Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 07

Süzlärneñ gomumi sanı 3919
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2330
27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
газетіне оның үзіндісі де шығыпты. Осы әңгімеден аз уақыт өткен соң маған айтқан романынан
үзінді жіберіпті, біз онысын Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетіне жарияладық. Жазушының
сол романының газеттерде жарияланғаннан басқа бөлігі табылмай қалып отыр. Өкінішті!
Қуанарлығы - Қарауылбек Қазиев артына қалдырып кеткен аз шығармаларымен-ақ қазақтың өзі
құралпы жазушыларының көш басындағы тобы арасында тұр. Оның жұлдызы әрдайым биік
жарқырай беретіні анық. Оған бұл тұнық таланттың әр кітабын оқыған адамның еш күмәні
болмайтыны айдан анық.
АҚПЕЙІЛ
Күмән жоқ, Совет Әлімқұлов - әдемі ақын, құдай жақсы жаратқанжан.
Міне, мен қазір Советтің, өмірден сәл ертелеу өтіп кеткен достыңқай қасиетін, ақындығын
ба, азаматтығын ба алға шығарып айтарымды білмей дал болып отырмын.
Совет адамның ала жібін аттап көрмеген иманды, адал, дос-жарандарына қоң етін кесін
беретін мырза, пейілі кең, жаны жо-март, үлкенге де, кішіге де сыйлы, сүйкімді жігіт еді.
Сонымен бірге ол ойға алғанын айтатын, ойлағанын істейтін, сөзіне берік, ісіне мығым
болатын. Өзі өмір сүрген, бұл күнде қытымыр заман аталып жүрген кезеңде ер Совет тайраңдап
та, сайраңдап та жүре алатын, жалғанды жалпағынан кешіп кете беретін. Бірақ соның бәрі оның
жаратылысынан момын, биязы, ақпейіл, мәрт қалпына жарасып тұратын.
Өз басым Советті олай-бұлай еді дегең бір адамды кездестірген емеспін, бәрі: «Жақсы», -
дейді. Бұл - шындық.
Мен өзінен бұрын Советтің сөзін таныдым.
1962 жылғы көктемде Қазақ ұлттық университеті филология факультетінің бір топ студенті
Алматы облысының Қаракемер ауылындағы орта мектепте ендірістік тәжірибеден өттік. Сон-да
жүргенімізде «Балдырған» журналында жарияланған «Қарындасым бар менің» атты бір өлеңді
оқыдым. Өлең өмірдің өзінен ойып алынғандай шыншыл екен.
Апам жокта бөлмені
Қоятұғын тазалап,
Білгісі кеп әрнені
Сұрайтұғын мазалап,
Қарындасым бар менің, - деп басталатын бұл елең балаларға арналған шығармаларды
әжептәуір оқып, біраз жайдың ұштығын біліп қалған, ептеп қалам тарта бастаған маған қатты
ұнады, та-лантты ақынның жазғаны-ау, деп ойладым.
Қателеспеппін.
Сол жылы жазда Советтің өзімен де таныстым.
Бір курста, бір факультеттің журналистика бөлімінде оқитын досым Қарауылбек Қазиев
Жамбыл облыстық «Еңбек туы» газетіне өндірістік тәжірибеден өтуге барған, біраз жанашыр
дос тауып қайтыпты. Ол солармен енді мені таныстырды. Олар ақын ағамыз Жақсылық
Сәтібеков пен замандасымыз Совет Әлімкұлов еді. Бұл екі асқан ақын, аяулы азаматпен де
Қарауылбек екеуміз қаламдас, қанаттас болдық. Қарауылбек Шымкентте аман-есен шапқылап
жүргенде Жамбылдағы үшеуміз тілеулес болып, тақымымызды қысып отырар едік.
Қарауылбектің талантына Совет қатты тәнті болатын. Қарауылбек те Советтің ақындығын
жоғары бағалайтын.
Қазақстан Жазушылар одағының кезекті құрылтайларына Қарауылбек Шымкенттен, біз
Жамбылдан барып қатысқан күндері жұбайымыз жазылмай, бірге жүретінбіз. Сол кезде езуден
күлкі кетпей, ойын-сауық ернеуінен асатын.
Қазір енді Қарауылбек те, Совет те жоқ, екеуі де бақилық болған. Екеуінің де ордалы отаны,
оларда үбірлі-шүбірлі болып өсіп жатқан үрім-бұтағы бар.
«Момынның ісін Құдай жемейді» - деген сөз бар. Сол рас, тегі.
Аузын ашса, көмекейі көрінетін ақпейіл, кісінің ала жібін аттамаған адал, жан адамның
көңілін жығып көрмеген жуас, момын ақынның сүйіп, сыйлаған жары - Сарасы отыр артын
күтіп, нөмерелерін бағып. Бұл - бақыт! Сәкеңнің бақыты.
Қашаннан ақынның ерекше бақыты - артында өлмейтұғын сөз қалдыру. Совет бұл бақыттан
кенде емес. Ол - көзі тірісінде рөспубликалық әдеби баспалардан 10 поэзиялық кітабы жарық
көрген үлкен ақын.
