Latin Common Turkic

Мөлдір махаббат - 06

Süzlärneñ gomumi sanı 3802
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
Тыйым болмайтын сияқтанып жүрген шақта, қыс аяғы жақындай,
«Тəшкеннен комиссия кеп қапты!» деген хабар дүңк ете түсті. «Олар
аштарға берілген жəрдемнің жұмсалуын тексере келіпті!» деген хабар
жалғасты оған. «Коммунаны да тексеретін түрлері бар» деп абыржуға
айналды, бір кезде біздің бастықтар. «Бізді тексеретін топтың бастығы,—
Ғани Мұратбаев екен деп сыбырласа бастады балалар...
Бұл есім бізге бұрыннан да таныс болатын. Хат танып, оқулық
кітаптармен қатар «Ақ жол», «Жас қайрат» сияқты газеттерді де оқитын
біз, олардың əсіресе,— «Жас қайраттың» бетінен Ғанидың да мақалаларын
кездестіретінбіз. Сонда ол «байлар», «манаптар», «алашордашылар» деген
адамдарға өшіге, тілін түйрей жазып, Совет өкіметіне оларды жау адам ғып
көрсететін. «Бұл өзі кім екен?» деп сұрастырып, өмірбаянынан да аздап
мəлімет естігеміз: тақыр кедейдің үйінде туып, жетім боп өскен ол, кəзір он
сегіз жаста... Қызметі — Түркстан республикасындағы коммунист
жастардың Орталық комитетінің бірінші бастығы...
Осы адам біздің коммунаны тексеруге келеді деген соң, көруге асыққан
адамның біреуі мен болдым. Оныма бірінші себеп — жастай атағы шыққан
адамның кескін-кейпі, түр-тұлғасы қандайлығын байқау болса, екінші
себеп — «коммунада жүріп жатқан былыққа қалай қарар екен?»
Комиссия келердің, алдында, бастықтарымыз барлық кластың
балаларын да коммуна берген бір түсті костюммен киіндіріп, белдерін жез
алақанды жалпақ қайыс белбеумен буындырып, мектептің, ұзын, кең
коридорына жүйе-жүйесімен қаз-қатар қақшита тұрғызып қатырып қойды.
Оқу жұмысын меңгерушінің айтуынша, қонақтарды коммуна бастығы ертіп
келеді де, олар есіктен кіре бергенде, «тиыштал!» деген команда болады.
Бəріміз де сонда қақшия қап, егер қонақ сəлемдессе, бір ауыздан «сəлем!»
десеміз.
Қатарға тұрғызған шақта, өзгелерді білмеймін, өз жүрегім əлденеге
кеудеме сыймастық болып тулай қалды. Сондай халде тұрып, қонақтардың
мектепке кіргенін аңғармай да қаппын. Дүрсілдеген жүрегіммен алысып
бейғам тұрған шақта, «тиыштал!» деген дауыс саңқ ете түсті. Селк ете
түсіп, сол жағымдағы есікке көз қырын тастасам, көлеңкелеу коридормен
төрт-бес ересек кісі бері қарай келе жатыр... Балаларда да үн жоқ, оларда да
үн жоқ... Енді ғана бойымды жинаған мен, ішімнен: «Бізге де тоқырамай,
өтіп кеткей-ақ та!» деп тілеп тұрмын. Егер тоқыраса, көздеріне ең алдымен
мен түсем, өйткені:— «Сен бойшаңдаусың жəне көріктісің» деп, мұғалім
мені біздің кластағы балалардың сол жақ шетіне тұрғызған.
«Абайсыз өтіп кетсін» деген оймен, қонақтар жақындаған шақта көзімді
төмен түсіріп қойып ем, онымды аңғарып қап, əдейі ерегіскендей, нақ
алдыма келіп тұра қалысты. Басымды амалсыздан көтерсем, қарсы
алдымда бірнеше кісі тұр: нақ алдымда тұрғаны биіктеу бойлы, талдырмаш
денелі, дударланған қара бұйра шашы бұрқырай маңдайына төнген, ойнақы
өткір қара көзді, қырлылау кішірек мұрынды, жоғарғы ерніне болашақ қара
мұрттың жұқалау ғана қырбығы білінген, ақсұр кескінді жас жігіт; оның
оңында тұрғаны — тауы көтеріңкілеу, жоғарғы ерніне ұшын ернінің
жиегімен тегістеген қара мұрт қойған қырлылау келген мұрынның танау
жағы көтеріңкілеу, сидамдау бойлы, түсі қара қоңыр, жастау жігіт; сол
жағында сиректеу сары мұртты, шапыраштау көзді, толықшалау орта
бойлы, сарғылт өңді біреу тұр...
Басқаларына қарап үлгермей, қарсы алдымдағы аққұба жас жігіт, маған:
— Атың кім, бала?—деген сұрау беріп қалды. Мен оның сұрауына жауап
беріп үлгермей:
— Ғани Мұратбаев деген ағаң осы жолдас!—деп қалды оның оң
жағында тұрған коммуна бастығы. Ол «мынау ағаң» деп қара қоңыр
адамды таныстырмақ болып еді:
— Қоя тұрыңыз,— деді Ғани оған,— балаларға бəрімізді таныстырудың
қажеті жоқ. Мына балаға бір сұрауым бар, соған бөгет жасамаңыз.
