Latin Common Turkic

Он бес жасар капитан - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 4129
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2211
34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
екен? «Нендей халде? Бейшара баланы кəрі күтушісінің көретін күні болар
ма?
Дикті керуеннің соңына салды. Жас жігіт Томды да, оның жолдастарын
да, кəрі Нанды да көре алмады, олар шұбатылған ұзын тізбектің алдыңғы
қатарында кетіп бара жатқан...
Дик Сэнд жолда бара жатып түпсіз шыңырау қиялға шомды, оның ойын
айдаушылардың ақырып-бақырған айқайы бөліп жібере берді. Ол өз қара
басының қамы туралы да, жолда кездесетін қиыншылықтарды да, өзіне
дайындап қойған Негороның азабын да ойлаған жоқ. Оның бар ойлағаны
миссис Уэлдонның қамы еді.
Дик жерден көзін алмай төмен қарап келе жатты: əрбір жапырылып
қалған шөпке, əрбір сынған бұтаға тесіле қарайды, оның бар іздегені
миссис Уэлдонның ізі еді.
Куанзадан Казондеге баратын басқа жолдың жоқ екенін Дик Сэнд
жақсы білетін-ді. Демек, миссис Уэлдонды да Казондеге жөнелткен болды,
бұл болжал шынында да дұрыс, миссис Уэлдон, сөз жоқ, осы арамен
жүруге тиіс. Оның тағдырын хабарлап «сүйінші» деген кісіге, жас жігіт не
сұраса да аямас еді.
Сөйтіп, Дик Сэнд өзінің негр жолдастарымен бірге Казонде жолында
кетіп бара жатыр. Бұлардың өз тағдыры қаншама қатерлі, көрген зəбірлері
қаншама ауыр болса да, өздерімен бірге кетіп бара жатқан еріксіз
сорлылардың көрген қорлығына дəті шыдамай жандары ашыды,
айдаушылардың адамгершіліктен тыс қаталдығын көргенде, бұлардың
бойын ыза кернеді. Бір өкінішті жері, бұлардың мына сорлыларға жəрдем
тигізетін дəрмені жоқ, ал ана қаніпезерлермен қарсыласа да алмайды.
Куанзадан шығысқа қарай көсіліп жатқан жалпақ орманның ұзындығы
жиырма мильден астам. Мұндағы ағаштар теңіз жағалауы маңындағы
тоғайлар сияқты қалың емес, жаңа өніп қылтия бастаған ағаш шыбықтарын
пілдер тапап кететін болар немесе сан жеткісіз жəндіктердің ұрығы жойып
жіберуі де мүмкін.
Ертеңгі мезгілде жол бірсыпыра тəуір болды. Бұта басып кеткен
қалыңның арасымен жүргеннен гөрі, сирек орманды аралап жүру
анағұрлым оңай. Бірақ жол кей жерлерде қалың жынысқа еніп, керуен
мүлдем көрінбей кететін күндері де болды. Бамбук сияқтанып бойлап өскен
қамыстың сабағының жуандығы бір дюймнен кем келмейтін биік шөптің
арасымен адаспай жүру үшін жергілікті жермен жақсы таныс болу керек.
Керуен таң біліне жолға шығып, түс болғанша кідірместен тарта берді.
Шаңқай түсте бір сағат қана тоқталып дем алды. Сол жерде хавильдарлар
тайлап буылған жүктердің біреуін шешіп еріксіздерге бір уыстан маниок89
ұнын үлестірді. Егер солдаттар жолшыбай бірер қыстақты талай қойса,
мына жарытымсыз асқа екі — үш батат90 немесе бір жапырақ ет қосылады.
Бірақ түнгі демалыс өте қысқа болатын, ал ми қайнатқан күндізгі
ыстықта жүріп əбден титықтаған еріксіздердің көпшілігі асқа тəбеті
тартпайтын-ды. Керуеннің Куанза жағалауынан шыққанына бір жұма
болмай-ақ еріксіздерден жиырма адам қаза тауып, олардың денесі
керуеннің ізіне түсіп келе жатқан жыртқыш аңдарға жем болды. Арыстан
мен қабыландар жем іздеп керуен маңайында шарық ұрады, күн сайын
кешкісін лагердің дəл іргесінен азулы аңдардың ақырғаны естіліп жатады.
Оларды керуенге əне бас салады, міне бас салады деп адамдардың жаны
тырнағының ұшында.
Жыртқыш аңдардың түн қараңғысын жара ақырған үндері адамдардың
үрейін алды, бұл дауыстарға Дик Сэнд құлағын түріп, тропиктік орманда
жалғыз жүрген Геркулеске төнетін қауіп-қатерді ойлап үрейі ұшты.
Дегенмен, Диктің қашып құтыларлық мүмкіндігі болса, ойланбай-ақ
тəуекелге бел байлар еді-ау.
Біз бұл арада Диктің жазу дəптерінен кейбір үзінділер аламыз. Дик
мұны Куанза мен Казонде арасындағы жолда бара жатып жазған еді.
«25—26 апрель. Биіктігі сегіз — тоғыз фут келетін бұта мен айнала
қоршалған бір қыстақтың жанынан өттік. Eгістік жерлерге майыс, бұршақ
етіп тастаған. Тұрғын халықтардың екеуін ұстап мойындарына ағаш бұғау
кигізді. Он бес адам табанда өлтірілді.
