Latin Common Turkic

Сенім - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 3781
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
...Тұтқыннан босатылған жігіттер, шалдар, қатындар мен балалар —
Исатай
мен
Махамбет
сарбаздарының
туған-туысқандары
жазалаушылардан қалған аттарды ұстап, ерттеп мініп алды. Қолға түскен
қару-жарақ арбаларға тиелді.
Махамбеттің жігіттері шағын топтарға бөлініп, түнгі керуенді алды артынан, екі жағынан қоршалап алды да, тұтқыннан босатылған шалдар
мен қатын-қалашты таң ата Сазсу өзенінің арғы жағасына өткізді. Одан
əріде қалың тоғай, құба жон, құм дала.
Жақып,
Жанпейіс,
Нұралы
үшеуі
Махамбетпен,
жауынгер
жолдастарымен қош айтысып, көшті Нарынқұмға қарай бастап жүрді.
— Біз ауылдарды от пен суы мол адам білмес қиянға əкетеміз. Жеңіспен
оралыңдар, қарақтарым. Жеңетіндеріңе сенем,— деді қоштасарда Жақып
кəрия, Құрманғазының сандырақтап жатқан шешесінің қасында күйбеңдеп
жүріп. Алқаны тұтқыннан босатқанда бишараның құр сүлдері ғана қалған
екен.
— Ақыл айтар жайымыз жоқ, Махамбет, бірақ Сүйінқараның сөзін
ұмытпа,— деді Нұралы,— Адай жігіттері қасында. Ал мен болсам —
мынау, төрінен көрі жақын жанмын...— Шалдың иығы селкілдеп кеткенін
байқаған Махамбет теріс айналды.
Жанпейіс өз атын Ақшолпанға берді де, өзі құдіретті жел маяға мініп,
құм ішіне қарай тартып отырды.
Осыдан бір жыл бұрын Дулат байдың төлеңгіттерімен соғысқан күзгі
қырғыннан кейін туып-өскен Жиделіден кетігі бара жатқанда айтқан ескі
əуенді тағы да жайлап сала бастады. Бұл əн қазақ жерінде бұдан жүз жыл
бұрын туған ғой. Сонда жоңғарлармен болған қантөгіс қырғындардан кейін
жəне əлемет жұттан соң жалпақ дала күңіренген зиаратқа айналған еді...
Керуен неғұрлым алыстап, ұзай түскен сайын əн де созылып, жүректі
сыздата түседі:
...Ай-рыл-ған ту-ған жерден
Қиын е-кен-а-о-о-о...
Мөлтілдеп қа-ра көз-ге
Жас ке-ле-ді-а-о-о-о...
Елім-а-ай, елім-а-а-ай!..
Керуен құмға жетпей тоқтады. Құрманғазының шешесі дүние салған
еді. Жан тапсырар алдында ол есін жиды, қасына келгем Жақып шалды
танып, ат үстіндегі Ақшолпанды көрді, сосын ақырын ғана:
— Құрмашым қайда, Байғазы қайда? — деп сұрады.
— Сабыр ет. Қазір Жиделідегі ауылға барамыз,— деді Жақып тамағына
тығылған қайғы тіреліп, өзгерген дауыспен.— Байғазы Құрмаштың
қасында. Олар жеңіп шықты. Артта келе жатыр...
Ана болар-болмас жымиып қойды, сосын көз қарасын Ақшолпанға
аударды. Қыз көз жасына ие бола алмай, бетін жапты да, ат үстінде еңкейе
берді. Ана басын көтеріп, көштің соңына қарады да, қу даладан басқа тук
көре алмады.
— Қайда олар?! —Аузынан шыққан соңғы сөз осы болады. Сырқаттан,
оған қоса қарысқан желден, төлеңгіттердің қамшысынан тартқан азап
қорлығы мен балаларының Қамын ойлап қамыққан қайғы-мұңы əлін ада
қылып тауысқан екен. Өткен түн таң атқанша сандырақтап шықты. «Адай!»
— деген ұранды да естіген жоқ, Махамбетінің жүздігі бұларды босатқанын
да білген жоқ. Кенжесі Байғазыны қазақтардың кескілеп өлтіргенін де,
үлкен ұлы Құрманғазы Баймағамбет сұлтанның қолына түскенін де білмей
кетті...
Себелеп жаңбыр жауып өтті. Аяқ асты батпақ тайғанақ болды.
Исатайдың қолға түскен сарбаздары кісендері шылдырап, аяқтарын əрең
көтеріп, жандармдардың бақылауында Сібірге айдалып барады.
Құрманғазы мен Степан бірін-бірі сүйеп, топ басында қатар келеді.
Сусағаннан өңештері көн боп кеуіп қалған, бастары зырқ-зырқ етеді,
денелері өрттей жанып, алаулап тұр.
Бұларды Баймағамбет сұлтанның ордасында - ақ мықтап тұрып
дүрелеген болатын. Жүз, екі жүз, бес жүз дүреден соқты. Естерінен
айырыла құтырынған жендеттер саннан жаңылып қалады да, су шашып
жандандырып алып, қайтадан соя бастайды. Ақыры қимылсыз қалған
жансыз денені тұтқындардың өздері қазған орға итере салады. Осыншама
адам айтқысыз ауыр жазадан өлмей аман қалғандар кəзір каторгаға кетіп
барады.
