Latin Common Turkic

Қарағанды - 02

Süzlärneñ gomumi sanı 3884
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2278
33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жүздеген жыл кейін қалған. Социализм барлаушылары бұны естен
шығармасын.
— А, қарқынды күшейте түс дегеніңіз бе! Дұрыс айттыңыз, дұрыс! —
деді Чайков. Осы сөз дəл қышыған жеріне тигендей жайнап кетті жүзі.
— Қазақ қанша артта қалса да, пікірі алда. Бұл ұлы қасиет жеңіп
тынады. Сіз Қайыр Аманбековичті білерсіз?
— Сыртынан ғана білем.
О, алтын бас, алтын! Менің досым. Екеуміз осы қарқын жайында
біздің Главкадағы кейбір қыңыр адамдармен айтысып келеміз.
— Иə, хабарым бар.
— Сіз сол айтысқа көлденең кездесіп, пəтуа бергендей болдыңыз-ау.
«Қазақ жері» деген екі сөзге европалық əлденеше мемлекет сыйып
кетеді. Көмір, темір, алтын, жез, сирек металдар, нефть... не жоқ бұл
жерде! Қайыр Аманбекович екеуміз осы байлықты ашуға өзара
жарысқа түскендей едік. Ол оқып тұр: жез молдығы дүние жүзінде
алдыңғы қатарда екенін дəлелдеді. Мен тек совет жерінде көмір
үшінші орында екенін дəлелдедім. Сондағы зерттегенім мынау-ақ! деп
Чайков қолын көтере айналаға мегзеді. Сайы шалғын, қыраты бетеге,
майлы қарта сияқты ирек-ирек белестер бірімен-бірі жалғасып, ұзақ
кеткен. Ұшығын көрсетпейді. Солардың жотасындағы вышкалар,
етегінде не беткейінде меңдей боп көрінген шурф бұрғы машиналары,
будақтаған түтін саны барлаушы партияның да аз істемегенін айтып
тұр еді. Мейрам төңірекке көз жіберіп:
— Неше миллиард тонна таптыңыздар?— дегенде, Чайков жымың
етті.
— Ол мемлекет қалтасы ғой. Ақтармай-ақ қояйын.
— Сұғанақтық болса кешіріңіз.
— Алып үлгерсеңіздер, біз тауып үлгереміз. Қарағанды байлығы
үшінші орында емес, бірінші орында. Мен оны дəлелдемей
тынбаймын. Қазақ даласына жайылған осынау движок мұржалары
бесжылдықтарда түсті металлургия, қара металлургия, химия
заводтарының зор трубаларына айналуына еш күмəн жоқ. Сіз арман
еткен техникалық ғылымдар да сол кезде қазақ ортасында қайнап
жатады. Қазірдің өзінде мынау Əшірбектер табиғат кілтін бұрап
жатыр...
Əшірбектің əңгімемен ісі жоқ. Тұйық жігіт көрінеді. Ортасы көтеріңкі
үлкен мұрны бұрғы шығарған жұмыр балшыққа аз-ақ тимей, үңіліп
отыр. Станокты бұрғы жылмаңдап еніп барады жерге. Оны қозғаған
машина дөңгелегі көз ілестірмей зырлайды. Бұрғы дөңгелектен де
шапшаң. Басқарып екі жұмысшы жүр. Алуан түсті жұмыр
балшықтарды тігінен қойып, қатарлап тастапты. Əр балшықта жазу
бар. Чайков жазуға қарамай-ақ баяндап кетті...
— Бурыл көмір, тас көмір, антрацит...
— Бұлардың бірінен бірінің айырмасы не?
— Басты айырмасы углеродта. Бурыл көмірдің қырық бес-жетпіс бес
проценті, тас көмірдің жетпіс бес-тоқсан проценті, антрациттің тоқсан
бес проценті, одан да көбірегі углерод. Көмірді маркаға бөлеміз.
Мысалы: Т мен Д маркасы отын орнына, Г генератор газын алуға, ПС,
К, ПЖ маркалары кокс, тағы басқа қымбатты заттар қорытып алуға
пайдаланылады. Көмірден қарамай, бензин, керосин сияқты химиялық
заттар да шығады... Қарағанды көмірінің зор қасиеті — коксіленетін
көмір. Кокс — өндірістің ең құнарлы азығы.
Əңгімені ылаушы жігіт бөліп жіберді. Келгелі газикті айналдырып, о
жер, бұ жерін шұқып жүрген. Гудокты басып қалғанда, көк байтал
осқырып, атып түсті. Шылбырды үзіп босанып, қашып барады. Жігіт
қуып барады.
— Қап, мынау жаяу тастап кетті-ау! — деді Мейрам. Чайков сылқсылқ күледі.
— Жұртқа қазір машина қандай таңсық! Осы жастар ертең оның
рулін тізгінше ұстайды. Жүріңіз, сізді енді мен апарып тастайын.
— Иə, сіздің ауылдан да ылау мінейік. Қош, Əшірбек жолдас.
Əшірбек басын көтеріп, аузын жыбырлатты да қайта үңілді
балшықтарға. Бірауыз сөзге келместен қалды. Чайков пен Мейрам
газикке отырып, əңгімелесе кете барды...
