Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 18

Süzlärneñ gomumi sanı 2127
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
енді ғана біле бастағандай болдым. Не болды маған? Сол әйелді
түсініп, қорғауға деген ұмтылыс бойымды билегендіктен болар,
біртіндеп мынадай ойға келдім: егер Руна Лопатина өзінің одан әрі
қиналатынын біле тұрып, мені айыптаған болса, онда бұл – көктің
әмірі, мейірімі шексіз Жаратқанның өзін-өзі қорғауы емес пе екен?..
Бұрын шексіз мейірім дегеннің не екенін ұғына алмайтынмын,
оның мәні неде екенін және неден көрініс беретінін түсінбеуші
едім, соны енді ғана сезінгендей болдым: егер мен асып-тасқаннан
шараналарға білгенімді жасап, Құдайдың өзін ығыстырып тастамақ
болып жүрсем, Руна деген сотталған әйел Жаратқанның маған
жіберген елшісі, оның Кеңпейілдігі мен Кешірімділігінің көрініс
беруі болар?.. Бәлкім, бұл менің бойымдағы Ізгілікті сынау шығар?!
Осындай ойлардан әрі күйініп, әрі жаным жай тапқандай
болды. Ұйқымнан оятып, өз-өзімнен күмәндануға жетелеген,
менмендігім мен тәкаппарлығымды сезінуге мәжбүр еткен осы
бір сотталған әйелге деген ризашылық сезіміне бөлендім. Оның
алдында басқа қырымнан көрінгім келетінін түйсіндім. Сол мезет
Рунаға телефон соғып, уақытша отырған оқшау камерасынан
шақырып алып сөйлесуге болмайтынына өкіндім. Оған айтатын
сөзім көп еді, оның жауабы да көбірек болса деп тіледім. Рульге
отырып, түн ішінде сол отырған камераға тартып кетіп, шығарып
алып сөйлесетін мүмкіндігім болғанда ғой! Бірақ бұл құрғақ қиял
ғана-тұғын. Қолымнан бар келері – ертеңгі кездесуді күту ғана; енді
алдағы жолығуымыз қалай өтері туралы қиялдай бастадым. Рунаны
кабинетке кіргізіп, екеуміз оңаша қалған кезде қасына барып
қолын алып амандасамын да: «Кешіріңіз, Руна, өтінемін, кешегі
әңгімемізге қайта оралайықшы. Сіздің ойларыңызды байыппен
тыңдағым келіп тұр, сізден осыны сұрар едім. Менің пікірімді де
тыңдап көріңіз». – «Тамаша! – деп тіл қатар еді ол, содан кейін шын
жүректен былай деп мойындайды: – Ал, мен сізді, профессор, енді
қайтып көрмейтін шығармын деп ойлап едім. Таңертең мені келген
Шыңғыс Айтматов
жағыма қайтадан әкетеді, қарғыс атқан қаскүнем әйелді бұрынғы
зонасына қайтадан айдап апарып, тағы да соттайды да, Сібірге
немесе Алтайға ауыстырады ғой деп күткенмін, кенеттен кезекші
қарауыл келіп, профессор Крыльцов Андрей Андреевичтің қайтадан
шақыртып жатқанын айтты. Міне, енді алдыңызда тұрмын...»
«О, Құдіретті Құдай! Қандай ақымақтыққа ұрындырып тұрсың
мені? – деп сыбырладым мен шарасызданып. – Балалық қой бұл,
тоқтата көрші мені, есім ауысып бара жатқан жоқ па өзі!»
Ия, әрине, ұлылықтан мазаққа ұшырауға дейін бір-ақ қадам;
дегенмен, қаншама күлкіге қалсам да сол түні бәрі өзім қиялдағандай
болуына шынымен дайын едім. Мейлі, солай-ақ болсын, аңсарың
ауған алаңғасарлықты күтудің өзі де бақыт екен ғой!
Кенеттен жанымды билеп алған осы серпілістен кейін
көкжиекті тұмшалай бастаған қара бұлттай болып әлдебір
ауыр күдік бой көтерді – шынымен, инкубалардың құрсағында
жетілген икстектерді өмірге әкелуге моральдық хақым бар ма өзі?
Бұл әрекетімді қандай ұлы мұрат арқылы ақтап алуға болады?
