Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 26

Süzlärneñ gomumi sanı 3778
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1884
37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
болып Зелениннің беті көрінді. Ержан Зеленин өлді дегенге сенбей азғана
уақыт оның жансыз бетіне қадала қарады.
Окоп бойы қансырап, талықсып қалғандай сұлық. Азғана адамның
үштен бірге жуығы қаза тапқан, қатардан шыққан. Өзгелері əбден
қалжыраған. Ержан үнсіз траншеяны бойлап жүре берді. Адамның
қажырын алып, денесін қорғасындай басатын қазаның зіл салмағынан
арылды. Енді қызу əрекет ету керек. Болмаса қырғын ұрыстың зілі өзінің
де, өзгелердің де еңсесін басып кетеді.
Жауынгерлер де болдырған екен. Көжек автоматын окоптың ернеуіне
қойып, өзі жарға сүйеніп тұр. Өңі шаң-топырақтан қара қуқыл тартып, беті
кішірейіп, мұрты салбырап кетіпті. Кішкене қара көзі де кіртиген. Ержанға
самарқау ғана қарады. Үндемеді.
– Гранаттарың бар ма? — деп сұрады Ержан.
– Үлкенінен екеу бар. Бір қармануға жетер.
– Қаза тапқан жігіттердің қаруын жинап ал.
– Жарайды, — деді Көжек. — Жолдас лейтенант, бізге көмек келмей ме
екен? Тым қиын болып барады.
Ержан Көжектің бетіне азғана сынай қарап тұрды:
– Білмеймін. Бірақ бір адам тірі қалғанша осы арадан шегінбейміз.
Командирдің нығыздап айтқан сөзінен Көжек сəл қысылып қалды:
– Жоқ. Əшейін сұрағаным ғой. Шыдармыз. Ана боздақтардан жанымыз
артық па! Топырақ осы жерден бұйырса...
Окоптың орта шеніне келгенде Ержан Земцовқа жолықты. Ол шинелінің
бір жеңін шешіп, окоптың ернеуіне мініп отыр. Қолын таңып жатқан
Раушан екен. Ержанды көріп Земцов еңсесін көтеріп алды.
– Жараланып қалдым, жолдас лейтенант,— деді.
– Сүйек аман ба?
– Пустяки. Сүйек аман. Етімді жырып кетті.
– Оқ бұлшық етті тесіп өткен. Санбатқа баруы керек, — деді Раушан
марлінің ұшын байлап жатып.
– Сен не дейсің қыз? — деді Земцов ұнатпай. — Тек теріні сыдырып
кетті. Ұрыс біткенше амалдай тұрамын. Оң қолым сау ғой. Ержан Земцовқа
қадала қарап тұрды.
– Дегенмен санбатқа баруың керек болар.
Земцов алғашқыда ұялшақ əдетімен көзін тайдырып əкетіп еді, енді ол
да аса бір байыпты, ауыр сабырмен Ержанға тіке қарады.
– Мен осында қаламын. Жолдастарым осында қаза тапты ғой. Мен денім
сау тұрып қалай кетем. Василий Сергеевич... политрук айтты ғой...
Ержанға əрбір солдат қымбат еді. Бірақ жалғыз қолды Земцовты
мынадай ұрыста қалдыру – ажалға байлаумен бірдей. Оны қинаған осы еді.
– Сені қалдыруға хақым жоқ,— деді даусы жұмсарып.
– Мен бəрін түсінем. Бала емеспін ғой,— деді Земцов төмен қарап.
Ержан əрі қарай кетіп бара жатып, артындағы аяқ тықырын естіп
бұрылғанда Раушанды көрді. Жаңағы соғыстың қызуымен Раушанның
осында екенін ұмытып та кетіп еді. Əлгіде Земцовтың жарасын таңып
жатқанда да өз ойымен əлек болып, Раушанның осында екеніне мəн
бермеді. Ол енді ғана бұл қыздың осы окопта жүргенінің өзі асқан ерлік
екенін ұққандай. Сонымен бірге осы тар кезеңде екеуінің арасы, талай жыл
сырлас дос болғандай жақындасып қалғанын сезді. Екеуі жөнді тіл
қатысқан да жоқ еді, бірақ бір сиқырлы күш бірінің сырын бірінің кеудесіне
алмастырып құя салғандай осы соңғы бір сағаттың ішінде екеуі бір-бірін
үнсіз-тілсіз түгел ұқты. Ержан Раушанның өзімен бірге болғанына риза.
Аса бір қысылшаңда жақын адамың қасыңда болғаны қандай жақсы. Бірақ,
кенет Раушан жазатайым қаза болса... деген ой келіп түршікті.
– Сен қазір взводыңа бар, — деді Ержан. Ол қыздың бет ажарынан өз
сөзін құп алмағанын танып, алдарқатуға тырысты. — Немістер енді атакаға
шықпас.
