Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 16

Süzlärneñ gomumi sanı 3968
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
қарағанда абақтыға жауып қоятын адам. Совет өкіметі сонда да қызмет
беріп отыр. Тек, партиядан ғана шығарды...
— «Қой!» дедім ғой оны!
— Жарайды, қояйық оны. Өзіңе келейік. Сенің де халыққа, оның үкіметі
— советке көрсетпегенің бар ма? Сол істерің үшін алдақашан атып
тастайтын адам емессің бе?..
— Ол атпаса, сен аттыр!—деді əкем тікіленіп.
— Не қылам мен, сені аттырып. Жаным ашып айтқан сөздің біреуін
тыңдамайсың. Былтыр ғана айттым: «Əке, қой осы сауданы!.. Халықты
жеме тағы да!.. Бəрібір құсасың тағы да!.. Тиыш отырсаң ешкім де тимейді
саған!...» дедім. Тыңдамадың. Тағы да былыққа белшеңнен батасын да, өзің
күйетін отқа мені тастамақ боп, Майлыбайдың қызына телімек боласың.
Қанша айтқанмен балаңмын: мен-ақ күйе қалар ем отыңа, егер онымен сен
тірі қалатын болсаң. Бəрібір өртенесің ғой, бейшара-ау!.. Не болды саған,
өлеріңді білмейтін?.. Былай ақылды-ақ адамсың. Совет өкіметіне ешкімнің
де əлі келмейтінін көріп отырсың, өйткені ол, халықтың қалың бұқарасына
арқа тірейді. Патшаны да, байды да, ақты да, шет елдегі дұшпандарды да
жыққан сол бұқара. Осының бəрін көре, біле тұра, отқа ұмтылған
көбелектей жарбаңдап ұшасың кеп!.. Сөйтесің де, Байтұрсыновтың өлеңін
көлденең тартасың менің алдыма? Неменеме керек менің, ол өлең?..
Байтұрсынов пен сені теңізде ескексіз қалқытып қойған Совет өкіметі емес,
өздерің!..
Мен қызынғандай орнымнан тұрып, бөлмеде жүріп кеттім, əкем
тұнжырап отырып қалды. Аздан кейін:
— Сөздерің рас, балам!—деді ақырын дауыспен.— «Шешінген судан
таймайды» дегендей, революцияға басынан қарсы боп алдық та, қайтып ол
жолдан бұрыла алмадық. Кəзір хал шынында да қиындады. Өкімет
шынында да күшейді. Енді жан сақтауды ғана ойлайтын уақыт туды.
Майлыбаймен құда болам дегенім де жан сақтаудың қамы еді. Əрі, тірі
отырған соң күн көріс керек. Майлыбайдың баласы Саудабаймен
достаспасам, кəзіргі азын-аулақ дəулетті жинай да алмас ем. Дəулеттің күн
көру үшін ғана емес, жан сақтауға керегі бар көрінеді. Алдақашан сотталып
кететін Сасықты дəулет қана сақтап отыр. «Совет өкіметі əділ» дегенмен,
заң орындарында əлі де жең ұшынан жалғасатындар бар сияқты...
— Олар ескінің қалдықтары...
— Кім десең де отыр ғой...
— Тез құритындар, олар...
— Құрығанша жеп үлгеретін...
— Тоқтай тұр, балам!—деді əкем маған, тағы да бірдеме дей бергенімде,
— шешендік салыстыратын жер емес бұл. Əуелі мені түгел тыңдап алшы!..
— Ал, тыңдадық!— дедім мен отырып.
— «Басыма екіталай күн туса, ақша керек болар» деген оймен де
араласып ем бұл саудаға. Ол үмітімді кестің сен. Өйдемегенде не дейін?..
Майлыбаевтан қол үзудің кесірі маған ғана емес, анау қайынағам болады
деп жүрген Мəмбетіңе де тиеді: қарындасын алмасаң, қолымыздағы сауда
дүкенін сыпырады да алады. Содан кейін, бойыңа сіңген борышты өтеп
көр, шашың да жетпейді!.. Одан əрі абақтыда шірігеннен басқа жол жоқ!..
— Ертерек ойлау керек еді оны.
— Ал, сотқа іліктің бар ғой, құтылар жерін, жоқ. Жуық арада
Қазақстанның жоғарғы сотына бастық боп Сасықтың туған жиені —
Əзімбай Қыдырбаев барыпты. Күніміз түссе бізді оңдыра ма ол. Сен мені
«алашорда болдың» деп жазғырасың. Əзімбай алашорданың, көкесінің бірі
болған адам. Ол неге қойылады жауапты қызметке?
— Уақытша нəрсе ол. Оның да ініне су құйылады...
— Құйылғанша құрытып үлгереді біз сияқтыларды...
— Сонымен, əке, істе деп отырғаның не маған?
— Тілді алып жүрмісің сен, «мынаны істе» дейтін? Əйтпесе,
Майлыбайдың қызын алсаң, бізге төніп келе жатқан пəленің бұлты ауып-ақ
кететін!.. Əке ақым бар ғой, балам! — деді əкем аз кідіргеннен кейін,—
ойланшы осыны!.. Кейінірек болса да ойланшы!..
