Latin Common Turkic

Мартон Және Оның Достары - 02

Süzlärneñ gomumi sanı 4005
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2128
35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
– Айталық... Сынып қалса, су құбырын жөндеу, жанбай қалса электрмен
айналысу; пәтер жалдап тұратындардан ай сайын ақы жинау: бірінші
қабаттағылардан аптасына бір рет, екінші қабатта және одан жоғары тұратындай ай
сайын жинау. Ал ақшасы жоқ болып, уақытында төлемейтінді сүйреп шығару.
Қарызы барлардың үй мүлкін хаттау... Бір сөзбен айтқанда, тәртіп сақтау... қора
сыпырушы дегеніңіз – үй иесінің көмекшісі, қолғанаты ғой.
– Бұл да жақсы,– деді Доминич.
– Лайош, сен ең басты нәрсені ұмытып отырсың,– деген дауыс естілді есігі ашық
тұрған ұйықтайтын бөлмеден. Бұл үй иесінің жұбайы еді.– Ең басты міндеті мынада:
бала-шаға кіреберіс есікті сатылардың қол ағаштарын, әдемі вазаларды сызып
бүлдірмесін, қорада доп ойнап асыр салсам үй қызметшілері қора жақтан кіріп
қайыршыларды маңайға жолатпасын, үйге ұры түсіп жүрмесін...
– Құп болады, мәртебелі ханым!– деп айғайлады Доминич ұйықтайтын бөлменің
есігіне қарай мойнын бұрып!
– Кіріп-шығатын сатыларды жуу,– деді үй иесі одан әрі,– қорадағы көң-қоқырды
сыртқа шығару, өжер-бүжерді сыпырып тұру, әлгі қора сыпырушы кісінің әйелі
атқаратын міндет болса керек. Сіз осы нұсқаудың бәрін менен алып тұрасыз.
Өйткені, сіз аға үй сыпырушы боласыз да, қалғандары нұсқауды сізден алады.
– Бұл да жақсы,– деді тағы да Доминич.
– Сіздің істеп жүрген заводыңызда жұмыс істей беруіңізге болады. Күндіз
мұндағы жұмысты сіздің орныңызға әйеліңіз істейді. Ал кешкілікте, жұмыстан
қайтқаннан кейін бар билікті өз қолыңызға аласыз да, сынған дүниені жөндеп, түн
ортасына дейін есік ашып-жауып тұрасыз. Түн ортасынан әрі мұны әйеліңіз де істей
алады ғой. Бұл арасын, әрине, өзіңіз білгеніңіз жөн. Мен көзім ашық адаммын,
өзгенің ісіне араласа бермеймін... Ең бастысы, үй ішінде тәртіп болғаны жөн... Әр
айдың бірінде пәтер ақының күллісі менің алақаныма түсетін болсын.
– Түседі, тақсыр!... Жұмысқа қашан кірісейін!
– Үйленісімен-ақ. Мен мына балалар бақшасына есебін беремін де жөнелтемін,
оның орнына сіз көшіп келетін боласыз... Ал енді ұрпақ қалдыру жағына сақ
боларсыз, бір-екеуі де жетпей ме соның.
– Оған қам жей көрмеңіз, тақсыр!– деп сендірді Доминич! Мен басым бар
адаммын.
Сонымен Доминич өзінің жаңа лауазымына сай қалыңдық іздеуге кірісті.
2
Құдайға шүкір, оның көз таныс қыздары көп еді. Соның қайсысы ыңғайлырақ
болар екен деп біраз таңдап жүрді. «Үй иесіне керегі – менің әйелімнің сом білекті
мықты, шаруақор болуы, ал мен үшін айтқанымнан шықпайтын кісі керек, өйткені
үй ішінде өзім қожайынмын»,– деп ойлады ол. Жарғақ құлағы жастыққа тимей,
шапшаңдата іздеген оның таңдауы ақыры ІІІаролтаға тоқтады. Қыз жесір
шешесімен тұратын еді. Кемпір іс тігіп, ақша табады. Өз заманында оның ері бір
министрліктің есік қызметшісі болып істеген екен. Шаролта кейде ернін шошайтып,
марқұм әкесін «іс жүргізуші» болды деуші еді. Сол «іс жүргізуші» ерте өліп, жесіріне
не бәрі он алты-ақ сом пенсия тиді. Шаролта қалалық училищенің төрт класын
бітіргеннен кейін оқуды тастап кетті де өзін білімдар кісімін деп есептеді. Тек бақ
қонбаған мына тағдырдың тәлкегінен ғана ол шешесіне жәрдемдесіп жүр. Егер
жасауы дайын болған күнде ғой, ол мынау деген ортаң қол бір жігітке тиер еді-ау,
шіркін... Әттең қол қысқа. Бұған шешесі кінәлі. Егер қыз тапқан екенсің, жасауын да
қоса сайла.
Сөйтіп жүріп Шаролта жиырма төртке келді. Бұған дейін ол шешесіне үнемі
былай дейтін:
– Апа, мен білімсіз жігітке бармаймын. Түсіндіңіз бе? Ондай жігіттердің шалбары
да үтіктелмейді. Құдай-ау, бухгалтер немесе дүкенші біреуді жіберсейші! Тіпті дәрідәрмек жасайтын провизор да жарайды... Шіркін, бұлардың иіліп, ізет етіп, «Бикеш,
қолыңызды бере көріңіз!» деуін қайтерсің – деп күрсінді Шаролта.
