Latin Common Turkic

Қаһарлы күндер - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 4173
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
37.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жарқылдасып қалды. Ержан қыз ертіп келгені үшін аздап қысылып еді,
вагонды жадыратып жіберген Зеленинге риза болды. Солдат деген қу
болады ғой. Раушанның қасында бір орын бос қалдырылған екен, бірақ
Ержан шеткерілеу барып отырды. Жауынгерлер қыздармен шұрқырасып
сөйлесіп жатқасын өзінше сыр алдырмаған болып əңгімеге араласпады.
Раушанмен танысқалы Ержанның мінезі өзгеріп кетті.
Көңіліне ерекше бір қуаныш еніп көкірегін жылытып барады. Енді оған
жұрттың бəрі өзіндей жайдары, қуанышты сияқты. Солдаттарына да
мейірімі молайды. Осындай көтеріңкі халде жүргенде бүгін ертеңгілік
Көжек пен Зеленин қуып жетіп көңілін əбден толтырып тастады.
Танысқалы үшінші күн. Раушанмен бұл əлі сырласқан. Бірақ үйреніскен,
қатар өскен адамдай тез жақындасып кетті. Екеуі көп əңгімелеседі. Оқыған
кітаптарын айтысады. Ылғи пікірлері бір жерден шығады. Тек екеуінің
көзқарастары ажырасқан кітап «Құрыш қалай шынықты» болды. Онда да
барлық жағынан келісе келіп, тек Тоня жайлы сөз болғанда ұғыспай
қалысты. Ержан Тоня өте жақсы қыз, Павкаға лайық қыз еді деп екеуінің
қосыла алмағанына шын қынжылады екен. Оған себеп Тоняның үй-ішінің
тəрбиесі жəне... жəне... Ержан «жəненің» ар жағын сөзбен айта алмай
булығып қолын сілтей салды. Раушан Тоняны «тұрақсыз» деп ұнатпайды
екен. Ал, өзге əңгімеде-екеуі бірін-бірі қостап, бірінің мақтағанын не
жамандағанын бірі толықтырады.
Кеше Ержан бір разъезде темір жол табанынан ұсақ тас жинап алды.
Былай шыға бере екеуі есік алдында тұрып сырғып поезға қарсы жүгіріп
келе жатқан телеграф бағандарын атқылады. Ержан басында ылғи дəл
тигізді. Тас бағанаға тиген сайын Раушан күліп жібереді. Оған қарап Ержан
да күледі. Бір кезде Ержанның мергендігі нашарлап кетті. Ол тасты он
шақты қайтара лақтырып, түк тигізе алмады.
– Ой мергендігің жоң екен, бері əкел!– деп енді Раушан бағанды көздеп
лақтыра бастады.
Бірақ ол да түк тигізе алмады. Сонсоң уысындағы ұсақ тасты шашып
жіберді де, Ержанға қарап күлді, Ержан да оған бұрылып мəз болып қосыла
күлді. Раушан қатты күлкіден еңкейе беріп, қолын Ержанның иығына
салып, басын көтерді.
– Мен снайпер болам деп жүрмін. Менен снайпер шықпайды екен,– деді
қыз, күлкісін тыя алмай. Қолын Ержанның иығынан тартып алуға
асықпады,– Кəне, енді сен лақтыршы.
– Менің де сенен артық мергендігім жоқ,– деп күлді Ержан.
Осылай байқаусыз екеуінің арасы сенге көшіп кетті. Енді Ержанға
Коростылев те үйреніп алды. Ол есіктен кіріп келгенде қуақы жымиып
қабағының астынан қарап қояды. «Қане, қария, домино ойнап жіберелік»
дейді Ержан. «Амал қанша, сенің өзің сондай құмар ойыншы болсаң...»
дейді Коростылев күле қарап. Бірақ Күлəнда серік болмай қалды. «Басым
ауырып отыр... Ойнағым келмейді» деп тартынады. Бүгін де Раушанды өз
вагонына апару үшін маскировка ретінде Күлəнданы қоса шақырып еді, ол
əрең көнді. Онда да Раушан жалынғасын. Өзі Ержанға бір түрлі көңілсіз
қарайды. Ұнатпай ма қалай?
Бүгін түнде Ержан көп дөңбекшіп, ұзақ ұйықтай алмады. Содан кейін
түрегеліп есіктің алдына барып тұрды. Күндізгі есепсіз қуаныштың арты
көңіл елегізітер мазасыздыққа айналғандай. Майда жылжып, кең таралып
жерді басқан тұмандай көкірегін мұң жайлап барады. Белгісіз бір нəрсені
ынтыға күтеді. Ай жарық екен. Айдың күміс шұғыласына малынып кең
дала көлбеп жатыр. Алыстаған сайын мұнартып ақыры тұтасқан күміс
тозаңға айналып кетеді. Осы ай сəулесі өткен күннің бір елесін оятты. Онда
да дəл осы бүгінгіге ұқсас бір күйде болып еді. Сұңғақ бойлы талдырмаш
қыз бейне ертегіден келгендей аяғы жерге тимей, əсем сырғып, қалықтап
кетіп бара жатты. Өзеннің көк мұз айдыны, ай нұрына жарқыраған аппақ
қар, алда қалықтап ұшып бара жатқан қыз... Ержан ғажайып ертегі
дүниенің ішінде кетіп бара жатқандай болды. Ержан қуып жеткенде қыз
жалт қарады. Ай шұғыласымен жарқ ете қалған қыз өңі əсем екен. «Кəне,
қол ұстасып тебейік» деді қыз. Қолдарын айқастыра ұстап, қатар коньки
теуіп келе жатып екеуі бір-біріне қарап қояды.