Орынборға, одан Сібірге жету үшін тұтқындар əуелі Жасқұстағы хан
ордасына барып, Жəңгір ханның алдында тағы да бір рет жазалаушы
саптан етуге тиіс еді.
Қолға түскен сарбаздардың ішінен жалғыз Шернияз ғана аға сұлтан
Баймағамбеттің ауылында қалдырылды.
...Тұтқындарды ауылға айдап əкелгенде сұлтан Шерниязды басқалардан
бөліп алып, өз үйінің жанындағы лапастың астына байлап қоюға əмір
берді.
— Өзін Махамбеттің мұңы бір мұңдас, жаны бір жандас, рухани
інісімін деп есептейтін даланың жаңа жыршысы түні бойы қалай
қыңсылап, қалай жалынар екен — соны көргім келеді. Таңертең ол маған
ұйқы ашар өлең шығарып беретін болсын,— деді сұлтан.— Өз басым
ақынның азап шеккен ыңқылын естісем, жақсы ұйықтаймын.
Түнде сұлтанның ауылына қасындағы қазақтарымен шапқылап
полковник Меркулов келді. Сұлтан үйінде асығыс кеңес шақырылды.
Жанына он шақты төлеңгіт ерткен шабарман жазалаушы əскерлердің осы
маңдағы бас штабына қарай қайта шапты. Ұйқыдағы солдаттар мен
төлеңгіттер аяқтарынан тік тұрғызылды. Қарауылды күшейтіп, ауыл
сыртындағы шолғыншыларды көбейтті, тұтқындарға қойылған күзетті екі
еседей ұлғайтты.
Таңертең Құрманғазы ауыл жанынан шеру тартып бара жатқан Жəңгір
ханның атты əскерлерін, қазақ-орыс полктары мен линиялық бекіністердің
солдаттарын көрді. Дөңкиген ірі аттар зеңбірек сүйреп барады. Осы бір
сəтте Құрманғазының мынау шынжыр - кісеннен босанып, құстай ұшып
Исатайға барып, төніп қалған қатерден достарын сақтандырғысы келіп
кетті. Солармен бірге айқаста болсам деп армандады. Бостандық үшін мерт
болған дала перзенттері аз емес қой. Солардан артық па?!
Күзетшісі жолдастарынан бөліп, Асанның үйіне қарай алып жүргенде
қашуға деген үміті көбейгендей болды. Үстіне жамылған ескі тонды былай
серпіп тастап, орнынан тұрды да, кісенін шылдыратып есікке беттеді.
Кісенді алар деп ойлаған еді.
— Осы жерде тоқтай тұр,— деді Асан.— Əй, жүзбасы, шығар мынау
қарақшыларды қорадан, жиналсын ана жерге. Кəзір атақты күйшіні
тыңдаймыз. Ол бізге бүлікшілердің жеңілген күйін тартып береді.
Тұтқындарды алаңқайға жинады. Үстері жұлым-жұлым, сақалшаштары өсіп кеткен, түнерген, үнсіз сарбаздар Құрманғазының қасына
топтана тұрды. Жау тартып алған кіреу - кесауыттары, дулығалары мен
қару-жарақтары анадай жерде, арбаның астында үюлі жатыр.
— Бір-бір аяқ қымыз беріңдер. Білсін дала жамағаты Баймағамбет
сұлтанның жауға деген жомарттығын, көрсін өз көзімен сұлтекемнің күзгі
торсығын басқамен де бөліп-жарып ішетінін! — деді Асан.
Күзетші Шерниязды да тұтқындарға таяу алып келді, бірақ оқшау тұр
деп бұйырды. Жас ақын суықтан қалш-қалш етеді. Өзі онысын сездіргісі
келмейді. Степан топтан бөлініп шықты да, ақынның иығына қысқа
шапанын жапты. Құрманғазы Степанға көз қарасымен ризалық білдірді.
Асан шатырының жанына жалшылар былғарымен қаптаған кресло əкеп
қойды. Қасында сақтаушы нөкерлері бар Баймағамбет келді. Иығындағы
полковник эполетінің үстінен сусар ішік жамылыпты. Креслоға солқ етіп
отырды да, тұтқындарды, қақайып тұрған төлеңгіттерді бір шолып өтті,
көзін аспанға кетерді.
— Күн жақсы болады екен. Исатайдың соңғы сұмырайлары жер
құшуын алланың өзі күтіп тұр. Сонда жер бетін олардың арам қанынан
тазартып, ақ кебіндей ақ қармен орайды. Патша ағзам мен алдияр ханның,
даңқы артсын!
— Артсын! -—деп қайталады нөкерлері.
Сұлтан кішкентай шоқша сақалын сипап қойып, Асанға қарап сөйледі.
— Сен осы қазақ жүздерінің ең мықты домбырашысы күй тартады
дедің, ə? Жə, онда патша мен ханды мадақтап күй шығарсын. Сөйтіп ол өз
жазасын да жеңілдетсін.