Енді ол кез-келген шалбарға да, тіпті үтіктелмегеніне де разы, тек оны еркек киіп
жүрсе болғаны. Қар кетісімен-ақ жыны келіп, мияулайтын мысықтай, үй-ішін
басына көтергенде, шешесінің үрейі ұшып, тігіп отырған ісін қоя қойып, іс
машинасындағы жұмысын доғаратын. Кім білсін, біреудің мына аппақ бәтес
көйлегіне көздің жасы, не басқа бірдеңе тамып кетіп жүрсе қайтпек...
– Ертең-ақ паркке барып, кез-келген біреудің мойнына асыламын. Қайдағы бір
оңбағанды ертіп әкелемін, одан соң шығарып жібер мейлің, есік алдына көрмеге
отырғыз мейлің. Көрсін жұрт. Сіздің кінәңіздің барын... Қыз таба білгенде, жасау таба
білмегеніңіз қалай?
– Шаролта!..– деп жалынды шешесі.– Қойсаңшы енді, айналайын...
– Немене Шаролта... Сізге Шаролта!.. Сізге Шаролта!.. Шаролта... деп, айтуға оңай
Сіз асарыңызды асап, жасарыңызды жасағансыз: бұрын күйеуіңіз де болған.
Бірақ Шаролтаға, әсіресе, оның тұрмысқа шығуына кедергі болып жүрген өзінің
мінезі еді. Оған ынжық, не айтса соған көне кететін немесе өзі сияқты қыңыр, тік
мінезді біреу керек. Алам деп жүргендердің бәрі бір-екі күннен кейін сырт айналып
кете береді. Тап осы сәтте Доминич пайда болды.
Ол болашақ қалыңдығын төрт апта бойы сынап көрді. Алғашқы аптада қыз оған
ұнай қойған жоқ. Шаролта әуелгіде тым жасқаншақ, ұялшақ болып көрінді. Өйткені
ол Доминич не айтса соның бәріне көнді. Езу тартып күлгендегі еріні де бір түрлі
ұнамсыз еді: құдды кәмпит сорып тұрған сияқты. Доминич: мынаның өзі тым тәтті
бірдеңе ғой,– деп ойлады. Бірақ келесі аптада жүздері жарасқандай болды. Оған
себеп болған мына бір жағдай еді: Шаролта қорада жүріп, бір баланың есіктен
сығалап тұрғанын көрді: ол жалма-жан жүгіріп барды да, баланы өңменінен итеріп
кеп жібергенде, о байғұс бес қадам әрі ұшып кетті. Өстіп жүргенде Шаролта
Доминичтің артында тұрғанын байқамады.
Мұнысына Шаролта қатты ұялып, сасқалақтап қалды: оның екі беті мен мойны
қызарып, жирен шашынан айырғысыз болып кетті. Өстіп жүріп ол күндегісіндей
ернін шошайтуды да ұмытып кетті. Бірақ Доминичтің ойы басқаша еді:
– Жарайсың, Шаролта! Ол оңбағандарды сөйтпесе болмайды...
Осыны естігенде Шаролтаның көзі жайнап жүре берді.
– Пиштука!– деп сыбырлай үн қатты ол жігітке.– Пиштука!.. Қыздар Иштван
деген жігітті еркелеткенде әдетте осылай атаушы еді.
– «Балтыры сіңірлі, жер соғары мықты... Бөксесі де біраз бар. Әйтеуір, ілмиіп
қалған бірдеңе емес. Өзі күннен-күнге ұнап барады ғой» – деп ойлады Доминич. Ол
шынында да Шаролтаға жақындай түсуді жөн көрді.
Үшінші аптада Доминич енді бір оқиғаны өз көзімен көрді. Бұл тұста Шаролта
ұялмады. Жігіттің көзінше ол шешесіне былай деді.
– Менің шаруама араласушы болмаңыз!.. Енді өз қолым өз аузыма жетті...– деп
мінез білдіре айғайлағанда Шаролтаның желбіреген жирен шашынан от
шашырағандай еді.
Үй болған соң Шаролта тірі жанға көк тиын бермеуге: өзінің шешесіне де, жігіттің
әкесіне де дым татырмауға уәде еткенде Доминич түпкілікті шешімге келді. Бұдан
кейін олар «аяқ-қолымызды жинап алғанша баланың да қажеті жоқ» – деп келісті.
Бұл әңгімелерден кейін:
– Жарайсың,– деп Доминич оны нық басып айтты да, үй иесіне жүгіріп барып,
қалындықтың табылғанын хабарлады, той болатын күнді келісті.
– Шіркеуге бармаймыз – оған көп ақша керек; былайша азаматтық неке қиысып,
отассақ та болар... Той жасап әуре болудың да қажеті жоқ. Ол бір қып-қызыл шығын
емес пе? Тойды жасауын жасап алып, одан соң жыл бойы борышымызды өтеп
жүреміз бе?.. Менен біреу тегін бірдеңені ішіп-жеп көрсін! Тіпті өз тойымда да
татырмаймын.
– Дұрыс айтасың, Пиштука!
Доминич қалыңдығына неке киімін тігуге де рұқсат етпеді.
– Сен онда келін емес, қора сыпырушының әйелі болып барасың.
– Дұрыс айтасың, Пиштука!– деді Шаролта. Ол неге болса да әзір еді. Қыз бола
жүріп жалыққан-ды.
