Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 3944
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
да кіре берді. Қайрақбайдың сипаттауында ешбір қате жоқ екен: шынында
да үлде мен бүлдеге оранған, асыл тастармен, алтын бұйымдармен
безенген, талдырмаш сұңғақ бойлы, сұлу кескінді қыз!..
Жұпары күндік жерге мол жететін,
Қалампыр иіс майлап өрген шашы,—
дегендей, манағы есіктен сезілген тамаша иіс иіс пе?.. Қыз бөлмеге алып
кірген мына иіс адамды мас қып жіберетін!..
Қазақ қызының əдетімен, бөтен кісіге көзін төмен түсіре кірген сұлу,
самауыр қасына əдеппен кеп отырды да, қобдишаның қақпағын кетерді.
Епті жігіт оған жəрдемдесіп екеуі қарала кəрлен шəшкені подносқа жайды.
Сонда байқасам, аппақ ұзын саусақтары да жас қамыстың жаздыгүнгі
сүйріктеріндей екен!..
Қонақтардан қымсынған кескінмен шай құйған қыз, менің көзімді
аңдығандай боп, бəлкім бұрсам-ақ мөлдірей қарай қояды да, мен қарай
қалсам, көзін төмен түсіре қояды. Солай аңдысып отырып, бір кезде
кезімізге көзіміз жолығыса қалды. Сол қарас, арбасқан мысық пен
жыланның қарастарындай бір-біріне қадала қалысып, аз уақыт айырылмай
тұрып алды. Қызы арбалып қала ма дегендей əкесі қақырынып қалғанда,
байласқан көз қарасымыз үзілді де кетті. Менің қарасымнан қыздың не
ұққанын білмеймін, оның қарасынан менің ұққаным: «Күйеу келсе қыз
даяр!».
Расында да солай болды. Жатар алдында есіктен сығалаған Қайрақбай:
— Құдай берді!— деді маған сыбырлап.
— Иə?
— Қыз мына бөлмеге, болыскей ақ кроваттың үстіне жалғыз жатты, бер
жағына тек шымылдық қана түсірді...
Айтқанда ұзын сөзді қысқа қылып,
Ағарып таң атқанын білмей қапты!—
деп бір ақын айтқандай, қыздың қасында өткізген ол күнгі таңның қалай
атқанын да білмей қаппын...
Болашақ күйеуім деп есептеді ме, əлде қонақжай адам ба — Майлыбай
ертеңіне «тағы да бірер күн жатыңдар!» деп жік-жаппар болғанмен,
Текебай мен Қайрақбайдың ол сөзге көнгісі де келгенмен оқуға тез
қайтуымды сылтау қылып, мен тоқтамадым.
— Ал, бала,— деді Қайрақбай былай шыға,— сонымен, бұл жұмысты
енді бітті деп есептейміз бе?
— Қай жұмысты?
— Майлыбаймен құда болуды...
— Сондай да ойларың бар ма еді?
— Енді неге қонды деп ең ол үйге?.. Кеше айтам деген сөзімді енді
айтайын: əкең мен Саудабайдың құда боламыз деген уəдесі бар екен. Еже
қабыл жасаудың алдында, қыз бен жігіт бірін бірі көріп ұнатсын дескен
екен. Бүгін көрістіңдер. Жəне жақсы көрістіңдер!—деді Қайрақбай қасыкөзін ойнақтатып.—«Жұмыс бітті» деген осы емей немене?..
— Жоқ, біткен жоқ ол.
— Неге?!—деді Қайрақбай мен Текебай қосынан.
— Жолда жатқан жолбикені алатын жігіт мен емеспін. Сұлулығын
қайтем оның. Азар болса «Абайды тағы айттың» дерсін.
«Шүу дегенде көрінер сұлу артық,
Көбі көпшіл келеді ондай қаншық»—
демей ме ұлы ақын? Бұл сұлуың сол!..
— Сонда саған қандай қыз сұлу?—деді Текебай кекеткен дауыспен.
— Сүйген қызым.
— Ол кім?
— Кезінде көрерсің.
7. СƏТТІ ТҮНДЕРДЕ
Егер мені сүйгенің рас болса,
Өз қолыңнан өсір де, ұшыр баулып.
Халық өлеңі.
Шəйіде менің көңілім жоғын естігеннен кейін Текебайдың да түрі
бұзылды, күннің де түрі бұзылды.
— Аяққа құйып берген асты төктің,— деп кейіді маған Текебай.—
Саудабай біздің үйге науаға төккен сұлыдай құйып тұр еді, енді онысынан
тартылады — бір; екіншіден, құда боламын деген көңілмен, əкеңнің
многолавкеден жалап-жұқтағанын көрсе де көрмеген еді...
— «Жалап-жұқтау» деген сөз бе екен,— деді Қайрақбай кейіп,—«сіміріп
жұтқанын» деп неге айтпайсың?..
— Егер дүкеннен ішіп-жегенінің бəрін құстырды бар ғой,— деді
Текебай, Қайрақбайға жауап берместен маған қарап,— оған шашың да шақ
келмейді.
— Шақ келмесе, жемесін!
— Онда немен күн көрер едің? Өзгенің бəрін былай қоя тұрғанда,
осындай арғымақ тиер ме еді тақымыңа?..
