Latin Common Turkic

Сенім - 01

Süzlärneñ gomumi sanı 3938
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
БІРІНШІ БӨЛІМ
Ғират қызы. Хиуа өмірі.
Зелілінің қашуы. Махамбет, Балабек,
Жантас, Ноян жəне адайлардың
«құдайы» — Сүйінқара.
— Еліңе қайтамысың?— деді қыз.
— Иə,— деді ол.
— Мені бірге əкетемісің?
— Жоқ.
— Осында тастап кетесің бе?
— Жоқ.
— Падишаһқа қайырып бересің бе?
— Жоқ, жоқ, деймін, жоқ!..
— Кешір, мырзам,— деді қыз.— Алдыңа ашық келіп, қымсынбай
сөйлесуге үйреткен өзіңсің. Маған, сен күн, емессің деуші едің ғой. Мен
дегенде есігіңді ашық ұстадың, қысым - қақпай көргенім жоқ. Əйелді əріне
қарап қана бағалауға болмайды, біздің ауылдың қыздары беттерін жаппай,
ашық жүреді, егессе—еркектен кем емес дейтінсің. Қалғым келмейді
сенен... Ұрғашының ұяңдығы ер жігітке жүк болмас. Əйелің əміршім
болсын, айтқаның екі етпеспін...
Ол қыз алдында тұр. Дулығасы тар терезеден түскен күн сəулесімен
шағылысып жалтырайды. Үстіне киген ақ сауытты, басындағы үкілі
дулығаны əбден жарқырата тазалап берген де мына қыз. Тек қанжары мен
семсерін ғана қыз қолына ешқашан сеніп тапсырған емес-ті.
Қыз біледі — жігіт жол қамында.
Мұны енді тастап кететіні хақ. Бірақ қашан? Бүгін бе, ертең бе не бірер
аптадан соң, ба — онысын əлі айта қойған жоқ. Бірақ қоштасар сəттің
таяғанын қыз сезіп тұр.
— Сонда бір алланың өзіне табыстап кетпексің бе?
— Жоқ!..— сом темірдей салмақты жігіт қолы қыз мойнына артылды.
Көз жасын көрсеткісі келмеген қыз бетін салқын кіреукеге басқан қалпы
жігіт құшағына кіре түсті.
— Сені табалдырықтан аттап шықпай жатып-ақ, ұстап ап қайта сатып
жіберуі мүмкін немесе қолдан-қолға жүгіртіп, нəпсіге құрбан етер...— деді
жігіт қолаң шашты сипап тұрып.— Бұ қалада жаңғыз - жарым қалу сен
тұрмақ, жаужүрек жігітке де қорқынышты.
— Білдім,— деді қыз асыға сөйлеп,— білдім, мырзам! Осы уақытқа
дейін қалайша түсінбегенмін?.. Сен мені өлтіресің. Сүйетінің рас болса,
өлтіріп кетесің! Бақыт деген осы ғой, мырзам. Ризамын бұған да... саған
душар етіп, махаббатына бөлеген аллаға да шүкір. Жұмақтың төрінде қайта
кездесу үшін, басқаның қорлық-зорлығын көрсетпей, абыройымды ақ
сақтау үшін сен мені өлтіріп кетесің... Сенің қолыңнан жан тапсырсам,
арманым жоқ. Қашпаймын одан. Үндістанның, раджпурлары мен біздің
елдің еркектері бастарын өлімге байлап, жағадан алған жауға қарсы ақтық
айқасқа аттанар алдында өз əйелдерін дұшпан қолына түспесін деп мерт
қылады... Ондай өлім қасиетті ғой! Ғашықтардың жан-жүрегін о дүниеде
көктегі иемнің өзі жалғастырады...— деп, шығып келе жатқан күнге қарап
жалбарынып тұрған қызға сөзін бітіртпей шорт үзді, Иығынан шеңгелдей
ұстап, тартып қалып еді, темірдей саусақтары тым қатты батып кетті білем,
қыз шалқалай берді. Тізесі дірілдеп, жігіт қолына асылып тұр. Батыр қалшқалш етеді:
— Сен, ұрғашы, не тантып кеттің?!
— Ашуланба, мырзам, мен бақыттымын... Тек əкеме дұғай сəлемімді
жеткізсең болды,— деді қыз иығының ауырғанын сездірмей. Инабатты
жүзінде өлімге бекем бел буған шешім бар. Жəне де сол шешіміне риза
пішінмен сабыр сақтап, ғашығынан қоштасар сəттің соңғы лəззатын
күтетіндей сықай танытады.
Ал жігітте үн жоқ. Түтіккен ашу мен мейірбан жанашырлық қатар кеп,
аңтарылып тұр. Ақыры не дерін білмей, қызды бұрыштағы өздері түнеп
шыққан төсекке тастай салды да:
— Сəлеміңді əкеңе өз аузыңмен айтарсың. О, зұлмат дүние!— дені
есікті теуіп ашып, сыртқа ата жөнелді. Шығып бара жатқанда қылышы
босағаға соғылып саңғыр етті.
