Latin Common Turkic

Он бес жасар капитан - 08

Süzlärneñ gomumi sanı 4087
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1940
36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
— Төгіңдер, майды! — деп айқайлады Дик Сэнд.— Тез төк!
Кит майын төгіп жіберген кезде, зіркілдеп жатқан көбікті толқын май
қабатының астына түсіп үні өше қалды, ол əлде ішін тартып, бір минуттан
соң қайта зіркілдейін деген болар.
Бірақ «Пилигримнің» су асты құздарының арасынан өтіп кетуіне осы
минуттың өзі-ақ жетіп жатты. Енді кемені дауыл жағаға қарай айдап əкетті.
Бір кезде сұрапыл екпін сап ете түсті. Таудай толқын кемені көтеріп
апарып тасқа бір-ақ ұрды. Мачталар омырылып суға түсті.
Тасқа соғылған кезде кеменің бүйірі ойылып, трюмге су қаптады. Бірақ
құрылық жақын, небары бірнеше қадам ғана. Судан шығып тұрған қара
тастарға басып құрылыққа шығу қиын емес.
Апаттан соң он минуттан кейін, «Пилигримнің» командасы мен
жолаушылары құрғақ жеріне аяқ басты.
Он төртінші тарау
НЕ ІСТЕУ КЕРЕК
Жетпіс төрт күнге созылған ұзақ сапардан, штильмен, желмен, құйынды
дауылмен табан тіресе күрестен аман шыққан «Пилигрим» ақыры
жағалаудың құзына ұрынып апат болды!
Миссис Уэлдон мен кеме экипажы құрғақ жерге аяқтарын басып,
өздерін шексіз бақытты деп санады. Олар енді дауыл айдап апарып
тастайтын елсіз аралда емес, материкте тұр. Оңтүстік Американың қай
жеріне шықса да бəрі бір, қиналмай-ақ өз елдеріне жете алады.
Бірақ «Пилигрим» қайтып келеге келместей болып қирады, теңіздің
жарға соққан толқыны оның сынықтарын бірнеше сағаттың ішінде жанжаққа таратып та əкетті. Кемедегі жүкті аман сақтап қалуды ойлаудың да
қажеттігі жоқ.
Дик Сэнд кемені аман сақтап қала алмағанымен, ондағы жолаушыларды
түп-түгел аман-есен жағаға жеткізгенін мақтаныш етуіне хақы бар-ды.
«Пилигримнің» апат болған жері Оңтүстік Америка жағалауының қай
бөлегі? Диктің шамалауынша Перу жағалауында апат болды ма? Бұның
қисыны бар: өйткені, Пасхи аралынан өткен соң, экваторлық ағыс пен жел
кемені солтүстік-шығысқа қарай айдаған-ды. Бұл жағдайда кеменің қырық
үш градус оңтүстік ендіктен он бес градусқа барып қалатыны əбден
түсінікті.
«Пилигримнің» апат болған жері дəл қай шама екендігін мүмкіндігі
болғанынша тезірек анықтау керек болды. Перу жағалауына толып жатқан
порттар, қалалар мен қыстақтар орналасқан, сондықтан, егер Диктің
шамалауы дұрыс болса, жолаушылар бірер ел мекендеген жерге қиналмайақ жете алады.
«Пилигримнің» апатқа ұшыраған жері оншалықты биік емес, бірақ тік
жар, ың-жыңсыз қаңырап жатқан иесіз жағалау болып шықты... ұзыннан
шұбақ көсіліп жатқан енсіз құм салалары, жағалаудың бетін құздан
омырылып түскен қара тастардың сынықтары басқан, құздың кей
жерлерінде аңырайған жарықтар көрінеді, қырқаға шығуға боларлық
жайпауыттау ыңғайлы жерлері де бар.
Шыңның теріскей жағында, бұлардан ширек миль жерде, шыңды
жарып ағып жатқан кішкене өзен бар. Өзеннің үстіне неше түрлі ағаш
өсімдіктері төніп тұр.
Жағалаудың дəл өзінен басталған қалың жасыл орман алысқа созылып,
сонау көкжиектегі көк тауға барып ұштасқан. Егер Бенедикт ағай ботаник
болса, мұндағы алуан түрлі ағаштарды көргенде, қуанышы қойнына
сыймас еді. Бұл жерде биіктігі аспанмен таласқан бауобаб та бар, бұл
ағаштарды бұрын мəңгілік деп атайды екен, мұнда веерник, теңіз
жағалауының қарағайлары, тамариндалар, перечиктер, жаңа дүниенің
солтүстік бөлегінен кездесетін басқа түрлі мыңдаған өсімдіктер де бар.
Жағалауда топ-тобымен бұлтша қалықтап жүрген құстар, олардың
шаңқылдаған дауыстары, əсіресе қара көк жүнді ақбас қарлығаштардың
шаңқылдағаны құлақты жара жаздайды. Кей жерлерде сымбатты да ірі
денелі көк мойын құс — шіл көрінеді.
Миссис Уэлдон мен Дик Сэнд — құстардың адамнан оншалықты
үрікпейтінін байқады. Құстар ешқандай қорқып-үрікпестен адамдарды
өздеріне жақын барғызды. Олар бұрын-соңды адам көрмегені ме, адамнан
сақтануды неғып қана білмейді екен? Шынымен-ақ осы иесіз жағалауда
мылтық даусы бұрын-соңды естілмегені ме?
