🕙 1 minut uku

Күлмеңіздер кәріге

Süzlärneñ gomumi sanı 96
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 82
54.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
68.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
71.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  Бір кісінің екі баласы болыпты. Бір мезгілде көршілері оған шағымданады: «Сенің балаларың бір кемпірді мазақ қылды. Балаларыңды тыйып қой!» - деп. Әкесі балаларына ұрсады. Балалар да мұнан былай кісіге күлмеске уәде береді. Біраз өткен соң балалар әкесіне берген уәдесін ұмытып, бір бейшара шалды тағы да келемеж қылыпты. Мұны әкесі естіп, балаларын шақырып алып айтады: «Балалар, мен енді мұнан артық өмір сүргім келмейді... Егер өлмей, қартайғанша тұрсам, сендер секілді бір ақымақ балалар анау күнгі шал мен кемпірге күлгендерің секілді, маған да күлер деп қорқамын». Балалары ұялғаннан қызарып, не қыларға білмей, содан кейін кәрі кісілерге күлуді мүлде қойыпты.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.