Сонымен, атың кім, бала?
- Бүркіт!
- Жақсы ат екен. Фамилияң?
- Жəутіков! — дедім мен күмілжіңкіреп.
- Неге күмілжисің, əлде, байдың баласымысың?
Үндемедім.
- Жасырма,— деді Ғани,— расыңды айт! Жасырғаныңмен білеміз,
бəрібір!.. Адалыңды айт: тым сорлының баласы сияқты көрінбейсің. Солай
ма.
- Солай!— дедім мен, бойым үйреніңкірегенін істеп, батылдық қалпыма
бағып.
— Бұнда байдың балалары көп екені мəлім,— деді Ғани маған,— сен де
солардың бірі боларсың деп жобалап едім, дұрысқа шықты ғой болжалым.
Қайталап сұрайын: рас қой, бай баласы екенің?..
Тəкаппарлығым ұстады ма, шынымды айтқым келді ме,— қайсысы екені
есімде жоқ:
— Рас!— дедім тағы да.
— Естіп тұрсыз ба, Сұлтеке, мына баланың сөзін?— деді Ғани,
қасындағы қара мұртқа.
— Естіп тұрмын,— деді ол, салқын түсін өзгертпестен.
— Қарағым, көңілің таза бала екенсің,— деді Ғани маған.— Адалыңды
айтқаныңа рахмет. Осыңнан таймасаң, совет адамы болып та кетуің
мүмкін.
— Ал, енді басқаларынан сұрап көрсек қайтеді?—деді Ғани «Сұлтеке»
деген адамға.
— Қалай тауысасың бəрінен бірдей сұрап?— деді ол ұнатпаған
қабақпен.— Кеңседен алмаймыз ба, керекті мəліметті?
— Қайтеміз, одан алып?.. Жəне, байдың балаларын алып отырған ол,
бізге шынын айта ма? Одан да балалардың өздерінен сұрайық...
— Олардың шынын айтатынын қайдан білдің?
— Іздеген жібіміздің бір ұшығын дəл тауып тұрған жоқпыз ба?—деді,
«Сұлтекесіне» күлімсірей қараған Ғани, қолымен мені нұсқап,— жанына
тап тартысының кіршігі əлі жұқпағандығын істеп, адалын айтып тұр бұл
бала. Түбінде байлардан совет өкіметіне тілектестер шықса осындайлардан
шығады. Өзге байлардың балалары шынын айтсын мейлі, айтпасын мейлі,
ұшығы табылған жіптің аржағын да суырып ала аламыз. Менімше əкелері
өтірік айтқанмен, бірен-саран тіс қаққан тəсілқой ересектері ғана болмаса,
ар-ұяттары кірленбеген сəбилердің көбі шынын айтады.
Ғани қаз-қатар сапқа тұрған балалардың екі жағына да қарап ап:
— Ал, балалар, «жетіммін», «панасызбын» дегендерің қолдарыңды
көтеріңдер — деді.
Жан-жағыма қарасам, əр кластан азғантай ғана бала көтеріпті. Өзгелері
тым-тырыс.
— Көріп тұрсыз ба, Сұлтеке? — деді Ғани.
— Танымайтын адамдар келіп «қол көтер!» деп жатса, əрине,
қорғалайды,— деді Сұлтекесі.
— Жатырқаудан емес,— деді Ғани күліп,— өтірік айтып үйренбеген жас
балалардың шындыққа қарсы тұра алмауынан. «Осылардың дені байдың, я
ауқаттының баласы» деген сөз рас. Қолдарын көтермей тұрғандар,—
солар!.. Солай ма, бала?—деді Ғани маған.
— Солай!
— Енді менің сұрауым жоқ,— деді Ғани «Сұлтекесіне»,— мен үшін
мəселе жалпы түрінде түсінікті. Ендігі мəселе, жеке баланың қайдан келуін
анықтау ғана. Егер сіздің жұмысыңыз болмаса, қалған сөзді комиссияда
кеңесейік.
— Мақұл,— дей салды «Сұлтекесі» солғын үнмен.
Олар кете, коммунаның бастығы мен оқу жұмысын меңгеруші, мені
оңаша бөлмеге алып барды да, «не істедің сен?» деп, жатты да ұрысты. «Не
істедім?» деген ойдағы мен, тіл қайырмай, үн-түнсіз тұрдым да алдым.
Ұрысқан сөздері өтпейтінін көрген олар қосарлана сөйлеп:
— Осы қылығыңмен, мектептен шығарып жіберсек қайтесің?— деп
қорқытты.
— Қорқытпаңыздар,— дедім мен оларға, сабырлы дауыспен,—
шығармасаңыздар да кетем!..
Ертеңіне поезға мініп үйге кеттім де қалдым. Оным жақсы болған екен:
артынан естісем, «байдың баласы» дегендердің бəрі коммунадан
шығарылып, орнына шын панасыздар алыныпты...
