Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 09

Süzlärneñ gomumi sanı 4074
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
– Үстіндегі заттарды тез таратып алыңдар,– деп команда берді
Панферов, кірешілер арбаға арадай жабылғанда, арбакешке бұрылып:–
Арбаңды жолдан шығар да, аттарыңды доғарып ал,– деді.
Дивизия түні бойы шегінді. Түн ортасында ізге түскен жаудың қарқыны
бəсеңдеді. Біраз бөлімдер дұшпаннан қарасын үзіп кеткендей болды.
Генерал көнімпаз виллистің үстінде түнімен селкілдеді. Лоблыған үміт пен
жан қанаған күйзеліс бірін-бірі ауыстырады. Кей полктардан ұзақ уақыт
хабар ала алмай дал болды. Анау кейінде қалған окопта жатып жауға төтеп
бергенде дивизия тұтас күш еді. Аз болсын, көп болсын əйтеуір қолдан
келгенше əмір етіп, дəрменіне қарай қайрат қылатын. Енді сол күш жау
балғасының соққысынан уатылып, шашырап орманға, далаға сіңіп кетті.
Рациямен безілдеп əуе толқынын қармап бір полктан хабар алса,
екіншісінен көз жазып қалады. Көп ұзамай тауып алған полкын қайта
жоғалтады.
Дивизияның өз қарауындағы ұсақ бөлімшелердің бірсыпырасының
ағып-тамып қайда жүргені белгісіз. Немістер қайда? Алда ма? Артта ма?
Ілгерілі-кейінді əр тұстан атыс естіліп қалады. Қараңғыда қос көрініп
өздері мен өздері атысып жүргендер жоқ па екен? Қаптай ұмтылған жауға
төтеп беріп, жалғыз адам қалғанша қарысып соғысу қиын. Жауған оққа
қарсы лап беріп, жау бекінісін алу да қиын. Бірақ бəрінен де, арнасынан
жаңа атқып шыққан тасқын сияқты жау шабуылын тоқтату қиын. Осы ауыр
ой Панферовтың жанын жегідей жеді. Қанша əрекет етіп, іске беріліп кетсе
де, ауық-ауық тіс ауруындай сыздап қоя береді.
Ала бұлттың тасасынан өрмелеп шыққан айдың буалдыр күлгін сəулесі
дала мен орманның, аспан мен жердің жігін ашып берді. Кең жазықтың бар
аумағын түгел құбылтып шық жылтырайды. Жан-жақта алыс-жақын қара
көк мұнартып ормандар тұр. Түнгі салқыннан бойы мұздап қалған жер
болар-болмас бусанып жай ғапа тыныс алады. Панферов штабын ілгері
жіберді де, өзі полктарды көргісі келіп кейінірек қалды. Қолы босап кетсе
машинасын əурелейтін Федя қолына шүберек алып машинаның капотын
сүрткілеп жатыр. Денесі ұйып қалған генерал бой жазып жүр. Екі қолын
сілкіп, жер тепкілеп қасына адъютанты келді.
– Түн салқындап кетті-ау,– деді жігіт манадан үнсіз генералды сөзге
шақырып.
– Неге салқындамасын. Қыс жақындады ғой.
– Орыс қысы немістердің əкесін танытар əлі,– деді адъютант генералдың
тілге келгеніне көңілденіп. (Кейінгі кезде газет бетінде «орыс қысы»
көбірек сөз бола бастап еді).
Генерал «пə-ə» дей салды.
– Кішкене жүрек жалғап алсақ қайтеді, жолдас генерал,– деді адъютант.
– Шыдай тұрармыз.
Генерал арт жақтан қарауытып көрінген колоннаны күтіп түр еді. Көп
ұзамай ол да келіп қалды. Тартылып-созылып асыға басып келе жатқан
солдаттар тұсынан өте бергенде:
– Бұл қай полктан?– деп дауыстады адъютант.
– Егоров полкынан.
Топтан бөлініп Панферовтың қасына Мұрат келді. Жақындай бере,
қолын шекесіне апарып сəлем берді. Генерал оның баяндай бастаған сөзін
жұтқызып қолын алды. Капитанның тотығып ашаң тартқан жүзіне,
қатыңқы қабағына үңіле қарап аз тұрды. Жалғызсыраған қиын кезінде
жақын адамын көргенде Панферовтың көңілі жібіп кетті..
– Шегініп барасың ба?
– Иə, шегініп барамыз.
– Жоғалтып алған бөлімшелерің жоқ па?
– Түгелміз, жолдас генерал. Бір пунктті көрсетіп еді, соған тезірек жетіп
жерге сүңгімекке асығып барамыз.
Панферов Мұратты ертіп жолдан оқшаулау ақырын аяңдап келе жатты.
Іркіле беріп қолын Мұраттың иығына салды.
– Айтшы, батальон қалай соғысты?
Мұрат осындай дос қолдың мұндай кезде көңілді босаңсытып
жіберетінін сезіп, ақырын ғана иығын тартып алды.
– Бастамаға жаман емес, жолдас генерал. Жаман соғысты деп айта
алмаймын. Бірақ... мінекей қашып барамыз,– деп күрсінді Мұрат.
– Сен оған қапаланба!
