Latin Common Turkic

Сенім - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3891
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Махамбеттей қызынып алған. Түріне қарағанда əлі де отыра түсіп, əңгімені
сабақтай беруге ынталы сияқты еді, ішке ханның адъютанты кірді де,
Махамбетті ұлы мəртебелі Жəңгір хан шақыртып жатыр, деді.
— Біз сізбен əлі қырда кездесерміз...— деп қонақ қош айтысты.
Махамбет оның сопайған ашаң жүзін, еңкіштеу тұлғасын жадында сақтап
қалды.
Хан мен оның нөкерлері орналасқан оңаша сарай орталықтан шалғай
еді. Хан ақшаны аямады. Күнде сауық, күнде той. Бір тойы бір тойынан
өтеді. Патша сарайының төңірегіндегі ақсүйектер де Жəңгірдің мол сыйына
шаш-етектен кенелді де қалды. Тігіншілер Фатимаға арнап көйлек артынан
көйлек тікті. Əр балға, əр қабылдауға ол жаңа сəн - сəулетпен барды.
Ол кезде Петербург ақсүйектерінің қыс көзі қырауда бірден-бір көңіл
көтеретін жері — балдар мен қабылдаулар болатын. Ал ондай жиында
қырғыз-қайсақ ханы мен оның қылымсыған қиық көз келіншегінің болуы
қабылдауға ерекше бір экзотикалық реңк беретін.
Күн артынан күн зырлап, ай өтті, екі ай болды. Дүрілдеген ойын-сауық,
қабылдау кештерін Жəңгір де азайта қоймады: ол алыстағы губернияларды
аралап кетіп, қайтып оралмай жатқан императордың аудиенциясын күтулі
еді.
Күндердің бір күнінде бəрі астан-кестен болды. Кешке белгіленген
кезекті қабылдау өтпей қалды. Петербургке патшаның өлімі туралы хабар
жетті. Қала үстін қоңыраулардың қаралы даңғыры жаңғырықтырды. Кеп
ұзамай бəрі де жым болды. Енді жұрт жаңа патшаның тəж Кию салтанатын
тосты. Жəңгір хан да жаңа алдиярына тартар сыйын əзірлей бастады.
...Он төртінші декабрь күні түстен кейін Сенат алаңы жақтан атылған
көп зеңбіректің дүмпуін естіп, Жəңгір хан атын алдырды да, жанына
күзетші - жасауылдарын ертіп, орталыққа қарай шаба жөнелді.
Қала көшелері жыпырлаған халыққа толы, алаңды қалың əскер қоршап
алыпты. Жəңгір хан Ішкі істер министрлігіне қарай тартты. Сол жерде
Махамбет тағы да Луганскийді керді. Луганский мырза қатты абыржулы
екен, тіпті амандасуды да ұмытып кетті.
— Ал, бұған не дейсіз, тақсыр? Қандай жандар, а? Жо - жоқ, бұ
дегеніңіз пугачевщина емес, бұл басқа Русь... Пəлі, сіз мені ғафу етіңіз. Сіз,
əлбетте, бұл офицерлерді білмейсіз, Тегі, оларда шаруаңыз бола қояр ма
екен сіздің, Махамбет мырза?!
Даль-Луганский сөзін шорт үзді де, асығыс кетіп қалды.
«Олар» туралы Махамбет шынында да ештеме білмейтін. Ал сол күні
нендей оқиға болғанын оның білгісі - ақ келіп еді.
— Есуас бұзақылар бүлік шығармақ бопты,— деді Жəңгір хан.
— Армия көтерілді. Басшылығында ең таңдаулы офицерлер тұрған,—
деп сыбырлады енді біреулер.
— Бүлікшілердің құпия қоғамы əшкереленді. Көтеріліс жанышталды,—
деп жазды газеттер.
Хан өз адамдарына көтеріліс жайлы тіс жармауға жарлық қылып, өзі
жаңа императорға жолығуға дайындалды.
Үш апта өткен соң Жəңгір хан жаңа патша ағзамның алдында адал
қызмет етуге ант берді. Содан кейін сарайда бал болды. Махамбет
Қайыпғали сұлтанмен бірге ақ мəрмəрдан қашалған тас діңгектердің
түбінде тұрды. Ол кең залға, жарқыл-жұрқылға, көңілді шуылға толы
мынау шадыман тобырға таңданбай да тамсанбастан, өз қара басының
түкке татымайтын бишаралығына деген жиіркенішті сезіммен қарайды.
Патшаға қарсы бас көтеруден қаймықпаған офицерлер туралы ой басынан
кетер емес.
Содан кейін балға патша ағзамның өзі келді. Россия императоры залды
қақ жара өтіп, иіліп сəлем қылғандарға сəл жымия жауап қайтарды. Хан
тобының жанынан өте беріп ол Фатимаға аялдады. Жəңгір хан əйелін
императорға өзі таныстырды. Патша оны биге шақырды. Фатима шет жұрт
елшілерін естен тандырып, əсем де нəзік қимылмен дөңгелене жөнелді...