Мен болмаған бірнеше айда, үй ішімізде недəуір өзгеріс болып қалған
екен. Ең елеулі өзгеріс,— Текебайдың үйленуі. Оны маған қыс ортасы ауып
бара жатқан шақта, Ақмешітке келіп кеткен əкем айтқан. Сонда, мен оның
бір сөзінен қатты шошып қалғам.
— Ойға, қырға ауытқи көшеміз,— деген əкем маған, үй ішіндегі
жабдықтарды кеңес қып отырып.— Текебайды үйлендіре алмаған ем. «Бас
екеу болмай, мал екеу болмайды» дегендей, жасы жиырмадан асып бара
жатқан сол баланы аяқтандырып жіберу арманым еді. Осы арманыма
жуырда жеттім, үйге бір шүйке басты кіргіздім.
— Қайырлы болсын,— дедім мен, ауыл əдетімен.
— Əмин!.. Алладан болсын!
— Қайда құда болдыңдар?
— «Құда» дейтін құдамыз жоқ...
— Неге?— дедім мен елеңдеп.
— Былайша сəті келе кетті,— деді əкем күмілжіңкіреп.
— Қалайша?
— Не көп, қайыршы көп емес пе елде?..
— Иə?!..
— Қайыр сұраған бір пақырлар үйге келе қалды...
Не сұмдықтың болғанын жорамалдағандай, бар қаным басыма атып
шығып, миым дуылдай бастаған мен:
— Сонан соң?!— дедім əкеме...
— Ерлі-байлы адам екен... Басы-көздері жалқаяқтанып іскен екен...
Қастарында бой жетіп қалған қызы бар екен... Бүлдіршіндей əп-əдемі бала,
бірақ киімдері жыртық, жалаңаяқ, жалаңбас, үсті-басы кір, бет-аузы
күлтілдеп іскен...
— Иə, сонымен?— дедім мен, əңгіменің артын білуге асығып.
— Əлгі пақырларға жарты пұт тары бердім де, қызын алып қалдым...
— Кімнің есебінде?..
— Ақмақ бала, түсінбей отырмысың?— деді əкем бетіме қарап...
— Түсінбей отырғаным рас.
— Бала қылуға алды деп отырмысың мені?
— Енді қайтуге?
— Текебайға атастырдым!
— Жасы нешеде?— дедім мен жүрегім лүпілдеп.
— Ер жетіп қалған қыз...
— Сонда да?..
— Барғанда көрерсің.
Əкемнің жалтақтай жауап беруінен бұл арада бір сұмдықтың барын
шамаладым да, бара көрермін деп, аржағын қазбаламадым. Əкеме тек қана
айтқаным:
— Жарты пұт тарыға келін сатып алуға намыстанған жоқсың ба?
— Несі намыс оның? Совет заманында бір тиын төлемей де алып
жатқандар бар!..
— Ол бір басқа нəрсе ғой!— дедім мен күрсініп.
— Күрсінбе, балам,— деді əкем, ұнатпаған қабақпен,— мен алып
қалмасам, ол қыз ендігі аштан өлер еді. «Жарты пұт тары» дегеннің кəзіргі
заманда құны қанша екенін білесің бе? Дыңдай ірі қара!.. Əке-шешесінің
тақиясына тар келіп жатқан жоқ ол!..
Осы əңгімеден кейін көруге құмартқан қызды, Қайрақбайдың əйелі —
Қатира көрсетті. Ақмешіттен келген мені есік алдында қарсы алушылар
ішінде ол да тұр екен. Қазақтың «жеңге» дегені, «қайын іні»
аталатындардың онымен ойнауы қызық қой. Бұл ойынның ішінде
сыпайысы да, тұрпайысы да болады. Өзімді «ата баласы» санайтын мен,
біздің үйге он алтыншы жылы он алты жасында келіншек бон түскен
Қатирамен, кішкене күнімнен тұрпайы ойнап, айтпайтын боғауызым,
жасамайтын қылығым болмайтын. Ол да маған соны істейтін. Егер екеуміз
оңаша кездесе қалсақ, аузымызға келгенді оттап, жарбаң-жұрбаң алысатын
да жататынбыз... Жас күнімізден осындай тату болып өскен біз, аз күн
көріспесек сағынысып қап, құшақтасып амандасатынбыз. Ол өзі,
талдырмаш кішкене денелі, қара қоңыр кескінді, бірсыдырғы сұлу өңді,
сапылдаған сөзуар, жүрісі бедеу байталдай шапшаң, ойнақы адам болатын.
Бұл жолы да екеуміз төске төс тақасып көріскеннен кейін:
— Ал, Сал-жігіт,4 — деді маған, көптен оңашалана беріп, кішкене қара
көзін ойнақшыта, күлімсірей қарап, нəзік, ұзын саусақты алақанын жая,
қолын созып,— көрімдік əкел!
— Не үшін?
— Жеңгелі болған жоқпысың, оқуда жүргенде?
— Ə-ə!.. Қалағаныңды ал!
Аузына ыңғайсыз бірдеме келіп қалғандай болған ол, жан-жағына
қарады да, айтар сөзін қайтара жұтқандай:
— Онда, жүр үйге! — деді. Қатирамен екеуміздің сыбырымызды
естімей-ақ ұққандай, өзгелер сыртта кідіріп қалды.