Жағалауда жүрген бірқазандардың есебі жоқ! Олар тұмсығының
астындағы салбырап тұрған қайыс дорбаларын ұсақ балықтармен сықап
алған.
Ашық теңізден шағалалар ұшып келіп «Пилигрим» сынықтарының
үстінде айналып жүр.
Шамасы, жағалаудың осы бөлегін мекендеуші бірден-бір тірі жан тек
қана құстар болса керек. Бұл арада Бенедикт ағайды қызықтырарлық
жəндіктердің де көп екені өзінен өзі белгілі.
Əйтсе де, бұл араның қай жер екендігін ондағы құстардан да,
жəндіктерден де айырып білу мүмкін емес. Бұл жағалаудың атын тек қана
тұрғын халықтар айта алады. Бірақ мұнда ешқандай ел жоқ. Тым болмаса
бірде-біреуінің қарасы да көрінбейді.
Бұл маңайда не үй, не үңгір, не күрке жоқ. Солтүстік жақтағы өзеннің
арғы бетінде де, көкжиектің алыс түкпіріне сүңгіген оңтүстіктегі қалың
орманнан да аспанға көтерілген түтін байқалмайды. Осы жағалауға бір
уақытта адам келгендігінің белгісі де білінбейді.
Бұл көрініс Дикті аса таңдандырды.
— Біз қай жердеміз? Қайда келіп қалдық? Шынымен-ақ жөн айтар адам
табылмай ма?
Бірақ жөн сілтейтін адам жоқ-ты, егер жақын маңайда жергілікті
адамдар болса, Динго үрер еді. Дегенмен Динго жиектегі қайраңды
иіскелеп, құйрығын бұлаңдатып, қыңсылап, əрлі-берлі жүгіре берді. Иттің
бұл қылығы таң көрінді, бірақ оның не адам, не хайуан барлығын біле
алмағандығы мəлім еді.
— Дик, Дингоны қарашы! —деді миссис Уэлдон.
— Ғажап! — деді бала жігіт, ақырын ғана.— Оның мына қылығына
қарағанда, əлдененің ізіне түсіп жүр деуге болады.
— Шынында да ғажап! —деп күбірледі миссис Уэлдон.
Сосын жұлып алғандай:
— Негоро неғып жүр? — деп үстеді.
— Динго не істеп жүрсе, о да соны істеп жүр,— деді Дик — Жағалауды
əрлі-берлі тіміскілеп жүр. Əйтседе бұл арада қайтем десе де оның өз еркі
ғой. Менің енді оған бұйыруға хақым жоқ. «Пилигрим» апат болғаннан
кейін оның қызметі де аяқталды.
Негоро өзінің бұрыннан таныс жеріне тап болып, бірақ ол жердің кейбір
белгілерін ұмытып қалған кісіше, ағып жатқан өзенге, құмдауыт шығанаққа
жəне тау маңындағы құздарға қараумен болды. Негоро бұл арада бұрын
болған ба? Егер оған бұл сияқты сауал берілсе, оның жауап қайырудан бас
тартуы да мүмкін. Бірақ бұл тұйық мінезді адамға көңіл бөлудің қажеттігі
жоқ-ты. Негоро өзенге қарай жүргенде, Дик оны сыртынан бақылап тұрды,
бірақ əрі ұзап жағалау маңындағы құздың тасасына түскен соң, қайтып
оған зер салған жоқ.
Апатқа ұшырағандар ендігі жерде не істеулері керек, енді осы жағдайды
ойласатын уақыт жетті. Ең алдымен дем алып, тамақтанарлықтай баспана
табулары қажет. Мұның соңында мəслихаттасып, бұдан былайғы істелетін
əрекеттің жобасын жасауға болады.
Бəрінен де тамақтану мəселесі оңай шешілді. Бұл арада құс пен жеміс
барынша мол екен, бұған қосымша кеме қоймасындағы азық-түліктерді де
пайдалана алады. Том мен оның жолдастары азық қорын мол жинап алды,
мұның ішінде бірнеше кеспек кептірілген ет бар. Бұл азықтарға су
тигенімен, əлі бұзыла қоймаған. Кішкене отряд жуық маңдағы адам
мекеніне жеткенше өздеріне артығымен жетерліктей азық-түлікпен
қамтамасыз болды. Жинаған азықтарын су тасқыны жетпестей, қашығырақ
құрылыққа апарып жинады.
Бұлар тұщы суға да тарықпайтын болды. Дик Сэнд Геркулеске бұлақтан
біраз ғана су əкелші деп өтініп еді, алып негр иығына көтеріп толы кеспек
су əкелді. Тасқын кезінде теңіз суы бұлақтың сағасын басқанымен, тасқын
кейін серпілген соң бұлақ суы бұрынғы тұщы қалпына қайта түсіп, ауыз
суға жарарлық болды.
От туралы ойламаса да болады, егер от жағу қажет болса, кебу бұталар
мен қурап қалған мангифер тамырлары айнала төңіректе көл-көсір, қанша
керек болса да табылады. Том қарт шылымқор еді, ол ауа кірмейтін етіп
бекітілген бір қорап шақпақ қуың ала шыққан. Теңіз жағалауынан тауып
алған шақпақ тасын шағып, қалаған уақытта от тұтатып бере алады.
