Latin Common Turkic

Сенім - 02

Süzlärneñ gomumi sanı 3961
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
десеңіз, мынадай жап-жас сұлу ақынға міңгесіп келе жатқанына бір
есептен қуанып та отыр...
Топырақтан соққан қалың дуалмен қоршалған алаңда ине шаншар орын
жоқ. Бас қақпаның алдындағы екі жаққа қатар - қатар тігілген шатырларда
жиһаз - дүниеліктерін жайып тастап, алыстан келген жат жерлік
саудагерлер отыр. Қастарына қызметшілері мен құлдарын ерткен дəулетті
алармандар сауда қатарларын ерсілі-қарсылы маңғаздана аралап жүр.
Жол бөгеген халық нөпірінен құтылу үшін Махамбет атының, басын
сол жаққа бұрды. Қалың тобыр дереу сиреп сала берді. Шаң, үстінде
аяқтарын астына басып қатар-қатар отырған хатшылар мен жаршылар
көрінеді. Бұлар құранның кез - келген сүресін, Көрұғлы жайлы қиссаны
немесе «Шаһнама» дастанының тарауларын жатқа соғатын, қажеті болса
ханның атына өтінішті де, қазыға айтар шағымды да табан астында жазып
бере қоятын жандар. Олардың сыртын ала, дуалға тақау, қолдан жасаған
қағаздарын саудалап ісмерлер жайғасыпты.
... Күш емес жеткізетін ұлылыққа,
Күш емес тастап кетер жер қылып та.
Жаһанда құрмет, қасірет — барлығы да
Пенделіктен екенін сен де ұмытпа...
деп басына кір басқан шалма ораған, ұзын ақ сақалды үндіс
шіңкілдеген əлсіз дауыспен қасиетті «Панчетантадан» үзінді оқып отыр.
Оның арғы жағында даңғараның дабылдатқан дүбіріне ілесе қимыл жасап,
қытай сыйқыршысы өнер көрсетіп жүр.
Аттар қалың жұртты қақ жарып келеді. Аяқ астында қайыр тілеген
кемтар - мүгедектер зарлайды...
Сандал ағашының жұпар иісі, қолқаны қабатын шаң мен қолаңса
сасыған тер, аңдыған жеміс-жидек, шыжғырған еттің түтіні, шырқаған əн
сазы, жылаған дауыс сұңқылы, дабыл» дың, дүңкілі, сарнағам
жаршылардың, бақырған түйелер мен ақырған есектердің құлақ жарар ащы
үні бірімен-бірі ұласып кеткен толассыз шуыл — осының бəрі Нұрбалдың
басын айналдырып жіберді. Алдағы тірлігі не боларын білмей сарыла
күткен əне бір ауыр күндерде қалжырағаны жəне бар. Буын - буынынан
мүлдем əл кетіп, құлап қалмас үшін ердің қасынан мықтап тұрып ұстады
да, Махамбеттің кеудесіне арқа сүйеп, жабысыңқырай отырды...
Жігіттер болса Шам шаһарында соғылған алмас қылыштарды,
күмістеген ер-тұрман, қалқан мен кіреуке - сауыт, білтелі мылтық, болат
қанжар көреміз деп кеп бөгелді...
Ақырында олар базардың шетіне де шықты. Мұнда алыстағы елдер мен
жақындағы жерлерде қолға түскен, өзбек қыстақтарынан, қазақ, түрікпен
ауылдарынан, орыс селоларынан айдалған тұтқындарды тірідей сатады
екен. Араларында сонау Астрахань түбінен айдап əкелген қауға сақал
балықшылар да бар. Бұларды Адай руының атақты қарақшысы Шəбек пен
солдаттан қашқан жаужүрек атаман Андрей Стрельщиков əкеп сатады.
Хиуа ханының жарлығы бойынша Андрей де, Шəбек те өз
сыбайластарымен бірге Каспий теңізінде қарақшылық ететін. Хиуадан
келген делдалдар тұтқындарды солардан сатып ап, осы базарға əкеліп
саудаға салады. Адам саудасы Хорезм əмірінің қазынасына көп пайда
түсіретін. Бұның өзі тəж бен тақ қоңырат əулетінің қолына көшкен он
сегізінші ғасырдың жартысынан бермен қарай дəстүрге енді. Ал таққа
Аллақұл отырғаннан кейін құл сатудан түсетін пайда екі есе артты.
Махамбет тобы жаршылардың, жамыраған сөзін
тұтқындарға көз тоқтатпастан, ақырындап шеттей берді.
тыңдамай,
— Ағайындар-ау, қай елсіңдер?— деді Жантас, қолдары байланған екі
қазақ жігітін кергенде шыдай алмай.
Үлкені басын көтерді, бет-аузы соққыдан көнектей боп ісіп кетіпті,
бірақ үндеген жоқ.
—- Жейқұнның сағасындағы қара қыпшақтар ғой. Малдарын айдап
əкеткен алдиярдың сарбаздарымен шекісіп қапты,— деді топ ішінде тұрған
егде жастағы хиуалық, қазақ тұтқындар үшін жауап қайтарып.