Үйге кірсек, оң жақта, шешемнің өзім білетін көнетоз, қара шұбар шыт
шымылдығы құрулы тұр.
— Көрімдік бермесең, ашпаймын,— деді Қатира, шымылдықтың қасына
барып.
— Аласың ғой,— дедім мен.— Əуелі көрейік те.
— О да болсын!— деп жымың етіп, Қатира шымылдықты ашса, үстінде
ескі киімдері бар, басында етегі бетін жапқан женсу қоңыр шəлісі бар,
тұлғасына қарағанда оннан аз-ақ асқан дерлік қуыршақ тұр!..
— Міне жеңгең!— деп Қатира қуыршақтың, бетін ашып қалғанда,
шошып кеттім: бойы шынашағымдай-ақ, ап-арық, кіп-кішкене бірдеме!..
Өзі «үріп ауызға салғандай» дерлік, мөлдіреген сұлу қыз екен...
— Астапыралда!— деппін, шошып кеткендіктен.
— Иə, қайным? — деді Қатира, менің тұрпайы шыққан дауысыма қайран
қалғандай.
— Осы ма, «келіншек» дегендерің?!..
— Несі бар, келіншек болса?.. Өзіміз де осыдан аз-ақ қалқыңқы кезде
түсіп, өлмей-ақ адам боп кеткеміз!..
Бұл тақырыпта одан əрі кеңесуге, сыртта тұрып қалғандар үйге кіре
бастады. Ішінде əкем де бар. Шымылдық қайта түсірілді. Əлгінде көрмеген
біреулер жамырай амандасып жатқан шақта, əкеме жақындадым да:
— Далаға шығып кетші, ағеке!— дедім.
Тысқа шыққан əкемді қораның түкпір жағына алып бар дым да:
— Ағеке, сенде бір қолқам бар!— дедім.
— Айт!— деді əкем, кескініме таңдана қарап.
— Анау «келін» деген қуыршағыңды бүгіннен қалдырмай апарып таста!
— Қайда?
— Қармақшыдағы жетім балалар үйіне!
— Неге?!
— «Неге» екенін қайтесің, ағеке!.. Егер апарып тастамадың бар ғой, бұл
үйден мен кəзір кетем!..
— Қайда кетесің?
— Оны өзім білем...
— Не деп тұрсың, балам?!.
— Айтқанымды істемесең, мен саған бала емеспін!..
— Ойланып айтып тұрған сөзің бе, балам?—деді əкем сұрланып.
— Өзің айтатын едің ғой, ағеке, «құдай біздің тұқымға өзгені осал берсе
де, қаттылықты мықтап берді» деп. Айтқаным айтқан, ағеке: не менімен
боласың, не келінмен боласың!..
— Неге, сонда?..
— Қаршадай кіп-кішкене баланы, əуелі жарты пұт тарыға сатып алуға
ұялсаң еді, ағеке!—дедім мен, қанша қатайып тұрмын дегенмен,
балалығыма бағып, жыламсырап,— осынша арзан бағаға, өзгеге емес,
туған балаңа қатын əперуге ұялсаң едің!..
— Балам!!.— деген даусы ащырақ шыққан əкем ашу қысқандай дірілдеп
кетіп, сөзінің аржағын айта алмай қалды. Сол кезде кескініне қарасам, аузы
сол жағына қарай қисая қап, бетінің бұлшық еттері, қазанда бұрқылдай
қайнаған құрттың бетіндей бүлкілдей қалған екен. Былай да шекесіне қарай
көтеріңкі біткен көз құйрығы, шағуға ыңғайланған шаянның құйрығындай
қайқайып апты. Қолдарына қарасам, қаусырмалай көтерген құшағының
басындағы жұдырықтары тастай боп домалана қойыпты...
Бұл бейнесіне қарағанда, əкемнің мені ұстай ап, мелжемдеп сабағысы
келген болу керек. Бірақ, ашу буған ақылы тез шешіліп, тарпа бассалуға
мені аяды ма, немене:
— Жоғал!— деді ақырып, қолын беталды құла дүзге сілтеп.
Мен үн-түнсіз жөнеле беріп ем:
— Тоқта!— деді тағы да ақырып.
Тоқтадым.
— Тілімді қайтармаған сен ғана қалып ең,— деді ол түйіліп кеп,— енді
сен де сөйтейін дедің бе?
— Айтқаным айтқан,— дедім мен, жасқа булығып,— қызды
Қармақшының детдомына апарып орналастырмадың бар ғой, ағеке, мен
бұл үйде тұрмаймын.
— Қайда барасың сонда?
— Оны өзім білем...
Енді ғана қажығандай болған əкем:
— Егер екеуіңді де жібермесем қайтесің?— деді бəсеңсіп.
— Байлап ұстаймысың сонда? Бəрібір кетем. Кете алмасам, не суға
кетуге, не асылып өлуге бейілмін.
— Соншама күйінетін неменең еді ол қаншық?
— Қаншық емес — адам, жəне жап-жас бала, жəне панасыз. Адам
баласын бүйтіп қорлауға болмайды...