Ендігі қалғаны, кішкене отрядтың жолға шығар алдында қонып дем
аларлықтай баспана іздеп табу ғана.
«Қонақ үйді» кішкентай Джек тапты. Ол құз етегінде ойнап жүріп,
қабырғасы жып-жылмағай жылтырап тұрған кең үңгір көрген. Бұл, тасқын
кезінде толқынның жоғары шапшып, су жалап үңгіген үңгірлердің бірі еді.
Қуанышы қойнына сыймаған бала, табысын көрсеткелі айқайлап
анасын шақырды.
— Жарайсың, Джек! — деді миссис Уэлдон.—Егер де біздер Робинзон
болып осы жағалауға орналасатын болсақ, бұған «Джек үңгірі» деп сенің
атыңды қояр едік.
Үңгір оншалықты үлкен емес, құздың ішіне бойлаған тереңдігі он екі
фут, кеңдігі де сонша, бірақ бұл үңгір Джекке орасан үлкен боп көрінді.
Мұның іші апатқа ұшырағандар еркін сыйыса аларлықтай кең еді. Миссис
Уэлдон мен Нан үңгірдің ішін көріп, мүлде құрғақ екен деп қуанысты.
Айдың бірінші ширегі еді, сондықтан, аса күшті тасқын болады деп
қауіптенуге орын жоқ.67
Сөйтіп, дем алуға керекті жағдайлардың бəрі түгел табылды.
«Пилигрим» жолаушылары он минуттан соң үңгірге кіріп, құрғақ су
өсімдіктерін төсеніп дем алғалы жатты. Тіпті Негоро да оларға қосылып
ертеңгі асты бірге ішті. Сірə ол, ара-арасын өзен иректеп өткен үнсіз қалың
орманды жападан-жалғыз кезіп кете беруге тəуекел етпесе керек.
Уақыт күндізгі сағат бірдің шамасы еді. Жолаушылар ертеңгі асқа
сухари мен кептірілген ет жеп, артынан бірнеше тамшы ром тамызылған су
жұтты. Бат азық-түлік арасынан бір шөлмек ром тауып алған болатын.
Негоро жұртпен бірге тамақтанды, бірақ жолдастарының алдағы
уақытта істейтін əрекеттері жайлы кеңесіне араласпады. Қайта тыныш
отырып, əңгімені жақсы ұғынып алуына мүмкіндік болды. Бұл кеңестен
оның өзінше қорытынды шығарғанында күмəн жоқ.
Динго өз сыбағасын жеп болды да, үңгірдің аузын күзетті. Есікті
мұндай сенімді күзетші күзетіп тұрғанда, тыныш жатып дем алуға
мүмкіндік бар. Құмдауыт жағалауға жанды мақұлық аяқ басса, Дингоның
абалап дабыл қағатыны сөзсіз.
Маужырап қалған Джекті тізесіне жатқызып, миссис Уэлдон бірінші
болып сөз бастады.
— Достым Дик,— деді ол,— мына қиын күндерде еткен қызметің үшін
саған бəріміз де алғыс айтамыз. Бірақ бұл қызметтен сені əзір босата
алмаймыз. Сен біздің теңіз бетінде капитанымыз болдың, сол сияқты,
құрлықта да басшымыз болуға тиіссің. Бəріміз саған сенеміз. Енді не
істеуіміз керек, бізге осыны айтшы?
Миссис Уэлдон, Нан, Том қарт жəне басқа негрлер Диктен көз айырмай
тесірейе қарасты. Тіптен Негоро да оған қадала қалған. Шамасы,
жасөспірімнің жауабына португал да қызыққан тəрізді.
Дик бірнеше минут ойланып алды да:
— Миссис Уэлдон,— деді ол,—бəрінен бұрын қазіргі уақытта өзіміздің
қайда екенімізді анықтауымыз керек. Мен кеменің апатқа ұшыраған жері
Перу жағалауы болар деп шамалаймын. Шамамен айтқанда, жел мен ағыс
кемені осы ендікке əкеліп тастауы керек. Біз, пампаспен (Оңтүстік
Американың
пішендікті
жері)
шектесетін
оңтүстіктегі
Перу
провинциясының халқы аз жерлерінің бірінде болуымыз да ықтимал. Мен
мұны тіптен шындап айта алар едім, өйткені жағалау мүлдем елсіз көрінеді
ғой. Егер менің болжалым дұрыс болса, жақын маңдағы елді жерге жету
үшін ұзақ жүруіміз керек болар.
— Сен өз пікіріңді айтшы? — деді миссис Уэлдон.
— Меніңше, дəл қай жерде екенімізді анықтағанға дейін осы үңгірден
кетпеуіміз керек. Ертең, демалыстан соң біздің екі адамымыз жер шолуға
барады. Олар мүмкіндігі болғанынша қостан ұзап кетпей, осы араның
жергілікті халқын іздеп өзімізге керекті барлық мəліметтерді анықтайды да,
кері қосқа оралады. Он-он екі миль айнала төңіректен адам табылмауы
мүмкін емес.
- Шынымен-ақ бөлінеміз бе? — деп айқайлады миссис Уэлдон.