– Батыр соғыстан жауынгерлерім бар. Ерекше көзге түскен жігіттер. Мен
сізге айтуға тиіспін: политрук Кусков ерекше ерлік көрсетті. Нағыз қиын
кезде қол ұшын берді.
– Тірі ме?
– Колоннада келе жатыр.
– Өзге батальондар қайда?
– Бірінші кейінде келе жатыр. Үшіншіні білмедім. Ол да бір жерде келе
жатқан шығар. Маған рұқсат етсеңіз, жолдас генерал.
– Сəтін тілеймін,– деді генерал Мұраттың қолын қысып.
– Біз əлі талай соғысармыз, жолдас генерал.
Көңіл түбінде түні бойғы іштей мазалаған ой ұмыт болайын деді.
Қараңғыдан жалт ете қалғандай əр жерден бір дауыс беріп, тіршілік
белгісін білдіріп, іле қайта үзілін бейхабар кетіп сергелдеңге салған
бөлімдердің қарасы көрініп, дивизияның аласапыран, беймағлұм халі
тұнған судай анықталып келе жатқан сияқты болды. Мінекей Арыстанов
батальоны кетіп барады. Қайрат қылар дəрмені бар қарулы күш. Артында
бірінші батальон келді. Өзге полктар да осы сияқты соғыс белгілеп берген
орнында келе жатқан болар. Политрук Кусков... Панферов оны есіне түсіре
алмады. Мүмкін талай рет көрген де болар, бірақ дивизиядағы көп
командирлер арасынан ажыратып ала алмады. Иə, қиын кезде батальонды
қатерден сақтап қалу... Анау ұзап бара жатқан колоннаның ішінде елеусіз
кетіп бара жатқан біреу ғой ол. Ондайлар аз да болмас. «Иə-а, қария, сабыр
керек, өзгелерге де сенімің молырақ болу керек. Все обернется?» – деді
ішінен генерал, бір түрлі жаны жай тауып.
5
– Раушан, менің өзіңе айтқым келген бір сөзім бар еді,– Ержан
Раушанның өңіне мөлдірей қараған үлкен көзін тайдырып əкетті. Аузынан
шыққан сөзін топас көрін, қысылып қалса да, зорланып езу тартты. Екеуі
қалың ағаштың ішінде дел-сал аяңдап келе жатқан. Раушан Ержанға аңыра
бұрылды да:
– Айтыңыз,– деді.
Мына қыздың ештеңе күтпеген бейқам көңілі, қаперсіз ажары Ержанның
ыстың сезімін салқындатып тастады. Қапелімде түршігіп қалған Ержан
өзінің көңіл күйіне аз да болса үндестік іздегісі келіп, Раушанның бетіне
қайта қарады. Айдың күлгін сəулесі жұмсартқан қыз өңі, дөңгеленген
мөлдір қара көзі тым алаңсыз. Келесі сəтте барып «Ержан неге үндемейді»
деген сұрақ райы енді өңіне. Осыдан кейін Ержанның кеңілі медеу
тапқандай болды, бірақ шешіле алмай, тұйық қалды.
– Жай нəрсе еді. Кейін айтармын.
Булықпай, дірілсіз шықса да, ішінде тегеуріні, толқуы бар жігіт даусы
қыз жүрегін лып еткізді. Бейтаныс сезімнің толқынын сезген қыз секем
алып қалды. Енді Ержанның жүзіне батып қарай алмай, оның жақындығын
тек шынтағымен сезіп, үнсіз келеді. Əр жерінде ұсақ бұлт шоғырланған
аспанның төсіне қарай өрмелеп бара жатқан ай шөкімдей бұлтқа сүңгіп
кетті. Кенет қаракөлеңке тартқаннан тіксініп қалған Раушан Ержанға
қарады. О да бұған бұрылды. Ай бұлттан қайта шыға келгенде Ержан көзі
Раушанның өңіндегі толқуды бірден аңғарды. Екеуі таңғы самалға нəзік
үнін қосқан ақ қайыңның түбіне тоқтады. Сиректеу өскен ақ қайыңның
сұрғылт-мөлдір жапырақтары балық қабыршағындай тұтаса жарқырайды.
Сансыз күміс теңгеліктер сөніп-жанып, жарқ етіп өшіп, əсем құбылып,
сылдырлап ағаштан ағашқа кетіп барады. Мінекей нəзік самал бір желпіп
өтіп еді, сау етіп бəрі төгілді, Осы əсем көріністі үнсіз бақылап тұрған
Раушан:
– Неткен тамаша! – деді еліге сөйлеп.
Жұқа қызғылт тепсініп тұратын қоңырқай жүзі, ай сəулесінен
ақшылданып, мұнарланып тұр. Осы күңгірт мұнар əлі де құлпыра қоймай,
бүрін жаңа аша бастаған гүлдей қатқылдау қыз өңін жұмсартып, үлкен қара
көзін айқындай түседі. Ойы толқып тұрған Ержан тура қарауға
жүрексінгендей, бірде қыз белін қапсыра қысқан жез тоғалы қайыс
белбеуге, бірде жіңішке қыз саусақтары көрініп тұрған сұр шинельдің жең
ұшына қарайды.