— Ат қайда? Төке, əкел бері Ақжалды! Ноянға айт—керуенді күзетуге
екі жігіт жіберсін. Қызылбастар көрінісімен маған хабар берсін.— Аяғы
үзеңгіге ілінер - ілінбестен атына лып етіп мініп алды. Қасына торы
айғырын ойқастатып? Жантас ілесе кетті.
— Бізді бүгін тоспаңдар!
Екеуі қақпадан шыға бере-ақ шаба жөнелді.
Қожасының не деп кеткенін мүлде ұқпаған қыз төсектің бас жағындағы
жастық орнына қойылған төрге бетін төсей құлады.
Тегі, Хайуанға келгелі дəл қазіргісіндей қорқып көрген жоқ-ты. Егер
бұған дейін өзін алланың құзырына тапсырып, кез келген кісінің соңынан
қың демей ере берер болса, енді міне, жүрегінде махаббат отын тұтатып,
тал бойындағы күңге тəн төменшік, бұйығы, жасық мінездерін жойған
жаннан қалайша ажырап қаларын білмей дал боп отыр.
***
... Ауғанстаннан Хиуаға келгенде олар он бес еді.
Мəхəллаға1 кірісімен бау ішіндегі салқын көлшікке шомылды
шүпірлесіп. Сырттарынан бұларды осында сатуға зорлап келген саудагер —
керуен басының өзі бағып жүрді.
Судан шыққан соң ол қыздарды бəйтерек көлеңкесіндегі кереге сындас
қаптай өскен анар бұталарының түбіне қаз - қатар тұрғызып қойып, аспайсаспай қарай бастады. Əсіресе Ғират қызына қызыға қарап, қасында ұзақ
тұрды. Сонан соң жағынан сипап, тершіген алақанымен қыз кеудесін бір
басып өтті де:
— Өзің бейіштің бағындағы періштедей екенсің,— деді.
Əтек жігіт қыздардың су жағасында шашылып жатқан ескі көйлектерін
жинап алды да, жаңа киім таратып берді. Саудагер де дəн риза.
— Сендерге көз тоймастай көрік берген жаратқан иеме құлдық.
Хиуаның еркектері сұлулықты бағалай біледі. Бақтарың ашылсын,— деді
де Ғират қызына қайта бұрылды:— Атың кім еді?
— Нұрбал,— деп сыбырлады қыз, саудагердің бетіне тура қарай алмай.
— Еншалла, ханға тартар сыйымның асыл алқасы сен боларың хақ...
Тек ұнай біл, жағына біл, Ғираттан ұшқан кептерім, Шираздан жұлған
раушаным, кердең басқан киігім, лəззаты ерен биігім, деп тамсанар болсын
өзіңе. Алланың рахымы жаусын... Əй, құл! Ора мына қызды үлде мен
бүлдеге.
Басқа қыздар бұған əрі қызғана, əрі жабырқай қарап, үн қатқан жоқ.
— Хан жүрегін жұмсартып, көңілінен шыға біл, аянба, аяла, сонда ол
бізге де оң көзімен қарайды,— деп саудагер сарайға апарар алдында да
үгіттеп қояр емес.
Сарайға əкелерде үлбіреген көгілдір бет пердесінің үстінен қара
желбегей бүркеді. Тақ қойылған кең бөлмеге кіргізер алдында бүркеншігін
алып тастады.
Сəн-салтанат, жым-жырт тыныштық. Қыз айналасына, таққа, оның
үстінде отырған құдіреті күшті əміршіге көз тастағысы кеп тұр, бірақ
басын көтеріп, бет пердесін ашуға батылы бармады.
Саудагер алдымен ханға інжу-маржан, қамқа, доқаба - жібек, алуашекер, балдағына гауһар тас орнатқан қанжар, өңіріне алтын оқа ұстаған
шекпен сияқты асыл заттарды тарту етті. Сосын қызды əкелді жетелеп.
Үлбіреген бет пердеден үй іші қара көлеңкеленіп, айқындалмай бұлың
көрінеді. Саудагер сезін үзбестен қызды ақырын ғана алға итерді. Тақтың
алдында тұрғанын сезді де, тез тізерлеп, бүктетіле қалды.
— О патша ағзам, арғысы араб елі, бергісі парсы жері аузыңа қараған,
зор мəртебелі тақсыр! Жəмшидтей қызметші құлы, Кесердей қақпашы
қолы бар құдіретті падишаһ, алланың сүлдері жəне жердегі уəзірі,
Жейқұнның 2, Үргеніш пен Хорезмнің əмір иесі! Ауғанның мөлдір
бұлағынан шырын жиған мынау балшекер гүлді тарту еттім өзіңе.
Бақшаңда шешек атып, жайнай берсін...
Саудагердің тарамыс саусақтары қыздың иығына кеп жармасты. Жепжеңіл желбегей сусып жерге түсті. Қыз кірпідей жиырылып, қимылсыз
қатып қалды.
— Киіктің лағындай сүйкімді екен...
— Бейіш бағының мəуесі ғой...
Хиуаның хан сарайына жиналған ығай мен сығайлары —- бекзадалар,
саудагерлер мен байлар Нұрбалға оңынан да, солынан да жұтына қарап,
көздерімен ішіп-жеп барады. Қыз ашқарақ көзқарастарға шыдай алмай,
қатты қысылды.
