Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 17

Süzlärneñ gomumi sanı 3855
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
жатыр. Бұл орайда, сотталған әйелдердің арасынан инкуба таңдап
алу қиынға түсе қоймайтыны белгілі. Тек менің келісім беруім керек
екен. Мен ойлануға уәде еттім.
Шыңғыс Айтматов
Кейіннен құзырлы органдардың ұсыныстарымен асықпай
таныса отырып, олардың істің мәнісін терең білетініне және
белгіленген міндеттерді орындаудағы дәлдігіне таңғалғанымды
жасыра алмаймын. Инкуба ретінде қызмет көрсетушілерді тек
10 жылдан 25 жылға дейінгі ұзақ мерзімге бас бостандығынан
айырылған әйелдердің арасынан ғана таңдап алуға болады. Тиісінше медициналық тексеруден өтікеннен кейін сотталған әйелге мына
шарттар арқылы инкуба болу ұсынылады: а) бір икстекті өмірге
әкелсе, кесімді мерзімінің тең жартысын өтеген болып саналады,
екінші рет туса, толық бостандық алады; ә) инкуба баланы үш
жасқа толғанша емшек сүтімен асырап, содан кейін мемлекеттің
тәрбиесіне өткізуге тиіс; б) икстекті мемлекетке өткізгеннен кейін
инкубаны шалғай аймақтағы лагерьге немесе қонысқа жібереді; в)
инкуба өзінің атқарған міндеті, болған жері, қызмет көрсетушілер
құрамы туралы деректерді жарияламау туралы қолхат береді; егер
бұл шартты бұзатын болса, екінші рет сотқа тартылады.
Құзырлы органдардың инкубаларды жалдау жөніндегі жобасы,
жалпы алғанда, осындай болатын. Мен ұзақ ойландым. Бұл жобаға
сүйсіне қойдым деп айта алмаймын, бірақ бұдан басқа жолды да
көре алмадым. Сөйтіп, келісім бердім.
Құзырлы органның бір қызметкерімен әңгімелескенім бар.
Оның өзі институтқа сол үшін келген екен. Ол маған әжептәуір
ақылды адам болып көрінді. Инкубаларды сотталған әйелдердің
арасынан іріктеп алу жөніндегі күдігімді білдіргенмін, ол маған
әзірше мұның басқа жолы жоқ екенін, уақыт өте келе бұл жұмысқа
сотталған әйелдерді тартудың керегі болмай қалатынын айтты –
инкубалардың қызметіне, айталық, жезөкшелерді жалдаған сияқты
ақы төленетін болады. Күндердің күнінде ата-анасыз өмірге келетін
балаларды өз құрсағында өсіру әйелдердің белгілі бір тобы үшін
әдеттегі мамандыққа айналуы ықтимал, оның табысы да едәуір
болмақ.
Біздің әңгімеміз ешқандай шарттылықсыз тура да ашық
Тау құлаған
жүргізілді. Ол инкубаторлық дегеннің жария түрде жүрігізіліп қана
қоймай, бала туудың неғұрлым тиімді тәсіліне айналатын кезі де
келеді деген сенім білдірді. Ол кезде «Ана», «Әке» деген ұғымдар
аңызға айналады да, таза шартты мәнге ғана ие болады.
Сөйтіп, құзырлы органдар жасаған жоспардың құпиясы мен
алысты көздеген мақсаты біртіндеп айқындала түсті – олардың
жаңа тұрпатты, шыққан тегі белгісіз адамдарды өмірге әкелуді
бақылауға алуға айырықша мүдделі болып отырғаны мәлім болды.
Алдағы уақытта бұл істі кеңінен өрістету көзделген екен. Бірденбірге кәсіпқой бала туушылардың ата-тек дегеннен туғаннан
ада балаларды өмірге әкелуін жаппай жолға қойып, икстектерді
интернатта тәрбиелеуді ұйымдастыру арқылы бала туу мәселесін
біржола шешіп, халықтың барлық күш-жігері мен уақытын түгелдей
өнімді еңбек етуге, басқа да көкейтесті міндеттерді орындауға, ең
алдымен, әрине, болмай қоймайтын әлемдік төңкеріске арнауына
жағдай жасау керек, – коммунистер өздерінің осы мақсатынан
ешқашан бас тартпақ емес. Икстектер әлемдік тарихқа нүкте қояды,
сөйтіп жаңа дәуір басталады...
Әңгіме барысында ол сөз таңдап әуреленіп жатқан жоқ:
«Икстектер әлдеқашан уақыты жеткен нүктені біржола қоятын
болады. Бүкіл әлемде бейбітшілік орнату жолындағы күрес
туралы даңғаза мен басқа да қызыл сөздің бәрі – босбелбеу
былшылбайлардың айтып жүргені. Егер шешуші сөзді атом бомбасы
айтуға тиіс болса, соны нақ осы икстектер жүзеге асырады. Оның
жоғалтатын ештеңесі жоқ, оны ешкіммен ештеңе байланыстырып
тұрған жоқ, ол тексіз жаратылған, оның Отаны – өзін шишадан
шығарған Жүйе. Тетікті басар кезде оның қолы қалтырамақ емес.
