Latin Common Turkic

Сенім - 04

Süzlärneñ gomumi sanı 3850
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
кетті. Махамбет қаршадай Зұлқарнайды Орынборға жалғыз тастап келді.
Тым асқақтап кетті-ау, терезесін тең санай бастағаны ма...
Ақын төбенің етегіне келіп атынан түсті. Шөмекейдің шалдарына
құрметпен бас иіп, сəлем берді.
— Құлағым сенде, Жəңгір! — деді дауыстап.
— Қасыңнан хан тағының мұрагері, жас мырзаңды көре алмай тұрмын
ғой,— деді хан ызасын ішіне тығып.
— Ол Орынборда қалды.
— Ал сен неге мұндасың? Əлде сен өзіңді мынау сұлтаннан мықты
санаймысың? — Жəңгір айналасындағы жайсаң топты нұсқады.—
Махамбет, орныңды біл! Менің де рақымым шексіз емес. Қайт Орынборға!
Жəңгір ханның саған айтар жарлығы осындай!
Хандығың да, жарлығың да өзіңе, Жəңгір! — Махамбеттің үні темірдей
қатқыл естілді.
Жұрт тына қалды. Фатима шатырдан шығып, босағаға тоқтады. Киімі
күнге шағылысып, жарқ-жұрқ етеді. Жігіттер сапы қыбыр етпей, сұлтандар
үрке қарап, үдірейісіп тұр. Жəңгір аузын аша алмай, сілейіп отыр.
Сен халық қарғысына ұшырадың, Жəңгір хан! — Махамбеттің зор үні
сай-салаға саңқылдап, көмейіне көптен бері тығылып жүрген сөздері ағылтегіл ақтарылып кетті.— Сен мені өзіңнің сұлтандарыңмен салыстырдың
ғой. Жауап бер ендеше:
Алтын тақты хандардың
Хандығынан не пайда?
Қарып пенен қасерге
Туралық ісі болмаса? ...
Ханнан қырық туғанша
Қарадан бір-ақ тусайшы,
Халықтың кегін қусайшы...
Тарт тіліңді, тілің кесілгір! —деп ақырып жіберді есін жиған хан.—
Қайдағы кек, кімді айтып тұрсың?
Сені, Жəңгір!—деді Махамбет. Сосын шөмекейлерді нұсқап: —Хан
екенің рас болса, босат аналарды. Қазақ араша сұрай келген ақсақалдарға
бұғалық салмайды.
Рас айтады. Бас кеспек болғанмен, тіл кеспек жоқ. Аталы сөзді аяққа
баспайды. Босат шалдарды, алдияр!..— деп күжілдеді Нарынбай.
Əй, жігіттер! Ақсақалдарға ат əкеңдер! —деді Махамбет, көңілді үнмен
атшыларға бұрылып. Олар не істерін білмей сасып қалды. Ойламаған
жерден батырланып алған шөмекейлер аттарға қарай тұра - тұра жүгірді.
Алдарында дембелше келген төртбақ шал барады. Ол бір атқа ырғып мініп
алды.
Тоқта! —деп ақырды Жəңгір орнынан тұра беріп. Қолындағы кішкентай
алтын шоқпары жарқ ете түсті.
Ей, Жəңгір!—деді оған шөмекейлердің басшысы.—Сабыр ет. Дəл қазір
менікін кесіп тастасаң да, құдайдың өзі куə, Махамбет дұрыс айтады!
Əкім батыр, жүзідігің қайда! Байлаңдар бəрін! Соғыңдар дүрені!—хан
шоқпарымен Махамбетті көрсетті.
Махамбет атын аспанға секіртіп, шалдарға айғай салды:
Əйда, кеттік ақсақалдар!
Шөмекейлер шаба жөнелді. Əкімнің жүздігі соңдарынан қуып берді.
— Кеттік, жігіттер!—деп Жантас Махамбетті өз жүздігінің ортасына
алды да, тартып отырды. Махамбет сытылып алға шықты да, жігіттерді
Əкім жасауыл бастаған солдаттардың соңына салды. Солдаттар
мылтықтарына жармасып, ат үстінде шүріппелерін қайыра бастады.
— Тоқтат! Тоқтат!—деп айқайлайды, Жантас жігіттерінің ортасына
түскен Əкім. Өз солдаттарын селдеген ат нөпірінен əрең-əрең дегенде алып
шықты.
Шөмекейдің шалдары қазған ор, аққан арықтан орғытып өтіп, бидай
егісі мен көк шабындықты артқа тастады да, арындата шапқылап кете
берді. Соңдарынан жазық далада андыздай шауып Махамбеттің достары
барады, құм жоталарды бетке ұстап...
***
Жəңгір терісіне сыймай ашуланды. Сол күні-ақ генерал - губернаторды
қарсы алуға аттанды да, келесі күні таңертең сəлемдесіп бола бере Эссенге
«ұры, сатқын, бүлікшіл» Махамбеттің жүз жігітті жанына ертіп, қашып
кеткенін баяндады. Сол жерде тұрып генералдан қамал күзетін күшейту
үшін қосымша отряд сұрады.
