Latin Common Turkic

Он бес жасар капитан - 13

Süzlärneñ gomumi sanı 4117
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жамандығы басым көрінді. Сосын ақырғы шешімге келді де, тағдырына
бойсұнып, асып-саспай түрегелді.
Жаңа шашырап келе жатқан күн сəулесі ағаш бастарын аймалай түсті.
Дик Сэнд пен Том қарттан басқалары тегісінен тəтті ұйқыда жатыр.
Жас капитан қарт негрге таяу келіп:
— Том,— деді ақырын ғана,— сіз арыстанның ақырғанын естідіңіз, құл
саудагерінің шынжыры мен ағаш бұғауын көрдіңіз, демек, сіз Орталық
Африкада жүргенімізді білетін болдыңыз ғой?
— Иə, капитан, білемін.
— Олай болса, бұл туралы миссис Уэлдонға жəне өзіңнің жолдастарыңа
тіс жарып үндей көрме! Бұны екеумізден басқа ешкім білуге тиіс емес. Бұл
жағдайды дабыра қылып адамдардың үрейін алмауымыз керек.
— Иə... сіз дұрыс айтасыз, Дик...— деді қарт негр.
— Том,—деп ол сөзін жалғастыра берді,—біз бұрынғымыздан екі есе
сақ болуымыз керек. Біздер дұшпан еліндеміз. Бұл аса қорқынышты ел,
дұшпанымыз да сондай қауіпті... Жолдастарымызға,— Гэррис бізге
опасыздық етті десек,— олардың сақ болуына соның өзі-ақ жетіп жатыр
Олар жергілікті халықтың шабуыл жасауы мүмкін екен деп ойласын.
— Дик, менің жолдастарым сізге шын берілген адал дос екендігіне
сенуіңізге болатынын білесіз бе?
— Білемін. Сіздің адал пікіріңіз бен тұрмыстағы тəжірибеңізге арқа
сүйей алатынымды да білемін. Том, сіздер маған жəрдем етуден
тартынбассыздар деймін?
— Əрқашан жəне қай жағынан болса да дайынбыз, капитан.
Дик Сэнд өз пікірін Томға түсіндірді. Бір жақсы жері, Гэрристің
опасыздығы, өзінің пасық ниетін жүзеге асырудан бұрын əшкереленді,
сондықтан Диктің өзіне жəне оның жолдастарына да қазіргі уақытта
тікелей төніп тұрған қауіп жоқ-ты. Қашқан құлдың тастап кеткен
шынжыры мен ағаш бұғауының ойда жоқта табыла қалуы, сосын
арыстанның ақырған дауысы — осының бəрі американның арам ниетте
екендігін уақытынан бұрын əйгіледі. Гэррис өзінің пасық ниеті
əшкереленіп қалғанын білді де. сыбайластары күтіп жатқан жерге отрядты
жеткізбей-ак қашып кетті. Соңғы күндерде Негоро өзінің ескі жолдасының
ізімен келе жатқанын Дингоның қылығы да дəлелдеп еді. Негоро
Гэрриспенен ендігі кездескен де болар, сөйтіп келешектегі қолданатын
əрекеттерінің жобасын екеуі бірігіп жасап та қойған шығар. Болашақ
шабуыл бірнеше сағат өтпей болмайды деп шамалады Дик, сондықтан осы
уақытты пайдаланып қалуға ұйғарды ол. Олардың ақырғы көздеген
мақсаты, мүмкіндігі болғанынша тезірек теңіз жағалауына қайта оралу еді.
Сол арадан мұхит жағалауын бойлай жүріп (олар үшін солтүстікке немесе
оңтүстікке қарай жүрудің де айырмасы жоқ-ты) жағалау маңындағы елге
жетеміз деп шамалады Дик. Сонда барып өзінің туып-өскен еліне жететін
мүмкіндікті күтуге тиіс.
Бірақ олар жағалауға қай жолмен барулары керек? Өздерінің келген
жолымен кері жүрулері керек пе? Дик Сэнд бұл жолмен жүруді тиімсіз деп
шамалады. Жасөспірім жолдың жақынын ұнатып төтелеп жүрер деп сенген
еді Гэррис, құл саудагері өзінің бұл жобасынан алжаспады.
Шынында да, орман аралап өздерінің келген жолымен кері жүру бір
жағынан мүлдем ойланбағандық болса, екінші жағынан, алғашқы шыққан
жеріне қайта барар еді. Негоро да өзінің сыбайласын ертіп олардың
соңынан барады. Ендігі қолданатын бірден-бір шара, із білдірмей өзенмен
ағып кету ғана. Мұның тағы бір тиімді жағы жыртқыш аңдардан да қауіпсіз
болады, бұл аңдар күні бүгінге дейін жолаушыларға маңдаспаған-ды. Салға
мініп өзен бетімен төмен ақса, жабайы адамдардан да оншалықты қорқа
қоймайды. Жақсы қаруланған жолаушылар берік байланған салдың үстінде
дізе қосып, жергілікті халықтардың шабуылы тойтарыс бере алады.
