Latin Common Turkic

Қазақ солдаты - 21

Süzlärneñ gomumi sanı 3969
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
бастайтындай түсін суытып, тартып отырған темекіңе дейін тастатады.
Содан соң шұбырып əңгіме кетеді. Өзі айтып, өзі күлмей, еріксіз жұртты
күлдіреді. Оның айтқандарының көбі Хожа Насреддиннің əңгімелері емес,
өз əңгімелері екенін анда-санда бір-ақ ұстап қаласың. Хожа Насреддин
Отан соғысының барлық майдандарына барып, солдаттарға фашизмді
түсіндіріп жүреді. Тегеран конференциясына қатынасып, Черчилльге
екінші майдан ашу жайында қитұрқы сұраулар береді:
— Қалай ойлайсыз, — дейді Хожа Насреддин Черчилльге, — екінші
майдан неліктен созылып кетті?
— Уақыты жетпей жатыр... — дейді Черчилль оған.
— Мен уақыты өтіп кеткен шығар деп ем... — деп Хожа Насреддин
жүре береді...
Бұл жолы Самед жайланып отырып алып, əңгімесіне кіріскенше, қайту
белгісі беріліп қалды да, жаппамызға қайттық.
Самедтің кім екенін мен де түгел біліп болғаным жоқ. Алғаш
көргенімде жабырқау адам ба деп қалып ем. Содан бері ылғи бақылай
жүремін. Ол бізге толықтыру тұсында келіп қосылды да, одан бергі
арпалыстарда сырласуға қолымыз тиген жоқ. Барлауға шыққанда, айқас
үстінде Самедтің ақылды да, қажырлы да жауынгер екенін байқадық.
Алғашында жабырқау көрінген адам, енді қалжыңқұмар, күлдіргі айтқыш,
əңгімешіл болып кетті.
— Сталинградта біз бұлай ұрғанбыз! — дегенін естігеннен кейін, мен
Самедпен кеңірек бір сөйлескім келіп, талай жағалатсам да, уақыт болмап
еді. Орыс тілін жақсы білсе де, күлдіру үшін əдейі бұра сөйлейтіні бар.
Мұғалім бе, агроном ба, есепші ме деп жүріп ем, аяғында киномеханик
болып шықты.
Самед бар тапсырманы ерекше бір жеңілдікпен қитықсыз, қиналыссыз
орындап қайтады. Молла Насреддин ұйықтап қалмаса, бірге барып
қайтайық деп кетеді де, бар жақсылықты жинап-теріп соған беріп, өзі
аңқаусып:
— Молда маған көнбеді, осылай орындады. Келесі жолы жалғыз
барамын... — дейді.
Қынжылыс кездерде еріксіз күлдіріп, қандай ауыр күйзелісің болса да,
тез тарқатып жібереді. Бізге қосылғаннан кейін бірер сағаттан кейін-ақ
барлық жауынгерлермен сен деп сөйлесіп кетті. Командирі болған соң
маған сіз деп сөйлессе де, көзі: «кел, сен деп сөйлесейік» — деп тұрады.
Таманьды жаудан арылтып болған күні, мен Самедке жақынырақ келіп
отырып темекі ұсындым.
— Молла Насреддин «құранға сене бермеңдер — құр қаласың» — деген
екен əкеліңіз, — деп, темекіні орап жатты да:
— Гвардия лейтенанты ортақ Сарталиев, бұл Самед неткен чудак
білейікші деп ойлайды ғой... Солай ма?.. — деді.
Мен ұсталыңқырап қалып:
— Жоқ, жоқ, Самед-ака... Көп əңгімеңіздің бірін айтқызғым келіп еді...
Сонша көп əңгімені қайдан біле бергенсіз?.. — дедім.
— Сталинградта ескі бір досым кездесіп қалып, содан үйреніп едім, —
деді Самед.
— Иə, Сталинградта болғаныңызды аңғарып едім.
— Иə, болдық қой... — дегенде Самедтің қабағына бұлт айналып тұра
қалғандай, жаңағы жарқын жүзі көмескіленіп, құлази қалып еді.
— Сталинград жайын əлі бір айтқан жоқсыз... Кавказ майданында
болсақ та біз де Сталинград үшін алысып едік, Самед... Ертеден бір бөлімде
екенбіз... Айтшы көргендеріңді, — деп, жолдастардың бəрі де Самедті
қоршап алды.
— Оны сізге бір солдат айтып бере алмайды... — деп бастады Самед. —
Бір солдат түгіл, бір полк та айтып бере алмас... — Тағы да аз кідіріп,
ойланыңқырап қалып, содан кейін тоқталмастан сөйлеп кетті:
— Үш ай һəм үш күн мен бір орыннан қозғалмастан тұрдым... Үш ай,
үш күн бойында көз жетердегі қираған дүниені түгел көрдім... Кейде мына
бір бұта қашан жұлынар екен ана бір сым қашан үзілер екен дегендей, əр
күн айналамды бір түгендеп қоятын едім. Кетіліп құлап, кеміп бара жатқан
қаланы көріп тұру оңай да емес, жолдастар... Айтып беру одан да қиын,—
деп Самед тағы тоқтап қалды.
— Айт, айт, Самед аға...
