Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 01

Süzlärneñ gomumi sanı 3794
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
Роман
(ХХ ғасырдың күпірліктерінен)
Кассандраға ғашық болып, бірақ оның жүрегінде жауап сезім
оята алмаған Аполлон ол қызды қатал жазалап, оның сәуегейлігіне
ешкім сенбейтіндей етті…
(Ежелгі грек аңызынан)
Ол екеуімен салыстырғанда, әлі өмірге келмеген, аспан астында
істеліп жатқан зұлымдықтарды көрмеген жан әлдеқайда пәк,
әлдеқайда бақытты еді.
(Екклезиаст)
І
Бұл жолы да әуелі Сөз пайда болды. Сол бір мәңгі өлмейтін
сюжеттегідей.
Содан кейін болған жәйттердің бәрі де сол Айтылғанның салдарытұғын.
Алайда, осы бір оқыс оқиғаны басынан кешкендердің көпшілігі,
кейіннен өмірбаян жазғанда, өмірде өздері куә болған ең бір
таңғажайып оқиға ретінде нақ осыны айтамыз деп ойлай қоймаған
шығар. Оның үстіне, сол куәгерлердің бәрі осы жәйт туралы
естеліктерін: «Сол күнгі таңғажайып оқиға құдды бір шытырман
оқиғалы романдағыдай өрбіді» деген сөйлемнен бастайтын.
Бұл рас болатын. «Трибюн» газетінің қызметкерлеріне бас редактордан келіп түскен нұсқауда басқарма мүшелері отыратын қабатта
шұғыл өткізілгелі жатқан редколлегия жиналысы кезінде ешқайда
хабарласуға, телефон шалғандар мен факс жібергендерге жауап беруге, редакцияға келушілерді қабылдауға болмайтыны қатаң ескертілді.
Бәрі де осы шұғыл жиналыстан басталды.
Тау құлаған
Газет бетінде мұндай мәлімдеме жариялау деген адамның өңі
түгіл түсіне де кірмес! Бірақ, бір тоқтамға келіп, тездетіп әрекет етпесе тағы болмайды. Мәселе осылай қойылып отыр – екінің бірі.
Сөйтіп, «барша құрлықтардағы ақыл-ойдың әміршісі» деген атағына
шаң жуытқысы келмейтін «Трибюн» де арбалып қалды (кейін
бәсекелестері мұны әзәзілдің арбауы десіп жүрді), өйткені, бар гәп
мынада болатын – бүкіл әлем халқын естен тандырарлық тосын хабарды жұртшылықтың назарына ұсыну керек пе, жоқ па? Бұл материалды жариялауға әзірше тек осы редакцияға ғана ұсыныс жасалып
отыр, сондықтан олар тәуекелге бел буып, адамзат тарихындағы
бұрын-соңды құлақ естіп, көз көрмеген шулы жаңалықты дереу
жариялауға шешім қабылдады.
Міне, сол кезде, оқиға енді ғана өрістер алдында редакциядағы
шолушылардың бірінің айтқан сөзі біраз адамның есінде қалыпты.
«Міне, жігіттер, болды, – деді ол әлгі материал басылған, әлі сиясы да кеппеген газет санын қолына ұстап тұрып, – тарих қиялдан да
озып кетті! Бұл біздің, «Трибюннің» арқасында жүзеге асып отыр!
Мұндай жетістікке ешкім жете алмайды, басқалар үшін бұл алынбас
асу болып қала бермек. Ал, қалғанын көріп алармыз, бұған өмірдің
өзі төреші. Бұл қайда апарып соқтыруы мүмкін? Оны көре жатармыз!
– Сосын басын шайқап қойып, былай деп қосты: – Дегенмен,
әріптестер, мынаны ескертіп қояйын, әркім өз қамын өзі ойласын –
бір сағаттан кейін не болатынын ешкім білмейді».