— Ойлағанмен не істей алам? — дедім əкемді енді ғана аяғандай.—
Сенің халыңды түзеу үшін, Майлыбайдың қызын алумен ғана іс бітпейді.
Ол үшін Совет өкіметін құлатып, саған қолайлы өкімет құрып беру керек.
Оған əлім келе ме менің?
— Оны қоя тұрып, əлгі сөзімді ойланшы, балам!..
Айтар сөзім таусылған мен, үйден шығып кеттім де, ертеңіне Торғай,
Ырғыз арқылы, Шалқарға жүкке барады деген осы елдің ылаушыларымен
жүріп кетуге əзірлендім. Тоқтатқысы келмеген əкемнің аттанарда айтқаны:
— Кешегі сөзді ойлан, балам!..
Жазғы каникулға қайтып келгенде, «ойланып келген болар» деп жорыған
əкем, жылы қабақпен қарсы алды. Ол əлдекімнен, ұшқырлығы құсты
шалатын жирен жорға алған екен. «Саған арнап алдым» деп қойды əкем
оны көрсетіп. «Жаңа заманның салтын құрсын деп, бір қазақ-орыстан су
жаңа əскерлік ер-тұрманын алып қойдым» деп, жирен жорғаға ерттеп
көрсетті. Онысы да жақсы екен.
— Биыл он сегізге толдың,— деді ол маған.— Жігітшілік құратын
жасың енді келді. Ешнəрседен бетіңді қақпаймын. Ертіп жүрем деген
жігіттерің болса, оларға да əдемі ат-тұрман тауып берем. Қайда барам
десең де, қанша күн жүрсең де еркің.
Өткен қыс беті қайтып қалудан болу керек, Майлыбай қызының
жайынан өзі жұмған аузын ашпайды, жобасын байқасам, Қайрақбай
арқылы сөз салады. Оның айтуынша, Майлыбайдың сұлу қызы үйінде əлі
отыр. Өзі маған «ғашық» көрінеді. Дəмелі əкесі мен ағасы, биыл жаз маған
берем деп, ақ отау даярлатып, жасау-жиһаздарын мөлдіретіп қойса керек.
Егер қызды ала қалсам, бір байдың мал-мүлкін қоса беретін сияқты.
Сөз жобасына қарасам, Бəтес жайында сақтана сөйлейтін Қайрақбай,
ептеп көңіліме күдік туғызатын сөздердің пернелерін басып қояды. Өткен
қыс ол үйден менің аман аттанғанымды естіп алса керек, əуелі «солай
болып па еді?» деп сұрап алады да, мен «рас» десем,—«осы қыз сені
созбаққа неге сала береді?!» деп күдіктендіреді де, аржағын,— «ұялып
қалатын жайы болмағай еді!» деп тереңдете бастайды. Мен «оны көрерміз»
деймін де қоям. Шыным да сол: Мүсəпірдің сөзі бар, Қайрақбайдың мына
сөзі бар, анығына жетуім керек емес пе? Өз ойым: «Адал болсаң жарадың,
Бəтес. Арам болсаң, маған емес, өзіңе өкпеле!»
Бұл күдікті анықтаудың сəті түсе қалды. Мен ауылға кеп аз күн
тыныққан шақта, Бəтестің апасы — Кəкеннің ұзатылатын тойы болды. Бұл
тойға өзге бозбалалардың қатарында мен де бардым. Байып тұрған Мəмбет,
дəулеті өзінен де артық бір байға құда боп, тойып ұлан асыр ғып жасаған
екен. Біз барсақ, Қызбелдің ол ауыл жақ ылди-өрі тойға жиналған адамға
сыймайды.
Біз Қиқымның үйіне түстік. Мен ретін тауып сапырылысқан қалың
адамның ішінен Қалисамен тілдесіп қалдым. Қысқы оқиғаға ол Бəтестен
қанған екен. Маған асығып айтқаны:
— Көп сөйлесуге көз көп. Аңдушы да аз емес. Сəті түссе, бүгін таңға
жақын Тобылғылыда жолықтырам.
— Осынша құжынаған топтан қалай ұрланып?..
— Оны істей алмасам, мен« Қалиса болам» ба?.. Бірақ, қалауым əлі бітіп
болған жоқ!..
— Ойбай, Қалеке!.. Айтқаным айтқан: өзімнен басқамның бəрін ал!..
Қалисаның сілтеуімен, сайдың тереңіне өскен қалың тобылғының ішінде
отырмын. Таңның жақындауын, шығыс жақта жарқырай қалған шолпан
көрсетіп тұр. Кеше басталып бүгін аяқталатын тойға қатынасушылардың
түн бойғы шабысы мен гуілі кəзір үдей түскен сияқты. Бəтес пен Қалисаны
күтуіме биенің бірер сауыны болған сияқты. Маған енді, олар уəделі
уақыттан кешіккен сияқты. «Неге кешігеді?» осы ой сабырымды тауысуға
жақындаған кезде, сырт жағымнан əлде не сыбдыр ете қалған сияқтанды.
Қаннен-қаперсіз тұрған басым, жолбарыстан үріккен киіктей ыршып
түстім. Жалма-жан артыма қарасам, бір шапанның астында екі адам
қараңдайды!.. Мен «Бəтес!» деп қалғанда, шапан ашылып кетті: Қалиса
мен Бəтес!..