Ол қыз соңғы күндері интернатта Ержан жатқан бөлмеге жиі келетін.
Балалар бөлмесіне қыздар келіп-кете беретін. Бірақ бұл Ержан жатқан
бөлмеге күнде сабақ алдында соғып, мектепке бірге кететін. Аты Күнзила,
фамилиясы қызық Қапселенова. Сұңғақ бойлы, дөңгелек ашаң жүзді,
кішілеу мөлдір қара көзді. Өзге балалармен көп əңгімелеспей, Ержанға
көбірек қарайды, онымен көбірек сөйлеседі. Мектепке бара жатқанда да
Ержанға жақынырақ жүреді. Бірақ Ержан бұған онша көп мəн бермейтін.
Сол айлы түні, коньки теуіп қатар келе жатқанда Күнзиланың ұзағырақ
қараған кішкене нұрлы көзінен бір сыр ұққандай болды. Тереңде жатқан
бір сезім тепсініп, көңілін толқытып еді.
Қазір бұдан төрт жыл бұрынғы сол көрініс мынау ай сəулесіндей ғана
қылаңдап елес береді. Сонда да көңілін дəл бүгінгідей бір сезім билеген.
Бірақ ол тез өтіп еді. Енді сол қызуы артып, тереңдей түсіп қайтып оралған.
Ержан жолында басқа да қыздар кездесті. Училищеде жүргенде, демалыста
қалаға шыққанда өзге курсанттар сияқты бұл да паркке биге барды,
қыздармен танысты. Алматыда жүргенде де қызметтес командирмен бірге
қалаға барып тұрды. Мұнда бір қызбен танысты. Жігіт болғасын қызбен
қыдырмаудың өзі кемістік мін сияқты болатын. Ертеден келе жатқан көп
жігітке тəн жеңіл жүрісті мақтан етушілік мұның жолдастарында да бар еді.
Қызды тезірек үйіріп алу жігіттіктің, тіпті ерліктің белгісі саналатын.
Жолдастарынан қалуды Ержан да мін көрді. Бірақ мұның бəрі жігіттіктің
міндеті сияқты көрінді де, із қалдырмай өте шықты. Ал, енді... Енді
басқашарақ секілді.
Ержан біреудің ақырын келіп, өзі сүйеніп тұрған бел ағашқа асылғанын
сезді. Бүгінгі дежурный Байсарин екен. Түн тыныштығы əшейінде
дызылдап тұратын елгезек жігітті де ойлы үнсіздікке түсірген. Ержан
бұрылып қарағанда езу тартып жымиып, қапелімде не айтарға білмей:
– Ай жарық екен,– деді.
Ержан Байсариннің шағын, жұмыр тұлғасына, əдеміше кішкене
дөңгелек жүзіне қарап аз тұрды. Содан кейін түйеден түскендей:
– Əйелің бар ма?– деп сұрады.
– Жоқ. Əлі үйленгем жоқ.
– Ұнатқан қызың бар ма?
Дайындықсыз сұрақтан Байсарин, көзі жыпылықтап, сасып қалды.
– Бар еді,– деді зорлана күлімсіреп.
– Шын ғашықсың ба?–деп қадалды Ержан.
Байсарин бұрынғыдан бетер қысылып қалды.
– Мен ғашық бола білмеймін ғой,– деп күрсінді ол, – Бірақ өзін өте
жақсы көремін.– Байсарин қипақтап төс қалтасынан карточка суырып
алды, содан кейін кішкене екі ойлы боп іркілді де Ержанға ұсынды.–
Мінекей суреті.
Ержан айдың күлгін жарығынан қыздың жүзін анық көре алмаса да
суретке ұзақ қарап тұрды. Ол Байсариннің қыз суреті көрушіге ұнамай қала
ма деп қалтырап тұрғанын, егерде осы қыз туралы жақсы сөз естісе қуанып
кететінін ерекше бір ішкі сергектікпен ұқты. Ержан Байсаринді қуантқысы
келді.
– Сұлу екен. Өзі өте жақсы қыз болу керек, ə?! Байсариннің ай нұрына
шағылған кішкене көзі жайнап сала берді.
– Сіз оны көрген жоқсыз ғой. Өте жақсы қыз. Өзі бір түрлі... тіпті жақсы.
Рас айтам.
Байсариннің кеудесін кернеген ыстық қуаныш Ержанды да баурап алды.
Ол да Байсаринге Раушанды мақтағысы келіп кетті. Бірақ... кенет іркіліп
қалды. Мүмкін ол тіпті Ержанды сүймейтін шығар. Бірге жүргенде не тұр.
Жол қысқарту үшін əркімге ермек керек. Ержан енді Байсариннің бақытын
қызғана бастады. Байсарин өз қуанышына елігіп, сүйген қызын мақтаған
сайын мынау мұңая түседі.
Ержан қозғалып кеткен көңілін тежей алмай есік алдында ұзақ тұрды.
Ол тұйықталып қалғасын Байсарин да ыңғайсызданып өз орнына кетті.