Кенет оған кешеден бергі қанды-қырғын айқас, өліп бара жатқан
солдаттың жан ұшырған ащы айқайы, кісінің бойындағы бар қайратын
сығып алып, қорғансыз құмырсқадай мүсəпір еткен жау танктері, көзді қан
басып, өзге дүниені ұмыттыра елірткен соғыс қызуы – қорқынышты түс
сияқты көрінді. Мінекей айлы таңда, нəзік тыныштыққа ұйып, Ержан қыз
қасында тұр. Жүрегі белгісіз қуанышқа талпынады.
– Неге үндемейсің, Ержан?
Ержан селт етіп Раушанға қарады.
– Ойланып қалыппын.
– И-ə.
Раушан күрсінгендей болды. Ержан енді аңғарды, жаңа алдамшы ай
жарығы мен жүрек дірілі байқатпапты, Раушанның өңі солғын тартып,
жүдеп қалыпты, көзін тайдырмай Ержанға қадала қараған, бірақ оны көріп
тұрған жоқ. Осы көздер шапшыған қан мен ажалды көрді. Ержан тіксініп
қалып Раушанды осы бір халден сергіткісі келді.
– Жүр былай оралып қайтайық.
– Ұзақ кетпейміз бе?– деді Раушан елең етіп.
– Жоқ, ұзамаймыз.
Екеуі тағы да үндеспей ақырын аяңдап келеді. Ержанның жаңағы жылы
сезіміне соғыстың ызғары кіріп барады.
Ержан кешегі соғыс кезінде Раушанды ұмытып кетіп еді. Қым-қиғаш
табан тірескен кескілесте оның бойындағы қызба қазақтың ыстық қаны
оянып қорқуды да, тіпті өзін де ұмытты. Бірақ қорған болған окоптан
жапырыла шегініп, жау өкшелеп келе жатқанда, оның бар қызуы басылып
қалды. Жау күшінің тым басым екенін, табан тіреген қамалынан жұлынып
шыққанын сонда ғапа сезіп, бойын қорқыныш биледі. көз алдына өлген
жауынгерлер, Байсарин елестеді... Окоптарда, жол үстінде жансыз денелер
шашылып жатыр, оларды таптап жау келді. Өкшелеп келе жатқан ажал
мынау көп бұталардың бірінің түбіне Ержанды да шалқасынан жыға
салады... Осы кезде Ержанның есіне Раушан түсті. Өлі ме, тірі ме? Əлде ол
да анау кейінде қалды ма? Жоқ, мүмкін емес. Ол тағы да өзін ұмытып,
Раушанды ойлады. Бейхабарлыққа шыдай алмай.
– Санвзводты тауып ал... Сондағылар аман ба екен, біліп кел,– деп
Бөрібайды жұмсады.
Түн ортасы ауа, өзге бөлімдерден тосқауыл қойылып, батальон жаудан
қарасын үзген кезде екі неміс танкісі қуып жетті. Жұрт жапырылып жол
шетіндегі орманға қарай қашты. Алдыңғы жақта обоз, санвзвод бар еді.
Ержан «Тоқта!» деп айқай салып, гранатын оқталып, жол езуіне жата
қалды. Оң жағынан оны қалқалай жатқан Бондаренко алдыңғы танкті ПТР
мылтығымен атып тоқтатты. Жарқылдап гранаталар жарылуда.
Ең жақын адамына қауіп төнсе, кісі өз басындағы одан екі есе қатерді
ұмытып кетеді. Ержан өзі байқамаса да, дəл осы халге түсті. Раушанды
барлық апаттан аман сақтайтын өзі екенін сезді. Егер қасында сүйікті жар
болса, Ержан да өлмейді. Ол енді Раушанға бар сырын ақтармаса
болмайтынын білді. Сөйтіп осы привалда барлық қысылу, имену дегеннен
ада болып, Раушанды оңаша шығарып алып кетті.
Бірақ оңаша шыққасын бар батылынан айрылып, айтар сөзі көмейіне
тіреліп қалды. Оның үстіне Раушанның жүдеулігі тағы да тілді матады.
– Жүр, Ержан, қайтайық. Командир іздеп жүрер,– деді Раушан
Ержанның шынтағынан ұстап.
«Жоқ, жоқ, енді айтпай болмайды»– деп ойлады Ержан.
Жəне Раушанды мынау жалғызсыраған жүдеу қалпында қалай ешнəрсе
демей жібере алады. Ержан тез бұрылып, қыздың екі шынтағынан қысып
ұстап алды. Тебіреніп аз булығып тұрды да:
– Раушан, сен... сен менің сөзімді тыңдашы,– деді.
Раушан жігіттің тосын мінезіне елең етіп, таңырқай қарады. Жеңін
қысып ұстаған жігіт саусағының дірілін, Ержан өңіндегі толқуды анық
сезді. Осы ыстық леп бойына дарып, Раушанның жүрегі лүпілдеп қоя берді.
Өзін баурап бара жатқан жігіт сезімінен бойын тарта алмады. Көз шарасы
үлкейіп, Ержанға үрпие қарады.
– Ержан...
– Раушан... Мен сені жақсы көремін. Сен үшін жанымды аямаймын.
Раушан сөз мағынасын ұқпағандай үндемеді. Көзін тайдырып əкетті.
Еріксіз күш иіп əкелгендей, Ержан еңкейе жақындап, оң қолымен қыз
жауырынын сынып кететін шыныдай ақырын еппен құшақтап, емініп
барып сүйіп алды. Содан кейін қапсыра құшақтап тағы сүйді.
– По местам!
