Latin Common Turkic

Кассандра Таңбасы - 15

Süzlärneñ gomumi sanı 3872
Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
ads place
мұны неге істеп жатқанын бірден ұға қойған жоқпын. Күн суық болатын, тоңып қалдым, анам қайтып келіп, қайтадан көтеріп, бауырына басатын шығар деп күттім. Бірақ, ол аулақтау жерге барып,
бұтаның түбіне үйіліп қалған күртік қардың тасасына жасырынды, маған жақындар емес. Сол кезде мен де шарылдап жылап қоя
бердім, содан кейін есік ашылып, біреу келді де мені көтеріп алып
кетті...
Күртік қар туралы айтып отырған себебім – кейін маған тек сол
туралы ғана: күртік қардың тасасына жасырынған анаңның ізін
таптық, – деп айтып берген, анам туралы бұдан басқа ешқандай дерек қалмапты...
Бейбақ анамның қандай жағдайда болғанын, бұтаның артында
тығылып тұрып, жаңа ғана өзі тастап кеткен өзегін жарып шыққан
Тау құлаған
баласының шырылдап жылағанын естісе де жақындап келе алмаған
сәтін қазір көз алдыма ап-анық елестетемін... Түсіме мына бір
жәйт жиі кіреді – қалың да күртік қарды кешіп, анамның ізін кесіп
жүремін, ал, із қап-қара боп тұнжыраған орманға қарай бастайды,
қорқынышты, әрі суық, үстімді қар басып барады. «Мама! Мама!»
– деп айғайлап жіберемін де оянып кетемін...
Дегенмен, сол бір қорқынышты қысқы таңда анамды осындай
аяусыз қаталдыққа баруға мәжбүр еткен не нәрсе? Соны білер ме
еді! Әкем кім? Мұны шешемнің өзі біле ме екен? Мен үшін осындай
көптеген сұрақтар өмір бойы жұмбақ болып қалды.
Балалар үйінде бұл тақырыпта ешкім де сөз қозғаған емес,
бұған өзім де ұмтылған жоқпын, әйтсе де, өзімнің сол сезімдерімді
біреулермен бөліскім келетін шақтар да болатын, бірақ, сол бір қар
бораған қысқы таңда анамның мені көтеріп әкеле жатқанынан басқа
айтатын ештеңем жоқ. Оның үстіне, есімде бірдеңе қалды дегеніме
кім сенер еді.
Дегенмен, менің айтқанымды еш күмәнданбастан тыңдауға
ыңғай білдіретін әлемдегі бір ғана жан – қызметтестері Вава деп
атап кеткен Валерия Валентиновна деген бір әйел болған. Біз, балалар да оны солай Вава деп, Вава апай деп атайтынбыз, мұның өзі
әлдебір туысқандық жылуды білдіретін тәрізді. Әрине, Вава апай
біздің ең сүйікті тәрбиешіміз болды.
Біздің балалар үйі Руза қаласының маңында, Малеевка
селосының қасында орналасқан-тұғын. Бұл, шамамен, Мәскеуден
жүз шақырымдай жерде. Біздің № 157 балалар үйі неміс әскерлері
Мәскеу түбінен кері шегінгеннен кейін майдан аймағындағы жетім
қалған балалардың баспанасы ретінде құрылған екен. Вава ол кезде Рузадағы саябақта көршілес орналасқан Композиторлардың
шығармашылық үйінде жұмыс істейтін. Іс жүзінде, ол кеңестік
композиторларды тәрбиелеп шығару орталығы болатын. Осында
қазынаның есебінен әрқайсысы жеке коттеджде тұрып жатқан әр
аймақтан, әр республикадан келген композиторлар ғасыр музы-
Шыңғыс Айтматов
касын – барша кезеңдердегі барлық халықтардың ең ұлы көсемі
жолдас Сталинді мадақтайтын кантаталар мен хоралдар жазатын... Кейде мұнда ХХ ғасырдағы ұлы билеушіге айналған кешегі
етікшінің баласына арналған шығармалардың алғашқы орындалуын тыңдауға жоғары мәртебелі партия қайраткерлері жиналушы
еді. Кейде шефтік концерттер қойылатын, оған бізді, балалар үйінің
тәрбиеленушілерін де жіберетін. Вава апай Шығармашылық үйінің
басқарушысы болатын, дегенмен, өзі де пианинода тым тәуір ойнаушы еді. Осының арқасында ол біздің балалар үйіне музыкалық
жетекші болып келді.
Қырық бірінші жылдың күзінен қырық екінші жылдың көктеміне дейін Руза мен оның төңірегінде немістердің танк әскері тұрған.
Әрине, ол оқиғаларға менің еш қатысым жоқ, бірақ, менің өмірге
келген кезім мен тағдырымның тастанды бала ретінде басталуының
арасында әлдебір байланыс бар сияқты, Вава апайдың осы туралы
ойланатынын білуші едім, кейіннен жасөспірім болып өсіп қалған
кезімде, ол маған осы жайында астарлап білдіруге тырысып жүрді.
Өзі Рузаны басып алған немістердің қол астында жарты жыл бойы
өмір сүрген, талай нәрсені білуші еді. Музыка бөлмесінде екеуденекеу қалған кезімізде ол мені нота тануға үйрететін, кейде басқа
тақырыптарды да қозғайтынбыз.
