Latin Common Turkic

Көңіл көмбесі - 03

Süzlärneñ gomumi sanı 3845
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2283
28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
өмірді жазғыру керек. Өмір тақылетіне кез боп жүрсе де ертеңгі болашағына сеніммен
қарайтын Бектасты, жасында солай өскен авторды оқушы қауым дәл Ғабдуллинше
жазғырмайды. Қайта оқушы Бектаспен сол ауыр кезеңге саяхат жасап шығады. Бұрынғы
ағалараның жүріп өткен жолын біледі. Бүгінгі шат өмірлеріне мақгана отырып, өткенге үңілу
қандай жақсы. Заман ұлылығын сездіре түспей ме! Бектас ру намысы үшін балалармен
төбелесті, осы жерде Бердібек «надандықтан туған осы жексұрын жікшілік, ұрушылық
алакөздігінің кеселі балаларға да жұққан» деп ашына айтпай ма. Жоқ, ой біз іштен туа сап қай
қылық жақсы, қай қылық жаман, білуші ек демек пе. Бектастың өзі де, үй-іші де қай жылы
туғанын білмейді. Бұлардың бәрі - геройдың өсу эволюциясын көрсетер алғашқы өлшемдер.
Сыншының екеуі де автор позициясын мойындамайды. Тіпті Нығымет Ғабдуллиннің аузына
іліп алар жағымды кейіпкер таба алмауы осы автор позициясын аңғармағандығынан. Әйтпесе
автор аса ілтипатпен еске алып отыратын кейіпкерлер неге ұмыт қалсын. Көршісі Көпесбай
балалары туралы:
«Соншама ащы қиындық кешіп жүрсе де, жабырқауды білмейтін, болашаққа ғашық жардай
құмар, сайып қыран тас түлек, өршіл арман иелері еді. Шіркін, амал нешік, өмірлерінің
қызғалдақтай құлпырып, толықсыған нағыз балғын шағында қаусаған шөптей оталып, бәрі
бірдей Отан соғысы майданында мерт болды. Үшеуі де коммунист еді, ерлерше алысып, мәңгі
өшпейтін даңққа бөленіп қаза тапты» дейді.
Жағымды герой емессің деп осыларды жазғыру керек пе? Жоқ. Бөтелке шамның жарығына
түрегеп тұрып Ленин шығармаларын құныға оқыған Сатылған, тұрмыстың ауыр
мойынтырығын қайыспай тартқан, табиғат адамшылық қасиетті үйіп-төгіп берген нағашысы
Қағазбай жайлы, аяулы анасы Әсбет, өзі ауруханада азап шегіп жатып «нәпсі тілегін
адамгершілік бауырмалдық сезіміне жеңгізген» інісі Тұрдыбек, ілтипатты Әлиман жеңгесі
жайлы автор тебіренісін қайда қоямыз.
Н.Ғабдулл иннің сыны алдын алу болғанмен, шығарманы оқушы қауым қауыша қарсы алды.
«Өлең жаза білу ақын болғандық емес, бұл ақиқаттың дәлелін іздесеңіз кітап магазиндеріне
кіріңіз» деп Белинский айтпақшы, Ғабдуллинге де «Кітап магазині, кітапханаға кіріп көріңіз»
дейміз. Оқушылар қолдан қолға тигізбей оқиды. Бұл кітап үшін төбелесіп қалған балалар
туралы Ә.Асылбеков «Спорт» газетіне әңгіме жазды. Повестің жетістігін айтып мақтаған
сындар да болды. Бірақ біз олар туралы сөз қозғамадық. Жоғарғы екісынға сын көзімізбен қарай
отырып пікір таластыруды жөн көрдік.
Повесть кемшіліктен құр-алақан емес. Бұл жәйді Әбділда Тәжібаев айқын ашып керсетті:
«Реализмнен гөрі натурализмі, қорытудан қобыратуы басым» деді. Осы жолдар бізді
әжептеуір ойландырды. Шынында, емір фактілерін кеп білетіні жазушыға зиянын тигізген
сияқты. Артық эпизодтар еніп, шығарманың сюжеттік линиясын әлсіретіп, қабыратып алатыны
бар.
Повестің керкем де, талантты да жазылғаны жайлы жоғарыда Ә.Тәжібаевтың сөзін келтірдік.
Оған қосарымызда жоқ. Жазушының бір ерекшелігін айтып қана кетейік. Бердібек еш уақытта
оқушысын жалықтырмайтын сергек жазушы. Адам психологиясын авторлық баяндаудан гөрі
көбінесе штрихпен ашады. Апайының үйінде жүріп оқығанда қытымыр Әлипа тамаққа
жарытпайды. Дүмбілез ашты-тоқты жүреді. Осы күйін қалай береді? Сары қыздың нанын
орысша жеймін деп алдап аузын мың құбылтуы, қытайша жемек боп өңешіне конфет тұрып қап
қылқылдауы - қандай жанды штрих. Сақылдап күліп отырып жыларман боласың. Осының өзі
Бектастың ойнақы, кеңілді, еңсесі түспейтін өнерлі бала екенін керсетпей ме.
Ауылынан әу дем жерде жүріп үйіне хат жазатын бала мінезін айтсаңшы. Хат сездері қандай
жанды.
