Latin Common Turkic

Көшпенділер - I - Алмас қылыш-18

Süzlärneñ gomumi sanı 2677
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1509
39.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
қасында Исан-Бұғы Жұныстан Жағатай хандығын тартып алды. Бірақ артынан жастығы ма, мастығы ма, хан болғаннан кейін өзін хан тағына жеткізген осы әмірлерге қиянат істей бастады. Ең алдымен бас наип 40  етіп Тұрфан қаласынан шыққан Темір деген ұйғырды белгіледі. Бұл ұйғыр ханға жаға білді де, өзгелердің қаққанда қанын, соққанда сөлін шығарды. Өзі қарадан туа әсіресе Моғол әмірлеріне жайсыз тиді. Қарадан наип еткен хан ісіне наразы Моғол әмірлері, Темірдің қорлығы әбден асқан кезде, бір күні түнде жиналып кеп оның басын шауып, бүкіл денесін кескілеп өлтірді. Өздері де енді хан қарамағынан шығып жан-жаққа тарап кетті. Дулат руынан шыққан әмір Мір Кәрімберді Моғолстан мен Ферғана, Андижан шекарасына бекініс салып, маңындағы Мауреннахр диқандарын шабуға кірісті. Қоншы руынан шыққан Мір Хақберді бек Ыссықкөл жағасындағы Қой Сойды деген аралға бекініс тұрғызып, жүздеген қарақшы жігіттерімен Түркістан мен Сайрамды тонауға аттанды. Моғолдың Шорас пен Барын руларының әмірлері түбі бір елден шыққандары есіне түсіп, Уайс хан мен әкесі Исан-Тайшы сан айқасқан ойраттардың қонтайшысы Амансанджи жағына ауып кетті. Қалушы, Бұлғашы руларының әмірлері Әбілқайыр қарамағына, Дәшті Қыпшаққа көшті. Ал, моғолдардың ең негізгі көп руы Қоңшының бек, әмірлері еш жаққа кетпегенмен де Моғолстанның кең даласында бүліншілік ұйымдастырумен болды. Темір наиптың өлімінен шошып қалған Исан-Бұғының өзі де Алмалықтан қашты. Бірақ бұны бір кезде Исан-Бұғының әкесі Уайс ханның күшімен Қашқарды қолына алған Сейтәлі әмір Іле өзенінің жағасындағы Аққұйын деген жерден тауып алып, Ақсу қаласына әкеп хан етті. Осы бүлінуден бастап Моғолстан бір ханға бағынудан қалды. Толып жатқан әмірлер, бектер, хакімдер бір тайпы мемлекетті быт-шыт қып бөліп алды. Тек ел шетіне жау келсе ғана бас қосатын күйге жетті.
Исан-Бұғы Ақсуда әбден орнығып алғаннан кейін, көп қол жинап хаджири есебі бойынша сегіз жүз елу бесінші, жаңа есеппен бір мың төрт жүз елу бірінші жылы Ташкент, Яссы, Сайрам шаһарларын шапты. Аямай тонап, қайтадан Ақсуға қайтты. Алдыңғы жылы екінші рет Исан-Бұғы тағы Мауреннахр жеріне аттанды. Бірақ бұ жолы жауды өз жерінде күтіп алған әбусейіт жеңістік бермеді. Исан-Бұғы әскерін бетпе-бет келіп, ұрыста тойтарып, Талас өзенінің бойындағы Тараз-Жаңғы қаласына дейін қуып салды. Исан-Бұғы дәл осы жолы астанасын қайтадан Алмалыққа көшірді. Ондағысы Қытай мен Жоңғар қаупінен мединесі алыстау болсын дегені еді. Сөйтіп жүргенінде қауіп енді кенет оңтүстік өкпе тұсынан туды. Сырт естуіне қарағанда, Мір Кәрімберді, Мір Хақберді әмірлер Жұныс сұлтанға барып қосылған тәрізді. Бұ да Исан-Бұғының қобалжуын күшейте түсті. Өз жағында табжылмай жиені — Мір Сейтәлі мен Мір Мұхамед-Шейх әмірлер ғана қалды. Қысқасын айтқанда, Исан-Бұғы енді өз үйінде өрт шыққанын анық ұқты. Бұл қиындықтан құтылатын қандай жол бар? Мединесін қайтадан Ақсуға көшіру керек пе? Одан не табады? Алмалыққа жетер Жұныс пен әбусейіт мырза Ақсуға жете алмай ма? әрине жете алады. Бірақ Ақсуда Мір Мұхамед-Шейх пен ар жағындағы Қашқардағы жиені Мір Сейтәлі әмірлер бар емес пе, Исан-Бұғының басына шын қауіп туса, бұлардың үндемей қалмайтыны кімге болса