Ə деп ішке кіргенде ол қорқынышын баса алмай, біразға дейін
жүрексініп тұрды. Бірте-бірте, сұлтандар мен сардарлардың сөзін тыңдай
келе, олардың өзіне қызығып тұрғанын түсініп, күлімсіреп қойды. Алланың
өзі қуа, емексіген еркекті қай ұрғашы жек көрсін. Нұрбал да бой тоқтатып,
басын сəл көтерді де, алдиярға қарағысы келді. Бірақ көре алмады. Көз
алдын ақ мəрмəрдан қашалған керегекөз шарбақ көлегейлеп тұр екен.
Нақышында нəзік шеберліктің табы бар: сабағынан үзілгелі тұрған жүзім
шоғы да, раушан жəне лала гүлдерінің бейнесі де соншалық бір
əсемдігімен көздің жауын алады. Жасыл жапыраққа жаңа түскен қар
сияқты аппақ мəрмəрдің арғы жағынан аяқ астына төселген, қабырғаға
ұсталған қызылды - жасыл құлпырған Хорасан кілемдері көрінеді...
Қыз басын одан əрі көтере түсіп еді, көзқарасы оқалы пердегінің барып
тірелді. Енді түсінді: шарбақтың арғы жағындағы хан тағы еденнен
əжептəуір көтеріңкі суфаға қойылыпты да, үстіне ту тігіліп, шəйі - жібектен
істелген шымылдық жабылыпты. Ханның өзін көру үшін бүгілген белді
жазып, т.с көтерілу қажет. Алайда бұған қыздың батылы бармады. Былқ
етпестен əмір күтіп жата берді. Мəрмəр шарбақтың тор көзінен бір кезде
барып өзінің тап қарсысында екі қолын тізесіне салып, малдас құрып
отырған алдиярды керді.
— Түрегел,— деді хан сабырлы, өктем үнмен.
Қыз бел жазып, орнынан тұрды да, басын көтерді. Қолаң шашы суси
төгіліп жалаңаш арқасын жапты. Алдында екі ұрты суалған, шикіл сары
өңді, көз орнына мұз орнатып алғандай суық жанарлы адам отыр екен.
Түріне қарап жасын ажыратып болар емес. Жамбасында — көпшік, үстінде
—үлбіреген жеңіл киім, асыл тас орнатып, алтыннан соққан əшекейлері
жарқ-жұрқ етеді. Қыз денесін кезбен тінтіп, ішіп-жеп барады. Жұрт бір
сəтке тынши қалды. Артынша əміршінің жүзі жылып, қызға қарап күлім
қақты. Жиналғандар да қайтадан жамырап қоя берді.
— Көркіне көз тоймастай хаса сұлу...
— Талшыбықтай бұралуын шіркіннің!..
— Лəйла да өзі, Шырын да өзі...
— Ақындар қайда?! Өлеңге қосар мүсін ғой. Жырлау керек жақсылап.
Жайнатсын алдиярдың гүл - бақшасын,— деді көгілдір барқыттан тіккен,
күміс əшекейлі шошақ бөрікті кісі. Өзі тақтың оң жағында отыр, қолында
— піл сүйегінен жасалған таспиқ.
Хан болса, ашқарақ көзін ауған қызының əлі толыса қоймаған балаң
төсінен аударар емес. Қыз да қорқынышын былай қойып, алдындағы суық
жанарлы сары кісіге тайсақтамай тұра қарады. Ендігі тағдыры осының
қолында екенін біледі.
Тақтың қасында қара сақалды біреу шіреніп тұр. Айналасына сабырлы
кейіппен сыздай қарайды. Назарынан еш нəрсе қалтқы қалатын емес.
Жиылған жұртты бастан-аяқ ешкімге байқатпай тінте қарап, əлсін-əлі
көгілдір шалма салған шалға кез тастап қояды.
«Уəзір - ау»,— деп ойлады Нұрбал.
— Беріштердің ақыны келді, тақсыр, қабылдауыңды күтулі. Оның
Бөкей ордасындағы даңқы Махмұт палуанның Хорезмдегі даңқынан бір де
кем емес... Мынау тотыңыз сол жігітке лайықты сый болар еді,— деп
сыбырлады уəзір сəл еңкейіп, көзімен ауған қызын нұсқап.— Сіздің
жомарттығыңыз жайлы хабар Жайықтың аржағындағы жалпақ далаға
жайылары хақ. Алла бұйыртса, үлесіне үйір-үйір жылқы аласыз олардан.
Жəңгір төбетке қарсы шыққан Махамбет пен Қайыпғали сұлтанды
жетектің екі жағына қатар жегіп аласыз да, Еділ мен Жайық арасындағы
жазираны баса-көктеп, жосылтып өтесіз. Ішкі орданың жауынгер қазақтары
түгелдей қолыңызға қарайды. Еділден Ғиратқа дейінгі барлық жол
алақаныңызда болады... Хиуаны кəпірлерден қазақ қорғайды.
Оның сөзін ханнан басқа ешкім естіген жоқ. Жұрт назары түгелдей
ауған қызына ауып кеткен екен.