Бұлар көзді ашып-жұмғанша арбакеш жалдап, кемпірдің үйіне барды да, мүліктің
тең жарымын тиеп алды. Ат иесі мен Доминич барлық жүкті арба үстіне әдемілеп
үйді де, жан-жақтан арқанмен мықтап тұрып буды. Сонсын Доминич «Шу-шу!» – деп
жүріп кетті. Осы сәтте ол артына сәл қарайлап тұрған Шаролтаны көрді де:– «Жүр
енді, кеттік!» – деді.
Осы тұста үйінің босағасына шығып, қол орамалымен көзін сүртіп тұрған қайын
енесіне қарап, Доминич:
– Әй, кемпір біздің үйге шақырусыз келуші болма, түсіндің бе?– деді. Содан соң ол
бір түкірді де, жүріп кетті...
Шаролтаның шешесі өңі қашып, үнсіз тұрып қалды. Оның «кемпір» деген сөзді
ғұмыры естіп отырғаны осы еді. Қайран шеше қызының бөтен бір жігітпен қол
ұстасып кетіп бара жатқанына қайғырғандай боп тұр... Бірақ қызы оған
қарайлайтын емес, тіпті қол бұлғаған да жоқ. Пәленбай жыл табан ақы, маңдай терін
төгіп, жиған бар мүлкі белгісіз біреудің арбасына тиеліп кетіп бара жатыр.
Бұдан не бәрі жарты сағат өткенде Доминичтер үй иесінің қорасын
сыпырушының, көшіп жатқанын сырттай қарап тұрды... Сегіз баласы бар екен –
бірінен-бірі кіші. Жас жұбайлардың есі кетіп, көз алмай аңдып тұрғаны мынау:
плитаның небір бөлігін, есіктің, әлдеқандай бір тұтқасын қыстырып кетпес пе екен,–
деп ойлады олар. Тіпті бұрынғы қора сыпырушы үйдің қабырғасына қағылған
шегені суырып алып тастап жатқанда да, Доминичтер одан:
– Мұны сіз өзіңіз қағып па едіңіз, әлде бұрын қағылулы тұр ма еді?..– деп сұрады.–
Шегені жұлсаңыз, жұла беріңіз, бірақ қабырғада тесігі қалып жүрмесін!
...Арада талай жыл өтті. Шаролта бұрынғы уәдесінен айныған жоқ: Ол шешесіне
көк тиын беріп көрген емес, кемпірдің бұрынғысындай жұмыс істеуге шамасы
келмей жүргенін, табысы нанға әзер жететінін естісе де, тебіренбеді. «Мен сіздің
пенсияңыздың жартысына жармаспағанымды тәубе етіңіз»,– дейді Шаролта. Ол
алғаш кеткеннен бері шешесінің үйіне бас сұғып та көрген жоқ: «Ыңқыл-сыңқылын
айтып, басты қатырады: көңіліңді бұзғаннан басқа, берері жоқ!» Шаролта перзент
жайында ойластырған емес. Доминичтен қорқады. Бірақ іште тынып жатқан аналық
сезім Шаролтаны алдымен мысық, асырауға үйретті.
– Тышқаны құрғыр қаптап кетті,– деп түсіндірді ол мұнысын Доминичке. Бірақ ол
кенеттен пайда болған осы мысыққа көз алартуы қоймады.– Мынауыңның өзі барып
тұрған жалмауыз ғой, кісіден де көп жейді,– деді ол әйеліне.
Мысықтан соң Шаролта асыранды құс ұстауға кірісті.
– Мұны маған сыйлыққа берді,– деп өтірік айта келді де ол еріне – Жұдырықтай
бұл не жейді дейсің, тәйірі. Қиқым-сиқыммен де күн көреді ғой.
Бұдан кейін Шаролта Цезарь деген ит асырады.
– Менің күні бойы жүгіруден қолым тие ме: біресе анда, біресе мында жүремін.
Сонда біреу-міреу үйге кіріп кетсе қайтеміз. Ал ит үйді кісіден кем күзетпейді.
Бұдан соң Шаролта тоты құс асырай бастады.
– Төртінші қабатта тұратын адвокат берді,– деді ол күйеуіне.
Осының бәрінен соң Шаролта Йошка және Юци дейтін екі теңіз доңызын
асырауға кірісті.
Егер көшеде өткен-кеткеннің қора сыпырушы үйінің терезе жағына тоқтай
қалып, Шаролтаның үй-ішіндегі әңгімесін тыңдай қалса қайтер еді. «Қандай бір
бақытты семья өзі. Шіркін-ай, бөксесі мен мықыны тұтасып кеткен мына әйелдің
баласының көбін-ай: үш ұлы, бір қызы бар екен» – деп ойлар еді ол. Бірақ, әлгі
балалардың аузына құм құйылғандай, ешқайсынан үн шықпайды. Шамасы, әлі
тілдері шықпаған болар...
– Петика жаным, келе ғой, картоп сорпасын іш!– деп шақырады ол мысығын.– Сүт
қымбат қой... «Ойнақшыма, Юци!» Столдың сирағын кемірме, жаным! Тыныш жат,
Цезарь! Шіркін, әдемісің-ау өзің... Мандика, айналайын, бір ән салып жіберші.
Жексенбі күні қант беремін...