27-апрель. Ағысы қатты недəуір жалпақ бір өзеннен өттік. Жұмыр
ағаштарды шырмауықпен байлап көпір салыпты. Кей жерлерінің тіреуі
жоқ. Ағаш бұғаумен қосақтаулы екі əйел сүрініп кетіп суға құлады.
Біреуінің қолында көтерген баласы бар-ды. Құлаған сəтте су бұрқылдап
қайнады да, қан бояған судың беті қызарып кетті. Əдетте мұндай
көпірлердің астында крокодилдер тығылып жатады екен, аяғыңды жазым
бассаң болды, суға құлап тұп-тура крокодилдің аузына түсесің.
28-апрель. Орман аралап келеміз. Ол арада зəулім өскен баугин
ағаштары көп. Португалдар бұл ағашты «темір ағаш» деп атайды. Жаңбыр
құйып тұр. Жер батпақ. Жол өте ауыр. Керуеннің орта шенінде кетіп бара
жатқан кəрі Нанды көзім шалды. Ол бейшара өз қара басын алып жүруге
шамасы келмесе де, бөбек негрді көтеріп бара жатыр. Онымен бірге
қосақтаулы еріксіз əйел аяғын ақсаңдай басады, шыбыртқы тілген жонынан
қан сорғалап тұр.
Түн болған соң жасыл жапырақты ақ гүлді зəулім өскен бір баобаб
ағашының түбіне келіп қондық.
Арыстандар мен қабыландар түні бойы ақырумен болды. Солдаттар бір
қабыланды атып өлтірді. Геркулестің халі нешік екен?
29—30 апрель. Африка «қысының» алғашқы хабаршысы да келіп жетті.
Шөп біткеннің бəрі малынған шық. Жылдың жаңбырлы маусымы ноябрьде
басталады да, апрель айының ақырғы күндерінде аяқталады. Тегістік
жерлердің бəрін су басқан. Шығыстан соққан желге ілесіп батпақты жердің
безгегі де келіп жетті.
Миссис Уэлдон қайда болды екен? Бенедикт ағай қайда жүр? Ешқандай
хабар-ошар жоқ, із-түзсіз ғайып болды. Оларды тек қана Казондеге
жөнелте алады! Біз жүріп келе жатқан жолмен олар да жүрген болар, бірақ
біздің алдымызға түссе керек. Менің жанымды үрейлі қауіп-қатер жегідей
кеміріп барады. Мына кесел ұялаған жерде кішкентай Джектің безгегі
қайта ұстаған шығар. Бейшара баланың өзі тірі ме екен?..
1-6 май. Біздер батпағы құрғамаған, əлі қақ ұялап жатқан көгалмен
бірнеше күн ұдайы жүрдік. Айналаның бəрі қаптаған су, кей жерлердің суы
белуардан келеді... Мыңдаған сүлік денеңе жабысып қаныңды судай
ағызады. Сонда да болса жүру керек. Судан қылтиып тұрған кейбір
шөкелектерге папирустар өскен. Жапырағы капуста сияқты ірі батпаққа
өскен бір түрлі су өсімдіктері бар. Адамдар оның тамырына аяқтары
оралып жығыла берді. Аяқ алып жүру өте қиын, қонып түстенерлік құрғақ
жер табылмай қалатын уақыттар жиі кездеседі. Айнала төңіректегі көз
жетерлік жазықтың бəрін су басып кеткен. Қараңғы болса да жүру керек.
Бұл азаптың ақырына қашан жетер екенбіз? Адамдар жығылады да, аяғын
тік басып қайта тұрады. Heге? Су түбінде бірнеше секунд болса жетіп
жатыр, азаптан біржолата құтылар еді ғой!... Ал миссис Уэлдон мен
кішкентай Джектің халі нешік? Оларды тастап кетуге менің хақым жоқ еді
ғой. Мен азаптың қандайы болса да шыдаймын. Бұл менің ардақты
борышым!
Бұл жан түршігерлік неткен дауыс!
Солдаттар шайырлы ағаштарды сындырып от жақты. От жарығы
қараңғыда адамдарды күңгірт көрсетті.
Жаңағы жан түршіктірген айқайдың мəнісі былай екен: керуенге
крокодил шауыпты. Үрейлі айдаһарлардың он-он бесі қараңғыны жарып
шыға келіпті де, бірнеше бала мен əйелді тістеп алып суға қарай сүйрей
жөнеліпті. Крокодил өзімді қағып өткенде қабыршағы аяғымның терісін
сыдырып кетті. Бірақ менің қасымдағы қосақтаулы екі баланың
мойнындағы ағаш бұғауын ортасынан қақ бөліп біреуін жұлып əкетті.
Бейшара баланың бақырғанын көрсең! Оның шыңғырғанынан жаным
түршікті. Сорлы баланың сондағы үні əлі күнге құлағымнан кетер емес...
7—8 май. Өткен күнгі шығын есепке алынғанда, жиырма адам кем
шықты. Таң атысымен Томды жəне басқа жолдас негрлерімді іздеп
айналама көз жүгірттім. Олардың амандығын білсем маған қандай зop
қуаныш болар еді-ау! Бірақ мұның несі қуаныш? Азап біткеннің бəрінен
біржолата құтыла салу анағұрлым артық емес пе?
