, қызарған тұмсығының жартысын
ақсиған күлегеш аузы алып жатты. Қыз суретті газеттердің бірін
аударыстырып отырса, қасындағы байсал жүзді жігіті мадера шарабын
ұрттап қояды. Қыз енді газет үстінен жаңа кірген жігіттер жағына қарай
қылымси көз тастай берген.
− Қалай? Ғажап емес пе? − деп қызына түскен Жори сыбырлап бастады.
— Əй, мына қыз күлмең қағады ғой. Сірə маған қарап отыр-ау өзі!
Фажероль оның сөзін бөліп жіберді.
− Тарт қолыңды! Қыз менікі. Сен, немене, мені осы жерде бір сағат
бойы сендерді күтіп отыр деп ойлап па едің?
Мұны естігенде бəрі күліп жіберді. Бұдан кейін Фажероль бəсең
дауыспен Ирма Беконы қалғандарына таныстыра бастады. Оның айтуынша,
Ирма айлакер сылқымға ұқсайды, осы қаладағы Монторгей көшесінде
тұратын бақалшының қызы көрінеді. Дін қағидаларынан, арифметикадан,
орфографиядан сабақ алған. Он алты жасқа шейін үйінің іргесіндегі
мектепке қатынап оқыпты. Сабақтарын ішіне жасымық шөп толған
қаптардың арасында отырып дайындаса, өмірлік тəлімдерін дүкеннен
ірімшік сатып алуға келген асханашы əйелдердің көшеге немесе тротуарға
шығып кетіп, күллі махалла тұрғындарын өсектеген əңгімелерін тыңдау
арқылы толықтырады екен. Шешесі көз жұмғаннан кейін əкесі Беко əр
түрлі қызметші əйелдермен ойнап-күлуді жөн көргенге ұқсайды, өйткені
сырттан жем іздегеннен гөрі бұнысы оңтайлырақ болса керек. Бірақ
ойнасқорлықтың қызығына түскен əкесі ақыр соңында бар дүниесінен
айырылып, кептірген көкөністерін, бастырған банк, шыны ыдыстарын,
тəттілерін қаттап жинап қойған жəшіктеріне шейін түп-түгел сатып
жібереді. Ал мектепте оқып жүрген Ирма қызды бір күні кешке жақын
лəпкеге кіргізіп алып, есікті тарс жапқан дүкенші жігіт ішінде жүзім
жемістері бар дəу корзинаның үстіне итере салып, абыройын төгіп,
жəукемдеп тастайды... Осы оқиғадан соң жарты жыл мерзім өткенде
бұлардың шайқалған шаруасы біржола күйреп тақырға отырады да, əкесі
осы күйікке шыдамай өліп кетеді. Содан, лаж жоқ, Ирма апайына барып
бас сауғалайды екен. Бірақ тұрмысы жүдеу апайының суық қабағына
шыдай алмаған соң, əуелде апайының үйіне қарама-қарсы тұратын бір
жігітке ілесіп кетіп қалады да, артынан екі-үш мəрте қайтып келіп, ақыр
соңында Монмартр мен Батиньолдегі шарапханаларға барып біржола
қоныс тепкенге ұқсайды.
Өзінің əйел затына деген жек көрінішін жасырғысы келмеген Клод күңк
ете қалды.
− Өй, салдақы!
Осы кезде Ирманың қасында отырған жігіт қыздың құлағына бірдеңе
айтып сыбырлады да, орнынан тұрып, жөніне кетті. Ирма жалма-жан
сабақтан қашып шыққан шəкіртке ұқсап бұлардың қасына жетіп келді де,
бірден Фажерольдің тізесін басып қисая кетті.
− Əлгі мылжың неме ызыңдап басымды ауыртты. Маған тезірек не бол
əйтпесе тағы қайтып келеді! − деп қорқытқан қыз енді əй − шай жоқ
Фажероль байғұстың ернінен шөпілдетіп сүйіп алды да, бірден оның
стақанына жармасты. Содан кейін қылымсып, өзгелерге де күлмеңдеп
қарай бастаған. Ирма қашаннан суретшілерге құмар болатын, бірақ
бұлардың көңілдес əйелдерін асырарлықтай ақшаларының аздығын
білгендіктен, іштей жаны ашитын еді.