— Бəтес!— деп құшақтай аппын...
Одан кейін не болғанымды білген жоқпын... Білгенім:
— Таң білініп қапты ғой, Бөкенжан! — деп, құшақтасып жатқан Бəтес
маңдайымнан сипаған шақта көзімді ашсам:—«енді бөгелулерің ұят
болады» дегендей, əлі көлеңкелеу аспанның биігіне бұлдырай көтерілген
бір бозторғай дəл төбемізде шырылдай қапты!.. Сол сəтте тұрғысы келген
Бəтесті құшағыма қаттырақ қыса түстім де:
— Ақботам!— дедім құшырлана сүйіп,— біздің осы өмірлік айқасқан
құшағымызды енді кім айыра алар екен?
— Қайдам!— деді Бəтес, демін соза алып,—«тағдыр» деген де пəле бар
емес пе?..
— Ол пəленің де əлі келмес!..
Одан əрі сөйлесуге, əлде не сыбдыр ете түсті. Шошынғандай басымызды
көтеріп алсақ, шапанын бүркеніп кеп тұрған Қалиса!..
— Енді де риза емеспісің, Бүркіт?— деді ол, ұшып түре келген маған.
— Ризамын!.. Бір емес, мың емес, миллион емес, анау аспанда бұлдырай
бастаған сансыз жұлдыздар қанша болса, сонша ризамын!..
— Ал, ендеше, көзге түспей тұрған шақта тез бытырайық. Əуелі
шапанын бүркеніп Еркежан кетсін. Біз сайдың кемерінен бақылап тұрайық.
Одан кейін — мен!.. Одан кейін — сен!..
— Мақұл!
Қалисаның жібек желеңін бүркеніп Бəтес сайдың кемерінен көтеріле
бергенде, төменде қалып бара жатқан мен, ықтиярымнан тыс оның кестелі
ақ көйлегінің жерге сүйретілген етегінен ұстап аппын. Тартып қалған
екпініммен Бəтесті шалқасынан құлата жаздағанымда:
— Түре келген əйелдің етегінен ұстамас болар!.. Тарт қолыңды!—деп,
Қалиса қағып жіберді. Содан ба, əлде сусып кетті ме, қолымнан етегі босай
бергенде, құлай берген Бəтес тез оңалды да, əрі қарай жүгіре жөнелді... Ол
киіктің жыртқыштан шошыған лағындай аяқтарын жылдамдата аттап
жүгіргенде:
— О несі?!—дедім мен, Қалисаға.— Анау қараңдап жүргендердің көзіне
түсіп қалады-ау, байғұс бала бұл жүрісімен!.. Аяңдап жүрсе, көзге түссе де
елемес пе еді, қайтер еді!.. Жападан-жалғыз жүгірген кісіге, кім де болса
амалсыз қарайды ғой!.. Дыбыс беруге болмайды!..
— Ойбай, қой! Онда тіпті бүлдіресің!..
Бұның арты неге соғар екен деп, Қалиса екеуміз тың боп жатқан шақта,
ұзаңқыраған Бəтес, бір тұста шоқтала өскен қалың жəне биік тобылғының
арасынан өте беріп еді, əлдекім ұша түрегеп үн қатқан сияқтанды. Жалт
қараған Бəтес, одан қорыққандай қымсына қашты, анау тұра қуды. Бұл
көрініске қадала қараған менің есіме, қасқырлардың қоянды қақпақылдап
ұстауы түсіп кетті: бір қасқыр əлде не бұтаға тығылып жатады да, өзгелері
қоянды жан-жағынан қақпайлап соған қарай айдайды; қоян үстіне келіп
қалғанда, тығылып жатқан қасқыр қағып алады... Мынау, Бəтесті қуған да
сондай қасқырдың біреуі!.. Ол да Бəтесті қағып ап жейтін сияқтанып,
қорғау мақсатымен, жатқан жерімнен тұра ұмтылдым.
— Ойбай, тоқта!— деп етегімнен шап берген Қалисаны сілтеп ұшырып
жібердім де, бар қимылыма баса жүгірдім. Қуған адам Бəтесті ұстай алуға
жақындағанда, артынан мен де жетіп, желкесінен қапсыра ұстаған
қалпыммен жерге алып ұрып, көкпардың лағындай сүйретіп апарып
тастадым. Сонда ғана бетіне қарасам,— Жұман!
— Қап, əкеңнің...— деп жұдырықпен құлақ шекеден тапсыра
бергенімде:
— Өй, жындымысың?— деп қолымды ұстай алды ол.
— Сен жындымысың?
— Мен не істедім, жынды боп?
— Қызды неге қуасың?
— Ақылды жігіт пе десем, тасырқой жігіт екенсің ғой, тəйірі!— деді
Жұман қолымды босатып, түрегеп.— Алдыңнан ойда жоқта қыз қашса, сен
қумай тұрарсың!..
Сол кезде қасымызға ентіккен Қалиса да келіп жетті.
— Жақсы жолғастыңдар!— деді ол, демін зорға ап, сонда да бойынан,
кескінін күлімсірететін қуат тауып.— Екеуіңді қалай жолғастырам деп
жүргенде, сəтінің түсуін-ай!.. «Ер шекіспей, бекіспейді» дегендей,
екеуіңнің шекісетін де, бекісетін де жерлерің осы!..