«Тұңғыш кітап», «Өрімтал», «Күн көсем» кітаптары Советті нағыз балалар ақыны дегізген
болатын. Ал, «Қолайна», «Сыбызғы», «Ықылас», «Ораласың ба, көктемім?» жинақтары оны
тамаша лирик ақын ретінде танытты.
Лирикалық өлеңдері мен балладалары топтасқан. «Ораласың ба, көктемім?» жинағы жыр
сүйер қауымды Советтің қызығы мен қиындығы, оны айтамыз, қияметі мол шығармашылық
жолда маңдай терін аянбай төгіп, үнемі ізденіп, еңбектеніп жүретініне селкеусіз сендіріп еді.
Ақынның ез дауысы, өзіне тән қолтаңбасы, поэзиялық көркемдік тәсілдерді қолдану әдісі анық
аңғарылатын (бұл жинақ Қазақстан Жазушылар одағының жыл қорытындысына арналған
жиынында жоғары бағаланған болатын.
Бұл әділ баға еді. Жинақтағы әр шығарма оқырман жүрегін биязылығымен,
сыршылдығымен, нәзік сезімталдығымен баурайды. Ақын - аңқылдаған ақкөңіл, әсерленгіш,
өмірді, оның сан түрлі бояу-бедерін, сан қырлы сырларын тануға құштар, ел-гезек. Ол
табиғаттың әсемдігі мен ғажаптығын, адамның жүрек шымырлатар ыстық сезімдерін шынайы
бедерлейді. Туған жер, табиғат, адамдардың бір-бірімен достығы, сыйластығы - Совет
поэзиясының басты тақырьібы. Ақын кіндік қаны тамған жердің өз ұлына үлкен сенім
артқанын, сол сенім үдесінен шығу – асқан абырой, борыш екендігін тебірене өлеңге қосады, ой
бөліседі, сырласады. Ақынның лирикалық кейіпкерлерінің бойынан адамгершілікке толы асыл
қасиеттерді, өр сезімді, жігерлік пен құлшынысты сезінесің, сөйтесің де онымен бірге қуанып,
бірдей толғанасың.
Ораласың ба, көктемім,
Қанағат емес жеткенім.
Көкірегімде от демің,
Өкінішім де көп менің.
Осы бір шумақтың өзінен-ақ Совет Әлімқұловтың тұңғиық тереңдігі аңғарылмай ма. Ақын
арманы - биік, суреткер жүрегі -мазасыз.
Совет жеткенін қанағат тұтпай, көп өкінішімен өтті өмірден.
Бір жақсысы - ол бұл сөзді айтқанға дейін де, айтқаннан кейін де көп-көп жыр жазды.
Шүкір, ақынды ел-жұрты түсініпті, сылайды екен. Ақын біраз жыл тұрып, еңбек еткен,
жақсы айларын өткізген, жақсы ойларын қалдырған Аса ауылындағы үлкен көшеге Совет
Әлімқұлов есімі берілген. Жыл сайын Асада ақын құрметіне жас ақындар мүшәйрасы өткізіліп
жүр. Совет дүение есігін ашқан Құлан ауылында да оның есімімен аталатын көше бар.
Қуаныштысы - осындай игі шаралар жалғасып келеді.
Талантты таныған жақсы.
ЖАЗА БЕРІҢІЗ, ӘЛЕКЕ!
Оқырман қауым қолына Әлмұхан Исақовтың «Өткен күнде белгі бар» атты кітабы тиді.
Алдымен айтарымыз: «Бұл - атына заты сай кітап».
Өткен күнде белгі бар. Әр адам айтуға құқылы сөз. Бұл пенде тірісінде не көрмейді, ыстыққа
күйіп, суыққа тоңады, өлшеулі өмір алаңын шиырлайды. Егде тартқан адам өзінің өрлеу,
толысу, шарықтау, пәс тарту жолын көктей шолып өтер болса, көп-көп жайларды бағамдап, ой
таразысынан өткізіп әңгімелер еді. Ал, ол әңгімеші адам ақылды, білімді, көпті көрген, оқығантоқығаны мол, айтпағын төгілдіріп жаза алатын қабілетті болса, бітті дей беріңіз, әдемі кітап
туындайды.
Біз білетін Әлмұқан Исақов - білім-танымы мол, өмір тәжірибесі жеткілікті адам, еңселі
азамат. Әлмұқан университетте бізден бір курс кейін оқыды. Лениндік стипендиат еді, суреті
жоғары ілінген. Оқуы озық жігіттің жүріс-тұрысы да орнықты болатын. Сол Әлмұқан білімінің
зорлығын, пайымының молдығын қызметке араласқан соң студент кезіндегісінен де жарқырата
көрсетті. Мектеп мұғалімінен облыс басшылығының жоғарғы баспалдағына дейін көтерілді.
Әкеден ерте айырылған Әлмұқан бұл деңгейге еш қолдау-қолпаштаусыз, тек өзінің салиқалы
тірлігі, салмақты болмысы нәтижесінде көтерілді.
Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалтай Мұхаметжанов осы
жуырда Әлмұқан жөнінде мына тәрізді бір сөз айтты: «Коммунистік жүйенің бір зияны Әлмұқанды жазушы болуға көп ден қойдырмағаны. Әйтпесе, Әлмұқан үлкен жазушы, сыншы
болатын адам. Қазір де ол -жазушы. Қызмет емес, әдебиетке мықтап кіріскенде нағыз мықты
болатын еді». Білгенге Қал-ағаңның мына сөзінде өкініш те, мойындау да бар. Шынын-да,
Әлмұқан өзін әдебиетке арнағанда әлдеқашан атақ-абыройға белшесінен бататын жазушы
болмақ екен. Оны Әлмұқанның мына кітабын оқып отырғанда сезінген үстіне сезіне түстік.
«Өткен күнде белгі бар», - шын мәнінде, жақсы кітап. Кітапқа қаламгердің 26 әңгімесі, 2
тарихи очеркі енген. Әңгімелердің бәрі емірдің өзінен ойып алынған. Партия, кеңес
жұмысында, оның басшы буынында істеген адам бұқара халықтың қуаныш-қайғысын көп
бөліседі, алдына келгендердің шаруасын тындырады. Осындай жағдаяттың бәрінде
әңгімелердің басты геройлары, есімдері әртүрлі болғанымен, біздіңше, олардың бәрі автордың
өзі, нағыз адамға тән, көптің көңілінен шығатын әрекет қылады.
Әлмұқан Исақов - үнемі басшы қызметте істеп келе жатқан азамат. Аупартком, ауатком деп
аталатын басшы буындардың барлық деңгейінде болған. Қолында билігі бар адамды кімдер
төңіректеп, кімдер ішке тартпақ болмаған, өскісі келген де, өшпек болған да келеді. Ия, рас, бір
коммунист аупарткомның бірінші хатшысына әйелінён ажыраспақ болғанын, ажырасса,
партиядан шығарып жібермес пе екен деген хаупіне жауап алғысы барын айтып келеді. Бұл оның адам ретінде де, коммунист ретінде де өшуі. Әлмұқан жағынғысы келгенге де, табынғысы
келгенге де жол бермеген. Адамдармен қарым-қатынаста табиғи қалпынан айнымаған. Мен
мұны оны замандасым ретінде білетін болғандықтан ғана айтып отырғаным жоқ, әңгімелердегі
партия, кеңес қызметкерлерінің іс-әрекеттерін бағамдап, ой түйіп те айтып отырмын. Әлмұқан
әңгімелеріндегі өрелі, өрісті геройлардың есімі Мұхтар, Сапар, Асқар, тағы басқалар болып
келгенімен, олардың бітім-болмысы Әлмұқанның өзі екеніне еш күмәніңіз болмасын. Ұлы
Флобер: «Бавари ханым - мен өзім» - деген Таңданатын дәнеме жоқ, рас, Флобер әйел емес,
бірақ Баваридің бүкіл арман-мұңын, өшіп-жануын ғажап өрнектеді емес пе?! Ал, мына
әңгімелердегі өмірдің сан тарау бұралаңынан, тіптен кішкентай бір тосын жағдайдан адаспай
жол табатын ақылды, салуатты геройларға жан беру Әлмұқан тәрізді ақылды азаматқа, шын
қаламгерге тән болса керек.
Бұл Әлмақан - қызмет, мансап дейтін талайды бұзып, жолдан шығарған, қазір де бұл
зұлымдығы өрши түспесе, кемімеген зұлматтан бойын да, ойын да аулақ ұстай білген
қайраткер. Міне, дәл сондықтан да Әлмұқанның іс басында жүрген кейіпкерлері -жаны да, ары
да таза, әсемдік пен сұлулыкты сезінетін, жақсы мен жаманның ара жігін ажырата білетін
адамдар.
Әдебиетте социалистік реализм әдісі зорлап таңған партия, кеңес қызметкерінің бейнесін
жасау жейтін бір процесс үзбей жүріп жататын. Жазушылар қаншама әрекет еткенімен,
солардың толыққанды образын шығара алмаған, ейткені қаламгерлеріміз түгелдей дерлік
өмірдің ол мектебінен өтпеген, содан барып ұранға үн қосу мақсатында партия, кеңес
қызметкері дейтін кейіпкерге ана жақсылықты да, мына жақсылықты да жапсыра беретін, таңа
беретін, бірақ одан оңды бейне түзілмейтін. Ал, Әлмұқан көптің қолынан келмеген осы
тірліктің ұшығына шыққан. Өмір тәжірибесі дейтін, міне, осы болар.
Әлмұқан -жазу техникасын жақсы меңгерген қаламгер, әңгімені әдемі бастап, орынды
аятайды. Қай әңгімені оқымаңыз, автордың соңғы нүкте қоярдағы айтар ойын біле алмай,
ынтығып отырасыз, мұның үстіне ол әңгіме жазуға татырлық оқиға табуда да даңғайырлық
танытады, тіптен көзге іліге бермейтін штрихтардың өзін ойнатып жібереді. Бөтен сөзбен
былғанбаған өрнекті тіл, жеңіл юмор - прозашыға аса қажет бұл екі қасиет те Әлмұқанда.