Айрықша өзіне көзін сатып өліп отырған Жориді қыз да тез аңғарып,
оның аузындағы шылымын жұлып алып, өзі түтіндетіп тарта бастады.
Содан кейін сауысқанша
шықылықтап:
− Əй, осы отырған бəрің де суретшімісің? Бұл бір тамаша болды ғой!
Heгe мұнша көңілсізсіңдер? Ал, қане, бастарыңды көтеріңдер. Əйтпесе мен
қазір сендерді қытықтап күлдіре бастаймын. Қазір сөйтемін! − деп сайрай
жөнелген.
Шынында да қыздың қылығына таңырқаған Сандоз, Клод, Магудо
үшеуі оған үнсіз қарап отыр еді. Бірақ осылай ерке − тотайлау емін
еркіндігіне қарамастан, Ирма ерекше сақ құлақ екен: сырт жақтан əлгі
жігітінің аяқ тықыры естілісімен, дереу қолындағы шылымын Жоридің
аузына апарып тыға салды да, Фажерольге: "Егер көңілің соқса, ертең
Бредоның сыраханасына келерсің" дегенді айтып үлгіріп, өзі зып етіп
бұрынғы орнына барып отыра қалды. Ал түсі қашыңқырап, əйткенмен
өзінше маңғаз басып, қасына əлгі жігіті қайтып барғанда, ол қолына
ұстаған газеттегі əлдебір суретке үңіліп, жайбарақат отыр еді. Осы
көріністердің өте жылдам əрі күлкілі жағдайда өткені соншалық, осыны
байқаған əлгі бір сержанттар рақаттана күліп қойып, құмар ойындарын əрі
қарай жалғастыра берген.
Ирмаға бəрі риза болысты. Сандоз оны романға кейіпкер болуға лайық
екен деп тапты. Клод суретке түсуге келіспес пе екен деп сұрады. Магудо
бұл қыздың кішкене мүсінін жасап көшеге қойсам, қолын жұлып əкететін
шығар деп бөсті. Осы кезде жігітіне еріп шығып бара жатқан Ирма анаған
байқатпай ернін шүйіріп бұларға ауа арқылы "сүйікті сəлемдемесін"
жаңбырша жаудырғанда, айрықша Жориді біржола есінен тандырып кетті.
Бірақ Фажерольдің ешкіммен бөлісу ниеті жоқ екені байқалды, өйткені бұл
екеуі бір-біріне ерекше ұқсас еді. Өйткені екеуі де көшеде өскен
мұңдықтар: сол көшеден жұққан емін-еркін былапыт жүрістерді
ұнатпайтын жігіттің өзі де ондайдан құралақан емес-ті.
Сағат беске таянды. Жігіттер енді сыра алдырып ішіп отырды. Асхана
іші келушілерге толып кетті. Орындықтарға айнала жайғасқан көпшіліктің
дені осы төңіректе жайлаған буржуа еді, олар енді суретшілер жаққа
қорқақтай, қызыға көз тастап қояды. Бұл жерде суретшілер кəдімгідей
танымал болып қалған, бұлар туралы аңыз − əңгімелер де аз айтылмайтын.
Ал сыраларын сораптаған суретшілер əзір қарапайым тақырыптарды
қозғап, күннің ыстықтығына наразылық білдіріп, көп орынды күймелердің
қымбаттап кеткенін, ал енді бірі əлгі шарап сатушының шарапқа тəтті ет
тағамдарын қосып бере бастағанын айтса, екіншісі Люксембург музейіне
қойылған суреттердің ұсқынсыздығын дəлелдеп, қалғандары сол
суреттерден гөрі олардың ағаш жақтауларының көңіл аударуға тұрарлық
екеніне келісетін сыңайларын танытқан. Бұдан кейін жолдастар ұзақ сонар
əңгімеден тыйылып, шылымдарын тартып демалып Отырды да, анда-санда
өздері ғана түсінетін əзіл − оспақтарын ағытып жіберіп, рақаттанып күлісіп
қояды.
− Біз осы неғып отырмыз? − деді Клод бір кезде. − Немене, Ганьерді
күтеміз бе?
Мұны естігенде, бəрінің шат − шəлекейі шықты. Шынында Гапьер
шектен шығып барады: бəрібір ол бұлар асқа отырған кезде жететін шығар.