Раушан басын шайқады.
– Жоқ... Мен бəрін түсінем. Жаңағы Земцовты көрдің ғой.
Ержан қарсыласқан жоқ.
– Ендеше тек сақ бол,— деді ол аса бір жылы мейіріммен.
Ержан взводын түгел аралап шықты. Бекіністің кетіліп қалған жерін
азғана адамдарын жіңішкелеп созып жалғастырды. Оның алғашқы əсері
бойынша сиреген шеп жапырылып қалған сияқты еді. Енді қайтып бас
көтеріп, қайрат қылуы қиын тəрізді көрінген. Бірақ олай емес екен.
Жұрттың бойында осы күнге дейін бұл байқамаған ерекше қайрат пайда
болыпты. Ол ашыну ма, ыза ма, əлде өлімге бел байлағандық па? Не де
болса бір іске мықтап бекіну бар. Адамдар ажалдан аттап өтіп, қандай
соққы болса да тайсалмастай тас-түйін болып алған.
Ержан өз орнына қайтып оралғанда Бөрібай келіп:
– Полтитруктың денесін əкелдік, — деп баяндады.
– Қайда?— деді Ержан селт етіп.
– Əнекей, окоптың ернеуінде. Сол жердегі шұқырға түсіреміз бе?
Ержан үндемеді. Ол алдыңғы жаққа көз жіберді. Ешнəрсе сезбей,
кішкене терезелері сығалап қырқаның астынан деревня үйлері қылтияды.
Екі ортадағы қар танк табанымен айғыздалып қалыпты. Анау еңістегі бір
шоқ талдың да бір шетін танк жапырып кетіпті. Жау қарасы көрінбейді.
Окоп маңында жансыз танктер, анау алда қар үстінде шашырай қарайып
жатқан көп өліктер, ақ беті айғыздалып қалған, үнсіз құлазыған тылсым
дала. Аспанды торлаған күлгін қоңыр бұлт дүниенің нұрын семдіріп,
құлазыта түседі. Ширыққан ауыр тыныштық енді-енді қақырап, қақ
айрылатын сияқты.
Ержан Бөрібайға бұрылды.
– Жауынгерлерге хабарла! Политрукпен қоштассын.
Жұрт біртіндеп келе бастады. Əрқайсысы жай басып жақындап келіп бас
киімін алады. Мінекей басын таңып алған Бондаренко келді. Василийдің
қаза тапқанына сенбегендей жансыз бетіне үңіле қарап тұрды да, жайымен
құлақшынын алды. «Қош бол, жолдас»,— деп күбір етті.
Жұрттың үстінен көз шарасы үлкейе қарап Кəкібай тұр. Тамағына
бірдеңе тірелгендей жұтынып қояды. Астыңғы ернін мұртымен көме
тістеп, сазарып қатып қалған Қартбай жау жақтан көз алмады. «Ер еді ғой.
Топырағы торқа болсын», — деді Көжек даусы қалтырап.
– Қош бол, жолдас,— деді Ержан қарлыққан тарғыл үнмен. Кусковқа
қарап басын сəл игендей болды. Содан кейін еңсесін көтеріп алып окоп
ішінде тізіліп тұрған азғана жауынгерлеріне тіке қарады. Əрқайсысын
салмақтап, сынағандай сəл үнсіз тұрды. — Жолдастар, — деді ол кенет
қатты дауыстап. — Біз жақсы достарымыздан айрылдық. Олар асқан ерлік
көрсетті. Міне... Василий Сергеевич жау танкін өткізген жоқ. Жанын
құрбан етті. Ол өз ерлігімен шегінетін жолды кесіп тастады. Бізді де
ерлікке қарыздар етіп кетті. — Оның көңілінен Василий сөзі қайта саңқ
етті. — Шегінер жер жоқ! Артымызда Москва!
Достарымыздың қасиетті қаны төгілген жерден бір қадам шегінбеске
ант етеміз!
Ержан сөзінің аяғын неміс танктерінің гүрілі басып кетті. Жұрттың
бəрінің көзі еріксіз жау жаққа бұрылды. Тағы да қырқаның астынан
үйреншікті жолымен танктер шұбырып келеді. Ат төбеліндей азғана топ
қыбыр етіп қозғалмай, қолдарындағы қаруларын сығып ұстап сазарып
қатып қалған. Қопарылып құлап келе жатқан ауыр салмаққа иықтарын
тосқандай иін тіресіп, сіресіп тұр.
– Тез орындарыңа! Ұрысқа дайындалыңдар! — деп команда берді
Ержан.
Раушан өзі оқ атып жаумен айқаспаса да, ұрыста жиі болушы еді. Алғы
шепке ең жақын жердегі санитарлық қызметі оны соғыстың не түрлі
кезеңіне кез келтіретін.
