- 3nçe Sıynıf öçen çirattagı äsärne uku
- Қысқы кеш
🕙 2 minut uku
Құмырсқаның қанағаты
Süzlärneñ gomumi sanı 195
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 136
57.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
65.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
71.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
(Ертегі)
Ертеде бір ғұлама болыпты. Ол барлық халықтың, жан-жануардың, жәндіктің, өсімдіктің тілін түгел біледі екен.
Бір күні ғұлама бақ ішінде келе жатып, құмырсқаның илеуіне тап болады. Ол бір құмырсқаны ұстап алады да:
- Сенің белің неге жіңішке? - деп сұрайды.
- Қомағай емеспін, - дейді құмырсқа.
- Егер саған бидайдың бір дәнін берсем, қаншаға жеткізер едің? - деп сұрайды.
- Бір жылға жеткізер едім, - депті құмырсқа.
Ғұлама құмырсқаны сауытқа салып, қасына бидайдың бір дәнін қояды.
Бір жыл өткен соң, сауытты алып қараса, құмырсқа бір қырынан бүк түсіп, қимылсыз жатыр екен. Қасында бидай дәнінің жартысы қалыпты. Әрі-беріден кейін бірте-бірте мұртын, аяғын қимылдатады да, құмырсқа орнынан тұрады.
- «Бір дән маған бір жылға жетеді» деп едің. Жыл өтті, ал сен дәннің жартысын ғана жепсің. Оның қалай? - деп сұрайды ғұлама.
- Иә... Ол дәнді бір жылда жеп бітірсем, қазір менің халім әлдеқайда жақсы болған болар еді. Бірақ сен бір жылдан кейін мені босатуды ұмытып кетсең, онда мен бостан-босқа аштан өлген болар едім. Сол себепті, бір жыл бойы жарты дәнді қанағат қылдым, - деп жауап береді құмырсқа.
Ғұлама құмырсқаның шыдамдылығы мен қанағатына қайран қалыпты.
Содан кейін ғұлама қанағаттық қасиетін адам баласына үйретіпті.
«Бабалар сөзі». Жұз томдық, 73-том

Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
- 3nçe Sıynıf öçen çirattagı äsärne uku
- Қысқы кеш