— Ей, алыңдар тартуды! Ауған саудагеріне фəрмен3 беріңдер. Сатсын
жайнатып, əкелген жиһаз - дүниесін Хиуа базарында. Мырзаның тілегін
орындап, қасына күзетші жасақ қосыңдар. Хорезм жерінен қорықпай өтіп,
қайтарында Мəскеуден асыл аң терілерін əкелетін болсын. Аумин!—деп
хан оң қолының саусағын шошайтты.
— Ұлы мəртебелі шаһиншаһ, қасиетті Хиуа мен Хорезмнің əмір иесі,
жомарттығын, шексіз - ау,— деді саудагер тəжім етіп. Сенің құлдығыңда
жүріп, қызметіңді өтеуге мен дайын.
Хан болар-болмас қана басын изеп, жымиып қойды да, қолын көтеріп
қалды.
Саудагер қолының ұшын маңдайы мен көкірегіне басып, тəжім етті де,
иілген қалпы шегіншектеп барып шығып кетті.
— Беріш руының ақынын кіргізіңдер,— деп бұйырды хан.
Тіл қатпайтын дүлей жасауылдар қақ жарылып жол берді, есік ашылды.
Беліне байлаған семсерін бір қолымен жамбасына қыса ұстаған жас сарбаз
қабырға жағалай отырған Хиуаның қасқа - жайсандарын: байларды,
имамдарды, саудагерлер мен сардарларды тез шолып шықты да, жеңіл
қимылмен батыл адымдап кеп тақ алдына тоқтады. Басын да иместен,
алдияр ханға лайық сый-құрмет лебіз білдірместен, қыздан анадай барып
тұрды, тіпті оған көз де тастамады. Ызалы күбір көбейіп, отырғандар гу ете
түсті. Хан тастай түйіліп, сұп-сұр боп кетіпті.
Нұрбал көз қиығын ақынға салды. Қысқа қойған қара мұрты бар, беті
жалпақ біткен, қара торы өңді, иегі сəл шығыңқы. Басында төбесі үшкір
дулыға, оң жақ бүйіріне əшекейлі шолақ қанжар таққан, сол жамбасында —
семсер.
— Жейқұнның жебеушісі, Хорезмдегі барша шаһардың əмірі, Хиуаның
қожасы, Мұхамбет пайғамбардың үмбеті, құдіретті шаһиншаһ саған өз
бағымың сəні болған лала гүлін сый етіп ұсынады. Аузынан шыққан өлеңі
от оранған сөз зергері болғанын, үшін тартады... Уа, қазақ ақыны, сен
Беріш пен Адайдың сүйіктісі болсаң жанын дінсіздерге сатқан имансыз
Жəңгір төбеттің тепкісіне түскен күллі қазақ руларының мақтанышы
болсаң ауған тауларынан келген мынау ару сендік болады. Дəп енді
əмірлердің əмір иесі сені əз қанатының астына алады — сен оның күш құдіретін жырлайсың... Кемеңгердің кемеңгері, патшалардың патшасы
түйген тоқтам да осы, рақым да осы. Аумин!
Уəзір бұл сездерді төске түскен темірдей таптап, мақамдап созып,
салтанатпен айтып шықты.
— Рахмет саған, Аллақұл хан. Айтпағым—өз жайым емес. Жігіт
намысын басқаның қорғағаны Жейқұндағы балыққа салған аумен тең.
Бəрінен де азаттық пен бостандық артық. Сый - сыйапатыңа рахмет,
тақсыр, бірақ саған жыршы бола алман. Шырыны шекер гүліңді алайын
деп те келгенім жоқ саған!— деді ақын.
— Сен өз достарыңмен бірге Хиуаның, базарларында қару-жарақ жиып
жүрген көрінесің. Сол үшін маған Жəңгірдің басын əкеп беретін боласың,
— деп сыздады хан.
— Ел атынан елшілікке кеп отырған жоқпын алдыңа, жауынгер есепті
кеп отырмын. Өз хандарына қазылықты халқымның өзі айтады...
— Халқыңда алынбаған құным бар. Арғынғазы деген сұлтандарың
менің қол астымдағы жерлерге баса көктеп кіруден жасқанбады. Ұмытқан
екенсің ғой оны?!—деді Аллақұл даусын көтеріп.
— Сұлтан — халық емес. Қоқан мен Хиуаның құшбегілері қазақ
ауылдарын шапса, қазақ сұлтандары Хиуа қыстақтарына қырғидай тиген.
Сол үшін халық кінəлі ме екен?! Иə, Арғынғазы өз нөкерің еді, асыңды
ішіп, аяғыңды тепті. Жылқыңды үйір - үйірімен қуып, жер қаптырып,
масқаралап кетті. Ал сен болсаң одан ала алмаған кегіңді қаймана жұрттан
алып, кəріңді Сыр бойындағы қазақтың кедей ауылдарына төктің, жүздеген
қазақ қыздарын күндікке саттық... Мына сыйың солардың өтеуі ме,
қалай?...— деп ақын Нұрбалды нұсқады.
Ыза қысқан хан орнынан көтерілді. Хиуаның намысқой сардарлары
қолдарын селебелеріне созды. Ақ оюлы, серейген шошақ төбелі қалпақ
киген кісі орнынан атып тұрды.