Жасыратын несі бар, мұндай күмән көкейімде баяғыдан бері
бұғып жатқан, бірақ өзім де, әріптестерім де осыны ешқашан
ашып айтқан емеспіз. Ғылымның жетістіктері тек өз-өзіміздің
ғана емес, сонымен қатар, қоғамның алдында да мерейімізді
өсіріп тұрған. Алайда, кейде ғылым мен ар-ұяттың қаншалықты
сәйкес келмейтіні, көбінесе ғылым мен қылмыстың астасып
жататыны жөніндегі мысалды ХХ ғасырда алыстан іздеудің
керегі де жоқ.
Міне, түрмеде жазасын өтеп жүрген әйелдің түрткі болуымен
менің де ар-ұятым оянды. Руна мені ата-анасының кім екені беймәлім, тұқымы белгісіз тексіз балаларды инкубалардың көмегімен
өмірге әкелудің адамзатқа жат құбылыс екенін мойындауға мәжбүр
етті.
Ол екеумізді жолықтырған қандай күш, ажал табалдырығынан
аттағанға дейін екеумізді мәңгі байланыстырып кеткен не нәрсе,
Тау құлаған
мұны тек тағдырымыз ғана біледі... Бұл жөнінде ештеңе айта
алмаймын...
Сол түні менің де өмірімде бетбұрыс болғаны анық. Адам
айтқысыз батылдығымен, ойлауға да жүрегің дауаламайтын қайсар
қылығымен өміртанымымды түбегейлі өзгертіп жіберген әйелден
кешірім сұрауға дайын едім. Өзімнің адам баласына қарсы жасап
жатқан қастандығымнан бас тарту үшін оның алдында тізерлеп
жығылуға да арланбас едім. Егер ол менің махаббатымды қабыл
алып, тиісінше жауап сезім білдірсе, өмірлік жарым болуын да
өтінуім ғажап емес-тұғын... Ия, солай!
Мұны қалай істейтінімді ойлағаным да жоқ, ол ұзақ мерзімге
сотталған әйел, бірақ, егер ол келісім берер болса, тек екеуміз бірге
болуымыз үшін ғана оған ілесіп кез келген жаққа – орманға, тауға,
теңізге, қайда болса да тартып отырар едім... Қаңғып жүріп жаңа өмір
бастасам, бұл менің өткен өмір жолымда жасаған зұлымдығымды
өтеу үшін шалған құрбандығым болар еді...
Бұл туралы бір рет ойлағаннан кейін енді қайтып тоқтай
алмай қойдым. Қиял дегенде шек жоқ екен ғой. Өз бойымда,
сана-сезімімде кері қайту дегенді білмейтін аяусыз қатал төңкеріс
жасадым. Сөйтіп, армандай бастадым. Менің жаңа өмірім күні
ертең, Рунаны кабинетіме ертіп әкеліп, екеуміз оңаша қалған сәттен
басталуға тиіс. Өз бойымда болған өзгеріс туралы түсіндіріп, қалай
тазарғанымды айтып беріп, ол үшін бәріне дайын екеніме сендіруім
керек. Тек ол келісімін берсе екен, менің бойымнан өзі сүйе алатын,
сол сүйіспеншілікке татитын адамды көре алса екен. Менің шын
айтып тұрғаныма көз жеткізіп, екеуміз бірге болуға тиіс екенімізге
сенсе екен...
Диванның үстінде жатып, түн ортасы ауған шақта ғана көзім
ілініп кетіпті, бірақ жайсыз ұйықтадым. Таң алдында аспан астын
жаңғырықтырған күннің күркірінен ояндым. Шатырды сабалап,
жаңбыр құйып тұр. Көзімді жұмып жатсам да, табиғатта не болып
жатқанын анық көріп тұрмын, құдды осы нөсерді өзім қолдан
Шыңғыс Айтматов
жасағандаймын, көк жүзін тіліп өткен найзағайды да, құтырына
төккен жаңбыр суының салмағынан ағаштардың сынып кетердей
болып иіле майысқанын да, бас сауғалайтын қалқа іздеп безіп бара
жатқан бір топ құсты да көріп жатырмын...
Сол жаңбырдың арасында өзім де самғап ұшып бара жаттым.