— Ол сенің тақымыңа керек. Мен арғымақсыз да күн көре алам!..
Одан əрі айтысар сөз жоқтай Текебай екеуміз теріс қарасып кеттік.
Кеше ашық күн, бүгін ертеден аздап шаңыта бастаған еді. Соған қарап:
— Барар бетіміздегі ауылдардың арасы алшақ; кейбіріне ашық күнде
əрең жетесің. Егер боран көтеріліп кетсе, жолда баспана табу қиын,
сондықтан, күн аужайын бақылай тұрсақ қайтеді?— деген Текебай,
Майлыбайдың ауылынан аттанар алдында. Мен оның бұл сөзін «қызға тели
түсудің шарасы» деп көнбегем.
Майлыбай аулынан ұзап шыққаннан кейін, бұлыңғыр күн алай-дүлей
болды да кетті. Боран біраздан кейін тіпті жынданып, жортып келе жатқан
аттың бөксесінен арғы жағын əрең көретін болдық. Қарсы алдымыздан
соққан жел де сол кезде қатайып кетіп, орай соққан боранның арасынан
жыландай ысылдады. Жəне өзі, үскірік суық боран,— «тіфу» десе түкірік
жерге түсер емес, дененің ілкім ғана ашыла қалған жерін, қыздырған
темірдей қариды. Сондай суық бораннан бет-аузын сеңсең тонның биік
жағасына тығып, əрі жел, əрі суық, əрі бораннан құмыққан Текебай:
— Кейін қайтпасақ болмайды енді!— деді, Қайрақбайдың қолында
отырған божыны ұстап отырған атты ықтата бұрып.
— Жоқ, болмайды ол!— дедім мен божыны ұстай алып.
— Жібер!—деді Текебай божыға таласып.
— Жібермеймін!
— Сонда, далада адасып өлуге құмармысың?
— Ілгері жақтан адасқанда, кейінгі жақтан адаспаймысың?
Шамалаймысың Майлыбай ауылынан қанша ұзап кеткенімізді?
— Қанша?
— Ең кеміне қырық-елу шақырым. Солай ма, Қайрақбай?
— Болып қалуы мүмкін. Қатты келеміз ғой. Жол даңғыл болды ғой, əлгі
уақытқа дейін.
— Сонда да алдымыздан жақын ғой,— деді Текебай.— Ілгергі жақтағы
жақын ауыл бұл арадан ең кеміне жетпіс шақырым. Ат жүрген жолын
жақсы таниды, шыққан аулына ол адаспай барады. Ілгері ауылдың жолын
езін, бастап отырмасаң, ат бастай алмайды. Өзің, бастауға, бет қаратып тұр
ма, үскірік боран?..
— Сонда да ілгері жүреміз,— дедім мен.
— Ондай ретсіз қисықтықтың неменеге керегі бар?!
Мен ілгері жүрмек боп, кейін бұрылған аттың божысын тартайын деп
ем:
— Тартпа!— деді Текебай.— Бəрібір бермеймін.
Текебайдан күшпен тартып алуға болмайды, өйткені, тырмыса қалса, ол
да жан; жəне ол анау-мынау ғана жан емес, ауыл арасының күресіне түсіп
жүрген балуан жігіт. Қайрақбайда үн жоқ. Ол, тегі «ағайынды екеуінің
арасына қыстырылатын нем бар?» деп отыру керек.
Текебай босатпаған божыны бір кезде қоя бердім де: «Қимаған
айғырыңның құлағын...» деп шанадан түсіп, ілгері қарай жөнеле бердім.
Текебай бұнымды қоқан лоқысы деп жорамалдау керек, түтеген боранға
сіңіп бара жатқан маған бұлдыраған қарам əрең көрінгенше қарайлап
тұрып қалды. Ал, менің бұным, оны қорқытуым емес, шыным, тарта беруге
бел байлап келем!.. Кейін ойласам, бұным не жындылық, не ақымақтық.
Əйтпесе, түтеген боранда қайда жетем деп ойлады екем?!. Ғашықтық
адамды осындай жолға да жетектейді екен!..
Не мінезім болса да ілгері жылжып бара жатқан мені, артымдағы
аттылар қуып жетті.
— Ал, мін!— деді Қайрақбай, жолдан сырылған менің қасымнан өте
бере атты тоқтатып.
Мен мінгеннен кейін ілгері беттедік. Енді ешқайсымызда үн жоқ. Қан
құйысқан адамдай қасара томсарып отырмыз. Атымыздың жүрісі əлі
екпінді. Жол тауып жүріп келе жатқанын, жарық мезгілде, шананың арт
жағынан анда-санда жылтырап көрініп қалатын ізден байқаймыз... Күн
қарауытып ымырт жабылғанша бір нысанаға жеткісі келгендей, буы
бұрқырай, денесі ырғала, жаясы бүлкілдей, аяқтары ербеңдей, қара көк
желісін үдете түсіп келеді. Ара-тұра ес бергендей, қатты пысқырынып,
мұрнына қатқан мұздың сүңгісін жетектің басына соғып сындырып қояды
жануар!.. Жолға көлденең тұрған ирек күртіктерді баса жортқанда,
сүйреген шанасының табаны анда-сандағы жердей бір-ақ тиіп, күртіктен
күртікке қарғыған шанадан кейде ұшып кете жаздаймыз. Жануардың бұл
жүрісінен, əлде не кітапта оқыған қазақ жырының мына бір жолдары есіме
түседі:
Арғымақ аттың белгісі,
Арыған сайын тың жортар,
Артымда жүгім қалар деп!..