Кейін бұрылғанда вагон ішінен жылы, адам лебін сезді. Солдаттар екі қатар
сəкіде сығылысып ұйықтап жатыр. Алаңсыз қатты ұйқыға берілген. Кенет
мынау тыныш мүлгіген ай сəулесінің ар жағынан Ержан көзіне қанды
қырғын соғыс елестеді. Дəл қазір осы сағатта да ұзын майдан, есепсіз
армия соғысып жатыр. Мынау қаннен-қаперсіз тəтті ұйқыда жатқан
солдаттар да ертең соғысқа кіреді. Аз ба, көп пе, сонда осылардың
кейбіреулері жансыз дене болып сұлап жатуы мүмкін. Мүмкін Ержанның
өзі де... Алғашқы рет өлім туралы ой ап-анық болып осы сəтте келді. Ержан
бұл ойдан шошынған жоқ. Өзінің азғантай өмірін тез шолып өтіп, көңілін
ойсыратқан бір олқылық тауып, үлкен шаруасын тындыра алмай бара
жатқандай өкінді. Ең жақын адам тауып, соған көңілдегі бар асылыңды
беріп болмай жазатайым болу қорқынышты екен.
Тағы да көз алдында Раушан елестеді. Оның сондай сүйкімді үш жағы
көтеріңкі «тентек» мұрны, сəл түріңкі аңқау ерні, үлбіреген қызыл
шырайлы ыстық жүзі ерекше лебімен еліктіріп тартып барады. Үлкен қара
көзі кейде көңілді ұшқынмен жарқ ете қалады, кейде мөлдіреп терең
қарайды. Бірде Ержан сырын айтса, ол да ақтарыла салатындай сондайлық
жақын көрінеді, бірде салқын тартып алыстап кетеді. Шынымен-ақ
Ержанды сүймей ме екен? Ол Раушанға айтар сөзін көп толғанын, ұзақ
ойлады, бірақ, сол сөзі сараланып, анықтала түскен сайын-ақ айтылуы
қиындай берді.
Түнімен осылай арпалысып шыққан жігіт Раушан вагонына көңілсіз,
сұлық келді. Енді бұрынғы жайдарылығы, ойсыз қуанышы тұйықтыққа,
күрсініске ауысты.
Əсіресе бүгінгі күн алыстан жолаушысы келген үйдей вагон іші
жадыраңқы еді. Көжек пен Зеленин қуып жетіп бүкіл взводты қуантты.
Таңертеңнен көбінің əзілдегені Көжек. Бəрінен бұрын Көжекпен көп
қалжыңдасатын Бөрібайдың құдайы беріп қалды. Əзілі жарасқан досы
вагонның есігін аттасымен-ақ:
– Ойбай бауырым-ай, сені де көретін күн бар екен ғой. Нұр дидарыңды
бір көруге зар қылдың ғой, – деп құшақтай салды. Содан-ақ Бөрібай
Көжекті əзілмен түртіп көрді. Бірақ оның қалжыңына мыңқ етер Көжек те
жоқ. Ыржиып күле береді.
– Бұл бізді төрт күндік жер алға салып жіберіп қуып жеткен жоқ па?
Сабазым, Қобыландының өзі ғой,– деді Бөрібай. Досына күле қарап,
арқасынан қағып қойды.
– Көжекең, Қобыландыдан да озып тұр ғой өзі,– деді жымиып күліп
отырған Қартбай.
– Ғашықтық зары қиын ғой. Иілмейтін қара емен осы сабазым ғой деуші
едім, мұны да шыдатпапты-ау, ə,– деді Бөрібай таңдана тамсанып.
Жұрт ду күлді. Жігіт ағасы болып қалған, сом денелі, қызыл шырайлы
Қартбай жұрттың бəрінің даусын басып, кең иығы бүлкілдеп рақаттанып
қатты күледі. Езу тартпаған Бөрібай ғана. Ол бұрынғысынан бетер елжіреп
əлденеге таңдана сөйлейді.
– Балқиядай асыл жары артында, қалып бара жатқасын, қара нар болса
да қайыспай тұра алар ма,– деді күрсініп.
– Ойбай-ау, əлі батырлық, байлық кімде жоқ, «ғашықтың жолы бір
басқа» деген емес пе. Ынтығы басылмаған байғұс...– деп Қартбай күлкісіне
шашалып қалды.
– Біздің елде Бұзаубай деген кісі болған екен. Бір күні жол шығып келе
жатса алдынан бір жалғыз атты шыға келіпті. Басында қызыл мақпалмен
тыстаған түлкі тымағы бар екен, əлгі жалғыз аттының. Жаман бөркінен
əбден жеріген Бұзаубай қызығып кетіп əлгінің тымағын ала қашпасы бар
емес пе. Бірақ астындағы аты осалдау болса керек, қаһарына мінген
жолаушы лезде-ақ шаужайлап келіп қалады. Сол кезде құтылмасын білген
Бұзаубай қайрылып тура қалыпты да: «Ойнасақ та біраз жерге шаптық қой»
деп əлгі кісінің тымағын басына кигізе салыпты. Сол айтқандай-ақ ойнасақ
та біраз жерге шаптық қой. Көжек байғұсты осы қажағанымыз да жетер,
қажай бергенмен бұдан не шығар дейсің.
Азғана уақыт болса да əскер өмірі əр алуан қауымнан құралған
жауынгерлерді тұтастырып тастаған екен. Көжек жоғалғалы взводта бір
кірбең пайда болып еді. Күлсе де, ойнаса да көңілдің бір жағы олқы болып
тұратын. Бүгін енді сол қыртыс жазылды. Вагонға қыздар келгесін
жауынгерлер тіпті жайдары болып кетті.