Оның құлағына айтылған патша сөзін жұрт бір-біріне сыбырлап
таратып жатты.
— Жарқыным-ау, жабайылардың арасында қайтіп қана жүрсіз? — деген
еді I Николай.
Азиялық əсем ару:
— Туған елдің түтіні ащы да болса жағады, алдияр...— деп орыс
өлеңімен жауап қайтарды.
Қоржын - қапшығын сый тартуға, омырауын орденге толтырып, жаңа
патша Николайдан генерал шенін алған Жəңгір хан ордасына қайтып
оралды. 1826 жылдың көктемі болатын. Еділден Жайыққа дейінгі йен
жазықтың жон-жотасы, сай саласы, құм - қопасы жасыл кілемдей жайнап
жатқан. Жаз да келіп қалған. Барлық азулы сұлтандар мен старшындарды
жиып, оралу құрметіне арнаған тойды өткізген соң Жəңгір енді
Нарынқұмның қақ ортасындағы Жасқұс деген жерден capай соғуға жарлық
қылды.
Жасқұсқа мыңдаған жатақты айдап əкелді. Ұзын - салқар түйелі
керуендер мен ат жеккен арбалар құрылысқа қажетті ағаш, мəрмəр
тартумен болды. Құрылысшыларды бес жүз төлеңгіт кірпік қақпай күзетті.
Өзін күзететін, жұрттан мал, ақша, астық жиятын жаңа жасақты Жəңгір өз
қолымен құрған еді... Əрбір отрядта генерал - губернатордың көмегімен
линиялық қамалдардан алған қазақ-орыстар мен солдаттар барды. Олардың
орнына Жəңгір қыр жігіттерін зорлап айдатып жіберген...
Петербургтен патшаның атынан Ордадағы хан сарайын жабдықтауға
жəне тақ қойылатын залды сəндеуге деп отыз бес мың сом келді. Фатима
сұлудың бір киер салтанатты жасауы, гауһар тас орнатқан қазақша ұлттық
киімі ғана жүз елу мың сом тұратынын еске алсақ, патша ағзамның бұл
сыйы рақымдылық пен дос ниеттің белгісі ретінде ғана берілген кішкентай
тарту еді.
Хан əулетінің шатырдан сарайға көшу салтанаты бұрын - соңды болып
көрмеген ұлы тоймен аяқталды. Алайда бұл думанның қонақтары арасында
сұлтан Қайыпғали Есімұлы болмады.
Ол Петербургтен Николай патшаға да, Жəңгір ханға да риза болмай,
əбден өкпелеп қайтты. Өйткені ол өзін хан тағына кіммен де болса таласа
алатын лайықты бəсекелес санайтын. Жəңгір ханның тобында қатардағы
көп сұлтанның бірі боп жүре беру оның намысын келтірді. Оның үстіне
Жəңгір де оған көңіл бөлмейді, тіпті аға сұлтан деген атақ та бермеді. Хан
нөкерін даланың жас ақсүйектерінен жиып, Орынбордан жиі-жиі қонақ
шақыруға құштар. Солардың алдында өзінің тіл білетіндігін көрсетіп,
едəуір мақтанып қалады. Иван Грозный жөнінде əңгіме қозғап, Барақ
ханның Тəшкенде қаншама медресе, қаншама мазар салдырғанын əлсінəлсін, сан қайталап қоймайды...
Өз қол астындағы жерлерде Жəңгір орыс патшасының тəртібін орнатты.
Алым-салық көбейе түсті: хан дастарқанына деп соғым, сойыс, жасақ
салық, əскер мен қонақ салық; патша генералдарына, жасауылдар мен
шабармандарға берілетін алым; сұлтандар мен дінбасылары үшін төленетін
салық. Хан ордасының маңайындағы он бес мың түтіннің əр қайсысы
Жəңгірге ай сайын тарту əкеп тұруы керек. Кім де кім бұл міндетті
орындамайтын болса, шаңырағы ортасына түсіп, айырлады, жанын береді.
Ал Жəңгірге жеті атасын да болса азғантай жақындығы барлар Жасқұсқа
қарай берді де, ұзамай сарай тұрған Орданың айналасы кішігірім қалаға
айналып кетті.
***
Бір жағынан даңқ құшағына, екінші жағынан Фатиманың құшағына
кіріп, əбден ерке боп алған Махамбет Петербургтен келген соң да ханның
істеріне ден қоймай жүре берді. Бір күні ордаға Исатай старшын
шақырылды. Хан оған Дархан қағаз12, бермек болып еді, бірақ Исатай
алмай қойды.
Менің руым — Беріш, Жəңгір хан, сондықтан да сенің қағазың сен қара
қатарына жатқызған елім мен өзімнің арама қойған қалқандай болуын
қаламаймын.
Сен қағазды алмағаннан ештеңе өзгере қоймас, Исатай аға. Қонған
бақтан қашпас болар, берген қолды қақпас болар,— деді Махамбет
сарайдан шыға берген Исатайға.— Сен қағады алсаң да Беріш руының
басшысы боп қала бересің. Мен де сол елдің баласымын.
