Latin Common Turkic

Он бес жасар капитан - 05

Süzlärneñ gomumi sanı 3944
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Жақын маңдағы құрғақ жерден мың миль шамасы қашықта, ұшықиыры жоқ тынық мұхиттың қақ ортасында, капитаны мен матростарынан
айрылған кеменің ендігі тағдыры бейшаралыққа түсіп жел мен ағыстың
ойыншығы болу ғана.
Бұл жолақжонды «Пилигримге» душар еткен қандай ғана қырсық
тағдыр екен? Капитан қашан да болса алдағысын болжай жүретін сақ адам
еді, оны осы жолғы қайырсыз кəсіпке итермелеген қай зұлым тағдыр?
Кит аулау кəсібінің тарихында, бір қайық экипажымен түгелдей
жойылып кету өте сирек кездесетін уақиға.
Қалай да капитан Гуль мен бес матростың қазасы жан түршігерлік апат!
«Пилигримнің» негізгі командасынан ешкім қалған жоқ, айтпақшы біреуі
қалған; ол, Дик Сэнд... Бірақ Дик он бес жасар балғын жас, əлі бала ғой.
Осы бала енді капитанның да, боцманның да, бүкіл экипаждың да орнын
басып бəрінің жұмысын атқаруға тиіс.
«Пилигрим» үстіндегі жұмысқа жарарлық адамдарды санасақ, тағы бес
негр бар, олар ержүрек адал адамдар болғанымен теңіз кəсібінен түк
хабарлары жоқ.
Дик Сэнд қозғалмастан палубада ұзақ тұрды. Ол екі қолын көкірегіне
айқастыра ұстап, өзінің əкесіндей жақсы көретін адамы — капитан Гульді
жұтқан суға қарады.
Сосын көкжиекті көзімен айнала бір шолып өтті. Жəрдем сұрауға,
немесе, ең болмаса миссис Уэлдонды паналатарлықтай бірер кеме көрінер
ме деп үміттенген-ді. Ол «Пилигримнен» кетуді ойлаған да жоқ, айта
көрмеңіз! Кемені жақын маңдағы бірер портқа жеткізудің барлық амалын
істейді ол. Бірақ миссис Уэлдон мен оның бөбегі басқа кемеде болса, қауіпқатерден аулақ жəне бұл екеуінің өмірін ойлап Диктің мазасы кетпес еді.
Мұхит бетінде жанды қара көрінбейді. Жолақжон ғайып болғаннан
кейін «Пилигрим» маңында тек аспан мен судан басқа түк те жоқ.
Сауда кемелерінің əдеттегі жүретін жолынан «Пилигримнің» шеткері
екенін жəне жылдың бұл маусымында кит аулаушы флоттардың бəрі
оңтүстік жақта, алыста жүргендерін Дик Сэнд жақсы білетін-ді.
Ол қауіп-қатердің бетіне тайсалмай тіке қарау керек екенін де жақсы
ұғынды.
«Енді не істеу керек?» — деп сұрады ол өзінен өзі.
Осы сəтте кеме аспазы палубаға шықты.
Негоро қырсықты аңшылықтың күллі жағдайына аса зер сала қарады,
бірақ тіс жарып бір ауыз сөз айтпады, ешқандай қимыл да жасаған жоқ.
Орны толғысыз қазаның оған қандай пікір туғызғаны ешкімге мəлім емес.
Дик Сэнд кормода тұр еді, Негоро енді жайлап басып соған қарай жүрді
де, жасөспірімге үш қадамдай таяу барып тоқтады.
— Сіз маған бірдеңе айтайын деп пе едіңіз? — деп сұрады Дик Сэнд.
— Жоқ, — деп аспаз жауапты салқын қайырды. —Мен капитан Гульмен
немесе боцман Говикпен сөйлесейін деп ем.
— Сіз олардың қаза тапқанын білесіз ғой,— деп айқайлады Дик.
— Енді кеменің командирі кім? — деді ол беті бүлк етпестен.
— Мен!— деді жасөспірім қобалжымастан.
— Сіз?! — деп Негоро иығын қозғап қойды.— Он бес жасар капитан?!
— Ие, он бес жасар капитан! — деп Дик Сэнд аспазға қарай бір аттады.
Негоро ығыса бастады.
— «Пилигримде» капитан бар,— деді миссис Уэлдон.— Ол — Дик
Сэнд. Жаңа капитанның əркімді орны-орнына қоя білетінін ұғынып
алуларың теріс болмас.
Негоро тəжім етті, сосын мыңқылдап сықақтай бірнеше ауыз сөз айтқан
болды да, камбузына тайып тұрды, оның не айтқанына ешкім түсінген жоқ.
Сөйтіп, Дик Сэнд тəуекелге бел байлады.
Осы кезде жел де жандана бастап, кеме «кит көжесінің» қызыл алаңын
артқа салды.
Дик Сэнд желкенге қарап, сосын палубаны шолды. Жасөспірім өз
мойнына түскен жауапкерлік соншалықты зор болса да бас тартуға хақы
жоқ екенін сезді. Кемедегі барлық жолдастарының назары өзіне ауғанын,
бұл адамдарға сенуге болатынын олардың көздерінен оқып білді, бұлар да
маған сене алады деді ол өзіне өзі.