Доминич бір күні металшылар кәсіподағында қаңылтыршылар мен құбыршылар
ұйымының секретары болып сайланды. Металшылар кәсіподағының секретарына
мұндай жұмыс лайық па?., деп олар қора сыпыруды тастап кетті. Тым болмаса, үй
басқарушысының орнын берсе бір сәрі... Әйтпесе, түн ұйқыңды төрт бөліп, қайдағы
бір қиқым-бақайға есік ашу оңай ма? Оның үстіне үй иесінің дәретхана
тазалататыны тағы бар. Жетті енді! Доминичтің бұл үйді қимайтын да жері бар еді.
Пәтер ақы төлемейді, басқа да көлденең табыстары бар. Ол осының орнын
толтыруды ойлайды да, Шаролтаға: кесте тоқитын боласың,– деді. «Одан көзі
шығып кеткен кісі көргенім жоқ!» – деді Доминич. Оның қазіргі жалақысы
заводтағысынан екі есе көп. Олар екі бөлмелі жаңа пәтерге көшті.
Шаролтаның енді бала сүйгісі келіп, жас иісті аңсады, Ол бұған Доминичті де
көндірді. Сайып келгенде, ерлі-зайыптылардың мұнысынан ештеңе шықпады.
Шаролта дәрігерге барып: «Сізге нәрестелі болуға әбден болады!» – деген куәлігін
әкелді. Ал Доминич дәрігерге бармай қойды: оған әлде нендей бір себептері де
болар.
Ал бала жайында ол былай деді: Табатын балаңды таба бер. Мені соншама сараң
деп ойлайсың ба?.. Онсыз да мына ит, мысық, құс, доңыз, құрт-құмырсқа, жанжыпырларынның өзі бір баланың жегенінен артық, жейді. Сондықтан, мен әзірге
мырзалық жасап тұрғанда, мына бәлелеріңді құрт та, оның орнына бір перзент
тауып бер маған.
Доминич қоғам жұмысында жүріп, едәуір жөн-жоба көріп те қалған болатын.
«Социал-демократиялық партияның ең таңдаулы шешен жұмысшыларының бірі»,–
деді «Халық үні» газеті редакторының орынбасары Шниттер ол туралы көпке
есіттіріп. Ол бұл сөзді партия басшылығының мәжілісінде айтып, «Ересен жігіт!» –
дегенді қосып қойды.
Доминич кез-келген жерде және қандай мәселе болса да екі сағаттық сөз сөйлеп
бере алатын. Рас, оның бұл сөздері бір-бірінен егіз қозыдай айнымаушы еді. Оның
сөздері: «Менің бұл жиналыста сөйлейін деген ниетім жоқ еді..»; «Әлеуметтік
прогресс болмайынша Венгрияның болашақта алға басуы мүмкін емес...»; «Білім –
күште, күш білімде жатыр...»; «Біздің күшіміздің қайнар көзі ұйымшылдықта...»;
«Ереуіл дегеніңіз – аса қуатты қару, бірақ оны пайдаланбастан бұрын біз өз
күшімізді әбден байқап алуымыз керек; әйтпесе, қармаққа өзіміз ілігуіміз мүмкін;»
«Кімде-кім бізге разы болмаса, оларға жол ашық, жүре берсін» «Мен өзімде
жұмысшы болғанмын»; «Біз әзірге тілек қоюмен келеміз, ертең-ақ...»; «Біз әзірге
Иштван Тисаның1 алдынан өтіп тұрмыз: ол өзі шешсін. Әйтпесе, социалдемократиялық жұмысшылармен ойнауға болмайды!»; «Жалпыға бірдей, әйелдер де
түгел қатысатын жабық, жасырын сайлау заңы қабылданбайынша, Венгрияда
тыныштық орнамайды!» деген сияқты болатын.
ҮШІНШІ ТАРАУ
мұнда біз күріш жармасын, аралас шай, бір қыз, әр түрлі аурулар жайлы
әңгімелейміз, ал Игнац Селеши шек-сілесі қатып күліп отырғанда жейдесінің
шалбарынан шығып кеткенін де аңдамайды.
1
«Сорренто» кафесі Непеихаз көшесі мен Иожеф проспектісінің түйіскен
жерінде,Франц-Фердинанд өлтірілместен екі жыл бұрын ашылған болатын. Отар
елдердің әр түрлі бұйымдарымен сауда-саттық жасайтын делдал Шандор Вайда
кофехана иелерімен тым жақсы бәсекелесіп, пайдаға белшесінен батқаннан кейін,
жұрт таң қаларлықтай бір кафе ашқысы келді. Бірақ бұған оның өз капиталы әбден
жете қоймағандықтан, баспахана кәсіподағы хатшыларының бірі, Біріккен
жұмысшы кооперативінің вице-директоры Игнац Селешинді серіктес етіп шақырды.
Вайданың кофехана ұстаушыларымен бәсекесінің сыры мынада еді: солардың
бірі едәуір табыс тауып, ақшасы молая бастаған шақта ол осы кофехананың
жанынан өзге бір кофехана ашып, оны жалға беретін. Мұның мәнісі мынада еді:
біріншіден оның кофехана ұстап отыруға уақыты жоқ, екіншіден, нендей бір жанжал
туып,шатақ шыға қалса, таяқ алдымен оған тимейді, сол кофехананың жалға
алушыға тиеді ғой. Ал оның бер жағында екінші кофехана ашылысымен-ақ,
бастапқы негізгі кофехананың ісі кері кетіп, табысы құлдырай бастайды. Сондықтан
оның иесі мына жаңа кофехананы тіпті екі бағасын беріп, сатып алады да, жауып
тастайды.