— Бөліну қажет,— деді жасөспірім,— егер адам ұшыраспай, барлаудан
ешбір нəтиже шықпаса, егер біздің ойымыздағыдай болмай, бұл өңір елсіз
болса, онда... онда тағы басқа түрлі шара іздестіріп көрерміз.
— Ал, шолғыншыға кімдер барады? — деп сұрады миссис Уэлдон, бір
сəт ойланғаннан кейін.
— Бұл мəселені біз қазір шешеміз,— деп жауап қатты Дик Сэнд.— Сіз,
миссис Уэлдон, Бенедикт мырза, Джек, Нан — төртеуіңіз үңгірде болуға
тиіссіздер. Бат, Остин, Геркулес пен Актеон сіздің жаныңызда қалсын, ал
Том екеуміз жер шолып қайтамыз. Мүмкін, Негоро да осында қалатын
болар, қалғысы келсе, қалсын,— деп үстеді жасөспірім, кеме аспазына
қарап.
— Мүмкін,— деп тартыныңқырап жауап қайырды Негоро.
— Біз Дингоны ала кетеміз,— деп Дик Сэнд сөзін жалғастырды,— ол
бізге жақсы қызмет ете алады.
Динго өзінің атын естігенде, ұсынысқа риза екенін білдірген тəрізді,
маңқ ете түсті.
Миссис Уэлдон ойланып қалды. Тіптен қысқа мерзімге болса да
бөлінісу мəселесі оны аса күйзелтті. Мүмкін, «Пилигримнің» апат болғаны
жақын маңдағы жергілікті халыққа естілген болар, қираған кемені
олжалауға қызыққан жергілікті халықтың төбеден түскендей сау ете қалу
қаупі тұрғанда, отрядтың күшін бөлшектеу орынсыз тəуекел ғой.
Миссис Уэлдон бұл жағдайды келелі түрде талқылау керек деп ұйғарды.
Əйтсе де, Дик Сэнд бұған қарсы сыйымды дəлел тауып айтты.
Үндістерді африкалық немесе полинезиялық жабайылармен теңеуге
болмайды, деді жасөспірім, оларды талаушылық ниетімен шабуыл жасайды
деп шамалауға ешқандай дəлел жоқ. Жақын маңдағы елдің қай жерде жəне
оның қаншалықты қашықта екендігін анықтамастан, бейтаныс жерді
беталды кезіп кете беру,— күшті бекерге сарп ету болар еді. Бөлінудің
қолайсыз екенінде сөз жоқ, сонда да болса, бүкіл отрядтың ешнəрседен
хабарсыз ұшы-қиыры жоқ жұмбақ орманды кезіп кете бергенінен гөрі,
бөлініп жер шолып қайту анағұрлым тиімді болар.
— Менің ақырғы айтайын дегенім,— деп Дик Сэнд сөзін қорытты,—
біздің бөлінуіміз ұзаққа созылар деп ойламаймын. Егер Том екеуміз екі
күннің ішінде бірер қыстақ немесе осы араның жергілікті халқын таба
алмасақ, қайтып үңгірге келеміз. Бірақ ел таппай қайтуымыз мүмкін емес!
Біз осы жерден жиырма миль ұзамай-ақ бұл араның, географиялық
жағдайын анықтаймыз деп сенемін. Менің есептен жаңылуым мүмкін,
өйткені мен астрономиялық бақылау жасап көргенім жоқ қой. Егер
«Пилигрим» мен ойлаған жағалауға келмей, мүлдем басқа жағалауға келген
болса?..
— Ие, шырағым, əрине, дұрыс айтасың,— миссис Уэлдон ренішті
пішінмен жауап қатты.
— Бенедикт мырза, менің жобама сіз қалай қарайсыз?— деп сұрады
Дик Сэнд.
— Мен бе? — қайталап сұрады Бенедикт ағай.
— Ие, бұл туралы сіздің пікіріңіз қандай деймін?
— Бұл туралы менің өзімше ойлап тапқан пікірім жоқ,— деді ғалым,—
ұсынған пікіріңіздің бəріне түгел қосыламын, маған бұйырылған істің
бəрін табжылдырмай орындауға əзірмін. Егер де сіздер осы арада бір-екі
күн аялдауға ұйғарсаңыздар, мен оған аса риза: ұтыры келген жағдайды
пайдаланып, уақытты босқа өткізбей осы жағалауды зерттеп аламын...
əрине, энтомолог жолымен.
— Олай болса, Дик, сен өз білгенінше іске кіріс,— деді миссис Уэлдон.
— Том екеуің жер шолуға барыңдар, ал басқаларыңыз сіздерді осында
күтетін болайық.
— Мəселе шешілді!— деді Бенедикт ағай өте байсалды үнмен.— Ал
мен, жергілікті жəндіктермен танысуға барамын.
— Бенедикт мырза, сізден өтініп сұрайтыным,— деді Дик Сэнд,— тек
қана алысқа ұзай көрмеңіз.
— Алаң болма, шырағым.
— Ең бастысы — бізге москитерді айтақтап өшіктіре көрмеңіз!—деп
үстеді Том.
Бірнеше минуттан соң энтомолог өзінің ең қымбат санайтын мүлкі —
қаңылтыр қобдишасын мойнына асты да, үңгірден шығып тоғайға қарай
тартты.