— Домбыра əкел! — деп айғайлады Асан малайларына.
— Əй, Баймағамбет! Томағасы алынбаған құстың қырандай
қалықтамайтынын, шідері шешілмеген аттық тұлпардай шаппайтынын сен
білмеуші ме едің?! Мына аяқ -қолымдағы шынжыр - кісенді алдыр, содан
кейін мен саған өмірі естімеген күй тартып берейін,— деді Құрманғазы
қарлыққан үнмен.— Əлде сен торға түскен бұлбұлдан да қорқасың ба?—
Құрманғазы Шерниязға қарады.— Жас ақынның да кісенін алдыр.
Сағырбайдың баласы сұлтанның алдында екі аяғын алшайта тіреп,
қақпақтай жауырынын кере, түнеріп тұр.
Көзін сығырайта қысып, сақалын сипалаған сұлтан Құрманғазыға
тесіле қарап қалды.
— Жə, сенің дегенін, болсын. Алыңдар кісендерін!
Бұғалықтан босанған Шернияз шаршаулы кейіппен шөп үстіне отыра
кетті. Жалаңаяқ. Етігін төлеңгіттер шешіп алған. Анда-санда сұлтанға
қарап қойып, Шернияз аяғын шүберекпен орай бастады. Құрманғазы көріп
тұр: ақынның жүзінде қорқыныш көлеңкесі жоқ, тек суықтан дірдектеп
отыр. Рухы қайтпаған, тауы шағылмаған.
Малай домбыра əкелді. Құрманғазы домбыраның шимай - əшекейіне
көз жіберіп алды да, құлағын бұрап, тыңқылдата тартып, құлақ тосты.
Содан соң:
— Домбыраң тамаққа тоймаған күшіктей шəуілдеп қалған бірдеме екен,
Баймағамбет. Алдырт өзімнің домбырамды, сенің төлеңгіттерің тартып ап
қойған,— деп сұлтанның домбырасын лақтырып жіберіп еді, қызметші
жігіт əрең қағып алды.
Баймағамбеттің беті бүлк еткен жоқ.
Тұтқын жігіттер оның бұл
Құрманғазыға алара қарап тұр.
қылығына
мүлдем
түсіне
алмай
— Сарбаз достарым - ау, неге тұнжырайсыңдар? Кетер бастарыңды,
қараңдар алға! Əлде мен сұлтанға басқаша сөйлеп тұрмын ба? —
Құрманғазы қолына өз домбырасын алды.
Айтса дағы айныман
Көлденеңнің сөзіне.
Əшкере болған ісім бар,
Жайылған жұрттың бəріне.
Кеткенім жоқ олжа үшін:
Кетіп едім елімнен,
Атаңа нəлет Жəңгірдің
Қан жылатқан заңы үшін,
Баданамды баса бөктеріп,
Қасыма жаттан жолдас ертіп,
Күн, түн қатып жүргенім —
Ана Нарында жатқан
Жас баланың қамы үшін!..
— Көтер бастарыңды достарым, жырым да, күйім де сендерге
арналады!
Құрманғазы қатуланып алды: қою қастары қосылып кетті, көз қарасы
бұрынғысынан да тікірейіп, тесіле қадалды.
Қос ішекті салып қалды. Бір қақты... Екі қақты...
Домбыра күмбірлей жөнелді. Арындап, адуындап басталды жаңа күй.
Құрманғазы басын аспанға көтеріп алған, ал он саусағы домбырада
өздігінен ойнап жүргендей...
Сонау шырқау аспанда жалғыз құмай қалықтап жүр. Жерден қарағанда
ол туып-өскен Жиделі үстінде шарықтаған əлгі кəрі қыранға ұқсайды. Кəрі
бүркіт Құрманғазы мен Ақшолпанның рауаш арасындағы соңғы кездесуін
көрген. Сонда олар ақсақ құлан мен қатыгез қаһан жайлы аңызды еске
алған болатын. Қаһанды жеңген ғажап күшті ол өз күйімен жырлаған
болатын.
Ақшолпанмен кездесуді, махаббат жырын хан жендеттері үзіп,
Құрманғазы қолына домбыра орнына семсер ұстады.
Жоқ, Құрманғазы ажалдан қорықпайды, құлдықтан қорқады. Дала
бостандықты сүйеді, күшті жанды сүйеді, далада айқас дүбірі бір тынып
керген емес, дала перзентін ешкім ешқашан да күшпен тізе бүктіріп
көрсең...
Сонау ерте заманда Марақанды соғыссыз алған Ескендір Зұлқарнайын
көршілес жатқан дала патшалығын да басып алмақ болғанда қазақтардың
арғы атасы — азиялық скифтер Ескендірдің қолбасыларына былай деген
екен:
— Егер сендерде тек бір-ақ адам, патшаларың Зұлқарнайын ғана
жеңілуді білмесе, біздің барлық əскеріміз, əрбір жауынгеріміз жеңілуді
білмейді!