− Онда жүрейік, − деп Сандоз ұсыныс жасады. − Егер кешігіп қалсақ,
бүгін ыстық асқа дайындалған қойдың еті қуырыла − қуырыла күйіп кетпей
ме?
Осыдан соң əрқайсысы өзі ішкен асының ақысын төлеп, сыртқа шықты.
Əлгінде бұлар кафеде отырған адамдарға əрқалай əсер еткен еді. "Бұл
жігіттердің бəрі суретшілер ғой" деп сыбырлас − қандар бар. Солардың
біреуі осы жабайы топтың жетекшісі ретінде Клодты нұсқап көрсеткен.
Əрине, бұған дейін жарияланған Жоридің мақалалары біраз жұртқа недəуір
əсер етіп, жас суретшілер плэнер аталатын жаңа түсініксіз мектептің негізін
салушылар ретінде танылып қалған. Бұлардың өзі де осы "Бодекен" кафесі
сурет өнерінде төңкеріс жасап жүрген жүгірмектердің бас қосатын жері,
алтын бесігі болғаны үшін мақтануы керек деп сайқымазаққа айналдырып
жүрер еді.
Қайтар жолда қатарларына Фажероль келіп қосылғандықтан, бұлардың
саны енді бесеу болды. Жетістікке жеткен жеңімпаздарға ұқсап, енді бəрі
аяқтарын салмақпен баяу басып, салтанатпен келеді. Қатарлары көбейген
сайын өстіп көшеге сыймай, Париждің қайнаған өмірі арқаларын
қоздырып, өрге сүйреп бара жатқандай ма, қалай? Осы беттерімен Клиши
көшесі бойымен төмен түсіп, əуелі Шоссед Антенге шыққан, одан кейін
Ришелье көшесімен жүріп отырып, Сенаны Өнер көпірінің тұсынан кесіп
өткен жігіттер Академияның тұсына келгенде оны жақсылап бір боқтап
алды да, Люксембург бағына келіп кірді. Осы жерде жəрмеңке циркінің
маңдайына ілінген үш бояулы жарнамаға қарасып, таңдайларын қағып
біраз тұрған. Кеш түсіп, жүргіншілер саябырси бастады. Шаршапшалдыққан зор қала түн қараңғылығын күтіп, маужыраған халде −
мұндайда кез келген тегеурінді күштің алдында тізе бүгуге дайын секілді
көрінер еді.
Анфер көшесіне келгенде, Сандоз бұларды үйіне шақырды. Содан өзі
шешесі жатқан бөлмеге кіріп кетіп, біраз күттіріп те қойған. Содан қайтып
шыққанда, жолдастары оның өңінен мейірімді нəзік күлкі шуағын көрді.
Артынша Сандоздың шағын пəтерінің іші айғай-шуға, күлкіге, айтыстартысқа толып, тұнып кетті. Үй иесі қызметші əйелге көмек көрсетіп,
дастарқан жасауға кірісті, бірақ қызметші əйел қазір сағаттың жетіден асып
кеткенін, ал отта тұрған қой етінің күйіп кеткенін айтып, қатты кейіп жүрді.
Бесеуі пияз қосып қайнатқан дəмді сорпаны алдарына ала бергенде, тағы
бір қонақ келіп қосылды.
− Ей, мынау Ганьер ғой! − деп бəрі шу ете қалды. Бəкене бойлы, көкірек
керген, қуыршақ секілді айналасына таңырқай қарайтын, дөңгеленген
кішкене сары сақалы бар, қысыңқы көк көзді Ганьер босағада тұр еді. Бұл
өзі Мелоннан шыққан бай буржуаның баласы, марқұм əкесі мұраға екі үйін
қалдырған көрінеді. Сурет өнерімен Фонтенбло ормандарын кезіп жүріп
айналыса бастаған, əуелде жақсы ниетте болып, тəп-тəуір пейзаждар
жазған. Бірақ оның шын ықыласы бірте-бірте музыкаға ауып, ауыруға
айналғаны соншалық, құдды өзі секілді жазылмайтын дертке ұшыраған
жанқияр суретшілерді іздеп тапқан.
− Немене, мен артықтаумын ба? − деп сұрады Ганьер.
− Жоғ-ə. Тез төрге шық! − деп айқай салды Сандоз. Бұл кезде аспаз əйел
ыдыс-аяқтарын əкеле бастаған.