— Айт!.. Бір батальон генералдарды жинай алсаңыз, солар ғана түгел
айтып бере алар. Мен солдатпын ғой, менің баққаным автоматтың
қарауылына қонар нəрселер болды. Граната лақтырар кезеңді бақтым. Осы
халде көргенімнің өзі де бір солдат айтып бітірер əңгіме емес еді... Үш ай,
үш күн ішінде табан аудармаған жерімді ғана айтайын. Өзгесін мыңдаған
қалам ғана айта алар, — деп, Самед шылым түтінін кеудесіне қарай қатты
бір тартып қойды.
— Қаз-қатар орнатылған бағаналары бар, тұтас шыныдан құйылған
терезелері қақпадай дерлік, мəңгі тұрарлық көркем бір үйді қорғау бізге
жүктелген еді... Мен пулеметімді алып үйдің төбесіне орналасқан күні,
денесіне бір сызық түспеген үй еді. Үш күннен кейін үйдің бір қабаты
құлап, бұл төрт қабат үй болып қалды. Содан кейін үй ортасынан бір
опырылып, екі таудың арасындағы аңғарда қалғандай болдық. Осыдан
бастап, үй кетіліп құлай берді де, бірімізді-біріміз кірпіш астынан суырып
алып жүріп, орын ауыстыра бердік.
Бір жақ бетіміздегі қала үйлері түгел қирап, жалғыз сау тұрған театр
үйінің тасасына түсіп кетті. Күн сайын опырыла түсіп, сағат санап аласара
түскен үйдің ең астыңғы қабатына түскенімізде əлі он-ақ күн өткен екен...
Əлі сау тұрған бірер қабырға тіп-тік болып аспанға қарап тұр. Сау қалған
бағаналар заводтың мойнындай сораяды. Қала қирап құлаған сайын, сау
қалған қабырғалар мен бағаналар ұзара түскендей көрінеді. Сынған кірпіш
төбе-төбе болып үйіліп жатыр. Біз осы үйді қорғадық. Үш ай, үш күн бойы
ешкімге бермедік. Əрине, сүйегін бермедік...
Самарқандта болғандарың бар ма? Жоқ па?.. Ақсақ Темір бір жорыққа
кеткенде, ең сұлу, ең сүйікті əйелі Биби ханым жиһангердің оралып
қайтуына əдемі бір мешіт салдырған ғой... Самарқандтың бар мешітінен
асырып, сұлу етіп салдырыпты. Сол мешітке осы күні қарасаңдар, қирап
қалғанына жаның ашиды. Заман сұлуды аямапты, əр ғасыр бір сүйкеніп
өтіп, ақырында құлатыпты... Ол содан бергі алты ғасырдың ісі! Көз
алдымызда күл-талқаны шыққан қала үш-ақ айдың апаты еді. Үш ғасырға
тұратын үш бесжылдықта туған көркем қала үш айда талқан болды. Біз
қорғаған көркем үй сол Биби ханум мешітін еске түсіретін еді. Қызғылт
мрамордан жасалған бағаналар күле тұрғанмен қалаға тура қарай
алмайтындай едің.
Үш айда бір ротадан тоғыз-ақ жауынгер қалдық. Адам кескіні
жымиғанда қандай болатынын, қуанғанда қандай болатынын ұмытып та
кеттік... Біреуге-біреу қалжың айтқанда адам даусы қалай шығатынын да
ұмыттық!.. Бар өмір бар дүниеміз, — аңдып отырған алақандай алдың ғана.
Немістер бізге қарсы бір батальон автоматшыларын шабуылға
шығарғанда, біз жеті-ақ адам қалып едік. Командир мені жəрдем сұрауға
полк штабына жіберді. Арамызда бес-ақ үй, бес-ақ үй емес, бес-ақ қызыл
төбе болатын.... Ұшқан кірпіш, құлай берген темірлердің арасынан өтіп,
полк штабына жеткенше жарты сағат өтті. Жəрдем ала алмадым...
— Көрші батальон қысылысқа түсіп қалды. Жəрдем етіңдер! — деген
əмір алып қайттым...
Мен қайтып келсем, біздің жауынгерлердің басына ақырзаман орнап
қалған екен. Ең соңғы, ең күшті жəрдем өзім ғана екемін. Манағы айтқан
ескі досым да осы арада кездесті.
— А, Самед сен күлуді ұмытқанбысың? — деді.
— Ол немене! — дедім мен аң-таң қалып.
— Ол немене?.. Өлімді жеңер досың емес пе!.. Ұста қолымнан, Самед!..
Жауды міне былай ұрар болар!.. Лақтыр, лақтыр гранатаңды...
Автоматыңмен оң жағыңды бір осып қал.... Міне осылай, міне осылай,
Самед!.. Қане, қалай шыдар екен көрейік!.. Күл, айғайла, Самед! — деп,
Хожа Насреддин біресе гранатасын лақтырып, біресе автоматпен көсіпкөсіп алып, алдымды ашып берді.
