Latin Common Turkic

Қатерлі өткел - 01

Süzlärneñ gomumi sanı 3993
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2228
35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
АДАСҚАН АҚЫН
ЖОЛ ҮСТІНДЕГІ СЕРГЕЛДЕҢ
ӨМІР — ЖЕҢІС
АДАСҚАН АҚЫН
БІРІНШІ БӨЛІМ
I
Асау дария Ертіс баяу қозғалған ғажайып айдаһар тəрізді, түсі суық,
толқыны сұрғылт... Құмды жағасында етектегі тау тасындай шашырап,
қайың мен талға бөленген үлкен қала жатыр. Бұл қалада біркелкі ештеңе де
жоқ, барлығы сапырылысып кеткен: үйлері де, адамдары да, олардың
киімдері де, дүниеге деген бағдарлары да. Көше бойлай салынған Кошелев,
Строгонов, Сутюшев секілді бай саудагерлердің темір шатырлы сəнді
сарайларымен қатар, кооперативтің тастан қалаған сұрғылт дүкендері,
қазақ жатақтарының тоқал төбелі шым үйлері тұр. Алтын айлы мешітпен
бұрыштаса, жонған тақтайдан істей салған кинематографтың жаңа клубы
орналасқан. Ерсілі-қарсылы өтіп жатқан жұрт ішінен жаман тымақ, түйе
жүн далбағай, үкілі тақиямен айқара басқан жалпақ сары былғары белбеулі
орыс гүлдері төгілген қызыл шəлілер де көзге түседі. Шекпен киген ауыл
қазағымен қатарласа, иығын портупеямен айқара басқан жалпақ сары
былғары белбеулі, орысша «юнгштурмовка» деп аталатын жастардың
галифелі жасыл костюмін киген жігіт кетіп барады. Көше бойлай салдыра
желген қара фаэтонды, қоңыраулы жəмшіктердің пар аттарының сəнін
əдейі бұзғысы келгендей, үстіне жүк артқан қос өркеш қара нар анда-санда
боздап қойып, асықпай аяңдайды.
Өтіп жатқан жұрттың қайсысының қандай ойда екенін де түсіну қиын.
Біреулері осынау ғажайып жаңа өмірге бейтарап адам екенін білдіргісі
келгендей аяғын жайбарақат, бейқам басып келе жатса, бағда біреулері
белеңі бар жылқыдай жан-жағына үрке қарайды. Ал кейбір бетінде ескі
өмірдің тəкəппарлық таңбасы көрінген «кешегі мырзалар» жаңа заманға
еріксіз бодан болғанын жасыра алмай, əр адымын зілдене басып, түнере
өтіп кетеді. Дегенмен, көпшіліктің жүзі көкірегіне түн ұялағандай ақ
жарқын нұрлы...
Сұрғылт толқынды асау дария жағасындағы осы бір құмды көшелі, ескі
қаланы мен өте жақсы көретін едім. Əсіресе көктем келіп, тал шарбақпен
қоршаған қарағай, қайыңның жасыл төгіп, мойыл бұталарының қардай
аппақ ақ шашақты гүлге оранатын кезін сарғая күтетінмін.
Міне биыл да сол аңсаған мерзімім жетті. Жасыл киінген қала жылдағы
əдетінше 1 Май мерекесін қарсы алуға дайындалып жатты.
Лаулаған қызыл жалқын сəулесімен көкжиекті өртей, күн де көрінді.
Осы бір жаңа шығып келе жатқан күнмен бірге жер мен салтанатты көркін
ашып, қала да ояна бастады. Көп кешікпей, табиғаттың мүлгіген
тыныштығын бұзып, құстың сайрағаны, иттің үргені табынға қосуға айдап
бара жатқан жатақ сиырларының мөңірегендері естілді. Əне-міне дегенше,
күн көтеріліп, 1 Майды тойлауға жұрт лек-лек боп көшеге шыға бастады.
Көкіректері көз ашқандай, жүздерінде қуаныш. Қимыл-екпіндері бəйгіге
қосылар жүйріктердей қарқынды. Даурыға сөйлей, шаттана күледі. Жердегі
қуанышты көкке көтергендей, көгілдір аспан аясында қызыл жалаулар
желең қағады. Мерейі үстем халық мектеп, кеңсе қасына шоғырлана
жиналып, би билеп, əн салуда...
Майдың осы бір нұрға бөленген жарқын күнінде де қала ортасындағы
үш қабат тас үйдің ең жоғарғы бір бөлмесінде əлі де түн қараңғысы
кетпегендей. Жоқ, күн сəулесі ашық қос терезесінен бұл бөлмеге де
мейлінше құйыла түсіп тұр. Сөйтсе де, мұнда көр қуысындағыдай бір ауыр
зіл бар. Мүмкін, бұл үйден кешелі-бүгін өлік шыққан болар? Жоқ, оған
ұқсамайды. Үй іші тым салтанатты, жинақы, сəнді. Тіпті адамды əлдеқайда
қиялға, рақатты арманға ерте жөнелердей. Еденде — жібек түкті қырмызы
қызыл фарсы кілемі. Оң жақта — оюлы барқыт түскиізді күміс кереует.