Қысқасы, Бердібек қаз тұра бастаған қазақ ауылындағы жаңа ашылған мектептің оқушысы
Бектастың кергендерін бүгінгі пайымдауымен ұштастырып, оқушы сүйіп оқитын тамаша
повесть жазған.
«Пишите, пишите для детей, но только так, чтобы вашу книгу с удовольствием прочли и
взрослый, и прочтя, перенесся бы легкою мечтью в светлые годы своего младенчества»... деп,
Белинский айтқандай, повестке үңілген ересек оқушы да балалық шағының сәулетті жылдарын
рахаттанып еске түсіреді. Қызығып, сүйсініп бас алмай оқиды.
Бердібек Соқпақбаевтың «Балдырған» журналында істеп жүріп бөбектерге арнап жазған
әңгімелері жайлы жоғарыда айттық. Осы жылдардың сәтті туындысының бірі - «Аяжан» повесі.
Повесть «Балдырғанда» 1961 жылы жарық керді. Биыл жеке кітап болып
шықты.
«Аяжан» повесі қазақ әдебиетіндегі бөбектерге арналған тұңғыш повесть. Повесть
оқушыларына лайықты шап-шағын. Осы кіп-кішкентай повесте сан-алуан мінезді бала бар:
көңілі зерек, әр нәрсеге қызыққыш Аяжан, шаруаға жұғымтал, тындырымды Ораз, шолжаң
Нұрдәулет, тазал ыққа үйренбеген Зәуре, кектен түскендей боп оқшауланып жүретін Меліс.
Балалар әрқайсысы мінездеріне тән табиғи қылықтарымен оқушысын еліктіріп әкетеді.
Аяжан автобустан түсті, барлығы жат. Қайда барарын білмей дал. Адам адамға дос. Мейлі
танысын, мейлі танымасын адамдар бір-бірінен көмегін аяп көрген бе. Ораз бен Меліс
ұшырасты.
Меліс:
- Керек болса, өзің бар, - деп жайына кетті. Оқушы бірден Мелістің бұл қылығына ренжіп
қалды. Атасының үйіне Ораз алып келді. Осы алғашқы таныстықтан барып достықтары
басталды. Әр нәрсені білуге құмар Аяжан ауыл емірімен біртіндеп танысты.
Повестің қызықтылығы, құндылығы: Аяжанның жат жерге келгендей болмай, ауыл
балаларына, ауыл өміріне етене араласып кетуінде. Өзіне дос тауып, сол достықтың титтей де
болса бір кәдеге жарауында. Ораз бен Аяжан достығы арқылы автор көзінен айырылып кәріп
боп қалған Күлиша шешейге тағдыры шипалық дәрі табады. Бердібектің балалар
психологиясын, балалар тілін білетін жазушы екендігін осы титтей повесть мол қырынан
керсетеді.
Аяжан келген қазіргі колхозды ауыл Бектастың Қостебесі, Болат келген «Жаңа өмірдің»
гүлденген, марқайған шағы. Қаладан келген Аяжанның саяхат кезімен-ақ қазіргі ауыл өмірі
сәнді де жанды көрінеді. «Нан жарықтықтың ауыр еңбекпен табылатынын білсін» деп Ораздың
папасы айтпақшы, еңбек адамын, еңбекті түсінуге баулиды.
Қазіргі балалар романтикасы, қиялы қандай әдемі. «СССР-10.1. Жер-ай!» ракетасы бүгінгі
балалар қиялы емес пе! «Мен космонавт болам. Айға барам. Үйтем-бүйтем» дегізіп баланы қу
жақ қылмай-ақ, кіп-кішкентай жанды эпизодпен бүгінгі балалардың ұмтыларын тауып
көрсеткен.
Еңбегімен жұрт құрметіне ие болған, қайда барса, сәлем беріп жас-кәрі сыйлайтын Сарыбай
атай да жанды.
Повесть тілі сөбилерге түсіндікті, ойнақы. Бүлкілдеген бұлақ суындай мөлдір. Бұл
айтқанымыздың бәрі повестің жетістіктері. Енді әттеген-ай дегізетін кемшіліктерін ортаға сап
көрелік.
Автор Аяжанның ауыл өміріне шорқақтығын керсету үшіңдеп детальдар тықпалап жіберген.
Оларының кейі артықтау. «Сүйікті қошақан» деген тарауда Аяжан қойды керіп:
- Анау сүзейін деп келеді - деп қаша женелетіні бар. Ал негізінде Аяжанның мал туралы,
оның қасиеттері туралы түсінігі жоқ. Ол шығармада көрініс алған. Сиыр, қаз, есек жайлы
ештеңе білмей, ыңғайсыз күйге душар болады. Олар туралы ештеңе білмей тұрған Аяжан қой
сүзеді деп қашпау керек, басқаша жасқанып қашуы керек.Аяжанның Зәуремен қатысында
біртүрлі жасандылық бар. Аяжан қазымырлау көрініп қалады. Қымс етсе, мұрныңды сүрт,
аяғыңды жу деп дүрсе қоя беріп жүргені. Осы ретте автор Аяжан-ды пысық қылам деп ана
тәрбиесінің егініне түсіңкіреп кеткен.