– Ал, кəне, қонақ кəде беріңіздер! Əн салыңыздар! – деп жармасты
Бөрібай қыздарға.
– Келмей жатып қонаққа қолқа салған қай атаңнан қалып еді. Алдымен
қонақтарға сый-құрметін ұсынар болар,– деп Қартбай оны тойтарып,
Кəкібайға бұрылды. – Жігітім, кəнекей, сен жол баста. Көрсет өнеріңді
осындайда.
– Зауқым болмай отыр,– деп Кəкібай өтірік тартынды.
– Е, əне бір домбыраңды сайыста шоқпар қылуға əкелемісің. Неміспен
алысып жүргенде шегін үзіп аласың,– деді Бөрібай шын ақыл айтқан
кейіппен.
– Домбыраңның сау кезінде шырқап қал.
Кəкібай күле отырып қолына домбырасын алды. Пилоткасын бір
шекесіне басыңқырап қойып күйге келтіріп дыңылдатып аз отырды да,
қағып-қағып жіберді. Сол кезде шымырлау келген қоңыр дауыс шығандап
тік көтерілді де, асқақтап барып қалықтап кетті. Əнде серпе ескен ерекше
бір ішкі күш бар. Жаныңа рақат беретін нұрлы өң мен жігер құйып
құлшындыратын еспе ден бар. Əнші шырқай жөнелгенде вагон ішіне өң
кіріп, үнсіз ұйып қалған көптің көз алдына қазақ сахарасын барлық сұлу
кеңдігімен, аса бір тартымды сырымен елестетті. Жұрттың ойын өткен
күннің сəнді елестерімен бір толқытып алған əн, бірте-бірте бар жүректі
уысына алып, баp көкіректі отты леппен ширықтыра берді. Бұл – даланың
«үзілмей де, қатаймай» толқитын қоңыр желіндей, құба жонда тепеңдеп
келе жатып салатын бүкіл ырғағынан туған əн емес. Сыбыр-сыпсыңның
сыры бар, лүпілдеп тез оталған жүректен шыққан құмарлықтың да,
орынсыз талап, жөнсіз қолқасы бар ерке наздың да əні емес. Кең өлкенің
кеудесінен шығандай көтерілген өршіл үн. Зымырап аспанға шаншылатын
қаршығаның екпіні бар да, қалықтаған қыран бүркіттің сəулеті бар.
Шүйіліп құлдырап келіп, сұлу қимылмен үйіріліп-үйіріліп алып, қайтадан
өрлеп барып маңиды.
Ержан да Кəкібайға жақындаңқырап келіп əнге құлақ қойған-ды.
Алғашқы бір аңғарғаны бұл жігіт домбыра пернесінде саусағымен ойнап,
даусын сызылтып, нақыштауды білмейді екен. Бар жан жүйесі əнмен бірге
аспанға шыңырап ұшқандай да, беріле қаққан домбырасы қанаты тəрізді.
Ұшы сүйір қара көзі мөп-мөлдір нұрланып, өткір сəуле шығарады. Жұқа
танауы делдиіп, күрең жүзі нұрланып алады. Ырабайда қан тепсініп нұр
жүгірген жүзі лезде қайта өткірленеді. Əн мен жігіт тұтасып əсем саз боп
ұйытып, өршіл леп болып шарпиды.
Ержан көзі Раушанға түсті. Ол жартылай бұрылып, иегін сəл көтеріп
ашық есіктің ар жағындағы алысқа қадалыпты. Көз шарасы үлкейіп, өз
өміріндегі ең бір жақсы елеске ынтыққандай мөлдірей қарайды. Он шақты
тал қысқа шаш маңдайынан төмен түсіп кірпігіне тірелген, оны да байқар
емес. Бір сəтте аузын сəл ашып, дүниеге сүйсіне таңданып қараған бала
əлпеттес те болып кетті. Жүзі балбұл жанып, гимнастерканың кең
жағасынан едəуір жоғары көтерілген жұмыр мойны да қызғылт тартқан.
Кəкібай осы кезде «Екі жиренді» шырқап еді. Ержанның əнге елтіген
еліккіш көңіліне жүрек тереңінен шымырлап шығып, зарға ауысып
ғашығын іздеген əннің аңсағаны осы қыз болып көрінді.
Əннен туған елестер мен толқудан арыла алмай жауынгерлер біраз ойға
мүлгіп отырды. Сəлден кейін əншімен жұрттың жүзі де құлпырып шыға
келді. Осы сəтте жауынгерлерінің бəрін Ержан сондайлық жақын тартты.
Майданға – бірге өскен жақын жолдастарынан бөлініп, жалғызсырап кетіп
бара жатпай, өз елінің кəдімгі таныс адамдарымен, өзі өскен ортасымен
бара жатқанын жүрегімен ұғып бойын зор қуаныш биледі. Мұртын
ширатып қойып, жүзі нарттай жанып отырған Қартбай əне. Тік маңдайға
жарасқан қою қара қасы өр мінезін көрсетсе, кішілеу қоқыр көзіндегі кірпік
астынан жылт ете қалатын ұшқын – ойнақы көңілінің хабаршысы. Бала
кезінде талай көрген, ұнатқан ағаларының біріндей емес пе? Мынау ақ
жарқын Бөрібай, анау тұйық мінезді, қабағының астына үнемі сөнбейтін де,
ұлғаймайтын да күлкі нұры ұялаған Бондаренко, жүзінде тентек баланың
əлпеті бар, талдырмаш жігіт Зеленин бəрі де ертеден таныс, етене болып
өскен ортасы емес пе? Ақкөңіл, аңқау Көжек ше... Ержан қапы ойланып,
малдасын құрып, оң қолымен жағын таянып мүлгіп отырған Көжекке қарап
қабағын түкситті.