Вава, Вава! Көз алдымызда біртіндеп қартайған, жаны жылы,
туғанымдай болып кеткен сол әйелдей анам болса ғой, шіркін. Бір
қызығы, мен ана мейірімін көрмей өстім, бұл әйелдің өмірі солай
қалыптасыпты, оның баласы жоқ. Жетім балаларға соншама ықылас
танытуы осы жалғыздықтан емес пе екен?
– Андрюша, – дейтін маған, – сен, әрине, тастанды бала
болғаның үшін қамығып жүрсің. Мен сені түсінемін. Оны ойламай
тұра алмайсың. Бірақ, бұл ойлардан саған жеңіл тимейді ғой. Өзіңе
сырттай көз жіберуге тырысып көрші. Сонда сен мүлдем басқа
нәрсені көрер едің. Егер қателеспесем, Андрюша, Құдай саған аса
зор қабілет берген. Рас айтамын! Бір күні осы сөзімді есіңе аласың.
Тау құлаған
Басың жақсы істейді, өте дарынды баласың, сен. Мысалға музыканы
алайық, сенен жақсы музыкант шығар еді. Бірақ кім болатыныңды
өзің шешесің. Музыкамен өзің үшін айналысып, адамдарға басқа
салада қызмет етуіңе болады. Мектепті бітіресің, әрі қарай оқуыңды
жалғастырасың, өміріңді өз қолыңа аласың. Сенің дарыныңмен, Андрюша, алдыңнан сан тарау жол ашылады. Саған ештеңе де кедергі
келтіре алмайды. Мейлі, анаң туралы ештеңе білмей-ақ қой, әкеңнің
кім екенінен мүлдем хабарың жоқ, анаңды өз сәбиінен бас тартып,
біржола хабарсыз кетуге ненің мәжбүр еткенін де айту қиын. Бірақ,
меніңше, сен оны айыптамауға тиіссің. Жоқ, анаң қанша кінәлі
болса да оны жек көруге болмайды. Сен оған риза болуың керек
десем, ашуланып жүрме. Ия! Бұл саған біртүрлі болып та көрінер.
Өзің ойлап көрші, Андрюша. Сенің осыншама қабілетті болғаның
солардың арқасы, бұл саған тұқым қуалау арқылы берілген, сен
бұған анаң арқылы ғана ие болдың. Сені тастап кетудің оған қалай
ауыр тигенін ешкім білмейді. Егер ол мұндайға барса, демек, басқа
амалы болмағаны. Мүмкін сенің өміріңді сақтап қалудың бірденбір жолы осы болған шығар. Неге өйткенін айта алмаймын, әрине.
Өйткені, білмеймін. Мұны ешкім білмейді. Бірақ, анаңның басқа
амалы болмағанына, тек өстіп қана сені аман алып қала аламын деп
ойлағанына сенімім кәміл. Ия, қатерге бас тіккені рас, бірақ, көріп
тұрсың, сен қазір аман-саусың. Басқасын қайдам, әйтеуір, біздің
елдегі балалар үйі деген өте жақсы нәрсе. Мұны өзіңе қарасаң да
түсінесің. Тағы да сол анаңның арқасында және сол арқылы түрің
де келбетті болды, бойың да бар, денең де қуатты. Табиғат саған
анаң арқылы көп нәрсе берген. Саған айтар ақылым: осыны ұмытпа,
анаңның басқа амалы болмаған. Өскесін талай нәрсені түсінесің.
Жылдар өте келе Ваваның айтқысы келгені ашық талқылауға
жатпайтын әлдебір әдеттен тыс жағдайлар болар деген қорытындыға
келдім. Өз болжамдарына оның өзі қаншалықты сенгені туралы айту
да қиын. Бірнеше жылдан кейін, Мәскеудегі университетте оқып
жүрген кезімде Вава қайтыс болды. Ал, менің жадымда Ваваның
Шыңғыс Айтматов
аңдаусыз айтып қалған бір сөзі мәңгі қалып қойды, бірақ мұны не
құптайтын, не жоққа шығаратын ешқандай факті де жоқ.
Мен тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде көршілес Малеевка
селосында бір қайғылы оқиға болды. Бір әйел мен оның он жеті
жасар қызы өз-өзіне қол салыпты. Әуелі анасы асылып өлген, содан
кейін қызы да соңынан аттаныпты. Олар тек екеуі ғана тұратын.
Шешесі Композиторлардың шығармашылық үйінде үй сыпырушы
болып істейді, қызы мектепте оқып, өсіп келе жатты, әлгі әйелдің
қызын неміс әскерлері Мәскеу түбінен кері шегінгеннен кейін жарты
жыл өткен соң туғанын жұрттың бәрі білетін, оны неміс солдатынан,
басқыншыдан, фашистен туып алғаны ешкімге құпия емес болатын.