— Ал өзіңіз Қайыпғали сұлтанның нөкерінен емессіз бе, мырза?
— Жоқ!— деп кесіп айтты Махамбет.— Қанша сұрайсың мыналардың
құнына?—Саудагерге өктем үн қатып, атаған бағасын естіді де, бір дорба
теңгені аяғының астына лақтырып тастады. Жантас қос жігітті матастырған
арқанды қылышымен қиып жіберді. Жас тұтқын Махамбеттің алдына
тізерлей жығылды.
— Қолдарына бос деген қағаз бе!—деді Махамбет тепсініп.
— Қандай қағаз? Оның не керегі бар?—деп саудагер алақанын жайды.
— Құл дегеннің құлдықтан құтылмасын шаирлардың білмегені...
— Сендер енді боссыңдар. Бұдан былай өз еріктерің өз қолдарыңда,—
деді Махамбет тұтқындарға. Жиылған жұрт оған тесіле көз тігіп тұр:
біреулері риза болып қызыға, екіншілері атарға оғы жоқ, сыздана қарайды.
— Қазақ, ақыны Хиуада сұлу таңдап шапқылап жүр! — деді əлдекім.—
Қайыпғали сұлтан екеуінің ниеті бір. Аллақұлдың ауылдарды шабуына
болыспаққа кепті...
Ызадан қап-қара боп түтігіп кеткен Махамбет атын ышқынта тебініп,
ата жөнелгенде бейқам отырған Нұрбал ауып қала жаздады. ? Құрт үнсіз
қақ жарылып, жол берді.
— Уа, тоқтаңдар!—деп қырылдай айғайлады егде тұтқын.
— Иə, не айтпақсың?— деп Жантас оның жолын бөгеді.
Мырзаңа айта бар: маған сатқынның ақшасына алынған бостандықтың
керегі жоқ!—Тұтқын ентіге сөйлеп тұр, екі көзі қанталап кетіпті.
— Жап аузыңды, ақымақ!— деп Жантас оны жотадан қамшысымен
тартып жіберді. Балабек Жантасқа жармасты.
— Қарусызға қамшы жұмсамас болар!
— Тантығанды тезге салады!— Жантас қамшысын Балабектің қолынан
жұлып алды.
— Құтқарғыштар...— тұтқын тісін шықырлатты.— Қазақ ақыны.
Жырлағанда қыран көрінгенімен іс - тұрпаты қарғадай ғой. Сауға сұрап
Хиуаға кепті. Сырым батырдың, түбіне жеткен Хиуаға... Уа, өз елің қайда
сенің? Мені босатып жақсы атыңды шығармақсың ғой! Кім сенеді мені азат
дегенге? Қара, əні! Апа-қарындастарымызды, аяулы аналарымызды сатып
жатыр тобымен! Сатып ал соларды! Қатын ет...
Есінен айырылғандай сілейіп қалған Махамбет ашынған жігітке
тікірейе қарап тұр. Ызадан қалш-қалш етеді. Бұлшық, еттерінің бұлт-бұлт
ойнап, болат серіппедей ширатыла қалғанын Нұрбал да сезді. Кенет ол
қызды алдынан аударып астады да, жылаған əйелдер жаққа қарай шауып
ала жөнелді. Қазақ əйелдері — жоқтау айтып тұрған.
...Қару-жарақ асынған хиуалықтардың қоршауында беттері ашық,
қыздар тұр. Бұл қалада, жалпы күллі Орта Азияда тек қазақ, əйелдері ғана
перде, не пəрəнжі салмай, жұрт көзіне көріне алады. Қыздардың аппақ
қудай өңдерінен басқа ештеңені көрмей, олардың солқылдап жылаған
даусынан басқа ештеңені естімей, Махамбет келеді топ жарып. Арулар
далба - жұлбасы шыққан көйлектерін де, жайылған шаштарын да жинай
алмай, қорқыныштан, ұят пен өртенген намыстан жерге кіріп кете жаздап,
қуа - қуа сілесі қатқан киіктей боп, бір-біріне шағылысып тұр. Олардың аяқ
астында екі бетін жосадай ғып жыртып тастаған кемпір жоқтау айтып
жатыр:
... Қорған қайда, ел қайда, ерлер қайда?
Жалынғанмен жауыңа, келмес пайда.
Еркек кіндік қазақ та құрыған ба,
Ту түбінде табысар жолдас қайда?!
Оу, алла, өзің жар бол жетімдерге,
Бізге енді елім артық өмірден де —
Хиуаның қорқаулары қан жұтқызып
Əңгір таяқ ойнатар кəріп елге...
Оу, алла, азабыңды маған - ақ бер,
Ара түс мынау тұрған жетімдерге!..
Батыр ақылын ашуға жеңдіріп, қолын қаруына созды. Махамбет сарт
еткізіп қылышын қынаптан суырып-ақ алды. Бірақ қыздарды күзетіп
тұрған жауынгерлердің найзалары Махамбеттің кеудесіне тірелді. Темір
шықырлады. Балабек пен Жантас ақынға көмекке келіп үлгеріп, сілтенген
қаруларды қағып-қағып жіберді. Махамбеттің, аты аспанға шапшыды.