Тұскиізге сүйеулі бетіне сүйекті өрнек салынған үкілі домбыра. Терезе
пердесі кереуетке ұстаған шымылдығы — бəрі де əшекейлі көгілдір
шəйіден. Бұдан бөтен алтын жалатқан ыдыс-аяқ, сырлы стол, өрнектелген
кебеже секілді көз қуанышы боларлық бөтен заттар аз емес. Əйткенмен, үй
ішінде түн қараңғысындай бір суық ызғар сезіледі... Ал дұрыстап қарасаң
бұл ызғар үй ішінде үнсіз тұрған адамдардың қобалжыған, қорыққан,
абыржыған түрлерінен туған ызғар еді.
Бұлар өзі үш кісі.
Терезе алдында тұрған ақ құба, ашаң жүзді, қошқар тұмсықты, үлкен
қоңыр қой көзді, кең кеуделі ұзын бойлы адамның жасы отыз бестер
шамасында. Үстінде — белін күміспен қаптаған жіңішке кавказ белбеуімен
қынаған тік жағалы, шытырман түймелі ақ жібек көйлек, бұтында — көк
шұға галифе шалбар, аяғында — рондалап тастаған сары сафьян етік.
Иығында бұлғын жағалы қара кеңірдек барқыт шапан. Ұзын қою қара
шашы желкесіне қарай дударлана құлаған. Сырт келбеті көз тоярлық. Бірақ
қайғы ызғарымен бозара түскен жүдеу жүзі көкірегіндегі оты сөне бастаған
жан екенін аңғартады. Қазіргі тұрған тұрысы шабыстан болдырған жүйрік
тəрізді. Басы салбырап, екі иіні түсіп кеткен. Тек іштегі мұз əлі де жанарын
өшіре алмаған үлкен қоңыр көздері терезеге қадалуда. Əр қараған сайын,
сырттағы жұрт қуанышы арқасын аяз боп қысқандай, қабағы түйіле түседі.
Бұл қазақтың ертедегі белгілі ақыны, алғашқы зиялы адамдарының бірі —
атақты Ақан еді.
Одан сəл кейінірек тағы екі адам тұр. Бірі — қара торы, ойлы қоңыр
көзді, бұйралау келген дудар шашты, орта бойлыдан сəл биіктеу жас жігіт.
Үстінде тік жағалы, жеңінің аузын бүрген қара көк шерсть кавказ көйлек,
белінде шашақты, есілген жібек белбеу, бұтында сарғылт чесуча қыры
сынбаған шалбар, жып-жылтыр қара лакты шебілет. Кең маңдайы, ойлы
көзі жігіттің үлкен дарын иесі екенін аңғартқандай. Бұл — жас ақын Бүркіт.
Бұдан төрт жыл бұрын Ақшатыр гимназиясын бітіріп, Омбы
университетіне түскен. Шаруа-жағдайымен байланысты оқуын уақытша
тоқтатып, былтырдан бері осы өзі бітірген Ақшатыр гимназиясында
əдебиет сабағын беретін.
Үшіншісі — түр, келбет, дене құрылысы жағынан бұларға тіпті
ұқсамайды. Екі иығына екі адам мінгендей, кең жауырынды қара сұр,
ұзыны мен көлденеңі бірдей төртпақ, жігіт. Жалпы сырт құрылысы шала
күйген кеспелтек жуан қара томар бейнелес шомбал. Үстіндегі киімі де
аналардікінен өзгеше сəнді. Шіл қазақы киім. Басында қара мауытымен
тыстаған дөңгелек қасқа пұшпақ бөрік. Үстіндегі лұқпан шапанның белін
күміс кіселі белбеумен буыныпты. Аяғында — қисық табан көк салмен
əшекейлеген хром етік. Түрі келбетсіз емес, бірақ сұсты. Сол қысықтау,
өткір, шегір көзі рақымсыз, адамға қарағанда өңменіңнен өткендей. Тістене
жұмған жұқа ерні қансыз, сөлсіз, кезеріп кеткен. Қазір қоңыр беті ашудан
түтігіп, шегір көздері ызаланған иттей шаптығып тұр... Бұл — Бүркіттің
құрдасы, онымен бірге гимназия бітірген, Арқаның атақты
шонжарларының бірінің ұрпағы Əкпар. Орта дəрежелі білім алғаннан кейін
əрі қарай оқымай, Ақшатырда сот хатшысы боп қызмет істейтін.
Салтанатты бөлмеге құбыжықтай қорқыныш кіргізіп тұрған осы
үшеуінің ызғарлы пішіндері абыржыған, қорыққан үй ішіне үрей туғызады.
Ақан Бүркіт пен Əкпардың, бір жағынан, рухани ұстазы, екінші
жағынан, əдеби жетекшісі болатын.
Ой толқыны өзегін өртеп жіберді ме, кенет ол терезеден көзін алмаған
қалпында күбірлей сөйлей жөнелді:
Келді деп көктем гүл шашып,
Қуанба, халқым, құр тасып,
Көрмейсің бе шаттықтың
Көктемі сенен тұр қашық!..
Төксе де сəуле күн көзі,
Жайнамас өмір күндізі.
Бұл кезде жұрт қала ортасындағы салтанат алаңына сап-сап болып өтіп
жатқан-ды. Қолдарында — ал қызыл барқыт тулар, құлаш-құлаш қызыл
матаға жазылған ұрандар, білектерінде — байлап алған қызыл шүберек,
омырауларында — шоқ-шоқ жас қызғалдақтар...