Жөн айтасың, Махамбет. Бірақ сөз мен жөнінде емес. Сен құлдар
есірген бақшада тұрасың, ханның қара халықтан тартып алған ақшасына
келген шарапты ішесің. Жəңгірдің дархан қағазын ұстаған байлар,
сұлтандар, билер мен қожа - молдалар кедейлердің өрісін тарылтты.
Ауылдарды түгін қоймай тонап, адамдарды баспанасыз, жерсіз қалдырды.
Еділден Жайыққа дейінгі Атырау жағасының шүйгін шөпті шұрайлы
қонысы канцлер Безбородко мен граф Юсуповқа берілді. Войсковой
атамандар біздің жерді сойған қойдың етін үлегендей бөлшектеп жатыр: ең
семіз, шұрайлы мүшелерін жандаралдар, офицерлер, сұлтандар, қожамолдалар мен хан алады да халық несібесіне мұжылған сүйектер қалады.
Егін жайды, мал жайылымдарын да тарылтып тастады. Жəңгір қазақты
ақсүйек пен қараға бөлді. Өтемістің ұлы болғаныңмен сен де көптен бері
сол ақсүйектер тобындасың. Тарта бер солай, халқың қан жұтып, көкірегі
қарс айырылып отырғанда Жəңгірді мадақтап жырлай бер...
Исатайдың əр сөзі қамшыдай тиді. Махамбет бір қызарып, қуарып тұр.
Мұндай сөзді ол ешқашан естіген емес. Жəне ол өзі əділ де ержүрек батыр
деп жақсы көретін, сыртынан дəйім табынып жүретін Исатай ғой сөгіп
тұрған.
Исатайдың сөзін бір топ жасауылдарының ортасында тұрған ханның
уəзірі, Махамбеттің ағасы — Бекмұхамбет те естіген еді.
— Əй, Исатай, сен тым еркінсіп кеттің, тілің де жыландай улы. Сен
бүгін қонақсың. Сондықтан да бір жолға кешеміз. Бірақ ханның құрығы
ұзын, одан қашып құтыла алмайсың. Есіңде болсын осы. Қонақтығыңды
пайдаланып, Махамбеттің жүрегін улай берме. Ал енді сарай маңынан
тайып тұр.
— Əміріңді екі етпен, Бекмұхамбет. Бірақ екеуміз майданда кездесер
күн қарақ болар,— деді Исатай. Сосын Махамбетке бұрылып — Саған
ешкімнің əмірі жүрмейді. Мынау бақшаның саялы екені рас, алайда ара бал
жиған жерде жылан да у жыятыны тағы да шын.—Исатайдың сөзі оның
дегбірін қашырып, беймаза күйге түсірді. Той тойлап, дастарқан басында
отырса да, аңға шығып, саят құрып жүрсе де, есінен кетпей қойды. Ол енді
бұрынғысындай рақатқа бейқам батып жата алмайтын болды. Хан алдында
иілген басты, қызметші құлдардың əбден ұнжырғасы түскен жасқаншақ
кейіптерін көргенде жыны ұстайды. Бордақыға байлағандай майы сыртына
шыққан жасауылдарға қараса, қаны басына шапшып, қалшылдап кетеді.
Туған ауылды сағынады. Бауырлары да елге шақырып қояр емес. Олар
əкесінің оны жастайынан Мақпалға атастырып қойғанын еске салып, енді
əке өсиетін орындауды талап етеді.
Петербургтен оралғандарына үш ай өткенде, ол ханға айтпастан,
жүзбасы Жантаспен бірге ауылына жүріп кетті. Мұса оларды үйлерінен
жиырма шақырым жерден қарсы алып, ауылға жеткенше Махамбеттің
келгенін жұртқа жайып, қонақ шақырып, алдарында шапқылады да
отырды.
Сол күні-ақ, Махамбет қаршадайынан бірге өскен Мақпалды керді.
Ауылдағы ең əдемі бойжеткен бопты. Кешінде алтыбақан түбіндегі
маздаған оттың басында, өзі сияқты бір топ қыздың ортасында жетіген
тартып отырғанда тағы керді. Лаулаған жалынның жалпылдаған
жарығында ол ертекте айтылатын Күнікей сұлудай елес береді. Екі беті
албырап, жанарында қуаныш оты жарқырап, қолаң шашы қара алтындай
жалтырап отыр. Даусы қандай десеңші! Сыңғырлаған үнінде сағыныш сазы
бар. Əннің өзіне арналғанын, қыздың бұны зарыға күткенін, енді
қуанышын əнге қосып шырқағанын Махамбет біліп тұр.
Келесі күні ол бойжеткеннің тұлпар мініп, топқа түскенін керді. Бір де
бір жігіт қуып жетіп, бетінен сүйе алмады.
Махамбетке достары Мақпалда көп жігіттің ойы барын айтты. Байлар
құдалыққа кісі салғанмен зорлық жасай қоймапты. Оның үстіне Мақпал да
Махамбеттің көзіне шөп салмақ емес.