Жалпақ жонды кең далада шоқ-шоқ, ойдым-ойдым қарағандар,
төмпешік-төмпешік болып жатқан суыр індері көрімеді. Суыр өрбіп
жүр. Өте сақ, машинаны көрісімен мыртың-мыртың жүгіріп, қашып
бара жатыр. Бес-алты күшігін ерте басқадан бұрын зытқан бір қараней
ініне жеткенде артқы аяғымен тік тұра қалды. «Не қыласың, ұстап
алшы, кəне» дегендей шықылықтап тұр.
— Қарағанды көмірін осы суыр індерінен бір мың сегіз жүз отыз
үшінші жылы қой бағып жүріп бала жігіт Апақ Байжанов тауыпты, —
деді Чайков. Мейрам естімеген екен, құмарта тыңдады.— Бірақ, не
екенін білмеген. Ауылға келіп ақсақалдардың сарабына салғанда, олар
да таба алмай, дал болыпты.
— Неге дал болады? «Көмір» деген қазақтың ескі тілі. Тіл тегін
жасалмайды. «Осал деме көмірді, бұрқылдатар темірді» деген мəтел де
бар қазақта. Жас Апақ білмесе де қариялар білуге тиісті.
— Иə, солай-ау, білмесе болыс Тəти Ушаковқа екі жүз елу сомға сата
ма?
— Жеткізген екен бағасын!— деп Мейрам Тəтиді кекеп қойды. Соған
он екі мың жылқы бітіпті. Мынау есепшілдігіне қарағанда қалай бітті
екен!
— Оны азсызсаңыз, Нелді кенін Байзақов деген бай сексен алты
сомға сатқан.
— Ушаков қаншаға сатты?
— Ушаков та қазақ байынан онша ұзаған жоқ. Елу жылдай қожа
болып тұрып, ақыры бір мың тоғыз жүз төртінші жылы француз
капиталисі — президенттің баласы — Карноға жеті жүз алпыс алты
мың сомға сатқан. Карно екі-үш жылдап кейін ағылшын
капиталистеріне өткізіпті. Ғасыр бойы байлар арасында саудаға түсіп
келген Қарағанды—Спасск—Нілді жеріне европалық бір мемлекет
сыйып кетер еді. Бəрінен қалған мұра мынау,— деп Чайков қыр
басында сойдиған жалғыз трубаға иегімен мегзеді. Қарағанды хикаясы
таусылар емес. Енді барлау жұмысын баяндай бастады:
— Бір мың тоғыз жүз жиырмасыншы жылы Александр
Александрович Гапеев экспедициясы келіпті бұл далаға. Қарағанды
көмірінің молдығын, коксіленетінін бірінші рет сол айтқан екен.
— Орыс, ағылшын капиталистері мол кенді жалпағынан басса да
терең, зерттей алмады, шұқылап-шұқылап қана пайдаланды. Гапеев
Қарағандының өзінде «жаңа» пласт көмірін қолдан жағып,
коксіленетінін білді. Қарағанды бассейнінің жергілікті ғана емес,
жержүзілік маңызы бар деген қорытындымен қайтты. Біз, Қайыр
Аманбековичтер сол Гапеевтің шəкірттеріміз.
— Шəкірттік дəуірден əлі өткен жоқсыздар ма?— деп Мейрам
жымия күлгенде, Чайков сақылдай күлді.
— Онда кеще шəкірт болғанымыз да! Əзірге зерттеген жеріміздің
көлемі Гапеевтікінен бес есе, тапқан көміріміздің көлемі екі есе артты.
Қазір Қарағанды көмірінің молдығына, оның коксіленетініне күман
қалған жоқ. Сыртқы жау енді «бесжылдыққа» сенбесе, Главкадағы
оппортунистер əлі де коксіленуіне сенбейді...
— Сенбесе мейлі, халық сенсе болғаны!— деп еді Мейрам.
— Əрине,— деді Чайков, машинаны өзі жүргізіп келе жатқан, бір
қолымен алға нұсқады,— əне, анау труба маңындағы тобыр халық!
Сенгендіктен келіп жатыр...
— Көмірдің коксіленетінін дəлелдеуден, бұл сенімді ақтау
қиынырақ. Олар құр сеніммен ғана келді. Тəжірибесі, білімі, құралы...
жоқ. Бұл жоқтардың бірде-бірі орыс көмегінсіз жасалмайды...
Жай сөйлеп, кең толғап отырған Мейрамның жүзіне оқтын-оқтын
қарап қойғанда Чайковтың көзінен шаттық ұшқыны шашырайды. Бұл
далада өте сирек кездесетін оқымысты жас қазақтың жаңа пікірлерін
құмарта тыңдап келеді. Кейде сабыры жетпей бөліп жібереді сөзді.
— Сіздің уайымдарыңыздан да жанға жайлы самал соғады. Бейсек
Керімов ақылсыз адам емес қой. Ол кісімен сан кездескенде бұндай
əсер алған емеспін.
Мейрам мырс етіп күліп жіберді.
— Қолайсыз теңеу. Бейсек ұлт батпағынан шыға алмай жүр ғой. Мен
əзір ешбір батпаққа ұрынғаным жоқ.
— Ғапу етіңіз. Рас қолайсыз екен-ау!— деп ыңғайсызданып қалды
Чайков. Екеуі əңгіме еткен Бейсек Керімов Қазақстан Халық
Комиссарларының бірі болған, кейін оңшыл, ұлтшыл қылықтары үшін
төмендеп, Ақмоланың округтік мекемелерінің бірінде істейді. Чайков
енді ол тақырыптан тайып шығып, Мейрам сөзін қуалай сөйледі:
— Халықтар достығы, социалистік қарқын жайында баса айтасыз.