Қазақтардың арғы аталары Кирдің де, Дараның да, Нəдір шаһының да
бетін қайтарып, тоқ мойын жоңғарларды түріп шықты. Бірақ ру тартысы
басталып, бауырластар бірін - бірі бауыздауға кірісті. Ен дала үшке бөлінді:
Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз. Жүз деген — бет қой. Бүлінген ел, бет - жүзі
үшке бөлінген ел не оңсын! Хандар таққа, сұлтандар баққа таласты. Мал да
бөлінді, құл да бөлінді. Ел күштен айрылды. Бөтен жұрттың нелер батыры
бұларды біресе құман, біресе тұран, біресе половцы, біресе қайсақ деп
жасқана атап, қорқа қарайтын заман келмеске кетті. Рулар ме.ч тайпаларды
қулық-сұмдықпен араздастырып, өзара шағыстырып, біріне - бірін айдап
салғанда ғана қазақтарды жеңуге болатынын жаулар жақсы түсінді. Ал
жалпақ далада бытыраған рулардың басын құрап, қайта біріктіретін а дам
табылмады. Əй, сормаңдай бейбақ құлдар! Уа, өз жерін, өз елін аш
қасқырдай жұлмалаған хан-сұлтандар, қарғыс атсын сендерді!..
Жасаңдар сендер, сарбаздар! Сендер туған далада жүйтки жүріп баба
күшін, аруақ құдіретін, бостандық рухын қайта тудырдыңдар... Сендер
мінген тұлпарлардың тұяғы қара жерді дүрліктіріп барады, бұл адуынды,
сендердің бұл адуын арындарыңды бегей алар күш жоқ...
Құрманғазы жаққа күйіне бойындағы бар жігерін, бар шабытын құйған.
Дүрілдеген кекке толы қызу серпін сұлтан жүрегінің деп бірін алып,
сарбаздардың делебесін қоздырып барады. Оларға осы таяу маңда достары
жөнкіле қаптап келе жатқан сияқты көрінеді. Тасырлаған тұяқ дүбірінен
жүрек жарылып кете жаздап тұр. Жігіттердің еңсесі көтеріліп, қолаяқтарындағы кісенді ұмытқан, жүздері жайдарыланып, кездерінде
өшпенділік ұшқыны ойнайды...
Күй шарт үзілді, дүбір де тына қалды. Іле домбыра қайтадан безек қаға
жөнелді. Сарбаздар ат басын бұрып алып, кейін қарай, тура осында шауып
келе жатқандай. Тұяқ дүсірі де ұлғайып, құлақ тұндыра сатырлай бастады.
Сарбаздар ендігі сəтте,— міне, міне! — ауылға лап қойып, жексұрын
сұлтанның ақ ордасын аударып тастайды...
— Біздің жігіттердің екпіні ғой! Адайдың аруағы ғой мынау!
Құрманғазы Адай ата туралы күй шығарды! Уə, тыңдаңдар, айқасқа
бастайтын адуынды асқақ күйді! — Тұтқындар қолдарындағы кісенді де,
бастарына төнген ажалды күрзіні де ұмытқан; қан майданда жүргендей
айғайлап, қиқулап тұр. Төлеңгіттер мылтықтары мен қылыштарын сайлап,
сұлтанның төңірегіне топтасты. Тұтқындардың қиқуынан жасқанатын
сияқты, күйшінің түрі де қорқынышты еді. Шашы арыстанның жалындай
күдірейіп, екі көзіне қан толып кеткен.
— Тоқта!—деп ақырып қалды сұлтан.— Бұның не күй?
— Ақ ордаңды аунатып, атандай даусыңды ақыртатын Исатайдың
жаужүрек сарбаздары туралы күй!
— Мен емес, аш күшіктей өзін, қыңсылайсың кəзір! Соғыңдар темір
сүмбемен екі жүз дүрені! — деп бұйырды Баймағамбет.— Ары кетті
дегенде енді бір аптада сендердің Исатайларың сауға сұрап, аяғымды
құшатын болады!
Ауылға полковник Геккенің шабарман - офицері келді. Баймағамбет
оны өз үйіне ертіп кетті. Жасауылдар тұтқындарды мал қораға қамады.
Қора сыртында жүзбасылар сүмбе, ұстаған солдаттар мен төлеңгіттерді
сапқа тұрғыза бастады.
Аулада Шернияз ғана қалды.
Алпамсадай үш төлеңгіт Құрманғазының екі қолын мылтықтың дүміне
таңды да жейдесін сыпырып тастап, саптан бірінші ғып сүйреп өткізді.
Команда бойынша оңынан да, солынан да шықпыртып соға бастады.
Бір... екі... үш... Біреуі сүйрете ұрады, екіншісі қақ бөліп тастардай
құшырлана сілтеп кеп, дəл тиер сəтінде сүмбесін тежеп қалып, жұмсарта
соғады...
Құрманғазының артынан Степанды алып жүрді. Екеуі де тістеніп алған,
үн шығарар емес. Сүмбе алға қуғанмен, мылтық дүре кеудеден итереді.
Жендеттер жылағанды да, жалынғанды да сезбейді.
Жоқ, Құрманғазының жанына дүре батқан жоқ, дұшпанның Шерниязды
бұлармен қатар жүргізіп, өз достарының азабым көрсеткеніне шыдай алмай
келеді.