− Дюбюшке де ыдыс-аяқ əкеліңіз, − деді Клод. − Ол көп ұзамай келіп
қалады.
Мұны естіген жігіттер ақсүйектер қоғамына қосылғысы келіп жүрген
Дюбюшті сыртынан ғайбаттауға кірісті. Жори, мəселен, өткен жолы бір
кемпір мен бойжеткеннің қол шатырларын тізесінің үстіне қойып алып,
күймеде отырған Дюбюшті көріпті...
− Сен неге кешіктің? − деп сұрады Фажероль. Ганьер аузына апара
берген қасығын қайтадан орнына қисайтып қоя салып:
− Мен Ланкрри көшесінде кідіріп қалдым, − деп жауап берген. − Өзің
білесің, сол жерде камералық концерттер болып тұрады. Ай, сендер
Шуманды тыңдап көрсеңдер ғой... Желке тұсына келіп желпіген əйелдің
ыстық деміндей музыка жаныңның астан-кестеңін шығарады. Иə! Тіпті
сүйіп − күюге ұқсай бермейтін, материалдық дүниеден тысқары көрінетін
тəтті самал.. Шынымды айтсам, өлім хəліндегі маужырау секілді бірдеңе!
Осылай дегенде Ганьердің көзі жасаурап, өңі сұрланып кетті − шектен
шыққан рақаттың əсері болса керек.
− Тамағыңды іш! − деді Магудо. − Қалғанын кейін айтарсың.
Бұлардың алдына теңіз балығы қойылды − оның тұздығы қап-қара əрі
шикілеу екен, сірке суын қосып жібітпесе, жеу қиын болды. Бəрін нанға
қосып асай беруге тура келді. Дастарқан үстінде өзге деликатестер жоқ − су
қосқан шараптың өзі жетімсіздеу екен. Қуырылған қой еті көрінгенде, бəрі
"уралап" қуанып қалып еді, бірақ үй иесі етті турап үлгірмеді − тағы да есік
ашылып, тағы біреу кіріп келе жатты. Жігіттер бұл жолы қатты қарсылық
көрсетіп, шулап қоя берді.
− Жоқ, жоқ, енді ешкімді кіргізбейміз! Есікті сыртынан жап, опасыз!
Қатты ентігіп тұрған − асыққан болуы керек − Дюбюш мыналардың
мына қылығына таңырқап, жүзі сұрланып:
− Оллаһи, маған сеніңдерші... − деп міңгірледі. − Əлгі күймесі
құрғырлар... Елисей алаңында солардың бесеуін өткізуге мəжбүр болдым.
− Жоқ, бəрі өтірік! Қайқай! Бүгін саған қуырылған қой етін жегізбейміз.
Түсінікті ме? Қайқай, қане!
Бəрібір Дюбюш кері қайтқан жоқ. Бүгін өзі қатып киініп алыпты: қара
костюм, қара сүрттік, түйреуіш қыстырылған галстук, жылтыраған аяқ
киім... Құдды арнайы асқа шақырылған сықиған сырбаз буржуаға ұқсайды!
− Бері қараңдар! Мұны ешкім шақырмаған ғой! Сөйтіп шаруасы біткен
ғой! − деп Фажероль ашық мазаққа көшіпті. − Ана жақтағы ақсүйек
бикештер бұған мұрындарын шүйіріп менсінбей қойған соң, басқа баратын
жері жоқ жігітіңіз біздің қуырылған етімізге ортақтасу үшін келген ғой!
Дюбюш қызарақтай бастады.
− Əй, қойыңдаршы! Олай емес. Кісіге тыныштық беріңдер! − деді бəсең
дауыспен.
Қатар отырған Сандоз бен Клод күлкілерін тыйып, Дюбюшті қастарына
шақырды.
− Тəрелке мен стақаныңды алып, екеуміздің ортамызға келіп отыра қал,
қане! Сонда саған кім тиісер екен?
Бəрібір ыстық ас үстінде де жігіттер Дюбюшті шымшылауын қоймады.