Том қарт керуеннің алдыңғы қатарында бара жатыр. Жолдың бұрыла
берісінде қарт негр мойнындағы ағаш бұғауды қолымен көтеріп бір сəт
артына қарауға мүмкіндік тапты. Осы сəтте бірімізді біріміз көріп қалдық.
Кəрі Нанды көзіммен бекер іздеппін. Ол байғұс өткен түні-ақ тыншайған
шығар?..
Ақырында су қаптаған жазықты да артқа салдық. Біздер ұдайы жиырма
төрт сағат суда жүрдік. Лагерь енді қырқаға шығып тоқтады, су болған
киімдерімізді күнге жайып кептірдік. Азын-аулақ ас ішіп жүрек жалғаған
болдық. Соншама ұзақ та азапты жолдан кейін ішкен асымыздың түрі
мынадай: бірнеше түйір майыс, бір уыс маниок ұны бар болғаны осы-ақ.
Осы сияқты жарытымсыз ауқатпен жан сақтап жол жүріп көр! Су болса лай
əрі лас. Əбден қалжырап дымы құрыған мына құры сүлде сорлылардың
аяқтарын тік басып жүруге қаншасының шамасы келер екен?
Миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті бұл сияқты азапты сапарға
зорлап айдауы мүмкін емес! Жоқ, оларды Казондеге басқа жолмен əкеткен
болар. Бейшара ана мұндай азапты көтере алмайды ғой!
Керуеннің бірнеше адамы «желшешек» болып ауырды. Аурулардың
өздігінен жүруге шамасы жоқ. Оларды қайтер екен? Шынымен-ақ жолға
тастап кете ме?
9-май. Ерте тұрып жолға шықтық. Жұртта қалғандар көрінбейді.
Ауырғандар мен əлсіреген адамдарды хавильдарлар шыбыртқылап
тұрғызды. Құл дегендер адам емес — жанды товар, сылдырап тұрған ақша.
Қаны əбден суып, денесінде тіршіліктің нышаны біткенше хавильдарлар
шыбыртқылап айдай береді.
Жан-жағымның бəрі өңшең ғана жанды сүлде. Тіптен олардың үн
шығарып ыңқылдауға да шамасы жоқ.
Ақырында кəрі Нанды да көрдім. Ол бейшараға қараудың өзі аянышты!
Кешегі көтеріп келе жатқан баласы да, өзімен бірге қосақтаулы əйел де
жоқ, Нан енді жалғыз келе жатыр. Оған ағаш бұғаусыз жүру оншалықты
қиын емес. Бірақ беліндегі шынжыры əлі сүйретіліп жүр. Шынжырдың бос
ұшын иығынан асыра салыпты.
Қапысын тауып кемпірге жақындадым. Бұған не болған? Мені танымай
ма? Шынымен-ақ адам танымастай өзгеріп кеткемін бе?
— Нан!—деп дауыстадым.
— Сіз Диксіз бе? Мен... Мен... кешікпей-ақ. ана дүниеге...
— Жоқ, жоқ... мойымаңыз, шыдаңыз,— дедім.
Бейшара кемпір əбден жүдеп əлсіреген, тіптен түрінен кісі қорқарлық.
— Мен көп ұзамай өлетінімді білемін... Мен енді қайтып өзімнің қадірлі
ием — миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті көре алмаспын... Жəрдем ете
гөр маған...
Кемпірді сүйемелдейін дедім, қомыт киімінің ішінде əлсіз дене
қалтырап тұр. Егер мені оған қосақтаса, ренжімей-ақ, қайта қуанар едім,
өйткені оның жанындағы «товар» қаза тапқан соң, Нанның жалғыз өзі
көтеріп келе жатқан ауыр шынжырдың жарым салмағы маған ауар еді.
Бірақ бір қажырлы қол мені шетке қарай итеріп жіберді де, Нан
сорлыны шыбыртқының астына алып қайтадан еріксіздер қатарына тықты.
Өзіме қол көтеріп зəбір көрсеткен хавильдарға бас салуға ыңғайландым,
бірақ қайдан майда бола қалғанын өзім де білмей қалдым, Ибн-Хамис тап
бола кетті. Лəм деп тіл қатпастан қолымнан ұстап, керуен адамдарының
бəрі тегіс өтіп болғанша тұрды да қойды. Сосын мені керуеннің соңындағы
өзімнің бұрынғы орныма қайта тұрғызды да:
— Негоро!—деді.
Негоро? Менің сорлаған жолдастарыма көрсеткен қорлықты маған да
көрсетпей, мені өзгеше ұстауы, Негороның талабы екен ғой!
Ол оңбаған португал маған не дайындап қойды екен?
10-май. Өртеніп жатқан бір қыстақты жанай өттік. Онда түтіні будақтай
аспанға көтеріліп талай-талай лашықтар жанып жатыр. Ағаш бұтақтарына
адам өліктері асулы тұр. Қыстақ халқы қашып кеткен. Eгіс даласы қаңырап
жатыр. Қыстақ шапқыншылыққа ұшыраған. Қыстақтың екі жүз адамы қаза
тауыпты, бірақ құл саудагерлері оншақты адамын тұтқынға алған көрінеді...
Күн кешке айналып, керуен қонуға тоқтады. Лагерь ірі ағаштардың
арасына орналасты. Орман шеті тырбық өскен. Бұтамен, биік-биік
шөптермен көмкерілген.