Бұрын бұндай сұмдықты көрмеген, ғашықтық пен батырлықты
армандаған албырт ақын мынау зұлымдыққа шыдай алатын емес,
достарының арқасынан сорғалаған қанды, шарт -шарт тиген сүмбені кере
алатын емес. Ол солдаттардың бетіне түкіріп, достарына қарай жұлқынып,
айқайлап келеді:
— Мені де! Мені де дүрелеңдер олармен бірге,— дейді еңіреп.
Бұнысына Құрманғазы да шыдай алмады:
— Өшір үніңді, бала құсамай! — деп зекіп тастады. Бұнысы бір ғана
ақын емес, саптан өтетіндердің баршасына берілген бұйрықтай болды.
Тұтқынға түскен сарбаздардың ешқайсысы да жаудан cayғa сұрап
жалынған жоқ. Жетеуі жазаға шыдай алмады...
Құрманғазы кісен - шынжырдың шылдыры мен бір айдаушының
міңгірлей салған əніне құлақ тосқан қалпы дүреден өлген жолдастарын,
Шерниязды ойлап келеді.
Бұлар ауылдан кеткеннен кейін Шернияздың тастай суық қой қораға
түнеп шыққанын Құрманғазы білмейтін еді. Жолдастарына жетпек болып,
төлеңгіттердің қолынан жұлқынып жүргенде үстіндегі киімінің дал - дұлы
шығып, түгі қалмаған екен, содан да сабан жамылуға мəжбүр болды
Шернияз.
Келесі күні ертемен оны тағы да сұлтан үйінің алдына ай¬дап əкелді.
Ол Баймағамбеттің есігінің алдында суықтан көкпеңбек болып, қатып
қалған қолдарын қойнына тығып, секең қағып дірдектеп тұр.
Қарауыл ақынды бүйірінен қамшысының сабымен түртіп қалды:
— Ей, бишара неме, сен кəзір алдияр Бəйекеңе өлеңмен сəлем беруін,
керек. Дауыстап, естіртіп айт. Сұлтанның айтқанын неғұрлым тез
орындасаң, тамақ пен киімді де соғұрлым тез аласың.
— Ассалаумағалейкүм, алдиярым, хан ұрпағы!.. — деп бастады
Шернияз.
Ежелден шынжыр балақ, шұбар төс ең...
Жалаңаш елден шыққан бір сорлымын,
Жалғыз-ақ үміттімін рақымыңнан.
Басымды алар болсаң жылдам алшы,
Ызғырық өтіп барады табанымнан...
Баймағамбет үн қатпады. «Қаттырақ айт!» — деп бұйырды қарауыл.
... Бəйеке, күнім қайда баяғыдай,
Байлардың шетке шықтым саяғындай.
Басыма пəле жауып тұр осы күн
Құдіреттің көктен түскен таяғындай.
Басымды алар болсаң, шапшаң алшы,
Барады үсіп кетіп аяғым - ай!..
— Бұ қайсың? -— деп айғай салды сұлтан үйінен шықпай.
... Аржақта дүмбірлеген Арғынқазы,
Жайлаған арғын, найман Өтенсазы.
Ен қоныс, тоқты қоздап, тай құлындап,
Бірі мың боп, ел лықсып қысы-жазы.
Сол жаздың дəулетінде сұңқылдаған
Бейбақ ем ел еркесі, қоқыр қазы.
Бəйеке, танымасаң танытайын,
Мен едім Исатайдың Шерниязы!..
деп жасқанбай жауап берді жас ақын.
— Қылышым дайын тұр. Кел, табалдырығымнан аттасаң болды,
өтінішіңді орындаймын, басыңды допша домалатып қағып түсіремін,—
деді сұлтан.
— Мен сені қаһан сияқты ғой деп едім. Сөйтсем ата дəстүрін білмейтін
топас екесің ғой. Мен құл емеспін. Жалаңаяқ, жалаңаш күйімде үйіңе
кірмеймін, ханымыңның көзіне түспеймін,— деді Шернияз.
-— Айттым ғой — кір деп! — Баймағамбетті ашу қысты.
Бұ шерің ə дегенде аттай салар,
Жүгірсе, жүйрік көзі оттай жанар.
Ордаңа осы күйде кіріп болмас,
Жақтырмас ханымың да қаны қашар.
Ордаңа осы күйде кіріп барсам,
Тепкілеп қуып шығар ханышалар...
— Мə! Жап аузыңды! — деп Баймағамбет оған иығындағы сусар ішігін
тастады.— Кел бері, өлер алдында қайтып берерсің!
— Бəйеке, ақылыңа рақмет. Түйе аунаған жерде түк қалады дейді ғой.
Сұлтанбысың өзің, əлде суырмысың? Он тышқанның терісінен тіккен
ішігіңді бермей жатып қайтып алам дейсің. Мə, ала бер! Ажалымды осы
арада-ақ тостым,— деп Шернияз жырын жалғастыра берді. Сұлтан үйінің
айналасына оның даусын естіген ел жинала бастады.
— Жетер, о дүниеге бірге əкетсең де бердім басымен, мə! Үйге кір
тезірек!