Көршілері байғұс әйелге күн көрсетпей қойды, қызын мектептегі
құрдастары жүргізбейтін... Сол күні әлгі оқиға қатты әсер еткен
Вава бір оғаш пікір білдірген, мүмкін соны өзі де аңғармаған шығар,
бірақ бұл менің жадымда жанымды қинап, мәңгі сақталып қалды:
«Әлі есімді жия алмай тұрмын, Наталья, – деді ол тәрбиешілердің
біріне. – Қандай сұмдық! Не деген қатігез өлім! Анасы мен қызы
қатарынан өз-өзіне қол жұмсаған... Адамды осыған дейін жеткізуге
де болады екен-ау! Ойлап қарасаң, не үшін?! Соғыстың аты соғыс,
оның өз есебі бар. Соғысады, бір-бірін өлтіреді. Бірақ, зұлымдықты
бойыңда сақтауға, мазақ қылып, көзге шұқуға бола ма екен?! Болар
іс болды, байғұс әйел басына бәле тілеп алды, немістен бала туды.
Өз сорына... Бірақ, сол үшін оған қашанғы өшігуге болады, бұл
деген тағылық емес пе! Ал, қызының не жазығы бар еді?! Түптеп
келгенде, ешкім де әке-шешесін таңдап алмайды ғой, оны әркімге
Құдай береді. Не үшін күн бермей қойды оларға?! Әлде ертең
баласы басқалардан кем болмауы үшін өзегін жарып шыққан сәбиін
бөтеннің есігінің алдына тастап, өзі бір хабарын берместен ізтүзсіз жоғалып кеткені, өзін-өзі тірілей жерлеп, жаны барда көрге
кіргендей біржола жоқ болып кеткені шынымен дұрыс болғаны
ма?..»
Содан кейін менің де көкейімде уақыты келгенде жұмыртқаны
Тау құлаған
жарып шығатын балапан тәрізді болып бір ой бас көтерді: мүмкін
менің әкем де солардың бірі болар, сондықтан да анам мені тастанды
етіп, өзі біржола мәңгі көрінбестей болып жоғалған шығар...
Мұндай оқиғаның қалай, қандай жағдайда болуы мүмкін екенін
ойлап, көз алдыма елестетуге тырысып көргем. Тек көкірегім босап
қалғандай, ешкімге керексіз болып жұртта қалғандай сезімді бастан
кештім. Теңіздегі кемеден лақтырып кеткен адам ғана өзін осылай
сезінетін болса керек... Кемені қаншама шақырса да бұрылмастан
көкжиекке сіңіп жоқ болады, айналада толқыны аласұрған ұшықиырсыз теңіз ғана шалқып жатыр. Жағалау көрінбейді... Бірақ, оны
теңізге әлдекім лақтырып тастаған жоқ па?! Кім ол?
Соны білгім, сол сұраққа жауап тапқым-ақ келеді, бірақ соның
не үшін керектігін, онда не мән барын әлі күнге түсіне алар емеспін.
Шынында, содан маған не пайда? Ешқандай. Бірақ, мынаны білгім
келген: егер менің әкем шынымен неміс солдаты болса, оның кейінгі
тағдыры не болды екен? Басыма аңғал да оспадарлау ой да келеді
– ол неге менің әкем болды екен, бүкіл Европаны кесіп өтіп, мені
өмірге келтіруге өз үлесін қосып, содан кейін қайтадан жоқ болып
кете бар деп одан кім сұрапты? Ия, өзіңнің шыққан тегің кім екенін
білгің келеді, біле алмайсың, бірақ бұл туралы ойлай бересің. Өзімді
өмірге әкелген анамның қайда жоғалып кеткенін де білгім келеді. Сол
бір неміс солдатының, менің әкемнің тағдыры не болғанын білгім
келеді, тірі ме, әлде бір жерде қаза тапты ма; мүмкін ол тірі, аман-сау,
Германияда өмір сүріп жатқан шығар, әлемнің бір түкпірінде сонау
қырық екінші жылы балалар үйінің есігінің алдына тастап кеткен
баласы өмір сүріп жатыр деген ой үш ұйықтаса түсіне кірмейтін
болар... Мен оның ұлымын ғой. Ол бұған пысқырмайды да... Ал, егер
әлдебір кереметтің күшімен біліп қойып, келе қалса ше?! Міне, мен
келіп тұрмын, ұлым қайда? – десе... Онда не болады? Содан кейін
ше? Бірақ, осы қиялдың бәрі не үшін керек өзі? Тіптен, осының бәрі
дәл осылай болған күннің өзінде де әлдеқашан ұмытылып қалған
бұл оқиға оған, әлгі неміске неге керек, ол несіне қиналуға тиіс?..
Шыңғыс Айтматов
Осындай ақылға сыйымсыз ойлар басымнан шықпайтын.
Осыған байланысты не ойласам да, адамдар тағдырының тоғысқан
жері соғыс болып шығады... Соғыс кезінде дүниеге келіп, ата-анасы
ажал аранына жұтылған балалардың қасіреті өмірдің тұңғиығынан
бетіне қалқып шыға келеді. Ал, әлгі тұңғиықтан сүйекті қарыған
ызғар мен бөтенсу, жат санау, жек көру лебі еседі. Жан жүрегімде
өзім сияқты емес, «қалыптағыдай» жолмен өмірге келгендердің
бәріне қарсы наразылық сезімі пайда болып, оларға өзімнің
артықшылығымды дәлелдеуге деген құштарлығым оянатын,
қоғам мені ерекше жаралған тұлға деп танып, кемеңгерлігімді
мойындап жатса деп армандаушы едім, зорлыққа қарсы зорлықпен,
зұлымдыққа одан да өткен зұлымдықпен жауап беруге әрқашан
дайын тұру тілегі көкірегімді кернеп кететін...