— Ім-м-м, «солай болып едім» де, балам!— деп, маған сүзіле қараған
əкем, ыңыранып аз тұрды да:
— Ол өтінішіңді орындай алмаспын, балам!—деді ар жағы сынаптай
толқыған сияқтанып, бірақ, бойда бар қайратын жинаған боп.
— Ендеше...— дедім де мен жөнеле бердім. Əкем сол орнында тұрып
қалды.
Біз отырған ауылдың іргесінен Сыр жағасының қалың қамысы
басталатын, ішінен əр тарапқа жол кететін. Соңғы күндерде қар түгел кетіп
боп, сазданған жер дегдуге айналған еді, бірақ, дарияның, мұзы əлі
сөгілмеген. Əкемнен бөліне жөнелген мен, қамыс арасына кіре, тарам
жолдардың біреуіне түсіп, дарияға қарай тартып бара жатыр ем, артымнан
аттың дүсірі естілді. Жалт қарасам, шоқытып келе жатқан əкем. Жетуге
жақындаған ол, «Бөкежан!» деп еді, мен жауап та қатпастан, ілгері қарай
тарта бердім. Əкем қасымнан жанай өте берді де, атының басын кілт
бұрып, қарғып түсе қалды. Тар жолда тоқыраған маған:
— Қайда барасың? — деді ол.
— Өзім білем,— дедім мен.
— Ақымақтанба, балам!— деді əкем, əкелік мейірімді даусымен,— қайт
үйге!..
— Айтқанымды орындасаң ғана қайтам.
— Байғұс бала-ау, бекерге бусанасың,— деді ол, жұмсақ дауыспен,—
бойы шарға болғанмен, жасы он төртке келіп қалған қыз. «Он үште отау
иесі» демей ме, аталарың? Он үш түгіл, тоғыз, он жасында «қолбала» боп
келгендердің талайы жетіліп, қасабалы қатын боп кеткенін көрдік...
— Оның заманы емес кəзір...
— Ақмақ балам-ау,— деді əкем еріксіз жымиған боп,— ағаңа төрт-бес ай
қатын болған əйел емес пе, ол? Енді не қыл деп жібересің? Шын обал сонда
болмай ма?
— Обал болмайды. Детдомға орналастырсақ.
— Қыздың өзі кетпеймін десе ше?
— Сендерден қорықса ғана айтады оны, қорқытпасаңдар айтпайды.
Қайда баратынын түсінсе, тартынбақ түгіл, бұйдалы тайлақтай ұшады.
— Ұшпаса ше?
— Осы арбасудың, керегі жоқ, əке,— дедім мен кейіп,— «он жасымнан
бастап кісіге тізгінімді ұстатпай өстім» демейтін бе едің өзің? Мен он екі
жастамын. Азар болса, саған тартқаным шығар. Мен енді, осы сертке
міндім, əке. «Таңдауын өзіңе бердім» дедім ғой: не қызбен боласың, не
менімен боласың!
Сертімнен қайтпауыма сенімі енді ғана бекігендей болған əкем,
қалшиып аз уақыт тұрып қалды да:
— Болсын, балам!—деді ауыр күрсініп ап,— бірақ, бұны жұртқа күлкі
болмайтындай ғып істейік.
— Қалай?
— Біз ешқайда орналастырмай-ақ қояйық. Өзі қашып кеткен болсын.
Содан кейін қайда барса да мейлі.
— Ол болмайды, ағеке! Қармақшының детдомына не өзің барып
сөйлесесің, не мен барып сөйлесемін...
— Мен сөйлесе алмаймын.
— Ендеше, мен-ақ сөйлесейін...
Ертеңіне əкем екеуміз Қармақшыға аттандық та, əкем əлде не сылтаумен
қала қыдырып кетіп, мен детдомға бардым. Бастығы Адамбеков деген
қартаңдау мұғалім екен. Оған келген жайымды айтып ем, «не деген жақсы
бала едің!» деп арқамнан қақты да, «келсін, қабылдаймын. Қайдан
келгенінде кімнің не ақысы бар. Балалардың арасына сіңіседі де кетеді.
Сүйегінде кемігі бар біреу болса, жетілу оп-оңай» деді. Уəде: үшінші күні,
ел жата Адамбеков атпен біздің ауылдың қасына келеді де, мен
«келіншекті» қолымнан арбасына мінгізіп жіберем.
«Келіншегіміздің» аты — Шынар екен, əкесінің аты — Əділбек.
Детдомға бару жайын айтқанымда, ол алғаш, «бармаймын» деп ыршып
түсті де, түсіндіре келе көне кетті. Уəделі түнде мен оны өз қолымнан
жөнелтіп салдым. Əке-шешемде де иман жоқ: «жатқа олжа болмаймыз»
деп, бір ғана жамалған ескі көйлектен басқа киімдерін сыпырып алып
қалды.
Жата-жастана байқасам, əкем үйдегі ұраға астықты бекерге тыққан жоқ
екен. Қыстай жан адамға сездірмеген бұл астығын, көктем туа, Қайрақбай
арқылы, əкем жан-жақтағы елге астыртын тарата бастады. Бірақ, ақшаға
емес, не астыққа, не малға. Астыққа болса — бір пұт дəнге, күздігүні бес
пұт алады; малға болса — бір пұт дəнге күз не екі ту қой, немесе,
жылқының я сиырдың семіз құнан-құнажыны, я түйенің тайлағы...