7
Жолға шыққалы Уəли бүгіп келе жатқан құпия сыры бар адамша
Мұратқа жымиып қарай беруші еді. Мұрат оның кескінін байқап бір-екі
оқталып көрді де бірақ ашып ешнəрсе сұрамады. Бүгін де Уəли қасына
келіп, көбірек əңгімелесіп кетті.
– Осы сен білетін бір нəрсе бар ғой, айтшы жарқыным,– деді Мұрат оған
қадала қарап.– Жолға шыққалы сезіп келем, ішіңе сыймай келе жатқан бір
құпияң бар.
Уəли жүзі жайнап Мұраттың бетіне қарап біраз зарықтырып отырды да,
ақыры шыдай алмай:
– Саған деген бір ыстық сырды төс қалтама салып ем, сол кеудемді
күйдіріп барады,– деді.
– Ол қандай сыр?
Уəлидің жүзі бұрынғыдан бетер жайнап кетті. Ол көзін қысып, иегін
қағып қойды.
– Əлі де сезбей отырсың ба? Жүрек сыры да,– Уəли асықпай төс
қалтасынан бүктеулі конвертті суырды.– Мінекей. Билетер едім, атағың бар
дырдай командирсің, ұяттау болар. Ал, ертерек бермеді деп айып етпе.
Əмір солай болды.
Мұрат Уəлидің қолындағы хатты алды. Конверттің сыртында «Мұратқа»
деген жалғыз соз тұр. Таныс қолмен жазылған əріптер Мұраттың көзіне
оттай басылды. Мұрат Уəлиге шын көңілден алғыс айтты да, онымен əзілге
бармай, оңашаланып хатты оқуға кетті.
...Бұдан екі жыл бұрын Алматыда военкоматта қызмет істеп жүрген
Мұрат жоғары білімі болмағасын институтқа сырттан оқуға түсті. Қаладағы
сырттан оқушылар үшін институтта лекциялар оқылып тұрады екен.
Сабаққа жиналған азғана топтың ішінде Мұраттың бір келіншекке көзі
түсті. Ол ылғи дəл лекция басталарда келеді де, аудиторияның артқы жағын
ала отырады. Жүріс-тұрысы салмақты, сыпайы. Алғаш көргенде Мұрат
оны онша көп елеген жоқ, «тəп-тəуір ғана келіншек екен» деп қоя салған.
Келесі күні Мұрат сабақ басталар алдында коридорға шығып оқшаулау
темекі тартып тұр еді, есік жақтан асыға басып келе жатқан сол келіншекті
көрді. Үстінде сыпайы тігілген қара костюм, ақ жібек кофтасының жағасын
сыртқа шығарып қойған, шашын өрмей, желкесіне түйген. Денесінің сəл
ғана жарасымды толықтығы бар. Асыққандықтан болар, ақ жүзі қызарып
кетіпті. Мұраттың тұсына келе беріп, қабағын көтеріп қарады да, көзін тез
тайдырып əкетті. Ернін күбір еткізіп бас игендей болды.
– Неге асықтыңыз? Əлі сабақ басталған жоқ,– деді Мұрат.
Əйел сəл кідіріп қалды.
– Солай ма? Мен кешігетінімді білем де, ылғи асығам,– деді езу тартып.
– «Даусы əдемі екен»,– деп қалды Мұрат ішінен.
– Ылғи кешігіп жүретін əдетіңіз бе?
– Əйел дегеннің үйде шаруасы біте ме? Қанша асықсаң да кідіріп
қаласың. Жəне мен жоғарғы жақта тұрамын. Трамвай алыстан айналатын
болғасын жаяу келемін.
– Көрші болмаса игі едік. Мен де жоғарғы жақта тұрамын.
– Ой, мұғалім келе жатыр екен,– деді əйел. Мұратқа «жүрмейсіз бе»
дегендей көз тастап аудиторияға қарай беттеді.
Келіншек өзінің кешегі орнына барып отырды. Мұрат та кейінгі жаққа
таман, бірақ оқшауырақ барып отырды. Лекция үстінде Мұрат келіншекке
көз қиығын тастап қояды. Жіңішке саусағы майысып жазып отыр.
Жылдам-жылдам жазады да кенет басын көтеріп, лекторға қарап қояды. Бір
рет қаламын ерніне тіреп ұзағырақ отырып қалды. Мұрат мырс етіп,
«мектептен қалған дағдысы болар» деп ойлады. Енді бір көз тастағанында
келіншек жазуды қойып, кірпігін жиі қағып, қатты ойланып қапты.
Лектордың айтқанын түсіне алмай қиналғаны көрініп-ақ тұр.
Мұрат сабақтан кейін келіншекті есік алдында тосып алып екеуі бірге
кетті. Өтірік тартыншақтамай, қылымсымай Мұратпен қатар келеді.
– Сабақтас болып жүріп аты-жөнімізді білмегеніміз ұят болар. Танысып
қоялық,– деді Мұрат сыпайы ғана.