Екі жастың тойы жасалды. Беріш ауылдарының бəрі - бəрінен қонақ
келді, бірақ араларында Исатай болмады.
Қайда кеткендері белгісіз, əйтеуір көшіп кетіпті,— деп келді жіберген
кісі.— Көл жағасындағы тоғай ішінде ме, əлде Нарынқұмға кіріп кетті ме,
кім білсін...
Жеті күнге созылған той-думан тарқай бастағанда-ақ ханның,
шабарманы келді. Махамбет қайтсын депті Жəңгір. Ақын Жасқұсқа
Мақпалды да ала барды. Жəңгір сұлтан мен билердің салтанатты
мəжілісінде Махамбетті хан тағының, мұрагері — баласы Зұлқарнайдың
ақылшы-ұстазы етіп тағайындады да, Орынборға оқуға аттанатын
ханзаданың қасына еруге бұйрық берді. Мақпалды қайтадан ауылға жіберіп
қалаға жүруге тура келді.
***
Махамбет Орынборда Фатима ханымның əкесі Мұхаметжан муфтидің
үйінде тұрды. Бұл Бөкей өлгеннен кейін Жəңгір кəмелетке келгенше ішкі
орданың билеушісі болған Шығай ханға да, Жəңгірдің өзіне де кезінде көп
ықпал жасаған адам еді. Осы кісінің ақыл-кеңесі бойынша Ордада қожа молдаларының үстемдігі дəуірлеп, кептеген мешіттер салынды, алланың
атын жамылған алым-салық молайды.
Бір кезде Мұхаметжан орыс армиясының офицері—патшаның
Қабулдағы барлаушысы еді, кейіннен Петербургтегі таныстарының
көмегімен Орынборға көшіп барды да, губернатормен достасып алды.
Мұсылмандар оны діннің жоқшысы деп құрметтейтін, ұзамай ол Меккеге
қажылыққа барып қайтты да, өзіне-өзі мүфти атағын берді. Мұхаметжан
бұдан бір жыл бұрын, Жəңгір патшаға барар алдында дүние салғанды.
Сөйтсе де оның үлкен үйі еш өзгеріске ұшырамады, қызметші малайларының саны да азаймады. Оның бəрі Фатиманың арқасында ғой.
Бұл үйде Зұлқарнайдың ақыл - кеңесшісі аз емес екен. Сонан да
Махамбеттің ұзақты күн аңға кетуіне немесе жігіттермен бірге солдаттарды
үйретіп жатқан алаңға барып қарап тұруына мүмкіндік туды. Офицерлер
оған ханның осындағы көзі деп кепе - көрнеу иба сақтап, жария
əдептілікпен қарайтын. Қылыштасу кезінде көрсеткен ептілігі мен керемет
батырлығы оның абырой-атағын арттыра түсті. Ал мылтық ату кезінде
асқан мергендігімен кезге түскеннен кейін офицерлер оны өз ортасына
шақырды. Осы қауымнан бірте-бірте көңілдес достар тауып алды да, өз
шəкіртін жанына қалдырды.
— Ханзадаңның хəлі қалай? Əскер өнерін үйреніп жүр ме? — деп
сұрады одан бір күні басқалардан гөрі тонның ішкі бауындай жақындасып
кеткен поручик Шустиков.
— Қазаншының еркі бар — қайдан құлақ шығарса,— деді Махамбет.
— Бұның орыстың «Каждый на свой аршин меряет»
ұқсас екен, ə?
13дейтін
мəтеліне
— «Вольному воля» 14деген дəлірек шығар.
— Ал, ханзадаң қайда кəзір?
—• Мүфтидің, үйінде пырылдап жатыр.
— Осы қайсақтар Сырымның асы 15дегенді ауыздарынан тастамайды.
Мүфтиге де сондай ас береді екен деседі, рас па сол?
— Тап осы арада «Каждый на свой аршин меряет» деген сөз деп соғар
еді. Халық Сырымды қорғанышым деп жақсы көрсе, мүфтиді иттің етінен
жек көретін. Еске алса, оны қожалар мен имамдар ғана еске алатын шығар,
— деді Махамбет.
— Əркімнің əулиелігі өз басына. Көргенмін мен сендердің
мүфтилеріңді. Ал оның ең жақын досы князь Волконскийдің қолжаулығы
Ермолаев деген болатын. Əй, қанішер еді-ау о да, құдды ханның етегінен
ұстаған мүфтидей болатын. Ақыры жолы аңғарылмай, əскери соттың
жазасына ұшырады. Сендердің, мүфтилеріңді ғой алланың өзі алып тынды.
Қалай десең де дүниеде əділдік бар əлі.
— Ал Николай патшаның офицерлерді дарға асқаны қалай, ол да
əділдік пе? — деді Махамбет əдейі түкке түсінбеген монтаны кейіппен.
— Сөзіңде бүлік бар-ау, ақын!—деп секем алып қалды Шустиков.
