Latin Common Turkic

Оба - 12

Süzlärneñ gomumi sanı 4001
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
— Сіз Құдай тағалаға сенбейсіз бе? - деп сұрады кейуана, өзі күнде таңертең қалт
жібермей шіркеуге барып ғибадат қып қайтады.
Рамбер құдайға сенбейтінін мойындады, ал кейуана тағы да "сондықтан да" деп
қосты.
― Онда сіздікі дұрыс, келіншегіңізге барыңыз. Әйтпесе одан басқа не қалады
сізге?
Рамбер ұзақты күн әкпен ақталған жалаңаш қабырғалардың ортасында
айналшықтады да жүрді. Әрі өткен-бері өткенінде қабырғаға шегеленген желпігішті
қозғап көріп, үстелге жапқан жүн кілемнің түйінімен шашақтарын санайды.
Кешкісін бозбалалар да оралады. Олар сөзуарлығымен көрінген жандар емес, әлі
уақыты болған жоқ деді де қойды. Түстіктен кейін Марсель гитара ойнап, барлығы
анис ликерін ішті. Рамбер ұдайы бәз бірдеңелер жайында ойлап отырғандай
көрінеді.
Сәрсенбіде Марсель оралған соң: "Ертең түн ортасында, алдын ала әзір
болыңыз!" - деді. Олармен бірге кезекші болған екі күзетшінің бірі обамен ауырып
қалыпты, онымен бір бөлмеде бірге тұрған екіншісін карантинге алыпты. Сөйтіп,
екі-үш күн Марсель мен Луи екеуі ғана кезекші болады. Бүгін түнде олар соңғы
дайындықтарын жасайды. Зайыры, ертең ең қолайлы күн. Рамбер алғысын айтты.
"Қуаныштысыз ба?" - деп сұрады кемпір. Ол: "Қуаныштымын" - деді, бірақ өзі басқа
бірдеңе ойлап еді.
Келесі күні түнере түксиген аспаннан қапырық, дымқыл аптап құйылды. Оба
туралы мәлімет те көңіл көншітерлік емес. Тек испан кейуана ғана рух
айқындығынан айырылған жоқ. "Күнәлі болуын болдық қой біз, - дейді ол - Енді
таңданатын не бар". Марсель мен Луиға еліктеп Рамбер де жейдесін сыпырып
тастады. Бірақ ол көмектескен жоқ, екі жауырынының арасы мен жалаңаш
кеудесінен тер сорғалап ақты да тұрды. Терезе қақпалары тарс жабылған жартылай
қапас қараңғы бөлмеде олардың жалаңаш омыраулары күп-күрең болып, лактап
қойғандай жылтырайды. Рамбер үнсіз ғана бөлмені айналып жүр. Кенет ол түскі
сағат төртте киініп, кеткелі тұрғанын айтты.
― Тек ұмытпаңыз - тұп-тура түн ортасы, - деп ескертті Марсель. - Бәрі әзір тұр.
Рамбер Риэге бет алды. Дәрігердің анасы оның жоғарғы қаладағы лазаретте
екенін хабарлады. Лазареттің алдында қарауыл бөлмесінің маңында бұрынғысынша
жұрт топырлап жүр. "Ал кәне, өт", - деді көзі тас төбесіндегі сержант, күртесі терге
малшынып. Өткен жұрт ауланы бір айналып, қайта кері қайтады. "Күтетін мұнда түк
те жоқ!" - дейді терге малшынған күртедегі сержант. Мынау тобыр да дәл осы
пікірде, сонда да өртеп өлтірер аптапқа қарамастан ешқайсысы тарамайды. Рамбер
сержантқа рұқсат қағазын көрсетті де, ол оны Таррудың кабинетіне жіберді.
Кабинетке ол тура албардың өзінен түсті. Рамбер кабинеттен шыққан Панлю
атаймен соқтығысып қала жаздады.
Дәрі мен дымқыл мата иісі сіңген қабырғалары ақталған тар да кір бөлмеде қара
ағаш үстелдің басында Тарру отыр; жейдесінің жеңін түріп алған ол умаждалған қол
орамалмен шынтағы бүгілген жердегі қар мен білектің арасындағы иінінің терін
сүртіп қояды.
— Әлі осында жүрсіз бе? - деп таңданды ол
― Иә. Риэмен сөйлесіп кетпек едім.
— Ол палатада. Шаруаны онсыз жайғастыруға болса, оны қозғамай-ақ қойған
жөн.
― Неге?
― Ол аяғынан әрең тұрады. Сондықтан мен оны басы артық машақаттан
арылтқым келеді.
Рамбер Тарруға қарады. Ол да жүдеп кетіпті. Көзінен, жүзінен шаршағандықтың
табы байқалады. Оның кең өлуетті иықтары күдістене бастапты. Есік қағылып, ақ
бетперде киген санитар кірді. Ол жазу үстеліне Таррудың алдына бір буда
кәртішкелер қойып, небары "алтау" деді аузына ұстаған дәкеден даусы баяу естіліп,
Тарру журналиске көз тастап, қолына желпуішке ұқсатып ұстаған кәртішкелерді
нұсқады.