Өз əскерлерінің ішінде бүлік шығуынан қорыққан Жəңгір хан қазақ
жүздіктерін линиядағы орыс қорғаныстарына жіберді де, олардың орнына
солдаттар мен қазақтардан құралған жазалаушы отрядтар алып, жаңағы
жазалаушылар мен төлеңгіттерден аралас жүздіктер құрды. Жеке
жасақтарын Жəңгір аға сұлтандарға көмекке жіберді.
Махамбет ақын Жəңгірге ашық қарсы шығыпты деген хабар ауылауылға дүркірей таралды. Бір ауылдан соң бір ауыл сұлтандар мен хан
билігіне бағынуды қойып, бүлікшілерді күреске бастайтын көсем іздеді.
Оларға əздерін патша бекеттері мен қамалдарының самсаған қалың
ортасынан Жайықтың арғы жағасына, патша жендеттері мен Жəңгір хан
зекетшілерінің көзінен тасалау, Сарыарқаның көз жеткісіз кең жазирасына
алып шығып, Кіші жүздегі туыстарына бастап апаратын адам керек еді.
Сондай адам табылған да сияқты болатын.
Есім баласы — Қайыпғали сұлтан өзін Жəңгірден жəбір көргендердің
қорғанымын, қайыберен - қырық шілтен құтқарушысымын деп жар салды.
Ол артына ерген халықты Шығысқа, Жайықтың арғы бетіне бастап апарып,
Кіші жүз бен Орта жүз хандарының келісімі бойынша ұшы-қиырсыз
Сарыарқа төскейінде көш - қонысына шек қойылмайтын жаңа хандық
құруға уəде қылды.
Оның төңірегіне Тана, Шеркеш, Шөмекей, Шекті руларының ашулы
старшындары, Масқарлар мен Кетелердің жапа шеккен кедей ауылдары,
жеті ру — Кердері, Төлеу, Жағалбайлы, Табын, Тама жəне Керейдің қуғын
көрген қашқындары топтаса бастады. Бірақ Бөкей ордасындағы басқа
рулар, əсіресе сұлтандары мен байлары Жəңгірмен жақсы аталар, асықпай
артын күтіп қалды. Осыдан аз уақыт бұрын бүлік шығарған Қаратай
сұлтанның жорығына қатысқан ауылдар да қозғала қоймады. Бұлар шайқас
кезінде талай-талай боздақтарынан, мал-мүлкінен айырылып, азып-тозып,
патша жандармдары мен хан қарақшыларының қатаң бақылауында
болатын.
Олар Қаратайдың соңынан он бес жылдай ерді. Соның бұйрығы
бойынша Үндістаннан, Ираннан, Бұхара мен Ауғанстаннан Россияға
баратын сауда керуендерінің жолын кесіп тастады. Даладағы барша соқпақ
осылардың қолында болды. Патша əскері бұларды ұстай алмай-ақ қойды.
Қаратайдың сөзіне сеніп, олар жалаң қылыш, жақ садақпен зеңбірекке
қарсы шапты. Ақырында хан тағына жете алмаған Қаратай бұларды
жендеттердің талауына тастап кетті.
— Қарғадан қыран шықпас, сұлтаннан жауың ықпас деген. Қайбала
алдымен қолынан не келетінін көрсетсін, содан кейін соңынан ерер ермесімізді біз де шешерміз,— десті олар.
Беріш ауылдары да асықпады. Олар кедей жұрттың жоғын жоқтап,
кедей елдің сөзін сөйлеймін деп, хан бұғалығын да киген, ақ патшаның
абақтысын да көрген, ең сабырлы, ең салауатты старшын — Исатайдың
сөзін тосты. Бірақ Исатай үндемеді.
Жəңгірдің қолынан сытылып шыққаннан кейін Махамбет соған
барайын деп еді, бірақ таба алмады, Исатай өз ауылын құм ішіне көшіріп
əкетіпті. Ханмен үш дүркін жүз шайысып алғаннан кейінгі сақтығы болса
керек.
Махамбет қиын сəтте қол ұшын берген жігіттермен қоштасты.
Шөмекейдің шалдары да өз жөніне кетті. Ақынның жанында Жантас
бастаған он шақты жігіт қалды.
Олар Махамбеттің туған ауылына тартты. Қонақтарды ақынның ағаінілері құшақ жая қарсы алды. Мақпалдың жанарында қуаныш оты
жарқырады. Бірақ қашқынды ұстап əкелсін деп арттарынан жасақ жіберіпті
деген суық хабар дегбірлерін кетірді. Бірге туған бауырлар аттарын
жаратып, қылыш - найзаларын қайрап, сауыт-сайман, білтелі мылтықтарын
əзірледі. Махамбеттің өзі болса, қара басынан гөрі туған - туысқандарының
қамын көбірек ойлап, ақсақалдардан ауылды құмның алыс түкпіріне
жасырын алып кетуді өтінді.
Тасқараңғы бір түнде ақынға Қайыпғали сұлтанның шабарманы келді.
— Дұғай сəлем бауырға,— деп бастапты хатын Қайыпғали.— Сенің
Жəңгір ханға айтқан сөзің Кіші жүздің барша ауылының аузында жүр.