Аспаз əйел Дюбюштің алдына бір тəрелке көже мен аздаған балық
əкелгенде, бұл да өзінше сайқымазақ танып, аш қасқырша ас ішуге
кіріскен, содан босаған тəрелкенің түбін жалап тауысқан соң, соңғы кездері
бастан кешіргендерін əңгімелей бастады. Бұл бір қызды ұнатып,
айттырмақшы болған екен, əке-шешесі мұның архитектор екенін білісімен,
рұқсат бермепті-міс. Астан кейін бəрі де бір-біріне кезек бермей, у-шу
əңгімеге кіріскен. Десертке қойылған ірімшікті бұлар əлдеқашан жеп
тауысқан. Нанның өзі жетпей қалды. Шарапты бітірген соң, қайта-қайта
тамсанып отырысып, ақырында бір-бір стакан салқын су ішіскен. Өстіп
өйтіп-бүйтіп қарындарын қампитқан жігіттер орындарынан тұрды.
Сандоздың үйіндегі кештер осылай көңілді өтуші еді. Тіпті кедейшілік
мойнына мініп алған күндердің өзінде Сандоз достарын бір-бір тəрелке
көже ішуге шақырудан жаңылмайтын. Бəрін ортақ мұраттар табыстырып,
қатарлары сетінемей бірге жүргендеріне, достық сезімдерінің беріктігіне
бек қуанушы еді. Жастары қарайлас болғанмен өзін кей-кейде қамқоршы
əкедей көргендіктен, бұл жігіттерді отының басына жинап алғанда, жарқын
келешектің жалынан ұстаған олардың бір-бірін шабыттандырып, масайрап
кететіндеріне талай мəрте куə болды емес пе? Бүгін де бұлар дастарқаннан
тұрысымен жатын бөлмеге қарай өтіп, орындық жетпегендері кереуеттің
үстіне барып жайғасқан. Жаздың қапырық кешіндегі ашық терезелерден
ашық аспан көрінеді. Жақын маңдағы ғимараттар үстінен Иаков əулие
мұнарасының алыс сұлбасы қарауытса, мылқаулар үйі жағындағы қалың
бақтың биік ағаштары бұлдырайды. Ақша барда, қонақтардың алдына
саптыаяқ сыралар қойылушы еді. Темекілерін əдетте жігіттердің өздері
əкеледі. Кішкене бөлменің іші түтінге тұнып тұратыны сондықтан. Өстіп
өзгелер ұмыт қалдырған осынау оңаша махаллада түнгі тыныштықты
бұзған бітіспес айтыс-тартыстар жүріп жатады.
Сағат тоғызға таянғанда аспаз əйел кіріп, Сандозға қарап:
− Мен ыдыс-аяқтарды жинастырып болдым. Кетуіме рұқсат па? − деп
сұрады.
− Мақұл, қайта беріңіз. Су қайнап тұрған шығар? Онда шайды өзім
демдей беремін ғой.
Сандоз осыны айтып, аспаз əйелге ілесіп шығып кетті. Содан
шешесінің бөлмесіне барып, қарияның жатын орнын дайындап, жарты
сағаттан соң қайтып келді.
Жігіттердің даусы қатты-қатты шыға бастапты. Фажероль əңгімені
қыздырып отыр екен.
− Білесіңдер ме? Мына Академияда натурщиктердің өзін опалайды
екен. Жақында Мазель маған: "Мынауыңның жамбасы шықпай тұр", −
дейді. Мен оған: "Өзіңіз салыстырып көріңізші, сударь, түпнұсқада дəл
солай ғой", − деймін. Мен өздерің білетін кішкентай Флора Бошанға қарап
салғанмын. Мұғалімім бұған ашуланып: "Онда оның қатесін түзеу керек"
демесі бар ма?
Бəрі мəз-мейрам болды. Əсіресе Клод рақаттана күлген. Фажероль де
Клодқа ұнау үшін осы оқиғаны құрастырып отырған. Фажероль біраздан
бері Клодтың ықпалына түсіп, өзі бұрынғыша еліктеуіш суреттерін сызып
жүргенмен, ауызша əңгімелерінде табиғаттың нағыз шынайы көріністерін
шыншыл, солды, нанымды бояулармен шығаратын шығармаларды ерекше
дəріптей бастаған. Бірақ былай шыға бере плэнер мектебін қолдаушыларды
қылқаламмен емес, аспаздар қолына ұстайтын ағаш шөміштермен сурет
салатындар деп мазақтаудан өсте шімірікпес еді.