Кеше түнде ағаш бұғауларын сындырып бірнеше тұтқын қашып кеткен
еді. Қашқындарды ұстап əкеліп адам айтқысыз қаталдықпен жазалады.
Бүгін хавильдарлар да, солдаттар да өте қатал күзетіп тұр.
Күн кешке тартты. Айнала төңіректе арыстандар ақырып, қорқау
қасқырлар ұлиды. Арырақта гиппопотамдардың ысылдап-пысылдағандары
естіледі.
Шамасы, ол жақта көл немесе бірер өзен бар. Өлердей боп шаршасам да
ұйықтай алмадым. Биік шөптердің арасымен əлде не жылжып келе жатқан
тəрізді. Сірə жыртқыш аңдардың бірі болар. Ол оңбаған лагерге шабайын
дегені ме?
Құлағымды сыбдырға қарай түріп тыңдап жатырмын. Түк те жоқ. Енді
қамыстан өтіп бір хайуан келе жатыр. Менде қару жоқ, бірақ қорғануым
керек! Аттан салайын.
Менің тіршілігім миссис Уэлдон мен өзімнің жолдастарыма қажет қой!
Қараңғы түнекке көзімді тігіп қарап жатырмын. Бүгінгі түн айсыз,
тастай қараңғы. Бір кезде папирус арасынан екі шырақ жылт ете қалды, бұл
қабыланның немесе қорқау қасқырдың көзі. Əлгі шырақ бір кезде көрінбей
кетті... Қайта көрінді.
Шөп қайта сыбдырлады. Бүл жабайы жыртқыш маған бас салады ғой.
Аттан салайын дедім.
Сəті түскенін қараңызшы, өзімді өзім тоқтата қойдым.
Өз көзіме өзім сенбедім! Қасыма Динго келіп тұр! Meнің қасымда
тұрған кəдімгі өзіміздің Динго! Сүйкімді Динго! Ол мені қалай тапты екен?
Оны бастап маған келтірген нендей күшті сезім. Жоқ, мұндай кереметті
басқаруға бір ғана ішкі сезімнің шамасы келмейді... Динго менің қолымды
жалады. О, сүйкімді төбет, менің бірден-бір досым сенсің ғой! Демек, ана
залымдар сені өлтіре алмаған екен!
Дингоның басын сипадым. Төбет арс ете қалғалы тұр, бірақ мен оның
басын сипап алдарқатып қойдым. Иттің мұнда келгенін ешкім білмеуі
керек. Жаман айтпай, жақсы жоқ, мүмкін... Ау, Динго менің қолыма
мойнын неге үйкей береді? Маған: «мынаны қарашы!» деп тұрған тəрізді
ол. Мен оның мойнын сипалап, қарғыбауына байланған бір зат барын
байқадым... Қарасам, əлгі зат қарғыбауының доғасына өткізілген бір
жіңішке ғана қамыс екен, қамысқа ойып жазылған «С», «В» деген екі
жұмбақты əріп бар.
Қамысты ақырын ғана алдым да, сындырып қарадым. Қамыстың
қуысында хат бар екен! Əрине, мен оны тастай қараңғыда оқи алмадым.
Таң атып жарық болуын күту керек... Дингоны қайырып жібермей-ақ алып
қалайын деп ем, бірақ сүйкімді төбеттің кеткісі келіп қыңсылай берді.
Төбет өзіне жүктелген тапсырманың орындалғанын білсе керек.
Итті қайырып жібердім, ол бір секіріп түсті де, қалың шөптің арасына
кіріп ғайып болды. Қайран төбет арыстан мен қорқау қасқырлардың аузына
түспей аман-есен иесіне жетсе жарар еді-ау!
Динго аман болса, өзін жұмсаған адамға қайта оралатыны сөзсіз.
Хатты қараңғыда оқу мүмкін емес, хат қолымды күйдіріп бара жатқан
тəрізді.
Бұл хатты кім жазды екен? Миссис Уэлдон ба? Əлде Геркулес жазған
болар?
Ит — опа дейді ғой, Динго бұлармен қалай ұшырасты екен? Біз оны
өлдіге санап едік-ау!
Бұл хатта не жазылған? Жан төзгісіз мына азаптан қашып құтылудың
амалы айтылған ба? Əлде қадірлі достардың тек қана амандық хабары ма
екен?
Не болса ол болсын, бірақ мына уақиға мені қуанышқа бөледі. Бірақ
мұның ақыры адам айтқысыз ауыр қайғы-қасіретпен тынуы да ықтимал!
Мен аспанның көкжиекпен ұштасқан жеріне тесіле қараймын, сондағы
аңдығаным, таң қылаңы. Көзім ілінбейді. Жытқыш аңдардың ақырғаны
бұрынғысынша жырақтан естіліп жатыр. Бейшара Динго, бұларға
кездеспей аулағырақ кете алдың ба екен?
Сарғая күткен таң да білінді. Тропикте түн қысқа болады. Жарық
болысымен ешкімге білдірмей оқиын деп хатты шиыршықтап бүктеп
қойдым.
Оқып көрейінші...
Əлі қараңғы, түк те көрінбейді.
Сарғая күтіп, ақыры оқыдым-ау. Хатты Геркулес жазған екен.