Менің де ата жауым, менің де семсер сілтерім — сол Жəңгір. Қасымдағы
сұлтандар мен билер де осыны айтады. Менің шатырымды — өз
шатырыңдай, менің сарбаздарымды—өз сарбаздарыңдай көр. Жеңістік
бермес ақын, жүрек жұтқан батыр екенің рас болса, əкел қолыңды, Беріш
азаматы, аяман сенен көмегімді... Жəңгір өзінің көк төбеті Баймағамбет
сұлтанға сені ұстап, шынжырлап əкел деп бұйырыпты. Баймағамбеттің
жасағы ізіңе түсті. Менен басқа панаң жоқ...
Махамбет жауап жазбады. Жігіттерін жиып, Баймағамбеттің алдынан
шықты да, бір бүйірінен айналып өтіп, таң шапағымен бірге сұлтанның
қосына лап қойды. Сарбаздар күзетшілердің быт-шытын шығарып,
төлеңгіттердің қару-жарағын тартып алды да, сұлтанның шатырын
төңкеріп тастады.
Баймағамбет сұлтан ақынның алдында іш киімімен ғана тұр, тұла бойы
қорқыныштан қалш-қалш етеді. Махамбет оның қолындағы қылышын,
астындағы тұлпарын тартып алды да, жасақты түгел жаяу тастап, аттарын
айдап кетті.
Баймағамбетке көмекке Қарауылқожа сұлтанның жасағы аттанды. Бірақ
Махамбет қолға түспеді...
Ол ауыл-ауылға кісі шаптырып, бұдан былай кез келген сұлтанды
шабамын да, мал-мүлкін кедей жатақтарға бөліп беремін, деп хабар
таратты. Сұлтан адамдарының кісі өлтірген, ел тонаған бір де бір қылмысы
жазасыз қалмайды деді.
Ел билеуші сұлтандар да, Жəңгір хан, əсіресе Орынбор өлкесінің əскери
губернаторы генерал Эссен де Махамбеттің шапқыншылығынан гөрі қара
халықтың ой-санасын оятатын бүлікшіл жырынан қаттырақ қорқып,
ақынды тып-тыныш қана шусыз құртуға асықты.
Оның үстіне олар Махамбеттің Қайыпғали сұлтанға қосылып кетуінен
сескенді, өйтсе бүлікшілердің күш алып кетуі сөзсіз ғой. Сондықтан да ру рудың бірігуіне жол бермей, қайта біріне-бірін айдап сап, қантөгіс
қырғынға, барымтаға, құн алуға апарып соқтыратын араздық алауыздықты өршіте түсу керек болды...
Махамбеттің жасағына сатылған Шекті жансыздары жұмсалып, Шекті
ауылдарына жалдамалы беріштер жіберілді... Сонымен бірге генерал Эссен
қазақтардың полковнигі Донсковтың барлаушылары арқылы Жəңгірге
сездірмей Қайыпқалимен келіссөз жүргізіп жатты. Егер сұлтан өз
төңірегіне ауылдарды тез топтастырып, Орал өзенінен өтіп кетуге
ұмтылатын болса, деп хабарлады полковник бүлікшілердің басшысына,
онда бұл, полковник Донсков, азғантай пара алып, оларды кордоннан Кіші
жүздің жеріне өткізіп жіберер еді...
Бəрінен бұрын шектілердің көсемі, кəрі батыр Дастан қолға түсті. Жас
кезінде ол мың жігіттен құралған жасағымен жауға бүйідей тиіп,
Россиямен сауда жасайтын Бұхар саудагерлеріне шектілердің жерінен
өткені үшін алым төлететін.
Күзеті күшейтілген Дастанды Жайық қамалына жөнелтіп, Шынғали
сұлтанның қарамағына бес жүз қазақ жіберілді. Сол күні ауылдан-ауылға
Дастанды ұстауға беріштер көмектесіпті, ал генерал Эссен жіберген
солдаттар оны хан жендеттерінің қолынан босатып алып, батырдың
бұрынғы істерін тергеу үшін түрмеге айдапты, деген сыбыс таратылды.
Махамбетті де түн ішінде, жақын маңайда қуғын жоқтығына сеніп,
жігіттерін уақытша үйді-үйіне жіберіп, өзі жатақтардың кішкентай кедей
ауылында тынығып жатқан жерінде келіп басты. Баймағамбеттің
жасауылдары оны созған қолын қылышына жеткізбей байлап алды. Киіз
үйдің сыртындағы шөмелеге шығып ұйықтап жатқан Жантас Мақпалдың
айғайынан оянып кетті. Бірақ ол Махамбетті босата алмады, Мақпал мен
кішкентай Мұсаны алып кері шегінуге мəжбүр болды.
Махамбетті Калмыково абақтысына алып кетті де, ел ішіне оны
шектілер мен адайлар ұстап беріпті деген хабар таратылды.
Жəңгір хан əбден риза. Төлеңгіттерінің ішіп-жемі мен линия
қамалдарындағы атамандарға сый беру үшін төленетін алым-салықты өсіре
түсті. Хан Жəңгір мен генерал Эссен қолдарын ысқылап қуанып жүр.