Терезеден ұшып шығып, үйлердің шатырларынан жоғары көтеріліп,
көшелер мен саябақтардың үстімен қалықтап келемін. Найзағай
мен қара бұлтты қақ жарып бетім ауған жаққа қарай ұшып барамын,
– жер бетінде бір түрме бар, онда инкуба болудан бас тартқан бір
әйел отыр, ол да жаңбырдың шуын естіген... «Руна! Руна! – деп
айғайлаймын. – Бұл менмін! Сені іздеп жүрмін!..» Мен оған көк
жүзінен айғай салған сәтте, жаңбырдың шуылына құлағын түріп
отырып, не ойлады екен ол?..
Ертесіне өз-өзімді барынша күштеп, клиникадағы барлық
қызмет әдеттегі қарқынымен жүріп жатқанын қадағалап, өзім де
беріле жұмыс істеп отырғандай түр көрсеттім. Бәрі күндегідей өтіп
жатты. Менің өзгеріп кеткенімді, бүгіннен бастап мүлдем басқа
адамға айналғанымды ешкім білген жоқ...
Мен өзімнің жұлдызды сәтімді күттім. Уақыт болса тоқтап
қалғандай, мүлдем баяу өтіп жатыр.
Күндегідей жұрттың көз алдында болатынмын, өз міндетімді
атқарып жүре бердім. Бірақ, бұл мен емес, басқа адам еді...
Уақыттың жылжуы тасбақаның аяңынан бетер...
Белгіленген мерзім жақындап қалды. Қазір Рунаны алып келуі
керек... Міне, ол... Бірақ, оны әкелетін емес.
Тағы ширек сағат өтті. Әлі жоқ. Телефон соғып, машинаның
шыққан-шықпағанын білуді тапсырдым... Хатшы қыз хабарласып,
машинаның уақытында шыққанын анықтады.
Мен енді алаңдай бастадым. Не болуы мүмкін? Әлде жолшыбай
апатқа ұшырап қалды ма?
Сағат тілі үшке таяп қалды. Енді қашан? Бұл жолы өзім
телефон соқтым. Машинаға бірдеңе болыпты деп жауап берді.
Тау құлаған
Сол кезде хатшы қыз жүгіріп кірді. Түсі бұзылып кеткен.
– Не болды? – деп айғайладым оған.
– Пациент әйел қаза тауыпты!
– Бұл қалай? Қандай пациент?
– Біз күтіп отырған әйел. Жаңа ғана жолдан хабарлады.
– Апатқа ұшыраған ба?..
– Жоқ, апат емес. Ол қашпақ болыпты...
– Қашқан ба? Содан?
– Оны атып өлтірген.
– Түсінсем бұйырмасын!..
– Қазір өздері келеді, сонда айтатын шығар...
Ия, менің кешегі нұсқауыма сәйкес, № А-6-87 сотталған әйел
Р.Ф.Лопатинаны белгіленген уақытта клиникаға жеткізу үшін
машинамен алып шыққан.
Жолшыбай, қаланың сыртында, жолдың Мәскеу өзені маңындағы орманды кесіп өтетін тұсында сотталған әйел жүрегім айнып
барады, бұдан әрі жолды көтере алмаймын деп шағымданыпты,
машинаны тоқтатып, далаға шығуға рұқсат етуін өтінген, құсқым
келіп тұр деп жалынғанға ұқсайды...
Амалсыздан тоқтауға тура келіпті. Әйел далаға шыққан соң
жолдан бірер қадам шетке шығып, кенет орманға қарай қаша
жөнелген. Күзетіп келе жатқан қарауыл әйел соңынан тұра
қуыпты. Тоқта деп бұйырған екен, сотталған әйел мұны құлағына
қыстырмапты. Қарауыл «атамын» деп айғайлаған. Ескерту ретінде
екі рет ауаға атыпты. Дегенмен, тірідей ұстамақ болып, соңынан қуа
берген. Сол кезде алдарынан Мәскеу өзенінің иіні шығыпты, қашқын әйел тоқтамастан өзенге қойып кетіпті. Қарауылдың атқаннан
басқа амалы қалмапты. Қашқын әйел сол жерде мерт болған.
Мәйітін судан шығарып алыпты...
Кейін өзімнен ең кемі мың рет сұраған шығармын: – Неге
бүйтті ол? Не үшін? Мұнысы қалай? Амалы таусылғаннан ба?
Қорыққаннан ба? Жиіркену ме? Жек көру ме? Әлде бұл наразылық
білдірудің бір түрі ме екен?
Шыңғыс Айтматов
Бұл сұрақтарға енді ешкім де жауап бере алмайды... Қалай келсе,
солай кетті... Ол біздің тәжірибеміздің алғашқы құрбаны болатын.