Мынау арғымақ — дəл сол!.. Айда, жануар!.. Тарт!..
Біраздан кейін боранды даланың күңгірттеуі күшейе түсті. Күннің
кешкіріп бара жатқаны айтпай-ақ мəлім болды... Енді біраздан кейін көз
байлануға айналды... Тағы біраздан кейін, көзге түртсе көрінбейтін
қараңғылыққа сүңгідік те кеттік!. Манағы жанжалдан бері дыбыссыз
отырған Текебайдың үні енді шықты...
— Кірдік, бір көрге!— деді ол бойын қорқыныш билеп алған дауыспен.
— Ат жануар жарықта жолды мегзеп келе жатыр еді, енді оның да көзі
байланды. Жолдан бұрылсақ-ақ қайда беттерімізді құдай білсін. Даланың
аш қасқыры табындап жортатын кез. Жəне ылығатын да уақыты: бір
қаншықтың, соңында жүзі жортады. Олардың тіміскілеген мұрны, иісімізді
көш жерден сезеді. Шаналы кісіден қорқа ма олар?.. Біз сияқты боранда
адасқандардың талайын жеп қойғанын естігеміз. Енді бір құдайдан басқа
жəрдемшіміз жоқ!..
«Батырға да жан керек» дегендей, Текебайдың мына сөзі менің
жүрегімді қобалжыта бастады. Сонымды сезіп, қорқынышымды үдете
түскісі келгендей:
— Шанада екі сойыл бар ғой,— деді ол,— Қайрақбайдың қолы божыдан
босамайды. Екі сойылды Бүркіт екеуміз ұстап отырайық. Құдай қасқырға
қаматпасын де, қамаса сойыл дегенің не оған?.. «Лақ та өлерде тұяғын
серпеді» дегендей, «суға кеткен тал қармайдының» кері ғой. Мə, ұста мына
сойылды!— деп Текебай қолыма ұстата берді...
Қараңғыда тартып келеміз. Көңілдегі жалғыз үміт, ат жолдан жазбаған
сияқты, өйткені, жүрісі үдей түспесе бəсеңдеген жоқ. Соныға түссе олай
жорта ала ма жануар?.. «Қорқыныштың көзі үлкен» дегендей, екпіні
күндізгіден де үдеп алған дауылды боранға кей кезде тесіле қарасан, ішінде
миллиондаған айдаһар ысылдап, мыңдаған қасқырлардың көз оттары жарқжұрқ еткен сияқты!.. Не деген қорқыныш!.. Бірақ, мен сонда да өкінбеймін.
Несіне өкінем? Ертегілердің я романдардың сездеріне сенсек ғашығының
жолында азап шекпеген жан бар ма?.. Кейбірінің азабы бұдан мың есе
артық емес пе?..
Жүріп келеміз, жүріп келеміз!.. Қайда, қанша жүріп келе жатқанымызды
шамалап болар емес. Текебай құдайға сыйынғанмен, дəл осы сəтте бізді
сақтайтын құдай — қара көк айғыр ғана!..
Айғыр шынында да құдайдан кем емес екен. Жолдан аспауы, жүрісін
бəсеңдетпеуі былай тұрсын, менің ішкі сырымды біліп келе жатқандай, ол
бізді тура Мəмбет аулының қотанына алып кірді. Оны білгенім, бір кезде
қора сияқты қараңдаған бірдемелердің арасына ендік. Оның ауыл екенін,
мезгілсіз сықырлаған шана мен тықырлаған ат тұяғының дыбысын естіген
иттердің бұйыға үрген дауыстары білдірді. Сол үн қоса үрген иттердің
ішінен Қиқымның қара қаншығының саңқылдаған даусын тани кеттім.
Қара көк арғымаққа риза боп кеткенім сондай, Текебайға ерегісіп
жазықсыз оның мана құлағын боқтағаныма енді өкініп: «Құлағыңнан
садаға кетейін-ай!» деп айғайлап жібердім.
— Бұл қай ауыл екен?—деді Қайрақбай айғырдың басын іркіп.
— Мəмбет ауылы! — дедім мен қуанған дауыспен.
— Қайдан білдің?— деді Текебай, ауыл табылғанына жадыраған
дауыспен.
— Қиқымның қара қаншығының даусынан. Анық сол!..
— Таниды!—деді Қайрақбай да жадырап,— талай рет кездестіріп
жүрген қаншығы емес пе?
— Ендеше, бұр атты!—деді Текебай Қайрақбайға.
— Қайда?
— Өзіміздің ауылға.
— Осындай боран түтеп тұрған жыты қараңғы түнде ме?— деді
Қайрақбай, Текебайдың сөзін ерсі көрген үнмен.
— Несі бар? Енді көзді жұмып отырып табамыз.
— Осы да ауыл емес пе?.. Ат та қалжырады, өзіміз де қалжырадық. Кім
қуып барады бізді, сонша асығып.