Натурализмге бой алдырып алған «Балалар енеден туған қалпында тыржалаңаш шомылып
жүреді. Нұрдәулет те түрсиіне дейін сыпырып тастайды». Осы аралар біртүрлі тұрпайылау.
Өмірде осылай болуы мүмкін, бірақ керкем шығармада көрініс алғаны оқушыны
ыңғайсыздандырғандай болады. Егер «Аяжанды» бір топ қыз-бала бірігіп оқып отырса, осы
жерге келгенде бір-бірінен үялып, қызарып қалар еді.
Осы жалаңаштықтан шығады, өткен жылы «Балдырғанның» 10 санында Оспанхан
Әубәкіровтың «Жалаңаштар жиналысы» деген әңгімесі жарық керді. Соны сәбилерге оқып беру
тұрмақ журналдың сол бетін ашу ұят. Суретін салған Б.Ненахов та, О.Әубәкіров та тым
түрпайы кеткен. Әңгіменің идеясы не екен? Тырдай жалаңаш өзенге ат қоя алмай шуласып
жатқан балалар-дан басқа дәнеңе болса бұйырмасын!
Нұрдәулеттің, Ораздың кітаптары ересек балалардың кітапханасы тәрізді. Әрі Аяжанға ол
кітаптардың кебі таныс, оқыған кітаптары болуы да нанымсыздау. Бірінші класс баласы қай бір
опырып оқып тастасын.
Бұлар үңіліп жіті қарағандағы көргеніміз. Шығарма тұтастығына бұлар нұқсан келтіріп те
тұрған жоқ. Өзі жақсы дүниеде осылар болмаса, одан да жарқырай түсер еді дегеніміз ғой.
Жалпы повесть - балдырған оқушыларын тындырымдылыққа, қайырымдылыққа,
жинақылыққа, бауырмалдыққа, еңбек иелерін құрметтұтуға баулитын құнды шығарма.
Повестің безендірілуі де біршама жақсы. Бірақ шығарма көркемдігінен төмен жатыр.
К.И.Чуковский «Пишущий для них (детей) должен так сказать, мыслить рисунками» демеп пе
еді. Мұны Б.Соқпақбаев түсінген, бірақ суретші Б.Талбылдиев не бір әдемі жайларды жіберіп
алған. Сөйткен де суреттері статуялық күйде қақиып қалған. Бұл да ептеп нұқсан келтіріп
тұрған сияқты. Повесть беттерінің келемі бұдан гөрі аумақты, суреттері түрлі-түсті бояулы
болғанда тым жарастықты болған болар еді.
Балдырғанның жеке мінездеріне құрып әңгіме жазудан, заман тынысын сездірер көлемді
повесть жазу шеберлікпен қоса жауапкершілік жүктейді жазушыға. Бердібек Соқпақбаев бұл
талаптарға сай тағы бір қырын танытқан. Қазақ балалар әдебиетіне тағы бір әдемі туынды
әкелген. Жас оқушылары бас алмай оқыр тамаша шығарма бұл.Қорыта айтарымыз: Бердібек
Соқпақбаев қазақ балалар әдебиетіндегі ең талантты кәсіпқой жазушы. Бердібек шығармалары
өзінің балалық шағы өткен жиырмасыншы ғасырдың 30-жылдарынан кейінгі 50 жыл ішіндегі
балалар өмірін, олардың түрлі сезімдерін түгел қамтитын шежіре тәрізді. Осы аралықтағы
өмірдің ой-қыры, жақсы-жаманын жасырмай суреттеген реалистік шығармалары қазақ балалар
әдебиетін жасауға үлкен ат салысқандығының айғағы.
Балаларға арнап шығарма жазу жазушылардың ең ардақты борышы болса керек. Үлкендерге
деп маркалап жазып жатқан шығармаларының келешекоқушысы бүгінгі сәбилерге рухани азық
боларлық, эстетикалық сезімін оятар көркем туындылар әбден қажет. Бұл жағын біздің аға
жазушыларымыз көп ескермейтін сияқты.
Лев Николаевич Толстой «Соғыс және бейбітшілік» атты асқан кесек шығармасын жазып,
даңқы мейлінше шарықтаған кезінде тұтас үш жыл бойы балаларға арнап шығарма жазумен
шұғылданған, «Әліппе», есеп кітаптарын, балалар оқитын бірнеше кітапша жазған.
Бір сөз еткен Бердібек Соқпақбаев творчествосы - осындай патриоттық борышын,
жауапкершілігін сезген жазушы творчествосы. Бердібек - өзінің жазушылық қабылетін мүлдем
дерлік балаларға арнаған жазушы.
«... должно родиться а не сделаться детским писателем, это своего рода призвание. Тут
требуется не только талант, но и свое-го рода гений» - деген В.Г.Белинский.
Ұлы сыншының осы сөзін Бердібек Соқпақбаев үшін қайталап айтуға тура келеді. Бердібек
шығармаларын балалар қолдан қолға тигізбей оқиды. Ол жазушының мына қасиеттерінен болса
керек;
а) Бердібек балалардың психологиясын жетік білген. Геройларын поэтикалық
фантазиямен тірілтіп жібереді.
ә) юморы күшті жазушы. Бұл - балалар жазушысы үшін ең қажетті қасиет;
б) шығармаларын балаларға түсінікті ойнақы тілмен жазады.