Ержан Раушанның саусағынан ұстай алып жүгіре жөнелді. Былай шыға
бере қыз ақырын ғана қолын босатып, жайымен жүрді. Ержан сəл ақырын
оның бетіне қарады да, əлдеқандай бір ұят қамшылағандай қайта жүгірді.
Ұзақ привалда біраз мызғып алған солдаттар тоңази құрыстаған
денелерін жазып сапқа тұрып жатыр. Колоннаның алдыңғы жағында
командирлер жиналып, шоғырлана бастады. Топтан екі қадам тұрған
Мұрат:
– Командирлер тегіс жиналды ма?– деді қасына келген штаб бастығына
бұрылып.
– Тегіс жиналды, жолдас капитан.
Ұйқыларын аша алмай есінеп тұрған командирлер, лезде бойларын
жинап, сергек қалыпқа келді. Мұрат ұйықтамаған тəрізді, даусы ширақ,
сыртқы түрі де жинақты; тек үлкен қара көзі ғана кіртиіп кішірейе түскен.
– Жағдай мынадай, жолдастар. Алдыңғы жаққа жау отряды өтіп кеткен.
Барлаушылардың берген хабарына қарағанда, шамасы екі рота. Біз оған
атака жасауға бұйрық алдық. Бірінші ротаның міндеті...
Ержан бір ұят істеп, қуысты болып қалғандай, жұрт көзіне түсуден
именіп, қағаберіс шетірек тұрған. Əлі де болса өз ойымен əлектеніп, мына
бұйрықтың мəнін де, салмағын да екшей алмады.
– Төртінші рота сол жақ флангіден атака жасайды.
Иə, иə сол жақ флангіден... Біздің взвод сол жақ қанатта болады,– деп
ойлады ол.– Раушан қай ротаның маңында болар екен?»
Бір шақырым жүргеннен кейін колонна ыдырай қанат жайып, ұрыс
тəртібіне көшті. Аздан кейін алдағы жағдайды анықтап алғанша жата
тұруға бұйрық келді. Бүкшеңдеп взводтан ротаға, ротадан батальон
командиріне шабармандар жүгірді.
Ержан сызды жерге етпетінен жатып, алдыңғы жаққа көз жіберді. Сирек
бұталардың ар жағынан белдеуленген қара жолақты көрді. «Ə, жыра
болар». Содан əрі кішкене шоғыр сирек қайың. Қайың басындағы ақшыл ай
сəулесі күңгірттене семіп барады. Таң жақын қалған. Осы бір тыныстап
тұрған жым-жырт дүние Ержан ойын қайтадан тұтатты. Раушан шашының
нəзік исін, сүйгенде дір ете қалған оймақтай əсем ернінің қызуын тағы да
сезгендей болды. «Сүйемін» деген сөзді айтқанда Раушан бұған əлдеқандай
жалынышты пішінмен, өтіне, телміре қарады. Ең жақын адамына арқа
сүйейтін баланың көзқарасы емес пе сол? Бірақ соңынан үріккен
балапандай көз шарасы неге үлкейіп кетті? Ержан сүюге ұмтылғанда неге
тартыншақтап үрейлене қарады. Ол өзін тежей алмады. Қызға қиянат
жасамады ма екен? «Қап, өзі ыңғайсыздау болды- ау. Кішкене кідіре
тұрмай».
Ержан таңғы салқыннан тыжырынып қойды. Алдыңғы жақтағы
жыраның айқын көлеңкесі қоңырланып, жігі өшіп барады. «Терең сай
болмаса игі еді?» Дұшпан əзірге дыбыс шығарып сыр ашқан жоқ. Ержан
жаудың не жыраның арғы қабағына, не қайың іргесіне бекінгенін аңғара
алмады. Бұл араның жері бір-біріне қандай ұқсас. Жаңа ғана Раушан екеуі
серуендеген, сүйенген қайыңдардан аумайды. Шынымен-ақ сол қайың
ішінде неміс болғаны ма? «Раушан қайда жүр екен?» Жада бір əзірде
колонна қозғалғанда Уəли екеуі қатар келе жатыр еді.
– Жолдас лейтенант! Жолдас лейтенант!
Ержан селт етіп, қасына келіп жүрелей отырған Бөрібайға ақыра қарады.
– Свисток берген кезде взвод қозғалсын, солға таман ойысқаны мақұл,–
деді комрот.– Ержаннан рұқсат алып Бөрібай рота командиріне қарай
бүкшеңдей жүгірді.
Дұшпан əзірге дыбыс берген жоқ. Жауынгерлер еңкейе түсіп, аяңдап
келеді. Таң сəрідегі тəтті ұйқы құшағына енген табиғат тыныштығын
бұзуға адамның дəті жетпейтін сияқты да көрінеді. Кенет бір мылтық, оған
ілесе тағы бірі тарс ете қалды. Тарсыл таңғы ауамен жұмсарып, айбарсыз
естілді. Бірақ лезде-ақ тұнып тұрған тыныштықты пытырлай атылған
мылтық, тарыдай шашыраған автомат даусы, пулеметтің зілді дүрсілі
астан-кестен сапырып. əкетті. Ертеңгі күңгірт сəулеге ажал реңі енгендей
төңірек сұстана түсті. Дəрі исі аңқыды.