да аян. Содан сескеніп Жұныс атының басын кейін тартар? О да мүмкін. Бірақ бір әкеден туса да, бір анадан тумаған, өзі Жұныспен қан майданда бетпе-бет бір кездеспей, күні бұрын қашқаны қалай болады? Жұныс осы Моғолстаннан кеткелі жиырма жылдың ішінде Исан-Бұғыға қарсы екі рет қол жиып майданға шыққан. Бірақ екеуінде де жеңіліп кейін шегінген. Бұл жолы да сөйтер? әй, оған сену қиын. Бұ жолы күш Жұныс жағында. Жұныс жағында емей немене, оны жақтап Дәшті Қыпшақтың айбынды ханы Әбілқайырдың туған күйеу баласы, Жұнысқа ең жақын бел құда болып Ақсақ Темірдің алтын тағындағы әбусейіт отыр. Жоқ, іштей іри бастаған Моғолстан оған дәл қазір қарсы тұра алмайды. Сонда не істеу керек? әлде торғауыттың қонтайшысы Амансанджидың өзінен жәрдем сұраса ма екен?
Исан-Бұғы екі қолын артына ұстап гүлі төгілген, түгі екі елі жібек фарсының қырмызы қызыл кілемін көк шалғынды басқандай аяғымен жайпай аттап, ерсілі-қарсылы жүре бастады. Оның қалмақ қонтайшысынан жәрдем сұрасам қайтер еді деген үмітінің де сыры бар еді.
Жағатайдың бесінші буыны, Мұхамедтің шөбересі Уайс сұлтан ер жеткен кезде, Моғолстан тағында әкесі Мірәлі оғыланның інісі Мір Мұхамед отыр-
ған-ды.
Мір Мұхамед хан мен Уайс сұлтанның арасы өте нашар болды. Уайс сұлтан өзі секілді кілең от жүрек жігіттерді жинап алып, Моғолстанның шетінде, Қашқарияда біраз уақыт аламандық құрып жүрді де, Түркістанға келген. Бұл кезде Түркістанның хакімі Ақсақ Темірдің атақты серігінің бірі Қыпшақтан шыққан Сар-Бұғы әмірдің баласы, Шайх-Нұридин болатын. Ол Мір Мұхамед ханмен өте араз еді. Шайх-Нұридин әмір Уайс сұлтанды құшағын жайып қарсы алды. Өзінің қызы Дәулет-Сұлтан-Сақынажды қосты. Одан Уайстың тұңғышы Жұныс сұлтан туды. Шайх-Нұридин әмір Уайсқа әскери жәрдем беріп, сан мәртебелі Мір Мұхамед ханға қарсы салды. Бірақ қандай айқас болса да күші мол Мір Мұхамед жеңе берді. Тек осы хан өз ажалынан өлгеннен кейін барып, Уайс бір мың төрт жүз жиырма бесінші жылы ғана Моғолстан тағына отырды. Бірақ оның хандық өмірі өте аз болды. Моғолстан тағын бар болғаны үш-ақ жыл биледі. Қашқар ханы Қарахан ұрпағы Сатуқ-Бограның қолынан майданда қаза тапты. Бірақ осы аз өмірінде Уайс хан көп іс істеді. Ең алдымен ол мұсылман дініндегі елдермен жауласуды тоқтатты. Бар күшін Қытай мен Ойрат қонтайшыларымен күреске жұмсады. Осы кездегі Ойрат қонтайшысы Исан-Тайшымен майданда сан мәртебе кездесті. Қытай богдаханынан үнемі әскери жәрдем алып отырған Исан-Тайшы оған жеңгізбеді. Бір-екі рет тұтқын да етті. Бірақ Шыңғысханның ұрпағы деп босатып жібере берді. Уайс сұлтан ең ақырғы мәртебе Тұрфан қаласының жанындағы ұрыста тағы Исан-Тайшаның қолына түсті. Бұл жолы торғауыт әміршісі оны текке босатқысы келмеді. «Егер қарындасың Мақтұм ханымды маған әйелдікке берсең босатам» деді. Амал жоқ, Мақтұм ханымды Исан-Тайшыға беруге тура келді. Одан ойраттың осы күнгі қонтайшысы Амансандж туды. Қасқырдың бөлтірігі өсе келе енесіне шабады. Амансандж Исан-Тайшы секілді көкжалдан туған арлан бөрі еді. Ол шешесінің ақ сүтінен әкесінің алтын тағын артық көрді. Сол тақты күшейту жолында «Моғолстанды нағашы жұртым» демеді. Кере қарыс аузын қазақ руларының қанына толтыра ұрттады. Көршілес Найман, Керей ауылдарына маза беруді қойды. Тек бұл руларды ойраттың қисық қылышынан қазақтың қара сойылы мен қайыспас ерлігі, табан тіреп қарсы тұрар қайсарлығы ғана құтқарып жүрді.