в) Бердібек геройлары өмір сүйгіш, сезімтал. Қожа қаншама бұзықтық істесін, Бектас
қаншама ауыртпалық көрсін, еңсесі түспейтін, жанайын деп тұрған жігерлі балалар. Геройлары
өмірдің ащы-тұшысын қатар көріп жүреді.
г) ең бастысы Бердібек әңгіме жазсын, повесть жазсын жалаң өсиет айту, құрғақ дидактикаға
бармаған. Белинский балалар жазушысын осы ақылгөйсуден қатты сактандырған болатын. Біз
жазушы шығармаларын балалар әдебиеті тұрғысынан сөзеттік. Жазушының әңгіме, повесть
жазудағы ерекшелігі, жетістік, кемістігін толық ашып көрсетуге тырыстық.
Бердібек Соқпақбаев - арынды, адымды жазушы. Ол балалар әдебиетіне талай қызық
туындылар берген. Бұл жазғанымыз жазушының сол еңбегінің таралғысы.
ПИОНЕР ЖАЗУШЫСЫ
Сансызбай Сарғасқаев - қазақ балалар әдебиеті ірі классиктерінің бірі. Ол - шын мәнінде
өзінің барша шығармашылық талантын жас достарына сарқа арнаған қаламгер, пионер өмірінің
жыршысы.
Сансызбай Сарғасқаев - Сұлутөр ауылының түлегі. Осында ауып, осында бал дәурен
балалығын өткізген.
Лениншіл жас,
Атта, алға бас!
Кел, аралас еңбекке
Елмен жетіс,
Елге жеміс бермекке, - деп Ілияс ақын ағасының өлеңін айтып, жас достарымен бірге атааналарына қолғабыс жасауға барған. Балалар кешке дейін еңбек етіп күркеде тыныстап
жатқанда тарамыстай арық, аласа бойлы, шашын тақырлап алдырған, басына оюлы тақия киген
қаршадай бала сия қарындаштың ұшын жалап-жалап қойып, түзу жол бетіне: «Бүгін Красногор
мектебінің төртінші класында оқитын пионерлер егіс даласына масақжинауға шықты. Алғашқы
күні 130 килограмм масақ өткізді. Пионерлер ертке қарсы қарауыл қойды», - деп жазды.
Арада бірнеше күн өткенде оның осы хабары «Октябрь бала-лары» (қазіргі «Ұлан») газетінің
бетінде жарияланды.
Міне, он бір жасында он бір жол хабары республикалық газет-те жарық көрген бала қаламгер
кейін аты айдай әлемге кеңінен мәшһүр болған үлкен жазушы Сансызбай Сарғасқаев еді.
Шашы бурыл тартып, мосқалданған тұста Сәкең өзі туып-өскен, алғаш мектепке барған,
алғаш пионер галстугін таққан ауылдағы Калинин атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесуге келген. Сонда жазушы сөзін осы жайды айтудан бастайды. Атап айтқанда, былай деген:
«Сен неге пионерлер туралы ғана жазасың?» - деп жолдастарым менен жиі сұрайды.
Осы шақты менің көз алдымнан пионер болған күндерім еле-
степ өтеді. Бұл отызыншы жылдардың орта шені еді. Қызыл галстук тағып алған біздер
мақтанышпен колхозды аралап жүрміз. Ал, біздің қызықты істеріміз қанша еді десеңізші! Біз
кішкентай үгітшілер едік, бригадалар мен фермаларды аралайтынбыз, газеттер мен
журналдарды оқып беретінбіз, жауынгерлік листоктар шығаратынбыз, концерттер қоятынбыз.
Біз сауатсыздыққа қарсы күрестік, ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянды жәндіктерін
қүртыстық, масақ терістік. Жорыққа шығатынбыз, жас бөбектер мен қарттарға
жөрдемдесетінбіз. Мұны ешқашан да ұмыта алмайсың.
Мен пионерлерді инициативасы, тапқырлығы үшін, коллектившілдігі мен шынайы
достықтары үшін жақсы көремін. Міне, сондықтан да олар менің шығармаларымның басты
кейіпкерлеріне айналды.
Ұзақ жылдар республиканың бас пионер басылымын басқарған Сәкең өзі пионер болған
кезінде көрген-білгенін қызметіндегі күнделікті тірлікпен ұштастырып, замана тамырын тап
басқан тамаша шығармалар жазған. Оның балаларға арналған барлық шығармалары басқа
балалар жазушыларынікінен дәл осысымен - пионерлер өмірін жетік білетіндігімен, олардың
өмірін шебер өрнектейтіндігімен ерекшеленеді. Айталық, жазушының 1952 жьілы жарық
көрген «Бір отрядта» деген повесінде пионер отрядыныңжарқын істері, коллективизм жайында
сөз болады. Повесть кейіпкері Қайраттың мінезі қайнаған еңбекте қалыптасады. Ал, «Достар»
атты әңгімелер жинағындағы балалардың бәрі
- өмірдің өзінен ойып алынған кейіпкерлер. Пионер жазушысы өзінің біраз туындыларына
қызыл галстуктілер көшбасшысы - вожатыйлар арқау болады. «Сұлутөрдің балалары», «Бір
көшенің бойында», «Балалар» атты әңгімелер жинағында жазушы
вожатыйлардың сәтті, сәтсіз істері жайында шынайы баяндайды, балалардың сан алуан мінезқұлқын алға тартады.