Мұндай əңгімелерге оншалық сене бермейтін секемшіл Дюбюш:
− Егер Академияда əлгіндей есектер сабақ беретін болса, неге сондағы
оқуыңды тастап кетпейсің? Дұрысы сол емес пе? − деп сұрады. − Ал мен
сол Академияны қорғай бастасам, бəрің əрі түрегелесіңдер. Менің ойымша,
бір кəсіпті игеру үшін алдымен бірдеме үйрену керек қой...
Қалғандары Дюбюштің сөзін аяқтатпай, жан-жақтан тарпа бассалғанда,
Клод оларды əзер тоқтатты.
− Дұрыс қой... алдымен бір кəсіпті игеру, зерттеу керек. Əрине, өз
көзқарастарын күшпен танатын профессорлардың қарауында жүріп жөнді
нəрселерді үйрену қиын. Əлгі Мазелің − барып тұрған нақұрыс! Əйтпесе
Флора Бошанның жамбасын жарамсыз дер ме еді? Ол қыздың жамбасы
керемет... Солай емес пе? Жалғаннан қызық іздеп тоймай жүрген Флораны
сендер ұзынынан да, көлденеңінен де зерттеп білген жоқсыңдар ма?
Осыны айтқан Клод төсекке құлай кетті де, көзін жоғарыға қадап,
шабытты əңгімесін жалғай түсті.
− Əй, өмір шіркін! Оның жалынан ұстап, бар шындығын көрсету, барын
бардай сүю, мəңгі құбылып тұратын сұлулығын танып білу, əдемілеу үшін
кесіп − піштіруге ұмтылмау, тіпті тұрпайылықтың да табиғи нəрсе екенін
түсіну... Өмір сүре білу, адам болып қалу − міне, осылар ғана бізді
құдіретпен теңестірмес пе?!
Клодтың өзіне деген сенімі қайтып келген секілді − бəлкім, Париж
көшелеріндегі бүгінгі ұзақ қыдырыс көңілін сергітті ме екен, əйтеуір
қайтадан жұмысқа кірісіп, тірі жанның бейнесін жасауға құлшына
бастаған. Мұның сөзін үнсіз тыңдаған достарына қарап қойып, өз ойын
толық жеткізе алмаған тұстарда əрлі-берлі қолын сермейді. Қалыбына түсе
бастағаны байқалады.
− Əркім өзінше адасады ғой. Бірақ мына академиктердің қылығына төзу
қиын... Салонның төралқасы түгелдей солардың қолында. Ендеше əлгі
Мазельге ұқсаған нақұрыстардың менің суреттерімді қабылдамай
тастайтындарына күмəн жоқ.
Төралқа турасында айтылғанда, бəрінің арқасы қозып жүре берген.
Сөйтіп бұлар төтенше реформа жасап, бəрін қайта құру керектігін
дəлелдеп, айғайлай бастады. Біреулері жалпы жария дауыспен мəмілешіл
алқа құрамын сайлау қажеттігін айтса, екіншілері əркім өз қалауынша
ұнаған дүниелерін əкеліп қоятын тəуелсіз Салон ашып алған дұрыс деп
өзеуреді.
Осылай айтыс қызған тұста Ганьер Магудоны ашық тұрған терезенің
алдына ертіп əкелді де, сырттағы қараңғы түнге қарап тұрып, қарлығыңқы
дауыспен:
− Көзіңе елестетіп көрші, барлығы төрт такт, төрт ырғақ, бірақ қандай
керемет! − деді. – Онда бəрі бар... Бірте-бірте алыстай берген маужыр
табиғат суреті, өзі көрінбейтін ағаштың бұлдыр көлеңкесі түскен жол
айрығы, сағымдай сылаңдаған, бірақ қайтып менің қолыма түспейтін əйел
бейнесі... Соның бəрін көріп, сезіп тұрғандаймын.
Фажерольдің даусы бөлекше естілді.
− Ал сен, Ганьер, биыл Салонға қандай дүниелер ұсынбақшысың? −
Ганьер оны естіген жоқ, шабытты қалпын өзгертпей, сөзін жалғай берді.
− Шуман − шексіз əлем, одан бəрі табылады. Ал өткен жексенбіде бəрі
ысқырықтап қуып шыққан Вагнер ше?..
Бір жағынан Фажероль тоқтар емес. Ол ақыры Ганьердің назарын
аударды.
− Немене? Салонға менің не жіберуім керек екен? Бəлкім, Сена
жағалауын бейнелейтін кішкентай пейзаждарымның бірін ұсынармын.