Бар гәп кімнің тәрбиелеп шығарған икстегі бірінші болып ядролық
соққы береді – сонда жатыр!»
Бұрын кәсіподақтардың меншігі болып келген Мәскеу түбіндегі
орманның ішінде орналасқан шағын санаторий көп ұзамай бізге
ғылыми-зерттеу базасы ретінде бекітіп берілді. Кабинеттер мен
Шыңғыс Айтматов
палаталарды жабдықтауға, күзет және басқа қызмет орындарына
қажетті бөлмелерді дайындауға жарты жыл уақыт жұмсадық.
Жұмысқа кірісуге тап онша асыға қойған жоқпын. Бір күні
жұмысты бастайтын уақыт та келді. Айтып қояйын, бұл маған
оңайға түскен жоқ, сондықтан да болар, инкуба ретінде іріктеп
алынған әйелдердің құжаттарында көрсетілген деректерді қарап
шыққаным болмаса, олардың кім екеніне әдейі назар аударған
жоқпын. Олармен қатаң ресми түрде қысқа да қатқыл сөйлейтінмін.
Оларды клиникаға бір-бірлеп, белгіленген уақытта жабық
машинамен әкелетін, үстіне қарапайым киім кигізіп қойғандықтан
ба, олардың бәрі бір адам сияқты көрінетін, мен үшін олар – иксшарананы жатырына орналастыру үшін әкелінген объектілер
ғана. Өздерін де жалпы атаумен «әйел» деп қана атайтынмын:
«Сәлеметсіз бе, әйел. Халіңіз қалай, әйел? Абайлаңыз, әйел, мен
сізді тексеруім керек, қозғалмаңыз». Тек қана осылай. Тиісінше мені
де тек қана «профессор» деп атайды. Артық-ауыс ештеңе жоқ, бұл
инкубалардың бәрі тек жалдап алған жатыр ретінде ғана маңызды.
Ол әйелдердің ешқайсысының бет-жүзі есімде қалмапты, өйткені,
біздің шаруамызға мұның еш қатысы жоқ болатын.
Тек бір әйел ғана басқаларынан ерекше болып шықты... Бірақ,
ол туралы кейінірек айтармын... Мынау туралы да кейінірек айтсам
ғой...
Міне, Жағалауға келіп тұрсың, ал, ағып жатқан басқа Өзен...
Жаның қиналып, осы туралы ойларды, осыны еске алуды
барынша кейінге қалдыруға тырысып жанұшыра себеп табуға
тырысасың. Онда тұрған не бар? Өз-өзіңнен бойыңды аулақ салуға
ұмтылудың бекер екеніне, бұдан бәрібір түк шықпайтынына әр
жолы да көзің жетіп жүрген жоқ па? Өлуге болады, бірақ өз-өзіңнен
қашып құтыла алмайсың. Бұл тұрғыдан келгенде, ажалды пенденің
бәрі мәңгі өмір сүреді.
О, Құдай! Түсіндіру мүмкін емес нәрсені ұғындырмақ
болып несіне әуре боласың, жаныңның тереңіне соншама неге
Тау құлаған
үңілесің, айтып жеткізу мүмкін емес жәйттерді айтпақ болып
арамтер болатының не, бұл сенің қолыңнан келмейді ғой?!
Сен өзіңді ерекше құдіретті адаммын деп санаушы едің, биік
мақсат үшін қажет кезде өз-өзіңе иелік ете алмаған сәтің ешқашан
болған емес. Бірақ бұл жолы өз-өзіңе шамаң жетпей қойды... Шетсізшексіз кеңістікте самғаған екі аққан жұлдыздың соқтығысып
қалғанындай, күтпеген жерден алдыңнан шыға келген бұл жәйтке
душар боламын деп ойламап едің. Бірақ, бәрі де өз кезегімен өтіп
жатты.
Бұл оқиға келесі жылдың көктемінде, инкубалардың алғашқы
тобындағы әйелдердің құрсағына шарана салынып, тиісті
медициналық бақылауға алынған кезде болып еді.
Сол күні әлгі әйелді тексеруге әкелді, әдеттегідей қасында
«фельдшер» бар – инкубалардың күзетшілерін ескі әдетпен солай
атайтынбыз. Ассистент пен медбике оны кабинетіме ертіп келгенде
оның алдыңғы тексерулерден өткені туралы қорытындыны
қарап отырғанмын. Бәрі дұрыс – жалпы денсаулық көрсеткіші,
гинекологиялық талаптар, маған керегі де сол болатын – пациенттің
құрсағына салынған шарананы көтеруге шамасы жетсе болды,
қалғаны арнайы қызмет орындарының ісі, солардың шаруасы. Бұл
тұрғыдан алғанда, жұмыстың ұйымдастырылуы өте жақсы-тұғын,
тіптен, мінсіз десе де болады, ешқандай қиындық туып көрген емес.