Осындай бір оқиғаның үстінде, әлгіндей бір негізгі кофехананың иесі жалға үй
алушыны емес, Вайданың өзін таяққа жықты да, қымбат фарфор сервиздер тұрған
шкафты делдалдың үстіне итере салды. Осыдан соң Вайда өз қауіпсіздігін де,
ақшаның жайын да ойлап, бұл кәсібін қойып кетті.
Шандор Вайда мен Игнац Селешидің танысуы делдал Вайданың Біріккен
жұмысшы кооперативіне бес вагон ең жақсы күріш жармасын сатуынан басталды.
Бұдан ол адам айтқысыз көп пайда түсірді.
Жарманың бағасы кәдімгі бітеу күріштен жиырма процент арзан еді. Осы алысберіс жайындағы әңгімені бастамас бұрын, Вайда вице-директор Селешиге әдейі
барып жолықты да, әлгі күріш жармасына байланысты кейбір жәйттерге оның
назарын аударды. Селеши жұртты азық-түлікпен қамту мәселесімен шұғылдана
отырып, делдалдың емеурінін бірден сезе қойды. Дирекция мәжілісінде ол ұзақ сөз
сөйлеп: жұмысшыға өзіне тиісті колориясын алса болғаны ғой. Ол мұны жармадай
не бітеу күріштей ала ма,– мұның бәрі бір. Жарманы он процент арзанға түсіруге
болар еді, мұның өзі жұмысшы семьясы үшін едәуір үнем емес пе? Оның үстіне,
күріш жармасы дегеніңіз асқазанға жұғымды, тезірек қорытылатын көрінеді. Пісуі
де тез, отын аз кетеді,– дегенді айтты.
Әлгі айтылған жиырма проценттің оны тұтынушыға кетті де, қалған оны...
белгілі ғой ар жағы...
Вайда вице-директор Селешидің Ракоци проспектісіндегі кабинетіне барып кіріп
«Вайда!» – деп таныстырды өзін. Сөйтті де үстіне жасыл шұға жапқан столға бір мың
кронаны тастай берді.
– Егер біз әлгі бес вагон күріш жармасын өткізе алсақ, - деді ол стол үстінде
жатқан ақшаға қарай тұрып , онда мен сізге борышты болар едім де, ризалық
алғысымды айтар едім.– Ол ізет білдіргендей болып, сәл күрсінді де, ертеден бергі
танысындай боп,– Шіркін, мына күннің бұзылуын-ай, қар аралас жаңбыр жауып
тұр!– деді.
Одан соң Селешидің столының алдындағы жұмсақ креслоға барып, отыра кетті.
Стол үстіндегі бір буда ақшаны көргенде, Селеши бар денесімен шалқақтап
барып, екі қолын ілгері созды да, көзін бадырайтып дегбірсізденіп қорылдай
сөйледі:
– Мынауыңды дереу қайтып ал! Бірақ екі көзі ақшадан таятын түрі жоқ.– Біз
социал-демократпыз, мұны біліп қойыңыз.– Сондықтан пара дегеніңді білмейміз
және оны айыптаймыз. Сонсоң...– Бірақ бұл сөзін бітіре алмады. Вайда жайдары
сөйлеп, сөзін бөліп кетті:
– Бәлкім, мен теріс ұғынған болармын.
Делдал ешбір сасатын емес, тіпті мығым отыр. Оның ана жақтан мың кроналық
қағазда шаруасы жоқ тәрізді.
– Немене? Сізге біреу бірдеңе деп пе еді?– деп тиышсызданды Селеши.
Вайда бұрынғысынан да жайлана түсіп, Пештің аса ірі бір фирмасының
директорын атады. Селеши жым болып , аузына жаба қойды. Ол таяқ ала ұмтылған
иесінен қорқып, құйрығын қысқан иттен аумайды.
– Бұл өзі ұрлық па? – деп сұрады ол.
– Не?
– Әлгі жарма?... Селеши енді сұқ қолымен ақшаны нұсқап: – Күріш қой деді.
– Ұрлықты тек кедейлер жасайды,– деді Вайда асықпай-саспай. – Ал мен неден
қысылып барамын, ақшаны адал жолмен, еңбек етіп табамын. Одан да сіз ананы
қалтаңызға салып қойыңыз, біреу-міреу үстімізге кіріп келіп жүрер...
Селеши енді кеудесімен столға еңкейді, сөйтіп барып баттиған үлкен қолымен
әлгі мың кроналық ақшаны жаба қойды. Ақшасы құрғыр столға жабысып қалған ба,
қалай, әйтеуір тез алына қоймады. Тек әлден уақытта барып Селешидің уысына
түскенде шытырлап қоя берді.
Кабинет іші тым-тырыс. Әдетте шапшаң қимылдайтын Вайда бүйтіп ұяң мінез
көрсетуден жалықты. Осы сыйластық қашан бітер екен деп асықты ол. Осы тұста ол
қақпағында күле қарап отырған сұлу әйелдің бейнесі бар алтын портсигарын
қалтасынан алып, оны бейне жаңа көргендей ұзақ қарап отырып қалды. Әлден
уақытта портсигардың бірдеңесі сырт етіп, ашылып кетті; Вайда асқан
сыпайыгершілік көрсетіп, Селешиге алтын сигарет ұсынды.
– Сигарет пара болмас деп ойлаймын?– деді Вайда.