Дик өз күшін аса бағаламады. Том мен оның қасындағы төрт негрдің
жəрдемімен, қажетті жағдайға қарай желкендерді көтеріп немесе түсіріп
қоюға болады. Бірақ ол кеменің дəл қай жерде тұрғандығын шамалауға
өзінің білімі жетпейтінін мойындады.
Дик Сэнд төрт-бес жыл теңізде жүрсе, қиын да қызғылықты теңіз
мамандығын түгел үйреніп алар еді. Сол уақыттың ішінде, капитан Гульдің
күн сайын мұхиттың кеме тұрған ендігін шамалайтын сектант құралын
қалай пайдаланғанын да үйренер еді-ау. Гринвич меридианының уақытын
көрсететін хронометр35 капитан Гульге бойлықты білдіретін. Күн — оның
сенімді кеңесшісі болған. Ай мен жұлдыздар: «сенің кемең пəлен жерде
тұр!» — деп хабарлайтын. Оның мүлтіксіз де, қателеспейтін алып
сағатының циферблаты — аспан əлемі де, керсеткіш тілі — жұлдыздар
болатын. Бұлар кеменің жүрген жолының мөлшерін күн сайын баяндап
тұратын-ды. Астрономиялық бақылау «Пилигримнің» тұрған жерінен
баратын жерінің бір миліне шейін дəл көрсететін-ді.
Ал Дик Сэнд кеменің тұрған жерін тек компас пен лагтың36 көрсетуімен
ғана шамалай алады.
Сөйтсе де Дик Сэнд сасқан жоқ.
Миссис Уэлдон ержүрек баланың ішкі дүниесінде болып жатқан
құбылыстың бəрін білді.
— Рақмет, Дик! — деді ол салмақты үнмен.— Капитан Гуль өлді.
Онымен бірге бүкіл экипаж да қаза тапты. Енді кеменің тағдыры сенің
қолыңда. Кемені де, біздің бəрімізді де сен құтқарады деп сенемін.
— Ие, миссис Уэлдон,— деді Дик,— мен бұл сенімді ақтауға тырысып
бағармын...
— Том да, оның жолдастары да адал адамдар. Сенің оларға толық
сенуіңе болады.
— Мен мұны білемін. Мен оларға теңіз ісін үйретемін, сөйтіп кемені
бірге басқарамыз. Ауа райы жақсы уақытта бұл оншалықты қиын іс емес.
Егер ауа райы бұзыла қалса... е, қайтуші еді, біз қолайсыз ауаны да жеңеміз,
миссис Уэлдон, сізді де, кішкентай Джекті де, басқаларды да құтқарамыз!
Мұны жүзеге асыруға күшім жетеді деп сенемін!
— Сен қазір «Пилигримнің» қай жерде екенін білесің бе?— деп сұрады
миссис. Уэлдон.
— О, мұны білу оп-оңай,— деді Дик.— Картаны қарасақ болғаны: кеше
капитан Гуль біздің тұрған жерімізді картадан белгілеп жатқан.
— Баратын жағымызға кемені алып бара аласың ба?
— Апара алармын деп сенемін. Біз американ жағалауындағы елге
жетуіміз керек, кемені соған қарай жүргіземін жəне сол бағытқа бет
түзеймін.
— Дик, сен мына апаттың салдарынан алғашқы бағытымызды өзгертуге
мəжбүр екенімізді білетін боларсың?
«Пилигримнің» Вальпарайсоға бармайтыны өзінен өзі түсінікті. Жақын
маңдағы американ портына жетуіміз керек - кемені апаратын жерің сол!
— Тыңдап тұрмын, миссис Уэлдон,— деп жауап қатты Дик.—
Қысылмаңыз, американ континенті оңтүстіктің қиыр шетіне қарай созылып
жатыр. Біз қайтсек те оған соқпай кете алмаймыз.
— Ол қай жақта? — деп сұрады миссис Уэлдон.
— Ана жақта...— деп Дик шығысқа қарай қолын шошайтты.
— Сөйтіп, кеме Вальпарайсоға бара ма, немесе Американың басқа бір
портына бара ма, біз үшін бəрібір. Біздің бар мақсатымыз — құрлыққа
жету!
— Біз онда жетеміз, миссис Уэлдон! — деді жасөспірім сенімді түрде.
—Сізді қауіпсіз орынға жеткізуге кепілмін. Құрғақ жерге жуық маңда
каботаждық37 рейс жасап жүрген бірер кемеге кездесерміз деген үмітім зор.
Миссис Уэлдон, сіз байқайсыз ба, солтүстік-батыстан жел соға бастады.
Егер соққан ыңғайынан айнымаса, жағалауға қалай жетіп қалғанымызды
білмей де қалармыз. Желкен біткенді тегіс көтерсек, атқан оқтай
зымыраймыз!
Жас матрос бұл сөздерді өз кемесін бағалай білетін жəне оны нендей
қиын-қыстау жағдайда болса да дегеніне көндіре алатынына көзі жететін
тəжірибелі, көпті көрген ескі теңізшілерше толық сеніммен айтты.
Дик Сэнд енді желкен көтеріп штурвалға38 тұруға ыңғайланып еді,
миссис Уэлдон алдымен «Пилигримнің» қай жерде екендігін анықтау
қажет екенін ескертті.