Ол, əсіресе қоршаудағы кезде жара таңатын санитарка ғана болған жоқ,
кəдімгі жауынгер болды. Қолына мылтық алып соғысты. Майданда
жүргенмен тікелей соғысып көрмеген адам жаумен бетпе-бет кездескенде
— қаптап келе жатқан дұшпанның бетіне тіке қарай алмайды. Қорқып
қашпағанның өзінде өз күшіне сенбей, жауды өзгелер тоқтатар деп буға
береді. Раушан ол кезеңнен өтіп еді. Бірақ жаңағы танк айқасы оның жанжүйкесін қатты қажытты. Сол соққының салмағынан жаншылмай аман
қалғанына да қайран болды. Ұрыстан кейін неміс атакасының тағы да
басталатынын білді. Сонда да жіпсіз байланып осы взводтан кете алмады.
Зіркілдеген неміс танктері төбе құйқаны шымырлатса да, мынау Көжек,
Земцов... Ержандарды тастап кетуге болмады.
Жау танктері Неделино деревнясы тұрған қырқадан бері құлап келеді.
Раушан жаңылып кетіп екінші қайтара санады. Он екі ме? Он бір ме? Анау
оныншы танкке келгенде, бір танк сол жаққа ауысқандай болды. Қатар
тізілген танктер жақындағанда араласа бастады. Кейбіреулері шегіншектеп
кейінірек қалып қояды. Қайсыбірі бұралаңдап тұрып атқылайды да екінші
танктың артын тасаланады. Қуып жетіп, қатарласуға асықпайды. Шамасы
окоп маңында өртенген танктерді көргенде ойланыңқырап қалатын сияқты.
Бірақ, қайткенде де аспанды қалтырата сықырлап, тұтаса төніп келеді.
Раушан əне бір танктың табанынан бораған қарды анық көрді. Енді
маңдайынан түтін де бұрқылдап қоя берді. Танк сықыры жақындаған сайын
күшейіп, құлақты тесіп, миды кеміріп барады. Жақындап қалған танкке
қарауға дəті шыдамай Раушан окоптың түбіне бұғып қалды. Осы кезде:
– Гранат дайындаңдар! — деген дауыс естілді.
«Бұл Ержанның даусы ғой», — деп ойлады Раушан.
Окопта жалғыз өзі емес өзге де адамдар барып жаңа ғана сезгендей
басын көтеріп алды. Енді танктер окопқа келіп те қалыпты. Жарылған
гранат гүрсілі естіле бастады. Осыдан арғы ұрыс оған өң мен түстің
арасындай елестеді. Бір сəтте төніп қалған танкты көрді. Жатып үлгіргенше
дүние қап-қараңғы болып үстіне опырылып түсті. Бір минут па, бір сағат
па, көзін ашып алғанда танк сықырының арасынан Ержанның қатты
айқайлаған даусын естіді. Сөз мағынасын ұға алмаса да, взводтың əлі
соғысып жатқанын, командирдің басқарып жүргенін сезді. Ержан даусынан
төңіректегі тірлік хабары келіп есін жиды.
Раушан үстін басқан зілдей топырақтан əрең көтерілді. Окоптың үстін
таптап алдында ауыр танк кетіп барады. Біреу астынан сүңгіп шыға келіп
гранат лақтырды. Тимеді ме, танк əрегірек барып қайта бұрылды. Осы
кезде оның артынан лапылдаған өрт көрінді. Бұрылып алған танк бері
қарай жүрді. Жанған басқа танк екен, мынау окоптың ернеуін опырып тура
келе жатыр. Раушан демін ішіне тартып, қолындағы бутылкасын кеудесіне
басып, сіресіп тұрып қалды. Танк отыз метрдей қалғанда окоптың үстінде
шыр айналды. Раушан соған қарай жүгірді.
Көз алдындағы танк бұлдырап əрең көрінеді.
Кенет жақындап қалған нысанасы қашықтап бара жатқандай болды.
Танк окопты тастап тылға кетіп барады.
Раушан окоптың ернеуіне қалай ытқып шыққанын, алдыңғы танкке
бутылканы қалай лақтырғанын білмей де қалды. Қара темірдің үстіндегі
шапшыған сайын ұлғайып бара жатқан сарғыш қызғылт жалынға таңырқай
қарап қалшиып тұрып қалған. «Окопқа түс! Жат!» деген айқайды естіп
артына бұрылды. Ержанның үрейлі бет əлпетін көріп қалды. Осы кезде
көкіректен бір нəрсе соғып жіберді. Көз алдындағы дүние бұлдырап, аспан
төңкеріліп бара жатты. Ендігі сəтте бар дүние сапырылысып келіп, өзі
аспанға ытқи көтеріліп, қайтадан құлдырап төмен түскендей болды.
Бұлдырап алыстан Ержанның жүзі көрінді. Бірде Ержан дəл қасында
тұрғандай тіпті жақын сезінеді, бірақ қолын созып бетінен сипайын десе
сонау биікте, алыста болып шығады. Талпынып жете алмайды.