Үлкен өмірге осындай көзқараспен қадам бастым. Өзімнің
жападан-жалғыз екенімді, бұл әлемде өзімнен басқа ешкімім жоқ
екенін бір сәт жадымнан шығарған емеспін. Әкем де, шешем де,
аға-інім де, апа-қарындасым да, нағашы-жиенім де, немере-шөбере
туысқаным да – ешкімім де жоқ. Бейне бір айдан түскен сияқтымын.
Мүмкін мұның да көмегі болған шығар... Ия, мен ғылымда зор
мансапқа қол жеткіздім, өзімді түгелдей ғылымға арнадым, осының
арқасында, сыпайысынбай-ақ қояйын, өзім таңдап алған саламда
керемет жаңалықтар аштым. Ия, солай! Мен ғылымға қызмет еттім,
ал, ғылым маған көмектесіп, атағым шығуына, өршіл армандарыма
ұмтылуыма, тұрмысым жақсаруына, жағдайға бейімделе білуіме
қызмет етті...
Айналып келгенде, осының бәрі мені ғарышқа, орбиталық
станцияға біржола орын теуіп, өзімді ғарыш тақуасымын деп
жариялауға итермелеген тағдырым болып шықты. Мүмкін бұл
кереғарлық болып та көрінер, дегенмен, шығар биігімнің ұшар
шыңы осы екен. Жер бетінде маған орын жоқ, мен осыны түсіндім...
Тек осында, ғарышта ғана бастан кешкенім мен ойланыптолғанып тапқан қорытындыларымды ашық жазуға тағдырымның
Тау құлаған
таптырмайтын мүмкіндік беріп отырғанын ұқтым, мені ғарыштан
бір-ақ шығарған күш те осы екен. Сонда мен өз-өзіме былай дедім:
Сен бәрін де еш өкінішсіз ой елегінен өткізіп, өзіңнің де, басқалардың да алдында ашығын айтуға тиіссің. Менің тәубаға келуімнің
мәні де осында – өз-өзімді аямауым керек. Ештеңені жасырмай,
бәрін түгел ақтаруға тиіспін.
Осы хикаяның өзі түкке тұрмайтын елеусіз оқиғадан басталған
болатын – медициналық институттың семинарында адам ұрығының
негізі қалануының кереметі мен сәбидің өмірге келуінің құпиясын
зерттеуге беріліп кетіппін, мүмкін бұл да өзімнің түйсігімде
сақталып қалған тастанды баланың қорлануынан бастау алатын
шығар, бірақ күнделікті өмірде өзіме ауыр тиетін бұл тақырыпта
ешкіммен сөйлеспейтінмін, айналамдағы адамдардың өздері де
ешқашан мұндай әңгіме айтып көрген емес.
Қызметтестерім мені ең алдымен ғылыми жетекші, қатал
бастық, жоғарыда қолдаушылары бар беделді қайраткер ретінде
құрметтеді-ау деп ойлаймын. Жасыратын несі бар, өзім адамзаттың
ең бір қасіретті құпиясы деп санайтын мақтансүйгіштік пен
билікқұмарлық менің де ішімді күйдіріп бара жатқан. Үнемі өзімнің
және басқалардың алдында қаншалықты маңызды адам екендігімді
дәлелдеп, беделімді нығайта түсуге ұмтылушы едім. Біреулердің
сыртымнан: «Біздің басдик», – деп сыбырлағанын естісем де,
бұл маған «біздің бас диктаторымыз» дегенді білдірмейтін. Бұған
ұялып көрген емеспін, керісінше. Мұны түсіндіру қиын, бірақ
тойым дегенді білмейтін ашкөздікпен билікке ұмтылу – адам
баласының ақыл жеткісіз құпиясының бірі ғой, мен де бұйыруды
ұнататынмын, тәртіп сақтауды қадағалап, өзімнің «жабық»
зертханамның қызметкерлерінен сөзсіз бағынуды талап ететінмін;
кейін институттың директоры болғанымда кадр таңдау кезінде
ұстанатын қағидам – талант пен тәртіп қана болды.
Осының арқасында, батыл сынақшы, биологиядағы жаңа
бағыттың негізін қалаушы ретінде жұртшылықтың ілтипатына
Шыңғыс Айтматов
ие болған кезімде тек ғылымдағы тұлға ғана емес, сонымен
қатар, білікті ұйымдастырушы, беделді басшы ретінде де атағым
шығып қалған болатын. Ия, мансабым өрге басып келе жатты,
бірақ, кейін түсінгенімдей, бұған белгілі бір орындардың да
ықпалы болған екен, бұл бөлек әңгіме; ал, әзірше табыстардан
қанаттанып, ғылым алқабында ара сияқты ызыңдай ұшып жүрдім;
бір жаңалықтан кейін екіншісін ашып, бұрын-соңды ешкім естіпбілмеген ойларымның қызығына берілгенім сонша, тіптен бұл
салада мәңгілік технологиясының бірден-бір авторы – Жаратқан
жалғыздың өзін де ығыстырып шығаруға дайын едім. Өйткені, мен
ғылыми тәжірибелер ауқымында болса да, бұл өмірге кімнің қалай
келуі, қай ата-анадан тууы керектігін өзім ғана шешетінмін, оның
өзі мұны қалай ма, жоқ па – бұл жағына алаңдап көрмеппін, адам
ұрығынан не жасай алатынымды білсеңіз ғой...