Қиындық туатын жөні де жоқ. Зоналар мен түрмелерде инкуба
болудан үміткерлерді білікті қызметкерлер іріктеп алады, олардың
алдағы мақсатқа қаншалықты жарамды екенін мұқият тексеріп
шығады; шарананы жатырында көтеруге келісім берген сотталған
әйелдердің өздері де осыған мүдделі болатын, әлдебір кедергі
тап болып, кесімді мерзімін қысқартудың осындай мүмкіндігінен
айырылып қалмаса болды: бала көтеріп, оны туып бергені үшін
ұзақ жыл бойы түрмеде отырудан құтылу деген керемет емес пе!
Мұндайды түсіңде де көре алмассың! Олардың клиникаға келгенде
үміт пен күдіктің тайталасынан қалш-қалш етіп, түзелместей
Шыңғыс Айтматов
қисайған өмір жолында жарқ еткен сәуледен айырылып қалмау
үшін жаратқанға жалбарынуын да түсінуге болады. Клиникалық
тексерудің соңғы сатысына жеткенде кері қайтарып жіберуі мүмкін
ғой – инкуба болуға денсаулығың жарамайды десе қайтпексің?
Әрине, әйелдердің толқуын түсіну қиын емес.
Кабинетке кіргізгеннен кейін жаңадан келген әйелді есіктің
алдындағы орындыққа отырғызған. «Сәлеметсіз бе» деген
сылбырлау естілген дауысына қысқа ғана жауап беріп, құжаттарына
тағы да көз жүгірттім: жазасын өтеушінің жеке нөмірі, қамауда
болған жерінің индексі, фамилиясын қарадым, сол бойда ұмытып
та қалдым, қателеспесем, Лопатина болуы керек. Әдетте, олардың
фамилиясы есімде қалмайтын, не тым ұзақ, не тым қысқа болып
келеді. Ал, мына әйелдің есімі қызық екен – Руна, бұл қайдан
шыққан есім, әлде бір руникалық мәні бар ма деп мырс еттім де
басымды көтердім. Алғаш көзімнің тоқтағаны, – әйел көзілдірік
таққан екен. Демек, инкубалардың арасында да мұндайлар –
көзілдірік тағатындар болғаны ғой. Сырт келбеті зиялы адамға
келеді, шамасы, оған зонада қиын тиген шығар, белгілі ғой, ол жақта
айтатындары былапыт сөз, төбелес, бір-бірінің шашын жұлу деп
ойладым... Өзі көрікті екен, бостандықта жүргенде бұдан да жақсы,
сұлу болса керек. Бірақ, көзқарасы басқаша, мұның жағдайындағы
адам бүйтіп қарамауға тиіс еді – кінәлі адамша жымиып, ілтипатты
түр білдіру деген байқалар емес. Көзілдірігінің арғы жағынан
жылтырап көрінген қой көзінен әуестігін ұстамдылықпен басып
отырғаны байқалады. Бұрын күтініп, қасын түзеп, кірпігін бояп,
айнаның алдында әсемдігін қадағалап жүрген болар-ау... Бірақ, бұл
сыртқы түрі ғана, әлдебір ауыр қылмыс жасағаны анық, әйтпесе он
жылға сотталмас еді ғой... Енді, міне, кесімді мерзімін қысқарту
үшін икстекті өмірге әкелуге келісім беріп отыр.
– Былай болсын, әйел, – дедім мен. – Алдын ала тексеруден тағы
бір рет өтесіз. Алдағы уақытта не істейтініміз содан кейін белгілі
болады.
Тау құлаған
Ол үндеген жоқ.
– Қандай шағымыңыз бар?
– Қай жағынан? – деді ол.
– Денсаулығыңызды айтамын. Басқа ештеңенің керегі жоқ.
– Жоқ, әзірше жоқ.
– Дайындық кезеңіне арналған нұсқауларды бұлжытпай
орындауың керек. Бұл туралы саған бәрін түсіндіреді. Егер бәрі
дұрыс болса, келесі аптада, сейсенбіде немесе сәрсенбі күні шарананы құрсағыңа саламыз. Сондықтан, күте тұруға тура келеді.
– Асығатын ештеңе жоқ. Ол жағына алаңдап тұрғаным шамалы.
Оның мұндай батыл жауап бергеніне таңғалдым. Бұрын мұндайды көрмеп едім. Көзілдірікті әйелге мұқият қарап алдым да, орнымнан тұрып, қасына жақындадым. Ол да орнынан көтерілді. Енді
қайтып менімен бұлай сөйлеспеуі үшін қатал түрде былай дедім:
– Асығатын ештеңе болмаса, оның үстіне, өзің бұған
алаңдамайтын болсаң, онда несіне келдің? Осыған келісім берердің
алдында өзіңнің қайда және не үшін бара жатқаныңды білген
шығарсың?
– Білгенмін. Әрине, білдім.
– Білсең, не деп тұрсың? Мен сенен сұрап тұрмын, әйел. Мұнда
не үшін келдің?