Ең бастысы - кітаптағы әңгімелердің барлығы заманмен үндес. Мысалға, кітаптың беташары
- «Текетірес» әңгімесін алалық. Онда бүгінгі күннің бір дүрлікпе тірлігі әжуаланады. Елдің
саяси-экономикалық жағдайына сайлау дейтін шіркіннің тигізген зияны айтылып та, жазылып
та жүр. Мұның үстіне бұл сайлауыңыз: заман қанша өзгерді дегенімізбен, адамдар санасының,
мінезінің ұлы Абай өткір сынға алған дәуірден онша алшақтай қоймағанын алға жайып салып
отыр. Сайлауға әзірлік, дауыс беру тұсындағы қазіргі қулық-сұмдықтар тым жиіркенішті-ақ.
«Текетіресте» сол қажетсіз, қасиетсіз, әбиірсіз тірлік әжуаланады. Ия, шынында, әжуаланады,
ейткені Әлмұқан - сатирик. Дәл осы жерде Әлмұқан әңгімелерінің жазылу мәнерінің, өмірді
қамту, бейнелеу күшінің әлем әдебиетіндегі әңгіме жанрының теңдесі жоқ шебері Чехов
шығармаларымен үндес екенін қуана айтуымыз керек. Өз заманының бүгесі мен шігесін,
жақсысы мен жаманын новеллашы әңгімелері арқылы-ақ ақтарып айтып тастамап па еді. 26
әңгімені өмірдің айнасы деу, әлбетте, артық ал, көп нәрсе қамтылғаны анық. Кішкентай ғана
«Қырсық» әңгімесіндегі жас өскін Сапарды алып қараңыз. Шешесі оны ауылына келіп,
ағайындарына қонақ болып жатқан ықпалды, аты озған аталасы Ерімбетке сәлем беруге
жұмсап, «Сұраса, оқудың айт, тәртібіңді айт. Мектебіңді бітірген соң оқуға барып қалсаң, бір
себі тиер», - деп тапсырады. Сапар барады, қызметі үлкен ағасының қуыс кеуде екенін көреді
де, көңілі қалып үн-түнсіз қайтып кетеді. Әңгіме «Қырсық» аталғанымен, Сапар қырсық емес,
нағыз намысты бала. Кішкентай әңгіме үлкен ой айтады желеп-жебеу, қолдау-қолпаштау деген
пәледен аулақ жүру керектігін ерте білген бала ертең шеккі азамат болмайды.
Әңгімеші Әлмұқан өмір үзіктерін өзіндік үрдісімен ойнатып, солардың туғызған себепсалдарлардың әдеби шешімін әдемі бедерлейді. О заман да бұ заман обкомның бюросынан жаза
алып, қор болып, құмығып шыққан аупарткомның бірінші хатшысының аянышты халіне ез
шоферінен медеу, әрекетіне төрелік айтуын күткенін кім керген?! Шоферді айтамыз, құдайын
ұмытып кетіп еді ғой ол кездің хатшылары. Сөйтсек, сол бюрократия мейлінше белең алған
тұста да адам қалпынан айнымаған біріншілер болған екен, болмаса, болуы қажеттігін айтады
автор. Сондай адамдықты ардақ тұтатын хатшы алдына келген алаяқ журналисті, ағайындығын
сатып, жағдайын жақсартпақ болған қартты, бір сіздің ғана аузыңызға қарайық дейтін
жағымпаз директорды ешқандай дерекілік керсетпей-ақ, тыйып тастайды, керек десеңіз,
оқытып, үйретеді. Кадр таңдауда да ол жаңылыспайды, адам бойындағы білгірлік, біліктілік
қасиеттерді бірінші кезекке қояды.
Өмірді артқа тартқан келеңсіздіктерді сынап-шенуге келгенде Әлмұқан тапқырлық
танытады. «Травиата», «Эликсир», «Фотосурет», «Дорақ», «Пропуск» тәрізді әңгімелердің
айтары құлаққатосын естіліп қана қоймайды, олардың геройлары да шәлкем-шалыс адамдар,
заманның қисық бұтақтары. Солдарды ешқандай әсірелемей, мақтамен бауыздайды.
Геройларының портретін жасауға Әлмұқан әдебиеттің алуан түрлі формаларын емін-еркін
пайдаланады. «Есік дыбыссыз ашылды. Орта жастардағы, шашын қысқа етіп алдырған, кенетоз,
бірақ таза жұмыс киімі бар, кепкасын бір қолына ұстаған кісі есікті ашса да, кірер-кірмесін
білмей, кідіріп қалды. «Шофер, не слесарь болар», - деп ойлады Мұқтар есіктің жақтауын
қапсыра ұстаған қолға кезі түсіп». Жазушы «Екіұдай хал» әңгімесін осылай ба-стайды. Білгенге
осы бір кішкентай үзіктің өзі-ақ әңгіменің екі геройының да қандай адамдар екенін бірден
аңғартпай ма. Білгір, аңғарымпаз хатшы, арыз айта келген жасқаншақ, бедерсіз коммунист.