Ашығын айтқанда, оның қауіптенетін жөні бар еді. Мұны бәрі
де түсінді. Сол күні редакциядағы көңіл күй ауаны сәт санап өзгеріп
тұрды – бас редактордан бастап журналистика факультетінен осында тәжірибе жинақтап, болашақ хабарларын жазуға машықтану үшін
келген студенттерге дейін біресе есікті жауып алып, бір-бірімен
тілдесуден де қашқалақтап, үстелдерінен бас көтермей шұқшиыса
қалса, енді бірде жаппай сенделісіп, дәліздер мен бөлмелерді кезіп,
ішкі толқыныстан көздері жалтылдап, бір-бірімен жарыса ауыз жаппай сөйлеп кетеді. Алайда, басқа нәрсені ойлайтын уақыт та жеткен
болатын – есік-терезені мықтап бекітіп қою керек еді, әйтпесе ашуға
Шыңғыс Айтматов
булыққан көшедегі тобыр мұндай хабарды жариялаған редакцияның
күлін көкке ұшыру үшін баса-көктеп кіріп келуі ғажап емес, бұған
күмәнданған ешкім болған жоқ, өйткені, бұл үшін себеп те жеткілікті,
ондай жағдайда құтырынған тобыр (оған ешқандай полицияның шамасы жетпесі кәміл) әйнек атаулыны шағып, телефондарды табанға
салып таптап, жиһаз бен жазу құралдарын қиратып, жанжал шыққан
жерге елден бұрын жететін теледидар тілшілерінің алдында бұларды
– бір сағаттың ішінде күллі әлемді шулатып, адам баласын Құдайдың
өзіне қарсы қоймақ болған газетшілерді жағасынан алып сілкілеуі
әбден мүмкін…
Ал, әзірше ештеңеден алаңсыз адамдар Американың осы бір
үлкен қаласының көшелерімен әдеттегідей ерсілі-қарсылы ағылып
жатты, әйнек қабырғалы биік үйлердің арасымен жосылған адам
селімен қатар, жалтыраған машиналар нөпірі де толассыз қозғалыс
үстінде, көк жүзінде қалықтаған тікұшақтар күн сәулесімен жалтжұлт шағылысады. Бұрын мызғымастай көрінген болмыстың
құпия өлкесіне баса-көктеп кіріп, күпірлікке белшеден батқан
күнәһар газетті сілкілей айғайлап, алаңды азан-қазан еткен,
тозақтан шыққан тажалды апанында тұншықтыруға шақырып,
ұран тастаған, сөйтіп айналаны түгел дүрліктірген ешкім көрінер
емес…
«Трибюн» өз бәсекелестерінің алдын орап кетуге асықты.
Асығыс-үсігіс теріліп жатқан газет санындағы ғарыштан келген бұл
материал жарты сағат кешігіп шығар болса, кейінгі салдары қалай
боларын ойлап жатпастан, әлемнің кез келген түкпіріндегі басқа
бір газеттің оны сол күйі баса салмасына кім кепіл? Сондықтан,
осыдан кейін дүниені топан су басып, жер бетіндегі тіршілік атаулы
түгел тұңғиыққа жұтылса да, содан кейін ешқандай газет атаулының
керегі болмай қалса да, «Трибюннің» ондай мүмкіндіктен айырылып
қалуына болмайтын еді…
Ал, күндердің күні болмай қоймайтын сол топан судың қоймасы
– ұлы мұхит бұл кезде өзінің алып ағыстарын еркелете ойнатып,
арагідік жал-жал толқындарын аспанға шапшытып қойып, күн
Тау құлаған
сәулесімен құбыла жалтырап, жылт-жылт еткен күйі жер шарын аялай тербетіп, құрылықтардың арасында бұйығып қана жатқан болатын.
Атлант мұхитының үстімен ұшып келе жатқан әуе кемесінің
әйнегінен шетсіз-шексіз су әлемін қызықтаған Футуролог осынау
шақырайған күн сәулесіне жонын тосқан мұхитқа сүйсініп келеді,
шынын айтқанда, бұл жерде ерекше ештеңе жоқ – жүздеген әуе
жолаушысы үшін төменде жатқан мұхит та, қай жағыңа қарасаң да
бәрі бірдей сияқты көрінетін іш пыстырған толқындар да, бар-жоғы
білінбейтін көкжиек те амалсыздан көз жіберер айналадағы көрініс
қана. Ал, Футуролог адамның түймедей ғана көз жанарына ұланғайыр әлемдік кеңістіктің тұтас сыйып кететіні қандай керемет деп
таңырқап келе жатқан. Оның үстіне, бұл кездейсоқ құбылыс емес.
Тіптен, көк жүзінде еркін қалықтаған құс патшасы бүркіт те айналаны
түгел көре алмайды. Ия, қолдан жасалған екінші болмысқа айналған
техникалық жетістіктердің арқасында адамзат өз бойынан әлемдегі
сан алуан құбылыстарға бейімделе білудің жаңа қорларын тауып,
біртіндеп Құдайдың ғана қолынан келер құдіретке ие болып отыр.
Санаға сыймас шексіз биікте көзге шалынбас құйындай жүйткіген
Құдай ғана жер шарын түгел бақылай алса керек. Ұшақтың толассыз
гүріліне еріне құлақ тосқан Футуролог осындай ойларға беріліп келе
жатты. Өз-өзіңмен оңаша қалған қандай рахат… Мұз салынған үлкен
бокалға құйылған алтын түстес вискиден бойы балқыған ол қанын
қыздыра маужыратқан ыстық лепті бөтенсіген жоқ, керісінше, өз
еркі өзіне тиген осындай оңаша сәтті ұзағырақ соза түскісі келген.
Қасындағы орындықтарда әңгімемен алаңдатар ешкім болмай, бір
қатарда бір өзі отырғаны қандай жақсы болды, бұл да қазір сирек
кездесетін жәйт.
Футуролог Европаға кезекті сапарынан қайтып келе жатқан.