— Бұрсайшы, тіл мен жағыңа сүйенбей!—деді Текебай бұйырған
дауыспен.
Қайрақбай ол дауыстан қаймыққандай, аттың божысын икемдей беріп
еді, мен ұстай алдым. Ат тоқтады.
— Адам десем, малдан да жаман екенсің ғой,— дедім Текебайға.— Ат
тауып келген жерден қашқаның не қылғаның?.. Мені аямасаң да, атты
аясаң еттің!.. Адастырмай, үсіндірмей, қабындырмай, сонша жерден аман
алып келген атты тағы да өктемекпісің, осы түтеген боранда?! Тіфу, бетсізай! Жармаспа енді! — дедім божыны мен де ұстап,— егер жармастың бар
ғой, əлім келсе сені мен қан қылам, əйтпесе, сен мені қан қыласың!
— Жанжалы құрысын да,— деді Қайрақбай кейіген дауыспен,
—«Антұрғанның баласы айдалада көрісер» дегендей, жапан далаға сыймай
мана жанжалдасқандарың анау; енді жанжалдасып тұрғандарың мынау!..
Не болды сендерге бүйтіп?
Қайрақбайдың қайсымызға ұрысқанын біле алмаған мен өз ырқыма
бағып:
— Бұр атты Мəмбеттің үйіне қарай!— дедім оған — Егер бұрмасаңдар,
сендер тарта беріңдер, мен шанадан түсіп қалам.
Амалсыз көнгендей, Текебай божыны босатты. Біз Мəмбет үйінің
қорасына кеп кірдік. Өршелене үрген қара қаншық, бізді қақпа сыртында
қарсы алып, атымыз тоқтағанша шабаланды да, одан кейін мені танығандай
үруін доғарып, қарын қақпақ боп қасқыр ішігімді шешкенде, еркелеп кеп
үстіме секірді. Бұл, əрине, жақсы ырым!..
Мəмбеттің ағаш үйінің терезесінде қақпақ болатын, боранды күндері.
оны жауып қоятын. Бүгін де солай жабылған төргі бөлменің қақпақ жігінен
шамның жылтыраған əлсіз сəулесі көрінеді. «Мезгілсіз шақта бұл шам неге
жанып тұр екен?!».
Үйдің алдында кішкене құлан-қора болатын. Іші қараңғы, соған кіріп,
ағаш үйдің есігін ашайық десек, ішкі ілгешегі салулы тұр. Бұндай əдет, тек,
Мəмбет үйде жоқ күндері ғана болатын. Ол жорамалға ішім жылыңқыраған
мен, «есікке салған қара құлыптай берік қара кемпір қайда екен?» деп
ойлап, іштей аздап тиышсыздандым. Есік қаққан Қайрақбайға:
— Бұл кім?—деді іштен əйел даусы, Жəнияның даусы.
— Мен, Қайрақбай!..
Аздан кейін ашылған есіктің алдында, шамы жағылған ауыз бөлмеде
жеңіл киімді Жəния тұр екен. Біз оған тоқырап амандаса бергенде, төргі
бөлменің ашыла берген қақжарлы есігінен көйлекшең Кəкен көріне түсті де
жоқ болды...
— Бəтес!.. Оян!.. Бүркіт келді!..— деген үні естілді оның төргі бөлмеден.
Мен ол бөлмеге Қайрақбай мен Текебайдан бұрын кіріп барсам, төсегін
босаға жақтағы сəкіге салған ұйқышылдау Бəтес, Кəкен «тұр-тұрлап»
жұлмалағанмен, еркін ояна алмай, есеңгіреген адам сияқты «ə-ə-лап»
жатыр екен. Мен кіре Кəкен «Бүркіт дедім ғой!» деп қаттырақ жұлқып
қалғанда, төсегінен «əһ!» деп басын көтеріп алған Бəтес, ұйқылы көзін
маған кең аша қарады да, «Бөкен» деп ұшып түрегеп, жүгіріп кеп
мойнымнан құшақтай алды!.. Оның талдырмаш бойы, іп-ірі жігітпін деп
жүрген менің кеудемнен келді...
Мен суық сіңген қалың пальтомды тастамай кіргем. Киімдерім жылы
болғанмен, қатты тоңазығанымды үйге кіре сезгем де, қалтырай бастағам.
Киіміме, денеме сіңген сол суықтың бəрін, жұқа көйлекпен кеп құшақтай
алған Бəтестің қызуы сорып алғандай, жылынып кеткен денем дуылдай
жөнелді.
Бəтес мені құшақтап қана қоймай, от жалынды бетін бетіме қатты қыса
тақағанда, қыздырған темірге тигізген мұздай еріп жүре бердім: жылы үйге
жылы киіммен кіргендіктен бе, Бəтестің қызуы ма, басымнан бастап
бақайшағыма дейін тер құйылды да кетті!..
Біздің осы құшағымыз қашан жазыларын құдайым білер еді, егер желке
жағымнан:
— Уа, жетті!— деген Қалисаның даусы саңқ ете қалмаса.
Селк ете қалғандай мен құшағымды жазып жіберіп ем, жабысып
қалғандай Бəтес мойныма оралған құшағын айырмады...