— Сен ол шешендігіңді қоя тұр, Қалиса!— дедім мен.
— Осы секундте ажыраспасақ, бұл екеуміздің біреуміз мерт боламыз.
Жоғал, жаның барда!— дедім Жұманға.
Түсімнен сескенген адамдай ол жылжи берді...
— Жарайды, бар!— деді оған Қалиса,—«сөзіңді біреу сөйлесе, аузың
қышып бара ма?» дегендей, барлық жабдығыңды өзім реттеймін...
Жұман кетіп қалды. Біз аз уақытқа кідіріп қалдық.
— Айтып ем ғой, жігітім,— деді Қалиса,—«көмекейін алыммен бітесек,
бұл Жұман туған қарындасын да тосады» деп. Ана жылғы өзің жарып
тастайтын құнанды алғанда, бұл сені аңдымайтын да еді, үнін де өшіретін
еді. Əлі де кеш емес, бұны құмықтыруға...
— Қалиса!— дедім мен, арғы сөзін тыңдамай,— бүгінгі түн, аз ғана
өмірімдегі ең бақытты түнім болып еді. Одан жұтқан балымның, аузымнан
əлі де тəтті дəмі кеткен жоқ. Айтарың болса кейін айтшы маған!.. Сол
тəттімді аузымнан кетірмеші кəзір!..
— Қояйын!.. Жұма тұрайын аузымды, «аш» дегенше! Бөлмейін, сəтті
түннен татқан тəттілігіңді..
— Иə, Қалиса, бұл менің сəтті түнім!
8. СƏТСІЗ ТҮН
Бəтестің періштедей тазалығына, көңілі шынымен маған берілгеніне
көзім жеткеннен кейін əкеме, «енді құда түсуіңе болады» деп кісі салып ем,
«қайтеді құда түсіртіп,— депті əкем,— қызды сүйсе болғаны емес пе?
Менің əлім келе ме, ол екеуін қоспауға, қызға əкесінің əлі келе ме? Молдаға
апарып некесін қидырып жататын уақыт емес. Совет заманы. Загске апарды
— бітті. Үйге алып келсе, тойын жасап берем. Менен одан басқа не
тілейді?»
Əкемнің бұлайша қыңырланғанын көргеннен кейін, мен енді ашық
кеттім. Бұрынғыдай бүгежектеп ұялуды қойып, ат ізін Мəмбет ауылынан
суытпай, жиі қатынаса беретін болдым. Қарағыз бен Мəмбет те маған қабақ
бермейді. Онысына қарамаймын. Бəтес сеніскен қалпында. Оның маған
қойған жалғыз шарты:
— Оқуға бірге кетеміз деп уəделестік қой. Үйден аттанғанша, күндіз
ғана келіп жүресің де, түнде бұл ауылдың маңайына жоламайсың.
— Неге?
— Қала қызының салтын əлі білмеймін ғой. Ауыл қызының салтында,
əке-шешесінің көзінше уəделі жігітімен түнде кездесу тірі масқара емес
пе?..
— Ескі ауылдың ұғымы ғой ол.
— Мен сондай ауылда туған адам емеспін бе? Ендеше, оның əдептік
салтын, қашан аттанып кеткенше сақтай тұрайын да. Одан арғы əмір де
жетпей ме, қай мезгілде жолғасамыз десек?
Бұл шартқа көнбейін десем, Бəтестің көңілін қимаймын. Оны ренжітпеу
керек. Егер ренжи қалса, қайтып қалпына түсіру оңай емес. Ал, көнейін
десем, əнеугі Тобылғылы сай¬да жолғасқаннан кейін, құмарым қанып бір
де құшақтаған емеспін. Ондағы құшақтасуым — түсім ғана сияқты. Сүйген
жарды өңімде де құшақтамауға қалай шыдармын!..
Осындай əуре-сарсаң болып жүрген күндердің біреуінде, Қалисаға
ақылдаса қап ем:
— Алдағы жұмада əке-шешесін алысырақ ауылдағы бір ағайыны
қонаққа шақырып кетті,— деді ол.— Сол күні түнде, жұрт ұйықтады-ау
деген кезде келіп, атыңды алысырақ сайға тұса да, өзің жаяу жет. Келе
жатқан тықырыңды білдіретін қара қаншық бар. Сол кезде тысқа шығайын
да, Молда-ағам үйіне кіргізіп жіберейін.
— Бəтес бəле жасап жүрмей ме, «өзімнен ұлықсатсыз неге келесің?!»
деп.
— Оның ретін өзім табам ғой.
— Қайран, Қалиса-ай! — дедім мен қуанып кетіп,— бұл қызметіңді не
сыймен ақтайын сенің?..
— Енді жаныңды қанша ауыртар дейсің,— деді ол күліп,—«бір жылға
қоян терісі де шыдайды» дегендей, бірігіп аттанамыз деген күндеріңе бірақ айдай уақыт қалды. Оған дейін шыдарсың?
— Не алсаң да.
— Не алып қиратар дейсің. Əнеугі қолыма қыстырған бес жүз сомдық
червонсыңа бір алақанымды толтырып кеткенсің. Енді екінші алақанымды
толтырып, бір жұдырыққа жеткізсең, менің есем бітіп жатыр.