— Жап аузыңды, Махамбет! Бейбастақтығың шектен шығып кетті.
Қызыл тілің—қас жауың. Сорғалап тұр уы. Кешірім сұра! Неғып сілейіп
тұрсың?! Жығыл аяғына!...— деп зекіді ол.
— Аптықпа, Қайбала, 4сенімен сөйлесіп тұрғаным жоқ,— деді ақын
сабырлы үнмен. Ұмытсаң, есіңе түсірейін, құлақ сал. Қазақ мақалы:
«Жалғыздың...» деп келе жатыр еді, хан сөзін аяқтатпай, аға миршабқа 5 ,
ақынды сыртқа алып кетіңдер, деп ишарат жасады. Жасауылдар
Махамбетке тап беріп, қолын қайырып еді, ақын бір-ақ сілкініп, босанып
алды да, бас иместен шығып кетті.
Шикіл сары Аллақұл хан оның соңынан ернін бұртитып, тістене қарап
қала берді.
— Құрметті сұлтан, сөз түйінін өзің айтасың. Шаирмен əңгімеміз тым
созылып кетті,— деді уəзір меймандарға бір қарап қойып. Анау қолындағы
құм сағатты төңкеріп жіберіп еді, сыздықтаған жылға ыдыстың, бір
жағынан екінші жағына сорғалап құйыла бастады.— Елшілер қабылдау
күтіп тұр. Хан бастапқы кейпіне қайта еніп тағы да бедірейе қалды.
Патша мен ақынның жүз шайысқанына өзін кінəлі санаған ауған қызы
ендігі күйі нешік боларын біле алмай, əрі ұят қысып, əрі қорқыныш билеп,
əрі жалаңаш денесі тоңазып, бас көтерместен мелшиіп тұр.
— Сөйле, Қайыпғали сұлтан,— деді уəзір.
Қайыпғали да сабасына түскен екен, өзіне өзі сенімді үнмен еселеп
сөйлей жөнелді:
— Қара халықтың қараңғы - қараулығы қалған ба? Махамбет деген сол
қараның ақыны ғой, тақсыр. Құмға қақталып өскен жан асқар таудың
асқақтығын білмейді. Кезбе кісі кең дуалды тарсынар. Қара халық
жұмақтың жақсылығын түсінбейді, жақсы аңшы құмайды қыран деп
ұшырмайды. Махамбеттің Хиуада өлгені қауіпті. Қара қазақ оның есімін ту
ғып көтереді. Сен үшін оның бақ ішінде серуен құрғанынан гөрі, дала кезіп
жүргені пайдалы. Жəңгірдей дұшпан тірі тұрғанда ол маған да керек.
Рахымың мол, жомарттығың шексіз ғой. Тек əділ шешім қабылдағайсың,
қасиетті тақсыр...
Ақылгөй уəзір тағы да ханға еңкейді.
— Қырда тағы да бір Тентек төре 6пайда болса, сіздің, ақыл-ойыңыздың
арқасында оны Жəңгір ханға қарсы айдап болар еді. Бөрілер бірін-бірі
талай берсін—қойдың көбі арыстанның үлесіне қалады,— деп сыбырлады
ол ханға.
Аллақұл хан уəзірді үнсіз тыңдады. Хиуаның əскербасылары қазақ
шаирының əлгіндегі қылығына ызаланып, өзара күңкілдесіп отыр. Аллақұл
қолын көтеріп, Нұрбалды əкетіңдер деп əмір қылды.
Ақынға апарып беріңдер. Махамбет ақынды босатыңдар — біздің
жарлық осы...— деді хан даусын көтеріп, сосын Қайбалаға бұрылды.—
Сөзің рас, сұлтаным,—деп барып, қайта түзелгендей раймен,—Кіші
орданың ханы Қайыпғали мырза—деп тоқтады.
- Уа, айтқаның келсін, ұлы мəртебелі падишаһ!
— Алла бұйыртса... Аумин!—деді көгілдір шалма байлаған шал,
жұмбақтай күлімсіреп, қолындағы тəспиғын тартып отырып. Бұл Хиуа
мұсылмандарының басшысы.
Шығып бара жатып Нұрбал қарапайым ғана киінген еркекпен бетпе-бет
келіп қалды да, қабырғаға қарай ығысып, қол берді. Бұл келген Хиуаның
бас мұрабы болып істейтін Мунис ақын екенін ол білген жоқ...
***
... Сарай қақпасы алдында Махамбетті екі досы — түрікпен жігіті мен
бозбала қазақ күтіп тұрған.
— Сонша кешіккенің не?—десті олар қосарланып.
— Үміт ақталмады. Атты əкел, Жантас!
Бозбала бота тірсек, ақжал сəйгүлікті көлденең тарта берді.
— Аллақұл мені мына бір тартуын бермекке шақыртыпты,— деді
Махамбет, көңілді үнмен Нұрбал жаққа иек қағып.
— Қару орнына қатын сыйлағаны жаман ырым екен,— деп қабақ түйді
түрікпен жігіті.— Кім өзі?
— Ауған қызы.
— Кеше Аллақұл сені жырыңды тыңдамаққа шақыртып еді. Бүгін сый сипат жасап қылмия қапты. Ертең кісен салып, шынжырлап жүрмесе
неғылсын. Зеліліні7 де сөйткен. Байқа, Махамбет, қапы қалып жүрме.