Өйтпегенде ше, бұлардан бұрынғы əкімдер бүлікшіл Қаратай сұлтанды
бақандай он бес жылға жуық тайраңдатып қойып, ақырында тарту-таралғы
беріп, оның да кейбір талаптарын орындауға мəжбүр болса, бұлар Ішкі
ордадағы барша былықты осы күзде-ақ тезге салмақшы. Енді тек беріштер
мен шектілердің бір-бірін алқымнан алып, Қайбала сұлтанның артынан
ерген бүлікшіл ауылдарды Жайыққа қарай бастауын күту керек.
Алайда хан да қателесті, генерал да қателесті. Беріш руы шектілерді
шаппады. Оларды қайтпас - қайсар Исатай старшын ұстап қалған еді. Ал
кəрі батыр Дастан өзін сатқан беріштер емес екенін ебін тауып еліне
жеткізіпті. Оның үстіне Шектінің атақты батырлары Көтібар мен Арыстан,
Адай батыры Сүйінқара бір ауыздан Жəңгір ханды елін сатқан опасыз деп
жариялап, оны хан санаудан бас тартты. Енді хан қайткен күнде де
шектілердің Қайбала жасағымен тізе қосуына жол бермеуге тиіс болды.
Сөйтіп генерал Эссеннің полктары көтеріліс шығарған Шекті ауылдарына
лап қойды.
Қылышқа қарсы зеңбірек, көк найзаға — көп мылтық... Эссеннің
солдаттары мен қазақтары мың-мың сан, ал жігіттер азшылық, тіпті
саусақпен санардай. Олар тіпті бір жеңнен қол, бір жағадан бас
шығаратындай баба туының астына жиналып та үлгірмеді. Талайды көрген
танымал батырлар Көтібар мен Арыстан көп бұлталақтап, іздерін əбден
шатыстырып барып, аман қалған ауылдарды құм ішіне, қамыс арасына
апарып жасырды. Ал Көтібардың баласы Есет пен аты аңызға айналған
Сырым батырдың ұлы Жүсіп бастаған жаужүрек жігіттер бастарын өлімге
байлап, екшелей қуған өлшеусіз жаумен арыстандай алысты. Олар шағыншағын топтарға бөлініп ап, Эссеннің əскерлеріне біресе ана жерден, біресе
мына жерден атойлап тиіп, жұлма - жұлмасын шығара, ашына түйгіштеп
өтеді де, жан-жаққа бытырай жайылып жоқ боп кетеді. Табан астында
жерден шыққан жебірейілдей болып басқа жігіттер шыға келеді де, естерін
жиып үлгірмеген солдаттарға тағы да құйындай тиеді. Естері шыққан
төлеңгіттер мылтықтарын көздеп те үлгіре алмайды. Сарбаздар олардың
қаруларын ат үстінен тартып əкетіп жатыр...
Сұлтандардың қосылып шапқан жасақтары андыздаған шағын
топтарды екі дүркін қаусырып алып, құртып жібермек боп ұмтылып еді,
бірақ екі ретінде де көтерілісшілер оларды қаша ұрыс сап, байқатпай
еліктіріп апарып, біресе саз батпаққа, біресе қалың құмға тығып кетті, енді
бірде өзеннің жарлауыт жағасына қарай тықсырып, қатты састырды.
Көмек сұраған сұлтандар шабармандарын ханға шаптырса, хан—
генерал Эссенге шаптырумен болды. Долданған дұшпан бар кəрін
ауылдарға төкті. Əрбір өлген төлеңгіт немесе солдат үшін ондаған бейкүнə
жанды атып-асып, каторгаға айдады. Абыройлары төгілген Шекті қыздары
намысқа шыдамай өздеріне - өздері қол жұмсады. Тұтқынға түскендердің
ішінен мықтылардың мықтысы ғана көк шыбықпен соғылған бес жүз
дүреден тірі қалды. Олардың өзіне де кісен салып, Сібірге айдады....
Калмыковоның абақтысында отырған Махамбет мынадай хабар естіді:
өзеннің шығыс жақ бетіндегі Орта жүздің жеріне өтпек боп Жайықтың
жағасына жиылған қалың көшті атаман Донсков зеңбірек оғының астына
алған. Өзен арнасы өлікке толған. Ал шығыс жағалаудағы бақытты өмірге
шақырған Қайбала əрең қашып құтылыпты...
Сырым мен Көтібардың жас батыр ұлдарының ерлік істері жайлы
хабарды да Махамбет осы абақтыда отырып естіді.
Көтерілісшілердің жасағы күн санап көбейе берді. Кəрі де, жас та қай
ру, қай атаның баласы екеніне қарамастан қосылып жатыр. Генерал
Эссеннің полктары, Баймағамбет, Қарауылқожа, Шынғали сияқты аға
сұлтандардың, Жəңгір ханның төлеңгіттері кері шегініп, қамал - қамалға
қашып тығылуға мəжбүр болды.