Үшіншіден, жол жүрудің бұл əдісі, жол азабынан жүдеп əбден титығы
жеткен миссис Уэлдонға жəне оның кішкентай бөбегіне де аса жайлы болар
еді. Егер миссис Уэлдонның жүруге шамасы келмесе, талдан зембіл тоқу
қиын емес, əрине, оны көтеріп жүретін адамдар да табылады. Бірақ бес
негрдің зембіл көтерумен екеуінің қолы байланады, ал Диктің есебінше
ойда жоқта тап бола кететін шабуылға тойтарыс беру үшін жолдастарының
қолдары бос болуы керек.
Сөйтіп, салға мініп өзенді төмен ақса, су үсті теңізшіге өз үйіндей ғой,
жас жігіттің көңілі тыншаяр еді.
Ендігі мəселе, жақын маңайда кеме жүзе алатын өзеннің бар жоғын
білу. Дик Сэнд ойлана келіп, сол маңайда өзен барлығын мына жағдайдан
аңғарды. Мұхиттың шеті батыс жақта қалды. Шығыс жақтағы көкжиек
тауға барып ұштасқан. Сөйтіп, «Пилигрим» апатқа ұшыраған жердің
маңайынан барып Атлант мұхитына құятын өзеннің басы таудан шыққан
немесе арна тауға жетпей-ақ оңтүстікке қарай кілт бұрылып кетсе керек.
Қалай болғанда да кішкене отряд жақын маңнан өзен табуға тиіс, өзеннің
өзі табылмағанымен, оның бірер тарауы табылады.
Бұл жобаға сенерлік Диктің дəлелі толық-ты. Енді жер ыңғайы өзгере
бастады. Жол тауды бөктерлей тартты. Жер қыртысы дымқылдана түсіп, əр
жерден шөп арасымен жыланша ирелеңдеп ағып жатқан бұлақтар көрінді.
Шамасы бұл араның жер асты суы өте мол болса керек. Сапардың соңғы
күндерінде отряд əлгі бұлақтардың бірін жағалап ұзақ жүрді. Керек бола
қалса оны қайта іздеп табу қиын емес. Əрине, арнасы тар суы тапшы бұлақ
суына сал ағызудың мүмкіндігі жоқ-ты. Бірақ сай-саланың бəрі қашан да
болса өзенге барып құяды ғой, отряд сол бұлақты жағалай берсе, ағыспен
бірге өзенге де барып жетер еді.
Том қартпен ақылдаса келіп, осы саланы жағалай берейік деген
тоқтамға келді Дик Сэнд.
Күн көтерілісімен жолаушылар ұйқыдан оянып бірінен соң бірі
бастарын көтере бастады. Миссис Уэлдон кішкентай Джекті ұйықтап
жатқан күйі оятпастан Нанға ұстатты. Безгегі ұстап басылған соң баланың
бордай бозарған өңі, көрген кісінің жаны ашырлық еді.
Миссис Уэлдон Дикке таяу келіп:
— Дик,— деді ол айналаға қарап алып,— Гэррис қайда кеткен?
Көрінбейді ғой.
Жасөспірім Негоро мен Гэрристің қайда кеткенін жолдастарына айтпайақ қоюға ұйғарып еді. Бірақ американның опасыздығын жасырайын деген
ойы жоқ-ты. Сондықтан ол қобалжымай-ақ:
— Гэррис мұнда жоқ,— деді.
— Əлде ілгері озып кетті ме? — деп сұрады миссис Уэлдон.
- Қашып кеткен,— деді Дик Сэнд.— Гэррис опасыз екен. Ол оңбаған
Негоромен бірлесіп бізді осы араға келтіруге сөз байласқан.
— Оның сондағы көздеген мақсаты не екен? — деп сұрады миссис
Уэлдон.
— Білмедім,— деді Дик Сэнд.— Бірақ менің бір білетінім, тезінен
мұхит жағалауына қайта оралуымыз керек.
— Ол адам... опасыз,— деп күбірледі миссис Уэлдон.— Мен мұны
сезген сияқты едім! Сен оны Негоромен сөз байласқан деп шамалайсың ба?
— Иə, миссис Уэлдон. Негоро өнебойы біздің ізімізбен келе жатты. Ол
екі сұрқияны кездейсоқ жағдай кездестірсе керек. Жəне...
— Қашан қолға түскенде ғана болмаса, ол залымдар біздің соңымыздан
қалмайтынын мен де білемін,— деді Геркулес сөзге араласып.— Мен ол
екеуінің басын жарамын! — деп үстелді алып, шоқпардай жұдырығын түйе
түсіп.
— Бірақ Джекті қайтер екенбіз?—деді миссис Уэлдон жұлып алғандай.
— Сан-Феличедегі гациендке жетуге асығып-ақ едім. Балаға күтім керек
қой!..
— Жағалауға жетсек болғаны, Джек бірден жазылып кетеді, ол араның
ауасы таза,— деді Том қарт.
— Дик,— деді миссис Уэлдон,— Гэрристің бізге опасыздық еткеніне
көзің жете ме?
— Иə,— жасөспірім жауапты қысқа қайырды, бұл тақырыпта сөз
көбейтіп жатуды ұнатпаған еді ол.
Бала жігіт қарт негрге бір қарап алды да:
— Гэрристің опасыздығын Том екеуміз бүгін түнде əшкереледік. Егер
қашып кетпегенде, өзін жайрататын едім.
— Демек, гациенд...
— Бұл маңайда ешқандай гациенд, ферма, тіптен қыстақ та жоқ! — деді
Дик Сэнд.— Қайталап айтамын, миссис Уэлдон, кідірмей мұхит
жағалауына жетуіміз керек.