— Алдиярдың атымен əмір қылам, тыныштық пен тəртіп сақтаңдар!—
деген дауыс саңқ, ете түсті. Боп-боз болып кеткен Жантас тағы да
Балабектің қасына келіп, иық тіреп тұра қалды.
— Кімсің өзің? Түріңе қарағанда сұлтансың, іс-қимылың қарақшыдай!
Айт, жаның барда, əйтпесе ішек - қарныңды шаңға ақтарып тастаймын!—
деп ақырды əсем киінген жауынгер. Өзі жердің астынан шыққандай лезде
пайда болды. Жанында ханның сенімді жендеттері — миршабтар бар.
Махамбет достарымен бірге қоршауда қалды.
Миршабтардың бастығы да келді. Ол Махамбетке тесіле қарап біраз
тұрды да, сосын ақынды хан сарайынан көргені есіне түсіп, жайдары
жүзбен күлімсіреп қоя берді.
— Өмір - жасың ұзақ болсын, ұлы падишаһының мейманы!
Ол ақынға неше дүркін иіліп тəжім етті де, бақырауық жауынгерді
даңғойсың деп, жерден алып, жерге салып балағаттап тастады...
— Сіз боссыз, мырза. Мынаны сізге ұлағатты алдияр өзіңізге деген зор
рақымы мен ілтипатының белгісі ретінде тарту етеді!
Миршабтардың бастығы Махамбетке жіңішке ай бедері салынған күміс
табақшаны берді. Бұл Хиуа хандығының жерінде ешкім тимесін дейтін
белгі...
Қыздардың аяқ астында жатқан кемпір тағы да зарлап жөнелді.
Кескілескен шайқас көруге жиналған жұрттың үміті ақталмай, топ та
біртіндеп тарай бастады. Осы арада ғана Махамбет айнала қаптаған қарақұрым халықтың түгелдей қару-жарақ асынып алғанын байқады. Тегінде,
адамның қадыр-қасиеті иығына асынған қарулардың саны мен сапасына
қарап бағаланатын сияқты. Сөз семсерге берілген шақ.
Базар іші тағы да даң-дұңға толып кетті. Қарызын төлемегені үшін
құлағын кесіп тастаған бір бишараның есірік ащы күлкісі адам жанын
азыната, аяздай қарып өтті. Бетке ұрған аптап пен өкпені қысқан
қапырықтан, ойламаған жерде жағаға жармасқан пəле-жаладан бас
айналып, екі шекесі солқылдай бастады. Жейқұнның суындай неше түрлі
кір-қоқыс, лайсаңға толы мынау теңіздей толқыған көпшіліктен тезірек
құтылғанша тағат таппай келеді Махамбет. Атының соңынан аяғына
оралған ұзын желбегейіне шалынып жығыла жаздап, үрейі ұшқан Нұрбал
келеді дедектеп жүгіріп.
Ол қалып қоям деп қорқады. Қалып қойса, бас салып ұстап қалады да,
анау тұрған қазақ қыздарының кебін кигізіп сатып жібереді деп қорқады.
Көзін тарс жұмып алған. Махамбетке жалбарына қол созып, үзеңгісіне
жармасады, аяғын құшады. Əлгінде Махамбет босатқан жас жігіт те
жуасып қалыпты, Жантас мінген аттың соңынан үнсіз желіп келеді.
— Əкет мыналарды, Жантас! Əкет деймін аяққа оралғы етпей, апар
Төкеге,— деп ақырып қалды Махамбет, алға оза беріп.
— Өзің қайда барасың?
— Бəрі бір емес пе қолынан түк келмейтін сорлыға!
Махамбет тақымын қысып қалды артына бұрылып та қараған жоқ.
Балабек те ілесе кетті. Айналдыра биік қамал соғып, терең өрмен қоршап
тастаған хан сарайы тұрған төбені орағыта шауып өтті де, қаланың кіші
қақпасына қарай құйындата жөнелді. Үстіне оқалы ақ шекпен киген сұсты
жауынгерді тоқтатуға күзетшілердің батылы бармады.
Махамбет пен Балабек қамал сыртына шығып көрінбей кетті. Нұрбал
тұтқыннан босатылған жігіт екеуі Жантасқа ілесіп, қазақ мəхəллаларына
қарай аяңдады.
Қыбыр еткен тірі жан жоқ, тар көшелерді шарлап өтіп, олар осы
мəхəлладағы бірінен-бірі аумайтын кішкентай көп қақпаның біреуіне келді.
Жантас тақылдатты. Іштен шашын тақырлап алдырған, үстінде кең
жейдесі, бұтында қабыған шалбары, аяғында көнетоз ақжем етігі бар, арық
денелі адам шықты. Беліне қайқиған шолақ пышақ асып алыпты.
— Төке, мына қызды үйге апар. Тынықсын, қанша жол кешкенін кім
білген байғұстың... Махамбет жіберді,— деді де, Төкенің əлі де түсінбей
тұрғанын байқап:— Заты ауған ғой. Махамбетке ханның өзі айттырып
қойыпты... Ал мына жігітті сырт көзге түсірмей, жасырын жолмен өзіміздің
бір үйге жеткізіңдер. Со жерден өзінің қарақыпшақтарын тауып алады.