Селеши Вайдадан көз алмастан, портсигарға қол созып, бір сигарет алды. Оның
қап-қалың дүрдиген ернін әрі өтіп, аузына кіргенде, сигареттің шолтиып ұшы ғана
көрінді: ол шылым емес, тіс шұқығыш шырпыға ұқсап тұр. Вайда от беріп еді Селеши
делдалдан көз алмай отырып, шылымын тұтатты. Кабинет іші тағы да тым-тырыс.
Вице-директор әлгі ақшаны пенжагінің іш қалтасына салды да, Вайдаға
сезіктенгендей қарай берді. Сөйтіп отырып, ол шылымын қатты сорып қалғанда,
сигаретті жұтып жібере жаздағанын байқамады тек тіліне ғана тіреліп аман қалды.
Жұмысшы кооперативінің вице-директоры Вайданың «Сайтан да болмайды,
сабынсыз-ақ жылп етіп өтіп кетеді» – деген сөз мәнеріне бірден үйрене алмай отыр.
Ал Вайда болса, бұлайша тұрпайы сөйлесіп, мұны әдейі істейді; ол әдетте белгілі бір
адаммен бір шама ұзақ уақыт істес болғаннан кейін, ауыс-түйіс әбден ұлғайған соң
барып қана осылайша сөйлесетін. «Мен сөзді біле бермейтін,- дейтін әдетте Вайда,
жиырма кроналық алтын ақшасын шиыра отырып,– менде бары тек мына ұлы
мәртебелі короліміз Франс-Иосифтің бейнесі бар ақша ғана».
Ал Игнац Селешидің көпірме сөзсіз күні жоқ, бұған ол кәсіподағы мен жұмысшы
кооперативінде жүріп әдеттенген. Вайда болса, сауда-саттықта уақытты босқа
келтірмейтін тумысынан дегбірсіз жан. Сондықтан ол бос сөзді жек көреді. Әлде
қалай Селеши бірдеңені айта бастаса-ақ, Вайда есінеп, көзін алартып, түк түсінбеген
пішін білдіретін.
– Қойыңызшы, соны, Селеши мырза! Біз енді, былайша айтқанда, бір-бірімізге
етене болып кеттік қой. Сырымды айтсам, мен сөз деген товарыңды алуға жоқпын.
Мені бұл әдетімнен құтқарудың да, құтыл деп үгіттеудің де қажеті жоқ. Мен өзімді
ағылшын либеразимінің жақтасымын деп есептеймін... Сондықтан енді іске
кіріселік.
Селеши өзінің жаңа танысып, енді-енді білісіп келе жатқан осы досы – сөзсіз
сенімді кісі екеніне көзі жеткенде, оның мылжың емес екенін көргенде жаны жай
тапты. Еті үйрене келе ол досының ол-пұлына немкетті қарайтын да болды.
Кейініректе ол «алыс-берісті», «сауда-саттықты» ғана білетін, тұрпайылау пішілген
Вайданың пайдалы істен қолы қалт еткенде аса қызықты адам екеніне, Селеши
білмейтін көп нәрселерден де хабардар екеніне көзі жетті.
Вайданың оған айтпағаны жоқ: неше түрлі қызық оқиғаларды біледі. Әсіресе,
оның қыз-келіншектер туралы әңгімелері, нелер бір сұлуларға тап болғаны адамды
бір сергітіп тастайды. Селеши әңгімені ұйып тыңдап отырып, «Уһ, шіркін!» –
дегендей, бір тамсанып қояды. Әлден уақытта ол әңгіменің аса қызық бір жеріне
келгенде, өзіне-өзі ие бола алмай, қарқылдап күледі. Бұлардың, өзара жарастығы
осылайша ұлғая берді.
«Мынаның өзі тек пайдалы адам ғана емес, жақсы да адам екен»,– деген
қорытындыға келді Селеши.
2
Тағы бірде әлгі «орыстың аралас шайы» дегеннің бір жарым тоннасын бір-ақ
сатып, екі дос Жұмысшылардың тұтынушылар кооперативі директорының
кабинетінде масайрап бір отырды. Күмәжнек толы ақша, сыймай сықыр-сықыр
етеді; несін айтасың, көңіл шат, тамақ тоқ.
Әдетте Вайда өз бойынан күнде бір ауру тауып, соған қауіптенетінін айтып
жүруші еді. Бүгін онысын да ұмытқан. Әлде бірде өз дерті туралы да әңгімелеген кісі
көзден таса болысымен-ақ Вайда соның ауруы өзінде де бар-аy деп күдіктенетін.
Одан кейін тағы біреулермен кездесе қалса, ол ескі науқасынан құтылып, әлгінің
науқасына шалдығатын. Соның өзінде кей дерттен біржола қол үзіп кете
қоймайтын.
Егер біреу-міреу қайтыс болыпты дегенді естісе, оның жасы нешеде еді, науқасы
қалай басталғанын, ауруы жұқпалы дерт не екен, сіреспе ме, алапес пе, әлде басқа ма,
науқас неден білініпті, қанша уақыт ауырған екен, немен емделіпті, дәрінің шипасы
болмаған ба, марқұм жан тапсырар алдында қанша қиналған екен,– дүние: салған
кісінің еркек-әйелін, кәрі-жасын, өзінің оны білетін-білмейтінін, қайда өлгенін,
Будапеште ме, Сегедте ме, әлде Үндістанда немесе Африкада өлгенін – қойшы,
осының бәрін тәптештеп, бүге-шігесіне дейін сұрап алатын.