Хожа Насреддиннің айғайы мен күлкісінен көп қол келіп қалған екен
деп фашист батальоны қашып берді... Сол үшін Хожа Насреддин Ұлы Отан
соғысының Бірінші Дəрежелі орденін алды. Маған да сол берілді. Содан
бері Хожа екеуміз һаман қол ұстасып жүреміз. Менің барлық əңгімелерім
де соныкі... «Я, ханнан!» һəм соныкі!.. — деп, Самед қуланып күліп қойды.
— Жақсы жауынгер екен молла Насреддин...
— Енді біздің қатарда тұрып соғыссын!..
— Жақсы жауынгердің артығы болмайды, — десіп, бəріміз Самедтің
қолын қысып, мойнынан құшақтап қалдық.
Екі саусағының арасына қысылған бойы жанып таусылған шылымын
Самед енді ғана лақтырып тастады да:
— Бұ Алдаркөсе һəм осында келіш керек... —деді.
Содан бері Самед бізге ең қадірлі аға да болып кетіп еді...
Геленджекке көшеді екеміз деген хабар жарты-ақ сағатта шынға
айналды. Таманьның батпағынан аяғымызды сорпылдата суырып əрең
құтылып, катер қайыққа бір мініп едік, содан қайтып оралған жоқпыз ол
маңға..
Таң жаңа атып келеді. Түннің бар қараңғылығы жар астына жиналып
қалғандай, теңіз жағасы тіпті қарауытып кетіпті. Толқынсыз су
қорғасындай ауыр сезіледі. Қайықтың екі езуінен есілген су шымырлап
қана қайнағандай, сыңқ-сыңқ етеді. Қазір суға күмп беретініңді сезініп, бар
денең ширығып, тітіркеніп қояды.
Қайық биік жарлы жағаға жақындап келді де, жамбастай бұрылып,
қайта шалқайды. Құшақтасқымыз келгендей құшағымызды аша, тұнжырап
жатқан суық суға біз де қойып кеттік. Əлдеқайдан сүңгіп шыға келген көп
қайық тып-тыныш жатқан теңізді шайқап-шайқап жібергендей сезіледі.
Жан-жағымыздың бəрі топырлап суға түсіп жатқан жауынгерлер. Тоғытқан
қойдай, бастары ғана қылтыңдап, жағаға қарай жүзіп барады. Теңіз беті
шұбартып кетіпті... Жағаға бұрын шыққан жауынгерлер тас жағаны шаңқшаңқ еткізіп атып та жатыр.
Іштей бəсекесі бар Петр мен Володя қатар жүзіп барады. Жүгі ауыр
Петрден Володяның əлдеқашан озып кететін жайы болса да, əдейі
алыстамай, қатар шыққалы бара жатқанын мен де аңдап келем. Бойлары
ұзынырақ Егор мен Самед едəуір жерден-ақ аяқтай бастап еді, «жүзіңдер!»
— дедім, əмір үнімен.
Екеуі су бетіне қайтадан созыла құлап, жүзіп кетті... Біз жағаға шығып
үлгіргенше жүйткіп есіп қайық та қайта келіп қалды. Сен де асығыс жүзіп
кеп қайықтың ернеуіне жармасасың... Осылай, үш рет жағаға шығып, үш
рет қайыққа міндік... Киім біткен дегенге жабысып, темірдей қариды.
Сыртың ғана емес, шегің мұздап кеткен сияқты. Көгеріп кеткен еріндер
қыбыр-қыбыр етіп орнында тұра алмайды:
— Се-се-сен...
— Ме-ме-мен... — деп сөйлесеміз...
Манағыдай емес, енді жағаға қарай ұмтылғанда Володя шортандай
ағып, Петрге қарай алмай, бұрын шығып кетіп жүр. Петр одан бір-екі рет
бұрынырақ оқ шығарып еді, енді Володяға ере алмайтынын көріп,
ызаланып алыпты. Құлаштай жүземін деп, пилоткадан басқаның бəрін су
қылып болған соң, аянбай қимылдап, Володяны қуа жүзеді.
Бəрімізден əлсізірек Сережа теңселіп қалды. Биік жағаға тырбаңдап
əрең шығады. Əлі бір оқ атып үлгірген жоқ. Ол бақадай тырмысып биік
жардың ортасына жеткенше, қайық келіп қалады да, Сережа артымен
сырғып кеп құлайды...
Үшінші реттен кейін бір сағат демалыс беріліп, қырға шықтық. Əркім
бір жартасты ықтай шешініп, киімдерін бұрап, сығып, кебініп жатыр.
Қырауытып, түксиіп тұрған тасты жаға теңізден де суық сияқты. Қызуы
жоқ күрең күн көтеріле беріп, қалың бұлттың арасында ықтай қойғандай,
қайтып көрінбей кетті.
— Мұхаммед пайғамбарым арақыны харам деген... — деп, Самед ақ
сауытты аузына апара жатыр. Тістері сауытқа сақ-сақ тиіп, спирт езуінен
тамшылап кетті.
Болдырған оттай тізесіне соқтығысып, дірілдеп тұрып Сережа қыр
көрсетеді:
— Кешке дейін бəріңмен де теңесем əлі... Етігім үлкен болып су
құйылып кетіп жүр... — дейді, лақылдатып етігінің суын төгіп жатып.