Ылғи зиялылар жиналған тағы бір халықаралық конференция, осы
бір космополиттік ортадағы таусылып бітпес айтыс-тартыс, алуан
түрлі көзқарастар мен кереғарлықтардан тұратын, бір-бірінен туындап, өзара ұласып жатқан пікірталас. Тағы да әлемдік өркениеттің
Шыңғыс Айтматов
болашағы, бір бағытта дамудың қауіптілігі және сол сияқты
әрқашан көкейтесті болып қала беретін басқа да мәселелер туралы
әңгіме қозғалды; гарвардтық ғалымның бар өмірі осы мәселелерді
пайымдауға кетті десе де болады, жыл өткен сайын осы бір сәуегейлік
ғылымын қаншалықты меңгере түскендей көрінгенімен, талмай
зерттеген саласы – адамзат қауымының болашағы жөніндегі ұшықиырсыз мәселелер ешқашан сырын алдырмастай көріне береді.
Кей кездері тағдырды алдын ала болжап, бүгін де, ертең де, тіптен,
мыңдаған жылдардан кейін де ешкім ешқашан ұғына алмайтын
өмірдің мәнін білуге тырысып, ғұмыр бойы әуре болудың керегі
бар ма өзі деген ойға да беріліп кетеді. Бірақ, болашақты болжамақ
боп, келешекке қиял жүгіртуден бас тарту оңай емес, көкжиектен
енді ғана қылаң берген бұлыңғыр елестің не екенін тап басып, дәл
айтып беруге деген ұмтылыс қаншама санаңды сарсылтқанымен
үміттендіріп, үздіктіріп қоятыны бар. Болашақтың сұлбасы
байқалмаған тағдырыңнан не қайыр, тәйірі! Алайда, ғылыми
тұрғыдан салиқалы болуға, «тартыстан биік тұруға» тырысып, тарих
тегершігінің қай бағытта дөңгелеп бара жатқанын, қандай құздан
құлауы мүмкін екенін болжап, сәуегейлік айту кейде қиынға түседі;
соның өзі тегершік емес, бола қалған күнде де әлденеге соғылып,
шабақтары сынған, өзі қиқа-жиқа болып майысып, дөңгелемек түгіл
өздігінен орнынан қозғалуға да жарамайтын әлдебір қиранды шығар
– әйтеуір қозғалыстың осы түріне ғылымда басқа бір атау табылмайақ қойды. Әрі қолданбалы, әрі қайшылыққа толы «мұнаралық»
футурологияның бар қолынан келері – шамалау, нобайын жасау,
долбарлау ғана; сөйте тұра бәрін түсіндіріп, бәрін болжап бермек
болады. Биік болғанымен шатқаяқтап әзер тұрған сол «мұнарадан»
айтылған кейбір болжамдарды естігенде тұра қашқың келеді, өз
болжамыңнан өзің қорқып, алдағы тарихтың қатерлі қалтарыстарын
көзің шалғанда, ең алдымен барлық жерде билікке, тек қана билікке
жетуге ашықтан-ашық ұмтылған тегеуірінді күштердің бас көтеруін
сезгенде жаның шошиды; олар бұрынғы зұлымдықтардың орнына
жаңасын әкеледі, өйткені, мақсатының қандай екені туралы не айтса
Тау құлаған
да билік атаулының бәрі қантөгіс арқылы жүргізілетіні рас қой.
Осының бәріне қарамастан, ақиқат пен қол жетпес асқақ мұраттарға
ұмтылған адам жаны үшін футурология деген азап пен тозақтан басқа
ештеңе емес. Дегенмен, адам баласы өзінің болашағын білуге құмар,
бұл сонау көз жетпес көне заманның өзінде-ақ басталған; жалпы
жұртты тегістей жақсылыққа бөлеу тілегінен туындаған осынау
риясыз әрекеттен бойын аулақ салып, күнделікті күйбең тірліктен
рахат тапқан адам атты хайуанға болашақтағы ықтимал даму жолын
көрсетіп беруден бас тарту Футуролог үшін өз-өзінен безінумен бірдей болатын. Қанша жылын осы мақсатқа сарп етті! Қазіргі бас
пайдасын ғана көздеген қоғамда «сәуегейлердің» өз атына лайық
болып қалуы оңай емес. Өмірді де, өлімді де құдайлардың атынан
айта салатын Дельфы көріпкелдері салтанат құрған даңқты антикалық дәуір келмеске кетті. Өкінішке қарай, ХХ ғасырда сәуегейлерді
менсіне бермейді, әрі аяусыз сынайтыны да бар.
Бірақ, бұл да соншалықты қорқынышты емес. Футуролог пен
оның әріптестері өздерінің кәсіби мүдделерін ғана көздейтін ерекше ортада өмір сүреді. Мысалы, осы жолы ол Европаға тек әлгі
симпозиумға қатысу үшін ғана емес, өзінің Майндағы Франкфуртта басылып шыққан жаңа кітабының тұсаукесеріне бола барған.