Көше бойлай нұрын шашыратқан осы тамаша қуанышты бұдан əрі
көргісі келмей, Ақан терезеден кілт бұрылып кетті. Сонау көшедегі мəзмейрам жұрт құшағына жылан салып жібергендей, жүрегін қолымен басып,
шошына, үйді ерсілі-қарсылы кезе бастады. Жүрген жүрісі құтылу жолын
таба алмай, темір тордың ішінде ызалана аяңдаған арыстан секілді. Іш
қазандай қайнайды, жеңіп шығар дəрмен жоқ. Бір сəтте ол кілт тоқтай
қалды да:
— Қазақ деген жас бала тəрізді бір ақ көңіл, сенімпаз ел. Кім басына
жұмақ орнатам десе, соның қолындағы ноқталаған құлын. Большевиктер
оның сол қасиетін мол пайдалана білгені кəміл,— деді.
Оның үнінен үлкен бір өкініштің сазы естілді. Көкірегін бұлқан-талқан
еткен ашуын баса алмай, ол тағы ерсілі-қарсылы жүре бастады. Бұл жолы
Ақан жайылымға жем іздеп келіп, су тартылғанда, шағын шалшықтың
арасында қалып, қайтсем айдынға жетем деп астаң-кестең болып тулаған
шортанға ұқсайды. Қанша туласа да, суды лайлағаннан бөтен қолынан
келер дəрмені жоқ. Бірақ сол суды лайлаудың өзі де оған көңілін
орнықтыратын шешім тəрізді. Ол кенет тағы да тоқтап, байсалды үнмен
ойын айтты.
— Біз тəрізді қазақтың оқыған азаматтарының ең қадірлі міндеті —
халқын ұлт тəуелсіздігіне шақыру, жеке ел болуды көксету деп ұққан еді, ал
бүгін...
Жайшылықта əр сөзін саралап, ойлаған ойын асықпай түсіндіретін ақын
ағаның тік кеткені шəкірті Бүркітке ұнамады. Жат көрінді. Ұстазының
жүрек жарасының аузын қызыл шақа етіп ашып тұрғанын түсінсе де,
бірден қошаметтеп кете қоймады. Ал Ақан болса, өзін-өзі ашумен
қамшылап, тоқтар емес. Жас серіктерін өз пікірімен біржолата таптап,
əбден суарып алайын дегендей, ол тағы да:
— Біздің жолымыз большевиктерден бөлек болатын, Бірақ жұрт бізге
ермеді... Неге?—деді.
Əкпар тұнған қара судай, бүлк етпеді. Ал бұл сөз онсыз да жүдеп тұрған
Бүркітке тағы да ауыр тиіп, көкіректегі қасіретіне қасірет қосқандай. Ол
енді шыдай алмады:
— Ақын аға, бүгін сіз тым ашулы тəріздісіз ғой,— деді.
Ақан өмір деген тартысы мол ауыр жолда серіктерінің қолына
жауларына сілтейтін берік шоқпар ұстатқысы келгендей, жауабын анық,
ашық қайырды.
— Ие, ашулымын. Қазақ деген қолымдағы жалғыз сұңқарымды...— ол
тағы да қолын терезе жаққа сілтеді,— большевиктер біржолата ұшырды.
Мен бүгін оны анық түсіндім.
— Ал, Абай аға...
— Ие, Абай ағаң не деп еді?
— «Орыстан үйрен» деген жоқ па еді!— Бүркіт «орыс» деген сөзді
«большевик» деген сөзден бөлгісі келмеді.
— Ақылдыдан үйрену—ақылдыға құл болу деген сөз емес. Мен де
Пушкинді, Лермонтовты, Толстойды, Достоевскийді жақсы көремін. Бірақ
одан қазақ халқының несі өзгереді? Лонгфеллоның елінде индеецтер
резервацияларда қырылып жатыр. Ағылшындардың Шекспирі болғаннан
Родезия негрлеріне келетін қандай пайда бар? Жоқ, Бүркіт, халқыңның
мəдениетке жетіп, жоғалып кеткенінен мəдениетсіз отырып, бірлестігін
сақтағаны артық. Ең зор бақыт — халқың, елің, тілің болғаны. Абай аға
үйрен десе, мен үйренбеймін деп тұрмын ба? Бірақ үйрену бар да илену
бар... Мен иленуге қарсымын. Егер халқыңды жақсы көретін болсаң, оның
тəуелсіздігін, бірлігін алтын жамбыдай сақта. Өйтпеген күнде, Батыс сені
бір-ақ күнде жұтып жібереді. Есінде бар ма, Редьярд Кпилингтің «Батыс —
бөлек, Шығыс— бөлек» дейтін өлеңі?—Ақан Бүркітінің жауабын күтпей
көзін жұмып, əлгі өлеңді есіне түсіре, тақпақтай жөнелді:
«Батыс — бөлек, Шығыс — бөлек,
Мəңгі олар алыс жатыр.
Күл-талқан боп жер менен көк
Қоспаса көп заманақыр.
Батыс та жоқ, Шығыс жоқта,
Отан, тұқым кімге керек,
Екі күшті келген шақта
Қыл көпірде бетпе-бет».