— Бітпейтін есе кімдікі?—дедім мен, «беретін алымым осымен
аяқталған шығар» деген оймен.
— Жұмандікі!— деді Қалиса салмақты дауыспен.— Оның өкпесін
бекерге жеңіл көріп жүрсің, Бүркіт шырағым. «Қашқан қасқырға қанден ит
те бөгет болады» деген. Қашқын болмағаныңмен, сен де əлі бұл ауылға
жасқана келудің жолында жүрген жігітсің ғой, қапыңды тауып тақымыңнан
қауып қалса, жаныңды ауыртып жүрер. «Сұраншының тілін кес» дегендей,
сол шіркіннің де көңілін неге аулай салмайсың?
Жұманның адресіне менің аузымнан жаман сөз шығып кетіп еді:
— Ақылды жігіт бола ма десем, сен де тасырқой болайын деп пе едің?—
Қалиса кейіп.— Жақсыдан жығылсаң да оқасы жоқ, теңің. Ал жаманнан
жығылсаң, жарасы етіңе емес сүйегіңе түседі де, өмір бойы сырқырауы
кетпейді. Мен айтар достық сөзімді айттым, ендігісін өзің біл.
Мəмбет аулына уəделі күнде жету үшін, кезге бадыраймау үшін, мен
алыстан орағытуға бекіндім. Уақытты көңілді өткізу үшін, биыл жаз мен
жаңа бір кəсіп тауып алғам. Оным — қаршыға салу. Осы жазда біздің үйде
əдемі бір қаршыға отыр екен. Мені алғаш жақсы қабақпен қарсы алған
əкем:—«Ішің пысқан уақытта, қасыңа Қайрақбайды ертіп, қаршығаның да
қызығын көр!» деген. Аңшылыққа əуестігім аз мен, бұл ұсынысқа
немқұрайды қарап қызыға қоймаған едім. Қайрақбайға еріп көрсем, бұдан
қызық ермек дүниеде жоқ екен. Қаршыға да «қаршығам-ақ» екен, шіркін!..
Өзінің денесі кішігірім бүркіттей. Əрі, көктемде түлеген қанатқұйрығының шалғылары əлі еркін жетіліп те болмай, қауырсындарының
түбі көк аязданып тұр. Сол қалпымен үйрек, қазға ұмтылғанда, жерден
арқан бойы көтерілмей қағып түседі. «Бабындағы кезінде, топтанған
қаздың біреуін де құтқармайды» дейді Қайрақбай. Кəзіргі күннің өзінде,
топтала ұшқан үйрек, қаздың ең кемінде екеу-үшеуін іліп үлгереді. Жаздың
алғыр құсына, тек, дуадақ қана қиындықпен алдырады екен: құс адамнан
бұрын жетсе, басына саңғып жіберіп, басұр ғып отырғызып кетеді екен.
Дуадақтың сол дағдысын білетін Қайрақбай, əуелі мені жұмсап, алыста
деңкиіп отырған, үлкендігі құнан қойдай дуадақтарды үркітіп ұшыртады
да, қолындағы қаршығасын, дуадақтар жерден көтеріле бергенде сілтейді.
Сонда, əуелі жер бауырлай зымыраған қаршыға, биіктей ұшып бара жатқан
дуадақтарға деңгейлесе беріп аспанға тік атылғанда, дуадақтардың біріне
қалай жармасып қалғанына көзің де ілеспейді. Алып денені дуадақтарды
үйрек пен қаз сияқты, жеткенінше жыға беруге шамасы келмейтінін білетін
қаршыға, біреуін-ақ жарқ еткізіп аударып түсіреді, өзі соған жабыса бірге
түседі. Егер адамнан алыс жер болса, езге дуадақтар, ілінуге ұшырағанын
құтқарып əкетпек боп, жапыр-жұпыр үстіне қона қалады да, қаршығаны
қанаттарымен сабап талдырып тастамақ болады. Қу қаршыға ол кезде ілген
дуадағының қанатын жамылып тығылып қалады да, дуадақтар өз серігін
ұрады...
Қаршығаға шыққанда да, мен үнемі жирен жорғаны ғана мінем. Жазық
жерде дедектей ұшқанда, ол жануар да жылқы баласына шалдырмайды.
Басының қаттылығы темірдей. «Ал!» деп жарыса жөнелгенде, ауыздықты
азуына басып ап тартқан ол, қолын, қанша қайратты болғанмен бой бермей,
бар екпінімен жұлдыздай ағады да кетеді. Сол екпінмен тымық күнде
алдынан дауыл тұрғызған ол, көз жасыңды барлатып жібереді... Сүзе
тартып, бой бермеген басы, екі қолыңды қарыстырып тастап, тоқтағанда
əрең деп жазасын.