Бенедикт ағай мен Негоро үңгірден қатар шықты. Негоро, адам баласы
тек қана өз қара басының қамын ойлау — табиғи іс деп түсінетін сияқты.
Бенедикт ағай арғы беттегі тоғай шетіндегі бұталарға баруға ыңғайланып,
төскейге тырмысқан кезде, Негоро аяғын жайлап басып, өзен сағасына
барды да, жоғары өрлеп кете берді.
Миссис Уэлдон ұйықтап жатқан бөбегін Нанның тізесіне жатқызып,
жағалаудың қайраңына қарай жүрді. Дик пен басқа негрлер оның соңынан
ерді.
Тасқынның кейін тепкенін пайдаланып қираған кемеге бару керек
болды, онда кішкене отрядтың мұқтажына жарарлық зат əлі көп еді.
«Пилигрим» соғылып қираған су астының, құз тастары енді.
жалаңаштанып ашылып қалыпты. Қираған бөлшектерінің арасында
кеменің қаңқасы жатыр. Бұрын оны бүтіндей дерлік су басқан еді, қазір
ашылып қалуы Дикті таң қалдырды. Тынық мұхиттың американ
жағалауында тез қайтып кететін күшті тасқынның болмайтынын бала жігіт
жақсы білетін-ді. Бірақ бұл ғажап көріністі теңіз жақтан соққан күшті
желдің əсерінен болды деп шамалады ол.
Өздерінің қирап қалған кемесін көргенде, миссис Уэлдон да, оның
жолдастары да жандары ашып қатты қынжылды. Бұлар «Пилигрим»
үстінде қаншама күндер өткізді. Қаншама ауыр халдерді бастарынан
кешірді! Мачталары мен желкендерінен жұрдай болып, өлген малдың
өлексесі құсап, бір жамбастап қирап жатқан кемені көргенде, адамдардың
жүректері қысылып, ауыздарына тығылғандай болды. Əйтсе де кеме
мүлдем қирап бітпей тұрғанда, ондағы өте қажетті заттарын алулары керек
болды.
Дик бастаған бес негр кеме палубасына оңай шықты. Кеме бортында
салбырап тұрған арқандарға жармасып, Том, Геркулес, Бат пен Остин
камбузда қалған азық-түлік пен ішімдіктерді далаға таси берді, ал Диктің
өзі бас қойманы қарауға кетті. Апаттан соң кеме корпусын бүтіндей су
басып қалса да, жолаушылардың несібесіне қарай, бас қоймаға əлі су кіре
қоймаған екен.
Диктің қоймадан тапқан заттары: атуға толық жарайтын төрт карабин
жəне жүзге тарта патрон. Егер де жергілікті халықтар өздеріне шабуыл
жасай қалса, қарсыласа аларлықтай болып кішкене отряд жақсы қаруланып
алды.
Дик Сэнд қалта фонарын алуды да ұмытқан жоқ. Кеме тұмсығындағы
каютада географиялық карта бар-ды, қырсыққанда, оған су өтіпті де,
пайдалануға жарағысыз болып істен шығыпты.
Кит соятын үлкен-үлкен пышақтар бар-ды, Дик Сэнд солардың алтауын
алып жолдастарының қаруын толықтырды. Сонымен қатар, ешкімге зиян
келтіре алмайтын тағы бір мылтық алды,— ол кішкентай Джектің
ойыншық мылтығы еді.
Кеме үстіндегі басқа заттар апат кезінде қирап бүлінген немесе су тиіп
істен шыққан. Дегенмен, жақын маңдағы ел мекендеген жерге жету үшін
бар болғаны бірнеше күн жол жүру керек болса, отрядтың жүгін
ауырлатудың қажеттігі де шамалы. Сөйтіп, азық-түлік пен қару-жарақ
артығымен жетерлік болды.
Ақырғы минутта миссис Уэлдонның, кемеде қалған ақшаны да ала
шығарсың деген кеңесі Диктің есіне түсті. Ол небары бес жүз доллар ақша
тапты, бірақ ондағы ақша оншалықты аз емес еді, миссис Уэлдонның өзі
ғана көп ақшамен келе жатқан.
Диктен бұрын келіп кемеден ақша іздеген тек қана Негоро болуға тиіс.
Миссис Уэлдон мен капитан Гульдің жинаған ақшасын алуға Негоро ғана
суық қолын сұға алады. Бұл ұрлықты басқа ешкімнен күдіктенудің ыңғайы
жоқ. Сонда да болса Дик Сэнд алғашқыда қобалжиын деді. Ол Негоро
туралы не біледі? Негоро жұрттан бөлініп оңаша жүретін тұйық адам,
басқа біреудің қайғысы оған ойын сияқты, Диктің білетіні осы ғана. Бірақ
оның бұл мінезі зұлымдықтың белгісі бола ала ма? Дик Сэнд не ойларын
білмеді. Ал енді бұл ұрлық жөнінде басқа кімнен сезіктену керек?
Негрлердің біреуі ұрлады деуге бола ма? Бірақ бұлар адал адамдар, оның
үстіне олар миссис Уэлдон мен Диктің қасынан аттап та шыққан жоқ, ал
Негоро жағалауды кезіп ұзақ жүрген. Жоқ, Негородан басқа ешкім емес,
ақшаны ұрлаған тек қана Негоро!