Киім-кешек, қару-жарақ берсін. Ат тауып береміз. Атың кім, жігіт?
— Ноян.
— Тым жас емеспісің өзің?
— Жиырма бестемін.
Төке қонақтарды аулаға кіргізді. Сосын Жантасты бөлек шығарды да,
құлағына:
— Сүйінқара батырдан хабар келді,— деп сыбырлады.— Жұма күні
қамыс арасында күтпек. Түйе өткелдің тұсында...
— Махамбет Дарияға кетті. Сабасына түссін, өзім қарсы аламын ғой.
Жантас бір кесе қымыз ішті де, аттанып кетті. Төке мен Ноян ауланың
түкпіріндегі ат қораның сыртында ескен шағын баққа кіріп жоқ болды.
Əлдеқайдан бір бала келді де, қабырғаға тақай қойылған ескі тақтаға
жайғасып алып, Нұрбалды алара қарап бақты да отырды. Теке қайтадан
келіп, қызды қаракөлеңке салқын бөлмеге апарып кіргізгенше əрең
шыдады. Содан кейін ол су, күлше нан, жүзім əкеп беріп, қызды оңаша
қалдырды.
Нұрбал үрейі ұшып, бұрышқа барып тығылды да, талайға дейін есіктен
көз алмады, бірақ ішке ешкім кірмеді. Ақыры аштықтан өзегі талды білем,
нан мен жүзімді апыл-ғұпыл жеп алды. Сосын ыдыс-аяқты жинастырып,
қайтадан бұрышқа барып отырды. Жүрегі орнына түсіп, тынышталайын
деді. Көзі ұйқыға кетіп бара жатып, Ғираттың аржағындағы тауда қалған
кішкентай жеркепені, ертеден қара кешке бел жазбай бейнеттенетін кəрі
əкесін есіне түсірді. О байғұс көлемі мына есіктің аржағындағы шағын
ауладан екі есе кіші, байдан жалға алған, алақандай жерге атбұршақ,
күнжіт, апиын, бидай егіп тыным таппайтын. Атызды айналдыра жүгері,
анар, шабдалы өсіретін. Əкесі мықты - ақ диқан еді, жылына екі өнім
жинайтын. Сонда да қарызын өтей алмайтын, құлдың аты құл ғой. Бəрін де
қожасы иемденіп кетеді, Нұрбал да соның меншігінде. Бұны саудагерге
жібек шекпен мен бір жылқыға сатып жіберген де сол ғой. Əкесі бергісі
келмеп еді, қол-аяғын байлап, сабап - сабап, анар ағашының түбіне тастап
кетті. Тірі ме екен сорлы?..
Ұйқылы-ояу жатып Нұрбал қырқа - қырқа белестер мен мидай
жазықтан асқан ұзақ жолды, апшыны қуырған ыстықтан қызарып көрінетін
тастақ сүрлеуді есіне алды. Сонда алаулаған аптапты неше күн кешті,
қанша кру9 жер жүрді екен? Көз алдына тар ойықтары үңірейген оқ
рабаттары, олардың меңірейген дүлей күзетшілері келеді. Тар бөлмедегі
балшықпен сыланған еденге жая салған алашаның немесе жөке төсеніштің
үстіне өзі сияқты күн, қыздармен бірге құлай кетіп, көз шырымын алатын.
Тіпті түсінде де түйенің өркешінде жүретін: аттаған сайын іші-бауыры
солқылдап, көкірегі сыздайды... Кейде жол бойындағы құм қатқақ сүр
қардай көзге шағылысады, кейде аяқ асты жол емес, дал - дұлы шыққан
қаңылтыр сияқты көрінеді...
Қыз кеш оянды. Күн сəулесі тар терезеден кеткелі қашан. Есік ашып еді,
ымырт үйіріліп қалған екен.
Аулада бөтен ешкім көрінбейді. Бала лапастың астындағы Төкеге бұл
ұйықтап жатқанда шауып əкелген жас шөпті ақырға салуға көмектесіп жүр.
Үп-үлкен төбет баланың аяғына сүйкеніп тұр.
Есік сықырын естіп, Төке жалт қарады. Қыз есікті дереу жаба қойды да,
орнына барып отырды.
Төке май шам əкеп жақты. Одан кейін бала ыстық палау əкеп берді.
Едендегі кішкентай терең шұңқырға шоқ тастап, үстіне шəугім қойды.
Мұнда жатып ұйықтауыңа болады дегендей, Теке екінші кеңірек бөлмеге
апаратын оюлы есікті ашып қойды.
Тағы да жалғыз қалды. Ақын тек таң ата келді: өзі ашулы, шаршаған.
Лəм деместен кешкі тамағын іше бастады. Coсын жуынбақ болып, құманға
қол созды. Қыз орнынан атып тұрып, қолына су құйды. Жуынып болған
соң қымыз ішті де, кенет қызға бұрылды:—-Таста мына бүркеншігіңді.
Біздің қыздар бет жапқанды білмейді!—деп жамылғысын жұлып алды.