Сәкең пионер қатарына 9 жасында 1934 жылдың 1 қыркүйегі күні еткен. Содан өмірінің
соңына дейін өзін пионер сапындамын деп санаған.
Біз қазір өткеннің бәрін орынды-орынсыз мансұқтап жүрміз. Пионер жас өскінді коммунизм
мұраттарына құлшындыратын. Коммунизм - елес, пионер енді ол елеске ешкімді тастай алмайды. Заманына қарай адамы. Сол заманда Сансызбай ағалар сол заманның балаларын пионерлерін келісті етіп жазса, уақытқа, сезімге қызмет еткені. Пионерлер - сол кездің жас
желкені еді, соныбейнеледіжазушы. Комсомол, пионертарады, бірақ балалық
-меңгі. Сансызбай - сол балалар жазушысы.
Жаңа жоғарыда айтып өткен кездесуде Сәкеңе Досан деген гшла (қазір ол үлкен азамат
болар):
- «Біз төртеу едік» атты повесіңіздегі Санат Сіздің өзіңіз деседі. Сол рас па? - деген сұрақ
қояды.
- Мүмкін мен емес, сенің әкең Дәрмен шығар, - деген Сәкең. Содан соң сөзін салмақпен
тұжырымдап: - Менің кітаптарымдағы кейіпкерлердің бәрі өмірден алынғандар. Бәрі де осы
өзім туып-өскен Жамбыл облысы Сұлутөр өңірінің Красногор, Қордай, Меркі, Луговой
аудандарында бұл күндері оқып жүр, қызмет істеп жүр.
- Сүйікті қарт ұстаз Жамал Төлендиева және «Ұстаз»
романындағы Сәуле де ме?-Иә... Иә...
Сансызбай Сарғасқаев, өзі айтқандай, шығармаларының негізгі арқауы - мектеп, пионер
өмірі. Ол бала тәрбиесі мәселесін әңгіме, повестерінде ғана емес, көптеген очерк, көсем
сөздерінде де үзбей қозғап отырған. «Баланы жастан...» атты әңгіме, очерк, мақалалар жинағы
(..Қазақстан» баспасы, 1980ж.) бұл айтқанымызға толық айғақ.
Жазушы өз замандастары еңбек адамдары жөнінде-өзінің жас достарының ата-ана, ағаәкпелері хақында «Сұлутөр», «Ұстаз» романдарын, «Жердегі жұлдыздар», «Сұлутердің
бектерінде» очерктер жинақтарын жарыққа шығарды.
Сәкеңнің «Сөуленің жаңа достары», «Бір отрядта», «Бір көшенің бойында» тәрізді повестері
әуелі орыс тіліне, сол арқылы сол кездегі одақтас көптеген республикалардың тілдеріне, шетел
тілдеріне аударылған.
Сонымен біз Сансызбай Сарғасқаев - қазактың шоқтығы биік жазушысы, ол ез елімізде ғана
емес, өзге елдерге де танымал болған талант дейміз.
Өмірінің 13 жылында республикалық пионер газетін басқарған Сәкең ең әуелі жастар
баспасын жағалап, содан кейін үлкен өдебиетке ауысқан көптеген жас жазушылардың ұстазы.
С.Сарғасқаев қазақ редакторлар корпусының жаны жайсаң, жақсы командирлерінің бірі болған.
Талапшыл, тәртіп сүйгіш басшы болған. «Жақсыдан - сөз, жаманнан - бөз» қалады. Сәкеңнің
том-том кітабы қалды. Ол сомдап кеткен жас қауым өсті, алды қартайды, о дүниелік болғаны да
бар шығар. Өмір заңы осы, тумақ бар, елмекбар. Өмір- мәңгі. Адам - қонақ.
Сансызбай Сарғасқаев та бұл өмірдің қонағы еді, кетті. Артына өшпес мұра тастап кетті. Сол
- медет.
ӨМІР ЖЫРШЫСЫ
Уақыттың жылжуын біреу жылдам, біреу баяу деп жатады. Растау, уақыт ешбір жанға білінбей өте
береді. Уақыттың жылдамдығын, шегін білдіретін өлшем жоқ. Ал өзекті жанға өлшеулі өмір берілген.
Уақыт жыл, жыл төрт мезгіл болып жылжиды алға. Адам - уақыт қонағы. Адам өмірінің де төрт
мезгілі бар.
Мен бүгінгі әңгімеге арқау өткелі отырған Кәрекеңмен - белгілі қазақ жазушысы Кәрім Баялиевпен
алғаш кездескенде ол өмірінің жазын жайлап, мен көктемін көктеп жүр едім. Жақсының өзінен бұрын
сөзі жүреді. Кәрім Баялиев -жақсы, өзінен бұрын сөзі жеткен. Біз Қазақ ұлттық унивеситетінің студенті
болып, әдебиеттің арғы-бергісін жалықпай оқып, үйреніп жүрген жылдары Кәрімнің «Жол үстінде»
атты әңгімелер жинағы жарық көргенді. Сол кітап ішіндегі бір шағын әңгіме біздерді, болашақ
жазушыларды, Қарауылбек Қазиевті, Ерғали Ахметовты, Өтеген Күмісбаевты керемет тәнті етіп еді.