Ауғанның сұлуына сенуге бола ма? Қызылбастар кейде сатып кете береді.
— Өлең-жырды кеше мен ханға айтқан жоқпын, Мунис ақынға айттым.
Ал ауған қызына келсек, бұ байғұстың не кінəсі бар? Хан мұны саудагерден
сыйлыққа апты.
— Алды да саған берді ғой. Жаман емес. Зеліліге де айна қатесі жоқ
осылай істеген,— деп қоймады Балабек.
— Зелілі қайда екен, білдің бе? — деді ақын.
— Түнде үш қабат күзет қояды екен, ал күндіз қақпа алдында ғана
қарауыл бар. Бір уыс теңге беріп ертең түсте кіретін болдым. Кəзір Зеліліге
шербет, күлше нан, қауын апарып берем.
— Күлше ішінде хат, қауынға тыққан егеу бар,— деп қосып қойды
Жантас.
— Жалғыз өзіңді кіргізе ме? — деп сұрады ақын.
— Иə, жалғыз өзімді. Ақшаны күзетшілердің бастығы алады...
— Сүйінқарадан не хабар бар, Жантас?
— Əлі ешкім қатынамады ғой.
— Жақындап қапты деген сыбыс бар. Тегі, көп ұзамай кездесетін
шығармыз. Хиуаны қалтыратқан адайлардың «құдайын» өз көзімізбен
көрерміз сонда...
— Соңыра айтарсың, Балабек,— деп Жантас оның сөзін бөліп жіберді.
— Ханның қақпасына дейін құлағы бар еститін. Анау күзетшілердің бізге
көз тігуін кердің бе. Сенің түрікпендерің ғой. Соңымызға жансызын сап
қойып жүрмесін.
Махамбет атына қарғып мінді.
—- Қарындас, қолыңды əкел!
Сəйгүлік қызды шыр айналып шиыршық атты. Ақын Нұрбалды жерден
іліп ап, алдына отырғызды.
***
... Су толы местерге тағылған кішкентай қоңыраулардың шылдыры, су
тасушылардың
шаң-шұңы,
ерсілі-қарсылы
өтіп
жатқан
арба
доңғалақтарының шиқылы, қайыршылардың жалынышты үні мен Хиуаның
тар көшелерінде топ-тобымен шапқылап, оңай олжа, жалғыз-жарым жемтік
іздеп тіміскілеп жүрген қала күзетіндегі жасауылдардың дөрекі айғайы
барқыраған түйе даусына ұласып, көше бойын адам айтқысыз даңғаза шуға
көміп жіберіпті. Қарсы келген бұхарлықтар керуені көтерген қою шаңнан
түк көрінбей кетті. Махамбет атының басын тартты.
Соңғы түйені өткізіп жіберіп жігіттер базар көшесіне түсті. Көше
бойының қабырға қуысындағы орындарынан жарыса сарнап ұсақ
саудагерлер отыр. Базарға жақындаған сайын қалың нөпір көбейе берді.
Мүсəпір мүгедектер мен дəруіштер, асқа қосатын қалампыр, бұрыш
тəрізді шөп-шалам сатушылар мен есек қуғыш лаушылар, қасапшылар мен
наубайшылар; көше бойында палауын пісіріп, сорпасын қайнатып жатқан
аспаздар, өзбек, қазақ» қарақалпақ, түрікпен ауылдарынан шыққан үнсіз
кезбелер, алдындағы қалың тобырды қызметші -жасауылдарының күшімен
қақ жарып өтетін байлар; жаһангез - жауынгерлер, əйтпесе лайықты басшы
немесе қожа іздеп жүрген кəдуілгі жол торығыш қарақшылар; қуыс қуысты қоймай жылмаң қаққан жеңгетай - делдалдар; алыпсатарлар,
тəуіптер, ақысын берсең неден де болса тартынбайтын адамдар — киелі
құдығы, қырық медресесі, қырық мешіті, сансыз мұнарасы, сансыз мазары
бар қасиетті Жейқұн қаласы атанған Хиуаның бас көшесінде кім кезікпейді
дейсіз.
Иран мен Үндістаннан, ауғандар мен адайлардан, Тибет пен Монғол
жерінен, Еділ бойының ноғайларынан, Самарқанд пен Қоқанның
саудагерлерінен, қазақтың Кіші жəне Үлкен ордаларынан келген көп керуен
қаланың үлкен көшесіне түскенде арналы өзендей боп ағады. Бірінен-бірі
қалысқысы келмеген ісмер ұсталар мен көзешілер осы көше бойында
тұрып-ақ темір илеп, қыш күйдіріп, нелер əдемі бұйымдарды жасап
жатады. Азан шақырғандай айқайлай да жамырай сөйлеген жаршы балалар
аттылының да, жаяудың да аяғына оралғы боп жүргізбейді. Əйелдер ғана
үнсіздік сақтап, үрпиісіп жүр. Пəренжілерін бүркей түсіп, қайыршыға да,
бекзадаға да, жендетке де, дəруішке де ығысып жол береді. Міне, Хиуаның
ең басты көшесі осы, қаладағы жиырма мəхəлланың ең байы да осы.
