Latin Common Turkic

Қарағанды - 24

Süzlärneñ gomumi sanı 3799
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2228
30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
43.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
кітабын жаба салды да, оның сөзін бөліп жіберді:
— Адам жайында бəрін айтасыздар. Сол адамның ойын, сезімін
жетелейтін əдебиетті неге ұмытасыздар? Əдебиеттегі тəртіпсіздік,
мəдениетсіздікті де көру керек.
Мейрам мүдіріп қалды. Қанабек санын бір соқты. Щербаков жымыңжымың етеді. Антонина Федоровна да қағытып қойды:
— Сергей Петрович бір романды оқи бастағалы айдан асты.
Əдебиетке құмарлығын содан байқа.
— Құтқар, Қанабек!— деді Щербаков. Қанабек безек қағады.
— Аулақ, ой, аулақ! Суға кетіп барамысың, жармаспасаңшы.
Ардақ сөзін соза түсті:
— Əдебиеттегі кемшілік те аз емес!— деп көзін кішірейте, кідіре
қалғанда, ойы алысқа кеткені байқалып тұрды.— Қазақтар қазір
еңбекте социалистік əдіс қолданады... Қазақ əдебиетінде эпос əдісі əлі
қалмай келеді...
Қанабек қарқ-қарқ күліп жіберді:
— Қарағым, жаттап алған бірер қиссам бар еді, тиісе көрме.
— Қанеке, қиссаларды мен де жаттағам. Бірақ, бүгінгі əдебиетімізге
қиссалар жолы қысыңқы. Орыс классиктерінен қалған реализм,
Горький салған социалистік реализм жолы — кең жол жатыр. Соған
түсу керек.
— Диссертацияңды осы жерде біржола қорғап шықсаңшы,— деп
қалжыңдап еді Мейрам, басып тастады Ардақ:
— Сен саясатшылсың ғой, мына кітаптың іші толы саясат.
«Дмитрийді», «Метрей», «Федорды», «Шодыр» деп бұзса, машинаны
«шайтан арба» деп ұғындырады бұл кітап. Бір кезде біреулер: «қазақ
қала еңбегіне көндіге алмайды» деп далбасалады. Мына кітап — өзінен
тумаған тілді қазақ қабылдамайды,— деп тұр. Ұлтшылдықпен
күрескенде бұнымен неге күреспейсің! Бұл не, ұлтшылдық емес пе?
Ескілікпен күрескенде, тілдегі архаизм, жаргондерге, əдебиетті
шоқпыттауға — примитивке шыдауға бола ма?
— Шыдамасаң жаз.
— Əрине жазамын.
Қанабек Ардақтың қолындағы кітапты сұрап алды. Кітаптың бетіне
жазып, сызып тастаған екен:
— Қарағым-ау, дал-далын шығарыпсың ғой, мына бишараның,—
деді.— Кім жазған өзін? «Айшық» дейді? Онысы кім?
— Жасырын аты. Жасырғанмен жаны қалмас.
Күн батып, қас қарайды. Ардақ əдебиет жайында əлі сөйлеп отыр...
Əр сөзінен құмарлық, іздегендік, əр мінезінен байсалдылық
байқалады.
— Москваға барып қайтам,— деді сөзінің
Ғалымдардың сарабына салатын бірнеше мəселе бар...
ақырында.—
V
Əуе жібермей бітеп тастаған соң, өрт тұншығып, тез сөнген.
Шахтада дағдылы жұмыстар жүріп жатыр. Жаңа график əлі
қалыптасқан жоқ. Жоспар он күнде бес мың тонна кем орындалды.
Врубмашина сеткесіне цикл берудің орнына, біржарым-екі сөткеде
беріп тұр. Енді Əкім, Ысқақ, Сейтқалылар ғана емес, əркім-ақ қабақ
шытып, күңкілдей бастады. Үлкен газеттер əзір үндей қоймаса да,
шахтаның өз газеті дабыл қағып, басшылықты, жаңа графикті сынап
жіберді...
Шахта басшылары күндіз-түні жер астында, олқылықты жою
қамында. Бас инженер Əшірбек лавада отыр. Алдында аккумуляторлы
шам, қолында блокнот, бір қолында сағат. Табиғат, адам, механизм
əрекеттерін минутпен, секундпен есептеп, блокнотына жазып қояды.
Басындағы темір тысты фуражканың күнқағары астынан
жылтылдаған сақ көзі, қалампыр түсті плащы ішінде бүкжие отырысы
— əлденені аңдыған мысыққа ұқсайды. Бөгетті, кемшілікті іздеп
тінтіне қарап отыр. Лаваның басынан түсе, ылдиға қарай жер
бауырлап жылжыған машина құлаш тілін қабырғаға сұғып жіберген.
Ұзын тілді айнала зырлаған шынжырдың итазу темірлері қабырғаны
араша тіледі. Тасбақадай аласа, ақырын болса да осы жатаған машина
қырық-отыз қайлашының шабатынын бір өзі шауып барады. Əшірбек
сонда да азсынып:
— Неге ақырын?—дегенде:
— Қатты көмір,— деді Əкім.
— Мүмкін, тістері мұқалған болар?
— Мен мұқалған тісті салмаймын.