Ішкі орда мен Кіші жүздің барлық ауылдары жас батырлардың соңынан
бір кісідей боп еретін күн туған тəрізді еді. Бірақ күзгі жаңбыр басталып,
арты қарға айналды да, ұзамай аяз ұрып, даланы жұт жайлады. Ал көктем
туа ауылдарда оба бұрқ ете түсті...
Оба Калмыковоға да жетті. Қазақтарда ес жоқ. Бір күні тал түсте
солдаттар мен жандармдар төбелесіп қалды да, Жантас бастаған жүз
шамалы жігіт соны пайдаланып, қамалға лап қойды. Жарым - жартысы
оққа ұшқанымен жігіттер Махамбетті босатып əкетті.
Махамбет көктем мен жазды Мақпалмен бірге туған өлкесінде өткізді.
Ақынның жаңа өлеңдері ауыздан-ауызға таралып, ел ішін шарлады:
Ханның ісі қатайды,
Азамат ерден бақ тайды.
Қанды көбе киініп,
Бір аллаға сиынып,
Ұрандап жауға тигенде,
Кім жеңері талай - ды,
Жолдастарым, мұңайма!
Ол халықты ынтымаққа, бірлікке шақырды, бірақ аштықтан азып-тозған
ауылдар байлардың тіліне еріп, тар қонысқа таласумен болды. Шекті,
Шөмекей жəне Жағалбайлы рулары арасында шатақ бұрқ ете түсті. Үш
рудың үшеуі де шөбі шүйгін өрістерінен айырылды: Жəңгір хан бұл
жайылымдарды жомарттық жасап, патша офицерлері мен қазақтарға
үлестіріп берді.
Бір шайқастың үстінде шектілер мен жағалбайлылардың арасына түсіп,
татуластырам деп жүріп, атақты Көтібар батыр қазаға ұшырады. Кеудесінде
кіреукесі, қолында қалқаны мен шоқпары да жоқ екен. Үйінен жейдешең
жүгіріп шыққан батыр атына жайдақ міне салып, бірін-бірі өлтіріп жатқан
ағайынды екі елдің шатасқан жігіттерін ажыратамын деп, шайқастың
қалың ортасына қойып кетіпті. Қаңғыған жебе жүректен тиіп...
Жəңгір хан қулыққа басты. Ол ақынды беріштердің басшысы етіп
тағайындайтынын айтып сəлем жіберіп, Махамбетті өзіне Дархан қағаз
алуға шақыртты. Бірақ Махамбет ханның сасық қулығын əшкерелеп,
шабарманын мазақтап қуып жіберді. Хан ордасынан келген алым-салық
жинаушыларды қамшының астына алды. Осыдан кейін Жəңгір Махамбетті
өле-өлгенше бітіспес қас дұшпаным деп жариялады.
Ішкі орданың Жайықтан Еділге дейінгі кең жазирасын бір сұмдықтан
соң бір сұмдық жайлай бастады. Жəңгір ханның жендеттері мен генерал
Эссеннің жансыздарынан жасырынып жүріп, Махамбет тағы бір қысты
туған өлкесінде еткізді. Енді қала беруге болмады: өз басына, туғантуысқандары мен достарына төнген қауіп-қатер күшейе түсті.
Туған ауылынан ол жасырын кетті. Мақпал ғана куəсі болды. Есейіп,
сабырлы, салауатты əйел санатына қосылған Мақпал ерінін, басына
қиыншылық түскенде қолына қылыш алып, үстіне сауыт киіп, бұрымын
дулығаның астына жасыратын да, хас сарбаздай қасына еріп, жорыққа бірге
аттанатын.
Таңғы тұманды жамылған Махамбет пен Жантас Жайықтың арғы бетіне
аттарымен жүзіп шықты да, қақ бөлінген Кіші жүздің шекарасын кесіп өтті.
Бірақ олар бұнда да тыныштық таппады. Тегі, қазақ жерінің тынып жатқан
кезі болды ма екен тарихта?
Ру тартысы, жер жанжалы, мал мен жесір дауы, барымта - қарымта,
қатар қонған екі ауылдың, кикілжіңі, қатар жатқан екі елдің қырқысы
сияқты қырық рудың қырық пышақ пəле-жаласы бұл өңірді ерте заманнан
бері емін-еркін жайлап келеді ғой. Жерлеріне Иран шаһының немесе
Жоңғар жаугершілерінің жер қайысқан жасағы жортуыл жасағанда ғана
бастары бірігеді бұлардың. Сонда қазақ алмаған жау болмады. Олар
Атыраудан Алтайға дейінгі ұлан-ғайыр зор елін алты ғасыр бойына жауға
бермей, не дүлейдің алдында да тізе бүкпей ұстады. Қазақтарды өз
хандарының даңққұмарлығы мен алты бақан, ала ауыздығы құртты. Бұл
халықты тек айла - шарғымен ғана, бірін-біріне айдап салып, хандары мен
сұлтандарын сатып алу арқылы ғана жеңуге болатын еді.
Бірде құман, бірде татар, бірде половцы, бірде қырғыз - қайсақ атанған
дала перзенттері айла-қулығыңды, саясат - сұмдығыңды біле бермейтін.