Шынында да, бұл бірінші кезектегі мəселе еді. Дик Сэнд капитан
Гульдің каютасына барып, өткен күні кеменің қай жерде болғандығы
жайлы белгі салынған картаны тауып алды. Ол енді миссис Уэлдонға
«Пилигримнің» 43°35' оңтүстік ендік пен 114°13' бойлықта болғандығын
картадан көрсете алады. Өткен тəуліктің ішінде кемені бір орыннан
қозғалмады деуге боларлық еді.
Миссис Уэлдон картаға үңілді. Ол жер белгісі салынған қоңырқай даққа
қадала қарады. Бұл Тынық мұхит пен Атланд мұхитының арасын бөліп
тұрған Оңтүстік Америка жағалауы — үлкен бөгет еді. Оңтүстік Америка
жері ғана емес, тіптен шексіз мұхит түгелдей сыйып тұрған картаға
қарағанда, құрғақ жер өте жақын жəне оған жету оншалықты қиынға
соқпайтын сияқты көрінді. Мұндай алдамшы əсер карта масштабына көзі
үйреніп əдеттенбеген адамдардың бəрінде де бола береді.
Миссис Уэлдон жерді бір табақ қағаздан көріп, нағыз жердің өзі жақын
жəне оған жетуге болады екен деп жорыды.
Егер дұрыс масштабымен «Пилигримнің» суреті осы бір табақ қағазға
түсірілсе, микроскоппен қарағанда ғана көрінетін тым ұсақ жəндіктерден
де кішкене боп көрінер еді. Көлемін біліп болмайтын математикалық нүкте
сияқтанып, ұшы-қиырсыз мұхит кеудесінде жалғыз қалған «Пилигрим» де
картаға түскенде көрінбей қалар еді.
Диктің пікірі, миссис Уэлдонның пікірінен мүлдем басқа болды. Ол
кеме мен құрғақ жердің арасы орасан алшақ, көптеген миль екенін білді.
Бірақ бұл жағдай оның қажырлы жігерін мұқата алмады. «Пилигрим»
үстіндегі адамдардың тағдырына жауапкерлік, бала жігітті егде адам
қатарына қосты.
Іске кірісіп əрекет ететін уақыт жетті. Солтүстік-батыстан жел тұрып,
сағат сайын күшейе түсті, бұлар енді ыңғай соққан желді пайдаланып
қалулары керек. Түпсіз аспанда қалқи көшкен селдір бұлт бар, оған
қарағанда жел жуық арада басыла қоймайтын тəрізді.
Дик Сэнд Том бастаған төрт негрді қасына шақырып алып:
— Достарым,— деді ол,— «Пилигримде» бізден басқа экипаж жоқ.
Сіздердің көмегіңізсіз ешбір маневр жасай алмаймын. Əрине, сіздер
теңізші емессіздер, бірақ сіздерде қарулы білек бар. Егер де сіздер күш
аямайтын болсаңыздар, біз «Пилигримді» басқара аламыз. Біздің аман-есен
жер басуымыз осыған байланысты.
— Капитан Дик,— деді Том,— менің жолдастарым жəне өзім де сіздің
матросыңыз болуға жан-тəнімізбен ризамыз. Күш-қуатымызда мүлтік жоқ.
Бес адам сіздің басшылығыңызбен қолынан келгенінің бəрін істейді, істей
алады да!
— Том қарт, тамаша айттыңыз! — деп айқайлады миссис Уэлдон.
— Алайда, біз сақтық тəртібін сақтауға тиіспіз,— деді Дик Сэнд.— Мен
ешқандай орынсыз тəуекелге көз жұмып аяқ баспаймын, желкен біткеннің
бəрін көтермеймін де. Жай жүрсек, аздаған уақыт ұттырармыз, бірақ оның
есесіне қауіп-қатерден аулақ боламыз. Жағдайдың жатқа қақсап бізге
айтатыны осы тоқтам. Мен сіздерге қазір міндетті орындарыңызды
көрсетемін. Ал, өзім əлімнің келгенінше штурвалда тұрам. Ара-тұра бірер
сағат ұйықтап та алармын. Бірақ менің демалысым соншалықты аз болса
да, штурвалды иесіз қалдыруға болмайды, сондықтан сіздердің біреуіңіз
менің орныма тұра тұруға тура келер. Том, қаласаңыз штурвалды сізге
үйретейін? Компастың көрсетуімен кемені бағытқа қарай жүргізу
оншалықты қиын емес. Талабыңыз болса, кемені бағдарға туралап ұстауды
оп-оңай үйреніп аласыз.
— Мен əзірмін, капитан Дик,— деп жауап қатты қарт негр.
— Жақсы,— деді жасөспірім.— Кешке шейін менімен бірге штурвалда
тұрыңыз, егер əлім құрып жығыла қалсам, сіз күні бүгін-ақ менің орныма
тұра алатын боласыз.
— Ал, мен ше? — деп сұрады кішкентай Джек.— Менің Дикке
тигізетін ешқандай пайдам жоқ па?