Коммунистік партияның мүшесінің бір белігі, айта берсеңіз оның негізі саналған еңбеккер
адамдар, қанша жаттат қанмен, өз міндетін, мақсатын, жалпы партия мүшесі болудың не екенін
білмеген күйі кетіпті ғой. Автор бұл әңгімесінде осы келеңсіздікті көздеп жазды ма, жоқ па, ол
жағы бізге беймәлім, ал, шындық оқырманды осы ойға жетелейді. Көркем әдебиеттің, жалпы
өнер туындысының қүдіреті де, міне, осында, оны әркімнің өз қиял, білік күшімен әрі қарай
түсінуінде, қабылдауында. «Тісі шыққан балаға шайнап берген ас болмас» дейтін ұғымды
ұстанады шығармашы. Жаны, қаны, көркем шындығы бар шығарма ешкімді бейжай қалдыра
алмайды. «Ең жаман деген кітапта бір ақыл болады», - дейтін менің бір досым, ал Әлмұқанның
мына кітабына енген әңгімелердің әрқайсысы бір-бір ақыл арқалап тұр. Әдеби бояуының
қанықтығымен қоса бұл кітап осынысымен де құнды. Әлмұқан әңгімелерін бұрын да түрлі
баспасөзге жариялап жүретін, енді кітап борлып түзілгені жақсы болған. Бұрын оны жақсы
білетіндер ғана жазушы деп білсе, енді көпшілік көретін болады.
Ашығын айту керек, Әлмұқан -үлкен жазушы, әдебиеттің тарихына да, теориясына да жетік
сыншы. «Теңіздің суының дәмін білу үшін оның суын таусып ішудің қажеті жоқ, бір ұрттаса,
болды» -демекші, Әлмұқанның қандай жазушы екенін білгісі келгенге оның бір әңгімесін оқып
көрудің өзі жетіп жатыр. Кез-келген әңгімеден өмірлік те, әдеби де процестерді жақсы білетін
адамның ыстық демі сезіліп тұрады.
Әрбір жақсы тірліктің бір әттегенайы болады. Мына кітаптың ол әттегенайы - екі тарихи
очерктің енуі, баспагерлердің салақтығы. Очерктер - Әлекеңнің белгілі даталарда сөйлеген
сөздері, кітапта орфографиялық қателер көп. Сөздер өз жүгін арқалаған күйінде қалған, ал,
қателер сөз мазмұнын бұзып, қаламгердің жазғаны осы екенау дегізгендей. Жазушы, әлбетте,
сауатты, баспагерлер, әрине, абай болулары керк еді.
Арамызда ақылды, арлы қаламгер жүр екен, ағайын, біз бүгін соған қуанамыз.
Жазушылық - жарыс, ақыл-ой, өнер, шеберлік жарысы. Қолыңа қалам ұстаған екенсің,
жарысқа түстім дей бергін, жүйрік екенсің, оз, шабан екенсің, қал. Жарыс заңы - осы.
Жазушылық - тиіп-қашпа тірлік емес, үнемі, үзбей айналысатын іс. Адам қай деңгейде
жүрмесін, мейлі, тіптен, депутат болсын, бір шаруамен айналысуға шектеу жоқ, оның аты шығармашылық еңбек. Ал, ол әлемдегі ең таза еңбек екінің бірінің қолынан келе бермейді.
Жазушы - сирек кездесетін талант. Әлмұқан - сондай адам. Жаза беріңіз, Әлеке!
ЕҢБЕКҚОР ҚАЛАМГЕР
Болат Бодаубай менен тұп-тура бір жасы кіші екен. Бір кездері ол маған ересек көрінуші еді.
1951 жылы Шоқпар стансасындағы орталау мектептің бесінші класына оқуға келсем, Болат
бесіншіні бітіріп, алтыншыны аудан орталығындағы орта мектепте оқуға кетіпті. Бірақ оның
үлгілі де озат оқушы екендігі жөніндегі әңгімелер ұстаздар аузында да, оқушылар ортасында да
лаулап тұр екен. Мұғалімдер өкшесін қия басқан оқушыға Болатты үлгі тұтатын көрінеді.
Болат - Шу ауданындағы Шоқпар стансасының баласы. «Шақырады жол алға» деп аталатын
повесінде ол сүйсіне суреттейтін Шоқпарда да, Шу ауданының орталығындағы қазақ орта
мектебінде де мен одан екі сынып төмен оқыдым. Болат мектепке алты жасында барыпты. Ал
мені оқуға апам: «Миы ашып кетеді», - деп сегіз жасымда жіберген, аяғым сынып бір жыл
оқымай қалғанмын. Сөйтіп Болат менен бұрын ержетті. Болаттай зерек баланың бар екенін,
оның стансада кеңсе сыпырушы болып істейтін шешесін, ағасын, інісін, олардың жетім-жесір
екенін мен ерте біліп өстім. Ал, Болат ол кезде мені білді ме, білмеді ме, қайдам?
1958 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөліміне
қабылдау емтиханын тапсыру кезінде тоқайласқалы бері Болат екеуміз бір-бірімізді жақсы
білеміз. Болат та, мен де қазақ тілінде өткен емтихандардан өң бестік баға алып, соңғы орыс
тілінен диктанттан мен «үш» алдым. Болат диктантты «төртке» жазыпты. Бұл - дұрыс. Біз,
орысшаға шорқақ ауыл балалары үшін бұл «үш» оңай емес. Ал, Болат -Соколов-Сарыбай кен
байыту комбинатында от пен судан өтіп шынығып келген жас.
Болат журналист оқуына түсті, мен қазақ тілі мен әдебиеті бөліміне қабылдандым.