Шернияз табалдырықтап өлеңмен аттады. Сұлтанның қыздарын
мадақтап келе жатыр.
— Тоқтай тұр,— деді Баймағамбет.— Менің алты қызым бар. Бəрі
бірдей емес, жақсысы да бар, жаманы да бар. Солардың əрқайсысына арнап
өлең шығаршы.— Сұлтан есік алдына жиылған топты көріп, тыжырынып
қалды.— Мүмкін сен менің өзімді де жамандап жырға қосарсың, а?
— Қос десең қосам!
— Айт онда!
Шернияз өз жырына дарын - қабілетінің барша күшін, халық басына
түскен қайғы-қасірет пен достарының азабы үшін сұлтанда кеткен барша
өшін қосып айтты. Бұл Баймағамбеттің қатыгездігі жайлы сұмдық жыр еді.
Ызаға булыққан сұлтан, қынабынан алтын балдақты қылышын суырып
алып, жас ақынға тап берді. Сусар ішікке оранған Шернияз қаймықпай
қасқая қараған қалпы өлеңін тоқтатпай, айта берді. Оның əр сөзі ашық
есіктің арғы жағында тұрған қалың топқа анық естілуде.
— Дат, тақсыр, дат! — деп шу ете түсті топ.— Бəйеке, қасиетті дəстүрді
бұзба! Айтсын ақын ақтық сөзін!
— Жап ауыздарыңды!—Аға сұлтан ашудан қалшылдап кеткенімен, ата
дəстүрін бұзуға дəті бармады.
— Айт ақтық сөзіңді! Содан соң Исатай, Махамбетіңе қосып дозақтың
отына аттандырамын!—деп Баймағамбет Шернизядың иығынан ішікті
жұлып алып, қылышын көтерді.
Шернияз қайтар емес, күліп тұр. Жыны ұстаған дуанадай сұлтанның
бетіне қарқылдап күліп, үстіндегі жалба-жұлба жыртықтарын жұлмалайды.
Алдиярдың қаныпезер қаттылығы, екіжүзді ептілігі, сужүрек ездігі жайлы
толғап, оның сараңдығын, аянкес, аярлығын да жырға қосты.
— Жаманда деген өзің. Əлде мен өтірік айтып тұрмын ба? Өз сөзіңе
өзің қожа бола алмасаң, сенің сұлтандығыңнан не пайда, өзің тегі
қазақшылықтан да жұрдай болған екенсің ғой?!—деді Шернияз.— Сен
өзіңді өлеңге қос дедің, мен қостым. Шындықты айт дедің айттым...
— Дұрыс айтып тұр, сұлтан. Сөз тапқанға — қолқа жоқ, сезге сот
жүрмейді, дейді қазақ. Жас екен, қыршынынан қима. Бір жолға тірі қалдыр,
— деп ауыл ақсақалдары араша түсті.
— Шерниязды аяғаның айдыныңды асыра түседі, алдияр. Шектен тыс
қаталдық елге жақпайды,— деді сұлтанның кеңесшілері топ тараған соң.—
Басынан сипап, бауырыңа басты жылы-жылы сөйлесе, жылан да інінен
шығады деген ғой...
***
Баймағамбет полковник Геккенің бүлікшілерді түбегейлі талқандау
үшін жорыққа шық деген жарлығын алды. «Тастөбеге барар жолда сізге
соңынан төрт жүз адам орда əскері мен қырық қазақ ерткен Қарауылқожа
сұлтан қосылады,— делінген екен сəлем хатта.— Полковниктер Меркулов,
Истомин, Трофимов үшеуі жолда... Астраханьнан шыққан подполковник
Алиев үш жүз солдат пен артиллериясын сүйретіп бірер күннен соң
Тастөбеге жетеді, бүлікшілердің, Оралға барар жолын полковник Бизенов
бөгейді, ал менің жанымда сұлтан Шынғали Орманов бар, оның алты жүз
ордашыл баскесері менің сегіз жүз солдатымның алдында кетіп барады...»
Омырауына медальдарын таққан полковник Баймағамбет қасына Асан
бастаған көп нөкерін ертіп, ауылдан екі шақырымдай жердегі ойпаңда шеру
тартқан қолын көруге аттанды. Жас сұлтандай үлде мен бүлдеге оранған
Шернияз жол шетінде бір топ шалдың ортасында тұр. Екі төлеңгіт одан көз
алмай бақылауда. Ақынның жанарында мұңды сағыныш бар, жұқа ерні дірдір етеді.
Ол Махамбеттің өлеңін сыбырлап тұр:
Арғымаққа оқ тиді —
Қыл мықынның түбінен.
Ер жігітке оқ тиді,—
Ауыз омыртқаның, түбінен.
Жантайып жатып көп іштім
Жаздықтың шалшық көлінен,
Қайтейін енді дүние-ай!
Жағдайсыз кетіп барамын
Қасымда көмектің кемінен...
Ішкі орданың шартарабынан, Еділ мен Жайық жағасынан, Гурьевтен,
Астрахань мен Орынбордан, күллі шекара бекіністері мен бекеттерінен
шұбай шыққан жазалаушылар шеруі Исатай қолын айнала қоршауға кірісті.
