🕙 1 minut uku

Кірқоймас

Süzlärneñ gomumi sanı 123
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 99
51.4 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
55.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
63.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  1
  Етігім де, шалбар да -
  Бәрі кетіп қалған ба?
  Қарным ашып барады,
  Қайда әлгі тамағы?
  
  Нан да маған қарамай,
  Қашып жатыр жағалай.
  Шөлдеп кетіп тегі мен,
  Самаурынға келіп ем,
  Ұстатпауға бекініп,
  Ол да кетті секіріп.
  Бұл не сонда? Мәні не?
  Не боп қалды бәріне?
  
  2
  Үйге қарай зыттым кеп,
  Енді мен де біттім деп,
  Қолжуғышқа тығылдым,
  Айғыздарын мұрынның,
  Сияларын бетімнің
  Сабынменен кетірдім.
  Аямадым сабынды,
  Барлық кірім арылды.
  Жүр ем сатпақ-сатпақ боп.
  
  3
  Сезбей қалдым - шалбарым
  Жаныма кеп қалғанын.
  Самса жетті сосын кеп:
  «Жеші мені, досым», - деп.
  Көріп аппақ түрімді,
  Нан аузыма тығылды.
  
  Кітабым да күлімдеп,
  Дәптерлер де біртіндеп
  Келіп жатыр жүгіре,
  Кітаптарым қуанып,
  Қарап аппақ түріме.
  Билеп те жүр бұралып.
  
  Шомыламын күнде мен,
  Тамаша екен бұл деген.
  Балақайлар, бәрің де
  Дос болыңдар суменен.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.