🕙 1 minut uku

Малды пайдаға жарату

Süzlärneñ gomumi sanı 104
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 84
63.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
67.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
70.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні көршісі сұрады:
  - Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің? Көзге түсетін еш нәрсең көрінбейді, - деді.
  Үйші айтты:
  - Тапқан малымның бір бөлігімен борышымды өтеймін, бір бөлігін өсімге беремін.
  Көрші:
  - Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қанша ақша беруші едің? - деді.
  Үйші:
  - Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін. Өзімнен туған балаларды оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе?!- деді.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.