Енді қазір өз-өзіме: тым мастанып кеткенің де содан ғой! –
дейтініме таңдануға болмайды. Айтатын несі бар, адамның ұрық
ретінде негізі қаланып, өмірге келуін басқара алатын болғаныма
шынымен-ақ көңілім тоғайып қалған.
Жасанды жолмен өмірге ата-тегі белгісіз адам әкелу мүмкіндігі
туралы ой алғаш рет малды қолдан ұрықтандыруға байланысты
туындаған болатын. Зоотехникада бұл қашан да көкейтесті мәселе
болды. Адамдар өздерінің шаруашылық мұқтажын өтеу үшін
малдың тұқымын өзгертуді батыл жүргізіп келді.
Бұл тұрғыда тәжірибелік биология зоотехникаға әлдеқашан шаң
қаптырып кетті, жасанды жолмен өмірге адам әкелу мәселесімен
айналыса отырып, біз тек ғылыми танымның өрісін кеңейте түсу
үшін ғана емес, сонымен қатар, адамның өмірге келуін басқару,
дұрысы, өз мүддеміз үшін пайдалану мақсатында жұмыс істедік!..
Ия, қазір мен өзінің қаншалықты мәнділігін сезінуден
басқаға пысқырмайтын ғылым деген тұңғиықтан қалай сытылып
шыққанымды түсінуге тырысып-ақ жүрмін, бірақ ол кезде
адамгершілік дегеннің шегінен әлдеқашан аттап кеткен, адамзат
Тау құлаған
баласы үшін аса қатерлі сол жұмысқа қаншалықты беріліп кеткенім
туралы ойланып та көрген емеспін. Ол кезде жас ғалыммын, мен
үшін бірден-бір мақсат – ғылыми мүдде ғана болатын. Ғылымның
салтанат құруы үшін өзіме дейін ешкім бас сұғып көрмеген, барлық
дін атаулы тыйым салған аймаққа басып кіріп, тылсым сырлы есікті
аяғыммен тепкілеп тұрғам, ал, оның табалдырығының алдында
Жаратқан Құдайға бас иіп құлшылық ету керек.
Міне, сондағы жеткен жерің! Бір күні институттың партия
комитетіне шақырып алып ізгі ниетпен, құрметпен, тіптен
төменшіктеп отырып бұдан былай сенің еңбектерің құпия болып
есептеледі, сенің бағалы зерттеулерің туралы мақалалар баспасөзде,
әсіресе, шетелде жарияланбауға тиіс деп ескерткенде де, сен бұған
мән бермегенсің. Бұл сенің жан дүниеңді алғаш рет байқап көру
болатын. Болашақ тапсырыс берушілер сенен өздеріне қажетті
орындаушы жасай бастаған. Ал, сен үшін басқа нәрсе – «нағыз
іспен айналысып, ғылымды өрге сүйреу» ғана маңызды болды.
Шындығына келсек, сен биологиялық тозақтың Мефистофелі
болатынсың. Салқын ақыл, бәрінің ара-жігін анықтай алатын
өткір ой – міне, ғалымға керекті қасиет деп бәрінен осыларды
жоғары қоятын едің. Осы істеріңді ақтап аларлық дәлел іздеп, осы
бір қарғыс атқан жолмен алға басу үшін, осыншама күш-жігер
жұмсауға өзіңді итермелеген не нәрсе екенін пайымдауға тырысқан
да емессің. Тастанды баланың ең алдымен ешкімнің қолы жетіп
көрмеген биіктерге ұмтылған кемеңгер болуды армандағанын кім
біліп жатыр?! Ғылыми мәселелер бүкіл ой-санаңды билеп алып,
өзің де аңғармастан ізгілік пен зұлымдықтың шегінен де аттап
кеттің, өз өсиеттерінің тұтқынына айналған адамдардың, нағыз
данышпандардың мәңгілік қиналысын саралап, парықтап жатуды
керек те қылған жоқсың. Ғасырлар бойы өмірдің мәнін іздеп
аласұрған сол адамдардың ізденісін елемей қойдың, оларда шаруаң
қанша. Өз отандасың, замандасың, аса көрнекті философ Лосевтің
адамзат тарихындағы ғылымның міндеті туралы толғана келіп,
Шыңғыс Айтматов
бейне бір саған арнағандай айтқан сөзін құлағыңа да ілмей, ысырып
тастай салдың. Ал, Лосев болса, жаңа европалық ілімнің қоғам мен
мәдениеттің үздіксіз өрлеуі туралы нигилизміне байланысты жазған
болатын, европалық парадигмаға сәйкес, бірде-бір дәуірдің өз мәні
болмақ емес, ол тек келесі кезеңге дайындық пен соның өркен
жаюына керекті тыңайтқыш қана, әрбір келесі дәуірдің де өзіндік
мәні жоқ, олар да келесі және басқа ықтимал дәуірлерге арналған
топырақ пен құнарлы тыңайтқыштың міндетін атқармақ; ал,
осының бәрінің мақсаты міндетті түрде үнемі әрі қарай ығыстырыла
бермек, сөйтіп ол әр жолы жаңа жұмақ туралы жар салушылардың
ұмтылысын ақтап алуға қызмет ететін болады. Ал, сен Лосевтің
осындай терең ойын өзіңнің қолыңды босатып алуға, сөйтіп өзіңе
жүктелген барша жауапкершілікті келер ұрпақтың мойнына арта
салуға пайдаланбақ болдың. Сен өз міндетің – «ғылымды алға
жылжыту», жаңалықтар ашу екендігіне өз-өзіңді сендіріп қойдың,
ал, олардың нәтижесі қандай болмақ, мұны басқалар шеше жатар.