– Не үшін? Сізді көру үшін, профессор, осының бәрі баланың
әңгімесі еместігіне көз жеткізу үшін.
– Тек сол үшін ғана ма?
– Сенсеңіз – солай. Сізді өз көзіммен көріп, бар шындықты
бетіңізге айту үшін келдім.
– Қойшы, ей?! – дедім өзім де аңдамастан. Содан кейін қысқа да
қатқыл тіл қаттым: – Жазбаша келісім беріп пе едің?
– Ия, бергенмін.
– Бұл қылығың келісімді бұзу болып есептеліп, қосымша мерзім
жамап алатыныңды түсінііп тұрсың ғой?
– Түсініп тұрмын.
– Ал, мұның саған не керегі бар?
Шыңғыс Айтматов
– Маған бұл емес, сізбен сөйлесуім керек болып тұр. Бұл сіз
үшін керек.
– Мен үшін бе? Әлде сен екеуміздің әлдебір мәселені шешуіміз
керек пе?
– Шешуіміз керек. Адамдар табиғаттың заңы бойынша және
Құдайдың әмірімен өмірге келе ме, әлде ібілістің жоспары бойынша
көбейе ме? Әлде бұл маңызды мәселеге жатпай ма?
Мен үнсіз қалдым, алдымнан есік-терезесіз тұтас қабырға шыға
келген сияқты. Сосын ашуымды тежеп, былай дедім:
– Мұны ойлау үшін өзімнің де басым бар, мадам. Сенімен
қоштасуға тура келеді. Мерзіміңді қысқартудың орнына ұзартып
алғаның ғана өкінішті. Бұған да өзің кінәлісің.
– Мен айтарымды айтып болдым.
– Өзіңді тым ақылдымын деп есептеп тұрған жоқсың ба? Шектен шығып кетпеу дегеннің не екенін білесің бе, өзің?
– Мен сотталған әйелмін, Андрей Андреевич, – деді ол мені
толық аты-жөніммен атап, күніне жүз рет айтылатын сөзді оның аузынан естіген кезде біртүрлі болады екен. – Мен небәрі сотталған
әйелмін, – деп қайталады ол. – Қайда бара жатқанымды жақсы
білгенмін. Дегеніме қолымды жеткіздім. Мұны өзімнің парызым деп
біліп едім. Қолымнан келгенінше орындадым ғой деймін. Мүмкін
осы әңгіме сіздің де көкейіңізде әлдебір сезімді оятар, ойланарсыз.
Бары осы ғана.
– Сен маған уағыз айтпа! – дедім ашуланып. Инкубалармен
жұмыс істегенде болмай қоймайтын оқиғаға тап болғанымды
түсініп тұрмын. – Сенің орныңа он адам табамыз!
– Ең жаманы да сол ғой, – деді ол дауысын бәсеңдетіп. – Осының
обалы сіздің мойныңызда. Түгелімен және тұтастай сізге ғана
жүктеледі.
– Обалдың да неше түрі бар! – деп кесіп тастадым.
– Мұндайды бірінші рет естіп тұрмын.
– Философиялық айтысты бұған уақыт таба алатын адамдарға
Тау құлаған
қалдырайық. Сені мұнда бұл үшін әкелген жоқ. Енді кері қайтасың.
Екеумізге ортақ әңгіме болуы мүмкін емес.
Тетікті басып, күзетшіні шақырдым. Келіп әйелді алып кетті.
– Қош болыңыз, – деді ол шығып бара жатып.
Мен жауап қатқан жоқпын.
Есік жабылды. Жазу үстелімнің басына қайта оралдым. Басқа
жұмыс, басқа қам-қарекет қайтадан басталды.
Бірақ, осы ыңғайсыздау оқиға есімнен кетпей қойды. «Шындық
іздеуші» әйелді келген жағына, Кострома түбіндегі лагерьге ғой
деймін, кері қайтарып жіберу туралы нұсқау беруім керек еді, іздеген
шындығын сол жақтан тапсын. Бірақ мұны кейінге қалдырдым. Күні бойы жұмыс істеп жүріп, телефонмен сөйлескенде, әңгімелескен
кезде осы әйелді ойымнан шығара алмадым, ұмытайын десем де
қолымнан келер емес, бірақ мазамды алып, жанымды сыздатқан
нәрсенің не екенін бір адамға, қызметкерлерімнің бірде-біріне,
азды-көпті жақын деген адамдарға да айтқан жоқпын.
Өз-өзімді күні бойы біртүрлі сезініп жүрдім, мүлдем өзгеріп
кеткен сияқтымын. Неге екенін білмеймін, әлгі әйелдің ісімен
мұқият танысқым келді. Қайдан шыққан әйел? Кім өзі? Не үшін
түрмеде отыр? Қандай баппен сотталған? Есі дұрыс емес болса,
ондайларды зонада емес, басқа жерде ұстайтын сияқты еді. Бірақ,
сағы сынбаған неткен адам бұл? Осында мұндай мақсатпен келуге
жетелеген қандай ашыну, еркіне салса, менің ар-намысыма тию
үшін, жаным қиналып, артымда қанды ізімді қалдыра жорғалауым
үшін әлі де қандай ойлары мен айтылмаған сөздері бар?