Киімімізді бұрап, сығып, қайта киініп алғанмен əлі жылына алмай бір
кішкене алаңды айнала жүгіріп, жер тепкілеп жүрміз... Өзгемізден гөрі
баяуырақ Егор шалбарын енді ғана бұрап жатыр.
— Аямай бұра, Егор, қайтып су өте алмайтын болсын, — дейді оған
Самед.
— Ə?.. — дейді де Егор шалбарын бұрай береді. Əбден жылыну үшін
ішкі бір отты тұтатып жіберу керек. Ол адамның күлкісі ғой. Самед сол
отты тұтатқысы келіп:
— Алла тағаланың екі жамағаты болыпты... — дейді. Орысша əдейі
бұрып айтқандықтан мұнысы тіпті өрескел шығады:
— Ортақлар, у аллаха, была два жена...
Өрескел басталған əңгіме еріксіз күлдіріп, езу жиғызбайды. Жалаңаш
жартастар қосыла сақылдап, жағадағы жанның бəрі бізге қарап қалыпты...
— Немене, нанбайсыңдар ма?.. — Самед өзі ғана күлмей тұр.
Əріректе тас шоқының күнгей бетінде отырған үш адам əуелі біздің
сақылдап күлгенімізді естіп, бірер қарасып қалған сияқты еді, енді тура
осылай қарай келе жатыр.
Аяғын азырақ шалқақ басатын капитан Мирошникті таныдық.
Қасындағылары солтүстіктен келгендей қолбаң киінген адамдар.
Киініп, үлгіре алатын жайы жоқ Егорға «жартастың ар жағына
тасалан!» деген белгі бердім де өзге жауынгерлеріме:
— Смирно! — дедім. Жүндес саны қарауытып, құйрығы қызарып
кеткен Егор жартастың арғы бетіне қарай бүкшеңдеп барады.
Өз тізелерім де біріне-бірі соқтығыса береді. Жақындатсам — бірігіп те
тұра алмайды, тиіп-қашып, түртінісіп тұрғылары келетін сияқты...
Жауынгерлерім де сымдай ширатылғанмен арттарынан біреу түртіп қап
тұрғандай, денелерін тұрақтата алмай тұр.
Қолбаң киген екеудің бірі, жақындай беріп əуелі тоқтаңқырап бір
қалып, содан кейін екі иығы жарқ-жұрқ етіп, тезірек басып тура маған
қарай тартты. Соғыстың айырмайтыны да жоқ, кездестірмейтіні де жоқ, бұл
келе жатқан... Шеген екен! Аспан қыраны, əуенің ақ иығы, подполковник
Шеген!..
Алау-жалау ыстық бір леп бүкіл денемді өртей жөнелгендей болды.
Көзіме көзі бір ғана түсіп кетіп еді, діріл ұмытылып, басым тəкаппар
көтеріліп, екі иығым Кавказға теңдескісі келгендей, сіресіп қалыппын.
Келгендердің ішіндегі ең үлкен офицер сол болғандықтан Шеген:
— Вольно!.. — деді. Даусы самолеттің қанатындай жайқай шықты...
Содан соң Шеген Мирошникке бұрылып:
— Жолдас гвардия капитаны, менің інім сіздің қарамағыңызда екен, —
деді.
Құшақтаса кету, сүйісу сияқты нəрселер болған жоқ... Бірімізді-біріміз
арқаға да қағысқан жоқпыз. Жауынгерше амандастық. Бірімізге-біріміз бір
ғана қарадық та, қайсымыздың қалай соғысып жүргенімізді таныдық. Екі
жағымыз да риза болғандай, жымидық та қойдық...
Шеген екеуіміздің жолымыз талай тоғысқан екен... Біз жаумен табан
тіресіп окопта отырғанда, Шеген төбемізден талай өтіп, алдыңғы жақты
талқандап қайтыпты. Ростов, Кавказ, Кубань, Новороссийск қаласы...
Шеген екеуміз бұл жердің бəрінде де бірге соғысыппыз. Мен жерде, ол
аспанда болғанмен біріміздің көргенімізді біріміз жатқа білетіндей екеміз.
Шеген баяғы бір хаты есіне түсіп кеткендей:
— Бұл соғыста менен гөрі сенің көргенің көбірек болар... Майдан
өмірінде жоғары шыққан сайын көретінің де көп бола бермейді екен... —
деді.
Meн үндемедім...
— Неге үндемедің?.. Əлде мені баяғы жоғарысынан безе бастапты деп
қалдың, ба?.. Жоқ, Костя, мен ол жоғарыдан бұл дүниеде безбесем керек,
тек соғыс қазанының төменде қаттырақ қайнайтынын айтамын, — деді.
Əңгіме өзінен өзі жылжи отырып, баяғы балалық шаққа барып
қалыпты. Бір кезде Шегенге айтуға ұялған балалық шақты екеуміз де
сағынып қалсақ керек. Соғыс та, есейгендігіміз де былай қалып, Жайық
жағасын кезіп кетіппіз...
— Гурьевке алғаш келген күнің есіңде ме? — деді Шеген. Көз алдына
сол жаз түгел елестей қалғандай жүзі жылынып, маңдайына түскен
ажымдары таралып, жорғалай жөнелгендей болды.