Бір жапырақ қағазға қарындашпен бірнеше жол сөз жазыпты, онда:
«Миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті китандаға мінгізіп Гэррис пен
Негоро бастап əкетті. Бенедикт мырза да солармен бірге. Олар керуеннен
озып, үш-төрт күндік алда бара жатыр. Олармен тілдесерлік мүмкіндігім
болмады. Мен Дингоны таптым. Оны біреу мылтықпен атып жарадар
етіпті, бірақ қазір жазылып кетті. Менің бар ойлайтыным сендердің
тағдырларың, мен қашқанда, сіздерге жəрдем ету үшін ғана қаштым.
Геркулес».
Демек, миссис Уэлдон да, кішкентай Джек те тірі екен. Олардың бізбен
бірге болмағаны қандай жақсы: жарық дүниенің мына дозақтай азабына
төзе алмас еді олар.
Китанда дегені талдан тоқылған зембіл, мұны екі адам иығына салып
көтеріп жүреді. Үстіне жұқа матадан көлеңке етіп масахана құрып қояды.
Сөйтіп, миссис Уэлдон мен кішкентай Джекті китандаға мінгізіп
əкетіпті. Бұлар Гэррис пен Негороның несіне қажет болды екен? Шамасы
ол оңбағандар Казондеге бет алған. Ие, ие, əрине, ешқандай күмəні жоқ.
Оларды сол арадан іздеймін! Дингоның маған хабар əкелгені не деген
қуаныш! Осы қуаныштың арқасында соңғы күндердегі көрген
қорлықтарымды түгелдей ұмытып та кеттім.
11—15 май. Керуен ұдайы алға баса берді. Тұтқындағылардың халі
күннен күнге нашарлай түсті... Көбінің қаны судай сорғалап жерді қыпқызыл қып бояп бара жатыр. Казондеге жету үшін əлі кем дегенде он рет
көшіп қону керек деп шамаладым. Межелі жерге жеткенше қанша адам
өліп азаптан мəңгі құтылар екен? Бірақ мен онда тірі жетуге тиіспін!
Жетемін! Жетемін де!
Сұмдық қой бұл! Құлдар керуенінде бүкіл денесін жара басып қаны
сорғалап тұрған сорлылар бар. Терісі сыдырылып қалған жалаңаш етке
шынжыр батып кеткен.
Бір əйел аштан кеше өліп қалған баласының өлі денесін əлі көтеріп келе
жатыр. Баласының сүйегін көзі қиып тастағысы келмейді.
Артта қалып бара жатқан жолдың үсті адам өлігінен көрінбейді десе де
болады. «Желшешек» індеті ұлғая түсті.
Түбінде бірнеше адамның өлігі жатқан бір ағаштың қасынан өттік.
Өліктер ағашқа шынжырлаулы жатыр. Бұлар бірер кінəсі үшін жазаға
ұшыраған, аштан өлсін деп ағашқа шынжырмен байлап кеткен
еріксіздердің өлігі еді.
16—24 май. Дымым құрып жығылудың аз-ақ алдында келе жатырмын,
бірақ босаңдыққа ерік бермеуім керек. Мен жетем деген жеріме жетіп
жығылуға тиіспін. Жаңбыр басылып күн шайдай ашылып кетті. Шыжып
тұрған ыссыда жүру күннен күнге қиындай берді. Айдаушылар үсті-үстіме
шыбыртқы салып, жол тіп-тіке өрге қарай тырмысып бара жатыр.
Кеше биік те қатты шөп өскен жермен жүрген едік. Шөптің сабағы
бетімді тырнап, дəнді тікенектері үстімдегі қомытымнан өтіп денеме
қадалғанда жанымды қоярға жер таппадым.
Бір жақсы жері, менің көн етігім мықты, тозатын емес.
Хавильдарлар, ауырып, əлсіреген нашар адамдарды керуеннен бөліп
қалдыра бастады: өйткені адамдарға азық жетпеу қаупі төнген. Егер
солдаттар мен жүк көтерушілердің үлесті азығы азайтылып еріксіздерге
беретін болса, олар жанжалдың зорын шығарады. Керуенбасылар жетіспей
қалған азықтың есесін еріксіздердің есебіне жатқызатын-ды.
— Мейлі, бірінің етін бірі жесін! — дейтін керуенбасылар.
Дені сау жап-жас кейбір еріксіздер жүріп келе жатып бірден жығыла
кетеді де, табанда жан тапсырады. Мұндай жағдайды Ливингстонның да
жазғаны есімде бар-ды. «Ол сорлылар,—деп жазып кеткен Ливингстон,—
қапелімде жүрегім ауырып бара жатыр дейтін. Жүрегін қолымен басып
жығылады да өледі. Мен оларды жүрегі жарылып өлетін болар деп
шамалаймын. Бұл сияқты қапыл өлімді еркін жүріп, сосын бірден құлдыққа
айналған адамдардан көбірек көрдім. Олар тағдырдың мұндай сұмдық
азабына көндікпеген адамдар».
Бүгін хавильдарлар əлсіреп керуенге ере алмаған еріксіздердің жиырма
шақтысын балтамен шауып тастады. Ибн-Хамис мына қасапты өз көзімен
көріп тұрса да, оған тыйым салып, тіл қатпады. Бұл барып тұрған сұмдық,
жан түршігерлік көрініс қой!