Бұл өлеңді айтып болды да, Ақан:
—Батыс пен Шығыс, түн мен күн тəрізді, екі дүние, оянып келе жатқан
Шығысты бас салуға дайын тұрған Батыс бар. Бұны ұмытуға болмайды,—
деді.
Ұстазының көңілін қалдырып алғысы келмегендей, Бүркіт жалтақтай
сөйледі.
— Оған қандай дəлел бар?
— Киплингтің өлеңі ше?
—Киплинг — Киплинг қой!—деді, ренжігенін жасыра алмай Бүркіт.—
Ақын аға, Киплингтің ағылшын империализмінің жыршысы екені сізге аян
емес пе еді?
— Болса ше? Өз сырын өзі ашқан қасың — досыңмен тең.
— Жоқ, ақын аға, Киплинг бұл ойын «халықтар бірін-бірі мəңгі ұға
алмастық қастықта өтеді» деген тұжырымға тіреп айтқан жоқ па? Бұл —
ағылшын империализмінің өзге жұртты менсінбестік отаршы ұлы
ұлтшылдық саясаты. Ал Батыста бізбен тілектес миллиондаған халық бар...
Күндікке үндемей тұрған Əкпар дəл осы сəтте гүр ете қалды.
— Киплинг көксеген ұлы ұлтшылдық, менсінбестік өзге халықтан
шықпайды деп ойлайсың ба?
— Əкпар ішінде жатқан запыранын бірден төге салуға дайын тұр, тек
бір сескену құдіретті ақын ұстазының алдында ойын толық ашуға жол
бермеді.
Оған себеп болу керек қой?— Бүркіт жолдасына тұнжырай қарады.
— Себеп — жер,—деді Əкпар.
— Жер? Қазақта не көп, жер көп емес пе?
— Иə, бізде жер көп. Біздің қуанышымыз да, бақытсыздығымыз да сол
жерде. Түсінбейсің бе? Егер өмір осы қалпымен жүре берсе, сен өзің-ақ бір
отыз жыл өткеннен кейіп, осыншама ұшы-қиыры жоқ даладан қазаққа қой
бағатын да жер қалмағанын көзіңмен көрерсің.— Əкпар кенет тоқтап
қалды да, Ақанға қарады,— жоқ бізге жаңа ұлт қаһарманы керек.
Бүркіттің де берілгісі келер емес.
— Бірақ оның соңынан кім ереді?
— Сонда сен бізге, резервацияларға қуылған индеецтердей, қойдай
шұбыртып, Бетпақдала, Қарақұмдарға айдап апарғанын күт демексің бе?
Түсінбеймін, сен не деп тұрсың,— деді Бүркіт қабағын шытып,— Кеңес
үкіметі көп ұлтты мемлекет, құдіретті мемлекет құрамыз дейді... Ал сен...
— Тоқтай тұр, Бүркіт,— деді Ақан кенет сөзге кірісіп.— Есіңде ме,
Дарий патшалығы? Əлде ұмыттың ба?— Ол тағы да терезе жаққа қарады
да, жүдей сөйледі.— Европа Македонский деп атайтын Ескендір
Зұлхарнайн Индия жеріне дейін билігін жүргізді... Ұлы Рим мен атақты
Византия мемлекеттері қайда? Ақсақ Темір Көрегеннің алдында жүзге таяу
ұлт тізе бүкті... Жоқ, Бүркіт, көп ұлтты мемлекеттер ешуақытта да ұзаққа
барған емес.
— Ал мыналар əлі...— Əкпар да терезе жақты нұсқады.
— Бұлардың да өмір сүруі Россиядағы көп ұлттың дер кезінде ұлттық
санасының оянуымен байланысты. Жазушы — халқының ары, намысы.
Сөзіңмен, өнеріңмен еліңнің санасын оятып, оны тəуелсіздікке, жеке
автономияға шақыру біздің міндет еді. Өзінің жұрты, өзінің жеке Отаны
жоқ ұл қанша данышпан болса да, шөлге қамалған аққумен тең көрінетін,
жан жағында құлазыған даласы көп, бірақ қанат қағар ақ айдын шалқары
жоқ секілденетін... Əлде мен қателестім бе?
Бүркіт іште жатқан бір-біріне қайшы, шым-шытырық ойын сыртқа
шығара алмай, тына қалды. Ақанды жасынан құрметтеп үйренген жас жігіт
енді шаптығуды орынсыз деп тапты. Сонда да:
— Егер халық соңымыздан ермесе не істейміз?—
— Онда біз кетуіміз керек.
— Қайда?
— Ақан дағдарып қалды. Бəсе, қайда кете алады?
Бүркітке не деп жауап беруді білмей абыржыған ақын ағаның тұрысы
кімнен қорлық көргенін айта алмаған жас баланы аңғартады.
Енді ол күңірене сөйледі:
— Іште жатқан жалын көп, сыртқа шықса — құр түтін. Ойға алған
мақсат мол, бірақ іске асар бірі де жоқ. Қанша қарқындағаныммен, түскен
жолы құмға келіп тірелген жолаушы тəріздімін. Алға жүрейін десем,
аңыраған құм, азынаған шөл; күтерім — тек өлім. Кейін қайтайын десем,
қатты жабылған есік, қайта ашылар емес. Бұл дағдарысқа қалай жеттім? —
Ақан үндемей тоқтай қалды.