Шайқас үстінде жаужүрек, қайтпас - қайсар қаһарман болғанымен
тыныштық кезінде аңқылдаған ақкөңіл, иланғыш ұяң келуші еді.
Кіші жүз бен Орта жүздің жерін, Сарыарқаның төскейі мен Арал
жағасын, Түркістаннан Əулиеатаға дейінгі аралықты қаптаған жасауылдар,
жергілікті сұлтандардың төлеңгіттері мен ақ патшаның жазалаушы
жасақтары шарқ ұрып, кезіп жүр. Бəрінің де із кесіп, аңдыған - баққаны —
бүлікшілер, «түз қарақшылары» жəне де Тентек төренің басшылығымен
Қоқан бектерін талқандап жеңіп, содан соң шағын топтарға бөлшектеніп
ап, байлар мен патша жандармдарына қарсы қылыш көтерген он екі мың
жігіттің əлі тірі жүрген бірен-саран қалдықтары. Жоқ, қазақ жерінен
тыныш түкпір табылмайтын бұл таңда!
Махамбеттің соңына түсуді Жайықтан алысқа, Орта жүздің жеріне
кетсе де тоқтатпады. Кіші жүздегі сияқты мұнда да өз хандары бар. Мұнда
да бір руды бір руға, бір көшті бір көшке өз сұлтандары айдап салады. Егер
ру бірлігі, ел ынтымағы аман кезде Орта жүз Хиуа мен Қоқанға өз дегенін
істетсе, енді өз басына Хиуаның қаһарлы қылышы төнген шақ. Бəлки,
сондықтан да болар, ұзақ уақыт арып-ашып Арал бойын аралағаннан кейін
Махамбет сенделіп Бұхараға барды, одан Самарқанға өтті, содан соң ауыр
сапарды артқа тастап, ақырында мынау қарғыс атқан Хиуаға келді. Мұнда
ол өзіне талай-талай сенімді дос тапты, ал дұшпандарының саны құдіретіне
қулығы сай алпауыт - зымияндардың есебінен еселеп көбейе түсті.
Бұл бір жер бетін түгелдей қара күш жайлай бастаған шақ еді. Жер
үстінде жаманшылықтың жалақ қылышы жалақтап тұрған...
Асылы, бұл Махамбеттің ойы емес, Хиуа ақыны əрі мұрап Мүнис
айтқан сөз. Онымен Махамбет Нұрбалға кездесерден бұрын танысқан.
Аллақұл бұны сарайда өтетін ақындар мəслихатына алғаш рет шақыртқан
күні Мүнисті хан бақшасынан көрген болатын. Сарай күзетшілері өзін
қаумалап алып кетіп, іште хан Қайыпғали сұлтанмен сөйлесіп жатқан кезде
де көрген.
Махамбеттің Хиуаға келерінен екі жыл бұрын Мүнис падишаһының
сарай ақыны еді. Ал осыдан бір жыл бұрын ақындар айтысы кезінде ол
Бұхараның күллі ақынын жеңіп кетіп, ерекше көзге түсті. Даңқы жер жара
түскен Хиуаның алдияры:
— Айтқаныңды орындаймын, ақыным! Айт, өтінішіңді — деді.
— Ата-бабам мұрап болып етіп еді, ұлы падишаһ, өзім де сол мұрап боп
қалғым келеді...
— Ендеше сен бүгіннен бастап Хиуаның бас мұрабы əм күллі
Хорезмнің жыршысысың!—деді хан. Сол күннен бері Хиуаның ақындары
мен ғұлама ғалымдары падишаһының бағына ғана емес, Мүнистің үйіне де
жиналатын болды. Оған Махамбет те жиі барып тұратын.
Міне, бүгін де өткені жайлы ұзақ ойдан кейін, Амудария жағасынан
қайтып келе жатып, Мүниске кіре шығуды жөн керді Махамбет...
***
Махамбет қызба болатын, жұртпен сезге келмей жатып - ақ айтысып
қала беретін. Осындай тік мінезі достарының жанына батып, тек жалғыз өзі
оңаша қалғанда ғана естіген - білгенін салмақтай алатын. Ой соңынан есіне
өткендегі бастан кешкен жайлар оралып, соған қоса тұла бойын туған елге
деген сағыныш сезімі билейтін. Реніш - өкпе, өткенге өкініш, ызамен
сағыныш тоғысып кеп, жыр боп ағатын.
Ал бүгін жыр туар емес — бүгін жанын жегідей жеген сары уайым мен
сыздаған сағыныш қана бар. Таңертең ханға жолыққан соң, одан базардағы
оқиғадан кейін де сырт қарағандағы ер кеуде, илікпес кейпінен өзгермеп
еді, енді бар дүниеге селқос қарап, əбден қажыған - талған сыңай
байқатады. Оның бір күннің ішінде соншалық жүдеп кеткенінен шошынған
Балабек:
— Басың ауырмай ма?—деп сұрады қала дарбазасына жақындағанда.—
Ыстыққа үйренбегендікі ғой...
Алда, шаңға көміліп, бір табын сиыр кетіп барады. Отын артқан арба
тарсылы естіледі, бірлі-жарым жолаушы көрінеді.