Негоро қайтып келісімен Дик Сэнд одан жауап алуға ұйғарды, тіптен
керек деп тапса, оны тінтуге де ойы кетті. Бұл уақиғаны ақырына дейін
тексеру керек.
Күн еңкейіп, көктің теңізбен ұштасқан жеріне таянып қалған. Іңір өте
қысқа болып, лездің арасында қараңғылыққа ауысты. Бұл жағдай, кеменің
апатқа ұшыраған жері Козерог тропигі мен экватор аралығының бір жер
болса керек деген Диктің шамалауын қостағандай болды,
— Түн дауылды болады екен! — деді Том қарт көкжиектегі
шоғырланған бұлтты көрсетіп.
— Ие,— деп Дик Сэнд оның сөзін қостады,— желдің құйқылжуы тегін
емес сияқты. Бірақ одан бізге келер-кетері жоқ! Кемеміз болса да қирады,
енді дауылдың бізге тигізерлік зияны да қалмады ғой!
Түннің қараңғы болатыны мəлім еді, сондықтан негрлер үңгірдің кіре
беріс аузын кезек күзетіп шығуға ұйғарды. Жəне сақ төбет Динго бар ғой,
оған алаңсыз сенуге болады.
Миссис Уэлдон, Дик Сэнд жəне негрлер үңгірге қайтып келді. Олар
Бенедикт ағайдың əлі күнге қайтпағанын енді ғана білді. Геркулес өзінің
алып денесін керіп, өкпесін желге кернетіп, бар даусымен айқайлап
ғалымды шақырды, сол сəтте аяғын шапшаң басып тік төскейден төмен
түсіп келе жатқан энтомологтың қарасы да көрінді, егер жазатайым аяғы
тайып құлай қалса, төскейден домалап мойны үзілуінде сөз жоқ.
Бенедикт ағай қатты күйініште еді. Ол орман кезіп, коллекциясынан
лайықты орын аларлықтай бірде-бір жаңа жəндік таппаған. Онда
қырықаяқ, сколопендр, тағы басқа көпаяқтылар есепсіз кеп екен, бірақ
олардан басқа түк те жоқ-ты. Ал Бенедикт ағайдың ондайларда ешқандай
жұмысы болмайтын.
— Бес мың, бəлки, тұтасынан алты мың миль жол жүрген шығармыз,—
деп қынжылды ол,— сұрапыл дауылға ұшырап қаншама азап шектік,
апатқа ұшырадық, мұның бəрі ақырында заяға кетті, энтомологиялық музей
біткеннің көркі боларлықтай американ алтыаяқтыларының бірде-бірі
табылмады деген не сұмдық?! Жоқ, жоқ, есіл еңбек зая кетті-ау!
Бенедикт ағай сөзін қорыта келіп, мына сүйкімсіз жағалауда бұдан
былай бір сағат тұрғысы келмейтінін айтты, сонымен қатар бəрінің де
тезінен жолға шығуларын талап етті.
Бұл сақалды сəбиді миссис Уэлдон тыншайтты. Ертең іздегеніңізді
тауып бақытқа кенелесіз, деп сендірді келіншек. Бұдан кейін бəрі үңгірге
кіріп, күн шыққанша дем алғалы жатты.
Бұл арада Том, Негороның əлі күнге қайтпағанын ескертті.
— Ол қайда жоғалып кетті екен? — деп сұрады миссис Уэлдон.
— Оның бары-жоғында біздің ісіміз жоқ! — деді Бат.
— Мен бұған, керісінше, қарсымын,—деді миссис Уэлдон,— қайта ол
кісінің қашан да болса бізбен бірге болып көз алдымыздан кетпегенін тілер
едім.
— Дұрыс айтасыз, миссис Уэлдон,— деді Дик Сэнд,— егер ол біздің
арамыздан өз ықтиярымен кеткісі келсе, зорлап тоқтатуға болмайды ғой.
Кім біліпті, Негороның бізден құтылғысы келетін себебі бар шығар?
Ақырында Дик Сэнд жас əйелді оңаша шығарып алып, оған өзінің
сезігін айтты. Миссис Уэлдон Диктің айтқан сөздеріне ешқандай таңданған
жоқ. Бұрынғы кеме аспазына оның да күдігі жеткілікті еді.
— Егер Негоро қайтып орала қалса,— деді ол,— демек, ол ұрлаған
ақшасын бір сенімді жерге жасырып үлгірген болады. Олай болса, біз оны
айғақты затымен қолға түсіре алмаймыз. Меніңше ақшаның ұрланғанын
сезбеген болуымыз жөн, өз сезігіміз туралы үндемеуіміз керек, ең дұрысы
— осы.
Миссис Уэлдонның пікірі дұрыс еді, мұны Дик те мақұлдады.
Бұл арада Геркулес Негороны бірнеше рет дауыстап шақырды. Бірақ
Негородан жауап жоқ: əлде ол алысқа ұзап кетті де, айқайлаған дауысты
естімеді, немесе бұларға қайтып қосылғысы келмеді.
Негрлер португалдан құтылғанына ешқандай өкінген жоқ. Бірақ
Негороның бірге жүріп істеген дұшпандығы оншама қауіпті емес, оның
шеткері жүріп істеген қастығы аса қауіпті деп миссис Уэлдон дұрыс айтып
еді.