— Болды, Еркежан!—деді Қалиса.— Қатты-ақ сағынған екенсің ағаңды,
сонша жабысып!.. Айыр енді, құшағыңды!.. Жат жарадан кісі бар, ұят
болады!..
Соңғы сөзден ғана есі кіргендей, Бəтес құшағын жазды да, есік алдында
тұрған Қайрақбай мен Текебайды көріп, қымсынған кескінмен төсегіне
беттеп, бауына асулы тұрған шымылдықты түсіріп жіберді де, өзі ішіне
кіріп кетті.
Бұл бөлменің маңдайшасында сағат тұратын, соған қарасам, беске
жақындап қапты. Оның аты, «таң алыс емес» деген сөз. Соны ескергендігі
болуы керек, азғантай ғана уақыт амандық-саулық сұрасқаннан кейін:
— Қара қаншықтың үріп шығып басыла қалуынан-ақ біліп ем сендер
екендеріңді,— деді Қалиса,— естіп отыр ек келе жатыр деген сөзді. Бірақ,
дəл бүгін келе қояды деп ойлаған жоқ ек. Əрі күн боран, жолда бөгелер деп
жорамалдаған ек, əрі үйінде бірер күн бөгелер деген ек, сондықтан да
молда-ағам мен жеңешем бірер күнге жолаушылап кеткен еді.
Қайрақбай жол жəйімізді қысқаша, шапшаңдата айтып берді.
— Ал, енді, қонасыңдар ма, жүресіңдер ме?—деді Қалиса.
— Қонамыз!—дедім мен жұлып алғандай.— Ат та, өзіміз де қалжырап
келдік, тынығуымыз керек.
Менің сөзімді ұнатпауын қабағынан білдіргенмен, Текебай үндеген жоқ.
— Онда, асты таңертең ішетін шығарсыңдар?—деді Қалиса.
— Əрине,— деді Қайрақбай.— Тезірек төсек салдырыңдар, ұйқтап
тынығайық. Маған төсекті өз үйіңе сал.
— Мұнда ше?
— Маған сенің үйің жайлы.
Текебай үндеген жоқ. Үшеуміз де тысқа шығып атты жайғастырдық.
Боран бұл шақта толастап, сиреген. Бұлттың арасынан, аспанда жүзген
толық айдың əр тұсы жарқырай көрініп қалады екен...
Бір кезде үйден басына қаптал күпісін жамылған Қалиса шықты да:
— Төсек даяр!— деді бізге жақындап.
— Мен де сіздің үйге жатам,— деді Текебай оған.
— Оқасы жоқ,— деді Қалиса, «оның қалай?!» деген үнмен.— Ал, бара
беріңдер, онда, біздің үйге. Шам жағулы. Мен Бүркітті Молда-ағам үйіне
кіргізіп келейін. Балалар ұйықтап жатқан болар. Кісіміз Молда-ағаммен
кеткен.
— Қаншығың қаппай ма?— деді Қайрақбай қалжыңды үнмен.
— Қашаннан бері қорқатын болып ең, иттен?.. Кəртайғаның ба, бұл?
Қайрақбай жеңілгендей үндеген жоқ. Текебай екеуі Қиқымдікіне беттеді.
— Ал, жүр!—деп мені Мəмбет үйіне бастаған Қалиса, құлан қораның
қақпасына кіре тоқтады да,— «жолы болар жігіттің, жеңгесі алдынан
шықсын» деген осы. Бəрінің сəті бола қап тұр. Періште қалпында сары
майдай, «майдай» емес-ау, балдай сақтап келген қайын сіңлімнің
шымылдығын, жол-жораңды жасамай ашпақпысың?
— Қалағаның сенікі, құрметті Қалиса!..
— Ойда жоқта келе қалдың. Бойыңда құнға татитын неңнің барын
қайдан білейін...
— Қалталық алтын сағатым бар еді, соны ал!
— Сол-ақ боп па, қайын сіңлімнің құны?
— Қолдағы алтын жүзігімді қоса берейін!..
— Қазақтың жолы: «Үш, жеті, тоғыз» ғой. Аржағын кейін көре
жатармыз. Кəзір үшке толтыр!..
— Жаңа жібек орамалымды берейін.
— Жақсы, қанағат əзірге! — деді Қалиса.
Мен атаған нəрселерімді беріп жатқанда:
— Тонады деп сөкпе, Бүркіт!— деді Қалиса, —«Қалмады баста берік,
белде белбеу, жеңгесін қызды ауылдың сыйлай-сыйлай» деген өлеңді
шығарған мен емеспін. Бұл баяғыдан келе жатқан жол-жора.
— Оқасы жоқ!— дедім мен.— Бəтестің жолына өзімнен басқаның бəрін
де қиям жəне олардың ешбіріне жаным ауырмайды. Егер Бəтес болмаса,
өзімді де қияр ем. Өйтсем, Бəтесім кіммен болады?..