Нұрбал басына жапқан жұп-жұқа жаулықтың арасынан айналасына
қызыға қарап келеді: мынау көшелер қаншалық, лас, қаншалық шаңға
көмілген болса, ұшар бастарын тəкаппарлана көкке көтерген мешіт
мұнаралары мен күмбездер соншалық таза, соншалық сымбатты. Түйе
өркешінде өткерген ұзақ сапардан кейін, асу-асу белдер мен құлазыған
шөлдерден кейін, жол бойы соққан сəнді рабаттардан, шағын қыстақтар
мен үлкен ауылдардан соң мынау қала да оған Ғират тəрізді шетсіз де
шексіз, түсініксіз боп көрінеді. Ол Ғиратты да керуен үстінен көрген-ді.
Қыз пəренжі жамылған əйелдерге шұқшия үңіледі,— жас па екен, кəрі
ме екен? Өзінің жаңа қожасына да қорқа қарап, оның қолы денесіне тиген
сайын дір ете түседі. Еркектің алдына міңгескен де ықғайсыз ғой. Бəрінен
де жаңа иесінің үн қатпауынан үрейленеді.
Хиуаға жеткенше жол бойы керуен күзетшілері мен түйе
айдаушылардың əңгімесіне алданып, ұзақ сапарды ұйқымен өткізгендей
еді. Керуен басының дөрекі қалжыңы мен айқай - ұйқайына оншама көңіл
бөлмей, қалғып отыра беретін. Бұл керуеннің өзі бір есептен туған елдің
соңғы сілеміндей десе де болатын. Енді, міне, саудагер оны Хиуаның
ханына сыйлады, ал хан мынау құпия жанға қосты да жіберді. Туған елмен
жалғастырып тұрған соңғы жіп үзілді. Жат қолына түсті деген осы ғой.
Жаңа иесі жылы шырай көрсете қоймады, аузын да ашар емес.
Соңдарынан ілесіп келе жатқан жолдастары да үндемейді. Бұлардың кім
екенін қыз білмейді, олар да бұдан кімсің деп жөн сұраған жоқ. Иесінің жау
қуған батыр, жыр шерткен ақын екенін Нұрбал алдияр тағының жанында
тұрғанда естіді. Сонда не артық — хан гаремінде болған ба, əлде ақын
үйіндегі тірлік пе?..
Тегі, қиналып не керек? Бəрі бір емес пе? Заты болса ұрғашы. Ақын
құшағында отырғаны мынау. Тізгінді босырақ ұста дегендей ауыздығымен
алысып келе жатқан ақ жал құла -жиренге қалың топ қақ жарылып жол
береді. Жануар біресе арындап ала жөнелмек боп, біресе шиыршық атып
ойқастап келеді...
Алдарындағы жаяу тұтқындарға ат үстінен қамшы үйірген хан
жендеттері қарсы жолықты. Тұтқындар жалаңаяқ, киімдері жалба-жұлба,
езулеріне қан қатқан, өздерін көк ала қойдай етіп сабаған, бас-көздері
көнектей боп ісіп кеткен, қолдарын қайырып байлап тастапты.
Ақын тізгінін тартты.
— Қарақалпақтар ғой, қоңырат руынан шыққан Айдостың8 сарбаздары,
— деді Балабек Махамбетке жақындап.
Жантас күрсіне сөйледі:
— Қатал болғанымен қара қылды қақ жарған əділ би деседі ғой.
Жейқұнның бас жағындағы құм ішін паналайтын көрінеді. Өз еліне сыя
алмай, туған шаңырағын тастай қашқан жанның бірі осы. Қарақалпақ
рулары да өзара қырық пышақ, бастары бірікпейді...
— Ей, тарт қолыңды!— деп зығырданы қайнап айқай салды Балабек,
жендеттердің бірі қамшы көтергенін керіп қалып.— Қолы байлаулы адамға
əлің жетеді екен ғой, ə? Жекпе - жекке қалайсың? Кəне, шықшы былай
өзің!
Ақау да бұған алара қарап, найзасына жармасты. Қалшылдаған ызадан
басындағы малақайы ұшып кете жаздады. Балабек семсерін суырып алып,
жеміне атылған барыстай ұмтылып еді, Жантас шап беріп атының
шаужайынан ала түсті.
— Сөзіңде мін жоқ. Бірақ өнеріңді мұнда емес, ұрыс үстінде
көрсеткейсің — деді Махамбет тұтқындар өтіп кеткен соң.
Əлде Балабекке айтқаның əлде өзіне арнағанын анық аңғартпайды.
Жүз түйінді семсеріңмен бір-ақ ұрып шешпек екенсің ғой. Ондай іс
алланың да қолынан келмес, Балабек,— деді Жамтас.
Жүз деген он емес.
Балабек мырс етті. Жантастың нені меңзеп тұрғаны есіне түсті. Ол
күнгі оқиға жадынан кетер ме.
...Аллақұлдың зекетшілері бұлардың дария жағасында тігулі тұрған
жалғыз үйіне шабуыл жасап, тонап кеткенде өзі жолда жүрген болатын.