Кеме аспазының бейтаныс жерде жападан-жалғыз жүруге батылдық
еткенін қалай жоруға болады?
Əлде ол адасып кеткен болар? Немесе көзге түртсе көргісіз қараңғы
түнде, үңгірге қайтатын жолды таба алмай қалуы да ықтимал?
Миссис Уэлдон мен Дик Сэнд бұл жағдайды қалай жоруға білмеді.
Бірақ Негоро сол құрығаннан мүлдем құрып кетсе де, оған бола
үңгірдегілердің соншалықты қажетті демалыстан қалар жайы жоқ.
Динго жағалаудағы қайраңды кезіп əрлі-берлі жүгіріп жүр еді, кенет
өршелене абалап қоя берді.
— Динго неге үрді екен? — деді миссис Уэлдон.
— Қазір білемін,— деп жауап қатты Дик Сэнд.— Мүмкін, Негоро келе
жатқан болар?
Сол сəтте Дик, Геркулес, Бат, Актеон — төртеуі үңгірден шықты. Бірақ
олар қаншама тесіле қараса да, жағалаудан ешкімді көре алмады. Динго да
абалағанын қойды.
Барлаушылар үңгірге қайтып келді. Негрлер түнгі күзетті өзара бөлісіп
алды да, басқа жолаушылар тегісінен ұйқыға енді.
Тек қана миссис Уэлдон ұйықтай алмай, дөңбекши берді. Бұлардың
сарғая күткен жері, өзіне деген үмітті ақтай алмаған сияқты, бұл жер ең
болмаса қауіп-қатерсіз тыныштық та бере алмады.
Он бесінші тарау
ГЭРРИС
Ертең жетінші апрель деген күні түнде, таң алдындағы күзетте тұрған
Остин, Дингоның өршелене абалап өзенге қарай жүгіріп кеткенін көзі
шалды. Сол сəтте миссис Уэлдон, Дик Сэнд жəне негрлер үңгірден жүгіре
шықты.
— Динго адамның немесе бірер хайуанның дыбысын сезген, - деді
жасөспірім.
— Басқа біреу болса болар, əйтеуір Негоро емес,— деді Том,— Динго
оған ерекше ызалана үреді.
— Негоро қайда болды екен? — деп сұрады миссис Уэлдон, Дикке көз
қиығын тастап, мұның мəнісіне тек қана Диктің өзі түсінді.— Егер бұл
Негоро болмаса, онда кім болғаны?
— Оның кім екенін қазір білеміз, миссис Уэлдон,— деді Дик Сэнд.
Сосын Бат пен Остинге жəне Геркулеске қарап: — қане, достарым, мылтық
пен пышақ алыңдар да, менің соңымнан еріңдер,— деп үстеді.
Бəрі де белбеулеріне пышақ қыстырып, қолдарына мылтық алды.
Сосын төртеуі де мылтықтарын əп-сəтте оқтап алып, аяқтарын тез басып
өзен жағалауына қарай жөнелді.
Миссис Уэлдон, Актеон жəне Том қарт үңгірдің кіре беpic аузында
қалды, үңгірде ұйықтап жатқан кішкентай Джекті кəрі Нан бағып отыр.
Күн жаңа ғана көтерілген. Оны биік жар қалқалап тұрғандықтан,
жағалаудың қайраңын əлі көлеңке басып жатыр. Бірақ, теңіздің батыс жағы
сонау көкжиекке шейін алғашқы түскен күн сəулесімен жарқырап тұр еді.
Дик пен үш негр жарды жағалап, өзен сағасына қарай тез аттап келе
жатты.
Бұларды өзен сағасында Динго күтіп алды. Ит тұрған жерінен табан
серіппей үріп тұр. Ол адамның өзін көрді немесе дыбысын сезді, əйтеуір
оның адамға үргені анық.
Том қарттың айтқаны келді: Динго өзінің ескі дұшпаны Негороға
үрмеген екен.
Құзды қиядан төмен түсіп бір адам келе жатыр. Ол жағалаудағы
қайраңды бойлап, итке күшімдей түсіп, аяғын балпан басып, ілгері жүрді,
оның ашулы тəбеттен қорыққаны көрініп тұр.
— Мынау Негоро емес,— деді Геркулес.
— Негороның орнына басқа біреу келсе, зиян тарта қоймаспыз,— деді
Бат.
— Бұл жергілікті халықтан болса керек,— деді жасөспірім.— Мұның
пайда бола кетуі, алысқа ұзап жер шолудан бізді құтқаратын болды.
Əйтеуір өзіміздің қай жерде екенімізді білетін болдық!
Төртеуі де мылтықтарын арқаларына асынып, жат адамға қарсы жүрді.
Бейтаныс бұларды көріп таң қалды. Жағалаудың осы бөлегінен адам
кездестірем деп күтпеген тəрізді ол. «Пилигримнің» сынықтарын оның əлі
көрмеуі мүмкін, əйтпесе апатқа ұшырағандардың жағалауда екенін білер
еді. Анығын айтқанда, түнгі соққан дауыл кеме қаңқасының быт-шытын
шығарып талқандаған болатын, енді оның теңіз бетінде тек кейбір
сынықтары ғана қалқып жүр.
Бейтаныс өзіне қарсы келе жатқан қарулы адамдарды көріп, қалт тұра
қалды, мылтығын дереу қолына алды да, қайтадан иығына асты.