― Сүйкімді кәртішкелер емес пе, ә? Жо-жоқ, ойнап айтамын, - бұлар өлгендер.
Түнде қаза тапқандар.
Оның мандайын әжім сызғылапты. Ол кәртішкелерді бір пәшкеге салды.
― Бізге қалғаны жалғыз - осы есебін шығару.
Тарру көтеріліп, алақанымен үстелдің шетіне сүйенді.
— Жақында жүресіз бе?
― Бүгін түн ортасында.
Тарру бұған шын жүректен қуанатынын айтып, Рамбэрге абай болып, сақтану
керектігін ескертті.
― Бұл шыныңыз ба?
Тарру иығын қиқаң еткізді:
— Біздің жасымызда қаласаң да, қаламасаң да шыншыл болуың керек. Жалған
сөйлеу жалықтырады.
― Тарру, - деді журналист, - менің дәрігермен жүздесуім керек еді. Кешіріңіз мені,
тілеуің берсін.
— Білем, білемін. Ол маған қарағанда адамгершілікті. Жарайды, кеттік.
― Жә, жоқ, ол үшін емес, - деп Рамбер әрең айтты да, үнсіз қалды.
Тарру оған қарап, кенет күліп жіберді.
Олар қабырғасы ашық жасыл сырмен сырланған, сондығынан аквариумның түбі
құсап көрінетін тар дәлізбен өтті. Екі қабат әйнектен тұратын есіктен баз бір
көлеңкелер қисынсыз әбігерленіп жүргені көзге шалынады. Тарру бұрылып
Рамберді құйтымдай бөлмеге алып кірді, іші толған қабырға шкафтары. Ол шкафты
ашып, стерилизатордан екі гигроскопиялық бетперде алып, біреуін Рамберге
ұсынды да, ки деп ақыл берді. Журналист бүл титтей де болса бірдеңеден сақтай ма
деп сұрап еді, Тарру: "Жоқ, оның есесіне басқаларға басу болғандай әсер етеді", - деді.
Олар әйнек есікті ашты. Ыстыққа қарамастан барлық терезелері тарс бекітілген
үлкен палатадан бір-ақ шықты. Қабырғада төбенің тап түбінде желдеткіштер
ызылдап тұр, олардың қисық қалақшалары майлы ауаны сапырып, екі қатар ғып
қойылған сұр кереуеттердің үстінен қуалайды. Барлық бұрыштардан тұншыққан
ыңқыл естіліп, кейде олар жанұшырған айқаймен ұласып, дауыстардың бәрі бір
сарынды бітпейтін зар-мұңға айналады. Ақ халатты адамдар көз қарықтырған өткір
жарықтың астында баяу қозғалады. Терезелері торлы мынау қапырық қапас
палатада жүрегі лоблыған Рамбер Риэні әрең таныды. Ол қатты ыңқылдап төсекте
сұлап жатқан бір сұлбаға еңкейіп қарап тұр екен.
Дәрігер аурудың шабындағы ісікті жарып, екі санитар екі бүйірден оның аяққолын тас қып ұстап тұр. 
Риэ белін жазып, аспаптарды фельдшер тосқан подносқа
тастап, сәл қозғалмай тұрды да, жарасын таңған ауруға қарады.
― Не жаңалық бар? - деп сұрады ол жанына жақын келген Таррудан.
- Панлю карантинде Рамберді ауыстыруға келісті. Ол көп нәрсе істеп тастады.
Енді үшінші инспекциялық жасақты үйымдастыру керек. Рамбер кететін болған соң
сол дүрыс.
Риэ үнсіз басын изеді.
— Кастель алғашқы дәрі-дәрмектерін әзірледі. Сынап көруге үсынады.
― Оһо, мұнысы енді керемет! - деп қуанып қалды Риэ.
― Ең аяғында енді осы арада Рамбер тұр.
Риэ бұрылып қарады. Бетпердесі жоқ көзін журналистке сығырайта сүзіп:
― Ал сіз неге мұнда жүрсіз? - деп сұрады. - Сізге бүл жерден алыста болу керек еді
ғой.
Тарру бүгін кешке Рамбер алыста болады деді, ал Рамбердің өзі "теориялық
тұрғыдан" деп қосты.
Әңгіме барысында бетперде желпілдеп суланып, ауызга жабысты. Сондықтан
әңгіме шынайы реңк алмай, тақұл- тұқыл сұрақ-жауапқа айналып кетеді.
- Менің сізбен сөйлескім келеді, - деді Рамбер.
- Олай болса, қазір бірге шығайық. Мені Таррудың бөлмесінде күте тұрыңыз.
Арада бірнеше минут өткенде Рамбер мен Риэ дәрігер автомобилінің артқы
орындығында отырды. Машинаны
Тарру айдады.
- Бензин таусылуға жақын, - деді ол шапшаңдықты іске қосып жатып. - Ертең екі
аяққа міндет артуға тура келеді.
- Дәрігер, - деп сабақтады сөзін Рамбер. - Мен кетпеймін, осында қалғым келеді,
сіздермен бірге.
