🕙 2 minut uku

Күн тәртібі

Süzlärneñ gomumi sanı 316
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 255
52.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
66.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
69.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Екінші сыныпта оқитын Досалы үйіне көңілсіз қайтты. Келді де, шай ішпестен жатып қалды. Апасы бәйек болып жүр.
  - Қарағым, бір жерің ауырып жатыр ма?
  - Жоқ.
  - Ендеше, неге жатырсың, шайыңды ішпей?
  - Ойланып жатырмын.
  - Ойланып?! - апасы аң-таң. Мынадай байсалды жауапты күтпеген.
  Ақшыбық апа қайта мазаламады. «Ойланғысы келіпті, ойлансын, есеюдің басы. Есі кіріп қалған екен-ау қарашығымның...» Шайды жиыстырды да, жұмысына кетті.
  Ол ойланып жатыр.
  Сабақтан соң, босқа селтеңдейді екен. Апасының неге ұрыспайтынын енді түсіне бастағандай. Басында миы болса, өзі ойлансын дегені ғой.
  Мана сабақ үстінде алғаш рет өзінің жалғыз екенін аңғарды. Сыныптастарының қайсысына қараса да, екі-екіден, үш-үштен топтасып алыпты. Бұнымен ешкімнің жұмысы жоқ. Жанында отыратын Нәзтайға үзіліс кезінде:
  - Екеуіміз дос болайықшы, - деп еді, ол шошып кетті.
  - Сенімен бе?! Жоқ, дос болмаймын. Сен нашар оқушысың...
  Досалы ашуланды. Содан үйге қайтқанша томсырайып отырды. Ызадан жылағысы да келді. Бірақ ұялды.
  Жиырма екі оқушының бәрінің бетіне үміттене қарап еді,аяушылықбілдірген бірі болмады. Ешқайсысы көңіл аударар емес. Күйзелісін түсінер бір бала табылмады...
  ...Жақсы оқу үшін не істеу керек? Оқушылардың бәрі де далада жүреді. Сабаққа қашан әзірленеді сонда?!
  Есіктен апасы кіріп келе жатты. Ұшып түрегелді.
  - Апа, - деді сосын, - менімен балалар неге дос болғысы келмейді?..
  - Үлгерімі нашар баламен кім дос болмақ?..
  - Жақсы оқу үшін не істеуім керек?
  - Ойынды азайтып, кітапқа бас қою қажет. Оқып қана қоймай, көңілге тоқыған жөн.
  - Біздің сыныптың үздік оқушылары да ойыннан қалмайды, олар қалай үлгереді?
  - Ә-ә, ойлана бастадың ба! Үздік бала күнделікті жұмыс кестесін жасайды. Сонымен жұмыс істейді. Соған дағдыланып, сабақты да, жұмысты да тиянақты атқарады.
  Досалының есіне кеше мұғалім айтқан бір әңгіме түсті. Біреу жас кезінен бастап өзін-өзі тәртіпке үйретіпті. Таңертеңнен ұйқыға жатарға дейін уақытты бөліп, әртүрлі жұмыс істепті. Соған бойы үйренген ол есейе келе атақты адам болыпты. Қартайған шағында да сол қалыптасқан тәртіптен айнымаған. «Оның достары орасан көп болған шығар» деп ойлады Досалы. Қолына қалам алып, жазу үстеліне отырды. Күн тәртібін жасауға бел буды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • 3nçe Sıynıf öçen çirattagı äsärne uku
  • Күз