Біреудің арына тиюді мақсат тұтқандар өздерінің көзқарасын
ғана дұрыс деп санайды, олардың бет бақтырмайтыны да содан.
Обал-сауап деген, ең алдымен, ішкі дүниеңнің тәуелсіз болуын
талап етеді, әйтпесе, оны базардағы кәкір-шүкірдей-ақ сатуға да,
сатып алуға да болар еді ғой. Жалпы, обал-сауаптан қарапайым
түсінік бар ма өзі? Қайдағы бір сотталған әйелдің мұнда келіп
Америка ашқандай болғаны несі! Қылмысы үшін жазаға тартылған
Шыңғыс Айтматов
қаскүнемнің обал туралы айтуға қандай хақы бар?!
Бірақ, осылай ойлаған сайын өз-өзіме деген жек көруім де ұлғая
берді. Несіне ақталып отырсың, кімнің алдында және не үшін?!
Өзің әлжуаз екенсің ғой. Ол әйел туралы несіне ойланасың?..
Әйелдің ісін тағы да қолыма алдым. Лопатина Руна Федуловна,
кеңес өкіметіне қарсы материалдарды сақтағаны және таратқаны
үшін 158-ші баппен сотталған... Ә, енді түсінікті болды, құстың
қандай екені ұшқанынан-ақ білінбейтін бе еді?! Әрине, әрине,
мұндайлар ешқашан байыз таппайды, өздерін көрсетіп қалу үшін
үнемі наразылық білдіріп, қарсы шығады да жүреді, бұл жолы
да өзін көрсетіп қалмақ, сол үшін тапқан жерін көрмейсің бе...
Күйеуі жоқ, ажырасып кеткен. Мұндай мекермен кім бірге тұрсын.
Таңданатын түгі де жоқ.
Содан кейін басқа шарауалармен алаң болып кеттім де, қызмет
бабындағы сейфтерде ғана сақталуға тиісті қағаздарды қарап
шығу үшін кідіріп қалдым. Руна Лопатинаға қатысты мәліметтерді
түгел тексеріп шықтым. Түптеп келгенде не ойладым дейсіз
ғой? Жалпы алғанда, өмірге деген өзіндік пікірі, көзқарасы бар
әйел екен; мұндай адамдар діни және саяси ұйымдар мен үкімет
құрамындағы наразылық білдіруші топтардың, оппозицияның
арасында қай кезде де болады. Олардың да неше түрі бар.
Біреулері өздерін ерекше жаратылған адамбыз деп танып, соңына
ергендердің бәрін идея үшін құрбандыққа қия салуға дайын
тұрады... Бірақ бұған Рунаның не қатысы бар? Байқасам, ол жеке
жүрген идеалист сияқты. Дегенмен, кім біледі. Бір-ақ рет көріп,
бірер ауыз сөзін естідім деп ол туралы қалай пікір айтуға болады?
Ия, әрине, тағдыры оңай болмапты, тіптен өте ауыр деген дұрыс,
әуелі мұғалім болып қызмет еткен, кейіннен деректі киномен
айналысып, кеңестік мектеп туралы деректі киносценарийлер
жазған, ал, мектеп тақырыбы бізде әманда күрделі болып келеді.
Кенет Ваваның, Валерия Валентиновнаның мәңгі ұмытылмас
бейнесі ойыма оралды, өзінің сұрапыл дарынды шәкіртінің қазір
Тау құлаған
немен шұғылданып жүргенін білсе қайтер еді ол! Бірақ, бұл жолжөнекей ойыма түскен жәйт болатын. Ал, Рунаға келсек, ол өзінің
інісі Лопатин Игорь Федуловичтің кесірінен сотталған сияқты. Ол
кәсіпқой киношы болыпты, әйгілі ВГИК-ті бітірген, шамасы, Руна
мектеп туралы киносюжеттер түсіруді соның ықпалымен және
көмегімен қолға алса керек. Келесі материалдарда айтылғандай,
Горький атындағы киностудияның жанынан құрылған әуесқой
секцияға қатысып жүрген бұрынғы мұғалім Руна Лопатина
көрермендер арасында идеялық тұрғыдан күмәнді көңіл күй
таралуына себепкер болған. Рунаның өнердегі теріс бағытты, кеңес
адамдары мен олардың тұрмысын келеңсіз түрде бейнелейтін
деректі сюжеттерді жақтап сөйлегенін дәлелдеп берген куәгерлер
де бар. Бұл оған тағылған айыптардың кіріспесі ғана екен.