Ауыл тұрмысына мені еліктіріп, көңілімді аулау арқылы маған сөзін
өткізгісі келді ме, немене, жирен жорғаны да, өзімді сəндеуден ешнəрсесін
аяған жоқ. «Қаланың киімін қалаңа барғанда киерсің, ауылда ауыл
жігітінше киін» деді де, үстіме ұсақ шибарқыттан (орыстар оны «вильвет»
деседі ғой), бір шеберге əдемі қамзол шалбар тіктірді. Сыртыма үйде ақ
ботаның түбітінен тоқылулы жатқан өрмектен қазақша шекпен тіктіріп,
қарала батсайымен астарлатты да, жағасын, өңірін, етегін айналдыра,
жалпақтығы төрт елідей құндыз ұстатты. Аса шебер деген бір етікшіні үйге
əдейілеп алдырып, өкшесін көк сауырлатып, тігістерінің арасын кестелетіп,
қазақша биік өкшелі шоңқайма етік тіктірді. «Атқа мініп түсуге ыңғайлы
болады» деп, «өзің, сияқты серілеу болған аталарыңның біреуінен қалып
еді» деп, бұтыма кестелеген жырық балақ ойран шалбар кигізді.
«Жаздыгүнгі ыстықта іші салқын болады» деп, көйлекті шəйіден жасатты.
Басыма, өзіне арнап жігіт кезінде жасатып, сəті кеп кие алмаған, жасыл
пайымен тыстатқан, су жаңа қара пұшпақ бөркін берді.
Ал, атты ше?.. «Баяғының салдары осылай сəндейтін» деп, кекілін үзіп
үстіне шоқпардай үкі тақтырды, құйрығының үстіңгі жағын өріп қыздың
шолпысын тақтырды, басына «тізгінін қаңтаруға жақсы» деп жүген,
«шылбырын байлауға жақсы» деп ноқта кигізді; «шалбарыңның құйрығын
қажайды» деп, жалпақ басты қалмақы ердің үстіне бұлғарымен тыстаған
мамық көпшік салдырды; «ер аттың арқасына батуы мүмкін» деп, тоқым
мен арасына жырна салдырды; «аттың теріне шалбарыңның балағы сатпақ
болып қалар» деп, үлкендігі етектей тебіңгіні таралғының астынан, аттың
қапталдығына дейін салбыратып жіберді; ылдиға қарай шапсаң, ер аттың
мойнына кетер» деп артына құйысқан, «өрге шапсаң жаясына кетер» деп,
алдына өмілдірік байлады. «Жəй жүріске төсайылы да жетеді, шабыста
шабайылын да тартпай болмайды» деп, ерді қос айылдады. Тұлабойы
түгелімен күміспен əшекейленген бұл ер-тұрманды:
— Кешегі сені жанындай жақсы көретін əжең,— деп таныстырды əкем,
— жаны сүйіп қосылған атан, Жəутікке қыз күнінде арнап жасатып,
қолынан сəндеп шығарған ұстанын, ақысына қырық тұсақ берген екен.
Жəутік өлгеннен кейін, əжең бұл ер-тоқымның үстіне жан адамды
шығармай, сандыққа салып қойған. Кеше, аумалы-төкпелі заман болғанда,
бұл ер-тұрманнан айырылып қалам деп қорыққан əжең, өзі сенетін бір
кедей қоңсының кебежесіне, қара құрымға орап тыққан екен. Оны үй
ішінде ешкімге айтпаған. Ұшқын артелінде тұратын сол қоңсы, əнеукүні
сен үйде жоқта, осы ер-тоқымды əкеп берген!..
— Апырай, не деген жақсы кісі еді!..
«Əжеңнің қолынан көп жыл дəм татып ем» деді, «Бүркітіңді жақсы
көретінін білуші едім» деді, «егер тірі болса, жігіт болған шағында
Бөкенжанымның өз қолына табыс етерсің деген еді» деді...
Əжемнің бұл сөзіне мен жылап жібердім де:
— Əке-ай, не бердің сонша сақтаған ақысына!— дедім.
— Бір көйлек-дамбалдық мата, бір қадақ қағаз шəй...
— Сол-ақ па?!..
— Аз ба ол?
Аржағымнан тығылып кеп қалған ауыр сөзді, «əкемді ренжіте
бермейінші» деп айтпадым.
Қысқасы, осы ер-тоқыммен безендіргенде, былай да сұлу денелі жирен
жорға картинка болды да кетті. Бұндай ер-тоқымды сұлу аттың үстіне
отыру үшін, қолға қаршыға ілу керек, өйткені, қазақ өлеңінде:
Əннің сəні келмейді қалшылдамай,
Жігіт сұлу көрінбес қаршыға алмай.
демей ме?.. Қаршыға ауыр құс емес. Оны қол да талмай көтеріп жүре
алады. Соны біле тұра, сері қазақтар ерінің басына, ауыр бүркітке ғана
арнап емес, жеңіл қаршығаға да арнап, қонып отыратын балдақ істеткен.
Бұл тақырыпта айтқан өлеңінде, «бір қызық — ит жүгіртіп, аң ауласа» деп
кеп:
Итті ертіп құсты алып шықса біреу,
Еріне күміс балдақ етіп тіреу,—
деген. Əжем сүйген жары Жəутікке арнап жасатқан ерінін, алдына,
бүркітке деп бірін, қаршығаға деп бірін, алмалы-салмалы екі күміс балдақ
істетіпті. Əкем маған соның қаршығаға арнаған балдағын ғана берді де,
бүркітке дегенін «қыс аңға шықсаң аларсың» деп көрсетті де, сандыққа
салып қойды. Екі балдаққа да əжем тамаша тастардан мөлдіреген көздер
орнаттырыпты. Олардың бəрі де əжемнің қыз күніндегі өз көздеріндей
мөлдіреп тұр!.. Шіркін, əжем өз жарын қандай сүйген!..