Күн батқанша кабинетімнен шықпай қойдым. Есікті ішінен
іліп алып, отыра беріппін. Жан дүниемде не болып жатқанын
сезген бір адам болған жоқ. Шіркін-ай, түні бойы дайындалған
ісіме осындай қайғылы жолмен қарсы тұрмағанында ғой! Шындық
соның жағында екенін, ғылымның жетістігі қаншама қол жетпес
биікке көтерілгенімен, ол да өтпелі екенін, ғылымның өрлеуі
тоқтамайтыны, бірақ обал-сауаптың алдында оның да түкке
тұрғысыз екені туралы айтқым келгенін білместен қаза тапқаны,
мезгілсіз кетіп қалғаны қандай өкініш, қандай қасірет! Мәңгіліктің
мәні мен дамуын бойына сіңірген Рухтың алдында асқақтай алатын
ештеңе де жоқ..
Кабинетімде отырып еңіреумен болдым. Өмірімде бір-ақ рет
көрген әйелді жоқтап жыладым... Қалған өмірімде онсыз бақытсыз
боларымды түсінген едім...
Кешкісін тас жолға шықтым, бірақ, оның қаза тапқан орнына,
Мәскеу өзенінің орман сыртындағы иініне жақындай бере кері
бұрылдым. Бұл оның мерт болған жері, осы тоғай арқылы қашып,
өзенге секіріп өлген... Сөйтіп, айналма жолмен қайттым...
Егер шарасыздықтың шегі болса, үйге барған соң сол шектің де
салмағын мейлінше тарттым ғой деймін. Маған берілген жаза осы
емес пе екен?! Түн ішінде үйді басыма көтере айғай салып, еңіреп
жылаумен болдым... Жоқ ол. Менің өзіне не айтқым келгенін, қалай
тәубама келмек болғанымды енді ешқашан біле алмайды. Ол мені
өмірінің соңғы сәтіне дейін өзім ашқан ғылыми жаңалықтарды
икстектерді өмірге әкелу үшін пайдаланып жүрген жексұрын деп
кетті... Шөлмектің аузынан сіміріп отырған виски де қайғымды
сейілтуге көмектеспей қойды. Музыка тыңдасам серпілетін
сияқтымын, бірақ ондай музыка да жоқ екен...
Өз бойымда мүлгіп жатқан сол музыканы біраз жыл өткен соң
естідім. Жапон теңізінде кемемен жүзіп келе жатқанбыз. Кешкі
Тау құлаған
уақыт болатын. Жұлдызды аспанның астында қалғып кеткен
аралдардың сұлбасы су бетінде қарауыта көрініп, Уақыт пен
Материяның әлдебір құпия қоспасы тәрізді әсер етеді. Айнала
тып-тыныш, салқын самал еседі, толқындардың шылпылы баяу
ғана естіліп тұр... Бірнеше кеңестік ғалым Нагойяға конференцияға
қатысу үшін келгенбіз. Әріптестерім мен аудармашылар дәмханада
қалған. Жұмбақ сырлы елсіз аралдарға көз жіберіп, палубаны
кезіп жүргем. Жағалаудың жарығы алыстан әлсіз ғана жылтырап
көрінеді. Бағытымыз сол жақ. Кемеде жұлқына секіруге шақыратын
рок әуені толассыз күркіреп тұр. Кенеттен рок даусы басыла қалды.
Сосын сезімге толы әсем әуен естілді. Бұл жапонның энкасы –
сүйген жарына деген сағыныш, жалыныш пен түсінбестік, күту мен
кешірімге толы сыршыл ән болатын... Сол кезде Ол әйел де осында,
тура қасымда, мүмкін әне бір аралда тұрған шығар, ол да осы әнді
тыңдап тұр және менің өзі туралы толғанатынымды біледі-ау деп
ойладым...
Сол мезет бәрінен де, барша адамнан да аулақ кетуім керектігін
түсіндім...
Қайта құру жылдары икстектер өндірісін тоқтатудың сәті түсті.
Горбачевқа кіргенмін. Жарты жылдан кейін ғарышқа, орбиталық
станцияға аттандым. Осында ғарыш тақуасы Филофейге айналдым.
Сырт қарағанда бұл ақымақтық болып көрінуі мүмкін. Бірақ, мен
үшін олай емес...
Өткен өмір жолым маза берер емес, қыр соңымнан қалмай қойды.