— Ат арыса ауыстырып мінеміз, ал өзіміз өлгеннен кейін бір-ақ
тынығармыз,— деді Махамбет көңілсіз үнмен.— Дарияға бекер барған
екенбіз. Бұ жақтың өзені де Жайық сияқты емес, Еділге де ұқсамайды.
Арабтар бостан-бос Жейқұн атамаған - ау. Суы лай, ағысы жыландай
зұлым, сайқал. Палуанға бару керек...
Палуан деп тұрғаны Хиуаның қасиетті иесі Махмұд палуанның мазары.
Қатты бір қамыққан кезде немесе шер тарқатып, сабасына түскісі келгенде
Махамбет сонда баратын. Қалаға қарағанда шуы аз, тыныш болғандықтан
емес. Онда күллі Орта Азияның кедей-кепшігі жиналатын. Жол шаңын
қағып, құдық басында дəрет алғаннан кейін жұрт қойындарынан таза
шалмаларын шығарып, аяқ киімдерін мазар керегесінен анадайда
қалдыратын да, дірілдеп - қалтырап табалдырықтан аттайтын.
Қайыр-садақа тастайтын ыдысқа тиын-тебендерін тастап тұрып, жұрт
Махмұд əулиенің басында құдайға ақырын ғана тілек айтып, құлшылық
етеді. Жақында ғана тұрғызылғанымен киелі жер атанып үлгірген мазардың
əдемі өрнек - нақышына мəрмəрдан қашалған торкөз керегелеріне, құпия
жазулары мен көз жауын алатын көгілдір бояуына аңырая қарады.
Күнəмді кеш деп алласына жалбарыну үшін, жан жарасы мен тəн
азабына тигізер бір шипасы бола ма деп, жолшыбай тоналып, кездейсоқ
қатерге ұшырап қалатындарына қарамастан, алыстағы ауылдар мен
жақындағы қыстақтардан зират еткен сан халық осында ағылады да
жатады. Орта Азияда енді киелі үш орын бар: біреуі — қазақ жерінде,
Түркістандағы Ахмет ақынның мазары, екіншісі — Самарқанда, Шаһ-изиндағы қасиетті құдық, ал үшіншісі — мынау Хиуадағы имамдар Əли
пайғамбардың өз баласы деп атайтын Махмұдтың мазары. Шынында ол
тері илеушінің баласы еді, Хиуаның ескі қақпасының түбінде 1247 жылы
дүниеге келген болатын.
Қажыға келгендер мазар алдында жатқан үлкен тастың шұңқыр шұңқырына таңғажайып таңырқай қарайды, өйткені олар бұны Махмұд
əулиенің саусақтарының ізі деп ойлайды. Əулиелігін былай қойғанда күші
қандай еді жарықтықтың деседі. Тасты балшықтай илейді екен. Ал бəрінен
де жұрт мазардың түрлі-түсті жалтырауық қыштан өрген күмбезіндегі,
жасыл тастан қашаған құлпытасындағы жəне мəрмəр керегесіндегі неше
түрлі ою-өрнек пен сыр-бояуларға, жазу-сызуларға тамсана үңіледі.
Дінбасылары, Түркістандағы құл - ақынның басына екі түнеу немесе Шаһи-зиндағы қасиетті құдыққа үш рет құлшылық ету Меккеге қажы болып
барып қайтқанмен барабар деп қанша үгіттесе де, ел осы жаңа əулиеге
көбірек келетін боп барады. Мазардағы жазулар басқа киелі орындардағы
сияқты құранның сүресінен емес, Махмұдтың парсы тілдегі өз өлеңдерінен
алынған сөздер екенін зиратшы халық біле бермейді.
Өлең мəнін ұғатындар азшылық, бірақ олардың ешқайсысы да өз
білгенін дауыстап сыртқа шығармайды. Өйткені Махмұд ақын
алдиярлардың ақымақтығы мен жебірлігін мазақтайды, құдайға тіл тигізіп,
оның жердегі уəзірлерін күлкі қылады:
Барғанша қажы əп - жылан еді қожекең,
Айдаһар бопты орала салып сапардан,
деп тəржіме етті Мүнис бір өлеңді Махамбетке.
Ақымақтың сөзін тыңдап, отырғанша былжырап,
Теңіз кешіп, жұлдыз сана одан - дағы қалжырап...
— Күмбездегі жазудың мағынасы осындай екен. Махамбет содан бері
Махмұдтың өзіне де, сөзіне де қызығатын болды.
— Ол жендеттерді күлкісімен жер қылушы еді,— дейтін Мүнис.— Көзі
тірісінде оны Ғиратта да, Хиуада да талай рет кісендеді ғой. Шаһ
жендеттерінен қашып жүрсе де, Хиуада оны жыға алатын жан жоқ еді.