— Келген жолымызбен бе?
- Жоқ, миссис Уэлдон. Біздер салға мініп өзен бойымен төмен ағамыз.
Ағыс бізді теңізге апарады. Бұл жағдай бізді шаршатпайды жəне қауіпсіз
сапар. Біз əлде де болса бірнеше миль жаяу жүреміз, ендігі қалған аз ғана
уақытқа сізді шыдар деп...
- О, Дик, мен əлі тыңмын! —деді миссис Уэлдон көтеріңкі үнмен, өзін
өзі көңілді де ширақ көрсетуге тырысып. Менің жүруге шамам келеді. Мен
бөбегімді де көтеріп жүре аламын...
— Миссис Уэлдон, біздер ше, біздер не бітірмекпіз? — деді Бат
ренжіген пішінмен.— Біздер екеуіңізді де көтеріп жүреміз!
— Иə, иə,— деп Остин іле түсті.— Екі ұзын сырғауылға екі таяқты
көлденең таңып зембіл жасаймыз да, үстіне жапырақ төсейміз...
— Рақмет сіздерге, достарым,— деді миссис Уэлдон,— бірақ мен жаяу
жүруді жақсы көремін... Жүремін де! Қане, жүрейік!
— Жүрейік! —деп Дик Сэнд жас келіншектің сөзін қайталады.
— Джекті маған беріңізші,— деді Геркулес.— Жүк көтеріп жүрмесем,
тез шаршаймын.
Алып негр ұйықтап жатқан баланы ақырын ғана көтеріп алды, бала
тіптен оянған да жоқ.
Мылтықтар тегіс оқтаулы, басқа қару-жарақтар да дайын. Қалған азықтүлік бір тай етіп буылған еді. Мұны Актеон арқалап алды; сөйтіп бəрінің
де қолдары бос болды.
Бенедикт ағайдың арбиған ұзын аяғы болдыру дегенді білмейтін-ді, ол
бүгінгі сапарға елден бұрын дайын болды. Гэрристің ғайып болғанын біле
ме ол? Біледі деп айта салу ұшқалақтық болар. Бенедикт ағайдың əсіресе
қазіргі уақытта Гэрриспен тіпті де ісі жоқ-ты, өйткені ол орасан зор қазаға
ұшырап мүлдем қаусап қалған; көзілдірігі мен үлкейтіп көрсететін əйнегін
бірдей жоғалтып сорлап еді.
Бенедикт ағайдың барынша қымбат санайтын екі құралын қонған жерде
шөп арасынан Бат тауып алған, бірақ бұл жағдайды ғалым білмейтін-ді.
Диктің маслихатымен Бат өзінің бұл құралдарды тауып алғанын Бенедикт
ағайға айтқан жоқ-ты. Сақалды сəбидің бұдан былай тыныш жүретініне
Диктің көзі жетті. Өйткені ол бейшара көзілдіріксіз көзінің алдындағыдан
арыдағыны көрмейтін сау соқырдың өзі еді. Ғалымды Актеонның қатарына
əкеліп тұрғызды да, оның қасынан бір қадам аттап шығушы болма деп
нықыртты. Есінен айрылып еңсесі түскен ғалым қарсылық білдіруді есіне
де алған жоқ, дегенге көніп, жетекке ерген соқыр сияқтанып, жолдастарына
ілесіп жүре берді.
Кішкене отряд қонған жерінен он бес қадамдай ұзап шыға бергенде
қарт негр тоқтай қалды.
— Динго қайда? — деп айқайлады ол.
— Бəсе, Динго қайда? — деді Геркулес.
Ол қайта-қайта қатты айқайлап итті шақырды... Сыбыс жоқ.
Дик Сэнд иттің жоғалып кеткеніне қатты қынжылды, Динго отрядқа
төнген қатерді қашан да болса ескертіп тұратын сенімді күзетші еді.
— Динго Гэрриске еріп кетпеді ме екен? — деп сұрады Том.
— Гэрриске деймісіз? Жоқ... оған ермейді,— деп жауап қатты Дик Сэнд.
— Бірақ ол Негороның ізіне тап болуы мүмкін: португалдың біздің
ізімізбен келе жатқанын қашаннан берлі сезіп жүрді ол.
— Қарғыс атқан көк Дингоны көрсе-ақ болды, шамасы келсе өлтіріп
тастайды, деп айқайлады Геркулес.
— Негоро Дингоны өлтірем дегенше, біздің төбет оның өзін өлтіріп
тастамаса қайтсін,— деп Бат оған қарсы болды.
— Бұлай болуы да мүмкін,— деді Дик Сэнд.— Бірақ итке бола жолдан
қала алмаймыз ғой. Егер Динго тірі болса бізді өзі іздеп табады, ол сондай
ақылды төбет. Жүріңдер, достарым!
Күннің шыжығаны сонша, аспан айналып жерге түскендей.
Таңертеңнен бастап-ақ көкжиекті қара бұлт торлап алған. Нөсер құйып
келе жатыр. Күннің нөсерлеп жаумай ашыла қоятын түрі жоқ. Бір жақсы
жері, ағаш арасы біркелкі салқын еді.