Дұрыс-ақ. Бұл екеуі күшейсе, өмірдің əр тамыры дұрыс соғады.
Социализмге қарсы пікірсымақ, ғылымсымақтардың барлығы осы
жанды жерге жаман кездігін сермеп бақты.
— Əлі де сермейді.
— Иə, сермейді. Əзірге ортасынан сынды ол кездік. Социалистік
шабуыл мүлде ұнтап тынады оны.
Екі өгіз жегетін ырдуанға айыр жетекпен жалғыз ат жегіп, жалғыз
сиырды соңына тіркеп, шықыр-шықыр ілбіп бара жатқан бір кеш жол
үстіне шоңқая кетті. Көш иесі екеу-ақ: бір əйел, бір еркек, қимасы
түскен ырдуанды мықшың-мықшың көтеріп жатыр. Легчанкеге мінген
зор адам көлденеңінен кездесті бұларға. Арбасынан түсе сала екеуі
көтере алмаған ырдуанды жалғыз көтеріп, шандыған дөңгелекті
белдікке қайта кигізген соң жөнеле берді. Анадайдан танып, трест
бастығы Щербаков деді,— Чайков,— қуамыз ба, кейін-ақ кездесесіз бе?
— Асығыс тəрізді ғой. Бөгемейік.
— Қажырлы, іскер адам... Келісімен өлі Қарағандыға жан салды.
Сонау беткейлерде бірен-саран қарайған жаңа шахталардың
бастамасы. Қарағанды зерттеу, талас дəуірлерінен өтіп, дереу
мыңдардың еңбек майданына айналғалы тұр.
Мейрам ойлы үнсіз келе жатыр еді. Кештің жанынан өте бергенде
Чайковтың сөзін бөлді:
— Щербаков жаңағы болмашы көмегімен үлкен денесін ғана емес,
үлкен жүрегін де көрсетіп кетті.
— Дұрыс байқағансыз. Көпшілік-ұйымдастыру жұмыстарында да ол
сіздерге үлкен жəрдемші. Қарағанды алдымен өзінің партия, совет,
кəсіподақ ұйымдарын құрып алу керек.
— Əрине, оларсыз ешбір жұмыс оңалмайды.
Kөш, бетімен жайылған мал, біресе ұйыса, біресе бытырай қонған
киіз үйлер, көмір қордаларының ескі төмпешіктері... Солардың араарасымен бұлтақтай жүріп келе жатып:
— Қайда түсесіз?— деді Чайков.
— Сейтқалы деген ескі жұмысшы болатын...
— Білем, білем, қазір десятник. Анау баракта тұрады.
Ағылшындардан қалған бес-алты барактың біріне келіп тоқтады
машина. Барак алдында махорка шылымын орап отырған жуан
мұрынды, сарша жігіт күрілдей тұрды орнынан:
— Жаным-ау, Мейрам ба, мынау? Келші, көрмегелі қашан? — деп
құшақтай алды. Сүйіп те, жылап та жіберді. Екеуінің шұрқырасуы
ұзаққа созылып барады. Чайков қайтуға асықты:
— Рұқсат етсеңіз, Мейрам Омарович, дала мені күтіп тұр.
— Рақмет, Анатолий Федорович. Бұл менің туған жерім болса да
сырын сізден аз біледі екем. Əрдайым кеңесіп тұралық.
— Кеңесуге мен сізден əрі құмар.
Чайков қоштасып жүріп кетті. Сейтқалы Мейрамды ертіп үйіне енді.
III
Мейрам ертеңіне таңертең Сейтқалыны ерте Щербаковтың пəтеріне
қарай аяңдады. Күн найза бойы көтерілген, аспанда алақандай бұлт, үп
еткен жел жоқ. Бүгін тымырсық ыстық болатын түрі бар. Таңертеңгі
тұнық ауаның өзінде күлімсі көмір иісі аңқып тұр. Мехцех жақтан
шақылдаған балға даусы естіледі. Бірінші шахтадан шелектеп көмір
тартқан, ташкелеп көмір үйген жаңа шахтерлер көрінеді. Баракта
тұратын ескі жұмысшылардың бірен-саран сиыры бел асып, өрістеп
барады. Бірнеше жыл думанды Москвада тұрып үйренген Мейрамның
көңілі бұл көріністерге толған жоқ. Атрапқа жіберді көзін. Беткейлер
бетінде, көп уақыт адам жүрмей су сойып, шалғын ескен жолдар
жатыр. Сол жолдардың шалғын жалын майырып, шаңын көтере үздіксоздық көштер келеді. Қарағандыны төңіректей, ойпаттағы көгалды
сағалай қонған ауылдар көрінеді...
— Өлі дүниеге жан ене бастаған,— деді Мейрам. Жан-жағына
байыпты қарап, жүре тоқтап келе жатыр еді.
— Тезірек жүрелік, кетіп қалар,— деп Сейтқалы алға түсті. Үйдегі
əңгіменің жалғасын айтып барады.— Білгір адам. Əсіресе жер астын
тамаша біледі...