Алдыңғы жақта, түбін жерге, басын төбеге сұғындыра тіреген жуан
тіреу тұр. Тіреуді бір ораған болат арқанның екі ұшы да машинада.
Арқан сусыған сайын машина жылжып, тіркеуге тақалып келеді.
— Екінші тіреуді дайындай беру керек.
— Дайын, Əшірбек жолдас. Тіреу ауыстыру үшін машина бөгелген
емес.
Əкім сұрақтарға іркілмей, алаңдамай қайырды жауапты. Ұзын бойы
төбеге əнтек тиген жоқ. Маңдайында жарқыраған шамның сəулесі тек
машина үстінде. Еңгезердей денесімен еңкейе қарап, сом қабырғаға
еніп кеткен бардың дыбысын, қозғалысын оқтын-оқтын бақылайды.
Дене молдығына қоса, мінез молдығын да көрсетіп тұр. Насыбайын
атып, ернін жымыра, Əшірбекке жаңа бұрылды. Басын шайқап, үнсіз
ыржия күледі. «Кінəні бізден іздегенше өздеріңнен ізде» деп күлген
тəрізді. Жұмыспен біте қайнаған жас маман өзіне тым сенімді.
— Енді бір цикл қоссаңдар машина шауып үлгіреді. Тек алуға
үлгіріңдерші!— дейді.
Екі жұмысшы рештакты. бұрынғы орнынан бері жылжытып,
машинаға тақай орнатқалы жүр. Лаваны бойлап созылған бұл темір
астаумен көмір ағады. Машина қайланы жойса, темір астау адам терін
суша төккен ташке, шана түгіл, лавадан вагонеткаларды қуды. Электр
теңсеген рештак ондаған адамнан өнімдірек істесе де, Əкім
қанағаттанбапты.
— Осының қиқаң-қиқаңы бола береді,— деп шытынады.— Менің
лавамда лентті транспортер неге жоқ?
— Графиктің орындалуы соған қарап тұрса, ертең-ақ орнатайық.
— Ұсақ бөгеттер көбейе берсе, мықты тұсау аяққа.
Əшірбек өз ойымен болып, жылжып кетті орнынан.
Рештакты аттап өтіп, бітеушілерге келді. Лаваның бұл қабырғасы
дал-дал. Көмірін алған соң төбені дəрімен атып, опыра құлатыпты.
Жоғарғы жақ қатпар-қатпар терең құз. Əлі де гу етіп, құлай түседі.
Бірақ төбенің машина жағын құлатпай, темір, ағаш тіреулерді
араластыра жиі тіреген. Ерте кезде лава құлату сирек кездесетін
қатерлі жұмысты. Бұл күнде көмірді лавалап алу əдісі кең қолданылды.
Ермек, Əшірбектер көмірден целик — жал, діңгек қалдыруға да қарсы.
Жер астында жатқан телегей-теңіз кен байлығының өзін ысырапсыз
алмақ. Ағаш үнемдеу үшін Əшірбек ойлап шығарған темір тіреудің
жаңа түрі осы лавада қолданылыпты. Бітеуші орыс жұмысшы егде
адам екен, инженерге қуана айтты пікірін:
— Тіреуісіз тіпті қолайлы! Онша ауыр емес. Ұзарту, қысқарту тетігі
қолда. Қаншама ағаш жанға қалып отыр. Бітеп болған соң, босатып
алып басқа жерге тірей қоямыз. Бұл тозбайтын тіреуді неге
көбейтпейді? Басқа лавалар неге қолданбайды?
— Ұсынысыңызды жазып беріңіз,— деді Əшірбек.— Сыннан өтсе
барлық шахта қолданады.
— Жазам-жазам. Қанша сыйлық алдыңыз осыған?
— Əзір ештеме алғам жоқ.
— Қанша берер екен?
— Берсе, бір бестен кем бермес.
— «Берсеңіз» не?! «Бесіңіз» бір айдың ғана жалақысы. Ондаған мың
пайда енгізгенде бес мың аз, аз. Əншейін айтасыз ғой. Біз өзіміз ай
сайын алып тұрамыз оны...
— Əкім он мыңнан алып келеді.
— Иə, инженер-техниктер мен біздің арамызда жалақы айырмасы
жөнді қалмады ма, деймін,— деп жымыңдайды жұмысшы.
Машина көмір қабырғасын астынан тіліп, ұзап барады. Резинка
түтікті қарына шумақтап іле, қойбас бұрғыны құлағынан көтеріп
бұрғышы енді лаваға. Келе бұрғысын жасап, электр күшімен
қабырғаны тесуге кірісті. Көз ілеспей зулаған бұрғы ұшы минутына
жеті жүз айналады. Бір минутта бір жарым метр тереңдейді. Сом
қабырғаны лезде қарлығаш ұясындай қылып шұрқ-шұрқ тесіп тастады.
Кейінірек бұзушылар келіп, бұл тесіктерге дəрі қояды да, тасталқан
етіп бұзады. Ертеректе ондаған адам, ондаған пұт балға, болат
қазықтардың құлатқанын, енді бірер адам электр, дəрі күшімен
құлатып жүр. Құтжан балуанды қажытқан тас көмірді жай адамдар
маңдай тершімей-ақ жеміріп, еңсеріп барады. Қол жұмыс жоқтың қасы.