Сосын ол да қуақылана күлімсіреп:
— Біздің бұрынғы генерал - губернаторымыз жоғары мəртебелі князь
Григорий Волконский: «Бəрі де құдайдың құдіретінен»,— деген сөзді көп
айтушы еді. Өзі бір рақымы мол, мейірбанды кісі еді. Казармаларды аралап
жүріп, солдаттардың «қарауылға қарап» 16бой түзеуін қадағалайтын.
Сондайда шпицрутен17 жеген ешкім болмаса, қатты - ақ, ренжитін
Жоғары мəртебелі тақсыр солдаттарды, өте-мөте мұжық баласы мен
сендердің қырғыз-қайсақ, тұқымдастарыңды сап ортасынан өткізіп,
шомполмен18, шықпыртқанды айызы қана көрсететін. Өзі ешқашан қол
жұмсамайтын, сырттан ғана бақылайтын.
Махамбет үн қатпады.
Ал сен декабристер туралы өлеңді естідің бе? — деп сұрады Шустиков
кенет.
Декабристерің кім?
Əлгінде өзің айтып тұрған офицерлер ғой. Николай патшаға қарсы бас
көтергендер. Өзің де сол кезде Петербургте болған жоқпысың...
Мен алаңда болғам жоқ. Тек зеңбіректердің дүмпуін ғана естідім,— деді
Махамбет.
Сол офицерлер өз полктарында патша ағзамның указына қарамастан
солдаттарды шпицрутенмен дүрелеуден бас тартты. Ал сенің дəрежесі биік
Жəңгір ханың кəзір өзінің төлеңгіттерін сол шпицрутенмен соғатын бопты
деседі. Рас па сол?
— Бізде шомпол жоқ!
— Шпицрутен орнына қамшы жеген, шыбыққа қарағанда əлдеқайда
қаттырақ дүреленген жігіттерді өз көзіммен көрдім. Оларды осында,
Орынбордың базарында сатты,— деді Шустиков.
— Кім сатты?!
— Алдияр ханның жасауылдары.
— Кімге?
— Бəрі бір емес пе? Кім алса, соған. Бұған арналған указ да бар.
Бұл жөнінде князь Григорий Волконский 1806 жылдың " ішінде-ақ
рұқсат сұрап, Ішкі істер министрлігінің алдына мəселе қойған болатын. Ал
граф Потоцкийдің арқасында помещиктер мен саудагерлер өздері сатып
алған қайсақты жеке меншігіндегі крепостнойлар сияқты құлдану
правосына ие болды. Былайша айтқанда, оны, мəселенки, итке
айырбастаймын десе де өз еркінде. Керек десеңіз, Потоцкий мырза
қайсақтардың баласын сатып алғандарға айырықша жағдай жасауын талап
етті ғой.
— Қазақтар өз баласын сатпайды. Салса, тұтқындарын ғана салады
саудаға!—деді Махамбет. Бірақ Шустиковтың сөзінде шындық барын
біледі. Поручиктің сөзі зəрлі мысқылдан гөрі мұңдас, қарайлас көңілден
туғандай. Жəңгірдің қатыгездігі мен озбырлығын меңзеп, кезейтін секілді.
— Баласын өз еркімен кім сата қойсын, Махамбет. Əке - шешесіз қалған
жетім балалар ғой саудаға түсетін. Далада қаңғырып жүрген жерлерінен
ұстап алады, аштыққа ұшыраған ауылдардан жинайды. Бұны мен тізімнен
білемін... Жерсіз қалған кедей бақташылар Жайықтан өтіп, бізге барады.
қазақтар болса оларды кері қуады. Ауылдар аштыққа шыдамай қырыла
бастайды. Аман қалғандары жетім балаларды сатып күнелтпек болады,
қайтсын, тұйықтан шығар одан өзге жол жоқ болса бишараларға, бүйткенде
тірі қалары хақ қой, əйтеуір...
Шустиков аяусыз ашық айтып тұр. Махамбет үн қатпады. Бұл арада
таласудың да, ашудың да орны жоқ. Ол өзегін өртеген ызаны шарапқа
жеңдірмек болып іше берді, тыңдай берді. Бір кезде қарт ақынның аузынан
естіген Ақтамбердінің19 мына бір өлеңі түсті:
Күлдір де күлдір кісінетіп,
Күреңді мінер ме екенбіз,
Күдеріден бау тағып,
Ақ кіреуке киер ме екеміз!
Жағасы алтын, жеңі жез,
Шығыршығы торғай көз,
Сауыт киер ме екеміз!..
Қоңыраулы найза қолға алып,
Қоңыр салқын төске алып,
Қол төңкерер ме екеміз!
Ол мас болған жоқ. Ішкен сайын ойы да ұстарып, ұштала түскендей еді.
Енді есіне Исатайдан келген хат түсті. «Ақын деген—ел еркесі. Бірақ олар
халық сүйіспеншілігі мен халық үмітін ақтамаса, қарғысқа ұшырайды.
Дала дəстүрі осындай. Қазтуған 20 да, Шалкиіз бен Жиембет21, Тəтиқара да,
Бұқар жырау 22да — осы ақындардың ешқайсысы да өмір бойы ханды
жырлап, ханды мадақтап өмір кешкен жоқ»— деп жазған еді Исатай. Бұл
хат оған қатты əсер еткен, Исатаймен соңғы кездесуі көз алдына қайтақайта оралып, көпке дейін кетпей қойған...