Кәрілік ғаріп еткен шал мен болып-толған баласы арасындағы әңгіме болатын бұл. Шал ескі дуалға
қоған құстың қай құс екенін сұрайды баласынан, баласы айтады. Шал тағы сұрайды, баласы айтады.
Шал тағы сұрайды, баласы тарс кетеді. Шал жер болып отырып қалады. Сөйтсек, баласы кішкентай
кезінде дәл осы дуалға қонған дәл осындай құстың қай құс екенін әкесінен сұрайды екен. Баласы бір,
екі, он, жүз, мың рет сұрасын, әке жалықпай жауап береді екен. Сөйткен баланың сыйқы мынау.
«Кішкентай ғана қара тас, атан түйе көтере алмастың» өзі еді бұл әңгіме.
Мен өзін көрмей тұрып дүниеде осындай шебер жазушы барын біліп едім.
Кәрекең де мені кермей тұрып шығармам арқылы біліпті.
1965-ші жылдың күзінде тағдыр айдап Жамбылға келдім. Қосағым Жамбылдың қызы болды.
Курстасым Жорабай Молдақұловтан басқа жан адамды танымайтын қала тұрағыма айналды.
Қалтада диплом, ойда жігер, бойда қуат бар, жұмыс жоқ. Бану - жетім қыз, енем - жесір кемпір, мен
жетілмеген, жігіт, бізді елер ешкім болмады.
Мен - университетте оқып жүргенде бір кітабым, әскерде қызмет етіп жүргенде екінші кітабым
шыққан жас қаламгермін.
Жұмыс іздеп таба алмай, шаршап келсем, Жорабай: «Әлеке, бүгін сағат 5-те облыстық «Еңбек туы»
газетінің жанындағы әдеби бірлестіктің отырысы өтеді. Соған кел» деген тілдей қағаз тастап кетіпті
почта жәшігіне. Уақыт 5 болып қалған, екі өкпемді қолыма алып ұштым «Еңбек туына». Сонда мені
асықтырған әдебиет деген жалғыз сөз еді. Сөйтсем мен тағдырыма асығыппын. Жамбылдық
әдебиетшілер мені жылы қарсы алды.
Әсіресе, Кәрім Баялиев сергектік танытты:
- Түрген жақты жазғанға Алматы облысының баласы екен десем, деген сөзі жүрегімді елжіретті.
Кәрекең менің «Қос тентегімді» оқыған болып шықты.
Жас жазушыны біреу шығармасы арқылы танудан асқан бақыт бар ма? Оның үстіне Кәрекең
іш тартып, жағдайымды сұрады. Жұмыссыз жүргенімді біліп, облрадиокомитетте бір орын
босайтынын, бастығына айтып, қызметке қабылдатуға әрекет ететінін айтты. Бәрі солай болды,
мен облыс журналистері мен жазушыларының сапына қосылдым.
Содан бері, міне, табаны күректей 32 жыл өтіпті. Содан бері Кәрекең аға, мен іні болып
сыйластығымыздан айнымай өмір кешіп келеміз. Журналистік, жазушылық қызметте де қатар
ұшып барамыз.
Кәрім Баялиев - бар бақытын туған жерден, Тараз топырағынан тапқан адам.
Кәрім - ауыл баласы. Билікөл жағасындағы кішкентай ауылда туған, Алматыда оқып заңгер
мамандығын алған, содан бергі жердегі барша саналы өмірі туған жерінде өтіп келеді.
Мамандығы бойынша біраз қызмет етіп барып журналист болған, қолына қалам алған. Сөйтіп
Кәрекеңнің әдеби шығармашылықпен айналысқанына 50 жыл болыпты. Бұл жылдар ішінде ол
өз замандастарының тұтас бір шоғырының образын жасап, он үш кітап шығарды. Кәрім
Баялиев - әр сөзін орнымен сөйлейтін, әр іс-қимылын біліп жасайтын басалқалы адам.
Жоғарыда аталған алғашқы жинағын жас жазушы тектен-тек «Жол үстінде» атамаған. Өмір жол, адам - жолаушы. Мына жерде жол - әдебиет, жол үстіндегі - Кәрекеңнің езі. Недесекте,
Кәрекең алғашқы кітабында меңзеген өмір жолы, әдебиет жолы үстінде ел қатарлы өмір сүріп,
қолынан қаламы түспей жемісті еңбек етіп келеді.
Кәрім жазған кітаптардың бастыларын атасақ, «Жол үстінде», «Адам ізі», «Дегелек келді,
жаз болды», «Нөсер», «Жер тынысы», «Жасарған Жамбыл жерінде», «Ар жазасы», т.б. болып
тізіледі. Ал, егер осы кітаптардың әрқайсысына екі-үштен хикаят, әлденеше әңгімелері енгенін
есептесек, жазушының көп-көп көркем дүние туындатқанын аңғарар едік.