Ақанның сөзінің аяғын күткен Бүркіт пен Əкпар жұмған аузын ашпай,
сол төмен қараған қалыптарынан қозғалар емес.
Ақан шынында, жол таба алмас дағдарыста еді. Оған үлкен себебі де
бар. Сондықтан ол іштегі қаупін жасыра алмай, алай-түлей, бір орында
отыра алмай, бір жатады, бір жүреді. Аңдыған жауын сезген қасқырдай
дəйек білмейді. Жан-жағына əбігерлене қарайды. Ол — оқыған, ақындық
дарыны ерте оянған адам.
Ақан өзінің саяси бағытын «елім», «жерім» деген сөздермен бүркей
білді. Ол кей шығармаларында əйел теңдігі, қараңғылықтан құтылу деген
секілді халықтың көкейкесті армандарын да жыр етті. Əсіресе, Ақан —
махаббат поэзиясының алдына жан салмаған жүйрігі. Көптеген жастар
оның кейбір шебер жазылған өлендерін жатқа да білетін.
Ал қазір Ақанның жеңілген шағы. Барар жер, басар тауы жоқ. Бірақ ол
əлі де болса елі, жұрты үшін құрбандыққа ұшыраған адам болғысы келеді.
Сондықтан да ол өзін Бүркіт пен Əкпардың алдында басқаша ұстауға
тырысады. Əділетті адамдай ақтарыла сөйлеген болады.
Мен күні бүгінге дейін,— деді ол кенет даусын ақырын шығарып,—
халқымның басында ойнаған кешегі отаршылдықтың бұлтын көріп келдім.
Сол бұлттан мəңгі құтылу тек қана елімнің жеке тəуелсіздігінде деп ұқтым.
Сондықтан халқымды бірлікке, орыс жұртының ықпалынан құтылуға
шақырдым. Ұлтшылдық сезім ақыл, ойымды тегіс билеп, кең толғанып,
жан-жағыма көз салуға мүмкіндік бермеді. Шор таққан аттай, тек көз
алдымдағы қазағымды ғана көрдім. «Осы «ұлтым» деген тар түсініктен,
қазыққа байланған құлындай құтылып шыға алмадым, тек сол қазықты
айнала бердім, айнала бердім. Ақырында ұзын арқан қысқара келіп, қаққан
қазықтың қасында мелшидім де қалдым. Тағы бір айналсам, қыл шылбырға
буынып өлуім де ғажап емес-ті. Ал кейін шегініп, арқанды қайта ұзартып,
өрісін кеңітуге уақыт тар...
Расында да, оған кейін шегінуге жол қалмаған тəрізді еді. Ақынның
Октябрь революциясына да қарсы жазған өлеңдері аз болмаған-ды.
Ақын енді Бүркітке тесіле қарады. Ауыр, азапты ойының тоқтар жерін
айтпақ болды.
— Miнe енді көлдей көңіл шалшық суға айналып, торға түскен
кішкентай құстың жағдайына жетіп тұрмын, деді кенет даусы сына
күңгірлеп.— Қалай құтыларымды білмей, құр тыпырлаймын. «Күресу
керек, халықтың ұлттық сезімін ояту керек» деп сендерді жалына үгіттегім
келсе де, оған өзім де сенбеймін. Сондықтан, Бүркіт, сенің сұрағыңа жауап
беру маған өткелсіз дариядан өтуден қиын. Қайда барарымды, халқымды
қайда апарарымды өзім де білмеймін...
Ақанның жағдайын Бүркіт те жақсы түсінді. Ақын ағаның бұл
дағдарысы құр ғана халқының келешегін ойлаудан туған дағдарысы емес,
өз басының келешегіне сенбеуден туған дағдарыс. Бұл дағдарыс Бүркітке
ақындық адамгершілік қасиеттерін жақсы көретін ағаның жанын шұқуға
келе жатқан қара қарға тəрізді болып көрінеді. Бүркіт айқай салып, сол қара
қарғаны Ақаннан қуғысы келеді. Бірақ бар даусымен айқайлай алар ма?
Айқайлай алса, халқы бұның даусына құлақ ілер ме?
Ақан тағы да үнсіз. Үй ішіндегі ауыр тыныштық оның жанын езіп, өнбойын жерге жаншып барады. Бүркіттің де сұрағы көкірекке шаншудай
қадалуда. «Дегенмен жауап беру керек. Оқушысы ұстазынан жауап күтіп
тұр ғой, үндемей қалуға бола ма? Бірақ қандай жауап беру керек? Оқ өтпес
қамалға тірелген, шаршаған жан қамалды қалай алуды қайдан біледі? Оның
қолынан бар келері өз жанын аямау...»
Ақан иығын басқан ауыр жүкті жерге түсіргендей, сəл серіге басын
көтерді де, тағы да үйді кезе бастады.
— Мен Блоктың мына бір өлеңін жақсы көремін,— деді ол аздан кейін.
Бүркіт елең ете қалды.
— Қай өлеңін?
Ақан нағыз бір қуанышты гимн айтқандай, дауысын көтере тақпақтай
жөнелді:
Қойған соң терең бейітке,
Көмілер шөпке қабырың...