Студент болған бес жыл бес күндей зулап өте шыкты. Университеттен кейін ол да, мен де
Кеңес Армиясы қатарында, ол Түркменстанның Мары қаласында, мен Ашхабадта қызмет еттік.
Әскерден оралғалы ол да, мен де журналистика саласында еңбек етіп, жазушылық кәсіпті де
айналдырып келеміз.
Болат Бодаубай өзінің талабы мен таланты арқасында үлкен өмір жолынан өтіп,
абыройға бөленіп отыр. Оның қызмет баспалдақтарына көз қырын салар болсақ, былай
өрнектеледі екен: «Лениншіл жас» газетіне әдеби қызметкер болып қабылданған ол бас
редактордың орынбасары дәрежесіне дейін көтеріліпті. «Социалистік Қазақстан» газеті әдебиет
және өнер бөлімінің меңгерушісі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің жауапты
қызметкері, республикалық «Жалын» баспасының директоры, республикалық «Қазақ кітап»
кітап саудасы бірлестігінің бастығы, Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлігінің кітап
шығару және тарату жөніндегі Бас басқармасының бастығы, мемлекетаралық «ЗаманҚазақстан» газетінің бас редакторы қызметтерін атқарған. Қазір де ол жауапты қызметте Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратының Аударма, редакциялау және
Парламент актілерін шығару бөлімінің меңгерушісі.
Бұлардың бәрі - журналист істейтін қызмет. Аса жауапты, жетілген көсіпкерлікті,
қаламгерлік шеберлікті қажет ететін қызмет. Болат - бұл талаптардың бәріне жауап беретін
белгілі журналист.
Біз әлі кітаптан бас көтеруге жарамаған тұста, яғни бірінші курсты жаңа бітірген кезде
республикалық жастар газетінде Болаттың «Бөтен сөзбен былғанса сөз арасы» атты өткір сын
мақаласы жарық керді. Жап-жас жігіттің қазақтың әдеби тілін таза сақтау женінде салиқалы ой
айтуы әдебиет сүйер қауымды да, замандастары - біздерді де қатты таңдандырған. Ол кезде
байбына жетпеппіз, сейтсек, КПСС Орталық Комитетінің органы «Коммунист» журналының
бетінде сынға ұшырапты. Ал, Болат бір мақала жазумен тоқтап қалатын көлденең кек атты емес
еді, содан бері түрлі басылымдарда оның көркем очеркі, проблемалық мақалалары, әңгімеповестері үзбей жарияланып келеді. Ол -Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.
Жазушылыққа Болат журналистикадан келді. Рас, ол мектепте оқып жүрген кездің өзінде
өлең жазатын. Олары Шу аудандық «Кировшы» газетінде жарияланып тұратын. Арманы ақын,
жазушы болу екен. Алайда, оның қаламгерліктің жедел түріне айрықша бой ұруында ерекше
себеп болған. Болат әкееі ерте қайтыс болған, мектепте, жоғары оқу орнында оқысын, шолжаң
болмаған. Әмір атты ұлы жорықта ол езін де, бауырлары мен анасын да ақша тауып асыруға
үнемі ұмтылып отырған. Қандай да қаламгер үшін саудасы шарт-шұрт жасалатын тірлік журналистика. Міне, дәл содан да Болат журналистикаға көп тер тегіп барып, жазушылыққа
бой ұрған. Меніңше, мұнысы жөн болған. Болаттың прозасы -жазуға әбден жетік қаламгердің
қолтаңбасы. Оның «Жас жүректер», «Май жаңбыры», «Желсіз түнде жарық ай», «Бір үйдің
балалары», «Ескі дәптер шерткен сыр», «Қарт тергеушінің әңгімелері» повестерін осы
мақаланы жазар алдында тағы бір оқи отырып мен Болаттың қазақ прозасныда белгілі биікке
көтерілгенін анық аңғардым.
Болат - біртоға, асып-тасуды, өсіп-бөсуді білмейтін азамат. Абай атамыздың: «Ақырын
жүріп анық бас» дейтін өсиетін берік ұстануға жаралған жан. Дегенмен ол өмірде де, өнерде де
(шығармашылықты айтамын) есесін жібермеген.
Егер Сіз Болаттың мен жоғарыда атаған кітаптарын оқысаңыз, жасынан-ақ оның кеудесіне
ізгі сезім, жарқын мақсат ұялап өскен, солары оны үнемі өрге сүйреген жас болғанын байқар
едіңіз.
Біреудің ала жібін аттап көрмеген, ешкімге қылпықтай циянаты болмаған адам осы
Болаттай-ақ болар. Қанағат, рахым ойлап жүретін кісіңде осы. Мен ұзақ жыл араласып жүріп
оның қарапайым қаллынан айнығанын, кеудемсоқтық көрсеткенін көрген емеспін. Ол - бүгінгі
жеткен биігінің бәрін бір ғана еңбегімен алған адам. Тегі Болат сияқты азаматтарда ақылы мен
намысынан, өз күшіне сенуден басқа не болсын?!
Болат - заты момын жігіт, бірақ намысын ешкімге таптатып көрген емес. Қаңқу-саңқу сөзге
араласып, ақылсыздық танытқанын да білмеймін.