— Шеген аға, ол менің бар өмірімнің бірінші күні еді ғой. Оның ар
жағында да, бер жағында да ұмытқан күндерім толып жатыр, бірақ тап сол
күн түгел есімде, — дедім.
Ол жиырма сегізінші жылдың жазы еді. Одан бері он алты жыл өтіп,
қазір қырық төртінші жылдың март айында Қара теңіз жағасында тұрсам
да, ескі Гурьев сол күйінде көз алдыма бір келіп кетті. Біріне-бірі сүйеніп
тұрғандай, тақай салынған қоңырқай үйлер. Снаряд ойып кеткендей
тесіліп, үңірейіп тұрған төбелер. Кейбір үйдің төбелері қайқайып кейбір
төбелер бір жағына қарай еңсеріліп кеткен... Шаң-шұң еткен базар...
«Қалтаңа қолыңды салып ақша алып бер» деп тұрған дүкенші, үлкен ақ
шүберекті менің басыма сілкіп тұрған шаш алғыш...
Қала үйлерінің сонша сығылысып тұратыны, қала деген базар шығар
деп ойлайтын едім ол кезде. Əрбір сатарман бірін-бірі аңдып отыру үшін,
біріне-бірі əдейі жақын отыратындай көрінетін. Бытырап жатқан ауылдан
келген бала қаланың сонша таршылығына көзі үйрене алмап еді.
Ауыл жарықтық балалары үшін, балалар салғандай ғана баспана еді
ғой... Қарамұрт сені: бірдеме Ғалиді шақырып кел, деп жұмсайды.
Біздің ауылда бірдеме Ғали көп. Сондықтан сен қайсысын деп
сұрайсың... Ол кездегі ауылда дімкəр адамдар да көп. Сен:
— Ақсағын ба, соқырын ба? — деп сұрайсың. Қарамұрт саған:
— Пұшығын, — дейді. Əркімнің өз атынан гөрі аурулығы мен
дімкəрлығы, жоқшылығы атаққа шығып кеткен. Ұят-ау, жəбірленер-ау, деп
ешкім ойламайды да...
Осындай бір белгісін анықтап алып, жүгіре жөнелгеніңде саған бөгет
болар да еш нəрсе жоқ. Бір ала төбеттен аттап өттің, бүйірі солып кешке
дейін байлаулы жатқан бір бұзаудың үстінен де қарғып кету керек...
Əлдекімнің жермен-жексен боп жатқан жер үйінің төбесінде ойнап жүрген
лақтарға да соға кету керек...
Сондай жер үйлердің бірінде мен де өстім. Неғып басып қалмаған,
басып қалса, үнің де шықпас еді-ау деген ой кейін балалар үйінде келетін
еді.
Сондай үйдің бірінде Шеген де туып-өскен сондықтан екеуміз бір
ауылда туып-өскендей, балалық шақтан еске аларымыз да көп екен. Кейде
сондай бірдемелерді еске алудың зияны да жоқ. Өйткені, таң алдындай
буалдыр өткенге ілесе, жазғытұрғы науетек дүниедей бүгінгі көркем өмір
көз алдыңа келеді.
— Анау милиционер ағай қайда екен осы? Бізді оқысын деп жанын
салатын еді байғұс! — деді Шеген.
— Ол сегіз жылдан бері біздің колхоздың председателі!
— Қойшы, ей? Адресін берші маған. Алғыс айтуға қарыздар бір
адамымыз сол кісі еді ғой. Тым болмаса, суретімді жіберейін, — деп Шеген
қойын дəптерін суырып алды. — Таныса отыр... — деп, маған өзінің əйелі
мен екі жасар қызының суретін ұсынды.
— Қызымды ешкімге бермеймін! — дегендей, жас келіншек қызын
қатты құшақтап, жан-тəнімен аймалап түсіпті. Келте мұрындау кішкене
бала əкесіне тартқан, елеңдеп тұрғандай, сергек.
— Айжан сені жақсы біледі... Былтыр барғанда бір ай бойы сөйлегенім
сен болдың. Баяғы Бораштың қарындасы... Бораш өзі Алматыда, — деді
Шеген.
Тағы да соғыс толқыны бір арнаға бетін бұрып, бəріміздің тоғысар
кезіміз жақындағандай сезіліп кетті.
Шеген қойын дəптеріне менің адресімді де жазып алып, маған өз
адресін берді. Кішкене тарақ қағазды төртке бүктеп мен пилоткамның
қайырмасына тықтым. Ең қымбаттымдай мықтап тықтым.
— Енді бірімізді-біріміз жоғалтып алмайық, Костя, — деді Шеген ең
жылы үнмен. — Мүмкін, Берлинге де бірге кірерміз. Кем болса, он рет
суретке түсерміз сонда! Ал, көріскенше!..
— Берлинде ме?
— Неге?.. Арамыз жақын... Мүмкін, алдағы бір айқаста бірге
аттанармыз! Əуемен баратын болсаңдар, менің іс керегім болар, Костя!..
Осыдан біраз күннен кейін біз суға да үйреніп болдық, биік жағаға тез
жорғалап шығуға да үйреніп болдық. Сережа да қалыспайтын болды.
Самед Қара теңізді мақтап қояды:
— Баламның балаларының да суықтан сүйегі сырқырамас... — дейді.