Биыл Сырдың жақсы тасуынан үміт қып, шама-шарқынша егін сеппек
болған, бірақ, тұқым таба алмай отырған ел біздің үйдің астығын, қымбат
бағасына қарамай талап əкетті... Əкем олардың бəрінен де ауылнайға
растатып «тілхат» алды.
— Бермей кетсе қайтесің?—дегендерге:
— Көрсін, бермей,— деді əкем,— Ақмешіттегі ұлықтарға айтып, көзін
желкесінен шығарайын!
Сондағы сенетіні — Аралбаев. Былтырдан бері біздің үймен
байланысын үзбеген ол, əнеугүні де келіп кетті. Əкем оның ізін шала,
түйеге елеусіз түрде теңеп, бір қап тары, екі қап бидай жіберді...
Астық жайғасып боп шілде басталған шақта, əкем бір күні кешке:
— Ал, бəйбіше,— деді шешеме,— Бөкежан екеуміздің кір-қоңымызды
жуып, киім-кешегімізді даярла, аманшылық болса, аз күнде сапар шегеміз.
— Қайда?—деген сұрауға, неге екенін кім білсін, сөзін бөлшектей
айтқан əкем:
— Тор-ғай-ға!—деп жауап берді.
— Тор-ғайға?!—деді шешем таңданған дауыспен.
— Ие, Торғайға!..
— Неге, көтек-ау?!..
— Əйел ердің жол жайын сұрамайтыны қайда?— деді əкем кейіп.—
Босқа қаңғырмайтынымды білесің. Жұмысым болғасын барам да. Неге
барғанымды, қайтып оралған соң көрерсің.
Əкем көп кешікпей, қасына мені жəне Қайрақбайды алды да, поезбен
Орынборға қарай жүріп кетті. Неге екенін кім білсін, үйде үлкен тоқыма
қоржын болушы еді, əкем соның бір басына барлық тұрманымен маған
арнап жасатқан жеңіл ер-тоқымды, бірнеше ноқтаны, жүгенді жəне ұзын
қыл арқанды салды; енді бір басына, сүр, құрт, ірімшік, май сияқты
азықтарды салды.
— Шалқар станциясынан түсеміз,— деді ол, поезға міне маған,— содан
Ырғызға, одан Торғайға көлікпен кетеміз.
Шалқар станциясында, Ырғыз бен Торғай жағының аштарына жəрдем
апаратын, сол елдердің өзінен келген көліктер бар екен. Жүкшілердің
ішінде əкемнің таныстары да болып шықты. Жүктері ауыр, көліктері арық
болғанмен, ілесе кеткісі келген əкемді, олар тастаған жоқ. Жүкке деген
көліктің бəрі түйе. Азын-аулақ ат оларды жетектеп жүру үшін ғана
алынған. Арба бұл жолаушыларда атымен жоқ. Арық түйелердің көбі,
адамды қоса мінгізу түгіл, артқан азын-аулақ жүгін əрең көтереді.
Сондықтан, Ырғыздан шыға берісімен-ақ, бірен-саран кəрі-құртаңы
болмаса, былайғылары жаяу жүрді. Басқа амалымыз болмағандықтан, біз
де сөйттік.
Күннің көзі де сол бір шақта көк жиектен қайнай шығып, ашық
аспанның биігінде шақырая лаулады да тұрды. Ондай ыстықта арық
көліктер жүре алмайтын болған соң, иелері, тек күн бату мен таң атудың
арасында ғана ілбіп жүріп отырады да, таң ата, кез келген жерге түйелерін
шөгеріп жата кетеді. Сонда, тым болмаса, ыстықта ығына паналарлық бұта
болсайшы!.. Ондай ештеңесі жоқ, жап-жазық, тап тақыр дала!.. Ұзақ
жолдың бойында бірен-саран бүтін мола кездессе кең сарайға
жолыққандай, ішіне тығылған жолаушылар жан сая табады да қалады...
Жердің жағдайын білетін қазекеңдер, тым болмаса, баспана қыларлық
күрке ала жүрсейші. Күрке түгіл кигіз де алып шықпаған олар, қайнаған
ыстықта, шөккен түйенің көлеңкесінен басқа пана таба алмайды. Күн көкке
биіктеген шақта, көлеңке де қысқарып, шақырайған ыстықтың астында
шыжиды да жатады. Содан ба, əлде аштықтың табы өтіп кетуден бе,
немесе, кенеттен ауру киіп кете ме, жолаушылардың ішінен əлдекімдері
өліп, оларды көмуге күші жоқ серіктері,—«тəңірінің бұйрығы» дейді де,
кез келген шұқырға тастап кетеді... Бізге қарағанда, өзге жолаушылардың
жандары сірі сияқты. Өлімнен амандары ілби, ыңырана, боздай, сараң
аяңдаған түйелердің ішінде қыбырлайды да отырады. Бұрын бұндай жүріс
көрмеген əкемнің алғашқы күндері екі табаны қолдырап, жаяу жүруге
жарамай қалды. Танымайтын біреулер,—«уақытымыз бар ма, бұған
қарайлайтын? Көлігіміз бар ма, мінгізетін?» деп, айдалаға тастап та кеткісі
келіп еді, таныстары өйтуге қимай, аяғын басуға жарағанша, тəуірлеу деген
түйелерге кезекпен мінгізді. Табаны тəуірленгеннен кейін қайта жаяулады,
сөйтіп жүріп үйреніп кетті... «Қуғынға құнан ғана шыдайды» дегендей,
жаяу жүрген алғашқы күндерде денем салғырт тартқанмен, бірер күннен
кейін, мен пысып ап, шаршаудың орнына, жолшыбай шегіртке аулап,
көбелек пен инелік қуып... дегендей ойынды ермек еттім...