Болаттың көптеген шығармалары лирикалық герой - «Мен» атынан баяндалады. Бұл - екінің
бірі жетік емес төсіл. Болат болса, бүлайша жазуды жақсы меңгеріпті. «Мен» арқылы, яғни
бірінші жақта баяндау, жақсы меңгерсе, шығарманы шыншыл етіп жіберді. Болатта бұл жағы
жеткілікті. Айталық, оның «Шақырады жол алға», «Май жаңбыры» осы тәсілмен жазылған
повестері бір-бірімен сабақтас, үндес, бірін-бірі жалғастырып, толықтырып тұратын шыншыл
шығармалар. Бас кейіпкер - Бақыт арқылы автор сезімтал да сергек, рухани дүниесі бай,
ізгілікке іңкәр, арманы ұшқыр жас замандас бейнесін жасайды. Бақыт - лирикалық герой. Ол
оқыған ауыл, ұшқан ұя маған жақсы таныс. Бақыт
- Болат оқыған ұстаздан мен де оқығанмын. Болаттың жас армандастарын да, алғашқы
махаббатын да танитын сыңайлымын. Шығарманың шыншылдығы, шынайылығы деген осы
болар, мен өмірде бар, Болат жазған геройларға иландым. Шағын Шоқпар бекетінің жетім
баласының кеудесі алтын сандық екен. Өмірде көпті көрген, кекірегіне кепті түйген, Алматыда
білім нәрінен қылтың-сылтыңсыз жүріп мейлінше сусындаған Болат Бодаубай - бұл күнде
қарымды қаламгер.
Болат Бодаубай - шебер аудармашы ретінде де жемісті еңбек етіп жүр. Ол атақты жазушы
Н.Носовтың «Дымбілмес пен достарының басынан кешірген хикаялары», «Дымбілмес күн
қаласында», «Дымбілместің айға саяхаты» романдарын, Юз Алешковскийдің «Кіш,
қоспортфель және бір аптадағы оқиғалар», «Кіш екеуміз Қырымдамыз» повестерін орысшадан
қазақ тіліне аударған. Балалар жазушысы ретінде білемін ғой, аударманың сәтті шыққанына
оның көлемінің үлкендігін қоссақ, Болаттың бұл еңбегін ерекше бағалаған ләзім.
Болаттың қазіргі қызметі де адамнан мол білімдарлыкты, қарымды қаламгерлікті талап
ететіні белгілі. Жақсы сөз жерде жатпайды, естіп жүреміз, біздің Болат Парламент
қабылдайтын заңдардың мәтіні мейлінше сапалы, тілі жатық, мағынасы айқын әрі дл болуы, сол
бір мәртебелі шаңырақ астында ана тіліміздің мерейі арта беруі үшін аянбай еңбектенеді екен.
Ол басқаратын бөлімнің дайындап құрастыруымен заң актілері мен ресми құжаттарда жиі
қолданалатын терминдердің «Орысша-қазақша ықшам сөздігі» жарық көріп, «Қазақстан
Республикасы Парламентінің жаршысы» екі тілде үзбей шығып келе жатыр.
Біз университетті бітіретін жылы Болат Хабиба есімді әдемі қызбен танысқан, кейін екеуі
тұрмыс қүрып, үбірлі-шүбірлі бол-ды. Жары Хабиба - профессор. Ұлы Данияр жауапты
мемлекетік қызметте, қыздары Дина мен Еңлікталантты музыканттар, екеуі де шетелде оқып,
магистр атағын алған. Дина қазір Американың Колорадо штатындағы университеттің
докторантурасында оқиды.
Болат жолдың бойында туып өскен Болат алпыс жасқа толыпты. Ол мүшел жасына
шарболаттай берік, шабыты шалқар, ауыз толтырып айтар шығармашылық табыстарымен келіп
отыр.
Алдағы уақытта да осы қарқыныңнан тайма, жақсы журналист, жазушы, аудармашы дос!
АЯЗ АҚЫН
1974 жылдың жазында Отар даласында теңдессіз той өтті. Қазақ сал-серісінің соңы атанған,
ән мен жырдың кені - Кенен Әзіәрбаевтың тоқсан жылдық тойы еді ол.
Сол тұста облыстық партия комитетінде қызмет істейтін мен тойды өткізу жөніндегі
алғашқы әңгімеден оның атқарылған соңғы шарасына дейін жақсы білемін. Бұл той ұсақтүйегіне дейін мықтап ойластырылып, барлық шараларына қапысыз қам жасалынып, ұлан-асыр
болып еткізілген еді.
Той салтанатын көрген де, көрмеген де арманда болған.
Қазақтың бір үлкен ақыны:- Қазақ жерінде енді мұндай той өтпейді, бұл соңғысы, - деп күрсініп
еді.
Мен бұл сөзді ақынның Кенекең талантына табынғаны, тарылып бара жатқан заманды
танығаны, өзіне мұндай той өтпейтініне налығаны деп ұғып едім.
Шүкір, тәуелсзідік алып, өз қолымыз өз аузымызға жетіп, өз ақынымызды, батырымызды
ешкімнен қаймықпай қастерлейтін дәрежеге жеттік. Абай тойы, Жамбыл тойы, Бауыржан тойы
өтті, Мұндай тойлар алдағы уақытта да өте береді, Сүйер ұлымыз болса, сүйеміз.