Қыз ыршып кетті...
***
Апталар артта қалды. Нұрбал Хиуаға келген түні мұнаралардың үстінен
əлемге ажырая қарап, табақтай боп баттиып тұрған толық ай енді
таусылайын депті, оның орнын орақтай жіңішке жаңа ай алыпты. Бұл
шақта Нұрбал да Maхамбетке бой үйреткен.
Махамбет онымен аз сөйлеседі. Кейде қатты кетіп, дөрекілікке басып,
тауын шағып тастайды, кейде бұны мүлдем ұмытып, өзінің тұңғиық ойына
батып, қамығып отырып қалады. Енді бірде ол бұған əзінің туып - өскен
даласы жайлы, қазақтар туралы айтады, қыздың отаны жөнінде сұрақ
қояды. Бірақ қыз Ғират туралы ештеңе де білмейді, оған əкесінің шап шағын ауласы мен алақандай бақшасынан басқа жарытып əңгіме айта
алмайды. Шынында не айтсын, өз үйінің табалдырығынан екі елі аттап
шығуға хақысы болмаса не білуші еді?..
Нұрбал əңгіме-дүкенге жоқ. Махамбетке достары қонаққа келгенде ол
Төкемен бірге дастарқан жайып, пиалаларға қымыз құяды да, меймандарды
оңаша тастап шығып кетеді. Төке бұны өз қызындай көреді.
Қожасының жай ғана ақын емес екенін ол бірден байқады: жұрт
терезесі тең отырып сөйлескенімен оның сөзін өзгеше ілтипатпен
тыңдайды. Соңғы күндері қонақ басып кетті, қырдан Беріш руының
шабарманы келді. Соғыс болады деген сыбыс бар, дейді ол, əлдеқандай
Жəңгір хан, Исатай батыр дегендерді айтады... Махамбет Хиуадан аттанбақ
болды.
Нұрбал тағы да тағатынан айырылды. Ақын мұны өзімен бірге əкете ме,
əлде тастап кете ме?
Қазақтар əйел затын айқасқа салмайды. Ал оның туған елінде еркектер
соғыста жеңіліс табатындай болса, ата намысы, ел абыройы былғанбасын
деп əйелдерін, аналары мен аруларын өлтіріп кетеді. Бірақ бұлай ететін тек
ауған еркектері мен Үндістанның раджпурлары ғана ғой, ал Нұрбалдың
қазіргі иесінің тегі де, діні де ондай емес. Өйтсе ол бұны өлтірмейді ғой...
Сонда қайтпек? Ақын оның əкесін айтты - ау: «Сəлеміңді əкеңе өз
аузыңмен айтарсың!»—деді емес пе! Сонда əкесіне қалай кездеседі? О
дүниеге барғанда ма?..
***
Тастай боп қатып қалған сортаңды таң жарығынан бері кетпенмен
тоқпақтап уатып, шығырмен су тартып құйып жатқан диқандар
жұмыстарын тастай бере, Жейқұнға баратын жолда құйғытып келе жатқан
қос аттыға мазалары кетіп, сезіктене қарап тұр. Кім біліпті, неткен жандар?
Мүмкін, Аллақұлдың шабармандары шығар. Сонда олар қыстақтарға не
хабар таратып жүр екен? Бəлки, соңдарында ханның зекетшілері бар болар.
Бірақ салт аттылар ешкімге назар аудармастан, қыстақтарға бұрылмастан
үнсіз ағызып келеді.
Махамбеттің көз алдынан қазақ бойжеткендері, олардың жасқа толы
жанарлары кетер емес. Қарт ананың азалы даусы да құлағында тұрып
қалғандай. Бетін қарсыдан соққан ескек желге төсеп, соңына өкшелей
ерген Балабекті байқамастан, Махамбет, ауыр ойдың қорғасын құшағынан
арыла алмай, шапқылап келеді, шапқылап келеді...
Бөтен жұрттан қорған іздеген қашақпын ба? Қара басыңды сақтап
қалғаннан не опа? Күні кеше ғана атан даусың жапан даланы жаңғыртқан
сен емеспісің? Еділ мен Жайық арасын, Арал мен Сырдың жағасын
жайлаған қазақ жігіттері сенің өлеңдеріңді айтып жүр емес пе?..
Арғымақтың баласы
Аз оттар да, көп жусар,
Талаудан татқан дəні бар.
Азамат ердің баласы
Аз ұйықтар да көп жортар,
Дұшпанға кеткен ары мен
Барымтаға түскен малы бар.
Уа, Махамбет, ерлігің қайда ежелгі? Шыдамың қайда? Əлде ол қуатың
Калмыководағы түрмеде түгесіліп пе еді, əлде алмас жүзің жер кезіп жүріп
жасыды ма? Жоқ, батылдығын айрылып, болдық ба қорқақ, майырылып?
Намыстан гөрі тірлігіңді тəттірек көре бастадың ба?.. Қобыланды батыр
қиссасындағы: «Қасқыр екеш қасқыр да жолдасын жолға тастамас»,—
деген сөз есіне түсті. Ойы сан құбылып, бірден - бірге кетеді, таяудағы
оқиғаларды көз алдына əкеледі... Тағы да жоқтау айтқан азалы ана:
Еркек кіндік қазақта құрыған ба,
Қатын болып қашқан ба терең сайға?