Жыраға жүз елу метр шамасы қалғанда, оқ əбден жиілеп, шеп жата
бастады. Маңдайдан жасаған шабуылдың зор шығынға ұшырататынын
Ержан сезе қойды. Кенет рота командирінің «солға таман ойыссын» деген
ескертуі есіне түсті. Жау оғының шеті Ержан взводының тура алдынан
жарқылдайды. Ендеше дəл осы арадан неміс бекінісінің шеті тұйықталса
керек. Ержан отделение командиріне тура солға бұрылуға əмір етті. Сəті
түскенде, алдыңғы үлкен жыраның жүлгесі болуы керек, кішкене тайыз
жыра пайда бола кетті.
Бұға жүгіріп бара жатқан солдаттар арасынан əлде біреудің тұлғасы
Ержанның назарын тарта берді. Қимылында өзге жауынгерлерге
ұқсамайтын бір сыпайы қозғалыс байқалады. Жаңа көз жазып қалып еді,
мінекей жау жақты шолып алғысы келіп, жыра ернеуіндегі ызғарлы қатты
кесектерге алақанын тірей беріп тағы көзі шалып қалды. Ержан селк ете
түсті. Қуанғаны, не секем алғаны белгісіз. Алға қарай қозғала бергенде əлгі
жауынгердің қалтасындағы тырсиған үлкен сумкасы ауытқып кетті де,
қарауытып қызыл кресі көрініп қалды. «Раушан!»
Жауған оң шеңберінен шығып кеткен жауынгерлер жүрісін тездетіп
солға қарай тым ойысып кеткен екен. Ержан енді оларды оңға бұрып,
немістерді бүйірінен орағыта бастады. Осы бұрылыста жаңағы өзі
шырамытқан «ерекше» жауынгерден тағы да көз жазып қалды. Бірақ
жебеушісі қасында қанатымен қорып келе жатқанын сезіп, көңілі əбден
орнығып, ойы сараланып, істейтін əрекеттерінің бəрі айқындала түсті.
Немістерді деңгейінен өте оралып, арт жағынан қиғаштай соқты.
– В атаку! Вперед!
Ту сыртынан келіп қалған күшті аңғармаған дұшпан қатты састы. Қайда
қашудың амалын таба алмай, үріккен қойдай ерсілі-қарсылы дүрлігіп
аласұрды. Бірақ бір неміс қол пулеметін кейін қарай бұрып, взводты
атқылай бастады. Тұтқиылдан басталған өжет атаканың қарқыны қайтайын
деді. Шабуылдың ыстығын суытып алмай, лап бере соққысы келген Ержан
жауған оққа қарамастан, жауынгерлерін соңынан еліктіре жүгіре берді.
Кенет əнтек озыңқырай бастаған манағы қызыл кресті сумканы көріп
қалды. Ол да бұған көз тастағандай болды. «Санитарканың алға түсуге
қандай хақы бар? Қап! Тоқтату керек». Ержан ең болмағанда өз ығына алып
қалқалағысы келіп, қызбен деңгейлесе бергенде, сүрініп кетіп, ұшып түсті.
Басын енді көтергенде оның үстіне қыз төніп еңкейе беріп еді, кенет
майысып барып қулап түсті. Алдыңғы жақтан уралаған дауыс жақындай
берді. Ержан мойнынан құшақтай демеп, қыздың басын көтере беріп
тұрғызбақ болды.
– Сіз... Ержан... амансыз ба?– деді Күлəнда көзін ашып. Содан кейін
əлденеден қысылып, көзін ақырын жұма берді.
– Қай жеріңізден тиді? Ауыр емес пе?
– Жоқ. Жəй... Қарымнан тиген сияқты.– Қалтасын қармана бастаған
Ержанға,– бөгелмеңіз, өзім-ақ таңамын ғой,– деді Күлəнда.
6
Солдаттар таң атқанша окоп қазды. Бөлімдер алғашқы соққыдан есін
жиып, енді шегіне соғысуға машықтанып келеді. Алғашқы күндердегідей
емес қазір аяқ іліккен жерге табан тіреп, жиі-жиі жауға қарсылық етеді.
Дедектеп зымырап кетпей, тістесіп, қырқысып шегінеді. Талай күндер бел
шешпеген солдаттар түзде, майданда жүрген адамның сұсты, сауыс
бейнесіне енді: балшық сіңіп сірескен шинельдер қара қайыстай
жалтырайды, қолды күс басып, жел қағып тотыққан беттерінде даулап
сақал өскен. Ержан да аңқау ғой: қасындағы Бөрібайдың көсе екенін осы
кезде ғана байқады: аң құба беті насыбай салған жарғақтай қарауытып
кеткен, тек иек астында жапырыла сирек өскен азғана сарғыш қылшық бар.
Ержанның өзі де сақалға жарып тұрған жоқ: былтыр ғана ұстара тиген
жүзінде жайыла өскен түбіт сақал өте сирек, қырынбағанын сездірмей
тотыққан өңін қарауыта түседі.
Ержан шұқырды кеудеге дейін қазып болды да, қараңғыда анық көрмесе
де түбіндегі топырақты қырнап тазартты. Бөрібай құшақтап қарағай
бұтағын əкелді. Секіріп шұқырдың ішіне түсті...