Қабылдау кезінде біреу осы жөнінде әзілдегенсіп, немістің «майн»
деген сөзін ойнату арқылы Майндағы ұлы қалада «Майне Хераусфордерунг» («Өз-өзімді сайысқа шақыруым») деген кітап басылып
шықты, мұны тек автордың өзінен басқа ешкім жоққа шығара
алмаса керек деген. Сол кітапта бұл көптен бері арыла алмай жүрген
солшылдық көзқарастан безінгендей болып еді. Мұнысы шыныменақ өзін-өзі, дұрысы, жастық шақтың әуестігін сайысқа шақыруға
ұқсап кеткен де сияқты. Әлде осы ғасырдың экстремистік ағымын
жеңуді өстіп өзінен бастамақ болды ма екен.
Тұсаукесерден кейін баспасөз мәслихатын өткізіп, қолтаңба таратты, содан кейін аз уақыт Рейн өзенінің бойымен саяхаттап, серуен кемесінің үстінде «Шпигельдің» тілшісімен сұхбаттасқан.
Футурологияның
жасамыс
ақсақалын
Рейн
жағасындағы
Шыңғыс Айтматов
жартастардың аясында суретке түсіріп алды. Тағы да астарлы
әзіл айтылды – мына кәрі жартастар сіздің келбетіңізге әлдебір
жарасым береді екен, өзіңіз де кәрі жартас сияқты мызғымас
тұлғасыз. Қитұрқылау айтылған бұл сөзге мысқылдай жауап қатты:
«Мақалаңызды тура солай – «Кәрі жартастың толғанысы» деп
атауыңызға болады». Сөйтіп, Кәрі жартас біраз сырын ақтарды.
Неше түрлі сұрақтар қойылды. Ғылымда, яғни нақты өмірде
өз-өзіңмен сайысу дегенді қалай түсінеміз? Бұл өзіңіздің өмір
тәжірибеңіз бен наным-сенімдеріңізді қайта қарау емес пе? Ақсақал
не айтар екен: сарыуайымшылдыққа салыну – қатал тағдыр әрдайым
өз білгенімен шығара салатын ғұмырдың қорытындысын мойындау
ма? Футурологиядағы авантюризм туралы не ойлайсыз? Ақыры, өзөзіңізді қалай сезінесіз деген сұрақ та қойылды. Рейн шарабы ұнады
ма сізге? Е, мұныңыз жақсы екен! Америкалықтар ылғи осындай.
Әсіресе, арғы тегі неміс болса!
Енді міне, шиеленісті жарыстан кейін бәрін ұмытып, шиыршық
атқан денесін босаңсыту үшін шешінетін жерге асыққан спортшы
тәрізді Роберт Борк та ұшақтың үстінде демалмақ болып, үнемі
ойында жүретін жәйттерді ұмытуға тырысып келеді. Бірақ, ойламай отыра алмады. Өмір жолының қорытындысы ретіндегі жаңа
монографиясы туралы ойлады. Өзіндік бір «Әндердің әнін» жазып,
ешқашан аяқталмайтын нәрсеге нүкте қоюға тиіс. Егер сәті түссе,
әрине. Көп жылдық тәжірибенің негізінде жаңа ғылыми болжамдар
жасай алса. Роберт Борктың пікірі бойынша, адамзат қазір мүлдем
жаңа мәселелермен бетпе-бет келіп отыр, алдынан бұрын белгісіз
болып келген, баршаға ортақ сынақтар күтіп тұр; егер күн суытып
немесе күрт ысып кетсе ондай жағдай барша адамға бірдей қатысты
болар еді, бұл да сол сияқты. Осы жаңа мәселелерді пайымдай келіп,
адамзат өзінің біржола жойылып кетуі мүмкін екендігін сезінуге
қабілет танытып қана қоймай, сонымен қатар, осыны сезіну арқылы
аман қалудың жаңа тәсілдері мен одан әрі дамудың жолдары мен
тұрпатын да таба білуге тиіс; ең маңыздысы осы, өз кезегінде, бұл
жаңаша өмір сүруге, жаңаша ойлана білуге жетелеуге тиіс; оның,
Тау құлаған
Роберт Борктың «Әндерінің әні» осы болмақ – нақ осы туралы,
болашақтағы даму жолы туралы жазуы керек… Қолынан келер
ме екен?. Бұл оңай жұмыс емес…. Ал, уақыт болса зымырап өтіп
жатыр…
Ұшақтың қанатының астында сол күйі шалқып жатқан шалқар
мұхиттың ұсақ толқындары күн сәулесімен жымың қағады.
Шақырайған күн, бұлтсыз ашық аспан, кеңістікте самғаған ұшақ
– осының бәрі мұхиттың үстінде мәңгі қалықтап тұрған қозғалыс
сияқты… Енді бір жарым сағаттан кейін құрлық пен жағалаудың
сұлбасы көрінуге тиіс, содан кейін ұшақ та қонуға дайындалып
төмендей бастайды, аспандағы үзіліс сол кезде аяқталады, адамдары құжынаған әуежайдағы алғашқы қадамнан бастап тағы да
адамдардың ұйығына сіңіп кетесің.
Ал, әзірше ұшу сапары аяқтала қойған жоқ, Футуролог кенеттен
бір күтпеген жағдайдың куәсі болды.