Қалың орманның сирей бастағаны байқалады. Əр жердей биік те қатты
шөп басқан кең алаң көріне бастады. Осы алаңдардағы күрең тартқан
орхидейлер, гүлдеп тұрған сарысы-көгі аралас имбирлер, үлпілдеген
жайып тастаған жап-жасыл кілем сияқтанып көрінеді
Енді орман арасы адам өткісіз қалың емес, бірақ онда таң қаларлық
алуан түрлі өсімдіктер бар. Мұнда аса бағалы май шығаратын пальма
ағашы өскен, биіктігі сегіз — он фут келетін табиғи қоршау сияқты мақта
бұталары да бар. Кейбір ағаштардың қабығын құрт тескен тесіктерден хош
иісті шырыш ағып тұр. Айнала төңіректің бəріне жабайы лимон мен анар
ағаштары, пальма мен делеб, баобаб, акация, мимоза ағаштары өскен.
Тоғай арасында адамның мұрнын жарарлықтай бір хош иіс бар, бірақ бұл
нендей өсімдіктің исі екенін ажырату қиын еді.
Жылдың жаңбырсыз құрғақ болатын маусымы еді, сонда да болса
құнарлы жер сирек жауған жаңбырдан нəр алып ағаш біткеннің бəрі көздің
жауын аларлықтай жап-жасыл боп жайқалып тұр.
Безгек ауруының құтырып тұрған кезі еді. Бірақ безгек болып ауырған
адам, безгекті жұқтырған жерінен кетсе, жазылады депті Ливингстон. Ұлы
саяхатшының бұл пайымдауын Дик Сэнд білетін-ді. Джектің безгегі
ұстайтын мерзімді сағаты өтіп кетті, ал бала Геркулестің қолында тыныш
жатып ұйықтай берді,—Дик Сэнд өзінің бұл үмітін миссис Уэлдонға айтты.
Отряд сақтана жүріп ілгері басты, əр жерде жаңа жүріп өткен адамның
немесе аңның ізі жатыр. Бұта арасындағы жыланша ирелеңдеген
жалғызаяқ жол бар жерлерде, жолаушылардың жүрісі өніп-ақ қалады. Бірақ
толып жатқан кедергілерді жеңу үшін жолды саяхатшылардың өздері
салуына тура келді. Кішкене отрядтың тасбақа аяңымен алға басуы Диктің
жанын қинады. Шырмауық оралған ағаштардың түрі, такелажы оралып
қалған кеме мачтасынан айнымайды. Көне заманның қайқы қылышы құсап
кейбір ағаштардың бұтақтары иіліп қалған, оның қылыштан айырмасы тек
қана дүзінде біздей өткір тікенек өскен.
Анголаның бұл бөлегін мекендейтін айуандар мен құстар неше түрлі
өсімдігі сияқты сан алуан. Калың ағаштың төбені бүркеген көгілдір күмбезі
астында ұшып-қонып жүрген құстардың есебі жоқ. Бірақ орман арасынан
мүмкіндігі болғанынша білінбей неғұрлым тезірек өтуге тырысқан кішкене
отрядтың құс атып мылтық дауысын шығаруға мүмкіндігі жоқ-ты. Бір
жақсы жері, Африканың тағы аңдары соншама қауіпті болса да,
жолаушыларға бірде-бірі ұшыраспады.
Керік тағы да көрінді, бірақ ол жүйрік жануарлар мына тоғайға сирек
келетін адамдарды көрген бойда үркіп қаша жөнелді де, лездің арасында
ғайып болды; сол күні көкжиектен бұлт сияқтанып аспанға қайта-қайта
қою шаң көтеріле берді, бұл ауыр жүк тиелген арбаның сықырлай
жылжығандағысы
сияқты,
буйволдардың
топ-тобымен
жөңкіле
шыққандағы шаңы еді.
Дик Сэнд кішкене отрядты жылға бойлай жүргізіп, суы мол бір өзенге
жеткізуге асықты. Отряд ешбір қолайсыз жағдайға кезікпей, түске шейін
үш миль жол жүрді. Гэррис пен Негоро хабар-ошарсыз кетті. Динго да зымзия жоғалды.
Отряд бамбук ағашының жыныс жеріне жетті де, тамақтанып дем
алғалы тоқтады Ас ішіп отырғанда ешкім тіс жарып үндеген жоқ. Миссис
Уэлдон кішкентай Джекті қайтадан өзі алып бөбегіне көз айырмай
қызарумен болды. Оның асқа да мейлі шаппады.
— Миссис Уэлдон, сіз ас жеуіңіз керек,— деп Дик Сэнд қайта-қайта
қиыла берді.— Ас жемей əлсіреп қалсаңыз қайтеміз? Жеу керек! Қазір тағы
жүреміз, өзенге жетіп алсақ болғаны, сосын қиналмай-ақ төмен мұхитқа
қарай ағамыз.
Дик Сэнд бұл сөздерді айтқанда, миссис Уэлдон тіп-тіке оның көзіне
қарап отырды. Жасөспірімнің көзінде жеңімпаздық жігер мен ерліктің оты
жанып тұрған. Миссис Уэлдон оған жəне шын берілген тіл алғыш бес
негрге қарап, əлі де болса торықпау керек екендігін байқады. Иə, ол неге
үміт үзе қойсын? Американың меймандос жеріндемін деп ойлайды ғой.