Бас сүйегі қақ айрылып кəрі Нан да жығылып қалды. Мен оның өлі
денесіне сүрініп жығылдым. Тіптен марқұмды жерлей де алмадым.
Бұл кəрі кемпір апатқа ұшыраған «Пилигрим» жолаушыларынан
шыққан алғашқы шығын.
Ой, бейшара Нан!..
Түн болса Дингоны күтетін болдым. Бірақ жанашыр төбет енді қайтып
оралмады. Ол тағы бір бəлеге ұшырамады ма екен? Мүмкін, Геркулес бір
қатерге кездесіп қалған болар? Жоқ... жоқ! Бұған менің иланғым келмейді!
Геркулестің хабарласпау себебі: оның білдіретін жаңалық хабары жоқ
шығар. Бұған қосымша, ол өте сақ жүруі керек, нəтижесіз тəуекелге көз
жұмып ұмтылуға болмайды...»
Тоғызыншы тарау
КАЗОНДЕ
Майдың жиырма алтысы күні құлдар керуені Казонде қаласына жетіп
тоқтады. Тұтқынға алынып құлдыққа сатылатындардың тең жарымы жолда
қырылған-ды. Сонда да болса құл саудагерлері көп пайда табамыз деген зор
үмітпен келді: құл алушылар əлі азайған жоқ-ты, Африка базарларында
құлдың бағасы көтеріңкі еді.
Ол кезде негр саудасының ең зорын Ангола жүргізіп жатқан.
Португалияның Сан-Паоло де-Лоанд пен Бенгуэлладағы жергілікті
үкіметтері қырсыз, босаң болғандықтан еріксіздер керуені материктің ішкі
өлкелеріндегі ит мұрны өткісіз қалың ормандары арасымен жөнелтіліп
жатты.
Жағалаудағы барактар қара тұтқындарға лық тола. Африка жағалауын
күзетіп жүрген Португалия кемелеріне соқпай аман өтіп жүрген еріксіздер
тиелген кемелердің шағын тобы Испания отарларына жөнелтуге арналған
«қара товарлардың» бəрін түгел əкетуге мүмкіндігі жоқ-ты.
Куанза өзенінің сағасынан үш жүз миль қашықтағы Казонде қаласы
Анголадағы негр құлдар сатылатын ең ірі базарлардың бірі болып
саналады. Əдетте адам сату мен сатып алу ісі қаланың бас алаңында
жүргізілетін. Бұл арада «товар көрмесі» бар. Үлкен Көлге жөнелтілетін
керуені де сонда жасақталып, сол жерден аттанады.
Орталық Африканың басқа қалалары сияқты Казонде қаласы да екі
бөлімге бөлінген. Қаланың сауда бөлімінде жергілікті халық, арабтар мен
португал саудагерлерінің үйлері бар, еріксіздер барактары да сонда, екінші
бөлімінде жергілікті халықтың патша сарайы орналасқан. Бұл патша
қанішер қаталдықтың, ұрып-соғудың күшімен өкімін жүргізіп, құл
саудагерлерінен түскен түсіммен күн көруші тұрған маскүнемнің өзі
болатын.
Ол кезде Казонде қаласының сауда кварталы тұтасымен Хозе-Антонио
Альвец деген бір құл саудагеріне қарайтын-ды. Гэррис пен Негоро сол
Хозе-Антонио Альвецтің агенті болатын.
Альвец өзінің бас конторын Казондеге орнатып, контордың
бөлімшелерін Вихо мен Кассангодан ашып еді. Айтылып өткен уақиғадан
соң арада бірнеше жыл өткеннен кейін Камерон Альвец конторының
Кассангодағы бөлімшесінде болып, сондағы жағдайды суреттепті.
Казондедегі сауда кварталының үлкен көшелерінің екі бетіне бірдей
ұзына бойға бір қатар жалпақ төбелі үйлер салынған, балшықтан соғылған
төрт бұрышты ауланың ішкі жағында малдары тұрады. Үлкен көшенің бір
жақ басында еріксіздер барагімен айнала қоршалған үлкен алаң бар. Үйден
əлденеше есе биік көкке мойнын созып тұрған тамаша анжир ағаштары,
көшенің ұзына бойына желпуіш тəрізденіп пальмалар өскен, бұл өсімдіктер
тікесінен қойған сібірткіден айнымайды. Көше шаңының арасында
қаланың тазалық сақтау қызметін атқарып үймелеп жатқан күшігендерді
көресің. Мінеки Казонденің сауда кварталының ұсқыны осындай болатын.
Конгоның бір тарауы — Лухи өзені базар алаңының іргесінен ағып
өтеді.
Казонденің сауда кварталына тірей король сарайы орналасқан, оның
тұрған жері тұтас бір шаршы миль жерді қамтыпты, үйлерінің түрі үймежүйме салынған лашықтар тобына ұқсайды. Кейбір лашықтардың
айналасын қамыспен қоршаған болыпты, енді біреулерін жас анжир
ағаштарын жиі егіп қоршапты, бірсыпыраларының ешқандай қоршауы жоқ.
Маниок плантациясы мен папирус сабағынан ерекше тоқылған шарбақ
қоршау аралығында король құлдарының лашықтары, король əйелдерінің
гаремасы91 бар, король «тембесі» де сол жерде, ол басқа лашықтардан азкем ғана биіктеу де кеңірек. Мінеки король сарайының болмысы осы ғана.