Тарру тырс етіп үндеген жоқ, машинасын бұрынғысынша айдай берді. Ал Риэ
болса қалжырау қойнауынан сүңгіп шығуға дәрмені жетпей жатқан сияқтанды.
- Ал әйелің не болады? - деп баяу сұрады.
Рамбер коп ойланып-толғанғанын, бұрынғысынша бұрын сенгенінен бас
тартпайтынын, бірақ кетіп қалса өзіне ұят болатынын айтты. Әрине, бүл оның
алыста қалдырып кеткенін қалтқысыз сүюіне бөгет болады. Дәл осы арада Риэ дүр
сілкініп тіктеніп отырып, мұның ессіздік екенін, махаббатты құрмет тұтып
қадірлеуде ешқандай ұят жоқтығын батыл айтты.
- Дұрыс, - деп келісті Рамбер. - Дегенмен де, жалғыз өзіңнің ғана бақытты болуың
ұят.
Бұған дейін үндемей келген Тарру басын бұрмай, егер Рамбердің жұрт қайғысын
бөліскісі келсе, онда ол өз бақыты үшін бос минөтті ешқашан таппайтынын айтты.
Демек, біреуін ғана таңдау керек.
- Бұл арада мәселе басқа, - деп сөз бастады Рамбер. - Бұрын мен өзімді бұл қалада
бөтен санағанмын, сондықтан бұнда жүріп не бітіремін деп ойлағанмын. Ал енді
көру керегімді көргенде, қаласам да, қаламасам да, өзімді осы аралықпын деп
сезінемін. Бұл тарих ала-құласы жоқ бәрімізге бірдей қатысты.
Оған ешкім жауап қайырған жоқ, сондықтан Рамбер шыдамсызданып қозғалақтап қалды.

- Мұны өздеріңіз де өте жақсы білесіздер. Әйтпесе лазаретте не үшін жүрсіздер?
Болмаса сіздер де өз таңдауларыңызды жасап, бақыттан бас тартқан жоқсыздар ма?
Бұл сауалға Тарру да, Риэ де жауап берген жоқ. Үнсіздік желісін ұзай тартып, тіпті
Риэнің үйіне дейін созылды. Сосын Рамбер өз сұрағын қайта қайталап, жауабын
табандап күтті. Тағы да тек қана жалғыз Риэ бұрылды оған. Осы қимылдың өзі оған
үлкен күшке түсіп отырғаны сезіліп тұр.
― Мені кешіріңіз, Рамбер, - деп қалды ол - Менің өзім де білмеймін. Қалғыңыз кеп
тұрса, қалыңыз бізбен.
Машина бір жағына кілт бұрылғандықтан ол үндемей қалды. Сосын желдеткіш
әйнекке қарай отырып қайта сөйледі.
― Бұл жарық дүниеде өзің сүйген адамнан бас тартқызуға татитын бірдеңе бар
ма, осы? Алайда мен де бас тарттым ғой, неге екенін өзім де білмеймін.
Ол орындықтың арқасына қайта шалқайды.
— Әншейін мен деректерді ғана дәйектеп отырмын, бар болғаны - осы, - деді
шаршаңқы үнмен. Бәрін де қатерге аламыз да, қорытындысын шығарамыз.
― Қандай қорытынды? - деп сұрады Рамбер.
― Ей, бірден-бір мезгілде емдеп, бір мезгілде білуге болмайды гой, - деп жауап
қатты Риэ. - Сондықтан мүмкіндігінше шапшаң емдеп жазуга тырысамыз. Ең кезек
күттірмейтіні осы. Түн ортасында Тарру мен Риэ Рамберге өзі инспекциялауға тиіс
қотанның жоспарын берді. Тарру кенет сағатына қарап, басын көтеріп еді, Рамбердің
көзімен арбасып қалды.
― Ескертіп пе едіңіз?
Журналист көзін тайдырып әкетті.
― Қағаз жазып жібергенмін, - деп әрең айтты ол - Бағана осында сіздерге келмес
бұрын. Кастельдің сывороткасын тек қарашаның аяғында ғана байқап көрді. Іс
жүзінде бұл Риэнің соңғы үміті еді. Сәтсіздік қайталанатын болса, қала обаның
шеңгеліне қайтып шықпастай боп іліккеніне Риэнің сенімі кәміл, ол тіпті індеттің
әлі ұзақ айлар бойы ойран саларына да, болмаса кенет сап боп тоқтап қаларына да
қарамайды.
Риэге Кастель келер күннің қарсаңында мсье Отонның ұлы ауырды да, бүкіл
отбасын карантинге аттандыру керек болды. Осының алдында ғана карантиннен
шыққан анасының өзі де оған қайта оралуға мәжбүр. Билік орындарының бұйрығын
қалт жібермейтін тергеуші баласының денесінен алғашқы белгілерді байқай сала
дәрігер Риэні шақыртты. Риэ келгенде ата-анасы төсектің аяқ жағында түр еді. Қыз
баланы үйден шығарып жіберді. Баланікі аурудың алғашқы сатысы екен, әл-дәрмені
құрып, қарауға түк қарсылық көрсетпеді. Дәрігер басын көтергенде әкенің көзін,
ананың бозарған өңін шалып қалды, ол әрегіректе қол орамалды ерніне жапсырып
көзін кең ашып, дәрігердің қимылын бағып тұр еді.