Окоптың қос қабырғасы үстіне қос құздай төніп тұтасып кетеді де,
тынысын бітеп тастайды. Екі қолымен қарманып қос қабырғаны — қос
құзды көтеріп тастағысы келеді. Ержан қолы қалтырап ақ шымылдық боп
көз алдындағы дүниені бүркеп кетеді. Көзіне жанған танк елестейді.
Жалын арасынан тағы да көз шарасы үлкейіп төніп келе жатқан Ержан
көрінеді. Осы бір минуттік арпалыста көз алдында қаптап сапырылысып
келген елестердің бəрі жалт беріп шегініп кетті де «кеудеме оқ тиген екен,
енді мен өлетін шығармын» деген ап-анық ой келді. Бір ғажабы бұл ойдан
Раушан шошынған жоқ.
Тек бір сəтке өзін қатты аяп кетті. Бірақ бұл сезім де тез өтті. Енді бір
түрлі тынышталып, жайбарақат, самарқау күйге еніп Ержанға қарайды.
Сабағынан үзілген гүлдей солып бара жатқан жаралы денеден жан дүниесі,
ой дүниесі бөлініп шығып ақтық рет өз қиясын шарлап, ең аяулысымен
қимай қоштасады.
Ержан да Раушаннан көз алмады. Раушанның тотыққан қызыл-күрең өңі
жұқарып ақшыл тартып барады. Бет ұшында ғана қызылы қалып еді, ол да
сұйылды.
Аузын сəл ашып, нəзік шымыр ерні солып тісіне жабысқан. Бір сəтке
күбір ете қалғандай болды. Ержан даусын естімесе де өз атын атағанын
түсінді. Нұры сұйыла бастаған қара көзі шарасы үлкейіп Ержанға мөлдірей
қарайды. Адам ойы да кейде сəуле сияқты, ең алыс түкпірді жарығымен
шарпып, көріп қалады. Ержан Раушанның осы бір соңғы көзқарасынан,
сөзбен айтып жеткізуге болмайтын, тек жүрекпен ғана ұғысатын шексіз
жақындықты түсінді. Түнеугіден бергі өз көңіліндегі кірбеңнің мынау биік
қасиеттің алдында соншалықты ұсақтығын бар жанымен сезіп, өзін
қорсынып қалды.
Бір минутқа созылған осы қоштасу Ержанға бір сағаттай, не бір
тəуліктей көрінді. Үстінен танк жүріп кеткенде ғана ол, қайда екені есіне
түсіп басын көтеріп алды. Сауырын изей бұлғаңдатып окопты топырақпен
көміп бара жатқан танкке бір сəт үнсіз безере қарап тұрды да, «Стой!» деп
айқай салып соңынан қуа жүгірді. Жақындай беріп, əлденесін ұмытқан
адамдай қалт тұра қалып, белбеуіне қыстырған гранатын алып құлаштап
тұрып жіберіп қалды. Танк селк ете түсіп, бір жамбасынан шегеленіп
қалғандай бір орында айнала берді. Ержан кеудесінен келген окопта
бұқпастан «Аһа! аһа!» деп айызданып айқайлады. Осы кезде бұлшық етін
иығына таман жерден ып-ыстық оқ қарып өтті. «Жат!» деп айқайлап,
Бөрібай оны иығынан тартып құлатты. Ол қайта талпынған Ержанды баса
қалып қарының жарасын таңды. «Жоқ! Жоқ! Өткізбеймін! Осынша жұрт
бекерге өлген жоқ!» деді Ержан қалшылдап.
– Жүрегіңізді басыңыз! Сабыр етіңіз! — деді Бөрібай марлінің ұшын
тісімен қиып жатып.
Ержан таңырқағандай Бөрібайдың бетіне қарады. Оның сабырлы,
байыпты жүзін көріп, кенет су сепкендей басылды. Орнынан тістене тұрды.
Танк сықыры көбірек естілген сол қанатқа барайын деп еді, өзі қиратқан
танкісі окоптың үстіне шөгіп жатып алыпты. Ол «қап!» деп, окоптан ырғып
шығып, қираған танктың тасасымен жүгіріп өтті.
Бұлттан шығып, жарқ еткен күндей, жаңағы бір күйзелістен кейін
Ержанның ой дүниесі қайта ашылды. Енді көзімен бір шолғанда барлық
жағдайды ойымен қарпып өтіп, бəрін ажыратып, толғанып жатқандай-ақ
ішкі бір түйсікпен тез байламға келеді. Дəл қазір ол өзінің командирлік
міндетін əрі соғысу, əрі басқару деп білді.