Казонде королі Муани-Лунга елуді қусырған адам, оның қоластындағы
бұқарасы бұрынғы корольдің тұсында да күйзелген еді, енді жаңа
корольдің дəуірінде мүлдем титықтап қалды. Португалиялықтың құл
саудагерлері пайдаланып жүрген жалдама солдаттарының саны жиырма
мыңға жеткенде, корольдің қазіргі уақытта небары төрт мыңдай-ақ əскері
бар. Сондықтан қазір Казонде королінің күн сайын жиырма бес-отыз
құлдан құдайға құрбан шалып тұратын бұрынғы дəурені жоқ.
Маскүнемдіктің салдары оны зұлымдық пен қиянатқа айдап салды, əлі
де болса кəрілік еңсесін баса қоймаған орта жастағы адамды мезгілінен
бұрын кеудіретіп, ақылынан алжастырып, ашушаң, қияли етіп жіберді Ол
өзінің қыңырлығын істеп құлдарының денесіне өмірлік дақ салып
жарымжан етті, əскербасылары мен министрлерінің біреуінің мұрнын кесіп
пұшық, біреуінің құлағын кесіп шұнақ еттi, тағы біреуінің қолын кесіп
шолақ, біреулерінің аяғын кесіп ақсақ етіп тастады. Бағынышты адамдары
королінің өлуін асыға күтуде еді...
Бүкіл Казонде халқының ішінде Муани-Лунганың өлімі тек болғаны
жалғыз-ақ адамды — Хозе-Антонио Альвецті ғана күйзелте алады. Құл
саудагері маскүнем əкімнің көңілін аулап, бүкіл өлкені билеп алған. Король
өлген соң тəж бен таққа корольдің бəйбішесі Муана ханым ие болуға тиіс.
Халық əйелді əкім екен деп елемейді, лаң шығарады, көршілес елдің
патшасы Оукус деген кісі Казонде елінің ішкі бүлігін пайдаланып МуаниЛунгаға шабуыл жасауы мүмкін деп қауіптенді Альвец. Оукус маскүнем
патшадан гөрі жас та жігерлі адам еді, жəне ол Альвецтің бəсекелесі, құл
саудагерлерінің ішіндегі ең ірісі Типо-Типо деген арабпен сыбайлас
болатын.
Хозе-Антонио Альвецті сол африкалық мемлекеттің королі деуге
болады, ол залым есінен айрылып ақымақ болған үкімет басқарушысын
ішімдікке дəндетіп, өзіне мүлдем бағындырып алды да оның топастығын
пайдаланды.
Альвецтің өзі тоқтасқан адам, ақ денелілерге жақындығы жоқ. Оның
есімі ғана португалдық, о да болса сауда iсіне байланысты, қосалқы аты еді.
Альвецтің негізі негр, шын аты Кенделе болатын. Ол Куанза өзенінің
жағасындағы Дондода туып, мансапты ісін негр саудасының қарапайым
агенттігінен бастаған-ды. Енді бұл жексұрын қақбас ірі құл саудагерлерінің
бірі болып алды.
Альвецтің өзіне лейтенант Камерон 1874 жылы Килвибода кездескен.
Камерон соның керуеніне ілесіп Вихоға дейін жеті жүз мильден астам жол
жүріпті.
Қазіргі келген керуенде небары екі жүз елудей-ақ құл бар. Əбден
əлсіреп аяқ басып тұруға əрең шамасы келетін шала өлікке ұқсаған
тұтқындарды Казонде көшесімен малша айдап əкеліп ит байласа тұрғысыз
баракқа қамай салды. Мың жарым шамасындай құлдар барактарда
жəрмеңке күтіп жатыр. Жəрмеңке енді екі күннен соң ашылуға тиіс.
Бұрынғылардың үстіне жаңадан адамдар қосылып барак адам
айналғысыз тығыздалып кетті. Жаңа келгендердің мойнындағы ағаш
бұғауларын алып қойды, бірақ шынжырдан босатқан жоқ. Жүк көтерушілер
алаңға тоқтап,əкелген жүктерін жерге үйді де, еңбек ақыларына бірнеше
метр шыт немесе басқа түрлі заттар алып, тағы да жалдану үшін басқа бір
керуен іздеп кетті.
Баракқа келген соң Том қарт пен оның жолдастары бес жұма бойы
азапқа салған мойындарындағы ағаш бұғаудай құтылды. Бат ақырында
əкесін құшақтап аймалай бастады. Еріктерінен айырылған сорлылар қол
алысып көрісті де. Бірнеше ауыз сөз айтып тіл қатысып үндерін өшірді.
Бұлар басқа не шаруа жайлы сөйлессін? Тағдырына назаланып зарлануы
керек пе? Бат, Актеон мен Остин денелері ауыр еңбекке көндігіп қалған жас
адамдар ғой, олардың жол азабы қажыта алмады. Бірақ Том қарт əбден
əлсірей халден тайған. Егер керуен тағы бір-екі күн жолда жүрсе, Нанның
өлігі сияқтанып Том да жолда қалар еді...
Төртеуін де айдап апарып бір кішкене сарайға қамады да есігіне құлып
салып сыртынан бекітті.
Тұтқындар жарытымсыз аспен жүректерін жалғады құл саудагерлерінің
бастығын күтіп жата берді. Альвец бұлардың американ азаматтары
екендігін білген соң, өздерін босатады деп балаша иланды бұлар.