Үндістанда ең күшті адам атанса, Ғиратта ақындығымен даңқы шықты. Өзі
көз жұмғалы бері өткен ғасырлар оны əулие атандырды. Шаһид - мазарды
24салдырған да сол. Хиуаның іргесіндегі жапан далада тұрған мазарды
көрдің ғой. Елі үшін өлген ерлер сонда қойылған. Халқының сүйген ұлы
еді-ау, сабаз! Мұхаммет Рахым падишаһ бекерден-бекер оның əруағына
сыйынбаса керек. «Əулие» ақынға арнаған мазарды соның бұйрығы
бойынша тұрғыза бастап еді, Аллақұлдың тұсында əрең бітірді де.
Қайыршылар да, зиратшылар да, қожа-молдалар да — бəрі де риза.
Мұсылман байғұсқа құлшылық қылар жер керек, ал имамдар мен
қожаларға алым төлер ел керек. Аңқау елге — арамза молда деген осы да.
Махамбет пен Мүнис мазар артындағы ауланың түкпірінде бітісе өскен
биік шынарлардың көлеңкесінде жиі-жиі жолығып тұратын.
Шынардың дəл түбінде көк жақұттай жарқыраған салқын сулы қауыз
Аулаға да су шашқан, мұнтаздай таза. Мазардың қалың қабырғалары
мен биік дуал көше шуын мұнда өткізбейді. Отағасы Махамбетті иіліп
қарсы алатын да, қауыздың жанындағы айбанға апарып, астына көпшік
төсеп отырғызатын. Тас төбеден жүзім шоқтары салбырап тұрады. Тып тыныш, салқын жерде мəслихаттары жарасып, əңгіме туындай береді...
25бар.
Мүнистің келуін тосқан Махамбетке үй иесі əр кез иісі аңқыған хорезм
қауынын əкеп тіліп, алдына шербет пен шарап қоятын. Мүнис - мұраптың
Хорезм жері жайлы əңгімесін, Мүнис - ақынның Хафиз бен Атаи жырлары
туралы толғауын, Мүнис-тарихшының Түркістандағы қазақтардың
мазаратында қаншама батыр мен философ жатқандығы туралы хикаясын
Махамбет осы жерде естіген. Адай жігіттерінің Хиуа хандарымен ұзақ
соғысы жөніндегі аңыз-əңгімелерді де ол Мүнистен білген...
Мүпнс пен Махамбет ұзақ сұхбаттасатын. Бұл жерге Аллақұлдың
алаяқтары келмейді, кедергі болар жан жоқ...
ІІІапаныңды
шаң
басып,
атыңның
іші
қабысып
кетіпті.
Шапқылағасыңдар - ау тегі. Тыныштық па, əйтеуір?—деп жылы шыраймен
қарсы алды Мүнис Махамбет пен Балабекті.
Дария жағасынан келеміз,— деді Махамбет.
Оу, əлгі тұтқын қыздарың қайда?..
Махамбет түсініңкіремей, Мүниске таңдана қарады.
Хан бағындағышы — ауған қызын айтам. Таңертең екеуіңді алдиярдың
сарайынан шығарып салған едім ғой,— деп күлді Мүнис. Сонда ғана
Махамбеттің есіне Нұрбал түсті.
— Түу, күн қандай ұзақ еді. Таусылмай қойды ғой, тегі!..
— Иə, бұл күн саған жеңіл болмады, досым. Қой, сары уайымға
салынып, босқа нали бермелік. Жүріңдер, жыр бұлағына баралық,— деді
Мүнис достары сусындаған соң.
...Балабек аттарды Төкеге алып кетті. Махамбет пен Мүнис бишілер
тұратын мəхəллаға бет алды.
— Жаңылмасам, қазақта: «Жебең жетпесе, семсеріңді сілтеме» деген
мақал болса керек,— деді Мүнис тырс еткен тірі жан жоқ тар көшеге
шыққан соң, шалмасының ұшын арқасына тастап. Кештің қызыл арайы
қайтып, аспанда суық ызғарлы жұлдыздар жылтырай бастапты. Күз келіп
қалғаны ғой.
Көшеде арба сықырлады. Арбакеш жігіт апарып тастамақ болып,
бұларға бұрылмақшы еді. Мүнис керегі жоқ дегендей ишарат жасады.
— Айта бер, Мүнис. Сөзіңді аяқтамадың ғой,— деді Махамбет.
— Еншалла, жебеге де, қылышқа да зəру болар күнің əлі алда.
Сондықтан өзіңді ашуға жеңдіре бермей, сабыр сақта, қару сайла.
— Ашу ақылға əмсе бағына бермейді,— деді Махамбет, Мүнистің құл
сататын базардағы əлгі бір жөнсіз қақтығысты меңзеп тұрғанын енді ғана
түсініп.
— Сонда да ашудан ақыл артық...
— Бірақ шынайы сезім адамға бағынышты емес, ал көнбістікке құлдар
ғана үйренгені—деді Махамбет.
— Біздің бəріміз де құлмыз,— деп басын қамыға шайқады Мүнис.—
Бəріміздің де өміріміз — азап. Ананың ғана бағы бар!—Мүнис сонадайда
үстіндегі сылдырмақтарын сылдыратып, əлде бір аятты əндете, арқасын
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Сенім - 05
  • Büleklär
  • Сенім - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3890
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3975
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2312
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3781
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2464
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1583
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.