Естірміз сонда биікте
Жауған жаңбыр дабырын.
Ұйқыдан тəтті оянып,
Демессің бұл не жердегі?
Ақ жауын мəлім: күз анық
Нөсер — көктем келгені!
Аудармас көңіл назарын,
Жатқан шулап бұл дыбыс,
Айрылу, лəззат азабын
Басқан қабыр тып-тыныш...
Асықпай, жайлы көрде тек
Ойланарсың мүмкін сен:
Сұм жалғанда өмір деп
Адам нені түсінген...
Ақан өлеңді қанша көңілдене тақпақтаса да, оның əр сөзінің көрдей
суық ызғары Бүркіттің сергек көңілін бірден мұздатып жіберді. Ол елегізи
қалды. Өйткені ақын ағаның ауызына соңғы кезде өлім туралы сөз көбірек
түсіп жүргенін байқаған. Бұл жолы да ұстазы сол əдетіне салып тұр. Тек
жас серігін өзінен біржолата түңілдіргісі келмей, өлеңді көңілдене
тақпақтаған болады. Бірақ қам көңілді, қасіретті сөз өзінің басына
байланған қара жалауды анандайдан аңғартпай ма, Бүркіт ақын ағаның
басына төнген дағдарыс — қара қарғаның енді қанды шеңгелін салғалы
тұрғанын анық сезінді.
— Ақын аға, бұл өлеңді неге айттыңыз?— деп ол Ақанға қарады да,
шошына қалды. Боп-боз боп кеткен ұстазы жаралы құстан аумайды, басын
төмен салған. Сылбыр жүрісінде де, тұманданып кеткен қайғылы
көздерінде де сорлылық бар. Бұл не? Жайшылықтағы қайғы сазы ма? Əлде
басына ажал сағатын таяй түскен дағдарыс — қара қарғаның көлеңкесі ме?
Ой толғауы жеткендей, Ақан кенет басын көтеріп алды. Бүркіттің
иығына қолын салып тұрып:
— «Қайда барамыз?» дейсің, барар жер көп. Бірақ мірден берік қамал
бар ма? Оған жаудың оғы да өтпейді.
Сөйдеді де, ол тым шаршап кеткендей, күміс кереуеттегі əлі жиналмаған
төсегіне үстіндегі киімімен жата кетті.
Ақан əлгі сөзді қанша жігерлене айтса да, Бүркіт одан таусылған
адамның шарасыз шешім үнін естіді. Ақанға төнген қара қарға енді өзінің
жүрегін қанды тырнағымен тырнап жатқандай, жаны қатты ауырып кетті.
Бұл шешім тірі адамның өзіне деген үкімі екенін енді əбден түсінді.
Абыржып, Ақанға қарады. Жас ақынға оның бұл жатысы сұлап жатқан өлік
секілді болып көрінді. Ақ жастыққа ұзын қара шашы төгіле, сұп-сұр болып
кеткен... Екі қолын кеудесіне қойып, көзін жұмып алыпты. Кереуеттің бас
жағында тұрған шойын денелі Əкпар Ақанның басына қойған мызғымас
құлпытас тəрізді. Бүркіт өз ойынан өзі тағы да шошынды. «Қасиетін мəңгі
жоғалтпас сом алтындай, жер бетіне сирек келетін осынау өзгеше
жаратылған дарын күш расымен өлексе күткен қара қарға — дағдарыстың
жемі болмақ па? Жоқ, ол мүмкін емес! Құтқару керек! Құтқару керек!»
— Ақын аға, əлгідей сөзге аузыңыз қалай барады?— деді ол ұстазына
жігер бергелі,— өзіңіз айтпап па едіңіз, дүниеде жазықсыз жанның
құрбандығынан өкінішті еш нəрсе жоқ деп?
— Жазықсыз жан... Кім айтты менің жазығым жоқ деп?— Ақан
жастықтан басын да көтермеді. Нағыз бір ауру жандай қинала сөйледі.—
Жоқ, Бүркіт, менің жазығым мол... Кешпейтіндеріне көзім жетеді...
— Олай болса, қашу керек!— деді бағанадан бері мызғымай тұрған
Əкпар, бірдемені шорт кескендей, морт сөйлеп.
Ақан жастықтан басын көтеріп алды.
— Қайда?
— Қытайға! Түркияға!
Бүркіт Ақанға қарай қалды. Егде ақын оның неге былай қарағанын
түсініп, орнынан ұшып түрегелді. Көзі кенет ашу төгіп, жарқ-жұрқ етті.
Енді өңі əп-сəтте əлсіздіктен құлан-таза арылып, өзінің əдеттегі тегеурінді
қалпына енді. «Бəсе, менің ұстазым осындай болуға тиісті еді ғой,— деді
Бүркіт ішінен,— «Қыран қайғырып өлмейді, қартайып өледі»,—дейді ғой
жұрт. Ақын Ақан да ақиық қыран емес пе еді!»
— Ақын өмірге өлексесі үшін емес, өлеңі үшін келеді,— деді Ақан
Əкпарға түксие қарап, —Қытайға. не Түркияға қашып, мүмкін, өлексемді
құтқарармын, ал бойымдағы дарынымды қайтемін? Өз елің, өз тілің
болмаса, дарының сенің кімге керек?.. Сол дарынымызды бағалайтын,
өркендететін өз еліміз, өз тіліміз болсын деп күресіп келген жоқпыз ба?