Қалиса мені сыртқы есіктен ғана кіргізді де, өзі үйіне кетті. Ауыз
бөлменің шамы сөнген екен. Бұнда Жəнияның бар-жоғы сезілмейді. Төргі
бөлмеге кірсем, аспалы шамы жанып тұр. Шымылдық манағы түсірілген
қалпында. Бұл бөлмеде жан жоқ. Маған төсек төрге салынған. Сыртқы
киімдерімді шешініп болғаннан кейін, не істеуге білмегендей, төсегімнің
үстіне костюмшең отыра беріп ем, ауыз бөлменің есігі сықырлады. Жалт
қарасам Жəния кіріп келеді екен. Маған жақындаған ол:
— Кісі көзінше бетіңнен де сүйе алмадым, бері келші, қарағым!— деді
қолын созып.
Түрегелген мені ол құшақтап бауырына басты да, маңдайымнан сүйіп:
— Бағың өсе берсін, қарғашым!—деді.
Бұл сөзді жəй жақсы көріп, немесе, қызымның болашақ күйеуі деп
жақсы көріп айтылғанын біле алмадым.
— Ал, енді шешін де жат, шырағым, тынық!— деді ол.— Шамды
сөндірейін бе, болмаса жанып-ақ тұрсын ба?
— Өзім-ақ сөндірермін, апай.
Жəния ауыз бөлмеге шықты да есік жапты. Мен отырған қалпымнан
қозғалмай, біраз отырып қалдым. Менің бұл отыруым:
Ұзақ түнге бозбала қалай шыдар,
Сарымайдай толықсып қыз жатқанда,—
деген қазақ өлеңін еске түсіруден емес. Оны ойласам, кəзір шамды жалп
еткізіп сөндірер едім де, шымылдық ішінде жатқан екі қыздың арасына
жетіп барар ем. Оны істемей отырғаным, Бəтеске тағы да таңым бар. Егер
ол европалық тəрбие алған қыз болса жəне мені сүюі рас болса, манағы
құшақтай алған сезімін жалғастырып, мен даладан кіргенде түрегеп отырар
еді, де біраз кеңесіп, ішіне жиналған махаббат шерін тарқатып алар еді ғой?
Оны істемей, шымылдық ішіне жатып алғаны несі?!.
Менің ойыма бірі жақсы, бірі жаман — екі ой кеп кетті. Жақсысы: «Сөз
жеткілікті болды, ендігі сырды төсекте ақтарысайық деп ойлаған болар»;
жаманы Мүсəпірдің «оны да Кəкеннен кем қап жүр дейсің бе?» деген сөзі
есіме түсті. «Егер ол сөз рас болса,— деп сыбырлады маған ішкі сайтаным,
— маған қарар беті болмай жатыр да, шымылдыққа содан тығылып
жатыр!»
Соңғы сөз ойымды жеңіп кеткендей болған мен, жалма-жан төсегімнен
ұшып тұрдым да, шамды тез сөндіре сап, костюмімді шешіне сап, көйлекдамбалшаң шымылдық ішіне кіріп бардым. Қараңғыда қай қыз қай
жағында жатқанын біле алмай тұрғанда, біреуі:
— Мына жақта!— деп сыбыр ете қалды да, қолымнан сипалай ұстап
төмен тартты. Бұл, əрине, Кəкен болу керек. Төсектен тұрып тоңазуы ма,
немене, қолы сұп-суық.
Кəкеннің икемдеуімен қолым тисе, Бəтес жұқа шəйі көрпеге балаша
бөленіп апты. Көрпеден оның екі қолы мен басы ғана шығып жатыр екен.
Қасына қисайған менің мойнымды ол ыстық құшағына қайта қысты да,
бетіме ыстық бетін тақай берді. Мен енді манағыдай құрғақ қана бет
тақаспай, ерніне ерінімді жапсырып ем, Бəтес маған сүп-сүйір тілін тосты...
Ал, кеп сор, ал, кеп сор!..
Сол қалпымда қанша жатарымды құдайым білер еді, егер Кəкен арқамды
бұрай, қатты ауырта шымшып алмаса!..
— Не болды?— деппін жаным ышқынып кетіп, аузымды Бəтестің
аузынан жұлып ап.
— Мен сенің төсегіңе жата тұрайын,— деді Кəкен басын көтеріп.
— Е, сонда шымши ма екен?!.
— Шыдамыңнан айырылсаң, сен де шымшырсың!..
Кəкен тұрып кетті.
— Ол бейшара солай!— деді Бəтес.— Махаббат туралы оның түсінігі де
солай.
— Сеніңше қалай болу керек!..
Одан əрі екеуміз сырласып кеттік. Ұзақ əңгіменің қысқасы:
— Мен сендікпін,— дейді Бəтес.— Сен жоқ жерде маған өмір жоқ.
Менің барлық бақытым сенімен ғана!..
— Менің де ойым осы!— деймін мен.— Бар арманымыз осы болса,
бақыт сапарына бүгіннен бастап бірге аттанайық.
— Мен оған бейіл!..
— Ендеше, жаз, бөленген көрпеңді!..
— Барлық бақыт сонда ғана ма екен?..
— Əрине, емес: Бірақ, ой біріккенде, бойды неге іркеміз?
— Оның да күні алыс болмас...
— Қашан, сонда?