Гэрристің опасыздығынан миссис Уэлдон қорыққан жоқ, өйткені алдағы
уақытта одан келетін кесірді білмеген еді ол.
Жас келіншектің ойындағысына Дик Сэнд түсіне қойды да, оның қадала
қараған көзіне кірпік қақпастан о да қарап, айтқан сөзінің шын екендігін
байқатты.
Төртінші тарау
АНГОЛАНЫҢ ҚИЫН
ЖОЛЫНДА
Сол сəтте кішкентай Джек оянып кетті де, титімдей қолдарымен
анасының мойнынан құшақтады. Баланың көз жанары жайнап тұр. Безгегі
қайталап ұстамады.
— Тəуірмісің, қарашығым?—деп сұрады миссис Уэлдон бөбегін
бауырына қысып.
— Иə, мама,— деді Джек.— Бірақ шөлдеп қалыппын, сусын берші.
Салқын судан басқа оған анасының берері де жоқ еді.
— Менің Дик достым қайда? — деп сұрады бала бірнеше жұтым су
жұтып таңдайын жібіткен соң.
— Мен мұндамын, Джек,— деді де Дик Сэнд баланың қасына келіп
қолын ұстады.
— Ал менің Геркулес достым ше?
— Геркулес мұнда,— деп алып негр Джекке күлімсіреп жауап қатты.
- Ал, ат қайда? — деп ол сұрағын сабақтай берді.
- Ат жоқ, Джек! Қашып кетіпті! Саған енді мен ат боламын. Маған мініп
жүргің келмей ме?
- Мінгенде қандай,— деді бала.— Бірақ сені жүргізе алар ма екем?
Сенің жүгенің жоқ қой.
- Қысылатын түк те жоқ, маған жүген кигіз де, ауыздықтап алып,—
Геркулес аузын аңырайта ашты,— дізгінін тартқылап шаужаулай бер.
— Жоқ, мен ақырын тартармын.
— Аямай-ақ қой! Менің аузым мықты.
— Ал, мистер Гэрристің фермасы қайда? — деп сұрады бала.
— Қашық емес, қазір-ақ жетеміз;—деді миссис Уэлдон.— Иə, қазір-ақ...
қазір-ақ...
— Жүруге рұқсат па? — деп сұрады Дик Сэнд, бұл əңгімені
қысқартқысы келіп.
— Ықтиярың білсін, Дик,— деп жауап қатты миссис Уэлдон.
Отряд қауырт жиналды да, бұрынғы тəртібімен жолға шықты. Жылға
жағалауынан ұзап кетпеу үшін орманның қалың жерлеріне кіре жүретін
болды. Бір кезде бұл арада жол болыпты, бірақ оны шөп-шырмауық басып
енді оның жол аты жоғалған. Отряд бір мильдей жердің қалың бұтасын
жарып өтті, жол салып өту үшін, сол бір мильдің өзіне ғана үш сағаттай
уақыт кетті. Негрлер тынбастан жұмыс істеп жол салуға тура келді.
Геркулес кішкентай Джекті Нанға ұстата салып, о да жұмысқа кірісті; ырсырс етіп, балтасын оңды-солды сермеп, тоғай ішінің астаң-кестеңін
шығарды, қалың бұтаны жарып жалғыз аяқ жол салды.
Бір жақсы жері, жолаушылар кешікпей-ақ бұл сияқты қажытарлық
жұмыстан құтылды. Орман арасынан бір жалпақ жол кездесті, жол
сүйірлене барып жылғаға тіреліпті де, одан ары жылға жағалауын бойлап
кете беріпті. Бұл шұбырған пілдердің жолы екен. Шамасы осы жылға,
бірнеше жүз пілдің топ-тобымен шұбырып келіп су ішіп жүрген суаты
болса керек. Борпас жерлерде алып денелі, қалың терілі хайуандардың
жуан аяқтарының кіріп кеткен терең іздері жатыр. Бірақ бұл жолмен
жүрген тек қана пілдер емес, басқалардың да жүргендері көп кешікпей
мəлім болды. Бұл жолмен талай рет адамдар да шұбырған, бірақ олар өз
ықтиярларымен шұбырмаған: ол адамдарды таяқтың астына алып, қасапқа
апаратын малша айдап шұбыртқан. Көп жерлерде жабайы аңдар мүжіп
тастаған адам сүйектері шашылып жатыр. Олардың арасында
шынжырымен жатқан сүйектер де бар.
Орталық Африкадағы ұзын жолдардың бойы адам сүйегінен қарақшы
тұрғызылған секілді, ол жақта мұндай жолдар аз емес. Кей кездерде
еріксіздер керуені əлденеше жүз миль жол жүреді. Бағы ашылмай сорлары
қайнаған құлдар қатал хавилдардың шыбыртқысы астында адам төзгісіз
жағдайда шалдығып болдырудан, ауырып-сырқаудан жолшыбай мыңдап
қырылады. Ал енді керуенге тамақ жетіспей қалады-ау деген қауіпті жағдай
бола қалса, айдаушылардың қырып тастайтын адамдары не сан! Иə, солай!
Мұның таң қаларлық түгі де жоқ. Егер де құлдарды асырарлық азық
болмай қалса, қалай болса солай атып тастайды, пышақпен жарып немесе
қылышпен шауып өлтіреді... Бұл сияқты айуандықпен қан төгетін кезеңдер
сирек кездесетін жағдай емес.