Тек жаңағы бітеуші жұмысшы, балшық кесектерін қиюластырып қалап
тұрып:
— Осыны да машинаға істетсе!— деп, өскен көңілдің ұшқыр тілегін
білдіреді...
Əшірбек бұрғышының қасына келіп те азырақ тұрды. Біресе
құлатып, қалап, біресе кесіп, тесіп табиғат қамалдарын алып жатқан
алуан еңбектің бірін сынсыз өткізген жоқ. Сөлекет ештеме таба
алмады. Машинаны бұрғышы қуып жететін. Содан кейін бұзушылар
дəрімен атып құлатады. Құлаған көмір адам күремей-ақ, Козлов
жасаған қопарғыш механизммен рештакқа құйылады, рештакпен ағып
барып, лава сыртында күтіп тұрған вагонеткаларға құйылады.
Онымен де тынбайды. Біріне-бірі көмектескен көп механизм ұтылап
əкете береді. Егер бірі бөгелсе, бəрін бөгейді. Əшірбек сол бөгетті іздеп
жүр. Лава іші қаратүнек. Əр жерде жарқылдаған шам, ызыңдаған
электр, тас көмірді шақырлата үңгіген болат тістер. Ырқына келе
қоймаған əлденені боқтап жіберген дауыстар да естіледі. Əшірбек
бəрін аралап, қайта оралғанда, Əкім машинасының тұмсығын тұйыққа
тіреген еді.
— Міне, жолдас инженер!— деді.— Заулап жеттім. Шұқшиғанмен
бізден кедергі табылмас. Ауылдан жаңа келгеміз жоқ. Алдымыз он,
артымыз екі жылдан аса істеп келеміз. Оның үстіне мектеп, курс
бітірдік. Көрсетіп бергенді ұқсатпай неғыпты. Кедергі басшылықта
жатыр. Айтқаным айтқан: үш сменаның екеуін көмір өндіруге, біреуін
дайындыққа қою керек.
— Борышқа онда белшемізден батармыз.
— Батпаймыз. Жұмыс, механизм түрі көп. Бірімен-бірін
қалыптастыра, тұтас жүргізсек қана график орындалады.
— Бір сменаның өнімін өлтірмей-ақ, қалыптастыратын шығармыз...
Қарама-қарсы екі пікір тайталасып тұрғанда қатты ысқырып
жіберді біреу. Жүмысшылар жұмысын тастап, тығылатын тасаға
жөнелді. Бүкіл лавада қазақ қызы мен орыс жігіті оңаша қалды. Бəрі,
электр жабдықтарын тасып шапшаң, ойнақы жүр екеуі де. Əшірбек
қастарынан өте беріп:
— Сумканы сақ ұстаңдар, саспаңдар!— деді де жоғарыдағы лава
аузынан төмендегі штрекке секіріп түсті. Қараңғыда екі-үш сағат
болып, жарыққа шыққан көңіл жарқ етті. Шамын өшірді. Лавадан өзге
жұмыс орындары электр
— Коммутатор, машинисті беріңіз! Жолдас машинист! Секундына
он төрт метр алып жібердіңіз. Правиланы бұзуға кім рұқсат етті?—деді
де əйелге бұрылды.— Қанша шықты?
— Бес жүз жиырма жеті.
— Бөгеліс қанша?
— Сағаттан асты.
Ақырын ғана басын шайқады Əшірбек. Бір сағат бөгелістің өзі
ондаған тонна көмірді жеп қойғанын сезіп тұр. Көнтерлі адам
шымбайына батса да бұдан əрі сыр берместен сатыға көтерілді.
Баспалдаққа қонған көмір ұлпаларынан аяқ дыбысы естілмей, тік
өрмелеп келе жатқанда, оның ойы жер үстінде еңбек майданын
шарлап жүрді...
Лавадан темір арнамен арық суындай аққан көмір өткенектерден
осылай етіп келіп, ствол арқылы жер үстіне шықса да əлі тыным
тапқан жоқ. Енді көпір үстінде — жерден жоғары көтерілген мейлінше
биік, ұзын ағаш сарай ішінде ағып барады. Жаңағы екі скип тағы бір
үлкен сауытқа құйған. Сауыттың шүмегінен төмендегі темір елекке
құйылып жатыр. Елек үстінде, қолында балға, жалғыз ғана қазақ
жұмысшысы тұр. Балғамен ірі көмірді шекіп қалып ұсатады. Жаны
тіпті тыныш. Терлемек түгіл бусанар емес. Сонда да көңілі жай
таппапты. Əшірбекке тілегін айтты:
— Бəрі машинамен істегенде мен балғамен істеймін. Ауыстыршы, не
мынауыңды машинаға айналдыршы.
— Осы жұрт бара-бара тоғышар болып кетер!
— Тоғышарлық емес, ішім пысады. Өнерсіз, құнарсыз жұмыс.
— Шыдай тұр, көрерміз. Бас қазір басқамен əуре,—- деді де Əшірбек
проходқаға жөнелді.
Толы сабадай лақылдата құйған тағы бір шүмек. Тынымсыз
теңселген тағы бір елек. Електен өткен соң көмір екі бөлініп, ұсағы
бірыңғай, ірісі бірыңғай қос лентамен өрге қарсы қатарласа ағып
барады. Ұсағы тау суындай шапшаң ірісі жай ағады. Жай аққан көмірді
тазартып, лентаны ортаға ала бес-алты əйел тұр. Тоқаш бет келіншек
жеке тұр. Балшық терген қолы тауықтың тұмсығындай жып-жып
етеді.