Исан-Бұғының Амансанджидан жәрдем сұрасам қайтеді дегені — сасқан ханның «түбі жиенім ғой» деген құр далбасасы еді. Бірақ сасқан ханға жәрдем басқа жақтан келді.
Хан осылай ерсілі-қарсылы қалың ойда жүргенінде үйге бас найыбы Үйсін Қастек кірді.
— Ұлы мәртебелі тақсыр хан, хан кеңесі тегіс жиналды.
— Мір Сейтәлі әмір де келді ме?
— Иә, тақсыр хан, кеше оған ат шаптырылған.
— Мір Мұхамед хан ше?
— О да.
Хан сүреде тұрған гауһар тас орнатылған алтын тәжін киді де, қолына асыл тастардан безелген күміс асасын ұстап кеңес сарайына қарай беттеді. Бас найп Қастек би мен ауыз үйде күтіп тұрған басқа паруалар 41  үн-түнсіз соңынан ере берді.
Хан кеңес сарайына кіріп келгенде, үйдегі әмір, сұлтан, бек, хакімдер тегіс түрегеліп, иіліп сәлем берді.
— Арсыңдар ма, бек-задалар? — деп хан есік алдында сәл кідірді.
— Барсыз ба, хан иеміз? — деп үйдегілер басын бұрынғыдан да ие түсті.
— Құп келіпсіздер, асыл бауырлар, — деді хан төрдегі өз орнына бара жатып, — отырыңыздар.
Хан алтын зерлі барқытпен безенген кеңес сарайының төргі жағындағы күміс сәкіге барып отырды. Хан отырғаннан кейін, өзге жұрт та дәрежесіне қарай орналаса бастады. Үй іші толған ақ сәлделі, көк шапанды, көк сәлделі, ақ шапанды софы, хакім, әмір, даруғалар мен күміс, алтын кіселі, кең қоныш етікті, бұлғын тымақты, сусар бөрікті Дулат, Үйсін, Жалайыр, Найман билерімен лық толы. Жағатай ордасында Маймене, Майсары дәстүрі жоқ. Хан жеке отырады. Одан төмендеу тек бас наип қана орналасады. Өзге жұрт өзінің шен-шекпеніне қарай орын алады. Алдыңғы жағында ханға жақын, Қашқар, Ақсу, Тұрфан, Жаңғы секілді үлкен әмірліктің хакімдері, олардан сәл кейініректеу Моғолстан хандығының тірегі Үйсін, Жалайыр, Дулат, Найман, Керей, Қаңлы тәрізді қазақ руларының белгілі ру бастықтары, билері, батырлары, бұлардан соң барып, Шолақ, Қорған, Жаркент тәрізді шет қалалардың әкімдері, діни адамдар, софы, ишан, мүриттер...
Исан-Бұғы бірден сөзге кірісті. Ол Моғолстанның солтүстігінен Ойрат, күншығысынан Қытай, оңтүстігінен әбусейіт пен Жұныс сұлтанның шабуылға шықпақ боп жатқанын айта келіп, хан кеңесінің шешіміне екі жарғы қойды.
— Бірінші айтарым, — деді ол, — бүкіл Моғолстан боп әскер жинап жауға қарсы шығамыз ба? әлде әр хакім, әр әмір өз қаласын, өз ұлысын қорғай ма? Осыны шешіңдер.