Бұл еріксіздер керуенінің жолы еді. Диктің өзі де, оның жолдастары да
аттаған сайын дерлік адам сүйегінің үйіндісіне кездесе берді. Адам
сыбдырының жақындағанынан үркіп ірі-ірі ешкіемерлер қаша жөнеледі.
Жерден шабан көтеріліп ұшқан қара құстар ауада қалықтап жол бойын
айналып жүрді.
Миссис Уэлдон жан-жаққа көз тастап келе жатыр, бірақ ешнəрсе
көрмеген кісі сияқты. Гэрристің опасыздығымен Африканың алыс
түкпіріне келіп кірген кішкене отрядтың халін жолдастарына айтып
шындықты мойындамай, бала жігіттің мұхит жағалауына қайта
қайтқандағы көздеген мақсаты не, миссис Уэлдон осының мəнісін сұрап
қала ма деген ой Диктің мазасын кетірді. Бір жақсы жері, маңайдағы болып
жатқан уақиғалармен жас келіншектің ісі болмады. Ұйықтап келе жатқан
бөбегін өзі алып аналық мейірбанын нəрестеге аударды ол. Нан оның
қатарында келе жатты, бір жақсы жері, кəрі негр əйелі болсын, жас
келіншектің өзі болсын, Диктің тынышын кетіретін сауал жөнінде
ешқайсысы жақ ашып үндеген жоқ.
Том қарт басын жерге салып төмен қарап келе жатты, жол бойындағы
адам сүйегінің шашылып жату себебін ол жақсы білетін-ді.
Томның жолдастары айналаға таңдана қарап келе жатты. Олар жер
сілкінудің салдарынан аударылып қалған ұшы-қиыры жоқ көп моланың
арасымен жүріп келе жатқан сияқты еді. Бірақ мұның мəнісін Диктен
ешқайсысы сұраған да жоқ.
Осы арада жылға арнасы кеңейіп, суының да недəуір тереңдей түскені
байқалды. Ағысы да шабандай бастаған еді. Көп кешікпей осы жылғаның
өзі кеме жүзе алатын өзенге айналады немесе Атлант мұхитының өзіне
барып құятын үлкен өзеннің біріне қосылады деп үміттенуге боларлық еді.
Жас капитан отрядқа кездесетін не-не ауыр халдерді елең қылмастан
жылғаны жағалап жүре беруге бел байлады. Сондықтан да судан бұрылып
басқа жаққа кеткен жолдардың ешқайсысына түспей жылға жағалап жүруге
ұйғарып еді.
Кішкене отряд қалың бұтаны тағы жарып өтетін болды. Шырмауық
оралып қалған ит мұрны өткісіз қалың бұталарды аттаған сайын балтамен
кесіп жол салу керек. Бірақ бұл орман мұхит жағалауының адам өткісіз
жыныс орманына ұқсамайды: мұнда ірі ағаштар сирек өскен. Оқта-текте
биік ағаштардың арасынан ерекше сорайып тұрған бамбуктер кездеседі.
Жолаушылар бірінен бірі айрылып адаспау үшін ербең ете қалған кейбір
қурайларды, анда-санда қылт ете түскен Геркулестің басын межеге алатынды.
Күндізгі сағат үштің шамасында отряд ақыры тоғайдан құтылды. Жер
бейнесі кенет өзгеріп кетті. Жолаушылардың алдында, жылдың жаңбырлы
маусымында жаңбыр суымен тасыған өзен тасқыны басып кеткен ұшықиыры жоқ жазық дала жатыр. Батпақ жерлерге қалың-қалың мүк өскен.
Табиғаттың өзі тоқып төсеген жасыл кілемнің əр жерінде жайқалып тұрған
ірі-ірі папоротниктер көрінеді.
Ливингстон кітабындағы бұл сияқты жазық далалар туралы жазылған
сөздер Диктің есіне дəл уақытында түсе қалды. Аяқ астынан тап бола
кететін бəлелерге ержүрек зерттеуші талай рет кездескен болатын, мұндай
жерлерде батпаққа батып қалмау үшін аттаған сайын аяқты аңдап басу
керек болды.
— Менің сөзіме құлақ салыңдар, жолдастарым! — деп айқайлады отряд
алдында келе жатқан Дик Сэнд кенет тоқтай қалып.— Аяқ баспас бұрын,
басатын жерлеріңді байқап алыңдар!
— Не деген сұмдық! — деді Том қарт.— Соңғы күндерде күн ашық
болып еді ғой, сонда да болса мына ара жуырда ғана жаңбыр жауып өткен
жер сияқты.
— Нөсер құйып келе жатыр,— деді Бат.
— Олай болса тездете жүруіміз керек,— деді Дик Сэнд.— Нөсер
құймай тұрып, мына батпақтан өтіп кетейік. Геркулес, сен Джекті көтер!
Бат, Остин екеуіңіз миссис Уэлдонға жəрдемдесіңіздер! Ал сіз, Бенедикт
мырза... Ay, Бенедикт мырза, сізге не болды?
— Мен бе, мен батып бара жатырмын,— деді ол жайбарақат.