— Соның өзі ме, солай емес пе? - деп сұрады тергеуші салқын ғана.
― Иә, - деді Риэ балаға қайта қарап.
Анасының көзі үрейден бажырайып кетті, бірақ ләм-мим деп тіс жармады.
Тергеуші де үндеген жоқ, сосын барып жартылай сыбырмен:
— Қалай, дәрігер, мұндай жағдайда тағайындалатынның бәрін жасауға тиістіміз
бе? - деді.
Риэ бұрынғысындай әрегіректе аузын орамалмен басып тұрған анаға қарамауға
тырысты.
― Қазір мен телефон шалсам, бәрін тез жасайды, - деді ол батылсыздау.
Мсье Отон оны телефон тұрған жаққа бастап барғысы келді. Алайда дәрігер оның
әйеліне бұрылып.
— Өте өкінішті. Сіздің кейбір заттарды жинастыруыңызға тура келеді. Оның бәрі
қалай жасалатынын сіз білесіз ғой.
Мадам Отон оның сөзін баз бір бейтарап қалыпта тыңдады. Салбыраған басын
көтерген жоқ.
― Иә, білемін, - деді басын изеп. - Қазір жинастырайын.
Олардың үйінен шықпас бұрын сәл кідіріп Риэ тағы да
бірдеңелер керек жоқ па деп сұрады. Анасы бұрынғыша үнсіз қарады да қойды.
Ал бұл жолы тергеуші көзін аударып әкетті.
— Жоқ, рахмет, - деді ол сілекейін әрең жұтып. - Тек қана баланы құтқарыңыз.
Алғаш карантин деген аты ғана еді, ал істі Риэ мен Рамбер қолға алған соң,
оңашалаудың барлық тәртібі бұлжытпай орындалатын болды. Атап айтқанда, олар
отбасы мүшелері аурудан бөлек орналастырылуын талап етті. Егер олардың бірі
ауруды жұқтырып алғанын өзі де білмей қалса, қатерді үстемеу жағын қарастыру
қажет. Риэ осы ойларын айтып еді, оны ақылға қонады деп тергеуші қабыл алды.
Сосын әйелі екеуі жаутаңдап бір-біріне қарасты да, оны байқап қалған дәрігер алда
тұрған айырылысудың екеуіне қалай бататынын аңғарды. Мадам Отон қызымен
карантинге жазылып, Рамбердің қарауына көшкен мейманханаға орналастырылуы
тиіс еді. Бірақ онда орын жоқ, тергеушінің еншісіне оңашаландырылатындарға
арналған лагерь ғана қалды. Бұл лагерьді жол мекемесінен қарызға шатырлар алып,
қалалық стадионнан префектура ұйымдастырған. Риэ лагерьдің жетілдірілмегені
үшін кешірім сұрап еді, тәртіп бәріне де бірдей, барлығының сіздерге бағынуы
әділетті деді Отон.
Баланы бұрынғы сынып бөлмесіне он кереует қойып жасаған қосымша лагерьге
орналастырды. Жиырма сағатқа созылған күрестен соң үміт жоқ екеніне Риэнің көзі
жетті. Кішкентай ғана дене жалмап жұғып жатқан микробтардың билігіне көшті.
Нәзік буындардағы ісік онша үлкен болмағанымен, денені қозғалтпай құрсаулап
қатты ауыртты. Бала сырқатқа алдын ала жеңілді. Міне, сондықтан да Риэ
Кастельдің сывороткасын осыған сынап көруге бел буды. Сол күні кештің алдында
оған тамшылату тәсілімен дәріні құя бастады. Бірақ бала оған мыңқ етпеді. Келесі
күні таңда шешуші тәжірибенің нәтижесін байқағалы барлығы баланың төсегі
жанына жиналды.
Алғашқы қимылсыздық халінен шығып бала діріл қағып, көрпенің астында
аунақшып жатты. Таңғы сағат төрттен бастап Кастель мен Тарру оның төсегі
қасынан кетпей, аурудың күшейгенін немесе бәсеңдегенін бақылап тұрды.
Тарру қуатты кеудесін сәл иіп төсекке төніп, оның басында тұрды. Риэ аяқ
жағында тұрды да, қасында сабырынан танбаған Кастель жайбарақат көне бір
медициналық еңбекті оқып отырды. Таң ағара бұрынғы сынып бөлмесіне басқалар
да біртіндеп жинала бастады. Бірінші болып Панлю келді, ол Таррудың қарсы
алдына келіп, қабырғаға арқасын сүйеп тұрды. Жүзіне мұң ұялап, ауру жұқтырып
аламын ба деген үрей мен көп күн бойғы шаршап-шалдығудан қып-қызыл
маңдайына әжім іздері түсіпті. Жозеф Гран да келді. Сағат жеті болып қалған, Гран
демалып та үлгермегенін айтып кешірім өтінді. Ешқандай жаңалық жоқ па екен деп
білгелі бірер минөтке ғана соғып кетпек екен. Риэ оған баланы нұсқады, ол қабағын
түйіп, қатты тістеніп, әлі жеткенше шыдауға тырысып, аурудан беті тыржиып, басын
тек оңға да, солға да дамылсыз шайқай береді. Ал әбден жарық болғанда алып
тастауды көшіргендер ұмытып кеткен, сыныптың қара тақтасындағы теңдеудің
өшірілмеген сызықтары көзге шалынды. Рамбер келіп, көрші кереуеттің аяқ
жағында қабырғаға сүйеніп қалтасынан шылымын суырды. Алайда балаға қарап
оны қалтасына қайта тықты.