Өзімді де, жирен жорғаны да сəндеп жүрген мен, Бəтеске барам деп
шығар алдында, киім-кешегімді, ер-тұрманымды түгелімен жарқырата
тазарттырып алдым да, қаршыға ұстаған Қайрақбайды қасыма ертіп
аттандым. Сол бір шақта өз салтанатыма өзім риза болғандай: «Шіркін-ай,
осы түрімде Бəтеске тағы бір көрінер ме едім!» деп арман еттім. «Əсіресе,
қанжығама бірнеше үйрек, қаз, дуадақты салбырата байлап!..» Бірақ, оны
істеуге болмайды, Қалисамен уəдеміз олай емес!..
Мəмбеттің аулына жеткенше, ойда жоқта аса бір үлкен сəтсіздікке
ұшырадым. Қайрақбайдың жұмсауымен шауып барып үркітем деген
дуадақтың біреуі қалың селеудің арасына жасырынып қалар ма?!.. Тегі,
көрмей өтеді деп ойлады ма, немене, бейшара, нақ үстіне келіп қалғанша
тығылып, төніп кеп қалғанда, далбақтай жөнелуі бар емес пе?.. Қанненқаперсіз келе жатқан атым, омырауының астынан дуадақ қанаттары
сытырлай жүгіре жөнелгенде жалт беріп үрке қалғаны! Мен үстінен жалт
беріп түстім де қалдым!..
Қызынып шапқан ат, əрі үріккен ат, басы босағаннан кейін ал кеп, тула!..
Қайрақбай ұмтылып жеткенше, ер-тоқымын бауырына алған ат, сатыркүтір тебінгенде, пəрə-пəрəсі шыққан ер-тоқым бөлініп ұшып кетті... Ат
тебіне тулаған қалпымен, қуған Қайрақбайға жеткізбей, қарасын бір-ақ
үзді. Мына халден құс екеш құс та шошыды ма, немене, Қайрақбайдың
қолынан босаған қаршыға, дуадаққа ұмтылмастан, аспанға шырқап шығып,
бетімен лағып кетті. «Сендерге сол керек!» деп табалағандай, бытыраңқы
түрінен қосылып ұшқан дуадақтар да аспанның əлдеқайдағы алыстығына
жоқ болды...
— Енді қайттік?— деді амалы құрыған Қайрақбай маған оралып кеп.
Біздің бұл жолғы жол шетіміз Мəмбет ауылы екенін ол білетін. Уəде: ол
сайда ат ұстап қалатын да, мен ауылға жаяу ұрланып кіретінмін.
— Мен бəрібір барам!— дедім аз ойланып.
— Қалай?
— Қисаң, астыңдағы атыңды бер. Өзің жақын жердегі ауылдан ат ал да,
ер-тоқымның сынығын жинап үйге қайт. Əкемді бұл шығын сөзсіз
күйзелтеді. Ашуы басылғанша көзіне көрінуім қиын. Сəті түссе, Мəмбет
аулына соғайын да, түспесе, жолдағы елдерді аралаңқырап, əкем сабасына
түсе бастаған кезде барайын.
— О да мақұл екен,— деді Қайрақбай.
Екеуміз жақын жерден ауыл таптық та, сол ауылдан астына керік тапқан
Қайрақбай, ер-тоқымның бөлшегін жинап ауылға қайтты, мен бетіме жөн
тарттым.
Уəделі күнде, уəделі уақытта, уəделі жерде Қалисаны күтіп отыр ем, дəл
айтқан шағында келе қалды. Қазақтың «ұзын құлағының» шапшаңы-ай,
жирен жорғадан жығылған хал-жайымды дəл болған түрінде бұл ауыл да
естіпті. Əнеукүні Жұмаңмен арамызда болған жанжалдан кейін, Мəмбет
пен Қарағыз Бəтесті мен алып кетер деген қауіппен, қонаққа шақырған
жерге бармауға бір толқыған екен. Енді, жирен жорға оқиғасынан кейін,
мені жуық арада келе қоймас деп жорыған болу керек, өткен күні ертемен
аттаныпты.
— Ақботаң да атыңның жəйін естігеннен бері қайғыда,— деді Қалиса,—
ол оқиғаны естігенге дейін, «біліп қалады, ұят болады» деп үйіне келтіргісі
келмей зыр қағушы еді, естігеннен кейін «сағы сынып қалған екен ғой
Бөкеннің, келсе келсін, бірақ жан адам сезбейтін болсын» деді. Əзірге
ешкім сезбеген сияқты. Сонда да қорқақ жүрек аласұрып тұр. Екеуміз
шапанды бүркенейік те, тез жетейік. Тоқал есіктің кілтін салмаймын деген.
Қанша айтқанмен туған шешесі емес пе? Қызының теңін табуына өлердей
қуанышты, бейбақ!.. Жаныңды үзіп бер десең де даяр. Ендігі тілегі,—
екеуіңнің қол ұстасып кетуің.
— Өзге жаны біле ме екен осы үйдің, Бəтес екеуміздің бұл сертімізді?