Мынау қым-қиғаш, алай-дүлейде оның əмірі ешкімнің құлағына
жетпейді. Сондықтан ол қазір шептің ең бір əлсіреген, талықсыған жеріне
жүгіріп барады. Нағыз қиналыс шегіне жеткен жауынгерлер командирлерін
көруге тиіс. Бұл да шабан ақылдың тапқаны емес, бір сəтте көңіліне сап
еткен ой.
Сол қанатта танктер жиілеу көрінді. Мұндағы бұрыннан да сирек, енді
азайып қалған солдаттар соңғы жандəрменін салып жатыр. Əр жердей
шашырап граната, бутылкалар лақтырылады. Жау тынысы үстем. Қара
бүйірінде суық, сұсты свастикасы жалт етіп, танктер ойқастайды. Ерекше
бір өжет қимылсыз жауды тойтаруға болмас деген ой келді Ержанға.
Осылай жүгіріп келе жатып ол, жан шошырлық айбатты бір қимылды
көріп, жүрегі мұздап, тұрып қалды.
Кəкібай Добрушкин мен Дəуреннің денесін өз қолымен окоптың бір
қалтарысына əкеліп қойды. Политрукпен қоштасты. Осының бəрі оған
ауыр əсер етті. Темір жалмауыз бір үйлі жандай кішкене взводты жалмап
жеп бара жатқан сияқты көрінді. Ең аяулы адамдарды жұлып алып кетіп
жатыр. Кусковтың бетінен бұрылып, көзі немістердің танктеріне түскенде
зығырданы қайнап тістене берді. Ол күні бойғы ұрыстың көзге көрінбес,
тек көңілмен сезетін рухынан жұрттың енді шегінбейтінін білді. Қырқадан
шұбырып шығып келе жатқан танктерге сазара қарап тұрған бір шоқ
жауынгерлердің түрі де осыны танытты. Кəкібай өз орнына тез жүгіріп
келіп үңгірге тыққан қаруын қарманды. Танкке қарсы екі үлкен гранат,
байлаулы бір буда қол гранаттары қалыпты. Ол бір гранатты беліне
қыстырып біреуін салмақтап қолына ұстады. Танк мұның үстіне тура
келмей солға таман ойысты. Ол қуа жүгіріп, гранатын жіберіп далды.
Бұғып қалып басын көтеріп алғанда танк аман-сау кетіп бара жатты. Ыза
болып кетіп, ұзын бойымен топырақ көміп тайыздалып қалған окопты
кеудеден кешіп жүгіре бергенде арт жағынан келіп иықтан оқ тиді.
Қолындағы гранаты жерге түсіп кетті. Кəкібай шоңқиып отыра далды. Күні
бойы бір танк қирата алмай істен шыққанына ыза болып, көңіл қызуымен
жылап жіберді. Жауырынын, оң қабырғасын жылытып қан ағып барады.
Жарасын таңуға шамасы да, мұршасы да болмады. Енді ол еш дəрменсіз,
тек зығырданы қайнап ұрысты бақылады. Оң жағында Қартбай болушы еді,
сол болар, окопқа жақындап келе берген бір танкке құлаштап тұрып гранат
жіберді. Танк екпінімен траншеяның дəл ернеуіне жете бере тоқтады. Солға
таман гранат дарытпай окопқа жете бере шегініп кетіп, бір таптап өтіп
ойнақшып шығып екі танк жүр. Одан əріде танктер көрініп далады. Жауға
қарсылық манағыдай емес əлсіреп, сөніп бара жатқан сияқты. Кəкібай
солай қарай жүгіре берді де, дəрменсіздігі есіне түсіп қайтып келді. Осы
кезде алғы шепті бір тапап өтіп кейін ытқып шыққан ауыр танк алысырақ
орағытып бері қарай бұрыла берді.
Өзі ата қаздай тіпті ірі көрінді. «Мынау өтсе өзгелері де өтеді!» деген ой
тұла бойын қарып өтті.
Кəкібай жан-жағына дарады. Ешкім көрінбеді. Ол осыны өзі ғана
тоқтатуға тиіс екенін, өзінің бар міндеті де сол екенін сезді. Өйтпесе бүгінгі
төгілген мол қан, бар қайрат босқа кетеді. Танк өтпеуге тиіс.
Кəкібай сол қолына ұстап тұрған гранатын окоптың ернеуіне қойды.
Еріксіз қимылмен шұқырдағы бума гранатын алып шандыған жіптің
шетінен тістеді. Окоптың ернеуіндегі гранатын қайтадан сол қолына
ұстады. Енді бері қарай тура бет түзеген танкке қадала қарады. Бір сəт қапқара шыңырау құздың дəл ернеуіне келіп қалғандай, шалқалай беріп,
арқасы окопқа тірелді. Туған жер, жақын достар, Марияш, күллі қызық
өмір күн шұғыласына малынып көз алдына келіп тұрып алды. Қап-қараңғы
түпсіз түнек пен жайнаған жарық дүниенің ортасында тұр. Кəкібай
жауырынымен окоптың артқы қабырғасын ойып жіберердей шегіне
шіреніп, ыңыранып қалды.