Алдарында жапырық тас үй тұр, төбесін жаңадан көтеpiп жауыпты,
екі жақ қабырғасы жыпырлаған есік. Ағылшындардан қалған үй екенін
нұсқасынан-ақ білуге болады. Бір есіктің алдында жайдақ легчанкаға
жеккен торы ат көрінеді. Легчанкада қаба сақал қазақ шалқасынан
жатыр, ыңырсып əндетеді.
— Щербаковтың кучері. Жүргелі жатыр екен,— деп Сейтқалы
жылдамырақ келіп есік тұтқасын ұстай бергенде, Мейрам оны
қолынан тартты да, есік қақты.
— Рұқсат, кіріңіз,— деген жуан дауыс естілді.
Щербаков жалғыз, ішкі көйлекшең, сақалын қырып отыр екен. Есік
ашылғанда ұшып тұрды орнынан:
— Қош келдіңіздер!
Мейрам қол алысып, орыс салтынша таныстырды өзін:
— Мейрам Омарович Омаров.
— Сергей Петрович Щербаков. Отыруларыңызды сұраймын. Ғапу
етіңіздер, қазір босаймын, қазір.
Екеуінің астына екі жайдақ орындық қойды да, өзі жайдақ столына
барып қырына берді. Жеңі сыбанулы, жағасы ашық, жалпақ кеудесі, еті
аз, сіңірлі жуан білегі тым жүндес: қою салалы қара жүн саусақтарына
дейін басыпты. Шықшытты, қара қоңыр бет бейнесіне қарағанда,
шекесі қысықтау, маңдайы шығыңқы, бурыл шаш, алып денелі бұл
адам өте кішіпейіл тəрізді. Алдындағы кішкентай қолайнамен қатар
шынылы рамка ішінде бір əйел суреті тұр. Жасы отыздың ішінде,
сымбатты, күлімсіреген мөлдір көк көзі қандай ақылды. Кербез қарап
бір жылы сөз айтқалы тұрған сияқты. Сол суретке сүйей қойған
конверттегі:
«Москва... Антонине Федоровне Щербаковой» деген жазуға көзі
түскенде, «əйел екен» деді Мейрам ішінен. Аласа, төбесі шатырша,
шағын бөлмеде мүлік аз. Жабайы темір кровать, үлкен чемодан, бір
стол, босағада ілулі шахтер шамы көрінеді. Кішкентай бөлмедегі мол
денелі, кең мінезді адамның жұпыны тұрмысын көрген соң
«большевик-подпольщиктердің бірі болар» деп тағы да бір
жорамалдады Мейрам.
***
Мейрам дұрыс жорамалдап отыр. Сергей Петрович 1914 жылдан
бері коммунист партиясының мүшесі. Шашы бурыл тартқанмен жасы
қырық бестен жуырда ғана асты. Бұдан отыз екі жыл бұрын Донбаста
болған жұмысшылар забастовкасының бірінде оның əкесі Петр
Алексеевичті полициялар қылышпен жаралады. Қанға боялған зор
денелі, апсағай шахтер сонда да қаймыққан жоқ. Қолын жоғары
көтеріп, жұдырығын түйе айқайлап тұрды:
— Қанның есесі қанмен қайтар!..
Сергей Петрович бұл кезде оқып жүрген бала. Мектептен келе
жатып, əкесінің аянышты түрін көргенде, ашынды үнін естігенде
шыдай алмады. Дереу үйіне келіп, рогаткасын алды да, қайта шықты.
Өшіккені — күрең атты, ұзын мұртты, жуан мойын полиция. Əкесін
қылышпен ұрған сол екенін көзі шалып қалған. Miнe, сол белгілі жау
жұмысшы көпті ат бауырына ала, қылышпен шайпай:
— Тара, тара! — деп тағы келеді ақырып. Бала Сергей бұғып тұрып,
рогаткасын тартып қалды. Түйе құмалағындай темір винт дəл көзден
тиді, ұзын мұртты полиция ат жалын құшып, ұрыстан шыға берді...
Бұдан кейін бір жыл өтті. Петр Алексеевич қайтыс болды. Одан
қалған екі ұл, бір қыздың үлкені Сергей — он төрт жаста. Кешке жақын,
ала көлеңке бөлмеде қам қөңіл үш жетім жесір ананы қоршай жабыңқы
отырды. Ертең нан алуға ақша жоғын бəрі біліп отыр. Мінезі шадыр,
қой көздерінің кірпіктері тік біткен Коля да, жақ жаппайтын, дамыл
таппайтын алты жасар Светлана да қазір кəдімгідей салмақты, ойлы,
«енді қайтеміз?» дегендей жалтақтап қарай береді анасына. Анна
Никифоровна Сергей түстес қоңыр, мінезі ауыр кісі еді, қайғымен қарая
түсіпті.
— Сережа!— деді əлден уақытта күрсініп.— Семья салмағы енді
саған түсті. Оқуды қоя тұрасың да.
Петр Алексеевичтің де жасында оқуға мұршасы болмаған. Ол кеткен
соң бір жұма өтпей-ақ баласы мектептен қалды. Борис Михайлович
Козлов ол кезде жиырмаға жетпеген жас жігіт, жұмысшы — металлист
болатын, Сергейді ертіп апарып шахтаға орналастырды.