— Тез киімдеріңді ауыстырыңдар,— деп старшина келіп тұр.
Қару-жарағымызды кеше түгендеп алғамыз... Енді киімді түгел
ауыстырып жатқанымызға қарағанда, қайда аттансақ та бес қаруымызды
сайлап алып аттанатын сияқтымыз.
— Берлинге жетуге осы ұлтандар да шыдамаса... — деп, Сережа
тоқтаңқырап қалды. «Онда соғыстың ұзай түскені», — дегенді əркім өз
ойымен қосып жатқан сияқты.
— Берлиннен асып кетуге де шыдар... Бірақ тезірек басарсың аяғыңды...
— деп, Самед əлденені аңғартқысы келеді.
— Қайда барар екеміз, қайда аттанар екеміз? — деп ешкім сұрамайды.
— Ал, батырлар, көптен іштерің пысып жүр еді, жүріңдер, — деді
капитан Ревякин, бізге келіп.
Біз келсек батальон түгел сапқа тұрып қалған екен. Сап-сап соққан
толқындары төңкеріліп, Қара теңіз аса бір кəрлі қабақ сездіреді. Кернеген
кек, түйілген қабақ болса, тас жағасын тулай тепкілеп жатқан теңіз түсі
соған леп қосқандай.
Ревякин жоғарғы бас командованиенің бізге арнап берген бұйрығын
оқып тұр. Жаудың табандап бекінген Керчь қаласының желкесінен бүгінгі
түні десант түсірілсін делінген.
Қолбасшының артынан ерген əскеріндей болып, қолының арт жағынан
біз де қолымызды қойдық.
Біздің дивизияға арнаулы əмір берілуі де, ол əмірге əр солдаттың қолы
қойылуы да əдеттен тыс бір айқастың, жайын айтып тұрғандай еді.
Майданға ең алғаш аттанар күндегідей күңіреніп ант етіп, түнгі Қара
теңіздей түнеріп, сол жерден теңізге қарай жүріп кеттік...
8
Қара теңіз бұрқ-сарқ етіп қайнап жатқандай... Ай сəулесінде
ақжалданып төңкерілген жота-жота толқындардың қырқасында катер
қайықтар шортандай ғана көрінеді. Езуі көпіріп, долданып алған Қара
теңіз, бізді жауға аттандырардан бұрын өзі бір сынап алғысы келгендей, тас
жағасына тік шапшып, асаудай тулап жатыр. Қайықтарды сүмеңдетіп айдап
жағаға əкеліп тоса береді де, аяқ сала бергеніңде жұлып үйіріп əрі алып
кетеді. Жүздеген катер қайықтар үйір-үйір шортандай жүйткіп жақындап
келеді де, қарауытқан биік жағадан үріккендей жөңкіліп кейін қайтады.
Теңіздің өкпек суық демалысын бақайшағыңа дейін сезініп, бар денең
түршігіп қояды. Қазір-ақ үсті-басымыз малмандай болып, жаураған қойдай
бүрсиеміз-ау деген ой барлық қозғалыс қимылыңды тұсай бастапты.
— Əзірлен! — деп, қасымыздан айғай салған капитан Мирошниктің
даусы арғы бір белдің астынан шыққандай, құмығып естіледі. Қатты жел
айғайды ұйпалақтай қуып, ұйтқытып айдап, жоғары əкетіп бара жатқанын
көзіңмен көріп тұрғандай боласың...
«Əзірлен!» деген айғай шыға бастағалы едəуір болып қалды. Солдат
манадан əзір тұрса да, теңіздің бір қатты толқындап кеткен шағына кездесіп
қап, аттана алмай жатырмыз. Əлдеқайда үдере кешкен жүндес бұлттардың
шудасына оралып қалатындай ай да сүрініп-қабынып əрең жылжып
барады...
Мана, кешке жақын Шегенге хат жазып отыр едім, жүзінде аздаған
қобалжу бар капитан Ревякин келді. Алдымызда тұрған аттаныс жайлы
келген екен. Бұл сапарымыздың қауіпті жақтарын бұрын талай айтса да,
əлденені ұмытып кеткендей, тағы келіпті.
— Темекің бар ма?.. — деп менен сұрады да, Ревякин өз қалтасынан
темекісін суырып алды... Мұндай мінезі біреуіміздің қарабасымызға
арнаулы сөзі боп келгенде байқалатын еді. Мен соны күттім. Ол сөзін кейін
айтатынын аңғартқысы келгендей, Ревякин темекісін қасына алып қойып,
бұрын талай айтқан сөздерінен бастады:
— Жаудың желкесінен түскелі бара жатырсыңдар... Сендер қадалар
найзаның ұшысыңдар, сабағы теңіздің осы жағасында болар... — деп,
Ревякин, біраз кідіріп барып, айтатын сөзі барлығын аңдатып, темекісін
орай бастады.
— Біз сол найзаның ұшы болғанмен сабағымыздан үзіліп түспеспіз
деймін, — дедім мең əңгіменің аяғына тезірек шыққым келіп.
«Солай деп ойлайсың ба?» деген көзбен Ревякин маған бір қарап қалып:
— Азды-көпті бір уақыттың ішінде байланыс үзіліп қалуы да мүмкін...