Сенің шаруаң – инкубаторлық құрсақтағы шарананы өмірге әкелу,
ал, қолдан жасалған адамдардың одан арғы тағдыры не болмақ,
онда сенің жұмысың жоқ.
Қазір арсыздығы жөнінен суырылып алға шыққан «Бұл сенің
мәселең» деген сөз тіркесі кеңінен қолданылып жүр. Ал, сен осы
қағиданы сол кезде-ақ ұстанатынсың, өзіңнің қарсыластарыңа
жасанды жолмен өмірге әкелінген адамдардың тағдыры туралы:
мұнымен олардың өздері айналыссын, әркім өз мәселесін өзі
шешкені дұрыс, – деп жауап беретін едің. Әлеуметтік тұрғыдан
алғанда басқалармен бірдей жағдайда өмірге келген икс-адамдар да
басқалар сияқты өз қамын өздері ойлауға тиіс. Мұндай мәселелердің
ғылымға тікелей қатысы жоқ деп есептейтінсің. Жасанды жолмен
өмірге адам әкелу технологиясынан басқасына мән беріп көрген
емессің.
Ия, сен сондай болдың. Мүмкін өзің таңдап алған ғылым
саласында әлемдік жаңалықтар ашып, ғылымның одан әрі дамуын
Тау құлаған
болжай білетін кемеңгер болған шығарсың. Бірақ, сенің барша
істеріңді сол бір тастанды бала бағыттап отырған болатын. Сен
мұны мойындаған емессің, бірақ бір кезде туған анасы бөтен үйдің
есігінің алдына қалдырып кеткен жас сәби өзінің қолынан бәрі
келетінін, алдын ала бет-бағдары белгіленіп қойған адамдарды
өмірге әкеле алатынын күллі әлемге паш етуге ұдайы ұмтылып
келген. Өзіңнің зертханаңда солардың тағдырын белгілеп, басқа
ешкімнің батылы бармаған және қолынан келмеген істерді жүзеге
асырып жүрдің – өз ойың мен жұмыс кестеңе байланысты өзің
қолдан жасаған адамдарды өмірге әкеліп, оларға көзге көрінбейтін
шексіз билік жүргізетініңе масаттанумен болдың.
Геосаяси тұрғыдан бүкіл әлем ХХ ғасырдың ақырзаманын
уайымдап, оны түсінуге тырысып жүрген кезде, сен де әлдеқандай
жағдай бола қалса деп өзіңді ақтау үшін жеткілікті дәлел тауып
қойдың. Термоядролық сұрапыл жаңалықтар ашылып жатқан
кезде ешкім де ғылымның от тұяқты тұлпарын ауыздықтауды ойға
алған жоқ, осы салада жұмыс істейтін бірде-бір ғалым райынан
қайтып, өзін-өзі етегінен тартып, болмыстың сол бір негіздерін
жалаңаштай түсуден бас тартқан емес, бұл жаңалықтар адамзаттың
өмір сүруіне аса сұмдық қатер төндіріп тұрған жоқ па! Ғылым
болса, стратегиялық қауіпсіздік мақсатында аттары белгісіз болып
келген, бірақ кейінірек жарқ етіп шыға келіп, өмірінің соңына қарай
атағым көмескі тартып қалған жоқ па деп қауіптенуден басқаны
білмеген атом бомбасының әкесі атанғанғандарға әлемдік даңқ
әкеліп, ашылған жаңалықтардың ауқымдылығы мен оларды ашқан
адамдардың қаншалықты қылмыскер екендігін байыптап жатпастан,
меңірейіп тұра берді. Олар да ғылымды ілгері жылжытты. Өйткені,
ғалымдар үшін ештеңеге алаңдамастан атомның тереңіне тезірек
көз жүгіртіп, адам баласының әлсіз жаратылған мақұлық екендігіне
қарамай, ғаламдық құдіретке ие болуына мүмкіндік беретін алып
күшке ие болуға ұмтылу әлдеқайда маңызды болатын. Ал, осы
ғылыми идеялардың ессіздігінен туындайтын ғаламат қатер,
Шыңғыс Айтматов
ядрошылардың ашқан жаңалықтарының болмай қалмайтын
салдары тәрізді ауыртпалықты келер ұрпақтың үлесіне қалдыра
саламыз. Әкелерінің шексіз билікке деген ессіз құмарлықпен ашқан
жаңалықтары үшін солар зардап шегіп, өздері пайдалану үшін
материяны енді қайткенде қалпына келтіруге болатыны туралы
солар бас қатырсын. Бұл тұрғыда ешқандай кедергі шыққан емес...