Салмақты, салқам, аз сөйлейтін бала Сергей жұмыс таңдаған жоқ,
таңдағанын кім береді, лампа тасудан бастады еңбекті. Одан
жоғарылап ат айдаушы болды. Аласа, лас забойларда ауыр шананы
еңбектеп мойнымен сүйреп те жүрді. Сонымен төрт жыл өтті. Сергейге
он сегіз жас толды, енді қайла ұстады қолына. Лампашы, ат айдаушы,
шанашы деген қосымша аттар өзгеріп, забойщик Сергей атанды. 1914
жылғы жержүзілік соғысқа дейін сол шахтада, сол кəсібінде қалып
қойды. Барлық жағынан ер жетті. Алдымен саяси сауаты ашылды.
Соғыс алдында партияға енді. Соғыс күндерінде үстінде шинель,
қалтасында коммунистік билет, майданда жүрді. Мылтық асынған
көптің бірі болып жүрген жоқ, соғысқа қарсы листовкалар таратып, өз
партиясының үгітшісі болып жүрді...
***
Сергей Петрович Щербаков өмірдің осындай қиын кезеңдерінен өтіп
келген адам. Қырынып бола сала, жұмыс пенжегін киді де, қонақтарға
жақындай келіп отырды.
— Кəне енді əңгімелесейік.
— Танысыңыз,— деп Мейрам өлкелік партия комитеті берген
қағазды ұсынды. Сергей Петрович тікше, тура мұрнына көзілдірігін
дəлдеп қойды да оқи бастады. Оқып шығысымен көзілдірігін қолына
алғанда кішірек көкшіл көзі жайнап кетті.
— Жақсы болды! Өте жақсы болды! Қажетіміз көп, соның ішінде ең
қажетіміз жергілікті партия ұйымы еді.
— Қанша коммунист бар?
— Əзір кездестіргенім он шақты. Келіп жатыр халық.
— Бетімен бе, ұйымдасқан түрде ме?
— Көпшілігі ұйымдасқан түрде. Аудандарға жоғарыдан нұсқау
берілген. Колхоздарға шарт үлгісі жіберілген. Аудан өкілдері қазір ел
ішінде болар. Тельман ауданы, оның председателі Қанабек жолдас,
адам, көлік күшін қолма-қол ұйымдастырып береді.
— Қазір халық қанша, осында?
— Үш жүзге тарта бар. Біз келгенде қырық-отыз ғана еді.
— Бұныңыз қашанғы есеп?
— Бұдан үш күн бұрынғы.
— Ел қарамы одан көбірек сияқты.
— Мүмкін. Күндіз-түні құйылып жатыр ғой,— деді де Сергей
Петрович əңгіменің бетін басқа жаққа бұрды.
— Қашан келдіңіз?
— Кеше.
— Қайда орналастыңыз?
— Мына Сейтқалынікіне түсіп едім, басы көбірек екен. Бұл, Ермектің
үйіне орналастыратын болды.
— Дұрыс орналастырған. Ермек екі-ақ бас. Жалғызсыз ба,
келіншегіңізді ала келдіңіз бе?
— Келіншегім жоқ еді, деп жай ғана жымиды Мейрам.
— Біз сізді үйлендіреміз осында. Үйленуден бұрын келіншекке үй
саламын. Үйсіз оларды ұстау қиын. Менікі Москвада қалды. Ал, неден
бастамақсыз жұмысты?
— Рұқсат етсеңіз əуелі шахтаға түсер едім. Шахта дегенді көрген
емеспін. Содап кейін мынау ауылдармен танысам да, ауданға барып
қайтам.
— Дұрыс көріңіз бəрін, — деді Сергей Петрович «Уақытым жоқ»
деуге аузы бармай, қипақтаңқырап отыр еді, Мейрам соны сезгендей
сөйледі:
— Сіз жаңа шахталарды араламақсыз ғой, жолыңыздан қалмаңыз.
Маған Сейтқалы көрсетер.
— Табылған ақыл. Əйтседе көзіктіріп кетейін. Үшеуі үйден шықты.
Бірінші шахтаға жаяу келеді. Бұларды көріп бұраншылар өзара
күбірлесіп тұр:
— Анау, жаңа жігіт кім?
— Крайдан келіпті кеше.
— Крайдан да келе бастады ма?
— Е-е, Қарағанды дүрілдегелі тұр ғой.
Бұраншыларға жеткенде Щербаков талтия тұрып, шылымын
тартты. Имек, жуан трубкадан түтінді бір бұрқ еткізіп:
— Бұны бізден бұрын Ермек ашқан,— деді,— осының көмірін
астыққа, қойға айырбастап күнелтіпті. Көріңіз, ағылшын тұсындағы
мешеу əдістер əлі бар. Біз соны социалистік əдіспен өзгертуге тиістіміз.
Бұл жөнде ертең сағат тоғызда, тресте отырып кең сөйлесейік.
Щербаков қоштасты да жүріп кетті.
***
Көмірге боялған жігіттер бұранды дамылсыз бұрап тұр. Олар
шығарған көмірді өгізді-түйелі үш-төрт кірекеш салып алып тұрған.
— Етегінен алыңдар, жау мүлкіндей таптамай!—деп Сейтқалы бір
дауыстап қойды. Даусы жуан, қабағы түйілген, томырық мінез, наубас
жігіт тосын көзге тым ызғарлы көрінсе де, «өзіміздің Сейтқалы»
атанған жағымды десятник еді, кірекештер ұнатпай қалды:
— Кен екеш кенге де тарылды, а!— деп, дода сақал біреуі басын
шайқағанда, қасындағы жалақ сары қабағын шытынды. Насыбайын
тілінің астына салып, шырт түкірген соң ғана сөйледі ол:
— Тегін жатқан кен бар ма? Анау темір шелектермен «арыстанның
аузынан, түркпеннің терінен алып» тұр ғой.