– Ой, тереңдетіп жіберіпсіз ғой,– деді Бөрібай кеңірдегінен асқан
шұқырдан əрең сығалап көріп.– Мынадан мен ешнəрсе көре алмаймын ғой.
– Сенің бойыңа шақтасам, маған белуардан қазу керек қой,– деп күлді
Ержан.
Бөрібай аяғының ұшына көтеріліп, қолын созып ернеудегі қылқанды
жұмсақ бұтақтарды алып жерге төседі. Ержан екеуі шұқырдың түбіне
отырып темекі тартты.
– Бұл бір сайлы орын болды. Анадан туғалы мұндай жұмсақ төсек
көрсемші. Қане, жатып көз шырымын алыңыз, жолдас лейтенант. Бойыңыз
тоңазып қалар, мен барып тағы бір құшақ жас бұтақ əкеліп үстіңізден
жауып тастайын.
– Взводты қайтемін?– дейді Ержан.
– Е, мен ше? Взводты мен басқара тұрмаймын ба?– деді Бөрібай
Ержанға таңырқағандай адырая қарап.– Сөзді қойып жатыңыз қазір.
– Сені тыңдай ма олар?– деп күлді Ержан.
– Ə-əй, мұнда өзіңіз айтқандай əскери қулық керек қой. Мен сізді
ұйықтап жатыр дей ме екем. Мен өз сөзімді сіз айтты деп жеткізем ғой
оларға. Біздің ауылда Доғалбек дейтін дөй басқарма болды,– деді Бөрібай
темекісінің тұқылын саусағын күйдіргенше сора түсіп.– Əлгі анада
жараланып кететін Шоңмұрынов Дəурен бар ғой, өзі де сондай бір шомбал
еді. Гүжілдеп ақыра келетін жарықтық.– Бөрібай Ержанға ұйықта десе де
əңгімеге құмартқан түрі бар, ұзын сонарға түсіп барады, – Соның бетінде
бір шөкім еті жоқ, қатып қалған жарғақтай жұқа Жағалбек деген сары інісі
болатын. Апырмай десеңші, бір əке, бір шешеден туған екі адамның бірбіріне осыншама ұқсамауы, тіпті сорақы. Сірə, осы біздің қазақ қатындары
да шариғатқа берік емес-ау деймін. Сол Жағалбек біздің бірғадіріміз еді. Өз
пірказының өтпейтінін біледі ғой деймін, оның шегірткедей
шырылдағанын кім елең қылсын, бізге ылғи «басекең айтты» деп келетін.
Əлгі байғұс бізді ылғи Доғалбектің сұсымен үркітетін ғой. Содан өзі де
«Басекең айтты» атанып кетті. Менің сол Жағалбектен үйренген өнерім
бар. Анау Дорбошкін дегендерді қаңбақтай үйірем.
Ержанның денесі ауырлап, ұйып қалған екен. Орнынан тұрып, керіліп
алды:
– Ондай өнеріңді сен кейін пайдаланарсың, əзірге өзім басқара
тұрайын,– деді ол.
Ержан шұқырдан ырғып шықты. Іштей қатынасатын траншея
қазылмаған. Оны қазуға əл келетін емес, мұрсат та қалмас. Екі күннен бері
солдаттар бір сағат тыным көрген жоқ. Кеше бірнеше сағатқа созылған
соғыстан кейін өкшелей қуған жаудан полк түнде ғана қарасын үзіп кетті.
Содан бері жұрт жер қазуда. Таң жақындап қалған, түн салқын. Аспанды
дымқыл қара қоңыр бұлт торлап алған. Кейінгі жақтағы дөңестің жиегі сəл
күлгін тартқан аспан реңкінен бөлініп қарауытып көрінеді. Алдыңғы жақ
қоқырлана бұлдырап барып қою қараңғылыққа, белгісіз тұңғиыққа ұласып
кеткен. Топыраққа борпылдап тиген күректің жұмсақ даусы, əлдекімдердің
қақырынғаны естіледі. Біреулер күбірлеп тіл қатысып қояды. Кейінгі
жақтан да арба сықыры, ат дүбірі, талмаусыраған дыбыс естіледі. Мынау
ұлпалап түткен түбіттей қою, қоңыр қараңғылықта – ұрыс алдында
құмырсқадай тырбанып жатқан жұрт.
Ержан шұқырдан бір-екі аттап шықты да, түннің баяу, майда тынысына
құлақ тігіп тұрып қалды. Төменде өзімен өзі сөйлескендей бір нəрсе деп
күбірлеп жатқан Бөрібай сөзін де ұққан жоқ. Басқа уақыт таппағандай осы
тыныс тыныш сағатта өз бойындағы бір ұяты есіне түсіп, жанын удай
ашытты. Бірақ сол бір оқиғаның аңдитыны да дəл осындай істен қолы
босап кеткен сəті болатын. Ұрысқа кіргеннің екінші күні еді. Қырқада
асыға окоп қазып рота екпіндеп келе жатқан жаудың алдын тосты. Ержан
Бөрібай екеуі тез қимылдап жүрелеп отырарлық екі шұқыр қазып алды.
Алда он бес-жиырма қадам жерде бастары қылтиып солдаттар отыр.
Алдында жаңбыр жауып, жер балшық болатын. Ержан өзі оқталатын
мылтығына жабысқан балшықты бұтақ сынығымен түрткілеп тазалап
отырды.