Ол фотосурет түсірумен әуестенетін, керемет талантты болмаса
да үнемі фотоаппаратын жанынан тастамай өзімен бірге алып жүріп,
көңіліне ұнаған нәрсенің бәрін суретке тарта беретін әдеті бар еді.
Әсіресе, неше түрлі аспан көріністерін суретке түсіруге құмар. Әйелі
Джесси үйге сыймай кеткен сапасыз фотосуреттерді қайтерін білмей
қиналатын. Ара-тұра ренжіген сәттерінде мұны фотоқоқыс жинаушы
деп атап, бір күні бәрін өртеп жіберемін деп қорқытатын, бірақ
одан қорыққаннан әуесқойлығын тастаған бұл да жоқ. Кейде өзінөзі әжуалап: «Мен стратосфераны зерттеушімін, ғылымда да нақты
негізсіз болжам жасаймын, фотоға түсіретінім де аспандағы бұлттар
ғана», – дейтін. Бұл жолы да өзінің коллекциясын әлдебір ерекше
тұрпатты қаңғыған бұлтпен толтырсам ба деп ойлап, фотоаппаратын
дайындап, үйде отырып көшені қызықтаған бала сияқты терезеге
үңіліп келе жатыр. Өкінішке қарай, көзге ештеңе түсе қоймады,
аспан шайдай ашық, тек алыс төменде ғана бірер шоқ кезбе бұлттар
бұлдырап көрінеді.
Ұшақ белгіленген бағытпен бұрыла бергенде қисайған қанатының
астынан мұхитта жүзіп жүрген бір топ китті көріп қалды. Кеңістікте
Шыңғыс Айтматов
еркін қозғалған киттердің бәрін бірдей тұтас та анық көргенде керемет
әсер алып, құштарлығы оянып кетті. Түсінде ылғи кит көретіні тегін
емес қой. Ия, түсінде де олар шалқар мұхитта жүзіп жүретін. Мұны
да өздерімен бірге сапарға шығуға шақыратын сияқты еді. Енді, міне,
өңінде де көріп тұр. Адам сенгісіз көрініс! Киттер күзде қайтқан тырналар сияқты үшкір сап түзеп жүзеді екен. Өздері жиырма шақты.
Ұшақ қанатын тіктеді, бірақ төмендегі киттер әлі көрініп тұр. Жалжал толқындарды қақ жарып, бастарынан асыра шапшыта су шашып, біресе сүңгіп кетіп, енді бірде қайтадан су бетіне көтеріліп,
бағыттарынан ауытқымай бір қалыпты жүзіп келеді.
Киттердің қозғалысының қуатына сүйсінген Роберт Борк бәрін
ұмытып, бейне бір өзі де сол киттермен қатар жүзіп келе жатқандай
сезінді, міне, ол да кит-адамға айналып кеткен, қыраттан құлаған
нөсер суындай болып, мұхит суы мұның да жонын сипай сорғалап
жатыр. Буырқанған мұхитта кең тыныспен самғай жүзген бұл кенеттен түйсігінің терең бір түкпірінен бой көтерген әлдебір сезім
арқылы бұдан былай ақтық демі таусылғанға дейінгі қалған ғұмыры
киттермен байланысты боларын түсінді; осы кездесудің тылсым
сыры да ашылып сала берді: мына киттерді алдынан не күтіп тұрса,
бұл да соған жолықпақ, олар нендей жәйтке тап болса, бұл да соны
бастан кешпек...
Демек, олар мұның түсіне тегін кіріп жүрмеген болды ғой?..
Жоқ, бұл кездейсоқтық емес. Бірақ, қазір бұлар қайда асығып
барады екен? Мұны қайда ертіп апармақ, сондағы мақсаттары не?
Осыншама қашықтан суреттің анық шығарына сене қоймағанмен,
фотоаппараттың тетігін басты.
Келесі сәтте үйіне хабарласпақ болып, орындықтың жақтауына
жапсыра орналастырылған әуе телефонын алды. Банк шотының
нөмірін, қаланың кодын, үй телефонының нөмірін теріп жатып,
бір саннан жаңылысып кетті де қайтадан терді. Жаңа ғана көргенін
әйеліне айтып беруге асығып еді. Кейде алған әсеріңді біреуге
айтқың келіп, ой бөлісетін адам іздейтін кез болады ғой. «Джесси
неге телефонды көтермей жатыр?! Қайда жүр өзі? Әлде бір жаққа
Тау құлаған
шығып кетті ме екен? Мұны қарсы алуға кеткені ме, әлі ерте емес
пе? Машинасына соғып көрейін!» Бір үйір китті көргенін тек
әйеліне ғана айтуға тиіс, сөйтіп осыны кездескеннен кейін айтуға
болмайтындай-ақ асыға түсті. Жақын достары Футурологты ылғи
әжуалайтын – бұл сабазың әйеліне түсінде де опасыздық жасап
көрген емес.
Ал, мұхиттағы киттер бұл кезде көзден таса болып кеткен еді…
– Джесси! – деп айғайлап жіберді ол ақыры әйелі телефонды
алған кезде. – Есіңде ме, түсімде кит көремін деуші едім ғой?!