Қашақтай сырғақтап неге келді Хиуаға? Қара бастың қамын жеген
қорқаққа туған елден артық не бар — қай ауыл да құшақ жая қарсы алып,
жасырады ғой жаулардан. Көмек сұрай келіп пе еді? Кімнен? Хиуаның
ханынан ба? Əсте бір қорқау екінші қорқауды талап өлтіруге болысса,
жемтігі түгелдей өзіме қалсын деген ниетпен ғана көмектесетіні аян ғой.
Əлде сен мұнда Есім ханның бөлтірігі Қайыпғали сұлтанды қолдап келіп
пе едің? Ау, ол Жəңгір ханның тағын алу үшін ғана жүр ғой...
Қайыпғалидің əкесі Есім ханды кезінде Сырым батыр өлтірген болатын.
Ал сен ғой, Махамбет, өзі хан.болғысы кеп жүрген сұлтанға қызмет
етпексің... Уа, Махамбет, сонда сен Жəңгір ханмен неге өштестің?.. Əлде
Қайыпғали Жəңгірге қарағанда рақымды болады, патша графтарына,
атамандарға, сұлтандар мен байларға үлестірген жерлерді халықтың өзіне
қайта таратып береді деп ойлайсың ба?.. Жоқ!..
Бірте-бірте соңғы жылдары көрген қиыншылықтарды есіне түсірді.
Астындағы аты шабыстан желіске ауысты да, аздан соң иесінің басын
еркіне жіберіп, бұған көңіл қойман отырғанын сезіп, аяңға кешті. Балабек
те қуып жетіп, қатарласа жүрді. Ой құрсауынан кенет оянған Махамбет
оған таңырқай қарап алды да, ақталған раймен:
— Өзен жағасына барайықшы,— деді.— Жайықты да, Сырдарияны да
көрмегеніме көп болды ғой, Жейқұн соларды еске түсірер...
Алдарынан бір бала жолықты. Қолында түйіншегі бар екен. Жер айдап
жүрген əкесіне тамақ алып барады - ау, шамасы. Махамбет күлімсіреп
қойды. Мына бала інісі Мұсаға ұқсайды...
...Беріштің атақты жылқышысы Өтемістің он ұлы бар еді. Өтеміс
оларды ат жалын тартып мінгеннен - ақ ер үстінде тəрбиелеп есірді. Əкесі
кезінде өз ауылын Айшуақ ханның жендеттеріне қарсы көтергенін
Махамбет бала шағынан біледі. Жүрек жұтқан жігіттерін жауға бастап
шапқанда қарсы тұру қиын еді-ау оларға. Туған ауылын талай-талай қиын қыстаудан алып өтіп, қол жеткісіз қиырларға бастап жөнелгенде хан
жасағы да, қазақ-орыс атамандарының жазалаушы отрядтары да соңынан
ілесуге батпай қала беретін. Қырды жаңғырықтыра зеңбірек атып,
Оралдағы айырбас сарайында Айшуақтың баласы Жантөрені хан
көтергенде жəне ол өзін күллі Кіші жүз қазақтарының əмір - иесімін деп
жариялағанда,— Өтеміс иліккен жоқ.
Махамбеттің əкесі ары таза, əділ де батыл жан еді. Ол өз балаларын
балапанын баулыған қырандай тəрбиеледі. Аяған емес, мүсіркеген емес,
қаршадай кездерінен - ақ асау атқа мінгізіп, садақ тартуды, қылыш шабу
мен найза ұстауды үйретті.
Балалары батыл боп өсті. Ең үлкені Бекмұхамбеттің басқаларынан гөрі
ақыл-парасаты молдау еді. Ал кенжесі — жаңағы баланы кергенде
Махамбеттің есіне түскен — Мұса, қой аузынан шөп алмайтын ұяң,
ешкіммен жұғыса қоймайтын үндемес, бұйығы болатын.
Он алты жасында Махамбет Беріш руының жез таңдай ақыны атанды.
Кез келген ауыл оны қошеметтеп қарсы алатын болды. Əдетте көп мақтау
айтпайтын, сөзге сараң ақсақалдар бұл дегенде сайрап қоя беретінді
шығарды. Ауызға ілінген талай-талай танымал ақындарды оп-оңай жеңіп,
беріштердің айбынын асырды. Бұл келгенде старшындар да, батырлар да
қол қусырып, есік ашатын болды. Оның даңқы бүткіл Кіші жүздің
ауылдарын шарлап өтіп, Еділ бойындағы ноғайлыларға, Қаратауды
жайлаған шектілерге, одан асып, қаптаған қалың қыпшаққа, Арқадағы
Арғын мен Найманға жетті. Шекті руының малы жоқ кедей батырлары
Көтібар мен Арыстан оған жортуыл үстінде түсірген арғымақтарын сыйға
тартты. Ал беріштердің ең сыйлы адамы — старшын Исатай оны ең жақын
досым, ең жақсы көретін бауырым деп жар салды.