Бұл істегі басты айыпкер – оның інісі Игорь Лопатинге штаттағы
кинооператор бола жүріп, мемлекеттік мүлік болып саналатын
аппаратура мен құралдарды қылмысты әрекет үшін пайдаланған
– батыс қоғамының еліміз туралы түсінігін бұрмалауға құрылған,
кеңестік шындыққа жала жауып, өңін айналдырып көрсететін,
кеңестік қоғам мен мемлекеттік құрылымды қаралайтын деректі
ленталар түсірген деген кінә тағылыпты. Бұл орайда, «сотқа
тартылушы осы қылмыстық әрекетпен тегін айналыспай, кеңестік
мемлекетті күстәналайтын киноматериалдарды Батысқа валютаға
сатқан. Арнайы қызмет орындары шет елдердің кино залдары мен
теледидар арналарында көрсетілген осы киноленталардың қайда
түсірілгенін сол жақта анықтаған».
Мұндай жағдайда айтылатындай, әні де, әуені де таныс, әрине;
рас-өтірігін, шындыққа қаншалықты жанасатынын кім білген,
әйтеуір осының салдарынан Руна Лопатина қылмыс жасады деп
айыпталыпты. Оған інісі екеуі тікелей сыбайлас болған деген
айып тағылған – інісі оған «рұқсатсыз түсірілген ленталарды беріп
отырған, апасы оларды жақын құрбысының үйіне жасырып жүрген.
Бұл тізбек те әшкереленіпті. Біреу ізін сілтеп жіберсе керек. Игорь
Шыңғыс Айтматов
тұтқынға алынғаннан кейін құрбысына ескерту үшін Руна сонда
барса, алдынан тиісті қызмет орындарының адамдары күтіп алыпты.
Сөйтіп, ол айғақтық заттармен қолға түскен. Содан кейін күтпеген
жағдай болады сот жүріп жатқан кезде Руна інісін құтқарып қалуға
жанұшыра әрекет етеді. Негізгі кінәні өз мойнына алып, кеңестік
адамдардың өмірі мен тұрмысы туралы көріністерді түсіру туралы
ұсыныс жасаған да, інісіне нені және қалай түсіру керек деп нұсқау
берген де өзі екенін мойындап, түсірілген таспаларды шетелдік
тілшілерге валютаға өзі сатқанын айтқан, іс жүзінде, інісі тек мұның
бұйрығын орындаушы ғана болыпты.
Осындай хикая. Тағы бір қызықты жәйт: сотта Рунаны бір
америкалық журналиспен ашына болды деп те айыптаған, ол жігіт
Америкаға қайтып барғаннан кейін мақала жазыпты, онда «өзінің
ашынасы туралы жылы лебіз білдіріп, ал, кеңестік қоғам туралы,
керісінше, тек дұшпандық пиғылдағы көзқарасын ғана жазған», ол
мұны көңілдесінің тұтқынға алынғаны үшін өш алу мақсатында
істегенге ұқсайды. Руна ол журналиспен ашына болғанын
мойындамай, тек оның орыс тілін үйренуіне көмектескенмін деп бет
бақтырмапты... Жалпы, адам түсініп болмас былық. Шындығында
қалай болғанын кім білген, бірақ, осының бәрі, түптеп келгенде,
Руна үшін қайғылы аяқталды...
Сол күні жұмыстан кеш қайттым. Жұмыс та көп болды, оның
үстіне, Руна Лопатинаның ісімен жақын таныссам деген беймаза
тілектің әлегінен едәуір кідіріп қалыппын.
Қақпаның алдындағы күзетшілерге әдеттегідей басымды изей
салып, Успенск тас жолына ымырт үйіріле шықтым. Мәскеуге қарай
асыққан машиналар легіне қосылып кеттім.
Бұл өңір қар басқан орманы мен қырқалары аппақ болып
тұтасып кететін қыс кезінде де, жасыл желекке малынып, орманның
арасынан әлсін-әлсін қылт етіп Мәскеу өзенінің жарқыраған
иіні көрініп қалатын жаз күндері де бірдей әдемі. Су мен аспан,
жасыл орман қосыла келіп, ерекше бір әсемдік түзеді; машинаның
Тау құлаған
әйнегінен бір сәт көз тастап, осы сұлу көріністі жадымда сақтап
қалуға тырысып, алға қарай заулай бердім.
Бұл жәйтті бекерге айтып отырған жоқпын. Осы жермен әрі-бері
сан рет өтіп жүргем, бірақ, өмірімнің жол бойындағы осы тұспен
тығыз байланысып кетерін ол кезде қайдан білуші едім?.. Күндердің
күнінде осы жолмен жүруге дәтім бармай, айналып өтемін-ау деп
ешқашан ойлап көрген емеспін...
Сол күні Мәскеуге жақындап қалған кезде әлгі инкуба болудан
үміткер асау Руна Лопатинаны ертесіне клиникаға қайтадан әкелуге
нұсқау бергенім дұрыс болды ма екен деп ойлап келе жаттым.