Жүкшілердің тамағы жоққа тəндік. Басшылары олардың күнделік
сыбағасына бір-ақ тостаған тары береді де, оны қатықсыз қара суға
қайнатып торсықтарына құйып алған бейбақтар, бұнысы таусылса басқасы
жоғын есіне қатты ұстап, «жұтқан жұтамайды» дегендей, күніне бірер
мезгіл азғантай ғана татады, өзге уақытта еріндері кезереді де жүреді.
Біздің азығымыз өзімізге жеткілікті жəне дəмді де азық. Ол азығымызды
өзгелерге көрсеткісі келмегендей, əкем мені оңаша алып шығып, бөлек
жейді. Еріп келе жатқан жолаушыларымыз əкемнің бұл қылығына
наразылығын қабақтарымен ғана білдіреді де, көзіне ештеңе айтпайды.
Алыстан сұқтанған түрлеріне қарап, мен кейде «тартып ала ма, əлде өлтіріп
тастай ма?» деп те қорқам.
Ең қаты — су. Осынша жалпақ даланы, тəңірімнің судан тартуы-ай!..
Ара-тұра болса да, не бір тұщы көл, не бір тұщы бұлақ, я өзен бітірсейші
кең далаға!.. «Өліп-талып таптым» деген келің,—«ит ішпес сор» боп
шығады. Бұлақ атымен жоқ. Шалқар мен Торғайдың арасындағы бес жүз
шақырымдай керік жерде «Ырғыз», «Торғай» аталатын екі-ақ өзен
кездестірдік. Олардың да сулары удай сортаң!..
Шалқар мен Ырғыз арасында, аз да болса, ерсілі-қарсылы шұбырған
жүргінші кездеседі екен. Ал, əкемнің айтуынша, екі жүз елу шақырымдай
болатын Ырғыз бен Торғай арасындағы жазығы мен құмайт белесі аралас
келетін жалпақ далада, ұшқан құс, жүгірген аңнан басқа жан мақлұқ,
көрінбейді. Бұл екі арада, бұрын «бекет» дейтін түстеніп жəне қонып
аттанарлық үйлер болады екен. Кəзір ол үйлердің тұрғын адамдары əлде
қайда кетіп, есіз қора-қопсылары ғана қалған. Өз иелері ме, əлде қаңғырып
келген біреулер ме, кейбір қораларда, еті ағып я сасып жатқан үлкенділікішілі адамдардың қаңқалары жатыр. Есіз қораға жылан-шаян да үйір боп,
қаптап кетеді екен. Сондықтан, біздің, керуен, көбінесе, ашық жерлерге
тоқырайды. Оның сиқы жоғарғыдай. Кейіген шақта əкеме:
— Ағеке, бізді осы жолға не сор айдады?— десем, үйде де, үйден
шыққалы да айтпаған сырын əкем оңашада енді ғана ақтарып:
— «Ағайын ащы, мал тұщы» дегендей, бəрі бір малдың қамы да, балам!
—дейді.
— Қайдағы мал?—десем:
— Шыңғыстаудағы нағашыңнан хабар келген,— дейді əкем,— Семей,
Ақмола гүбірналарының қазақтары биыл да тоқ көрінеді. Олар «Торғайдың
аштарына» деп, малдан жылу жинап, Торғайға қарай айдап шыққан
көрінеді. Саны əлденеше мың, мал болса керек. «Содан сыбаға ал, барып»
деп хабарлапты нағашың.
— Кім боп?
— Əрине, «ашыққан» боп!
— Ойпырай, ағеке-ай,— деймін мен, Қайрақбайға да естіртпей əкеме,—
ұялмай ортақ боламыз ба, аштардың сыбағасына?
— Несі ұят? Олардың малы ма, ұят болатын? Жылуға жиналған мал. Өзі
көп. Оларға да, бізге де жетеді...
— Бізге беретінін қайдан білесің, ағеке?
— Малды айдап шыққандардың басшысы, нағашыңның жан аяспас
досы көрінеді. Содан хат та бергенге ұқсайды...
Бұл сөзді одан əрі қазсам ши шығарып алармын деймін де үндемеймін...
Жолшыбай арып-ашып зорға жетсек, «Торғай» дегенін, қала сияқты қала
емес екен: ағаш үйлері аз, жер үйлері көп, олардың төбелері жайпақ.