— Серігің қайда?—деді Əшірбек.
— Ауырып қалды.
— Бригадир қайда, орнына кісі неге бермеген?
— Керегі жоқ, өзім де үлгерем. Бұдан былай екі норма беріңіздер. Не,
ағынды тездете түссе қайтеді?
— Үш норма орындасаң да еркің. Ағынды тездетуге болмайды.
— Неге болмайды?
— Басқалар үлгірмейді. Көмірге боқат жібереді.
— Жібермесін, үлгірсін. Мұның несі қиын, оқуы бар ма?
— Сусыңдама, əй келіншек!— деп ақырып жіберді мосқалдау əйел.—
Көмірдің тазалығы керек.
— Мен əрі таза, əрі шапшаң істесе деймін.
— Болды-болды. Сендей күнімізде бəріміз де асығатынбыз. Көп
істеп шала бітіргенше, аз істеп бабын келтір. Көмір бап тілейді,
шырағым, біліп қой:
Заңғар сарай ішінде ұзын өрдің басына қарай аққан дүп-дүзу, қара
бұйра қос бұлақты жағалап Əшірбек ең биікке—бункерге жетті. Бұдан
əрі жол жоқ. Төменге қарады. Жерде беті ашық кен, аран, көмір
маялары көрінеді. Иріле түсіп, темір жол жатыр. Бункердің астында,
қырық-отыз қызыл вагонды шірене қозғап поезд тұр. Биіктен құлаған
көмір водапад сияқты гүрілдей құяды вагонға. Шыңыраудағы лавадан
шығып, шыңға құйған екі бұлақ саябырлап қалды бір кезде.
— Простой! Көмір беріңдер, көмір!— деген дауыстар естіледі...
Көмір маясына асыла жатқан болат арқан қозғалды. Арқан сүйреген
скрипер көпенелей сыпырып, маяны құдыққа қопара бастады.
Құдықтан конвейер арқылы қайта көтеріліп, вагондарға құйылды
көмір. Ерте кезде бір топ адам жүретін бұл жұмыста. Жуырда ғана
экскаватормен, басқа машинамен қопаратын. Слесарь Лапшин скрипер
қолдану арқасында тиеу жұмысын тездете, арзандата түсті.
Əшірбек лавадан бункерге дейін аралап шығып, моншаға келеді.
Сарғылт жүзі көмір күйесімен қарайған. Иығы салыңқы. Көп жүрістен
соң денесі тынығу тілесе де, ойы дамыл бермеді. Блокнотына
жазылған кемшіліктер кез алдынан кетпеді. Күнделік өнім, күнде
келген поезды толтыруға тиісті. Толтыра алмай аварийный складқа —
аран ішіндегі көмір қорына қол сала бастады. Ол қаншаға жетпек!
«Қорсыз қалсақ, поезды бос қайырсақ не болғанымыз!?» деген ұят
инженердің арына соқты. Монша алдындағы үлкен залға ширыға енді.
Зал іші көпшілік. Екінші смена жұмысшылары жиналып қалған.
Лампашыдан лампа алып жатыр. Алғандары бригада-бригада болып,
жұмыс жайын кеңесіп отыр. Тұтасқан жай үндердің тынымсыз,
ұғымсыз гуілі естіліп тұр...
Əшірбек моншаға кіруге үлгірмеді. Лампасын тапсырды да залдың
төріндегі кішкене сахнаға көтерілді. Бұл сахнаға смена сайын шығады.
Кемшіліктерді айтып, оны жою жолын көрсетеді. Блокнотын аша
бергенде, қасына өзінің көмекшісі жас инженер келіп тұрды.
— Учаске басшылары түгел ме?
— Түгел, бəрі осында.
— Төртінші лавада бір винтик үшін врубмашина отыз сегіз минут
тұрып қалды,— деп бастады Əшірбек сөзін.— Демек, көмір ағысы отыз
сегіз минут тоқталды. Сонда бір винтик неше тонна көмір жегенін
есептеңіздер! Механизмнің ұсақ бөлшектері жұмыс басында неге
дайын тұрмайды, Əсет жолдас? Бесінші лавада Əкімнің шапқан кемірін
рештак кейде алып үлгірмейді екен. Данченко жолдас кере жүре
лентті транспортер орнатуды неге ескермеген? Жаңа график
бойынша: забойлар, жолдар, вентиляциялар дұрыс болуы,
механизмдер бөгетсіз істеуі, тіреулік ағаш запастары əр лавада суткеге
жетуі шарт еді. Таутанның учаскесінде ағаш жетпей жатыр. Петровтың
учаскесінде вагонеткалар жолдан тайып жатыр... Осындай ұсақ
кедергілерден туған үлкен зиянды қайсыбір мастерлер графикке
жаппақ. Мүмкін, графиктің де кемшілігі бар шығар. Бірақ, мына
кемшіліктерге тікелей сол мастерлер, учаске басшылары жауапты. Əр
басшы өз учаскесінде социалистік жарысты қыздыра отырып, еңбек
өнімділігін ұйымдастыру шеберлігін арттыра беруге, көмірдің бағасын
арзандата түсуге міндетті. Циклді жұмыстың жаңа графигі осыны
тілейді...