— Білуге тиісті емес. Жəне білмейді де ғой деймін. Оны Молда-ағамның
қабағынан байқаймын. Оның қабағы аса жадыраңқы. Ал, жүр, уақыт
өткізбей!..
Қалиса айтқандай, Мəмбет үйінің есігі бөгетсіз боп шықты. Іздеген
орнымды да, іздеген жарымды да бөгетсіз таптым...
Таңның білінуі, ауыл маңындағы малдардың қозғалуынан аңдалған соң:
— Ал, Бөкенжан, көз байланыңқы кезде жөніңді тап!— деген Бəтеске:
— Сонымен, бір жұма ғой уəдеміз?—дедім.
— Иə!
— Болыстық кеңсеге алдырам ғой сені?
— Қол алыстық қой оған. Нанбасаң, тағы да кел!
Қолымды ыстық жəне жұмсақ қолымен қайта қысқан Бəтесті құшақтай
тағы бір сүйіп, тысқа шыға келсем, сиырлардың алды өріске беттей
бастаған екен. Жан-жағыма сақтана қарасам, жан адам сезілмейді...
Өрген малдардың арасын тасалай, атымды тобылғысына байлап кеткен
сайға келсем, қараңдаған атымның орнында танымайтын бірдеме тұр!.. Өз
көзіме өзім сенбегендей, уқалап жіберіп қарасам, атым!.. Əлдекім құйрықжалын түгел тақырлай күзеп, бөксесінде сабаудай боп құйымшағы ғана
қалған!.. Ер-тоқымына қарасам, оның тұрманына тимепті де, тек, басын
кейін қаратып теріс ерттеп қойыпты... Жігіт үшін, қазақ өміріндегі ең
масқара жұмыс осы!..
Не істеуді білмей басым айналып кетті. Есімді аздап жиғаннан кейін
ойласам, жыра-жырамен жасырынып болыстық кеңсеге тез жету керек те,
Бəтесті тез алдырту керек. Одан басқа шара жоқ.
Еркін кеңседе екен. Ойымды ол мақұлдай кетті.
— Бірақ, өзің де барам дегенді қой,— деді ол.— Қасыңда милиция
болғанмен, «ауыл итінің құйрығы жуан» дегендей, жанжал көтерілсе жақсы
болмас. Одан да «кеңсе шақырып жатыр, неге екенін білмеймін» десін де
алып келсін. Өзіңнің досың Нұрбекті жіберейін. Ол айтқанды қалт
қылмайды.
Нұрбек босқа барып қайтты. Əкесі: «алып кетем десең, қарсылық жоқ.
Əне, бала! Ал да жүре бер!» деген екен, қыз «неге барам мен кеңсеге? Онда
жұмысым жоқ!» деп сазарып отырып апты. Нұрбек оңашалап менің
жайымды айтса, «маған оның ешбір қатынасы жоқ!» депті. Нұрбек «не деп
тұрсың өзің?» деп, Бəтес пен менің арамда болған оқиғаны жəне соңғы
уəдесін айтса, «олардың, бəрі де өсек, болмаған оқиға!» деуінен бір де
танбапты. «Бұнысы несі?!» деп таңданған Еркін:
— Ал, енді қайтеміз?—дегенде:
— Өзім барам!—дедім мен.— Милиция бермесеңіз жалғыз барам. Өз
құлағымнан естімей, бұл сөзге нанбаймын.
— Онда мен де барайын!— деді Еркін.
Нұрбек, Еркін үшеуміз пар атпен Мəмбет үйіне жетіп барсақ, бар жаны
үйінде екен. Бəтестің қабағы қатып, қанын ішіне тарта сұрланып алған.
Бізге ол қараған да жоқ. Мəмбет бізге жадыраңқы жүзбен амандасты да,
Еркінге:
— Жол жайларыңды сезіп отырмын; бұл — бас бостандығының заманы.
Кімді сүйсе де адамның еркі. Балалар сүйіссе, бізде қарсылық жоқ. Мына
баламның көзі отыр,— деді Бəтесті нұсқап,— жасы жетті. Оң қол, сол
қолын таниды. Жат жұрттыққа жаралған бала. Сырт естуім басқаша еді.
Ұялып ештеңе демеуші ем. Кеше милиция келгенде ренжіді ме, немене,
бармаймын деп шалқасынан түскені!.. Ал, біз, өзге жанымыз шыға
тұрайық, өздерің баламен сөйлесіңдер. Барамын десе, батамды бергеннен
басқа айтарым жоқ.
Бұл үйдің Мəмбеттен басқа жаны шығып кетті. Сол кезде:
— Ақбота!—деп жақындай беріп ем:
— Жолама!— деп қолын көтерген Бəтестің түсі, маған қауып алатын
қаншықтай көрінді.
— Өй, Ақбота, есің дұрыс па?!—дедім мен кідіре қалып.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мөлдір махаббат - 17
  • Büleklär
  • Мөлдір махаббат - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2151
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2174
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3845
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2222
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4012
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4072
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2261
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3997
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3968
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2164
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3888
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2099
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2067
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3798
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1992
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3832
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1993
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3833
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2109
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3688
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1955
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3842
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3762
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3674
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2045
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3671
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1987
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3836
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 3776
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 534
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 407
    49.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    63.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    70.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.