Шомбал байдың жарлығы бойынша бүткіл Ноғайлы руы жазалаушыларды
жақтап, олардың султаны Шынғали Орманов Геккенің ең бірінші
ақылшысына айналды. Ал Шөке, Қарауылқожа жəне Баймағамбет
сұлтандар қару-жарақ пен оқ-дəріні мол ғып алып ап, сарбаздардың ізіне
басқалардан ертерек түсті. Өйткені бұлардың əрқайсысының да Исатайда
кеткен өз кегі бар, соның өшін тезірек алуға асықты...
Суық желден қақайып қатып қалған қара жер Шернияздың көңілін
қамықтыра түсті. Соңғы солдаттар ауылдан кетті, тоқылдаған тұяқ тасыр да
басылып, айнала құлазып қалды.
Кеудесі де қаңырап бос қалғандай. Ыза да жоқ, жыр да жоқ. Мұң-шер
ғана бар.
Тура соққан ызғырық жел көзді жасауратады. Шернияз ауылға бет алды.
Екі төлеңгіт те қалмай келеді. Анадайда аяңдаған ақсақалдар бастарын
шайқап: «Қандай ақын торға түскен!»—деп күрсініп қояды. Шернияздың
кеше Баймағамбет сұлтанға шығарған өлеңін бүгін ұзынқұлақ жай оғындай
жылдамдықпен күллі далаға таратып жатқанын олар біледі. Ақсақалдар бұл
өлеңнің Шернияздың атын шығаратынын да, сонымен қатар, мүмкін,
Шернияздың түбіне жететінін де біледі. Торға түскен бұлбұл сайрамайды,
əсіресе серігінен айрылса...
— Ой-бо-ой, сұлтанның зұлымдығы мен қаталдығына кез келген ақын
шыдай бермес! Шайқасса онымен Махамбет қана шайқаса алар,— дейді
ақсақалдар бастарын шайқап.—
Сарбаздарға көп қол, керім кеп қол қарсы аттамды - ау...
***
«... Генерал-майор Покотилов кетерде болғандай, онсыз да едіреңдеген
есер тобырдың есірігі мен ептілігін өршіте түсетін жартыкеш
шарасымақтар кермес үшін өзімді Горская қамалында күтіп отырған 200
қазақ тез атқа қонып, осында келіп жетсін деген қатаң жарлықты
линияларға тез жөнелткен жөн шығар деп түйдім. Ал Меркуловқа менің
келуімді күтпестен төрт жүз адамның отрядпен Кулагине мен Зеленыйдан
шығып, Теректіқұм қонысына жеткізіңіз де, Исатай Тайманов пен оның
жақтастарының ауылдарын басып алыңыз, деп бұйырдым...
Горскаядағы отряд келген соң басым көпшілігі өзгелерден недəуір
айырмасы бар Ноғайлы руының қазақтарынан құралған төрт жүздей
ордалықтардың көмегімен Таймановтың тобырына қарсы аттанып, өздерін
ту-талақайын шығарып қуып жіберуге жəне де басшыларын қолға түсіруге
тырысып кермекпін... Хан Жəңгір оларды қатты қорғанатын шығар деп
топшылайды,»— деп жазды полковник Гекке өзінің 1837 жылғы 5 ноябрьде
генерал Перовскийге жолдаған рапортында.
Ноябрьдің 9-ы. «...Мен қазақтарды жəне 400 ордалықты ертіп Горская
қамалынан келе жатқан отрядпен қосылуға аттандым... Бірақ Кулагино мен
Зеленыйдан шыққан отрядтар қазақтардың, қоршауына түсіп қалып, кері
қайтуға мəжбүр болыпты деген хабар алдым... Зеңбіректер дереу далаға
жіберілсін деп бұйырдым... Бұдан соң сол бұрынғы орнымда тұрған жерде
Меркуловтың отряды бізден 35 шақырым жерде екен деген хабар
жеткізілді. Мен сол заматта - ақ оны жақындатуға жарлық жасадым. Кешке
қарай екі отряд қосылды».
Ноябрьдің 12-і. «Істің сəті түскенде артиллерия жеткізілсін деп бұйрық
берілген сол он екінші күні шапқылап келген шабарман, осыдан 35
шақырым жерде орыс командасы көрінеді жəне олар зеңбірек əкеле жатыр,
деп хабарлады. Мен олардың алдынан 500 қазақ жəне 100 ногай жібердім,
содан 12-күннің түніне бүкіл отряд аман-есен бір жерде қосылды».
Ноябрьдің 13-і. «...Біз аттандық, Теректіқұмды бетке ұстап барамыз...»
Ноябрьдің 14-і. «... таңертең Теректіқұмнан шыққан отряд
Жаманқұмнан көктей өтіп, Бекетайқұмға бет алды да, елу шақырым жер
жүріп, кешкі сағат алтыда сонда келіп жетті.