— Сенің оған пайдаң тиетіні сөзсіз ғой, бөбегім! — деді миссис Уэлдон,
баланы бауырына қыса түсіп.— Кеме басқаруды саған да үйретеді, сен
штурвалда тұрсаң, жел ыңғайдан соғатынына сенімім кəміл.
— Əрине, мама, əрине! — деп бала қолын шапақтап айқайлап жіберді.
— Мен бұған уəде берем!
— Ие,— деді Дик Сэнд күліп,— жақсы юнга — кеменің ырысы, ол
жүрген жерде жел де ыңғайдан соғады дейді қарт теңізшілер.
Дик Томға жəне басқа негрлерге қарап:
— Достарым, іске кірісейік! Гротты көтеру керек. Сіздерге істелетін
істің жөнін көрсетейін, сіздер менің нұсқауымды мүлтіксіз орындауға
тиістісіздер,— деп үстеді, жас капитан.
— Бұйырыңыз, капитан Сэнд, біз дайынбыз,— деп жауап қатты Том
қарт.
Оныншы тарау
КЕЙІНГІ ТӨРТ КҮН
Сөйтіп, Дик Сэнд «Пилигримге» капитан болды. Ол уақыт оздырмай
желкен көтеруге ұйғарды.
Жолаушылардың тілегі жалғыз-ақ: қайтсе де тезірек Вальпарайсоға
жету немесе Оңтүстік Америка жағалауының бірер портына іліну. Дик
Сэнд өздерінің бет алған бағыты мен «Пилигримнің» жүрген жүрісінің
тездігін бақылап, жүрістің орташа тездігін есептеп шығарып, күнделікті
жүрген жолының мөлшерін картаға түсіріп отыруға ұйғарды. Мұны
орындау үшін компас пен лаг болса жетіп жатыр.
Кемеде винтпен айналып жұмыс істейтін патент-лаг бар-ды. Бұл
құралдың циферблатындағы тілі, белгілі бір уақыттың арасында кеменің
жүріс тездігін көрсетіп отырады. Патент-лаг зор қызмет атқара алады;
құралдың құрылысы оп-оңай, мұны пайдаланудың əдісін үйрену,
«Пилигримге» жаңа келген тəжірибесіз матросқа да қиын емес.
Бірақ мұның есептен жаңылдыратын бір жері бар — ол теңіз ағысы.
Лаг та, компас та ағыс күшін есептей алмайды. Ашық теңізде кеменің
дəл қай жерде екендігін тек қана астрономиялық бақылаумен шамалауға
мүмкіндік бар. Бірақ олардың сорына, астрономиялық бақылау жүргізуді
жас капитан біліңкіремейтін-ді.
Алғашқыда Дик Сэнд «Пилигримді» Жаңа Зеландия жағалауына қарай
кері əкетуге ниеттенген еді. Бұл жол төте де жақын болатын. Егер өнебойы
кеменің алдынан соғып тұрған жел, кенет бұлардың ыңғайына бұрылмаса,
жас капитан алғашқы ниетін орындаған болар еді. Жел бет алған бағытқа
бұрылған соң, Америкаға қарай жүре беру оңайырақ көрінді.
Жел ыңғайы 180° шамасы бұрылды да, енді солтүстік-батыстан соғып,
екпіні күшейе түскен тəрізденді. Мүмкіндігі болғанынша ілгері басу үшін
ыңғай соққан желді пайдаланып қалу керек.
Дик Сэнд барынша бакштагпен39 жүруге ұйғарды.
«Пилигримнің» фок-мачтадағы тік желкені төртеу болатын: мачтаның
төменгі иініндегі фок, стенга марселі, брамстенгадағы брамсель жəне бомбрамстенгадағы бомбрамсель.
Грот-мачтаға кішірек желкендер қойылады: төменгі иінде грот болады
да, оның үстінде топсель тұрады.40
Бұл екі мачтаның аралығындағы штангаларға (бұлар грот-мачтаның
алдыңғы жағына бекітіледі) тағы да көлбеу стаксель желкендердің үш
қатарын қоюға болады.
Кеме тұмсығындағы бушпритке — көлбеу мачтаға сыртқы, ішкі жəне
бом-кливер — барлығы үш кливер қояды.
Кливерді, стакселді, көлбеу гротты рейге шықпай-ақ палубада тұрып
оп-оңай көтеріп немесе түсіріп қоюға мүмкіндік бар. Бірақ желкенді фокмачтаға орнату үшін, теңіз ісіне жетік болу керек. Бұл желкендермен бірер
маневр жасау үшін вантпен41 өрмелеп стенгаға, брамстенгаға немесе
бомбрамстенгаға шығу қажет. Мачтаға тек желкен көтеру үшін ғана
шықпайды, жел кернеген желкеннің аумағын азайту үшін де шығады,
теңізшілер бұл маневрді «риф алу» деп атайды. Сондықтан да матростар
рейға салбыратып байланған арқанмен өрмелеп шығып, бір қолымен
арқаннан ұстап тұрып, енді бір қолымен жұмыс істей білулері шарт. Бұл
маневр, əсіресе, əдеттенбеген адамға өте қауіпті: кеме бортының қырындай
шайқалуын, матрос мачтаны өрмелеп жоғарылаған сайын мачтаның
əдеттегіден тыс қатты шайқалатынын айтпағанның өзінде, оқтын-оқтын
ішін тартып соққан жел екпіні желкенді бірден кернеп, мачта басында
тұрған матросты борттан ұшырып түсіруі ықтимал.