Махамбеттің жасы он тоғызға толғанда жалпақ жазирадағы биік
төбелердің бірінде иісі қазақ бас қосқан ұлы құрылтай болды. Кіші жүзден
бес мың старшын, би, сұлтан жəне қожалар жиналды. Олар Жəңгір
сұлтанды ақ киізге орап, бүткіл жүз басына хан көтерді. Орыс патшасының
шешімі мен қырдағы сұлтан əулетінің ұйғарымы осындай еді. Жəңгір
Бөкей баласы болатын. Өзі сұлтан боп тұрған кезде 1801 жылы I Павел
патшадан Еділ мен Жайық арасындағы жерлерді Кіші жүзден бөліп алып,
жаңа хандық құруға рұқсат сұраған Бөкейдің баласы - тұғын.
Императордың канцеляриясы оған көмекті мықтап көрсету керек деп
ұйғарды. Сөйтіп 1812 жылдың қарсаңында Кіші жүз екіге бөлінді. Еділ мен
Жайық арасындағы кең жазық ішкі орда атанды да, қопалақтаған
қазақтардың пысын басып, бұқтырып ұстау үшін патша ағзам қырға
қаптаған қамалдар мен бекеттерді орнатып тастады. Бөкей ішкі орданың
ханы болды — Бөкей дегеніне жетті. Жəңгір болса, хан тағына мұрагерлік
салты бойынша келіп отырды.
Жаңа ханның құрметіне арналған салтанатты қошамет басталған кезде
ұлағатты құрылтай Махамбетті Кіші жүздің ең мықты ақыны деп
жариялады. Жас хан сол заматында - ақ дүйім жұрттың көзінше Махамбетті
қасына шақырып алды да, астына ат мінгізіп, үстіне оқалы шекпен жауып,
қолына үкілі найза, құрыш қалқан жəне күміс қынапты алмас қылыш ,
ұстатып тұрып, оны өзінің досы əм Кіші жүздің бас ақыны деп жар салды.
Хан Өтемістің үлкен ұлы — Бекмұхамбетті де қанатының астына алып, көп
уəзірінің бірі етіп тағайындады.
Махамбет бес жылдай ханмен бірге тұрды. Сарай даңқын асырған,
сарай сыйын жырлаған ақын-жырау, əнші - күйшілердің ішінде оның жөні
бөлек болды. Той-томалақ пен сауық сайранда да, ит жүгіртіп, құс салған, ат шауып, бəйге алған жиын жарыста да ол ақсүйектер мен бай тұқымынан алдына жан салмады...
Əу дегенде, Махамбеттің киіз үйі Атырау жағасындағы қойнауларды
қуалай қонған Жəңгір ханның биік те сəнді шатырлары мен абажадай ақ
үйлерінің жанына қатар тігілуші еді. Ақ патшаның, Бұхар əмірінің, Хиуа
ханының елшілері, Орта жүз бен Ұлы жүзден келген шабармандар ханға
қалай жағынса, ақынның сый-құрметіне жетуге де сондай табынатын.
Махамбет ол кезде бейне бейіштің төрінде жүргендей болатын. Жəңгірдің
басқа қатындарын бір шыбықпен айдайтын, жыр десе ішкен асын жерге
қоятын Фатима ханымның бұл дегенде үзіліп тұратын отты көзқарасы да
жанына майдай жағады. Хан шабармандары ауыл-ауылды аралап, жаңадан
алынатын алым-салық жайын хабарлап жүргенінде, сəнді шатырларда тойтомалақ көбейіп, дастарқандар молайған сайын кедей ауылдардың хал ақуалы мүшкілдене түсетінінде де Махамбеттің шаруасы болған жоқ. Ол
тек Фатимаға табынатын, француз, неміс, орыс жəне парсы тілдерін
күйеуінен кем білмейтінін, еркін өскен əрі шолжың, əрі нəзік, əрі зымиян
— əйтеуір қырық құбылған қызық мінездерін көргенде тамсана беретін...
Құм шағылдары көктем айының күміс сəулесіне шомылған бір тамаша
түнде Махамбет ханымның, шатырына кірді. Жəңгір аң аулап кеткен
болатын, Махамбет те жиырманың біріне шыққан. Ханым оны қабыл алды.
Енді бірер жылдан соң Махамбет Жəңгірмен бірге Петербург аттанды.
Ішінде марқұм Есім ханның баласы — Қайыпғали сұлтан бар, хан
жасағымен бірге сол қысты орыстардың астанасында еткізді.
...Бірде Махамбетті сол жерде офицер - емшімен таныстырды.
— Даль-Луганский мырза сізбен қазақ ақыны ретінде аудиенция10
жасағысы келеді,— деді империяның ішкі істер министрлігінде тəржімеші
болып істейтін жылпос найман жігіті. Махамбет қонағының атына емес,
сыртқы кейпіне көбірек көңіл аударды. Өзі бір қазымыр жан екен, əлгі
офицер, қыр өмірінен қайдағы жоқ əңгімені қазбалап, көп сұрады. Əрбір
естіген қазақ сөзін буынға бөлшектеп, ежелеп айтқызып, мағнасын
түсіндіруді өтінеді. Орынборға бармақ екен, содан да қазақтардың өмір тұрмысымен кеп əуестенетін көрінеді, ауылдарда Пугачев туралы жұрттың
не айтатынын білуге құштар.