Танк бері қарай тұп-тура келе жатыр. «Өте алмайсың, сұмырай!»
Кəкібай дене мен жүректегі соңғы күшін сығып алып қап-қараңғы
шыңырауға қарай атылды. Соңғы рет арттағы айдын өмір бар
шұғыласымен бір жарқ етті.
Ержан да, маңайдағы солдаттар да окоптан еңбектеп шыққан жауынгерді
көрді. Ол шыға бере қол таяна құлап жан ұшырып, ышқына айқайлап
жіберді. Ұшып тұрып қарсы келе жатқан дəу танкке қарсы жүгірді. Жұрт
демін ішіне тартып маңдайларымен сүзіскелі бара жатқан адам мен ауыр
танкке қарады. Адам танкке соғып, гүрс етіп бомба болып жарылды.
Адам мен темір үшінші рет айқасқалы жарты сағатқа жуықтады.
Үздіксіз омырылып, топырақ төгіліп окоп тайыздады. Танктер де бірінен
соң бірі өртеніп азайып барады. Жүргенінен үнсіз тұрғаны көп.
Темір шыдамады, адам шыдады. Сырт қарағанда — шеп əбден езіліп,
жанышталып қалған сияқты, тек əр жерден біреу аяқ серіпкендей болмашы
қимыл жасап қалады. Бірақ, шынында олай емес еді. Азайып қалған
жауынгерлер ажалдың шегінен аттап өтіп кетті. Əрбір ең қиын қолма-қол,
бетпе-бет айқастағы сияқты жұрт ашыну шегіне жетіп жан аяуды ұмытты.
Жүгіргіштер əбден ентіккенде — кенет тыңнан бір тыныс ашылып, еркін
дем алып кетеді. Сол сияқты нағыз шиеленіс шегіне жеткен
жауынгерлердің бойына сабыр, қайрат қайтып оралды. Енді алғашқыдай
бейпіл, сасқалақ қимыл жоқ. Əр жауынгер танктың жүзіне тайсалмай тура
қарайды. Жаудың жанды жерін мөлшерлеп алып, дəлдеп ұрады.
Оқ өтпейтін қалың болат қораптың ішінде отырған неміс танкистері
жалаңаш адаммен жекпе-жекке келгенде дəрменсіздігін сезіп ыза болады.
Əлі де тірі қалғандары темір сандықтың ішінде өртеніп кеткен
жолдастарын көpiп, елегізіп қоя береді. Сүйек пен еттен басқа қалқаны жоқ
адамдарды құмырсқадай езіп жібергісі келіп өкіре ұмтылады. Окоп үстінде
шыр айналады. Жаманшылықты сезіп жүрек су ете түседі. Танк селк етіп
тұрып қалады.
Түсінде албасты үстіне төнгенде екі аяғының жаны кетіп тырп ете алмай
далған дəрменсіз адамдай, танкистер қапырық темір сандықтың ішінде
алас ұрады. Болат табыттан шыға алмайды.
Ең бір қорқынышты нəрсе — қару азайып барады. Кейде жауынгерлер
окоп ішін қарманып, гранат, бутылкаларды ұзағырақ іздейді. Кейбір неміс
танктерінің сытылып тылға өтіп кетуіне болатын еді. Бірақ алдарында көзге
көрінбейтін бір болат қамал тұрғандай жүректері дауамай бір-біріне
қарайлай берді. Оның үстіне кеміген сайын батылдықтары азая түсті. Хал
үстіндегі адамдай соғыстың тынысы да бұзылып барады. Бірде демалысы
бəсең тартып, бірде алқынып демі үзіліп те қалады. Ержан сол жақ
қанаттан кете алмады. Барлық ұрыс даласын шолуға мұршасы болмаса да
— бел қайыстырған ауыр салмақтың дəл осы араға түскенін сезді. Ол тағы
да жараланды. Бірақ ет қызуымен жарақатты елемеді. Таңдыруға мұршасы
да болмады. Гранатын көтеріңкірей ұстап қарсы келе жатқан танкты тосты.
Төбесіндегі күмбезінен төмен, маңдайынан түтін бұрқылдайды. Ержан
пулеметтің қылтиған өңешін де көріп қалды.
Ол тура осы табан астын көздеп гранат лақтырды.
Манағыдай шығындар болғасын неміс танктері шегініп кетуге тиіс еді.
Бірақ бұл жолы шегінбеді. Оң жақта əлі де бір-екі танк гүрілдейді. Ержан
солай қарай жүгірді. Ол жақындағанша екі рет гранат лақтырылды.
Дарымады. Екі танк тылға қарай өтіп кетті.
Ержан қуғанмен жете алмайтын болды. Ол енді бармағын тістеп тұрып
қалды. Танктер ұзап барады.