Бақытқа қарай жел екпіні бір қалыптан айнымады. Теңіз толқыны етек
ала қойған жоқ, кеме де онша қатты шайқалмады.
Дик Сэнд капитан Гульдің вымпел көтерген белгісімен «Пилигримді»
апат болған жерге апарғанда, кеменің көлбеу гроты, кливері, фок пен
марселі көтерулі еді. Сөйтіп, кемені барынша бакштагпен жүргізу үшін
енді брамсельді, бом-брамсельді, топсель мен стаксельді көтерсе, жетіп
жатыр.
— Достарым,— деді жас капитан өзінің жəрдемшілеріне қарап,— менің
бұйрығымды дəл орындасаңдар болғаны, жұмыстарың ойдағыдай алға
басады.
Дик Сэнд штурвалда тұрып команда берді.
— Том, травить шток!
— Травит?
Том оның командасына толық түсіне алмады, не істерін білмей арқанға
жармасты.
— Ие деймін, травить! — Штокты босат деген сөз!
— Aha, енді түсіндім!
— Бат, сіз енді Томның істегенін істеңіз! Солай, жақсы Енді шерттіре
тартыңыз! Ие, шерттіре тартыңыз!
— Осылай ма?
— Солай, солай! Өте жақсы! Геркулес, енді сіздің кезегіңіз! Кəне,
шіреніп көріңізші, бұл арада күш керек!
Геркулеске шіреніп көр деу, ойланбағандық еді: алып негр бар күшін
салып тартқанда, арқан үзіліп кете жаздады.
— Оншама қатты тартпаңыз,— деп айқайлады Дик Сэнд күле сөйлеп.—
Сіз бүйтіп тартсаңыз, мачтаны түбінен жұлып құлатарсыз!
— Бұл менің ақырын тартқаным ғой,— деп ақталды Геркулес.
— Мұның аты «ақырын» болса,.. Геркулес, сіз былай етіңіз: арқанды
шындап тартпай, тек қана тартқан болыңыз, Сөйтіңіз, істелетін жұмысты
дəл орындаған болыңыз. Қане, досым! Тағы да... Босатыңыз!.. Солай...
Швартуйте! Ие, швартуйте деймін!.. Түсінбеді! Байлаңдар. Солай, солай.
Жақсы!..
Фоктың барлық желкені жайыменен бұрыла берді.
Желкенді жел кернеп, кеме алға ұмтылды.
Бұдан соң Дик Сэнд кливердің шкотын босатуға бұйырды.
— Достарым, өте жақсы істелді! — деп Дик Сэнд жаңа матростарды
мақтап қойды.— Енді грот-мачтаны үйреніп көрейік. Бірақ сен, Геркулес
абайла, тағы да бірдеңені үзіп алма!
Бұл маневрді матростар оңай істеді. Көлбеу грот тиісті бұрышқа
қойылып еді, дереу жел кернеп, алдыңғы желкеннің күшіне күш қосылды.
Одан соң көлбеу гроттың үстіне топсель көтерді, оны істеу оңай,
гитовидің42 үстінен алып, арқандарын босатып, қайта байлай салса
болғаны. Бірақ Геркулес пен Актеон, кішкентай Джек үшеуі бар күшін сала
шкотты басып еді, гордель үзіліп кетіп, үшеуі бірдей шалқасынан түсті, бір
жақсы жері, ешқайсысы зақымданып, еш жерлері жараланған жоқ. Бала мəз
боп қалды.
— Оқасы жоқ, оқасы жоқ! — деп айқайлады жас капитан.— Үзігін
жалғап жіберіп қайтадан тартыңдар, бірақ қара күшке сала көрмеңдер!
Ақырында желкендер тиісінше керіліп байланып та болды, Дик Сэнд
штурвалдан қозғалған жоқ. «Пилигрим» шығысқа қарай тартып келеді,
ендігі қалған жұмыс, кеменің алған бағытынан аумауын бақылау ғана.
Мұны орындау оңай, өйткені, жел бір қалыпты соғып тұрса, кеме өз
бетімен лағып «қаңғымайды».
— Достарым, тамаша болды бұл,— деді Дик Сэнд.— Сіздер кешікпейақ тəжірибелі матрос боласыздар.
— Тырысып бағамыз, капитан Дик,— деп Том қарт өзінің жолдастары
үшін жауап қайырды.
Талапты матростарды миссис Уэлдон да мақтап қойды. Мақтаудың да
пайдасы тиді, кішкентай Джек тыным таппай жұмыс істеді.
— Джек, мына арқанды сен үздің-ау деймін,— деді Геркулес күле
сөйлеп.— Өзің сонша күшті екенсің ғой! Сен болмасаң қайтер едік!
Бала мақтанғанынан құлағына дейін қызарып, досының қолын ұстап
қатты қысты да қатты-қатты сілкіп қойды.
Əйтсе де, «Пилигримде» əлі де болса көтерілмеген желкендер бар-ды.
Брамсель, бом-брамсель жəне стаксель көтерілмеген болатын. Алайда
бакштагпен жүзгенде бұл желкендер де көтерулі болса, «Пилигримнің»
жүрісі недəуір тездеген болар еді.