Қонаға осында тоқтаймыз ғой деп ойлап ек. Марш кезінде алыстан - ақ
Жаманқұм мен Бекетай аралығындағы қаша көшкен Исатай от қойып
кеткен шөптің өрті көрінген болатын. Сол қашықтықтан біз көз салған
жасақтар да керінді. Мен алға, 6 шақырымдай жерге есаул Еганов бастаған
екі жүздік команданы жəне отрядтың жанындағы бір топ ноғайды жібердім,
бірақ олар дұшпанға жете алмады... Исатай Бекетай құмнан 25 шақырым
жердегі Тастөбеге тоқтамақ болды. Соны естігеннен кейін мен Бекетайға
қону жөніндегі ниетімді өзгерттім де, аттар жақсылап тынығып, адамдар
тамаққа тойып алған соң түнгі сағат екіге ауғанда жорыққа аттандым...»
Ноябрьдің 15-і. «...Тан, ата біз Тастөбеге таяндық..- Отряд Исатайдың
шайқасы, шамамен бес жүздей қарақшы тұрған деңге жақындап келді.
Олардың түрлеріне қарағанда қашатын сықай көрсетпеді, қайта, керісінше
самдағай саңлақтары мына батырлары топ алдына шығып, ат ойнатып, қыр
көрсете бастады... Мен отрядқа сапқа тұру жөнінде жарлық қылдым да,
əуелі зеңбіректерді қорғайтын əскерлерді сайлап алып, алғашқы залптан
кейін атакаға лап қойдық...»
Исатай Тастөбенің қарсысындағы сонау жотада зеңбірек орнатып
жатқан Геккенің солдаттары жаққа көз тігіп тұр. Аттардың зеңбіректерді
жотаның үстіне қалай сүйреп шыққанын, солдаттардың оларды қалай
асығыс орната бастағаным Исатай анық көрді. Содан соң солдаттар
күректерін алып, зеңбіректердің алдына топырақ үюге кірісті. Ұзамай
сорайған мойны, қалқаны мен қылтиған дөңгелектері ғана қалды.
— Қалай ойлайсың, нешеу өздері?— деп сұрады сардар қасында тұрған
Қалдыбайдан.
— Кеп,— деді Қалдыбай.
— Бəрі бір емес пе, батыр аға - ау? — деді Жантаспен бірге ат ойнатып
алда тұрған Ноян көңілді үнмен,— Хандар, олар бізді жан-жақтан қаумалап
келді. Оңай болмас бізге. Бірақ «жығылсаң нардан жығыл» деген ғой. Ақыр
соғысқан соң дұшпанның сойымен соғысқан жөн. Жандарал Перовский
мен Жəңгірдің күллі əскері түгел жиналған - ау, шамасы, төлеңгіттерін
ерткен султандардың да төбесі түгел көрінеді. Несі бар, көрейік шекісіп!..
— Шекісерміз!.. Əрқайсымызға оннан келеді,— деп мырс етті
Қалдыбай.
— Иə, бар жасағы түгел екен,— деді Сарман. Ол сарбаздарға
көтерілісшілердің басшылары Бекетайқұмдағы кəрі қабыланшы Садықтың
ағаш үйіне соғыс кеңесіне жиналған кез¬де келіп жеткен болатын. Сарман
өзімен бірге он жігіт ертіп келді.
— Сіздің сəлемдемеңізді Владимир Ивановичтің өз қолына бердім. Мен
оған біз орыстармен соғыспаймыз, генералдарға емес, Жəңгір ханға қарсы
соғысқа шықтық дегенімде, ол маған:
«Ал сонда генерал мен хан біріне-бірі дұшпан ба екен, мырза?
Жəңгірдің, иығында да Перовскийдікі сияқты генерал эполет! бар...»—
деді.
Шустиковты жолықтыра алмадым. Орынборда қырдан келгендердің
бəрін де бас сап ұстап жатыр. Жандаралдың кеңсесіндегі тілмашқа кіріп
едім, иттің баласы, сол айтып қойып, əрең қашып құтылдым. Оның үстіне
тезірек кету керек болды...
Айтпақшы, мен Орынборға барып жеткен күні,— деп қосып қойды
Сарман,— сонан зеңбірек сүйреткен жасақ шықты. Маған Исатайды
құртқалы бара жатыр деді. Мыналар сондағы зеңбіректер болу керек, тегі...
— Пау деген, көрерміз əлі кімнің кімді құртарын?— деді Балабек.—
Күн қандай тамаша! Шайдай ашық аспан, құрғақ жел, аяз. Аттар да
шыдамай тықыршып тұр.
— Естідіңдер ме? Үстіртте жүрген Сүйінқара тағы да Аллақұл ханның
зекетшілер жүздігін ту-талақай етіпті. Ханға алып бара жатқан керуендерін
орта жолда тоқтатып, бар дүниесін өз ауылдарына таратып беріпті,— деді
Сарманға ілесіп келген жігіттердің біреуі.
— Аллақұл өзінін, бес жүз нөкері мен қару-жарағын Қайбалаға беріпті,
қайтсын - ай байғұс, қайын атам Жəңгірдің орнына таққа отырып, қазақ
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Сенім - 16
  • Büleklär
  • Сенім - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3890
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3975
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2312
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3781
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2464
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1583
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.