Бəрі бітті. Манадан бері қаны сорғалаған кеудесімен тіреп тұрған жауы
жығып көкірегін басып кеткендей Ержанның қайраты солып бара жатты.
Ержан не болғанын бірден түсіне алмай қалды. Разъездің үйінің тұсынан
өте берген екі танкты жиі жарылған снаряд түтіні көміп кетті. Біреуі лап
етіп өртенді де, екіншісі кейін қарай қашты. Енді окоп үстінен зуылдап өтіп
Неделино деревнясына қарай снарядтар ұшты. Орманнан бері қарай төртбес танк суырылып шыға берді. Оларға ілесе қаптап жаяу əскер жүгіріп
келеді. Біздің танк!..
Біздің əскер!... Ержанның көз жасы ыршып кетті.
– Встать! В атаку! — деп айқайлады сыртқа ырғып шығып.
Окоптан шыққан адамдар тіпті сирек болды. Ержан өзіне жақынырақ
жерден көтерілген Бондаренко мен Қартбайды таныды. Одан əріде екі-үш
адам көрінеді.
Жақындап келіп қалған батальонның алдын бастап «Алға!» деп
айқайлап жүгіре берген Ержан отыз қадамдай жүгіріп барып, талықсып
құлап түсті.
11
Ержан келесі күн таңертеңгісін оянды. Үш жерден оң тигенмен
жарақаты аса ауыр емес-ті. Бойынан көбірек қан кетіп, оның үстіне ұзақ
ұрыс əлсіретіп, титықтап қалған екен. Санбатқа əкелініп, дəрігерлер
жəрдемін істегеннен кейіп көзін ашып еш нəрсе ұқпай екі жағына бұрылып
қарады да қалжырап ұйықтап кетті.
Көзін ашқандағы алғаш көргені қарауытқан тақтай төбе болды. Ол
тыныш қоңыр күңгірт сəулеге, тақтай емес жұмсақ резинка сияқты төбеге
ойсыз көз жіберіп жата берді. Бүкіл денесі тұтас ауырлап қалған,
қозғалғысы келмеді, жалқау тартқан бар тəні рақат тыныштыққа ұйи
береді. Осылай азғана жатқаннан кейін көңілі оянғандай болды. «Мен, осы,
қайдамын?» Зіркілдеп төбесінен төніп қалған танк көзіне елестеді. Денесі
тітіркеніп, құлағы шулап қоя берді. Бірте-бірте кешегі сұрапыл ұрыстың
көріністері тіріліп келеді. Ержан енді сол ұрысқа бір бүйірден қарап қатты
шошынды. Өзін біреу дозақ отының ішінен суырып алып, осы бір жыпжылы жайлы қуысқа тыға салғандай көрінді. Қайратын жиып сұрапыл
көріністен серпілді. Басын ғана бұрып, оң мен солына қарады. Оң жағында
екі кішкене терезе бар екен. Бұлыңғыр аспанның сəулесінен əйнектер
күңгірт тартып кішірейе түскен.
Бөлменің ішінде тағы да төрт-бес адам жатыр. Бұрышқа таман екі
жаралы күбірлеп ақырын сөйлеседі. Ой аспаны ашылып Ержан енді өз
жағдайын жақсы түсінді. Ең соңғы есінде қалғаны біздің танктер мен
таптап жүгіріп келе жатқан əскерлер еді. «Содан кейін мені санбатқа
əкелген екен ғой», — деп ойлады. Кенет есіне Раушан түсті. Сол бір ақтық
рет мөлдіреген, тұңғиық көзқарас ұмыт болар емес. Қолында жатқан
Раушан ақырғы демімен бірге солған гүлдей қансыз ерні сəл қозғалып
үнсіз, дыбыссыз бір сөз айтты да көз жұмды. Енді келмеске, қол жетпес
алысқа кетті.
Ержан ойлаған сайын көңілі мен денесін түгел жайлаған тыныштық
қаша бастады. Кусков қазасы... Дəурен, Добрушкин... Зеленин. Взводтан
қанша адам қалды? Кім тірі, кім өлі? Гранат асынып танкке қарсы атылған
Кəкібай. Ержанның жанын жапырақтап бөліп алып өртеп жатқан сияқты.
Көңілі құлазып барады. Ержан орнынан аударылам деп тар зембілдің
жақтау ағашына соғып жарасын ауыртып алды да ыңыранып жіберді.
«Жолдас лейтенант, жолдас лейтенант». Құлаққа таныс дауыс келеді. Бұл
кімнің даусы? Ақырын еңкейіп бетіне біреу төніп келеді. «Ойпырмай,
мынау Земцов қой». Ержанның көзінен жас шығып кетті. Земцовтың бетіне
үнсіз, терең қарап біраз жатты. «Бар екенсіңдер ғой»,— деді Ержан ақырын
ғана. Земцов үндемей бас изеді. Ол жерге жүресінен отырып, аздан кейін
сөз бастады.