— Екеуміз де шетсіз-шексіз кең далада туып өспедік пе? Қыстың
қыспағында асығатын неден қысылыппыз, біз?.. Жарқырап жаз тумай ма,
ертең? Кең даланың гүл-бəйшешегі жайнамай ма? Ақ үкілі селеуі ырғалмай
ма? Ақ сағымы толқымай ма? Тоғайда бұлбұлы сайрамай ма? Көлде аққуы
сұңқылдамай ма? Қырда жылқышы ысқырмай ма?.. Сонда, бүкіл торғайлық
даланың ашық аспанынан тура қарап күлімдеген сансыз жұлдызды қуа өтіп
қосылмаймыз ба?.. Бұл қараңғы үйде, жанымызға жанымызды, тəнімізге
тəнімізді біржола тұтастыра қосқанымызды екеумізден басқа кім біледі?..
— Қажеті не, ол «кімдердің»?
— Неге қажет емес? Шын махаббатта ұрлық бола ма? Көпке əйгілейтін
шаттық емес пе ол..
— Сонда, не?.. «ЗАГС-ке барайық» дегенің бе ол?
— Емес!.. «ЗАГС» деген не ол?.. Қағаз!.. Ешбір молданың дұғасы ешбір
мекеменің қағазы сүйіспеген жүректерді жалғастыра алған емес. Ал, сүйген
жүрек болса, ешбір дұға да, ешбір қағаз да бөле алған емес...
— Ендеше, не айтып жатқаның?
— Айтып жатқаным: екеуміздің де тəніміз бен жанымыз Торғайдың
табиғатынан, ендеше қосылуымыздың куəсі сол ғана болсын?..
Осы сөзінен танбаған Бəтесті жеңіп көр! Мен оны сөзбен жеңе алмаған
соң, бөленген көрпесін күшпен ашайын деп ем:
— Бөкенжан!— деді көрпесін жаздырмауға тырмысқан Бəтес.—
Махаббатқа күш жүрмейді!.. Сөз оған кеткенде, менде де өз ар-ұятымды
қорғарлық күш бар!
Екеуміздің алысып жатқан ойымызды, шымылдық ішіне кіріп келген
əлдекімнің елесі бөліп жіберді.
— Бəтес! Бұ не істеп жатқаның?!— деді ол даусын шығарып (Кəкеннің
даусы).— Баяғыдан бері өліп-өшіп күтіп жүрген жігітіңе көрсеткен сыйың
осы ма? Тағы да ұл болмақпысың сонда?.. Адыра қал!.. Таста əрі, орынсыз
тырмыспай!.. Айдай əлемге белгілі іс істейсің де, енді көнбеген боласын!..
Кімге дəрі, ондай орынсыз бұлтағың?!..
Кəкен шымылдықтан шығып кетті. Бəтес екеуміз не дəрімізді білмей, үнтүнсіз жатып қаппыз. Сол сəтте біз жатқан бөлме терезесінің сыртқы
қақпағы ашылып кеп кетті. Таң атып қапты, дала жап-жарық...
— Сөзім осы, Бөкенжан!— деді Бəтес қатар жатқан менің кескініме тура
қарап.— Сенің жазғы каникулға келер шағыңда Кəкенді ұзатады. Соның
тойына кел. Одан əрі айтарым,— əлгі сөздерім!..
Сөзі дəлелді болғанмен, «бұл араға философияның қажеті жоқ» деп
ойладым да, өкпелегендей бетпе-бет жатқан орнымнан теріс айналып
кеттім. Сол қалпымда Бəтес мойнымнан айқыра құшақтап бауырына басты
да, біздің елдің тиыштылау бір қоңыр əнімен:
Өсіреді сал жігіт мұртын қаулап,
Мосқал жігіт болады шықса қаулап.
Егер мені сүйгенің рас болса,
Өз қолыңнан өсір де, ұшыр баулап!
деп ыңырсыды. Бұрын да естіген бұл халық өлеңінің мағынасына да,
Бəтеске де енді ғана түсінгендей боп, мен бетімді оған қайта бұрып,
құшақтап сүйе бастадым. Ол да мені сүйді. Сол сəтте ауыз бөлмеге кірген
Текебайдың даусы естілді. Мен ытып төсегіме бардым да, ұйықтап қалған
Кəкенді оятып жіберіп киіне бастадым.
— Ə, тұрып жатыр екенсің ғой,— деді төргі бөлмеге кіре берген
Текебай.— Айғырды таңға жақын отқа қойып ем, тынығып қапты. Кəзір
жегіп қойдым. Аманшылық болса, ертеңгі шайды үйден ішеміз. Тез шық,
далаға!
Біз жүріп кеттік. Əкемді қора ішінде, малдарды жабдықтау жұмысында
жолықтырдық. Ол адамның ішкі жай-күйін қабағынан байқайтын адам
болушы еді. Текебаймен екеуміздің жəйсіз келгенімізді қабағымыздан
таныды ма, немене, сəлемімізді салқын ғана қабылдады да, жұмысына кете
барды. Мен үйге кіріп кеттім.
Малды жайғастырып таңертеңгі тамаққа келген əкемнің кескініне
қарасам, əлем тапырық!.. Ол, əрине, сыртта қалған Текебайдан болған
халдың бəрін есітіп кеп отыр. Біздің үйдің бір салты, əкемнің қабағы
түйілді-ақ береке-дуасы кетеді: ол күні ешкім дұрыстап ас та іше алмайды,
ойын күлкі болса-болмаса да жоқ, əкемді жеңіп алдым деген шешем де
ондай халде ашуына тимеуге тырысып, айтарын ашуын еткізіп барып
айтады, əкемнің ашуы басылғанша, үйдің өзге жандары əртүрлі
жабдықтарына тарап, көзіне көрінбейді.