Сен де осыны алға тартатынсың...
Ия, сен мынаған нық сенетінсің: адам баласының алдында
табиғаттың жауап бермейтіні тәрізді, ғалым да өз зерттеулерінің
нәтижелері үшін ешкімнің алдында жауап бермейді. Сені алған
бетіңнен ештеңе де тайдыруы мүмкін емес, өзіңнің нақ осы
үшін өмірге келгенің туралы сеніміңе ештеңе де нұқсан келтіре
алмайды.
Ия, сен жұртшылықтың назарынан тыс, айнаның ішіндегідей
жалған ғылыми әлемдегі жарқырап шығып келе жатқан жаңа жұлдыз
болдың. Тіптен, әйелің Евгения сенен бір-ақ сәтте безініп, обадан
қорыққандай тұра қашып, облыстық театрларды кезіп кеткенде, ол
кезде байғұсқа тек кәріліктен діңкелеп біткен кемпірлердің ролін
ойнау ғана қалған, сенің қасыңда жүріп көргені мен білгенінен тез
қартайып кеткен ғой, сонда да сен қыңқ еткен жоқсың, жүйкең де
селт етуді білген емес, айналаңа көз жүгіртіп, әйеліңнің соңынан
тұра жүгіруді ойыңа да алмадың, ең бастысы, ол үшін сұмдық
болып көрінген жәйттерге сын көзіңмен ой жүгіртіп жатуды
керек деп таппадың. Евгения сенің зерттеулеріңнің мәнін бірден
ұғына алмады, сенің тәжірибелеріңнің мақсат-маңызын салғаннан
бағамдай білуге өресі жетпеді. Ол ғылыми мүдде дегенді түсінуден
аулақ болатын, ол басқа әлемде – өнер әлемінде өмір сүретін, бірақ
жан-дүниесі саған жақын еді, екеуің ұзақ жылдар бойы бірге өмір
сүрдіңдер, ол сенің жұмысқа бар болмысыңмен беріліп кеткеніңе,
тіптен, оның бойына біткен баласын үнемі өз қолыңмен алдыртып
тастауыңа да төзімділік таныта білді, кейін өзің отырған бұтақты
өз қолыңмен шауып, әйеліңнің жек көріп кетуіне өзің себепкер
Тау құлаған
болғаныңды ұққан кезде қатты өкінгенсің, осының бірде-бірі сені
тоқтата алмады, ойланып, өз-өзіңе жауап беруге тырысқан жоқсың
– ғылымға жан-тәніңмен берілемін деп жүріп, басқалардың, ең
алдымен, өзіңді шын сүйген әйеліңнің сезімін, ой-арманын аяқасты
етуге қаншалықты хақың бар еді? Евгения сенің немен айналысып
жүргеніңді, жылдар өткен соң қандай жетістікке қол жеткізгеніңді,
алдыңа қойған мақсатың қандай екенін білген кезде алдыңда тізерлеп тұрып зар еңіреп, бәрін тастап Мәскеуден алысырақ бір жерге,
мысалы Қиыр Шығысқа кетейікші, ол жақтағы ғылыми орталықта
жұмыс толып жатыр, профессорлар онда да Мәскеудегіден кем
бағаланбайды, ақшасы көп, мен де сондағы театрдан өзіме бір орын
табар едім, өмірімізді жаңадан бастайық, ақыры, бала туып, өсіпөнейік деп жалынғанда иілмей қойғансың, саған оның аңғалдықтан
туған қорқынышы, сенің тәжірибелеріңнен үрейленуі, әйелге тән
босаңдығы түк әсер ете алмап еді, өзіңе сеніп тапсырылған істен
қол үзуді қаламадың. Кейіннен қанша өкініп, қанша рет тәубаңа
келгеніңмен бәрі де кеш болатын... Өмірдің айналымы басқа арнаға
ауып кеткен...
Сенің даңққұмарлығыңда шек жоқ еді. Евгения кетіп қалды,
бірақ соған бола өкінудің қажеті жоқ деп санадың – басқасын тауып
аласың, шаруадан қолың босаған кезде айналаңа көз жіберсең,
әйел деген толып жүрген жоқ па, таңдаған сұлуыңа жіп тағасың, ең
бастысы, ол моральдық жағынан тым кірпияздық көрсетпей, сенің
айналысып жүрген ісіңнің адамгершілікке қаншалықты жататыны
жөнінде күмәнданып жүрмесе болғаны. Ол әйелді «феодалдардың»
бульварындағы атомшылардың даңғарадай кең үйлерінің қасында
орналасқан өзіңнің академиялық жеке үйіңе ертіп келесің. Бірақ, түк
қиындығы жоқ сияқты болып көрінген осы шаруаның реті келмей-ақ
қойды. Бір жағынан, қолың да тимей кетті, өйткені, жаңа оқиғалар
кимелеп, мойныңды бұруға да мұршаң болмады, қалған өмірің де
соларға байланысты өрбіді, түптеп келгенде, ғарыштағы орбиталық
станциядан бір-ақ шығып, өзіңді ғарыш тақуасымын деп жарияладың.