Əйтсе де Дик Сэнд оған сəлем беріп, қолын бұлғады. Сірə жат адам
өзіне қарсы келе жатқандардың бейбіт ниетте екенін түсінсе керек, сəл
уақыт толғанып тұрды да, сосын бұлардың қасына келді.
Дик Сэнд оны анықтап көрді.
Бұл, өңіне қарағанда, жасы қырықтарды қусырған, сақал-шашы бурыл
тартқан, ойнақы көз, беті күнге күйіп қарая түскен бойшаң адам еді. Бұл
сияқты күнге күйіп тотығушылық көшпелілерде, өмір бойы орман аралап
сахара кезіп таза ауада жүретін адамдарда ғана болады. Бейтаныстың
басында етекті қалпағы, үстінде тері курткасы, тері шалбары бар. Қонышы
тізесінен асқан былғары етігінің сірісіне үлкен шпор байлап алған, аттаған
сайын сылдыр қарады.
Дик Сэнд өздерінің алдында тұрған пампастың жергілікті адамы емес
екенін бір қарағаннан-ақ таныған еді, шынында да солай боп шықты. Мұны
шетелдік, сезікті аватюрист деуге болады, алыста жатқан шала жабайы
елдерде мұндайлар аз емес. Оның түрі мен жирендеу келген сақалына
қарағанда, ағылшын-саксон қанды адам деуге болады. Əйтеуір ол
жергілікті халық та, испан да емес.
Дик Сэнд бейтаныс адамға ағылшын тілінде сəлем беріп еді, о да сол
тілмен ешбір мүлтіксіз:
— Хош келіпсіз, жас достым! —деп жауап қайырды.
Диктің жорамалдауы шынға айналды. Ол таяу келіп Диктің қолын алды.
Жат адам Диктің негр жолдастарына тек қана басын изеп қойды.
— Сіз ағылшынсыз ба? — деп сұрады ол жасөспірімге қарап.
— Американмын,— деп жауап қатты бала жігіт.
— Оңтүстік пе?
— Жоқ, солтүстік.
Бұл жауап бейтаныс адамды қуантқандай болды. Ол нағыз американ
салтымен Диктің қолын қайта алып сілкіп-сілкіп қойды.
— Жас достым, бұл жағалауға қалай келіп қалғаныңызды сұрауға болар
ма екен?
Бірақ Дик Сэнд жауап қайырып үлгірмей-ақ, бейтаныс адам басындағы
қалпағын алды да, иіліп тəжім етті.
Миссис Уэлдон құм үстінде аяғын ептеп басып, олардың алдына келіп
тоқтаған еді.
Бейтаныс адамның сұрағына миссис Уэлдонның өзі жауап қайырды.
— Сударь,— деді ол,— біз апатқа ұшырадық. Біздің кемеміз жағалау
маңының су асты құзына соғылып, кеше ғана қирады.
Бейтаныс адам жаны ашып қынжылғандай болды. Мұхитқа бетін
бұрып, апаттың ізін көзімен шолды.
— Кемеміздің түгі де қалған жоқ,— деді Дик Сэнд.— Оның тасталқаны шыққан, қалдық жаңқаларын бүгін түнде толқын шайып əкетті.
— Бəрінен бұрын,— деді миссис Уэлдон,— өзіміздің қай жерде
екенімізді білсек деймін.
— Оңтүстік Америка жағалауындасыздар,— деп жауап қатты бейтаныс.
Ол миссис Уэлдонның сұрағына таңданған сияқтанды.— Сіздер мұны
қалайша білмейсіздер?
— Ие, сударь, анық біліңкіремейтінім рас,— деді Дик Сэнд.— Біз бұл
жөнінде, күмəнді едік, өйткені жел кемені бағытынан тайдырып басқа
жаққа айдап əкетуі мүмкін, ал мен болсам, өзіміздің қай жерде екенімізді
анықтауға мүмкіндігім болмады. Бірақ, менің сізден өтініп сұрайтыным,
біздің нақ қай жерде екенімізді дəлелдеңкіреп айтсаңыз екен. Перу
жағалауында болсақ керек, дұрыс емес пе?
— Жоқ, жоқ, жас достым! Аздап оңтүстікке таман. Сіздердің апатқа
ұшыраған жеріңіз Боливия68 жағалауы. Дəлдеңкіреп айтқанда, Боливияның
оңтүстік бөлегі, Чили шекарасында деуге болады.
— Сіздер мына мүйісті не деп атайсыздар? — деп сұрады Дик Сэнд,
солтүстік жақты көрсетіп.
— Бір өкінішті жері, мен мұны білмеймін,— деп жауап қатты бейтаныс.
—Мен бұл елдің орталық өлкелерімен жақсы таныспын, өйткені онда жиіжиі барып тұруыма тура келді, бірақ бұл жағалауға бірінші рет келіп
тұрғаным осы.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Он бес жасар капитан - 09
  • Büleklär
  • Он бес жасар капитан - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3970
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2024
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1906
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1909
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1786
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4093
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1890
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1877
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4087
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1940
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4002
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1925
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4044
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2097
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4117
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4024
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1951
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4088
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4129
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2211
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4063
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1979
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2120
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4203
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 635
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 465
    48.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    67.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.