Кәрекең бірнеше драмалық шығармалардың да авторы. Жамбыл, Шымкент, Қырғызстанның
Ош облыстық драма театрларында оның тиісінше «Оралу», «Атаң келеді артыңда», «Қос
дегелек» пьесалары қойылған. «Қайта сайлау» деп аталатын комедия да жазды.Кезінде мен
Кәрекеңнің бұл кітаптарын жеке-жеке талдап пікір айтқанмын. Ендігі сөз басқаша. Өмір
өзгерді, мұрат басқа болды. Кешегі қызыл империя кезінде асыл деп аспандатқанымыз жасық,
жасық пен күстаналағанымыз асыл екен. Әдебиет - өмірмен өзектес өрбитін процесс. Адам - өз
заманының перзенті. Заманына адал қызмет еткен перзент абыройлы. Ал, жазушы -заманының
ақылды, ойлы перзенті. Ендеше заманына қызмет ету жазушы мұраты болмай қайтпек?... Қазір
ғой кейбір көкезулердің: «Мен бәрін білдім, таза әдеби шығарма жаздым», - дейтіні. Ештеңе
жоқ, бәрі коммунизм мұраттарына беріліп, соған қызмет етіп жазған. Тіптен, ұлы Әуезов те
сөйткен, «Өскен өркенді» жазған.
Осы тұрғыдан келгенде Кәрекең, сөз жоқ, көп іс тындырған.
Республикамыздағы майталман радиожурналистердің бірі атанған Кәрім Баялиев қазақ
радиосының біздің облыстағы меншікті тілшісі болған жылдар есімізде. Кәрім Баялиевтің бұл
салада қайран боларлық қызмет атқарғанын ерекше атап өткен ләзім. Ол табаны күректей 28
жыл бойы Жамбыл өңірінің тыныс-тіршілігін ертелі-кеш республикалық, ара-тұра Одақтық
эфир арқылы жария етіп тұрды. Қазақ журналистері арасында алғашқылардың бірі болып
«КСРО-ның құрметті радисі» атағына ие болды. Ұмытылған жоқ, ертелі-кеш радио құлағын
бұрасаңыз, әдеп Кәрекең сөйлеп жатар еді. Сонда өң бір келіскен хабарларды жария ететін.
Мұның бәрін ол қалай табады, жауабы оңай, облыс өмірінің қан тамырын қолдан шығармай,
ұстап отырады.
Осындай сергектікті ол әдеби шығарма жазғанда да танытты. К.Баялиев шығармаларының
аты да, заты да өмірмен үндес. Мысалға, «Адам ізі» хикаятын алайық. Жамбыл жерін түлеткен,
жаңадан екі қала - Қаратау, Жаңатастың салынуына, Таразды толыстыруға, елімізде астық
молшылығын жасауға игі ықпал еткен Қаратау фосфорит кенін игерушілер өмірі арқау болған
бұл шығарма тақырыбының актуальділігімен ғана құнды емес, жазу шеберлігі, тіл
шұрайлылығымен де ерекше.
Кәрім Баялиев-өмір сырына терең үңілу замандастарымыздың күрделі ой-сезімдерін зерттеп, маңызды әлеуметтік, адамгершілік мәселелерін көтеру
жөнінде жемісті еңбек етіп жүрген қаламгер. Мұның жарқын мысалын жазушының «Мейірім»
атты кітабына енген шығармаларынан келтіруге болады. Кітаптағы «Тойбастар» хикаятының
басты кейіпкерлері - Еркін мен оның жұбайы Несіп біздің замандастарымыз ретінде жақсы
бейнеленген. Озық ойлы, ізденгіш құрылысшы жігіт Еркін тойлар мен сауық кештерін басқару
талантымен жұрт көзіне түседі. «Белгілі тамада» атанған Еркіннің көзімен адамдардың бірбірімен аралас-құраластағы тоғышарлық батыл айыпталады. Босдаңғазалық, ысырапшылық,
байлықтала-стыру адамгершілікке сыйыса ма? Көңілді, мәдениетті Демалудың орнына өмірін
арақпен улайтындардың кездесуі неліктен? Еркін мен Несіпті осы сауалдар толғандырады.
Жазушы шығармасының бұдан көп бұрын жарық көргенін, онда көтерілген мәселелердің
қазіргі күнде де өте өткір қойылып отырғанын ескерсек, Кәрекең шығармаларының
өміршеңдігіне тәнті боласың. Салуаттылық жолындағы ізгі ойлардың осы шығармаға негіз
болғандығы көп нәрсені аңғартады. Жазушы адамдардың жан, тән тазалығының кеміп бара
жатқанына сол кезде-ақ қатты қынжылған. Қаламгер өмірден кеш ілгері алда жүру керек дейтін
пікір үдесінен шығу деп осыны айтса болар.
Біздің тағы бір байқағанымыз, өмірден көрген-білгені мол жазушы белгілі бір характерлерді
сомдауда жанды материалдар-ды шебер пайдаланады. Жазушы - өз заманының жыршысы.
Кәрекеңнің туындылары өмірдің өзінен ойып алғандай әсер береді. Өмірде орын алған
көріністерді Кәрекең шыншыл суреттейді. Мысалға «Нөсер» повесінің басты геройларының
бірі Паңбай Шыныбековті алайық. Оның мамандығы - агроном. Еңбегі жанған маман аудандық
ауыл шаруашылығы өндірістік басқармасына бастық болады. Ол қалың қауыммен енді
жиындарда ғана көрісіп, биік мінберден тіл қатады. Істің жайын ақпар, рапорт арқылы ғана
біліп, сонымен бағалап шешумен тынады. «Басшылық деген мінбеде сейлей білу екен» - деп ой
түйеді Паңбай. «Ол мінберге шығып алса, үні ашылып, жігерленіп жүре беретін болады» -дейді
автор. Міне, бұл бәріміз қазір де қүтыла алмай отырған кәдімгі бюрократтық, даңғазалық
көріністерінің езі емес пе? Жазушының мұны уақытылы кере білгені, бейнелей алғаны қандай
жақсы! Ең болмаса, бір бюрократ кеміген шығар.