Ия, сондай нұсқау бергенмін. Неге істедім мұны? Не айтпақпын
оған? Инкуба болуға келісім берген кезде алдына мүлдем басқа
мақсат қойғаны белгілі болды емес пе, мүмкін бұл Руна дегеннің
өзі әлдебір есалаң шығар, бәлкім оған әділет туралы жалған
түсінік, ар тазалығының кіршіксіздігі, тағы басқа қияли қасиеттер
туралы ойлар маза бермей жүрген болар. Соған бола несіне әуре
болып жүрмін осы?! Желкелеп тұрып қуып жіберу керек оны,
зонасына барып шіріп өлсін. Ұялтатын адамды тапқан екен, өзі
кім еді соншама?! «Ал, сен ше? Өзің ше?! – дедім сол сәтте өзөзіме. – Шүйлігетін адамды тауып алдың ба? Сотталған, азаматтық
құқығынан айырылған бейшара әйелмен найза түйістіргің келгені
қалай? Сенің де жетісіп тұрғаның шамалы!»
Бір-екі рет бұрылыста тежегішім жұлынып кете жаздады,
дөңгелектердің бажылдай шиқылдағаны соншалық, көшедегі
жүргіншілер бытырап қаша жөнелді, – рульде келе жатып ойланып
кетіппін, мазасыз ойлардан арыла алмай қойдым. Рунаны бар
болғаны бір-ақ рет көрдім емес пе, соншама не болды маған?
Үстелдің жанынан тұрып, қасына барғанымды, оның да орнынан
тұрғанын есіме алдым. Міне, ол менің алдымда тұр – профессорға
ертіп бару үшін арнайы киіндірген сотталған әйел, – қай жерде
тігілгені белгісіз сұрғылт кофта, солпиған ұзын юбка, дөрекі
тігілген башмақ. Бір кездері, киімді талғап киген уақытта көрікті
Шыңғыс Айтматов
болғаны байқалады. Өзіме сәл-пәл тосырқай, бірақ батыл қараған
көзі туралы ойладым. Өйткені, көз – оны көбінесе адам жанының
айнасы деп жатады, бұл дұрыс емес, – көз дегеніміз жанның өзі,
оның тірі көрінісі. Жас баланың иығындай қушиған нәзік иіні
қусырылып, жіңішке де икемді көрінген қолын айқастырып алыпты.
Оған еңсесін көтеріп, өзін еркін ұстап, наздана жымиып, көшедегі
ерсілі-қарсылы ағылған халықтың қақ ортасында жүрген жарасар
еді. Ол өз елінен қуғын көру үшін жаралмаған, жалпы, бұл дәуірге
адасып келген адам болатын. Өткен ғасырдың киімін кигізіп қойса
ғой! Сонда қалай көркем де кербез көрінер еді... Бірақ, өзінің айтқан
сөзі түкке тұрғысыз! Ғылымды обал-сауап туралы айтып тоқтатпақ
па?! Ылғи осы, адам деген өзінің обалын әр жерге әкеліп тықпалай
беруге құмар; не болса да, не істелсе де оған мынадай сұраққа жауап
табу керек – бұл өзі обал-сауап дегенге қайшы келіп жүрмей ме?
Бұл туралы әркімнің түсінігі әртүрлі. Оны әркім-ақ мақтан тұтады.
Қай-қайсысы да обал-сауап туралы Құдайдың атынан сөйлемек
болады!.. Бірақ, бір ғана обалды ойлаумен алысқа бара алмайсың.
Обал-сауап туралы түсінікті бізге Құдай берген, бұл үшін оған
қарсы шығуға шамаң жоқ, тек Жаратқанның ғана құзырындағы
шаруаны иемденбек болып, оны жолыңнан ығыстырып шығару
қолыңнан келмейді, адамның өмірге келуі де тек соның ғана
құзырында. Ажалға толық иелік ету де жетпей ме оған, өлімге өз
әмірін жүргізуге ешкім ұмтылмайды ғой! Ал, өмірге адам әкелу
тұрғысынан мен онымен сайысқа түспекпін, бұл орайда обал-сауап
туралы ойланып жатуға мұрша жоқ... Руна осыны түсіне ме, жоқ,
бұған шамасы жетпейді. Обал-сауап туралы айту үшін батырсынып
жетіп келгені де содан... Одан да өзін, ендігі жағдайы не болатынын
ойламай ма...
Сол түні атом бомбасын жасап шығарушыларға Сталиннің өзі
тарту еткен жеке де сәнді академиялық үйлердің өзіме үлес боп
тиген бірінде жатып, жанымды қоярға жер таппадым. Қабырғасы
қалың, терезелері үлкен, төбесі биік... Мұнда неғып жатырмын мен?
Тау құлаған
Жалпы, осы өзімнің не керегім бар, не үшін өмір сүріп жүрмін? Сол
түні көкейімде бұғып жатқан тастанды бала қайтадан оянып кетті.