Екінші айтарым, қазіргі жағдайда Моғолстан мединесін бекінісі нашар Алмалыққа қалдырамыз ба, әлде жау қолы оңай жете алмас Ақсу шаһарына қайта көшіреміз бе, соны шешіңдер.
Түскелі тұрған ауыртпалық иықтарынан жаншып жібергендей, үйде отыр-
ғандар мықшия жерге қарай қалды. Бәрінде де үн жоқ. Уайс ханнан бері әрқайсысы өзіне жеке отау тігіп, бүкіл Моғолстанды талан-тараж етіп меншіктеніп алған Моғол әмірлері енді қалың ойға кетті. Бастарын біріктіріп жауға қарсы шығар болса қандай пайда-зиянға қаларларын есепке алды. Хан қойған сұрақтарға тікелей жауап беруге әрқайсысы өз жағдайын ойлап қиналды. Егер бастары қосылмаса, бүкіл хандықтарынан айрылатыны бұл сәтте ешқайсының жанын күйдірер емес. Қазаны басқаның жаны басқа, бәрінің де ойлағаны өз пайдасы, өз қамы. Бұлар түбі әскер жиналатын болса, қайтсем өз ұлысымды, өз қаламды күшті қалпында сақтаймын, қайтсем кісіні аз берем, әскерге керек қаржы-қаражатты аз төлеймін деп толғануда... «Ал өз қаламды, өз ұлысымды жеке қорғаймын десем, одан қандай зиян көремін? Жұныс пен әбусейітке қарсыласуға күшім жетпей-ақ қойсын, Уайстың қай баласына бағынсам да маған бәрібір емес пе? Мүмкін жауласпай-ақ Жұныс жағына шыға салғаным тиімді болар?» Қытай мен Ойраттан бәлендей қауіптің дәл бүгінгі күні жоқ екенін бұлар да жақсы біледі. Өйткені оларға қарсы қазақтың жауынгер рулары тұр. Осы себептен «ортақ өгізден, оңаша бұзау артық» деп әдеттеніп қалған Моғол әмірлері әлі үн-түнсіз... Ел қамын ойлап қиналып отырғандай құр жерді шұқи береді. Қайтсек хандығымызды жаудан аман алып қаламыз деп ешкім мүнәзараға 42  барар емес.
Исан-Бұғы түбі өздері оралар деп Моғол әмірлерін беттеріне қоя берген қатесін енді ұқты. Ел басқарам деген адамға ең алдымен ел бірлігін ұстай білу керек. Ел бірлігі деген ұғым сол елді басқаратын сұлтан, хакім, әмір, би, батырлар бірлігі деген ұғым. Бұны бабасы Шыңғысхан өзінің атақты Ясысында жақсы айтқан. Сол Шыңғыстың ақылын неге алмаған? Жиырма бес жыл хан асасы қолында тұрғанда, бірігуге көнбеген әмірлерді неге түйреп-түйреп тастамаған? Енді міне, қиын кезең туып еді, артына қарай жүзген шаян тәрізді, біреуі алға шығатын емес. Мұндай жұртпен Моғолстанды қалай жаудан қорғап қаларсың!
Жұрт үні жуырда шықпаған соң, Мір Сейтәлі әмір қабағын шытты.
— Хан ием, — деді ол сәл ашулы үнмен тыныштықты бұзып, — айтқан сөзіңіз мына пенделеріңізге әзірейілдің гүрзісіндей қатты тиіп отыр. Ақылға салуға аз уақыт мұршат беріңіз.
— Болсын.
Дәл осы сәтте үйге қияқ мұртты, шоқша сақалды, ұйғырша киінген дәйекші кірді.
— Хан ием, теріскей жақтан шабарман келіп тұр. Асығыспын дейді. Түнімен тұтғақ 43  бастығы сізге жібермепті.
— Айтары құпия ма екен?
— Жоқ, хабарым хан кеңесінің де құлағына жетсе екен дейді.
— Кірсін.
Үйге «ассалаумағалейком» деп басын иіп, тобылғы қамшысын кеудесіне ұстап, қоңыр жүзін жел сорған қаба сақалды, түйе жүн шекпенді, белінде күміс кіселі жалпақ белбеуі бар, кең қоныш етікті, орта бойлы адам енді. Ол сәлем беріп, есік алдында ханға кішіпейілдік ишарат көрсетіп, бір тізерлеп отыра қалды. Шаң шалған жүзінен алыстан келген жолаушы екені бірден көрініп тұр.