Шынында да ол аяғының асты қапыл ойылып кеткен сияқты, зымырап
жерге сіңіп бара жатыр еді. Актеон қолын беріп ғалымды батпақтан тартып
шығарды, үсті-басы адам жиренерлік лас болып қалса да ренжіген жоқ,
өзінің ең қымбат қазынасы — энтомологиялық жинақтар салынған
қаңылтыр жəшігінің бүлінбей аман қалғанына қатты қуанды. Дик Сэнд
мына санасыз ғалымды Актеонға тапсырды да, оны қасыңнан шығарма деп
ескертті.
Бенедикт ағай батып шыққан шұңқырдың бір жағымсыз жері болды.
Ғалымды шұңқырдан суырып алғанда, ізінше бұрқылдап отауланған сасық
газ көтерілді. Бұл сияқты батпақтарға Ливингстон талай рет кеңірдегінен
келе батып шыққан. Асты кеуектеліп қалған қара топырақты жерден
аттаған сайын қайнап су атылады. Мұндай борпылдақ жерлер жаяу жүруге
аса қауіпті деген еді Ливингстон.
Жолаушылар былқылдақтың үстімен жарым миль шамасындай жол
жүрді. Бір жерде миссис Уэлдон тізесіне дейін батпаққа батты. Сосын
Геркулес, Бат, Актеон үшеуі бамбук ағашынан зембіл жасап миссис
Уэлдонды зембілге отырыңыз деп үгіттеді. Жас келіншек кішкентай Джекті
алдына алып зембілге отырған соң, бұл қауіпті жерден тезірек өтіп кетуге
асығып, отряд алға қарай тағы жүріп кетті.
Жолаушылардың аяқ басқан жері өздерімен бірге солқылдап, жүрістері
өнбеді. Актеон өнебойы Бенедикт ағайды сүйемелдеп жүрді. Том кəрі
Нанды жетеледі, егер оған Том қараспаса, кемпірдің батпаққа батып кетуі
сөзсіз еді. Басқа негрлер зембіл көтеріп жүрді. Дик Сэнд жол бастап
отрядтың алдында келе жатыр. Жол бастау оңай міндет емес еді. Ең
дұрысы батпақты жағалап шөптің қалың өскен жерімен жүрулері керек.
Бірақ бұл араның да аяқ тірерлік шөкелектері былқылдай беретін, аяқ тізеге
дейін кіріп кете берді.
Ақырында кешкі сағат бестің кезінде жолаушылар бұл батпақты да
артқа салды. Адамдар енді ширақ жерге аяқ басты, əйтсе де қатты жердің
жұқа қабаты астында батпақ барлығы білінеді. Тегістік жер іргелес өзеннің
табанынан төмен болғандықтан, өзен суын борпылдақ жердің жұтып
жатқандығы байқалады.
Күннің шыжығаны сонша, аспан айналып жерге түскендей. Егep
шақырайған күн мен жердің аралығын нөсерлі бұлт қаптамаса ыстыққа жан
төзіп болмас еді. Алыстан найзағай ойнап, күннің күркірегені естіле
бастады. Нөсер минут сайын жақындай түсті.
Нөсерлеп құйған жаңбыр, тамыры терең əлді ағаштарды құлата алатын
құйынды дауыл, үздіксіз жарқылдаған найзағай — міне африкалық
нөсердің түрі осындай үрейлі болатын. Диктің мұндай нөсерден бұрын да
хабары бар-ды, енді ол тіптен мазасыздана берді. Отряд ашық далада қона
алмайды, өйткені жазықты су басуы мүмкін. Бірақ Дик Сэнд тасқыннан бас
қорғарлықтай алдыңғы жағынан бірде-бір төбешік көре алмады.
Жалғыз түп ағашы жоқ, тіптен бұта өспеген құлазып жатқан қу медиен
жазық даланың қай жерінен баспана іздеп табуға болар?
Солтүстіктен қатарланған аласалау төбешіктер көрінеді. Бұл төбешіктер
орманның ашық жақ қабырғасы сияқты. Көкжиек пен нөсер бұлтының
арасын бөліп көлденең түскен ашық сəуледен бірнеше ағаштың бейнесі
қарауытты.
Ол төбешіктерге барғанымен нөсерден қорғанарлық пана табартаппасына Диктің көзі жетпеді. Жолаушылар ең болмаса сонда жетіп
үлгірсе, тасқыннан қауіпсіз болар еді.
— Алға, достарым, алға! — деп айқайлады бала жігіт.— Бары-жоғы үшақ миль жер жүрсек, мына қазан шұңқырдан құтыламыз!
Бұл қажырлы адам жолдастарының бəрін мойнына мінгізіп қатерлі
батпақтан қуана-қуана алып шығуға əзір еді.
Диктің сөзі жолаушыларға дем берді, адамдар арып-талғанына
қарамастан тез-тез аттап алға басты.
Нөсер төніп қалған кезде отряд мегзеген жерлеріне екі-ақ миль
жетпеген-ді. Бір жақсы жері, найзағай жарқылдап, түнерген қара бұлт
зəрлене төнгенімен, жаңбыр бірден құя алмай, біраздан соң барып жауды..
Күн əлі бата қоймаған-ды, сонда да болса айнала төңірек тастай қараңғы
боп кетті. Өркеш-өркеш бұлттар жерге гүрс етіп құлай кететін сияқтанып
жайыменен төмен шөгіп келе жатыр. Қызылды-жасыл найзағай аспан
əлемінде айғыз-айғыз жол сызып, əлгі қазан шұңқыр жазықты отпен
сызбайлап торлап алды.