– Менің атым Айша.
– Мектеп бітіргеніңізге көп болды ма? Не ғып оқуды үзіп алдыңыз?– деп
сұрады Мұрат.
– Күйеуге шығуға асыққанмын ғой,– деп күлді Айша.
– Оған жалғыз сіз кінəлі емессіз. Бүкіл қазақ қызының айыбы сол,– деп
күлді Мұрат.
Бірақ Айша одан əрі əзілге барыспады. Мұрат та əлі таныс емес сұлу
əйелдің қасында келе жатқандағы белгілі сезімге беріліп, өзінің əр қимылы
мен сөзін бағып, сыпайы болуға, жақсы əсер етуге тырысты. Тек шамалы
ғана сыпайылықтан асырып алғаны трамвай тоқтайтын жерге келгенде
Айшаға:
– Əңгімелесіп, жаяу жүре берсек қайтеді?– деді.
Айша мұның сөзін ұнатпай қалса керек:
– Жоқ. Мен асығыспын. Трамваймен қайтамын,– деді салқын ғана.
Трамвай үстінде жөнді сөйлесе алған жоқ.
Айша да тұйықтау болды. Тек кетерде ғана:
– Ал, сау болыңыз, мен осы жерден түсемін,– деді.
– Онда жақын көрші емес екеміз. Маған əлі үш аялдама бар,– деді
Мұрат. Айша оның сөзінің аяғын тыңдамай шығар есікке қарай кете берді.
Тек түсіп бара жатып бұрылып, тағы да болмашы бас изеді.
Трамвай үстінде келе жатқанда Мұраттың есінен Айша кетпей қойды.
Бір жарқын, жақсы нəрсе көргендей көңілі ашылып қалды. «Өзінде ерекше
тартымдылық бар,– деп ойлады Мұрат.– Бұрын жөндеп байқамаппын,
едəуір көркі де бар екен». Бір уақытта Мұрат өзін ұстап алды. «Менің өзім
жас бала сияқты бір көрген əйелге тым құлап кеткенім бе? Сұлу əйел тез
қуантуға жаратылған. Көрдің. Сүйсіндің. Болды» деп өзін тежеп тастады.
Ертеңіне кешке қарай Мұрат тағы да сабаққа келді. Айша жылы
амандасып үйреншікті орнына барып отырды. Мұрат тағы да өзінің
Айшаға жиі қарап отырғанын сезіп қалды. Бірақ енді қанша қарамауға
тырысса да көзі түскір ерік бермеді.. Əнекей дəл кешегі сияқты қаламын
ерніне тіреп ойланып қалды. Өзінің жас шамасы жиырма бес, жиырма
алтыларда болу керек. Кіршіксіз ақ жаға, əшекейсіз жұқа қара бешпет, сəл
етжеңдеу қызыл шырайлы ақ жүзін айқындап аша түскен. Тұлғасы мен
келбеті сияқты қимылында, көзқарасында жалт етіп көз тартар өткірлік,
ойнақылық жоқ, байсалды, сабырлы əсемдік бар. Мұрат қараған сайын осы
əйелдің сұлулығы мен жылылығы арта берді. Лап етіп, бірден шарпып
қыздырып əкететін жалын емес, ақырын ұзақ маздап, жайдары нұр
шұғыласымен баурап алатын күн сияқты. Өзінің де кеш ашылған гүлдей
нұры толысып құлпырып келе жатқан кезі екен.
Мұрат ұзағырақ қарағанда Айшаның көз шетінен екі сызық əжім көрді.
Иə, иə, көзқарасында ойлылық па, күйініш пе, бір кірбең бар еді-ау»,– деді
ішінен,– бірақ соның өзі осы əсем көркінің жарастығы сияқты.
Мұрат қанша тартыншақтаса да ілгерілей берді. Бүгін де аудиториядан
бұрынырақ шықса да темекі тұтатам деп кідіріп еді, ұсына Айша келіп
қалғасын еріксіз еріп жүре берді. Осылай екеуі күнде бірге қайтатын
болды. Мұрат тереңге бармағанмен еркін жеңіл əзілдесетін, көбірек
сөйлесетін болып алды. Бұл екеуінің ыңғайын лекция оқып жүрген Уəли де
байқап қалса керек, бір күні:
– Білемін сырыңды,– деп күлді.– Рас, енді сұлу өзі. Менің де көзім түсіп
еді, бірақ сен қағып кеткен екесің. Мейлі, желаю успеха.– Уəли жымыңдап
сəл іркілді де: – Айтпақшы мен оның күйеуін біледі екем. Байқа. Барып
тұрған қызғаншақ,– деп ескертті.
Мұрат Уəлидің сөзінен шіміркеніп қалды. Бірақ ойлап-ойлап келіп оны
айыптай алмады. Шынында да сырт жұрт мұның Айшаға деген көңілі
туралы содан басқа не ойлайды? Айшаның күйеуі бар, баласы бар, мұның
да əйелі бар, баласы бар. Мұраттың өзі де осындай ойдан сay емес еді ғой.
«Ерте қартайып, етегіме намаз оқығанда жұмаққа барам ба! Жігіттік
дəуренім тұрғанда бір қимылдап қалайыншы» деген ой өзіне күні кеше
келген жоқ па еді? Енді сырт адамның анайы, ашық құлаққағысы неге
сонша шіміркендірді? Жазықсыз жақсы əйелге сыртынан қиянат ойлағаны
өзіне сондай ездік, ластық көрінді. Осыдан кейін бірнеше күн Айшаның
жүзіне тура қарай алмай жүрді.