Бүгін олар сөйтті. Əкемнен «астан кейін тараңдар» деген əмір
болғандай, шетінен біртіндеп сөгілген үй ішінің аздан кейін біреуі де
қалған жоқ. Əрі жол соқты болған, əрі еткен түнде көзімнің шырымын
алмаған менің, асқа тойып жылынғаннан кейін бойым маужырап ұйқым
келе бастаған соң, əкем үйде тас құдайдай үн-түнсіз қадалып отырып алған
соң, қора ішіне өткен жазда салынып «Текебай отауы» аталған кішкене
үйшікке барып тынықпақ боп орнымнан көтеріле беріп ем:
— Отыра тұр, балам!— деді, даусы сүзетін бұқаның ыңырана
өкіргеніндей боп естілген əкем.
— Ал, балам,— деді ол, орныққан маған, суық даусын өзгертпей,—«ұлы
сөзде ұяттық жоқ» дегендей, жобаларына қарағанда, келінді боп келген
түрлерің бар ғой, қайырлы болсын!
— Айтсын!—дедім мен, «келінді» дегені Бəтес деп жорып, кекетіп
айтып отырғанын көріп.
— Ал, енді бұның тойын қашан жасайсың?
— Өзім айтам.
— Қашан?
— Уақыты келгенде...
— Енді не «уақыт» керек, болары болып, бояуы сіңген соң?
— Əке, сондай сөздің керегі қанша?—дедім мен де кейіген дауыспен,—
жастардың төсегін аңдудың қанша қажеті бар?
— Болмағанда ше?— деді əкем даусын көтеріп.
— Көтерме, əке, дауысыңды! Өзің айтпайтын ба едің, «өтпес жарлық,
бойға қорлық» деп? Қуатсыз айғайдың керегі қанша?..
Ақылды əкем өз жайын түсінгендей, даусын бəсеңдетті де, маған
қабағын түйе қарап ап.
— Қыпшақ Ізбасты би мен керей Тоқсан би бір дауда жолыға қалған
екен,— деді салмақты, сабырлы дауыспен.— Бірінші кездесулері екен.
Ізбасты аса ірі денелі екен де, Тоқсан кішкене кісі екен. Ол заманның
əдетінде билер құшақтасып көріседі. Екеуі сол керіскенде, Ізбасты
Тоқсанға: «Тоқсан, Тоқсан дейтін еді, томашадай-ақ екенсің ғой?» депті.
Сонда Тоқсан: «Оның несі бар? Томаша тоғыз жұмыртқалайды, біреуі ғана
бұлбұл болады, өрмекші сегіз жұмыртқалайды, біреуі ғана бүйі болады.
Томаша болсам — бұлбұлы шығармын, өрмекші болсам — бүйісі
шығармын» деген екен. Сол айтқандай қалмақ тұқымынан тарағандардың
ендігі бұлбұлы да бүйісі де сен болар деп дəмелі едім, ол үмітім алдады,
балам.
— Неге, əке? Неден күдер үздің əлі?..
— Үзбегенде ше? Ақаң:
Қалтылдақ қайық мініп ескегі жоқ,
Дарияда жүрміз заулап көшпесі жоқ.
Жел тұрса, құйын қуса жылжи беру,
Болардай қолға тіреу ешнəрсе жоқ,—
деп зарланса, біздің кəзіргі халымыз дəл сол емес пе?
— «Ақаңы» кім?— дедім біле тұра, білмегенсіп.
— Ахмет Байтұрсыновты айтам да...
— Солай деу оған қонымды. Дарияға ғарық болғысы келмесе,
қалтылдамай тиыш жүрсін!
— Патша заманында шығарған өлеңі екенін білемісің?
— Білем. Ол кезде қонымды-ақ екен дейік. Ал, совет заманында неге
тиыш жүрмейді?.. Халыққа бостандық болған заманда?..
— «Бостандық!»—деді əкем теріс қарап.— Тиыш жүрмей не істепті?—
деді маған қарап.
— Сен оқымаған боларсың оның советтік құрылысқа қарсы жазған
сездерін. Совет өкіметі оның алашорда болғанын, революцияға қарсы оқ
атқанын кешіріп, жазаға тартпады, қызметке де, партияға да алды. Соның
бəріне түкірді де, совет құрылысын ашық жамандауға кірісті...
— Қоя тұрайық оны!— деді əкем, бұл сөзден жеңілерін көргендей,— өз
əңгімемізге кірісейік.
— Мен бе бастаған, Байтұрсынов əңгімесін? Өзің ғой? Қылығына
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мөлдір махаббат - 16
  • Büleklär
  • Мөлдір махаббат - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2151
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2174
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3845
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2222
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4012
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4072
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2261
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3997
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3968
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2164
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3888
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2099
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2067
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3798
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1992
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3832
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1993
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3833
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2109
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3688
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1955
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3842
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3762
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3674
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2045
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3671
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1987
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3836
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 3776
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 534
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 407
    49.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    63.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    70.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.