— Қай рудансың? — деді хан ананың сәлемін алып болғаннан кейін.
— Дулатпын. Жаңғы қаласының хакімі Сүйіндік мырзаның шабарманымын.
— Сөйле! Не айтайын деп едің?
— Сүйіндік хакім хабарымды ұлы мәртебелі Исан-Бұғы ханға тез жеткіз деді. Байтақ жеріңіздің теріскей шетіне Барақ хан мен Болат сұлтанның балалары Жәнібек пен Керей ерткен қалың ел келіп тұр. Дені Арғын, Уақ, Найман, Керей, аздаған Қоңырат, Алшын да бар. Әбілқайыр ханмен келісе алмай көшіпті. Қоныс сұрайды. Жәнібек пен Керей сұлтан өзге жұртын Талас өзенінің арғы бетіне қалдырып, өздері бес жүз сойылды салт атты нөкерлерімен төте жолмен сіздің мединеңізге келе жатыр. Мен күні бұрын хабар бергелі жеттім.
Хан көзінде кенет қуаныш ұшқыны жарқ етіп тұтанды да, сол сәтте ғайып болды.
— Жәнібек пен Керей сұлтан қай мезгілдерде жетер екен?
— әрі кетсе ертең күн шыға.
— Өздері қанша жұрт?
— Қыруар ел. Алды келіп өзеннің кең алқабында қазан көтеріп жатқанда, көштерінің соңы түйелерінің қомын алып та үлгерген жоқ. Оның үстіне жан-жақтағы қазақ жерінен, тіпті алыстағы ауылдардан соңдарынан іздеп келіп қосылып жатқан елде есеп жоқ. Сірә, Әбілқайыр хан шеңбері сорлы халықтың жан етін жұлып алуға айналған болуы керек...
Исан-Бұғының қабағы қарс жабыла қалды. Шабарман хан алдында хандардың халыққа істеген қиянатын тәптіштеудің үлкен қылмыс екенін тез ұқты. «Қарға қарғаның көзін шұқымас деген міне, осы екен», — деді ол ішінен. Қарапайым адамның тілі тым ұзын болса, хан әмірі қалай қысқарта қоятынын бұрыннан да білетін шабарман, тым қысылып қалды, бірақ сол сәтте жол тауып кетті.
— Кешіріңіз, хан ием, — деді ол тағы басын төмен иіп, екі қолын кеудесіне қойып. — Сүйіндік хакім, бүкіл Моғолстан халқының қамқоры әділетті Исан-Бұғы ханға Дәшті Қыпшақтың көп руларының көшу себебі Әбілқайыр ханның қиянатынан деген жайды айт деп еді.
Шабарманның қулығын ұққан кей хакім, әмірлер кекете езу тартты. Бірақ өзін «ел қамқоры» деген сөз құлағына жылы тиген Исан-Бұғы қабағын қайта ашып:
— Жақсы. Қонақ үйге барып тынық. Хакім Сүйіндікке біздің айтарымызды ертең естисің...
Басын аман алып қалғанына қуанған шабарман «құп, тақсыр», деп үйден ата жөнелді. Далаға шығып «Уф» деп демін алды. «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі» деген міне, осы. Егер басыңды аман алып жүргің келсе, аузыңа ие бол. Тым ақылси берме».
Шабарманның Исан-Бұғыға: «Қыруар ел, оның үстіне жан-жақтарынан көшіп келіп қосылып жатқан жұрт та ығы-жығы» дегені бірде-бір жалған емес еді.
Жәнібек пен Керей Қаракеңгір мен Сарыкеңгірді кейін тастап, Қарақұмнан үш күнде жедел көшіп өткен соң, соңдарынан ерген елдердің ақсақал, батыр, билерін жинап кеңес құрған. Барар жеріміз алыс және жат жер. Ағайын жоқ болсаң бере алмайды, бар болсаң көре алмайды. Моғолстан елі бізді қалай қабылдайтыны белгісіз. Сондықтан түйенің қомын, аттың жалын алдырмай, ағайынға сорлылығымызды көрсетпей жетелік. Күшті екенімізді көрсе сыйлар, күшсіз екенімізді көрсе аяр, «кет кейін» дей қоймас, туыстығымызды қимас... деп шешкен.