«Туған жердің қаласы» дегенмен, Ақмешітпен салыстырғанда садағасы
кетсін!..
Əкемнің Торғайдан да жекжаты табылып, қаланың шетірек жағындағы
үйіне түстік те, қала жайын да, ел жайын да содан білдік. Аштық қалың
жайылып алған елге, үкімет жəрдемі көктемнен бері ғана жеткізілген. Оған
дейін, жерде қалың қар жатқандықтан, мойыны алыс темір жол бойынан
көлікпен азық тасу мүмкін болмаған. Жəрдем жеткенше қаладан да,
даладан да көп адам өлген, өлмегендері жергілікті жердің аңдарын (арамын
да, адалын да), балықтарын аулап күнелткен. Торғайда да панасыз
балаларға арналып, бес жүз орындық детдом ашылған екен. Бірақ, қыстай
астық өте тапшы болғандықтан, ашығып келген балалардың көбі өліпті,
олардың, орнына жаңа балалар алыпты. Кəзір детдомның да халы тəуірлене
бастаған.
Елден алған хабарымыз: «Азамат соғысы кезінде Амангелдінің оң қолы
болды» деген Еркін Ержанов, былтырдан бері, біздің үйдің Сарықопадағы
мекеніне, қырық-елу үйлік тақыр кедейдің басын құрастырып коммуна
құрған. Биыл ол коммуна қазынадан тұқым қорын алып, Сарықопа
жағасының жазығына он шақты десятина тары мен бидай сепкен, оған
көлден арықпен су апарған. Егіндерінің беталысы жақсы дейді. Ал,
былайғы тұрмыстары, əзірге өте нашар болса керек. Білемін деген біреудің
айтуынша, біздің үйдің қайда барып орналасқанын коммуна адамдары
жуық арада ғана естіпті де, Ақмешіттегі уезд бастықтарына хат жазып, ол
арадан қууды өтініпті...
— Атасының басы қуар!—деп кекете күледі əкем, бұл сөзді естігенде,—
ондағы бастықтармен менің, ашына-жай екенімді қайдан білсін,
сорлылар!..
Танысымыздың үйіне абайсызда елеусіз келіп түскен əкем, қаланын,
саяси хал-жайына қанып болғанша, өзі көптің көзіне түспей тығылып
жүрді де, біздің үй бұл маңайдан кеткелі не оқиғалар болғанын, не оқиғалар
болып жатқанын, Қайрақбай екеумізді жұмсау арқылы біліп отырды. Бұрын
менің ұғымымда қылжақтың ғана адамы сияқтанатын Қайрақбай, енді
байқасам, салмақты істерге де епті екен. Бармайтын жері, араласпайтын
ортасы жоқ, ол, сол ортаның сырын белгісіз түрде біліп алуға да шебер...
Бұрын болған оқиғалардан əкемнің білуге тырысқаны — Амангелдіге
достар мен қастардың қайсысының кəзір салмақтырақ екені. Біздің
байқауымызша, оның, қастары басым сияқты. Ең алдымен, біз, Амангелдіні
жауларының қалайша алдап қолға түсіргенін, қандай азаппен өлтіріп, онан
соң ешкім таба алмастай жоғалтып жібергенін, барлық, егжей-тегжейімен
біліп алдық. Амангелдінің сол дұшпандарының бір де біреуі жазаға
тартылмай, кəзір бəрі де, советтің əр жердегі қызметтеріне орналасып
алған. Ал, Амангелдіні дос көретін, оның сарбазында болған былайғы
момын көпшілік, Торғайдағы, Орынбордағы басқарушы орындарға арыз
беріп, дұшпандарды жазаға тартуын талап етсе, сөздері іске аспай қалып
қояды екен. Амангелдіні Алашорда адамдары қапыда өлтірген ғой.
Жергілікті əкімдерден бізге дос адамдардың жасырып айтқан сөздеріне
қарағанда, «Алашорда» көсемдерінің бірі — Ахмет Байтұрсынов 1919
жылдың күзінде Москваға барып, совет үкіметінің бастықтарына жолыққан
да, «алашордашыларға» кешірім жасатқан.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мөлдір махаббат - 07
  • Büleklär
  • Мөлдір махаббат - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3993
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2194
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3954
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2195
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3862
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2078
    34.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2151
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2174
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3802
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2135
    34.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3845
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2222
    32.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4012
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2322
    32.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 4072
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2265
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3995
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2261
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4018
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2189
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3997
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2137
    34.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3973
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2172
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3943
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2300
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3944
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2113
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3968
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3946
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2164
    35.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3983
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2182
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3980
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3888
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1990
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 3898
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2099
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4001
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2193
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 3877
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2067
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 3798
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1992
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 3832
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1993
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 3833
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2109
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3956
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2033
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2036
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 3688
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1955
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 3842
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    34.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 3762
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1952
    36.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 3674
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2045
    32.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 3671
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1987
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3836
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    34.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 36
    Süzlärneñ gomumi sanı 3776
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 37
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2200
    33.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мөлдір махаббат - 38
    Süzlärneñ gomumi sanı 534
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 407
    49.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    63.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    70.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.