— деді.
Ревякиннің ендігі көз қарасында «сондай күйге ұзақ шыдай
алармысыңдар?» — деген сұрау тұр еді. Мен сонысына жауап бергім келіп:
— Ол ескерген нəрсеміз деп несін айтайын, жолдас капитан... Сынға
түсер жалғыз ғана шыдам болса, бұрынды-соңды берілген өнегелер бар
ғой... Көреміз де! — дедім. Əлденеге Ревякинмен əдеттегі əскер тілінен
басқашарақ бір сарында сөйлескім келіп кетті. Бірақ бұл аттаныс алды еді,
капитан ол сарынға баса алмады.
Жауды Қырым өлкесінен біржола айдап шығу үшін, əуелі Керчь
жағасына тұяқ іліктіру керек. Біз соған аттанғалы жатырмыз. Артқы
жақпен байланыс үзілсе ондай күйге шыдай білу үшін жалғыз ғана «жан
құрбан» деген жетпейді... Ревякин осыны айтқалы келген сияқты. Қазбалап
қадағаласпасақ та, ең соңғы аңғарысқанымыз да осы болып еді...
Біздің бөлімнің мұндай жайларды айтқызбай ұғатынына риза болып,
Ревякин:
— Ал, қырандар, оң сапар тілеймін. Əмір — аман көрісу болсын! Енді
азырақ үй іштерін еске алайық... — деп, сумкесінен бізге келген хаттарды
алып бере бастады.
Тұмарша бүктелген үшбұрыш хаттар ұзақ сапар шегіп келіп, ең жақын
адамдарының бір ауыз болса да жан сырын əкеледі. Амандық-саулық
тілеумен бірге қажыр-қайрат қосады. Соғыс тұсында қуаныш-күлкісі
тасып-төгіліп жатпағанмен елден келген хаттар уайым-қайғы əкелген емес.
Ревякиннің көзі мені де бір жанап еткеннен маған да хат барын
түсіндім. Ақботаның хаты екенін де білдім. Өйткені, менің «үйлі-баранды»
жайымды Ревякин де біледі. Ақботаның қолын да таниды. «Мынау
шешеңнен мынау əйеліңнен» деп қалжыңдайтыны да бар. Ревякин бұл
жолы да сонысын істеді:
— Əйеліңіздің хаты осында қуып жетіпті... Шешеңнің хаты Қырым
асып барып жететін болар, — деді.
— Қарағандыда сенің кімің бар еді?..— деп бір хатты Васяға беріп
жатыр...
— Жауаптарыңды бүгін қайтарыңдар. Қазір жазсаңдар тіпті жақсы... —
деп, Ревякин кетіп қалды. «Қазір жазсаңдар тіпті жақсы» дегені аттанар
уақытымыздың жақын екенін аңғартқаны еді...
Ақботаның хатын ашып қалғанда, аз-ақ жүгіре жөнелмедім...
Хат сол күні жазылып, сол күні менің қолыма тиіпті!.. Олай болса,
Ақбота осы маңайда жақын жүргені ғой?.. Айғай салсаң еститін жерде
болғаны да!.. Əлденеге біз бүгін аттанбаспыз, ертеңге дейін Ақботаны
тауып та алармын... Кездескен деген осы болар. Осынша жақындасып келіп
кездеспейтін, біз романдағы емес, өмірдегі адамдармыз ғой деген ой келеді.
Сонда да, əлдеқалай болып кетер деген оймен Ақботаға хат жаздым.
«Шеген дейтін ең жақын ағам бар, енді сені біраз күн соған тапсыруға тура
келіп тұр» — дедім. Мұным, əрине, əлдеқайда аттанғалы жатқанымызды
аңғарту еді. Екінші хатты Шегенге жазып, бірінші рет бар сырымды айтып
«Ақбөкенді Ақиыққа тапсырдым» дедім... Енді біріне-бірінің адресін
жазып жіберуім-ақ қалды.
Ақботаның адресін Шегенге жазып болып, енді пилотканың
қайырмасында жүрген Шегеннің адресін ашып қалғанымда, дəл алдымнан
найзағай жарқ етіп қалғандай болды... Екеуінің адресі де бір екен!.. Майдан
почтасына қойылатын төрт цифрдың төртеуі де бірдей! Тек; цифрдан кейін
қойылатын əріп қана басқа — бірінікі «Д», бірінікі «А»...
Соғыс қай бөлімде, дəл қай жерде екенін де айтуға тыйым салып қойған
еді. Мен Ақботаға өз жайымды аңғарта жазсам да, Ақбота ол жағына берік
болатын. Осы күнге дейін майданда не істеп жүргенің қай жерде екенін
аңғартқан емес-ті. Енді, міне, дəл аттанарда ғана қақ қасымнан даусын
естіп қалғандаймын...
«Жел мен бұлт, дауыл мен боран оқуын» оқыған адам əуе əскерлерінің
ішінде болатынын бұл күнге дейін ойламаппын да!.. Ол ойыма ерте түссе,
Шегенге тапсырар едім де, ендігі кездескен де болар едік...
— Бірінші тоқсанның жоспары жарты ай бұрын жиырма үш процент
артығымен орындалыпты! — деді Вася, кенет маған бұрылып...