Үйде отырғанда Вайда кейде айнаға жармасып, өзінің бет-пішінін, түсін, аузын
ашып көмейін, тісінің ара-арасын әбден қарайтын, тамырын басып байқайтын да,
айнаны қайтадан орнына қоятын. Бұдан кейін ол шалқасынан жата қалып кеудесін
басатын, қарнын сипап көретін. Сонсын әлгі айнаны алып, тағы да аузын арандай
ашқанда, тіпті шықшыты шығып кете жаздайтын. Қабағын төмен түсіріп, кірпігін
сығырайтып, айнадан бірдеңені көргісі келетіндей болатын. Оның мұнысы: өлгенде
қайтып жатарын көз алдына елестеткені.
Сәлден соң түсінен шошыған адамдай, атып тұрып:
– Аулақ!.. Аулақ!.. Құрығанда, медицина құрысын!– деп айқай салатын.
Бірақ бүгін «орыстың аралас шайынан» бір жарым тоннасын бірақ сатып, Вайда
көңілді отыр. Ылғи да жолы болып, саудасы жүргенде ол науқасын ұмытып кетіп,
құлан таза жүретін.
3
– Менің соңғы бір бастан кешкен оқиғамды тыңдасаңыз қайтер еді!– деп сұрады
ол досынан.
Бұл жолы оның даусы қарлығыңқырап шықты. Вайда сауда-саттықта бірдеңеге
ашуланғанда немесе нендей бір сәтсіздікке ұшырағанда ғана сампылдап сөйлейтін.
Әзірге күлкі шақырғандай ештеңе болмаса да Селеши күліп қоя берді.
– Тыңдағым келеді,– деді ол.
– Біз екеуміз, яғни қызбен,– оны түсініп отырған боларсыз,– ағылшын паркінде
таныстық,– деп бастады делдал сөзін, сөйтті де бірден-ақ «іске» кірісіп, әлгі
«товарды» сипаттай бастады.– Кондитер фабрикасында жұмыс істейді екен...
Аптасына бес крона ақша алатын көрінеді... Шұлығына жамау түскен... көйлегі тысы
аударылып қайта тігілгенге ұқсайды... туфлиінің өкшесі қисайып қалған... Жасы он
сегізде... Бірақ түріне қарағанда, он бестен аса қоймаған сияқты... Дене құрылысы
тәп-тәуір... Ақсары келген... Балтыры тағы басқалары келісіп-ақ тұр. Қысқасын
айтқанда, титтей ғана киіндіріп жіберсең, жайнап кетейін деп-ақ тұр... Қолтықтасып
бара жатқанда қасыңнан өткен адам қарамай өтпейтін тәрізді.
Селешидің еріні дүрдиіп, аузынан суы аға бастады. Көзі бақырайып барады.
«Тегін дүниеге жаны құмарын-ай өзінің»,– деп ойлады да, Вайда әңгімені
ұштастырып әкетті.
– Капиталистердің бұл сорлы қыздарды қалай қанайтынын сіз білесіз ғой,
Селеши жолдас!– Вайда қарқылдап күліп, тырнағы ескен саусағымен столды
тоқылдата бастады. Ал қыздар әрине, таптық сана-сезімінен жұрдай... Сондықтан да
оларды социал-демократиялық партияға алмайды.
– Ол жағын қайтесіз,– деп реніш білдірді Селеши. Оның салпы еріні қимылдап,
жыбыр-жыбыр етеді.– Одан да әлгіні айта беріңіз.
Селешидің көзі бозарып, еріні салбырап кеткен. Әңгімесінің досына әсер еткеніне
риза болған Вайда одан әрі жалғастырды:– Әр түрлі ойын-сауық, атракциондар... әлгі
дәу бүйі... аспанмен тілдескен доңғалақ... Америка таулары... Кереметтей қыз... Неше
түрлі шұжық, тоңазыған ет, сыра, пирожныйлар алып жатырмын. Түсінікті ме?..
– Түсінікті.
– Несі түсінікті!– деді Вайда. Бұған мән бермеген Селеши еріні жылтырап отыра
берді.
– Қыз не жеді сонымен,– деп міңгірледі Селеши.
– Сонда да мен мұнша тамақ қыздың қай жеріне сыя бергеніне әлі аң-таңмын...
– Бос сөздің керегі не?..
Вайда орнынан тұрып, кабинетте ерсілі-қарсылы жүре бастады. Ол сөзден
жеңілген сияқтанды.
– Қыздың көңіл-күйі жаман болған жоқ. Иә... жаңа неге тоқтап едік... Иә,
айтпақшы... сол күні мен онша көңілді болмадым. Мұның өзі... түнеу күнгі... әлгі өзіңіз
білетін күні еді ғой... Иә, оның енді уақасы жоқ...
Осы кезде ол үнсіз қап, ашық терезе алдына келді. Далаға қараса, күн жап-жарық,
ми қайнатқандай ыстық екен. Ол бұрылып, артына қарады. Вайданың көңіл-күйі
бұзылып бара жатқанға ұқсайды... Шамасы, әңгімеден түк шықпайтын тәрізді.
– Сол күні,– деп бастады ол қарлығыңқы үнмен, сөйтті де терезе алдынан бері
шегініп – Иә, тап сол күні біз тұратын үйде бір мұғалім дүние салып, жұрт соны
жерлеуге бара жатқан-ды... Құрт ауруынан өліпті...