Осы күннен бастап сыңсыған қалың ел, малдың күйіне қарай, асықпай көшіп отырған. Бір аптадай өткен шақта Жәнібек пен Керей өздерінің он бес ұл, жеті немере, көптеген, аға-інілерін жинаған. Жәнібек, жолай «Қызыл жыңғылдан» өтіп бара жатқанда жігіттеріне кестіріп алған жуандығы қамшы сабындай бір құшақ қызыл күрең тобылғыны алдына қойып, үлкен баласы әдік төре мен Керейдің тұңғышы Бұрындыққа:
— Алдарыңдағы тобылғыдан бір-бірден алыңдар, — деген.
Аналар алған.
— Енді сындырыңдар, — деген.
Аналар қолдарындағы тобылғыларын шытыр-шытыр сындырған.
— Енді үшеуден алып сындырыңдар, — деген Жәнібек.
Аналар үш тобылғыдан алып бәлендей күш жұмсамай бұ жолы да сындыр-
ған.
— Енді бесеуден алып сындырыңдар, — деген Жәнібек сұлтан.
Аналар бес-бестен тобылғыны алып, әжептәуір күш жұмсап сындырған.
— Енді сегізден алып сындырып көріңдер, — деген Жәнібек.
әдік пен Бұрындық тобылғыны сегізден алған. Тізелеріне де салған, табандарына да салған, маңдайларынан сорғалап тер де аққан, әйтеуір қиналып барып, балуан тұлғалы қос арлан әзер дегенде сындырған.
— Енді оннан алып сындырып көріңдер, — деген Жәнібек сәл күлімсіреп.
Сындыра алмайтындарын білсе де, әдік пен Бұрындық тобылғыны оннан алған. Сындырмақ боп әрі-бері мықшыңдап көрген. Күштерінің жетпейтінін білген соң «құрып қалғыр, болатын емес» деп тобылғыларын лақтырып жіберген.
Жәнібек үндемей сәл ойланып отырған да:
— Міне, ел бірлігі деген осы, — деп сөзін бастаған, — жалғыз адамды жау алады. Ал көп біріксе ешкім де жеңе алмайды. Көп қорқытады.Терең батырады. Егер екі қолдың он саусағындай қазақтың бар рулары қос жұдырық боп түйілсе, қандай жауына болса да қауіпті күш...
Жәнібек пен Керейдің өзге балаларынан жасы үлкен және өзін өзгелеріне қарағанда еркіндеу ұстайтын, ұр да жық мінезі бар Бұрындық:
— Басқа рулар қайда қалады? — деген. — Мысалы, найзасының ұшы алтын Алшын...
— Алыстағы ағайын өзі шешсін өз тағдырын...
Еш уақытта да хан мен билердің бірігуімен ғана хандық құрылмаған. Орда шаңырағын халық көтерген. Қазақ елі егін еккен отырықшы жұрт емес. Бар шаруашылығы мал өсіру. Мұндай көшпелі елдің халқы — рулары. Олардың көсемдері — батыр, билері болғанменен, дені жай шаруа, кедейлер.
Жәнібектің ойы, ісін сәтті ету үшін, осы қара халықты өз жағына көбірек тарту. Қазір ол соның жолын іздеп отыр.
— Жақсы, — деді Бұрындық, — Алшынды қоя тұралық. Сонда борышымыз не болмақ?
Жәнібек Бұрындыққа ойлана қарады.
— Түсінсең борышыңды өзің айт. Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмайды.
— Білмеймін, — деді Бұрындық. — Бізге ергісі келмейтін руларды шабамыз ба, қайтеміз...
Тұңғышының ойланбай айтқан сөзінен намыстанып қалса да, оның тез шамданатын мінезін еске алып, сөзге сараң Керей:
— Ұлым, ел шабуға асықпа, — дей салды.
— Өзгелеріңде қандай ой бар? — деді Жәнібек.
Аға тұрғанда іні сөйлеу сөкет іс қазақ дәстүрінде. Тіл ұшына келіп тұрған айтары болса да осы дәстүрден шыға алмай, Жәнібектің ортаншы ұлы Қасым сұлтан төмен қарап тыпырши берді.