Дик Сэнд бұл желкендерді де көтеруге ұйғарды.
Стаксельді кеме палубасында тұрып, оншалықты қиналмай-ақ көтеруге
болады, ал фок-мачтаның тік желкендерін палубада тұрып көтеруге мүмкін
емес: оларды көтеру үшін рейге шығу керек. Дик Сэнд өзінің тəжірибесіз
командасын тəуекелге жібергісі келмей, бұл жұмыспен өзі айналысты.
Ол штурвалды Томға тапсырып, кемені қалай бағыттаудың əдісін дəл
көрсетті. Сосын Геркулесті, Батты, Актеон мен Остинді бом-брамсель мен
брамсельдің горденіне қойып, мачтаға өзі шықты.
Жас капитан шапшаң да епті болатын, лездің арасында брам-рейдің
пертасына43 өрмелеп шығып, брамсельді тартқан шкоттың түйінін шешті.
Одан соң бом-брам-рейге44 шығып, оның да шкотын шешті. Ол
жұмысын аяқтап, штирборт фордунының45 бірімен сырғанап палубаға
түсті.
Жаңа матростар жас капитанның көрсетуімен желкен керіп, оның етегін
рейдің астыңғы жағындағы нокке46 тартып байлады.
Бұдан соң грот-мачта мен фок-мачтаның арасына стаксель көтерді,
сонымен, желкен көтеру жұмысы сəтті аяқталды.
Геркулес арқан тартқанда қара күшке салмай, жайлап тартатын болды,
сондықтан ешнəрсені үзіп бүлдірген жоқ.
Қазір «Пилигрим» бар желкенін түгел көтеріп, заулап келеді.
Диктің лисельді47 де көтеруге мүмкіндігі бар-ды, бірақ бұл жағдайда
оны көтерудің қиын екенін есепке алмағанның өзінде, дауыл бола қалса,
оны тез жинап алу аса қиын болар еді. Сондықтан жас капитан көтерілген
желкендермен қанағат етуге ұйғарды.
Томды штурвалдан босатты да Дик өз орнына барып тұрды.
Желге жан ене бастады. «Пилигрим» оң жағына таман қисая түсіп,
мұхит бетімен сырғи жөнелді. Оның артқа тастап бара жатқан жалпақ ізі,
кеменің сапалы жүрісіне куə еді.
— Міне, біз енді дұрыс бағытқа түстік, миссис Уэлдон,— деді Дик
Сэнд.— Тек қана ыңғайымыздан соққан жел айни көрмесін деп тілейік!
Миссис Уэлдон жасөспірімнің қолын алып қатты қысты. Соңғы
сағаттардағы жан түршігерлік уақиғаның уайым-қайғысына өзінің
шаршағандығы қабаттасып қиналғанын сезе қойды да, өз каютасына келіп,
есеңгіреген кісіше, төсегіне барып құлай кетті.
Кеменің жаңа командасы палубада болды. Матрос негрлер жұмыстың
нендей түрі болса да орындау үшін, Диктің бір ауыз сөзін күтіп, кеме
тұмсығындағы вахтада тұрды. Бірақ əзірге желдің күші бəсеңсіп немесе
басқа жаққа ауыса қоятын нышаны жоқ, сондықтан команданың істей
қоятын жұмысы да жоқ-ты.
Бенедикт ағай өз жұмысымен аса шұғылдануда еді. Ол тіміскілеп жүріп
«Пилигрим» бортынан тапқан бір жəндігін лупамен қарап зерттеп жатқан.
Бұнысы тік қанатты əшейін бір шіркей; басы ішіне кіріп кеткен, мұрты
тарам-тарам ұзын, алдыңғы қанаты жарғақ тəрізді, бірақ қанат қабығына
айналған.
Бұл олжа Бенедикт ағайдың талайына қарай, камбуздан табылған-ды.
Үсті-басы шаң-тозаңға былғанып жарық біткенді сығалап жүрген ғалымға
Негороның ашуы келіп, аса бағалы жəндікті тапап тастағалы аяғын апара
бергенде ғана Бенедикт ағай əлгі жəндікке жармаса кеткен. Оның
ашуланғанын кеме аспазы елеген де жоқ.
Капитан Гуль мен бес матростың жолақжон китті аулауға кетіп,
сəтсіздікке ұшырағанын, оның соңында нендей уақиғалар болғанын
Бенедикт ағай білді ме? Əрине, білді. Білгені сол, «Пилигрим» қырғын
болған жерге жетіп, қираған қайықтың сынық тақтайлары су бетінде
қалқып жүрген кезде Бенедикт ағай палубада тұрған. Демек, кеменің
экипажы оның көз алдында қаза тапты деген сөз.
Бұл қайғылы уақиғаға Бенедикт ағай қынжылмады десек, оны мейрімсіз
деп айыптаған болар едік. Бейшара аңшыларды оның аяғандығы жөнінде
күмандануға болмайды. Ол немере қарындасы миссис Уэлдонның ауыр
халде қалғандығын да ойлап қынжылды. Тіптен ол миссис Уэлдонға келіп:
«Қорықпа! Сендердің қасыңда мен бар емеспін бе? Мен тұрғанда сізге
келер бəле жоқ!» деп еді.