Орнынан тұрмастан Кастель көзілдірігі үстінен Риэге көз тастады.
— Әкесі жайында хабар-ошар бар ма?
― Жоқ, - деп жауап қатты Риэ, -ол - карантинде, лагерьде.
Дәрігер бала ыңқылдап, ыңырсып жатқан кереуеттің басын бар күшімен қысты.
Көзін айырмай ол қарап тұрған ауру бала кенет күшеніп, тісін қайта шықырлатып,
біртүрлі бүгіліп, бір уыс бола қалды да, аяқ-қолын бірте-бірте баяу жазды. Қатқыл
солдат көрпесі жабылған құйтақандай денеден тер мен малшынған жүннің өткір иісі
бұрқ етті. Баланың тұла бойы тершіп, қолы мен аяғын жиып, ол бұрынғы көзі
көрмейтін, тілі сөйлеуге келмейтін қалпы жиі-жиі дем алды. Риэ Таррудың өзіне
қадалған көзін шалып қалып еді, ол жанарын бірден аударып әкетті.
Олар бала өлімін әлденеше мәрте көрген: қалада бірнеше ай бойы буырқанған
сұмдық құрбандығын таңдаған жоқ-ты, алайда баланың қатты қысылып,
қиналғанын бүгін таңда ғана минут санап бақылап, өз көздерімен алғаш көрді.
Бейкүнә жан иесін осынша азапқа салған қаскөй ауруды олар масқара ұят бірдеңе
сияқты қабылдағаны шексіз. Алайда күні осы уақытқа дейін ұят оларға дерексіз
ұғым болып келген-ді, өйткені бейкүнә сәбидің өмір үшін жанталасып, қалай
аласұратынын бұрын бірі де ешқашан көрген жоқ.
Осы арада бала ішін бірдеңе шағып алғандай тағы да бүрісіп, бүктелді де қалды.
Осылай бүктетілген қалпы ол біраз жатты, тұла бойы дірілдеп, қатты ышқынып,
құйтақандай шытынағыш сүйектер обаның адуын алапатынан майысып, лап қойған
екпінінен сытырлап сынғалы жатқандай. Алапат топан өткенде, оның денесі
болбырап бусанып, безгек кері шегінгендей, жантерге түсіп, тұншыға жаздап,
аласұрып, сәл тыныстың өзі өліммен пара-пар халде жатқан балаға қайтып
оралмастай көрінді. Өрттей лыпыған ыстық үшінші рет қайта соққанда бала
төсектен көтеріліп, бүктетіліп бұрышқа жабысып, көрпені лақтырып тастап, шыдай
алмай басын әлсін-әлсін шайқады. Ісінген қабағының астынан баданадай көз
жастары бұрқ ете қалып, қорғасындай сұп-сұр жүзін жуып, ағып жатты, әбден
әлсіреген бала екі тәуліктің ішінде шидей боп қалған аяғы мен қолын жайып
жіберіп, креске керілгендей сұлық жатты.
Тарру еңкейіп баланың оймақтай бетінен күректей алақанымен көз жасын және
терін сүртті. Кастель кітабын жауып бір сәт ауруға көз салды. Ол сөз бастап келе
жатып, алғашқы сөйлемнің ортасында жөтеліп қалып, даусы жарықшақтанып
табиғи шықпады.
— Таңертеңгі бәсеңсу байқалмады ма, Риэ?
Риэ: "Байқалған жоқ, бірақ бала аурумен әдеттегіден көп арпалысты", - деді.
Шаршап қабырғаға сүйеніп тұрған Панлю баяу үнмен:
― Егер маңдайына өлім жазылып тұрса, ол әдеттегіден азапты ұзағырақ тартады,
- деді.
Дәрігер оған жалт қарап, ауыз аша беріп, өзін әрең тоқтатты, шамасы, оған
үндемей қалу біраз күшке түссе керек, сосын көзін балаға қайта қадады.
Палатаға күндізгі жарық кең жайылды. Көрші бес кереуеттен шыққан ыңқыл
онда жатқандардың саналы адами ұстамдылығын аңғартқандай еді. Тек арғы
бұрыштан ғана айқай шығып, ол ауық-ауық қысқа ғана аһыл-үһілге ауысып, оның
азабынан гөрі таңданысы көбірек секілденді. Індеттің басында болғандай үрей қазір
аурулардың өзінде де жоқ сияқты, еті әбден өліп кеткен бәрінің. Олардың ауруға
бүгінгі көзқарасынан оны қабылдаған сыңай аңғарылады. Тек жалғыз мына бала
ғана аурумен арпалысып, бар күшін салып беріспей жатыр. Риэ ара-тұра оның
тамырын ұстап қояды, жалпы оны қажеттіліктен жасамайды, өзін-өзі қимылға
келтіріп, тас боп тұрып қалмас үшін істейтін тәрізді, көзін жұмып ойға шомғанда да
басқаның дірілі өзіне беріліп, жат біреудің қаны өз тамырында бүлк-бүлк етіп
жатқандай сезінеді. Мұндай сәттерде ол ауру алқымдап қиналып жатқан сәбиге
ұқсатып, әлі сарқыла қоймаған күшінің барын салып қолдауға тырысады оны.