– Немістер келе жатыр!– деген ащы дауыс естілді.
Ержан алғашқы рет естігендей «Немістер!» деген дауыстан түршігіп,
селт етіп алдыңғы жаққа қарады. Кішілеу төбешікте селдіреп тұрған төртбес жас қайыңның арғы жағынан ұзын колонна қарауытып шыға берді.
Оңға таман тағы бір үлкен топ көрінді. Еш нəрседен алады жоқ, бергі
ойпатқа емпеңдеп құлап келеді. Дөңестің ар жағынан суырылып шығып
жатқан құйрығы таусылар емес.
– Тіпті басынып кеткен екен иттер! Алдына дозор салмай келеді,– деп
дауыстады Зеленин.
«Иə, иə басынып кеткен» деп ойлады Ержан жаудан көз алмай. Немістер
алдында жау барын бейнебір иіскеп білгендей тез ыдырап шепке жайылды.
Жүрісін ірікпестен, еш күйбелеңсіз автомат, винтовкаларын кезеп алды.
Ержан мылтықты қысып ұстаған қолына діріл енгенін байқады. Ол жау
айбатынан шошып қалып еді. Өз даусын өзі танымай:
– Огонь!– деп шарылдай айқайлады.
Тасыр-тұсыр мылтық атылды. Бір жерден пулемет дүрсілдеді. Қай сəт
екені есінде жоқ, бір сəтте «мына арыны қатты жаудың табанының астында
қалам-ау» деген ап-анық ой тұла бойын қарып өтті. Есік-терезеден кірген
ысқырық желдей тамыр-тамырын жиіркенішті қорқыныш жайлап бара
жатты. Анау арынды айбарлы жауға қарағанда мына мылтық атып жатқан
селдір топ, қорғансыз, мүсəпір көрінді. Атыстың да берекесі қаша бастады.
Бірде тасырлап жиі атылса, бірде сиреп барып жалғыз оқ тарс етеді.
Пулемет те жиі қақалады. Сол жақтағы біреу окобынан еңбектеп шықты да
артына жалтақтап бір-екі қарап, бүкшиіп жүгіре жөнелді. Оған ере тағы
бір-екеу қашты. Орнынан көтеріліп, қашуға ыңғайлана берген біреу
арқасынан оқ тиіп, жан ұшыра айқайлап жіберіп, иіле құлады. Сол дауысқа
елең ете қалғандар қашып бара жатқандарды көріп, тұра жүгірісті. Белгісіз
бір күш Ержанды да окоптан суырып алып, кейін қарай сүйрей жөнелді. Ол
енді өзге дүниені ұмытып, бар арманы анау сирек орманға тығылу, жан
сақтау болып, кейбіреулерден басып озып зытып барады. Орманға енді
жетеміз-ау деген кезде, қарсы алдынан біздің əскерлер шыға келді.
Əлдеқайдан «тоқта!» деген Мұрат даусы саңқ етті. Сол екпінмен жүгіріп
бара жатқан Ержан «тоқта!» деген сөз қайта зыңқ етіп, құлақ шекесіне
шегедей қадалғанда барып, есін жиды.
Осынысы есіне түскенде Ержан пəктігінен айрылған қыздай қиналады.
Мұрат көрді ме, көрмеді ме? Оны осы күнге дейін біле алмай дал болады.
Егер ол Ержанның сол масқара халін көрсе не деп ойламақ? Енді
Раушанның бетіне қалай қарамақ. Құдай оңдап ол да содан кейін жүзбе-жүз
кездесе қойған жоқ. Екі-үш күн жауынгерлерінен қатты ұялып жүрді. Реті
келгенде, күйіп кеткенде зекіріп, айқайлайын десе де бата алмады. Рас
содан кейін өзін-өзі қамшылап берік бола бастады. Екі рет оның взводы
өзгелердің соңынан, ал өзі жұрттың ең соңынан шегінді, кімнің басында
ондай болмайды. Зеленин болса: «Ой біздің сондағы өкшеміз жалтырап
зытқанымыз-ай» – деп қарқылдап күліп қояды. Қарапайым, қалтқысы жоқ,
жақсы жігіт Зеленин. Иə, сол бір оқиғаның ұмыт болатын уақыты жеткен
сияқты еді. Бірақ құрғыр əлі де болса есебін тауып, Ержанды бір шағып
алады. Ержан қапелімде тап болған жиіркенішті əсерден арылғысы кеп
тағы да керіле беріп бір сілкінді де, ілгері қарай жүрді.
Окоптың үстіне қорбитып плащ-палатка жауып қойыпты. Ашықтау
шетінен болмашы сəуле жылтырап барып басылды.
– Бұл кім?– деп дауыстады Ержан.
Плащ-палатканы қаудыратып түре көтерген екі солдаттың басы көрінді.
– Темекі тартуға отырып едік,– деді Бондаренко окоптан шығып жатып.
Оның артынан Земцов шықты.
– Жұмыстарың қалай?
– Жер қатты екен құрғыр! Кеудеден окоп қазып алдық, əрине, – деді
Земцов жылдам сөйлеп.– Кішкене дем алғасын тағы да қаза түсеміз ғой.
Былай бір, темекі тартып алайық деп... қаза түсеміз ғой əрине.