Шыңғыс Айтматов
Бұл кезде сен академиялық ортада белгілі тұлғаға айналған
болатынсың, ғылымды қадағалап отыратын саяси органдардың
да ерекше ілтипатына ие болып үлгердің. Әділін айту керек, бұл
тұрғыда КОКП Орталық Комитеті тиісті деңгейден көріне білді.
Мұның қаншалықты шындыққа сәйкес келетініне өз тәжірибеңнен
талай рет көз жеткіздің. ОК-ның арқасында сенің институтыңа, ең
алдымен, өзіңнің әйгілі зертханаңа ешқандай әуреге түсіп «жүгірмей-ақ» кез келген қорлардың есігі оп-оңай ашылып, артықшылықтар беріліп жатты. О, биліктің қолпаштауына, сарайдағылардың
ілтипат білдіруіне, таққа мінген әміршінің қошеметіне адам шіркін
қалай тез бой үйретеді десеңші. Енді қазір өмірде ылғи солай
болып па еді, әлі де солай бола бере ме екен деп өз-өзіңе сұрақ
қоясың. Мысалды алыстан іздеп әуреге түсудің қажеті жоқ. Ғылым
академиясының президенті, белгілі атомшы телефон арқылы
сөйлескенде және жеке жолыққанда үнемі мынаны еске салып
қоюды ұмытпайтын: «Андрей Андреевич, Құдай үшін, өз-өзіңізге
ештеңеден шектеу қоймаңыз. Алаңдамай жұмысыңызды істей
беріңіз, еліміз сіздің бағдарламаңызды не керектің бәрімен толық
қамтамасыз етуге дайын. Нені қажет деп табасыз – импорттық
құрал-жабдық, препараттар, қызметкерлерге үй-жай, көлік,
қысқасы, мұқтажыңыздың бәрін сұрай беріңіз, еш қысылмаңыз. Сіз
аса маңызды іспен шұғылданып жүрсіз...»
Жарты әлемді жайлап жатқан айбынды елдің атынан айтылған
мұндай құрметтен, мұндай жомарттықтан аздап қысылып та
қалатынсың; толып жатқан қызметкерлердің таза ғылыми
тәжірибелердің төңірегіне құзғын тәрізді үймелей қалатынына
көңілің толмайды, бірақ үндемей құтылып жүрдің; жоқ, сен
ризашылық білдіріп бас шұлғыған емессің, алайда, қарсылық
та білдірген жоқсың, өзіңе жоғары басшылар тиімді деп тапқан
әлдебір шулы жобаны сөз қайтармай атқарып шығушы ретінде
қарауға болмайтынын да айтып көрмепсің. Ия, өзіңді дер кезінде
тоқтата білуің керек еді, кейіннен белгілі болғанындай, өзіңді
Тау құлаған
олардың шүбәсіз сенімді адам деп есептеуіне жол бермеуге тиіс
едің. Бірақ, сен әлсіздік таныттың, әлде ұстанар қағидаң болмады
ма, мүмкін ішкі дүниеңде мансапқорлыққа, билік басындағыларға
жақын жүруге деген ұмтылыс та болған шығар. Мақсатының өзі
екіұштылау болған ғылыми бағдарламаны басқаруды нақ саған
ұсынғаны осыдан емес пе екен? «Шарананың жынысын реттеу»
Sez Kazah ädäbiyättän 1 tekst ukıdıgız.
Çirattagı - Кассандра Таңбасы - 16
  • Büleklär
  • Кассандра Таңбасы - 01
    Süzlärneñ gomumi sanı 3794
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2107
    32.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.5 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 02
    Süzlärneñ gomumi sanı 3785
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2084
    33.3 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 03
    Süzlärneñ gomumi sanı 3810
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2082
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 04
    Süzlärneñ gomumi sanı 3938
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2032
    35.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 05
    Süzlärneñ gomumi sanı 3841
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2122
    34.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.4 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 06
    Süzlärneñ gomumi sanı 3899
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2028
    36.5 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    50.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.8 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 07
    Süzlärneñ gomumi sanı 3756
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2103
    32.1 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 08
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2006
    35.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    49.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    57.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 09
    Süzlärneñ gomumi sanı 3675
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2106
    31.6 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.2 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    52.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 10
    Süzlärneñ gomumi sanı 3891
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2098
    34.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 11
    Süzlärneñ gomumi sanı 3856
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2059
    33.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.6 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.9 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 12
    Süzlärneñ gomumi sanı 3767
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2086
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    46.0 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 13
    Süzlärneñ gomumi sanı 3766
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2021
    34.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    55.2 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 14
    Süzlärneñ gomumi sanı 3807
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2003
    33.8 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    47.5 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 15
    Süzlärneñ gomumi sanı 3872
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2050
    31.9 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.9 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    54.7 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 16
    Süzlärneñ gomumi sanı 3745
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1985
    32.2 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    45.3 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.6 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 17
    Süzlärneñ gomumi sanı 3855
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 2062
    33.7 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    48.7 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    56.1 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.
  • Кассандра Таңбасы - 18
    Süzlärneñ gomumi sanı 2127
    Unikal süzlärneñ gomumi sanı 1292
    40.0 süzlär 2000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    53.8 süzlär 5000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    62.4 süzlär 8000 iñ yış oçrıy torgan süzlärgä kerä.
    Härber sızık iñ yış oçrıy torgan 1000 süzlärneñ protsentnı kürsätä.