— Қасымжан, сен бірдеме демексің бе? — деді Жәнібек баласының сөйлегісі келіп отырғанын сезіп.
— Иә, көке, рұқсат етсеңіз, бірер ауыз кеңесімді мен де берейін деп едім.
— Айт, рұқсат...
— Өзіміз әне шабыламыз, міне шабыламыз деп келе жатып, біреуді шабамыз деуіміз ағаттық болар... Және көке, өзіңіз айттыңыз ғой, ағайын күшіңді көрсе сыйлайды деп...
— Сөйле, сөйле.
— Сөйлесем, біз Моғолстан мен Түркістан шекарасына қашқан ел тәрізді емес, көшкен ел тәрізді болып баруымыз керек. Жағатай ұрпақтары да, Сайбан, Ақсақ Темір ұрпақтары да ел екенімізді көрсін. Және қалай болса солай шұбыра көшкен ел екенімізді емес, дос болса дос бола алатын, қас болса қас бола алатын, қоныс бермесе күшпен тартып ала алатын жау жүрек қауым екенімізді байқасын. Қазір осы отырғандарымыздың ес білетіндеріміз, сойыл соғып сөз сөйлей алатындарымыз, қасымызға бес-алты қазақтың ер жігіттерін ертіп, ермей қалған, не еру-ермеуін білмей отырған жұртқа тарауымыз абзал. «Бізге еріңдер, бірігіп ел болып, қазақтың Ақ Ордасының туын қайта көтерелік» деуіміз орынды. Ерген жұрт ерер, ермеген жұрт ойға қалар. Қара халық соңымыздан неғұрлым көп ерсе, соғұрлым ісіміздің сәтті болары айқын.
Жәнібек жасөспірім ұлының сөзін бірден іліп әкетті.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Көшпенділер - I - Алмас қылыш-19
  • Büleklär
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-01
    Süzlärneñ gomumi sanı 2770
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1567
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-02
    Süzlärneñ gomumi sanı 2731
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1627
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-03
    Süzlärneñ gomumi sanı 2666
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1597
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-04
    Süzlärneñ gomumi sanı 2772
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1616
    37.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-05
    Süzlärneñ gomumi sanı 2808
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1696
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-06
    Süzlärneñ gomumi sanı 2750
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1660
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-07
    Süzlärneñ gomumi sanı 2558
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1555
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-08
    Süzlärneñ gomumi sanı 2693
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1577
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-09
    Süzlärneñ gomumi sanı 2778
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1648
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-10
    Süzlärneñ gomumi sanı 2837
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1569
    36.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-11
    Süzlärneñ gomumi sanı 2828
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1638
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-12
    Süzlärneñ gomumi sanı 2788
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1636
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-13
    Süzlärneñ gomumi sanı 2587
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1455
    37.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-14
    Süzlärneñ gomumi sanı 2686
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1552
    39.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-15
    Süzlärneñ gomumi sanı 2758
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1700
    34.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-16
    Süzlärneñ gomumi sanı 2762
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1696
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-17
    Süzlärneñ gomumi sanı 2753
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1568
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2677
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1509
    39.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-19
    Süzlärneñ gomumi sanı 2733
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1610
    36.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-20
    Süzlärneñ gomumi sanı 2428
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1490
    36.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-21
    Süzlärneñ gomumi sanı 2462
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1512
    35.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-22
    Süzlärneñ gomumi sanı 2770
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1616
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-23
    Süzlärneñ gomumi sanı 2601
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1525
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-24
    Süzlärneñ gomumi sanı 2805
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1656
    37.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    60.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-25
    Süzlärneñ gomumi sanı 2807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1663
    37.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-26
    Süzlärneñ gomumi sanı 2469
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1468
    36.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.3 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-27
    Süzlärneñ gomumi sanı 2786
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1634
    36.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-28
    Süzlärneñ gomumi sanı 2643
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1509
    36.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-29
    Süzlärneñ gomumi sanı 2593
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1513
    38.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    61.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-30
    Süzlärneñ gomumi sanı 2650
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1550
    38.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-31
    Süzlärneñ gomumi sanı 2677
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1521
    35.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    58.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көшпенділер - I - Алмас қылыш-32
    Süzlärneñ gomumi sanı 1137
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 770
    45.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    59.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    69.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.