— Дұрыс айтады. Коммунизмге біз көмірмен барамыз!
— Көмірді неғұрлым көбейтсек, солғұрлым тез барамыз... деген
дауыстар көтерілді. Шахтаға түсер алдында смена сайын болатын бұл
шолақ жиналыста сөз қысқа. Инженер бүгін тым қатал. Сөзін бітірген
соң учаске басшыларын трибунға біртіндеп шақырып, тергеп-тергеп
алды. Ешқайсысымен кеңеспеді. Нұсқап, əмір етіп тұр. Ең ақырында:
— Өндіріс тəртібін əскер тəртібіне жеткізсек қана график
бұзылмайды. Жеткіземіз!— деді де сахнадан түсті.
Учаске басшылары жұмысшыларын ертіп шахтаға жөнелді. Ермек
жер астынан жаңа қайтты. Лампасын тапсырып, ойлы, ауыр тұрғанда
Əшірбек келді қасына.
Бірі — шахтаның шығыс жағын, бірі — батыс жағын аралап келіп
тұр. Суы қатты адамдар жұмсап қалыпты. Əшірбек:
— Батыста не болып жатыр?—дегенде:

Олқылық!—деді
Ермек
шытынып.—Қателесіпсіз.
Жұмысшылардың ұсынысы да, Щербаковтің ескертуі де дұрыс.
Графикті өзгертпей болмайды.
— Мен де сол оймен қайттым. Екі сменаға көшу керек.
— Жоқ! Жұмыс майданын жинақтап, учаскелерді ірілендіру керек...
Екеуі ой таластыра моншаға енді...
Жаңа қалада, жаңа бақшаның ығында үш қабат, əдемі күрең үй тұр.
Үйдің қабатында, кең кабинеттің төрінде комбинат бастығы Сергей
Петрович оңаша отыр. Он, жағында, кішірек дөңгелек столда бірнеше
телефон. Трубканың бірін алып, бірін салып, дамылсыз сөйлеседі.
Трестермен ғана емес, шахталармен де тікелей байланысады. Дүрдиіп,
мансабын бұлдамайтын жадағай, ақжарқын адам осы отырғанда
Қарағандының асты-үстін бірден көріп отырған сияқты. «Сендер
қалып барасыңдар, қимылдаңдар. Сендер, оздыңдар, осы қарқыннан
жаңылмаңдар» деп біреуді қайрайды. Біреуді табыс мəстығынан
сақтандырады. Алматы, Москвамен де ауызба-ауыз сөйлесіп алды.
Өшкен шылымын оқтын-оқтын тұтатқанда да оның ойы істеп жатыр
еді. Сағатына қарады. Екі екен, тағы да телефон трубкасын көтерді:
— Тыңдаңыздар!— деді жападан жалғыз отырып,— бірінші
шахтаның техникалық қысқаша мəжілісі ашық. Шахта бес күнде он
мың тонна кем берді көмірді. Жолдас Ермек Борантаев, қашан өтеледі
бұл борыш?
Сергей Петрович күнде осы уақытта телефон — селектор арқылы
бір шахтаның қысқаша мəжілісін өзі өткізеді. Бұл мəжіліске əдеттегідей
жиналмайды жұрт, əркім қызметінде отырып-ақ қатынаса береді.
Ермек жер астында, екінші учаскеде тыңдап тұрған, дереу жауап
қайырды:
— Жұмыс майданын тым жайып жіберіппіз, сіздің ескертуіңіз дұрыс
екен. Біздегі партия ұйымы, озат жұмысшылар графикті өзгерт дейді.
Өзгертудің керектігіне көзім жетті...
— Қай бағытта өзгертпексіз?
— Учаскелерді
көбейтіп,
ұсақтаудың
орнына
ірілендірмекпін. Забой жұмысын күшейте түспекпін.
азайтып,
— Əкім бармысың, сен не айтасың?
— Бармын, Сергей Петрович,— деді Əкім. Жер астында, электр
бөлімінде тыңдап отырған, трубкаға аузын тақай түсті. Электрші қыз
қыбыр етсе, қолымен ымдап басып тастайды.— Ерекең дұрыс айтты.
Соның үстіне екі сменаға көшелік.
— Сен бұл ақылды қайдан тауып жүрсің?
— Жұмыстың өзі берді, Сергей Петрович. Менің лавамда ондаған
тонна шабылған көмір далаға шығарылмай жатыр. Кезінде вагонетка,
тиісті жабдықтар жеткізіліп тұрмайды. Олар жетсе, механизмнің
бірдемесін жөндеуге тура келіп қалады. Үш сменаның бірін
дайындыққа қойсақ, бұл бөгеттер жойылады. Еңбек өнімі арта түседі.
Донбастағы жолдастар да осыны қуаттайды. Хат алып тұрамын...
— Бас инженерді тыңдайық.
Əшірбек жер үстінде, өз кабинетінде. Шашын тақырлап алып
тастапты. Трубка құлағында, көзі алдындағы көп сызықты жер
астының планында еді. Əлі де содан көзін алмай отырып сөйледі.