Қаш дейсің! Мен халқымнан қашсам, менің бойымнан дарыным, жырым
қашпай ма? Ондай өмірдің маған қанша керегі бар?.. Жоқ, Əкпар, мен еш
жаққа қаша алмаймын. Өз жерімде, өз елімде, өлексем үшін емес, өлеңім
үшін өлемін.
Осындай сөздерден кейін албырт жас жүрек қалай толқымасын, Бүркіт
Ақанды қалай ардақ тұтпасын!
Əкпар бұдан əрі тіл қатқан жоқ. Сүліктей қап-қара қос қабағы дір етіп
бір сілкінді де, қарс жабылып кетті. Сол қалпында, қайта ашылмай түнерді
де қалды.
Осы кезде үйге ас дайындаушы семізше келген, бөкселі, ақ сары, жас
татар əйелі кірді. Көзін жерден бір көтермей, қолындағы қымыз құйған
ожаулы сырлы шарамен үш күміс кесені үстелге қойды да, үн-түнсіз, сол
сызылған қалпында сұлу денесін сəндене теңселтіп, аяғын ырғала басып,
шығып кетті. Ақан мен Бүркіт əйелге еш көңіл аударған жоқ. Тек Əкпар
ғана қызыл көрген қомағай қаршығадай əйелдің соңынан қарап, оқыс
қозғала түсті де, тына қалды.
Ақан сол тұнжыраған қалпында дөңгелек үстелдің қасына келіп, бір
тізерлеп отыра қап, жаңа ғана қалаға жақын ауылдан өзіне арнап алып
келген, ерте құлындаған биенің жас уыз қымызың, сырлы ожаумен сапыра
бастады. Ана екеуі де үстелді жағалай отырды. Қымызды тамсана күткен
сом денелі Əкпар даланың қомданғaн үлкен қарақұсы тəрізді. Қайғыдан
иіні түсіп кеткен Бүркіт осы қарақұстың қасында тұғырға жаңа
отырғызылған жас қаршығадан аумайды, бірақ іштей əбігер, қанатын қағар
күші жоқтай, сұп-сұлық отыр.
Ақан нəшіне келтіре сапырылған уыз қымызды күміс кесеге құйып,
қонақтарына ұсынды.
— Мінекейіңіз!
— Бұйырсын...
Əкпар қылқыта жұта бастады. Бүркіт кесенің шетіне ернін тигізер-
тигізбес етіп бірер ұрттады да, қайтадан үстелге қойды. Тамағынан өтер
емес. Оған қымыз емес, қайғы жұтқандай болып көрінді. Екі көзін
телміртіп, Ақанның бетінен аудармай, тұнжырады да қалды. Қымызға емес,
ақын ағаның осынау көрікті жүзіне тағы бір тойып қалайын дегендей,
əлсін-əлсін қарайды. Жүрек сезбейтін сұмдық бар ма, кенет оған осы
отырысы ұстазымен ақырғы рет отырысуы секілденіп кетеді. Ол Ақанға
бұрынғысынан да құмарлана қарай түседі... Қара қарға енді Ақан ағаның
иығына қонып алған, оның жүзінде қайтадан көпе-көрнеу əлсіздік пайда
бола қалыпты.
Бүркіт Ақан үшін əлі де күреспек, қайтсе де сонау қара қарғаны одан
қумақ, үркітпек.
— Ақан аға, сіз орынсыз жүдейтін секілдісіз,— деді ол.— Совет өкімет
орнағалы, тисе, тек шын жауына тиіп жатыр, басқа жанға қиянат істеген
жоқ қой. Сізге де тимейді. Бекер қобалжисыз...
— Бұл қобалжу емес, Бүркітжан,— деді Ақан орыннан түрегеліп, ерсіліқарсылы тағы жүре бастап. — Бұл алдағы болар іске күні бұрын мойын
ұсыну... Одан бөтен жол қалған жоқ.
— Мүмкін, бөтен де жол бар шығар?
— Жоқ, қалқам, үлкен халықтың кіші халықты өзіне бағындырғысы
келетіні ежелден белгілі. Бұл - тарихтың ақиқат жолы. Бағындыру деген
өзгенің жігерін құм етіп, жүректегі арманын сөндіруден басталады. Ол
үшін ең алдымен халқы үшін тізгінге оралғы болатын ұлдарының үнін
өшіру керек. Ал мен жырыммен де, жүрегіммен де оларға қарсы тұрдым.—
Кенет ол қолын сермеді,— жə, бұл сөзді доғарайық. Менің тағдырым
келешегімде емес, өткен күнімде.
— Неге олай дейсіз?—деп Бүркіт тағы сөйлеп келе жатыр еді, Ақан
қайтадан бөліп жіберді.
— Жоқ, Бүркітжан, мен шығар қияма шығып болдым, бұдан əрі алатын
шыңымның басында маған деген қақыраған аяз, долданған боран тұр, оған
күшім жете ме, жетпей ме, оны өзім де білмеймін. Ал сендер болсаңдар,
жаңа қанаттанған жас түлексіңдер. Сендердің шығатын биіктерің басқа. Ол
үшін қандай жолға түсесіңдер, осыны ойлаңдар.