Дикті алаңда жалғыз қалдырып оған хавильдардан күзетші қойды.
Дик Сэнд ақырында Казондеге де жетті! Ол миссис Уэлдонды,
кішкентай Джекті, Бенедикт ағайды əлдеқашан осында деп шамалаған.
Оларды өздері жүріп өткен көшелердің екі бетіндегі базар алаңдарына, аула
қақпаларына көзін қадап іздеумен болды.
Бірақ миссис Уэлдон еш жерден көрінбеді.
«Шынымен-ақ оны Казондеге əкелмегені ме? — деп сұрады Дик өзінен
өзі.— Мұнда жоқ болса, ол қайда болады? Жоқ, Геркулес қателесуге тиіс
емес! Гэррис пен Негороның жобасы қандай, бұл жағы маған мəлім емес,
бірақ бұл қаніпезерлердің оны осында əкелгендігіне сенімім кəміл.
Дегенмен ол оңбағандардың мұнда өздері де көрінбейді ғой...»
Диктің тұла бойын қорқыныш билеп əкетті. Миссис Уэлдонды қамауда
ұстаған болды, оны Диктің көре алмау себебі де осыдан. Бірақ Гэррис
қайда, Негоро қайда? Енді біздің күллі тағдырымыз сол екеуінің қолында
ғой, олар, əсіресе португал жас капитанмен жүздесуді кейінге қалдырып,
істі кешіктірмес еді. Жоқ, олар өздерінің жеңісін мақтаныш етіп Дикті
қорлап мазақтау үшін, азаптап, ақырында одан кек алу үшін осы сəтте-ақ
келіп жетулері керек еді. Бұлар неғып көрінбейді? Шынымен-ақ олардың
Казондеде жоқ болғаны ма? Олай болса миссис Уэлдон да Казондеде емес,
Орталық Африканың басқа бірер пунктінде болғаны ғой?
Геркулестің хатын əкеліп тапсырғаннан бері Динго да қатынаспай кетті.
Сөйтіп Диктің дайындап қойған жауап хаты да тиісті адамына
тапсырылмайтын болды. Дик Сэнд бұл хатта миссис Уэлдонды бақылап
жүр, адасып қалма деп Геркулеске əдейілеп тапсырған-ды.
Динго бір кезде лагерге кіріп еді ғой, Геркулес оны екінші қайтара неге
жұмсамайды? Бірақ, мүмкін, сенімді төбет оның тапсырмасын
орындаймын деп жүріп өзі құрыған болар? Немесе миссис Уэлдонды
жырақтағы орманды қырқалардың алыс түкпіріне əкеткен шығар, Геркулес
те, Динго да соның соңынан кеткен болар?
Осы сияқты əбігерлі болжалдар. Диктің ойынан шықпай-ақ қойды.
Егер миссис Уэлдонның өзі де, оны əкелушілердің де бұл қалада жоқ
екендігі анық болса, не істеу керек?
Дик Сэнд миссис Уэлдонды қайткенде де Казондеден кездестіремін деп
үміттенген еді, енді ол үміті жоққа шыққалы тұр.
«Жақсы көретін адамыңа тар жол, тайғақ кешуде қол ұшын беріп
жəрдем ете алмасаң,— деп ойлады Дик,— тірі жүріп өмір сүрудің қажеттігі
қанша? Жоқ, итшілеп күнелткеннен гөрі өлген артық...»
Бірақ та Диктің бұл пікірі қате еді. Басқа түскен ауыр күндер жас
баланы бірден ересектер қатарына қосты. Дик сияқты қажырлы
адамдардың торыға қалуы тек қана қажығандықтың уақытша еткен
əсерінен еді.
Айқай-шу мен тартылған фанфар дауысы бос жатқан алаңды бірден
күңірентіп жіберді. Дик Сэнд қайғыға шомып шаңдақ құмның үстінде отыр
еді, қас қаққанша болмай ұшып тұра келді. Əрбір жаңалық оған іздеген
адамының ізін сілтейтіндей болатұғын. Оның бір сəт иығын басқан
босаңдық лездің арасында таралып, күреске қайта дайындалды.
— Альвец! Альвец! — деп айқайлайды алаңға ағылып келіп жатқан
солдаттар мен жергілікті халықтар.
Ақырында еріксіздер Альвецті де көрді-ау. Тұтқынға түскен соншама
көп адамдардың тағдыры тек қана осының қолында еді. Гэррис пен Негоро
оны қошаметтеп келе жатқан болар. Он бес жасар капитан көздерін
адырайта ашып, танауын делдите, тартқан сымдай ширатылып тікесінен тік
тұр, егер ана екі опасыз оның алдына келе қалса, Дик олардың бетіне
тайсалмастан тіке қарауға əзір, «Пилигрим» капитаны өзінің бұрынғы
аспазы алдында қалтырамайды.
Үлкен көшенің арғы басынан зембіл көтерген адамдар көрінді, оның
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Он бес жасар капитан - 17
  • Büleklär
  • Он бес жасар капитан - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3970
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2024
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1906
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1909
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1786
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4093
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1890
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1877
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4087
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1940
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4002
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1925
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4044
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2097
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4117
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4024
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1951
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4088
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4129
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2211
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4063
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1979
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2120
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4203
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 635
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 465
    48.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    67.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.