— Кейінгі күндерде еңбек барысын зерттеумен болдым. Техниканы
сарқа пайдалануға, өндірісте бос уақыт қалдырмауға алдымен дұрыс
график, жақсы дайындық керек. Ермек пен Əкімнің ұсынысын қоссақ,
борыш та өтеледі, бұл мақсат та орындалады.
— Орталық Комитеттің партия ұйымдастырушысы не айтады?
— Мақұлдайды,— деді Ысқақ. Көзінде көзілдірік, селдір, сарша
сақалы ағарған, қасында шахта газетінің редакторы бала жігіт бар,
партком кабинетінде отыр.— Бұл ұсыныстар өзіміздің газет бетінде,
парткомда талқыланған болатын...
Щербаков əрқайсысын осылай қысқа, дəл сөйлетіп пікірлерін алған
соң, өз қортындысын да созбады:
— Олай десеңіздер, екі сменаға көшуді əуелі бір лавада байқап
көрелік. Əкім қоймай жүр ғой, соның лавасынан басталсын, оған толық
жағдай жасалсын. Ермек Борантаевич! Учаскелердің санын азайтып,
ірілендірместен бұрын, ойыңызды қағаз жүзінде дəлелдеп əкеліңіз.
Жауабын сонан кейін айтам.
— Тезірек айта көріңіз,— деп еді Əшірбек.
— Саспа,— деді Сергей Петрович.— Бəрін, жабылып жаңа графиктің
тұсында асықтырғансыңдар. Енді ол қатені қайталаман.
— Менің тіреуім не болды, жолшыбай айта кетіңізші?
— Жаңа ғана бұйрыққа қол қойдым. Тіреуіңіз барлық шахталарда
қолданылады. Өзіңізге он мың сом сыйлық беріледі.
— Рақмет, Сергей Петрович, рақмет!
Телефон арқылы Əшірбекке тұс-тұстан құтты болсын айтылып
жатыр. Сергей Петрович «айтсын» дегендей біраз кідіріп отырды да:
— Мəжіліс жабылды, жолдастар,— деп іліп қойды трубканы.
Өз кабинетінде отырып Мейрам да телефон трубкасын ілді.
Мəжілісті бастан-аяқ тыңдады. Кепкесін қолына ала алдыңғы бөлмеге
шықты да:
— Комбинатқа кеттім,— деді Антонинаға.
Комбинат пен горкомның арасы бір-ақ квартал. Ыстық күнде аяғын
жай басып, биік үйлердің көлеңкесінде жалаңбас, ойлы келеді Мейрам.
Комбинат алдында трест, шахта басшыларының машиналары тізіліп
тұр. Көпшілігі «М», газиктер некен-саяқ. Солардың арасында бірінші
совхоздың, фаэтонға жегулі қос қара арғымағы да көрінеді. Əдемі
арғымақтарға сүйсіне бір қарады да Мейрам үйге енді. Бас киімін іліп
келіп, жайдары амандасты Щербаковпен.
— Мəжіліс жақсы өтті. Жаңа пікірлер айтылды.
Сергей Петровичтың да бетіне қан жүгіріп, күлімдей көтеріле
сөйледі:
— Міне бүгінгі мəлімет. Жүз он процент! Шахтер деген намысқой
халық. Ерегіссе бесжылдықты төрт жылда орындап жібереді. Сендер
əмəн алға қарайсыңдар, артқа да қарау керек. Арттағыларды
көтермелеп, алдағыларға жеткізіп алу керек.
— Тек сол алдағыларды тежеуге айналмасын.
Мейрам арттағыларды теңеуге қарсы емес, алдағылар одан əрі
шырқай берсін, дейді. Щербаков алдағыларды тежемек емес, бірақ
арттағылар жетсін, дейді. Сондықтан аласұрған ұшқыр қиялдардан
гөрі, кейінде қалған жұмыс учаскелерін көтеруге көбірек көңіл бөледі.
Бірі — алды алыстан шолып, жол іздеген, бірі—артын жиыстырып,
топтаған екі басшы өзара ұғыныса алмай қалады кейде. Біріне-бірі
қынжыла жүрсе де ұғынысуға құмар. Мейрам қазір оңаша отырып,
кеңірек сөйлесуге келсе керек.
— Каргрэс бітті,— деп бастады сөзін.— Су, энергия мəселесі
шешілді. Ойдағыны енді ортаға бір салайықшы.
— Əбден-əбден. Мен осыны асыға күткемін.
— Жұрттың жасампаздық күші өсуде. Өскелең тілек, өскелең
техника шыңға шығып барады. Кешегі биік бүгін аласа боп қалды. Сол
аласаны əлі биік деп алданудан аманбыз ба?
— Өмір сыры көп қой, терең ғой,— деді Щербаков.— Білген сайын
көбейе, тереңдей түседі. Бірақ, бізді адастырмайтын нысана бар. Ол —
социалистік тəжірибеге, ғылымға негіздеп берген партиямыздың,
үкіметіміздің жоспары, директивтері. Осыны орындасақ адаспаймыз.
— Жоспар, директивтер тəжірибеге, ғылымға негізделсе, оның
орындалуы творчествоға негізделген. Ешбір Иванның яки Байжанның
творчестволық қуаты безбендеп өлшенген жоқ. Іс үстінде біреу асып
түссе, біреу кем түседі. Кемін толықтыру, асқанын төкпеу бізге
тапсырылған. Жоспардың, директивтің орындалу тетігі сол
тапсырмада емес пе?