Махамбет оған əкесінен, даланың ақын-жырауларынан, «Жиренбет
орыстың»11жасағында қызмет еткен Беріш пен Адай шалдарынан естіген
əңгіме - хикаяларын түгелдей айтып берді. Пугачев қазақша судай екен,
аңыз - ертектеріңді еспелеп кеп соққанда көпті көрген көнекөз
ақсақалдарыңның өзі аузының суы құрып тыңдайды екен десетін дала
жұрты.
Қазақтардың қалмақ - қытай шапқыншыларымен қырғыны жайлы да
Махамбет қонағына бір кеш бойы əңгіме шертті.
— Е-е, басқа төнген қатер бұлты сол бір шақта Кіші жүздің де, Орта
жүздің де, Ұлы жүздің де барша руын ынтымақтастырды да, бір жеңнен
қол, бір жағадан бас шығарып, бірегей қимылдаған қуатты да айбарлы
қазақ халқы арысы сонау Аралға дейін кіріп кеткен зұлым жауды туған
жерден қуып шықты, туған елдің азаттығын қорғап қалды. Бірақ айқас
кезінде талай батыр жер жастанды ғой...
— Ал бұған дейін қазақ бас қосып бірігіп көріп пе екен? —деп сұрады
офицер.
— Ұлы жүздің Дешті - Қыпшағында сұлтан болған қара қылды қақ
жаратын Жəнібек бидің баласы — Қасым хан тұсымда біріккен көрінеді
ғой,— деді Махамбет.— Ал Қасымның ұлы Ақназардың жүрек жұтқан
батырлығы мен ерлігі жайлы шығарылған талай өлең-жыр бар. Онымен
Иван Грозныйдың өзі келіссөз жүргізіпті деседі. Ақназардың атақ - даңқы
қазақтарды ноғайлармен одақтастырып, моңғолдар мен жоңғарларға талай
жерде соққы берген соң тіпті дүрілдеп кетіпті. 1570 жылдары қазақтармен
барлық халық есептесетін болды. Таққа Ақназардан кейін отырған Сығай
ханның сорлылығы болмағанда біздің мемлекет боп нығаюымыз еркек
тамамдалатын ба еді, қалай...
— Сіз қайда оқығансыз?
— Ауылдың оқымыстыларынан жəне жоғары мəртебелі тақсыр Жəңгір
ханның ордасында,— деді Махамбет.
— Сіздер жаққа, Орынборға ақиқат барамын. Аман-есен жолығып,
мəслихат құруға ынтықпын. Сол кезде мен сізден хан əулеті жайлы емес,
Сырым Датұлы туралы сұрармын, ықсыр. Сіз, тегі, сарай ақынысыз - ау, ə?
Дала шонжарларының ата-тегін жақсы білетініңіз көрініп тұр...
— Біздің байтақ даланың тұрғындары хандар мен сұлтандардың
озбырлығына қарсы не заманнан бері күресіп келеді ғой, құрметті мырза.
Ел оларды жаман атаса, істеген қылықтарына қарай айтады. Қазақ дегеніңіз
ен далада еркін өскен өркөкірек халық. Сіңірі шыққан қара жаяуына дейін
намыскер, бас имес тəкаппар келеміз. Мүмкін, біздің бағымыз да, сорымыз
да осында шығар. Біз батырларды тірі кезінде қастерлемей, өлгеннен кейін
қайғырамыз. Ең жаманы — əркімнің бір руын мадақтап қырық пышақ
болатынында, ал ел бастайтын көсемдер өзара билікке, шен-шекпенге
таласып-ақ қыр -қысып бітеді. Ел басына күн туғанда майданға батырлар
шығады. Бірақ шын бостандық елде де жоқ, ерде де жоқ. Тегі Соның өзі
болып па екен өмірде? Хан екеш хан да тағымнан түсіп қалам ба деп
қалтырап отырады. Ал маған келсек, мен сарай ақыны емеспін.
Мен Сырым Датұлы сияқты даңқы жер жарған батырлары, еңіреген
ерлерді жыр етіп өтпекпін!..
Егер мəслихаттың бас кезінде Махамбет алдындағы отырған кісіні тек
патша чиновнигі деп біліп, əдептен аспаса, енді сұхбаттасы сөзбен
шымшып алғанда, өзінің əдеттегі үйреншікті қалпына түсті. Көмейіне
келген сөзді кері итермей, ой - пікірін ашық айтып, ашына сөйледі.
Қонақ кісінің ат жақты ашаң өңі бұрынғысынан да сопая түсіп, өзі де
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Сенім - 03
  • Büleklär
  • Сенім - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2345
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2401
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3850
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2298
    31.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3890
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3975
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2349
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3987
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2276
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3900
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2177
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3937
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2312
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2241
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2270
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3781
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2168
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Сенім - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2464
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1583
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.