Кішкене отрядтың төбесінде əлсін-əлі жасыл ойнап, ажал төнді. Бір топ
жолаушы бүкіл аспан электрін өзіне тартып, жалғыз түп ағашы жоқ жапан
далада панасыз қалды.
Күннің күркірегенінен шошып оянған Джек басын Геркулестің
қолтығына тыға түсті. Бейшара бала аспан күркілінен қатты шошыған еді,
бірақ анасын ренжіткісі келмей, қорқып қалғанын жасыруға тырысты.
Геркулес сажен жерді бір-ақ аттап, қолынан келгенінше баланы
тыншайтуға əрекет етті.
— Қорықпа, Джек, қорықпа! — деп қайталады ол.— Найзағайдың
бізден дəмесі болса жақындап көрсін, мен оны бір қолыммен екі бөліп
тастайын. Мен найзағайдан күштірекпін ғой!
Қамқоршысының құдіретті екенін сезген бала лездің арасында тыншая
қалды.
Сəлден соң жаңбыр жаууға тиіс, сосын төменгі қабаттағы бұлт сел
болып жерге құйылады. Ал нөсер құйғанша қорғанарлық баспана
табылмаса, миссис Уэлдон мен кішкентай Джектің көрер күні не болмақ?
Дик Сэнд Том қарттың қасына келіп:
— Не істеуіміз керек? — деп сұрады.
— Ілгері жүруіміз қажет,— деді қарт.— Жаңбыр мына ойпатты суға
толтырып, адам өткісіз шалқар көлге айналдырады. Бұл арада кідіруге
болмайды.
— Бұл жағы белгілі ғой, Том, белгілі! Бірақ қандай да болса бірер
баспана табу керек. Ең құрыса бір күрке табылса да жарар еді...
Дик Сэнд кенет кідіріп тына қалды.
— Көз шағылта жарқылдаған найзағай ен даланың ол шеті мен бұл
шетін күндізгідей жарық қып жіберді.
— Жарым миль жерден шоғырланған бір қара көрініп қалды, ол не
болды екен? — деп айқайлады Дик.
— Мен де бірдеңе көргендей болдым,— деп жауап қатты қарт негр.
— Лагерь шығар? Рас емес пе?
— Ие, лагерь.,.. Бірақ жергілікті халықтың мекені болар демеймін.
Найзағай екінші қайтара жарқ ете түскенде, лагерь анық көрініп қалды.
Жазықтың орта шенінде көше-көше етіп салынған, биіктігі он екі футтан
он бес футқа дейін келетін жүзге тарта шатыр тұр. Бірақ бұл лагерь иесіз
сияқты. Адамдары қайда кетті екен? Егер де лагерьдің халқы жаңбырдан
қашып шатырға қорғаласа, соғып тұрған күшті дауылды елең қылмай
кішкене отряд басқа жаққа қашулары керек. Егер адамдары лагерьді тастап
кетіп қалса иесіз қалған шатыр жолаушыларға баспана болар еді-ау.
«Мен мұның не екенін білейін» — деді Сэнд өзіне өзі. Ол Том қартқа
қарап:
- Мен келгенше қозғалмаңдар! — Мына лагерьді шолып қайтайын,—
деді.
- Сізге біреуіміз ере барайық, рұқсат етіңіз,— деп өтінді қарт негр.
- Жоқ, Том, мен жалғыз барамын. Лагерьге білінбей бару керек, мені
осы арада күтіңдер!
Дик Сэнд пен Том қарт бастап келе жатқан кішкене отряд сол арада
тоқтап қалды. Найзағай жалт ете қалған кезде жасөспірім бұқпалай жүгіріп,
қараңғылыққа шомып ғайып болды.
Жаңбырдың алғашқы ірі тамшылары біртіндеп тама бастады.
— Дик қайда кетті?—деп сұрады миссис Уэлдон қарт негрге келіп.
— Біздер осы маңайдан лагерь сияқты бірдеңе көрдік, миссис Уэлдон,
— деп жауап қатты Том.— Əлде оның қыстақ болуы да ықтимал. Біздің
капитан адамдарды онда тұп-туpa бастап апарудан бұрын, алдын ала
барлап қайтуға кетті.
Миссис Уэлдон бұл жауапқа қанағат етті.
Бірнеше минуттан соң Дик қайтып келді.
— Жүріңдер,— деп ол қуанған кісіше айқайлап жіберді.
— Лагерьде адам жоқ па? — деп сұрады Том.
— Бұл өзі лагерь де емес, қыстақ та емес,— деді жасөспірім.—
Құмырсқаның кəдімгі илеуі екен.
— Құмырсқаның илеуі?—деп айқайлады Бенедикт ағай, ол бірден
жадырап сала берді.
— Ие, Бенедикт мырза, бірақ илеу болғанда да биіктігі кемінде он екі
фут келетін үлкен илеу. Сонда барып паналайық.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Он бес жасар капитан - 14
  • Büleklär
  • Он бес жасар капитан - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3970
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2024
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1906
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1909
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1786
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4093
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1890
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1877
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4087
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1940
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4002
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1925
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4044
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2097
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4117
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4024
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1951
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4088
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4129
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2211
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4063
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1979
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2120
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4203
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 635
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 465
    48.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    67.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.