– Мен кеше санбатқа сізбен бірге келдім. Біз қорқып едік. Дəрігер
жараңыз қауіпті емес деді. Бізден осында бес-алты адам бар. Сіздің
Бөрібайыңыз да жараланды. Оны операцияға əкетті жаңа. Қартбай да
жараланған. Аман қалған үш-төрт адам бар сияқты. Сыртта Ваня ағай мен
Көжек келіп тұр.
Ержан барған сайын ескі əдетіне басып жылдамырақ сөйлеген
Земцовтың сөзін, оқта-текте бас изеп, үнсіз тыңдап жатыр. Белгісіз қараңғы
болып қалған сырт өмірдің хабарына ынтыға түседі.
– Есіңізде ме, Ерофей Максимович, бізді қоршаудан алып шықты ғой.
Сол да сізді көрем деп келіп тұр.
– Басымды көтерші.
Земцов икемсіздеу иіліп, жалғыз қолымен Ержанның басын көтерді. Осы
кезде бөлмеге Мұрат кірді. Ол аласа есіктен еңкейіп өтіп, даладан кейін үй
ішін ажырата алмай аз іркіліп тұрды. Ержанды танып, жолдағы зембілдерді
орағытып өтіп қасына келді.
– Амансың ба, бауырым, — деді ол еңкейе беріп Ержанның екі иығына
қолын салып. Ержанды қаусырыңқырай құшақтап, бетіне бетін басты.
Оның жарақаты бары кейінірек есіне түсіп, құшағын тез босатты.
Земцов орындық тауып əкелді. Мұрат орындыққа отырып басынан
құлақшынын алды. Айтуға сөз таба алмағандай жан-жағына қарайды.
Кенет екі қолын қатар созып Ержанның қолын қысты. Еңсесін көтеріп
алып көз шарасы үлкейіп бетіне қарады.
– Рақмет, саған бауырым, рақмет, — деді даусы дір етіп. Мұраттың шын
жүрегінен тебіреніп айтқан сөзі Ержанның ішін жылытып жіберіп еді, бір
сəтте көңілі қайта толқығандай болды. Оның көз алдына Василий мен
Кəкібай елестеді. Соларға тиісті алғысты өзі алып, қиянат жасағандай
тіксініп қалды. Ол Мұраттың бетінен көзін тайдырып əкетті.
– Маған жолдастарым келіп еді. Кірсін бе?— деді.
Тар жерде өздерінің ебедейсіз тұлғаларынан ұялғандай қысылыпқымтырылып жауынгерлер кіріп келеді. Ержанның сау қолын уатып
алатындай жасқанып ақырын ғана қысады. Мінекей Көжек, Бондаренко...
Қолын мойнына асып Қартбай да келіпті.
– Көжек, саған тіпті оқ дарымапты ғой,— деді Мұрат.
– Қырық жыл қырғын болса да ажалды өледі деп, ажал жетпегесін солай
болады екен.
Ержан үндемей əр жауынгердің бетіне қарайды. Осы бір өңдері қашқан
сұсты ересек жандар, енді өзіне бір үйдің адамындай жақын болғанын
түсінді. Солдаттар өзгеріп кетіпті. Ержанның өзі де өзгерді. Өмірдің ең
қиын бір кезеңінен аттап өтті. Ол өрттен өтті.
– Біз əлі бар екенбіз ғой, — деді Ержан жауынгерлерін шолып өтті.
Ерофей Максимович келді.
– Аман-сау бармысың, жолдас лейтенант, — деді ол жақындай бере
еңкейін, үлкен күсті қолын ұсынып. — Естідім, қарағым, бəрін естідім.
Нағыз батырша соғысыпсыңдар. Танкті жеңіпсіңдер.
Оның сөзін бөлмеге кірген дəрігер бөліп кетті.
– Бұл не базар. Кіруге болмайды, жолдастар,— деп кейіді ол.
Мұрат орнынан түрегелді.
– Бұларға болады. Əбден болады, — деді ол ақырын, даусы қалтырап.
Ерофей Максимович дəрігерден сескеніп артына жалтақтап қарады да,
Ержанға бұрылды.
– Қарағым, — деді ол даусы бұзылып. — Бəрін естідім.
Мен орыстың қартайған шалымын. Орыс мекені өртенгенде, өзегім
өртенбейді дейсің бе?! Бəрің осылай соғысқасын... Қандай жау алмақ бізді!

Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • Қаһарлы күндер - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2218
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4119
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2250
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4090
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2251
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    37.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4102
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2283
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2186
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3935
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4031
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2296
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4051
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2104
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4041
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2139
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4030
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2157
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2076
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4092
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2141
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2150
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4107
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4067
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4086
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2165
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4077
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3778
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1884
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.