— Осы шіркін алтын болса да сонша жерден келмес едім, əттең
көріктің бұнсыз күні жоқ.
— Мына тобырдың бəрі көрікке бола келді ме?— деп жалақ сары
қараша ауылдарға қарай қолын көтере сермеді.
Ойда, көгалды қуалай қонған қараша ауылдар отыр. Біреулер жаңа
келіп жүгін түсіріп, біреулер шаңырақтарын көтеріп жатыр. Ерте
уақытта жан-жақтан келетін тоғыз торап жолды шөп басқан. Енді
солардың шалғын жалы майырылып, шаңдата бастапты... Дода сақал
кірекеш күрегіне сүйене тыныстап тұрғанда бəріне көз жіберіп тұрды.
— Колхоз жасау бұдан да қиын,—деді бір кезде,— осы қиындарға
жұрт неге құнығатынын білмеймін.
Жалақ сары мырс етіп, тағы бір түкірді. Қаршыға көзі күлімдеп:
— Ей, Иса!— деді содан кейін,— кедей болып жоқшылықтың зарын,
бай болып рақаттың дəмін татпадық. Сондықтан білмейсің. Білмесең де
көп ауқымынан шықпадың, көппен көрген ұлы той.
— Сол көбің колхоздан келіп, əне осы трубаның маңына жинала
бастаған жоқ па? Бəріміз көмірші болсақ тамақ қайда?
— Бəріміз колхозшы болсақ көмір қайда? Көмірсіз өмір қайда?
— Түсінбеймін. Əйтеуір сеңдей соғылысқан бір дүние деді де Иса,
толған арбасын тарта жөнелді. Əңгімемен көмір көбірек салынып
кетсе керек, тозған арба таяқ тастам жер шыға шоңқиып қалды. Колхоз
кірешілері жиналып «əуп-əуп» десіп жатыр... Бадьяны ырғала бұрап
жұмысшылар тұр.
— Сейтқалы жұмыс жайын қыза əңгімелесе де, Мейрам сыбырмен
тыңдап тұрып:
— Табыстарың талапқа сыздық та болмайды,— деп қойды.
Өршелене түсті Сейтқалы:
—Сен кеше ғана келдің, білмейсің өліп қалған завод болатын бұл.
Miнe тірілді, көмір бере бастады елге...
Мейрам таласпады, үлкен адамның болмашыға балаша қуанғанына
тек езу тартты. Көмір құдығының тақтаймен көмкерген ернеуіне
асыла, түбіне телміре қарап түр. Тіп-тік шыңырау. Төрт қабырғасына
ағаш қиып, шегендеп тастаған. Қаратүнекке қанша үңілсе де көз
жетпеді. Сол түнектен оқтын-оқтын:
— А-й-да-а, — деген талмау дауыс естілді. Дауыс естілгенде
бадьяшылар жеделдете бұрайды.
— Бұл не дауыс? Нені айда деп жатыр?—деген Мейрамның
сұрауына күледі бəрі. Көмір құдығының жанындағы қақпақты
құдықтың қақпағын ашып:
— Жүр барған соң көреміз — деді де түсе жөнелді Сейітқалды.
Бүйінің ініндей тіп-тік, аясына аясына екі адам сиярлық қара
үңгірдің түбіне апаратын басқышқа Мейрам алғашқы рет қадам басты.
Түтіні бұрқыраған бөлешке шамның əлсіз жарығы аяқ астын да анық
көрсетпейді. Сейтқалы тік сатыда жай жердей жортақтап барады.
Мейрамның жүрегі қобалжып, буындары босаңсып, арттан біреу
итермелегендей денесі алға, аяғы кейін тартып сатыны басуға əзер
үлгереді. Шамы өшіп қалған. Маңдай тершіді, жүрек қақты. Берекесі
қашқанын білдірмейін десе де болмады.
— Тоқташы, демалайық.
— Сейітқалы да, шам да жоқ.
— Қайда сүңгіп кетті?
Алақтап жоғары қарады Мейрам. Жұлдыздай жылтырап көз ұшында
көк сəуле көрінді. Төмен қарап еді, қоламтаның шоғындай əлденелер
сығырайды. Өзгенің бəрі қаратүнек. ештемені болжап болмайды.
— Бармысың, бөрібас? Бас айналды. Жаным-ау, жаңағы құлап
кеткеннен аман ба?!
— Атаңның басы!— деп, шамын сонда ғана жарқ еткізді Сейтқалы.
Масаттанып кеңк-кеңк күледі.
— Неткен сүңгуір едің, қайдан шыға келдің?
— Шамымды етегіммен бүркеп, жақында-ақ тұрғам. Састың білем, ə?
— Болмашы ойынға ертеден құмар едің, əлі тастамаған екенсің.
— Əдет өзгере ме?
— Бəрі өзгереді.
— Өзгертсең көрерміз, алдымен Бəйтенді өзгертіп берші.
— Ол кім?
— Ескі шахтер. Ескі жалқау. Қарағандыны жұрттың бəрінен
қызғанады. Өзі тек аузымен орақ орады.