Алдымен өзіңді қанағаттандыратын жұмысты таңдау да оңай емес, − деді
Ганьер.
Осыны айтқанда Ганьердің құты қашып, өңі бозарып кетті. Жалпы ол
алақан көлеміндей суретті айлап салатын өте талапшыл жігіт. Табиғатты
дегеніне көндірген атақты француз пейзажистерінің жолын қуған Ганьер
əрбір бояудың реңктері мен көріністердің дəлдігін барынша шынайы
қалпында жеткізуге тырысатын, осындай теорияға мүлтіксіз адалдығы
түптің түбінде оның қолынан шыққан суреттерді тым ауырлатып жіберуші
еді. Осы себептен өнерде жаңалық іздеуші қызуқанды суретшінің
шығармаларында əдетте жарқын жарық бояулардан гөрі іш пыстырарлық
сұрғылт нақыштар басым түсіп жататын.
− Ал маған салсаңдар, алдын ала рақаттанатындай сыңайым бар, − деді
Магудо. − Менің мына мүсінім олардың тақиясына тар келіп, мұрындарын
тыржитатын − ақ шығар.
Клод иығын қиқаң еткізіп:
− Меніңше, сені олар қабылдауға тиіс, − деді. − Мүсіншілер
живописшілерге қарағанда кең пейілді əрі сен шеберлер қатарына қосылып
қалғансың. Бармағыңнан бал тамады... Анау "Жүзім жинаушың" сұлулыққа
тұнып тұр.
Мұндай мақтаудан еңсесін көтерудің орнына, Магудоның қабағы түсіп
кетті. Өйткені ол сұлулықтан гөрі күш-қайратының көптігіне сенетін, сол
өзі байқамаған сұлулық кейде мұның епетейсіз жұмыскер саусақтарының
арасынан − жел айдаған ұрықтардың тастақты жерде өніп шығатындай
кездейсоқта пайда болатынын біле бермейтін.
Фажероль болса қулық жасап, ұстаздарына аяқ астынан ұнамай қалудан
қорыққандықтан, бет алды Салонды жамандаудан жаңылар емес. Оның
айтуынша, Салон − жұқпалы кеселдердің ошағына ұқсайды, тіпті арам
дүниелердің қатарында тұрған жақсы суреттер де көгеріп кетеді екен. Ал
шындығында Фажероль бəрі − бəрін сайқымазаққа айналдырып
жүргенмен, іштей Рим сыйлығын алуды армандайтын.
Бөлменің ортасында қолындағы стакан толы сыраны асықпай ұрттап
тұрған Жори бір кезде:
− Мен осы төралқаға əбден тойып біттім! − деп мəлімдеді. −
Қаласаңдар, мен оны құлатып берейін. Жақын нөмірлердің бірінде оқ
жаудыра бастаймын... əрине, сендердің көмектеріңмен. Келістік пе? Күш
біріктірсек, олардың пəршек − пəршесін шығарамыз. Міне, қызықтың
көкесі сонда болады!
Клод қостау білдіріп еді, өзгелері де гулей жөнелді. Иə, иə, осындай бір
науқанды бастауымыз керек! Күш біріктіріп, қатар жүргенде ғана
мақсаттарына жететіні анық. Əзірше бұлардың ешқайсысы жеке басының
атақ, дəрежесін өсіруді ойламайды, өйткені бір-біріне ұқсамайтын
өзгешеліктер мен бақталастықты білмес еді − оның бəрі кейініректе бас
көтеріп, өзара бөлектенуге, айырылысуға əкеліп соқты емес пе? Əзірше
біреуі табысқа жетсе, қалғандары соны ортақ жеңіске балап, бірге қуанады.
Жастық желік бойларын кернесе, адал достық сезімдері асып төгіліп
жатады. Дүниені жаулап алу үшін тізе қосып бірігуді армандайды.