— Əрине.
— Олай болса, қалыптан асқанға қабілетіміз шамалы сияқты?
— Мысалы?
— Машинист Əкім, партком Ысқақ екі сменаға көшуді ұсынады.
Механик Козлов көмір комбайнын жасау қамында. Əшірбек ашық
шахта мəселесін көтеріп жүр. Ермек жұмыс майданын жинақтап,
забойды күшейтпек, участкелерді ірілендірмек. Осылардың үстіне
күнбе-күн түсіп жатқан ұсақ ұсыныстарды қоссаңыз, иектеп тұрмыз.
Бастан аспай тұрғанда басқару амалын қарастырайық.
Щербаков жауаптан бұрын қойын книжкасын суырды. Книжкадағы
шыпырлаған, əдемі ұсақ цифрларға көзілдірігін түзеп киіп, шұқшия
қарағанда, қолы ойын бұзбастан шылымын тұтатып жатты.
— Мөлшерден тысқары шабандық та, шапшаңдық та зиянды,— деп
көзілдірігін былай алып қойды.— Қалыптасқан социалистік өндірістің
өзіне тəн қарқыны бар. Ол арындамайды, баяуламайды. Жоспарлы,
есепті қарқын. Біздің адамдар кейде тым асығыс, ұшқары ойға ереді...
«Байқа» десең шамданады. Əкім, Ысқақтарға, Ермек, Козловтарға
байқайық, зерттейік деп едім, ренжіп кетті. Əшірбек тіпті болмасты
айтып жүр. Мүмкін, олар мені—«қорқақ» не «шабан» дейтін шығар.
Мен есепшіл адаммын, есебім түгел. Техникаға қауырт көшкен
алғашқы бір жылда ғана көмір жоспарын кем орындадық. Өзге
жылдарда толық, не асыра орындап келеміз. Еңбек өнімін арттыру
жайында биыл түскен жүз алпыс екі ұсыныстың тоқсан екі процентін
іске асырыппыз... Бастан асып бара жатқан ештеме көрінбейді маған.
— Бəрі рас, Сергей Петрович. Тек «көрінбейді» деудің орнына «көре
алмадым» десеңіз дұрысырақ болар еді. «Көрінбейдімен» алға тартқан
көп ұсыныстар жатыңқырап қалды. Жақсы пікірді тануға, бөгемей
жарыққа шығаруға асығу керек.
— Ал, сонда не істемекпіз?
— Ғылымдық-техникалық жаңа пікірлер күн сайын туып жатыр.
Оларды бұл əдіспен басқару жетімсіз. Тəртіпке салайық. Бір шахтаны
ерекше тəжірибеге шығарып, Бүкілодақтық институттың — ВУГИ-дің
қарамағына берсек, Қарағанды көмір кені ғана емес, техникалық
ғылым кеніне де айналады. Əшірбек поезды забойға енгізем дейді.
Енгізсін. Ашық шахтадан неге қорқамыз?
— Мейрам Омарович, мен жиырма бірінші емеспін,— деп, басын
шайқай күлді Щербаков.— Бірнеше миллион түгіл бір сомды
неғайбілге жұмсағым келмейді.
— Техникалық революцияда құрбансыз болмайды,-— деді Мейрам.
Енді ашыңқы қабағы жабыңқы, баспалата сөйлеп кетті.— Социалистік
индустрия миллион шығындармен жасалып, миллиардтаған пайда
енгізді. Бүгінмен болып, ертеңді ұмытсақ, жоспар директивті
творчестволық сын демей, темір қалып деп ұғынсақ, бізден бишара
жоқ. Егер сіз мені ұшқыр қиялға еліктеуші десеңіз, мен сізді кешегі
тұрғыда қалып қойды дер едім. Революциялық өткірлігін жойған ақыл
— можа болған пышақпен тең. Мешеу Ресейге қарап, социалистік Ресей
тон пішпейді. Бізге енді капиталистер дүниесінде ең жетілдім деген
Америка да өлшеу бола алмайды. Барлық əлемге өлшеуішті, үлгіні біз
береміз. Бара-бара біздің техника, қыруар еңбек, материалды жұтып
жатқан осы алып шахталарды жауып тастауы, көмірді жер астында
өртеп, тек газын ғана алуы мүмкін. Ленин бұны Октябрь
революциясынан бірнеше жыл бұрын айтқан. Менделеев арман еткен.
Техника, ұйымдастыру шеберлігі қанша жетілсе де одан əрі өспесе
шегінгені. Өмір заңы — əман өзгеріс, əман алға! Сіз ашық шахтадан
қорқасыз. Ұйымдастыру əдістерін жаңартуға қипақтайсыз. Осыныңыз
тоқыраудың нышанасы емес пе, байқаңызшы.
Сергей Петрович өңі күреңітіп, үлкен денесін столға арта, жағадағы
жартастай мызғымай қалыпты. Толқынша ұрған Мейрам сөзі
өндірістегі озық жолдастардың да сөзі екенін түсініп отыр.