— Қарағанды Бəйтен түгіл, бүкіл қазақ құшағына сыймас,— деді
Мейрам. Үлкен ойын тар жерде жайғысы келмегендей, одан əрі сөздің
бетін бұрып əкетті.— Сонау жоғарыдағы сəуле не?
— Даланың сəулесі.
— Төмен де жылтыраған не?
— Шахтерлердің шамы.
Азырақ демалған соң екеуі тағы жүрді, жүрген сайын жылтыраған
жұлдыздар жақындап, тасыр-тұсыр дыбыстар естіле бастады. Тоғыз
сатыдан етіп, оныншы сатыға жеткенде аяқ астынан:
— А-й-д-а — деген дауыс саңқ етті.
— Бұл ескі шахтер Ысқақ. Тысқа көмір жөнелтіп тұр. Манағы дауыс
осынікі,— деді Сейтқалы.
Мейрам көмір құдығының түбіне жеткенде басқа бір дүниеге
жеткендей болды. Тоғыз қанат киіз үйдің көлеміндей ғана қуыс,
төбесінде кішкене шаңырақтай тесігі бар. Сол тесіктен жылтыраған
көгілдір сəулені көмір тартқан екі шелек дамыл-дамыл түсіп шығып
бүркей береді. Күн батысқа қарай жер астын кеулеп кеткен бір қуыс
жатыр: биіктігі кісі бойы, ұзындығына көз жетпейді, қабырғалары
көмір — бөлешке шамның жарығымен шағылысып, жылт-жылт етеді.
Төбеге қолдың саласындай қылып ағаш қиыпты, əр ағаштың екі
басына тіреу қойып, қабырғаға жапсыра тіреп тастаған. Осы жолмен
келіп, кетіп жатқан тəшкешілердің дабыры, шиқылдаған тəшке,
көтерілген көмір тозаңы тосын көзге жер астын алай-түлей, даң-дұң,
жат дүние көрсетіп тұр. Мейрам байыпты көзімен бəрін болжап
шыққан соң:
— Көмір құдығы қымбатқа түскен екен,— деді.— Қаншама уақыт,
күш, денсаулық ысырап болып жатыр.
Ысқақ ентіге тұрып, басын ұзақ изеді. Онысы қостағаны емес,
қарсылығы екен:
— Қай жігітсің, шырағым? Ұмытып қалдым атыңды?
— Жаңадан келген жігітпін. Атым Мейрам.
— Жас екенсің. Оның үстіне жаңадан келсең білмей айтып тұрсың.
Ағылшындар, подрядшіктер үшін де төгілген бұл тер. Төбеден су
сорғалап, тізеден саз кешіп, еңбектеп тартатынбыз шаманы. Сөйтіп
тапқан тиыннан да жейтін олар. Енді жеуші жоқ. Ұқсата алмасаң өз
обалың өзіңе.
Мейрам көзін алмай, Ысқаққа қадалып қалды. Селдір сақал, бет əжімі
терең, қатыңқы адам, барлық тəшкешілердің тасыған көмірін сыртқа
жалғыз жөнелтіп тұр. Əр шелекті жөнелткен сайын дауыстайды. Тек
осы дауыстаудың өзіне шыдамас еді кісі. Мейрам бірақ бұл күшке
таңданбады. Көмір теңізіне шөгіп жатқан шонжар белді төңкеріп
тастайтын сана тапты Ысқақтан. Оның атын блокнотына жазып алып:
— Ағай, қолыңдағы шамыңнан, кеудеңдегі шамың жарығырақ екен.
Кешеден бері көргені көңілін көтертпеп еді, Ысқақ сөзі сейілтіп
жіберді. Сейтқалыға енді шешіле сөйлеп келеді. — Мыңдаған
жұмысшы, мыңдаған тонна көмір керек. Ондаған жұмысшы шелектеп
əзер алып жатыр. Бірақ, жаңағы сана, шыдам, құмарлық мұратқа
жеткізбей, қоймайды! — дегенде, Сейтқалы кеңкілдеп тұрып күлді.
— Неге күлесің?
— Сен оны ауылдан жаңа келген шаруа деймісің, нағыз шахтер
солай демегенде не дейді?
— Ескі шахтерің қанша?
— Отыз шамалы.
— Донбастан келгендер қанша?
— Əзірге он бес-жиырма адам.
— Осылардың маңына маңды үйіре білуіміз керек. Құдығың сонда
ғана көлге айналады. Түсінікті ме?
Сейтқалы үндемеді. Қарсылығы ма, кенгені ме, əлде тіпті елемегені
ме — белгісіз. Томсарып келе жатып үлкен мұрнын ұстай бір сіңбіріп
тастады да:
— Бұл келе жатқанымыз коренной штрек. Барлық көмір осымен
өтеді,— деді.— Мынау оңға-солға кетіп жатқан қуыстар —«пеш»—
қазақша «төрт бас».
Мейрам жымиып Сейтқалының бетіне бұрыла қарады. «Мен сенен
«төрт басты» сұрадым ба?» деген қарас еді. Сейтқалы бұған да жауап
берместен көмір жайын айта берді:
— Көмірдің жігі болады, беталды қаза бермейді. Бірде оң, бірде теріс
кездеседі ол жік. Оңынан кездессе «төрт бас»— шабуға жеңіл. Солынан
кездессе «теріс» шабуға қиынырақ. Сен пожалыста «құдық» дегеніңді
қой. Құдық түгіл шурф та емес бұл. Кəдімгі шахта, көрмеймісің?