Махамбеттің оңаша шығып, жалғыз қалғысы келді...
Орынборға келген аға сұлтандардың біреуі оны мүфти үйінің
сыртындағы бау ішінде отырған жерінен тауып алып,тақ мұрагерін
тəрбиелеуге онша көңіл бөлмей, өз бетімен кеткені үшін ханның атынан
реніш білдіріп, ашу шақырды. Махамбет əлгі сұлтанды нөкерлерінің
көзінше дауыстап тұрып сыбап алды да, қайтадан Шустиковтың үйіне кетіп
қалды. Бұнда ол Жəңгір ханның дұшпаны Қайыпғали Есімовтің бүлік
шығарғанын естіді. Бұл хабар генерал - губернатордың кеңсесіне бүгін
келіп түсіпті.
Мүфтидің үйіне қайтып оралған Махамбет жігіттеріне ат ерттесуге
бұйрық берді.
Сол жолы ордаға қайтып келе жатып ол енді не істейтінін білген жоқ.
Тек бір нəрсенің басы ашық — əбден өшіктіріп болған хан сарайын енді
мəңгібақи тастап кететіні хақ.
Қыр жолдарында, бүгінде мына жатқан Жейқұнның бойындағыдай
күйкі - жүдеу кедей кештер ұшырасады. Біреулері Жайықтың арғы бетіне,
біреулері бергі бетіне өтпек. Жерден өріс жайылымнан жұрдай болған
ауылдар қоныс іздеп аласапыран. Өзен - көлдің жағасы мен бұлақ саздың
саласындағы жақсы жерлер қолдарында Дархан қағаздары бар байлардың
сұлтандардың хан тұқымының, еншісіне берілген, шеніне жуытпай айдап
шығады. Жатақтардың астындағы атын, түйесін, соңғы қойын тартып
əкетіп жатыр. Хан жасағындағы төлеңгіттер, линиялық қамалдардағы
жасауылдар мен қазақтар бас көтерер, пана болар естияр еркектерді айдап
кетіп, артында қалған қыз-келіншектерін қорлайды. Кедей ауылдар
жазалаушылардың көзіне түсе бермеу үшін қоныстарын күре Жолдардан
аулақ салып, құм ішін бойлай отыратын болды...
Махамбет жолшыбай еш жұртқа тоқтамады. Ешкімнен ешнəрсе
сұрамастан, өз ойына терең шомып, жүре берді.
Екі күндік сапардан соң Махамбет пен оның достары Жайық
қамалының жолаушылар аялдайтын үйіне келіп жетті де, ат ауыстырып
мініп, Ордаға тура баратын жолға түсті. Орман ішінде олар суатқа тоқтаған
кішкентай шекті ауылына тап болды. Салт аттыларды көргенде үстері
жалба-жұлба, жалаңаяқ, балалар арбаларға қарай дүркірей қашып, əйелдер
дереу отырып өшіріп, оны-мұны заттарын жинастырып, түйелерін қомдай
бастады. Еркектері бір жерге иіріліп топтана қалды.
— Қайдан келесіңдер, қайда барасыңдар? — деп сұрады Махамбет.
— Көктемнен бері көшумен келеміз. Ата-бабамыздан бері жайлап келе
жатқан жеріміз бір атаманға ұнаған екен, енді қай арадан барып ошақ
қазарымызды бір алланың өзі ғана біледі, тақсыр,— деді арық шал,—
Арқандаған аттай болып жүрміз ғой шыр айналып. Еділге жетіп ек —
патша жері деп əрі жібермеді. Жайыққа барып ек, одан да өткізбеді — жер
өзіміздің қазақтікі болғанмен қамал құрып, бөлшектеп тастапты ғой, түге.
Шекарадан өтуге болмайды дейді. Тоқтайық десек — түріп шығады, жер
өзіңдікі болмаған соң... Енді бізге бір-ақ жол қалды — құмға барып
паналау. Қолымызда түгіміз жоқ: астан да, малдан да жұрдаймыз. Екі
шалымыз бен бірнеше баланы жолшыбай көмдік, мырза. Қəзір сізге берер
лайықты дəм де таппай қиналып тұрған жайымыз бар. Рахым етіңіз,
айыпқа бұйыра көрмеңіз...—Бір беті жарақаттан қисайып кеткен арық шал
— ауыл ақсақалы Махамбет атының алдына жер тізерлей құлады. Балалар
жылап жіберді.
Сұмдық еді бұл. Жұрт тамақ бере алмаған жоқшылығымыз үшін жазаға
ұшыраймыз ба деп қорқып тұр. Мəңгілік қорқыныш құшағында ғой бұл
пенделер. Кез келген салт атты кісі бұлар үшін бақытсыздық белгісіндей.
Сондықтан да олар жол үстіндегі кездесуден шошынары хақ...