— Ақан аға, ол жолды өзіңіз көрсеткен жоқ па едіңіз?
— Жан ашуы кейде дұрыс ақылшы бола алмайды. Менің жүрегімді
ақылдан гөрі, ашу билеген. Ал сендер өз жолдарыңды əздерің таңдауға
тиіссіңдер. Бақыт болып көрінген елеске жетемін деп, астыңдағы атыңды
зорықтырудың қажеті жоқ. Ат əлі ауылдарыңа баруларыңа керек.
— Сонда «ұлт», «ел» деген арманыңыздың бəрі де жалған болғаны ма?
—деді Əкпар қабағын қарыс жауып.
— Құс жеткен жеріне қонады. Менің де жеткен жерім осы болған
шығар, кешіріңдер. — Ақан кенет Бүркітті бауырына алып қысты.— Ал
қош бол. Жалғыз тілегім: халқыңды сүй... Бірақ менше емес, өз жолыңды
тауып сүй...
— Ақан аға...
— Жə, жə... болды,— деді Ақан,— барыңдар, шаршап кеттім. Азырақ
дем алайын...
Бүркіт пен Əкпар ұстазымен мұңая қоштасып далаға шықты. Бұлар
баспалдақтан төмен түсіп келе жатқандарында жоғары көтеріліп бара
жатқан Ішкі істер халық комиссариатының əскер киіміндегі екі жігіт
кездесті. Бүркіт оларға сезіктене қарады да үндемей төмен түсіп кетті.
Қара көлеңкелеу Ақанның бөлмесінен кейін күн сəулесі төгіле құйылып
тұрған көше ғажайып салтанатты, жарық еді. Парад бітіп, мерекешілер
тарай бастапты. Жұрттың даурыға сөйлеген сөздері мен қуанышты
күлкілері естіледі. Бұрыштағы тапалдау келген қазақы ағаш үйден əлдекім
барылдата əн салып жатыр. Сəл қарлыққан көңілсіз дауыс шиқылдаған
сырнай үніне рабайсыз қосылып, тыңдаушыға жеткізейін дегендей, өлең
сөзін машықтай айтады. Бүркіт пен Əкпар тыңдай қалды.
Əнші сəл тоқтай қалды да, тағы да сарнай жөнелді:
Созылған жол алысқа,
Жаяу жүріп келемін.
Барар жерім алыста,
Алыста жəне керегім.
Шығып едім қуанып,
Жете алам ба, сол жерге?
Сүйегім əлде қуарып,
Қаламын ба бір белде?!
Ей, дүние, шіркін-ай,
Қаламын ба бір белде?..
Дауыс берекесіз болғанмен, өлең сөзі ойда жатқан бір арманды
аңғартқандай, алыс мақсатқа жете алмай қалам ба деген Асан қайғы
жанының сары уайымы, сенімсіз болжауының сарынын сездіреді...
Бүгінгідей қуанышты, салтанатты сағатта мұндай өлеңнің ашық
айтылуы — Бүркіт пен Əкпарға таң қаларлық іс. Екеуі де құлақтарын түре
түсіп, құмарта тыңдауда, бірақ бұрыштан шыға келген «духовой»
оркестрдің үні бұны бұзып жіберді. Сарнаған жалғыз дауыс оркестр
маршының астында тұншығып қала береді.
— Біздің де үнімізді мына адамның даусындай етіп замана гүрілі жұтып
жіберетін тəрізді ғой,— деді Əкпар жалпылай шешімге келіп.
Бүркіт үндеген жоқ. Ол тағы да ұстазы жайында ойлай бастаған еді.
Бұлар көшенің арғы бетіне шықты. Бүркіт бірдемесі ұмыт қалғандай
бұрылып Ақан бөлмесінің терезесіне қарады. Кенет, əлденеден шошып
кетіп, дауыстап жібере жаздады да, Əкпардың білегінен тап беріп ұстай
алды.
Ақан терезені ашып, сыртқа қарап тұр екен. Алыстан жүзі өң-түссіз
бозарып атып келе жатқан таң тəрізді, адам айырып болар емес. Ар
жағынан біреулер көрінді ме, ол кейін бұрылды, сөйтті де, бір секунд та
өтпей, секіріп терезенің алдына шықты. Бүркіт «Тоқта»! деп айқайлағанша
болған жоқ, Ақан екі қолын көкке бір көтерді де, басын төмен сала суға
секірген жандай, жерге құлай жөнелді.
Аспан айналып жерге түскендей, Бүркіт не болғанын білмей қалды. Сəл
есі кірген кезде, Ақан құлаған жаққа ата жөнелді. Бірақ білегінен ұстаған
кісендей берік қол оны орнынан тырп еткізбеді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қатерлі өткел - 02
  • Büleklär
  • Қатерлі өткел - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2228
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4015
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2180
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4077
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4007
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2148
    38.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4035
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4110
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    38.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4016
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2069
    38.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2121
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4064
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2096
    38.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4072
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2226
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3936
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2111
    37.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3997
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2128
    38.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2060
    38.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2170
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2056
    39.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3927
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қатерлі өткел - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 166
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 137
    53.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    69.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    76.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.