Əкесін өлтіріпті. Үйіне жеткен Балабек жау соңынан ұмтылды. Ұзатпай
қуып жетіп, қылыш - қалқансыз, қолындағы жалғыз сойылмен айқаса кетті.
Жолдастарымен Махамбет кездеспегенде Балабектің сүйегі далада көмусіз
қалары сөзсіз еді. Олар Хиуаға кетіп бара жатып, мынау қаскүнемдікке
кездейсоқ куə болды. Шыдап тұра алмай, Балабекке болысты.
Хан шапқыншыларын кескілеп өлтірді де, Махамбет нөкерлерімен
үлкен жолдан шығып, құм ішіне сіңіп кетті. Оларға Балабек те ілесті...
Олар Хиуаға басқа жақтан орағытып, іздерін əбден шатыстырып барып
келді. Содан бері бірінен-бірі ажыраған емес...
— Өлексе аңдыған көп күшіген бөрі алатын бір бүркітке қарсы тұра
алмайды,— деді Балабек кеш те болса өзінің анадағы көзсіз тəуекелін
ақтағандай раймен.
— Қоңыраттан шыққан Айдос дедің. Жантас - ау, сенің де тегің қоңырат
емес пе?— деп Махамбет олардың сөзін бөлді.
— Мен қазақ қоңыратынанмын...
— Естіп тұрмысың, Балабек? Тегі біреу — қоңырат, сөйте тұра қазақ,
өзбек, қарақалпақ, түрікпен боп қырық, бөлінеді. Хиуаның ханы Аллақұл
да қоңырат. Жендеті де, құлы да бір рудың ішінде. Ал сен болсақ
қарақалпақтардың басы бірікпейді деп ренжисің, Жантас. Со бірлігің біздің
қазақта бар ма осы?!..—деді Махамбет кейісті үнмен, тізгінді ұстауға
кедергі жасаған Нұрбалдың қолын былай сырып тастап.
— Былай қара, Махамбет, бұл Шерғазының медресесі. біздің Фраги
жырлаған түрікпен əулетінің киелі орны. Əкем айтатын — Фрагидің өзі де
осында оқыған деп. Мен оның өлеңдерін білем.
— Кəне, айтып жіберші, Балабек,— деп Махамбет елең етті.
... Иомуд пен гоклен шеру тартқан анау топ,
Алға ұмтылса арқырап, жол - соқпағы қалай көп!
Тауды бұзып, тас жарып, таймай соқса екпіндеп,
Қарқыны оның басылмас, ешқашан да танаурап!..
Махамбеттің өлең жолдарын ішінен қайталап тұрғанын Нұрбалдың
құлағы шалды. Балабек жырды аяқтап, үнсіз ғана ойланып қалды да,
артынша əр сөзін салмақтай сөйлеп:
— Сонда бізде де бірлік болыпты - ау, ə, иомудтар мен гоклендер тізе
қосып қимылдаған ғой. Ол қай кезде болды екен? Қазір сөйтсе, шіркін.
Аллақұлдың тағын тітіретіп, Зеліліні бұғаудан босатар едік - ау. Айтыпайтпай не керек, түрікпеннің қақ жартысы Аллақұлдың құлдығында
жүргенде ынтымақ болсын ба. Анада əкемді өлтіріп кеткендер өзім сияқты
түрікпендер емес пе...
— Ақырын - ей, мұндағы əрбір есек тыңшы. Көрдің бе, əне, базардың
дарбазасы алдында қаншама жыбысқынын, жүргенін!— деді əркез сақ
жүретін қырағы Жантас оның сөзін бөліп. Сосын қақпаның тап қасындағы
темір сырықтарға шаншып қойған адам бастарын көріп кілт тоқтады.
Күтпеген жерден Балабек атын тебініп қап, оқшаулана алға шықты, бар
дауысымен айқай салды:
— Уа, жол беріңдер сұлтан мырзаға!
Қақпа алдында қарауылда тұрған жасауылдар жарыла жол беріп,
Махамбетке тағзым етіп қала берді.
Базарға кірісімен Нұрбал өзн Хиуадан алып келген ауған саудагерінің
көкала шатырын бірден көре қойды. Жиһаздарын жайып тастапты: дүрия
жібек, күнге шағылысып жарқ-жұрқ еткен алтын-күміс бұйымдар, оқалы
шекпен, көздің жауын алатын кəшмір маталары. Кілем төсеген тақтада
керуенбасы отыр, оның алдында керуенмен бірге келген он төрт қыз
түрегеп тұр, бəрі де беттерін бүркеп апты. Бай-манаптар мен əскер басылар
ауған қыздарының бет перделерін кезекпе - кезек көтере қарап, сұлуларға
бастан-аяқ көз жібереді. Екі кісі бір қызға таласып тұр. Бишараны біресе
анау, біресе мынау, кезек-кезек қолынан тартады. Мұртынан күліп саудагер
отыр — сауда қызған сайын баға да өсе түсері хақ. Нұрбал ішінен,
мыналарға қарағанда бағым бар екен-ау, деп шүкіршілік етті. Тіпті керек
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Сенім - 02
  • Büleklär
  • Сенім - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3890
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3975
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2312
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3781
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2464
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1583
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.