🕙 1 minut uku

Оспантайдың ойыны

Süzlärneñ gomumi sanı 138
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 100
47.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
63.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Он жасар Оспантай компьютерде ойнағыш болып алды. Компьютер бағдарламасындағы түрлі ойындарды арнаға қосып, телміріп отырады.
  - Компьютерге көп тесіле берме, көзіңе зиян болады, - деп оған Айгүл анасы сан рет ескерткен болатын.
  - Қазір... Қызық... Міне, - деп ол ойнай береді, ойнай береді.
  - Ойнасаң денеңді, миыңды шынықтыратын ойындарды ойнамайсың ба? - деп Әбен әкесі қабағын түйіп, қапаланып жүр.
  - Компьютер де ойды шынықтырады ғой, - деп Оспантай қысық көзін жыпылықтатты.
  - Бұдан гөрі, доп теуіп жүгіріп ойнағаның жақсы болар еді, - деді Асан ағасы.
  - Ағатай, қоям ғой, - деп Оспантай мұрнын тартты.
  Күнде компьютерге көп тесіле бергендіктен, Оспантайдың көзінің көруі нашарлады.
  - Ертең дәрігерге барамыз, - деп әкесі жұмыстан қалып, әбігер болды.
  - Зиянды ойындарды мен ойнамаймын, - деп Зияда қарындасы Оспантай ағасын аяп, көзі жасаурап отыр.
  Оспантай «зиянды ойын да болады екен-ау» деп ойланып қалды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.