– Ия, мұны неге сұрадың? Не болды саған? Қайдасың өзің?
– Жаңа ғана соларды көрдім! Мұхитта жүзіп бара жатыр екен!
Түсінесің бе, бұл өзі… Бұл бір керемет көрініс, өмірімде мұндайды
көрмеппін… Бұл деген…
– Тоқта, тоқта, соншама мазасызданғаның не? Құдай үшін, қоя
тұршы… Үйге келгесін айтарсың… Кит дейді!.. Мұнда бір сұмдық
болып жатыр, қалай айтарымды білмей тұрмын! Жұрттың бәрі
есінен танып қалғандай. Бәрі жанталасып «Трибюнді» оқып жатыр! Салондарыңда бүгінгі газеттер жоқ па еді? Бірақ, қайдан болсын… Сендер ұшақта отырғанда мына жақта адам айтқысыз даңғаза
көтерілді! «Трибюннің» шұғыл саны жарық көріпті, жаңа ғана радио
мен теледидардан хабарлады… Бәрі сол газетті оқып жатыр…
– Ол не екен? Саяси жаңалық па?
– Жоқ, басқа. Мүлдем басқа! Саған қалай түсіндірерімді білмей
тұрмын. Өзім әлі оқып болған жоқпын. Бұл мүлдем басқа нәрсе.
– Не туралы айтылған? Не ол сонда?
– Ғарыш тақуасының Рим папасына жолдауы. Жалпы, баршаға,
барлық адамдарға арналған…
– Не-не? Ол не қылған ғарыш тақуасы? Күлкімді келтірмеші,
өтінемін. Ғарыш тақуалары деген де бар ма?
– Оны түсіндіре алмаймын. Бұл өте үлкен материал. Қазір
жұрттың бәрі жапырлап соны оқып жатыр.
– Не туралы жолдау? Мәні неде? Бір-екі сөзбен айта алмайсың
ба?
– Әлгі ғарыш тақуасы керемет ғылыми жаңалық аштым дейді.
Шыңғыс Айтматов
Оның айтуынша, енді адамдар өмірге келу-келмеуді өздері шешетін
болғанға ұқсайды.
– Не айтып тұрсың, Джесси?! – Футуролог абыржып қалды. –
Түк түсінсем бұйырмасын. Не сандырақ бұл? Ондайды қалай айтуға
болады?! Ал, сонда Құдай қайда қалады?
– Білмеймін. Мүмкін Құдай да осы пікірмен келісетін шығар.
– Қызық екен! Не айтып кеттің?! Не айтып тұрғаныңды түсінесің бе
өзің?! Не болып жатыр?
– Келгесін оқисың ғой. Жұрттың бәрі бір-біріне телефон соғып,
шуласып жатыр… Бәрі сасқалақтап қалған, көпшілігі өкпелі, тіптен,
«Трибюнды» талқандаймыз деп жүргендер де бар. Достарымыз сен бір
нәрсе айтуға тиіссің дейді. Әуелі түсініп алып, мұның нені білдіретінін
және алда не болатынын айтуың керек…
– Бұл ғарыш тақуасы деген кім өзі? Орбитада жүріп, есі ауысып кеткен астронавтардың бірі ме?
– Әлгі кері қайтпаймын деп жариялаған ғарышкер. Баспасөзге
шығып еді ғой, ғарыштық ғылыми станция экипажының бір мүшесі
Жерге қайтып оралудан бас тартқаны есіңде ме?
– Әрине, есімде. Өзі орыс, олар үш адам болып – Америка және Жапония ғарышкерлерімен бірге ұшқан. Тек аты-жөнін ұмытып қалыппын.
– Жолдауда өзін Филофей тақуа деп атапты.
– Филофей? Бұл оның шын аты ма екен?
– Білмеймін.
– Бұл – орыстың есімі. Қазір орыстардан бәрін күтуге болады. Олар
талай қиындық көрген халық… Елден безіп, ғарыштағы құжырасында
отырып алып, сол жақтан жұртқа ақыл айтпақ екен ғой?! Міне,
жаңалық!..
Тау құлаған
ІІ
РИМ ПАПАСЫНА!
Касиеттім, Ғаламдағы шалғай жатқан тұстан – Жер маңындағы
орбитадан, өзім үш жылдан бері ғарыштық ғылыми-зерттеу станциясында экспедицияда жүрген жерімнен Сізді мазалағаным үшін
кешірім сұраудан бұрын Өзіңіздің алдыңызда ойша басымды иемін,
қасиетті әкей, және шын жүректен қолыңызды сүйдім. Менің күнәһар
жанымды кешіре отырып, егер лайық деп тапсаңыз, өзімді талайдан
бері қинап жүрген, нақты бақылау жүргізу мен терең толғаныстан
шыққан қорытындымды тыңдап көріңіз, бір қарағанда бұл бастанаяқ жалған, тіптен, тарихи-адамгершілік тәжірибе тұрғысынан
алғанда зиянды болып көрінуі ықтимал, мүмкін мұны – осылай
болжам жасауға да батылдық етіп отырмын – Құдіреттің күші мен
еркі санама сіңірген болар. Әйтпесе, қасиетті әкей, Өзіңізге арнаған
жолдауымның қаншалықты шектен шыққандық болып көрінерін
жақсы түсінгендіктен Сізді ешқашан мазаламас едім. Дегенмен, осы
хаттың мазмұнынан бұл жолдауымның ішкі мәні түсінікті болар деп
үміттенемін.