Сосын өзінің каютасына кіріп кеткен. Бəлки, бұл қайғылы уақиғаның
ақыры немен тынарын болжағалы, шешуші əрекеттің жобасын белгілеуді
оңаша отырып кеңінен ойланғысы келген болар.
Бірақ жолда келе жатып, жоғарыда айтылып өткен тарақанға тап болып,
сол жəндік оның бүкіл ой-пікірін бүтіндей өзіне тартып алған. Көз ашып
жұмғанша болмай, дүниеде «Пилигрим» атты кеме, оны Гуль деген капитан
басқарғанын, ол бейшараның бүкіл экипажымен бірге қаза тапқанын
Бенедикт ағай есінен шығарды. Бұл жиіркеніш жəндікті сирек кездесетін
алтын қоңыздай көрді де, əлгі тарақанмен əуре болып қала берді.
Алты адамның басын жұтқан жан түршігерлік апат жолаушылардың
есінен кетпестей уақиға еді, сонда да болса борттағы тұрмыс бұрынғы
қалпына қайта түсті.
Дик Сэнд алғашқы күндері күллі жұмысты бір өзі атқарып, жан-жаққа
жарылғандай болды. Кемені толық тəртіпке келтіріп, күтпеген кездейсоқ
жағдайларға қарсы əзір тұрарлық шараларды қарастырды. Негр матростар
жас капитанның əрбір ишара еткен бұйрығын қалт жібермей орындап
тұрды. Кешке таман «Пилигрим» бортында көрнекті тəртіп орнады. Бұған
қарағанда күллі іс бұдан былай да оңға басады деп сенуге боларлық еді.
Негоро он бес жасар капитанның беделін түсіруге енді қайтып
қамданбады. Дикті бастық деп таныды. Ол көп уақытын бұрынғы əдетінше
өзінің тар камбузында өткізіп, палубаға сирек шығатын болды.
Негоро тəртіп бұзуға болмашы ғана əрекет етсе, Дик Сэнд оны
құрылыққа жеткенше қамауда ұстауға бел байлады. Жас капитан ым қақса
болғаны, Геркулес кеме аспазын желкесінен алып трюмге апарып тыға
салуға əзір. Алыпқа бұл істі орындаудың ешқандай қиындығы жоқ. Кəрі
Нан тамаша аспаз, Негороның орнын сол басар еді. Негоро өзінің қымбат
адам еместігін жəне ізі аңдулы екенін де сезсе керек, сыр білдірмей тыныш
жүрді.
Жел күшейген үстіне күшейе берді, бірақ бастапқы ыңғайынан ауған
жоқ, түн болғанша желкен де ауыстырылмады. Мачталар темірмен
бекітілген, мығым, кеменің жалпы жағдайы айтарлықтай жақсы — осының
бəрі тіптен жел бұдан ары күшейе түссе де, желкенді барынша желге
кернетуге мүмкіндік береді.
Əдетте, кемелердің көбісі түн болысымен көтерулі желкендердің
көлемін азайтады, ең алдымен жоғарғы желкендерді — бом-брамсельді,
тағы басқаларын төмен түсіреді. Осы шаралар түгел орындалса, кенет
соққан дауыл кеме үшін қауіпті емес. Бірақ Дик Сэнд бұл сияқты алдын ала
сақтану шараларын қолданған жоқ. Өйткені ауа райына қарағанда
ешқандай күтілмеген қолайсыз жағдайдың бола қоярлықтай түрі жоқ-ты.
Ол мұхиттың осы иесіз бөлегінен шыққанша кеменің жүрісін кеміткісі
келмеді. Мұның үстіне бірінші түнгі вахтада жас капитанның өзі тұрып,
бəрін де өзі бақылауға ұйғарып еді.
«Пилигримнің» жүріп өткен жолының мөлшерін шамалау үшін Дик
Сэндтің бірден-бір қолданатын құралы компас пен лаг екендігін жоғарыда
айтып өттік.
Жас капитан əрбір жарты сағат сайын суға лаг тастатып, құралдың
көрсеткен мөлшерін өз қолымен теңіз журналына жазып отырды.
«Пилигримде» екі компас бар-ды. Оның біреуі штурвал үйшігіне,
рульшінің нақ алдына орнатылған. Компастың беті — картасы, күн мен
түннің қай минуты болса да, кеменің бара жатқан бағытын көрсетіп
отырады. Түн болса компастың екі жағына шырақ қойып бетіне жарық
түсіріледі. Екінші компас, бұрын капитан Гуль тұрған каютаның
қабырғасына ілінген. Бұл компас, капитанның каютада отырып-ақ,
рульшінің кемені тапсырылған бағдармен дəл жүргізіп бара жатқанын
немесе тəжірибесіздіктің, салақтықтың салдарынан кеме басқа жаққа қарай
қаңғып бара жатқанын бақылауына мүмкіндік беретін.
Əдетте, алыс сапарға шыққан кемелердің компасы кем дегенде екеуден
болады, оның үстіне кемінде екі хронометр алады. Бұл құралдардың бұзық,
түзігін анықтау үшін көрсеткен бағдарын ауық-ауық салыстырып отыру
керек.