Махамбет енді кеш атаулыға жолауды қойып, оларды сонадайдан
айналып өтетін болды.
Ордаға Орынбордан аттанғандарына бірнеше күн болғанда келіп жетті.
— Майдан даласынан асыққан шапқыншыдай болып, тез - ақ жеттік-ау,
— деді Махамбеттің бір досы алдарындағы құм төбелердің астынан
Жасқұс ойпаңы шыға келгенде.— Осыншама ұзақ жол оңай емес-ау. Сонау
Жайықтан Еділдің жағасына дейін...
Ойпаңға түсер алдындағы биіктен ашылған көрініс тамаша екен.
Айналасын алтындай жалтыраған құм шағылдары қоршаған ертегінің
кілеміндей кең жасыл алқапта ирелеңдей аққан айна бұлақтар мен шағын
өзендер, сарғайған егін мен өрттей қызарған тары егістігі, шоқтана өскен
тоғайлар мен жайқалған шабындықтар, бытырай қонған ақ шағаладай
ауылдар, жайылған мал көрінеді... Бірақ бəрінен де жолаушыларға ең
жақыны қамал еді. Барша жолдың түйіні соған барып тіреледі.
Махамбеттің ауылдарына апаратын тар соқпақтың басы да осы түйінде
жатыр-ау, тегі. Осынау ойпаң бір өзінің бойына шел сағымы мен дала
елесінің барша түрін түгел жинап алғандай.
Қамал қабырғаларының түбінен қазылған терең өр алыстан
байқалмайды, оның үстіне мүк басқан қабырғалар да алқаптағы жасыл
шалғыннан онша ажыратарлық емес. Сарай ғана мен мұндалап оқшау көзге
түседі. Көше жақтағы қызыл түсті зор есіктің алдына ақ мəрмəрдан алты
діңгек өріпті. Сарай сəн-салтанаты мол, еңселі салынған. Оның екі
қапталын ала хан туыстарының үйлері тұр. Оларды қаусыра орналасқан
қызметшілер мен күзетшілердің жатын орны, одан əріректе бау-бақша,
тағы да қалың қабырға көрінеді. Сол қабырғаның арғы жағында тастан
қалаған абақты, терең зындан, тұтқындардың жылаған даусы да сол арадан
шығады...
Ат тұяғы Жасқұстың жұмсақ шалғынына тиген кезде таяудағы шоқ
қайыңның ішінен бір топ құс ұша жөнелді. Арттарынан қаршыға қуып
барады.
Қап, қорамсағым болғанда, шіркін! — деп өкінді атқосшы жас жігіт.
Болмағаны мұндай жақсы болар ма, əйтпесе өлер жерің сол ғой. Сен
тартқан садақтан түсе қоятын қандай сұңқар ол?!—деп күлді екіншісі.
Қаршыға деген бір құс бар,
Қанаты айдың астында,
Ұясы оның саяда,
Қарағай, қайың басында.
Аңқау өскен ер едім,
Бұла болып жасымда.
Бұл қонысқа қондырған
Ата-бабам оңбасын,
Таңда — сират 23басында!..
Атқосшы бозбаланың үні ашық та ащы екен. Махамбеттің өлеңдерін
бірінен соң бірін еске түсіріп, шабыттана жатқа соғып келеді. Онысын
ақын да ұнатып қалған.
Уаһ - һай! Бас, бас! Өлеңдетіп, əндетіп кірелік Жасқұсқа!—десіп
жігіттер де дүркіреді. Астарындағы аттары да ұнамай белдері босайтынын
сезіп, оқыранып, ауыздық сүзе бастады.
— Махамбет сөйлесін, жаңа шығарған өлеңдерін айтып берсін!
Сапарымыздың аяқталу құрметіне! — деп қояр емес достары.
— Ер жігіт өз жолының қай жерде аяқталатынын біле ме екен, сірə?—
деп сұрады Махамбет. Достарына бір қарап алып, көзін Жасқұстың ұланасыр жасыл жазығына қадады:
Ай астында бір көл бар
Ат шаптырса жеткісіз...
Ортасында алуа, шекер бар
Татқан қулар кеткісіз.
Ол бір сəт үнсіз қалды да, ойлы жүзбен жалғастыра берді:
Қарада да қара бар,
Хан ұлы басып өткісіз,
Алланың бір күні бар,
Бір жарым ай жеткісіз.
Мұңдас ерлер болмаса,
Менің айтқан сөздерім
Құлқыңа жаман жеткісіз...
Жігіттер біріне-бірі қарасты. Ақын жұмбақтап сөйлеп келеді. Осы сəтте
олардың алдынан тым-тырақай шапқылаған көп салт атты шықты.
— Не көрінді? Жақсылыққа болса еді мыналары? Өй, бұ неғылған
бəйге? — деп дауыстады Махамбет.
— Бəйге де ертең, шаршы топқа жігіт түсер ат ойын да ертең! —деді
ұзын бойлы бозбала тізгінін тарта беріп.— Армысыз, ақын - аға! Хош
келіпсіз!
— Бар бол, інім, атың кім? — деді Махамбет.