Азғана күндік лекциялар бітіп қалды. Соңғы сабақтан шыққан кеште
Мұрат Айшаны тосып алып, екеуі жоғары қарай жаяу кетті. Жол бойы
Айша шешіліп көбірек сөйледі. Бұрынғыдай емес, енді Мұратқа ескі
танысша сенімді көзбен қарап, арасында сөз реті келгенде аздап күліп
алып, өз өмірін, балалық шағын ойнақы жеңіл ғана айтып берді.
Бұл сөзден Мұраттың ұққаны: Айша тəрбиелі, оқыған адамның үйінде
өсіпті, жалғыз қызын ата-анасы қадірлеп бағыпты. Содан бұл күйеуге
шығыпты. Күйеуі де тым тəуір қызметкер көрінеді. Балалық шағы жақсы
өтіп, сол сияқты алаңсыз, жақсы түзу тұрмысқа ауысқан төрт құбыласы
түгел, орнықты əйел сияқты. Мұрат мұны Айшаның сөзінен гөрі жайдары
ашық үнінен аңғарды. Бүгін жол бойы Айша күндегі байсалды қалпынан
сəл қызулау, көтеріңкі көңілде болды. Тек үйіне жақындап келгенде ғана
сəлдеп іркіліп, Мұратқа тереңірек қарады.
– Мен үйге келіп қалдым.
Мұнысы «енді қоштасайық» деген сөз еді. Мұрат Айшаны бөгеп тұрып
қалды. Кəділінде айтылмай кетіп бара жатқан бір сөзі бар сияқты.
– Айша, кішкене сабыр етіңізші,– деді ол даусына діріл еніп,– Біраз күн
былай... бірге жүріп танысып... үйренісіп қалып едік.– «Осы мен не
айтайын деп тұрмын» деп қысылды Мұрат, бірақ күшін жиып, басын
көтеріп алып Айшаға тура қарады.– Осы таныстығымызды ұмыт етпей
көрісіп жүрсек деп едім. Артық ойы бар деп айып етпеңіз.
Айша аң жүзі қызарып, төмен қарап жауаптан іркіліп қалды. Содан кейін
күтпеген жерден ойнақылыққа ауысып:
– Бір қаладағы адам көрісіп тұрады ғой. Ал, біздің үй мынау. Келіп
тұрыңыз,– деп екі қабат ақ үйді нұсқады да, қолын ұсынды.
Мұрат қоштасып қала берді. Айша «осы сыйласқанымыз да жетер» деп,
əрі асырмай таныстыққа нүкте қойып кетті. Болмаса анау екі қабат үйдің
қай есігін қақпақ Мұрат, тіпті пəтерін білгенде де не сылтаумен, неге
келдім деп бармақ? «Келіп тұрыңыз» дегені қағытқаны сияқты. Бірақ
қоштасар кездегі ұзағырақ көзқарасынан ыстық ықлас, бір қимастық
сезілген жоқ па еді? Мұрат осылай дал болып кете барды.
Арада біраз уақыт өтті. Мұрат Айшаны қанша ұмытуға тырысса да,
көңілінің бір жағын еркін жайлап алған əйел көз алдынан кетпей қойды.
Бір рет көшеде жаяу өстіп бара жатқанда сол екі қабат ақ үй көзіне оттай
басылды. Мұрат «қайсысында болар екесін» деп көз қиығымен терезені
тінтіп өтті.
Бір күні кеңседе отырғанда Казпотребсоюзда едəуір қызмет атқаратын
Білеубай деген танысы телефон соғып, қонаққа шақырды. Білеубай
Мұратты: «Жақсы досым, жақын досым, інім» деп көтермелесе де, Мұрат
оны онша ұнатпайтын. Бірақ əйелі Хадиша баласын алып жолаушылап
кетіп еді, Мұрат кешті жалғыз өткізгеннен гөрі қонақта болуды мақұл
көрді.
Білеубай үйіне біраз адам жиналған екен. Дені өзінің қызметтестері болу
керек. Ол кездегі қала қазақтары сияқты асты жерге дайындамай, үлкен
асханаға столдар тізіп, үстіне əртүрлі закускалар толтырып, жайнатып
қойыпты. Қонақтардың ағып-тамып жиналуы сағат жарымға созылды да,
Мұрат сияқты уақытында келгендер жайнап тұрған түрлі тағамдар мен
мөлтілдеген бутылкаларға көз қиығымен ғана сұқтанып, кешігіп,
күттіргендерді ішінен сыбап, шеткерілеу самарқау əңгімелесіп отыр.
Қонақтардың орта кезінде Айша келді. Қасында зайыбы болар, ірі,
толық денелі, қайқы үшкір тұмсықты қара кісі бар. Үлкен көзінің қарасы
кішкентай, жұртқа алара қарайды. Ол қолтығындағы текшелеп буып алған
затын Білеубайдың əйеліне ұстатып жатты. «Е-е, күйеуің мынay екен ғой»,–
деді Мұрат, əлденеге көңілі көтеріліп. Білеубай оны Мұратпен таныстырды.
– Бұл Құдайберген, біздің қызметкер. Мына кісі əйелі болады.
Мұрат Құдайбергеннің қолын алды. Айшамен де таныстығын жасырған
жоқ.