Мейрам қарқ-қарқ күліп жіберді. «Құдық» дегені Сейтқалыға
құбыжық екенін жаңа білді.
— Соны енді, аузы-мұрныңды дорбитпай-ақ айтсаң қайтеді?
— Əр нəрсені өзінің атымен атау керек. «Құдық-құдық» деп
қоймайсың.
— Ал, шахта дейік.
Сейтқалы сабасына түскен тəрізді. Оңға бұрылды. Жылтыраған
шамдар, көтерілген тозаң көрінеді. Қайла дүрсілі естіледі.
— Қайда келеміз?
— Қайлашыларға.
Бұлар келгенде екі жігіт тəшкесіне сүйеніп, мүлгіп тұрды. Екі
қайлашы шарта жүгінген, кеудесінен жалаңаш, алдарындағы көмір
қабырғасын жантая беріп, құлаштай ұрады. Сүйсінгені ме, шаршағаны
ма, ұрған сайын ыңқылдайды. Белдеудегі қара балшық ысқаяқтанып,
жылтылдап алған, бір салғанда асықтайы азар сынады. Жігіттердің
басынан буы бұрқырады. Шып-шып шыққан қара тер денені айғыздап,
тарам-тарам жол салды. Мейрам аяп тұрды ішінен, Сейтқалы қабағын
қарс жауып, жан-жағына қарады да, cөгe бастады қайлашыларды:
— Қабырғаны қарашы, ауылдың шым қорасындай қиқы-жиқы.
Раскос алмаса болмайды. Жолдарыңнан сайтан тайып жығылатын,
тəшке қалай жүреді? Көмірлеріңе балшық араласқан. Балшық та жана
ма? Тəшкешілер міне қарап тұр. Бүгін бір түйір көмір жөнелткен
жоқсыңдар. Осындай жұмыс бола ма екен?
Қайлашылар жақ ашпады. Апсағай денелі, қара сақал біреуі
қаңылтыр торсығының аузынан сылқ-сылқ су жұтып жатыр. Жалаңаш
кеудеден бұрқыраған бу, қайла көтерген тозаң, будақтаған шам түтіні
тұтасып, өзі сарғылт сəулені көмескілеп барады.
— Апырай, тастай екен! Тастай екен! Бір кісідей əлім бар еді,— дей
берді, жаңағы сусындап алған қара сақал қайлашы. Сейтқалы сирек
мұртын селтите енді күле қарап тұр оған.
— Қайла оңай болып па. Ертерек дегенім қайда? Аяғандай
көрдіңдер. Күшің көп, ақылың, айлаң аз. Қара күштен, қара көмір
күштірек. Шыдасаң, тəсілін тапсаң ғана жеңесің,— деді де Мейрамды
ертіп жүріп кетті.
IV
Қара сақалды қайлашы бір кезде топқа түскен балуан Құтжан
дейтін. Бұрын шахта көрмесе де бойына сеніп, келген бетінде қайла
сұрады. Көміршілер арасында қайлашы үлкен атақ. Жоспардан асыра
орындаса ақшасы да, беделі до арта береді. Бірақ, қайла əркімнің
қолынан келе бермейді. Сондықтан əркімге беріле де бермейді. Құтжан
балуан атағын бетке ұстап азар алған. Қасындағы үш жігіт балуанның
бригадасына енгенде, төбесі көкке жеткендей болған. Енді бəрі
тұнжырай қалыпты. Ысыған дене суыған сайын ауырлап, қозғалса
жыртылып кететіндей, төртеуі төрт жерде сілейіп отыр...
— Е, е жаңа келген жұмысшы ел ішіндегі кірме сияқты ғой,— деді
басын изеп бір тəшкеші. Жасы қырық бестер шамасында, бетінің
көлденеңі шығыңқы, қара сақалды адам екен, тісі қыши ма, əлде əдеті
ме, тісін шықырлатып қояды. Кіші көзі тереңде жатса да тым мазасыз,
ойнақшытып қарай береді қасындағыларға. Бұлар бір забойда істесе де
бірін-бірі əлі жете білмейді — жаңадан келгендер. Осы кісіні кезінше
«отағасы», сыртынан «көсеу қара» дейді бəрі.
— Неге де болса көніп келдік қой, отағасы,— дей беріп еді бірі,
«көсеу қара» оның сөзін бөліп жіберді:
— Қуырып жесе де тілдеуін, кіжінуін қойса екен. Жаңағы десятник
сөзімен қабырғамызды сөгіп кеткен жоқ па?
Құтжанда үн жоқ, өзімен өзі болып отыр. Кекештеу сөйлейтін теке
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қарағанды - 03
  • Büleklär
  • Қарағанды - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3886
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2256
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3884
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2278
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3910
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2218
    33.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4072
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4010
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2219
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2336
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3948
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2240
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2268
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2197
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3908
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3969
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4092
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2304
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3962
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2311
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2267
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3904
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2309
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3825
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2308
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3828
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2301
    33.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3912
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2263
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3865
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3853
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3913
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2347
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3863
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2274
    32.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 3929
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2250
    33.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3799
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2228
    30.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3831
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2243
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2226
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қарағанды - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 2731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1685
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.