Жауабы табылмайтын бір сұрақ тамағыма кептеліп тұрып қалған
сүйек сияқты – өмірге келіп үлгерген, қазір өсіп жатқан икстектердің
тағдыры не болмақ?.. Шыққан тегі белгісіз болып тұрған кезде бұл
туралы ешкім білмек емес. Дұрысы, аз ғана топ – менің бұрынғы
әріптестерім ғана біледі. Олардың мен туралы не ойлайтынын да
шамалау қиын емес: опасыз, ғарышқа қашып тығылған қорқақ
дейтін шығар... Бірақ олардың пікірінде жұмысым жоқ, мені қинап
Шыңғыс Айтматов
жүрген бұл емес. Өз-өзімді қарғап-сілеп, бейшара мазохист, иттің
баласы деп атайтынымды да ешкім білмейді. Қазір Жер бетіне қайта
оралып, біздің зертханада өмірге келген сәбилердің көзіне үңілер
ме едім!.. Бұл туралы не үшін жазып отырмын? Өйткені, біздің ол
ісімізді түзеуге болмайды. Өмірге келген сәтте-ақ қазыналық адам
болып жаралған сол бейбақтардың күні не болмақ? Өздерінің кім
екенін ертең-ақ түсінеді ғой. Сонда қоғамға қандай көзқараспен
қарайды? Уақыт өте келе икстектердің бойында адамзаттан кек
алып, күллі дүниені жоқ қылып жіберу тілегі оянып жүрмей ме?!
Менің осында, ғарышта жүргенім, ал, олардың, икстектердің жерде
қалып, өсіп жатқанының өзі де сұмдық. Басқа сөз таба алар емеспін.
Олардың болашағы үшін жауапкершілікті ешқашан мойныма алмап
едім ғой, бар болғаны оларды ғылыми жолмен өмірге әкелуді ғана
шештім деп өз-өзімді алдарқатуыма болар еді. Бірақ бүйтіп ақтала
алармын ба?! Енді олар бәрін бастап алып, өмір басқа арнаға ауған
кезде жан-жаққа бытырап қаша жөнелген, осы істің басында тұрған
адамдарды қайдан таппақ? Тіптен, КГБ-ның өзі де келмеске кетті...
Мейлі, нақ соның құрығаны дұрыс болды...»
Осы жерден Филофейдің тәубасы да үзіледі.
Осы тәубаға келудің мәтіні, Филофейдің соңғы жолдауы Энтони
Юнгердің қолына қыс басталған кезде ғана тиді.
Неткен шытырман өмірбаян, мұндайды ешкім ойынан шығара
алмас, деп қамыға ойлады ол сол бір қыстың күні рульде келе
жатып, жапалақтап жауған қар машинаның әйнегіне қалықтап келіп
қонып жатыр. Филофейдің тәубаға келу ретіндегі жазбаларын түні
бойы оқып, соның әсерінен әлі арыла алмай отырған болатын.
Қызық, деп ойлады ол, ешкім де бүйтіп өліп көрген емес. Қазір
Филофей дүниенің төрінде ғарыштық мумия болып ұшып жүрген
шығар, планетадан тыс жерде өзін-өзі өлтірген бірден-бір адам сол
ғана. Ақырғы мекенін шексіз үнсіздік әлемінен тапты. Міне, енді өзі
туралы тағы бір хабар беріп отыр...
Оның тағдыры басқаларға сабақ болсын деп, әлдебір тылсым
Тау құлаған
құдірет алдын ала жоспарлап қойған деп ойлауға да болатындай.
Ия. Бірақ, соның өтемі қандай?!
Мұндай жолға түскен адамның қателігінің өтемі қашан да
қымбат болмақ. Бір рет барша уақытқа арналған Сабақ берілмеп пе
еді. Оның құны Голгофа арқылы өтелді. Әркімнің өз бағасы болады.
Бұл кісі өз қателігінің құнын ғарышта жүріп өтеді.
Құрсағын жарып шыққан жас сәбиін балалар үйінің
табалдырығына әкеп тастауға бара жатқан анасының табанының
астында сықырлаған қардың дыбысы ғарышта жүргенде де естіліп
тұрды ма екен? Сәбиін соңғы рет көкірегіне қысып, ақырғы жолы
көтеріп келе жатқан анасының жүрегінің дүрсілі ғарышта да естіліп
тұрғаны ма?..
Орыс тілінен 2005 жылы аударылды.
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.