Əрқайсысы жан аямай əрекет жасап, бір-бірінің қолтығынан демеп жүріпақ тұтас шеп құруға дайын. Клод осылардың өздері таңдаған жетекшісі
ретінде күні бұрын сөзсіз жеңіске жететіндерін мəлімдеп, əрқайсысына
тиісті бағаларын үлестіріп қойған. Тіпті париждіктерге тəн
сайқымазақтығына қарамастан, Фажерольге шейін осындай ауызбірліктің
қажет екенін мойындайды. Алыс түкпірден келіп, əлі Парижге толық еті
үйреніп кете қоймаған Жори болса, зор мақсаттарға ұмтылмай-ақ, қалайда
жолдастарына пайда тигізуді ойлағандықтан, бұлардың əрбір сөзін қағып
алып, артынша ұзақ сонар мақалаларының тақырыбына айналдырып
жібереді. Магудо жасанды дөрекілікпен жұдырығын түйіп алып, қамыр
илеген наубайшыдай күллі қоғамдық пікірді асты-үстіне түсіріп мыжғылай
бастайды. Шарап қызуына еліткен Ганьер өз суреттерінің сұрықсыздығына
қарамастан, сыпайылықты ұмытып, ақыл-парасатты қажет етпейтін
сезімдер патшалығын мадақтаудан танбайды. Жаратылысынан саналы əрі
сақ Дюбюш анда-санда қарсылық көрсетіп, бірдеңесін қосып қойғанда,
соның өзі айтыстан қызара бөрткен жолдастарының төбесіне балғадай тоқ
− тоқ тиіп жатқанын байқау қиын емес. Осылай бəрінің бір жерде бас
қосып отырғандарына қуанған Сандоз біржола кедейленіп қаламын деп
қорықпай, сыра бөтелкелерінің тығынын ашып тастаумен болды.
− Енді бізге шегінерге жол жоқ, − деп жариялады ол − Өмірдің қызығы
осы емес пе?.. Ортақ идеялардың төңірегіне бірігіп, бірге күрессек, ана
нақұрыстардың төбесіне жай түсіп, бəрі күл топыраққа айналмақ!
Есіктің қоңырауы қағылып, Сандоздың сөзін бөліп жіберді.
− Сағат он бір болып қалыпты. Кешеуілдетіп жүрген бұл кім өзі? − деп
таңырқаған ол есікті өзі барып ашқанда, қалғандары оның қошеметшіл
даусын естіді.
− Ay, сізді де көретін күн бар екен ғой! Бұл Бонгран мырза емес пе?
Үй иесі осылай құрметпен құшақ жая қарсы алып тұрған атақты
суретші Бонгран мырза да айрықша ашық раймен босағадан аттады. Бəрі
дүрлігіп орындарынан көтеріліп, атақты суретшімен қол алысып
амандасып жатты. Жасы қырық бестер шамасындағы, ұзын бойлы, шаршау
жүзді, шашын бурыл шалған Бонгран жуықта Академияның толық
мүшелігіне өткен еді, енді оның қарапайым кеудешесінде құрметті легион
ордені жарқырайды. Бонгран жастарға жақын жүретін, осындай жаңа
бастаған талапкерлер орта− сында отырып демалғанды, солардың жастық
буына жылынғанды ерекше жақсы көретін.
− Мен қазір шай дайындап жіберейін! − деп айқайлады Сандоз.
Сандоз құманын көтеріп ас үйден қайтып шыққанда, улап-шулаған
жігіттердің ортасында, шылым салған қысқа түтігін сорғылап, үстел
басына жайғасып үлгірген Бонгранды көрді. Босс маңындағы фермердің
немересі болып келетін Бонгранның өзі де анда-санда гүрілдеп дауыс
шығарып қояды. Əкесі буржуа болғанмен, мұның бойында қарапайым
шаруа қаны ағып жатса керек, əрі шеше жағынан тараған өлімдік нəзіктік
те барға ұқсайды. Дəулетті адам ретінде Бонгран суреттерін сатпай,
ақсүйектердің талғамы мен дəстүрін сақтап, еркін өмір сүрер еді.
− Əй, сол төралқаларын құрып кетсінші! Мен өлсем де, ондай құрамға
кіруге келіспес едім! − деп енді ол қолын сермейді. − Нан тауып жегісі
келген бейшараларды лақтырып тастайтындай мен жендет емеспін! Солай
ма?
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Шабыт - 07
  • Büleklär
  • Шабыт - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4021
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2237
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2333
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2477
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3988
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2379
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2321
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3953
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2360
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2297
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2293
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3876
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3999
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2363
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3958
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3972
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2288
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2444
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3976
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2344
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2360
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3894
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3817
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2332
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2384
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3933
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2372
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2381
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3966
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2346
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4028
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2291
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Шабыт - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3051
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1959
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.