— Жиырма үш?.. Немене жиырма үш? — дедім мен аңғара алмай
қалып. — Қай майданды айтасың?..
— Немене жиырма үш?!.. Сен немене, аспаннан түсіп отырмысың?
Аспанға кетіп бара жатқан бетің бе еді? Бірінші тоқсанның жоспары болат
та!..
— Бірінші тоқсанның?..
— Иə, бірінші тоқсанның! Екіншіге əлі кірмегенімізді білетін
шығарсың... Бүгін марттың жиырма сегізі болар, — деді Вася, маған ұрса
сөйлеп.
— Вася, айналайын деп жүрейін, ашығырақ айтшы...
Вася енді тұрып қасыма келіп, аузын құлағыма тосып:
— Қарағанды бірінші тоқсанның жоспарын жарты ай бұрын жиырма
үш процент артығымен орындапты. Түсінікті ме? — деді.
— Е, түсіндім, түсіндім... Жеңістерің құтты болсын, баянды болсын,
жолдас Қарағандының уəкілі!.. — дедім мен.
Вася шынымен-ақ «рахмет!» деп қалды... Ол өзін майданда жүргенде де
Қарағандының адамымын деп есептеп кеткендіктен менің құттықтауымды
қалжыңға санаған жоқ. Қайта, жоспар артығымен орындалыпты дегеніне
бірден түсіне қоймағаныма жəбірленіп қалған сияқты...
Менің ойым тап сол сəтте басқа жақта отырғаны да рас еді. Екі-ақ сағат
уақыт берілсе, он километрдей ғана жердегі Шегенге барып қайтқым келіп
отырғамын... Шегенге емес, Ақботаға, əрине....
Сол екі арада аттаныс белгісі беріліп қалды да, қазір, міне қайық күтіп
жағада тұрмыз. Қуанар мен мұңаярдың қайсысына кездесіп қалғанымды
өзім ажырата алмаған соң, жолдастарыма айттым:
— Үй іші болып, отбасында бір кездесудің орайы келіп-ақ қалған
шығар деп ем... — деп бастап, аяқ жағын күмілжіте салдым...
— Қайтесің, шырағым, амал қайсы... — деп Егор күрсініп қойды: —
Бəріміздің, жайымыз бірдей... Қатын қайда жүргенін кім білсін... Біздің
жайды олар да білмейді, — деді, үй іші есіне түсіп кетіп.
— Қайтесің, шырағым, амал қайсы... — деп Егорды мазақтай сөйлеп,
Самед бір қалжың айтқалы келеді. — Хожа Насреддин айтқан, — дейді
Самед, — қатыны қайда жүргенін біле алмау — еріне ғазап... Бірақ оны
алла тағала əдейі жіберетін болса керек...
— Неге, неге, Самед аға?..
— Ерлерінің қайда жүргенін білмеу əйелге азап емес пе екен? Ерлер
соны жете түсінсін деп жіберетін көрінеді!.. Старый чорт все понимает
деген Хожа Насреддин!.. Кəрі сайтан бəрін біледі! — деді Самед.
— Əзірлен!..— деген Мирошниктің айғайы бізге де беріліп қалды.
Биік толқынның жалына жармасқандай тырмысып, бізге арналған
қайық жағаға жақындап келеді.
— Иə, ханнан!.. — деп Самед қайыққа секіріп түсті.
— Уух!.. — деп тітіркеніп қалып, Егор секірді.
Өзгеміз жеңіл секіріп, қайықтың үстіне дік-дік түсіп жатырмыз. Самед
пен Егор, екі үлкеніміз, бізді қағып алардай, құшақтарын ашып оңтайланып
тұр... Манадан жаңқадай ойнақтап жүрген қайық, үстіне жиырма кісі мініп
алған соң, едəуір салмақтанып, жуасып қалды. Сонда да қайықтың
ернеуінен ұстап, əрең отырмыз. Жиырма бірінші болып капитан Мирошник
біздің қайыққа мінді.
— Сарталиев, жауынгерлерің түгел мінді ме?
— Түгел, жолдас капитан.
— Зорин, сенің адамдарың ше?
— Түгел.
— Етек таулардай қырқа-қырқа болып, дөңбекшіп жатқан ақжал
толқындарды көлденең кесіп, əрең жылжып келеміз. Қайық кейде биік
жарға шыққандай тырмысып, кейде құздан құлағандай құлдилап кетеді.
Үйіріліп, алай-түлей төңкерілген түнгі судан жүрегің айниды.
— Иə, ханнан... Жаһаннамға құлап бара жатқандаймын, — дейді Самед.
Үнсіз тістеніп, атылып ұшар қаршығадай болып, Петр Ушаков отыр.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қазақ солдаты - 22
  • Büleklär
  • Қазақ солдаты - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4151
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2108
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4133
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2092
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2142
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4112
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2242
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4147
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4110
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2267
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4062
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4108
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2058
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4044
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4036
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2030
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2154
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4068
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2144
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4063
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2149
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4032
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2124
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4067
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2018
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4089
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2187
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4047
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2190
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4061
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2162
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4061
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3985
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3821
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2014
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қазақ солдаты - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 1652
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1004
    41.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.