Алайда арада минөт өтпей жатып, бүл екі жүрек бірдей соғу ырғағынан айырылып,
сәби Риэнің ырқынан сырғып шығып кетіп, дәрігердің бар күш-жігері далаға кетті.
Ол шидей білекті қоя беріп, өз орнына шегінді.
Әкпен ағартылған қабырғаларға терезеден түскен қызғылт жарық бірте-бірте
сарғыш реңк алды. Терезе әйнектерінің ар жағында аптап таң шашырап атып келе
жатты. Төсектің айналасында тұрғандардың, Гранның тағы да соғармын деп шығып
кеткенін байқай қоюы неғайбыл Олар күтіп түр. Көзін жұмып жатқан сәби сәл
тыншығандай болды. Құстың шеңгеліне ұқсас саусақтары кереуеттің шетін
сипалайды. Сосын олар жоғары сырғып, көрпені тырналай бастады, кенет бала
аяғын айқастырып ішіне тартты да, тырп етпей қатты да қалды. Осы арада ол көзін
ашып, жанында тұрған Риэге тура қарады. Ауру мүжіген беті сүр балшықтан жасаған
бетперде кигізіп қойғандай, аузы ашылып, ернінен айқайы бірге шықты. Өзі жалғыз,
созылыңқы, өксік боп тұнып қалатын осы айқай палатаны бір сарынды, жарықшақ
аяныш зарымен кернеп кетіп, күллі адамдардан бір демде білінетін наразылықты
паш еткендей болды. Риэ тістеніп, Тарру бұрылып кетті.
Рамбер алға аттап, тізесіндегі кітабын жауып жатқан Кастельдің қасына барып
тұрды. Панлю атай баланікіндей емес, өз жасына келмейтін айғай шыққан, аурудан
еріндері әбден кезерген ауызға қарады. Ол тізерлеп отыра қап: "Құдай-ау, мына
сәбиді құтқара гөр!" деп ешкімге ұқсамайтын өксік аралас үнмен жаратқанға
жалбарынды. Басыңқы болса да, айқын естілген бұл сөздерді қалғандары әбден
орынды, тіпті табиғи деп қабылдады.
Алайда сәби тыншыған жоқ, палатадағы аурулар толқи бастады. Анау
бұрыштағы бұрынғыдай ауық-ауық айқайлап қояды, енді үні өзгеріп, ырғағы
жиілеп, айқайы өксікке айналып, басқа аурулардың күшейе түскен ыңқылына
ұласты. Палатаның барлық бұрышынан Панлю атайдың дұғасын тұншықтырып,
өксіп, еңіреу толқыны жайылды. Риэ қалшылдап саусақтарымен кереуеттің басын
қармап, көзін жұмды, шаршау мен жиіркенуден мас болған сияқты.
Қабағын ашқанда қасында Тарру тұр екен.
— Кетуіме тура келеді, - деді Риэ. - Мынаны көтере алар емеспін.
Кенет аурулар әмір берілгендей үнсіз тына қалды. Осы арада баланың шырылы
әлсіреп, сәт сайын бәсеңдеп барып, кенеттен мүлдем үзілгенін тек дәрігер ғана
түсінді. Айналадан тағы да ыңқыл естілді, бірақ бәсең, жаңа ғана тәмамдалған
күрестің алыстан жеткен жаңғырығы тәрізді. Демек, күрес аяқталды. Кастель
кереуетті айналып шығып, аяғы осы деді. Енді үнсіз қалған аузын жұмбай, сәби
умаждалған көрпенің арасында баяу ғана бақиға аттанды, ол мүлдем құйтақандай
ғана екен, ал бетіндегі көз жасы сол қалпы кеппепті.
Панлю атай төсекке жақындап кеп марқұмды шоқындырды. Сосын қапталының
етегін жинап, басты өткелмен жөнеп берді.
― Демек, бәрін тыңнан қайта бастаймыз ғой, - деді Тарру Кастельге.
Қарт дәрігер басын шайқады.
—Мүмкін, - деп мырс етіп күлді сосын. - Қалай дегенмен де бала ұзақ арпалысты
ғой.
Бұл кезде Риэ палатадан шығып та кеткен еді: оның шапшаң адымдағаны сондай,
дәлізде қуып жеткен Панлю атай оған шошынған жүзбен қарап, шынтағынан ұстап
тоқтатты.
― Ой-ой, дәрігер, - деді ол
Сол қызбалығымен жалт бұрылып, Риэ ыза буып, Панлюдің бетіне ойындағысын
айтып салды:
— Бұл балада ешқандай да күнә болмағанын сіздің өзіңіз де өте жақсы білесіз,
оған мен кәміл сенемін.