Қалыптасқан өндірістен, қалыптасқан ойды өзгерту қиынырақ. Бір
кезде арман болған социализм дүниесі орнады, қалыптасты. Сергей
Петрович енді оның əp болтын цементтен бекітпек болса, Мейрам
«тоқырау» деп айыптамақ болады. Жалаңаш даланың асты-үстіне
бірдей жайылып кеткен көмірлі қаланы көз алдында жасатып,
басқарып отырған үлкен адамға ауыр тиді бұл сөз. Сыртқа шашыраған
ашу көрінбесе де, қайыса отырып қайырды жауапты:
— Талас түйіні қарқында жатыр,— деп, книжкасын қайта жайды
алдына.— Қарағанды бірінші бесжылдықтың орта шенінде басталып,
ақырғы кезінде-ақ ағылшын-орыс байларының алпыс жылда бергенін
берді бізге. Қазір сол мақтанышымыздың өзінен он бес-он алты есе
асып түстік. Еңбек тарихы бұдан артық шапшаңдықты білмейді.
Қайтадан, қол шелектен басталған шахталарымыздың алды жүз
процент машиналанды, артын соған теңгеріп келеміз. Техника тарихы
да бұдан артық шапшаңдықты, байлықты білмейді. Капиталистер
дүниесінде көмірді көбейту, арзандату еңбекшілердің діңкесіне тисе,
бізді сергітіп, дене, ой қуатын арттырып барады. Біздің жұмысшылар
мен инженерлер арасында еңбекақы айырмасы жойылуға айналып
келеді. Тек жаңа құрылыстарға ғана күніне бір миллион сом жұмсап
отырмыз. Ешқайда, ешуақытта тақыр далада орнаған қала бұндай
шапшаң өскен емес. Басшылық тоқыраса, шабандаса қалай өскен? Əлде
мен тек қарақшымын ба?
— Жоқ, сіз жақсы басқардыңыз. Енді одан жақсы басқармасаңыз
жаманға айналады. Өмір қозғалысы шапшаңдай түсті.
— Əрбір шапшаңдықтың да есебі бар.
— Есептеуіңізге қанша уақыт керек?
— Ай, мүмкін жыл керек. Кесіп айтайын, ашық шахтаға рұқсат
берілмейді.
— Себеп?
— Бірінші себеп — Қарағанды жағдайында ашық шахта бола
алмайды. Екінші себеп—бола алған күнде, оны біз емес, жергілікті
отын өндірісі министерствосы ашу керек. Көмірді біз заводтар үшін
дайындаймыз. Ашық шахтаның көмірі жергілікті отынға кетеді.
— Заводтарға арналған сапалы көмірдің мыңдаған тоннасы жай
отынға кетіп жатқанын есептейсіз бе?
— Есептеймін, қынжыламын.
— Ендеше, Əшірбек айтып жүрген ашық шахта тек күшті
техникамен ғана жасалады. Ол техника сіздің қолда. Жергілікті отын
өндірісі орындарының шамасы келмейді.
— Басқаның ісіне қол сұғып керегі не? Өз ісіміз аз ба?
— Бұ да өз ісіміз. Ашық шахтаның өнімділігі, жай отын үшін
керектігі былай тұрсын, коксіленетін кемірге 15 процент қосса, кокс
бұзылмайды,— дейді Чайков.
— Чайков, Əшірбектердің қиялына көз жұмып ере береміз бе,
Мейрам Омарович,— деп сылқ-сылқ күлді Щербаков.— Чайков
өндіріске атом энергиясын қолданса, дейді. Қандай жақсы қиял!
Əшірбек, Ермектер көмірге үлкен шабуыл жасамақшы болып, жаңа
графиктерімен құлады. Біз əр ұсынысты əбден салмақтап, зерттеп
барып қабылдауымыз керек. Сабырмен зерттеуді сіз шабандық, дейсіз.
Меніңше шабандық пен шапшаңдық жігін тапқан жоқсыз.
— Сіз саспай зерттегенше уақыт күте ме,— деді де Мейрам орнынан
ауыр тұрды.— Қалған əңгімені горкомда сөйлесерміз.
Сергей Петрович терезеге келіп, кетіп бара жатқан Мейрамға
сыртынан қарап тұрды. Тентек бала қанша ренжітсе де, əке шіркін қия
ма. Сол əкедей қиялмай, не көне алмай албарлы ойымен тұр. Ол тек
шаруашылық есептің адамы емес. Өз дұрыстығына сенімді болса да,
алға арындай ұмтылған көп, адал, алғыр жолдас бекіре балықша басын
тасқа соға ма деп қауіптенеді. Онысы нағыз қауіп пе, əлде аяулысына
əйеншек болатын барлық адамға тəн белгілі мінез бе, кім білсін,
əйтеуір қамқор оймен қынжыла келіп отырды орнына. Телефон
трубкасын көтерді.
— Обкомды беріңіз... Асан Амантаевич тағы да Щербаков сөйлейді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қарағанды - 25
  • Büleklär
  • Қарағанды - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3886
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2256
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3884
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2278
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3910
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2218
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4072
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2219
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3948
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2240
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2268
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2197
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3908
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4092
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2304
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2267
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3825
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3828
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2301
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3912
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3853
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2347
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3863
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2274
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2250
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2228
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3831
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2226
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 2731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1685
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.