Сонымен, мәселенің төтесіне көшейін. Тағдыр менің елеусіз ғана
тұлғамды адам рухының бұдан бұрын белгісіз болып келген қасиетін
– адам баласының шарана кезіндегі рефлекстерін танып-білуге итермелеген екен, кім біледі, оның бар екенін білу және пайымдау бізді
Жаратқанның Ісіндегі тылсым сырды түсінуге жетелейтін шығар.
Күні кешеге дейін құпия болып келген осы рефлексті тәжірибе
жүзінде анықтау бақыты маған бұйырыпты және мен мұны адам
баласының даму жолын жетілдірудің жаңа мүмкіндігі ретінде
қарастырып отырмын.
Сондықтан, қасиетті әкей, мұқият тыңдап алуыңызды ілтипатпен
өтінемін.
Қайталаймын, мен аса маңызды жаңалық аштым, оның салдары
адамзаттың алдағы өміріне сөзсіз әсер етеріне күмәнім жоқ. Өзім
Шыңғыс Айтматов
туралы осылай деуге амалсыздан мәжбүр болып отырмын, өйткені,
осы жаңалықты лайықты бағалау әзірше басқа ешкімнің қолынан
келмейді, себебі, бұрын-соңды болып көрмеген бұл жаңалықтың
сипатын дәл қазір өзімнен басқа еш адам тап басып тани алмаса
керек.
Мен жатырда жатқан шарана өзі пайда болғаннан кейінгі
алғашқы апталарда-ақ алдағы өмірде өзін не күтіп тұрғанын алдын
ала түйсініп, болашақ тағдырына деген көзқарасын білдіре алады
деген тоқтамға келдім. Егер өзі өмірге келуді қаламаса, шарана бұл
көзқарасын ерекше белгі беру арқылы білдіреді.
Өзінің осындай қарсылығын білдіру үшін шарананың қандай
белгі беретінін де анықтадым. Бұл белгі болашақ нәрестесін
құрсағында көтеріп жүрген әйелдің маңдайындағы титімдей таңба
ретінде көрініс береді. Бұл белгіні мен Кассандра таңбасы деп, ал,
қарсылық белгісін берген шарананы кассандра-шарана деп атадым.
Шарананың өз болашағына деген көзқарасын білдіріп, апат
белгісін беру қасиеті оның өзі анасының құрсағында пайда болғаннан
кейінгі алғашқы апталарға ғана тән. Содан кейін оның мұндай
қабілеті бәсеңдей береді, мұның өзі болашақ сәбидің алдынан күтіп
тұрған тағдырына амалсыздан мойын ұсынуына байланысты.
Кассандра-шарананың алдағы өмірді қабыл алғысы келмеуі
адамзаттың өзімен бірге жасасып келе жатқаны күмәнсіз. Бірақ, аяғы
ауыр әйелдердің кейбіреулерінің маңдайында ұсақ таңбалар пайда болатынына бұрын да, қазір де ешкім ешқашан мән беріп көрген емес.
Мен бұл таңбаның мәнін түсініп қана қоймай, оны неғұрлым айшықтап
көрсетіп, анығырақ байқалатындай етудің әдісін таптым. Бұл үшін
сәулелендіру сеанстарын өткізіп, ғарыштан Жерге бақылау-сәулесін
жіберемін. Орбитадан бағытталған бұл сәуле анасының құрсағында
жатқан кассандра-шарананың берген белгісін күшейте түседі. Сөйтіп,
бұрын жұрттың бәрі секпіл деп қабылдап келген ұсақ таңба бақылаусәулесінің әсерімен жыпылықтап, жылтылдап тұратын болады.
Бақылау-сәулесі атмосферада байқалмайды және адам ағзасына
еш зиянын тигізбейді. Мен оны ғарыштан барлық құрлықтарға,
бүкіл планетаға жіберемін. Бұл сәулелендірудің мақсаты – кассан-
Тау құлаған
дра-шараналарды жаппай анықтау. Яғни шараналарға «ғарыштық
сауалнама» жүргізбекпін. Кассандра-шарананың жеткізгісі келген
хабарының мәні шамамен мынау: «Егер өз еркімде болса, жарық
дүниеге келмес едім. Сіздердің сұрақтарыңызға жауап ретінде осы
белгіні беріп отырмын, мұны болашақта тек өзімді ғана емес, жақынтуыстарымды да күтіп тұрған қасіретті сезіну деп бағалауларыңызға
болады. Егер бұл белгінің мәнін түсінсеңіздер, біліп қойыңыздар,
мен – кассандра-шарана, ешкімге ауыртпалық әкелместен, өмірге
келмей-ақ қойғанды қалаймын. Сіздер сұрадыңыздар, – мен жауап
беріп тұрмын: менің өмір сүргім келмейді. Ал, егер осы қалауымды
тыңдамастан, өмірге келуге мәжбүр етсеңіздер, онда барша
замандардағы барлық адамдар сияқты маған да маңдайыма жазылған
тағдырымды қабыл алуға тура келеді. Не істейміз, мұны өздеріңіз, ең
алдымен, мені өмірге әкелер анам шешсін. Бірақ, әуелі маған құлақ
қойып, түсініп алуға тырысыңыздар. Мен – кассандра-шаранамын!