Орта бойлы, шикіл сары жас жігіт Земцов жоқтан өзгеден қысылып
қалатын жəне қысылғанда қипалақтап берекесіз көп сөйлеп кететін. Бұл
əдетінен əскерге алынған үш-төрт айдан бері арыла алмай қойған-ды.
Соғысқа кіргелі де өзгермепті. Ержан оны соғыста да қалбаңдап, сасқалақ
болар деп ойлап еді. Бірақ алдыңғы күні командирін таң қалдырды.
Тосқауылда қалған взвод атысын, ақырын шегініп бара жатқан. Жүзден
артық неміс солдаттары бастырмалатып төніп қалды. Жауынгерлерін
қырып алам ба деп қорыққан Ержан шегінуге əмір берді де, екі-үш адаммен
өзі жауды бөгеп қалды. Сол бір қиып сағатта қасында жатқан Земцов бұған
бұрылып:
– Сіз кетіңіз жолдас лейтенант, мен бөгей тұрам ғой,– деп еді. Даусы
сабырлы да, əмірлі де шыққан. Енді қипалақтап тұрғаны мынау. Ержан
қараңғы болса да оның қысқа кірпікті шүңірек шегір көзінің жыпылықтап
тұрғанын көргендей болды.
– Шаршаған шығарсыңдар, бірің жұмыс істегенде, бірің көз шырымын
алыңдар,– деді Ержан.
– Шыдай тұрамыз ғой. Еш нəрсе етпес,– деді Земцов,– Тек ұйқы деген
қиын екен, əрине. Бірақ жұмыс істегенде ұйқы ашылып кетеді. Ал, кішкене
тізе бүксең болды қалғып кетесің. Бірақ, əрине шыдаймыз ғой.
– Доңғалағы тасқа секірген арбадай салдырлайсың да жөнелесің сен-ақ,–
деп кейіді Бондаренко.
– Мен неге салдырлаймын. Тек сөз ретіне айтқаным ғой əрине...
Болмаса...
– Əрине... əрине,– деп қағытты оны Бондаренко.– Кішкене көз
шырымын алған бөтен болмас еді. Немістер маза берер деймісің. Таң
сəріден-ақ ұмтылар-ау.
– Мүмкін олар да шаршаған шығар... Кім біледі, – деді Земцов.
– Түріне қарағанда олар шаршай қойған жоқ,– деді Ержан ойланып,
даусы ақырын, салмақты шықты.– Ендеше біздің де шаршауға хақымыз
жоқ. Иə, иə, хақымыз жоқ.
Екі солдат командир сөзінен күрсініс естігендей болып сəл іркіліп
қалды.
– Газет келген жоқ па, жолдас лейтенант,– деп сұрады Бондаренко
орағытып.– Басқа майдандардың хал-ахуалы қалай екен?
– Біз сияқты. Аздап шегініп барады.
– Əрине істің жөнін бастықтар көбірек біледі ғой,– деді Земцов. – Эх,
тоқтау керек еді.
– Жолдас лейтенант, почтальон келген жоқ, па?– деп сұрады Бондаренко.
– Жоқ.
Хат ала алмай қойдық үйімізден. Менің қатыным, əлгі Дусяны айтам,
хатқа жүйрік болмағанмен шимайлап күн ара денсаулығын білдіріп қоюшы
еді. Ұрысқа кіргелі хат болмай кетті. Ол қатынға сайтан да болмас-ау,
туғалы қыңқ деп ауырып көрген жоқ. Ал бірақ біздің почтальонды айтамау, ұрыс басталғалы тұмсығын көрсеткен жоқ. Мылтық атқан жерге келуге
қорқатын болса хаттарды бір ағаштың бұтағына байлап кетпей ме, жолдан
өзіміз тауып алар едік, – деп күлді Бондаренко. Оның кісіні сөзге
шымшымдап тартатын əңгіме құмар екенін Ержан білуші еді. – Соғыс
деген ойыншық емес. Үй-ішінің хабарын білмей жазатайым болсақ обал
ғой.
– Дядя Ваня опять лясы точит,– деп Зеленин сөйлей келді.
Жұмысымды тындырдым, жолдас сержант. Ал əңгіме деген адамға
тыныс,– деп қарсыласты Бондаренко.
Окопты аралап келе жатып Зеленин Ержанға ойында жүрген күдігін
айтты.
– Сержант Добрушкинге мен сенбейтін болып барам. Жағдайдың қиын
екенін сезбейтін сияқты құзғын. Əлде сезгісі келмейді. Жақа да окоп
қаздырудың орнына қорылдап ұйықтап жатыр. Еш нəрседен алаңы жоқ. –
Зеленин Ержанды қолынан ұстап тоқтатып, шіңкілдеп, өткір даусына діріл
еніп, күбірлей сөйледі. – Есіңізде ме? Анада бip отделениесімен орман
ішінде адасып кетті ғой. Мен барып тауып əкелдім. Құзғын сонда өтірік
адасты. Асығy, сасу жоқ, ағаштың арасында демалып отыр. Сонысы тегін
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қаһарлы күндер - 10
  • Büleklär
  • Қаһарлы күндер - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2218
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4119
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2250
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4090
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2251
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    37.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4102
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2283
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2186
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3935
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4031
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2296
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4051
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2104
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4041
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2139
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4030
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2157
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2076
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4092
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2141
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2150
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4107
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4067
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4086
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2165
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4077
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3778
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1884
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.