– Бұл кісі екеуміз сабақтас болғанбыз,– деді.
Сұлу əйелдің күйеуінен өзінің артықшылығын көріп, Мұрат көңілін
осындайдағы таныс бір мақтаныш сезімі биледі.
Өзі тұстас қазақ қызметкерлеріне қарағанда Білеубайдың едəуір
мəдениеті бар екен, қонақтарды жұбымен шақырыпты. Айша күйеуінен
бөлініп əйелдер тобына қосылды. Бірақ стол басында əйелдер бірыңғай,
еркектер бірыңғай отырды. Айша Мұрат тұсынан қиғаштау, қарсы отырды.
Қонақтар біраз көңілденіп, кеу-кеулеп қызу əңгімеге кірісіп кеткенде,
Мұрат Айшаның өзіне ұзағырақ қарағанын сезді. Бұл да енді Айшаға жиіжиі көз тастап қояды. Бір-екі рет екеуінің көзі кездесіп те қалды. Айша
көзін тайдырып əкеткен жоқ, езу тартып күлген де жоқ, жылы шыраймен
байсалды қарады. Мұрат сөйлесейіе деп еді, аралары алшақтау болды,
алыстан мойын созуды ыңғайсыз көрді.
Мұрат столдың шетіндегі Айшаның күйеуіне де көз тастап отырған.
«Тым сырғып шеттеп кетуіңе қарағанда, өзің де онша мықты болмассың»
деп түйген. Бір кезде Білеубай соған бұрылып:
– Құдайберген, қатындарға айтшы, мына ыдысты жинап алып, ет
əкелсін,– деді иегін көтеріп.
Мұрат үй иесінің бұл мінезін ыңғайсыз көріп қалды да еріксіз Айшаға
қарады. Айша қып-қызыл болып төмен қарап отыр екен. Мұрат Білеубайға
жалт бұрылды.
– Білеубай, үйіңе келген қонақты жұмсау қай атаңнан қалып еді? Əлде
өзге мəдениетті елдің салтынан көріп пе едің? – деді ол қатқыл үнмен.
Терлегесін көйлегінің өңірін ағытып, желпініп отырған Білеубай:
– Өй, өзіміздің Құдайберген ғой,– дей салды.
– Əһ-һə-һə. Білекең жұмсағанының не айыбы бар. Мен-ақ, барайын,– деп
шетте отырған бір жұқа сары мəз болып есікке қарай кетті.
Мұрат бұрыла беріп Айшаның жүзін көріп қалды. Көзімен жер шұқып,
бұрынғысынан да жүдеп отыр екен. Елеусіз қалатын нəрсені Мұрат өз
сөзімен баттитып Айшаның бетіне басып, үлкен қиянат істеген сияқты.
Осыдан кейін жазықсыз жер болған əйел үшін ренжіп, жайдары жарқын
мінезден өткір, ащы мысқылға ауысты.
Үй иесінің оң жамбасында отырған бір жылтыр қара «біздің Білекең,
біздің Білекең» деп қайта-қайта қақсап отыр еді, Мұрат оны:
– Білекеңнен басқа білерің бар ма, соныңызды айтыңызшы,– деп тыйып
тастады.
Мұрат ертерек қоштасты. Кетіп бара жатып столдан шығып бөлек
отырған Айшаға бас изеді. Айша көзі мөлдіреп Мұратқа мұңая қарады.
«Сау болыңыз»,– деді ақырын ғана.
Келесіде Айша екеуі көшеде кездесті. Бұл жолы келіншек Мұратты
көргеніне қуаныштылығын жасырмай,өңі құлпырып күле амандасты.
– Сіз тіпті сирек көрінетін болып кеттіңіз ғой,– деді
– Жиі көрісудің реті болып тұр ма?– деп күрсінді Мұрат.– Білеубайға
рақмет, ол болмағанда қыс бойы көрмейді екем сізді.
Білеубайдың аты аталғанда көңілсіз оқиға есіне түсіп Айша мұңайып
қалды.
– Біз енді ол үйге бармаймыз... Сізге рақмет, сонда дұрыс сөз айттыңыз,–
деді ол ақырын, төмен қарап.
Тағы да əсем жүзін қасірет көлеңкесі шалып, өңі жүдеу тартып
Мұраттың осы əйелге шын жаны ашыды.
Осы сəтте қолынан келген бар жақсылығын істеуге даяр еді.
– Айша, сіз оған ренжімеңіз. Сонда сіздің ренішіңізді көріп мен де қатты
қиналдым. Бірақ мен жəрдемге жарай алмадым,
Даусындағы реніштен Мұраттың шын ниетін танып Айша тебіреніп,
көзімен ғана үнсіз алғыс айтты. Осыдан кейін Мұрат пен екеуінің арасы
жақындай түсті. Жазғы лекцияларда екеуі қатар отырып бірге қайтатын
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Қаһарлы күндер - 06
  • Büleklär
  • Қаһарлы күндер - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2218
    37.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2198
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4119
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2250
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4090
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2251
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4173
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2089
    37.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4102
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4014
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2319
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4065
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2283
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4074
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2163
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2186
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3935
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2117
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4031
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2296
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4051
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2104
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4041
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2139
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4030
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2157
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3971
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2156
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2076
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4092
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2141
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3977
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2150
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4107
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4067
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2204
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4086
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2165
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4077
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2115
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Қаһарлы күндер - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3778
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1884
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.