Дик Сэнд өзіне қажетті екі компасты аса сақтықпен пайдалануды
экипажына мұқият тапсырды.
Бірақ февральдың он екісінен он үшіне қараған түні, жасөспірімнің өзі
вахтада тұрған кезде, капитан каютасындағы компас жазым болды.
Компастың шегеге ілінген жез шығыршығы сыныпты да, еденге түсіпті.
Бұл уақиға ертеңгісін мəлім болды.
Шығыршық қалайша сынған?
Бұл бақытсыздық нендей себеппен болғанын ешкім шеше алмады.
Ақырында шығыршықтың үзілуін, тот жеп, шайқалудан шеге қажаған,
сөйтіп шығыршық жіңішкеріп үзілген деп шамаланды. Бірақ жағдай солай
болды ма, əлде басқаша ма, əйтеуір екінші компас сынып, оңдауға
келмейтін боп істен шықты.
Дик Сэнд қатты қынжылды. Ол ендігі жерде қолында қалған жалғыз
компасқа сеніп, кемені соның көрсеткен бағдарымен жүргізуі керек. Екінші
компастың бүлінуіне ешкім жауапты емес, дегенмен мұның ақыры
қолайсыз жағдайға соқтыруы ықтимал.
Диктің ендігі істейтін шарасы қолда қалған жалғыз компасты кездейсоқ
қырсықтан сақтау ғана.
Компас уақиғасы болмаса, «Пилигрим» үстіндегі жағдайдың бəрі соңғы
уақытқа шейін оңды болып келген еді.
Кемедегі істелетін қызмет уақытын бөлгенде, Дик Сэнд өзінің штурвал
вахтасында тұратын кезегін түнге келтірді. Ол күндіз бес-алты сағат жатып
дем алады, осы қысқа мерзімді демалыстың ішінде əл жинап тынығып
алатын. Капитан дем алып жатқан кезде, штурвал вахтасында Том мен
оның баласы Бат тұратын болды. Диктің дұрыс басшылығы арқасында бұл
екеуі аздап болса да жарамды рульші болып алды.
Миссис Уэлдон Дикпен жиі кеңесетін. Батыл да, ақылды əйелдің
кеңесін жас капитан аса бағалады. «Пилигримнің» өткен күнгі жүрген
жолының картасын күн сайын əйелге көрсетіп отырды. Диктің картаға
негізгі түсіретіні, кеменің бара жатқан бағыты мен жүріс тездігінің орташа
есебі еді.
— Көріп тұрсыз ба, миссис Уэлдон,— деді жас капитан əйелге қарап,—
мына ыңғай соққан желді пайдаланып, кешікпей-ақ Оңтүстік Америка
жағалауына жақындап қаламыз. Əрине, кесіп айту қиын, бірақ бізге
алдымен көрінетін жағалау Вальпарайсоға іргелес болар деймін.
Миссис Уэлдон «Пилигримнің» дұрыс бағытта келе жатқанына жəне
солтүстік-батыстан ыңғай соққан желдің межелеген жерге жеткізіп
тастайтынына күмəнданған жоқ. Бірақ бұл меже оған соншалықты алыс
көрінді! Кеменің құрғаққа баратын жолын астыртын аңдыған қаншама
қауіп-қатер бар, ауа райы бұзылып, жаңбыр жауа қалса, теңіз бетінде
толқын көтерілуі мүмкін! Аспан да, теңіз де бірдей қатер.
Өзі қатарлы балалар сияқты, Джек те уақытын палубада əрлі-берлі
жүгіріп, Дингомен ойнап өткізетін. Соңғы күндерде Дик Сэнд балаға
уақытын аз бөлетін болды, əрине, бұл жағдайды бала да сезген еді, бірақ
Дикті жұмысынан қалдырмау керек екенін жас əйел бөбегіне ұғындыра
білді, тіл алғыш бала енді қайтып «капитан Диктің» мазасын алып
қыңқылдауды қойды.
«Пилигрим» бортындағы өмір осындай жағдайда өте берді. Негрлер
өздерінің жаңа кəсібі — матростыққа аз-аздап көндіге бастады. Том қарт
боцман қызметінің міндетін атқарды. Жас капитан дем алған сағаттарда,
күндізгі кезектің вахта бастығы Том болды. Онымен бірге Бат пен Остин
тұратын. Дик бастаған екінші вахта кезегінде Геркулес мен Актеон тұрады.
Сөйтіп, біреуі штурвалда тұрып кемені басқарады да, қалған екеуі
тұмсықтағы вахтада тұрады.
Кеменің жүріп келе жатқан жері мұхиттың иесіз бөлегі еді, бұл
шамадан қарсы келе жатқан кемеге жазатайым соқтығысу қаупін ойламаса
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Он бес жасар капитан - 06
  • Büleklär
  • Он бес жасар капитан - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3970
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2024
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3940
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1906
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3974
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1909
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3982
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1786
    35.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1933
    34.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 4093
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1890
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4029
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1877
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4087
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1940
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1929
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4002
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1925
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4044
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2097
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3991
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2034
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4117
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4024
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1951
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4088
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4129
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2211
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2185
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4063
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2201
    32.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1979
    32.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 4056
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2120
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4096
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4203
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Он бес жасар капитан - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 635
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 465
    48.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    67.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.