Сосын ол жалт бұрылып, Панлюді басып озып, мектеп бағының түкпіріне бет
алды. Онда шаң басқан ағаштардың арасында тұрған ұзынша отырғышқа жайғасып,
алақанымен маңдайынан қабағына сырғыған терін сүртті. Оның айқай салғысы,
өкіріп жылағысы келді, тек жүрегін қақ айырып, екіге бөлген мынау лағнет жауғыр
түйін ақыр соңында үзілсе болды. Аптап бірте-бірте фикус жапырақтарының
арасынан көктей өтіп келеді. Таңғы феруза аспан көзге түскен ақтай ақшыл
үлпекпен әп-сәтге торланып, ауа қапырықтана түсті.
- Менімен неге бүлай ашына сөйлестіңіз? - деген дауыс шықты оның ту
сыртынан. -Бұл көрініске мен де әрең шыдадым.
Риэ Панлю атайға бұрылды.
- Айтқаныңыз орынды, мені кешіріңіз, - деді ол - Ал шаршау да есіңнен адасу
сияқты, кей кездері мен үшін мына қалада қарсылықтан басқа ештеңе жоқ секілді.
- Түсінемін, - деп күбірледі Панлю. - Бүл шынында да қарсылық туғызбай
қоймайды, өйткені біздің адами өлшеміміздің бәрінен асып кетті. Бірақ біз, бәлкім
ақылмен орай алмайтынның бәрін сүюіміз керек шығар.
Риэ бойын кілт тіктеп ала қойды. Ол Панлю атайға тесіле қарады, осы
көзқарасына табиғаты берген бар күші мен қүмарлығын салып, басын бір сілкіп
қойды.
- Жоқ, атай, - деп саңқ етті ол - Менің өз басымда махаббат туралы мүлдем басқа
үғым бар. Тіпті ажал аузында түрып та балаларды қинайтын қүдай қауымын
қабылдай алмаспын.
Панлюдің жүзі көлеңке түскендей қарауытып түнеріп кетгі.
- Дәрігер, енді мен рақат дегеннің не екенін түсіндім, - деді мүңайып.
Алайда Риэ өз орындығында қайта жібіді. Шаршағаны тереңнен қайта білінді де
ол жүмсағырақ сөйледі:
- Рақат дегеніңіз менде жоқ, оны білемін. Бірақ мен сізбен ондай айтысқа түскім
келмейді. Біз өзімізді не біріктірсе, сол үшін білек біріктіріп, еңбек етіп жүрміз, ал
бүл қүдайға қүлшылық ету мен дүға оқудан тыс. Жалғыз осының өзі-ақ мәнді.
Панлю атай Риэмен қатар келіп отырды. Толқыған, абыржыған түрі көрініп түр.
- Иә, сіз де, сіздер де адамды құтқару үшін еңбектеніп жүрсіздер.
Риэ қинала жымиды:
— Жарайды, білсеңіз бар ғой, мен үшін адамды құтқару сияқты сөздер тым асқақ,
тым артық естіледі. Мен олай алысқа көз тастай алмаймын. Мені адамның
денсаулығы, ең алдымен денсаулығы қызықтырады.
Панлю атай батылсызданып үндемеді.
― Дәрігер, - деді ақыр соңында.
Бірақ бірден іркіліп қалды. Маңдайынан тер бұршақ-бұршақ тамды.
"Жолыққанша" деп бұрқ етті де, орнынан тұрды, көзі жалт-жұлт етті. Ол әрі аттап
жүре бермек еді, ойда отырған Риэ де орнынан тұрып, оның жанына келді.
— Мені тағы да бір рет кешіріңіз, тәңір жарылқасын, - деді ол - Сеніңіз, бұл
қақтығыс қайтып қайталанбайды.
Панлю атай дәрігерге қолын созып, мұңая үн қатты:
― Әйткенмен, сізді сендіре алмадым!
— Ал ол не берер еді? - деп қарсылық білдірді Риэ. - Менің ажал мен жауыздықты
жек көретінімді өзіңіз де білесіз. Қаласаңыз да, қаламасаңыз да біз бұл арада осыдан
азап шегу үшін, осымен күрес жүргізу үшін біргеміз.
Риэ Панлю атайдың қолын өз алақанында ұстап тұрып:
― Міне, көрдіңіз бе, - деді сөзін жалғап және оған қараудан қашқақтап, - енді бізді
Құдай тағаланың өзі де ажырата алмайды.