Қазір менімен қоштасуға үлгересіздер, бұған өзім де дайынмын. Мен,
кассандра-шарана, біраз уақыт бойы өзім туралы ескертіп отырамын,
мен, кассандра-шарана, қазір де сіздерге белгі беріп тұрмын. Мен,
кассандра-шарана, жарық дүниені көргім келмейді, көргім келмейді,
көргім келмейді… Мен – кассандра-шаранамын!»
Әрине, кассандра-шарананың берген белгісін осылай түсіндіру
ешкімге ешқандай міндет артпайды. Жүкті әйелдің маңдайындағы
жыпылықтап тұрған Кассандра таңбасы көп ұзамай із-түзсіз өшіп
кетеді. Егер мұны ұмытуға тырысып, иықты бір көтеріп қойып,
кейіннен бұл туралы ойламаса болды, бәрі де ұмытылады…
Бірақ, ғылымның өйтіп иығын қиқаң еткізіп қоя салуына болмайды. Ғарыш компьютерінің статистикалық деректеріне жүгінсек, кассандра-шараналар саны жыл санап өсіп барады екен.
Мұндай көзге көрінбейтін апаттың саны артуы – болашақ
нәрестенің өмір ағынынан бас тартып, жарық дүниеге келуден,
өмір үшін күреске түсуден бас тартуының сыры неде және бұл
нені білдіреді? Күнделікті тәжірибемізден тыс, тылсым сырлы
құбылыстан сабақ алудың мән-мағынасы бар ма өзі? Егер бар болса, онда әлі дүниеге келмеген тірі ағзаның өмірден қорқуын күштеп
Шыңғыс Айтматов
басып тастауға қаншалықты хақылымыз? Анасының құрсағында
жатқан шарананың өзін-өзі жайсыз сезінуінің бастапқы себебі
осы өмірдің өзі емес пе? Бала үшін анасы – әлемнің көшірмесі.
Айналадағы ортаның құрсақтағы шаранаға жайсыз әсер етуіне
сол анасының өзі еріксіз ықпал етіп отырған жоқ па екен?
Осы сұрақтардың бәріне жауап беру керек.
Әрі қарай жалғастырар алдында, Қасиеттім, осындай жағ-дайда
бұл жолдауымды неге нақ Сізге, Римнің католик шіркеуінің басшысына арнағанымды түсіндіруге тырысып көрейін.
Өз жолдауымды Сіздің әулиеге тең тұлғаңызға арнауыма Сіздің
Иисус Христостың орынбасары, әулие Петрдің ізбасары қызметін
атқарып, сол арқылы әлемдік беделге ие болып отырғаныңыз ғана
емес, оның бәрі түсінікті, сонымен қатар, Жер бетін мекендейтін
көптеген жандардың адамгершілік мұраттары мен рухани
құндылықтары Сіздің бейнеңізден көрініс тапқаны да себеп болып
отыр. Сондықтан, Сізге арнаған сөзім барша замандастарымызға да,
бәлкім келер ұрпаққа да арналады деп қабыл алуыңызға болады.
Әрине, Сіз менің бұл жолдауымды орынсыз деп тауып, дөрекілік
немесе сол сияқты басқа да жүгенсіздік ретінде қабылдай аласыз, бірақ жоғарыда айтылған «шарананың сарыуайымшылдығы»
мәселесін қарастыру Жаратқанның еркімен жүзеге асатын құпия –
адамның дүниеге келуі деп аталатын нәзік тақырыпқа деген католик
шіркеуінің көзқарасына да қатысты екені күмәнсіз…
Мен католик емеспін, бірақ бұл католик дініне деген шынайы
құрметіме нұқсан келтіре алмайды. Менің көзқарасым бойынша,
әр адамның аузынан шыққан алуан қилы пікірлер кез келген діннен
үндестік таба алатын болса керек, егер ол өзін ғана ақиқат деп тануға
ұрынбаған, сөйтіп қасаңдыққа бой ұрудан аулақ дін болса, әрине; оны
құстардың неше түрін құшағына жатсынбай сыйғыза беретін аспан
әлемімен салыстыруға болады. Бұл орайда, егер католик аспанында
қалықтай самғаған қайтқан құс бола алсам, өзімді бақыттымын деп
санар едім…
Ия, мен әрқашан католик дінінің адамгершілік-ізгілік
Тау құлаған
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 02
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.