Вайда тағы үнсіз қалды. Ол Селеши отырған столға жақын келді.
– Осы сіз айтыңызшы, дәрігерлер құрт ауруының адамда бар-жоғын дәл айта ала
ма?
Селеши білгенін айтты. Бірақ Вайдаға бұл бәрібір сияқты, ол тіпті жауап күткенге
ұқсамайды. Ол бір бұрышқа көз алмай қарай отырып, кеудесін сипады да, бір
жөтеліп қойды. Бұдан кейін басын шайқап, Селешиге қарады да, әңгімесін
жалғастыра берді:
– Еркек болған соң ер болған дұрыс қой. Солай емес пе... Қысқасын айтсақ, қыз
тым оңды болатын, ішіп-жей отырып, ол өзінің жеңілтектер сапына
қосылмайтынын, сондықтан үйге ерте қайтуы керек екенін айтты.
«Сен де мені алдағың келеді-ау»,– деп ойладым мен ішімнен. Ал менің өтірікке
қатты ашуланатынымды құрттың бәрі біледі. Біреудің өтірігін сезсем-ақ болғаны
шыдамай кетемін... Вайданың даусы тәуірлене бастады.– Өтіріктен жек көретінім
жоқ... Әлгі қыз қояр емес, аузына келгенін соғып отыр: өзі әдепті қыз көрінеді, әкесі
құрт ауруы болып, үш жылдан бері төсек тартып жатыр екен; күн көрістері – осы
қыздың табатын тоғыз кроны мен сақтық кассасының әкесіне беретін жәрдемі
көрінеді. Бұл жәрдем дегеніңіздің қанша екенін сіз білесіз ғой, Селеши жолдас,– оған
күн көріп те жарытпайсың, өлмейсің де...
– Баяғысына баса берді десеңші... Вайда қолын бір-ақ сілтеп, шапшаң сөйлеп
кетті, әлде нендей бірдеңеге абыржып, кейде күліп кабинетте ерсілі қарсылы жүріп
алды.
– Оны өзінің бір дос қызы азғырып жіберген екен.
Өтірігіңе береке берсін!» – деп ойладым мен.– Момақансуын мынаның!
Сондағысы – құнын арттырмақ қой. Иә, соға бер. Сонымен екеуміз келіп, бір
орындыққа отырдық. Айналада ешкім жоқ... Мен оны құшақтамақ болып жармаса
бергенімде... бетімнен шарт еткізіп салып қалмасы бар ма... Көзімнен отым шықты,
отырған орындығымнан құлап түсе жаздадым... Мұның не, шырағым!» деп
ойбайладым мен. Ол солай,– деп жауап берді көйлегінің жағасын жоғары көтеріп
алды. « Мені енді үйге кеттім!» – деді.
Селеши аңқитып тыңдап отыр.
– Иә, сонымен...шынымен-ақ қыз ба екен!
– Неге асығасыз. Шыдамыңыз жетпей бара ма? Мен де момақансып, оған
иланғандай бола қалдым. Тап осы жерін қалай айтсам екен, бір есептен сендім де...
Ақыры, үйіне шығарып салдым. Кіреберіс қақпаның алдында иіліп, қолынан
сүйдім...– Вайда күліп жіберді...– Қыз не дерін білмей, іші-бауыры елжіреп қоя берді.
Мен оған Псиландер Аста Нильсенге2 қалайша қараса, тап солайша көз қиығын
тастадым. Осы сәтте мен бар демімді жинап, қатты күрсінгенімде, көрші үйдің
төбесінен бір мысық құлап, жерге топ ете түсті... Оған со керек, түні бойы
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Мартон Және Оның Достары - 03
  • Büleklär
  • Мартон Және Оның Достары - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 4006
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    36.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4005
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2128
    35.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 4079
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    39.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 4005
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2076
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 4054
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3965
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1998
    38.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 4037
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2035
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 4090
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1918
    38.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3959
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2102
    33.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 4089
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 4067
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2045
    35.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 4146
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 4146
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2083
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 4068
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1994
    37.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 4086
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1972
    37.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 4071
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2058
    35.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4168
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1987
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 4045
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1917
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 4113
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2083
    37.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 3931
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2079
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 21
    Süzlärneñ gomumi sanı 4103
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2075
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 22
    Süzlärneñ gomumi sanı 4126
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2183
    35.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 23
    Süzlärneñ gomumi sanı 4167
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1861
    38.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 24
    Süzlärneñ gomumi sanı 4166
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1953
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 25
    Süzlärneñ gomumi sanı 4046
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1991
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 26
    Süzlärneñ gomumi sanı 4182
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2031
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 27
    Süzlärneñ gomumi sanı 4085
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2019
    37.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 28
    Süzlärneñ gomumi sanı 3926
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2040
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 29
    Süzlärneñ gomumi sanı 4152
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2044
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 30
    Süzlärneñ gomumi sanı 4075
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2066
    38.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 31
    Süzlärneñ gomumi sanı 4157
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2030
    39.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    63.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 32
    Süzlärneñ gomumi sanı 4167
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2155
    38.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 33
    Süzlärneñ gomumi sanı 4078
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2052
    37.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 34
    Süzlärneñ gomumi sanı 4009
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2038
    36.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Мартон Және Оның Достары - 35
    Süzlärneñ gomumi sanı 3534
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1774
    40.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    63.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.