Санитарлық жасаққа кірген күннен бастап Панлю атай лазареттер мен оба
жайлаған қотандардан шықпай қойды. Жасақ мүшелерінің арасында ол, өз ойынша,
шеніне қарай тиесілі, яғни бірінші орын алды. Өлім дегенді ол артығымен көріп
біткен. Теориялық тұрғыдан ол обадан алдын ала егу арқылы қорғалған, дегенмен
өз өлімі туралы ойламай тұра алмайды. Сырттай ол барлық жағдайда да
сабырлылық сақтайды. Алайда бірнеше сағат бойы жантәсілім еткелі аласұрып
жатқан сәбиді көрген күннен бастап, оның ішкі дүниесінде бірдеңе шатынап кеткен
сияқты. Жүзінен ішкі аласапыран менмұндалап тұрады. Бірде жымиып қойып Риэге:
"Діндар адам дәрігерге көрінуге тиіс пе?" деген тақырыпта шағын трактат жазып
жүрмін дегені бар, дәрігер ол сөздің астарында бұдан әлдеқайда зор бірдеңе
жатқанын сезген. Риэ ол еңбекпен танысып көруге тілек білдіріп еді, Панлю таяуда
ғибадат кезінде уағыз айтатынын, сол уағызда әлгі еңбекке енген кейбір ойларын
ортаға салатынын аңғартып, сырғақтатты.
- Уағызға сіз де қатыссаңыз қуанар едім, дәрігер, оның жұрттың бәрін
қызықтыратынына сенімдімін.
Панлю атайдың екінші уағызы желді күнге тура келді. Шынын айтқанда,
қатысушылардың қатары біріншіге қарағанда недәуір сиреген. Ең бастысы мұндай
жиындар біздің азаматтар үшін бұрынғы сәнінен айырылған. "Жаңа, соны" деген
сөздердің өзінде де қаламыз бастан кешіріп жатқан мына қиын күндерде бұрынғы
мән-мағына қалмады. Оның үстіне азаматтарымыздың көпшілігі діни ғұрыптарды
орындаудан бас тартпағанымен де немесе оларды жекебасылық парықсыз өмірімен
терең ұштастырылмағанмен де, әдеттегі шіркеуге баруын ерсі, ескі нанымдармен
астастырды. Олар ғибадат етуге барғаннан гөрі мойындарына обадан қорғайтын
медальон немесе әулие Рохтың суреті бар бойтұмар салып жүруді артық көрді.
Көзге ұстар мысал ретінде, біздің азаматтардың әр алуан сәуегейліктермен
еріксіз елігуін келтіруге болады.
Мәселен, көктемде бір сәт сайын обаның тоқталуын асыға күттік, індеттің қанша
мерзімге созылатынын көршіден сұрау онда ешкімнің де есіне келген жоқ, өйткені
оны әркім-ақ әне-міне қарасын өшіреді деп өзін-өзі сендіруге тырысты. Күндер өтіп
жатты, жұрт қырсық ешқашан кетпейді деп қорқа бастады, сөйтіп індеттің аяқталуы
жалпыға ортақ арманға айналды. Міне, дәл осы кезде ежелгі католик әулиелері мен
пайғамбарларының айтқанынан алынған әр алуан сәуегейліктер қолдан қолға
көшті. Қала баспаханаларының иелері бүл елігулерден қандайлық пайда түсетінін
тез бағамдап, бүкіл Оранды айнала аралап жүрген мәтіндерді коп данамен басып
шығарды. Алайда бүл көпшіліктің қомағай құштарлығын қанағаттандыра
алмайтынын көрген пысықайлар қалалық кітапханаларды ақтарып, жергілікті
жылнамаларда шашырап жүрген осы тектес деректерді тауып, күллі қалаға таратты.
Бірақ жылнамалар мұндай сәуегейлікке сараң болған соң журналистерге тапсырыс
бере бастады. Бұл ретте олар бұрынғы өткен ғасырлардағы ұстаздар сияқты
білмейтіні жоқ екенін танытып-ақ бақты.
Бұл сәуегейліктердің кейбірі газеттерге етектей мақала болып басылды.
Оқырмандар оларға денсаулықтың мизамшуақ шағында газеттердің ақырғы
беттерінде басылатын ашыналық оқиғалар сияқты бас салды. Бұл сәуегейліктердің
кейбірі керемет есепке құрылып, ішінде бәрі мидай араласып жүрді: міндетті түрде
мың деген сан болды, өлім-жітімнің есебі, обаның қыспағында өткен айлар
көрсетілді. Басқалары жайындағылардың көріпкел әңгімелерінде аталатын ұлы оба
қырғындарымен салғастырып, өздерінің азды-көпті елесті есептерінен қазіргі
бастан кешіп жатқандарымыздың деректерін тізген болады. Әсіресе көпшілік
Апокалипсистің әулиелігі сарынында құрастырылған сәуегейліктер мен оқиғалар
легіне қайта оралатын дүниелерді жоғары бағалады, өйткені оларды еш
қиындықсыз өз қаламызға қолданып, сондайлық шатасқан жағдайды әркім өз
талғамына қарай талдауына мүмкіндік туды. Күн сайын Нострадамус пен әулие
Одилияның туындыларын қотарыстырып, ақтарған сайын бітік өнім жинады. Бұл
әулиеліктердің бәрінің басын ортақ сипат біріктірді, ол нәтиженің көңіл
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Оба - 13
  • Büleklär
  • Оба - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2250
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3928
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2228
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2234
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3849
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3882
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3892
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2357
    31.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2217
    33.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4033
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2065
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3779
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2314
    29.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    43.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3886
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2253
    31.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2252
    31.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3964
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2244
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4012
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2159
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Оба - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2963
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1787
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.