— Құмар, Жаппас батыры Нарымбайдың баласымын. Əкем жеме-жемге
келгенде талай жолбарысты жайратқан кісі. Өзім Жантастың жүздігіндемін.
Жантас сізді əбден сағынды, күтулі. Ертең біздің жүздік масқарлардың
жүздігімен жарысқа түсетін еді, аттарымыздың терін ап жүрміз. Көптен
бері жүгірмей, шəу боп қапты жануарлар. Бүгін түн таң асса, ертең
əлекедей жаланып шыға келеді ғой. Аяқтары да жеңілдейді...
—• Ал аналар кім? — деді Махамбет, қамалдан алыстап бара жатқан
жүксіз керуенді нұсқап.
— Ханға-—қарыздарың бізге атшы, жалшы əкеп беріп, енді қайтып
бара жатқан Шөмекейдің алаяқтары ғой. Ақсақалдары кеткен жоқ, ханға
айтар арыздары бар көрінеді. Хан болса аң аулап жүр.
Қабағың қату ғой, Махамбет. Орынборда не болды? Əлде тағы да
ханымның құшағын сағынып қалдың ба? Ондай болса, күзетінде тұруға
мен дайын. Фатима да күтулі шығар, деп қулана сөйледі Жантас оны
шығарып салып тұрып.
Қашан да өстіп қылжақтайсың да жүресің. Менің келгенімді ханым
естімей-ақ қойсын...
Əлдеқашан біліп алған болар-ау. Алдай алмайсың оны. Сен немене,
ханның рұқсатынсыз келіп пе едің?
Иə.
Ал тұқымы қайда?
Орынборда.
- Онда сен мұнда неге келдің?
— Сенімен қоштасайын деп...
— Немене сонда, хан ордасы жақпағаны ма саған?
- Менің өз ордам бар ғой.
— Оның несі артық?
— Басқасы болмағанмен, бостандығым артық.
— Бостандық деген — еркін өмір ғой. Біздің арамызда сенен еркін адам
жоқ. Айтқан сөзің сұлтандардың да, жарлы-жақыбайдың да аузынан
түспейді, байлар келіп бас иеді, əйел біткен ғашықтықпен көз сүзеді өзіңе.
Осы сен Қайыпқали сұлтанның жолын қуғалы жүргеннен саумысың?
Есіңде болсын, біз оны ұстайық деп əскер жиып жатырмыз.
— Қош бол! —деп Махамбет оның сөзін бөлді.
Жəңгір демалып отыр. Аңнан түнде қайтқан, енді бүгін таңдаулы
жасауылдарының өнерін көрмек. Анадайда бірінен - бірі оқшауланып он екі
ата байұлының жас сұлтандары мен байлары тұр.
Бұл күні Ордаға жиналған белгілі старшындардың қасында атағы жер
жарған қос батыр да бар: Парижге шапқаны үшін медаль алған, бір кездегі
орыс армиясының солдаты Нарынбай кəрия, оның жанында жігіт шағында
жау жүрек Əкім атанған, Бородино шайқасында көрсеткен қаһармандығы
үшін Кутузовтың өз қолынан наград алған, қазір алыстағы Жиделі
ауылында тұратын Алдияр ақсақал. Нарынбай мен Алдиярды хан
отставкаға шыққан князь Волконскийдің орнын басқан генерал Эссенге
көрсетейін деп шақыртқан болатын. Жаңа генерал-губернатор ханға
қонаққа тек ертең келмек. Ал бүгін жігіттер дайындықтарын ақтық рет
байқап көруге шықты...
Жігіттер көк майданға жиналып жатыр. Тебенің етегінде айналаларына
жалтақтай қарап, бірақ сонда да өздерінін, осалдықтарын сездіргісі
келмегендей, еңселерін көтеріңкі, тік ұстап Шөмекейдің кедей
ауылдарынан келген ақсақалдар тұр.
—Анау арыз айтқыш жанашыр немелерге барып айт: ауылдары указ
бойынша тиесілі қой - жылқысын айдап əкелгенше осы арадан тырп
етпейді! — деді хан жаршысына.— Оған дейін қамап тастаңдар өздерің!..
— Қылыштасуды бастауға болады, тақсыр! Төлеңгіттер дайын тұр,—
деді Жантас ханға,— Содан кейін біздің жүздік масқарлармен жекпе-жекке
түседі...
Хан үндемеді. Шатырға Махамбет таяп қалған еді. Жəңгір ақынның
тым еркінсіп кеткендігіне ызалы болатын. Maхамбеттің Орынбордан келіп,
енді өз ауылына аттанбақ боп жатқанын бүгін таңертең естіген. Жолынан
тоқтатып, осында əкелуге əмір қылған. Басқаларға қарағанда Махамбеттің
жөні бөлек, ханның онымен жүз шайысқысы келмейтін. Ақындармен
араздасқаннан абыройың артпайды. Бірақ бүгінгі қылығы бастан асып
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Сенім - 04
  • Büleklär
  • Сенім - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3890
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3975
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2312
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3781
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2464
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1583
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.