Кенен тойының бір шарасы ақындар айтысы болды.
Қазақ айтыс өнерінің өрен жүйрігі Кенекеңе арнаған айтысты аңыратып өлеңмен ашатын
ақын ізделіне бастады. Тандау Аязға түсті.
Облыстық мәдениет басқармасының сол кездегі бастығы Рахман Медеулов пен инспекторы
Қалымбек Еркінбаев Аязға сенді, күмән келтіргендер алдында шыжылдап қорғады.
Сөйтіп айтыстың беташарын айтуға жұрт алдына Аяз Бетбаев есімді бозжігіт шықты.
Жамбыл мен Сарыбастан алған бата, Ассалаумағайлейкум, Кенен ата. Арыны басылмаған ақын
едім, Сөзімді кешіріңіз болса қата, Арнайы ат арытып сонау Шудан Кеп тұрмыз тойыңыздың
дәмін тата, Жидебай, Сауытбектің жолын қудым, Өнерге жүрген жаспын үміт арта. Мен едім
Бетбайұлы Аяз атым, Өлеңге жастайымнан болдым жақын, Шамамның келгенінше жеткізейін.
Жүректің Сізге деген махаббатын,..Аяз осылайша шабыттана шырқап барып, жөпелдемелетіп
төгіп-төгіп жіберді:
Ал, кәнекей, көмейім, Көпшіліктің алдында. Жырдан шашу төгейін, Алдында топтың келейін.
Ойын тербеп халықтың Домбырамды жебейін...
Шіркін-ай, сөз қандай, ән қандай!
Тойшылар таңдай қағысты.
Абыз ақынның езі де қатты разы болып, батасын берді:
Әнің мәнді екен.
Сөзіңдәмді екен.
Сәлем берсең, бағың жансын,
Өнерің жалындасын.
Өнер жолы қиын жол,
Кейде кідіресің.
Кейде қабынасың,
Бірақ талмай ізденсең,
Халыққа таныласың.
Кенен атаның айтқаны айнымай келді.
Аяз көреген кісі атап көрсеткеннің бәріне лайық болды: бағы жанды, халыққа танылды.
Аяз Бетбаев - бұл күнде қазақ еліне белгілі есім.
Айтыскер ақын, әнші, жыршы, сазгер. Жұртшылыққа осыншама қырымен кеңінен мәлім
болуды құдайым екінің бірінің еншісі етпеген. Ал, өнердің осы қырларының біреуін алып
жүрудің өзі еш талантқа тарлық етпейді. Біздің Аяз - осылардың бәрінің ұшығына шыққан
азамат.
Аяз тақыр жерге біткен тал емес, құнарлы, құйқалы өңірдің өскіні. Өзі: «Жолын қудым», деп отырған Жидебай мен Сауытбек - Аяздың аталастары. Жидебай мен Сауытбек - Ашаның
атақты алты серісінің серкелері. Аяз бұл аталарының сөзін жасынан жаттап өскен, қадірқасиетіне қаныққан. Ол сондай-ақ Әбу, Жомарт, Саяпберген, Артықбай, Жампоз, Әшірәлі
сияқты ақындардың өлеңдерін таңды таңға үрып айтатын болған.
Солардың әсері, әрине, Аяз өлең сөзде оңайлықпен дес бермейтін ақын болды.
Аяздың айтыскер ақын ретіндегі жұлдызды шағы былай түзіледі.
1972 жыл. Облыстық ақындар айтысы. Екінші орын.
1974 жыл. Кенен Әзірбаевтың 90 жылдығына арналған ақындар айтысы. Бірінші орын.
1980 жыл. Республикалық ақындар айтысы. Жүлдегер.
Айтысқанның бәрі жеңе бермейді. Аяз да сейтті. Айтыс ақындарының жаңа толқыны шықты
сахнаға. Аяз орынын соларға берді; бірақ туа бітті өнері - ақындықтан қол үзген жоқ. Халқы
ақын Аязын ортаға шақыруын тоқтатқан емес. Жамбыл мен Жәзілбектің, Қарасай мен Өтеген
батырлардың тойларының беташарына жырмен шашу шашты. Бұл жерде бір гәп бар: «Аяз арқалы ақындығымен қоса жезтаңдай әнші, ғажап жыршы, сыршыл сазгер, дәулескер
домбырашы. Осы қасиеттердің бәрінің бір кісінің басына қонуы - сирек құбылыс. Оларды қатар
ұстаған адамды атам қазақ ерекше құрмет тұтқан. Аяз сондай құрметке бөленіп отыр.
Аяздың сөзін де, әнін де өзі шығарған термелері өзінің орындауында әлдеқашан жұрттың
құлақ құрышын қандыратын болған.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Көңіл көмбесі - 08
  • Büleklär
  • Көңіл көмбесі - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3763
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    26.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4026
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2329
    29.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3845
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2283
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    28.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2457
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2278
    28.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2330
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3886
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2289
    26.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2235
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3733
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2126
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3800
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2279
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2232
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3883
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2327
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2362
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    29.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3827
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2321
    25.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 2843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1812
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.