Ешқандай уақытқа бағынбайтын, қай қоғамның, қай кезқарастың, қай идеологияның адамы
болмасын, сүйіп оқитын таза әдеби шығармалар болады. Осындай, коммунизм мұраттарын
емес, адамгершіілк атаулыны асқақтататын таза әдеби шығармалар Кәрекеңде де аз емес.
Кәрекеңнің бізге өзінен бұрын жеткен Шал мен баласы туралы әңгімесі, «Жылы лебіз»,
«Дегелек келді, жаз болды» хикаяттары - оқығанды ойландыратын, ізгілікке бастайтын
шығармалар. Кәрім Баялиев - үлкен очеркші қаламгер. Бұл ретте жазушының «Жер тынысы»,
«Жасарған Жамбыл жерінде» атты очерктер кітаптарының орны бөлек. Бұл екі кітапта
замандастарымыздың автор жасаған бейнелерінің үлкен шоғыры бар. Олар журналист-жазушы
шеберлігінің айшықты бедерін аңғартады.Жазушы соңғы кезде жаңа қырын байқатты. Бұрын
өзі заң қызметінде істеген Кәрекең прокуратура тергеушілерінің өмірінен «Ар жазасы», «Бөтен
бала» деген хикаяттар жазды. Бұл туындыларында автор біздің қоғамымыздағы адамгершілік
мәселелері, кісіні қуаныш пен құрметке бөлейтін адал еңбек төңірегінде ой толғайды. Жазушы
адамның рухани саулығы, бақытының бағасы сияқты тақырыптарды қозғайды, енжарлық пен
тоғышарлықты шенейді, озбыр, дүниеқұмар, ұсақ мүдделі жандардың қуыс кеуделілігін
шегелеп айтады.
Біздіңше, жазушы тақырыбын тауып отыр. Жазушы шығармасы - оның болмысы. Заң
қызметін білетін жазушы бізде некен саяқ. Осының өзі-ақ Кәрекең алдынан кең көкжиек ашқан.
Бұл шығармалар туынды табиғатын танитындар тарапынан қазақ әдебиетіндегі детективтік
жанрда жазылған көркемдік өресі биік дүниелер деп бағаланды.
Юрист-жазушы «Қасапшы» деп аталатын хикаят та жазды. Кәрекең мұнда нақты қылмысты
оқиғаларды тергеу барысында жұмбақ түйіндерді шеберлікпен шешетін заңгерлер мен өмірлік
мұраттарды теріс ұғынған жандар арасындағы ақыл-ой тартысын шырқау биікке көтереді.
Қазіргі нарықтық қатынастар заманында қылмыстың өсуі, адамдардың қатыгездігінің
күшейуі себептеріне барлау жасалынады. Құқық қорғаушылар өмірін жақсы білетін жазушы
олардың өмірі жайлы жазуды ерте бастағанда, әлбетте, көп тындыратын еді. Құқық
қорғаушылар өмірі жөнінде үнемі ізденіс үстінде жүрген, өмірде болып жатқан құбылыстардың
титтейін де елеусіз қалдырмаған қаламгер үш бірдей хикаяттың басты кейіпкері Әбен
Ерімбетовті детектив жанрындағы жаңа төртінші хикаятына ауыстырып отыр. Әлем
әдебиетіндегі Шерлок Холмс, комиссар Мэгре сынды қылмыс әлемінің білгірлері Ерімбетов
бейнесі арқылы қазақ әдебиетінде де пайда болды-ау деп ойлаймын мен. Тек, өкініштісі,
оларды оқып, бағалайтын адам аз.
Керекең өз заманының адал, абыройлы азаматы, өсіп-өнген отбасы иесі болып емір кешіп
келеді. Дипломды заңгер ретйнде еңбек етіп, облыстық әділет басқармасы бастығының
орынбаса-ры деңгейіне дейін көтерілген. Өзінің ең әдемі, қажырлы жылдарын журналистикаға
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Көңіл көмбесі - 04
  • Büleklär
  • Көңіл көмбесі - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3763
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2285
    26.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 4026
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2329
    29.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3845
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2283
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3896
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2302
    28.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3942
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2457
    28.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3934
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2278
    28.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3919
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2330
    27.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    39.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3886
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2289
    26.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    38.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3978
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2307
    30.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.1 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3961
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2343
    29.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.0 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3907
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2235
    28.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3733
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2126
    29.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3800
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2279
    29.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3795
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2232
    28.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3883
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2306
    29.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    42.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3951
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2327
    29.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 4139
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2362
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    44.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    51.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 3868
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2160
    29.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    40.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 19
    Süzlärneñ gomumi sanı 3827
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2321
    25.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    35.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Көңіл көмбесі - 20
    Süzlärneñ gomumi sanı 2843
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1812
    29.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    41.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.