Мен артық адаммын, өзім де икстекпін, адам баласының арасындағы
«қара құрдыммын». Бұл өмірде менің де жүргенімнен кім бақытты
болды, мені кездестіргені үшін тағдырына рахмет айтқан әйел бар
ма? Алды-артына қарамай тұра безген Евгения ма? Ғажап актриса
еді, менімен бірге тұрғаннан не барқадар тапты? Салқын ақыл мен
сезімсіз қаталдық, құрсағына біткен шарананы күйеуінің өз қолымен
алып тастағаны ма тапқаны? Жол-жөнекей кездесіп қалған әйелдер
де кейіннен мені еске алған сәттерде сол бір тар төсекте табысқан
кездерді бақыттың бір сәттік ұшқыны ретінде бағалай қоймаса
керек. Өзіме байланысты жәйттердің бәрі де сүреңсіз, сұрқай екені
біртіндеп айқындала түсті...
Енді бүгінгі кездесу, есімі руникалық дәуірге қатысты сотталған
әйел, Руна қайтадан ойыма оралды. Ол туралы неге ойлауым керек?
Қазір өзі не істеп жатыр екен? Қиналып жатқан шығар. Мүмкін қазір
шашын тараймын деп жайып жіберіп, басындағы ауыр ойлардан
шашына да зиян келіп жүрмей ме деп күдіктеніп жатыр ма?
Бостандықта жүргенде шашын басқаша сәндеген болар-ау, шашы
қалың әрі толқынданып тұрады екен, зонадағы тәртіп бойынша
оны желкесіне түйіп қоюға мәжбүр, бұрын ондайды білмеген
шығар. Профессордың «көзін ашамын» деп өз жағдайын одан әрі
ушықтырып алды, енді өмірі бұрынғыдан бетер қиындай түсетін
болды-ау. Әлде бұған да дайын болғаны ма? Бүгінгі кездесуіміз
туралы не ойлады екен? Мүмкін, бір жағынан, оныкі де дұрыс
шығар, бірақ бір ғана обал-сауаппен, ізгі ниетпен дүниені тойдыру
мүмкін емес, күн астындағы барша игілікті бір өзі ғана көргісі
келетін адам баласының хайуандық табиғатын алдай да, өзгерте
де алмайсың; мұндай ашкөздікті қоймасақ, көп ұзамай бәрімізге
күннің жылуы да жетпейтін болады, ал, ең жаманы, барған сайын
адам дегеннің өз тектестерін билеп-төстеуге құмарлығы артып
барады. Жаңа адамдар – икстектер осыны ауыздықтау үшін керек...
Шыңғыс Айтматов
Ал, бұл әйел олардың жолын кесіп, олардың өмірге келуіне, билікке
жетуіне, соғыс жүргізуіне кедергі келтірмек. Оны түсінуге болады,
бірақ шама жетпесті құрықтай алатын күштің де болуы мүмкін
емес...
Кейіннен өз-өзіме осындай мән-мағынасыз сұрақты қоя
беретін болдым: сол түні неге ғана өз-өзіммен оңаша қалдым екен?
Әшейінде күн құрғатпай болып жататын жиналыс, мәжіліс, кездесу
сияқты ресми және саяси шаралардың бірде-бірі болмай қалғаны
қалай?..
Түні бойы мазасыздықтан арыла алмай, жаным байыз таппай
қойды. Әлгі сотталған әйел Руна мені ұялтып тастады, қапымды
тапты – айналамыздағылардың бірде-бірі бұл ісіміздің дұрыстығына
күмән келтіріп көрмеп еді, әлде маған солай көрінді ме екен?..
Бірақ, ол әйел өзін де аяған жоқ қой, өзін-өзі саналы түрде
құрбандыққа шалды! Бүйтуге бола ма екен?! Неге мені қуғындаушы
мен прокурордың абыройсыз міндетін атқаруға мәжбүр етпек
болады? Шынымен көзіме тура қарап тұрып, кінәмді бетіме басу
үшін ғана тағы да ұзақ жылдар бойы түрмеде отыруға тәуекел еткені
ме?! Дегенмен, оны түсінуге болады – өз пікірін, өз шындығын
айтуды мақсат еткен болса, бұл оның бірден-бір мүмкіндігі ғой. Мұны
жұрттың алдында – көшеде, жиналыста, шетелдік журналистерге
ашық айтуға еш мүмкіндігі жоқ. Зонаның қапасында қамалып отыр...
Енді бұған қосымша тағы да жазаланбақ... Екеуміздің арамызда не
болғанын ешкімнің білмейтіні қандай жақсы, бұл туралы ешкімге
ештеңе айтпағаным қандай абырой, ертең қайтадан алдыма алып
келуді бұйырғаным қандай оңды болған. Ия, ертең, түскі сағат екіде
оны тағы да әкеледі. Әлі ештеңе бүліне қойған жоқ, әлі де райынан
қайтаруға болады. Мүмкін оны тағы да сотқа тартылудан аман алып
қалудың сәті түсер...
Бірден-бірге осы ойға бой алдыра бастадым, оны жазадан
қорғап, құтқарып қалсам деген тілегім күшейе түсті, осы тілектен
әлдене тапқан сияқтымын, жан жүрегім әлдебір жаңалықты
Тау құлаған
сезетіндей, бұрын өз-өзімді танымай келіп, қандай адам екенімді
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 18
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.